SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
Download to read offline
Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасының
МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»
ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМА
Ашық тәрбие сағаты_____________________________
( іс-шара атауы)
«Бақытты отбасы» ______________________
( іс-шара тақырыбы)
Бекітемін
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
___________Қ.Ж.Якенова
____________ 2016 жыл
Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13
Топ жетекшілері
бірлестігінің төрайымы
__________ А.Дюсембекова
(қолы)
Жауаптылар: П4В тобының жетекшісі ___________ М. Балғазиева
(қолы)
Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13
Мақсаты:
- бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі мен ықпалының басымдығына көз жеткізу негізінде
отбасы тәрбиесінің негізгі құндылықтарына шолу жасау;
- «отбасы» құндылықтары туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі
мен бақыты үшін талмай еңбек ету;
- ата-ана, бала және колледж үшбұрышының берік іргетасын қалау.
Барысы:
І-топ жетекшісінің сөзі:
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, білім алушылар!
Бүгінгі «Бақытты отбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
ІІ-топ жетекшісінің сөзі:
Отбасы тәрбиесі адами биік қасиеттерді қалыптастырудағы негізгі алғашқы саты. Халық
даналығында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты сөз бар, яғни тәрбие
отбасынан басталады. Өйткені баланың алғашқы өмір тану қадамы үйден, отбасы
ортасынан басталады. Адамгершілік - парыз, үлкендерді сыйла, үлкеннің жолын кеспе,
сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай әрекет жасама т.б
моральдық ережелер жаман әдеттен сақтайтын таза ұлы қасиеттер атадан балаға мирас
болып сақталған халқымыздың моральдық этикасы деп атауға болады.
І-топ жетекшісінің сөзі:
Ағылшын ойшылы Д.Локк бала санасының әлі ештеңе жазылмаған таза тақтаға
ұқсайтынын айтады. Бәрі де сол тақтаға кімнің қалай жазатынына байланысты. Егер тақтаға
асықпай көркем жазумен жазсаң, жазудың түсінікті болатыны сияқты, баланың санасына
дұрыс ақпараттың жеткізілуіне мән беру қажет. Тақта мен бала санасының бір
айырмашылығы – тақтадағыны қашанда өшіріп, қатесін түзеуге болады, ал бала
санасындағы өшіру қиын немесе мүлдем мүмкін емес.
ІІ-топ жетекшісінің сөзі:
Дұрыс айтасың, Асыл, Д.Локк “Тәрбие туралы ойлар” және “Ақылды тәрбиелеу туралы”
педагогикалық еңбектерінде ата-ананың, үйде берілетін тәрбиенің мән-мағынасы туралы
мынадай құнды пікірлер келтірген: «Біздің кездесіп жүрген адамдардың ішінде он адамның
тоғызының рақымшыл немесе қатыгез, пайдалы немесе пайдасыз болуы тек ғана тәрбиеге
байланысты... кемшілігі бола тұрса да, үйдегі тәрбие оқу орнында берілетін білімдер мен
ептіліктерден әлдеқайда пайдалы».
Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту көзделетін бүгінгі тәрбие
сағатымызда көңілдеріңізге шаттық, жүректеріңізге шуақ ұялатамыз деген сенімдеміз.
Ортаға «Анашым» әнімен РЭС2Б тобының студенті Қадырғали Әлібекті
шақырамыз.
Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13
І-топ жетекшісінің сөзі:
Рахмет, келесі кезекті «Шаттық шеңбері» тренингке берсек. Тренинг өткізу үшін ортаға
ата-аналарды шақырамыз.
(Ортаға ата-аналар шығып, орындарына балалары жайғасады).
ІІ-топ жетекшісінің сөзі:
Тренинг шарты бойынша балалар қолдарына таратылған парақтардағы сұрақтарға шапшаң
жазбаша түрде жауап беруі қажет. Ал ата-аналардың қол ұстасып тұрулары және белсенді
түрде тақтада көрсетілетін сұрақтарға мүдірмей, ойланбай тез жауап беруге тырысуы
қажет. Ал дайын болсақ, іске сәт!
Балаларға қойылатын сұрақтар:
1) Отбасыңызда бала саны қанша?
2) Сіз нешінші баласыз, сізді еркелетіп ата-анаңыз қалай атайды?
3) Отбасыдағы балалардың үлкенінен кішісіне қарай шын есімін атап, жасы қаншада
екенін көрсетіңіз?
4) Отбасыдағы балалардың үлкенінен кішісіне қарай еркелеткен есімін атаңыз?
(парақшалар таратылады)
Ата-аналарға қойылатын сұрақтар реті:
1) Бала кезіңізде сізді ата-анаңыз, туғандарыңыз еркелетіп қалай атайтын?
2) Қазір қанша балаңыз бар?
3) Өз балаларыңыздың үлкенінен кішісіне қарай есімін, еркелеткендегі есімін, туған
жылын, айын, күнін атаңыз?
(экранда көрсетіледі)
Рахмет, бүгінгі ойын арқылы ата-аналар өз балалық шақтарын еске түсіріп, балалары мен
ата-аналардың жауабы тексерілуі нәтижесінде ата-аналарымыздың ойының ұтқырлығына
көз жеткіздік деп ойлаймыз. Орындарыңызға жайғасуларыңыз сұралады.
І-топ жетекшісінің сөзі:
«Ой талқы» тренингіне кезек берелік.
Сұрақтар реті:
1. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіз?
2. Отбасыда әкенің басшы болуын дұрыс деп ойлаймын...
3. Отбасыда ананың басшы болуын қалаймын...
ІІ-топ жетекшісінің сөзі:
«Бақыт... өзіңнің босағаңда» - отбасына деген махаббат, ата-анаңа сый көрсету, алдындағы
парызыңды өтеу, қамқор болу, отбасы мүшелерін жақсы көру, олардың амандығы, үй-
ішінің тыныштығы, ұрпақ тәрбиелеу, кешірімшіл, төзімді болу – осының барлығын жүзеге
асыруға қайрат-жігерің мен күш-қуатың болса, онда өзіңнің де, отбасының да бақытты
болғаны екен.
І-топ жетекшісінің сөзі:
Айтқаныңа толықтай қосыламын. Қадыр мырза Әли атамыз:
...Бақыт деген батырдың пырағында,
Бұқараның ұранында,
Өзіңнің босағаңда,
Жағылған шырағыңда- деген екен. Ал екінші және үшінші сұрақтарға келер болсақ,
отбасыда тең қарым-қатынастың болуы, яғни, ананың да, әкенің де, баланың да тең құқылы
болуы, мүдделерінің ескерілуі – отбасы мүшелерінің толыққанды бақытты болуын
қамтамасыз етеді екен.
Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13
ІІ-топ жетекшісінің сөзі:
Ендеше, студенттеріміз Бақыт Саматұлы мен Қызайбай Ерсұңқар дайындаған «Әке өсиеті»
көрінісін тамашалауға шақырамыз.
Көрініс «Әке өсиеті»
І-топ жетекшісінің сөзі:
Рахмет! Халқымызда жасы кішінің үлкеннің айтқанын екі етпестен бұлжытпай орындау,
олардың ақыл-кеңесіне жүгіну салты қалыптасқан. Бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып
отырған ата-аналарымыз білім алушыларға қандай ақыл-кеңесін айтар екен...
ІІ-топ жетекшісінің сөзі:
Ата-аналарымызға бүгінгі айтылған кеңестері үшін алғысымызды айта отырып, келесі
кезекті топ білім алушыларының шығармашылығына береміз. Үй тапсырмасы бойынша әр
білім алушы өз ата-анасына деген перзенттік ықыласын, алғысын, ниет-тілегін қағаз бетіне
түсіріп келу керек болатын, қане кім дайын? Ортаға келіңіздер!
ІІ-топ жетекшісінің сөзі:
Белгілі ғалым Нұрхат Шакузадаұлының «Ей, адам! Сен бұл өмірде жұп болып
жаратылғаныңды есіңнен әсте шығарма. Жарық құшып, бала сүю және шаңырақ көтеру –
бұл сенің адамдық парызың, міндетің.
Сен бұл міндетті жеңілтектікпен емес, салмақтылықпен атқар. Отбасыңның қасиетті екенін
ұмытпа.
Ерлі-зайыптыларға ынтымақ, татулық, сыйластық, кешірімділік жарасады. Сонда ғана
отбасына бақ қонып, қыдыр дариды.
Үй-ішіне, бала-шағаңа адал бол, адал өмір сүр» деп айтқан отбасы туралы үлкенге де, кішіге
де үлгі болар тамаша сөздері бар. Ендігі кезекті сергіту сәтіне кезек берсек, қалай қарайсың,
Асыл...
І-топ жетекшісінің сөзі:
Ия, әрине. Бүгінгі тәрбие сағатымызды көңілді нотамен аяқтаумақсатында «Ән салайық»
ергіту сәтіне кезек берелік. Құрметті ата-аналар, сіздерге сұрақ: балаңызды кішкентай
кезінде қандай әнмен уатушы едіңіз, орындап бере аласыз ба?
Ата-аналар өз әндерін орындайды, топпен ән орындалады.
ІІ-топ жетекшісінің сөзі:
Бүгінгі ата-ана мен баланың, ата-ана-бала, ұстаз үшбұрышының нығая түсуіне ықпал еткен
тәрбие сағатымызды «Тілек жаршысымен» аяқтасақ деймін. Осы қаламды қолына алған
адам бүгінгі өткен тәрбие сағаты туралы өз пікір, тілегін білдіруі қажет.
Ата-аналар лебіз, тілектерін, пікірлерін білдірді.
Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13

More Related Content

Similar to Бакытты отбасы

коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата анаAsem Sarsembayeva
 
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 а
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 аашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 а
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 аAsem Sarsembayeva
 
Топ жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріТоп жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріRauan Ibraikhan
 
майданова толкын канатовна
майданова толкын канатовнамайданова толкын канатовна
майданова толкын канатовнаAsem Sarsembayeva
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаАйбек Қуандықұлы
 
Отбасы тәрбие бастауы
Отбасы тәрбие бастауыОтбасы тәрбие бастауы
Отбасы тәрбие бастауыErjan Beisenhojaev
 
Зат есімнің тәуелденуін пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін  пысықтауЗат есімнің тәуелденуін  пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін пысықтауNurlan Abilhanov
 
тренинг ұстаздарға
тренинг ұстаздарғатренинг ұстаздарға
тренинг ұстаздарғаRauan Ibraikhan
 

Similar to Бакытты отбасы (20)

коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата ана
 
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 а
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 аашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 а
ашық сабақ мейірімділік асыл қасиет 3 а
 
Топ жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріТоп жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттері
 
майданова толкын канатовна
майданова толкын канатовнамайданова толкын канатовна
майданова толкын канатовна
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты бала
 
өзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақөзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақ
 
отбасы махаббаты неде
отбасы махаббаты недеотбасы махаббаты неде
отбасы махаббаты неде
 
Отбасы тәрбие бастауы
Отбасы тәрбие бастауыОтбасы тәрбие бастауы
Отбасы тәрбие бастауы
 
отан отбасынан басталады
отан отбасынан басталадыотан отбасынан басталады
отан отбасынан басталады
 
36sddadwd
36sddadwd36sddadwd
36sddadwd
 
озин ози тану4сынып
 озин ози тану4сынып озин ози тану4сынып
озин ози тану4сынып
 
өзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақөзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақ
 
гулжиханпп
гулжиханппгулжиханпп
гулжиханпп
 
конкурс отбасы
конкурс отбасыконкурс отбасы
конкурс отбасы
 
документ Microsoft word (3)
документ Microsoft word (3)документ Microsoft word (3)
документ Microsoft word (3)
 
Зат есімнің тәуелденуін пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін  пысықтауЗат есімнің тәуелденуін  пысықтау
Зат есімнің тәуелденуін пысықтау
 
тренинг ұстаздарға
тренинг ұстаздарғатренинг ұстаздарға
тренинг ұстаздарға
 
отбасы(1)
отбасы(1)отбасы(1)
отбасы(1)
 
қалай оқу керектігін үйрену
қалай оқу керектігін үйренуқалай оқу керектігін үйрену
қалай оқу керектігін үйрену
 
тарбие сағаты
тарбие сағатытарбие сағаты
тарбие сағаты
 

More from Rauan Ibraikhan

Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.Rauan Ibraikhan
 
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыТәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыRauan Ibraikhan
 
Ата аналарға арналған сауалнама
Ата  аналарға арналған сауалнама  Ата  аналарға арналған сауалнама
Ата аналарға арналған сауалнама Rauan Ibraikhan
 
Ата аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмысАта аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмысRauan Ibraikhan
 
Сіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнамаСіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнамаRauan Ibraikhan
 
Топ мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралыТоп мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралыRauan Ibraikhan
 
П4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәліметП4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәліметRauan Ibraikhan
 
Практикум Web программирование
Практикум Web программированиеПрактикум Web программирование
Практикум Web программированиеRauan Ibraikhan
 
Мастер класс Teamviewer шығару
Мастер класс   Teamviewer шығаруМастер класс   Teamviewer шығару
Мастер класс Teamviewer шығаруRauan Ibraikhan
 
Лекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнрЛекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнрRauan Ibraikhan
 
Лабораторные практические работы
Лабораторные практические работыЛабораторные практические работы
Лабораторные практические работыRauan Ibraikhan
 
Сборник практических задании по Php
Сборник практических задании по PhpСборник практических задании по Php
Сборник практических задании по PhpRauan Ibraikhan
 
Методичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығаруМетодичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығаруRauan Ibraikhan
 
Наурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағНаурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағRauan Ibraikhan
 
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеҰятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеRauan Ibraikhan
 
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуМәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуRauan Ibraikhan
 
Ұстаз ұлы есім
Ұстаз ұлы есімҰстаз ұлы есім
Ұстаз ұлы есімRauan Ibraikhan
 
Өз отанының патриоты болу
Өз отанының патриоты болу Өз отанының патриоты болу
Өз отанының патриоты болу Rauan Ibraikhan
 

More from Rauan Ibraikhan (20)

Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.Портфолио Асильбеков К.Т.
Портфолио Асильбеков К.Т.
 
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспарыТәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
 
Ата аналарға арналған сауалнама
Ата  аналарға арналған сауалнама  Ата  аналарға арналған сауалнама
Ата аналарға арналған сауалнама
 
Ата аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмысАта аналармен жұмыс
Ата аналармен жұмыс
 
Сіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнамаСіз қандай ата анасыз сауалнама
Сіз қандай ата анасыз сауалнама
 
Топ мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралыТоп мәдениеті туралы
Топ мәдениеті туралы
 
Анкета
АнкетаАнкета
Анкета
 
П4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәліметП4В тобы туралы мәлімет
П4В тобы туралы мәлімет
 
Практикум Web программирование
Практикум Web программированиеПрактикум Web программирование
Практикум Web программирование
 
Мастер класс Teamviewer шығару
Мастер класс   Teamviewer шығаруМастер класс   Teamviewer шығару
Мастер класс Teamviewer шығару
 
Лекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнрЛекции и задания по рнр
Лекции и задания по рнр
 
Лабораторные практические работы
Лабораторные практические работыЛабораторные практические работы
Лабораторные практические работы
 
Сборник практических задании по Php
Сборник практических задании по PhpСборник практических задании по Php
Сборник практических задании по Php
 
Методичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығаруМетодичка Prezi шығару
Методичка Prezi шығару
 
Оқу құралы
Оқу құралыОқу құралы
Оқу құралы
 
Наурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағНаурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағ
 
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнегеҰятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
Ұятты қыз, намысты ұл болу –өнеге
 
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнатуМәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
Мәдениетке деген құндылықты қарам қатынасты орнату
 
Ұстаз ұлы есім
Ұстаз ұлы есімҰстаз ұлы есім
Ұстаз ұлы есім
 
Өз отанының патриоты болу
Өз отанының патриоты болу Өз отанының патриоты болу
Өз отанының патриоты болу
 

Бакытты отбасы

  • 1. Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Алматы қаласы Білім басқармасының МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі» ӘДІСТЕМЕЛІК ТАЛДАМА Ашық тәрбие сағаты_____________________________ ( іс-шара атауы) «Бақытты отбасы» ______________________ ( іс-шара тақырыбы) Бекітемін Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ___________Қ.Ж.Якенова ____________ 2016 жыл
  • 2. Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13 Топ жетекшілері бірлестігінің төрайымы __________ А.Дюсембекова (қолы) Жауаптылар: П4В тобының жетекшісі ___________ М. Балғазиева (қолы)
  • 3. Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13 Мақсаты: - бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі мен ықпалының басымдығына көз жеткізу негізінде отбасы тәрбиесінің негізгі құндылықтарына шолу жасау; - «отбасы» құндылықтары туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі мен бақыты үшін талмай еңбек ету; - ата-ана, бала және колледж үшбұрышының берік іргетасын қалау. Барысы: І-топ жетекшісінің сөзі: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, білім алушылар! Бүгінгі «Бақытты отбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! ІІ-топ жетекшісінің сөзі: Отбасы тәрбиесі адами биік қасиеттерді қалыптастырудағы негізгі алғашқы саты. Халық даналығында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ұлағатты сөз бар, яғни тәрбие отбасынан басталады. Өйткені баланың алғашқы өмір тану қадамы үйден, отбасы ортасынан басталады. Адамгершілік - парыз, үлкендерді сыйла, үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай әрекет жасама т.б моральдық ережелер жаман әдеттен сақтайтын таза ұлы қасиеттер атадан балаға мирас болып сақталған халқымыздың моральдық этикасы деп атауға болады. І-топ жетекшісінің сөзі: Ағылшын ойшылы Д.Локк бала санасының әлі ештеңе жазылмаған таза тақтаға ұқсайтынын айтады. Бәрі де сол тақтаға кімнің қалай жазатынына байланысты. Егер тақтаға асықпай көркем жазумен жазсаң, жазудың түсінікті болатыны сияқты, баланың санасына дұрыс ақпараттың жеткізілуіне мән беру қажет. Тақта мен бала санасының бір айырмашылығы – тақтадағыны қашанда өшіріп, қатесін түзеуге болады, ал бала санасындағы өшіру қиын немесе мүлдем мүмкін емес. ІІ-топ жетекшісінің сөзі: Дұрыс айтасың, Асыл, Д.Локк “Тәрбие туралы ойлар” және “Ақылды тәрбиелеу туралы” педагогикалық еңбектерінде ата-ананың, үйде берілетін тәрбиенің мән-мағынасы туралы мынадай құнды пікірлер келтірген: «Біздің кездесіп жүрген адамдардың ішінде он адамның тоғызының рақымшыл немесе қатыгез, пайдалы немесе пайдасыз болуы тек ғана тәрбиеге байланысты... кемшілігі бола тұрса да, үйдегі тәрбие оқу орнында берілетін білімдер мен ептіліктерден әлдеқайда пайдалы». Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту көзделетін бүгінгі тәрбие сағатымызда көңілдеріңізге шаттық, жүректеріңізге шуақ ұялатамыз деген сенімдеміз. Ортаға «Анашым» әнімен РЭС2Б тобының студенті Қадырғали Әлібекті шақырамыз.
  • 4. Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13 І-топ жетекшісінің сөзі: Рахмет, келесі кезекті «Шаттық шеңбері» тренингке берсек. Тренинг өткізу үшін ортаға ата-аналарды шақырамыз. (Ортаға ата-аналар шығып, орындарына балалары жайғасады). ІІ-топ жетекшісінің сөзі: Тренинг шарты бойынша балалар қолдарына таратылған парақтардағы сұрақтарға шапшаң жазбаша түрде жауап беруі қажет. Ал ата-аналардың қол ұстасып тұрулары және белсенді түрде тақтада көрсетілетін сұрақтарға мүдірмей, ойланбай тез жауап беруге тырысуы қажет. Ал дайын болсақ, іске сәт! Балаларға қойылатын сұрақтар: 1) Отбасыңызда бала саны қанша? 2) Сіз нешінші баласыз, сізді еркелетіп ата-анаңыз қалай атайды? 3) Отбасыдағы балалардың үлкенінен кішісіне қарай шын есімін атап, жасы қаншада екенін көрсетіңіз? 4) Отбасыдағы балалардың үлкенінен кішісіне қарай еркелеткен есімін атаңыз? (парақшалар таратылады) Ата-аналарға қойылатын сұрақтар реті: 1) Бала кезіңізде сізді ата-анаңыз, туғандарыңыз еркелетіп қалай атайтын? 2) Қазір қанша балаңыз бар? 3) Өз балаларыңыздың үлкенінен кішісіне қарай есімін, еркелеткендегі есімін, туған жылын, айын, күнін атаңыз? (экранда көрсетіледі) Рахмет, бүгінгі ойын арқылы ата-аналар өз балалық шақтарын еске түсіріп, балалары мен ата-аналардың жауабы тексерілуі нәтижесінде ата-аналарымыздың ойының ұтқырлығына көз жеткіздік деп ойлаймыз. Орындарыңызға жайғасуларыңыз сұралады. І-топ жетекшісінің сөзі: «Ой талқы» тренингіне кезек берелік. Сұрақтар реті: 1. Бақытты отбасы дегенді қалай түсінесіз? 2. Отбасыда әкенің басшы болуын дұрыс деп ойлаймын... 3. Отбасыда ананың басшы болуын қалаймын... ІІ-топ жетекшісінің сөзі: «Бақыт... өзіңнің босағаңда» - отбасына деген махаббат, ата-анаңа сый көрсету, алдындағы парызыңды өтеу, қамқор болу, отбасы мүшелерін жақсы көру, олардың амандығы, үй- ішінің тыныштығы, ұрпақ тәрбиелеу, кешірімшіл, төзімді болу – осының барлығын жүзеге асыруға қайрат-жігерің мен күш-қуатың болса, онда өзіңнің де, отбасының да бақытты болғаны екен. І-топ жетекшісінің сөзі: Айтқаныңа толықтай қосыламын. Қадыр мырза Әли атамыз: ...Бақыт деген батырдың пырағында, Бұқараның ұранында, Өзіңнің босағаңда, Жағылған шырағыңда- деген екен. Ал екінші және үшінші сұрақтарға келер болсақ, отбасыда тең қарым-қатынастың болуы, яғни, ананың да, әкенің де, баланың да тең құқылы болуы, мүдделерінің ескерілуі – отбасы мүшелерінің толыққанды бақытты болуын қамтамасыз етеді екен.
  • 5. Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13 ІІ-топ жетекшісінің сөзі: Ендеше, студенттеріміз Бақыт Саматұлы мен Қызайбай Ерсұңқар дайындаған «Әке өсиеті» көрінісін тамашалауға шақырамыз. Көрініс «Әке өсиеті» І-топ жетекшісінің сөзі: Рахмет! Халқымызда жасы кішінің үлкеннің айтқанын екі етпестен бұлжытпай орындау, олардың ақыл-кеңесіне жүгіну салты қалыптасқан. Бүгінгі тәрбие сағатымызға қатысып отырған ата-аналарымыз білім алушыларға қандай ақыл-кеңесін айтар екен... ІІ-топ жетекшісінің сөзі: Ата-аналарымызға бүгінгі айтылған кеңестері үшін алғысымызды айта отырып, келесі кезекті топ білім алушыларының шығармашылығына береміз. Үй тапсырмасы бойынша әр білім алушы өз ата-анасына деген перзенттік ықыласын, алғысын, ниет-тілегін қағаз бетіне түсіріп келу керек болатын, қане кім дайын? Ортаға келіңіздер! ІІ-топ жетекшісінің сөзі: Белгілі ғалым Нұрхат Шакузадаұлының «Ей, адам! Сен бұл өмірде жұп болып жаратылғаныңды есіңнен әсте шығарма. Жарық құшып, бала сүю және шаңырақ көтеру – бұл сенің адамдық парызың, міндетің. Сен бұл міндетті жеңілтектікпен емес, салмақтылықпен атқар. Отбасыңның қасиетті екенін ұмытпа. Ерлі-зайыптыларға ынтымақ, татулық, сыйластық, кешірімділік жарасады. Сонда ғана отбасына бақ қонып, қыдыр дариды. Үй-ішіне, бала-шағаңа адал бол, адал өмір сүр» деп айтқан отбасы туралы үлкенге де, кішіге де үлгі болар тамаша сөздері бар. Ендігі кезекті сергіту сәтіне кезек берсек, қалай қарайсың, Асыл... І-топ жетекшісінің сөзі: Ия, әрине. Бүгінгі тәрбие сағатымызды көңілді нотамен аяқтаумақсатында «Ән салайық» ергіту сәтіне кезек берелік. Құрметті ата-аналар, сіздерге сұрақ: балаңызды кішкентай кезінде қандай әнмен уатушы едіңіз, орындап бере аласыз ба? Ата-аналар өз әндерін орындайды, топпен ән орындалады. ІІ-топ жетекшісінің сөзі: Бүгінгі ата-ана мен баланың, ата-ана-бала, ұстаз үшбұрышының нығая түсуіне ықпал еткен тәрбие сағатымызды «Тілек жаршысымен» аяқтасақ деймін. Осы қаламды қолына алған адам бүгінгі өткен тәрбие сағаты туралы өз пікір, тілегін білдіруі қажет. Ата-аналар лебіз, тілектерін, пікірлерін білдірді.
  • 6. Ү 38.1 СМЖ АМПК КСТ 13