SlideShare a Scribd company logo
1 of 29
Download to read offline
1
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (бірінші тіл ретінде - Т1) пәні
бойынша оқу бағдарламасы
(12 жылдық білім беру мазмұнын жаңарту аясында)
Бастауыш мектеп (1-5 сынып)
Қаңтар 2014 ж.
2
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
Бұл оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА мен бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесіп
құрастырған
3
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
Мазмұны
1. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінің маңыздылығы................................................4
2. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының мақсаты ..............................5
3. Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру.........................................................................6
4. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын
талаптар .............................................................................................................................7
5. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-
тәсілдер ..............................................................................................................................9
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру ............................11
7. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі ..................12
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту ...............................................13
9. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың
тәсілдері............................................................................................................................15
10. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының мазмұны және құрылымы
...........................................................................................................................................17
4
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
1. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінің маңыздылығы
«Қазақ тілі және әдебиеті» бірінші тіл ретінде (бұдан былай Т1) пәні білім беру
бағдарламасындағы жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі
болып табылады. «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің ерекшелігі – оның екі қызмет
атқаруында: біріншіден, оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және өз
ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйретеді, екіншіден, мектепте оқытылатын басқа да
пәндерді меңгерту құралы болып табылады. Оқушының сөйлесім әрекетінің барлық
түрлерін жетік меңгеруі және кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, «Қазақ тілі және
әдебиеті» (Т1) пәнін білу деңгейіне байланысты.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінің маңыздылығы – Қазақстан
Республикасындағы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесімен
айқындалады. Мемлекеттік тілді құрметтеу және өзге ұлт өкілдерімен қарым-
қатынасты нығайту – Қазақстандағы ұлтаралық келісім кепілі.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқу барысында оқушылар әлем туралы,
жалпы адамзат туралы білім алады, қоршаған ортаны тану, әр түрлі мәселелерге
деген көзқарасын дәлелдеу құралы ретінде тілдің және әдеби мұраның құндылығын
ұғынады.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні:
 ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерін меңгеруге;
 коммуникативтік дағдыларын дамытуға;
 түсінікті, жылдам, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруға;
 сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға;
 сөздік қорын молайтуға;
 қарым-қатынасқа түскенге қажетті айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым
дағдыларын қалыптастыруға;
 қарым-қатынас тілін дамытуға (монолог және диалог) ықпал етеді.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні оқушылардың оқу және болашақ кәсіптік
әрекетінде коммуникативтік білік-дағдыларын орынды қолдана отырып, жылдам
өзгеріп жатқан өмірге бейімделе алуына, өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін әр
түрлі ақпарат көздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана
білуіне көмектеседі.
5
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
2. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының
мақсаты
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының мақсаты – қазақ тілінің
құрылымы, қызметі, әдеби тілдің негізгі нормалары (орфоэпиялық, орфографиялық,
лексикалық және грамматикалық) және сөйлеу мәдениеті туралы білім негіздерін
қалыптастыру.
Міндеті:
- айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту;
- басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсу және өз ойын бейнелі жеткізуге
үйрету;
- тілдің қоғамдық мәнін түсінуге, тіл нормаларын сақтап, қолдана білуге үйрету;
- тіл сауаттылығы мен сөз байлығын жетілдіру;
- ойлау қабілеттерін, дүниетанымын кеңейту.
Оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі
сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін
коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды, тілдік өзара әрекет пен өзара түсінісу
қабілеттерін дамытуға, сөйлеу тілін жетілдіруге бағытталған.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін меңгеру:
- тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде жалпы
мағлұматты қалыптастыруға, тілдік категориялардың көпжақты екенін түсінуге;
- сөздік қор мен грамматиканы пайдалану құзыреттілігін қалыптастыруға;
- ауызша және жазбаша тіл ережелеріне сай тілдік құралдарды саналы түрде
дұрыс таңдауға;
- алған білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде қолдануға;
- өмірде қажетті тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
6
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
3. Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік
құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-
сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт тілдік (тындалым, айтылым, оқылым және
жазылым) дағдысын дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады.
Мектептердің үштілділік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің
және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.
Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәні
бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрсетілген:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық
әдіс-тәсілдер» бөлімінде (5-бөлім), мұғалімнің пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім
мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған .
«Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» бөлімінде (8-бөлім),
мұғалімдердің пән арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын
жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың
тәсілдері» бөлімінде (9-бөлім) бағалау тілі белгіленген.
7
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
4. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқыту үдерісін
ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:
Сынып
Апталық сағат
саны
Жылдық сағат
саны
1-сынып 6 сағат 198 сағат
2-сынып 5 сағат 170 сағат
3-сынып 5 сағат 170 сағат
4-сынып 5 сағат 170 сағат
5-сынып 5 сағат 170 сағат
Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар
орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелері,
стендтер мен оқушылардың жұмыстарының көрмесіне арналған орын қажет.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін сапалы, тиімді оқытуда қолайлы жағдай
туғызуға қажетті құрал-жабдықтар:
 проектор, графопроектор, экран немесе интерактивті тақта;
 шектеусіз интернет;
 құлаққаптар (наушниктер);
 дыбыс жазу құралдары: диктофон /микрофон;
 видеокамера, цифрлы фотоаппарат;
 жылжымалы, маркерлі тақталар; шағын тақташалар;
 флип-чарт;
 офистік құрылғылар (компьютер, принтер, сканер және ноутбуктер (әр оқушыға);
 шкафтар;
 түрлі-түсті қағаздар, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары;
 фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар;
 еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар,
ермексаз, және т.б
8
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
 әр түрлі мамандыққа байланысты костюмдер, маскалар, құралдары,
қуыршақтары;
 «Жазу бұрышы» және «Оқу бұрышына» арналған жиһаздар: диван, кілемшелер,
орындықтар, кіші үстелдер, дөңгелек үстел;
 қажетті әдебиеттер, суретті кітаптар, өлең-жыр кітаптары, қазіргі заманғы
көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып,
фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, фильмдер, газет-журналдар,
үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер (памфлеттер және брошюралар, т.б.); ақын-
жазушылар туралы дыбыстық жазбалар мен бейнефильмдер;
 көрнекі құралдар (суреттер, портреттер және кестелер);
 анықтамалықтар (түсіндірмелі, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер;
грамматикалық оқу құралдары);
 энциклопедия;
 ұлттық қуыршақтар (сахналық көріністер үшін);
 ұлттық киімдер, сахналық киімдер, декорациялар;
 дидактикалық және үлестірмелі материалдар; кеспе әріптер, буындар, әріптер
кассасы, әліпби, суретті әліпби, сюжетті суреттер.
9
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
5. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқытуда қолданылатын
педагогикалық әдіс-тәсілдер
ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үрдісінде білім
алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары,
сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушыны қалыптастыратын қағиданы
ұстанады.
Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әр түрлі оқыту стратегиялары
арқылы қалыптастырады және дамытады деп күтілуде. Олардың ішіне мыналар
кіреді:
 әр оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен
түсініктерін дамыту үшін оны қолданудың маңыздылығын мойындау;
 оқушыларды мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлерінің көмегімен
ынталандыра және дамыта оқыту;
 міндеттерді шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті мысалдарға негіздей құру
және көрсету;
 оқушыларды оқытуды «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау;
 оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс-тәсілдеріне
негізделген белсенді оқуын марапаттау;
 оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
 оқушылардың өзіндік, топтық және ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқытуда қолданылатын стратегиялардың
үлгілері:
 оқушыны қатесі үшін жазалап оқытуға болмайды, қателерін түзету үшін оқыту;
 оқушылар алдына қойылған проблемалық жағдаятты шешу жолдарын өздігінен
іздейді/ өзін-өзі дамыту үшін тілмен және оқытумен байланысты
қызығушылықтарын ескереді;
 сараланған тапсырмалар қолдану, қалыптастырушы бағалау арқылы
оқушылардың сұранысына сәйкес міндеттер қою, мысалы, оқушы өз деңгейіне
сай мәтіндерді оқиды, содан соң топта талқылап (дәйек келтіреді, өз пікірін
дәлелдейді), сыныпқа презентация жасайды;
 топпен жұмыс жасауға қажетті жағдай туғызу, топта еркін жұмыс жасауға баулу
(мысалы: әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға
10
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
мүмкіндік жасау);
 оқушыларға орындатпас бұрын мұғалімнің жазба жұмыстың/ мәтін стилінің
үлгісін көрсетуі (яғни мұғалім модельді немесе үлгіні алдын ала береді);
 оқушылардың бірін-бірі оқытуы/ бірін-бірі бағалауы (сынып ішінде, сыныптар
арасында);
 өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;
 тапсырмаларды өмірмен байланыстыра отырып қолдану және өз бетінше
білімін жетілдіруге баулу;
 шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-әрекет (түрлі
шығармашылық жұмыстар орындау);
 ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды
орындау;
 ойын және зерттеу әрекеті;
 зерттеу әрекеті (не білемін, не білгім келеді, нені үйрендім түріндегі кері
байланысты жүзеге асыру);
 оқытудың дәстүрлі және жаңа әдістерін теңгерімді үйлестіру;
 оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;
 оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратын мүмкіндік
туғызу (оқушының алған біліміне ғана емес, оны өмірде қолдана білуіне мән
беріледі).
11
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін
қалыптастыру
Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке
тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің бір бөлігі болып
табылады. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың әлеуметтік және кәсіби орталарда,
көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бойынша оқу бағдарламасында
төмендегідей көрініс табады:
 өзгенің пікіріне, көзқарасына, наным-сенімі мен әдет-ғұрпына, сезімі мен
идеяларына сыйластық пен төзімділік көрсету қасиетін қалыптастыру;
 оқушының көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі, түрлі
көзқарастарды талдай отырып, өз көзқарасы мен өзгенің пікірін салыстыра
отырып ашық жеткізуін қалыптастыру;
 Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына
құрметпен қарай білу және ұлттық мәдениеттімізді құрметтей білуге үйрету;
 Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлікті сақтауды қолдау;
 көпұлтты қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыру.
Осы аталған құзыреттіліктер тілдік жағдаяттар мен көркем шығармаларды оқу
арқылы қалыптастырылады.
12
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
7. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
құзыреттілігі
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану
құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым-
қатынасында технологияларды орынды және шығармашылықпен қолдана білуін
қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы
қалыптасады.
Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтермен, ой
түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең
мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы
оқушылар АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған оқу
бағдарламаларын меңгеру үрдісінде дамытады.
Бұл «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) оқу бағдарламасында төмендегідей көрініс
табады:
 сабақтарда оқытудың сапасын арттыру үшін жаңашыл әдістер мен ақпараттық
технологияларды пайдалану;
 интернет ресурстарымен жұмыс жасау (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу,
керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және
сақтау);
 мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан
күрделірек бағдарламаға көшу (Word, Power Point);
 ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін
жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;
 электронды оқулықтарды пайдалану;
 тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;
 ақпаратты саралап, зерттей алу.
13
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту
ҚР білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) кіріктірілген оқу
бағдарламасы мақсаттарының бірі – жеке тұлғаны әлеуметтендіру, яғни түрлі
әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа
жету үшін ынталандырушы және қолдаушы ортаны құра отырып, қажетті тілдік
дағдыларды дамыту керек. Мұндай ортада оқушылар тілдесімнің түрлі формаларын
қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіре алады. Оқыту процесінде оқушылардың
сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-
қатынасында тілді сауатты пайдалануын мадақтап отыру қажет.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінен тыңдалым мен айтылым
дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
 тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
 оқушыларға таныс және оларды қызықтыратын тақырыптар бойынша анық
сөйлеу;
 алдын ала құрастырылған сұрақтар бойынша біреумен сұхбат жүргізу (мысалы,
мұғалімнің бір күні жөнінде сұхбаттасу) және жауаптар бойынша ауызша есеп
беру;
 жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру (мысалы, бізге,
яғни оқушыларға мектеп формасын кию қаншалықты қажет);
 жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы,
Бағытталған оқу және Бағытталған жазу);
 ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;
 берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал
ететін тапсырма үлгілері:
 кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау;
 интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар,
жоба дайындау);
 мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөліміне сүйене отырып, оқиғаның дамуына
болжам жасау;
 әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау);
14
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
 көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
 негізгі ой мен бөлімдерін анықтай отырып оқу;
 ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінен жазылым дағдысын дамытуға
ықпал ететін тапсырма үлгілері:
 тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған
әсерлерін жазу;
 газетке шағын хабарлама/мақала жазу;
 белгілі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
 ақпаратты суреттер мен диаграмма арқылы беру;
 сұхбатқа сұрақтар дайындау.
15
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
9. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәнін оқып үйренудің
нәтижелерін бағалаудың тәсілдері
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау
критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады.
Критериалды бағалау – оқу бағдарламаларындағы күтілетін нәтижелерге жету
мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге
мүмкіндік беретін оқушының оқу жетістігін алдын ала нақты анықталған бағалау
критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады.
Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа
негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін
пайдаланылады.
Критериалды бағалау жүйесі бағалаудың бірнеше түрін қамтиды:
қалыптастырушы бағалау (ҚБ), ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) және сыртқы жиынтық
бағалау (ЖБ).
Әр сыныптағы пәндер бойынша оқу бағдарламасының мазмұны бағалаудың
барлық түрлеріне арналған ақпараттарды қамтиды.
Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәні бойынша оқушылардың
оқу жетістіктерін жыл бойы бағалау үшін бағалаудың барлық үш түрі қолданылады:
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) - білім беру мен оқытудың бір бөлігі ретінде оқу
бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сәйкес жүргізетін мұғалімнің ағымдағы
бағалауы. Оқушылардың оқу үлгерімі мен оқудағы жетістіктері оқыту мақсаттарына
«талпынды» немесе «жетті» деген белгілермен тұжырымдалады.
Ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) – мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін тоқсан
соңындағы оқу ақпаратының бөлімін аяқтағаннан кейінгі білім және оқу дағдысының
қалыптасқан деңгейін анықтайтын бағалау. Бағалаудың нәтижелері балл және баға
түрінде тұжырымдалады.
Сыртқы жиынтық бағалау (ЖБ) – тәуелсіз ұйымдардың бағалауы арқылы
жүргізілетін бағалау. Ол негізгі және жоғары мектепті аяқтаған кездегі білім мен оқу
дағдысының қалыптасқан деңгейін Кіріктірілген білім беру бағдарламасына
сәйкестігін анықтайды. Бағалаудың нәтижелері балл және баға түрінде
тұжырымдалады.
Оқушылардың оқу нәтижелері төмендегідей түрде ұсынылады:
 Тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың
16
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның соңындағы
баға.
 Қорытынды баға – қалыптастырушы және төрт тоқсандағы ішкі жиынтық
бағалау нәтижелері білгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының
соңындағы баға.
Бағалау түрінің аралық үлес салмағы:
Бағалау
көрсеткіштері
Қалыптастырушы
бағалау
Ішкі жиынтық
бағалау
Тоқсандық баға 30% 70%
Қорытынды баға 30% 70%
Бағалау тілі оқыту тілі болып саналады.
17
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
10. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының
мазмұны және құрылымы
Бағдарламаны білудің негізгі ұстанымдары «біз осы пән бойынша не білеміз
және білімді қалай меңгереміз?» деген мәселелерді қарастырады. Пән бойынша
білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша
ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері ары қарай жинақталған білім мен түсінік және
дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың
мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға
болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға
мүмкіндік береді.
1-5 сыныптар
№ Бөлім Бөлімше
1 Тыңдалым
және айтылым
Т/А 1 Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну
Т/А 2 Мәтіндегі негізі ойды анықтау
Т/А 3 Тыңдалған материалды мазмұндау
Т/А 4 Оқиғаны болжау
Т/А 5 Әлеуметтік және іскерлік ортада тілдік нормаларды
қолдану
Т/А 6 Тыңдаушыны қызықтыру үшін әдеби көркемдегіш
құралдарды мақсатқа сай қолдану
Т/А 7 Тыңдалған мәтінді бағалау
Т/А 8 Мультимедиалық құралдар арқылы тыңдау және өз
пікірін білдіру
2 Оқылым О1 Ақпаратты түсіну
О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды
анықтау
О3 Оқылған мәтіндегі сөздердің лексикалық және
синтаксистік мағыналарын түсіну
О4 Сұрақтар қоя білу және бағалау
О5 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін тану
О6 Оқу түрлері
О7Әр түрлі дереккөздерден қосымша ақпараттар алу
О8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
3 Жазылым Ж1 Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап
жазу
Ж2 Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен
мәтін құрап жазу
Ж3 Жоспар құру
18
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
Ж4 Өз ойынан мәтін құру
Ж5 Оқылған, тыңдалған, көрген аудиовизуалды
материалдардың мазмұнын жазу
Ж6 Өз ойы негізінде әр түрлі жанрларға мәтіндер жазу
Ж7 Мәтіндерді салыстыру
Ж8 Мәтінді түзету және редакциялау
Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында жазу
Ж10 Шығармашылық жұмыс (эссе жазу)
Ж11 Грамматикалық нормалар
Ж12 Пунктуациялық нормалар
Ж13 Орфографиялық нормалар
19
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
Пән бойынша бағдарламаның оқу мақсаттары
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні
1. Тыңдалым және айтылым
Оқушылар …
1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып 5-сынып
Т/А 1
Тыңдалған
ақпараттың
мазмұнын түсіну
Өзгелерді
тыңдайды, түсінеді
және сәйкес әрекет
жасай алады;
Өзгелердің пікірін
тыңдайды және
өзінің келісетінін
немесе келіспейтінін
білдіреді;
Айтылғандардыты
ңдай біледі және
тыңдаған
ақпараттың
мазмұнын түсінеді,
сұрақ қоя біледі
және нақты жауап
береді;
Белгілі бір уақыт
аралығында сөйлеушіні
тыңдай алады және
тыңдалған ақпараттың
мазмұны мен негізгі
ойын түсінеді,
тыңдағаны бойынша ой
түйіндейді;
Сөйлеуші ретінде
тіл мен қимыл
арқылы өз
көзқарасын, пікірін
білдіре алады
немесе айтылған
пікірлерге қарсы
пікір айтады;
Т/А 2
Мәтіндегі негізгі
ойды анықтау
Айтылғанды
тыңдайды және
айтылған әңгіменің
кейбір негізгі
кезеңдерін
анықтай алады;
Тыңдай отырып
түсінгенін
анықтайды;
Мәтінді тыңдай
отырып, негізгі
ойды анықтайды,
соған байланысты
өз пікірін, ойын
білдіреді,
талдайды, мәтіннің
мазмұнын түртіп
алуды қолданып
мазмұндайды,
мысалы,
қайталайды, шолу
Тыңдалған мәтіннің
негізгі мазмұнын
анықтайды, ауызша
әңгімелеудің түрлі
тәсілдерін қолданады,
мәнерлеп, мақаммен
(дауыс ырғағымен)
айтып, тыңдаушыны
қызықтырады.
Қарапайым мәтіннің
мазмұнын және
бөлімдерін
анықтайды және
тыңдайды;
20
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
жасайды және
әзіл-қалжыңды
қолданады;
Т/А 3
Тыңдалған
материалды
мазмұндау
Тыңдалған
материалдың
мазмұнын
мұғалімнің
көмегімен
қарапайым
сөйлемдер арқылы
жүйелі айта алады;
Қарапайым
сөйлемдермен
оқиғаны өздігінен
мазмұндай алады;
Тыңдалған
ақпаратты толық,
жүйелі жеткізе
алады;
Ақпараттық мәтіннің
мазмұнын немесе
оқиғасын мазмұндайды;
Әңгімелеу және
сипаттау мәтінін
түрлі тәсілдер
арқылы әсерлі
мазмұндайды;
Т/А 4
Астарлы
мағынаны
анықтау
Түрлі мазмұнда
қарым-қатынас
жасау үшін жаңа
сөздер үйренеді;
Сөйлеу қабілетін
дамытады және көп
мағыналы сөздерді
қолдана бастайды;
Қарапайым
мәтіндерден
әртүрлі
мағынадағы
сөздерді
анықтайды;
Мәтіндерден астарлы
мағыналы сөздерді
анықтай бастайды;
Мақал-мәтелдер,
өлеңдер құрамынан
астарлы мағыналы
сөздерді анықтайды;
Т/А 5
Әлеуметтік
және іскерлік
ортадағы тілдік
нормалар
Түрлі жағдаяттарға
байланысты
қарым-қатынас
барысында сөздік
қорын
пайдаланады;
Түрлі жағдаяттарға
байланысты қарым-
қатынас барысында
сөздер, сөз
тіркестерін
қолданады;
Түрлі жағдаяттарға
байланысты
қарым-қатынас
барысында тілдік
нормаларды;
дұрыс, орынды
қолдана отырып,
сөйлемдерді
пайдаланады;
Жүйелі мазмұндау
барысында тілдік
нормаларды сақтай
отырып, сөздік қорын
пайдаланады;
Тақырыпқа
байланысты
пікірталас
барысында тілдік
нормаларды сақтай
отырып, сөздік
қорын пайдаланады;
Т/А 6
Тыңдаушыны
қызықтыру үшін
әдеби
көркемдегіш
құралдар мен
Әр түрлі жағдаятқа
байланысты
қарым-қатынас
барысында
жетекші сұрақтарға
жауап бере алады;
Түрлі жағдаятқа
байланысты қарым-
қатынасқа түсу үшін
сөздік қорын
пайдаланады;
Диалогты түсінеді,
қатысады және
олардың
құрылымын сақтай
біледі;
Өз пікірін қорғау үшін
логикалық байланысты
сақтай отырып, негізгі
ой, оқиғалар мен
кейіпкерлер туралы пікір
таластыра біледі;
Тиісті «тіл
құрылымын»
пайдалана отырып,
сыныптық
пікірталасқа түседі,
өз көзқарасын
21
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
құрылымдарды
тиімді қолдану
қорғайды;
Т/А 7
Тыңдалған
мәтінді бағалау
Аудио-, видео-
жазбаларды
тыңдай отырып,
оқиғаның немесе
ақпараттың қалай
берілгені туралы өз
ойын білдіреді;
Мәтіндегі
өзгерістерді (дауыс
ырғағы, дауыс
қарқыны, мәнері,
екпіні, т.б) ескере
отырып, тыңдалған
материалдың негізгі
бөліктерін
анықтайды;
Тыңдалған
материалдардың
(телебағдарламал
ар, аудио-,
видеожазбалар,
т.б) қысқа
үзінділерінде,
музыка, сөздер,
бейнелер қалай
қолданылғанын
салыстырады;
Сөйлеушілердің ойын,
тіл мен іс-әрекет
арқылы тиімді жеткізуін
талдайды және
бағалайды;
Сөйлеушінің ойын
түсіндіру,жеткізу,сен
діру қажетті
жағдайларда
пікірталасу үшін
әдістерді (мысалы,
қайталау, көтеріңкі
дауыс, ырғақ, екпін,
кідіріс, эмоция)
анықтайды;
Т/А 8
Мультимедиалы
қ құралдарды
қолдану арқылы
тыңдау және
айту
Тыңдайды және
диалогқа
қатысады;
Дискуссиялар мен
талқылауларға
қатысады;
Түрлі рөлдерді
орындай отырып,
диалогтарға
белсене қатыса
біледі;
Топтың жетекшісі бола
біледі және топтың өзге
мүшелерін қолдайды;
Талқылау
барысында бірқатар
рөлдерді орындауға
машықтанады;
22
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні
2. Оқылым
Оқушылар …
1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып 5-сынып
О1
Ақпаратты
түсіну
Әңгіменің
мазмұнын түсінеді,
басты
кейіпкерлерін
анықтайды және
қарапайым
мәтіндерден нақты
ақпаратты табады;
Мәтіндегі негізгі
ойды анықтайды
және ақпаратты
толық түсінеді,
оқиғаның себебі мен
кейіпкерлердің
өзгеруін түсіндіреді;
Көркем
шығармадағы
кейіпкерлердің
көңіл-күйін
түсіндіреді,
шығарманың
жазылу ретіне
(оқиғалар тізбегіне)
логикалық
қорытынды
жасайды;
Кейіпкерлердің іс-
әрекетіне қарап,
олардың мінез-құлқын
анықтайды және
ақпаратты мәтіндердегі
ойдың дамуын
түсіндіреді;
Автордың
кейіпкерлер арқылы
білдірген ойын
анықтайды және
соған байланысты
қорытынды
жасайды;
О2
Мәтіннің
құрылымдық
бөліктерін
ажыратып,
негізгі ойды
анықтайды,
Әңгіменің басын,
ортасын және
соңын анықтайды,
әдеби емес
мәтіндерден
ақпаратты табу
жолын біледі;
Негізгі оқиғаларға
сүйене отырып,
мәтіннің (ғылыми,
көркем мәтін)
тақырыбын
анықтайды және
негізгі ойларды
жалпы түрде
сипаттай біледі;
Берілген мәтіннің
негізгі бөлімдерін
анықтайды,
түсінеді және
түсінгенін көрсете
алады;
Деректі мәтіндердің
құрылымдық
ерекшеліктерін
(мысалы, түсіндіру,
санамалау, сендіру
мәтіндері) анықтайды
және пікірін білдіреді;
Әр түрлі (көркем,
деректі, ғылыми)
мәтіндердің
құрылымына сүйене
отырып, негізгі
мақсаттарын
анықтайды және
түсіндіреді;
О3
Оқылған
мәтіндегі
Сөз бен
сөйлемдерді дауыс
ырғағын келтіріп
Сөз бен
сөйлемдердің
лексикалық,
Әр түрлі
мәтіндерді
оқығанда
Сөз құрамы мен
сөйлемнің синтаксистік
құрылымының
көмегімен сөздің
Мәтіндегі образ
жасау және
сипаттау үшін
23
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
сөздердің
лексикалық
және
синтаксистік
мағыналарын
түсіну
оқиды және
мағынасын
түсінеді;
синтаксистік
мағыналарын аша
отырып, сөздік
қорын толықтырады;
сөздердің
контекстегі
мағынасын
ажырата алады
(антоним, синоним,
омоним);
лексикалық мағынасын
анықтайды, сөздің тура
және ауыспалы
мағынасын түсінеді;
пайдаланылған
көркем-бейнелі
сөздердің
мағынасын түсінеді
және орынды
қолдана бастайды;
О4
Сұрақтар қоя
білу
және бағалау
Қарапайым
мәтіндер мен
суретті кітаптар
бойынша
қарапайым сұрақ
қоя біледі;
Өз тәжірибесімен
байланыстыра
отырып, оқиғаларға,
кейіпкерлерге пікір
білдіреді;
Өздерінің мәтінге
қатысты
көзқарасының
себебін түсіндіреді
және маңызды
бөліктеріне пікір
айтады;
Мәтіннің мазмұнын
тереңірек түсіну үшін
сұрақ қояды және
жауабын нақтылайды;
Мәтінді, құндылығы,
пайдалылығы мен
сапасы тұрғысынан
бағалайды және
шешім қабылдайды;
О5
Мәтіннің
түрлерін және
стильдік
ерекшелігін тану
Халық ауыз
әдебиетінің
үлгілерін (мысалы:
әңгіме, өлең,
ертегі, жұмбақ,
жаңылтпаш,
санамақ, мақал-
мәтелдер) таниды
және ажырата
алады;
Мәтіннің мазмұнына
байланысты
түрлерін
ажыратады;
Мәтіннің
құрылымдық
бөліктерін
ажыратады және
жоспар құрады;
Қажетті ақпаратты кез
келген мәтіннен
(деректі, көркем,
ғылыми) таба алады
және оның стильдік
ерекшелігін таниды;
Әңгімелеу,сипаттау,
пайымдау
мәтіндерін
салыстыра алады,
әр түрлі
материалдардан
(Мысалы: тарихи,
ақпараттық
мәтіндер, өлеңдер,
үндеухаттар,
журнал, газеттер)
табуды біледі;
О6
Оқу түрлері
Қарапайым сөздер
мен сөйлемдерді
буындап, тұтас әрі
дұрыс оқиды;
Таныс,таныс емес
сөздерді, қатесіз,
түсініп жүргізіп
оқиды;
Мәтінді
кейіпкерлердің
мінез-құлқы, көңіл-
күйіне сай
мәнерлеп оқиды;
Оқу түрлерін (қатесіз
оқу, түсініп оқу, шапшаң
оқу, мәнерлеп оқу, теріп
оқу, дауыстап/іштей оқу)
қолданып оқиды;
Ауқымды әдеби
көркем
шығармаларды өз
бетімен түсініп
оқиды және
мазмұнын қысқаша
хабарлама түрінде
жеткізе алады;
24
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
О7
Әр түрлі ресурс
көздерінен
қажетті
ақпаратты алу
Әліпби ретімен
құрылған
мәтіндерден
(сөздіктер,
анықтамалықтар,
бейнелі кітаптар)
ақпараттарды табу
жолын түсінеді);
Көрнекі және жазба
мәтіндерден
ақпараттарды табу
жолын біледі;
Оқу түрлерін (көз
жүгірту, шолу
жасау, түртіп алу)
қолдану арқылы
қажетті ақпаратты
таба біледі;
Түсініп оқи отырып өзіне
қажетті ақпаратты таба
алады;
Белгілі бір
тақырыпқа
байланысты қажетті
ақпаратты әр түрлі
дерекөздерден
(интернет, газет-
журналдар,
телебағдарламалар,
анықтамалықтар,
т.б) жинақтап,
жүйелей алады;
О8
Мәтіндерге
салыстырмалы
талдау жасау
Мұғалімнің
көмегімен әр түрлі
мәтіндерді
құрайтын басты
элементтерін
анықтайды;
Мұғалімнің
көмегімен түрлі
мәтіндердегі
сөйлемдер мен
әдеби көркемдегіш
құралдардың
қолданысын
салыстырады;
Мәтіннің
құрылымдық
ерекшеліктері
туралы білімін
пайдалана
отырып, ақпаратты
өз бетімен
салыстырады;
Әңгімелеу мен
ақпараттық мәтіндердің
түрлерін салыстырады,
олардың құрылымын
анықтайды;
Мәтін
құрылымындағы
оқиғаның әсерін,
сюжеттің жүйелі
байланысын
автордың қалай
қолданғанын
өздігінен түсінеді,
анықтайды;
25
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
«Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні
3. Жазылым
Оқушылар …
1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып 5-сынып
Ж1
Өз ойынан
байланыстыры
п мәтін жазу
Таныс дыбыстарды
қолданып әріп,
буын, сөз жазады;
Қарапайым
мәтіндер, өлеңдер,
ақпараттар мен
пікірлер өздігінен
жазады;
Оқырманды
қызықтыру үшін өз
ойынан толықтыра
отырып, әңгімелеу
және сипаттау
мәтінін жазады;
Басынан кешкен
оқиғалары немесе
деректі мәтіндерді
(соның ішінде
өлеңдерді) жазу үшін
мәтін түрін өздігінен
таңдай отырып жазады;
Оқырманды
қызықтыру
мақсатында
өздігінен көркем
тілмен ауқымды
мәтін жазады;
Ж2
Түрлі
тақырыптар
бойынша
қажетті стильді
пайдаланып
жазу
Мәтіннің тақырыбы
мен стиліне сай
қызықтыратын
сөздерді таңдап
жазады;
Түрлі көркемдегіш
сөздер мен
терминдерді таңдап
жазады;
Көңілді атмосфера
немесе шытырман
жағдай тудыру
үшін өзінің қиялы
бойынша мәтін
жазады;
Мәтін түріне сәйкес
төл және төлеу сөз
арқылы, іс-әрекетті
баяндап жазады;
Әдеби ерекшеліктер
туралы білімдеріне
сүйене отырып,
қажетті сөздер мен
стилді қолданып
ресми/бейресми
жазбалар жазады;
Ж3
Жоспар құру
Қарапайым мәтінге
жоспар құрады, оған
ат қояды;
Мұғалімнің
көмегімен мәтін
жазуға жоспар
құрады;
Хронологиялық
және
хронологиялық
емес сипаттағы
мәтіндерді жазу
үшін нақты
тараулардың/
бөлімдердің
жоспарын құрады;
Мазмұны жағынан
өзара байланысты
материалдарды ретін
тауып, қарапайым
жоспар құрады;
Мәтіннің құрылымы
туралы білімдерін
пайдалана отырып,
бөлімдер бойынша
жоспар құрады;
26
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
Ж4
Өзіндік
стильмен мәтін
құру
Берілген тақырыпқа
мұғалімнің
көмегімен жай
сөйлем құрастырып
жазады;
Берілген тақырыпқа
мұғалімнің
көмегімен шағын
мәтін құрастырып
жазады;
Мәтіннің түрлерін
тиісті құрылымына
сәйкес жазады;
Тақырыпқа қатысты
мәліметтерді бөлімге
жазуды жоспарлайды
және бөлімдерге
сәйкестігін анықтайды;
Мәтіннің
құрылымдық
бөліктерін сақтай
отырып, тақырыбын
ашып, жүйелі, толық
жазады;
Ж5
Оқыған және
аудиовизуалд
ы материалдар
бойынша
креативті жазу
Үлкендердің
көмегімен
аудиовизуалды
мәтіндерден
идеялар мен
ақпаратты ауызша
анықтайды;
Мұғалімнің ұсынған
үлгісімен, оның
қолдауымен мәтін
бөлімдеріндегі
негізгі ойларды
анықтайды және
конспектілейді;
Мәтін
бөлімдеріндегі
негізгі ойларды өз
бетімен анықтайды
және
конспектілейді;
Оқиғалар мен
идеяларды түсіндіру
үшін мәтіннің өн
бойынан дәлелдер
табады және
пайдаланып жазады;
Түрлі тыңдалған,
оқылған және
аудиовизуалды
материалды
мазмұндап,
қорытындылап
жазады;
Ж6
Өз ойы
негізінде әр
түрлі
жанрларда
мәтіндер жазу
Берілген сөздердің
көмегімен
қарапайым
постерлер мен
жарнама
құрастырады;
Белгілі бір мақсатқа
сай сөздер немесе
суреттерді
қолданып шағын
мәтіндер жазады;
Қажетті стиль мен
сөздік қорды
таңдап алу арқылы
хат, баяндама
немесе
презентация
сияқты жазба
жұмыстарында өз
ойларын білдіреді;
Өз көзқарасын
өзгелерге дәлелдеу
үшін аргумент қолдана
отырып, мәтін жазады
(мысалы, жаңалықтар ,
мақала немесе буклет);
Мәтіннің типтері
туралы білімдеріне
сүйене отырып,
қажетті стильді
таңдайды, дәлелді
мәтін құрастырады;
Ж7
Мәтіндерді
салыстыру
Көркем әдеби және
деректі мәтіндерді
салыстырады.
Мысалы: көркем
және деректі
әдебиеттердегі
қарапайым жағдаят
және қарапайым
сипаттамалардың
ұқсастығы мен
Мәтіндердің
құрылымдық
ерекшеліктерін
салыстырады.
Мысалы, әліпби
реті, сызбалар,
диаграммалар,
қолымен жазылған,
тақырып;
Оқырманды
қызықтыру үшін
жазушылар
пайдаланған
ерекшеліктерді
анықтайды және
салыстырады,
жазады. Мысалы:
бейнелер,
түсіндірме сөздер,
Деректі мәтіндердегі
идеялардың дамуын
салыстырады.
Мысалы, әңгіме,
үзінділер;
Әр түрлі мәтіндерде
бір тақырыптың,
қалай берілетінін
салыстырады.
Мысалы, өлең,
проза, мақала;
27
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
айырмашылығын
қысқаша жазады;
ерекшеленген
шрифт, әріптер,
тақырыпшалар;
Ж8
Мәтінді түзету
және
редакциялау
Өзінің жазғанын
мұғалімнің
көмегімен түзетеді;
Бастапқыда
үлкендердің
көмегімен, бірте-
бірте өздігінен
қажетті сөздер
тауып, шағын
мәтіндерді
редакциялайды;
Ересектердің
көмегімен мәтіннің
өн бойындағы
идеяларды
жетілдіреді,
біртіндеп өз
бетімен жұмыс
жасауға
бейімделеді;
Өз бетімен және сын
тұрғысынан ойланып,
өзінің жұмысын
жетілдіреді және
өңдейді;
Қағаздағы және
экрандағы
мәтіндердің дұрыс
жазылуын тексеріп
өңдейді, түзетудің
әр түрлі әдіс-
тәсілдерін
пайдаланады, сөздік
қолданады;
Ж9
Оқырманды
қызықтыру,
сендіру
мақсатында
жазу
Сөздерді, түрлі
қысқа мәтіндерді
сауатты жазады;
Әріптерді дұрыстап,
бірдей
арақашықтықта
және сызықтарын
үзбей жазып,
сауаттылықты
дамытады және
мәтінді өңдеген
кезде
пернетақтамен
жұмыс істеу
дағдыларын
пайдаланады;
Көркем, сауатты
жазуда
компьютерлік
бағдарламалардың
топтамасын
пайдаланады,
әріптерді
жазуда/теруде
жылдамдығын
және
сауаттылығын
арттырады;
Қолмен жазуды арнайы
мақсаттарға сай
бейімдейді және
мәтінмен жұмыс
істегенде АКТ
бағдарламаларының
көптеген түрін
пайдаланады;
Көркем жазудың
және электронды
мәтіндердің әр түрлі
стильдерін түрлі
мақсатқа сай
пайдаланады және
өзіндік жазуын
(почерк)
қалыптастырады;
Ж 10
Шығармашылы
қ жұмыс (эссе
жазу)
Үлгілер, сызбалар,
суреттер қолдана
отырып, қарапайым
мәтіндер мен
сөйлемдер жазады;
Оқиғаның желісімен,
логикалық ретімен
әңгімелер және
өлеңдер жазады;
Берілген тақырып
бойынша толық
аяқталған әңгіме
немесе өлең
жазады;
Таныс мәтінге жаңа
көріністерді,
кейіпкерлерді немесе
сахналық қойылымды
енгізе отырып,
жазудың ерекше
аспектілерін дамытады;
Өздігінен түрлі
шығармашылық
жұмыстарды
(әңгіме, эссе, өлең,
т.б) орындайды
және белгілі бір
мақсатпен ұсынады;
28
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.
Ж11
Грамматикалы
қ нормалар
Жай және күрделі
сөйлемдерді
етістіктің шақтарын
дұрыс пайдалана
отырып жазады
(осы шақ, келер
шақ, өткен шақ);
Жайылма
сөйлемдерді
құрады, жазады;
Сауатты жазу
қабілеттерін
арттыру үшін
құрылымы әр түрлі
сөйлемдерді
қолданады,
грамматикалық
тапсырмаларды
орындайды;
Сөйлемдерді,
грамматикалық нормаға
сай құрай алады,
грамматикалық
тапсырмаларды
орындайды;
Сөйлемнің
құрылымын әр түрлі
мәтін типіне
бейімдейді;
Ж 12
Пунктуациялық
нормалар
Мұғалімнің
көмегімен сөйлем
құрамында және
соңында қойылатын
тыныс белгілерін
ажыратады;
Қарапайым
сөйлемдер құру
барысында бас
әріптер мен тыныс
белгілерді (үтір,
нүкте, леп белгісі,
сұрау белгісі)
өздігінен дұрыс
қолдана біледі;
Сөйлемдердің ара
жігін ажырата
алады және тиісті
тыныс белгісін
қояды;
Сызықша, тырнақша,
қос нүкте, дефис,
жақша, нүктелі үтір, т.б.
тыныс белгілерін дұрыс
қоюды үйренеді;
Төл сөздерді
қолдану барысында
тиісті тыныс
белгілерді дұрыс
пайдаланады;
Ж13
Орфографиял
ық нормалар
Әріп пен дыбыс
арасындағы
айырмашылықтард
ы біле отырып,
сөздер жазады;
Фонетика бөлімінде
алған білімін, жазу
ережелерін білу
негізінде таныс емес
сөздерді сенімді
жаза біледі;
Жалпыға ортақ
сауатты жазу
ережесін біледі
және оны күрделі
жаңа сөздерді
меңгеру
барысында
пайдаланады,
орфографиялық
сөздіктерді
қолданып жазады;
Сөздерді айтылу,
жазылу ережелері мен
мағыналарына қарай
іріктеп жазады;
Таныс сөздерді
дұрыс жазу және
жазылуы қиын
бейтаныс сөздерді
түрлі әдіс-тәсілдер
мен ережелерді
пайдалана отырып
жазады.
29
1-нұсқа
Қаңтар 2014 ж.

More Related Content

What's hot

конспект уроку на атест павличко 8 кл
конспект уроку на атест павличко 8 клконспект уроку на атест павличко 8 кл
конспект уроку на атест павличко 8 клpr1nc1k
 
Vấn đề tình yêu của các dân tộc thiểu số thể hiện qua truyện thơ
Vấn đề tình yêu của các dân tộc thiểu số thể hiện qua truyện thơVấn đề tình yêu của các dân tộc thiểu số thể hiện qua truyện thơ
Vấn đề tình yêu của các dân tộc thiểu số thể hiện qua truyện thơlongvanhien
 
FECR-İ ATİ DÖNEMİ ŞİİRİ
FECR-İ ATİ DÖNEMİ ŞİİRİ FECR-İ ATİ DÖNEMİ ŞİİRİ
FECR-İ ATİ DÖNEMİ ŞİİRİ tulayakdemir
 
Творчість Т.Г. Шевченка періоду заслання
Творчість Т.Г. Шевченка періоду засланняТворчість Т.Г. Шевченка періоду заслання
Творчість Т.Г. Шевченка періоду засланняyullinka
 
презентація школи
презентація школипрезентація школи
презентація школиGalina7000
 
"Розвиток мовленнєвої компетентності учнів початкових класів"
"Розвиток мовленнєвої компетентності учнів початкових класів""Розвиток мовленнєвої компетентності учнів початкових класів"
"Розвиток мовленнєвої компетентності учнів початкових класів"Светлана Брюховецкая
 
задачі на повторення, 2 клас, ЛОГІКА
задачі на повторення, 2 клас, ЛОГІКАзадачі на повторення, 2 клас, ЛОГІКА
задачі на повторення, 2 клас, ЛОГІКАОлександр Дрижал
 
Звіт про проведення тижня української мови та літератури(марков)
Звіт про проведення тижня української мови та літератури(марков)Звіт про проведення тижня української мови та літератури(марков)
Звіт про проведення тижня української мови та літератури(марков)brdschool20
 
оқушылардың ғылыми жобасын ұйымдастыру
оқушылардың ғылыми жобасын ұйымдастыруоқушылардың ғылыми жобасын ұйымдастыру
оқушылардың ғылыми жобасын ұйымдастыруАйбек Қуандықұлы
 
Семінар-практикум "Патріотичне виховання"
Семінар-практикум "Патріотичне виховання"Семінар-практикум "Патріотичне виховання"
Семінар-практикум "Патріотичне виховання"ДНЗ №10
 
ғылыми жоба
ғылыми жобағылыми жоба
ғылыми жобаoquzaman
 
Пісня - душа народу. Підготовка до написання твору
Пісня - душа народу. Підготовка до написання творуПісня - душа народу. Підготовка до написання твору
Пісня - душа народу. Підготовка до написання творуОлеся Калинич
 
Презентация Ключові компетентності
Презентация Ключові компетентностіПрезентация Ключові компетентності
Презентация Ключові компетентностіrtifyz
 
вправи ключі
вправи ключівправи ключі
вправи ключіsvetlanacushko
 
№6 Бесеудің хаты .pptx
№6 Бесеудің хаты .pptx№6 Бесеудің хаты .pptx
№6 Бесеудің хаты .pptxssuser7a793e
 
Історія вокальної музики
Історія вокальної музикиІсторія вокальної музики
Історія вокальної музикиСаша Коменда
 
подвоєння і подовження приголосних
подвоєння і подовження приголоснихподвоєння і подовження приголосних
подвоєння і подовження приголоснихНаталя Ільченко
 
Календарне планування із ЗЛ (6 кл. НУШ, 1,5 год.) за підр. Ю.Ковбасенка
Календарне планування із ЗЛ (6 кл. НУШ, 1,5 год.) за підр. Ю.КовбасенкаКалендарне планування із ЗЛ (6 кл. НУШ, 1,5 год.) за підр. Ю.Ковбасенка
Календарне планування із ЗЛ (6 кл. НУШ, 1,5 год.) за підр. Ю.КовбасенкаAdriana Himinets
 

What's hot (20)

конспект уроку на атест павличко 8 кл
конспект уроку на атест павличко 8 клконспект уроку на атест павличко 8 кл
конспект уроку на атест павличко 8 кл
 
Vấn đề tình yêu của các dân tộc thiểu số thể hiện qua truyện thơ
Vấn đề tình yêu của các dân tộc thiểu số thể hiện qua truyện thơVấn đề tình yêu của các dân tộc thiểu số thể hiện qua truyện thơ
Vấn đề tình yêu của các dân tộc thiểu số thể hiện qua truyện thơ
 
FECR-İ ATİ DÖNEMİ ŞİİRİ
FECR-İ ATİ DÖNEMİ ŞİİRİ FECR-İ ATİ DÖNEMİ ŞİİRİ
FECR-İ ATİ DÖNEMİ ŞİİRİ
 
Творчість Т.Г. Шевченка періоду заслання
Творчість Т.Г. Шевченка періоду засланняТворчість Т.Г. Шевченка періоду заслання
Творчість Т.Г. Шевченка періоду заслання
 
презентація школи
презентація школипрезентація школи
презентація школи
 
"Розвиток мовленнєвої компетентності учнів початкових класів"
"Розвиток мовленнєвої компетентності учнів початкових класів""Розвиток мовленнєвої компетентності учнів початкових класів"
"Розвиток мовленнєвої компетентності учнів початкових класів"
 
задачі на повторення, 2 клас, ЛОГІКА
задачі на повторення, 2 клас, ЛОГІКАзадачі на повторення, 2 клас, ЛОГІКА
задачі на повторення, 2 клас, ЛОГІКА
 
Лексикологія, фразеологія
Лексикологія, фразеологіяЛексикологія, фразеологія
Лексикологія, фразеологія
 
Звіт про проведення тижня української мови та літератури(марков)
Звіт про проведення тижня української мови та літератури(марков)Звіт про проведення тижня української мови та літератури(марков)
Звіт про проведення тижня української мови та літератури(марков)
 
оқушылардың ғылыми жобасын ұйымдастыру
оқушылардың ғылыми жобасын ұйымдастыруоқушылардың ғылыми жобасын ұйымдастыру
оқушылардың ғылыми жобасын ұйымдастыру
 
Семінар-практикум "Патріотичне виховання"
Семінар-практикум "Патріотичне виховання"Семінар-практикум "Патріотичне виховання"
Семінар-практикум "Патріотичне виховання"
 
ғылыми жоба
ғылыми жобағылыми жоба
ғылыми жоба
 
Пісня - душа народу. Підготовка до написання твору
Пісня - душа народу. Підготовка до написання творуПісня - душа народу. Підготовка до написання твору
Пісня - душа народу. Підготовка до написання твору
 
Презентация Ключові компетентності
Презентация Ключові компетентностіПрезентация Ключові компетентності
Презентация Ключові компетентності
 
вправи ключі
вправи ключівправи ключі
вправи ключі
 
№6 Бесеудің хаты .pptx
№6 Бесеудің хаты .pptx№6 Бесеудің хаты .pptx
№6 Бесеудің хаты .pptx
 
Історія вокальної музики
Історія вокальної музикиІсторія вокальної музики
Історія вокальної музики
 
Лист.Адреса
Лист.АдресаЛист.Адреса
Лист.Адреса
 
подвоєння і подовження приголосних
подвоєння і подовження приголоснихподвоєння і подовження приголосних
подвоєння і подовження приголосних
 
Календарне планування із ЗЛ (6 кл. НУШ, 1,5 год.) за підр. Ю.Ковбасенка
Календарне планування із ЗЛ (6 кл. НУШ, 1,5 год.) за підр. Ю.КовбасенкаКалендарне планування із ЗЛ (6 кл. НУШ, 1,5 год.) за підр. Ю.Ковбасенка
Календарне планування із ЗЛ (6 кл. НУШ, 1,5 год.) за підр. Ю.Ковбасенка
 

Viewers also liked

5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101145. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114NisEdu
 
Saererreeeeeeeeeeeeee
SaererreeeeeeeeeeeeeeSaererreeeeeeeeeeeeee
Saererreeeeeeeeeeeeeenurlan93kz
 
бірмүше және оның стандарт түрі.досжанова а
бірмүше және оның стандарт түрі.досжанова абірмүше және оның стандарт түрі.досжанова а
бірмүше және оның стандарт түрі.досжанова аИгорь Былинкин
 
1111уууууууууууууууууу
1111уууууууууууууууууу1111уууууууууууууууууу
1111ууууууууууууууууууnurlan93kz
 
гос нш 25012014 каз
гос нш 25012014 казгос нш 25012014 каз
гос нш 25012014 казipksko
 
Si yo fuera invisible
Si yo fuera invisibleSi yo fuera invisible
Si yo fuera invisiblenickclift
 
Технологии обучения в стиле Коучинг: направления и техники работы
Технологии обучения в стиле Коучинг: направления и техники работыТехнологии обучения в стиле Коучинг: направления и техники работы
Технологии обучения в стиле Коучинг: направления и техники работыcoach-management
 
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныДеңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныАйбек Қуандықұлы
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БАҒ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БАҒ...ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БАҒ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БАҒ...Айбек Қуандықұлы
 
Мұғалім портфолиосы (Жаңбырбаева Ә.)
Мұғалім портфолиосы (Жаңбырбаева Ә.)Мұғалім портфолиосы (Жаңбырбаева Ә.)
Мұғалім портфолиосы (Жаңбырбаева Ә.)Айбек Қуандықұлы
 
12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайд12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайдDan41k
 
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосыБастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосыАйбек Қуандықұлы
 
Сынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісінің портфолиосыСынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісінің портфолиосыАйбек Қуандықұлы
 
білім беру мазмұнын жаңарту
білім беру мазмұнын жаңартубілім беру мазмұнын жаңарту
білім беру мазмұнын жаңартуErjan Beisenhojaev
 

Viewers also liked (20)

5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101145. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
5. оқу бағдарлама қазақ тілі т2 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
 
Saererreeeeeeeeeeeeee
SaererreeeeeeeeeeeeeeSaererreeeeeeeeeeeeee
Saererreeeeeeeeeeeeee
 
бірмүше және оның стандарт түрі.досжанова а
бірмүше және оның стандарт түрі.досжанова абірмүше және оның стандарт түрі.досжанова а
бірмүше және оның стандарт түрі.досжанова а
 
1111уууууууууууууууууу
1111уууууууууууууууууу1111уууууууууууууууууу
1111уууууууууууууууууу
 
1330586406234
13305864062341330586406234
1330586406234
 
Ұлттық шешендік өнер
Ұлттық шешендік өнерҰлттық шешендік өнер
Ұлттық шешендік өнер
 
Еліктеу сөздің түрлері
Еліктеу сөздің түрлеріЕліктеу сөздің түрлері
Еліктеу сөздің түрлері
 
гос нш 25012014 каз
гос нш 25012014 казгос нш 25012014 каз
гос нш 25012014 каз
 
Жалқы есім және жалпы есім
Жалқы есім және жалпы есімЖалқы есім және жалпы есім
Жалқы есім және жалпы есім
 
Si yo fuera invisible
Si yo fuera invisibleSi yo fuera invisible
Si yo fuera invisible
 
Технологии обучения в стиле Коучинг: направления и техники работы
Технологии обучения в стиле Коучинг: направления и техники работыТехнологии обучения в стиле Коучинг: направления и техники работы
Технологии обучения в стиле Коучинг: направления и техники работы
 
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныДеңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БАҒ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БАҒ...ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БАҒ...
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БАҒ...
 
Мұғалім портфолиосы (Жаңбырбаева Ә.)
Мұғалім портфолиосы (Жаңбырбаева Ә.)Мұғалім портфолиосы (Жаңбырбаева Ә.)
Мұғалім портфолиосы (Жаңбырбаева Ә.)
 
12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайд12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайд
 
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосыБастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
 
Сынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісінің портфолиосыСынып жетекшісінің портфолиосы
Сынып жетекшісінің портфолиосы
 
үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс
үлгерімі нашар оқушылармен жұмысүлгерімі нашар оқушылармен жұмыс
үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс
 
білім беру мазмұнын жаңарту
білім беру мазмұнын жаңартубілім беру мазмұнын жаңарту
білім беру мазмұнын жаңарту
 
Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1
 

Similar to 4. оқу бағдарлама қазақ тілі мен әдебиеті т1 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114

шет тілін оқыту туралы
шет тілін оқыту туралышет тілін оқыту туралы
шет тілін оқыту туралыRoza1978
 
9-сынып Қазақ тілі КТЖ 2022-2023.docx
9-сынып Қазақ тілі КТЖ 2022-2023.docx9-сынып Қазақ тілі КТЖ 2022-2023.docx
9-сынып Қазақ тілі КТЖ 2022-2023.docxssuser21c9b2
 
қазақ тілі – менің ана тілім!
қазақ тілі – менің ана тілім!қазақ тілі – менің ана тілім!
қазақ тілі – менің ана тілім!Dan41k
 
ибраимова, оразбаева
ибраимова, оразбаеваибраимова, оразбаева
ибраимова, оразбаеваKBerik
 
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келедіБәрін білгім келеді
Бәрін білгім келедіBilim All
 
бағдарлама
бағдарламабағдарлама
бағдарламаoquzaman
 
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліҚазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліАйбек Қуандықұлы
 
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысыБірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысыErjan Beisenhojaev
 
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101146. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114NisEdu
 
ашық сабақ-мемлекеттік-тіл
ашық сабақ-мемлекеттік-тілашық сабақ-мемлекеттік-тіл
ашық сабақ-мемлекеттік-тілErjan Beisenhojaev
 
кил презентация оригинал 3
кил презентация оригинал 3кил презентация оригинал 3
кил презентация оригинал 3mirato
 
3. оқу бағдарлама әлемтану бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
3. оқу бағдарлама әлемтану бастауыш мектеп 1 нұсқа 1802143. оқу бағдарлама әлемтану бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
3. оқу бағдарлама әлемтану бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214NisEdu
 

Similar to 4. оқу бағдарлама қазақ тілі мен әдебиеті т1 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114 (20)

Ggg
GggGgg
Ggg
 
авторлық бағдарлама
авторлық бағдарламаавторлық бағдарлама
авторлық бағдарлама
 
Ресми іс-қағаздар стилі
Ресми іс-қағаздар стиліРесми іс-қағаздар стилі
Ресми іс-қағаздар стилі
 
ввв
вввввв
ввв
 
шет тілін оқыту туралы
шет тілін оқыту туралышет тілін оқыту туралы
шет тілін оқыту туралы
 
9-сынып Қазақ тілі КТЖ 2022-2023.docx
9-сынып Қазақ тілі КТЖ 2022-2023.docx9-сынып Қазақ тілі КТЖ 2022-2023.docx
9-сынып Қазақ тілі КТЖ 2022-2023.docx
 
қазақ тілі – менің ана тілім!
қазақ тілі – менің ана тілім!қазақ тілі – менің ана тілім!
қазақ тілі – менің ана тілім!
 
ибраимова, оразбаева
ибраимова, оразбаеваибраимова, оразбаева
ибраимова, оразбаева
 
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келедіБәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
 
бағдарлама
бағдарламабағдарлама
бағдарлама
 
қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданылатын ойын түрлері
қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданылатын ойын түрлеріқазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданылатын ойын түрлері
қазақ тілі мен әдебиет сабағында қолданылатын ойын түрлері
 
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліҚазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
 
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысыБірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
 
жануарлар сабақ жоспары
жануарлар сабақ жоспарыжануарлар сабақ жоспары
жануарлар сабақ жоспары
 
ашық сабақ
ашық  сабақашық  сабақ
ашық сабақ
 
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101146. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
 
ашық сабақ-мемлекеттік-тіл
ашық сабақ-мемлекеттік-тілашық сабақ-мемлекеттік-тіл
ашық сабақ-мемлекеттік-тіл
 
Df(2)fd
Df(2)fdDf(2)fd
Df(2)fd
 
кил презентация оригинал 3
кил презентация оригинал 3кил презентация оригинал 3
кил презентация оригинал 3
 
3. оқу бағдарлама әлемтану бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
3. оқу бағдарлама әлемтану бастауыш мектеп 1 нұсқа 1802143. оқу бағдарлама әлемтану бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
3. оқу бағдарлама әлемтану бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
 

More from NisEdu

15. subject programme english primary school version 1 180214
15. subject programme english primary school version 1 18021415. subject programme english primary school version 1 180214
15. subject programme english primary school version 1 180214NisEdu
 
14. учебная программа русский язык я2 начальная школа 170214
14. учебная программа  русский язык я2 начальная школа 17021414. учебная программа  русский язык я2 начальная школа 170214
14. учебная программа русский язык я2 начальная школа 170214NisEdu
 
13. учебная программа русский язык и литература я1 начальная школа версия 1 2...
13. учебная программа русский язык и литература я1 начальная школа версия 1 2...13. учебная программа русский язык и литература я1 начальная школа версия 1 2...
13. учебная программа русский язык и литература я1 начальная школа версия 1 2...NisEdu
 
12. учебная программа познание мира начальная школа версия 1 180214
12. учебная программа познание мира начальная школа версия 1 18021412. учебная программа познание мира начальная школа версия 1 180214
12. учебная программа познание мира начальная школа версия 1 180214NisEdu
 
11. учебная программа математика начальная школа версия 1 270114
11. учебная программа математика начальная школа версия 1 27011411. учебная программа математика начальная школа версия 1 270114
11. учебная программа математика начальная школа версия 1 270114NisEdu
 
10. учебная программа искусство начальная школа версия 1 310114
10. учебная программа искусство начальная школа версия 1 31011410. учебная программа искусство начальная школа версия 1 310114
10. учебная программа искусство начальная школа версия 1 310114NisEdu
 
9. учебная программа икт начальная школа версия 1 180214
9. учебная программа икт начальная школа версия 1 1802149. учебная программа икт начальная школа версия 1 180214
9. учебная программа икт начальная школа версия 1 180214NisEdu
 
8. учебная программа введение в науку начальная школа версия 1 300114
8. учебная программа введение в науку начальная школа версия 1 3001148. учебная программа введение в науку начальная школа версия 1 300114
8. учебная программа введение в науку начальная школа версия 1 300114NisEdu
 
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 3001147. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114NisEdu
 
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 1802142. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214NisEdu
 
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101141. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114NisEdu
 
перечень передаваемых программ
перечень передаваемых программперечень передаваемых программ
перечень передаваемых программNisEdu
 
общая информация презентация гос но русс краткая
общая информация презентация гос но русс краткаяобщая информация презентация гос но русс краткая
общая информация презентация гос но русс краткаяNisEdu
 
повышение квалификации планы курсов «орлеу» и цпм повышение квалификации русс
повышение квалификации планы курсов «орлеу» и цпм повышение квалификации руссповышение квалификации планы курсов «орлеу» и цпм повышение квалификации русс
повышение квалификации планы курсов «орлеу» и цпм повышение квалификации руссNisEdu
 
ISA parents presentation
ISA parents presentationISA parents presentation
ISA parents presentationNisEdu
 
мша для родителей 030913 kaz
мша для родителей 030913 kazмша для родителей 030913 kaz
мша для родителей 030913 kazNisEdu
 
мша для родителей 030913 ru
мша для родителей 030913 ruмша для родителей 030913 ru
мша для родителей 030913 ruNisEdu
 
Orientation day 2013
Orientation day 2013Orientation day 2013
Orientation day 2013NisEdu
 
стратегия 2020 рус
стратегия 2020 русстратегия 2020 рус
стратегия 2020 русNisEdu
 
Библиотеки
БиблиотекиБиблиотеки
БиблиотекиNisEdu
 

More from NisEdu (20)

15. subject programme english primary school version 1 180214
15. subject programme english primary school version 1 18021415. subject programme english primary school version 1 180214
15. subject programme english primary school version 1 180214
 
14. учебная программа русский язык я2 начальная школа 170214
14. учебная программа  русский язык я2 начальная школа 17021414. учебная программа  русский язык я2 начальная школа 170214
14. учебная программа русский язык я2 начальная школа 170214
 
13. учебная программа русский язык и литература я1 начальная школа версия 1 2...
13. учебная программа русский язык и литература я1 начальная школа версия 1 2...13. учебная программа русский язык и литература я1 начальная школа версия 1 2...
13. учебная программа русский язык и литература я1 начальная школа версия 1 2...
 
12. учебная программа познание мира начальная школа версия 1 180214
12. учебная программа познание мира начальная школа версия 1 18021412. учебная программа познание мира начальная школа версия 1 180214
12. учебная программа познание мира начальная школа версия 1 180214
 
11. учебная программа математика начальная школа версия 1 270114
11. учебная программа математика начальная школа версия 1 27011411. учебная программа математика начальная школа версия 1 270114
11. учебная программа математика начальная школа версия 1 270114
 
10. учебная программа искусство начальная школа версия 1 310114
10. учебная программа искусство начальная школа версия 1 31011410. учебная программа искусство начальная школа версия 1 310114
10. учебная программа искусство начальная школа версия 1 310114
 
9. учебная программа икт начальная школа версия 1 180214
9. учебная программа икт начальная школа версия 1 1802149. учебная программа икт начальная школа версия 1 180214
9. учебная программа икт начальная школа версия 1 180214
 
8. учебная программа введение в науку начальная школа версия 1 300114
8. учебная программа введение в науку начальная школа версия 1 3001148. учебная программа введение в науку начальная школа версия 1 300114
8. учебная программа введение в науку начальная школа версия 1 300114
 
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 3001147. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
7. оқу бағдарлама ғылымға кіріспе бастауыш мектеп 1 нұсқа 300114
 
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 1802142. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
 
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101141. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
1. оку бағдарлама өнер бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
 
перечень передаваемых программ
перечень передаваемых программперечень передаваемых программ
перечень передаваемых программ
 
общая информация презентация гос но русс краткая
общая информация презентация гос но русс краткаяобщая информация презентация гос но русс краткая
общая информация презентация гос но русс краткая
 
повышение квалификации планы курсов «орлеу» и цпм повышение квалификации русс
повышение квалификации планы курсов «орлеу» и цпм повышение квалификации руссповышение квалификации планы курсов «орлеу» и цпм повышение квалификации русс
повышение квалификации планы курсов «орлеу» и цпм повышение квалификации русс
 
ISA parents presentation
ISA parents presentationISA parents presentation
ISA parents presentation
 
мша для родителей 030913 kaz
мша для родителей 030913 kazмша для родителей 030913 kaz
мша для родителей 030913 kaz
 
мша для родителей 030913 ru
мша для родителей 030913 ruмша для родителей 030913 ru
мша для родителей 030913 ru
 
Orientation day 2013
Orientation day 2013Orientation day 2013
Orientation day 2013
 
стратегия 2020 рус
стратегия 2020 русстратегия 2020 рус
стратегия 2020 рус
 
Библиотеки
БиблиотекиБиблиотеки
Библиотеки
 

4. оқу бағдарлама қазақ тілі мен әдебиеті т1 бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114

  • 1. 1 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. «Қазақ тілі және әдебиеті» (бірінші тіл ретінде - Т1) пәні бойынша оқу бағдарламасы (12 жылдық білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш мектеп (1-5 сынып) Қаңтар 2014 ж.
  • 2. 2 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. Бұл оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА мен бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған
  • 3. 3 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. Мазмұны 1. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінің маңыздылығы................................................4 2. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының мақсаты ..............................5 3. Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру.........................................................................6 4. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар .............................................................................................................................7 5. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер ..............................................................................................................................9 6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру ............................11 7. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі ..................12 8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту ...............................................13 9. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың тәсілдері............................................................................................................................15 10. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының мазмұны және құрылымы ...........................................................................................................................................17
  • 4. 4 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 1. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінің маңыздылығы «Қазақ тілі және әдебиеті» бірінші тіл ретінде (бұдан былай Т1) пәні білім беру бағдарламасындағы жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі болып табылады. «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің ерекшелігі – оның екі қызмет атқаруында: біріншіден, оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйретеді, екіншіден, мектепте оқытылатын басқа да пәндерді меңгерту құралы болып табылады. Оқушының сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін жетік меңгеруі және кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін білу деңгейіне байланысты. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінің маңыздылығы – Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесімен айқындалады. Мемлекеттік тілді құрметтеу және өзге ұлт өкілдерімен қарым- қатынасты нығайту – Қазақстандағы ұлтаралық келісім кепілі. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқу барысында оқушылар әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады, қоршаған ортаны тану, әр түрлі мәселелерге деген көзқарасын дәлелдеу құралы ретінде тілдің және әдеби мұраның құндылығын ұғынады. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні:  ауызша және жазбаша сөйлеу түрлерін меңгеруге;  коммуникативтік дағдыларын дамытуға;  түсінікті, жылдам, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруға;  сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға;  сөздік қорын молайтуға;  қарым-қатынасқа түскенге қажетті айтылым, тыңдалым, жазылым және оқылым дағдыларын қалыптастыруға;  қарым-қатынас тілін дамытуға (монолог және диалог) ықпал етеді. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні оқушылардың оқу және болашақ кәсіптік әрекетінде коммуникативтік білік-дағдыларын орынды қолдана отырып, жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімделе алуына, өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін әр түрлі ақпарат көздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білуіне көмектеседі.
  • 5. 5 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 2. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының мақсаты «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының мақсаты – қазақ тілінің құрылымы, қызметі, әдеби тілдің негізгі нормалары (орфоэпиялық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық) және сөйлеу мәдениеті туралы білім негіздерін қалыптастыру. Міндеті: - айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыту; - басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсу және өз ойын бейнелі жеткізуге үйрету; - тілдің қоғамдық мәнін түсінуге, тіл нормаларын сақтап, қолдана білуге үйрету; - тіл сауаттылығы мен сөз байлығын жетілдіру; - ойлау қабілеттерін, дүниетанымын кеңейту. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушының сөйлеу және ойлау әрекетін, түрлі сала мен қарым-қатынас жағдайында тілді еркін игеруді қамтамасыз ететін коммуникативтік іскерліктер мен дағдыларды, тілдік өзара әрекет пен өзара түсінісу қабілеттерін дамытуға, сөйлеу тілін жетілдіруге бағытталған. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін меңгеру: - тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде жалпы мағлұматты қалыптастыруға, тілдік категориялардың көпжақты екенін түсінуге; - сөздік қор мен грамматиканы пайдалану құзыреттілігін қалыптастыруға; - ауызша және жазбаша тіл ережелеріне сай тілдік құралдарды саналы түрде дұрыс таңдауға; - алған білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде қолдануға; - өмірде қажетті тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
  • 6. 6 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 3. Үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1- сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады. Үш тілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт тілдік (тындалым, айтылым, оқылым және жазылым) дағдысын дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің үштілділік саясаты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды. Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрсетілген: «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» бөлімінде (5-бөлім), мұғалімнің пәнді меңгертуге қажетті тілдік білім мен дағдыларды қалай жетілдіретіндігі анықталған . «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» бөлімінде (8-бөлім), мұғалімдердің пән арқылы тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын жоғары деңгейде қалай дамытатыны сипатталған. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың тәсілдері» бөлімінде (9-бөлім) бағалау тілі белгіленген.
  • 7. 7 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 4. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны: Сынып Апталық сағат саны Жылдық сағат саны 1-сынып 6 сағат 198 сағат 2-сынып 5 сағат 170 сағат 3-сынып 5 сағат 170 сағат 4-сынып 5 сағат 170 сағат 5-сынып 5 сағат 170 сағат Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелері, стендтер мен оқушылардың жұмыстарының көрмесіне арналған орын қажет. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін сапалы, тиімді оқытуда қолайлы жағдай туғызуға қажетті құрал-жабдықтар:  проектор, графопроектор, экран немесе интерактивті тақта;  шектеусіз интернет;  құлаққаптар (наушниктер);  дыбыс жазу құралдары: диктофон /микрофон;  видеокамера, цифрлы фотоаппарат;  жылжымалы, маркерлі тақталар; шағын тақташалар;  флип-чарт;  офистік құрылғылар (компьютер, принтер, сканер және ноутбуктер (әр оқушыға);  шкафтар;  түрлі-түсті қағаздар, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары;  фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар;  еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз, және т.б
  • 8. 8 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж.  әр түрлі мамандыққа байланысты костюмдер, маскалар, құралдары, қуыршақтары;  «Жазу бұрышы» және «Оқу бұрышына» арналған жиһаздар: диван, кілемшелер, орындықтар, кіші үстелдер, дөңгелек үстел;  қажетті әдебиеттер, суретті кітаптар, өлең-жыр кітаптары, қазіргі заманғы көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып, фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, фильмдер, газет-журналдар, үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер (памфлеттер және брошюралар, т.б.); ақын- жазушылар туралы дыбыстық жазбалар мен бейнефильмдер;  көрнекі құралдар (суреттер, портреттер және кестелер);  анықтамалықтар (түсіндірмелі, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер; грамматикалық оқу құралдары);  энциклопедия;  ұлттық қуыршақтар (сахналық көріністер үшін);  ұлттық киімдер, сахналық киімдер, декорациялар;  дидактикалық және үлестірмелі материалдар; кеспе әріптер, буындар, әріптер кассасы, әліпби, суретті әліпби, сюжетті суреттер.
  • 9. 9 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 5. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер ҚР білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) оқу үрдісінде білім алуды қалай үйрену керектігін білетін, дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, талдау жасай алатын оқушыны қалыптастыратын қағиданы ұстанады. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әр түрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырады және дамытады деп күтілуде. Олардың ішіне мыналар кіреді:  әр оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен түсініктерін дамыту үшін оны қолданудың маңыздылығын мойындау;  оқушыларды мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлерінің көмегімен ынталандыра және дамыта оқыту;  міндеттерді шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті мысалдарға негіздей құру және көрсету;  оқушыларды оқытуды «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау;  оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс-тәсілдеріне негізделген белсенді оқуын марапаттау;  оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;  оқушылардың өзіндік, топтық және ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнін оқытуда қолданылатын стратегиялардың үлгілері:  оқушыны қатесі үшін жазалап оқытуға болмайды, қателерін түзету үшін оқыту;  оқушылар алдына қойылған проблемалық жағдаятты шешу жолдарын өздігінен іздейді/ өзін-өзі дамыту үшін тілмен және оқытумен байланысты қызығушылықтарын ескереді;  сараланған тапсырмалар қолдану, қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың сұранысына сәйкес міндеттер қою, мысалы, оқушы өз деңгейіне сай мәтіндерді оқиды, содан соң топта талқылап (дәйек келтіреді, өз пікірін дәлелдейді), сыныпқа презентация жасайды;  топпен жұмыс жасауға қажетті жағдай туғызу, топта еркін жұмыс жасауға баулу (мысалы: әр балаға топтың белсенді мүшесі, кейде топ басшысы болуға
  • 10. 10 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. мүмкіндік жасау);  оқушыларға орындатпас бұрын мұғалімнің жазба жұмыстың/ мәтін стилінің үлгісін көрсетуі (яғни мұғалім модельді немесе үлгіні алдын ала береді);  оқушылардың бірін-бірі оқытуы/ бірін-бірі бағалауы (сынып ішінде, сыныптар арасында);  өз ойларын еркін айтуға, жеке шешім қабылдауға мүмкіндік беру;  тапсырмаларды өмірмен байланыстыра отырып қолдану және өз бетінше білімін жетілдіруге баулу;  шығармашылық, практикалық жұмыстарды қамтитын іс-әрекет (түрлі шығармашылық жұмыстар орындау);  ізденіс пен қосымша материал пайдалануды қажет ететін тапсырмаларды орындау;  ойын және зерттеу әрекеті;  зерттеу әрекеті (не білемін, не білгім келеді, нені үйрендім түріндегі кері байланысты жүзеге асыру);  оқытудың дәстүрлі және жаңа әдістерін теңгерімді үйлестіру;  оқушылардың біліміне жүйелі мониторинг жүргізу;  оқушының өз білімін жетілдіру және бағалауға ынталандыратын мүмкіндік туғызу (оқушының алған біліміне ғана емес, оны өмірде қолдана білуіне мән беріледі).
  • 11. 11 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің бір бөлігі болып табылады. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың әлеуметтік және кәсіби орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бойынша оқу бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:  өзгенің пікіріне, көзқарасына, наным-сенімі мен әдет-ғұрпына, сезімі мен идеяларына сыйластық пен төзімділік көрсету қасиетін қалыптастыру;  оқушының көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі, түрлі көзқарастарды талдай отырып, өз көзқарасы мен өзгенің пікірін салыстыра отырып ашық жеткізуін қалыптастыру;  Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарай білу және ұлттық мәдениеттімізді құрметтей білуге үйрету;  Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлікті сақтауды қолдау;  көпұлтты қоғамда өмір сүру қабілетін қалыптастыру. Осы аталған құзыреттіліктер тілдік жағдаяттар мен көркем шығармаларды оқу арқылы қалыптастырылады.
  • 12. 12 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 7. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі Ақпараттық коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және қарым- қатынасында технологияларды орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады. Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру арқылы оқушылар АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған оқу бағдарламаларын меңгеру үрдісінде дамытады. Бұл «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) оқу бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:  сабақтарда оқытудың сапасын арттыру үшін жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану;  интернет ресурстарымен жұмыс жасау (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);  мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға көшу (Word, Power Point);  ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;  электронды оқулықтарды пайдалану;  тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;  ақпаратты саралап, зерттей алу.
  • 13. 13 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту ҚР білім беру ұйымдарына (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) кіріктірілген оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – жеке тұлғаны әлеуметтендіру, яғни түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және қолдаушы ортаны құра отырып, қажетті тілдік дағдыларды дамыту керек. Мұндай ортада оқушылар тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіре алады. Оқыту процесінде оқушылардың сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым- қатынасында тілді сауатты пайдалануын мадақтап отыру қажет. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінен тыңдалым мен айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:  тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;  оқушыларға таныс және оларды қызықтыратын тақырыптар бойынша анық сөйлеу;  алдын ала құрастырылған сұрақтар бойынша біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнің бір күні жөнінде сұхбаттасу) және жауаптар бойынша ауызша есеп беру;  жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру (мысалы, бізге, яғни оқушыларға мектеп формасын кию қаншалықты қажет);  жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, Бағытталған оқу және Бағытталған жазу);  ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;  берілген тақырып бойынша диалог құрастыру. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:  кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау;  интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар, жоба дайындау);  мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөліміне сүйене отырып, оқиғаның дамуына болжам жасау;  әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау);
  • 14. 14 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж.  көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;  негізгі ой мен бөлімдерін анықтай отырып оқу;  ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:  тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;  газетке шағын хабарлама/мақала жазу;  белгілі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;  ақпаратты суреттер мен диаграмма арқылы беру;  сұхбатқа сұрақтар дайындау.
  • 15. 15 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 9. «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалаудың тәсілдері «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәнін оқып үйренудің нәтижелерін бағалау критериалды бағалау жүйесін қолданумен жүзеге асырылады. Критериалды бағалау – оқу бағдарламаларындағы күтілетін нәтижелерге жету мақсатында оқушылардың білім алудағы жеке даму жолына түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін оқушының оқу жетістігін алдын ала нақты анықталған бағалау критерийлерімен сәйкестігін бағалау болып табылады. Критериалды бағалау білім беру, оқыту және бағалаумен тығыз байланысқа негізделген. Оның нәтижелері білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Критериалды бағалау жүйесі бағалаудың бірнеше түрін қамтиды: қалыптастырушы бағалау (ҚБ), ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) және сыртқы жиынтық бағалау (ЖБ). Әр сыныптағы пәндер бойынша оқу бағдарламасының мазмұны бағалаудың барлық түрлеріне арналған ақпараттарды қамтиды. Бастауыш мектептегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» (Т1) пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін жыл бойы бағалау үшін бағалаудың барлық үш түрі қолданылады: Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) - білім беру мен оқытудың бір бөлігі ретінде оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына сәйкес жүргізетін мұғалімнің ағымдағы бағалауы. Оқушылардың оқу үлгерімі мен оқудағы жетістіктері оқыту мақсаттарына «талпынды» немесе «жетті» деген белгілермен тұжырымдалады. Ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) – мектеп мұғалімдерімен жүргізілетін тоқсан соңындағы оқу ақпаратының бөлімін аяқтағаннан кейінгі білім және оқу дағдысының қалыптасқан деңгейін анықтайтын бағалау. Бағалаудың нәтижелері балл және баға түрінде тұжырымдалады. Сыртқы жиынтық бағалау (ЖБ) – тәуелсіз ұйымдардың бағалауы арқылы жүргізілетін бағалау. Ол негізгі және жоғары мектепті аяқтаған кездегі білім мен оқу дағдысының қалыптасқан деңгейін Кіріктірілген білім беру бағдарламасына сәйкестігін анықтайды. Бағалаудың нәтижелері балл және баға түрінде тұжырымдалады. Оқушылардың оқу нәтижелері төмендегідей түрде ұсынылады:  Тоқсандық баға – қалыптастырушы және тоқсандық ішкі жиынтық бағалаудың
  • 16. 16 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. нәтижелері белгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген әр тоқсанның соңындағы баға.  Қорытынды баға – қалыптастырушы және төрт тоқсандағы ішкі жиынтық бағалау нәтижелері білгілі бір пайыздық көрсеткіште енгізілген оқу жылының соңындағы баға. Бағалау түрінің аралық үлес салмағы: Бағалау көрсеткіштері Қалыптастырушы бағалау Ішкі жиынтық бағалау Тоқсандық баға 30% 70% Қорытынды баға 30% 70% Бағалау тілі оқыту тілі болып саналады.
  • 17. 17 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. 10. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні бағдарламасының мазмұны және құрылымы Бағдарламаны білудің негізгі ұстанымдары «біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген мәселелерді қарастырады. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері ары қарай жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді. 1-5 сыныптар № Бөлім Бөлімше 1 Тыңдалым және айтылым Т/А 1 Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну Т/А 2 Мәтіндегі негізі ойды анықтау Т/А 3 Тыңдалған материалды мазмұндау Т/А 4 Оқиғаны болжау Т/А 5 Әлеуметтік және іскерлік ортада тілдік нормаларды қолдану Т/А 6 Тыңдаушыны қызықтыру үшін әдеби көркемдегіш құралдарды мақсатқа сай қолдану Т/А 7 Тыңдалған мәтінді бағалау Т/А 8 Мультимедиалық құралдар арқылы тыңдау және өз пікірін білдіру 2 Оқылым О1 Ақпаратты түсіну О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтау О3 Оқылған мәтіндегі сөздердің лексикалық және синтаксистік мағыналарын түсіну О4 Сұрақтар қоя білу және бағалау О5 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін тану О6 Оқу түрлері О7Әр түрлі дереккөздерден қосымша ақпараттар алу О8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау 3 Жазылым Ж1 Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу Ж2 Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен мәтін құрап жазу Ж3 Жоспар құру
  • 18. 18 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. Ж4 Өз ойынан мәтін құру Ж5 Оқылған, тыңдалған, көрген аудиовизуалды материалдардың мазмұнын жазу Ж6 Өз ойы негізінде әр түрлі жанрларға мәтіндер жазу Ж7 Мәтіндерді салыстыру Ж8 Мәтінді түзету және редакциялау Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында жазу Ж10 Шығармашылық жұмыс (эссе жазу) Ж11 Грамматикалық нормалар Ж12 Пунктуациялық нормалар Ж13 Орфографиялық нормалар
  • 19. 19 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. Пән бойынша бағдарламаның оқу мақсаттары «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні 1. Тыңдалым және айтылым Оқушылар … 1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып 5-сынып Т/А 1 Тыңдалған ақпараттың мазмұнын түсіну Өзгелерді тыңдайды, түсінеді және сәйкес әрекет жасай алады; Өзгелердің пікірін тыңдайды және өзінің келісетінін немесе келіспейтінін білдіреді; Айтылғандардыты ңдай біледі және тыңдаған ақпараттың мазмұнын түсінеді, сұрақ қоя біледі және нақты жауап береді; Белгілі бір уақыт аралығында сөйлеушіні тыңдай алады және тыңдалған ақпараттың мазмұны мен негізгі ойын түсінеді, тыңдағаны бойынша ой түйіндейді; Сөйлеуші ретінде тіл мен қимыл арқылы өз көзқарасын, пікірін білдіре алады немесе айтылған пікірлерге қарсы пікір айтады; Т/А 2 Мәтіндегі негізгі ойды анықтау Айтылғанды тыңдайды және айтылған әңгіменің кейбір негізгі кезеңдерін анықтай алады; Тыңдай отырып түсінгенін анықтайды; Мәтінді тыңдай отырып, негізгі ойды анықтайды, соған байланысты өз пікірін, ойын білдіреді, талдайды, мәтіннің мазмұнын түртіп алуды қолданып мазмұндайды, мысалы, қайталайды, шолу Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды, ауызша әңгімелеудің түрлі тәсілдерін қолданады, мәнерлеп, мақаммен (дауыс ырғағымен) айтып, тыңдаушыны қызықтырады. Қарапайым мәтіннің мазмұнын және бөлімдерін анықтайды және тыңдайды;
  • 20. 20 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. жасайды және әзіл-қалжыңды қолданады; Т/А 3 Тыңдалған материалды мазмұндау Тыңдалған материалдың мазмұнын мұғалімнің көмегімен қарапайым сөйлемдер арқылы жүйелі айта алады; Қарапайым сөйлемдермен оқиғаны өздігінен мазмұндай алады; Тыңдалған ақпаратты толық, жүйелі жеткізе алады; Ақпараттық мәтіннің мазмұнын немесе оқиғасын мазмұндайды; Әңгімелеу және сипаттау мәтінін түрлі тәсілдер арқылы әсерлі мазмұндайды; Т/А 4 Астарлы мағынаны анықтау Түрлі мазмұнда қарым-қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйренеді; Сөйлеу қабілетін дамытады және көп мағыналы сөздерді қолдана бастайды; Қарапайым мәтіндерден әртүрлі мағынадағы сөздерді анықтайды; Мәтіндерден астарлы мағыналы сөздерді анықтай бастайды; Мақал-мәтелдер, өлеңдер құрамынан астарлы мағыналы сөздерді анықтайды; Т/А 5 Әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік нормалар Түрлі жағдаяттарға байланысты қарым-қатынас барысында сөздік қорын пайдаланады; Түрлі жағдаяттарға байланысты қарым- қатынас барысында сөздер, сөз тіркестерін қолданады; Түрлі жағдаяттарға байланысты қарым-қатынас барысында тілдік нормаларды; дұрыс, орынды қолдана отырып, сөйлемдерді пайдаланады; Жүйелі мазмұндау барысында тілдік нормаларды сақтай отырып, сөздік қорын пайдаланады; Тақырыпқа байланысты пікірталас барысында тілдік нормаларды сақтай отырып, сөздік қорын пайдаланады; Т/А 6 Тыңдаушыны қызықтыру үшін әдеби көркемдегіш құралдар мен Әр түрлі жағдаятқа байланысты қарым-қатынас барысында жетекші сұрақтарға жауап бере алады; Түрлі жағдаятқа байланысты қарым- қатынасқа түсу үшін сөздік қорын пайдаланады; Диалогты түсінеді, қатысады және олардың құрылымын сақтай біледі; Өз пікірін қорғау үшін логикалық байланысты сақтай отырып, негізгі ой, оқиғалар мен кейіпкерлер туралы пікір таластыра біледі; Тиісті «тіл құрылымын» пайдалана отырып, сыныптық пікірталасқа түседі, өз көзқарасын
  • 21. 21 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. құрылымдарды тиімді қолдану қорғайды; Т/А 7 Тыңдалған мәтінді бағалау Аудио-, видео- жазбаларды тыңдай отырып, оқиғаның немесе ақпараттың қалай берілгені туралы өз ойын білдіреді; Мәтіндегі өзгерістерді (дауыс ырғағы, дауыс қарқыны, мәнері, екпіні, т.б) ескере отырып, тыңдалған материалдың негізгі бөліктерін анықтайды; Тыңдалған материалдардың (телебағдарламал ар, аудио-, видеожазбалар, т.б) қысқа үзінділерінде, музыка, сөздер, бейнелер қалай қолданылғанын салыстырады; Сөйлеушілердің ойын, тіл мен іс-әрекет арқылы тиімді жеткізуін талдайды және бағалайды; Сөйлеушінің ойын түсіндіру,жеткізу,сен діру қажетті жағдайларда пікірталасу үшін әдістерді (мысалы, қайталау, көтеріңкі дауыс, ырғақ, екпін, кідіріс, эмоция) анықтайды; Т/А 8 Мультимедиалы қ құралдарды қолдану арқылы тыңдау және айту Тыңдайды және диалогқа қатысады; Дискуссиялар мен талқылауларға қатысады; Түрлі рөлдерді орындай отырып, диалогтарға белсене қатыса біледі; Топтың жетекшісі бола біледі және топтың өзге мүшелерін қолдайды; Талқылау барысында бірқатар рөлдерді орындауға машықтанады;
  • 22. 22 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні 2. Оқылым Оқушылар … 1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып 5-сынып О1 Ақпаратты түсіну Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады; Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді; Көркем шығармадағы кейіпкерлердің көңіл-күйін түсіндіреді, шығарманың жазылу ретіне (оқиғалар тізбегіне) логикалық қорытынды жасайды; Кейіпкерлердің іс- әрекетіне қарап, олардың мінез-құлқын анықтайды және ақпаратты мәтіндердегі ойдың дамуын түсіндіреді; Автордың кейіпкерлер арқылы білдірген ойын анықтайды және соған байланысты қорытынды жасайды; О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтайды, Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды, әдеби емес мәтіндерден ақпаратты табу жолын біледі; Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (ғылыми, көркем мәтін) тақырыбын анықтайды және негізгі ойларды жалпы түрде сипаттай біледі; Берілген мәтіннің негізгі бөлімдерін анықтайды, түсінеді және түсінгенін көрсете алады; Деректі мәтіндердің құрылымдық ерекшеліктерін (мысалы, түсіндіру, санамалау, сендіру мәтіндері) анықтайды және пікірін білдіреді; Әр түрлі (көркем, деректі, ғылыми) мәтіндердің құрылымына сүйене отырып, негізгі мақсаттарын анықтайды және түсіндіреді; О3 Оқылған мәтіндегі Сөз бен сөйлемдерді дауыс ырғағын келтіріп Сөз бен сөйлемдердің лексикалық, Әр түрлі мәтіндерді оқығанда Сөз құрамы мен сөйлемнің синтаксистік құрылымының көмегімен сөздің Мәтіндегі образ жасау және сипаттау үшін
  • 23. 23 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. сөздердің лексикалық және синтаксистік мағыналарын түсіну оқиды және мағынасын түсінеді; синтаксистік мағыналарын аша отырып, сөздік қорын толықтырады; сөздердің контекстегі мағынасын ажырата алады (антоним, синоним, омоним); лексикалық мағынасын анықтайды, сөздің тура және ауыспалы мағынасын түсінеді; пайдаланылған көркем-бейнелі сөздердің мағынасын түсінеді және орынды қолдана бастайды; О4 Сұрақтар қоя білу және бағалау Қарапайым мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі; Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғаларға, кейіпкерлерге пікір білдіреді; Өздерінің мәтінге қатысты көзқарасының себебін түсіндіреді және маңызды бөліктеріне пікір айтады; Мәтіннің мазмұнын тереңірек түсіну үшін сұрақ қояды және жауабын нақтылайды; Мәтінді, құндылығы, пайдалылығы мен сапасы тұрғысынан бағалайды және шешім қабылдайды; О5 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін тану Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін (мысалы: әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, мақал- мәтелдер) таниды және ажырата алады; Мәтіннің мазмұнына байланысты түрлерін ажыратады; Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады және жоспар құрады; Қажетті ақпаратты кез келген мәтіннен (деректі, көркем, ғылыми) таба алады және оның стильдік ерекшелігін таниды; Әңгімелеу,сипаттау, пайымдау мәтіндерін салыстыра алады, әр түрлі материалдардан (Мысалы: тарихи, ақпараттық мәтіндер, өлеңдер, үндеухаттар, журнал, газеттер) табуды біледі; О6 Оқу түрлері Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас әрі дұрыс оқиды; Таныс,таныс емес сөздерді, қатесіз, түсініп жүргізіп оқиды; Мәтінді кейіпкерлердің мінез-құлқы, көңіл- күйіне сай мәнерлеп оқиды; Оқу түрлерін (қатесіз оқу, түсініп оқу, шапшаң оқу, мәнерлеп оқу, теріп оқу, дауыстап/іштей оқу) қолданып оқиды; Ауқымды әдеби көркем шығармаларды өз бетімен түсініп оқиды және мазмұнын қысқаша хабарлама түрінде жеткізе алады;
  • 24. 24 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. О7 Әр түрлі ресурс көздерінен қажетті ақпаратты алу Әліпби ретімен құрылған мәтіндерден (сөздіктер, анықтамалықтар, бейнелі кітаптар) ақпараттарды табу жолын түсінеді); Көрнекі және жазба мәтіндерден ақпараттарды табу жолын біледі; Оқу түрлерін (көз жүгірту, шолу жасау, түртіп алу) қолдану арқылы қажетті ақпаратты таба біледі; Түсініп оқи отырып өзіне қажетті ақпаратты таба алады; Белгілі бір тақырыпқа байланысты қажетті ақпаратты әр түрлі дерекөздерден (интернет, газет- журналдар, телебағдарламалар, анықтамалықтар, т.б) жинақтап, жүйелей алады; О8 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау Мұғалімнің көмегімен әр түрлі мәтіндерді құрайтын басты элементтерін анықтайды; Мұғалімнің көмегімен түрлі мәтіндердегі сөйлемдер мен әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын салыстырады; Мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері туралы білімін пайдалана отырып, ақпаратты өз бетімен салыстырады; Әңгімелеу мен ақпараттық мәтіндердің түрлерін салыстырады, олардың құрылымын анықтайды; Мәтін құрылымындағы оқиғаның әсерін, сюжеттің жүйелі байланысын автордың қалай қолданғанын өздігінен түсінеді, анықтайды;
  • 25. 25 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. «Қазақ тілі және әдебиеті» (Т1) пәні 3. Жазылым Оқушылар … 1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып 5-сынып Ж1 Өз ойынан байланыстыры п мәтін жазу Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады; Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттар мен пікірлер өздігінен жазады; Оқырманды қызықтыру үшін өз ойынан толықтыра отырып, әңгімелеу және сипаттау мәтінін жазады; Басынан кешкен оқиғалары немесе деректі мәтіндерді (соның ішінде өлеңдерді) жазу үшін мәтін түрін өздігінен таңдай отырып жазады; Оқырманды қызықтыру мақсатында өздігінен көркем тілмен ауқымды мәтін жазады; Ж2 Түрлі тақырыптар бойынша қажетті стильді пайдаланып жазу Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай қызықтыратын сөздерді таңдап жазады; Түрлі көркемдегіш сөздер мен терминдерді таңдап жазады; Көңілді атмосфера немесе шытырман жағдай тудыру үшін өзінің қиялы бойынша мәтін жазады; Мәтін түріне сәйкес төл және төлеу сөз арқылы, іс-әрекетті баяндап жазады; Әдеби ерекшеліктер туралы білімдеріне сүйене отырып, қажетті сөздер мен стилді қолданып ресми/бейресми жазбалар жазады; Ж3 Жоспар құру Қарапайым мәтінге жоспар құрады, оған ат қояды; Мұғалімнің көмегімен мәтін жазуға жоспар құрады; Хронологиялық және хронологиялық емес сипаттағы мәтіндерді жазу үшін нақты тараулардың/ бөлімдердің жоспарын құрады; Мазмұны жағынан өзара байланысты материалдарды ретін тауып, қарапайым жоспар құрады; Мәтіннің құрылымы туралы білімдерін пайдалана отырып, бөлімдер бойынша жоспар құрады;
  • 26. 26 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. Ж4 Өзіндік стильмен мәтін құру Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастырып жазады; Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады; Мәтіннің түрлерін тиісті құрылымына сәйкес жазады; Тақырыпқа қатысты мәліметтерді бөлімге жазуды жоспарлайды және бөлімдерге сәйкестігін анықтайды; Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтай отырып, тақырыбын ашып, жүйелі, толық жазады; Ж5 Оқыған және аудиовизуалд ы материалдар бойынша креативті жазу Үлкендердің көмегімен аудиовизуалды мәтіндерден идеялар мен ақпаратты ауызша анықтайды; Мұғалімнің ұсынған үлгісімен, оның қолдауымен мәтін бөлімдеріндегі негізгі ойларды анықтайды және конспектілейді; Мәтін бөлімдеріндегі негізгі ойларды өз бетімен анықтайды және конспектілейді; Оқиғалар мен идеяларды түсіндіру үшін мәтіннің өн бойынан дәлелдер табады және пайдаланып жазады; Түрлі тыңдалған, оқылған және аудиовизуалды материалды мазмұндап, қорытындылап жазады; Ж6 Өз ойы негізінде әр түрлі жанрларда мәтіндер жазу Берілген сөздердің көмегімен қарапайым постерлер мен жарнама құрастырады; Белгілі бір мақсатқа сай сөздер немесе суреттерді қолданып шағын мәтіндер жазады; Қажетті стиль мен сөздік қорды таңдап алу арқылы хат, баяндама немесе презентация сияқты жазба жұмыстарында өз ойларын білдіреді; Өз көзқарасын өзгелерге дәлелдеу үшін аргумент қолдана отырып, мәтін жазады (мысалы, жаңалықтар , мақала немесе буклет); Мәтіннің типтері туралы білімдеріне сүйене отырып, қажетті стильді таңдайды, дәлелді мәтін құрастырады; Ж7 Мәтіндерді салыстыру Көркем әдеби және деректі мәтіндерді салыстырады. Мысалы: көркем және деректі әдебиеттердегі қарапайым жағдаят және қарапайым сипаттамалардың ұқсастығы мен Мәтіндердің құрылымдық ерекшеліктерін салыстырады. Мысалы, әліпби реті, сызбалар, диаграммалар, қолымен жазылған, тақырып; Оқырманды қызықтыру үшін жазушылар пайдаланған ерекшеліктерді анықтайды және салыстырады, жазады. Мысалы: бейнелер, түсіндірме сөздер, Деректі мәтіндердегі идеялардың дамуын салыстырады. Мысалы, әңгіме, үзінділер; Әр түрлі мәтіндерде бір тақырыптың, қалай берілетінін салыстырады. Мысалы, өлең, проза, мақала;
  • 27. 27 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. айырмашылығын қысқаша жазады; ерекшеленген шрифт, әріптер, тақырыпшалар; Ж8 Мәтінді түзету және редакциялау Өзінің жазғанын мұғалімнің көмегімен түзетеді; Бастапқыда үлкендердің көмегімен, бірте- бірте өздігінен қажетті сөздер тауып, шағын мәтіндерді редакциялайды; Ересектердің көмегімен мәтіннің өн бойындағы идеяларды жетілдіреді, біртіндеп өз бетімен жұмыс жасауға бейімделеді; Өз бетімен және сын тұрғысынан ойланып, өзінің жұмысын жетілдіреді және өңдейді; Қағаздағы және экрандағы мәтіндердің дұрыс жазылуын тексеріп өңдейді, түзетудің әр түрлі әдіс- тәсілдерін пайдаланады, сөздік қолданады; Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында жазу Сөздерді, түрлі қысқа мәтіндерді сауатты жазады; Әріптерді дұрыстап, бірдей арақашықтықта және сызықтарын үзбей жазып, сауаттылықты дамытады және мәтінді өңдеген кезде пернетақтамен жұмыс істеу дағдыларын пайдаланады; Көркем, сауатты жазуда компьютерлік бағдарламалардың топтамасын пайдаланады, әріптерді жазуда/теруде жылдамдығын және сауаттылығын арттырады; Қолмен жазуды арнайы мақсаттарға сай бейімдейді және мәтінмен жұмыс істегенде АКТ бағдарламаларының көптеген түрін пайдаланады; Көркем жазудың және электронды мәтіндердің әр түрлі стильдерін түрлі мақсатқа сай пайдаланады және өзіндік жазуын (почерк) қалыптастырады; Ж 10 Шығармашылы қ жұмыс (эссе жазу) Үлгілер, сызбалар, суреттер қолдана отырып, қарапайым мәтіндер мен сөйлемдер жазады; Оқиғаның желісімен, логикалық ретімен әңгімелер және өлеңдер жазады; Берілген тақырып бойынша толық аяқталған әңгіме немесе өлең жазады; Таныс мәтінге жаңа көріністерді, кейіпкерлерді немесе сахналық қойылымды енгізе отырып, жазудың ерекше аспектілерін дамытады; Өздігінен түрлі шығармашылық жұмыстарды (әңгіме, эссе, өлең, т.б) орындайды және белгілі бір мақсатпен ұсынады;
  • 28. 28 1-нұсқа Қаңтар 2014 ж. Ж11 Грамматикалы қ нормалар Жай және күрделі сөйлемдерді етістіктің шақтарын дұрыс пайдалана отырып жазады (осы шақ, келер шақ, өткен шақ); Жайылма сөйлемдерді құрады, жазады; Сауатты жазу қабілеттерін арттыру үшін құрылымы әр түрлі сөйлемдерді қолданады, грамматикалық тапсырмаларды орындайды; Сөйлемдерді, грамматикалық нормаға сай құрай алады, грамматикалық тапсырмаларды орындайды; Сөйлемнің құрылымын әр түрлі мәтін типіне бейімдейді; Ж 12 Пунктуациялық нормалар Мұғалімнің көмегімен сөйлем құрамында және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады; Қарапайым сөйлемдер құру барысында бас әріптер мен тыныс белгілерді (үтір, нүкте, леп белгісі, сұрау белгісі) өздігінен дұрыс қолдана біледі; Сөйлемдердің ара жігін ажырата алады және тиісті тыныс белгісін қояды; Сызықша, тырнақша, қос нүкте, дефис, жақша, нүктелі үтір, т.б. тыныс белгілерін дұрыс қоюды үйренеді; Төл сөздерді қолдану барысында тиісті тыныс белгілерді дұрыс пайдаланады; Ж13 Орфографиял ық нормалар Әріп пен дыбыс арасындағы айырмашылықтард ы біле отырып, сөздер жазады; Фонетика бөлімінде алған білімін, жазу ережелерін білу негізінде таныс емес сөздерді сенімді жаза біледі; Жалпыға ортақ сауатты жазу ережесін біледі және оны күрделі жаңа сөздерді меңгеру барысында пайдаланады, орфографиялық сөздіктерді қолданып жазады; Сөздерді айтылу, жазылу ережелері мен мағыналарына қарай іріктеп жазады; Таныс сөздерді дұрыс жазу және жазылуы қиын бейтаныс сөздерді түрлі әдіс-тәсілдер мен ережелерді пайдалана отырып жазады.