Successfully reported this slideshow.
We use your LinkedIn profile and activity data to personalize ads and to show you more relevant ads. You can change your ad preferences anytime.

Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы

1,226 views

Published on

"Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы" атты баяндама 2009 жылы облыстық тамыз оқуларында жасалған.

Published in: Education
  • Be the first to comment

  • Be the first to like this

Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы

  1. 1. Облыстық педагогикалық оқуда баяндама жасалған ИНФОРМАТИКА Әдістемелік жоба: ««ИИннффооррммааттииккаа ссааббааққттааррыынныыңң ққұұррыыллыыммыынн ттааңңддааууддыыңң ммааңңыыззыы»» Бақытжан Күшібарұлы 2009
  2. 2. 2 МАЗМҰНЫ 1. Кіріспе............................................................................3 2. Сабақ құрылымын таңдаудың маңызы.........................................................................4 3. Информатикадан сабақ құрылымының шаблондары.................................................................5 4. Қорытынды...................................................................13
  3. 3. 3 Кіріспе Информатика пәнін оқытудың көптеген ерекшеліктері мен қиындықтары бар. Оның басты себебі – информатика ғылымы жан-жақты салаларға бөлі- ніп, өте жылдам дамуда, сондықтан бұл ғылымды орта мектеп қабырғасында оқытудың бағдарламалары мен әдістемелерін жасаудың өзі көптеген қиын- дықтар тудыруда. Мысалы, орта мектеп бағдарламасында информатика атты бір-ақ пән оқытылады, ал негізінде, оны ең болмағанда екі салаға бөліп оқыту қажеттілігі бар – қолданбалы информатика және компьютерлік бағдарлама- лау. Мұның алдыңғысы негізінен ақпараттық технологияларды пайдалану- дың практикасын, ал кейінгісі бағдарламалау негіздерін теориялық деңгейде үйретеді. Қазіргі кезеңде бұл екі сала бір-бірінен өте алшақ кетті. Қолданба- лы информатика барлық сала мамандарына қажет десек, бағдарламалау кәсі- би бағдарламашы немесе жаратылыстану бағытындағы мамандарға қажет. Осыған сай, қолданбалы информатика мектепте гуманитарлық та, математи- ка-жаратылыстану бағдарында да оқытылуы тиіс, ал бағдарламалау негіздері тек математика-жаратылыстану бағытында оқытылуы тиіс. Міне, осы мәселе- лерге байланысты информатика сабақтарының әдістемелері де, құрылымы да сан алуан болуы өзінен-өзі түсінікті. Бұл баяндамада мен информатика сабақтарының құрылымын қалай жасауға болады, сабақтардың сапасы мен тиімділігін көтеру үшін құрылымды тиімді түрде өзгертіп, құбылтып отырудың қаншалықты пайдалы екенін көрсетуге ұмтылдым. Сабақ құрылымын зерттеу және үздіксіз жетілдіріп отырудың әрбір мұғалімнің сабақтарының әдістемелік деңгейін және білім сапасын анағұрлым көтеріп, оқыту ісін әрі тиімді етіп, әрі жеңілдететіне сенімдімін.
  4. 4. 4 Сабақ құрылымын таңдаудың маңызы Қолданбалы информатика сабақтарының ерекшелігі – негізінен практи- калық түрде оқу қажеттілігі. «Көп сөйлегеннен бір көрсеткен артық» прин- ципі суырылып алға шығады. Информатиканы қолданбалы түрде оқуға мектептерде толық мүмкіндік бар – компьютер сыныптары, мультимедиа, жергілікті желі, проекторлар, электрондық оқулықтар, компьютерлік бағдарламалар. Мұғалімге соларды тек тиімді пайдалану ғана қалады. Міне, осы орайда сабақтың жалпы құрылымын дұрыс таңдаудың, оны компьютерлік технологияларға сай модульдік типте жасай білудің маңызы өте үлкен екеніне ұзақ жылғы тәжірибемде көз жеткіздім. Сабақ құрылымы оның мақсаттарына қарай таңдалады. Сондай-ақ, сабақтардың құрылымын ауыстырып отыру оқушыларды жалықтырудан сақтайды, олардың зейінін, ықласын, қызығуын оятып отырады. Кейбір сабақ құрылымы балалардың шығармашылық талпынысын оятуға, ізденуіне, олардың білім-дағдыларын жүйелеуге тікелей бағытталған. Менің сабақтарымның құрылымы алдын-ала негізгі шаблондар жүйесі түрінде дайындалған (№1-қосымша). Сызбаларды парықтай қарасаңыз, оқушылардың компьютерлерде тынбай жұмыс істеуіне, олардың өздігінен ізденуіне, дағдыларын қалыптастыруына, дамуына бағытталғанын байқай- сыз. Қазіргі кезде, тек информатика саласында ғана емес, барлық салаларда білім, ақпарат қоры шексіз, баланы соның ішінен өзіне керегін іздеп таба білуге, қажетіне жарата білуге үйрету маңызды. Яғни балаға өмір бойы іздену, білім алу дағдысын сіңіру мақсат. Информатика пәнінің түпкі мақсатының өзі баланы әлемдік ақпарат кеңістігіне енгізіп, онда балықтай жүзуге үйрету болғандықтан, бізге, информатика мұғалімдеріне, дәл қазіргі заманда нар түйенің жүгі артылған деп есептеймін. Мұғалімнің сабақтарға арналған білім қоры жасалуы тиіс. Оның ішінде түрлі тақырыптарға арналған қысқа да нұсқа текстік, графикалық, мультиме-
  5. 5. 5 диалық және т.б. электрондық материалдар жинақталады. Оларды кез-келген сабақта еркін қолдануға болады. Электрондық оқулықтардың жан-жақты мүмкіндіктерін пайдалана білу өте тиімді. Бірақ сабақтың құрылымы дұрыс таңдалмаса, осының барлығы шашырап, еңбек еш кетері анық. Ең алдымен сабақтың құрылымы анықталып, оның мазмұны жеке модуль түрінде электр- ондық материалдардан құрастырыла салады. Әрине, мазмұн мұғалімнің ба- сында, ал материалдар оны оқушылардың санасына тиімді жеткізу құралы- ның бірі ғана. Оларды қостап, жүйелей жеткізетін мұғалімнің тілі, фантазия- сы, ақыл-парасаты, ынта-жігері. Сызбадағы құрылым шаблондарының тағы бір ерекшелігі – мультимедиа сыныбының мүмкіндіктерін түрлендіре, тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Жергілікті желі, Интернет, электрондық оқулықтар, проектр және компью- терлік бағдарламалар өз орнымен тұрақты пайдаланылады. Әсіресе жергілік- ті желідегі компьютерлерді бір орталықтан әкімшілік басқару әдістері мұға- лімнің жұмысын жеңілдетіп, сабақ сапасын күрт көтереді. Әрбір мұғалім шығармашылықпен ізденсе, сабақ құрылымының небір тиімді де қызықты үлгі-шаблондарын жасап, өз ісінде пайдалануы анық.
  6. 6. 6 №1 қосымша Информатикадан сабақ құрылымының шаблондары 1. Теориялық дайындық. Бағдарламаның терезесін ашу, оның элементтерімен танысу. Электрондық материалдар. Бағдарламаны арнайы үйрену электрондық оқулығымен танысу, оны пайдалану тәртібі. СИН электрондық оқулығының бағдарламаны үйрету модулін ашу. Оны пайдалану тәртібі. Негізгі құралдар мен амалдар- папка, құжат ашу, жылжыту,көшіру,өшіру, сәндеу, өңдеу, деректер енгізу, сурет қою, көрсету. Жұмыс режимдері – шеберлер, шаблондар, өзің істеу. практика ИНФОРМАТИКА электрондықоқулығын пайдаланутәртібі. Компьютерліксауаттылық электрондықоқулығын пайдаланутәртібі.
  7. 7. 7 2. Мұғаліммен бірге тест тапсыру. ҚАТЕЛЕРМЕН ЖҰМЫС Мұғалім және оқушылар Т Е С Т ТАПСЫРУ КОМПЬЮТЕРДЕ ІСТЕП КӚРСЕТУ ТЕСТ КӚРСЕТУ Н Ә Т И Ж Е
  8. 8. 8 3. Оқушылардың тест тапсыруы. О Қ У Ш Ы Л А Р КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕСТ НӘТИЖЕЛЕР НӘТИЖЕЛЕРДІ ТАЛДАУ БАҒАЛАУ
  9. 9. 9 4. Практикалық үйрету. Бағдарлама жұмысын іс жүзінде кӛрсету. Оқушылар кӛріп отырып, конспектілеп дайындалады. Оқушылар кӛргенін іс жүзінде орындап үйренеді, мұғалім сұрақтарға жауап береді. Оқушылар іс жүзінде мұғалімнің арнайы тапсырмасын орындайды, сақтайды, мұғалім оқушының дағдыларын бағалайды.
  10. 10. 10 5. Оқушылардың практикалық жаттығулары. Оқушылар іс жүзінде мұғалімнің арнайы тапсырмасын орындайды. Мұғалім сұрақтарға жауап береді, білмегенін іс жүзінде кӛрсетеді. Оқушылар біткен жұмысын сақтайды, мұғалімге тапсырады. Мұғалім дағдылар мен жұмыстарды бағалайды.
  11. 11. 11 6. Практикум сабақ. Оқушылар іс жүзінде мұғалімнің арнайы тапсырмасын орындайды. Мұғалім оқушылардың дағдылары мен жұмыс сапасын бақылайды. Оқушылар біткен жұмысын сақтайды, мұғалімге тапсырады. Мұғалім дағдылар мен жұмыстарды бағалайды. Оқушылар іс жүзінде мұғалімнің арнайы тапсырмасын орындайды. Мұғалім оқушылардың дағдылары мен жұмыс сапасын бақылайды. Оқушылар біткен жұмысын сақтайды, мұғалімге тапсырады. Мұғалім дағдылар мен жұмыстарды бағалайды.
  12. 12. 12 7. Шығармашылық сабақ. Оқушылар тапсырма тақырыбын ӛзі таңдайды және орындайды. Мұғалім оқушылардың дағдыларын, жұмыс сапасын, шығармашылығын бақылайды. Оқушылар біткен жұмысын сақтайды, мұғалімге тапсырады. Мұғалім дағдыларды,жұмыстың ӛзіндік ерекшеліктерін бағалайды.
  13. 13. 13 8. Еркін сабақ. Оқушылар компьютерде ӛзі қалаған бағдарламада, қалаған жұмысын істейді. Шеберлігін ұштайды. Мұғалім оқушылардың дағдыларын, жұмыс сапасын, шығармашылығын бақылайды. Оқушылар біткен жұмысын сақтайды, мұғалімге тапсырады. Мұғалім дағдыларды,жұмыстың ӛзіндік ерекшеліктерін бағалайды.
  14. 14. 14 Қорытынды Мұғалім сабаққа дайындықты оның құрылымын ойластырудан бастауы тиіс. Басқа мәселелердің барлығы содан кейін туындайды және өз орнымен шешіледі. Ал сабақ құрылымы дұрыс басқарылмаса, басқа дайындығыңыз- дың жалпы әсері мен тиімділігін күрт түсіріп, немесе тіпті тоқыратып жібереді. Әрбір мұғалімнің әдістемелік қорында көптеген құрылымдық шаблондар жинағы болғаны дұрыс. Олармен тұрақты түрде шығармашылықпен жұмыс істеп, жетілдіріп отыру керек. Және оларды өз орнымен тиімді пайдалана білсе, бұл мұғалімнің ең бір қуатты оқыту құралына айналары күмәнсіз. Құрылымдық жұмыстың тағы бір үлкен пайдасы – мұғалімнің жалпы оқыту ісін жүйелей түседі, өйткені оқыту іс-әрекеті белгілі бір стандарттарға түседі, оқыту біртұтас процесс түрінде қарастырылады, әрбір сабақ, әрбір қимыл-әрекет алдын-ала ойластырылған жоба түрінде ұсынылады. Сабақтар- ды түрлі электрондық материалдардан еркін құрастыру мүмкіндігі туады. Сабақ шығармашылық туындысына айналады.

×