SlideShare a Scribd company logo
1 of 24
0
Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ
Бисермен жұмыс әсемдікке баулиды
Бағыты: Этномәдениет
Айбекова Ақерке Айбекқызы
7 - сыныпоқушысы
1
Ғылыми жетекшісі:
Шайкибекова Айткуль Поезовна
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рудный қаласы, 2017 ж
Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................3-4
Негізгі бөлім....................................................................................5-20
I тарау. Бисердің шығу тарихы.......................................................5-6
1.1 Бисер өндіретін орындар ................................................7
1.2 Бисердің түрлері, қолдану ерекшеліктері(тоқу,
жабыстыру т.с.с).............................................................9
II тарау. Бисерден жасалаған бұйымдардың пайдасы.....................10-17
2.1 Бисерденжасалаған жұмыс түрлерінің адамға
әсері.........................................................................................13-14
2.2 Бисерменжұмыс жасаудың әсері.....................................15 -17
Қорытынды ..........................................................................................18
2
Ұсыныстар............................................................................................19
Сілтемелер ............................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................21
Түйіндеме
Ғылыми жұмысымыздыңнегізгі мақсаты: Ел ішінде кеңінен орыналған
бисерменжұмыс жасау түрлерін жинақтай отырып, бисер моншақтарының
шығу тарихына, өндіріс орындары туралы мәліметтер жинақтау. Оның оқушы
бойынаэстетикалық қабілеттерін дамытатындығындәлеледеу. Адам өз
қолымен жасалған бұйымдардыөз пайдасынажарата білуге шақыру. Жалпы
өнімнің қолдануға дейінгі процесімен таныстыру, елімізге өнімнің қайдан
келетінін анықтау.
Жұмыс кіріспе негізгі бөлімнен, қорытынды, ұсыныстармен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Теориялықбөлімде бисер сөзінің мағынасына түсінік беріліп, шығу
тарихы туралы мәлімет берілген.
Практикалық бөлімінде бисерменжұмыс өнерінің түрлері, оны
қолданушылар көлемі, насихаттаушылар саны мен оқушы қызығушылықтары
салыстырмалы түрдекөрсетіледі.
Бисерменжұмыс түрлерін анықтай отырып, оқушыларды өз еңбегінің
жемісін қолдану әлдеқайда пайдалы, ұнамды екені туралы айтылады. Қолдан
жасалған бұйымныңартықшылығы дәлелденеді.
3
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жеткіншектердің эстетикалық талғамын
қалыптастыруда олардыңеңбекке деген сүйіспеншілігін де ұтымды
пайдалана білген дұрыс. Олүшін бисермен тоқудыңмаңызы өте зор.
Оқушыны еңбек өнеріне баулудың педагогика саласында бірнеше түрлері бар
екені анық. Дегенмен, қазіргі уақытта бисерденістелген әсем жұмыстарға
деген сұраныс көптеп саналады. Бисерденжасалған бұйымдарды өз қолыңмен
жасап, өз қиялыңды (фантазия) дамытуға болады. Өз қалаған заттарыңды
жасай отырып, солзаттың түсін, формасын, көлемін өзің анықтайсың.
Мұндай жұмыс түрімен шұғылдану шыдамдылықты, әсемдейбілу
талғамыңды дамытады. Сондықтанбұл жұмыс түрінің қолданылу
техникасына, жұмыс түрлеріне түсінік бере отырып, өз еңбегіңнің жемісін
көргентиімді екенін ұғындыру. Бисерденжасалған бұйымдардыкүнделікті
қажетіңе жарату туралы ұсыныс беру.
1. Ғылыми - жобаның мақсаты: Бисермен тоқудынтехникасымен таныса
отырып, өз қажеттілігіне жарата білуге үйрену.
2. Міндеттері:
1.Бисерменжұмыстыңәртүрлібағыттарынзерттеу;
2. Бисерменжұмыс өнерінің нәтижелерімен танысу;
3. Күнделікті өмірге қажеттілігін анықтау.
3. Зерттеу гипотезасы:
Бисерменжұмыс эстетикалық талғамды дамытады.
4. Зерттеу кезеңдері:
1. Бисер сөзінің мағынасын, шығу тарихын ғаламтордан, кітапшалардан іздеу.
Бисер тоқу өнерімен айналысатын адамдармен пікірлесу, мәліметтер
жинақтау. Мектеп оқушыларының қызығушылығын анықтау.
2. Бисермен жұмыс түрлеріне тоқталу.
3. Бисерден жасалған бұйымдардың өмірдегі пайдасы туралы зерттеу.
4. Қолдан жасалаған бұйымдардың бағалы екенін түсіндіру.
5. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Қолынан іс келетін адамға үнемі таңдана қараймыз. Бірақ, бұл кез-келген
адамның қолынан келетіні анық. Бисерденжасалған әшекей бұйымдарды өз
қажетіңе жаратуға болады. Міне, бұл осы жұмысқадеген құлшынысты
тудыратын бірден бір себеп. Екіншіден, жасалған бұйымдар өте әсем,
эстетикалық талғамға сай жасалған. Демек, бұл заттар сенің көңіліңнен
4
шығады, оны сен қолдануың мүмкін. Осығанбайланысты ұйымдастырылған
зерттеу жұмыстары барысындақолданжасалған бұйымдардыңқұндылығы, өз
қалауыңша жасау мүмкіндігі, әсемдігі туралы айта отырып, өмірдеқолдануға
үйрету. Сыныптастарымменбисер түрлерітуралы пікірлестім, «Бисерден
жасалған заттарды қолданасыңба?» тақырыбындасауалнама өткіздім.
Бұлсауалнаманыңмақсатыбисерденжасалағанзаттардыңқаншалықтыдеңгейдеқ
олданыстабар екенінанықтау.
Бисерденжасалағанбірнешежұмыстүрлерінжинақтаудамын, өзім
құрбыларымменжұмыс жасапүйренудемін.
5. Зерттеу жұмысының кезеңдері:
- Дайындық: тақырып таңдау, мақсат, міндет қою.
- Зерттеу:Материалдар жинақтау, жұмыс мазмұнын ойластыру, қолданушы
адамдармен пікірлесу.
- Практикалық: Жинақталған материалды сұрыптау, жұмыс түрлерінің
орындалу ерекшеліктеріне қарай бөлу. Қолданылу ерекшеліктеріне
байланысты сауалнама жүргізу, пікірлесу.
6. Жұмыстың ғылыми жаңалығы:Бисерден жасалған бұйымдарды өз
қажетіңе жаратуға болатынын анықтау. Бисердің түрлерімен таныстырып,
жұмыс барысында қолдану ерекшеліктерін оқушыларға түсіндіру. Бисермен
жұмыстың бір түрін қолдануға насихаттау.
7. Жұмыстың қолданылу аясы:Технология сабақтарында және үйірме
жетекшілеріне қосымша материал ретінде қолдану.
5
І. Бисердің шығу тарихы.
Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар
дайындаудыңбір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-
түсті жұмыстарғадейін жасауға дейін болады. Барлық қолөнер сияқты
бисердің де тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен
тікелей байланысты. Әйнектің қашан пайда болғаны туралы әлі күнге дейін
дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясынФиникия елі
ашқан деген аңыз бар. Бұл аңыздар Финикиялық көпестер әлемді кезіп жүріп,
Сирияғатоқтайды. Өздеріне азықдайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін
аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның
(натрий қосындыларының)үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық
температурасынан селитра еріп, өзенқұмына араласып, сұйықәйнек болып
аққан екен. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай
жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді.
Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер,
стеклярус алған. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе, әйтеуір әйнек
дүниеге келген.
Бірақ Финикиялық көпестердің бүкіл Жерортатеңізінің бойындағы
халыққа әйнектен жасалған бұйымдар сатқандығы белгілі.Кейбір деректер
бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған
моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызғадейін VI ғасыр
ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу
арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай
әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі.
Рим империясы Египет елін басыпалғанда, әйнек өнімдері Рим еліне
өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды
түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа
тарап, әлемге бисер атауы мәлім бола бастайды. Бисердің отаны Ежелгі
Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған.Нақ осы
кезде бисерден бұйымдар жасау, әйелдерге арналған сәндік киімдерге
жапсырылғаннемесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер пайда бола
бастайды. Бұйымды ұзақпайдалану үшін оны мықты жіппен тоқыған. Бұл
байлықты , соныңішінде бисердідүние жүзінде барлық елдер мәдениетінен
көруге болады. Біздің Қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек,
әшекейлер, білезік, сырға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарындада
кездескен.
6
Бисердіәр халық өзінше атаған.Бисер сөзі Араб сөзі.Ең алғашқы
«бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оныңатауы арабтың
«Буера» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан қазақ тіліне аударғанда жалған
маржан деген мағынаны білдіреді. Ресейде- бисер, Қазақстан мен
Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Осы кезде әр түрлі
формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте - бірте
моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдері
әшекейлеуге айналды. Бисер - ұсақ түрлі түсті моншақтар. Моншақ мойынға
тағылатын сәндік бұйым. Оныңформасы ірі және ұсақболады. Моншақ
сөзінің мағынасы. “Мойын - шақ” немесе“Мойын - тақ” деген сөздерден
құралған.Қазақ, өзбек, қырғыздарда«көз-моншақ», қарашай-балқарларда «көз
моншақ», «қараңғылықмоншақ» (қараңғыдақорықпау үшін таққан),
тәжіктерде «чашми» (чашим – глаз, сглаз) т.б. сияқты моншақтарды тіл-көзден
сақтану ырымы бойыншақолданылған.
Қазақ зергерлерікөбінесе қыз келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп
көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардыңсәнін
келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ әйел бас киіміне
тағатын үлкен моншақ маржанды - былқылдақ сәукеленің екі жағына кеудеге
төгіліп тұратынмоншақтарды - жырға деп атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын,
күмістен жасалған зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара
қосыпәшекейлеген. Алқаны су моншақтан, алтын, күмістен соғып
домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.
Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарихы өте әріден басталады. Бұны
өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы
уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалғанжұмыстарын
зерттеу арқылы дәлелденген. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ
тимейтін сәнді зат ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан
бисерденжәне әсем асыл тастардан әшекейлеген керемет сәнді сәукелені
сыйғатартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайдасақтаулы.
Күннің көзінен сақтап, көрмегекөп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен
тастар үгіліп қалуы мүмкін.
7
1.1. Бисерөндіретін орындар.
Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары
бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығыныңосы түріжаңа өрлеу
үстінде, дамудың сатысында.
Сумоншақтың Отаны – ежелгі Египет.Міне соларданбисер деген
атаумен жаңа ұғым пайда болды.Египеттен, Серияданбисердің технологиясы
Рим империясынадейін тарады.Бірте-бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін
Италияда, Грецияда,Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Бесінші
ғасырдыңаяғындаәйнек өнері Византияға, оданкейін Венецияға
ауысады.Көптегенғасырлар бойы Венеция Республикасы әйнек шығаруды
құпия сақтайды.Әйнекшеберлері құпияны сақтамағандарды өлім жазасына
кескен. ХV ғасырдаәйнек шеберлері Германияда, Францияда, Чехияда пайда
болды.Чехия Венециямен бәсекеге түсті.
Басқа елдерде де өндірілуіне қарамастан, шыны бисерлердіөндіруші
алдыңғы қатарлы елдердің бірі – Жапония, Чехия және Қытай болып
есептеледі. Жапондықбисер өте сапалы, сыртқы әсергеяғни, суға, күн
сәулесіне төзімді. Жапон су моншағы Чех су моншағынан үлкендеу,
ортасыныңтесігі де үлкен, бағасы да, сапасы да адамдарғақажет. Чехияда
өндірілетін бисер Жапон бисеріне қарағанда арзан, дегенмен сапасы жағынан
одан қалыспайды. Бірақ, Қытайда өндірілетін бисерденқымбат. Чех су
моншағын әр түрлі нәрсеге қолданады.Еңарзан, әрі біздің пайдаланып жүрген
бисеріміз Қытайда, Тайванда немесе Түркиядажасалған бисерлер. Тайвандық
су моншақ – сапасыз, өз түрін, түсін де тез жоғалтады да, тез сынады, тесігі
инеге кірмейді.
Су моншақ ертеде тау хрустальі мен анық тастардан даярланған. Бағалы
тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь,
маржан, жасқырауықтастап жатады. Шыны, моншақ жасайтын, шеберлерді,
қатаң ұстап, оларды ешкіммен араластырмады. Бисер жасау ісі Венецияда өте
жақсы дамыды.Бисердіңжасалу жолдарынқұпия ұстап, венециялық шыны
құпиясынашқандары үшін өлім жазасынакескен.
Ресей елдерінде бисер өндіретін ксіпорындарды ашу 1670-1680
жылдары батау алады. Измайлово селосындавенеция шеберлерінің
бастауымен бисер жасайтын шеберханалар ашылды. Дегенмен, Отандық
өнімдерін жаппай шығару пайдаға асыру жүзегеаса қоймады. 1754 ж
Ломоносов М.Ю Усть-Рудицадаашылған бисер жасайтын фабрика жұмысына
өзіндік үлесін қосып, түрлі-түсті жылтыр әйнек жасау тәсілін қолданып, бисер
шығару қарқынын біршама дамытты. Бірақ, бұлөнімдер сыртел өнімдерімен
бәсекеге түсе алмағандықтан, елде бисерменкестелеп тоқу өнері жақсы өріс
алған. Қазіргі кезде біздің елімізде бисер моншақтарын өндіретін
8
кәсіпорындары жоқ. Дегенмен маржан моншақтарын қолдануды біздің
еліміздің шеберлері де ешкімнен қалыспаған. Тіпті кең түрдедаму алғанына,
ел ішінде қалыптасқан салттарды мысал етіп қарастыруға болады.
Этнографиялықдеректе: перзент көрмей зарыққан отбасы кенеттен тәңірі
жарылқап, ұлды болса, баланың төбесіне бір шоқ шаш қойып, оған
маржанмоншақ араластырыпөріп қоятынсалт болған. Үйдегі қыз бала бас
киіміне маржан моншақпен салпыншақ жасап, оған теңге немесе күміс бекіту
баршылықтыңбелгісі болып есептелген.
9
1.2.Бисердіңтүрлері, қолдануерекшеліктері(тоқу, жабыстырут.с.с).
Бисер деген сөздің өзіұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік.
Моншақтың түрлері: домалақ, сопақша, таяқша,Моншақты шыны, керамика,
хрусталь, металл бұйымдарынанжасайды.
Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше
түргежәне түстергебөлінеді.
Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см.
Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды.
Стеклярус- ұзынтаяқшалар, домалақ және көп қырлы.
Рубка- қысқа таяқшалар.
Бисерментоқу технологиясы: паралель тоқу; дөңгелек тоқу; инемен
тоқу; ілгекпен тоқу.
Бисердіжабыстырутехнологиясы:Бисермен жұмыс жасауда тізбектеп
тоқу арқылы, немесе қағаз бетіндегі суреттерді (мозайка) жабыстыруарқылы
сала отырыппайдалануға болады.
Су моншақпен кестелеу технологиясы:Айқас тігіс әдісімен суреттегі
түстердің түріне лайық су моншақтарды санап жіпке тізіп бекіту. Бұрыннан
белгілі бұл әдіспен бір шетінен бастап, ең соңынадейін қатарымен тізуге
болады. Бұл еркін түрде түстердің бірінен кейін біріне ұласуын бере отырып,
моншақты тізіп, матаға бекіту әдісі. Айқас тігіс әдісіне қарағанда күрделі
жұмыс кескіндемеге қатты ұқсайды. Оныңқолданбалы сән өнері жемісі екенін
су моншақтардың жылтырап көрінуінен аңғаруға болады.
Су моншақпен сәнді жұмыстар көне заманнан да басталады. Бұны
өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі осы
уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалғанжұмыстарын
зерттеу арқылы дәлелдеген.
XIX ғасырдыңсоңы менXX ғасырдыңбасындаЭмиль Галле және Тифанни
секілді модернстилінің суретшілері шынының су моншаққа көңіл бөлген
болатын. Өткен ғасырдың20 - жылдары су моншақ әйел адамдардың
киімдерін әшекейлеуде сәнгерлердеүлкен қолданысқаие болды. XX ғасыр
бойы су моншақпен сауда тоқтаған жоқ. Жақында су моншаққа деген
қызығушылықбүкіл әлемде болды. Су моншақпен тігу шығармашылықтың
бір түріне айналды
10
Басқа мемлекеттерде бәсекелестері болмауын қалады. Әйгілі саяхатшы
Марко Полоның әкесі бисер жасау шебері болыпты. Марео Поло өзінің
сапарынан оралғандасу моншақ жасау кәсібінен байыған мемлекетті көріп
таңданған. ОртаАзия мен қазақ халқының сәнді тұрмысындамоншақ,
маржандау әдісі ертеден белгілі болған. Өте әдемі, көздің жауын алатын,
жылтыраған нәзік зат – моншақты барлық ұлттардыңқолөнер іскер шеберлері
тіккен. Онда маржандау әдісімен әйел баласының сырға, білезік, сақина, алқа,
өңіржиек, сияқты заттарын толықтыруүшін, ұлттық киімдер, кимешек,
жақтауы, қамзол, тақия, аяқкиімдерді, ат - әбзелдерін безендірген. Қазіргі
сәнгерлердесу моншақтарды киімді және аксессуарларды әшекейлеу үшін
қолданады. Валентин Юлдашкин көйлектерді тегіс аса керемет су моншақпен
кестелейді. Эмануэль Унгаро және Бернара Перридің көптеген су моншақтық
алқалары көйлекті су тасқыны және лаулаған от сияқты көрсетеді. Жан - Поль
Готье сөмкелердісу моншақ және шыны моншақтармен әшекейлесе, Осимар
Версалато белбеумен, жағаларды әшекейлейді. КристианЛакруа су
моншақтардан жекеттер мен шалбарлардың жеке бөліктерін құрастырған, ал
Пако Рабан – түгел көйлекті су моншақпен әшекейлеген..
Моншақ мойынға, қолға (білекке), бас киімге, көйлек т.б. сырт
киімдерге, кейде киімнің ішкі жағына, аяқ киімге тағылған. Сондықтаноның
аттары көп.
Қазақ салтында моншақ тағу, әдетте, жас балаларға, қыз-келіншектерге
тән. Ересек ер адамдар көбіне моншақ тақпайды, тек сал-серілер бөркіне,
тымағына моншақ қадаған.
Түрік тілдерінде моншақ - ертеден қолданылып келе жатқан сөз. Қазақ
тілінде моншақтың екі мағынасы бар. «Мойынғатағатын зат» мағынасы
бәрімізге белгілі; екінші мағынасы – «асылтас». Зергерлік тағымның,
әшекейдің бұлтүрінің де тілімізде сақталған атаулары көп.
Ақық моншақ – ақықтан тізілген моншақ.
Ала моншақ – фразеологиялық сөз тіркесінде кездесетін атау; қара ала
көздімоншақ.
Жақ моншақ – алтын, күміс қозалармен,асылтастармен бұршақтап,
үзбелеп жасалған салпыншақты әйелдердің бас киім әшекейі; қырғыз тілінде
«жаак» (джаак) – әйел бас киімінің құлақ, самай тұсына тағылатын әшекей.
Көз моншақ – кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылыпжасалған
моншақ; көз тимесін деген ырымменбалалардың кейде үлкендердің білегіне,
бас киіміне таққан.
Меруерт моншақ – бірыңғай меруерттен тізген моншақ.
Шаш моншақ – бұрымныңұшынатағылатын әшекей.
11
Су моншақ – ұсақ тастардан тізілген моншақ; арзан қолды моншақ –
деп есептелген.
Біздің елімізде де бисермен, су моншақпен жұмыс түрлерідамып келеді.
Соныңбір дәлелі, Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапханада
бейнелеу өнерінің қылқаламымен салатын суреттен сипаты бөлек бір
таңғажайып көрмеөтті. Көрмеиесі Арқалық педагогикалық колледжінің
сәндік-қолданбалы өнерінің мұғалімі – Күләнда Ғалиасқарқызы Есекина.
Ол моншақпенсалғаен суретерін ұсынды. Ол инемен құдыққазғаннан бетер,
көз майын тамызған михнатты өнер екенін көрмесекте сеземіз. Суретшінің
моншақпен картина салуына түрткі болған нәрсе – бір тойда сыйлыққа
шетелден әкелген арзанқол картина еді. Моншақты жапсырып, баттап жасаған
екен. Ол «мен бұданәдемі шығарар едім» деп ойлайды. Шебер моншақпен
көрме жасап шығаруға табаны күректей бес жыл уақытын сарпетті.
Мақсаты – жас ұрпаққа үлгі болсындеу. Өйткені, еңбек, сурет
сабағы отансүйгіштікке тәрбиелеуі керек. Түр мен түсті, пропорцияны білу
қаршадайынан баланың сана- сезімін, отансүйгіштігін оятатын сабақтар,
әрі этика, эстетика көзі деп ұғады.
Натюрморт моншақ арқылы тізуге айрықша үйлесетінін «Күнбағыстар»,
«Ақ гүлдер», «Раушан гүлімен құмыражәне шай сервизі», «Алма салынған
себет», «Жеміс салынған себет», «Қызылрайхандар» сияқты сериялы
картиналардан көз айырмай қарап қалғанда ұғуға болады. Сұлулыққа
іңкәрлік бұл суреттердің астары мен сырын ашады. Қазақеуропалық стильді
білмей, дара тұрғандаоныңөзіне тән таңғажайып түркілік мәдениеті болды
ғой.
12
ІІ тарау. Бисерден жасалаған бұйымдардың пайдасы.
Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия
мен шеберлікті талап етеді. Су моншақтан тұрмысқа қажетті бұйымдарды
жасап үйренуге болады. Мысалы, ұялы телефон қапшығын жасау, зергерлік
бұйымдар жасау, түрлі кәдесый- лар жасауға болады.
Пластмассадан,әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ
моншақтарды бисер деп аталатыны туралы білдік. Бір кішкене қол білезігін
жасау үшін жергіліктьі жердегі базардан төмендегідей керек – жарақтарымды
сатып алдым. Олар: тізуге арналған №3 сапалы жіп (леска) – 90 теңге, 1
қалташа қызыл түсті бисер 45 теңге, және ақ түсті моншақ – 100 теңге.
Сөйтіп мен барлығы 235 теңге шығын жұмсадым. Интернет бетінен өзім
ұнатқан білезік суретін тауып алып, өз бетіммен жасауға кірістім. Мен бұған
дейін бисер арқылы суретті жапсыру жұмыстарын ғана орындап көрген едім.
Менің тоқу арқылы орындауым бірінші рет. Әпкемнің көмегі арқылы тоқу
технологиясын тез меңгеріп алдым. Мен онымен тоқтамай енді осы білезікке
ұқсас сырғажасағым келіп, оны орындап шықтым. Мен өз жұмысыма қуанып
қайта-қайта қарай бердім. Өйткені бұл менің өз таңдауым бойынша жасалған
ең алғашқы жұмысым еді. Өз білезігім мен сырғама қарай отырып, бұл
дүкенде неше теңге тұрады екен деген ой келді. Базардағы білезік пен мен өз
қолымен жасаған білезік пен сырғаны салыстыра бастадым. Базардағы білезік
пен сырға бағасы мен үшін өте қымбат. Ең арзаны 170 теңгеге білезік, 80
теңгеге сырға алады екенмін. Және ол бұйымдар бір пайдалануға ғана
арналған, дизайн дәрежесі төмен. Өзім жасаған білезік пен сырғажасауға
қажетті материал жеткілікті. Жасалуы өз ойлағаныңдай. Материалы қымбат
емес, әдемі дизайн. Еңбек шығыны аз. Тоқыған жіп берік. Экономикалық
шығын аз, білезік пен сырға өлшемі өз ойлағанындай. Әрі менің қолымда әлі
де жасауға қажетті құралдарым бар болғандықтан олардан әлі де 2 білезік, 3
пар сырға әзірлеуге болатынын байқадым. Сондықтан бисермен жұмыс
жасауды меңгере отырып, өзіңе қажетті заттарды өз қалауыңша жасап алуыңа
болатынын білдім.
Сондай-ақ, бисерден жасалған жұмыстар орындалуы жағынан сапалы,
дизайны жағынан әсем болғандықтан туған күндерге сыйлық ретінде,
құрбыларыңа естелік ретінде беруге таптырмас кәдесый.
13
2.1.Бисерден жасалаған жұмыс түрлерінің адамға әсері.
Бисер моншақтарымен жұмыс жасап үйренген адамның қиялы дамиды.
Өз қолынан шыққан еңбегіне сүйсіну адамды еңбектенуге жетелейді. Бұған
мен өз құрбыларымменбіріге отырыпжұмыс жасау кезінде куә болдым. Осы
жұмысқадеген өз бойымдақызығушылықтуғаннан кейін өз құрбыларым
арасында«Бисерденжасалған бұйымдарғадеген көзқарасыңқандай?»
тақырыбында сауалнама жүргіздім.
Сауалнама алудағы мақсатым: Осы өнер түріне деген құрбыларымның
қызығушылықдеңгейлерін анықтау.
Сауалнама мынандай сұрақтарданқұралды:
1. Бисермен жұмыс жасап көрдің бе?
2. Бисерденжасалған бұйымдардықолданар ма едің?
3. Олар адамға күнделікті қажет пе?
Сауалнама қорытындысы (қосымша1) бойынша оқушылар бисермен
жұмыс жасап көрмегендерін, одан жасалған затты қолданбайтындықтарын,
тіпті аданың күнделікті қажетіне пайдасы бар екеніне де сенбейтіндерін
байқатты. Мен бұлсауалнама жауабынан кейін алдымен өзімнің осы өнер
түрін үйренуім керек деп шештім. Алдымен, осы өнер түрін меңгерген
адамдармен пікірлестім. Солардыңбірі – анамның құрбысыСалтанат апай
еді. Мен ол кісіден бисермен жұмыстыңқыр-сыры туралы сұрапбілдім.
Жұмыс түріне қажетті құрал –саймандар атын сұрапбілдім. Жергілікті
жерімізде орналасқанбалаларды сауықтыру – тәрбиелеу (ДВОК) орталығына
барыпоқушылар жұмыс түрлерімен таныстым. Жұмыс түрінің әсемдігіне өте
қатты қызығушылықбілдірдім. Міне, осыданкейін бұл жұмыс түрін өз
бетіммен меңгеруге ұмтылдым. Алдымен, ғаламторданөзіме ұнайтын білезік
суретін таптым. Кейін оны схема бойынша орындауғакірістім. Жұмысты
орындауымаәпкем көп көмегін тигізді. Бір кішкене қол білезігін жасау үшін
жергілікті жердегі базардантөмендегідей керек-жарақтарымды сатып алдым.
Олар: тізуге арналған №3 сапалы жіп (леска)-90 теңге, 1 қалташа қызыл түсті
бисер – 45 теңге және ақ түстімоншақ – 100 теңге. Сөйтіп мен барлығы 235
теңге шығын жасадым. Интернет бетінен өзім ұнатқан білезік суретін тауып
алып, өз бетіммен жасауға кірістім. Мен бұған дейін бисер арқылы суретті
жапсыружұмыстарынғана орындапкөргенедім. Менің тоқу арқылы
оындауым бірінші рет. Әпкемнің көмегі арқылы тоқу технологиясынтез
меңгеріп алдым.
Мен оныментоқтамай енді осы білезікке ұқсаас сырғажасағым келіп,
оны орындапшықты. Мен өз жұмысымақуанып қайта-қайта қарай бердім.
14
Өйткені, бұлменің өз таңдауым бойынша жасалған ең алғашқы
жұмысым еді. Өз білезігім мен сырғамақарай отырып, бұлдүкенде неше теңге
тұрады екен деген ой келді. Базардағы білезік пен мен өз қолыммен жасаған
білезік пен сырғаны салыстырабастадым. Базардағыбілезік пен сырғабағасы
мен үшін өте қымбат. Және бұлбұйымдар бір пайдалануға ғана арналған,
дизайн дәрежесі төмен. Өзім жасаған білезік пен сырғажасауға қажетті
материал жеткілікті. Жасалуы өз ойлағанымдай. Материал қымбат емес, әдемі
дизайн. Еңбек шығыны аз. Тоқығанжіп берік. Экономикалықшығын аз,
білезік пен сырғаөлшемі өз ойлағанымдай. Әрі менің қолымдаәлі де жасауға
қажетті құралдарым бар болғандықтанолардан әлі де 2 білезік, 3 пар сырға
әзірлеуге болатынынбайқадым. Сондықтан бисерменжұмыс жасауды меңгере
отырып, өзіңе қажетті заттарды өз қалауыңша жасап алуыңа болатынын
білдім.
Сондай-ақ, бисерденжасалған жұмыстар орындалуы жағынансапалы,
дизайны жағынан әсем болғандықтантуған күндергесыйлықретінде,
құрбыларыңаестелік ретінде беруге таптырмас кәдесый.
15
2.1. Бисермен жұмыс жасаудың адамға әсері.
Бисер моншақтарымен жұмыс жасап үйренген адамның қиялы дамиды.
Өз қолынан шыққан еңбегіне сүйсіну адамды еңбектенуге жетелейді. Мен өз
еңбегімнің нәтижесін құрбы қыздарымакөрсетіп, оларды да бисерденқажетті
заттарын тоқып көругешақырдым.
Алдымен сыныбымныңқыздарынаншағынкөлемді әшекей бұйымдар
жасауды ұсындым. Оны біз бірігіп сыныпта жасайтын болыпкелістік. Қыздар
тез арада шағын білезіктер, алқалар жасай жөнелді. Тіпті, тағы не жасасам
екен деп, жұмысқадеген қызығушылықтарынбайқатты. (қосымша2)
Алғашқы үйрену сәтінде мен құрбыларымменбірге 2 білезік, 1 моншақ, 1
брелок жасап шықтық. Мен бұлкүнгі жұмыстыңқыздар көңілінен шыққанына
қатты қуандым. Келесі күні мен құрбыларымаөзім сатып алған алқаны
ұсындым. Мен ол алқаны қаламыздағы «Арман» дүкенінен 650 теңгеге сатып
алдым. Дәл осы алқаға ұқсас алқа жасауды ұсындым.Құрбыларым өз
келісімін берді. (Қосымша3)
Жұмыс соңындаорындалуұзақтығына, материал жұмсауымабайланысты
мынандай кесте толтырдым.
Моншақ тізуге жіберілген уақыт пен еңбек шығынынесептеу кестесі.
Құрбыларым Гүлнұр Анель Феруза Барлық
шығын
Орындау
жылдамдығы
50 мин 40 мин 30 мин 50 мин
Материал
шығыны
1 дана ақ бисер, жарты пает жасыл бисер
Дизайны
фантазиясы
Өзіміз қалағандай
Осы жасаған алқамыз бен базардағы алқаға жұмсалған шығынды
салыстыратынболсақ:
Базардағы алқа Өзіміз жасаған алқа
Құны 650 теңге Барлық шығын
Леска №3 90 теңге (100 м)
Бисер пакеті 2 дана х45т = 90 т
Моншақ 1 дана =120 теңге
650 теңге 300 теңге
Айырмашылығы
350 теңге артық төленді Әлі леска жібі мен моншақтың тең
жартысы қалды.
16
Жұмыс барысындатәжірибеге қатысқан 4 қыздың1-еуі тез шаршағанын
байқатты. Ал, қалған 3-і жұмысты сүйсіне орындады.Жұмысқадеген
қызығушылықтарыныңартуы оларды еңбектенуге үйретті. Ал, моншақтардың
әсем тізбектеліп, көз жауын ала орналасуы олардыңталғамын арттырды. Ал,
қыз бала үшін әсемдік пен әдеміліктің үйлесім тапқаны жақсы емес пе?!
Сондықтанда мен бисерменжұмыс жасау эстетикалық талғамды
дамытатынына сенемін.
Саулнама сұрақтарыноқушы көзқарастарыныңөзгергенін байқау мақсатында
қайтадан алдым.
1. Бисерденжасалған бұйымдардықолданар ма едің?
2. Олар адамға күнделікті қажет пе? Бұл жұмыс түріне деген көзқарастары
өзгерген. Бисерденбұйымдарды өз қолдарыменжасап қолданғанды
қалайтындарын білдірді. Құрбыларым «ұсақ-түйеккебосқаақша
шығындағанша, өзің жасаған жақсы екен» деген шешімге келді.
Сөйтіп, мен өз ғылыми жұмысымдыорындаубарысындақұрбыларымды
өз еңбегін пайдалануға үйреткенім үшін қуаныштымын. Бисерменжұмыс
жасау оқушы дамуына өзінік маңызы бар.
Қорытакеле, бисерменжұмыс жасау адам бойына тәрбиелік, білімділік,
психологиялықжағынан пайдасы зор екенін байқадым.
Білімділік жағына тоқтала кетсем: схемамен жұмыс жасау арқылы есте
сақтау қабілетін дамытады, түстердіайыра білуге пайдасы зор. Мысалы,
білезік жасау схемасын алдымен төмендегі суреттерге қарай отырып,
орындасақ, кейін ол іс-әрекеттің қайталана түсуінен жатқа орындайбастадық.
№1Бірінші инемізге 3 бисер, 1 моншақ, 7 бисер, 1 моншақ өткізіп аламыз.
(3 бисер+1моншақ + 7 бисер + 1 моншақ) осыларды жіптің ортасына
апарамыз.
№2 Бірінші инемізге 2 моншақ арасындағы 7 бисердің ортасындағы бисерден
өткіземіз.
№3 Жіпті тартамыз.
№4 Дәл солинемізге тағы 3 бисер өткіземіз.
№5 Ал екінші инемізді әлгі 3 бисердің ең соңғысынанөткіземіз.
№6 Жіпті тартамыз.
№7 Дәл солинемізге 5 бисер өткіземіз.
№8 Сол инені суретте көрсетілген бисерге өткіземіз.(№3 сурет)
№1 №2 №3 №4 №5
17
№6 №7 №8
Дәл осы тоқу схемасы қайталанады. Бұл суретті схема алғашқы
үйренушілерге таптырмас көмекші құрал.
Сурет сызбаларды пайдалану арқылы жұмыс жасау адамның жаттау, есте
сақтау қабілетін жақсартады. Мен өз жұмысым барысындаалғашқы
көрсетілген сурет арқылы түсініктеме берілген схеманы пайдалану арқылы
өзімнің білезігімді жасадым. Сонымен қатар қарапайым схема түріндегі сурет
сызбалар да болды. (№1 сурет)
Психологиялықжағына келетін болсам: шыдамдылыққа, сабырлылыққа
үйренеді. Осы жұмысты орындаубарысындаФеруза ең ұзыналқаны
тапжылмастан жасап, шыдамдылықкөрсетті. Анель бірқалыпты жұмыстан
қажығанын айтса да, жұмысты аяқтауға деген құлшынысынбілдірді.
Құрбыларымныңжұмыс барысындағы көңіл – күйін қадағалай отырып,
бисерменжұмыс жасау адам бойынаншыдамдылықты талап ететініне куә
болдым.
Тәрбиелік жағы: нәзіктікке, әдемілікке, бай фантазиясын, шеберлік
қабілетін, эстетикалық көзқарасын, еңбекқорлыққасиеттерін дамытады.
Шынында да, түстердібір-бірімен әсем етіп үйлестіре орналастыру, жұмыс
нәтижесіне жетуге деген құлшыныстыңбарлығы осы сөздердіңбарлығын
растап тұрғандай.
18
Қорытынды
Бисер тоқу өнері – ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық
шығармашылығыныңжәне әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі.
Бисерменжұмыс қазіргі уақытта қарқынды дамып келеді. Мұның тек рухани,
эстетикалық жағы ғана емес, соныменбірге жас ұрпақадам тәрбиесіне де
үлкен қызмет атқаратынын естен шығаруға болмайды. Әсіресе, бисермен
жұмыс өте нәзіктікті, әсемдікті, шыдамдылықты, фантазия мен шеберлікті
дамытады.
Қорытакеле, бисерденөз қажетімізге жарайтын заттарды жасап қолдану
әлдеқайда тиімді. Бисер арқылы ұлттық нақыштарымызды насихаттайтын
бұйымдардыжасауға болады. Ол оқушы бойына эстетикалық талғамды
қалыптастырады. Бисер арқылы қыз – келіншектердің киімдерінің алдын,
өңірін, жеңін, жағасын және ұялы телефонның қабын, сөмке, әмиян, қамзол,
сәукелелерді сәндеуге, әшекей бұйымдарымызды қолданжасап тағуымызға
болады. Адам өз еңбегінің пайдасын, нәтижесін көріп, еңбекке деген
қызығушылығы артады. Демек, бисерменжұмыс жасау өнері қыз бала
бойындаәсем үйлестіру, жақсы безендіру, ұқыпты орналастыруеңбектері
арқылы адам бойындаәсемдік қабілетін дамытатынынкөрсетті.
19
Ұсыныстар
Ұсынысымбисерденжасалғантүрліәшекейбұйымдарды тек қанакәдесый
(сувенир) ретіндеғанаемес, өзіміз үшін қолдануға үйренсек (ұялы телефонның
брелогі, телефон салатын қалташа, пенал т.б.). Бисермен тоқылған ұлттық ою-
өрнектерді кешке арналған киім үлгілеріне пайдаланса. Шағын шаш
қыстырғыштар, білезік сырғаларды әркім өз қолымен жасауға ұмтылса. Бұл
ғылыми жұмыс бос уақытын пайдалы өткізгісі келетін қыздар үшін, ата-
аналар мен мұғалімдерге өзіндік пайдасы бар. Елімізде бисер жасайтын
өндіріс орындары жоқ. Сондықтан шағын бизнеспен айналысушылар осыны
елімізде дамытуларына болады.
Бисермен жұмыс жасауға талпынған құрбыларыма өз кесте сызбамды
ұсынамын. Себебі, қазақ тілінде жазылған тоқу технологиясына арналған
кітапшалар жоқ.
Сондай-ақ, бисермен жұмыс жасау кезінде өзіңе қажетті түсті, құрал-
жабдықтарды көп дүкендерді аралап қана сатып аласың. Қаламызда бисер
сататын арнайы сауда орындары болса деймін.
20
Сауалнама қорытындысы:(қосымша1)
Сыныптастармен бірге (қосымша 2)
Дүкеннен алынған алқа мен қолдан жасалған алқаны салыстыру (қосымша 3)
0
5
10
15
Бисермен жұмыс
жасап көрдің бе?
Бисерден
жасалған затты
қолданасың ба?
Олар адамға
күнделікті қажет
пе?
Ия
жоқ
білмеймін
21
Пайдаланылғанәдебиеттер:
1. Ануфриева М.Я «Бисермен тоқу өнері»
2. Кемелбаева А. «Астана ақшамы» газеті 15.03.2015ж
3. Кузьмина О. «Бисер: От простого к сложному»
4. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, «Ғылым», Алматы,
1966, 146-б
5. Шойбеков Р.Н.«Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы» Алматы-1993
6. WWW.USTAZ.KZ
7. http://www.ledybook.ru/
22
Рудный қаласы №15 орта мектебінің 7- сынып оқушысы
Айбекова Ақеркенің «Бисермен жұмыс әсемдікке баулиды» атты
ғылыми жұмысына
пікір
Қазіргі уақытта қолдан жасалған өнер туындылары жоғары сұранысқа
ие. Соныңбірі – бисерменжұмыс түріекені туралы ойын анықтауға
тырысқан. Бисерменжұмыс түріадам бойынақалыптастыратын пайдалы
жақтары туралы нақты жазған. Шынында да, адам қолынан жасалған осындай
әсем туындылар жергілікті жерімізде де бар екені туралы айтылған. Бисермен
жұмыс түрлерін анықтай отырып, өз сыныптастарына өз қолынан жасалған
туындыларды қолданудыңартықшылықтары бар екенін дәлелдей білген.
Ақерке ғылыми жұмысынжазыпзерттеу барысындаалынған
материалдың қолдану аясынкөрсеткен. Тақырыпты насихаттау мақсатында
сыныптастарыносы жұмыс түрінорындапкөруге шақырған. Оқушы
тақырыпты жазу барысындакөптегенәдебиеттерді қолданған.
Бұл жұмыстағылыми қызығушылықбар деген қорытындығакелдім.
Ғылыми жетекшісі: Шайкибекова Айткуль Поезовна
23
Рудный қаласы №15 орта мектебінің 7- сынып оқушысы
Айбекова Ақеркенің «Бисермен жұмыс әсемдікке баулиды» атты
ғылыми жұмысына
Сын – пікір
Заман талабы өзгергенсайынадам қызығушылығы да өзгеретүсетіні анық.
Қазіргі уақытта оқушылар арасындақолдан бұйымдар жасауға деген
қызығушылықтары төмен екені сөзсіз. Айбекова Ақерке өз ғылыми жұмысы
арқылы құрбыларынөзіүйрене отырып, қолданбұйым жасауға қызықтыра
білгені қуантады. Ғылыми жұмыс барысындатоқутүрлеріне, бисер ұғымына
жан – жақты түсінік беріп өткен. Әсіресе, осы жұмыс түрін үйрене отырып,
пайдалы жақтарына тоқталғаны оқушы өз жұмысынаесеп бере отырып,
жұмыс мазмұныннақты жеткізіп, әр іс-қимылын саралай білгенін көрсетеді.
Оқушы көп ізденген. Өзі қолданған тоқу сызбаларынжинақтаған.
Жұмыстыңартықшылығынбағалай білген. Өзі көтерген мәселе төңірегінде
ұсыныстарынданақты жеткізген.
Бұл жұмыспентаныса отырып, ғылымитұрғыданжақсы дәлелденген
деген тұжырымғакелдім.
Технология пәнінің мұғалімі: Алипова Амина Биғалиқызы

More Related Content

Similar to айбекова ғылыми 15 сш docx

касыпкер и репортажи
касыпкер и репортажикасыпкер и репортажи
касыпкер и репортажи
NisEdu
 
9 сынып пример 400
9 сынып  пример 4009 сынып  пример 400
9 сынып пример 400
nurlan93kz
 
нан дастарханға қалай келеді
нан дастарханға қалай келедінан дастарханға қалай келеді
нан дастарханға қалай келеді
Nurlan Abilhanov
 

Similar to айбекова ғылыми 15 сш docx (20)

касыпкер и репортажи
касыпкер и репортажикасыпкер и репортажи
касыпкер и репортажи
 
презентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointпрезентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power point
 
9 сынып пример 400
9 сынып  пример 4009 сынып  пример 400
9 сынып пример 400
 
Xiv аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
Xiv   аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__Xiv   аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
Xiv аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
 
4666а
4666а4666а
4666а
 
мерует копия
мерует   копиямерует   копия
мерует копия
 
Тұмар түйіндер
 Тұмар түйіндер Тұмар түйіндер
Тұмар түйіндер
 
киелі аспап қобыз
киелі аспап   қобызкиелі аспап   қобыз
киелі аспап қобыз
 
циркте ашық сабақ (1)
циркте ашық сабақ (1)циркте ашық сабақ (1)
циркте ашық сабақ (1)
 
детские исследовательские проекты
детские исследовательские проектыдетские исследовательские проекты
детские исследовательские проекты
 
қазақстан мұражайлары сабақ жоспары
қазақстан мұражайлары сабақ жоспарықазақстан мұражайлары сабақ жоспары
қазақстан мұражайлары сабақ жоспары
 
Lgi predshkol
Lgi predshkolLgi predshkol
Lgi predshkol
 
окушы жұмысы акмаржан
окушы жұмысы  акмаржанокушы жұмысы  акмаржан
окушы жұмысы акмаржан
 
балжан ғылыми жоба
балжан ғылыми жобабалжан ғылыми жоба
балжан ғылыми жоба
 
нан дастарханға қалай келеді
нан дастарханға қалай келедінан дастарханға қалай келеді
нан дастарханға қалай келеді
 
исина 2
исина 2исина 2
исина 2
 
ғылыми жоба
ғылыми жобағылыми жоба
ғылыми жоба
 
ауыз әдебиеті асыл мұрамыз
ауыз әдебиеті асыл мұрамызауыз әдебиеті асыл мұрамыз
ауыз әдебиеті асыл мұрамыз
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршг
 
999кукеуе
999кукеуе999кукеуе
999кукеуе
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

айбекова ғылыми 15 сш docx

  • 1. 0 Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ Бисермен жұмыс әсемдікке баулиды Бағыты: Этномәдениет Айбекова Ақерке Айбекқызы 7 - сыныпоқушысы
  • 2. 1 Ғылыми жетекшісі: Шайкибекова Айткуль Поезовна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рудный қаласы, 2017 ж Мазмұны Кіріспе.............................................................................................3-4 Негізгі бөлім....................................................................................5-20 I тарау. Бисердің шығу тарихы.......................................................5-6 1.1 Бисер өндіретін орындар ................................................7 1.2 Бисердің түрлері, қолдану ерекшеліктері(тоқу, жабыстыру т.с.с).............................................................9 II тарау. Бисерден жасалаған бұйымдардың пайдасы.....................10-17 2.1 Бисерденжасалаған жұмыс түрлерінің адамға әсері.........................................................................................13-14 2.2 Бисерменжұмыс жасаудың әсері.....................................15 -17 Қорытынды ..........................................................................................18
  • 3. 2 Ұсыныстар............................................................................................19 Сілтемелер ............................................................................................20 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................21 Түйіндеме Ғылыми жұмысымыздыңнегізгі мақсаты: Ел ішінде кеңінен орыналған бисерменжұмыс жасау түрлерін жинақтай отырып, бисер моншақтарының шығу тарихына, өндіріс орындары туралы мәліметтер жинақтау. Оның оқушы бойынаэстетикалық қабілеттерін дамытатындығындәлеледеу. Адам өз қолымен жасалған бұйымдардыөз пайдасынажарата білуге шақыру. Жалпы өнімнің қолдануға дейінгі процесімен таныстыру, елімізге өнімнің қайдан келетінін анықтау. Жұмыс кіріспе негізгі бөлімнен, қорытынды, ұсыныстармен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Теориялықбөлімде бисер сөзінің мағынасына түсінік беріліп, шығу тарихы туралы мәлімет берілген. Практикалық бөлімінде бисерменжұмыс өнерінің түрлері, оны қолданушылар көлемі, насихаттаушылар саны мен оқушы қызығушылықтары салыстырмалы түрдекөрсетіледі. Бисерменжұмыс түрлерін анықтай отырып, оқушыларды өз еңбегінің жемісін қолдану әлдеқайда пайдалы, ұнамды екені туралы айтылады. Қолдан жасалған бұйымныңартықшылығы дәлелденеді.
  • 4. 3 Кіріспе Тақырыптың өзектілігі: Жеткіншектердің эстетикалық талғамын қалыптастыруда олардыңеңбекке деген сүйіспеншілігін де ұтымды пайдалана білген дұрыс. Олүшін бисермен тоқудыңмаңызы өте зор. Оқушыны еңбек өнеріне баулудың педагогика саласында бірнеше түрлері бар екені анық. Дегенмен, қазіргі уақытта бисерденістелген әсем жұмыстарға деген сұраныс көптеп саналады. Бисерденжасалған бұйымдарды өз қолыңмен жасап, өз қиялыңды (фантазия) дамытуға болады. Өз қалаған заттарыңды жасай отырып, солзаттың түсін, формасын, көлемін өзің анықтайсың. Мұндай жұмыс түрімен шұғылдану шыдамдылықты, әсемдейбілу талғамыңды дамытады. Сондықтанбұл жұмыс түрінің қолданылу техникасына, жұмыс түрлеріне түсінік бере отырып, өз еңбегіңнің жемісін көргентиімді екенін ұғындыру. Бисерденжасалған бұйымдардыкүнделікті қажетіңе жарату туралы ұсыныс беру. 1. Ғылыми - жобаның мақсаты: Бисермен тоқудынтехникасымен таныса отырып, өз қажеттілігіне жарата білуге үйрену. 2. Міндеттері: 1.Бисерменжұмыстыңәртүрлібағыттарынзерттеу; 2. Бисерменжұмыс өнерінің нәтижелерімен танысу; 3. Күнделікті өмірге қажеттілігін анықтау. 3. Зерттеу гипотезасы: Бисерменжұмыс эстетикалық талғамды дамытады. 4. Зерттеу кезеңдері: 1. Бисер сөзінің мағынасын, шығу тарихын ғаламтордан, кітапшалардан іздеу. Бисер тоқу өнерімен айналысатын адамдармен пікірлесу, мәліметтер жинақтау. Мектеп оқушыларының қызығушылығын анықтау. 2. Бисермен жұмыс түрлеріне тоқталу. 3. Бисерден жасалған бұйымдардың өмірдегі пайдасы туралы зерттеу. 4. Қолдан жасалаған бұйымдардың бағалы екенін түсіндіру. 5. Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі: Қолынан іс келетін адамға үнемі таңдана қараймыз. Бірақ, бұл кез-келген адамның қолынан келетіні анық. Бисерденжасалған әшекей бұйымдарды өз қажетіңе жаратуға болады. Міне, бұл осы жұмысқадеген құлшынысты тудыратын бірден бір себеп. Екіншіден, жасалған бұйымдар өте әсем, эстетикалық талғамға сай жасалған. Демек, бұл заттар сенің көңіліңнен
  • 5. 4 шығады, оны сен қолдануың мүмкін. Осығанбайланысты ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысындақолданжасалған бұйымдардыңқұндылығы, өз қалауыңша жасау мүмкіндігі, әсемдігі туралы айта отырып, өмірдеқолдануға үйрету. Сыныптастарымменбисер түрлерітуралы пікірлестім, «Бисерден жасалған заттарды қолданасыңба?» тақырыбындасауалнама өткіздім. Бұлсауалнаманыңмақсатыбисерденжасалағанзаттардыңқаншалықтыдеңгейдеқ олданыстабар екенінанықтау. Бисерденжасалағанбірнешежұмыстүрлерінжинақтаудамын, өзім құрбыларымменжұмыс жасапүйренудемін. 5. Зерттеу жұмысының кезеңдері: - Дайындық: тақырып таңдау, мақсат, міндет қою. - Зерттеу:Материалдар жинақтау, жұмыс мазмұнын ойластыру, қолданушы адамдармен пікірлесу. - Практикалық: Жинақталған материалды сұрыптау, жұмыс түрлерінің орындалу ерекшеліктеріне қарай бөлу. Қолданылу ерекшеліктеріне байланысты сауалнама жүргізу, пікірлесу. 6. Жұмыстың ғылыми жаңалығы:Бисерден жасалған бұйымдарды өз қажетіңе жаратуға болатынын анықтау. Бисердің түрлерімен таныстырып, жұмыс барысында қолдану ерекшеліктерін оқушыларға түсіндіру. Бисермен жұмыстың бір түрін қолдануға насихаттау. 7. Жұмыстың қолданылу аясы:Технология сабақтарында және үйірме жетекшілеріне қосымша материал ретінде қолдану.
  • 6. 5 І. Бисердің шығу тарихы. Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар дайындаудыңбір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі- түсті жұмыстарғадейін жасауға дейін болады. Барлық қолөнер сияқты бисердің де тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Әйнектің қашан пайда болғаны туралы әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясынФиникия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңыздар Финикиялық көпестер әлемді кезіп жүріп, Сирияғатоқтайды. Өздеріне азықдайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының)үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзенқұмына араласып, сұйықәйнек болып аққан екен. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе, әйтеуір әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестердің бүкіл Жерортатеңізінің бойындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдар сатқандығы белгілі.Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызғадейін VI ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі. Рим империясы Египет елін басыпалғанда, әйнек өнімдері Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге бисер атауы мәлім бола бастайды. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған.Нақ осы кезде бисерден бұйымдар жасау, әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылғаннемесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер пайда бола бастайды. Бұйымды ұзақпайдалану үшін оны мықты жіппен тоқыған. Бұл байлықты , соныңішінде бисердідүние жүзінде барлық елдер мәдениетінен көруге болады. Біздің Қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік, сырға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарындада кездескен.
  • 7. 6 Бисердіәр халық өзінше атаған.Бисер сөзі Араб сөзі.Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оныңатауы арабтың «Буера» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан қазақ тіліне аударғанда жалған маржан деген мағынаны білдіреді. Ресейде- бисер, Қазақстан мен Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Осы кезде әр түрлі формадағы моншақтар әшекейлеу үшін қолданыла бастады. Бірте - бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің киімдері әшекейлеуге айналды. Бисер - ұсақ түрлі түсті моншақтар. Моншақ мойынға тағылатын сәндік бұйым. Оныңформасы ірі және ұсақболады. Моншақ сөзінің мағынасы. “Мойын - шақ” немесе“Мойын - тақ” деген сөздерден құралған.Қазақ, өзбек, қырғыздарда«көз-моншақ», қарашай-балқарларда «көз моншақ», «қараңғылықмоншақ» (қараңғыдақорықпау үшін таққан), тәжіктерде «чашми» (чашим – глаз, сглаз) т.б. сияқты моншақтарды тіл-көзден сақтану ырымы бойыншақолданылған. Қазақ зергерлерікөбінесе қыз келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардыңсәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды - былқылдақ сәукеленің екі жағына кеудеге төгіліп тұратынмоншақтарды - жырға деп атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын, күмістен жасалған зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара қосыпәшекейлеген. Алқаны су моншақтан, алтын, күмістен соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды. Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарихы өте әріден басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалғанжұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ тимейтін сәнді зат ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерденжәне әсем асыл тастардан әшекейлеген керемет сәнді сәукелені сыйғатартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайдасақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмегекөп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен тастар үгіліп қалуы мүмкін.
  • 8. 7 1.1. Бисерөндіретін орындар. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығыныңосы түріжаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында. Сумоншақтың Отаны – ежелгі Египет.Міне соларданбисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды.Египеттен, Серияданбисердің технологиясы Рим империясынадейін тарады.Бірте-бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда,Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Бесінші ғасырдыңаяғындаәйнек өнері Византияға, оданкейін Венецияға ауысады.Көптегенғасырлар бойы Венеция Республикасы әйнек шығаруды құпия сақтайды.Әйнекшеберлері құпияны сақтамағандарды өлім жазасына кескен. ХV ғасырдаәйнек шеберлері Германияда, Францияда, Чехияда пайда болды.Чехия Венециямен бәсекеге түсті. Басқа елдерде де өндірілуіне қарамастан, шыны бисерлердіөндіруші алдыңғы қатарлы елдердің бірі – Жапония, Чехия және Қытай болып есептеледі. Жапондықбисер өте сапалы, сыртқы әсергеяғни, суға, күн сәулесіне төзімді. Жапон су моншағы Чех су моншағынан үлкендеу, ортасыныңтесігі де үлкен, бағасы да, сапасы да адамдарғақажет. Чехияда өндірілетін бисер Жапон бисеріне қарағанда арзан, дегенмен сапасы жағынан одан қалыспайды. Бірақ, Қытайда өндірілетін бисерденқымбат. Чех су моншағын әр түрлі нәрсеге қолданады.Еңарзан, әрі біздің пайдаланып жүрген бисеріміз Қытайда, Тайванда немесе Түркиядажасалған бисерлер. Тайвандық су моншақ – сапасыз, өз түрін, түсін де тез жоғалтады да, тез сынады, тесігі инеге кірмейді. Су моншақ ертеде тау хрустальі мен анық тастардан даярланған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауықтастап жатады. Шыны, моншақ жасайтын, шеберлерді, қатаң ұстап, оларды ешкіммен араластырмады. Бисер жасау ісі Венецияда өте жақсы дамыды.Бисердіңжасалу жолдарынқұпия ұстап, венециялық шыны құпиясынашқандары үшін өлім жазасынакескен. Ресей елдерінде бисер өндіретін ксіпорындарды ашу 1670-1680 жылдары батау алады. Измайлово селосындавенеция шеберлерінің бастауымен бисер жасайтын шеберханалар ашылды. Дегенмен, Отандық өнімдерін жаппай шығару пайдаға асыру жүзегеаса қоймады. 1754 ж Ломоносов М.Ю Усть-Рудицадаашылған бисер жасайтын фабрика жұмысына өзіндік үлесін қосып, түрлі-түсті жылтыр әйнек жасау тәсілін қолданып, бисер шығару қарқынын біршама дамытты. Бірақ, бұлөнімдер сыртел өнімдерімен бәсекеге түсе алмағандықтан, елде бисерменкестелеп тоқу өнері жақсы өріс алған. Қазіргі кезде біздің елімізде бисер моншақтарын өндіретін
  • 9. 8 кәсіпорындары жоқ. Дегенмен маржан моншақтарын қолдануды біздің еліміздің шеберлері де ешкімнен қалыспаған. Тіпті кең түрдедаму алғанына, ел ішінде қалыптасқан салттарды мысал етіп қарастыруға болады. Этнографиялықдеректе: перзент көрмей зарыққан отбасы кенеттен тәңірі жарылқап, ұлды болса, баланың төбесіне бір шоқ шаш қойып, оған маржанмоншақ араластырыпөріп қоятынсалт болған. Үйдегі қыз бала бас киіміне маржан моншақпен салпыншақ жасап, оған теңге немесе күміс бекіту баршылықтыңбелгісі болып есептелген.
  • 10. 9 1.2.Бисердіңтүрлері, қолдануерекшеліктері(тоқу, жабыстырут.с.с). Бисер деген сөздің өзіұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Моншақтың түрлері: домалақ, сопақша, таяқша,Моншақты шыны, керамика, хрусталь, металл бұйымдарынанжасайды. Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше түргежәне түстергебөлінеді. Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см. Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды. Стеклярус- ұзынтаяқшалар, домалақ және көп қырлы. Рубка- қысқа таяқшалар. Бисерментоқу технологиясы: паралель тоқу; дөңгелек тоқу; инемен тоқу; ілгекпен тоқу. Бисердіжабыстырутехнологиясы:Бисермен жұмыс жасауда тізбектеп тоқу арқылы, немесе қағаз бетіндегі суреттерді (мозайка) жабыстыруарқылы сала отырыппайдалануға болады. Су моншақпен кестелеу технологиясы:Айқас тігіс әдісімен суреттегі түстердің түріне лайық су моншақтарды санап жіпке тізіп бекіту. Бұрыннан белгілі бұл әдіспен бір шетінен бастап, ең соңынадейін қатарымен тізуге болады. Бұл еркін түрде түстердің бірінен кейін біріне ұласуын бере отырып, моншақты тізіп, матаға бекіту әдісі. Айқас тігіс әдісіне қарағанда күрделі жұмыс кескіндемеге қатты ұқсайды. Оныңқолданбалы сән өнері жемісі екенін су моншақтардың жылтырап көрінуінен аңғаруға болады. Су моншақпен сәнді жұмыстар көне заманнан да басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалғанжұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. XIX ғасырдыңсоңы менXX ғасырдыңбасындаЭмиль Галле және Тифанни секілді модернстилінің суретшілері шынының су моншаққа көңіл бөлген болатын. Өткен ғасырдың20 - жылдары су моншақ әйел адамдардың киімдерін әшекейлеуде сәнгерлердеүлкен қолданысқаие болды. XX ғасыр бойы су моншақпен сауда тоқтаған жоқ. Жақында су моншаққа деген қызығушылықбүкіл әлемде болды. Су моншақпен тігу шығармашылықтың бір түріне айналды
  • 11. 10 Басқа мемлекеттерде бәсекелестері болмауын қалады. Әйгілі саяхатшы Марко Полоның әкесі бисер жасау шебері болыпты. Марео Поло өзінің сапарынан оралғандасу моншақ жасау кәсібінен байыған мемлекетті көріп таңданған. ОртаАзия мен қазақ халқының сәнді тұрмысындамоншақ, маржандау әдісі ертеден белгілі болған. Өте әдемі, көздің жауын алатын, жылтыраған нәзік зат – моншақты барлық ұлттардыңқолөнер іскер шеберлері тіккен. Онда маржандау әдісімен әйел баласының сырға, білезік, сақина, алқа, өңіржиек, сияқты заттарын толықтыруүшін, ұлттық киімдер, кимешек, жақтауы, қамзол, тақия, аяқкиімдерді, ат - әбзелдерін безендірген. Қазіргі сәнгерлердесу моншақтарды киімді және аксессуарларды әшекейлеу үшін қолданады. Валентин Юлдашкин көйлектерді тегіс аса керемет су моншақпен кестелейді. Эмануэль Унгаро және Бернара Перридің көптеген су моншақтық алқалары көйлекті су тасқыны және лаулаған от сияқты көрсетеді. Жан - Поль Готье сөмкелердісу моншақ және шыны моншақтармен әшекейлесе, Осимар Версалато белбеумен, жағаларды әшекейлейді. КристианЛакруа су моншақтардан жекеттер мен шалбарлардың жеке бөліктерін құрастырған, ал Пако Рабан – түгел көйлекті су моншақпен әшекейлеген.. Моншақ мойынға, қолға (білекке), бас киімге, көйлек т.б. сырт киімдерге, кейде киімнің ішкі жағына, аяқ киімге тағылған. Сондықтаноның аттары көп. Қазақ салтында моншақ тағу, әдетте, жас балаларға, қыз-келіншектерге тән. Ересек ер адамдар көбіне моншақ тақпайды, тек сал-серілер бөркіне, тымағына моншақ қадаған. Түрік тілдерінде моншақ - ертеден қолданылып келе жатқан сөз. Қазақ тілінде моншақтың екі мағынасы бар. «Мойынғатағатын зат» мағынасы бәрімізге белгілі; екінші мағынасы – «асылтас». Зергерлік тағымның, әшекейдің бұлтүрінің де тілімізде сақталған атаулары көп. Ақық моншақ – ақықтан тізілген моншақ. Ала моншақ – фразеологиялық сөз тіркесінде кездесетін атау; қара ала көздімоншақ. Жақ моншақ – алтын, күміс қозалармен,асылтастармен бұршақтап, үзбелеп жасалған салпыншақты әйелдердің бас киім әшекейі; қырғыз тілінде «жаак» (джаак) – әйел бас киімінің құлақ, самай тұсына тағылатын әшекей. Көз моншақ – кішкентай ақ бүршіктен көз қондырылыпжасалған моншақ; көз тимесін деген ырымменбалалардың кейде үлкендердің білегіне, бас киіміне таққан. Меруерт моншақ – бірыңғай меруерттен тізген моншақ. Шаш моншақ – бұрымныңұшынатағылатын әшекей.
  • 12. 11 Су моншақ – ұсақ тастардан тізілген моншақ; арзан қолды моншақ – деп есептелген. Біздің елімізде де бисермен, су моншақпен жұмыс түрлерідамып келеді. Соныңбір дәлелі, Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапханада бейнелеу өнерінің қылқаламымен салатын суреттен сипаты бөлек бір таңғажайып көрмеөтті. Көрмеиесі Арқалық педагогикалық колледжінің сәндік-қолданбалы өнерінің мұғалімі – Күләнда Ғалиасқарқызы Есекина. Ол моншақпенсалғаен суретерін ұсынды. Ол инемен құдыққазғаннан бетер, көз майын тамызған михнатты өнер екенін көрмесекте сеземіз. Суретшінің моншақпен картина салуына түрткі болған нәрсе – бір тойда сыйлыққа шетелден әкелген арзанқол картина еді. Моншақты жапсырып, баттап жасаған екен. Ол «мен бұданәдемі шығарар едім» деп ойлайды. Шебер моншақпен көрме жасап шығаруға табаны күректей бес жыл уақытын сарпетті. Мақсаты – жас ұрпаққа үлгі болсындеу. Өйткені, еңбек, сурет сабағы отансүйгіштікке тәрбиелеуі керек. Түр мен түсті, пропорцияны білу қаршадайынан баланың сана- сезімін, отансүйгіштігін оятатын сабақтар, әрі этика, эстетика көзі деп ұғады. Натюрморт моншақ арқылы тізуге айрықша үйлесетінін «Күнбағыстар», «Ақ гүлдер», «Раушан гүлімен құмыражәне шай сервизі», «Алма салынған себет», «Жеміс салынған себет», «Қызылрайхандар» сияқты сериялы картиналардан көз айырмай қарап қалғанда ұғуға болады. Сұлулыққа іңкәрлік бұл суреттердің астары мен сырын ашады. Қазақеуропалық стильді білмей, дара тұрғандаоныңөзіне тән таңғажайып түркілік мәдениеті болды ғой.
  • 13. 12 ІІ тарау. Бисерден жасалаған бұйымдардың пайдасы. Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Су моншақтан тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасап үйренуге болады. Мысалы, ұялы телефон қапшығын жасау, зергерлік бұйымдар жасау, түрлі кәдесый- лар жасауға болады. Пластмассадан,әйнектен, інжу-маржаннан жасалған түрлі-түсті ұсақ моншақтарды бисер деп аталатыны туралы білдік. Бір кішкене қол білезігін жасау үшін жергіліктьі жердегі базардан төмендегідей керек – жарақтарымды сатып алдым. Олар: тізуге арналған №3 сапалы жіп (леска) – 90 теңге, 1 қалташа қызыл түсті бисер 45 теңге, және ақ түсті моншақ – 100 теңге. Сөйтіп мен барлығы 235 теңге шығын жұмсадым. Интернет бетінен өзім ұнатқан білезік суретін тауып алып, өз бетіммен жасауға кірістім. Мен бұған дейін бисер арқылы суретті жапсыру жұмыстарын ғана орындап көрген едім. Менің тоқу арқылы орындауым бірінші рет. Әпкемнің көмегі арқылы тоқу технологиясын тез меңгеріп алдым. Мен онымен тоқтамай енді осы білезікке ұқсас сырғажасағым келіп, оны орындап шықтым. Мен өз жұмысыма қуанып қайта-қайта қарай бердім. Өйткені бұл менің өз таңдауым бойынша жасалған ең алғашқы жұмысым еді. Өз білезігім мен сырғама қарай отырып, бұл дүкенде неше теңге тұрады екен деген ой келді. Базардағы білезік пен мен өз қолымен жасаған білезік пен сырғаны салыстыра бастадым. Базардағы білезік пен сырға бағасы мен үшін өте қымбат. Ең арзаны 170 теңгеге білезік, 80 теңгеге сырға алады екенмін. Және ол бұйымдар бір пайдалануға ғана арналған, дизайн дәрежесі төмен. Өзім жасаған білезік пен сырғажасауға қажетті материал жеткілікті. Жасалуы өз ойлағаныңдай. Материалы қымбат емес, әдемі дизайн. Еңбек шығыны аз. Тоқыған жіп берік. Экономикалық шығын аз, білезік пен сырға өлшемі өз ойлағанындай. Әрі менің қолымда әлі де жасауға қажетті құралдарым бар болғандықтан олардан әлі де 2 білезік, 3 пар сырға әзірлеуге болатынын байқадым. Сондықтан бисермен жұмыс жасауды меңгере отырып, өзіңе қажетті заттарды өз қалауыңша жасап алуыңа болатынын білдім. Сондай-ақ, бисерден жасалған жұмыстар орындалуы жағынан сапалы, дизайны жағынан әсем болғандықтан туған күндерге сыйлық ретінде, құрбыларыңа естелік ретінде беруге таптырмас кәдесый.
  • 14. 13 2.1.Бисерден жасалаған жұмыс түрлерінің адамға әсері. Бисер моншақтарымен жұмыс жасап үйренген адамның қиялы дамиды. Өз қолынан шыққан еңбегіне сүйсіну адамды еңбектенуге жетелейді. Бұған мен өз құрбыларымменбіріге отырыпжұмыс жасау кезінде куә болдым. Осы жұмысқадеген өз бойымдақызығушылықтуғаннан кейін өз құрбыларым арасында«Бисерденжасалған бұйымдарғадеген көзқарасыңқандай?» тақырыбында сауалнама жүргіздім. Сауалнама алудағы мақсатым: Осы өнер түріне деген құрбыларымның қызығушылықдеңгейлерін анықтау. Сауалнама мынандай сұрақтарданқұралды: 1. Бисермен жұмыс жасап көрдің бе? 2. Бисерденжасалған бұйымдардықолданар ма едің? 3. Олар адамға күнделікті қажет пе? Сауалнама қорытындысы (қосымша1) бойынша оқушылар бисермен жұмыс жасап көрмегендерін, одан жасалған затты қолданбайтындықтарын, тіпті аданың күнделікті қажетіне пайдасы бар екеніне де сенбейтіндерін байқатты. Мен бұлсауалнама жауабынан кейін алдымен өзімнің осы өнер түрін үйренуім керек деп шештім. Алдымен, осы өнер түрін меңгерген адамдармен пікірлестім. Солардыңбірі – анамның құрбысыСалтанат апай еді. Мен ол кісіден бисермен жұмыстыңқыр-сыры туралы сұрапбілдім. Жұмыс түріне қажетті құрал –саймандар атын сұрапбілдім. Жергілікті жерімізде орналасқанбалаларды сауықтыру – тәрбиелеу (ДВОК) орталығына барыпоқушылар жұмыс түрлерімен таныстым. Жұмыс түрінің әсемдігіне өте қатты қызығушылықбілдірдім. Міне, осыданкейін бұл жұмыс түрін өз бетіммен меңгеруге ұмтылдым. Алдымен, ғаламторданөзіме ұнайтын білезік суретін таптым. Кейін оны схема бойынша орындауғакірістім. Жұмысты орындауымаәпкем көп көмегін тигізді. Бір кішкене қол білезігін жасау үшін жергілікті жердегі базардантөмендегідей керек-жарақтарымды сатып алдым. Олар: тізуге арналған №3 сапалы жіп (леска)-90 теңге, 1 қалташа қызыл түсті бисер – 45 теңге және ақ түстімоншақ – 100 теңге. Сөйтіп мен барлығы 235 теңге шығын жасадым. Интернет бетінен өзім ұнатқан білезік суретін тауып алып, өз бетіммен жасауға кірістім. Мен бұған дейін бисер арқылы суретті жапсыружұмыстарынғана орындапкөргенедім. Менің тоқу арқылы оындауым бірінші рет. Әпкемнің көмегі арқылы тоқу технологиясынтез меңгеріп алдым. Мен оныментоқтамай енді осы білезікке ұқсаас сырғажасағым келіп, оны орындапшықты. Мен өз жұмысымақуанып қайта-қайта қарай бердім.
  • 15. 14 Өйткені, бұлменің өз таңдауым бойынша жасалған ең алғашқы жұмысым еді. Өз білезігім мен сырғамақарай отырып, бұлдүкенде неше теңге тұрады екен деген ой келді. Базардағы білезік пен мен өз қолыммен жасаған білезік пен сырғаны салыстырабастадым. Базардағыбілезік пен сырғабағасы мен үшін өте қымбат. Және бұлбұйымдар бір пайдалануға ғана арналған, дизайн дәрежесі төмен. Өзім жасаған білезік пен сырғажасауға қажетті материал жеткілікті. Жасалуы өз ойлағанымдай. Материал қымбат емес, әдемі дизайн. Еңбек шығыны аз. Тоқығанжіп берік. Экономикалықшығын аз, білезік пен сырғаөлшемі өз ойлағанымдай. Әрі менің қолымдаәлі де жасауға қажетті құралдарым бар болғандықтанолардан әлі де 2 білезік, 3 пар сырға әзірлеуге болатынынбайқадым. Сондықтан бисерменжұмыс жасауды меңгере отырып, өзіңе қажетті заттарды өз қалауыңша жасап алуыңа болатынын білдім. Сондай-ақ, бисерденжасалған жұмыстар орындалуы жағынансапалы, дизайны жағынан әсем болғандықтантуған күндергесыйлықретінде, құрбыларыңаестелік ретінде беруге таптырмас кәдесый.
  • 16. 15 2.1. Бисермен жұмыс жасаудың адамға әсері. Бисер моншақтарымен жұмыс жасап үйренген адамның қиялы дамиды. Өз қолынан шыққан еңбегіне сүйсіну адамды еңбектенуге жетелейді. Мен өз еңбегімнің нәтижесін құрбы қыздарымакөрсетіп, оларды да бисерденқажетті заттарын тоқып көругешақырдым. Алдымен сыныбымныңқыздарынаншағынкөлемді әшекей бұйымдар жасауды ұсындым. Оны біз бірігіп сыныпта жасайтын болыпкелістік. Қыздар тез арада шағын білезіктер, алқалар жасай жөнелді. Тіпті, тағы не жасасам екен деп, жұмысқадеген қызығушылықтарынбайқатты. (қосымша2) Алғашқы үйрену сәтінде мен құрбыларымменбірге 2 білезік, 1 моншақ, 1 брелок жасап шықтық. Мен бұлкүнгі жұмыстыңқыздар көңілінен шыққанына қатты қуандым. Келесі күні мен құрбыларымаөзім сатып алған алқаны ұсындым. Мен ол алқаны қаламыздағы «Арман» дүкенінен 650 теңгеге сатып алдым. Дәл осы алқаға ұқсас алқа жасауды ұсындым.Құрбыларым өз келісімін берді. (Қосымша3) Жұмыс соңындаорындалуұзақтығына, материал жұмсауымабайланысты мынандай кесте толтырдым. Моншақ тізуге жіберілген уақыт пен еңбек шығынынесептеу кестесі. Құрбыларым Гүлнұр Анель Феруза Барлық шығын Орындау жылдамдығы 50 мин 40 мин 30 мин 50 мин Материал шығыны 1 дана ақ бисер, жарты пает жасыл бисер Дизайны фантазиясы Өзіміз қалағандай Осы жасаған алқамыз бен базардағы алқаға жұмсалған шығынды салыстыратынболсақ: Базардағы алқа Өзіміз жасаған алқа Құны 650 теңге Барлық шығын Леска №3 90 теңге (100 м) Бисер пакеті 2 дана х45т = 90 т Моншақ 1 дана =120 теңге 650 теңге 300 теңге Айырмашылығы 350 теңге артық төленді Әлі леска жібі мен моншақтың тең жартысы қалды.
  • 17. 16 Жұмыс барысындатәжірибеге қатысқан 4 қыздың1-еуі тез шаршағанын байқатты. Ал, қалған 3-і жұмысты сүйсіне орындады.Жұмысқадеген қызығушылықтарыныңартуы оларды еңбектенуге үйретті. Ал, моншақтардың әсем тізбектеліп, көз жауын ала орналасуы олардыңталғамын арттырды. Ал, қыз бала үшін әсемдік пен әдеміліктің үйлесім тапқаны жақсы емес пе?! Сондықтанда мен бисерменжұмыс жасау эстетикалық талғамды дамытатынына сенемін. Саулнама сұрақтарыноқушы көзқарастарыныңөзгергенін байқау мақсатында қайтадан алдым. 1. Бисерденжасалған бұйымдардықолданар ма едің? 2. Олар адамға күнделікті қажет пе? Бұл жұмыс түріне деген көзқарастары өзгерген. Бисерденбұйымдарды өз қолдарыменжасап қолданғанды қалайтындарын білдірді. Құрбыларым «ұсақ-түйеккебосқаақша шығындағанша, өзің жасаған жақсы екен» деген шешімге келді. Сөйтіп, мен өз ғылыми жұмысымдыорындаубарысындақұрбыларымды өз еңбегін пайдалануға үйреткенім үшін қуаныштымын. Бисерменжұмыс жасау оқушы дамуына өзінік маңызы бар. Қорытакеле, бисерменжұмыс жасау адам бойына тәрбиелік, білімділік, психологиялықжағынан пайдасы зор екенін байқадым. Білімділік жағына тоқтала кетсем: схемамен жұмыс жасау арқылы есте сақтау қабілетін дамытады, түстердіайыра білуге пайдасы зор. Мысалы, білезік жасау схемасын алдымен төмендегі суреттерге қарай отырып, орындасақ, кейін ол іс-әрекеттің қайталана түсуінен жатқа орындайбастадық. №1Бірінші инемізге 3 бисер, 1 моншақ, 7 бисер, 1 моншақ өткізіп аламыз. (3 бисер+1моншақ + 7 бисер + 1 моншақ) осыларды жіптің ортасына апарамыз. №2 Бірінші инемізге 2 моншақ арасындағы 7 бисердің ортасындағы бисерден өткіземіз. №3 Жіпті тартамыз. №4 Дәл солинемізге тағы 3 бисер өткіземіз. №5 Ал екінші инемізді әлгі 3 бисердің ең соңғысынанөткіземіз. №6 Жіпті тартамыз. №7 Дәл солинемізге 5 бисер өткіземіз. №8 Сол инені суретте көрсетілген бисерге өткіземіз.(№3 сурет) №1 №2 №3 №4 №5
  • 18. 17 №6 №7 №8 Дәл осы тоқу схемасы қайталанады. Бұл суретті схема алғашқы үйренушілерге таптырмас көмекші құрал. Сурет сызбаларды пайдалану арқылы жұмыс жасау адамның жаттау, есте сақтау қабілетін жақсартады. Мен өз жұмысым барысындаалғашқы көрсетілген сурет арқылы түсініктеме берілген схеманы пайдалану арқылы өзімнің білезігімді жасадым. Сонымен қатар қарапайым схема түріндегі сурет сызбалар да болды. (№1 сурет) Психологиялықжағына келетін болсам: шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренеді. Осы жұмысты орындаубарысындаФеруза ең ұзыналқаны тапжылмастан жасап, шыдамдылықкөрсетті. Анель бірқалыпты жұмыстан қажығанын айтса да, жұмысты аяқтауға деген құлшынысынбілдірді. Құрбыларымныңжұмыс барысындағы көңіл – күйін қадағалай отырып, бисерменжұмыс жасау адам бойынаншыдамдылықты талап ететініне куә болдым. Тәрбиелік жағы: нәзіктікке, әдемілікке, бай фантазиясын, шеберлік қабілетін, эстетикалық көзқарасын, еңбекқорлыққасиеттерін дамытады. Шынында да, түстердібір-бірімен әсем етіп үйлестіре орналастыру, жұмыс нәтижесіне жетуге деген құлшыныстыңбарлығы осы сөздердіңбарлығын растап тұрғандай.
  • 19. 18 Қорытынды Бисер тоқу өнері – ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығыныңжәне әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисерменжұмыс қазіргі уақытта қарқынды дамып келеді. Мұның тек рухани, эстетикалық жағы ғана емес, соныменбірге жас ұрпақадам тәрбиесіне де үлкен қызмет атқаратынын естен шығаруға болмайды. Әсіресе, бисермен жұмыс өте нәзіктікті, әсемдікті, шыдамдылықты, фантазия мен шеберлікті дамытады. Қорытакеле, бисерденөз қажетімізге жарайтын заттарды жасап қолдану әлдеқайда тиімді. Бисер арқылы ұлттық нақыштарымызды насихаттайтын бұйымдардыжасауға болады. Ол оқушы бойына эстетикалық талғамды қалыптастырады. Бисер арқылы қыз – келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін, жағасын және ұялы телефонның қабын, сөмке, әмиян, қамзол, сәукелелерді сәндеуге, әшекей бұйымдарымызды қолданжасап тағуымызға болады. Адам өз еңбегінің пайдасын, нәтижесін көріп, еңбекке деген қызығушылығы артады. Демек, бисерменжұмыс жасау өнері қыз бала бойындаәсем үйлестіру, жақсы безендіру, ұқыпты орналастыруеңбектері арқылы адам бойындаәсемдік қабілетін дамытатынынкөрсетті.
  • 20. 19 Ұсыныстар Ұсынысымбисерденжасалғантүрліәшекейбұйымдарды тек қанакәдесый (сувенир) ретіндеғанаемес, өзіміз үшін қолдануға үйренсек (ұялы телефонның брелогі, телефон салатын қалташа, пенал т.б.). Бисермен тоқылған ұлттық ою- өрнектерді кешке арналған киім үлгілеріне пайдаланса. Шағын шаш қыстырғыштар, білезік сырғаларды әркім өз қолымен жасауға ұмтылса. Бұл ғылыми жұмыс бос уақытын пайдалы өткізгісі келетін қыздар үшін, ата- аналар мен мұғалімдерге өзіндік пайдасы бар. Елімізде бисер жасайтын өндіріс орындары жоқ. Сондықтан шағын бизнеспен айналысушылар осыны елімізде дамытуларына болады. Бисермен жұмыс жасауға талпынған құрбыларыма өз кесте сызбамды ұсынамын. Себебі, қазақ тілінде жазылған тоқу технологиясына арналған кітапшалар жоқ. Сондай-ақ, бисермен жұмыс жасау кезінде өзіңе қажетті түсті, құрал- жабдықтарды көп дүкендерді аралап қана сатып аласың. Қаламызда бисер сататын арнайы сауда орындары болса деймін.
  • 21. 20 Сауалнама қорытындысы:(қосымша1) Сыныптастармен бірге (қосымша 2) Дүкеннен алынған алқа мен қолдан жасалған алқаны салыстыру (қосымша 3) 0 5 10 15 Бисермен жұмыс жасап көрдің бе? Бисерден жасалған затты қолданасың ба? Олар адамға күнделікті қажет пе? Ия жоқ білмеймін
  • 22. 21 Пайдаланылғанәдебиеттер: 1. Ануфриева М.Я «Бисермен тоқу өнері» 2. Кемелбаева А. «Астана ақшамы» газеті 15.03.2015ж 3. Кузьмина О. «Бисер: От простого к сложному» 4. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, «Ғылым», Алматы, 1966, 146-б 5. Шойбеков Р.Н.«Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы» Алматы-1993 6. WWW.USTAZ.KZ 7. http://www.ledybook.ru/
  • 23. 22 Рудный қаласы №15 орта мектебінің 7- сынып оқушысы Айбекова Ақеркенің «Бисермен жұмыс әсемдікке баулиды» атты ғылыми жұмысына пікір Қазіргі уақытта қолдан жасалған өнер туындылары жоғары сұранысқа ие. Соныңбірі – бисерменжұмыс түріекені туралы ойын анықтауға тырысқан. Бисерменжұмыс түріадам бойынақалыптастыратын пайдалы жақтары туралы нақты жазған. Шынында да, адам қолынан жасалған осындай әсем туындылар жергілікті жерімізде де бар екені туралы айтылған. Бисермен жұмыс түрлерін анықтай отырып, өз сыныптастарына өз қолынан жасалған туындыларды қолданудыңартықшылықтары бар екенін дәлелдей білген. Ақерке ғылыми жұмысынжазыпзерттеу барысындаалынған материалдың қолдану аясынкөрсеткен. Тақырыпты насихаттау мақсатында сыныптастарыносы жұмыс түрінорындапкөруге шақырған. Оқушы тақырыпты жазу барысындакөптегенәдебиеттерді қолданған. Бұл жұмыстағылыми қызығушылықбар деген қорытындығакелдім. Ғылыми жетекшісі: Шайкибекова Айткуль Поезовна
  • 24. 23 Рудный қаласы №15 орта мектебінің 7- сынып оқушысы Айбекова Ақеркенің «Бисермен жұмыс әсемдікке баулиды» атты ғылыми жұмысына Сын – пікір Заман талабы өзгергенсайынадам қызығушылығы да өзгеретүсетіні анық. Қазіргі уақытта оқушылар арасындақолдан бұйымдар жасауға деген қызығушылықтары төмен екені сөзсіз. Айбекова Ақерке өз ғылыми жұмысы арқылы құрбыларынөзіүйрене отырып, қолданбұйым жасауға қызықтыра білгені қуантады. Ғылыми жұмыс барысындатоқутүрлеріне, бисер ұғымына жан – жақты түсінік беріп өткен. Әсіресе, осы жұмыс түрін үйрене отырып, пайдалы жақтарына тоқталғаны оқушы өз жұмысынаесеп бере отырып, жұмыс мазмұныннақты жеткізіп, әр іс-қимылын саралай білгенін көрсетеді. Оқушы көп ізденген. Өзі қолданған тоқу сызбаларынжинақтаған. Жұмыстыңартықшылығынбағалай білген. Өзі көтерген мәселе төңірегінде ұсыныстарынданақты жеткізген. Бұл жұмыспентаныса отырып, ғылымитұрғыданжақсы дәлелденген деген тұжырымғакелдім. Технология пәнінің мұғалімі: Алипова Амина Биғалиқызы