SlideShare a Scribd company logo
1 of 8
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРАКТИВТІ
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Б.Рсаева
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз»
Сенека Луций
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-
жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде
қолдану – заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, іздену - әр
ұстаздың міндеті. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема
тууы мүмкін: балалардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін
(есту, көру, қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің
заман талабына сай болмауы. Осы мәселені шешу үшін тиімді жолдарды
қарастыру қажет.
Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар,
оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін
арттыруды талап етеді.
Қазақ тілін оқыту үрдісінде көптеген негізгі әдістемелік инновациялар
оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен тығыз байланысты болып отыр.
Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы бала қабілетіне, қабылдау деңгейіне
қарап іріктеп қолданады.
«Халықаралық тәжірибелерге сүйіне отырып, қазақ тілін оқытудың
қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет.
Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік,
тәжірибелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарын әзірлеу керек»,-
деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев.
Оқытушы үшін ең негізгі мақсат – әр сабақты тартымды, тиімді, түсінікті
етіп өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты
технологияларды қолдану.
Орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы негізгі мақсат –
оқушыларды қазақ тілінде оқи, жаза, түсіне, сөйлесе білуге үйрету,
дағдыландыру; қазақ халқының әдеби мұрасының озық үлгілерімен басқа тілді
студенттерді таныстыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқытудың
инновациялық әдістерін қолдану тиімді.
Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі –«интерактивті оқыту әдісі»
Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-
қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен студент пен оқытушының қарым-
қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивті оқытудың мәнісі – сыныптағы барлық студент таным
үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы
түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу
материалын игеруде, студенттердің біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр
студент өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу
үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне
қолдау көрсету аясында болады.
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері,
презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «ой ашар» әдісі, сын
тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар,
«инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта,
кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер,
компьютерлер және т.б. пайдалана отырып, таныстырулар жатады.
Сабақ барысында қолданылатын кейбір интерактивті әдіс-тәсілдер
Кез келген сабақтың ажырамас бөлігі – бұл интерактивті оқыту
тәсілдері. Интерактивті оқыту тәсілдері мұғалім мен оқушы арасында өзара
байланыс орнатуға және оқушы мен оқушы арасында бірлескен жұмысты
ұйымдастыруға қызмет етеді.
Негізгі интерактивті оқыту тәсілдерінің
түрлері:
1. «Ой ашар» («Мозговой штурм»)
Тренингке қатысушылардан мейлінше көп идеялар мен пікірлер алу
үшін қолданылады.
Артықшылықтары:
- «Ой ашарды» пайдалана отырып, қатысушылардың барлығын
бірдей тақырыпты талқылауға қатыстыруға болады. Бұл ретте өзіне-өзі
сенімсіз қатысушылар мен «үндеместер» де жұмысқа араласады.
- Көп уақытты алмайды.
- Аудиторияны жинақыландырады.
«Ой ашар» барысында айтылған ойлар мен пікірлер тренер тарапынан
талқыланбайды, барлық идеялар қағаз бетіне түсіріледі (флипчартқа немесе
плакатқа). Тек барлық ойлар жазылып болған соң ғана, таңдау еркін
қатысушылардың өздеріне беру арқылы, маңызды деген бірнеше пікірді
іріктеп алуға болады.
2. Ойындар.
Семинар-тренингтің белсенді өтуі үшін интерактивті ойын әдістерін қолдануға
болады. Әдетте мұндай ойындарды тақырыптық және сергітпе ойындар деп бөледі.
Тақырыптық ойындар – белгілі бір оқыту тақырыбымен байланысқан ойындар. Мысалы,
«команданы жасақтау» тақырыбына қатысты көптеген интерактивті ойындар бар. Мұндай
ойындарды қолданудың тиімділігі – қатысушылардың оқыту процесіне деген
қызығушылығы арттыруда
Тақырыптық ойындармен қатар, сергітпе ойындар да болады. Олар, негізінен,
тренинг барысында шаршап қалған қатысушылардың бойларын жазып, денелерін сергітуді
көздейді. Мұндай ойындардан «Африкалық жауын», «Қарлығаш ұшты» сынды шағын
ойындарды мысалға келтіруге болады.
3. Рөлдік ойындар.
Тренинг тақырыбын бекіту мақсатында екі және одан да көп қатысушыларды
семинар тақырыбына сәйкес сценарий бойынша түрліше рөлдік ойындарға қатыстыруға
болады.
Артықшылықтары:
- Қатысушыларға тақырыпты практика негізінде бекітуге мүмкіндік береді.
- Қатысушылардың көңіл-күйін көтереді.
- Қатысушылардың шығармашылық шешімдерін тамашалауға мүмкіндік береді.
Рөлдік ойын кезінде алдын ала берілетін ережелер болмайды. Тек уақыт шектеуі
ғана болады. Рөлдік ойынға берілетін тапсырма нақты әрі түсінікті болуы тиіс.
Қатысушылар арасынан шыққан әрбір актер өз рөлін жете түсінуі керек.
Әрбір топ өздерінің рөлдік ойындарын көрсеткеннен кейін қатысушыларға алғыс
білдіріп, көрермендер тарпынан қошамет шапалақ ұрғызу қажет. Топ өкілдерінен рөлдік
ойыннан алған әсерлерін сұрап, пікір алмасу қажет. Қатысушылардан рөлдік ойыннан
түйгендері туралы сұрап, ортақ қорытынды жасау керек.
4. «Алты ойшыл қалпақ» әдісі
Балалардың ойлау қабілетін дамытуда алты ойшыл қалпақ әдісін кең
пайдаланады. Оның авторы американдық профессор Эдвард де Боно. Осы
әдісті пайдалану кезінде мына жайттар болуы тиіс.
• Әркім ойлану керек және ойларын айтады;
• ойлау дағдысының дамуының бірі;
• Тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру керек;
• Жоспарлы және сатылы әрекет болу керек;
• Затты зерттеу қажет және сөз таластырмау керек;
• Менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар
жасау керек. Басты міндет оны көре білу;
• Біз көрмей тұрған, бірақ көруге міндетті ететін шешімдер мен идеялар
болуы керек.
Балалардың өзі ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінуін,
ойлау бейнелерін бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау үрдісін
тиімді пайдалану мақсатында ойда қойылған міндеттермен нақтырақ
байланыстыруға үйрету. Алты ойлау қалпақтарын қарапайым және
практикалық әдіс. Ол практикалық ойлаумен байланысты. Негізгі үш
қиындықты жеңуге мүмкіндік береді:
1. Эмоциалар;
2. Шарасыздық;
3. Түсінбестік.
Әдіс ойлауды алты типке немесе тәртіпке бөлуге жол береді, олардың
әрбіреулеріне түрлі түсті қалпақ сәйкес келеді. Бөлу арқылы әрбір тәртіп
тиімдірек пайдаланады, жалпы ойлау үрдісі бір нүктеге топталып, тұрақты
болады.
Алты қалпақты қолдану жоспары
1. Әдіс принциптері мен қолдануды үйрену, бұл ережелерді есте сақтап,
пайдалануды үйренуге және оларды саналы түрде тәжірибеде қолдануға
мүмкіндік береді.
2. Осыдан кейін нақты проблемаларды шешу кезінде ойлау бейнесін түсіну,
бақылау және бейімдеу үшін белгіленген "ойлау тәртіптерін" қолдану.
3. Өзіміздің ойлау әдісімізді тек анықтау үшін қалпақты киіп, шешіп,
ауыстырып, біз сол қалпақ көрсететін нақты рөлді өзіміз атқарамыз.
Алты қалпақтар әдісі – ойлау кезінде белгілі бір принципті пайдалану:
кенеттен ойлаудың түрлі аспектілеріне бөлек-бөлек назар аударуды үйрену
талпынысы. Нәтижесінде осы әр түрлі аспектілердің үйлесімділігі толық
көлемде ойлатады. Алты ойлау қалпақтары бағалау және талдамалық ойлауды
толықтыра түсетін шығармашылық және құрылымдық ойлау үшін арналады.
Қалпақтарды пайдалану ережелері
1. Ойлау қалпағын киіп, біз сол қалпақ білдіретін рөлді иеленеміз.
2. Нақты түсті қалпақты шешіп, біз сол ойлау типінен бас тартамыз.
3. Қалпақты басқа қалпақпен ауыстыру кезінде ойлау әдісі ауысады. Бұл әдіс
адамды ренжітпей, ойлау барысын ауыстырады. Біз айтылған ойларға
қарсылық білдірмейміз, оларды ауыстыруды сұраймыз.
4. Өзіндік пікірді білдіру үшін тек қалпақты атауға болады, солайша қай ойлау
әдісі пайдаланатындығы көрсетіледі. Мысалы, қара қалпақты киетіндігіңізді
тек айтсаңыз ғана, сіз оны ұсынған адамға қарсылық білдірмей, идеяны
талқылай аласыз.
Алты ойлау қалпақтары
Әр типтің қысқаша сипаттамасы:
Ақ қалпақ
Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті.
Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.
Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе
жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат
қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай
сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек?
Қызыл қалпақ
Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта
адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған
байланысты менде қандай сезімдер туындайды?
Сары қалпақ
Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам
оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не
себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл
кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады?
Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл
пайдалы болады?
Қара қалпақ
Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық.
Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме?
Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге
аса алады ма?
Жасыл қалпақ
Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың,
табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық
бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы
идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды
Көк қалпақ
Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен
байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?
6-қалпақ әдісіне қосымша ақпарат:
1. Неліктен қалпақтар? Қалпақ оңай киіліп, оңай шешіледі. Бұл біздің
жағдайымызға қатысты, себебі біз ойлау типтерін түсті қалпақтарды сияқты
оңайлықпен ауыстыра алуымыз керек.
2. Ойлаудағы 90%-ға дейінгі қателер (техникалық емес салаларда) – бұл
қабылдау қателері. Логикалық қателер өте сирек болады.
3. Алты қалпақтар әдісі біздің ойлауымызды байыта түсіп, анағұрлым жан-
жақты етеді. Егер біз біреуді әлдебір нәрсе туралы ойлауды тек сұрасақ қана,
жиі кезде олар түсінбеушілік танытады. Ал егер оларды алты қалпақтар
схемасын пайдалана отырып, затты талдауға шақырсаңыз, олардың қабылдау
кеңдігі арта түседі.
Әдістің жақсы жақтары
• Көрнекілік, меңгеру және қолдану қарапайымдылығы.
• Жағдайды көре алу және бірнеше көзқарастар тұрғысынан шешу.
• Өзіндік менменшілдікті ойлаудан аластатуға мүмкіндік береді.
Қорытындылап айтқанда мұндай әдіс балалардың ойлау қабілетін дамытады:
• Белсенділік, дербестік, шығармашылығы дамиды;
• Сөздік қорлары, тілдері, ойлау қабілеттері дамиды;
• Қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырады;
• Айналадағы заттың орта туралы түсініктері қалыптасады;
• Оқу тәрбие әрекетінде белсенді жұмыс жасау дағдыланады;
• Өзіндік әрекет жасауға үйретеді.
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені
алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт
өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті
қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын
топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке
санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға
ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну
қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-
лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.
Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті
бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ”
оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының
ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің
үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым
мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру,
оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы
артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс
көзқарасқа үйренеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты)
ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді
жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске
түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа).
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта,
топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға
арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар
оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны
дұрыс. Мысалы:
- сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- автор оқырманды қалай қы-зықтырады?
- кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс
жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз
астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан
тысқары қалатын оқу-шы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп
айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі
дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты
оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу.
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой
толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған
жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу
керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға
уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ
мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға
болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап,
ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы.
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін
объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ
сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға
салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау
операциясын меңгереді.
Ассоцациямен жұмыс.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған
оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық
қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік
туғызады.
Оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу оқушылардың
өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған
білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдаяттарда
қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен
санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс жасау
тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп
бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
Қазіргі оқыту үрдісінде бір мәселені талқылау, оған өз көзқарасын
білдіру, әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл
бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп оның
сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенімен, оқушы
мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады. Көп жағдайда оқытушы оқушы
ойын басқарады, яғни бағыт бер немесе жеткешілік етуден гөрі ол басшылық
қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше
ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін
оқытушы өзі дайындап, жоспарды еріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған
сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік бермейді. Студент
мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мәселені
шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып,
тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетін ие бола алмайды.
Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті
түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады.
Психологтер еңбектеріне сүйеніп әдіскер ғалымдар тұлғаның ойлау
қабілетін арттырып, өз бетінше пікір білдіру, шығармашылық тұрғыдан әрекет
ету, оқуға мотивациясын арттыру мәселесіне байланысты түрлі тиімді
тәсілдерді қарастыруда. Американдық ғалымдар Р.Сперри мен Р.Орнстайн
жетпісінші жылдары адам миының бөлшектерінің әр түрлі жұмыс істейтінін
көрсетті. Егер олар бірігіп қызмет атқарса, онда тұлғаға үлкен шығармашылық
мүмкіндікке жол ашылады.
Адам миы оң жақ және сол жақ бөліктен тұрады. Сол жақ бөлік: алынған
ақпараттарды кезекпен өңдейді, оны бөліп талдайды; ұғымдар мен ережелерді
ойластырады; соңғы нәтижесі әрекет болып табылады. Ал оң жақ бөлік:
бардық ақпаратты бір мезгілде өңдейді; жүйелейді; бейнені елестетеді; соңғы
нәтижесін сәйкестендіру, ұқсастықты анықтау болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Базарбаева, К. К. Шығармашылық қабілетті қалыптастырудың тарихы мен
қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері / К. К. Базарбаева // Білім. – 2009. – №4 – 11-13
б.б.
2. Тұрғымбаева, Э. Студенттердің танымдық қызығушылығын арттыру
проблемалары / Э.Тұрғымбаева // Қазақстан жоғары мектебі – 2009. – №1 – 23-
25 б.б.
3. Әбішева, Н. Қазіргі білім жүйесіндегі білім сапасын арттыру мәселелері / Н.
Әбішева //Қазақ тілі ЖОО-да. – 2004. – № 6 – 17-20 б.б.__

More Related Content

What's hot

What's hot (15)

Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныДеңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
 
Kou4ing222
Kou4ing222Kou4ing222
Kou4ing222
 
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сын түрғысынан ойлау ...
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы  оқушылардың  сын түрғысынан ойлау  ...Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы  оқушылардың  сын түрғысынан ойлау  ...
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сын түрғысынан ойлау ...
 
Kou4ingd
Kou4ingdKou4ingd
Kou4ingd
 
7878
78787878
7878
 
858585
858585858585
858585
 
«Оқыту мен оқудағы жаңа тісілдер» Диалогтық оқыту әдістерін тәжірибеге енг...
«Оқыту мен оқудағы жаңа  тісілдер»  Диалогтық оқыту әдістерін  тәжірибеге енг...«Оқыту мен оқудағы жаңа  тісілдер»  Диалогтық оқыту әдістерін  тәжірибеге енг...
«Оқыту мен оқудағы жаңа тісілдер» Диалогтық оқыту әдістерін тәжірибеге енг...
 
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
Көшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігіКөшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігі
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
 
Kou4i
Kou4iKou4i
Kou4i
 
62185
6218562185
62185
 
сын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
сын тұрғысынан-ойлауды-дамытусын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
сын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
 
3sdgdfg
 3sdgdfg 3sdgdfg
3sdgdfg
 
5п
5п5п
5п
 
: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру
: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру
: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру
 
ашық сабақ уровника
ашық сабақ уровникаашық сабақ уровника
ашық сабақ уровника
 

Similar to мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімділігі

Мастер класс әдіс тәсілдер — копия.ppt
Мастер класс әдіс тәсілдер — копия.pptМастер класс әдіс тәсілдер — копия.ppt
Мастер класс әдіс тәсілдер — копия.ppt
AbilkhaiyrBatyrbay
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
ssuser85477d
 

Similar to мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімділігі (20)

666kmkk
666kmkk666kmkk
666kmkk
 
іс әрекет коучинг
іс   әрекет коучингіс   әрекет коучинг
іс әрекет коучинг
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздік
 
Әдіс.pptx
Әдіс.pptxӘдіс.pptx
Әдіс.pptx
 
конферен
конференконферен
конферен
 
ныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовнаныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовна
 
коучинг қмж көшбасшылық
коучинг қмж көшбасшылықкоучинг қмж көшбасшылық
коучинг қмж көшбасшылық
 
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
 
жобалау оташева ж
жобалау оташева жжобалау оташева ж
жобалау оташева ж
 
шарикбаева ш.д коучинг
шарикбаева ш.д  коучингшарикбаева ш.д  коучинг
шарикбаева ш.д коучинг
 
Мастер класс әдіс тәсілдер — копия.ppt
Мастер класс әдіс тәсілдер — копия.pptМастер класс әдіс тәсілдер — копия.ppt
Мастер класс әдіс тәсілдер — копия.ppt
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жоба
 
2323j
2323j2323j
2323j
 
9559,nmnknk
9559,nmnknk9559,nmnknk
9559,nmnknk
 
статья
статьястатья
статья
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
 
педагогикалық этика мен эстетика
педагогикалық этика мен эстетикапедагогикалық этика мен эстетика
педагогикалық этика мен эстетика
 
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігіматематика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
математика сабағын оқытуда топтық жұмыстың тиімділігі
 

More from Asem Sarsembayeva

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

мемлекеттік тілді меңгертуде қолданылатын интерактивті әдіс тәсілдердің тиімділігі

  • 1. МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Б.Рсаева Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз де үйренеміз» Сенека Луций Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан- жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, іздену - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: балалардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру, қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы мәселені шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазақ тілін оқыту үрдісінде көптеген негізгі әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивті әдістерін қолданумен тығыз байланысты болып отыр. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы бала қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. «Халықаралық тәжірибелерге сүйіне отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарын әзірлеу керек»,- деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Оқытушы үшін ең негізгі мақсат – әр сабақты тартымды, тиімді, түсінікті етіп өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – заман талабына сай ақпаратты технологияларды қолдану. Орыс мектептерінде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы негізгі мақсат – оқушыларды қазақ тілінде оқи, жаза, түсіне, сөйлесе білуге үйрету, дағдыландыру; қазақ халқының әдеби мұрасының озық үлгілерімен басқа тілді студенттерді таныстыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін оқытудың инновациялық әдістерін қолдану тиімді. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі –«интерактивті оқыту әдісі» Бұл әдістің негізгі қағидасы – педагогикалық қарым-қатынас пен қарым- қатынас диалогі арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен студент пен оқытушының қарым- қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
  • 2. Интерактивті оқытудың мәнісі – сыныптағы барлық студент таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, студенттердің біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр студент өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады. Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек: -тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы; -тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау; -педагогикалық қолдау көрсету. Интерактивті әдістерге мыналар жатады: проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «ой ашар» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б. Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып, таныстырулар жатады. Сабақ барысында қолданылатын кейбір интерактивті әдіс-тәсілдер Кез келген сабақтың ажырамас бөлігі – бұл интерактивті оқыту тәсілдері. Интерактивті оқыту тәсілдері мұғалім мен оқушы арасында өзара байланыс орнатуға және оқушы мен оқушы арасында бірлескен жұмысты ұйымдастыруға қызмет етеді. Негізгі интерактивті оқыту тәсілдерінің түрлері: 1. «Ой ашар» («Мозговой штурм») Тренингке қатысушылардан мейлінше көп идеялар мен пікірлер алу үшін қолданылады. Артықшылықтары: - «Ой ашарды» пайдалана отырып, қатысушылардың барлығын бірдей тақырыпты талқылауға қатыстыруға болады. Бұл ретте өзіне-өзі сенімсіз қатысушылар мен «үндеместер» де жұмысқа араласады. - Көп уақытты алмайды. - Аудиторияны жинақыландырады. «Ой ашар» барысында айтылған ойлар мен пікірлер тренер тарапынан талқыланбайды, барлық идеялар қағаз бетіне түсіріледі (флипчартқа немесе плакатқа). Тек барлық ойлар жазылып болған соң ғана, таңдау еркін
  • 3. қатысушылардың өздеріне беру арқылы, маңызды деген бірнеше пікірді іріктеп алуға болады. 2. Ойындар. Семинар-тренингтің белсенді өтуі үшін интерактивті ойын әдістерін қолдануға болады. Әдетте мұндай ойындарды тақырыптық және сергітпе ойындар деп бөледі. Тақырыптық ойындар – белгілі бір оқыту тақырыбымен байланысқан ойындар. Мысалы, «команданы жасақтау» тақырыбына қатысты көптеген интерактивті ойындар бар. Мұндай ойындарды қолданудың тиімділігі – қатысушылардың оқыту процесіне деген қызығушылығы арттыруда Тақырыптық ойындармен қатар, сергітпе ойындар да болады. Олар, негізінен, тренинг барысында шаршап қалған қатысушылардың бойларын жазып, денелерін сергітуді көздейді. Мұндай ойындардан «Африкалық жауын», «Қарлығаш ұшты» сынды шағын ойындарды мысалға келтіруге болады. 3. Рөлдік ойындар. Тренинг тақырыбын бекіту мақсатында екі және одан да көп қатысушыларды семинар тақырыбына сәйкес сценарий бойынша түрліше рөлдік ойындарға қатыстыруға болады. Артықшылықтары: - Қатысушыларға тақырыпты практика негізінде бекітуге мүмкіндік береді. - Қатысушылардың көңіл-күйін көтереді. - Қатысушылардың шығармашылық шешімдерін тамашалауға мүмкіндік береді. Рөлдік ойын кезінде алдын ала берілетін ережелер болмайды. Тек уақыт шектеуі ғана болады. Рөлдік ойынға берілетін тапсырма нақты әрі түсінікті болуы тиіс. Қатысушылар арасынан шыққан әрбір актер өз рөлін жете түсінуі керек. Әрбір топ өздерінің рөлдік ойындарын көрсеткеннен кейін қатысушыларға алғыс білдіріп, көрермендер тарпынан қошамет шапалақ ұрғызу қажет. Топ өкілдерінен рөлдік ойыннан алған әсерлерін сұрап, пікір алмасу қажет. Қатысушылардан рөлдік ойыннан түйгендері туралы сұрап, ортақ қорытынды жасау керек. 4. «Алты ойшыл қалпақ» әдісі Балалардың ойлау қабілетін дамытуда алты ойшыл қалпақ әдісін кең пайдаланады. Оның авторы американдық профессор Эдвард де Боно. Осы әдісті пайдалану кезінде мына жайттар болуы тиіс. • Әркім ойлану керек және ойларын айтады; • ойлау дағдысының дамуының бірі; • Тым күрделі жағдайларды қарапайым жағдайлармен алмастыру керек; • Жоспарлы және сатылы әрекет болу керек; • Затты зерттеу қажет және сөз таластырмау керек; • Менің пікірім әрқашан дұрыс демей, керісінше пайдалы ұсыныстар жасау керек. Басты міндет оны көре білу; • Біз көрмей тұрған, бірақ көруге міндетті ететін шешімдер мен идеялар болуы керек. Балалардың өзі ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін жақсырақ түсінуін, ойлау бейнелерін бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау үрдісін тиімді пайдалану мақсатында ойда қойылған міндеттермен нақтырақ байланыстыруға үйрету. Алты ойлау қалпақтарын қарапайым және практикалық әдіс. Ол практикалық ойлаумен байланысты. Негізгі үш қиындықты жеңуге мүмкіндік береді:
  • 4. 1. Эмоциалар; 2. Шарасыздық; 3. Түсінбестік. Әдіс ойлауды алты типке немесе тәртіпке бөлуге жол береді, олардың әрбіреулеріне түрлі түсті қалпақ сәйкес келеді. Бөлу арқылы әрбір тәртіп тиімдірек пайдаланады, жалпы ойлау үрдісі бір нүктеге топталып, тұрақты болады. Алты қалпақты қолдану жоспары 1. Әдіс принциптері мен қолдануды үйрену, бұл ережелерді есте сақтап, пайдалануды үйренуге және оларды саналы түрде тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. 2. Осыдан кейін нақты проблемаларды шешу кезінде ойлау бейнесін түсіну, бақылау және бейімдеу үшін белгіленген "ойлау тәртіптерін" қолдану. 3. Өзіміздің ойлау әдісімізді тек анықтау үшін қалпақты киіп, шешіп, ауыстырып, біз сол қалпақ көрсететін нақты рөлді өзіміз атқарамыз. Алты қалпақтар әдісі – ойлау кезінде белгілі бір принципті пайдалану: кенеттен ойлаудың түрлі аспектілеріне бөлек-бөлек назар аударуды үйрену талпынысы. Нәтижесінде осы әр түрлі аспектілердің үйлесімділігі толық көлемде ойлатады. Алты ойлау қалпақтары бағалау және талдамалық ойлауды толықтыра түсетін шығармашылық және құрылымдық ойлау үшін арналады. Қалпақтарды пайдалану ережелері 1. Ойлау қалпағын киіп, біз сол қалпақ білдіретін рөлді иеленеміз. 2. Нақты түсті қалпақты шешіп, біз сол ойлау типінен бас тартамыз. 3. Қалпақты басқа қалпақпен ауыстыру кезінде ойлау әдісі ауысады. Бұл әдіс адамды ренжітпей, ойлау барысын ауыстырады. Біз айтылған ойларға қарсылық білдірмейміз, оларды ауыстыруды сұраймыз. 4. Өзіндік пікірді білдіру үшін тек қалпақты атауға болады, солайша қай ойлау әдісі пайдаланатындығы көрсетіледі. Мысалы, қара қалпақты киетіндігіңізді тек айтсаңыз ғана, сіз оны ұсынған адамға қарсылық білдірмей, идеяны талқылай аласыз. Алты ойлау қалпақтары Әр типтің қысқаша сипаттамасы: Ақ қалпақ Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады. Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек? Қызыл қалпақ Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды?
  • 5. Сары қалпақ Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады? Қара қалпақ Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? Жасыл қалпақ Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды Көк қалпақ Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек? 6-қалпақ әдісіне қосымша ақпарат: 1. Неліктен қалпақтар? Қалпақ оңай киіліп, оңай шешіледі. Бұл біздің жағдайымызға қатысты, себебі біз ойлау типтерін түсті қалпақтарды сияқты оңайлықпен ауыстыра алуымыз керек. 2. Ойлаудағы 90%-ға дейінгі қателер (техникалық емес салаларда) – бұл қабылдау қателері. Логикалық қателер өте сирек болады. 3. Алты қалпақтар әдісі біздің ойлауымызды байыта түсіп, анағұрлым жан- жақты етеді. Егер біз біреуді әлдебір нәрсе туралы ойлауды тек сұрасақ қана, жиі кезде олар түсінбеушілік танытады. Ал егер оларды алты қалпақтар схемасын пайдалана отырып, затты талдауға шақырсаңыз, олардың қабылдау кеңдігі арта түседі. Әдістің жақсы жақтары • Көрнекілік, меңгеру және қолдану қарапайымдылығы. • Жағдайды көре алу және бірнеше көзқарастар тұрғысынан шешу. • Өзіндік менменшілдікті ойлаудан аластатуға мүмкіндік береді. Қорытындылап айтқанда мұндай әдіс балалардың ойлау қабілетін дамытады: • Белсенділік, дербестік, шығармашылығы дамиды; • Сөздік қорлары, тілдері, ойлау қабілеттері дамиды; • Қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырады;
  • 6. • Айналадағы заттың орта туралы түсініктері қалыптасады; • Оқу тәрбие әрекетінде белсенді жұмыс жасау дағдыланады; • Өзіндік әрекет жасауға үйретеді. Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1- лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді. Екі түрлі түсініктеме күнделігі Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар: Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ тағы басқа). Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы: - сіздің ойыңызда не сақталып қалды? - автор оқырманды қалай қы-зықтырады? - кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? тағы басқа түрінде. Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқу-шы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі
  • 7. дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады. Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады. Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді. Ассоцациямен жұмыс. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады. Оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу оқушылардың өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдаяттарда қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады. Қазіргі оқыту үрдісінде бір мәселені талқылау, оған өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенімен, оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады. Көп жағдайда оқытушы оқушы ойын басқарады, яғни бағыт бер немесе жеткешілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды еріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік бермейді. Студент мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып, тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетін ие бола алмайды.
  • 8. Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады. Психологтер еңбектеріне сүйеніп әдіскер ғалымдар тұлғаның ойлау қабілетін арттырып, өз бетінше пікір білдіру, шығармашылық тұрғыдан әрекет ету, оқуға мотивациясын арттыру мәселесіне байланысты түрлі тиімді тәсілдерді қарастыруда. Американдық ғалымдар Р.Сперри мен Р.Орнстайн жетпісінші жылдары адам миының бөлшектерінің әр түрлі жұмыс істейтінін көрсетті. Егер олар бірігіп қызмет атқарса, онда тұлғаға үлкен шығармашылық мүмкіндікке жол ашылады. Адам миы оң жақ және сол жақ бөліктен тұрады. Сол жақ бөлік: алынған ақпараттарды кезекпен өңдейді, оны бөліп талдайды; ұғымдар мен ережелерді ойластырады; соңғы нәтижесі әрекет болып табылады. Ал оң жақ бөлік: бардық ақпаратты бір мезгілде өңдейді; жүйелейді; бейнені елестетеді; соңғы нәтижесін сәйкестендіру, ұқсастықты анықтау болып табылады. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Базарбаева, К. К. Шығармашылық қабілетті қалыптастырудың тарихы мен қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері / К. К. Базарбаева // Білім. – 2009. – №4 – 11-13 б.б. 2. Тұрғымбаева, Э. Студенттердің танымдық қызығушылығын арттыру проблемалары / Э.Тұрғымбаева // Қазақстан жоғары мектебі – 2009. – №1 – 23- 25 б.б. 3. Әбішева, Н. Қазіргі білім жүйесіндегі білім сапасын арттыру мәселелері / Н. Әбішева //Қазақ тілі ЖОО-да. – 2004. – № 6 – 17-20 б.б.__