Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.
Мазмұны
І. Мұғалім туралы жалпы мәлімет
ІІ. Рецензия
ІІІ. Кіріспе бөлім
IV. Негізгі бөлім
а) Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті...
РЕЦЕНЗИЯ
Өз білімін жетілдіру бойынша жазылған жұмыстың тақырыбы: «Қазақ
тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ойын элемен...
Кіріспе
"Ұстаз болу жалықпас,үйретуден балаға" - деп атам қазақ бекер айтпаса
керек. Ұстаз болу - ауыр әрі ғажап. Ауырлығы...
музыка, орыс тілі, география т.б. Енді осы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
пәндерінде қандай ойын элементтерін пайдалануға б...
Негізгі бөлім
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында ойын түрлерін пайдалану
5- сыныпта қазақ тілі сабағында оқушылар тіл...
Лексика тарауы бойынша жаңа сөздерді, термин, көнерген, табу, тұрақты
тіркестерді қайталау барысында "Сақина салу" ойынын ...
Ойынның мақсаты: сөйлем құрау барысында бес сөйлем мүшесінің ойды
анық жеткізу үшін қажет және оны пойыздың вагондары сияқ...
соңында жинаған ұпайы бойынша ойын жеңімпазы және ең жақсы сұрақ
қойған оқушылар анықталып,бағаланады.
" Ханталапай" ойыны...
шарты: оқушылар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрып, мұғалім қолына доп
алып, тақырып бойынша сұрақ қойып, бір оқушыға лақтырад...
қояды. Екінші бөлім бойынша үш топқа роман,повесть немесе әңгімеден
үзінділер айтқызу. Үшінші бөлім бойынша берілген тақыр...
Қорытынды
Сонымен, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында ойын элементтерін
пайдалану өте тиімді деп санаймын. Жалпы о...
Әдебиеттер
1. Сериков В.В. образование и личность. Теория и практика
интегрирования образовательных систем. М.,1999.
2. Ку...
Upcoming SlideShare
Loading in …5
×

қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданылатын ойын түрлері

6,593 views

Published on

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын ойын түрлері.

Published in: Internet
  • Login to see the comments

  • Be the first to like this

қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданылатын ойын түрлері

  1. 1. Мазмұны І. Мұғалім туралы жалпы мәлімет ІІ. Рецензия ІІІ. Кіріспе бөлім IV. Негізгі бөлім а) Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын ойын түрлері. V. Қорытынды VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  2. 2. РЕЦЕНЗИЯ Өз білімін жетілдіру бойынша жазылған жұмыстың тақырыбы: «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында ойын элементтерін тиімді қолдану». Бұл жұмыста қазіргі заманғы жаңартылған білім беру бойынша сабақты қызықты өткізу жолдары, негізгі әдіс-тәсілдерін жан-жақты талдап зерттеген. Зерттеу барысында қазіргі уақыт талабына сай жұмыс процесінде қандай ойын түрлерін қолдану жолдарын атап көрсеткен. Ізденуші өз жұмысының тақырыбына байланысты әдебиеттерді орынды қолданған. Кітапханатану және библиографиятану салалары бойынша деректемелермен құжаттардың мол қорын пайдалана отырып орындағаны көрініп-ақ тұр. Кіріспеде мұғалім жұмысы, ойын ұғымы және оны ұйымдастырудың тиімді бағыттарын атап өткен. Негізгі бөлімде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында қолдануға болатын ойын түрлері туралы айта отырып, мысалдар келтіреді. Сонымен қатар, аталған ойын түрлерінің ішінен орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағында қолдануға болатын ойын түрлерін атап өткен. Бестөбе негізгі мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Мешел Гүлдана Сарманқызы өз ойын шеберлікпен сауатты, қисынды жеткізу тұрғысынан дайындығын байқатты. Өз білімін жетілдіру жұмысының материалы жүйелі түрде құрылған. Өз білімін жетілдіру жұмысында білім берудегі оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың әдіс-тәсілдері, қазіргі уақыттағы оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, ұйымдастырудың формалары қызықты әрі тартымды етіп баяндалған. Айтарлықтай ескертулер жоқ. Сондықтан бұл жұмысты жақсы деген бағаға бағалауға болады деп сенім білдіремін. Рецензент: Досова К.Ш. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінен жоғары санатты ұстаз
  3. 3. Кіріспе "Ұстаз болу жалықпас,үйретуден балаға" - деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Ұстаз болу - ауыр әрі ғажап. Ауырлығы сол: қаншама балаға ата- анадай тәрбие беріп, өмірлік азық болатындай білім беріп, саған сенген көптеген адамдардың сенімін ақтау. Ғажаптығы сол: қандай мамандық иелері болсын ең алдымен ұстаздан үлгі,өнеге, білім алады, ұстаздың алдынан өтеді. Қызығы мен шыжығы мол осы бір мамандықты меңгеру - адамзатқа берілетін бақыттың бірі. Себебі, кешегі өткен ұлы ұстаздардың, қараңғы қазақ көгіне шамшырақ бола білген ұстаздардың жалғасы - біз, тәуелсіз елдің ұстаздары. Ұстаз шәкіртіне тәрбиемен қатар білімді де меңгертеді. Сондықтан ұстаз бала үшін екінші ата-ана, ал мектеп - екінші үй. Шәкіртінің жетістігіне қуанбайтын ұстаз жоқ, себебі шәкіртінің жеңісі - ұстазының жемісі. Ұстаздың әр сабағы өмірде сабақ болатындай өтуі тиіс. Сондықтан әр ұстаз, әр жаңашыл ұстаз өз сабақтарында түрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланады. Әр пәннен беретін ұстаздардың өзіндік сабақта қолданатын әдіс- тәсілдері болады. Бүгін менде өзімнің сабақтарымда қолданылатын оқыту әдісі - ойын және оның түрлеріне тоқталмақшымын. Ойын - оқыту үрдісіндегі оқыту формасына жататын және оқыту әдісі бола алатын дидактикалық ұғым. Сабақ барысында осы оқыту әдісін пайдалану тиімді деп санаймын. Себебі осы әдісті қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятуға болады. Балалық шақ - адам өмірінің ең ғажайып әрі алаңсыз кезеңі. Адам қанша жасқа келсе де, балалық шағын аңсап отырады. Ал балалық шақтың керемет кезеңі - ойын кезеңі. Ойын ойнағаннан балалар шаршамайды әрі үйренгісі келгенін ойын арқылы үйренсе, тез үйреніп алады. Мектеп оқушылары ең алдымен балалар екенін ұмытпайық. Сондықтан олардың жас ерекшеліктеріне сай ойнайтын ойындары болады. Мінекей, сабақ үстінде сондай ойын түрлерінің элементтерін пайдалансақ, сабағымыз тиімді болар еді әрі балалар шаршағыштықтан айығар еді. Мұғалімнің дәрісі,бір сарынды, күнде дәстүрлі сабақ өткізу баланы жалықтырып жібереді және сол пәнді меңгеруге ынтасы болмай, құлқы жойылады. «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»,-деп жазады Ж.Аймауытов. Әр оқылатын нәрсемен ойынды байланыстыра білсек, баланың сабаққа деген ынтасы арта түседі. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағы - өзара тығыз байланысты пән. Бұл пәндерді басқа да пәндермен байланыстыруға болады, мысалы: тарих,
  4. 4. музыка, орыс тілі, география т.б. Енді осы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінде қандай ойын элементтерін пайдалануға болады және оны басқа да қандай пәндермен байланыстыруға болады, соған тоқталайын. Оқыту мақсатына қарай тілдік ойындар: лексика-фонетикалық, грамматикалық болып бөлінеді. Тілдік ойындардың бұлай бөлінуі шартты түрде ғана, себебі фонетикасыз, фонетиканы лексикасыз, лексиканы грамматикасыз қарастыру, меңгерту мүмкін емес. Лексика-фонетикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – оқушының сөзді дұрыс айтуын, дұрыс сөйлеуін қадағалау, дауыс ырғағын дұрыс қалыптастыру. Бұл ойын сабақтың алдыңғы сатысында көп қолданылады. Сабақтың кейінгі сатысында оқушыларды меңгерген лексикалық материалын тәжірибелік тұрғыда қолдану, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрау, оқушыға өз ойын жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру үшін грамматикалық ойындар қолданылады. Қазақ тілінің ерекше дыбыстарының анық айтылуын оқушыларға меңгерту үшін, мұғалім ойын үстінде тілдегі сөздердің дұрыс айтылу (орфоэпиялық), сөздердің дұрыс жазылу (орфографиялық) ережелерін де есепке алуы керек.
  5. 5. Негізгі бөлім Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабағында ойын түрлерін пайдалану 5- сыныпта қазақ тілі сабағында оқушылар тіл білімінің лексика және фонетика салаларын, мәтін туралы меңгереді. Мәтін және оның түрлерін (баяндау мәтіні, сипаттау мәтіні, пайымдау мәтіні) меңгеру барысында "Суреттер сөйлейді" ойынын өткізуге болады. Ойынның мақсаты: балалардың шығармашылыққа қызығушылықтарын, танымдық қасиеттерін ояту. Суретті жақсы көрмейтін бала жоқ. Бұл әрі сурет сабағымен байланысты. Ойынның шарты: мәтіннің түрлеріне байланысты мұғалім суреттер әкеліп, тақтаға іліп қояды. Белгілі бір уақыт ішінде балалар суреттерді сөйлету керек, яғни суреттерге байланысты шағын мәтін құрау керек. Бұл ойынды мен өз тәжірибемде,яғни қазақ тілінен ашық сабақтарда, топпен жұмыс жүргізу барысында, жекелей жұмыс жүргізуде де қолданып көрдім. Оқушылар қызығып, берілген суреттерді өз ойлары бойынша сөйлетуге барын салды. Осы ойынды қолдана отырып, өткізген сабағымнан қысқаша көріністер
  6. 6. Лексика тарауы бойынша жаңа сөздерді, термин, көнерген, табу, тұрақты тіркестерді қайталау барысында "Сақина салу" ойынын ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: оқушылар меңгерген тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеріп, қазақ тілінің сөздік қорын қаншалықты меңгергенін тексеру. Ойынның шарты: сөз жазылып жасырылған қағазды мұғалім әр оқушының алақанына салып шығады, қағаз кімнің алақанында қалса, сол жауап береді. Бұл ойын түрін әрі сергіту сәті ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, орыс сыныптарында сөздікпен жұмыс жүргізу барысында да тиімді деп ойлаймын. Мысалы, мұғалім сөздің орысшасын жасырады, ал балалар қазақшасын айтуы керек. Фонетика тарауы бойынша "Адасқан әріптер" ойынын ойнатып, дыбыстар мен әріптерді меңгертуге болады. Ойынның мақсаты: қазақ тіліндегі қырық екі әріпті, дыбыстарды, үндестік заңдылығын меңгерту. Ойынның шарты: мұғалім орындары ауысып кеткен әріптер жазылған карточкаларды оқушыларға таратып, оқушылар адасқан әріптерді орнына қойып, сөздерді айтылуы және жазылуына қарай бөліп айту. Мысалы: н,қ,ұ,л,ы - құлын. Айтылуы- құлұн, жазылуы - құлын.. Сонымен қатар, мұғалім мұндай бірнеше сөздерді карточкаларға жазбай - ақ, тақтаға да жазып қоюға болады және бұл ойын түрін үлгерімі нашар оқушылармен жүргізсе де болады деп ойлаймын. Морфологияны қайталау барысында "Тоғызқұмалақ" ойынын ойнатуға болады. Морфология - сөз таптарын қарастыратын тіл білімінің саласы, ал қазақ тілінде сөз таптарының саны - 9. Әр сөз табын оқыту ретімен белгілеп, яғни бірден тоғызға дейінгі сандарды пайдаланып, тасты лақтырып, түскен сан бойынша сөз табына сипаттама беру. Ойынның мақсаты: тоғыз сөз таптарын меңгертіп, ұлттық ойынымыз "Тоғызқұмалақты" қайтадан жаңа қырынан жандандыру. Ойынның шарты: Морфология - сөз таптарын қарастыратын тіл білімінің саласы, ал қазақ тілінде сөз таптарының саны - 9. Әр сөз табын оқыту ретімен белгілеп, яғни бірден тоғызға дейінгі сандарды пайдаланып, тасты лақтырып, түскен сан бойынша сөз табына сипаттама беру. Мысалы: тасты лақтыру барысында үш және төрт түссін. Балалар реті бойынша үшінші мен төртінші сөз табының ережесін талдап,тіпті салыстыру мақсатында венн диаграммасына салуға болады. Синтаксис тарауын меңгерту барысында "Пойыз" ойынын ойнатуға болады. Синтаксис - сөйлем мен сөз тіркестерін зерттейтін тіл білімінің саласы. Сөйлем құрау үшін қатысатын сөйлем мүшелері баяндауыш, бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш екенін бәріміз білеміз.
  7. 7. Ойынның мақсаты: сөйлем құрау барысында бес сөйлем мүшесінің ойды анық жеткізу үшін қажет және оны пойыздың вагондары сияқты тіркестіріп,бір - бірімен байланыстырып, ойдың нақтылығын жеткізу үшін сөйлемнің қаншалықты қызмет атқаратынын ұқтыру. Ойынның шарты: мұғалім сөйлем құрау үшін берілетін бес сөйлем мүшесінен пойыздың вагондарын жасап, ойдың нақтылығын анықтау мақсатында сөздерді орнына қойып, сөйлем құрау. Мысалы: пойыздың басын бастауыш деп, ал қалған сөйлем мүшелерін пойыздың вагондары деп тіркестіру арқылы сөйлем құрастыру немесе сөздерді пойыздың вагондары сияқты тіркестіріп, сөз тіркестерін құрастыру. "Кім тапқыр?", "Кім жылдам?" ойындарын өткен тақырыптар бойынша қайталау барысында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексере отырып, жылдам ойлауға, жылдам жауап беруге үйрету. Ойынның шарты: мұғалім үйден қайталауға арналған тақырыптар бойынша сұрақтар дайындап әкеліп, берілген уақыт ішінде сұрақтарға кім жылдам әрі дұрыс жауап берді соны бақылап, бағалау. Керісінше, мұғалім қайталауға арналған тақырыптар бойынша белгілі уақыт ішінде бір - біріне сұрақтар жасырады. "Мен саған, сен маған" ойынын да өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар құрау үшін ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: жұппен жұмыс жасауға үйрету және ой ұшқырлығын тексеру. Ойынның шарты: үйге берілген тақырып немесе ереже бойынша белгілі бір уақыт ішінде бірге отыратын парталас оқушылар бір - біріне қарап, сұрақтарын қояды. Осы арқылы бір - бірімен сөйлеспейтін, араласпайтын оқушылар тіл табысып, коммуникативтік құзіреттілікті де дамытуға болады және ой ұшқырлықтарының қаншалықты жақсы екенін аңғаруға болады. Сұраққа жауап берушінің қаншалықты тақырыпты меңгергенін, қаншалықты түсінгенін де көруге болады. "Бетпе - бет" ойынын өткен тақырыптарды қайталау мақсатында ойнатуға болады. Бұл ойын түрін қайталау сабақтарында, үй жұмысын тексеру барысында ойнатуға да болады. Ойынның мақсаты: жұрт алдында ұялмай ашық сұқбаттасуға үйрету және өз ойын дәл жеткізе білуге үйрету. Ойынның шарты: сыныпты үш топқа бөліп, бір оқушыны жүргізуші етіп сайлап аламыз. Үш топтан үш оқушыны "Бетпе- бет " студиясына шақырып, сұқбат аламыз. Үш топтан келген оқушы өзге топтардан келген қонақтарға алма - кезек сұрақ қояды. Ал жүргізуші жауаптарын бағалап отырады. Ойын
  8. 8. соңында жинаған ұпайы бойынша ойын жеңімпазы және ең жақсы сұрақ қойған оқушылар анықталып,бағаланады. " Ханталапай" ойыны. Бұл ойын түрін де өткен тақырыптарды қайталау немесе үй жұмысын тексеру мақсатында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: асықпен ойнатылатын ұлттық ойынымызды дәріптей отыра, ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып,шапшаң ойлап, шапшаң жауап беруге үйрету. Ойынның шарты: ойын үш бөлімнен тұрады. Оқушыларды үш топқа бөлеміз. Әр бөлімде сұрақ дайындауға үш минут уақыт беріп, жауап беруге он минут уақыт беріледі. Қорытындыға бес минут беріледі. Ойынға он бес сұрақ дайындылып, әр топқа конвертке салынып, нөмірленіп бес сұрақ беріледі. Әр топқа бірден беске дейін нөмірленген асық беріледі. Асықты мұғалім ортаға тастайды, ойыншылар қай нөмірлі асықты алса, сол конверттегі сұрақтарға жауап береді. "Не? Қайда? Қашан?" ойыны. Бұл ойын түрін әдебиет сабағында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: ақын -жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты мәліметтерді қаншалықты меңгерді соны анықтау және есте сақтау қабілеттерінің қаншалықты жақсы екенін анықтау. Ойынның шарты: өтілген тақырып бойынша, яғни бір ақын - жазушының өмірбаяны мен шығармашылығына байланысты не? қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап іздеу. Мысалы: Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығын оқу берілсін. Ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты "Не?" деген сұраққа: Абайдың "Он жетінші қара сөзінде" Ақыл, Қайрат, Жүрек үшеуі не жөнінде таласты? "Қайда?" деген сұраққа: Абай Құнанбайұлы қайда дүниеге келген? "Қашан?" деген сұраққа: Абай Құнанбайұлы туралы Ахмет Байтұрсынұлының "Қазақтың бас ақыны" деген мақаласы қашан жарияланды? деген сияқты сұрақтар қоюға болады. Осындай сұрақтарды оқушылардың өздеріне дайындатқызуға да болады. "Жатқа айту" ойыны. Бұл ойынды әдебиет сабағында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: жаттаған өлеңдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін ұштау, жылдамдыққа үйрету. Ойынның шарты: сынып оқушыларын үш топқа бөліп, өлеңдерден жаттаған үзінділерін айтудан жарысады. Бірінші топ бір өлеңнен екі жол айтса, екінші топ жалғастырып екі жолын айтады, басқа өлеңнен екі жол айтады, оны үшінші топ жалғастырып бірінші топқа айтады. Ойын соңында қай топ және қай оқушы көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді. Осы ойынға ұқсас "Мені жалғастыр..." ойынын да қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолдануға болады. Бұл ойынды доп арқылы да ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйрету. Ойынның
  9. 9. шарты: оқушылар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрып, мұғалім қолына доп алып, тақырып бойынша сұрақ қойып, бір оқушыға лақтырады. Допты қағып алған оқушы бар білгенін айтып, тоқтап қалған жерінен келесі оқушыға жалғастыруға береді. Осылай оқушылардың дайындықтарының қаншалықты дәрежеде екенін байқауға болады. "Тұлғаны танып біл" ойыны. Бұл ойын түрін әдебиет сабағында ұлы тұлғалар туралы білімдерін тексеру мақсатында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: ұлы тұлғалар туралы білімдері қаншалықты дәрежеде екенін анықтау және есте сақтау қабілеттерінің қаншалықты жақсы екенін айқындау. Ойынның шарты: өз қалаулары бойынша топқа бөлінеді. Топтарға белгілі тұлғалардың портреттері таратылады. Оқушылар портреттегі адамның өмірі мен шығармашылығы, қызметі, жазған шығармаларын естеріне түсіріп, топ ішінде талдайды. Өз тобын бір адам қорғайды. Неғұрлым толық және дұрыс жауап берген топ жеңімпаз атанады. "Жұмбақ портрет" ойыны. Бұл ойынды сергіту сәті ретінде де ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: өтілген тақырып бойынша тұлғалар туралы білімдері қаншалықты екенін анықтау және ойлау қабілеттерінің қаншалықты дамығанын анықтау. Ойынның шарты: әр оқушы өздеріне ұнаған тұлғалардың портреттерін жазып келеді, содан кейін оны сыныпқа келіп, басқа оқушыларға жасырады. Ал сергіту сәті ретінде оқушылар сыныптағы бір оқушының портретін жазып, оны жасырады. Бұдан оқушылар бір - бірін қаншалықты білетіндерін аңғаруға болады. "Брейн-ринг" ойыны. Бұл ойынды өтілген тақырып бойынша қайталау немесе үй жұмысын тексеру мақсатында ойнатуға болады. Ойынның мақсаты: өткен тақырып немесе үй жұмысы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру немесе білімдерін нығайтып, ептіліктерін тексеру. Ойынның шарты: оқушыларды жеті адамнан тұратын топқа бөлеміз. Әр топтың столына алтыға дейін нөмір үлестіріледі де, жетінші оқушы жүргізуші болады. Әр топтың столына алтыға бөлінген дөңгелек сектор, әр секторға үш сұрақ және кубик беріледі. Жүргізуші кубикті тастағанда қай нөмір шықса, соған сәйкес нөмірдің оқушысы сол нөмірдегі сектордың сұрағына жауап береді. Жүргізуші бағалайды. "КТК" ойыны. Ойынның мақсаты: топпен жұмыс істеуге үйрету, өтілген тақырып бойынша қаншалықты білімдері бар, соны тексеру, тапқырлықтарын ұштау. Ойынның шарты: ойын төрт бөлімнен тұрады. Оқушыларды үш топқа бөліп, әр бөлім тапсырмалары бойынша жарыстыру. Бірінші бөлім бойынша үш топ бір - біріне белгілі бір уақыт ішінде сұрақтар
  10. 10. қояды. Екінші бөлім бойынша үш топқа роман,повесть немесе әңгімеден үзінділер айтқызу. Үшінші бөлім бойынша берілген тақырып бойынша өлең шығару. Төртінші бөлім бойынша бес минутта сұрақ оқылады, үлгергендері бойынша сұрақтарға тез - тез жауап береді. Әр бөлім бойынша белсенді оқушылар және жеңіске жеткен топ бағаланады. "Корректор" ойыны. Ойынның мақсаты: қатемен жұмыс істей білуге үйрету және жіберілген қателерді уақытында дәл түзей білуге үйрету. Ойынның шарты: қателері бар мәтін беріледі. Сол мәтіннен қателерді тауып, түзету оқушыларға жүктеледі. Мәтіндегі қателерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай беруге болады. "Аукцион" ойыны. Аукцион барысында ең соңғы сөзін айтқан адам жеңетіндігі белгілі. Ойынның шарты: синоним тақырыбын өткенде қолдануға болады. Берілген сөзге мағынасы жақын сөздер айту керек. Сөздер айтылу барысында көп әрі ең соңғы сөз айтқан оқушылар бағаланып, жеңіске жетеді. "Бумеранг" ойыны. Ойынның шарты: синоним, антоним, омоним тақырыптарын өту барысында ойнатуға болады. Берілген сөздердің синонимін тап немесе антоним, омонимін тап. Ойынның мақсаты: оқушыларды дәл, нақтылыққа үйрету. "Мен сиқыршымын" ойыны. Ойынның шарты: берілген сөз таптарынан басқа сөз таптарын жасау. Мысалы: көсе - етістік, оған -у жұрнағын жалғаса, көсеу - заттың атауы, яғни зат есім немесе керісінше, шеге - зат есім, оған -ле жұрнағын жалғаса сөз етістікке айналады.
  11. 11. Қорытынды Сонымен, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында ойын элементтерін пайдалану өте тиімді деп санаймын. Жалпы ойын сабақтың қызықты өтуіне зор ықпалын тигізеді. Оқушының жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі ойын түрлері болады. Мен солардың ішінен азына ғана тоқталып өттім. Дегенмен, осы ойын элементтерінің бірін сабақтарымызда қолдансақ, сабағымыз қызықты өтіп, оқушылардың саналарына тез жетеді деп ойлаймын. Қазіргі заман технологиялар заманы болған соң, заман талабына сай білім беру саласында да түрлі өзгерістер болуда. Міне, заманға сай сабақ түрлерін өткізсек, еңбегіміз жемісті болады деп ойлаймын. Оқушы қанша жасқа келсе де, ол ең алдымен бала екенін ұмытпауымыз керек. Ал баланың көңілі ойында. Сондықтан сабағымызда да ойын элементтерін тиімді пайдалансақ, ұйқы басып, шаршап отыратын оқушылар аз болар деп ойлаймын. Бала ойын арқылы түсінбегенін түсініп алады деп ойлаймын. Сабағымыздың бір сарынды өтпей, қызықты өтуіне осы ойын элементтерінің пайдасы зор деп білемін.
  12. 12. Әдебиеттер 1. Сериков В.В. образование и личность. Теория и практика интегрирования образовательных систем. М.,1999. 2. Кулинич Г.С., Николина В.В. Географические игры в обучении и воспитание учащихся. Горький ,1990 3. .Караев Ж.А. Педагогическая технология обучения.-Алматы: Респ.изд.кабинет, 1999.-55б. 4. Кавтарадзе Д.Н. Обучение и игра . Введение в активные методы обучения. М.,1998 5. Шакирова С.М. дидактические игры в процессе обучения. 6. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы . Рауан, 1994.- 80 б

×