SlideShare a Scribd company logo
1 of 21
Әзірлеген: Орал қаласы, №7 ЖОБМ қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі Кубаева Сапура Жаксыгелдиевна
Зерттегендер:
 А.Байтұрсынов
 А.Ысқақов
 Ш.Сарыбаев
 Н.Оралбаева
 Н.Сауранбаев
 Т.Сайрамбаев
Ш.Сарыбаевтың зерттеуінше: Одағай
категориясына жататын сөздер адамның көңіл-күйін,
сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар
басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды
шақыру, айдау, қарғау мақсатында да қолданылады. Бұл
категорияның құрамы ала-құла. Мұның құрамында
адамның көңіл-күйін білдіретін Ойбай! Япырмай!
Әттең! Шіркін! сияқты сөздер және адамға бұйыру,
ишара қылу, тыйым салу мақсатымен қолданылатын
Тәйт! Тек! Жә! Сап-сап! сияқты сөздер бар.
Одағайлардың құрамында малды шақыру, айдау, қарғау
мақсатымен қолданылатын Үрит соқ! Шәуім-шәуім!
Шек-шек! Шөре-шөре! сияқты сөздерді де кездестіреміз.
Амандасу, қоштасу т.б. тұрмыс-салтымен байланысты
қолданылатын Хош! Хайыр! Рахмет!
Ассалаумағаллейкүм! сияқты азын-аулақ сөздер де осы
топқа жатады.
Одағай
Өз алдына ерекшеліктері
бар оқшау сөздердің бір
түрі, сөз табы.
Адам сезімінің алуан
түрлі күйін
білдіретін дыбыстар
Жұртшылыққа әбден
түсінікті болып
қалыптасқандықтан, жай
ғана дыбыстардың
қатарынан шығып, белгілі
сөзге айналған
Мағына жағынан
заттың өзі туралы да,
сыны, саны, қимылы
туралы да, қимылдың
жайы-күйі туралы да
ұғым
ОДАҒАЙ СӨЗДЕРДІҢ ҚҰРАМЫ
Күрделі одағайларға
бірнеше сөзден біріккен,
қайталанған, қосарланған
немесе басқа тілдерден
ауысқан сөздер енеді.
Мәссаған! Апырым-ай!
Әттеген-ай! Бәрекелді! т.б.
Негізгі одағайларға: ау, па,
ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә,
о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу
дегендер жатады. Бұл
одағайлар қайталанып
қолданылмайды
Негізгі Күрделі
Одағайдың
мағыналық
түрлері
көңіл-күй
одағайлары
императивтік
одағайлар
тұрмыс-салт
одағайлары
Көңіл-күй
одағайлары
Әрі жағымды, әрі жағымсыз
эмоцияны білдіретін одағайлар:
Бұл топтағы одағайлар әдетте көп
мәнді болып келеді де, олардың
мағыналары контекст ішінде не
ситуацияда анықталады: пай-пай!
одағайы қарама-қарсы екі мәнде
жұмсалады:
а) таңдану, сүйсіну,
таңырқау. Кәне, басыңа киіп
көрші. Пай-пай, қандай
жарасады, ә! (Кәлменов).
Пай-пай, шіркін, Алатау,
шандоз едің неткен сен!
(Сәрсенбаев).
ә) ренжу, наразылық
мағынасында: -Пай-пай,
аяқтарының астында
қаламыз-ау! (Әуезов).
Жағымды көңіл-
күйді білдіретін
одағайлар: Алақай!
Ура! (қуаныш,
шаттану), һа!
Паһ-паһ! (сүйсіну,
таңдану),
Бәрекелді! (сүйсіну,
қоштау), Оһо!
(таңдану), т.б.
Жағымсыз эмоцияны
білдіретін одағайлар:
Әттеген-ай! Әттең!
Қап! (өкіну), Тәйірі!
Түге! (наразылық,
кейістік), Піш!
Пішту! (жақтырмау,
менсінбеу), т.б.
Императивтік ишара
одағайлары
адам не хайуанатқа бағышталып
айтылатын шақыру, жекіру, тыйым
салу, бұйыру мақсатымен
қолданылатын одағай сөздер
Адамға бағышталып айтылатын
одағайлар: Бұлар адамның адресіне
бұйыру, жекіру, тыйым салу
мақсатымен қолданылатын Айда!
Тәйт! Сап-сап! Стоп! Кәне! Жә!
Тек/тәк! Әуп! Әлди-әлди! сияқты
одағайлар жатады. Жә, тоқтат,
ақсақал! Базаралыдан алмаған
өшің бар ма? (Әуезов). Тек,
тантымай сөйле! Былғама
Нұрғанымды (Әуезов).
Малға, үй хайуандарына
бағышталып айылатын одағайлар:
Бұл топқа айтақ, моһ-моһ, шөре-
шөре, сарап-сарап, көс-көс, кәуіс-
кәуіс, шәуім-шәуім, әукім-әукім,
мәлік келгір, жамандатқыр
сияқты үй хайуандарын шақыру,
айдау, қорғау, үркіту мақсатымен
қолданылатын сөздер мен одағайлы
тіркестер жатады: Баған алақанын
бір-біріне ұрып: моһ-моһ деп еді,
етекке қарай желе жөнелді
(Бөкеев).
Тұрмыс-салт одағайлары
Бұл топ сан жағынан шағындау болғанымен,
өмірде жиі қолданылатын одағайлар. Бұған
адамдардың амандасу, қоштасу, т.б сыйластық
белгісі ретінде қолданылатын Хош! Хайыр!
Рахмет! Ассалаумағалейкум! Құп, Ләббай,
Кеш жарық! сияқты сөздер жатады: Құп, -
деді де, қоштасып жүріп кетті агроном
(Мұстафин). Ассалаумағалейкум,- дей мен
сақалды адамға қол ұсындым (Мұқанов).
Қыпшақ тілді
ескерткіштердегі
одағайлар
Көңіл –күй
одағайлары
Императивтік
одағайлар
Тұрмыс –салт
одағайлары
Уай, сен иазулы
кіші!
(Ай,сен жазықты
кісі!)
Айвай, тейү қылды
іфган (ойбай деп
шашын жұлды)
Қаны ол Иусуфум
тейү қылу аһ (қане
ол Жүсібім деп аһ
ұрды)
Айтты ай
шаһыншаһ
шадыман
бол(айтты, әй
шаһыншаһ,
шадыман бол)
Айа сен кітабны
оқыған кіші (ей,
кітапты оқыған кісі)
Хош
Хайыр
Рахмет
Құп
Ләббай
кеш жарық
 Одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен
байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді.
Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә. Әбішев);
Япырмау,жастық деген қандай қызық? (Ғ.Сланов)
дегендердердегі ә, япырмау сөздері - одағайлар.
Одағайлар - өз алдына ерекшеліктері бар сөздер:
 Адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай
сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы,
ауыспалы демек, көп мағыналы болып келеді.
 Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен
грамматикалық жағынан байланыспайды, олай болса, өзі
жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды.
ОДАҒАЙДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ОДАҒАЙЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
семантикалық құбылмалығы әр түрлі.
бірқатары контексте бір-ақ мәнде қолданылса,
енді бірқатары екі-үш не одан да көп мәнде
жұмсалады.
Кейде олардың бойынан энантоисемиялық
құбылыс та (бір-біріне қарам-қарсы мағынада
жұмсалатыны да) байқалып отырады
БІР МАҒЫНАЛЫ ОДАҒАЙЛАР
 қай ситуацияда айтылмасын, қай контекске түспесін,
қандай интонациямен айтылмасын үнемі бір-ақ мәнде
жұмсалады.
Алақай, ура сөздері тек шаттану, қуану
сезімін білдіру үшін жұмсалады
Қап! әттең! әттеген-ай! сөздері әр
уақыта өкіну мағынасында жұмсалады
КӨП МӘНДІ ОДАҒАЙЛАР
Бұл топқа екі-үш не одан да көп мәнде жұмсалатын сөздер жатады.
Бәлі // пәлі одағайы үш түрлі мәнде қолданылады:
• Уа, пәлі, нағыз
әнші мұнан
шықты
(Нұрпейісов)
а) Біреудің іс-әрекетіне не сөзіне риза болып,
оны қоштау, қолпаштау, көтермелеу
мақсатымен айтылады, шаттық, қуану,
таңдану мәнінде жұмсалады.
• . – Жарайды,
аңшы-ақ екенсің!
Осындай тоқ
итпен аңға шыға
ма екен?!
• - Көп тоқ емес-ті!
• - Бәлі, мынау не?
Бүйірін қарашы!
(Әуезов).
ә) Біреудің сөзін жақтырмау, наразылық
мағынасында жұмсалады.
• Бәлі-е, мынау
Әсия ма ей?!
(Хұсайынов)
б) Таңдану, таңырқау мәнінде де жұмсалады.
ОДАҒАЙ СӨЗДЕРДІҢ ИНТОНАЦИЯЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 көркем шығарма тілінде (әсіресе диалогта) көп
кездеседі;
 публицистикада, ғылыми стильде жазылған
шығармаларда сирек қолданылады;
 кейде бір ғана дыбыстан тұрады;
 дауысты дыбыстардан тек ә, а, о дыбыстары ғана
одағай мәнінде жұмсалады;
 ұ, ү, у, ө, і дыбыстары одағай жасай алмайды;
 ы дыбысы одағай қызметінде сирек кездеседі;
 кейбір дыбыстардың созылыңқы, ерекше
нтонациямен айтылуы – сол одағайлардың
мағынасын күшейту мақсатымен жұмсалады.
ОДАҒАЙЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Одағайлардың өзіне тән жұрнақтары жоқ.
Одағайлар бірінен соң бірі дүркін-дүркін қайталанып, қосарланып
айтылғанда, сол одағайлар арқылы білдірейін деп отырған
сезімнің күштілігін не ишараның, бұйрықтың қаттылығын,
қатаңдығын білдіреді. Тек-тек-тек! Бай-бай-бай! т.б.
Одағайлардың енді бір тобы тек қана қосар тұлғасында жұмсалады
(Сап-сап, бай-бай, әлди-әлди).
Жануарларға айтылатын одағайлардың басым көпшілігі қосар
күйінде айтылады. Моһ-моһ! Кәуіс-кәуіс! Шөре-шөре! Көс-көс!
Одағайлар субстантивтенгенде ғана болмаса, жалғауды да көп
қабылдамайтын сөздер. Кейбір одағайларға –ла (-ле), -шыл (-шіл)
жұрнақтары жалғанады: ойбай-лау, айт-айттап, аһлап-үһлеп.
Одағайлардың қатар келіп, я
тіркесіп қолданылуын екі топқа
бөлуге болады:
Одағайлардың өзара тіркесе
қатар қолданылуы. Одағайлар
жапа-тармағай бір-бірімен
тіркесе де, қатар келе де
бермейді. Әдетте, жағымды
эмоция, көңіл-күйді білдеретін
одағайлар қатар тұрып
қолданыла алады. Алақай! Ура!
Одағайлардың етістікпен тіркесі.
Одағайлар етістікпен
тіркескенде олардың бірқатары
одағайлы тіркес құрайды да,
бірқатары тұрақты тіркес
құрайды.
ОДАҒАЙЛАР ЕКІ ТҮРЛІ ЖАҒДАЙДА ҒАНА
СӨЙЛЕМ МҮШЕСІ БОЛА АЛАДЫ:
1) Одағайлар кейбір көмекші етістіктермен тіркесіп күрделі мүшенің
құрамына кіреді. Мұндайда көмекші етістік одағайды басқа сөздермен
грамматикалық байланысқа түсіретін дәнекерлік қызметін атқарады.
Мысалы: Әттеген-ай ! – деді ол таңдайын қағып; Моһ!Моһ» - деп кешкі
тымық даланы басына көтерді дегендердегі одағайлар де етістігінің
дәнекерленуімен, қайтті? не деді? қайтіп? не деп? деген сұрауларға жауап
беріп, сөйлемнің мүшесі бола алады.
2) Одағай сөздер түрлі қосымшалар қабылдап, сөйлемнің қалыпты мүшесі
бола алады. Мысалы: Аллаңнан ойбайым тыныш.Кешке әрі тоңып, әрі
шаршап аһлап, уһлеп отырған, кемпір өзін өлтіріп кете жаздаған кім
екенін есіне алды.Қойдың көл жағынан шәй-шәйлеп бір бала түрегелді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Мамырбекова Г.М. Қыпшақ тілді ескерткіштердегі одағайлар. –Алматы: Известия
НАН РК.Серия филологическая. 2007. № 6;
2. Сарыбаев Ш.Одағай. –Алматы.- Қазақстан мектебі.-1969 .№ 1;
3. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы. 1967;
4. Қазақ грамматикасы. Алматы, 2002;
5. Оралбаева Н.О. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2007.
Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!

More Related Content

What's hot

підручник українська мова (іі півріччя) 5 клас
підручник українська мова (іі півріччя) 5 класпідручник українська мова (іі півріччя) 5 клас
підручник українська мова (іі півріччя) 5 клас
Аня Иванова
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Abilkair Zhakupov
 
Family Tree Of Greek Gods
Family Tree Of Greek GodsFamily Tree Of Greek Gods
Family Tree Of Greek Gods
bill balina
 
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptx
ssuser7a793e
 

What's hot (20)

підручник українська мова (іі півріччя) 5 клас
підручник українська мова (іі півріччя) 5 класпідручник українська мова (іі півріччя) 5 клас
підручник українська мова (іі півріччя) 5 клас
 
Orpheus and eurydice
Orpheus and eurydiceOrpheus and eurydice
Orpheus and eurydice
 
В. Близнець. "Звук павутинки"
В. Близнець. "Звук павутинки"В. Близнець. "Звук павутинки"
В. Близнець. "Звук павутинки"
 
Azərbaycan Respublikasının qədim abidələr xəritəsi
Azərbaycan Respublikasının qədim abidələr xəritəsiAzərbaycan Respublikasının qədim abidələr xəritəsi
Azərbaycan Respublikasının qədim abidələr xəritəsi
 
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғауЖұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
 
15623 урок презентація
15623 урок презентація15623 урок презентація
15623 урок презентація
 
Grade 8 Know Phase - Thailand Info
Grade 8 Know Phase - Thailand InfoGrade 8 Know Phase - Thailand Info
Grade 8 Know Phase - Thailand Info
 
Musas
MusasMusas
Musas
 
3кобзарі, бандуристи, лірники виконавці дум
3кобзарі, бандуристи, лірники виконавці дум3кобзарі, бандуристи, лірники виконавці дум
3кобзарі, бандуристи, лірники виконавці дум
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
 
Family Tree Of Greek Gods
Family Tree Of Greek GodsFamily Tree Of Greek Gods
Family Tree Of Greek Gods
 
Презентація 5 клас РЗМ
Презентація 5 клас РЗМПрезентація 5 клас РЗМ
Презентація 5 клас РЗМ
 
Chinese literature
Chinese literatureChinese literature
Chinese literature
 
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx№16 «Абай жолы» романы.  Қайтқанда.pptx
№16 «Абай жолы» романы. Қайтқанда.pptx
 
Philippine mythology
Philippine mythologyPhilippine mythology
Philippine mythology
 
Persian literature
Persian literaturePersian literature
Persian literature
 
Divisions of literature
Divisions of literatureDivisions of literature
Divisions of literature
 
День Вишиванки - День Родоводу
День Вишиванки - День РодоводуДень Вишиванки - День Родоводу
День Вишиванки - День Родоводу
 
German literature
German literatureGerman literature
German literature
 
М. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолыМ. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолы
 

Similar to кубаева презентация -одагай

Similar to кубаева презентация -одагай (10)

56
5656
56
 
ашық сабақ
ашық  сабақашық  сабақ
ашық сабақ
 
болымсыздық есімдігі
болымсыздық есімдігіболымсыздық есімдігі
болымсыздық есімдігі
 
тәжірибе жинақтау
тәжірибе жинақтаутәжірибе жинақтау
тәжірибе жинақтау
 
жуан және жіңішке дауысты дыбыстар (1)
жуан және жіңішке дауысты дыбыстар (1)жуан және жіңішке дауысты дыбыстар (1)
жуан және жіңішке дауысты дыбыстар (1)
 
Қысым
ҚысымҚысым
Қысым
 
Ddd
DddDdd
Ddd
 
Көсемшенің түрленуі
Көсемшенің түрленуіКөсемшенің түрленуі
Көсемшенің түрленуі
 
2051fdfdfd
2051fdfdfd2051fdfdfd
2051fdfdfd
 
98sdfsdfdsfd
98sdfsdfdsfd98sdfsdfdsfd
98sdfsdfdsfd
 

More from Asem Sarsembayeva

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

кубаева презентация -одагай

  • 1. Әзірлеген: Орал қаласы, №7 ЖОБМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кубаева Сапура Жаксыгелдиевна
  • 2. Зерттегендер:  А.Байтұрсынов  А.Ысқақов  Ш.Сарыбаев  Н.Оралбаева  Н.Сауранбаев  Т.Сайрамбаев
  • 3. Ш.Сарыбаевтың зерттеуінше: Одағай категориясына жататын сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатымен ғана емес, сонымен қатар басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру немесе малды шақыру, айдау, қарғау мақсатында да қолданылады. Бұл категорияның құрамы ала-құла. Мұның құрамында адамның көңіл-күйін білдіретін Ойбай! Япырмай! Әттең! Шіркін! сияқты сөздер және адамға бұйыру, ишара қылу, тыйым салу мақсатымен қолданылатын Тәйт! Тек! Жә! Сап-сап! сияқты сөздер бар. Одағайлардың құрамында малды шақыру, айдау, қарғау мақсатымен қолданылатын Үрит соқ! Шәуім-шәуім! Шек-шек! Шөре-шөре! сияқты сөздерді де кездестіреміз. Амандасу, қоштасу т.б. тұрмыс-салтымен байланысты қолданылатын Хош! Хайыр! Рахмет! Ассалаумағаллейкүм! сияқты азын-аулақ сөздер де осы топқа жатады.
  • 4. Одағай Өз алдына ерекшеліктері бар оқшау сөздердің бір түрі, сөз табы. Адам сезімінің алуан түрлі күйін білдіретін дыбыстар Жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарынан шығып, белгілі сөзге айналған Мағына жағынан заттың өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы да ұғым
  • 5. ОДАҒАЙ СӨЗДЕРДІҢ ҚҰРАМЫ Күрделі одағайларға бірнеше сөзден біріккен, қайталанған, қосарланған немесе басқа тілдерден ауысқан сөздер енеді. Мәссаған! Апырым-ай! Әттеген-ай! Бәрекелді! т.б. Негізгі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды Негізгі Күрделі
  • 7. Көңіл-күй одағайлары Әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: Бұл топтағы одағайлар әдетте көп мәнді болып келеді де, олардың мағыналары контекст ішінде не ситуацияда анықталады: пай-пай! одағайы қарама-қарсы екі мәнде жұмсалады: а) таңдану, сүйсіну, таңырқау. Кәне, басыңа киіп көрші. Пай-пай, қандай жарасады, ә! (Кәлменов). Пай-пай, шіркін, Алатау, шандоз едің неткен сен! (Сәрсенбаев). ә) ренжу, наразылық мағынасында: -Пай-пай, аяқтарының астында қаламыз-ау! (Әуезов). Жағымды көңіл- күйді білдіретін одағайлар: Алақай! Ура! (қуаныш, шаттану), һа! Паһ-паһ! (сүйсіну, таңдану), Бәрекелді! (сүйсіну, қоштау), Оһо! (таңдану), т.б. Жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: Әттеген-ай! Әттең! Қап! (өкіну), Тәйірі! Түге! (наразылық, кейістік), Піш! Пішту! (жақтырмау, менсінбеу), т.б.
  • 8. Императивтік ишара одағайлары адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер Адамға бағышталып айтылатын одағайлар: Бұлар адамның адресіне бұйыру, жекіру, тыйым салу мақсатымен қолданылатын Айда! Тәйт! Сап-сап! Стоп! Кәне! Жә! Тек/тәк! Әуп! Әлди-әлди! сияқты одағайлар жатады. Жә, тоқтат, ақсақал! Базаралыдан алмаған өшің бар ма? (Әуезов). Тек, тантымай сөйле! Былғама Нұрғанымды (Әуезов). Малға, үй хайуандарына бағышталып айылатын одағайлар: Бұл топқа айтақ, моһ-моһ, шөре- шөре, сарап-сарап, көс-көс, кәуіс- кәуіс, шәуім-шәуім, әукім-әукім, мәлік келгір, жамандатқыр сияқты үй хайуандарын шақыру, айдау, қорғау, үркіту мақсатымен қолданылатын сөздер мен одағайлы тіркестер жатады: Баған алақанын бір-біріне ұрып: моһ-моһ деп еді, етекке қарай желе жөнелді (Бөкеев).
  • 9. Тұрмыс-салт одағайлары Бұл топ сан жағынан шағындау болғанымен, өмірде жиі қолданылатын одағайлар. Бұған адамдардың амандасу, қоштасу, т.б сыйластық белгісі ретінде қолданылатын Хош! Хайыр! Рахмет! Ассалаумағалейкум! Құп, Ләббай, Кеш жарық! сияқты сөздер жатады: Құп, - деді де, қоштасып жүріп кетті агроном (Мұстафин). Ассалаумағалейкум,- дей мен сақалды адамға қол ұсындым (Мұқанов).
  • 10. Қыпшақ тілді ескерткіштердегі одағайлар Көңіл –күй одағайлары Императивтік одағайлар Тұрмыс –салт одағайлары Уай, сен иазулы кіші! (Ай,сен жазықты кісі!) Айвай, тейү қылды іфган (ойбай деп шашын жұлды) Қаны ол Иусуфум тейү қылу аһ (қане ол Жүсібім деп аһ ұрды) Айтты ай шаһыншаһ шадыман бол(айтты, әй шаһыншаһ, шадыман бол) Айа сен кітабны оқыған кіші (ей, кітапты оқыған кісі) Хош Хайыр Рахмет Құп Ләббай кеш жарық
  • 11.  Одағай сөздердің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә. Әбішев); Япырмау,жастық деген қандай қызық? (Ғ.Сланов) дегендердердегі ә, япырмау сөздері - одағайлар. Одағайлар - өз алдына ерекшеліктері бар сөздер:  Адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып келеді.  Одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды, олай болса, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды. ОДАҒАЙДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  • 12. ОДАҒАЙЛАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: семантикалық құбылмалығы әр түрлі. бірқатары контексте бір-ақ мәнде қолданылса, енді бірқатары екі-үш не одан да көп мәнде жұмсалады. Кейде олардың бойынан энантоисемиялық құбылыс та (бір-біріне қарам-қарсы мағынада жұмсалатыны да) байқалып отырады
  • 13. БІР МАҒЫНАЛЫ ОДАҒАЙЛАР  қай ситуацияда айтылмасын, қай контекске түспесін, қандай интонациямен айтылмасын үнемі бір-ақ мәнде жұмсалады. Алақай, ура сөздері тек шаттану, қуану сезімін білдіру үшін жұмсалады Қап! әттең! әттеген-ай! сөздері әр уақыта өкіну мағынасында жұмсалады
  • 14. КӨП МӘНДІ ОДАҒАЙЛАР Бұл топқа екі-үш не одан да көп мәнде жұмсалатын сөздер жатады. Бәлі // пәлі одағайы үш түрлі мәнде қолданылады: • Уа, пәлі, нағыз әнші мұнан шықты (Нұрпейісов) а) Біреудің іс-әрекетіне не сөзіне риза болып, оны қоштау, қолпаштау, көтермелеу мақсатымен айтылады, шаттық, қуану, таңдану мәнінде жұмсалады. • . – Жарайды, аңшы-ақ екенсің! Осындай тоқ итпен аңға шыға ма екен?! • - Көп тоқ емес-ті! • - Бәлі, мынау не? Бүйірін қарашы! (Әуезов). ә) Біреудің сөзін жақтырмау, наразылық мағынасында жұмсалады. • Бәлі-е, мынау Әсия ма ей?! (Хұсайынов) б) Таңдану, таңырқау мәнінде де жұмсалады.
  • 15. ОДАҒАЙ СӨЗДЕРДІҢ ИНТОНАЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  көркем шығарма тілінде (әсіресе диалогта) көп кездеседі;  публицистикада, ғылыми стильде жазылған шығармаларда сирек қолданылады;  кейде бір ғана дыбыстан тұрады;  дауысты дыбыстардан тек ә, а, о дыбыстары ғана одағай мәнінде жұмсалады;  ұ, ү, у, ө, і дыбыстары одағай жасай алмайды;  ы дыбысы одағай қызметінде сирек кездеседі;  кейбір дыбыстардың созылыңқы, ерекше нтонациямен айтылуы – сол одағайлардың мағынасын күшейту мақсатымен жұмсалады.
  • 16. ОДАҒАЙЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Одағайлардың өзіне тән жұрнақтары жоқ. Одағайлар бірінен соң бірі дүркін-дүркін қайталанып, қосарланып айтылғанда, сол одағайлар арқылы білдірейін деп отырған сезімнің күштілігін не ишараның, бұйрықтың қаттылығын, қатаңдығын білдіреді. Тек-тек-тек! Бай-бай-бай! т.б. Одағайлардың енді бір тобы тек қана қосар тұлғасында жұмсалады (Сап-сап, бай-бай, әлди-әлди). Жануарларға айтылатын одағайлардың басым көпшілігі қосар күйінде айтылады. Моһ-моһ! Кәуіс-кәуіс! Шөре-шөре! Көс-көс! Одағайлар субстантивтенгенде ғана болмаса, жалғауды да көп қабылдамайтын сөздер. Кейбір одағайларға –ла (-ле), -шыл (-шіл) жұрнақтары жалғанады: ойбай-лау, айт-айттап, аһлап-үһлеп.
  • 17. Одағайлардың қатар келіп, я тіркесіп қолданылуын екі топқа бөлуге болады: Одағайлардың өзара тіркесе қатар қолданылуы. Одағайлар жапа-тармағай бір-бірімен тіркесе де, қатар келе де бермейді. Әдетте, жағымды эмоция, көңіл-күйді білдеретін одағайлар қатар тұрып қолданыла алады. Алақай! Ура! Одағайлардың етістікпен тіркесі. Одағайлар етістікпен тіркескенде олардың бірқатары одағайлы тіркес құрайды да, бірқатары тұрақты тіркес құрайды.
  • 18.
  • 19. ОДАҒАЙЛАР ЕКІ ТҮРЛІ ЖАҒДАЙДА ҒАНА СӨЙЛЕМ МҮШЕСІ БОЛА АЛАДЫ: 1) Одағайлар кейбір көмекші етістіктермен тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Мұндайда көмекші етістік одағайды басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіретін дәнекерлік қызметін атқарады. Мысалы: Әттеген-ай ! – деді ол таңдайын қағып; Моһ!Моһ» - деп кешкі тымық даланы басына көтерді дегендердегі одағайлар де етістігінің дәнекерленуімен, қайтті? не деді? қайтіп? не деп? деген сұрауларға жауап беріп, сөйлемнің мүшесі бола алады. 2) Одағай сөздер түрлі қосымшалар қабылдап, сөйлемнің қалыпты мүшесі бола алады. Мысалы: Аллаңнан ойбайым тыныш.Кешке әрі тоңып, әрі шаршап аһлап, уһлеп отырған, кемпір өзін өлтіріп кете жаздаған кім екенін есіне алды.Қойдың көл жағынан шәй-шәйлеп бір бала түрегелді.
  • 20. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Мамырбекова Г.М. Қыпшақ тілді ескерткіштердегі одағайлар. –Алматы: Известия НАН РК.Серия филологическая. 2007. № 6; 2. Сарыбаев Ш.Одағай. –Алматы.- Қазақстан мектебі.-1969 .№ 1; 3. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы. 1967; 4. Қазақ грамматикасы. Алматы, 2002; 5. Оралбаева Н.О. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. Алматы, 2007.