SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ
БАСҚАРМАСЫ «ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Баяндама
Тақырыбы: Сіреспе ауруы
Орындаған:Бабатай Абылай Пансатбекұлы
Жетекші: Асқарова Несібелі Аманбекқызы
СІРЕСПЕ
Сіреспе /Tetanus, столбняк/"-жіті өтетін рефлекстік қозуы артып, бұлшық
еттерінің сіресіп, тартылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Жануарлардың бұл ауруы б.д.д. 3 мың жыл бұрын
белгілі. Гиппократ /б.д.д. IV ғ./ адамның сіреспесін сипаттап, оның негізгі
клиникалық белгісі - бұлшық еттердің қатаюына көңіл аударды. Н.Д.
Монастырский /1883/ аурудың қоздырушысын ашты. Николайер /1884/ оны
жан-жақты сипаттап, ұсақ жануарларға тәжірибе жүзінде жұқтырады, Фебер
/1890/ токсинін ашты. Беринг пен Кнорр /1896/ токсинге қарсы сарысуды, ал
Рамон /1923/ анатоксиңді алды.
Қоздырушысы – Cliostridium tetani - жіңішке, ұзынша таяқша,
жылжымалы, қауашақ түзбейді, түбегейлі ауасыбағасыз микроб. Өсіндіде 2-3
тәулік өткен соң микроб клеткасының бір жақ шетіне таман орналасқан,
домалақ, диаметрі микробтың өзінен гөріжуан споратүзеді, сондықтан оның
жалпы пішіні барабан таяқшасына ұқсас болады. Қанды агарда өседі.
Микробтың жіпшесінде ыстыққа сезімтал Н-антигені және денесінде
ыстыққа төзімді О-антигені бар. Н-антигендері бойынша варианттарға ал О-
антигендері бойынша топтарға бөлінеді. I және II сероварианттары кең
тараған қоздырушы және де тетаноспазмин, тетанолизин деп аталатын екі
құрама бөліктен тұратын, өте КҮШТІ экзотоксинбөледі. Тетаноспазминжүйке
торшаларын зақымдап, бұлшық еттерді қарыстырады. Тетанолизин
эритороциттерді ерітеді. Бұл токсиндер антигендік ерекшеліктері бойынша
15 фракциядан тұрады. Олардың әрқайсысы барлық штаммдарында
тақылеттес, бірақ әртүрлі ара қатынаста кездеседі.
Төзімділігі жағынан микробтың вегетативтік түрінің оншама ерекшеліктері
жоқ. Сыртқы ортада сақталып, ауру қоздыруға тікелей себепкер болатын
споралық түрі. Оның төзімділігі айрықша жоғары болып келеді, кептірілген
материалдарда 10 жылға дейін, аузы дәнекерленген пробиркада бөлме
температурасында қараңғылықта 30 жылға дейін сақталады. 100° С қыздыру
тек 1-3 сағатта, 10 % хлорлы әк және йод тұнбасы 10 мин., 5 % формалин тек
24 сағ. өткенде өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Сіреспеге барлық сүтқоректілер бейім, онымен
адам да ауырады. Жұктыруғаең сезімтал жануар -жылқы, одан соң қой, ешкі,
сиыр, шошка, ит, мысық. ҚҰС біршама төзімді, ал салқын қандылар
ауырмайды. Зертханалық жануарлар жұқтырғанда тез ауырады. Табиғи
жағдайда кез келген жастағы малдар ауырады, бірақ жас төлдер
ересектерінен сезімтал келеді.
Сіреспенің микробы табиғатта кең тараған. Ол егіс даласындағы, бау-
бақшадағы, жайылымдағы топырақта, шаң мен қоқыста, жемшөпте кездеседі.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ішегінде сіреспе таяқшасы өніп-
өсетін дені сау жануарлар. Микроб нәжіспен сыртқы ортаға шығады да,
топырақта ұзақ уақыт уыттылығын жоймай сақталады.
Ауру жұғымтал емес. Табиғи жағдайда оның қоздырушысы жануар денесі
жарақаттанғанда енеді. Топырақпен, шаң-тозаңмен немесе көңмен
жарақаттанғанда, хирургиялық, технологиялық операциялар кезінде, жас
төлдің кіндігі арқылы, аналық мал төлдегенде акушерлік көмек көрсету
асептикалық ережелерге сай жүргізілмесе, басқа да денені жарақаттаумен
қатар жараға микроб түсуіне МҮМКІНДІК тудыратын жағдайларда сіреспе
констридиясының спорасы жануар денесіне енеді.
Ұлпаға түскен споралар тек ауа жоқ жағдайда ғана өсіп-өнеді. Ондай
жағдай терең жарақатта, гематома мен өліеттенген ұлпаларда және жараға
оттегін сіңіретін іріңдеткіш микробтар түскенде болады. Ондай өсіп-өнуіне
қолайлы жағдай болмаса, ұзақ уақыт бойы бейтарап қалпында сақталып,
кейіннен жарақат немесе басқа да микробтың өсуіне қолайлы жағдай туса
/мысалы ұлпаға тітіркендіргіш жіберсе/, аурудың өршуі мүмкін.
Дерттенуі. Қолайлы жағдайда сіреспе таяқшасы денеге енген жерінде
өсіп-өніп, токсин бөліп шығарады. Нейротоксин қан айналымымен
немесе жүйке тарамымымен жұлынға және сопақша миға өтеді де
жүйке торшаларына сіңіріледі. Токсиннің әсерінен жүйке талшықтарының
жұрнақтарынан ацетилхолин босанып шығады да, жүйке торшаларын
тітіркендіреді. Бұның нәтижесінде рефлекстік қозу күшейіп, болымсыз
сыртқы әсердің нәтижесінде бұлшық еттер өте ұзақ сіресіп,
17-сурет. Сіреспемен ауырғанжылқы
18-сурст. Сіреспемен ауырғансиыр.
құрысады. Бойды жайлаған, яғни жоғарыдан төмен бағытталған, сіреспе
кезінде құрысу ең алдымен жақ пен мойын бұлшық еттерінде болады да,
кейіннен арқа мен сираққа жетеді. Шектелген немесе төменнен жоғары
бағытталған сіреспе кезінде бастапқыда инфекция ошағының
маңындағы бұлшық еттер сіреседі де, кейіннен басқа бұлшық еттерге
жайылады. БҰЛШЫҚ еттердің ҮЗДІКСІЗ құрысуын жемшөп жеуді, жүрек
пен өкпенің қызметін қиындатып, организмді титықтатады. Тыныс
алу орталығы мен жүректің тоқтауы өлімге әкеп соғады.
Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 3 күннен 3 аптаға дейін. Ауру
жіті өтеді. Аурудың жылқыда алғашқы белгісі - басы мен жағының бұлшық
еттерінің қарысуы /тризм/, жемшөпті шайнап жұтуының қиындауы,
зорланып, әрең жүріп, құлағы қимылдамай, ҮШІНШІ қабығының көзін
жабуы. Аурудың өршіген кезінде мойын, арқа, құрсақ бұлшық еттері
жиырылып, қатаяды. Қабырғааралық бұлшық еттер мен бронхалардың
сіресіп, жиырылуы нәтижесінде өкпеге ауаның жетуі қиындап, жануар жиі
және үстірт дем алады, танауы делдиіп, қабырғасы ырсиып, іші тартылып
тұрады. Кілегейлі қабықтарының ТҮСІ көкшілденеді. Жұғылған жемшөптің
аспирациясы нәтижесінде болатын пневмония өлімге әкеліп соқтыруы
МҮМКІН. Тамыр жиі соғады. Ішектің перисталтикасы баяулап, нәжіс пен
несептің бөлінуі қиындайды.
КҮЙІСТІ жануарлардың КҮЙІС қайтаруы тоқтап, таз қарынның қызметінің
бұзылуына байланысты тимпания байқалады. Жай ғана дыбыс пен әртүрлі
әсер бұлшық еттердің сіресіп құрысуына түрткі болады. Жануар аяғын
талтайтып, мойнын созып, құйрығын көтеріп тұрады, жүргенде аяқтары
онша илікпей, икемсіз қозғалады. Ауырған мал терлей береді, бірақ есінен
адаспайды. Дененің ыстығы негізінен қалыпты жағдайда, өлер алдында 42-
43° С, ал жаны шыққан соң 45°С-қа дейін көтеріледі.
19-сурет. Сіреспемен ауырған ешкі.
Қой мен ешкінің мойын еттері қарысады, ит пен шошқада әдетте тек қана
бастағы бұлшық еттері құрысып, азуы сыртына қарай жиырылып, ҮШІНШІ
қабағы салбырап, тістерін шықырлатады.
Сіреспемен ауырған жануар, егер уақтылы емдемесе, негізінен өліп
қалады. Әдетте бірінші клиникалық белгілері білінген соң 3-6 КҮН өткеңде
жаны шығады. Әсіресе қой мен шошқада өлім көрсеткіші жоғары /95-100
%/, ал жылқы мен сиырда төменірек /45-90 %/ болады. Жазылған кезде
клиникалық белгілері біртіндеп екі апта ішінде басылып, 4-6 аптада өтеді.
Бірақ ұзақ уақыт жүрісінің ебдейсіздігі білініп тұрады.
Патологоанатомиялық өзгерістер оншама өзгешеліксіз байқалды.
Өлексенің сіресуі айтарлықтай. Қанның ТҮСІ қара қошқылданып, нашар
ұйыйды. БҰЛШЫҚ еттердің ТҮСІ піскен етке ұқсас, әржері қанталаған. Бауыр
мен бүйректерде дегенерациялық өзгерістер болуы МҮМКІН. Эпикард пен
жүрек еттері және көкірек пердесі қанталайды. Өкпенің қанға толып,
домбығуы жануардың ТҰНШЫҒЫП өлуінің себебі болып табылады.
Балау. Сіреспеге диагноз қойғанда ең негізгі әдіс клиникалық зерттеу.
Клиникалық белгілерін талдау арқылы ТҮПКІЛІКТІ диагноз қоюға болады.
Зертханалық тексерулер негізінен басқа аурулардың басын ашу үшін
жүргізіледі. Бактериологиялық зерттеулер сіреспені балау ҮШІН қосымша
мәліметтер береді. Зертханаға бактериологиялық зерттеу үшін жарадан
аққан бөлінді, ірің, зақымданған ұлпалардың кесіндісі алынады.
Ажыратып балау. Құтырықтан, стрихнинмен уланудан, эпилепсиядан,
жайылымдағы тетаниядан, бұлшық ет ревматизмінен, пододерматиттен
ажырату керек. Құтырық кезінде ауырған жануар тарпаң, қабаған, сүзеген
болып, жағы мен сирағы салданады, жайылым тетаниясы қыстан кейін
кененттен көкке шыққан малда біраз уақыт білінеді де, тез арада басылып
қалады. Ревматизм мен пододерматит кезінде бұлшық ет пен тұяқтың мүйіз
асты ұлпасы қабынады да, рефлекторлық қозу байқалмайды. Басқа
аурулардан бағып-күту, жемшөп беру жағдайларын, физиологиялық КҮЙІН
талдау арқылы ажыратады.
Емі. Ауырған малды оқшаулап, жарасын МҰҚИЯТ қарап шығады. Абсцесті
жарып, іріңін ағызып, өліеттенен ұлпаларды алып тастайды да, жараны
антисептикалық ертінділермен /5 % йод тұнбасы, 3 % карбол қышқылы, 0,1
% калий перманганаты, 3 % сутегінің қос тотығы, 1:5 000 фурацилин/
жуады.
Өзіне тән емдік препарат ретінде сіреспеге қарсы антитоксиндік сарысуды
қолданады. Оны тері астына, көк тамырға, бұлшық етке, жараның
айналасына, зақымданған жердің жүйке тамырларының бойына жібереді.
Емдік дозасы ауру басталған 2-4 күнде КҮН сайын ірі жануарларға 80 000
ӘБ, олардың төлі мен ұсақ жануарларға 40 000 ӘБ. Антитоксиндік сарысу
қандағы бос токсиңді ғана бейтараптайды; ал жүйкеге өткен токсинге әсер
етпейді. Сондықтан бұл дәрмектің әсері аурудың басталған кезінде ғана
болады. Антибиотиктермен басқа да микробтарға қарсы және
симтоматикалық дәрілермен қоса берілген кезде сарысудың емдік әсері
артады. Сіреспе микробының вегетативтік түрі мен басқа микробтарға әсер
ететін пенициллин, стрептомицин, тетрациклин, хлорамфениколды әдеттегі
мөлшерде қолданады.
БҰЛШЫҚ еттің қарысуын бәсеңдету үшін жануарға тыныштандыратын
және наркоздық дәрілер жібереді: хлоралгидрат /жылқыға клизмамен 30-50
г. 300-500 г. қоймалжың крахмалмен немесе көк тамырға 10 % ертіндісін
150 мм/, күкірт қышқыл магнезий /күніне 2 рет 30 % ертіндісін 50 мл тері
астына/, аминазин /тері астына немесе көк тамырға 1 кг массасына 1-2 мг.
есеппен 2,5 % ертінді түрінде, жылқыға аса сақтықпен/, новокаиннің 1 %
ертіндісін көктамырға 2 мг құрғақ затын жануардың 1 кг массасына.
Ауырған малды қараңғыланған қораға енгізіп, төсенішін мол етіп,
мазаламай, диеталық жемшөп /тартылған жемді сулап, тамыр ТҮЙІНДІ
азықты ұсақтап/ береді. Керек жағдайда глюкоза қосылған /1 л суға 400 г/
клизма береді, жүрекке әсер ететің дәрілер мен уротропин /50 мл 20 %
ертінді/ жібереді. Тік ішекті нәжістен босатып, қуыққа массаж жасайды.
Иммунитет табиғи жағдайда ауырғаннан кейін ұзаққа созылмайды. КҮЙІС
қайыратын жануарлардың сіреспеге біршама төзімділігі - ауру
қоздырушысының таз қарнында өсіп, бөлінген токсиннің біртіндеп қанға
өтуінен болатын иммундеуші субинфекцияның нәтижесі.
Белсенді жасанды иммунитет қалыптастыру ҮШІН ауру жиі байқалатын
территориядасіреспенің анатоксині қолданылады. Жылына 1 рет тері астына
ірі жануарларға 1 мл, ұсақ жануарларға 0,5 мл егеді. Жылқы зауыттарында
буаз биелерді туарынан 1-1,5 ай бұрын, ал құлынды 5-8 апталық кезінде
анатоксинмен егеді
Антитоксиндік сарысуды дауалық мақсатта асқынған жара мен хирургиялық
операциялар кезінде пайдаланады. Оны тері астына 4 000 - 8 000 ӘБ
мөлшерінде жібереді, ал ауыр жарақат кезінде дозасын 2 есе көбейтеді.
Дауалаужәне күресушаралары. Сіреспені дауалаудың негізгі жолы -
травматизмнен сақтау, жарақатты дер кезінде дұрыс хирургиялықдомдау,
малды төлдеткенде, пішкенде асептика мен антисептика талаптарын МҰҚИЯТ
орындау. Сіреспе жиі байқалатын жерлерде, әсіресе бағалы жануарларға
операция жасар алдында, сақтық ретінде антитоксиндік сарысужіберген жөн.
Сол сияқты мал жарақаттанғанда, немесе төлдеуі ауыр өткенде 12 сағаттан
қалдырмай сіреспенің антитоксинін жіберу аурудың алдын алады

More Related Content

Viewers also liked

+экспертное заключение
+экспертное заключение+экспертное заключение
+экспертное заключение
koneqq
 
лист самооценки
лист самооценкилист самооценки
лист самооценки
koneqq
 

Viewers also liked (14)

+экспертное заключение
+экспертное заключение+экспертное заключение
+экспертное заключение
 
лист самооценки
лист самооценкилист самооценки
лист самооценки
 
Excellence with Call center Business Intelligence (BI)
Excellence with Call center Business Intelligence (BI)Excellence with Call center Business Intelligence (BI)
Excellence with Call center Business Intelligence (BI)
 
конфер.айжан
конфер.айжанконфер.айжан
конфер.айжан
 
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
жануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыружануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыру
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
 
құтырық Rabies
құтырық Rabiesқұтырық Rabies
құтырық Rabies
 
ашық сабақ көз алмасы
ашық сабақ көз алмасыашық сабақ көз алмасы
ашық сабақ көз алмасы
 
математика
математикаматематика
математика
 
сут жане сүт онимдері ооо
сут жане сүт онимдері ооосут жане сүт онимдері ооо
сут жане сүт онимдері ооо
 
слайд кене
слайд   кенеслайд   кене
слайд кене
 
обработка графической информации (масштабирование, трансформация изображений).
обработка графической информации (масштабирование, трансформация изображений).обработка графической информации (масштабирование, трансформация изображений).
обработка графической информации (масштабирование, трансформация изображений).
 
презентация пиелонефрит
презентация пиелонефритпрезентация пиелонефрит
презентация пиелонефрит
 
кампилобактериоз
кампилобактериозкампилобактериоз
кампилобактериоз
 
сценарии эбола
сценарии эболасценарии эбола
сценарии эбола
 

Similar to конф.абылай

Сибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptxСибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptx
ssuserf26ca1
 

Similar to конф.абылай (8)

Сибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptxСибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptx
 
аусыл ауруы
аусыл ауруыаусыл ауруы
аусыл ауруы
 
Паразиттік кенелер
Паразиттік кенелерПаразиттік кенелер
Паразиттік кенелер
 
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулархирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
 
асқорыту жүйесі ауруларын тексеру әдістері
асқорыту жүйесі ауруларын тексеру әдістеріасқорыту жүйесі ауруларын тексеру әдістері
асқорыту жүйесі ауруларын тексеру әдістері
 
кей дәрілік заттарды енгізу
кей дәрілік заттарды енгізукей дәрілік заттарды енгізу
кей дәрілік заттарды енгізу
 
шығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмысшығармашылық жұмыс
шығармашылық жұмыс
 
анатомия таблица1
анатомия таблица1анатомия таблица1
анатомия таблица1
 

More from Asem Sarsembayeva

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

конф.абылай

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК Баяндама Тақырыбы: Сіреспе ауруы Орындаған:Бабатай Абылай Пансатбекұлы Жетекші: Асқарова Несібелі Аманбекқызы
  • 2. СІРЕСПЕ Сіреспе /Tetanus, столбняк/"-жіті өтетін рефлекстік қозуы артып, бұлшық еттерінің сіресіп, тартылуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру. Тарихи деректер. Жануарлардың бұл ауруы б.д.д. 3 мың жыл бұрын белгілі. Гиппократ /б.д.д. IV ғ./ адамның сіреспесін сипаттап, оның негізгі клиникалық белгісі - бұлшық еттердің қатаюына көңіл аударды. Н.Д. Монастырский /1883/ аурудың қоздырушысын ашты. Николайер /1884/ оны жан-жақты сипаттап, ұсақ жануарларға тәжірибе жүзінде жұқтырады, Фебер /1890/ токсинін ашты. Беринг пен Кнорр /1896/ токсинге қарсы сарысуды, ал Рамон /1923/ анатоксиңді алды. Қоздырушысы – Cliostridium tetani - жіңішке, ұзынша таяқша, жылжымалы, қауашақ түзбейді, түбегейлі ауасыбағасыз микроб. Өсіндіде 2-3 тәулік өткен соң микроб клеткасының бір жақ шетіне таман орналасқан, домалақ, диаметрі микробтың өзінен гөріжуан споратүзеді, сондықтан оның жалпы пішіні барабан таяқшасына ұқсас болады. Қанды агарда өседі. Микробтың жіпшесінде ыстыққа сезімтал Н-антигені және денесінде ыстыққа төзімді О-антигені бар. Н-антигендері бойынша варианттарға ал О- антигендері бойынша топтарға бөлінеді. I және II сероварианттары кең тараған қоздырушы және де тетаноспазмин, тетанолизин деп аталатын екі құрама бөліктен тұратын, өте КҮШТІ экзотоксинбөледі. Тетаноспазминжүйке торшаларын зақымдап, бұлшық еттерді қарыстырады. Тетанолизин эритороциттерді ерітеді. Бұл токсиндер антигендік ерекшеліктері бойынша 15 фракциядан тұрады. Олардың әрқайсысы барлық штаммдарында тақылеттес, бірақ әртүрлі ара қатынаста кездеседі. Төзімділігі жағынан микробтың вегетативтік түрінің оншама ерекшеліктері жоқ. Сыртқы ортада сақталып, ауру қоздыруға тікелей себепкер болатын споралық түрі. Оның төзімділігі айрықша жоғары болып келеді, кептірілген материалдарда 10 жылға дейін, аузы дәнекерленген пробиркада бөлме температурасында қараңғылықта 30 жылға дейін сақталады. 100° С қыздыру тек 1-3 сағатта, 10 % хлорлы әк және йод тұнбасы 10 мин., 5 % формалин тек 24 сағ. өткенде өлтіреді. Індеттік ерекшеліктері. Сіреспеге барлық сүтқоректілер бейім, онымен адам да ауырады. Жұктыруғаең сезімтал жануар -жылқы, одан соң қой, ешкі, сиыр, шошка, ит, мысық. ҚҰС біршама төзімді, ал салқын қандылар ауырмайды. Зертханалық жануарлар жұқтырғанда тез ауырады. Табиғи жағдайда кез келген жастағы малдар ауырады, бірақ жас төлдер ересектерінен сезімтал келеді. Сіреспенің микробы табиғатта кең тараған. Ол егіс даласындағы, бау- бақшадағы, жайылымдағы топырақта, шаң мен қоқыста, жемшөпте кездеседі. Инфекция қоздырушысының бастауы - ішегінде сіреспе таяқшасы өніп- өсетін дені сау жануарлар. Микроб нәжіспен сыртқы ортаға шығады да, топырақта ұзақ уақыт уыттылығын жоймай сақталады. Ауру жұғымтал емес. Табиғи жағдайда оның қоздырушысы жануар денесі жарақаттанғанда енеді. Топырақпен, шаң-тозаңмен немесе көңмен
  • 3. жарақаттанғанда, хирургиялық, технологиялық операциялар кезінде, жас төлдің кіндігі арқылы, аналық мал төлдегенде акушерлік көмек көрсету асептикалық ережелерге сай жүргізілмесе, басқа да денені жарақаттаумен қатар жараға микроб түсуіне МҮМКІНДІК тудыратын жағдайларда сіреспе констридиясының спорасы жануар денесіне енеді. Ұлпаға түскен споралар тек ауа жоқ жағдайда ғана өсіп-өнеді. Ондай жағдай терең жарақатта, гематома мен өліеттенген ұлпаларда және жараға оттегін сіңіретін іріңдеткіш микробтар түскенде болады. Ондай өсіп-өнуіне қолайлы жағдай болмаса, ұзақ уақыт бойы бейтарап қалпында сақталып, кейіннен жарақат немесе басқа да микробтың өсуіне қолайлы жағдай туса /мысалы ұлпаға тітіркендіргіш жіберсе/, аурудың өршуі мүмкін. Дерттенуі. Қолайлы жағдайда сіреспе таяқшасы денеге енген жерінде өсіп-өніп, токсин бөліп шығарады. Нейротоксин қан айналымымен немесе жүйке тарамымымен жұлынға және сопақша миға өтеді де жүйке торшаларына сіңіріледі. Токсиннің әсерінен жүйке талшықтарының жұрнақтарынан ацетилхолин босанып шығады да, жүйке торшаларын тітіркендіреді. Бұның нәтижесінде рефлекстік қозу күшейіп, болымсыз сыртқы әсердің нәтижесінде бұлшық еттер өте ұзақ сіресіп, 17-сурет. Сіреспемен ауырғанжылқы 18-сурст. Сіреспемен ауырғансиыр.
  • 4. құрысады. Бойды жайлаған, яғни жоғарыдан төмен бағытталған, сіреспе кезінде құрысу ең алдымен жақ пен мойын бұлшық еттерінде болады да, кейіннен арқа мен сираққа жетеді. Шектелген немесе төменнен жоғары бағытталған сіреспе кезінде бастапқыда инфекция ошағының маңындағы бұлшық еттер сіреседі де, кейіннен басқа бұлшық еттерге жайылады. БҰЛШЫҚ еттердің ҮЗДІКСІЗ құрысуын жемшөп жеуді, жүрек пен өкпенің қызметін қиындатып, организмді титықтатады. Тыныс алу орталығы мен жүректің тоқтауы өлімге әкеп соғады. Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 3 күннен 3 аптаға дейін. Ауру жіті өтеді. Аурудың жылқыда алғашқы белгісі - басы мен жағының бұлшық еттерінің қарысуы /тризм/, жемшөпті шайнап жұтуының қиындауы, зорланып, әрең жүріп, құлағы қимылдамай, ҮШІНШІ қабығының көзін жабуы. Аурудың өршіген кезінде мойын, арқа, құрсақ бұлшық еттері жиырылып, қатаяды. Қабырғааралық бұлшық еттер мен бронхалардың сіресіп, жиырылуы нәтижесінде өкпеге ауаның жетуі қиындап, жануар жиі және үстірт дем алады, танауы делдиіп, қабырғасы ырсиып, іші тартылып тұрады. Кілегейлі қабықтарының ТҮСІ көкшілденеді. Жұғылған жемшөптің аспирациясы нәтижесінде болатын пневмония өлімге әкеліп соқтыруы МҮМКІН. Тамыр жиі соғады. Ішектің перисталтикасы баяулап, нәжіс пен несептің бөлінуі қиындайды. КҮЙІСТІ жануарлардың КҮЙІС қайтаруы тоқтап, таз қарынның қызметінің бұзылуына байланысты тимпания байқалады. Жай ғана дыбыс пен әртүрлі әсер бұлшық еттердің сіресіп құрысуына түрткі болады. Жануар аяғын талтайтып, мойнын созып, құйрығын көтеріп тұрады, жүргенде аяқтары онша илікпей, икемсіз қозғалады. Ауырған мал терлей береді, бірақ есінен адаспайды. Дененің ыстығы негізінен қалыпты жағдайда, өлер алдында 42- 43° С, ал жаны шыққан соң 45°С-қа дейін көтеріледі. 19-сурет. Сіреспемен ауырған ешкі. Қой мен ешкінің мойын еттері қарысады, ит пен шошқада әдетте тек қана бастағы бұлшық еттері құрысып, азуы сыртына қарай жиырылып, ҮШІНШІ қабағы салбырап, тістерін шықырлатады. Сіреспемен ауырған жануар, егер уақтылы емдемесе, негізінен өліп
  • 5. қалады. Әдетте бірінші клиникалық белгілері білінген соң 3-6 КҮН өткеңде жаны шығады. Әсіресе қой мен шошқада өлім көрсеткіші жоғары /95-100 %/, ал жылқы мен сиырда төменірек /45-90 %/ болады. Жазылған кезде клиникалық белгілері біртіндеп екі апта ішінде басылып, 4-6 аптада өтеді. Бірақ ұзақ уақыт жүрісінің ебдейсіздігі білініп тұрады. Патологоанатомиялық өзгерістер оншама өзгешеліксіз байқалды. Өлексенің сіресуі айтарлықтай. Қанның ТҮСІ қара қошқылданып, нашар ұйыйды. БҰЛШЫҚ еттердің ТҮСІ піскен етке ұқсас, әржері қанталаған. Бауыр мен бүйректерде дегенерациялық өзгерістер болуы МҮМКІН. Эпикард пен жүрек еттері және көкірек пердесі қанталайды. Өкпенің қанға толып, домбығуы жануардың ТҰНШЫҒЫП өлуінің себебі болып табылады. Балау. Сіреспеге диагноз қойғанда ең негізгі әдіс клиникалық зерттеу. Клиникалық белгілерін талдау арқылы ТҮПКІЛІКТІ диагноз қоюға болады. Зертханалық тексерулер негізінен басқа аурулардың басын ашу үшін жүргізіледі. Бактериологиялық зерттеулер сіреспені балау ҮШІН қосымша мәліметтер береді. Зертханаға бактериологиялық зерттеу үшін жарадан аққан бөлінді, ірің, зақымданған ұлпалардың кесіндісі алынады. Ажыратып балау. Құтырықтан, стрихнинмен уланудан, эпилепсиядан, жайылымдағы тетаниядан, бұлшық ет ревматизмінен, пододерматиттен ажырату керек. Құтырық кезінде ауырған жануар тарпаң, қабаған, сүзеген болып, жағы мен сирағы салданады, жайылым тетаниясы қыстан кейін кененттен көкке шыққан малда біраз уақыт білінеді де, тез арада басылып қалады. Ревматизм мен пододерматит кезінде бұлшық ет пен тұяқтың мүйіз асты ұлпасы қабынады да, рефлекторлық қозу байқалмайды. Басқа аурулардан бағып-күту, жемшөп беру жағдайларын, физиологиялық КҮЙІН талдау арқылы ажыратады. Емі. Ауырған малды оқшаулап, жарасын МҰҚИЯТ қарап шығады. Абсцесті жарып, іріңін ағызып, өліеттенен ұлпаларды алып тастайды да, жараны антисептикалық ертінділермен /5 % йод тұнбасы, 3 % карбол қышқылы, 0,1 % калий перманганаты, 3 % сутегінің қос тотығы, 1:5 000 фурацилин/ жуады. Өзіне тән емдік препарат ретінде сіреспеге қарсы антитоксиндік сарысуды қолданады. Оны тері астына, көк тамырға, бұлшық етке, жараның айналасына, зақымданған жердің жүйке тамырларының бойына жібереді. Емдік дозасы ауру басталған 2-4 күнде КҮН сайын ірі жануарларға 80 000 ӘБ, олардың төлі мен ұсақ жануарларға 40 000 ӘБ. Антитоксиндік сарысу қандағы бос токсиңді ғана бейтараптайды; ал жүйкеге өткен токсинге әсер етпейді. Сондықтан бұл дәрмектің әсері аурудың басталған кезінде ғана болады. Антибиотиктермен басқа да микробтарға қарсы және симтоматикалық дәрілермен қоса берілген кезде сарысудың емдік әсері артады. Сіреспе микробының вегетативтік түрі мен басқа микробтарға әсер ететін пенициллин, стрептомицин, тетрациклин, хлорамфениколды әдеттегі мөлшерде қолданады. БҰЛШЫҚ еттің қарысуын бәсеңдету үшін жануарға тыныштандыратын және наркоздық дәрілер жібереді: хлоралгидрат /жылқыға клизмамен 30-50
  • 6. г. 300-500 г. қоймалжың крахмалмен немесе көк тамырға 10 % ертіндісін 150 мм/, күкірт қышқыл магнезий /күніне 2 рет 30 % ертіндісін 50 мл тері астына/, аминазин /тері астына немесе көк тамырға 1 кг массасына 1-2 мг. есеппен 2,5 % ертінді түрінде, жылқыға аса сақтықпен/, новокаиннің 1 % ертіндісін көктамырға 2 мг құрғақ затын жануардың 1 кг массасына. Ауырған малды қараңғыланған қораға енгізіп, төсенішін мол етіп, мазаламай, диеталық жемшөп /тартылған жемді сулап, тамыр ТҮЙІНДІ азықты ұсақтап/ береді. Керек жағдайда глюкоза қосылған /1 л суға 400 г/ клизма береді, жүрекке әсер ететің дәрілер мен уротропин /50 мл 20 % ертінді/ жібереді. Тік ішекті нәжістен босатып, қуыққа массаж жасайды. Иммунитет табиғи жағдайда ауырғаннан кейін ұзаққа созылмайды. КҮЙІС қайыратын жануарлардың сіреспеге біршама төзімділігі - ауру қоздырушысының таз қарнында өсіп, бөлінген токсиннің біртіндеп қанға өтуінен болатын иммундеуші субинфекцияның нәтижесі. Белсенді жасанды иммунитет қалыптастыру ҮШІН ауру жиі байқалатын территориядасіреспенің анатоксині қолданылады. Жылына 1 рет тері астына ірі жануарларға 1 мл, ұсақ жануарларға 0,5 мл егеді. Жылқы зауыттарында буаз биелерді туарынан 1-1,5 ай бұрын, ал құлынды 5-8 апталық кезінде анатоксинмен егеді Антитоксиндік сарысуды дауалық мақсатта асқынған жара мен хирургиялық операциялар кезінде пайдаланады. Оны тері астына 4 000 - 8 000 ӘБ мөлшерінде жібереді, ал ауыр жарақат кезінде дозасын 2 есе көбейтеді. Дауалаужәне күресушаралары. Сіреспені дауалаудың негізгі жолы - травматизмнен сақтау, жарақатты дер кезінде дұрыс хирургиялықдомдау, малды төлдеткенде, пішкенде асептика мен антисептика талаптарын МҰҚИЯТ орындау. Сіреспе жиі байқалатын жерлерде, әсіресе бағалы жануарларға операция жасар алдында, сақтық ретінде антитоксиндік сарысужіберген жөн. Сол сияқты мал жарақаттанғанда, немесе төлдеуі ауыр өткенде 12 сағаттан қалдырмай сіреспенің антитоксинін жіберу аурудың алдын алады