SlideShare a Scribd company logo
1 of 10
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
ОБЛЫСЫ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ
БІЛІМ МЕКЕМЕСІ
«АВИЦЕННА»
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ
ОБЛАСТЬ
ГОРОД СЕМЕЙ
УЧРЕЖДЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ
«АВИЦЕННА»
МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ
Сабақтан тыс өткізілген іс-шараның технологиялық картасы
«Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты»
Сабақтың технологиялық картасы
Пән: «Экономикалық теория негіздері»
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Тақырыбы: «Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты»
Уақыты: 90 минут
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, білімге деген құштарлығын арттыру,
зияткерлік қабілетін дамыту. Өткен тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету,
толықтыру, қорытындылау.
Дамытушылық - оқушылардың танымын арттыра отырып белсенділікке, табандылыққа
баулу.
Тәрбиелік - оқушыларға рухани, интеллектуалдық жағынан тәрбие беріп, болашаққа деген
көзқарасын арттыру.
Сабақтың міндеттері.
Түсінігі болуы керек:
• «Мемлекеттік реттеу», «нарықтық экономика», «экономикалық саясат» ұғымдары
туралы толық түсініктері болуы керек
• Экономиканы мемлекеттік реттеудің қазіргі нарық жағдайындағы маңыздылығы
туралы түсінігі болуы керек.
Қолданылатын педагогикалық технологиялар:
• ақпараттық-коммуникативті
Әдістер: сұрақ-жауап, баяндау
Білім, дағды, практикалық тәжірибеге қойылатын талаптар:
Оқушы білуі керек:
• Экономиканың мемлекеттік реттеудің маңыздылығын және мемлекеттің әлеуметтік
саясаты туралы білуі керек.
Орындай алуы қажет:
• Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін білуі тиіс;
• Мемлекеттің әлеуметтік саясатын және оның жүзеге асырылуын сипаттай алуы тиіс.
Кәсіби модульді оқытудағы құралдар:
• Оқу-көрнекілік құралдар, таратпа материалдар: дәріс материалы, тақырып бойынша
кестелер және сызбалар.
• Оқытудың техникалық құралдары: компьютер.
• Электронды: слайдтар
Негізгі әдебиеттер:
1. Г.Жолдасова «Экономика теория негіздері»
2. Баймуратов Б.С. Национальная экономическая система.-Алматы.-2000.
3. Мамедов О.Ю. Современная экономика.-Ростов -на - Дону.-1996.
4. Камаев В.Д. Учебник по основам экономической теории.-Москва.-1996.
5. Лившица А.Я., Никулиной И.Н. Введение в рыночную экономику, под.ред..-Москва.-
1995.
6. Потапов B.C., Северин Г.П. Курс экономической теории.-Семипалатинск.-2003.
Қосымша әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.А. Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку. –Алматы.-1992.
2. Борисов Е. Экономическая теория.-Москва.-1993.
3. Булатов А.Экономика.-Москва.-1995.
4. Макуконелл К.,Брю С. Экономикс Т.1-2.-Москва.-1993.
5. Чеперин М. Курс Экономической теории.-Киров.-1995.
«Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты» тақырыбы
бойынша сабақтан тыс өткізілетін іс-шараның хронологиялық картасы
Кезеңдері Кезең мазмұны Уақыты Әдістемелік
1.Ұйымдастыру
кезеңі
Амандасу, сабаққа дайындықтарын
тексеру, жоқ балалалрды түгендеу.
Тақырыпты, сабақ мақсаты мен сабақ
барысын айту
5 мин. Жүргізілетін жұмысқа назарын
аударту, аталмыш тақырыпты
қабылдауға дайындау. Ақпаратты
алуға оқушылардың
қызығушылығын ояту, жұмыстың
орындалуына қажетті талаптар мен
жұмыс көлеміне бағыттау.
2. Білімдерін
өзектеу
Тақырыптың негізгі түсініктері
бойынша ауызша жалпылай сұрау
жүргізу:
Сұрақтар:
1). «Мемлекеттік реттеу» және
«Экономикалық саясат» туралы
жалпы түсінік.
2) Экономикалық саясаттың қызмет
етуінің маңыздылығы.
20 мин. Оқушылардың теориялық
дайындығы деңгейін анықтау,
кәсіби сөйлеу, серіктестік дағдысын
қалыптастыру, топпен жұмыс жасау
3. Жаңа
матери
алды
түсінді
ру
Жоспарға сәйкес жаңа материалды
түсіндіру:
1). «Мемлекеттік реттеу» ұғымы
2) Мемлекеттің экономикалық
саясаты
3) Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
40 мин. Тақырып бойынша білімін кеңейту
және тереңдету мақсатында назар
аударту, есте сақтау қабілетін ояту.
4. Жаңа білімді
бекіту.
Оқушылардың
өздік жұмысы
Оқушыларға арналған тапсырмалар:
1). Сұрақтарға жауап беру:
- «Саясат» және «Экономикалық
саясат» - бұл қандай ұғымдар?
- Экономиканы мемлекеттік реттеу
дегеніміз не?
- Мемлекеттің экономикалық
саясаты?
- Мемлекеттің әлеуметтік саясаты
қалай жүзеге асады?
2). Оқу құралы, дидактикалық
таратпа материалдармен жекелей
өздік жұмысы
10 мин. Ойлау қабілетін, өздігімен шешім
қабылдау, өзін бақылау және
сараптама жасау дағдысын дамыту.
Алған білімдерін бекіту (жалпылай
сұрау бойынша).
5. Сабақты
қорытындылау
Оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру, әр оқушының және барлық
топтың жұмысын талдау және
бағалау.
10 мин. Өзі және өзгелер үшін
жауапкершілік сезімін дамыту.
Оқытушы мен оқушылардың бірігіп
қызмет етуіне жағымды көрініс
құру
6. Үй
тапсырмасын
түсіндіру
Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау 5 мин. Қызығушылық пен шығармашылық
белсенділікті, психологиялық
ойлауды дамыту.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Студенттермен амандасу, түгендеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.
ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, студенттердің назарын сабаққа аудару, экономикалық
білімге деген қызығушылығын арттыру.
Мұғалімнің сөзі: ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін
саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып
демократияландыру бағытын алға жылжытып, әлеуметтік саланы басты назарда ұстады.
Экономиканың мемлекеттік реттелуі нәтиже беретіндігіне сеніммен қарады. Осы орайда
ағылшынның «Темір ханымы» атанған М.Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі
жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір
проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген
сөздерін еске түсіргеніміз орынды. Себебі бұл сатыдан еліміз толықтай және абыройлы өтіп,
мемлекетіміз нарықтық экономикаға жол ашты. Сондықтан, біздің бүгінгі ашық сабағымыз
экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты деп аталады.
ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі (сұрақтар қою миға шабуыл)
Топтарға көшбасшылар мен сайсымызды саралайтын сарапшыларды сайлап алайық.
Сұрақтардың деңгейіне байланысты топ көшбасшылары мен сарапшылар
айқындалады.
1) Экономиканы мемлекеттік реттеу қандай міндеттерді шешеді? (экономикалық өсу,
жұмыспен қамту, экспортты ынталандыру) «3»
2) Экономиканың мемлекеттік секторының құрылу нысаны? (мемлекеттік бюджет)
«5»
3) Экономиканың мемлекеттік секторының қызмет аясы (әлеуметтік және өндірістік
инфрақұрылым) «1»
4) Экономиканы реттеудегі мемлекеттік сектордың өсу себебі неде? (кедейшілікті
жою және табыс теңсіздігін қысқарту) «2»
5) Әлеуметтік – экономикалық үрдістердің дамуын ғылыми тұрғыда алдын –ала көру
қағидалары мен әдістерін зерттеу қалай аталады? (ұлттық болжау) «4»
6) Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлаудың қандай түрлері бар?
(директивті, индикативті және стратегиялық) «сарапшы»
7) Нарықтық экономиканың жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде
кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылатын жоспарлауды ата? (Индикативті жоспарлау)
«сарапшы».
ІІІ. Мағынаны тани білу кезеңі (сайыстар)
Сайысқа қатысушы топтар:
І топ - «Дотация»
ІІ топ - «Субсидия»
ІІІ топ - «Субвенция»
IV топ - «Трансферт»
V топ - «Бюджет»
Сайыс жоспары
1.«Өнер-білім бар жұрттар» (Мақал-мәтелдер жарысы).
2. «Эрудиттер сайысы» (сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл
жауап берілу қажет).
3. «ҚР-ның экономикасын мемлекеттік реттеудегі мемлекеттік биліктегі тұлғаларды
танисызба?» (әр топ тұлғаны дұрыс табуы керек)
4. «Конверттен шыққан басқатырғыштар». Әр топ үстел үстінен конверт тандайды,
іштерінде қазіргі таңда ЭМР (экономиканы мемлекеттік реттеу) мен мемлекеттің әлеуметтік
саясатының тетіктері қолданылатын әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары,
ұлттық валюталары мен мемлекет басшылары бар. Оны студенттер дұрыс тауып, ретімен
қоюы керек.
5. «Білім аукционы» (тақырып көлемінде 5 сұрақ қойылады дұрыс жауап беру
арқылы топ өз қорларына балл жинау мүмкіндігіне ие болады)
Топтарға сәттілік тілейміз.
Таза мінсіз, асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады,
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады, - деп Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы турды
бастаймыз.
І тур. Сайысымыздың алғашқы бөлімінде мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар. Дұрыс
жауап 10 ұпаймен бағаланады.
1. Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес).
2. Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді).
3. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
(Алтау ала болса ауыздағы кетеді)
4. Теңге ................(тиыннан құралады).
5. Көрпеңе қарай ......... (көсіл).
6. Ақыл азбайды ........(білім тозбайды).
7. Жұмыла көтерген ... (жүк жеңіл)
8. Ақшаны ..... (ақша жасайды).
9. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ...... (ұстауға тырысады).
10. Жер ырысы дария,
Ел ырысы ... (қария)
ІІ тур. «Эрудиттер сайысы»
Көңілін халқыңның таптың бүгін
Елес қой мынау бізге жат күн бүгін.
Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.
Байқайық студенттің тапқырлығын.
Келесі кезекте «Эрудиттер сайысы» айналымы. Бұл айналымда студенттер
сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап берген топ жеңіске
жетеді. Сұрақтар тақырыпқа сай беріледі. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай. Сұрақтың жауабын
білмесеңіз келесі деп келесі сұраққа өте бересіз. Топ тақтадан (1,2,3,4,5) кез келген ұяшықты
таңдайды.
№1 ұяшық
1.Экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет
етеді деген идеяны ұсынушы ғалым...
2. Мемлекеттік өкімет органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай
қаражатты қалыптастыру мен жұмсаудың негізгі қаржылық жоспары не?
3. Шведтік үлгі дегеніміз ...
№2 ұяшық
1. Мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығаратын негізгі құрал
деп пайымдаған кім?
2. ҚР-дағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты:
3. Субсидия дегеніміз ...
№3 ұяшық
1. Мемлекеттік тұрғын үй тұрғызу және қайыршылықты азайту үшін тамақ түрінде
көмектесу бағдарламаларын қаржыландыру қажеттілігін қолдаған экономист кім?
2. ҚР әлеуметтік саясаттың маңыздылығы қалай анықталуда?
3. Субвенция дегеніміз ...
№4 ұяшық
1. Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің теориялық рөлін анықтаған
ағылшын экономисі...
2. Халықты әлеуметтік қорғауда ҚР-да төленетін трансферттік төлемдерді ата.
3. Дотация дегеніміз ...
№5 ұяшық
1. Ол «Саяси экономика принциптері» атты оқулықтың авторы, Кембридж
универсиетінде ұзақ жылдар бойы экономика пәнінен сабақ берген, ЭМР прициптерін
ұсынған атақты экономист Дж.Кейнстің ұстазы. Оны «ХІХ ғасырдың ең ұлы экономисі» деп
атаған. Ол кім?
2. ҚР-да мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары қандай саясат арқылы
жүзеге асады және қандай экономикалық институттың рөлі басым?
3. Инвестиция дегеніміз ...
ІІІ тур. «ҚР-ның экономикасын мемлекеттік реттеудегі мемлекеттік биліктегі
тұлғаларды танисыз ба?» (дұрыс жауап 10 ұпай) әр топқа 1 сұрақ, сұрақтарды таңдау
еркіндігі беріледі
№1 сұрақ
ҚР-да әділеттілікті жүзеге асыратын биліктің ең маңызды түрі. Ол азаматтардың
құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың
құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды, ҚР Конституциясының, тағы басқа құқықтық-
нормативтік актілердің, халықаралық келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Біздің еліміздегі экономиканы мемлекеттік реттеу мен халықты әлеуметтік қорғауда басты
нысан болып табылады. Ол қандай билік, басшысы кім? (экранға бірнеше органдардың
ғимараты мен адамдардың суреті шығады, арасынан жуабын айту)
№2 сұрақ
Мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы жауапты қызметкері, Мемлекеттік биліктің
барлық тармақтарының келісімді қызметін және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін
қамтамасыз етеді. Оның пайымдауынша: «Мемлекеттік реттеу ескерілуі керек. Мемлекет
тарапынан қалыпты реттеу элементтерінен тұратын нарықтық экономика – ол елдің
болашағы». Ол кім?
№3 сұрақ
Ол Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы
өкілетті орган болып табылады. Оның Еліміз үшін маңыздылығы басым, экономиканы
мемлекеттік реттеп, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүйелі ұйымдастырып, қарқынды
дамуы үшін жыл сайын орталықтандырылған ақшалай қаражат, мемлекеттің бюджетін
бекітеді. Ол қандай өкілетті орган, оның спикері кім?
№4 сұрақ
Ол Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы
органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Сонымен қатар,
республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай
қаражаттарының орталықтандырылған қоры мемлекеттік бюджетті жоспарлайды. Ол қандай
орган және басшысы кім?
№5 сұрақ.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы негізгі объект – адам. Адамның өмірі мен
қызметіне байланыстың барлығы әлеуметтік салаға жатады. Әлеуметтік сала тарихи
қалыптасқан институттар мен мекемелер жүйесін құрайды. Ол қызмет қай министрліктің
еншісінде, билік басындағы министр кім?
ІV тур. «Конверттен шыққан басқатырғыштар».
Біле бер, қанша білсең-тағы тіле,
Жетесің мақсатыңа біле-біле,- деп Жүсіп Баласағұн жырлағандай келесі сайысымыз
«Конверттен шыққан басқатырғыштар» деп аталады.
Шарты:
Әр топ үстел үстінен конверт тандайды, іштерінде қазіргі таңда ЭМР (экономиканы
мемлекеттік реттеу) мен мемлекеттің әлеуметтік саясатының тетіктері қолданылатын әртүрлі
мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары мен мемлекет басшылары
бар. Студенттер суреттерді дұрыс тауып, ретімен қоюы керек.
1. Конверт, 2.Конверт, 3.Конверт, 4.Конверт, 5.Конверт.
Мысалы, Қазақстан – Астана – Теңге – Н.Ә.Назарбаев
Франция –..., Скандинавия -..., Германия – ..., Нидерландия – ..., Испания - ..., Австрия
-..., Оңтүстік Корея –..., Канада – ..., Австралия –..
V тур. Келесі турымыз «Білім аукционы» деп аталады. Сұрақ оқылмас бұрын әр топ
сұрақтың оқылуына оз ставкасын ұсынады. Он балдық жүйе бойынша жүреді. Өз капиталын
көбейту өздеріңіздің қолдарыңызда. Сұрақтың бастапқы бағасы 10 балл. Топ көшбасшысы
бағаны 10 балдан жоғарылата алады. Ең жоғарғы балл ұсынылғаннан кейін сұрақ оқылады.
Егер дұрыс жауап айтылса, балл құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз
капиталынан сол балды қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық балға сұрақ сатып
алынып, қателессе, онда банкрот болып, ол топ аукционға арықарай қатысу құқығынан
айырылады.
Аукцион – көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған
сатылатын бәсекелес жария сауда. Біз өткізгелі отырған аукцион тым ерекше, өйткені бұл -
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы-білім» деп шығыс ғұламасы әл-Бируни айтқандай
білім байлығы саудаға түсер аукцион. Іске сәт, аукционымызды бастаймыз.
Аукционға қойылатын №1 лот қобдиша.
Қобдишада не жасырылғанын табуларыңыз керек.
Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген
жағдайда топ өз қорына ... балл қосады.
Сұрақ. Мемлекетке қажетпін,
Салықтардан құралам.
Әлеуметтік салада,
Басты нысан болып табылам.
Білсеңдер, қане айтыңдар ...
Аукционға қойылатын №2 лот. «Ұлы тұлғалар галереясы».
Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген
жағдайда топ өз қорына ... балл қосады.
Эконмиканың атасы. Томос Джеферсонмен ортақ ұқсастықтары көп кездеседі.
«Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» еңбегінің авторы.
Алғаш болып «Түйреуіштер» өндіру процесін зерттеген. Яғни, «Бір кісі сым темірді тартады,
екіншісі оны түзетеді, төртіншісі ұшын үшкірлеп, бесіншісі екінші ұшын түйреуіш басын
бекітуге дайындайды» - деп, еңбекті бөлу принциптерін алғаш дүниеге әкелген. Бұл кім?
Аукционға қойылатын № 3 лот. Экономика тарихында маңызды сурет.
Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген
жағдайда топ өз қорына ... теңге қосады.
Сұрақ. 1970 жылы Нобель сыйлығына ие болған, Массачусет технологиялық
инстиутында жұмыс жасаған. «Мемлекет экономика саясатындағы мақсаттарды анықтауды
өз мойнына алуы керек және өз билігін денсаулық сақтау мен білімге, өнеркәсіптік ластану
сияқты сұрақтарды шешуге қолдануы керек» деп пайымдаған американың көрнекті
экономисті кім?
№4 лот. Аукционға экономика негіздері қойылады.
Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген
жағдайда топ өз қорына ... теңге қосады.
Сұрақ. Елдің ақша бірлігі немесе шет мемлекеттердің ақша белгісі қалай аталады?
№5 лот.
Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
басты назарда болып, Қазақстанның Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
қосылу стратегиясын айқындап берген және негізгі экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштер
бойынша дамыған елдер қатарына жақындау мақсаты айқындалған құжатты ата?
Жоғарғы капитал жинаған топ ......
Өз қорындағы капиталдан айырылған топ .....
IV. Ой қорыту (топ атауына байланысты эссе жазу 3 минут)
Топ мүшелері эсселерін оқып топ атын қорғайды.
V. Сараптау және бағалау: эксперттер тобының жұмысы тыңдалады
VI. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіріп, экономиканы мелекеттік
реттеу мәселесін шешу жолында әлем елдерінде ауқымды жұмыстар атқарылғандығын
аңғардық. Сондай-ақ, Қазақстан халқының да болашаққа нық сеніммен қадам басуында
елбасының сындарлы саясат ұстанып, экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын
арттырудың жаңа міндеттерін шешіп Қазақстан халқына жыл сайын өз жолдауын
ұсынатындығынын куәгеріміз. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп,
үйлестіріп мемлекетіміздің алдағы уақытта дамытуға үлес қосу жолында білім алындар.
VII. Үйге тапсырма:
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудегі ҚР қолданылатын басты (стратегиялық) және
нақты (тактикалық) экономикалық саясатқа сипаттама жасау (талдау).
2.Нарыққа мемлекеттік араласудың объективті қажеттілігі қандай және «Нарық
сәтсіздігі» дегеніміз қалай түсінесіндер? (бағдарлама дайындау)
№5 лот.
Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
басты назарда болып, Қазақстанның Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
қосылу стратегиясын айқындап берген және негізгі экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштер
бойынша дамыған елдер қатарына жақындау мақсаты айқындалған құжатты ата?
Жоғарғы капитал жинаған топ ......
Өз қорындағы капиталдан айырылған топ .....
IV. Ой қорыту (топ атауына байланысты эссе жазу 3 минут)
Топ мүшелері эсселерін оқып топ атын қорғайды.
V. Сараптау және бағалау: эксперттер тобының жұмысы тыңдалады
VI. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіріп, экономиканы мелекеттік
реттеу мәселесін шешу жолында әлем елдерінде ауқымды жұмыстар атқарылғандығын
аңғардық. Сондай-ақ, Қазақстан халқының да болашаққа нық сеніммен қадам басуында
елбасының сындарлы саясат ұстанып, экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын
арттырудың жаңа міндеттерін шешіп Қазақстан халқына жыл сайын өз жолдауын
ұсынатындығынын куәгеріміз. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп,
үйлестіріп мемлекетіміздің алдағы уақытта дамытуға үлес қосу жолында білім алындар.
VII. Үйге тапсырма:
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудегі ҚР қолданылатын басты (стратегиялық) және
нақты (тактикалық) экономикалық саясатқа сипаттама жасау (талдау).
2.Нарыққа мемлекеттік араласудың объективті қажеттілігі қандай және «Нарық
сәтсіздігі» дегеніміз қалай түсінесіндер? (бағдарлама дайындау)

More Related Content

Similar to акшалов

Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...tagibaevaab
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...tagibaevaab
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
 
2011sdfdddddddddddd
2011sdfdddddddddddd2011sdfdddddddddddd
2011sdfddddddddddddnurlan93kz
 
Мамандық
МамандықМамандық
МамандықBilim All
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушиминAsem Sarsembayeva
 
«Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік қ...
«Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік қ...«Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік қ...
«Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік қ...tagibaevaab
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысAugambaeva
 
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыТәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыRauan Ibraikhan
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...tagibaevaab
 
тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016oquzaman
 
коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата анаAsem Sarsembayeva
 

Similar to акшалов (20)

14sdasdsdsa
14sdasdsdsa14sdasdsdsa
14sdasdsdsa
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
 
іс тәжірибе
іс тәжірибеіс тәжірибе
іс тәжірибе
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
2011sdfdddddddddddd
2011sdfdddddddddddd2011sdfdddddddddddd
2011sdfdddddddddddd
 
Мамандық
МамандықМамандық
Мамандық
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
 
«Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік қ...
«Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік қ...«Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік қ...
«Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік қ...
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыТәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
 
мукатова жибек
мукатова жибекмукатова жибек
мукатова жибек
 
5 дәріс
5 дәріс5 дәріс
5 дәріс
 
инновация
инновацияинновация
инновация
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
 
тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016тарбие сагаты 19,10,2016
тарбие сагаты 19,10,2016
 
коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата ана
 
322fdfdfddfde
322fdfdfddfde322fdfdfddfde
322fdfdfddfde
 
988d
988d988d
988d
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

акшалов

  • 1. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ МЕКЕМЕСІ «АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ ГОРОД СЕМЕЙ УЧРЕЖДЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ «АВИЦЕННА» МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ Сабақтан тыс өткізілген іс-шараның технологиялық картасы «Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты»
  • 2. Сабақтың технологиялық картасы Пән: «Экономикалық теория негіздері» Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі» Тақырыбы: «Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты» Уақыты: 90 минут Сабақтың мақсаты: Білімділік – оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, білімге деген құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту. Өткен тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету, толықтыру, қорытындылау. Дамытушылық - оқушылардың танымын арттыра отырып белсенділікке, табандылыққа баулу. Тәрбиелік - оқушыларға рухани, интеллектуалдық жағынан тәрбие беріп, болашаққа деген көзқарасын арттыру. Сабақтың міндеттері. Түсінігі болуы керек: • «Мемлекеттік реттеу», «нарықтық экономика», «экономикалық саясат» ұғымдары туралы толық түсініктері болуы керек • Экономиканы мемлекеттік реттеудің қазіргі нарық жағдайындағы маңыздылығы туралы түсінігі болуы керек. Қолданылатын педагогикалық технологиялар: • ақпараттық-коммуникативті Әдістер: сұрақ-жауап, баяндау Білім, дағды, практикалық тәжірибеге қойылатын талаптар: Оқушы білуі керек: • Экономиканың мемлекеттік реттеудің маңыздылығын және мемлекеттің әлеуметтік саясаты туралы білуі керек. Орындай алуы қажет: • Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін білуі тиіс; • Мемлекеттің әлеуметтік саясатын және оның жүзеге асырылуын сипаттай алуы тиіс. Кәсіби модульді оқытудағы құралдар: • Оқу-көрнекілік құралдар, таратпа материалдар: дәріс материалы, тақырып бойынша кестелер және сызбалар. • Оқытудың техникалық құралдары: компьютер. • Электронды: слайдтар Негізгі әдебиеттер: 1. Г.Жолдасова «Экономика теория негіздері» 2. Баймуратов Б.С. Национальная экономическая система.-Алматы.-2000. 3. Мамедов О.Ю. Современная экономика.-Ростов -на - Дону.-1996. 4. Камаев В.Д. Учебник по основам экономической теории.-Москва.-1996. 5. Лившица А.Я., Никулиной И.Н. Введение в рыночную экономику, под.ред..-Москва.- 1995. 6. Потапов B.C., Северин Г.П. Курс экономической теории.-Семипалатинск.-2003. Қосымша әдебиеттер: 1. Назарбаев Н.А. Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку. –Алматы.-1992. 2. Борисов Е. Экономическая теория.-Москва.-1993. 3. Булатов А.Экономика.-Москва.-1995. 4. Макуконелл К.,Брю С. Экономикс Т.1-2.-Москва.-1993. 5. Чеперин М. Курс Экономической теории.-Киров.-1995.
  • 3. «Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты» тақырыбы бойынша сабақтан тыс өткізілетін іс-шараның хронологиялық картасы Кезеңдері Кезең мазмұны Уақыты Әдістемелік 1.Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру, жоқ балалалрды түгендеу. Тақырыпты, сабақ мақсаты мен сабақ барысын айту 5 мин. Жүргізілетін жұмысқа назарын аударту, аталмыш тақырыпты қабылдауға дайындау. Ақпаратты алуға оқушылардың қызығушылығын ояту, жұмыстың орындалуына қажетті талаптар мен жұмыс көлеміне бағыттау. 2. Білімдерін өзектеу Тақырыптың негізгі түсініктері бойынша ауызша жалпылай сұрау жүргізу: Сұрақтар: 1). «Мемлекеттік реттеу» және «Экономикалық саясат» туралы жалпы түсінік. 2) Экономикалық саясаттың қызмет етуінің маңыздылығы. 20 мин. Оқушылардың теориялық дайындығы деңгейін анықтау, кәсіби сөйлеу, серіктестік дағдысын қалыптастыру, топпен жұмыс жасау 3. Жаңа матери алды түсінді ру Жоспарға сәйкес жаңа материалды түсіндіру: 1). «Мемлекеттік реттеу» ұғымы 2) Мемлекеттің экономикалық саясаты 3) Мемлекеттің әлеуметтік саясаты 40 мин. Тақырып бойынша білімін кеңейту және тереңдету мақсатында назар аударту, есте сақтау қабілетін ояту. 4. Жаңа білімді бекіту. Оқушылардың өздік жұмысы Оқушыларға арналған тапсырмалар: 1). Сұрақтарға жауап беру: - «Саясат» және «Экономикалық саясат» - бұл қандай ұғымдар? - Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз не? - Мемлекеттің экономикалық саясаты? - Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қалай жүзеге асады? 2). Оқу құралы, дидактикалық таратпа материалдармен жекелей өздік жұмысы 10 мин. Ойлау қабілетін, өздігімен шешім қабылдау, өзін бақылау және сараптама жасау дағдысын дамыту. Алған білімдерін бекіту (жалпылай сұрау бойынша). 5. Сабақты қорытындылау Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, әр оқушының және барлық топтың жұмысын талдау және бағалау. 10 мин. Өзі және өзгелер үшін жауапкершілік сезімін дамыту. Оқытушы мен оқушылардың бірігіп қызмет етуіне жағымды көрініс құру 6. Үй тапсырмасын түсіндіру Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау 5 мин. Қызығушылық пен шығармашылық белсенділікті, психологиялық ойлауды дамыту.
  • 4. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі а) Студенттермен амандасу, түгендеу, дәрісхана тазалығына назар аудару. ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, студенттердің назарын сабаққа аудару, экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру. Мұғалімнің сөзі: ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытып, әлеуметтік саланы басты назарда ұстады. Экономиканың мемлекеттік реттелуі нәтиже беретіндігіне сеніммен қарады. Осы орайда ағылшынның «Темір ханымы» атанған М.Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсіргеніміз орынды. Себебі бұл сатыдан еліміз толықтай және абыройлы өтіп, мемлекетіміз нарықтық экономикаға жол ашты. Сондықтан, біздің бүгінгі ашық сабағымыз экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты деп аталады. ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі (сұрақтар қою миға шабуыл) Топтарға көшбасшылар мен сайсымызды саралайтын сарапшыларды сайлап алайық. Сұрақтардың деңгейіне байланысты топ көшбасшылары мен сарапшылар айқындалады. 1) Экономиканы мемлекеттік реттеу қандай міндеттерді шешеді? (экономикалық өсу, жұмыспен қамту, экспортты ынталандыру) «3» 2) Экономиканың мемлекеттік секторының құрылу нысаны? (мемлекеттік бюджет) «5» 3) Экономиканың мемлекеттік секторының қызмет аясы (әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым) «1» 4) Экономиканы реттеудегі мемлекеттік сектордың өсу себебі неде? (кедейшілікті жою және табыс теңсіздігін қысқарту) «2» 5) Әлеуметтік – экономикалық үрдістердің дамуын ғылыми тұрғыда алдын –ала көру қағидалары мен әдістерін зерттеу қалай аталады? (ұлттық болжау) «4» 6) Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлаудың қандай түрлері бар? (директивті, индикативті және стратегиялық) «сарапшы» 7) Нарықтық экономиканың жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылатын жоспарлауды ата? (Индикативті жоспарлау) «сарапшы». ІІІ. Мағынаны тани білу кезеңі (сайыстар) Сайысқа қатысушы топтар: І топ - «Дотация» ІІ топ - «Субсидия» ІІІ топ - «Субвенция» IV топ - «Трансферт» V топ - «Бюджет»
  • 5. Сайыс жоспары 1.«Өнер-білім бар жұрттар» (Мақал-мәтелдер жарысы). 2. «Эрудиттер сайысы» (сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап берілу қажет). 3. «ҚР-ның экономикасын мемлекеттік реттеудегі мемлекеттік биліктегі тұлғаларды танисызба?» (әр топ тұлғаны дұрыс табуы керек) 4. «Конверттен шыққан басқатырғыштар». Әр топ үстел үстінен конверт тандайды, іштерінде қазіргі таңда ЭМР (экономиканы мемлекеттік реттеу) мен мемлекеттің әлеуметтік саясатының тетіктері қолданылатын әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары мен мемлекет басшылары бар. Оны студенттер дұрыс тауып, ретімен қоюы керек. 5. «Білім аукционы» (тақырып көлемінде 5 сұрақ қойылады дұрыс жауап беру арқылы топ өз қорларына балл жинау мүмкіндігіне ие болады) Топтарға сәттілік тілейміз. Таза мінсіз, асыл тас, Су түбінде жатады. Таза мінсіз, асыл сөз, Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады, - деп Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы турды бастаймыз. І тур. Сайысымыздың алғашқы бөлімінде мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. 1. Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес). 2. Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді). 3. Төртеу түгел болса төбедегі келеді. (Алтау ала болса ауыздағы кетеді) 4. Теңге ................(тиыннан құралады). 5. Көрпеңе қарай ......... (көсіл). 6. Ақыл азбайды ........(білім тозбайды). 7. Жұмыла көтерген ... (жүк жеңіл) 8. Ақшаны ..... (ақша жасайды). 9. Ақша кетуге тырысады, Есеп ...... (ұстауға тырысады). 10. Жер ырысы дария, Ел ырысы ... (қария) ІІ тур. «Эрудиттер сайысы» Көңілін халқыңның таптың бүгін Елес қой мынау бізге жат күн бүгін. Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық. Байқайық студенттің тапқырлығын. Келесі кезекте «Эрудиттер сайысы» айналымы. Бұл айналымда студенттер сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап берген топ жеңіске жетеді. Сұрақтар тақырыпқа сай беріледі. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай. Сұрақтың жауабын
  • 6. білмесеңіз келесі деп келесі сұраққа өте бересіз. Топ тақтадан (1,2,3,4,5) кез келген ұяшықты таңдайды. №1 ұяшық 1.Экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идеяны ұсынушы ғалым... 2. Мемлекеттік өкімет органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты қалыптастыру мен жұмсаудың негізгі қаржылық жоспары не? 3. Шведтік үлгі дегеніміз ... №2 ұяшық 1. Мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығаратын негізгі құрал деп пайымдаған кім? 2. ҚР-дағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты: 3. Субсидия дегеніміз ... №3 ұяшық 1. Мемлекеттік тұрғын үй тұрғызу және қайыршылықты азайту үшін тамақ түрінде көмектесу бағдарламаларын қаржыландыру қажеттілігін қолдаған экономист кім? 2. ҚР әлеуметтік саясаттың маңыздылығы қалай анықталуда? 3. Субвенция дегеніміз ... №4 ұяшық 1. Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің теориялық рөлін анықтаған ағылшын экономисі... 2. Халықты әлеуметтік қорғауда ҚР-да төленетін трансферттік төлемдерді ата. 3. Дотация дегеніміз ... №5 ұяшық 1. Ол «Саяси экономика принциптері» атты оқулықтың авторы, Кембридж универсиетінде ұзақ жылдар бойы экономика пәнінен сабақ берген, ЭМР прициптерін ұсынған атақты экономист Дж.Кейнстің ұстазы. Оны «ХІХ ғасырдың ең ұлы экономисі» деп атаған. Ол кім? 2. ҚР-да мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары қандай саясат арқылы жүзеге асады және қандай экономикалық институттың рөлі басым? 3. Инвестиция дегеніміз ... ІІІ тур. «ҚР-ның экономикасын мемлекеттік реттеудегі мемлекеттік биліктегі тұлғаларды танисыз ба?» (дұрыс жауап 10 ұпай) әр топқа 1 сұрақ, сұрақтарды таңдау еркіндігі беріледі №1 сұрақ ҚР-да әділеттілікті жүзеге асыратын биліктің ең маңызды түрі. Ол азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды, ҚР Конституциясының, тағы басқа құқықтық- нормативтік актілердің, халықаралық келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Біздің еліміздегі экономиканы мемлекеттік реттеу мен халықты әлеуметтік қорғауда басты нысан болып табылады. Ол қандай билік, басшысы кім? (экранға бірнеше органдардың ғимараты мен адамдардың суреті шығады, арасынан жуабын айту)
  • 7. №2 сұрақ Мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы жауапты қызметкері, Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді қызметін және биліктің халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Оның пайымдауынша: «Мемлекеттік реттеу ескерілуі керек. Мемлекет тарапынан қалыпты реттеу элементтерінен тұратын нарықтық экономика – ол елдің болашағы». Ол кім? №3 сұрақ Ол Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган болып табылады. Оның Еліміз үшін маңыздылығы басым, экономиканы мемлекеттік реттеп, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүйелі ұйымдастырып, қарқынды дамуы үшін жыл сайын орталықтандырылған ақшалай қаражат, мемлекеттің бюджетін бекітеді. Ол қандай өкілетті орган, оның спикері кім? №4 сұрақ Ол Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Сонымен қатар, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры мемлекеттік бюджетті жоспарлайды. Ол қандай орган және басшысы кім? №5 сұрақ. Мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы негізгі объект – адам. Адамның өмірі мен қызметіне байланыстың барлығы әлеуметтік салаға жатады. Әлеуметтік сала тарихи қалыптасқан институттар мен мекемелер жүйесін құрайды. Ол қызмет қай министрліктің еншісінде, билік басындағы министр кім? ІV тур. «Конверттен шыққан басқатырғыштар». Біле бер, қанша білсең-тағы тіле, Жетесің мақсатыңа біле-біле,- деп Жүсіп Баласағұн жырлағандай келесі сайысымыз «Конверттен шыққан басқатырғыштар» деп аталады. Шарты: Әр топ үстел үстінен конверт тандайды, іштерінде қазіргі таңда ЭМР (экономиканы мемлекеттік реттеу) мен мемлекеттің әлеуметтік саясатының тетіктері қолданылатын әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары мен мемлекет басшылары бар. Студенттер суреттерді дұрыс тауып, ретімен қоюы керек. 1. Конверт, 2.Конверт, 3.Конверт, 4.Конверт, 5.Конверт. Мысалы, Қазақстан – Астана – Теңге – Н.Ә.Назарбаев Франция –..., Скандинавия -..., Германия – ..., Нидерландия – ..., Испания - ..., Австрия -..., Оңтүстік Корея –..., Канада – ..., Австралия –..
  • 8. V тур. Келесі турымыз «Білім аукционы» деп аталады. Сұрақ оқылмас бұрын әр топ сұрақтың оқылуына оз ставкасын ұсынады. Он балдық жүйе бойынша жүреді. Өз капиталын көбейту өздеріңіздің қолдарыңызда. Сұрақтың бастапқы бағасы 10 балл. Топ көшбасшысы бағаны 10 балдан жоғарылата алады. Ең жоғарғы балл ұсынылғаннан кейін сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса, балл құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол балды қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық балға сұрақ сатып алынып, қателессе, онда банкрот болып, ол топ аукционға арықарай қатысу құқығынан айырылады. Аукцион – көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда. Біз өткізгелі отырған аукцион тым ерекше, өйткені бұл - «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы-білім» деп шығыс ғұламасы әл-Бируни айтқандай білім байлығы саудаға түсер аукцион. Іске сәт, аукционымызды бастаймыз. Аукционға қойылатын №1 лот қобдиша. Қобдишада не жасырылғанын табуларыңыз керек. Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ... балл қосады. Сұрақ. Мемлекетке қажетпін, Салықтардан құралам. Әлеуметтік салада, Басты нысан болып табылам. Білсеңдер, қане айтыңдар ... Аукционға қойылатын №2 лот. «Ұлы тұлғалар галереясы». Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ... балл қосады. Эконмиканың атасы. Томос Джеферсонмен ортақ ұқсастықтары көп кездеседі. «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» еңбегінің авторы. Алғаш болып «Түйреуіштер» өндіру процесін зерттеген. Яғни, «Бір кісі сым темірді тартады, екіншісі оны түзетеді, төртіншісі ұшын үшкірлеп, бесіншісі екінші ұшын түйреуіш басын бекітуге дайындайды» - деп, еңбекті бөлу принциптерін алғаш дүниеге әкелген. Бұл кім? Аукционға қойылатын № 3 лот. Экономика тарихында маңызды сурет. Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ... теңге қосады. Сұрақ. 1970 жылы Нобель сыйлығына ие болған, Массачусет технологиялық инстиутында жұмыс жасаған. «Мемлекет экономика саясатындағы мақсаттарды анықтауды өз мойнына алуы керек және өз билігін денсаулық сақтау мен білімге, өнеркәсіптік ластану сияқты сұрақтарды шешуге қолдануы керек» деп пайымдаған американың көрнекті экономисті кім? №4 лот. Аукционға экономика негіздері қойылады. Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды. Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ... теңге қосады. Сұрақ. Елдің ақша бірлігі немесе шет мемлекеттердің ақша белгісі қалай аталады?
  • 9. №5 лот. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы басты назарда болып, Қазақстанның Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын айқындап берген және негізгі экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша дамыған елдер қатарына жақындау мақсаты айқындалған құжатты ата? Жоғарғы капитал жинаған топ ...... Өз қорындағы капиталдан айырылған топ ..... IV. Ой қорыту (топ атауына байланысты эссе жазу 3 минут) Топ мүшелері эсселерін оқып топ атын қорғайды. V. Сараптау және бағалау: эксперттер тобының жұмысы тыңдалады VI. Мұғалімнің қорытынды сөзі. Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіріп, экономиканы мелекеттік реттеу мәселесін шешу жолында әлем елдерінде ауқымды жұмыстар атқарылғандығын аңғардық. Сондай-ақ, Қазақстан халқының да болашаққа нық сеніммен қадам басуында елбасының сындарлы саясат ұстанып, экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін шешіп Қазақстан халқына жыл сайын өз жолдауын ұсынатындығынын куәгеріміз. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетіміздің алдағы уақытта дамытуға үлес қосу жолында білім алындар. VII. Үйге тапсырма: 1.Экономиканы мемлекеттік реттеудегі ҚР қолданылатын басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) экономикалық саясатқа сипаттама жасау (талдау). 2.Нарыққа мемлекеттік араласудың объективті қажеттілігі қандай және «Нарық сәтсіздігі» дегеніміз қалай түсінесіндер? (бағдарлама дайындау)
  • 10. №5 лот. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы басты назарда болып, Қазақстанның Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын айқындап берген және негізгі экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша дамыған елдер қатарына жақындау мақсаты айқындалған құжатты ата? Жоғарғы капитал жинаған топ ...... Өз қорындағы капиталдан айырылған топ ..... IV. Ой қорыту (топ атауына байланысты эссе жазу 3 минут) Топ мүшелері эсселерін оқып топ атын қорғайды. V. Сараптау және бағалау: эксперттер тобының жұмысы тыңдалады VI. Мұғалімнің қорытынды сөзі. Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіріп, экономиканы мелекеттік реттеу мәселесін шешу жолында әлем елдерінде ауқымды жұмыстар атқарылғандығын аңғардық. Сондай-ақ, Қазақстан халқының да болашаққа нық сеніммен қадам басуында елбасының сындарлы саясат ұстанып, экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін шешіп Қазақстан халқына жыл сайын өз жолдауын ұсынатындығынын куәгеріміз. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетіміздің алдағы уақытта дамытуға үлес қосу жолында білім алындар. VII. Үйге тапсырма: 1.Экономиканы мемлекеттік реттеудегі ҚР қолданылатын басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) экономикалық саясатқа сипаттама жасау (талдау). 2.Нарыққа мемлекеттік араласудың объективті қажеттілігі қандай және «Нарық сәтсіздігі» дегеніміз қалай түсінесіндер? (бағдарлама дайындау)