SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
Құланды орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Нурекешова Айжан Шорсовна
Сабақтың тақырыбы: Фонетикаға саяхат
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: фонетика жайында алған
білімдерін кеңейту. Фонетиканың
қарастыратын мәселелерін, дыбыс түрлерін
ажырата біліп, буынға дұрыс бөліп, дұрыс
тасымалдай білуді үйрету.
ә) Тәрбиелік: Қалаларға, облыс
орталықтарына саяхат жасау арқылы қазақ
елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Патриоттық
сезімі биік тұлға қалыптастыру.
б) Дамытушылық: Сабақты саяхат түрінде
өткізу арқылы есте сақтау қабілеттерін
дамыту. Сауатты жазуға, сауатты сөйлеуге
дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Тарату материалдары, ҚР картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ. Фонетикалық саяхат.
Мұғалім: Біз осыған дейін фонетика, оның қарастыратын мәселелері,
дыбыс, оның түрлері, буын, буын түрлерін, тасымал, екпін , екпін түрлерін
түгелдей өткен болатынбыз. Енді осы фонетика деген үлкен тарауды
қорытатын боламыз. Бүгінгі сабағымыз Қазақстандағы облыс орталықтары
мен қалаларына саяхатқа шығу арқылы жүргізіледі. Әр қалаға барғанда
біздерге сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап беріп, келесі қалаға
саяхатымызды жалғастырып отырамыз. Егер дұрыс жауап бере алмасаңыздар,
сол қалада өз өлкемізге жете алмай қалатын боламыз. Ендеше бүгінгі
сабаққа барлығымыз белсенділікпен қатысып отырайық. Бірінші
саяхатымызды Маңғыстау өңірінен бастаймыз.
Маңғыстау 362 әулиеге мекен болған киелі жер. Осы өлкеден көптеген
ақын-жазушылар, елге танымал батыр, билер, шешендер мен тарихта
өшпестей ізі қалған тұлғалар шыққан. Олай болса, сендерге сәттілік тілеймін.
Маңғыстау жерінде сендерге мынадай сұрақ беріліпті.
«Әліпби» эстафетасы. Яғни әліпбиді қателеспей айтып шығуымыз керек.
А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Е, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, Р, С; Т, Ұ, Ү, У, П,
Х, Ш, Щ, Ц, Ч, Һ, Ы, І, Ь, Ъ, Э, Ю, Я
2-сұрақ:
Фонетика деген не?
Фонетиканың қарастыратын мәселелері.
Жауап:
Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала фонетика деп аталады.
Фонетика дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация
мәселелерін қарастырады.
3-сұрақ:
Адасқан әріптерді орнына қой.
Қ, ы, з, е, т, м.
Ш, о, б, а, л, қ, а.
К, т, е, м, е, т, е.
Мына сөздерден сөйлем құрастыр.
Жұлдыз. Суретші. Байлық. Ардақ.
Жауап:
Қызмет.
Болашақ.
Текемет.
4-сұрақ:
Дауысты дыбыс деген не? Қандай түрлері бар? Дауысты дыбыстарды ата.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Мына сөздердің ішінен дауысты
дыбыстардың астын сыз.
Жауап:
Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты
дыбыстар дейміз. Жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік. Дауысты
дыбыстар: а, ә, э, о, ө, е, ұ, ү, у, ы, і, и.
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ.
5-сұрақ:
Дауыссыз дыбыстар деген не? Түрлерін ата.
Жұмбақ.
Оңға оқысаң да - бір халық,
Солға оқысаң да – бір халық.
Бір буыным – құс,
Бір буыным – түс, Осы жұмбақтың жауабын тауып, дауыссыз дыбыстарының
астын сыз.
Жауап:
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды
дауыссыз дыбыстар дейміз.
Қатаң: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч.
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ.
Үнді: р, й. у, л, м, н, ң.
Жұмбақтың жауабы: Қаз, ақ, қазақ.
6-сұрақ:
Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшір.
Б...ген...ай. К...ше. А...ы... . Ә...е. Тұр...ыс. Б...л...м.
Дыбыстар: ө, б, ш, қ, к, м, і.
Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, дыбыс түрлерін мына кестеге толтыр.
Туған жер
Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.
Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде,
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер. М.Жұмабаев.
Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар
Тілдің қатысына
қарай
Жақтың
қатысына қарай
Ерін мен езудің
қатысына қарай
жуан жіңішк
е
ашық қысаң еріндік езулік қатаң ұяң үнді
Жауап:
Бөгенбай. Көше. Ашық. Әке. Тұрмыс. Білім.
Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар
Тілдің қатысына
қарай
Жақтың
қатысына қарай
Ерін мен езудің
қатысына қарай
жуан жіңішк
е
ашық қысаң еріндік езулік қатаң ұяң үнді
ұ, а, ы,
о
у, і, е, ү а, е, о ұ, ы, у,
і, ү
ұ. у, ү,
о
а, ы, і,
е
қ, с, п,
т, к, ш
б, ж, ғ,
д
л, р, н,
м, й
7-сұрақ:
Буын деген не?
Мына сөйлемдерді буынға бөліп көшіріңдер.
Абайдың жүзінде ақшыл тартқан толқын білінді. Абай соншалық рақаттанып,
сүйсініп күлді. Ол көзінен моншақ-моншақ ыстық жасын төгіп тоқтады.
Жауап:
Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан
жасалған фонетикалық бөлшек.
А-бай-дың жү-зін-де ақ-шыл тарт-қан тол-қын бі-лін-ді. А-бай сон-ша-лық ра-
қат-тан-ып сүй-сі-ніп күл-ді. Ол кө-зі-нен мон-шақ-мон-шақ ыс-тық жа-сын
тө-гіп тоқ-та-ды.
8-сұрақ:
Буын түрлерін ата.
Мына сөйлемдерді оқып шығып, буынның түрлеріне ажыратыңдар.
Боташ үн қатпады. Жаздыгүнгі оқиға көз алдына келіп тұра қалды. Екі
қатықтың ақшасын қайтарып бермегеніне өкінді. Таңдайын қарыған сондағы
тәтті балмұздақ қазір тым ащы сезілді.
Буын түрлері
Ашық Тұйық Бітеу
Жауап:
Ашық буын. Тұйық буын. Бітеу буын.
Буын түрлері
Ашық Тұйық Бітеу
Қатпады, жаздыгүнгі,
оқиға, алдына, тұра,
қалды, екі, бермегеніне,
өкінді, сондағы, тәтті,
ащы, сезілді.
Үн, ақшасын Боташ, көз, келіп,
қатықтың, қайтарып,
таңдайын, қарыған,
балмұздақ, қазір, тым.
9-сұрақ.
Тасымал деген не?
Мына сөйлемдердегі қай сөздер тасымалданбайды: Әр оқушы жан-жақты
білім алуға міндетті. Білім алу да зор күн екенін ұмытпа.
Жауап:
Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға бөліп жазу
тасымал деп аталады.
Әр, алу, да, зор, күн.
10-сұрақ.
Үндестік заңы деген не?
Үндестік заңының қандай түрлері бар?
Жауап:
Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.
Үндестік заңының екі түрі бар: буын үндестігі, дыбыс үндестігі.
11-сұрақ:
Буын үндестігі деген не?
Мына сөздердегі буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаларды
табыңдар.
Қонақпен, діндар, өсімтал, Әуезов, сәнқой, емхана, сонымен, кіріптар,
зиянкес.
Жауап:
Дауысты дыбыс буын құрайтындықтан сөздегі, сөз бен қосымшалардағы
дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін
буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз.
Басқа тілден енген сөздерде (кітап, материк), біріккен сөздер мен қос
сөздерде (баспасөз, аман-есен) араласып келеді.
Қонақпен, діндар, өсімтал, Әуезов, сәнқой, емхана, сонымен, кіріптар,
зиянкес.
12-сұрақ:
Дыбыс үндестігі деген не? Дыбыс үндестігінің неше түрі бар? Ата.
Ілгерінді ықпал мен кейінді ықпалға мысал келтіріңдер.
Жауап:
Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз
дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады.
Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал.
Көрікбай – Көрікпай – ілгерінді ықпал.
Қара ағаш – қарағаш
13-сұрақ:
Екпін деген не? Неше түрі бар? Ата.
Мына сөйлемдегі қай дыбыстарға екпін түсіп тұр.
Үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.
Жауап:
Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір
дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз.
Екпін: сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.
Үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.
14-сұрақ:
Орфография мен орфоэпия деген не?
Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін айтылу, жазылу заңдылықтары
бойынша екі бағанға көшір.
Құндыз, бара алмады, құлын, сәрсенбі, ала қаз, Сарыөзек, тұзсыз, ақ аю,
шекара, ала кел.
Жауап:
Орфография сөздердің дұрыс жазылуы.
Орфоэпия сөздердің дұрыс айтылуы.
Жазылуы: Айтылуы:
Құндыз Құндұз
Бара алмады Баралмады
Құлын Құлұн
Сәрсенбі Сәрсембі
Ала қаз Ала ғаз
Сарыөзек Сарөзек
Тұзсыз Тұссыз
Ақ аю Ағ аю
Шекара Шегара
Ала кел Ала гел.
Бүгінгі сабақты қорыту және бекіту үшін тақтаға қарайық.
Қазақ тілі
Лексика Фонетика Грамматика
Морфология Синтаксис
Фонетика
Қазақ Тіл Буын Тасымал Үндестік заңы
әліпбиі дыбыстары
Орфография Орфоэпия Екпін
Үй тапсырмасы: «Туған жер – алтын бесік».
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

More Related Content

What's hot

[ұ] мен [ү] дауысты дыбыстары
[ұ]  мен [ү] дауысты дыбыстары[ұ]  мен [ү] дауысты дыбыстары
[ұ] мен [ү] дауысты дыбыстарыAsem Sarsembayeva
 
Б б дыбысы мен әрпі
Б б дыбысы мен әрпіБ б дыбысы мен әрпі
Б б дыбысы мен әрпіNurlan Abilhanov
 
6999fffffffff d fd f f fdfdgfg
6999fffffffff d  fd f f  fdfdgfg6999fffffffff d  fd f f  fdfdgfg
6999fffffffff d fd f f fdfdgfgNurlan Abilhanov
 
кесебаева мөлдір ф 09
кесебаева мөлдір ф 09кесебаева мөлдір ф 09
кесебаева мөлдір ф 09nurbolat84
 
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпіР дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпіBilim All
 
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпіД дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпіBilim All
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыAsem Sarsembayeva
 
кубаева презентация -одагай
кубаева   презентация -одагайкубаева   презентация -одагай
кубаева презентация -одагайAsem Sarsembayeva
 

What's hot (20)

Ә дыбысы мен әрпі ашық сабақ
Ә дыбысы мен әрпі ашық сабақӘ дыбысы мен әрпі ашық сабақ
Ә дыбысы мен әрпі ашық сабақ
 
ашық сабақ
ашық  сабақашық  сабақ
ашық сабақ
 
[ұ] мен [ү] дауысты дыбыстары
[ұ]  мен [ү] дауысты дыбыстары[ұ]  мен [ү] дауысты дыбыстары
[ұ] мен [ү] дауысты дыбыстары
 
Б б дыбысы мен әрпі
Б б дыбысы мен әрпіБ б дыбысы мен әрпі
Б б дыбысы мен әрпі
 
132fgfdgfdfff
132fgfdgfdfff132fgfdgfdfff
132fgfdgfdfff
 
91afsasds
91afsasds91afsasds
91afsasds
 
Осы шақ. Нақ осы шақ
Осы шақ. Нақ осы шақОсы шақ. Нақ осы шақ
Осы шақ. Нақ осы шақ
 
6999fffffffff d fd f f fdfdgfg
6999fffffffff d  fd f f  fdfdgfg6999fffffffff d  fd f f  fdfdgfg
6999fffffffff d fd f f fdfdgfg
 
Щ дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпіЩ дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
 
кесебаева мөлдір ф 09
кесебаева мөлдір ф 09кесебаева мөлдір ф 09
кесебаева мөлдір ф 09
 
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпіР дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
 
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпіД дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі
 
Tttt tt
Tttt ttTttt tt
Tttt tt
 
2053xczcxc
2053xczcxc2053xczcxc
2053xczcxc
 
ччч
чччччч
ччч
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
Синтаксис. Сөз тіркесі.
Синтаксис. Сөз тіркесі.Синтаксис. Сөз тіркесі.
Синтаксис. Сөз тіркесі.
 
Лексика
ЛексикаЛексика
Лексика
 
кубаева презентация -одагай
кубаева   презентация -одагайкубаева   презентация -одагай
кубаева презентация -одагай
 
5 класс каз тілі ашық сабак
5 класс каз тілі ашық сабак5 класс каз тілі ашық сабак
5 класс каз тілі ашық сабак
 

Similar to Ddd

ұ дыбысы мен әрпі
ұ дыбысы мен әрпіұ дыбысы мен әрпі
ұ дыбысы мен әрпіoquzaman
 
біздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыкабіздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыкаoquzaman
 
зат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтаузат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтауNurlan Abilhanov
 
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасыСөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасыBilim All
 
а дыбысы мен рп¦
а дыбысы мен   рп¦а дыбысы мен   рп¦
а дыбысы мен рп¦oquzaman
 
Пингвиндер неге ұша алмайды
Пингвиндер неге ұша алмайдыПингвиндер неге ұша алмайды
Пингвиндер неге ұша алмайдыbilimallkz
 

Similar to Ddd (20)

5 сынып 1 то сан1217641201333141
5 сынып 1 то  сан12176412013331415 сынып 1 то  сан1217641201333141
5 сынып 1 то сан1217641201333141
 
2013zxzxz
2013zxzxz2013zxzxz
2013zxzxz
 
56
5656
56
 
ұ дыбысы мен әрпі
ұ дыбысы мен әрпіұ дыбысы мен әрпі
ұ дыбысы мен әрпі
 
біздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыкабіздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыка
 
тұтығу
тұтығутұтығу
тұтығу
 
зат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтаузат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтау
 
Матей көрші
Матей көрші   Матей көрші
Матей көрші
 
шаяхмет а.к.
шаяхмет а.к.шаяхмет а.к.
шаяхмет а.к.
 
Тіл тазалығы-мәдениет құралы
Тіл тазалығы-мәдениет құралыТіл тазалығы-мәдениет құралы
Тіл тазалығы-мәдениет құралы
 
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасыСөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
 
а дыбысы мен әрпі
а дыбысы мен әрпіа дыбысы мен әрпі
а дыбысы мен әрпі
 
а дыбысы мен рп¦
а дыбысы мен   рп¦а дыбысы мен   рп¦
а дыбысы мен рп¦
 
Мысықтың қоңырауы
Мысықтың қоңырауыМысықтың қоңырауы
Мысықтың қоңырауы
 
586fd
586fd586fd
586fd
 
к дыбысы
к дыбысык дыбысы
к дыбысы
 
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамытукенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
 
қмж
қмжқмж
қмж
 
көжек
көжеккөжек
көжек
 
Пингвиндер неге ұша алмайды
Пингвиндер неге ұша алмайдыПингвиндер неге ұша алмайды
Пингвиндер неге ұша алмайды
 

More from Nurlan Abilhanov

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Nurlan Abilhanov
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1Nurlan Abilhanov
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одеждыNurlan Abilhanov
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемNurlan Abilhanov
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуNurlan Abilhanov
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаNurlan Abilhanov
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағNurlan Abilhanov
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстарNurlan Abilhanov
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияNurlan Abilhanov
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласыNurlan Abilhanov
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertertNurlan Abilhanov
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh Nurlan Abilhanov
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)Nurlan Abilhanov
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” ОмонимNurlan Abilhanov
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдіNurlan Abilhanov
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanNurlan Abilhanov
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» ОмонимдерNurlan Abilhanov
 

More from Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 

Ddd

  • 1. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурекешова Айжан Шорсовна Сабақтың тақырыбы: Фонетикаға саяхат Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: фонетика жайында алған білімдерін кеңейту. Фонетиканың қарастыратын мәселелерін, дыбыс түрлерін ажырата біліп, буынға дұрыс бөліп, дұрыс тасымалдай білуді үйрету. ә) Тәрбиелік: Қалаларға, облыс орталықтарына саяхат жасау арқылы қазақ елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Патриоттық сезімі биік тұлға қалыптастыру. б) Дамытушылық: Сабақты саяхат түрінде өткізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сауатты жазуға, сауатты сөйлеуге дағдыландыру. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ Сабақтың көрнекілігі: Тарату материалдары, ҚР картасы Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу. ІІ. Жаңа сабақ. Фонетикалық саяхат. Мұғалім: Біз осыған дейін фонетика, оның қарастыратын мәселелері, дыбыс, оның түрлері, буын, буын түрлерін, тасымал, екпін , екпін түрлерін түгелдей өткен болатынбыз. Енді осы фонетика деген үлкен тарауды қорытатын боламыз. Бүгінгі сабағымыз Қазақстандағы облыс орталықтары мен қалаларына саяхатқа шығу арқылы жүргізіледі. Әр қалаға барғанда біздерге сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап беріп, келесі қалаға саяхатымызды жалғастырып отырамыз. Егер дұрыс жауап бере алмасаңыздар, сол қалада өз өлкемізге жете алмай қалатын боламыз. Ендеше бүгінгі сабаққа барлығымыз белсенділікпен қатысып отырайық. Бірінші саяхатымызды Маңғыстау өңірінен бастаймыз.
  • 2. Маңғыстау 362 әулиеге мекен болған киелі жер. Осы өлкеден көптеген ақын-жазушылар, елге танымал батыр, билер, шешендер мен тарихта өшпестей ізі қалған тұлғалар шыққан. Олай болса, сендерге сәттілік тілеймін. Маңғыстау жерінде сендерге мынадай сұрақ беріліпті. «Әліпби» эстафетасы. Яғни әліпбиді қателеспей айтып шығуымыз керек. А, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Е, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, Р, С; Т, Ұ, Ү, У, П, Х, Ш, Щ, Ц, Ч, Һ, Ы, І, Ь, Ъ, Э, Ю, Я 2-сұрақ: Фонетика деген не? Фонетиканың қарастыратын мәселелері. Жауап: Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала фонетика деп аталады. Фонетика дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады. 3-сұрақ: Адасқан әріптерді орнына қой. Қ, ы, з, е, т, м. Ш, о, б, а, л, қ, а. К, т, е, м, е, т, е. Мына сөздерден сөйлем құрастыр. Жұлдыз. Суретші. Байлық. Ардақ. Жауап: Қызмет. Болашақ. Текемет. 4-сұрақ: Дауысты дыбыс деген не? Қандай түрлері бар? Дауысты дыбыстарды ата. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Мына сөздердің ішінен дауысты дыбыстардың астын сыз. Жауап: Ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз. Жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік. Дауысты дыбыстар: а, ә, э, о, ө, е, ұ, ү, у, ы, і, и. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. 5-сұрақ: Дауыссыз дыбыстар деген не? Түрлерін ата. Жұмбақ. Оңға оқысаң да - бір халық,
  • 3. Солға оқысаң да – бір халық. Бір буыным – құс, Бір буыным – түс, Осы жұмбақтың жауабын тауып, дауыссыз дыбыстарының астын сыз. Жауап: Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Қатаң: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч. Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ. Үнді: р, й. у, л, м, н, ң. Жұмбақтың жауабы: Қаз, ақ, қазақ. 6-сұрақ: Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшір. Б...ген...ай. К...ше. А...ы... . Ә...е. Тұр...ыс. Б...л...м. Дыбыстар: ө, б, ш, қ, к, м, і. Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, дыбыс түрлерін мына кестеге толтыр. Туған жер Бұл жарыққа аяқ басып туған жер, Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. Жастық – алтын, қайтып келмес күнімде, Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер. М.Жұмабаев. Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар Тілдің қатысына қарай Жақтың қатысына қарай Ерін мен езудің қатысына қарай жуан жіңішк е ашық қысаң еріндік езулік қатаң ұяң үнді Жауап: Бөгенбай. Көше. Ашық. Әке. Тұрмыс. Білім. Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар Тілдің қатысына қарай Жақтың қатысына қарай Ерін мен езудің қатысына қарай жуан жіңішк е ашық қысаң еріндік езулік қатаң ұяң үнді
  • 4. ұ, а, ы, о у, і, е, ү а, е, о ұ, ы, у, і, ү ұ. у, ү, о а, ы, і, е қ, с, п, т, к, ш б, ж, ғ, д л, р, н, м, й 7-сұрақ: Буын деген не? Мына сөйлемдерді буынға бөліп көшіріңдер. Абайдың жүзінде ақшыл тартқан толқын білінді. Абай соншалық рақаттанып, сүйсініп күлді. Ол көзінен моншақ-моншақ ыстық жасын төгіп тоқтады. Жауап: Буын дегеніміз – сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. А-бай-дың жү-зін-де ақ-шыл тарт-қан тол-қын бі-лін-ді. А-бай сон-ша-лық ра- қат-тан-ып сүй-сі-ніп күл-ді. Ол кө-зі-нен мон-шақ-мон-шақ ыс-тық жа-сын тө-гіп тоқ-та-ды. 8-сұрақ: Буын түрлерін ата. Мына сөйлемдерді оқып шығып, буынның түрлеріне ажыратыңдар. Боташ үн қатпады. Жаздыгүнгі оқиға көз алдына келіп тұра қалды. Екі қатықтың ақшасын қайтарып бермегеніне өкінді. Таңдайын қарыған сондағы тәтті балмұздақ қазір тым ащы сезілді. Буын түрлері Ашық Тұйық Бітеу Жауап: Ашық буын. Тұйық буын. Бітеу буын. Буын түрлері Ашық Тұйық Бітеу Қатпады, жаздыгүнгі, оқиға, алдына, тұра, қалды, екі, бермегеніне, өкінді, сондағы, тәтті, ащы, сезілді. Үн, ақшасын Боташ, көз, келіп, қатықтың, қайтарып, таңдайын, қарыған, балмұздақ, қазір, тым. 9-сұрақ. Тасымал деген не? Мына сөйлемдердегі қай сөздер тасымалданбайды: Әр оқушы жан-жақты білім алуға міндетті. Білім алу да зор күн екенін ұмытпа.
  • 5. Жауап: Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға бөліп жазу тасымал деп аталады. Әр, алу, да, зор, күн. 10-сұрақ. Үндестік заңы деген не? Үндестік заңының қандай түрлері бар? Жауап: Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз. Үндестік заңының екі түрі бар: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. 11-сұрақ: Буын үндестігі деген не? Мына сөздердегі буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаларды табыңдар. Қонақпен, діндар, өсімтал, Әуезов, сәнқой, емхана, сонымен, кіріптар, зиянкес. Жауап: Дауысты дыбыс буын құрайтындықтан сөздегі, сөз бен қосымшалардағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып үндесуін буын үндестігі (сингармонизм) деп атаймыз. Басқа тілден енген сөздерде (кітап, материк), біріккен сөздер мен қос сөздерде (баспасөз, аман-есен) араласып келеді. Қонақпен, діндар, өсімтал, Әуезов, сәнқой, емхана, сонымен, кіріптар, зиянкес. 12-сұрақ: Дыбыс үндестігі деген не? Дыбыс үндестігінің неше түрі бар? Ата. Ілгерінді ықпал мен кейінді ықпалға мысал келтіріңдер. Жауап: Сөз бен қосымшаның жігінде немесе сөз бен сөздің аралығында дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі өзіне ұқсата әсер етуі дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыс үндестігі екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал. Көрікбай – Көрікпай – ілгерінді ықпал. Қара ағаш – қарағаш 13-сұрақ: Екпін деген не? Неше түрі бар? Ата. Мына сөйлемдегі қай дыбыстарға екпін түсіп тұр. Үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі.
  • 6. Жауап: Сөйлеп тұрғанда, бір сөз басқа сөздерге, бір буын басқа буындарға, бір дыбыс басқа дыбыстарға қарағанда күшті, көтеріңкі айтылуын екпін дейміз. Екпін: сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді. Үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар беріледі. 14-сұрақ: Орфография мен орфоэпия деген не? Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін айтылу, жазылу заңдылықтары бойынша екі бағанға көшір. Құндыз, бара алмады, құлын, сәрсенбі, ала қаз, Сарыөзек, тұзсыз, ақ аю, шекара, ала кел. Жауап: Орфография сөздердің дұрыс жазылуы. Орфоэпия сөздердің дұрыс айтылуы. Жазылуы: Айтылуы: Құндыз Құндұз Бара алмады Баралмады Құлын Құлұн Сәрсенбі Сәрсембі Ала қаз Ала ғаз Сарыөзек Сарөзек Тұзсыз Тұссыз Ақ аю Ағ аю Шекара Шегара Ала кел Ала гел. Бүгінгі сабақты қорыту және бекіту үшін тақтаға қарайық. Қазақ тілі Лексика Фонетика Грамматика Морфология Синтаксис Фонетика Қазақ Тіл Буын Тасымал Үндестік заңы әліпбиі дыбыстары
  • 7. Орфография Орфоэпия Екпін Үй тапсырмасы: «Туған жер – алтын бесік». Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.