SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
№4 Тілеміс батыр орта мектебі
пікірталас
Сыныбы .11
Өткізген д.о.т.і.ж.о. Садыбекова К.А.
Ақтоған ауылы-2015ж
Мамандықтар
әлемі
Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі»
Мақсаты:
· Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту.Мамандықты дұрыс
таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру.
Елімізде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып өз көзқарастарын, ой пікірлерін дәл,
еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Түрі: Пікірталас
Әдісі: «Мағынаны ашу», топтастыру, ой толғау, дидактикалық ойындар,
Сабақта қолданылатын материалдар: Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер,
маркерлер. Интернет/ www.youlube.com/ материалдар /мамандықтар видео ролик/ бейне таспа.
Негізгі идеялар: Оқушыларды мамандық таңдауға бағыт беру.
Тапсырмалар: Топтық талдау, салыстыру, зерттеу, сыни ойлау.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың
мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» дегендей «Мамандықтар әлемі»атты кешімізге қош
келдіңіздер!
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып
отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы
туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін
кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды.
Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа
көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.
ҰБТ өткен соң талай талапкердің тағдыры шешіліп, бағыты бағдарланады. Осы сынақтан
соң өмірдегі басты қадам – мамандық таңдау мәселесі көп талапкердің алдынан шығары
анық.
«Білемін Мағынаны ашу кезеңі
Мамандық таңдау – өмірдегі маңызды
қадамның бірі. Өміріңнің ажырамас
бөлшегіне айналар істі таңдар алдында
ойың сан-саққа жүгірері анық.
Мамандықтың қыр-сырын жетік игеру, өз
білім дәрежесін әрқашан жетілдіріп
отыру – білікті маманның басты
қағидасы. Жүрек қалауымен таңдалған
мамандық – өмір тірегі.
Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандарды
дайындау – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.
Өзінің икемі мен қабілеті бар
мамандықты игерген адам іс көзін
табады. Әр мамандықтың өз қызығы мен
шыжығы бар. Соның бәрін ұршықтай
үйіріп әкете алатын, кәсібін тыңғылықты
игерген маман – қазіргі қоғамда үлкен сұранысқа ие.
Алайда, кейбір мектеп түлектерінің мамандық таңдардағы алғышарты жоғары жалақымен
байланыстыралатыны өкінішті. Дегенмен, нарықтық заманда жалақының да елеулі орны бар. Ата-
ана да баласының мамандық таңдар кезінде құқық қорғау, қаржы, заң саласын таңдауына ықпал
жасайды. Ел тәуелсіздік алып, нарықтық экономикалық қатынасқа өтер алдында аудит, қаржы
саласындағы мамандар үлкен сұранысқа ие болды. Бүгінгі күні өнеркәсіптің дамуымен техникалық
мамандықтарға сұраныс артып отыр. Дамушы Қазақстанның өнеркәсіп саласында жаңа
техникаларды игеру, оларды дұрыс қолдана білу жаңа мамандарға деген сұранысты арттырып отыр.
Бірақ, жастардың басым бөлігі техникалық, яғни дәнекерлеуші, электрик сынды мамандықтарға
барғысы келмесі анық. Алайда, жоғары білімді деген
аты бар
дипломды алып, «екі қолға бір – күрек» таба алмай
жүргендер қаншама?! Сол себепті нәпақасын өз
мамандығынан өзге саладан тауып жүрген жастар
саны көп. Бүгінгі таңда сұранысқа ие, қоғамға қажет
мамандықты игерген жастың асығы алшысынан түсері мәлім. Сондықтан, «мамандығым –
мақтанышым» деп айта алатын, өз ісінің хас шеберлері болып, қазақ елінің өркендеуіне үлес
қосатын азамат болу үшін әуелі жаныңызға жақын, екіншіден, сұранысқа ие кәсіпті таңдаған дұрыс
деп санаймыз.
Арнайы зерттеулер көрсеткендей 14 - 16 жас аралығындағы жеткіншектер өз бетінше мамандық
таңдай алмайды, себебі мамандық таңдағанда олар тек бір ғана белгіге назар аударып, жағдайды
жан - жақты талдай алмайды. Оқушылардың 40%- ы ғана еңбек мағынасын қызығушылықпен
таңдайды. Сондықтан олардың көбісі өздерінің мамандықтарын тез таба қояды жұмысқа деген
шығармашылық қатынасы да ерекшеленеді.
Негізінен, мамандық таңдауды жас адам мектепті бітіру кезінде түсінеді, сосын өз
қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін, өздерінің жеке қасиеттерін, мамандықтың
қажеттіліктерін, еңбек нарқының қажеттіліктерін біле отырып, сұранысқа қарай таңдайды.
Өз жеке қабілеттерін біліп, мамандық таңдауы жас адамды кәсіби түрде мамандық таңдау
ережелерімен таныстырады.
«Мамандық әлемі» (слайд) (интернет материалы)
Мамандық әлемінде жақсы бағдарлаудан және кәсіби жұмыстан басқа, тепе - тең мамандық
таңдауға өз қабілетіңді тани білу, өз тарапыңнан кемшіліктерің мен жетістіктеріңді дұрыс бағалау.
2Сергіту сәті «Көңілді күн»
Топқа бөлу (2 мин)
Суреттер тарату.
Суреттер бойынша
топтасады.
3 «Ең жақсы» ойыны Топтастыру
Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген
мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар.
Ең жасыл------------(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші,агроном )
Ең тәтті және көңілді ------------------(аспаз, кондитер, клоун, карикатурашы, әртіс)
Ең ақшалы---------------(банкқызметкері,экономист, бизнесмен, бухгалтер, милиционер )
Ең жауапты ----------------- (бухгалтер,электрик , шебер, жүргізуші,ұшқыш)
Ең салмақты ----------------- (сот, заңгер, дәрігер ,мұғалім, иман)
3. Ойлай болса мамандықты дұрыс таңдап көрейік.
«Әріпті мамандық»- ойыны.
Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен
басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске
жетеді.
. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр -
сырын айту керек.
/Постерге түсіру/
І - топ: «А», ІІ - топ: «М», ІІІ - топ: «Ж», IV-топ «Д», V «С»
Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:
* Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер
Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.
* Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және
бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады.
* Жоғары кәсіптік білім: ЖОО - ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу
орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.
4. «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» пікірталас
Қымбатты дос!
Сіздің «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» пікірталасқа қатысуыңызды сұраймын. Сіз
үшін ертеңгі болашағыңыз маңызды екендігі анық. Сол себепті әрбір сұраққа мұқият, шынайы
жауап бергеніңіз дұрыс.
1) «Маман иесі дегенді қалай түсінуге болады?»
- Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда;
• - адамның болашаққа апаратын жолы;
• - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі;
• - мамандық бойынша адам жұмыс істейді;
• - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық;
• - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау,
арманыңды іске асыру;
• - мамандық сөзі ол
жұмыспен сипатталады;
• - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе,
игерсе сол
• - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен
айналысады.
2) Ата-аналарың отбасында сендер жақсы мамандық таңдауда үлкен
азамат болып өсу үшін, өздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін?
3) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай
бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ
кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
4) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай
мамандықтар қажет.
5) Достарыңа мамандық таңдау бойынша қандай кеңес берер едіңіз?
Жауабыңызға ризашылық білдіремін!
Топпен жұмыс
Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар
қажет. / постер қоғау/
Психологиялық сәт: Құралбаева Гүлнұр
4. Талдау: Осы күннен не алдыңыз? Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын
жағдай болды ма?
Қатысушыларға стикер қағаздары таратылады.
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне
тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне
жазады.
Стикермен жұмыс. «Бағдаршам»
– Бүгінгі сабақта не білдік? жасыл
Нені түсінбедің? қызыл
Қандай мамандық түрлері туралы білгің келеді? сары
Қорытынды
Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ
асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз
айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым
сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар
алдыңыздар, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болады.
Қош сау болыңыздар!
Мерзімі 26 наурыз 2015 жыл

More Related Content

Similar to 2011sdfdddddddddddd

дос және мен.ppt
дос және мен.pptдос және мен.ppt
дос және мен.pptssuser8c7445
 
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова на конкурс
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова   на конкурсмодульная рабочая программа. каз яз.тулеуова   на конкурс
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова на конкурсAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...tagibaevaab
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...tagibaevaab
 
Су- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзіСу- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзіNurlan Abilhanov
 
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...Asem Sarsembayeva
 
Бакытты отбасы
Бакытты отбасыБакытты отбасы
Бакытты отбасыRauan Ibraikhan
 
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныДеңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныАйбек Қуандықұлы
 
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызыИнформатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызыБақытжан Күшібарұлы
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxssuser85477d
 

Similar to 2011sdfdddddddddddd (20)

дос және мен.ppt
дос және мен.pptдос және мен.ppt
дос және мен.ppt
 
мукатова жибек
мукатова жибекмукатова жибек
мукатова жибек
 
акшалов
акшаловакшалов
акшалов
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова на конкурс
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова   на конкурсмодульная рабочая программа. каз яз.тулеуова   на конкурс
модульная рабочая программа. каз яз.тулеуова на конкурс
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
 
Су- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзіСу- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзі
 
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімд...
 
ныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовнаныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовна
 
Бакытты отбасы
Бакытты отбасыБакытты отбасы
Бакытты отбасы
 
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныДеңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
 
научный проект
научный проектнаучный проект
научный проект
 
Әдіс.pptx
Әдіс.pptxӘдіс.pptx
Әдіс.pptx
 
мамандық ашық сабақ
мамандық ашық сабақмамандық ашық сабақ
мамандық ашық сабақ
 
абдрахимова баян абамусилимовн1
абдрахимова баян абамусилимовн1абдрахимова баян абамусилимовн1
абдрахимова баян абамусилимовн1
 
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызыИнформатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
 
GPT-Slide-27-10-2023-Kursabaev
GPT-Slide-27-10-2023-KursabaevGPT-Slide-27-10-2023-Kursabaev
GPT-Slide-27-10-2023-Kursabaev
 

More from nurlan93kz

2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауаnurlan93kz
 
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxxnurlan93kz
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsdsnurlan93kz
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВnurlan93kz
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadasnurlan93kz
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуцnurlan93kz
 
2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsdnurlan93kz
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПРnurlan93kz
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБnurlan93kz
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььоооnurlan93kz
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюдnurlan93kz
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывыnurlan93kz
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуцццnurlan93kz
 

More from nurlan93kz (20)

2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауа
 
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
 
2055sddsadsd
2055sddsadsd2055sddsadsd
2055sddsadsd
 
2053xczcxc
2053xczcxc2053xczcxc
2053xczcxc
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds
 
2051fdfdfd
2051fdfdfd2051fdfdfd
2051fdfdfd
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadas
 
2048dfsfdsf
2048dfsfdsf2048dfsfdsf
2048dfsfdsf
 
2047dsdsdsd
2047dsdsdsd2047dsdsdsd
2047dsdsdsd
 
2046dsfsdfd
2046dsfsdfd2046dsfsdfd
2046dsfsdfd
 
2045erwerer
2045erwerer2045erwerer
2045erwerer
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуц
 
2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюд
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывы
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц
 

2011sdfdddddddddddd

  • 1. №4 Тілеміс батыр орта мектебі пікірталас Сыныбы .11 Өткізген д.о.т.і.ж.о. Садыбекова К.А. Ақтоған ауылы-2015ж Мамандықтар әлемі
  • 2. Тақырыбы: «Мамандықтар әлемі» Мақсаты: · Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту.Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру. Елімізде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болып өз көзқарастарын, ой пікірлерін дәл, еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. Түрі: Пікірталас Әдісі: «Мағынаны ашу», топтастыру, ой толғау, дидактикалық ойындар, Сабақта қолданылатын материалдар: Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер, маркерлер. Интернет/ www.youlube.com/ материалдар /мамандықтар видео ролик/ бейне таспа. Негізгі идеялар: Оқушыларды мамандық таңдауға бағыт беру. Тапсырмалар: Топтық талдау, салыстыру, зерттеу, сыни ойлау. Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» дегендей «Мамандықтар әлемі»атты кешімізге қош келдіңіздер! - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. ҰБТ өткен соң талай талапкердің тағдыры шешіліп, бағыты бағдарланады. Осы сынақтан соң өмірдегі басты қадам – мамандық таңдау мәселесі көп талапкердің алдынан шығары анық. «Білемін Мағынаны ашу кезеңі Мамандық таңдау – өмірдегі маңызды қадамның бірі. Өміріңнің ажырамас бөлшегіне айналар істі таңдар алдында ойың сан-саққа жүгірері анық. Мамандықтың қыр-сырын жетік игеру, өз білім дәрежесін әрқашан жетілдіріп отыру – білікті маманның басты қағидасы. Жүрек қалауымен таңдалған мамандық – өмір тірегі. Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандарды дайындау – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Өзінің икемі мен қабілеті бар мамандықты игерген адам іс көзін табады. Әр мамандықтың өз қызығы мен шыжығы бар. Соның бәрін ұршықтай үйіріп әкете алатын, кәсібін тыңғылықты
  • 3. игерген маман – қазіргі қоғамда үлкен сұранысқа ие. Алайда, кейбір мектеп түлектерінің мамандық таңдардағы алғышарты жоғары жалақымен байланыстыралатыны өкінішті. Дегенмен, нарықтық заманда жалақының да елеулі орны бар. Ата- ана да баласының мамандық таңдар кезінде құқық қорғау, қаржы, заң саласын таңдауына ықпал жасайды. Ел тәуелсіздік алып, нарықтық экономикалық қатынасқа өтер алдында аудит, қаржы саласындағы мамандар үлкен сұранысқа ие болды. Бүгінгі күні өнеркәсіптің дамуымен техникалық мамандықтарға сұраныс артып отыр. Дамушы Қазақстанның өнеркәсіп саласында жаңа техникаларды игеру, оларды дұрыс қолдана білу жаңа мамандарға деген сұранысты арттырып отыр. Бірақ, жастардың басым бөлігі техникалық, яғни дәнекерлеуші, электрик сынды мамандықтарға барғысы келмесі анық. Алайда, жоғары білімді деген аты бар дипломды алып, «екі қолға бір – күрек» таба алмай жүргендер қаншама?! Сол себепті нәпақасын өз мамандығынан өзге саладан тауып жүрген жастар саны көп. Бүгінгі таңда сұранысқа ие, қоғамға қажет мамандықты игерген жастың асығы алшысынан түсері мәлім. Сондықтан, «мамандығым – мақтанышым» деп айта алатын, өз ісінің хас шеберлері болып, қазақ елінің өркендеуіне үлес қосатын азамат болу үшін әуелі жаныңызға жақын, екіншіден, сұранысқа ие кәсіпті таңдаған дұрыс деп санаймыз. Арнайы зерттеулер көрсеткендей 14 - 16 жас аралығындағы жеткіншектер өз бетінше мамандық таңдай алмайды, себебі мамандық таңдағанда олар тек бір ғана белгіге назар аударып, жағдайды жан - жақты талдай алмайды. Оқушылардың 40%- ы ғана еңбек мағынасын қызығушылықпен таңдайды. Сондықтан олардың көбісі өздерінің мамандықтарын тез таба қояды жұмысқа деген шығармашылық қатынасы да ерекшеленеді. Негізінен, мамандық таңдауды жас адам мектепті бітіру кезінде түсінеді, сосын өз қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін, өздерінің жеке қасиеттерін, мамандықтың қажеттіліктерін, еңбек нарқының қажеттіліктерін біле отырып, сұранысқа қарай таңдайды. Өз жеке қабілеттерін біліп, мамандық таңдауы жас адамды кәсіби түрде мамандық таңдау ережелерімен таныстырады. «Мамандық әлемі» (слайд) (интернет материалы) Мамандық әлемінде жақсы бағдарлаудан және кәсіби жұмыстан басқа, тепе - тең мамандық таңдауға өз қабілетіңді тани білу, өз тарапыңнан кемшіліктерің мен жетістіктеріңді дұрыс бағалау. 2Сергіту сәті «Көңілді күн» Топқа бөлу (2 мин) Суреттер тарату. Суреттер бойынша топтасады.
  • 4. 3 «Ең жақсы» ойыны Топтастыру Қазір сендерге мамандықтардың кейбір ерекше мінездемелерін ұсынамын, ал сендер берілген мінездемеге сәйкес келетін мамандықты атайсыңдар. Ең жасыл------------(эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші,агроном ) Ең тәтті және көңілді ------------------(аспаз, кондитер, клоун, карикатурашы, әртіс) Ең ақшалы---------------(банкқызметкері,экономист, бизнесмен, бухгалтер, милиционер ) Ең жауапты ----------------- (бухгалтер,электрик , шебер, жүргізуші,ұшқыш) Ең салмақты ----------------- (сот, заңгер, дәрігер ,мұғалім, иман) 3. Ойлай болса мамандықты дұрыс таңдап көрейік. «Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді. . Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек. /Постерге түсіру/ І - топ: «А», ІІ - топ: «М», ІІІ - топ: «Ж», IV-топ «Д», V «С» Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.
  • 5. КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері: * Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды. * Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік біліммен алуға болады. * Жоғары кәсіптік білім: ЖОО - ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады. 4. «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» пікірталас Қымбатты дос! Сіздің «Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» пікірталасқа қатысуыңызды сұраймын. Сіз үшін ертеңгі болашағыңыз маңызды екендігі анық. Сол себепті әрбір сұраққа мұқият, шынайы жауап бергеніңіз дұрыс. 1) «Маман иесі дегенді қалай түсінуге болады?» - Біздің болашағымыз – біздің мамандығымызда; • - адамның болашаққа апаратын жолы; • - адамның алдағы уақытқа қойған мақсатының бірі; • - мамандық бойынша адам жұмыс істейді; • - оқуды бітіргеннен кейін таңдайтын мамандық; • - ол белгілі бір кәсіпке ие болу бейіндігі, ұнату, таңдау, арманыңды іске асыру; • - мамандық сөзі ол жұмыспен сипатталады; • - келешекке қойған жоспары, мамандығын ойдағыдай бітірсе, игерсе сол • - адам жаны қалаған қабілеті бар кәсіпкерлік жұмыспен айналысады. 2) Ата-аналарың отбасында сендер жақсы мамандық таңдауда үлкен азамат болып өсу үшін, өздеріне қандай мақсаттар қоюы мүмкін? 3) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба? 4) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай
  • 6. мамандықтар қажет. 5) Достарыңа мамандық таңдау бойынша қандай кеңес берер едіңіз? Жауабыңызға ризашылық білдіремін! Топпен жұмыс Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет. / постер қоғау/ Психологиялық сәт: Құралбаева Гүлнұр 4. Талдау: Осы күннен не алдыңыз? Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Қатысушыларға стикер қағаздары таратылады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады. Стикермен жұмыс. «Бағдаршам»
  • 7. – Бүгінгі сабақта не білдік? жасыл Нені түсінбедің? қызыл Қандай мамандық түрлері туралы білгің келеді? сары Қорытынды Ж. Аймауытов айтқандай «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық. егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін! Құрметті қонақтар, оқушыларға алдағы уақытта дұрыс мамандық алу үшін бағыт - бағдар алдыңыздар, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болады. Қош сау болыңыздар! Мерзімі 26 наурыз 2015 жыл