SlideShare a Scribd company logo
1 of 19
Павлодар Облысының әкімдігі
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК
Бекітемін
ҰӘЖ СҚ бөлімшенін бастығы
_____________А. Ж. Исенова
«_____»_____________2016 ж.
Ашық практикалық сабақтың
әдістемелік өңдеуі
Пән: "Терапиядағымедбикелік іс"
Такырыбы:«Бүйрек жетіспеушілігі, бүйрек тас ауруы. Медбикелік үрдісті
ұйымдастыру»
Құрастырған: Байгульжина Ж.З.
Клиникалық пәндері № 1
ЦӘК-ның мәжілісінде
талқыланды және мақұлданды.
Хаттама № ___ ______2016 ж.
ЦӘК төрайымы ____________
Павлодар, 2016 ж
Өткізу күні: 24.11.2016ж.
Топ: 410
Мамандығы: «Медбикелік іс»
Сабақ такырыбы:«Бүйрек жетіспеушілігі, бүйрек тас ауруы. Медбикелік үрдісті
ұйымдастыру»
Сабақ мақсаты:
Білімдік: Бүйрек жетіспеушілігі, бүйрек тас ауруы жайлы ұғындырып, жедел
жағдайларда медбикелік көмек көрсету және олардың асқынуларын алдын алудағы
медбикенің рөлін жете түсіндіру.
Дамытушылық: Студенттердің логикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, теориялық
білімін тереңдете отырып, тәжірибемен ұштастыру, оқуға деген қабілетін дамыту,
бәсекеге қабілетті маман болуға баулу.
Тәрбиелік: білім алушыларды болашақ маман ретінде тәрбиелеу, мамандығына деген
жауапкершілігін, сүйіспеншілігін, төзімділігін қалыптастыру, адамгершілікке үйрету.
Сабақтың типі:білімдер мен дағдыларды машықтау тәжірибелік сабағы.
Сабақтың өткізу формасы:практикалық, өзара оқыту
Өткізу әдіс-тәсілдері:
топпен жұмыс істеу әдісі, түсіндіру әдісі, интерактивті тақтамен жұмыс істеуәдісі слайд-
шоу, видео, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы: «Кім жылдам», «Мозайка», «Постер» ,
«Кластер», «Суреттер сөйлейді», « Аялдама», «Инсерт», «Венн диаграммасы», «Бас
бармақ», рөлдік ойындар: дәрігер –медбике -пациент, «ТВ-шоу», «Почтальон» әдісі,
«Радио-бағдарлама», «жарнама» жасау әдісі, сараптау, саралау, өзін өзі бағалау
Пән аралық байланыс: физиология, анатомия, медбике ісі негіздері, латын тілі,
биология, хирургия, фармакология.
Пән ішілік байланыс: «Пиелонефрит, цистит. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру»,
«Гломерулонефрит. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру»
Құрал-жабдықтар, көрнекті оқу құралдар:
А) құрал-жабдықтар: плакаттар, муляждар, мультимедиялық презентация, флипчарт,
постер, стикерлер, карточкалар, бейнежазбалар, маркерлер
Б) үлестірме материалдар: хаттама материалы, жаңа білім алу үшін жұмыс жасау
алгоритмі, суреттер, схемалар.
В) техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта, ноутбук.
Г) Медициналыққұралдар.
Сабақ ұзақтығы:270 минут
Өткізілетің орны: № 28 кабинет
Әдебиет:
1.Дәріс.
2. "Ішкі аурулар". 1-2 том.
Б.С. Қалимурзина.-Алматы, 2000. 301-314 бет.
3."Терапиядағы медбикелік іс".С.К.Муратбекова, А.Т.Кенжебаева, Л.Б.Абдрахманова.-
Көкшетау, 2006. 264-268,270-272 бет.
4.Мейірбике ісінің негіздері. С.Қ. Мұратбекова -Астана,2007.427-493 бет.
5.Ішкі аурулар пропедевтикасы 2 бөлім. Қ.А. Жаманқұлов -Ақтөбе, 2008, 111-120 бет.
Ғаламтор желілері.
САБАҚТЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
№ Сабақ бөлімдерінің атауы Уақыты- 270 мин.
1 ҰЙЫМДАСТЫРУ –МАҚСАТТЫҚ КЕЗЕҢІ 10 мин.
2 ОПЕРАЦИЯ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗЕҢІ 55 мин
2.1 Теориялық білімнің актуализациясы 47 мин
2.2 Оқу жұмысының мотивациясы 8 мин
3 ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫ МЕҢГЕРУ 60 мин
4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ІСТЕЙТІН ЖҰМЫС 90 мин
5 ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫБЕКІТУ КЕЗЕҢІ 35 мин.
6 РЕФЛЕКСИВТІ-БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ 10 мин
7 САБАҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ 10 мин
7.1 Сабақты қорытындылау 5 мин
7.2 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру 5 мин
САБАҚ БАРЫСЫ
1. ҰЙЫМДАСТЫРУ - МАҚСАТТЫҚ КЕЗЕҢІ - 10 МИН.
Мақсаты: білім алу, дағдылары және іскерлік жағдайын жасау.
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
- студенттердің сыртқы келбетіне, формасына
қарау, аудитория тазалығына қарау.
-студенттердің сабаққа қатынасуын, дайындығын
тексеру.
-құрал-жабдықтардың дайындалуын тексеру
- санитарлық жағдайды тексеру
-Сергіту сәті - «Көңіл күй рецепті» (1 қосымша)
-«Мозайка» әдісі бойынша топшаға бөлу, топ
басшысын сайлау.(2 қосымша)
-жұмыс орнында уақытымен болу
-жұмыс орнын дайындау
-құрал-жабдықтарды дайындау
-өткен материалдың
актуализациясына дайындалу
-бөлінген топша бойынша
топтасуы.
2. ОПЕРАЦИЯ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗЕҢІ - 55 мин
2.1. Үй тапсырмасының актуализациясы- 47 мин
Мақсаты: өткен тақырып бойынша студенттердің білім сапасын бағалау және бақылау.
2.2. Оқу жұмысының мотивациясы - 8 мин.
Мақсаты: студенттердің жаңа тақырыпқа нақты қызығушылықтарын арттыру
3. ЖАҢА БІЛІМДІ,БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫ МЕҢГЕРУ - 60 мин
Мақсаты: жаңа тақырыпта алған білімді бекіту, жүйелеу, ойлау әрекетін белсендіру
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
-фронтальді сұрау «Кім жылдам» әдісі
бойынша сұрақ жауап (3 қосымша)
-«Сиқырлы ұяшық» ойыны (4 қосымша)
-әр топша өздігінен жұмыс істеуге тапсырма
алады: постер құрастыру (5 қосымша)
-қойылған сұрақтарға жылдам жауап
береді.
-Ұяшықта жасырылған сұрақтарды
таңдау арқылы жауап беру.
-постер құрастырады, қорғайды
-бір-бірінін жауаптарын талдайды
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
-Видео көрсету.
- жаңа тақырыпты атауға бағыт беру,
-студенттермен бірге сабақ мақсаттары мен
міндеттерін қою.
-Қосымша мәліметтер беру (6 қосымша)
-ойлау іс әрекеттері белсендіріледі.
- жаңа тақырыпты атау, сабақ
мақсаттары қойылады.
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
-Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, өзара Оқытушыны мұқият тыңдайды.
4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ІСТЕЙТІН ЖҰМЫС - 90 мин
Мақсаты:Тәжірибиеде білімдерін бекіту, клиникалық ойлау қабілетін, жеке жұмыс іс-
әрекеттерін, пациенттермен қарым-қатынасын дамыту.
5.ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫБЕКІТУ КЕЗЕҢІ - 35 мин.
Мақсаты: Білімдерді бекіту.
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
-студенттерге тест ұсынады. (13 қосымша)
-Топтарға шығармашылық тапсырмалар беріледі:
(14 қосымша)
-Тапсырмаларжауаптарынтабады.
-Топтар шығармашылық
тапсырмаларды көрсетеді.
6. РЕФЛЕКСИВТІ-БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ 10 мин
Мақсаты:алған ақпаратты жалпылау, меңгерілген материалға өз қатынасын
қалыптастыру, сабақ нәтижелерін, білім алушылардың жұмысын бағалау.
оқыту әдісін қолдану:
-«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша
тапсырмаларды беру. (7 қосымша)
-«Кластер» құрастыру (8 қосымша)
-«Аялдама» әдісі бойынша диагностикалық
кезеңдеріне сипаттама беру. (9 қосымша)
- «Инсерт» әдісі бойынша берілген мәтін мен
хаттамалардан белгілеу . (10 қосымша)
-тапсырмаларға жауап береді.
-кластер құрастырады.
-алгоритм бойынша диагностикалық
кезеңдеріне сипаттама беру.
-кесте толтырады.
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
 -Топтарға рөлдік ойын көрсетуге
тапсырмалар беріледі. (11 қосымша)
-Өткен сабақта «хат тасушы» әдісімен
таратылған хатқа жауап беру арқылы жүргізіледі.
(12 қосымша)
-Бақылау парақтары арқылы өткізілген
манипуляциялардың дұрыстығын бағалау.
-Оқытушы студенттерге берілген тапсырманың
меңгеру денгейін тексереді, консультативті
көмек көрсетеді.
-Тапсырмалар жауаптарын табады.
-рөлдерге бөлінеді.
-шоу ұйымдастырады.
- хат жауабындағы алгоритмдеріндегі
манипуляциялар орындауын
автоматизмға дейін жеткізеді.
- Оқытушыға бағалау үшін бағалау
парақтарын тапсырады.
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
-«Венн диаграммасын» құрастыру.(15 қосымша)
- студенттердің істеген тапсырмалар денгейі мен
сапасын талдайды.
«Бас бармақ» әдісі бойынша жауап беру.
(16 қосымша)
-сұрақтарға жауап береді,
қорытындылайды,
-сабақта кездескен оң және теріс
жағдайлар, қиыншылықтар туралы өз
пікірін білдіреді.
7. САБАҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ - 10 мин
7.1 Сабақты қорытындылау - 5 мин.
Мақсаты:Қорытындылау, білім алушылардың таным іс –әрекетін бағалау.
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
-Сабақты қорытындылайды, алынған бағаларды
түсіндіреді.
-ең үздік оқушыларды мақтайды, әр студентті
бағалайды
-жұмысының артықшылықтары мен кемістігін айтады.
-Бағалау парағында балдарды санау.
(17 қосымша)
Өз мүмкіндіктерін бағалайды.
7.2 Үйтапсырмасыбойыншамәлімет беру – 5 минут
Мақсаты:Білімалушылардыжаңаматериалдызерттеугебағыттау.
Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті
-келесі сабаққа тапсырма береді, қиын жерлеріне назар
аударады, оқулықтың авторын, оқитын беттерін
белгілендіреді.
-«Үш деңгейлік тапсырма» әдісімен тапсырма
таратылады.
(18 қосымша)
Дәптерлерінде үй тапсырмасын
белгілейді
Қосымша № 1
Сабақта жағымды психологиялық жағдай жасау мақсатында оқытушы студенттерге
«Көңіл күй рецепті» жазуларын сұрайды. Әр студент "рецепт"жазады.Ынтымақтастық
ахуалын қалыптастыру.
Мысалы: Rp.: Білімділік
Тапқырлық
адамгершілік
шыдамдылық
әділдік
ептілік
сыйластық
D.S. сәттілік
Қосымша № 2
«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.Студенттің өзіне сенімділігін арттырады.
Суреттежасырылғанбүйрек топографиясы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп,
студенттер қиманы біріктіру арқылы топтасады, топ басшысын сайланады:
1 топ нефрон
2 топ пирамида.
Әрбір топқа бағалау парағы беріледі.
Сұрақтар:
1.Оң жақ бүйректің алдыңғы беті жоғарғы жағына қай мүшемен жалғасады?
2. Оң жақ бүйректің ортаңғы латеральды бөлігінде қандай мүшелер орналасқан?
3. Оң жақ бүйректің төменгі бөлігі қандай мүшемен бүйрек шұңқырын құрайды?
Жауабы:
1.Бауыр.
2. Тоқ ішекті жоғарғы өрлеу иірімі.
3. Ащы ішек.
Сұрақтар:
1.Сол жақ бүйректің алдыңғы беті қай мүшенің жоғарғы шетімен шектеледі?
2. Сол жақ бүйректің жоғарғы латеральді бөлі қандай мүшемен көршілес орналасқан?
3. Сол жақ бүйректің төменгі латеральды бөлігі қандай мүшемен шектеледі?
4. Сол жақ бүйректің төменгі бөлігі қандай мүшемен жанасады?
Жауабы:
1.Асқазаның жоғарғы шетімен.
2.Көкбауыр.
3.Тоқ ішектің төменгі өрлеу бөлігі.
4.Жіңішке ішек.
Қосымша № 3
Студенттерден фронтальді сұрау«Кім жылдам» әдісімен сұрақ жауап ретінде
терминдербойынша жүргізіледі.
Бағалау критерийлері:1 сұрақ-1 балл
6 балл жоғары «5» жауап дұрыс
5 балл жоғары «4» жауап дұрыс
4 балл жоғары «3» жауап дұрыс
1. Олигурия- тәуліктік диурездің азаюы
2. Полиурия- тәуліктік диурездің көбеюі
3. Анурия- несеп түзілуінің тоқтауы
4. Гематурия- қан аралас несеп
5. Протеинурия- несепте ақуыздың болуы
6. Дизурия- зәр шығару жолының ауыруы
7. Пиурия- несепте ірің болуы
8. Цилиндрурия- несепте цилиндр болуы
9. Гипостенурия- салыстырмалы тығыздығының төмендеуі
10. Гиперстенурия- салыстырмалы тығыздығының жоғарлауы
11. Никтурия- түнгі зәрдің жоғарлауы
12. Поллакурия- зәрдің өте көп бөлінуі
13. Странгурия- зәрдің ауырсынып шығуы
14. Ишурия- қуықтың өздігінен босаңсымауы
15. Уролитиаз- бүйректе тас болуы
16. Энурез- несепті ұстай алмауы
17. Ариния- бүйректің қабынуы
18. Бактериурия- микробтың несеппен бөлінуі
19. Изурия- зәрдің тәулік бойы бірдей мөлшерде бөлінуі
20. Уремия-несеп қышқылының концентрациясының қанда көбеюі
21. Глюкозурия-қанда глюкозаның болуы
Қосымша № 4
«Сиқырлы ұяшық» ойыны: үш деңгейдегі 5 сұрақтан тұратын ұяшықтар ұсынылады.
Студент ұяшық таңдау арқылы балдық ұпайға қарап, сұрақтарға жауап береді, өз
мүмкіндіктеріне қарай тапсырма орындайды.
Бағалау критерийлері:
30 ұпайдан жоғары «3» жауап толық емес
40 ұпайдан жоғары «4» дұрыс, толық емес
50 ұпайдан жоғары «5» жауап дұрыс
3 деңгейлік сұрақтар:
А:
1. Цистит деген не?
Қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы.
2. Гломерулонефрит деген не?
Бүйрек шумақтарының екі жақты жайылмалы иммунды ауруы.
3. Цистит ауруының қоздырғыштары?
Ішек таяқшасы, протей, стафилакокк, т.б инфекциялар
4. Пиелонефрит деген не?
Инфекциядан туындайтын бүйректің қабынбалы ауруы.
5.Пиелонефриттің этиологиясын атаңыз?
Аутоинфекция, ішек таяқшалары, энтерококктар, экзоинфекция, бактериялар.
В:
1. Поллакиуриялық синдромға не жатады?
Полиурия, полидепсия, ұйқысының бұзылуы, циститке тән белгілер болуы (зәрдің
ауырсынып шығуы, үрпінің сыздап ауруы.)
2. Жедел гломерулонефрит негізгі клиникалық белгілері?
Ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауруы, артериялық қысымның көтерілуі,
ет жуындысы түсіндей зәр түсінің өзгеруі.
3. Пиелонефритке тән жалпы зәр анализіндегі белгі?
Лейкоцитурия, бактериурия, цилиндрурия, протеинурия, гипостенурия, микрогемотурия
4. Гломерулонефрит жіктелуі
Жедел, жеделдеу, созылмалы: (латентті, гипертониялық, нефротикалық, аралас,
гематуриялық)
5. Пиелонефрит кезіндегі экскреторлы урографиядағы өзгерістерді атаңыз ?
Зақымданған бүйректен контрасттық зат кешігіп бөлінеді,тостағаншалардың түйілуі
байқалады, пішіні өзгереді, колба саңырауқұлақ тәрізді болып кетеді
С:
1. Жедел гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде зәрде қандай өзгерістер болуы
мүмкін?
Олигурия, анурия.
2. Жедел гломерулонефриттің асқынулары ?
Бүйрек жедел шамасыздығы, жедел бүйректік гипертензия, энцефалопатия
3. Созылмалы пиелонефриттің жіктелуі ?
Зақымдануына байланысты: Біріншілік, екіншілік
Орналасуына байланысты:Бір жақты, қос жақты, жалғыз бүйректік .
Ауру фазасына байланысты:Өршу, ремиссия, тұрақсыз ремиссия.
Өту барысына байланысты:Латеннті, рецидивті, үдемелі.
Асқынуына байланысты: Артериялық гипертензия, С.Б.Ж., паранефрит, гидронефроз,
анемия .
4. Жедел бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі олигоурия кезеңдегі синдромдарды
атаңыз ?
Несептік(зәр түсі қоюланған,лайлы қан аралас, салыстырмалы тығыздығы төмен,
тәуліктік диурез 400 мл, анурия,гипостенурия , протеинурия,цилиндрурия),
интоксикациялық (ұйқышылдық, бас ауруы, тырысу, астения,шаршағыштық),
анемилық (анемия, мочевина, креатинниннің жоғарылуы) .
5. Гломерулонефрит кезіндегі диетотерапия қалай жүргізіледі?
Тамақтануға қойылатын талаптар- су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр,
артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және экламсияалды белгілерібайқалса,
онда науқасты 2-3 кун аш ұсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қан қысым қалпына
келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін
6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 тәулігіне).
Қосымша № 5
Топ мүшелері бірігіп, өздігінен жұмыс істеуге тапсырма алады, сұрақтарды талқылайды,
өз жауаптарын постерге түсіреді, қорғайды.Тақырыпты жеребе арқылы таңдайды.
«Постер» қорғау критерийі.
Критерий Дескриптор Жетістік
деңгейі
бағасы
А.Мазмұны Тақырып мазмұны толық ашылды. Жақсы әсемделген,
сурет, символ, белгілер қолданылған. Ойды жеткізу тілі
3 5
түсінікті болды. Тақырыпты өзге қырынан аша білді
Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыруқажет.
Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді.
Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін
пайымдады.
2 4
Тақырып мазмұны жартылай ашылды. Толық емес
сурет салған.Ойды жеткізе білді, қыстырма сөздер көп
қолданылды.
1 3
Тақырып мазмұны ашылмады. 0 2
Қосымша № 6
Видео көрсету: жаңа тақырыпты атауға бағыт беру, студенттермен бірге сабақ
мақсаттары мен міндеттерін қою. Студенттердің қызығушылығын арттыру үшін
қызықты, статистикалық мәліметтермен таныстырады:
Несептас ауруы (уролитиаз) көп тараған аурулардың бірі. Ертедегі Мысырда, біздің
дәуірімізге дейінгі 3,5-4 мың жыл бұрын өмір сүрген адам мумиясынан бүйрек тасы
табылған. Несеп тасы ауруы урологиялық аурулардың ішіндегі бүйрек пен несеп
жүйесінің қабыну ауруларынан кейінгі екінші орында тұр. Экологиялық және әлеуметтік
өзгерістерге байланысты біздің елімізде бұл аурудың таралу ерекшелігін зерттеу, көбею
себептерін анықтау, диагностикасын және емдеу тәсілдерін жетілдіру, аурудың
метафилактикасы мен профилактикасы қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі.
Өйткені несеп тасы ауруының өсуі жылдан жылға артып барады, ол урологиялық
стационардағы науқастардың 30-40% құрайды және осы аурулардың 65-70% еңбекке
жарамды 30-50 жас аралығында кездеседі. Несеп тасы ауруын емдеу кезінде
нефрэктомияға 10-11% жағдайында пайда болады, ал операциядан кейінгі өлім 1,5%
жетеді. Алғашқы мүгедектік урологиялық аурулардың ішінде несептас сырқаты 14%
құрайды. Одан өзге заманауи тексеріс әдістерінің және жедел емдеудің қымбатқа түсуі,
қайта қалпына келу мерзімінің ұзақтығы, науқастардың еңбекке жарамсыздығы,
аурудың рецидивті (қайталама) өтуі 35–38%, метафилактиканың тиімділігінің
жеткіліксіздігі мәселені күрделендіре түседі. Соңғы жылдары Павлодар облысында несеп
тасы ауруының сырқаттанушылығының көрсеткіштерінің артуы байқалады. 2013ж 378
адам, 2014ж 369 адам, 2015ж 386 адам, бұл 100000 адамға шаққанда байқалған
көрсеткіш.
Қосымша № 7
«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша тапсырмаларды беру. Суреттер бойынша бүйректің
анатомиялық физиологиялық ерекшеліктерін, топографиясын, этиологиясын табады.
Әр топтан студенттер қойылған сұрақтарға жауап береді.
Бағалау критерийлері: 1 сұрақ-1 балл
5 балл жоғары «5» жауап дұрыс
4 балл жоғары «4» жауап дұрыс
3 балл жоғары «3» жауап дұрыс
Қосымша № 8
«Кластер» құрастыру. Әр топша өздігінен жұмыс істеуге тапсырма алады, сұрақтарды
талқылайды, өз жауаптарын кластерге түсіреді, қорғайды.
Критерий Балл Дескриптор
«Кластер»
құрастыру.
3
Тапсырманы орындады, топтың кейбір мүшелері толық
қатыспады. Мәлімет толық емес.
4
Тапсырманы орындады,топтың мүшелері толық қатысты.
Мәлімет жеткіліксіз.
5
Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері
ойларын толық жеткізген. Мәлімет жеткілікті.
Қосымша № 9
«Аялдама» әдісі бойынша диагностикалық кезеңдеріне сипаттама беру. Студенттер өз
тапсырмалары бойынша зерттеулерге жолдама жазып, алгоритмдерді орындайды.
Бағалау критерийлері:
1 балл – жауап дұрыс және толық
0,5 балл – толық емес жауап
0 балл – жауап дұрыс емес
№1 аялдама. жалпы қан анализіне, биохимиялық анализге вакуумдық жүйе арқылы қан
алу.
№2 аялдама. Жалпы зәр анализіне несеп жинау
№3 аялдама. Нечипоренко тәсілімен несеп жинау
№4 аялдама. Зимницкий тәсілімен несеп жинау
№5 аялдама. Науқасты экскреторлы урографияға дайындау
№6аялдама. Науқасты цитоскопияға дайындау
№7аялдама. Тәуліктік диурез мөлшерін өлшеу
№8 аялдама. Тазалау клизмасын жасау.
№9 аялдама. Көк тамырға венозды катетер қою
Қосымша № 10
«Инсерт» әдісі бойынша берілген мәтін мен хаттамалардан белгілеу. Кесте толтыру.
Кесте нәтижелері мен сабақтың келесі кезеңдерінде жұмыс істеу.
V + - ?
Білдім Бұл маған жаңалық Менің ойыма
қарама-қайшы
Бұл туралы көбірек
білгім келеді
Қосымша № 11
Топтарға тапсырмалар беріледі.Тапсырма жеребе салу арқылы беріледі. Рөлдік ойын
көрсету.«Медбикелік үрдіс картасын» толтыру.
1 топ: Бүйрек жетіспеушілік кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдастыру.
2 топ: Бүйрек тас ауруы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдастыру.
Студенттер рөлдерге бөлінеді. Бағалау критерийлері:
Критерий Дескриптор Жетістік
деңгейі
бағасы
Мазмұны Тақырып мазмұны толық ашылды, 3 5
Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру
қажет
2 4
Тақырып мазмұны жартылай ашылды 1 3
Тақырып мазмұны ашылмады 0 2
Қосымша № 12
Өткен сабақта «хат тасушы» әдісімен таратылған хатқа жауап беру арқылы жүргізіледі.
Алгоритмдеріндегі манипуляциялар орындауын автоматизмға дейін жеткізеді. Бақылау
парақтары арқылы өткізілген манипуляциялардың дұрыстығын алгоритм реттілігімен
бағалау.
Бағалау критерийлері:
1 балл – жауап дұрыс және толық
0,5 балл – толық емес жауап
0 балл – жауап дұрыс емес
1 Хаттық тапсырма
Құрметті студент! Сізден науқасқа тері ішіне енгізу алгоритмін жасауыңызды
сұраймын. Алгоритм реттілігін дайындаңыз.
2 Хаттық тапсырма
Құрметті студент!Сізден науқасқа 1 мл 0.2% платифиллинерітіндісінтері астына енгізу
алгоритмін жасауыңызды сұраймын. Алгоритм реттілігін дайындаңыз.
3 Хаттық тапсырма
Құрметті студент! Сізден науқасқа 2—4 мл 2% но-шпа ерітіндісін бұлшық ет ішіне
енгізу алгоритмін жасауыңызды сұраймын. Алгоритм реттілігін дайындаңыз.
4 Хаттық тапсырма
Құрметті студент! Сізден науқасқа баяу 5 мл баралгинерітіндісін көк тамыр ішіне енгізу
алгоритмін жасауыңызды сұраймын. Алгоритм реттілігін дайындаңыз.
5 Хаттық тапсырма
Құрметті студент! Сізден науқасқа 200.0 натрий хлор ерітіндісіне 4 мл С дәруменінкөк
тамырға тамшылатып енгізу алгоритмін жасауыңызды сұраймын. Алгоритм реттілігін
дайындаңыз.
6 Хаттықтапсырма
Құрметті студент!1:2 1000000 Б 640 мг антибиотиктерді еріту және енгізу алгоритмін
көрсетуге дайындалып келіңіз!Алгоритм реттілігін дайындаңыз.
7 Хаттықтапсырма
Құрметті студент!әйел адамға катетр қою алгоритмін көрсетуге дайындалып келіңіз!
Алгоритм реттілігін дайындаңыз.
Қосымша № 13
Оқытушы студенттерге тақырыптар бойынша тесттілеу арқылы студенттердің білім
деңгейін тексереді.
Бағалау критерийлері:
Балл
90-100
Орындалу %
90 - 100
Традициялық жүйе
Үздік
75 -89 89 - 75 Жақсы
74-50 74 - 50 Қанағаттанарлық
49 одан> 49 - 0 Қанағаттанарлықсыз
1-нұсқа
1. Бүйрек тас ауруын ғылыми түрде қалай атаймыз?
А. Полиурия
B. Анурия
C. Поллакиурия
D. Уролитиаз
E. Никтурия
2. Несептас ауруының негізгі симптомдарын атаңыз?
А. Бел аймағындағы ауру сезімі
В. Зәрді ұстай алмаушылық
С. Никтурия
D.Артериальды гипертензия
E.Субфебрильді температура
3. Бүйректік шаншуды тудыратын себептер?
А .Созылмалы пиелонефрит
В. Несепағардың қосарлануы
С. Несепағардың аллергиялық ісінуі
D. Іріңдіктер
Е. Бүйрек және жоғарғы зәр шығару жолдарының тастары
4. Несептас ауруының асқынуларын атаңыз?
А.Нефроптоз
В.Парадоксальды ишурия
С.Жедел іріңді пиелонефрит
D.Созылмалы пиелонефрит
Е.Ренальды анурия
5.Тәулігіне ересек адамдарда диурез мөлшері қанша болады?
А. 1,5л
B. 1,8-2,0л
C. 2-2,5л
D. 1,8-2,5л
E. 2,0-2,6л
6. Несеп шығарылуының тәулігіне 2-15л астам көбеюі не деп атаймыз?
А. Полиурия
B. Анурия
C. Поллакиурия
D. Уролитиаз
E. Никтурия
7. Гематурияның пайда болған көзін табу мақсатында жүргізілетін аспаптық
зерттеуді атаңыз?
А.Қуықты катетрлеу
В. Кеңейтілген рентгенографиясы
С. Экскреторлы урография
D. Цистоскопия
Е. Цистография
8. Бүйрек зақымдануының негізгі белгісі- үштік симптомдар
А.Бел аймағындағы, іштің төменгі аймақтарындағы ауру сезімдері, гематурия
В.Бел аймағындағы ауру сезімі және оның ісінуі, гематурия
С.АҚ төмендеуі, іштің төменгі аймақтарындағы ауру сезімі, гематурия
D.Гематурия, протеинурия, АҚ төмендеуі
Е.Лейкоцитурия, гематурия, бел аймағындағы ауру сезімі.
9. Анурия дегеніміз не?
А.Несеп шығарылуының тәулігіне 2-15л
B. Несеп шығарылуыныың тәулігіне 500-600мл
C. Несеп шығарылуының болмауы
D. Несептің түнде көп бөлінуі
E. Несептің жиі шығуы
10. Жедел пиелонефритке тән симптомдар триадасын атаңыз?
А. Жоғары температура, белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі
В. Белде ауыру сезімі,зәрдің өзгеруі , анурия
С. Жоғары температура, белде ауыру сезімі,анурия
D. Жоғары температура, зәрдің өзгеруі,анурия
Е. Белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі, ишурия
2-нұсқа
1. Анурия кезінде қанша зәр түзіледі?
А.500 мл
В. 100-250 мл
С.250-500 мл
D.0 мл
Е. 0 ден 100 мл дейін
2. ЖБЖ (жедел бүйрек жетіспеушілігі) неше кезеңге жіктеледі?
А.2
В.3
С.4
D.1
Е.5
3. Олигоанурия түсінігіне не кіреді?
А. Диурездің 1000 мл дейін төмендеуі
В. Диурездің 800 мл дейін төмендеуі
С. Диурездің 500 мл. дейін және одан төмендеуі
D. Күндізгі диурездің түнгіге қарағанда төмендеуі
Е. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі
4. Науқаста жедел бүйрек жетіспеушілігі дамығанын қалай тану керек?
А.Кенеттен бүйрек қызметінің төмендеуі мен қанда азот алмасуы өнімдерінің
жоғарылауы байқалады
В. Кенеттен бүйрек қызметінің жоғарлауы мен қанда азот алмасуы өнімдерінің
төмендеуі байқалады
С. кенеттен бүйрек қызметінің жоғарлауы мен қанда азот алмасуы өнімдерінің
жоғарылауы байқалады
D. Бүйрек қызметінің қалыпты қызметі мен қанда азот алмасуы өнімдерінің жоғарылауы
байқалады
Е. дене қызуының көтерiлуi,несептiң жедел тоқтауы.
5. СБЖ-нің(созылмалы бүйрек жетіспеушілігі) жиі және ерте белгілерін атаңыз?
А.Субфебрильді температура
В.Полиурия
С. Тершеңдік
D. Бел аймағындағы ауру сезімі
Е. Зәр шығарғандағы сыздау
6. Несеп шығарылуының тәулігіне 2-15л астам көбеюі не деп атаймыз?
А. Полиурия
B. Анурия
C. Поллакиурия
D. Уролитиаз
E. Никтурия
7. Ишурия – бұл…
А. Күшенгендегі зәрдің қуықтан бөлінуі
В. Ауру сезімді зәр шығару
С.Қиындаған зәр шығару
D.Зәр шығарудың толық кідіруі
Е. Қуықта зәрдің болмауы
8. ЖБЖ кезінде қандай жүйелержиірек зақымдалады?
А. Жүйке жүйесі
В. Тірек-қимыл жүйесі
С. Эндокринді
D. Иммунологиялық
Е.Жүрек-қантамыр
9. Жедел іріңді пиелонефрит кезіндегі бүйректегі өзгерістер сипатталады?
А. Қантамырларының өтімділігінің бұзылысымен
В.Бүйрек тiннiң деструкциясы (каналдар мен шумақтардың
С. Аралық тінде микробтардың жиналуы
D. Бүйрек тіннің деструкциясы (каналдар мен шумақтардың)
Е. Аралық тіннің лейкоцитарлы инфильтрациясы
10. Бүйректік шаншу – симптомы ,ол жиі байқалады?
А.Бүйрек кистасында;
В. Ренальды гипертензияда;
С.Бүйрек пен несепағардың тастарында;
D.Бүйрек поликистозында;
Е.бүйрек аплазиясында.
3-нұсқа
1. Жедел пиелонефритке тән симптомдар триадасын атаңыз:
А. Жоғары температура, белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі;
В. Белде ауыру сезімі,зәрдің өзгеруі , анурия;
С. Жоғары температура, белде ауыру сезімі, анурия
D.Жоғары температура, зәрдің өзгеруі, анурия;
Е. Белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі, ишурия.
2. Бүйрек зақымдануының негізгі белгісі- үштік симптомдарды атаңыз?
А.Бел аймағындағы, іштің төменгі аймақтарындағы ауру сезімдері, гематурия
В.Бел аймағындағы ауру сезімі және оның ісінуі, гематурия
С.АҚ төмендеуі, іштің төменгі аймақтарындағы ауру сезімі, гематурия
D.Гематурия, протеинурия, АҚ төмендеуі
Е.Лейкоцитурия, гематурия, бел аймағындағы ауру сезімі.
3. Жалған протеинурия неге байланысты?
А.Бүйрек қызметіне
В.Қуық қызметіне
С.Зәрдегі қан мен іріңнің % мөлшерде болуы
D.Конкременттер болуына
Е.Зәрдегі оксалаттардың болуына
4. Созылмалы пиелонефритте жасырын лейкоцитурияны зерттеу әдісін атаңыз?
А .Жалпы зәр анализі
В. Нечипоренко сынамасы, преднизолды тестпен
С. Зимницкий сынамасы
D. Реберг сынамасы
Е. Зәрді бактериялогиялық тексеру
5. Гематурияның пайда болған көзін табу мақсатында жүргізілетін аспаптық
зерттеуді атаңыз?
А.Қуықты катетрлеу
В.Кеңейтілген рентгенографиясы
С.Экскреторлы урография
D.Цистоскопия
Е. Цистография
6. Ишурия – бұл…
А. Күшенгендегі зәрдің қуықтан бөлінуі
В. Ауру сезімді зәр шығару
С.Қиындаған зәр шығару
D.Зәр шығарудың толық кідіруі
Е. Қуықта зәрдің болмауы
7. Жедел пиелонефритке тән үштік симптомын атаңыз?
А. Жоғары дене қызуы, бел аймағындағы ауру сезімі, зәрдің өзгеруі.
В. Анурия, бел аймағындағы ауру сезімі, зәрдің өзгеруі
С. Жоғары дене қызуы, бел аймағындағы ауру сезімі, анурия
D.Жоғары дене қызуы, анурия, зәрдің өзгеруі
Е. Жоғары дене қызуы, зәрдің өзгеруі, ишурия
8. Бүйрек шаншуындағы ауру сезімінің типтік иррадиациясы?
А. Иыққа, жауырынға;
В. Төстің семсер тәрізді өсіндісіне;
С. Эпигастральды аймаққа;
D. Бел аймағы және несепағар бойына;
Е. Мойынға.
9. Жедел іріңді пиелонефриттің қауіпті асқынуы болып табылады?
А. Азотемия;
В. Анурия;
С. Бактериотоксикалық шок;
D. Гепаторенальды синдром;
Е. Бүйрек емізікшелерінің некрозы.
10.Анурияның түрлерін атаңыз?
А. Преренальды, ренальды, постренальды
В. Аренальды, ренальды, постренальды
С. Олиго-диуретикалық, полиуритикалық, сауығу
D. Аренальды, преренальды, ренальды, постренальды
Е. Ануриялық олигоуриялық, полиуриялық
4-нұсқа
1. СБЖ кезінде тыныс алу ағзаларындағы өзгерістерді атаңыз?
А. Барлық өкпе алаңында құрғақ сырылдар
В. «сулы» өкпе
С. Қатаң тыныс
D. Өкпе эмфиземасы
Е. Везикулярлы тыныстың әлсіреуі
2. Несептің түнде көп шығарылуын қалай атаймыз?
А. Никтурия
B. Анурия
C. Поллакиурия
D. Уролитиаз
E. Полиурия
3. Несептас ауруының асқынуларын атаңыз?
А. Нефроптоз
В. Парадоксальды ишурия
С. Жедел іріңді пиелонефрит
D. Созылмалы пиелонефрит
Е. Ренальды анурия
4.Тәулігіне ересек адамдарда диурез мөлшері қанша болады?
А. 1,5л
B. 1,8-2,0л
C. 2-2,5л
D. 1,8-2,5л
E. 2,0-2,6л
5. ЖБЖ кезінде қандай жүйелержиірек зақымдалады?
А. Жүйке жүйесі
В. Тірек-қимыл жүйесі
С. Эндокринді
D. Иммунологиялық
Е.Жүрек-қантамыр
6. Жалған протеинурия неге байланысты?
А. Бүйрек қызметіне
В. Қуық қызметіне
С. Зәрдегі қан мен іріңнің % мөлшерде болуы
D. Конкременттер болуына
Е. Зәрдегі оксалаттардың болуына
7. Поллакиурия дегеніміз не?
А. Несеп шығарылуының тәулігіне 2-15л
B. Несеп шығарылуыныың тәулігіне 500-600мл
C. Несеп шығарылуының болмауы
D. Несептің түнде көп бөлінуі
E. Несептің жиі шығуы
8. СБЖ диагностикасында қандай бүйректік сынама мен зәр құрамын сандық
анықтау әдісі маңызды болып табылады ?
А. Нечипоренко сынамасы
В. Преднизолонды тест
С. Зимницкий сынамасы
D. Говард сынамасы
Е. Адиса-Каковский сынамасы
9.Пародоксальды ишурия – бұл…
А. Кешіккен зәр шығарудың жоғарылауы
В. Зәр шығарудың қиындауы
С. Қиындаған жиі зәр шығару
D. Толып кеткен қуықтан зәрдің тамшылап бөлінуі
Е. Зәрді ұстай алмау
10. Таға тәрізді бүйрекке тән негізгі шағымдар болып табылады?
А. Кіндік айналасындағы ауру сезімі;
В. Бел аймағындағы ауру сезімі;
С. Поллакиурия;
D. Полиурия;
Е. Никтурия.
Қосымша № 14
Топтарға шығармашылық тапсырмаларберіледі. Шығармашылық жұмыстармен
айналысады. Меңгеру дәрежесі тексеріледі. Аурудың алдын алу шараларына мән
беріледі.
1 топ: "Жан дауа" ТВ-шоу ұйымдастыру.
2 топ:Радио-бағдарлама құру
Қосымша № 15
«Венн диаграммасын» құрастыру. Топшаларға тапсырма беріледі. Ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын венн диаграммасына стикер жабыстыру арқылы түсіреді.
1 топ: Бүйрек жетіспеушілігі 2 топ: Бүйрек тас ауруы
Қосымша № 16
студенттердің істеген тапсырмалар денгейі мен сапасын талдайды, жіберілген
қателерін дұрыстайды, тақырып бойынша жалпы қорытынды береді.
Сұрақ қойып сұхбат жүргізу.
Сұхбат:
Сабақтың қай кезеңі ұнады?
Қандай қиындықтар болды?
Қалай ойлайсыңдар, жаңа тақырыпты қандай деңгейде меңгердіңіздер?
«Бас бармақ» әдісі бойынша жауап беру. Түсінгендері бас бармағын жоғары, жартылай
түсінгендері бас бармағын жанына қаратады, түсінбегендері бас бармағын төмен
қаратады.
Оқытушы белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды.
Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрайды.
Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.
Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқытушы
қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы тиіс.
Тыңдалған жауаптардың қорытындыларына қарай ұстаз өткен тақырыпты қайталап,
білімдерін бекіту немесе тақырыпты меңгертуді жалғастыра беру жайлы шешім
қабылдайды. Егер оқушылар тақырыпты қайта түсінбегендей жағдайда болса, оқытушы
тағы тексеру жұмысын жүргізуі тиіс.
Қосымша № 17
Сабақты қорытындылайды, алынған бағаларды түсіндіреді, ең үздік оқушыларды
мақтайды, әр студентті бағалайды, жұмысының артықшылықтары мен кемістігін
айтады.
Бағалау парағында балдарды санау.
Қосымша № 18
«Үш деңгейлік тапсырма» әдісімен тапсырма таратылады.
1 деңгей міндетті тапсырма: келесі сабаққа тапсырма береді, қиын жерлеріне назар
аударады, оқулықтың авторын, оқитын беттерін белгілендіреді.
"Ішкі аурулар". 1-2 том.
Б.С. Қалимурзина.-Алматы, 2000. 301-314 бет.
"Терапиядағы медбикелік іс". С.К. Муратбекова, А.Т. Кенжебаева, Л.Б. Абдрахманова.-
Көкшетау, 2006. 264-268, 270-272 бет.
2 деңгей жаттықтырушы тапсырма: «Медбикелік үрдіс картасын» толтыру.
3 деңгей шығармашылық тапсырма:чайнворд, жағдайлық есеп.
№1 тапсырма. Медбикелік дигноз: бел тұсындағы ауырсыну медбикелік үрдіс картасын
толтырыңыз.
№2 тапсырма. Бүйрек жетіспеушілігі тақырыбы бойынша чайнворд құрастырыңыз.
№3 тапсырма. Бүйрек тас ауруы тақырыбы бойынша жағдайлық есеп құрастырыңыз
№4 тапсырма. Бүйрек жетіспеушілігі тақырыбы бойынша симуляциялық сценарий
құрастырыңыз.
№5 тапсырма. Медбикелік дигноз: зәр түсінің өзгеруі медбикелік үрдіс картасын
толтырыңыз.
№6 тапсырма. Бүйрек тас ауруы тақырыбы бойынша жуан-жіңішке сұрақтар
құрастырыңыз.
№7 тапсырма. Бүйрек жетіспеушілігі тақырыбы бойынша эссе жазыңыз.

More Related Content

Similar to ашық сабақ

Су- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзіСу- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзіNurlan Abilhanov
 
реабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокреабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокoquzaman
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушиминAsem Sarsembayeva
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздікoquzaman
 
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»Кызгалдак Наурзалиева
 
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сын түрғысынан ойлау ...
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы  оқушылардың  сын түрғысынан ойлау  ...Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы  оқушылардың  сын түрғысынан ойлау  ...
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сын түрғысынан ойлау ...Айбек Қуандықұлы
 
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptxssuserebf866
 
++ПЕД 300 АЛФАВИТ.pdf
++ПЕД  300  АЛФАВИТ.pdf++ПЕД  300  АЛФАВИТ.pdf
++ПЕД 300 АЛФАВИТ.pdfcfs785s6n9
 

Similar to ашық сабақ (20)

Су- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзіСу- тіршілік көзі
Су- тіршілік көзі
 
22 26.042013
22 26.04201322 26.042013
22 26.042013
 
шарикбаева ш.д коучинг
шарикбаева ш.д  коучингшарикбаева ш.д  коучинг
шарикбаева ш.д коучинг
 
122okokoko
122okokoko122okokoko
122okokoko
 
62185
6218562185
62185
 
реабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урокреабилитация онлаин урок
реабилитация онлаин урок
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
 
242458
242458242458
242458
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздік
 
фыы
фыыфыы
фыы
 
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»
 
16424rtrtrtrt
16424rtrtrtrt16424rtrtrtrt
16424rtrtrtrt
 
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сын түрғысынан ойлау ...
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы  оқушылардың  сын түрғысынан ойлау  ...Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы  оқушылардың  сын түрғысынан ойлау  ...
Жаңашыл әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сын түрғысынан ойлау ...
 
открытый урок 2016
открытый урок 2016открытый урок 2016
открытый урок 2016
 
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx
8 еминар Қадырханова Ж.Ж.pptx
 
++ПЕД 300 АЛФАВИТ.pdf
++ПЕД  300  АЛФАВИТ.pdf++ПЕД  300  АЛФАВИТ.pdf
++ПЕД 300 АЛФАВИТ.pdf
 
9559,nmnknk
9559,nmnknk9559,nmnknk
9559,nmnknk
 
Ss
SsSs
Ss
 
архимед күші
архимед күшіархимед күші
архимед күші
 
статья
статьястатья
статья
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

ашық сабақ

  • 1. Павлодар Облысының әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар медициналық жоғары колледжі» КМК Бекітемін ҰӘЖ СҚ бөлімшенін бастығы _____________А. Ж. Исенова «_____»_____________2016 ж. Ашық практикалық сабақтың әдістемелік өңдеуі Пән: "Терапиядағымедбикелік іс" Такырыбы:«Бүйрек жетіспеушілігі, бүйрек тас ауруы. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру» Құрастырған: Байгульжина Ж.З. Клиникалық пәндері № 1 ЦӘК-ның мәжілісінде талқыланды және мақұлданды. Хаттама № ___ ______2016 ж. ЦӘК төрайымы ____________ Павлодар, 2016 ж
  • 2. Өткізу күні: 24.11.2016ж. Топ: 410 Мамандығы: «Медбикелік іс» Сабақ такырыбы:«Бүйрек жетіспеушілігі, бүйрек тас ауруы. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру» Сабақ мақсаты: Білімдік: Бүйрек жетіспеушілігі, бүйрек тас ауруы жайлы ұғындырып, жедел жағдайларда медбикелік көмек көрсету және олардың асқынуларын алдын алудағы медбикенің рөлін жете түсіндіру. Дамытушылық: Студенттердің логикалық ойлау қабілетін жетілдіріп, теориялық білімін тереңдете отырып, тәжірибемен ұштастыру, оқуға деген қабілетін дамыту, бәсекеге қабілетті маман болуға баулу. Тәрбиелік: білім алушыларды болашақ маман ретінде тәрбиелеу, мамандығына деген жауапкершілігін, сүйіспеншілігін, төзімділігін қалыптастыру, адамгершілікке үйрету. Сабақтың типі:білімдер мен дағдыларды машықтау тәжірибелік сабағы. Сабақтың өткізу формасы:практикалық, өзара оқыту Өткізу әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс істеу әдісі, түсіндіру әдісі, интерактивті тақтамен жұмыс істеуәдісі слайд- шоу, видео, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы: «Кім жылдам», «Мозайка», «Постер» , «Кластер», «Суреттер сөйлейді», « Аялдама», «Инсерт», «Венн диаграммасы», «Бас бармақ», рөлдік ойындар: дәрігер –медбике -пациент, «ТВ-шоу», «Почтальон» әдісі, «Радио-бағдарлама», «жарнама» жасау әдісі, сараптау, саралау, өзін өзі бағалау Пән аралық байланыс: физиология, анатомия, медбике ісі негіздері, латын тілі, биология, хирургия, фармакология. Пән ішілік байланыс: «Пиелонефрит, цистит. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру», «Гломерулонефрит. Медбикелік үрдісті ұйымдастыру» Құрал-жабдықтар, көрнекті оқу құралдар: А) құрал-жабдықтар: плакаттар, муляждар, мультимедиялық презентация, флипчарт, постер, стикерлер, карточкалар, бейнежазбалар, маркерлер Б) үлестірме материалдар: хаттама материалы, жаңа білім алу үшін жұмыс жасау алгоритмі, суреттер, схемалар. В) техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта, ноутбук. Г) Медициналыққұралдар. Сабақ ұзақтығы:270 минут Өткізілетің орны: № 28 кабинет Әдебиет: 1.Дәріс. 2. "Ішкі аурулар". 1-2 том. Б.С. Қалимурзина.-Алматы, 2000. 301-314 бет. 3."Терапиядағы медбикелік іс".С.К.Муратбекова, А.Т.Кенжебаева, Л.Б.Абдрахманова.- Көкшетау, 2006. 264-268,270-272 бет. 4.Мейірбике ісінің негіздері. С.Қ. Мұратбекова -Астана,2007.427-493 бет. 5.Ішкі аурулар пропедевтикасы 2 бөлім. Қ.А. Жаманқұлов -Ақтөбе, 2008, 111-120 бет. Ғаламтор желілері.
  • 3. САБАҚТЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ № Сабақ бөлімдерінің атауы Уақыты- 270 мин. 1 ҰЙЫМДАСТЫРУ –МАҚСАТТЫҚ КЕЗЕҢІ 10 мин. 2 ОПЕРАЦИЯ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗЕҢІ 55 мин 2.1 Теориялық білімнің актуализациясы 47 мин 2.2 Оқу жұмысының мотивациясы 8 мин 3 ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫ МЕҢГЕРУ 60 мин 4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ІСТЕЙТІН ЖҰМЫС 90 мин 5 ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫБЕКІТУ КЕЗЕҢІ 35 мин. 6 РЕФЛЕКСИВТІ-БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ 10 мин 7 САБАҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ 10 мин 7.1 Сабақты қорытындылау 5 мин 7.2 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру 5 мин
  • 4. САБАҚ БАРЫСЫ 1. ҰЙЫМДАСТЫРУ - МАҚСАТТЫҚ КЕЗЕҢІ - 10 МИН. Мақсаты: білім алу, дағдылары және іскерлік жағдайын жасау. Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті - студенттердің сыртқы келбетіне, формасына қарау, аудитория тазалығына қарау. -студенттердің сабаққа қатынасуын, дайындығын тексеру. -құрал-жабдықтардың дайындалуын тексеру - санитарлық жағдайды тексеру -Сергіту сәті - «Көңіл күй рецепті» (1 қосымша) -«Мозайка» әдісі бойынша топшаға бөлу, топ басшысын сайлау.(2 қосымша) -жұмыс орнында уақытымен болу -жұмыс орнын дайындау -құрал-жабдықтарды дайындау -өткен материалдың актуализациясына дайындалу -бөлінген топша бойынша топтасуы. 2. ОПЕРАЦИЯ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗЕҢІ - 55 мин 2.1. Үй тапсырмасының актуализациясы- 47 мин Мақсаты: өткен тақырып бойынша студенттердің білім сапасын бағалау және бақылау. 2.2. Оқу жұмысының мотивациясы - 8 мин. Мақсаты: студенттердің жаңа тақырыпқа нақты қызығушылықтарын арттыру 3. ЖАҢА БІЛІМДІ,БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫ МЕҢГЕРУ - 60 мин Мақсаты: жаңа тақырыпта алған білімді бекіту, жүйелеу, ойлау әрекетін белсендіру Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті -фронтальді сұрау «Кім жылдам» әдісі бойынша сұрақ жауап (3 қосымша) -«Сиқырлы ұяшық» ойыны (4 қосымша) -әр топша өздігінен жұмыс істеуге тапсырма алады: постер құрастыру (5 қосымша) -қойылған сұрақтарға жылдам жауап береді. -Ұяшықта жасырылған сұрақтарды таңдау арқылы жауап беру. -постер құрастырады, қорғайды -бір-бірінін жауаптарын талдайды Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті -Видео көрсету. - жаңа тақырыпты атауға бағыт беру, -студенттермен бірге сабақ мақсаттары мен міндеттерін қою. -Қосымша мәліметтер беру (6 қосымша) -ойлау іс әрекеттері белсендіріледі. - жаңа тақырыпты атау, сабақ мақсаттары қойылады. Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті -Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде, өзара Оқытушыны мұқият тыңдайды.
  • 5. 4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ІСТЕЙТІН ЖҰМЫС - 90 мин Мақсаты:Тәжірибиеде білімдерін бекіту, клиникалық ойлау қабілетін, жеке жұмыс іс- әрекеттерін, пациенттермен қарым-қатынасын дамыту. 5.ЖАҢА БІЛІМДІ, БІЛІК ПЕН ДАҒДЫЛАРДЫБЕКІТУ КЕЗЕҢІ - 35 мин. Мақсаты: Білімдерді бекіту. Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті -студенттерге тест ұсынады. (13 қосымша) -Топтарға шығармашылық тапсырмалар беріледі: (14 қосымша) -Тапсырмаларжауаптарынтабады. -Топтар шығармашылық тапсырмаларды көрсетеді. 6. РЕФЛЕКСИВТІ-БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ 10 мин Мақсаты:алған ақпаратты жалпылау, меңгерілген материалға өз қатынасын қалыптастыру, сабақ нәтижелерін, білім алушылардың жұмысын бағалау. оқыту әдісін қолдану: -«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша тапсырмаларды беру. (7 қосымша) -«Кластер» құрастыру (8 қосымша) -«Аялдама» әдісі бойынша диагностикалық кезеңдеріне сипаттама беру. (9 қосымша) - «Инсерт» әдісі бойынша берілген мәтін мен хаттамалардан белгілеу . (10 қосымша) -тапсырмаларға жауап береді. -кластер құрастырады. -алгоритм бойынша диагностикалық кезеңдеріне сипаттама беру. -кесте толтырады. Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті  -Топтарға рөлдік ойын көрсетуге тапсырмалар беріледі. (11 қосымша) -Өткен сабақта «хат тасушы» әдісімен таратылған хатқа жауап беру арқылы жүргізіледі. (12 қосымша) -Бақылау парақтары арқылы өткізілген манипуляциялардың дұрыстығын бағалау. -Оқытушы студенттерге берілген тапсырманың меңгеру денгейін тексереді, консультативті көмек көрсетеді. -Тапсырмалар жауаптарын табады. -рөлдерге бөлінеді. -шоу ұйымдастырады. - хат жауабындағы алгоритмдеріндегі манипуляциялар орындауын автоматизмға дейін жеткізеді. - Оқытушыға бағалау үшін бағалау парақтарын тапсырады. Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті -«Венн диаграммасын» құрастыру.(15 қосымша) - студенттердің істеген тапсырмалар денгейі мен сапасын талдайды. «Бас бармақ» әдісі бойынша жауап беру. (16 қосымша) -сұрақтарға жауап береді, қорытындылайды, -сабақта кездескен оң және теріс жағдайлар, қиыншылықтар туралы өз пікірін білдіреді.
  • 6. 7. САБАҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ - 10 мин 7.1 Сабақты қорытындылау - 5 мин. Мақсаты:Қорытындылау, білім алушылардың таным іс –әрекетін бағалау. Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті -Сабақты қорытындылайды, алынған бағаларды түсіндіреді. -ең үздік оқушыларды мақтайды, әр студентті бағалайды -жұмысының артықшылықтары мен кемістігін айтады. -Бағалау парағында балдарды санау. (17 қосымша) Өз мүмкіндіктерін бағалайды. 7.2 Үйтапсырмасыбойыншамәлімет беру – 5 минут Мақсаты:Білімалушылардыжаңаматериалдызерттеугебағыттау. Оқытушының іс-әрекеті Студенттердін іс-әрекеті -келесі сабаққа тапсырма береді, қиын жерлеріне назар аударады, оқулықтың авторын, оқитын беттерін белгілендіреді. -«Үш деңгейлік тапсырма» әдісімен тапсырма таратылады. (18 қосымша) Дәптерлерінде үй тапсырмасын белгілейді
  • 7. Қосымша № 1 Сабақта жағымды психологиялық жағдай жасау мақсатында оқытушы студенттерге «Көңіл күй рецепті» жазуларын сұрайды. Әр студент "рецепт"жазады.Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. Мысалы: Rp.: Білімділік Тапқырлық адамгершілік шыдамдылық әділдік ептілік сыйластық D.S. сәттілік Қосымша № 2 «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.Студенттің өзіне сенімділігін арттырады. Суреттежасырылғанбүйрек топографиясы бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, студенттер қиманы біріктіру арқылы топтасады, топ басшысын сайланады: 1 топ нефрон 2 топ пирамида. Әрбір топқа бағалау парағы беріледі. Сұрақтар: 1.Оң жақ бүйректің алдыңғы беті жоғарғы жағына қай мүшемен жалғасады? 2. Оң жақ бүйректің ортаңғы латеральды бөлігінде қандай мүшелер орналасқан? 3. Оң жақ бүйректің төменгі бөлігі қандай мүшемен бүйрек шұңқырын құрайды? Жауабы: 1.Бауыр. 2. Тоқ ішекті жоғарғы өрлеу иірімі. 3. Ащы ішек. Сұрақтар: 1.Сол жақ бүйректің алдыңғы беті қай мүшенің жоғарғы шетімен шектеледі? 2. Сол жақ бүйректің жоғарғы латеральді бөлі қандай мүшемен көршілес орналасқан? 3. Сол жақ бүйректің төменгі латеральды бөлігі қандай мүшемен шектеледі? 4. Сол жақ бүйректің төменгі бөлігі қандай мүшемен жанасады? Жауабы: 1.Асқазаның жоғарғы шетімен. 2.Көкбауыр. 3.Тоқ ішектің төменгі өрлеу бөлігі. 4.Жіңішке ішек. Қосымша № 3 Студенттерден фронтальді сұрау«Кім жылдам» әдісімен сұрақ жауап ретінде терминдербойынша жүргізіледі. Бағалау критерийлері:1 сұрақ-1 балл 6 балл жоғары «5» жауап дұрыс 5 балл жоғары «4» жауап дұрыс 4 балл жоғары «3» жауап дұрыс 1. Олигурия- тәуліктік диурездің азаюы 2. Полиурия- тәуліктік диурездің көбеюі
  • 8. 3. Анурия- несеп түзілуінің тоқтауы 4. Гематурия- қан аралас несеп 5. Протеинурия- несепте ақуыздың болуы 6. Дизурия- зәр шығару жолының ауыруы 7. Пиурия- несепте ірің болуы 8. Цилиндрурия- несепте цилиндр болуы 9. Гипостенурия- салыстырмалы тығыздығының төмендеуі 10. Гиперстенурия- салыстырмалы тығыздығының жоғарлауы 11. Никтурия- түнгі зәрдің жоғарлауы 12. Поллакурия- зәрдің өте көп бөлінуі 13. Странгурия- зәрдің ауырсынып шығуы 14. Ишурия- қуықтың өздігінен босаңсымауы 15. Уролитиаз- бүйректе тас болуы 16. Энурез- несепті ұстай алмауы 17. Ариния- бүйректің қабынуы 18. Бактериурия- микробтың несеппен бөлінуі 19. Изурия- зәрдің тәулік бойы бірдей мөлшерде бөлінуі 20. Уремия-несеп қышқылының концентрациясының қанда көбеюі 21. Глюкозурия-қанда глюкозаның болуы Қосымша № 4 «Сиқырлы ұяшық» ойыны: үш деңгейдегі 5 сұрақтан тұратын ұяшықтар ұсынылады. Студент ұяшық таңдау арқылы балдық ұпайға қарап, сұрақтарға жауап береді, өз мүмкіндіктеріне қарай тапсырма орындайды. Бағалау критерийлері: 30 ұпайдан жоғары «3» жауап толық емес 40 ұпайдан жоғары «4» дұрыс, толық емес 50 ұпайдан жоғары «5» жауап дұрыс 3 деңгейлік сұрақтар: А: 1. Цистит деген не? Қуықтың өте жиі кездесетін қабынуы. 2. Гломерулонефрит деген не? Бүйрек шумақтарының екі жақты жайылмалы иммунды ауруы. 3. Цистит ауруының қоздырғыштары? Ішек таяқшасы, протей, стафилакокк, т.б инфекциялар 4. Пиелонефрит деген не? Инфекциядан туындайтын бүйректің қабынбалы ауруы. 5.Пиелонефриттің этиологиясын атаңыз? Аутоинфекция, ішек таяқшалары, энтерококктар, экзоинфекция, бактериялар. В: 1. Поллакиуриялық синдромға не жатады? Полиурия, полидепсия, ұйқысының бұзылуы, циститке тән белгілер болуы (зәрдің ауырсынып шығуы, үрпінің сыздап ауруы.) 2. Жедел гломерулонефрит негізгі клиникалық белгілері?
  • 9. Ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауруы, артериялық қысымның көтерілуі, ет жуындысы түсіндей зәр түсінің өзгеруі. 3. Пиелонефритке тән жалпы зәр анализіндегі белгі? Лейкоцитурия, бактериурия, цилиндрурия, протеинурия, гипостенурия, микрогемотурия 4. Гломерулонефрит жіктелуі Жедел, жеделдеу, созылмалы: (латентті, гипертониялық, нефротикалық, аралас, гематуриялық) 5. Пиелонефрит кезіндегі экскреторлы урографиядағы өзгерістерді атаңыз ? Зақымданған бүйректен контрасттық зат кешігіп бөлінеді,тостағаншалардың түйілуі байқалады, пішіні өзгереді, колба саңырауқұлақ тәрізді болып кетеді С: 1. Жедел гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде зәрде қандай өзгерістер болуы мүмкін? Олигурия, анурия. 2. Жедел гломерулонефриттің асқынулары ? Бүйрек жедел шамасыздығы, жедел бүйректік гипертензия, энцефалопатия 3. Созылмалы пиелонефриттің жіктелуі ? Зақымдануына байланысты: Біріншілік, екіншілік Орналасуына байланысты:Бір жақты, қос жақты, жалғыз бүйректік . Ауру фазасына байланысты:Өршу, ремиссия, тұрақсыз ремиссия. Өту барысына байланысты:Латеннті, рецидивті, үдемелі. Асқынуына байланысты: Артериялық гипертензия, С.Б.Ж., паранефрит, гидронефроз, анемия . 4. Жедел бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі олигоурия кезеңдегі синдромдарды атаңыз ? Несептік(зәр түсі қоюланған,лайлы қан аралас, салыстырмалы тығыздығы төмен, тәуліктік диурез 400 мл, анурия,гипостенурия , протеинурия,цилиндрурия), интоксикациялық (ұйқышылдық, бас ауруы, тырысу, астения,шаршағыштық), анемилық (анемия, мочевина, креатинниннің жоғарылуы) . 5. Гломерулонефрит кезіндегі диетотерапия қалай жүргізіледі? Тамақтануға қойылатын талаптар- су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және экламсияалды белгілерібайқалса, онда науқасты 2-3 кун аш ұсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қан қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 тәулігіне). Қосымша № 5 Топ мүшелері бірігіп, өздігінен жұмыс істеуге тапсырма алады, сұрақтарды талқылайды, өз жауаптарын постерге түсіреді, қорғайды.Тақырыпты жеребе арқылы таңдайды. «Постер» қорғау критерийі. Критерий Дескриптор Жетістік деңгейі бағасы А.Мазмұны Тақырып мазмұны толық ашылды. Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер қолданылған. Ойды жеткізу тілі 3 5
  • 10. түсінікті болды. Тақырыпты өзге қырынан аша білді Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыруқажет. Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді. Тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады. 2 4 Тақырып мазмұны жартылай ашылды. Толық емес сурет салған.Ойды жеткізе білді, қыстырма сөздер көп қолданылды. 1 3 Тақырып мазмұны ашылмады. 0 2 Қосымша № 6 Видео көрсету: жаңа тақырыпты атауға бағыт беру, студенттермен бірге сабақ мақсаттары мен міндеттерін қою. Студенттердің қызығушылығын арттыру үшін қызықты, статистикалық мәліметтермен таныстырады: Несептас ауруы (уролитиаз) көп тараған аурулардың бірі. Ертедегі Мысырда, біздің дәуірімізге дейінгі 3,5-4 мың жыл бұрын өмір сүрген адам мумиясынан бүйрек тасы табылған. Несеп тасы ауруы урологиялық аурулардың ішіндегі бүйрек пен несеп жүйесінің қабыну ауруларынан кейінгі екінші орында тұр. Экологиялық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты біздің елімізде бұл аурудың таралу ерекшелігін зерттеу, көбею себептерін анықтау, диагностикасын және емдеу тәсілдерін жетілдіру, аурудың метафилактикасы мен профилактикасы қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Өйткені несеп тасы ауруының өсуі жылдан жылға артып барады, ол урологиялық стационардағы науқастардың 30-40% құрайды және осы аурулардың 65-70% еңбекке жарамды 30-50 жас аралығында кездеседі. Несеп тасы ауруын емдеу кезінде нефрэктомияға 10-11% жағдайында пайда болады, ал операциядан кейінгі өлім 1,5% жетеді. Алғашқы мүгедектік урологиялық аурулардың ішінде несептас сырқаты 14% құрайды. Одан өзге заманауи тексеріс әдістерінің және жедел емдеудің қымбатқа түсуі, қайта қалпына келу мерзімінің ұзақтығы, науқастардың еңбекке жарамсыздығы, аурудың рецидивті (қайталама) өтуі 35–38%, метафилактиканың тиімділігінің жеткіліксіздігі мәселені күрделендіре түседі. Соңғы жылдары Павлодар облысында несеп тасы ауруының сырқаттанушылығының көрсеткіштерінің артуы байқалады. 2013ж 378 адам, 2014ж 369 адам, 2015ж 386 адам, бұл 100000 адамға шаққанда байқалған көрсеткіш. Қосымша № 7 «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша тапсырмаларды беру. Суреттер бойынша бүйректің анатомиялық физиологиялық ерекшеліктерін, топографиясын, этиологиясын табады. Әр топтан студенттер қойылған сұрақтарға жауап береді. Бағалау критерийлері: 1 сұрақ-1 балл 5 балл жоғары «5» жауап дұрыс 4 балл жоғары «4» жауап дұрыс 3 балл жоғары «3» жауап дұрыс Қосымша № 8 «Кластер» құрастыру. Әр топша өздігінен жұмыс істеуге тапсырма алады, сұрақтарды талқылайды, өз жауаптарын кластерге түсіреді, қорғайды.
  • 11. Критерий Балл Дескриптор «Кластер» құрастыру. 3 Тапсырманы орындады, топтың кейбір мүшелері толық қатыспады. Мәлімет толық емес. 4 Тапсырманы орындады,топтың мүшелері толық қатысты. Мәлімет жеткіліксіз. 5 Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері ойларын толық жеткізген. Мәлімет жеткілікті. Қосымша № 9 «Аялдама» әдісі бойынша диагностикалық кезеңдеріне сипаттама беру. Студенттер өз тапсырмалары бойынша зерттеулерге жолдама жазып, алгоритмдерді орындайды. Бағалау критерийлері: 1 балл – жауап дұрыс және толық 0,5 балл – толық емес жауап 0 балл – жауап дұрыс емес №1 аялдама. жалпы қан анализіне, биохимиялық анализге вакуумдық жүйе арқылы қан алу. №2 аялдама. Жалпы зәр анализіне несеп жинау №3 аялдама. Нечипоренко тәсілімен несеп жинау №4 аялдама. Зимницкий тәсілімен несеп жинау №5 аялдама. Науқасты экскреторлы урографияға дайындау №6аялдама. Науқасты цитоскопияға дайындау №7аялдама. Тәуліктік диурез мөлшерін өлшеу №8 аялдама. Тазалау клизмасын жасау. №9 аялдама. Көк тамырға венозды катетер қою Қосымша № 10 «Инсерт» әдісі бойынша берілген мәтін мен хаттамалардан белгілеу. Кесте толтыру. Кесте нәтижелері мен сабақтың келесі кезеңдерінде жұмыс істеу. V + - ? Білдім Бұл маған жаңалық Менің ойыма қарама-қайшы Бұл туралы көбірек білгім келеді Қосымша № 11 Топтарға тапсырмалар беріледі.Тапсырма жеребе салу арқылы беріледі. Рөлдік ойын көрсету.«Медбикелік үрдіс картасын» толтыру. 1 топ: Бүйрек жетіспеушілік кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдастыру. 2 топ: Бүйрек тас ауруы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдастыру. Студенттер рөлдерге бөлінеді. Бағалау критерийлері: Критерий Дескриптор Жетістік деңгейі бағасы Мазмұны Тақырып мазмұны толық ашылды, 3 5 Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру қажет 2 4 Тақырып мазмұны жартылай ашылды 1 3 Тақырып мазмұны ашылмады 0 2
  • 12. Қосымша № 12 Өткен сабақта «хат тасушы» әдісімен таратылған хатқа жауап беру арқылы жүргізіледі. Алгоритмдеріндегі манипуляциялар орындауын автоматизмға дейін жеткізеді. Бақылау парақтары арқылы өткізілген манипуляциялардың дұрыстығын алгоритм реттілігімен бағалау. Бағалау критерийлері: 1 балл – жауап дұрыс және толық 0,5 балл – толық емес жауап 0 балл – жауап дұрыс емес 1 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Сізден науқасқа тері ішіне енгізу алгоритмін жасауыңызды сұраймын. Алгоритм реттілігін дайындаңыз. 2 Хаттық тапсырма Құрметті студент!Сізден науқасқа 1 мл 0.2% платифиллинерітіндісінтері астына енгізу алгоритмін жасауыңызды сұраймын. Алгоритм реттілігін дайындаңыз. 3 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Сізден науқасқа 2—4 мл 2% но-шпа ерітіндісін бұлшық ет ішіне енгізу алгоритмін жасауыңызды сұраймын. Алгоритм реттілігін дайындаңыз. 4 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Сізден науқасқа баяу 5 мл баралгинерітіндісін көк тамыр ішіне енгізу алгоритмін жасауыңызды сұраймын. Алгоритм реттілігін дайындаңыз. 5 Хаттық тапсырма Құрметті студент! Сізден науқасқа 200.0 натрий хлор ерітіндісіне 4 мл С дәруменінкөк тамырға тамшылатып енгізу алгоритмін жасауыңызды сұраймын. Алгоритм реттілігін дайындаңыз. 6 Хаттықтапсырма Құрметті студент!1:2 1000000 Б 640 мг антибиотиктерді еріту және енгізу алгоритмін көрсетуге дайындалып келіңіз!Алгоритм реттілігін дайындаңыз. 7 Хаттықтапсырма Құрметті студент!әйел адамға катетр қою алгоритмін көрсетуге дайындалып келіңіз! Алгоритм реттілігін дайындаңыз. Қосымша № 13 Оқытушы студенттерге тақырыптар бойынша тесттілеу арқылы студенттердің білім деңгейін тексереді. Бағалау критерийлері: Балл 90-100 Орындалу % 90 - 100 Традициялық жүйе Үздік 75 -89 89 - 75 Жақсы 74-50 74 - 50 Қанағаттанарлық 49 одан> 49 - 0 Қанағаттанарлықсыз 1-нұсқа 1. Бүйрек тас ауруын ғылыми түрде қалай атаймыз? А. Полиурия B. Анурия C. Поллакиурия
  • 13. D. Уролитиаз E. Никтурия 2. Несептас ауруының негізгі симптомдарын атаңыз? А. Бел аймағындағы ауру сезімі В. Зәрді ұстай алмаушылық С. Никтурия D.Артериальды гипертензия E.Субфебрильді температура 3. Бүйректік шаншуды тудыратын себептер? А .Созылмалы пиелонефрит В. Несепағардың қосарлануы С. Несепағардың аллергиялық ісінуі D. Іріңдіктер Е. Бүйрек және жоғарғы зәр шығару жолдарының тастары 4. Несептас ауруының асқынуларын атаңыз? А.Нефроптоз В.Парадоксальды ишурия С.Жедел іріңді пиелонефрит D.Созылмалы пиелонефрит Е.Ренальды анурия 5.Тәулігіне ересек адамдарда диурез мөлшері қанша болады? А. 1,5л B. 1,8-2,0л C. 2-2,5л D. 1,8-2,5л E. 2,0-2,6л 6. Несеп шығарылуының тәулігіне 2-15л астам көбеюі не деп атаймыз? А. Полиурия B. Анурия C. Поллакиурия D. Уролитиаз E. Никтурия 7. Гематурияның пайда болған көзін табу мақсатында жүргізілетін аспаптық зерттеуді атаңыз? А.Қуықты катетрлеу В. Кеңейтілген рентгенографиясы С. Экскреторлы урография D. Цистоскопия Е. Цистография 8. Бүйрек зақымдануының негізгі белгісі- үштік симптомдар А.Бел аймағындағы, іштің төменгі аймақтарындағы ауру сезімдері, гематурия В.Бел аймағындағы ауру сезімі және оның ісінуі, гематурия С.АҚ төмендеуі, іштің төменгі аймақтарындағы ауру сезімі, гематурия D.Гематурия, протеинурия, АҚ төмендеуі Е.Лейкоцитурия, гематурия, бел аймағындағы ауру сезімі.
  • 14. 9. Анурия дегеніміз не? А.Несеп шығарылуының тәулігіне 2-15л B. Несеп шығарылуыныың тәулігіне 500-600мл C. Несеп шығарылуының болмауы D. Несептің түнде көп бөлінуі E. Несептің жиі шығуы 10. Жедел пиелонефритке тән симптомдар триадасын атаңыз? А. Жоғары температура, белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі В. Белде ауыру сезімі,зәрдің өзгеруі , анурия С. Жоғары температура, белде ауыру сезімі,анурия D. Жоғары температура, зәрдің өзгеруі,анурия Е. Белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі, ишурия 2-нұсқа 1. Анурия кезінде қанша зәр түзіледі? А.500 мл В. 100-250 мл С.250-500 мл D.0 мл Е. 0 ден 100 мл дейін 2. ЖБЖ (жедел бүйрек жетіспеушілігі) неше кезеңге жіктеледі? А.2 В.3 С.4 D.1 Е.5 3. Олигоанурия түсінігіне не кіреді? А. Диурездің 1000 мл дейін төмендеуі В. Диурездің 800 мл дейін төмендеуі С. Диурездің 500 мл. дейін және одан төмендеуі D. Күндізгі диурездің түнгіге қарағанда төмендеуі Е. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі 4. Науқаста жедел бүйрек жетіспеушілігі дамығанын қалай тану керек? А.Кенеттен бүйрек қызметінің төмендеуі мен қанда азот алмасуы өнімдерінің жоғарылауы байқалады В. Кенеттен бүйрек қызметінің жоғарлауы мен қанда азот алмасуы өнімдерінің төмендеуі байқалады С. кенеттен бүйрек қызметінің жоғарлауы мен қанда азот алмасуы өнімдерінің жоғарылауы байқалады D. Бүйрек қызметінің қалыпты қызметі мен қанда азот алмасуы өнімдерінің жоғарылауы байқалады Е. дене қызуының көтерiлуi,несептiң жедел тоқтауы. 5. СБЖ-нің(созылмалы бүйрек жетіспеушілігі) жиі және ерте белгілерін атаңыз? А.Субфебрильді температура В.Полиурия С. Тершеңдік
  • 15. D. Бел аймағындағы ауру сезімі Е. Зәр шығарғандағы сыздау 6. Несеп шығарылуының тәулігіне 2-15л астам көбеюі не деп атаймыз? А. Полиурия B. Анурия C. Поллакиурия D. Уролитиаз E. Никтурия 7. Ишурия – бұл… А. Күшенгендегі зәрдің қуықтан бөлінуі В. Ауру сезімді зәр шығару С.Қиындаған зәр шығару D.Зәр шығарудың толық кідіруі Е. Қуықта зәрдің болмауы 8. ЖБЖ кезінде қандай жүйелержиірек зақымдалады? А. Жүйке жүйесі В. Тірек-қимыл жүйесі С. Эндокринді D. Иммунологиялық Е.Жүрек-қантамыр 9. Жедел іріңді пиелонефрит кезіндегі бүйректегі өзгерістер сипатталады? А. Қантамырларының өтімділігінің бұзылысымен В.Бүйрек тiннiң деструкциясы (каналдар мен шумақтардың С. Аралық тінде микробтардың жиналуы D. Бүйрек тіннің деструкциясы (каналдар мен шумақтардың) Е. Аралық тіннің лейкоцитарлы инфильтрациясы 10. Бүйректік шаншу – симптомы ,ол жиі байқалады? А.Бүйрек кистасында; В. Ренальды гипертензияда; С.Бүйрек пен несепағардың тастарында; D.Бүйрек поликистозында; Е.бүйрек аплазиясында. 3-нұсқа 1. Жедел пиелонефритке тән симптомдар триадасын атаңыз: А. Жоғары температура, белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі; В. Белде ауыру сезімі,зәрдің өзгеруі , анурия; С. Жоғары температура, белде ауыру сезімі, анурия D.Жоғары температура, зәрдің өзгеруі, анурия; Е. Белде ауыру сезімі, зәрдің өзгеруі, ишурия. 2. Бүйрек зақымдануының негізгі белгісі- үштік симптомдарды атаңыз? А.Бел аймағындағы, іштің төменгі аймақтарындағы ауру сезімдері, гематурия В.Бел аймағындағы ауру сезімі және оның ісінуі, гематурия С.АҚ төмендеуі, іштің төменгі аймақтарындағы ауру сезімі, гематурия D.Гематурия, протеинурия, АҚ төмендеуі Е.Лейкоцитурия, гематурия, бел аймағындағы ауру сезімі.
  • 16. 3. Жалған протеинурия неге байланысты? А.Бүйрек қызметіне В.Қуық қызметіне С.Зәрдегі қан мен іріңнің % мөлшерде болуы D.Конкременттер болуына Е.Зәрдегі оксалаттардың болуына 4. Созылмалы пиелонефритте жасырын лейкоцитурияны зерттеу әдісін атаңыз? А .Жалпы зәр анализі В. Нечипоренко сынамасы, преднизолды тестпен С. Зимницкий сынамасы D. Реберг сынамасы Е. Зәрді бактериялогиялық тексеру 5. Гематурияның пайда болған көзін табу мақсатында жүргізілетін аспаптық зерттеуді атаңыз? А.Қуықты катетрлеу В.Кеңейтілген рентгенографиясы С.Экскреторлы урография D.Цистоскопия Е. Цистография 6. Ишурия – бұл… А. Күшенгендегі зәрдің қуықтан бөлінуі В. Ауру сезімді зәр шығару С.Қиындаған зәр шығару D.Зәр шығарудың толық кідіруі Е. Қуықта зәрдің болмауы 7. Жедел пиелонефритке тән үштік симптомын атаңыз? А. Жоғары дене қызуы, бел аймағындағы ауру сезімі, зәрдің өзгеруі. В. Анурия, бел аймағындағы ауру сезімі, зәрдің өзгеруі С. Жоғары дене қызуы, бел аймағындағы ауру сезімі, анурия D.Жоғары дене қызуы, анурия, зәрдің өзгеруі Е. Жоғары дене қызуы, зәрдің өзгеруі, ишурия 8. Бүйрек шаншуындағы ауру сезімінің типтік иррадиациясы? А. Иыққа, жауырынға; В. Төстің семсер тәрізді өсіндісіне; С. Эпигастральды аймаққа; D. Бел аймағы және несепағар бойына; Е. Мойынға. 9. Жедел іріңді пиелонефриттің қауіпті асқынуы болып табылады? А. Азотемия; В. Анурия; С. Бактериотоксикалық шок; D. Гепаторенальды синдром; Е. Бүйрек емізікшелерінің некрозы. 10.Анурияның түрлерін атаңыз? А. Преренальды, ренальды, постренальды
  • 17. В. Аренальды, ренальды, постренальды С. Олиго-диуретикалық, полиуритикалық, сауығу D. Аренальды, преренальды, ренальды, постренальды Е. Ануриялық олигоуриялық, полиуриялық 4-нұсқа 1. СБЖ кезінде тыныс алу ағзаларындағы өзгерістерді атаңыз? А. Барлық өкпе алаңында құрғақ сырылдар В. «сулы» өкпе С. Қатаң тыныс D. Өкпе эмфиземасы Е. Везикулярлы тыныстың әлсіреуі 2. Несептің түнде көп шығарылуын қалай атаймыз? А. Никтурия B. Анурия C. Поллакиурия D. Уролитиаз E. Полиурия 3. Несептас ауруының асқынуларын атаңыз? А. Нефроптоз В. Парадоксальды ишурия С. Жедел іріңді пиелонефрит D. Созылмалы пиелонефрит Е. Ренальды анурия 4.Тәулігіне ересек адамдарда диурез мөлшері қанша болады? А. 1,5л B. 1,8-2,0л C. 2-2,5л D. 1,8-2,5л E. 2,0-2,6л 5. ЖБЖ кезінде қандай жүйелержиірек зақымдалады? А. Жүйке жүйесі В. Тірек-қимыл жүйесі С. Эндокринді D. Иммунологиялық Е.Жүрек-қантамыр 6. Жалған протеинурия неге байланысты? А. Бүйрек қызметіне В. Қуық қызметіне С. Зәрдегі қан мен іріңнің % мөлшерде болуы D. Конкременттер болуына Е. Зәрдегі оксалаттардың болуына 7. Поллакиурия дегеніміз не? А. Несеп шығарылуының тәулігіне 2-15л B. Несеп шығарылуыныың тәулігіне 500-600мл C. Несеп шығарылуының болмауы
  • 18. D. Несептің түнде көп бөлінуі E. Несептің жиі шығуы 8. СБЖ диагностикасында қандай бүйректік сынама мен зәр құрамын сандық анықтау әдісі маңызды болып табылады ? А. Нечипоренко сынамасы В. Преднизолонды тест С. Зимницкий сынамасы D. Говард сынамасы Е. Адиса-Каковский сынамасы 9.Пародоксальды ишурия – бұл… А. Кешіккен зәр шығарудың жоғарылауы В. Зәр шығарудың қиындауы С. Қиындаған жиі зәр шығару D. Толып кеткен қуықтан зәрдің тамшылап бөлінуі Е. Зәрді ұстай алмау 10. Таға тәрізді бүйрекке тән негізгі шағымдар болып табылады? А. Кіндік айналасындағы ауру сезімі; В. Бел аймағындағы ауру сезімі; С. Поллакиурия; D. Полиурия; Е. Никтурия. Қосымша № 14 Топтарға шығармашылық тапсырмаларберіледі. Шығармашылық жұмыстармен айналысады. Меңгеру дәрежесі тексеріледі. Аурудың алдын алу шараларына мән беріледі. 1 топ: "Жан дауа" ТВ-шоу ұйымдастыру. 2 топ:Радио-бағдарлама құру Қосымша № 15 «Венн диаграммасын» құрастыру. Топшаларға тапсырма беріледі. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын венн диаграммасына стикер жабыстыру арқылы түсіреді. 1 топ: Бүйрек жетіспеушілігі 2 топ: Бүйрек тас ауруы Қосымша № 16 студенттердің істеген тапсырмалар денгейі мен сапасын талдайды, жіберілген қателерін дұрыстайды, тақырып бойынша жалпы қорытынды береді. Сұрақ қойып сұхбат жүргізу. Сұхбат: Сабақтың қай кезеңі ұнады? Қандай қиындықтар болды? Қалай ойлайсыңдар, жаңа тақырыпты қандай деңгейде меңгердіңіздер? «Бас бармақ» әдісі бойынша жауап беру. Түсінгендері бас бармағын жоғары, жартылай түсінгендері бас бармағын жанына қаратады, түсінбегендері бас бармағын төмен қаратады. Оқытушы белгілерге қарап кейбір оқушыларға орнынан тұрып айтуын сұрайды. Түсінбегендерден: «Нақты не түсініксіз екендігін» сұрайды. Сөз нақты түсінгендеріне сенімсіз оқушыларға беріледі.
  • 19. Сөз сабақты жақсы түсінгендерге беріледі. «Олар нақты нені түсінді?» соны оқытушы қадағалайды. Бірнеше жауап міндетті түрде тыңдалуы тиіс. Тыңдалған жауаптардың қорытындыларына қарай ұстаз өткен тақырыпты қайталап, білімдерін бекіту немесе тақырыпты меңгертуді жалғастыра беру жайлы шешім қабылдайды. Егер оқушылар тақырыпты қайта түсінбегендей жағдайда болса, оқытушы тағы тексеру жұмысын жүргізуі тиіс. Қосымша № 17 Сабақты қорытындылайды, алынған бағаларды түсіндіреді, ең үздік оқушыларды мақтайды, әр студентті бағалайды, жұмысының артықшылықтары мен кемістігін айтады. Бағалау парағында балдарды санау. Қосымша № 18 «Үш деңгейлік тапсырма» әдісімен тапсырма таратылады. 1 деңгей міндетті тапсырма: келесі сабаққа тапсырма береді, қиын жерлеріне назар аударады, оқулықтың авторын, оқитын беттерін белгілендіреді. "Ішкі аурулар". 1-2 том. Б.С. Қалимурзина.-Алматы, 2000. 301-314 бет. "Терапиядағы медбикелік іс". С.К. Муратбекова, А.Т. Кенжебаева, Л.Б. Абдрахманова.- Көкшетау, 2006. 264-268, 270-272 бет. 2 деңгей жаттықтырушы тапсырма: «Медбикелік үрдіс картасын» толтыру. 3 деңгей шығармашылық тапсырма:чайнворд, жағдайлық есеп. №1 тапсырма. Медбикелік дигноз: бел тұсындағы ауырсыну медбикелік үрдіс картасын толтырыңыз. №2 тапсырма. Бүйрек жетіспеушілігі тақырыбы бойынша чайнворд құрастырыңыз. №3 тапсырма. Бүйрек тас ауруы тақырыбы бойынша жағдайлық есеп құрастырыңыз №4 тапсырма. Бүйрек жетіспеушілігі тақырыбы бойынша симуляциялық сценарий құрастырыңыз. №5 тапсырма. Медбикелік дигноз: зәр түсінің өзгеруі медбикелік үрдіс картасын толтырыңыз. №6 тапсырма. Бүйрек тас ауруы тақырыбы бойынша жуан-жіңішке сұрақтар құрастырыңыз. №7 тапсырма. Бүйрек жетіспеушілігі тақырыбы бойынша эссе жазыңыз.