SlideShare a Scribd company logo
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ
БАСҚАРМАСЫ «ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК
Баяндама
Тақырыбы: Сарып
Орындаған:Бабаханов Шүкірулло Улугбекұлы
Жетекші: Асқарова Несібелі Аманбекқызы
САРЫП
Сарып,  Necrobacteriosis некробактериоз/ - негізінен сирақтыңбақайы, кей
жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер мен
басқа да мүшелер мен ағзалардың іріндеуі және өліеттенуі арқылы
ерекшеленетін жұкпалы ауру.
Тарихи деректер. БҰЛ ауру барлық жерде тараған және жұкпалы екені
мәлім болған. 19 ғ. 60-шы жылдары Франция мен Италияда қойдың "ТҰЯҚ
ауруы" ретінде сипатталды. Кейіннен клиникалық белгілері бойынша шірік
ТҰЯҚ, панарициум, таз ерін, гангреналық дерматит, некрозды немесе
дифтериялық стоматит деп аталды. Қоздырушысын бірінші рет Р.Кох /1881/
бөліп алды да, толық сипаттамасын Леффер /1884/ берді. Бірақ ұзақ уақыт
бойы бұл бактерия негізгі қоздырушы емес қосалқы микроб ретіңде
қарастырылды. Сондықтан да некробактериоз әр түрді дене мүшелерінің,
зақымдануына байланысты бірнеше дербес ауруға бөлініп келді. Тек 1932 ж.
А.Г. Ревнивых СОЛТҮСТІК бұғысының "ТҰЯҚ ауруын" зерттеу нәтижесінде
некроз таяқшасының этиологиялық маңызын ТҮПКІЛІКТІ дәлелдеді.
Қоздырушысы – Bacterium necrophorum – ауа сыбағасыз, қозғалмайтын,
спора түзбейтін, қауашақсыз, өте нолиморфты микроб. Жағындыда жіп
тәрізді, дөңгеленген, ҰЗЫН немесе қысқа таяқшалар, сопақша, кок тәріздес
әртүрлі пішінде кездеседі. Жіп тәрізділерінің ұзындығы 100 тіпті 300 мкм
дейін жетеді, жуандығы 0,75-1 мкм. Микроб тек қана ауасы жоқ жағдайда
Китт-Тароцци ортасында, Мартен сорпасында, бауыр сорпасында,
қоймалжың агарда, қанды глюкозалы агарда өседі. Жайлы өсу
температурасы 36-36,5, рН 7,4-7,6.
Төзімділігі жағынан некробактериоздың қоздырушысының оншама
ерекшелігі жоқ. Несепте - 16, көңде - 50, сүтте - 35 тәулікке дейін,
жайылымдағы ылғал топырақта 3 айға дейін сақталады. Зарарланған
заттарда кептірілгеннен соң бөлме жағдайында 18° С-та 1-2 тәулікте өледі.
100° С қыздырғанда 1 минутта, КҮН сәулесінен 8-10 сағатга, 60-65" С-та 15
минутта өледі. Марганец қышқылды калий /1:100/, риванол, лизол, фенол,
формальдегид, күйдіргіш натрий креолин және т.б. дезинфектанттар
үйреншікті концентарциясында некроз таяқшаларын 5-30 мин өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. Сарыппен барлық ҮЙ жануарлары, көптеген
жабайы аңдар ауырады. БҰЛ ауруға әсіресе СОЛТҮСТІК бұғысы, қой, ешкі,
сиыр, шошқа, жылқы, ҮЙ қояны, кұстардан тауық бейім. Ересек
жануарлардан гөрі жас төлдер жиі аурады. Зертханалық жануарлардан
қолдан жұқтыруға тек қана үй қояны мен ақ тышқан бейім. Адам да
ауырады.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және бактерия алып жүруші
мал. КҮЙІСТІ жануарлар ауырып жазылған соң бактерия алып жүруші болып
қалады. Қоздырушы таз қарын мен ішекте айлап сақталады да, оны КҮЙІС
қайырғанда үнемі аузындағы жынынан, сирегірек нәжісінен бөліп алуға
болады. Некроз таяқшасы организмнен сыртқы ортаға сілекеймен, нәжіспен,
өліеттенген жердегі бөліндімен шығады. БҰЛ микроб мал қораларында,
көңде, топырақта, жайылымда, тоқтау суларда жиі кездеседі.
Қоздырушы жануар денесіне жарақаттанған тері немесе кілегейлі
қабықтар арқылы енеді. Аурудың берілу қарқыны мен таралу ауқымына
әсер ететін себептер: КҮТІМІНІҢ нашарлауына байланысты жануар
организмінің қорғаныс қабілетінің төмендеуі, фермалардағы,
жайылымдықтардағы, суаттардағы, мал айдайтын жолдардағы
антисанитариялық жағдай, мал ұстайтын жерде көң мен садыраның
қордалануы, малды шалшықты жайылымдарға жаю. Малды ұзақ уақыт
ылғал қораларда ұстау немесе сазды жерде жаю тұяғы мен сирағының
төменгі жағындағы терісінің жібіп, тұяқтыңжұмсарып, терінің балбырауына
әкеп соғады. Ол жерде қан айналымы бұзылып, жарықшақтар пайда болып,
жарақаттарға сарыптың бактериялары еніп, өніп-өсуіне жағдай туады.
Сирақтың сарып болуына тұяқты дұрыс күтпей, оның тұрқының өзгеруі,
жарықшақтар пайда болуы, сынуы, табаны мен өкшесінің жарақаттануы
әсер етеді. Ауру қоздырушысымалды пішкенде, иттің құйрығы мен құлағын
кескенде, акушерлік жәрдем көрсеткенде асептика ережелерін сақтамаудың
нәтижесінде, жаңа туған төлдің кіндігі арқылы және басқа жолдармен енеді.
Минералдық қоректің тапшы кезінде, маса-шіркей талағанда жануарлардың
бұл ауруға төзімділігі төмендейді. Жемшөпте сымтемір, шеге, шыны
сынықтары тақылеттес заттар болғанда, тікенді катаң шөпті жайылымдарға
малды жайғанда аузының кілегейлі қабығы жарақаттанады.
Сарып жануарларда шамалы ғана індеттік тұтану ретіңде байқалып,
жекелеген шаруашылықтарды, фермаларды немесе мал отарларын қамтиды.
Кейде аусыл, шешек, эктима, әртүрлі стоматит ауруларымен қабаттасып
өтеді. Ауру әсіресе қой және бұғы шаруашылықтарына зор зиян келтіреді.
Дерттенуі. Негізінен жарақаттанған немесе қабынған тері, болмаса
кілегейлі қабықтар арқылы жұғады. Қоздырушы енген жерінде қолайлы
жағдай болғанда ғана өсіп-өнеді. Ұлпаның жарақаттануы /механикалық,
физикалық, химиялық, биологиялық әсерлер/ нәтижесінде оған оттегінің
келуі қиындайды, қан тамырлары ҮЗІЛІП, гематома, тромба, флегмона пайда
болады, ұлпалар өліеттенеді, яғни ауасыбағасыз микроб үшін қолайлы
жағдай туады. Бастапқыда бактерия тұскен ұлпа щағын ғана ошақ болып
ойылады да, кейіннен айналасы қабына бастайды, қан тамырлары
зақымданып, фибрин ұйып, көп мөлшерде белокты заттар бөлінеді, тромба
пайда болып, нәтижесінде бұлшық ет, тарамыс, сіңір, шеміршектер мен
саусақ сүйектері өліеттенеді.
Бастапқы өліеттенген ошақтағы қоздырушылар тромбаларда молынан
өсіп, тромбадан үзілген бөлшектермен бірге қанға ТҮСІП ішкі ұлпалардың
капилярларында тоқтайды. Содан өкпеде, бауырда, ішекте, көк
бауырда, мида, басқа мүшелерде метастазалар пайда болады. Дерт
процесінің орынтебуіне байланысты бронхопневмония, плеврит, перитонит,
абсцесса флегмона, т.б. өрбиді. Қосалқы инфекциялардың /стафилакоктар,
стрептококтар, газды домбығу микробтары, т.т./ қабаттасуы нәтижесінда
ауру асқынып, зілді нышан алады.
Егер аурудың соңы сәтті аяқталса, дерт процесі тоқтап бастапқы
өліеттенген телімдер бітіп, жануар жазылады.
Өтуі мен симптомдары. Инкубациялық кезеңі 1-3 КҮН. Клиникалық
белгілері жануардың түлігі мен жасына, аурудың түрі мен өтуіне
байланысты. Жас төлде сарып жіті, ал ересек малда жітіден төмен және
созылмалы өтеді. Әртүрлі мүшелердің дертке шалдығуына байланысты
аурудың 4 түрі болады: терідегі, кілегейлі қабықтардағы, ішкі ағзалардағы
және сүйектегі.
Терідегі сарып - аурудың ең жиі кездесетін түрі. Ол сыртқы мүшелердің
зақымдануы арқылы білінеді де, көбінесе малдың сирағында ұшырасады.
Сиыр мен шошқаның мойыны, тұла бойы, желіні, жас төлдің кіндігі, құлағы
және құйрығы зақымданады. Көбінесе дерт алдымен артқы аяқты қамтиды,
бастапқыда бір аяғында болып, кейіннен екінші аяғына ауысады. Қойдың бір
мезетте бірнеше аяғы зақымдануы мүмкін. Әуел баста болмашы жарақат пен
сызаттың маңайы қызарып, домбығады. Мал ақсап, ауырған аяғын сілкіп,
бей-жай күйге ТҮСІП, жемшөптен қалады, денесінің ыстығы 40° С-қа дейін
көтеріледі, 1-2 күннен соң қалыпына келеді. Қабыну процесі бақайдың арасы
мен май өкшеден тілерсекке қарай өрбиді. Бұл кезде жануар аяғын баса
алмай, жатып қалады. Ауру зілді өткенде қабыну флегмонаға айналып,
арадағы бұлшықеттерді, сіңір мен тарамысты қамтиды. Соданкейін ойылып,
жағымсыз исі бар ірің ағады. Қабынған телімдердің жаппай ойылып,
өліеттенуі нәтижесінде тұяқ көбесінен сыпырылып, ТҮСІП қалады. Кейде
ТҰЯҚ қана емес, тіпті тілерсегінен, саусақтың фалангалары буын-буынынан
ҮЗІЛІП кетуі МҮМКІН. Мұндай күйге ұшыраған қой тұра алмай, тізерлеп
қалады. Жылқыда ауру зілді өткенде гангреналық дерматит өрбіп, дерт қанға
шабады да, өлі тиеді.
Кілегейлі қабықтардағы сарып әдетте бір апталық жас төлде кездеседі де,
ересек жануарда сирек байқалады. Ауру ауыздың өліеттеніп уылуы ретінде
өтеді. Ауыздан басқа танаудың, жыныс мүшелері мен ішектің кілегейлі
қабықтары зақымданады. Аурудың өрбуіне себеп жас малдың тісі шыққан
кезде ауыздың қызыл иегі, ұрты мен тілінің кілегейлі қабығы жарақаттанып,
оған зарарланған жемшөп пен төсеніштен, енесінің ластанған емшегінен
сарыптың қоздырушысы түседі. Нәтижесінде ауыздың кілегейлі қабығы
қабынып, қабыршақтанады. Бұдан кейін көмейдің, кеңірдектің кілегейлі
қабықтары мен көршілес мүшелерге дерт шабады. Төлдің ұрты, таңдайы,
ерні, танауы өліеттеніп ойылады. Жануар аузын ашып, ентіге дем алады.
Аузынан исі жағымсыз көбікті сілекей ағады. Тістің түбірінің маңайы
қабынғанда, тіс ТҮСІП қалады. Зақымданған тіл салақтап ауыздан шығып
тұрады. Өкпеде, бауырда, ми мен жүрек қабында ұлпалардың ыдырауынан
өліеттенген ошақтар пайда болады. Ауру жіті өтеді де, жануар 7-10 КҮН
ішінде арықтап, өлі тию мен жүрек қызметінің жетімсіздігінен өледі.
Ішкі ағзалардағы сарып кезінде дененің ыстығы көтеріліп, нәжісінің ТҮСІ
сұрғылт-жасылданып іші өтеді. Құрсақ еттері, әсіресе бауырдың ТҰСЫ
ауырсынады. Жануардың ЖҮНІ үрпиіп, қарны қабысады. Өліеттенген
энтериттен жазылмайтын болғандықтан ондай малды сойып тастау керек.
Басқа ішкі мүшелер зақымданған кезде сарыптың өзіне тән белгілері
болмайды. Ауырған мал табыннан бөлініп қала береді. бей-жай, жемшөпке
селсоқ, жүдейді, өнімділігі төмендейді. Дерт процесі өкпеде орын тепкеңде
бронхопневмония, плеврит өрбіп, демі сырылдап, булығып жиі жөтеледі.
Өліеттенген ошақ мида болса жүйке кызметі бұзылып, ал жүректе болса
жүректің кемістігі білінеді. Мұндай жағдайда сарыпқа диагноз тек сойғанда
ғана патанатомиялық әдіспен қойылады.
Жыныс мүшелеріндегі сарып әдетте қойда кездеседі де, өте ауыр өтеді.
Ауырған мал отарға ілесе алмай, селқостанып, жемшөпке қарамайды.
Денесінің ыстығы 40-42° С жетеді. Сарпайы сызданып, айналасы өліеттеніп,
ойылады. Қынаптан іріңді, кейде қан аралас сұйық ағады. Ауырған жануар
жиі-жиі несеп шығаратындай ыңғай білдіреді, көбіңде жатып қалады,
ыңырсып, тістерін шықырлатады. Қошқардың үрпінің аузы мен шыбығының
кілегейлі қабығы өліеттеніп, ойылады. Кейіннен дерт үшасына жайылады.
Сиырдың жыныс мүшелерінің кілегей қабығы бұзаулағаннан кейінгі
алғашкы күндері зақымданады. Ауру бұзаулаған кезде акушерлік көмек
көрсеткенде жұғады. Сиырда жыныс мүшелеріндегі сарып, оның сирақтағы
түрімен қабаттасып өтеді. Кейде тууға таяп қалған буаз сиыр ауруға
шалдығып 8-9 айлығында іш тастайды. Тастанды төлдің денесі семіп қалуы
/мумификация/ МҮМКІН. Мұндай жағдайда шаранадан өте жағымсыз иіс
шығады. Сиырдың ұзақ уақыт шуы түспей, соңы созылмалы метрит пен
эндометритке ұласады. Кейбір сиырдың қынабы мен жатырының кілегейлі
қабығы өліеттеніп, тері астында эмфизема байқалады, тіпті іші өтіп,
жөтеледі. Ауырған мал 8-10 КҮН ішінде өледі. Осылай ауырған сиырдан
бұзау тірі туғанның өзіңде, жас төл бірер КҮН ғана тұрады да, өліп қалады.
Енесі сау бұзауға туған кезде кіндігі арқылы сарып жұқса, аурудың оншама
сыртқы белгілері білінбей-ақ, 4-5 күндігінде өледі.
Сүйектегі сарып остит немесе остеомиелит ретінде негізінен ірі қарада 6
айдан 3 жасқа дейінгі аралықта кездеседі. Жылқыда сирек байқалады.
Аурудың қоздырушысы жілік майы мен сүйектің кемікті затында қауырт
көбейеді де, дерт жіліктер мен ұсақ сүйектерді, сонымен қатар омыртқаны
зақымдайды.
Ауру сирақта болса, мал ақсап, тамыр соғысы жиілеп, ыстығы 40 С-қа
дейін көтеріледі. Зақымданған аяғы сіресіп, әрең бүгіледі. Жануар тұяғының
ұшынан басуға тырысады. Бара-бара сүйектері томпайып, аяқтың бұлшық
еттері сола бастайды. Малдың КҮЙІ нашарлап, арықтайды, ақсауы үдей
түседі, ыстығы бір ТҮСІП, бір жоғарылайды. Дертомыртқа сүйектерінде орын
алса, жануардың тұла бойы мен сирақтары салданады.
Малдың әр түлігінде олардың жасына қарай сарыптың мынандай
клиникалық ерекшеліктері болады. Ересек ірі караның негізінен
зақымданатыны сирақтары /панариций/ мен жыныс мүшелері /өліеттенген
вагинит, метрит, эндометрит/. Қойдың бірнеше сирағы қатарынан дертке
шалдығып, ерні мен танауының айналасындағы тері, аузы мен жыныс
мүшелерінің кілегейлі қабықтары ойылады. Жылқыда бұл ауру сирақтың
гангреналық дерматиті, ал СОЛТҮСТІК бүғысыңда бақайдың көбесінің шіруі
ретінде байқалады. Итте орны шектеулі баяу өтетін өліеттену процесі
құйрығында, артқы тесігінің айналасында, аяғының ұшында, ерні мен
тұмсығында кездеседі. Үй қоянында негізінен аузының кілегейлі қабығы
іріңдеп, өліеттеніп ойылады, денесінің әр тұсыңда тері мен шелде абсцесса
пайда болады. Тауықтың балапанында ауызының кілегейлі қабығы
зақымданып, жағы мен ұрты домбығып тілінің түбінде іріміктенген жалқақ
пайда болады, ал ересек тауықта саусақтарының жер басар жағында
буындары ісіп, іріңдейді.
Патологиялықөзгерістер. Сиыр, қой, жылқы және бұғыда патологиялық
өзгерістер негізінен сирағының бақайы мен тілерсек буынында
шоғырланады. Дерттену басталғанда тері қызарып, домбығады. Кейіннен
сыздануы тежеліп, іріңдеген флегмонаға айналады да, маңайындағы ұлпа
өліеттенеді. Мұндай ұлпаны тілгеңде іріңдеген жасыл-сұр немесе қоңырқай
ТҮСТІ өліеттенген масса көзге түседі. Тері мен дәнекер ұлпаның
өліеттенуі буынның қабы мен тарамыстарға жетіп, шеміршек пен сүйек
зақымданады. Сүйек жұмсарып, пішінін өзгертіп, саусақ бунақтары
/фалангалары/ сирақтан ажырап, ТҮСІП қалады.
Аузында некроз процесі бар өлексе өте азып, аузы көбікті сілекейге толы
болады. Тілі, ұрты, жұткыншағы ойдым-ойдым болып қабыршақтанып,
ұлпаларының құрылымы бұзылып, ыдырап, іріміктенген исі жағымсыз
массаға айналады. Ауру асқынғанда дерт тілдің тереңгі қабаттарына шауып,
өліеттеніп ойылады, таңдай сүйегі мен көмекей шеміршегі некрозға
ұшырайды. Өліеттену кей жағдайда өкпеге, көкірек қуысында шабады.
Көкеттің беткі қабатында іріңді фибрин байқалады. Өкпенің көкірек
қабырғасына жабысып қалуы МҮМКІН, ал өкпенің өзінде шектелген,
өліеттенген ошақтар кездеседі. Жұтқыншақтағы және бронхалардағы сөл
түйіңдері қанға толып, ұлғаяды. Ұртының бұлшық еттерінің арасыңда
үлкендігі грек жаңғағындай телімдер кездеседі. Құста өңештің өліеттенуі
ұшырайды. Сиыр мен бұғының таз қарын және жұмыршақ қарны өліеттеніп,
зақымданады, жалбыршақ қарынның қатпарлары МҮЖІЛІП, бүлінеді.
Ұрғашы малдың жыныс мүшелері зақымданғанда денесінің артқы жағы
іріңді сорамен ластанып, жүніне жабысқан кепкен жалқақтар көрінеді.
Қынаптың ішінде іріміктенген бөлінді болады, кілегейлі қабығы ісініп,
қабыршықтанып, әр жері ойылады. Кейде қынаптың бір беті бір бетіне
жабысып қалады да, оған ТҮТІК жіберу МҮМКІН болмайды. Қуық несепке
толы. Сиырдың жатыры шектен тыс ұлғайып, бүкіл құрсақ қуысын алып
тұрады. Жатырдың іші қоймалжың ірің мен фибрин бар сұйыққа толып,
кілегейлі қабығы мен оның астыңғы қабаттары іріңдейді. Буаз малдың
жатырындағы төлдің денесі әдетте өліеттеніп ісінеді. Перитонит болған
жағдайда құрсақ қуысында қоймалжың СҰЙЫҚ жиналады. Бауыр сары
балшық түстес, тұтқырланып, ҮГІЛІП тұрады. Көк бауыр, шаптағы сөл
түйіндері ұлғайған. Өкпе, бауыр, бүйрек, ішек және мида көптеген өліетті
ошақтар кездеседі.
Балау. Сарыпқа бастапқы диагнозды аурудың клиникалық белгілері
бойынша, сирақ пен бастың терісінің, ауыз бен жыныс мүшелерінің кілегейлі
қабықтарының зақымдануына қарап қояды. Аса бір көңіл аударатын белгі -
іріңдеп, өліеттенген ағзалардың өзгеше жағымсыз иісінің болуы. Диагнозды
растау ҮШІН өліеттенген жағындыны үйреншікті әдістердің бірімен бояп,
микроскоппен қарайды. Егер аламыштанып боялған, жіпше созылған
немесе ұзынжіңішке грамтеріс таяқшалар болса, сарыпқа ТҮПКІЛІКТІ диагноз
қойылады.
Микроскопияның нәтижесі айқын болмаса, өліеттенген
ошақтан алынған материалдан қоректік ортаға себінді жасайды.
Егер патматериал былғанышты болса, зертханалық жануарларға
биосынама қояды. Ол ҮШІН ақ тышқандарға немесе ҮЙ қоянына
патматериалдан алынған суспензиямен жұқтырады.
Биосынаманың мақсаты - қоздырушының таза өсіндісін алу және оның
уыттылығы мен зардаптылығын анықтау болып табылады.
Ажыратып балау. Қойда сарыпты шірік бақайдан, жұғымтал эктимадан,
аусылдан, шешектен, қозыныңстрептококты полиартритінен ажырату қажет.
Сиырда обадан, вирустық диареядан, жұғымтал плевропневмониядан, зілді
катарлы қызбадан, жұқпайтын стоматиттер мен дерматиттерден ажыратады.
Емі. Ауырған малдарды бөліп алып, едені құрғақ алаңқайда, жауын-
шашын өтпейтін асты құрғаққорада ұстайды. Ең алдымен дертке шалдыққан
ұлпаларды МҰҚИЯТ тазалап, жарақаттанған терінің маңайындағы жүнді
таұырлап қырқады. Өліеттенген ұлпаларды қабыршақтанып кеткен ірің мен
сора бөлінділерін МҰҚИЯТ аластап, антисептикалық ертіндімен /3 % сутегінің
қостотығы, 0,2 % калий перманганаты, 1 % мыс купоросы/ жуып,
сульфаниламид препараттары мен тетрациклин немесе пенициллин
қатарындағы антибиотиктердің бірін қолданады. Әсіресе дибиомицин жақсы
нәтиже береді. Зақымданған теріні дибиомициннің 15 % майдағы тұнбасын
жағып, дәке бинтімен орап, оны 3-5 күннен кейін алады. Сонымен қатар
дибиомицинбұлшық етке малдың 1 кг массасына 20 000 бірлік мөлшерінде 1
% новокаин мен 30 % глицериңде езіп, суспензия түрінде жібереді. Қажет
болған жағдайда 6-8 күннен кейін дибиомициңді қайтадан жібереді. Басқа
антибиотиктерден биомицин /ішуге немесе бұлшық етке/, террамицин /тері
астына/ және сульфаниламидтер қолдануға болады. Вишневский жақпа
майын пайдалану жақсы нәтиже береді.
Ауыздың кілегейлі қабығы зақымданғанда 3 %-ті сутегінің қостотығы
немесе тотыяйын ертіндісі, йод тұнбасы, карбол қышқылының 3 %-ті
нафталин мұңайындағы эмульсиясы, ерін зақымданғаңда йодглицерин және
цинк майы пайдаланылады. Егер жара өте терең болып тарамыс пен сүйек
зақымданса, әдетте ем қонбайды.
Иммунитет. Сарыппен ауырып жазылған жануарда иммунитет
қалыптаспайды.
Дауалау және күресу шаралары. Сарыптың алдын алу шаралары малды
қорада ұстағанда, жайғанда, айдағанда зоогигиеналық-санитариялық
шараларды сақтауға негізделген. Малдың асты құрғақ болуының, ТҰЯҒЫ
зақымданбауыныңмаңызы зор. Сондықтан қораны уақтылы тазалап, малдың
тұяғын қырып, жонып жарақаттанудан сақтап, сазды жерге жаймау керек.
Аурумен күресуге оны уақтылы анықтап, ауырған малды жедел оқшаулап,
емдеудің маңызы зор.
Дауалау шараларын жүйелі түрде жүргізіп малды екі айдан қалдырмай
ветеринариялық бақылаудан өткізіп, ТҰЯҒЫН жонып отыру керек. Сарып
байқалып тұрғанжерлерде қой-ешкіге жылына 2 рет 10 %-ті формальдегид, 5
% парафин, 3-5 %-ті креолин немесе мыс купоросы ваннасынан өткізу керек.
БҰЛ ертінділерді бетонданған жайдақ шұңқырға немесе гигроскопия-лық
төсенішке /сабан, торф, ағаш ҮГІНДІСІ/ ҚҰЯДЫ.
Табынды не отарды толықтырғанда сарыппен ауырған малды өсімге
қалдырмау керек. Аналық малды төлденер алдында арнайы санитариялық
бақылаудан өткізеді. Сиырдыңсыртқы жыныс мүшелерін дезинфектант /3 %-
ті бор қышқылы, 9 %-ті лизол немесе, марганец қышқылды калий/ қосылған
ертіндімен жуады. Жас төлдің кіндігіне йод тұнбасын жағады. Піштіру,
акушерлік көмек кезінде, қозының құйрығын кескенде, асептика ережелерін
МҰҚИЯТ сақтау қажет.
Сарып байқалса ол шаруашылықты /ферманы, елді мекеңді/ бұл аурудан
сау емес деп жариялайды да, шектеу қояды. Ауру жойылғанша ол жерден
малдану /өсіру/ үшін мал әкетуге тиым салынады. Барлық жануарларды
клиникалық тексеруден өткізіп, ауруларын бөліп алып емдейді, қалғаңдарын
бақылауға алып, дауалау шараларын жүргізеді. Емдеу нәтиже бермесе
ауырған жануарларды санитариялық қасапханаға жібереді. Өлген малдың
өлексесін, терісін алған соң өртейді не утильзаводка жібереді. Ең соңғы
сарыппен ауырған жануар өлген соң, немесе жазылған соң бір ай өткеңде,
қорытыңды дезинфекция жасап барып, шектеуді алады.

More Related Content

Similar to конф.шүкір

хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулархирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
Asem Sarsembayeva
 
баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
Asem Sarsembayeva
 
Сибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptxСибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptx
ssuserf26ca1
 
Бунақденелілер
БунақденелілерБунақденелілер
Бунақденелілер
Bilim All
 
Мезозой
МезозойМезозой
Мезозой
seitzhan
 
Үйқоянын өсіру
Үйқоянын өсіруҮйқоянын өсіру
Үйқоянын өсіру
Bilim All
 
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
жануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыружануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыру
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
Asem Sarsembayeva
 
туберкулез
туберкулезтуберкулез
туберкулез
Asem Sarsembayeva
 
Құмырсқаның құдіреті (Ғылыми жұмыс)
Құмырсқаның  құдіреті (Ғылыми жұмыс)Құмырсқаның  құдіреті (Ғылыми жұмыс)
Құмырсқаның құдіреті (Ғылыми жұмыс)
Айбек Қуандықұлы
 

Similar to конф.шүкір (9)

хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулархирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
хирургиялық инфекциядан туындайтын жергілікті аурулар
 
баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
 
Сибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptxСибирская язва .pptx
Сибирская язва .pptx
 
Бунақденелілер
БунақденелілерБунақденелілер
Бунақденелілер
 
Мезозой
МезозойМезозой
Мезозой
 
Үйқоянын өсіру
Үйқоянын өсіруҮйқоянын өсіру
Үйқоянын өсіру
 
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
жануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыружануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыру
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
 
туберкулез
туберкулезтуберкулез
туберкулез
 
Құмырсқаның құдіреті (Ғылыми жұмыс)
Құмырсқаның  құдіреті (Ғылыми жұмыс)Құмырсқаның  құдіреті (Ғылыми жұмыс)
Құмырсқаның құдіреті (Ғылыми жұмыс)
 

More from Asem Sarsembayeva

урок
урокурок
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
Asem Sarsembayeva
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
Asem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
Asem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
Asem Sarsembayeva
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
Asem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
Asem Sarsembayeva
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
Asem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
Asem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
Asem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
Asem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
Asem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
Asem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
Asem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
Asem Sarsembayeva
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
Asem Sarsembayeva
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
Asem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
Asem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

конф.шүкір

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ШЫМКЕНТ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК Баяндама Тақырыбы: Сарып Орындаған:Бабаханов Шүкірулло Улугбекұлы Жетекші: Асқарова Несібелі Аманбекқызы
  • 2. САРЫП Сарып, Necrobacteriosis некробактериоз/ - негізінен сирақтыңбақайы, кей жағдайда ауыз, желін, жыныс мүшелері, өкпе, бауыр, бұлшық еттер мен басқа да мүшелер мен ағзалардың іріндеуі және өліеттенуі арқылы ерекшеленетін жұкпалы ауру. Тарихи деректер. БҰЛ ауру барлық жерде тараған және жұкпалы екені мәлім болған. 19 ғ. 60-шы жылдары Франция мен Италияда қойдың "ТҰЯҚ ауруы" ретінде сипатталды. Кейіннен клиникалық белгілері бойынша шірік ТҰЯҚ, панарициум, таз ерін, гангреналық дерматит, некрозды немесе дифтериялық стоматит деп аталды. Қоздырушысын бірінші рет Р.Кох /1881/ бөліп алды да, толық сипаттамасын Леффер /1884/ берді. Бірақ ұзақ уақыт бойы бұл бактерия негізгі қоздырушы емес қосалқы микроб ретіңде қарастырылды. Сондықтан да некробактериоз әр түрді дене мүшелерінің, зақымдануына байланысты бірнеше дербес ауруға бөлініп келді. Тек 1932 ж. А.Г. Ревнивых СОЛТҮСТІК бұғысының "ТҰЯҚ ауруын" зерттеу нәтижесінде некроз таяқшасының этиологиялық маңызын ТҮПКІЛІКТІ дәлелдеді. Қоздырушысы – Bacterium necrophorum – ауа сыбағасыз, қозғалмайтын, спора түзбейтін, қауашақсыз, өте нолиморфты микроб. Жағындыда жіп тәрізді, дөңгеленген, ҰЗЫН немесе қысқа таяқшалар, сопақша, кок тәріздес әртүрлі пішінде кездеседі. Жіп тәрізділерінің ұзындығы 100 тіпті 300 мкм дейін жетеді, жуандығы 0,75-1 мкм. Микроб тек қана ауасы жоқ жағдайда Китт-Тароцци ортасында, Мартен сорпасында, бауыр сорпасында, қоймалжың агарда, қанды глюкозалы агарда өседі. Жайлы өсу температурасы 36-36,5, рН 7,4-7,6. Төзімділігі жағынан некробактериоздың қоздырушысының оншама ерекшелігі жоқ. Несепте - 16, көңде - 50, сүтте - 35 тәулікке дейін, жайылымдағы ылғал топырақта 3 айға дейін сақталады. Зарарланған заттарда кептірілгеннен соң бөлме жағдайында 18° С-та 1-2 тәулікте өледі. 100° С қыздырғанда 1 минутта, КҮН сәулесінен 8-10 сағатга, 60-65" С-та 15 минутта өледі. Марганец қышқылды калий /1:100/, риванол, лизол, фенол, формальдегид, күйдіргіш натрий креолин және т.б. дезинфектанттар үйреншікті концентарциясында некроз таяқшаларын 5-30 мин өлтіреді. Індеттік ерекшеліктері. Сарыппен барлық ҮЙ жануарлары, көптеген жабайы аңдар ауырады. БҰЛ ауруға әсіресе СОЛТҮСТІК бұғысы, қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, ҮЙ қояны, кұстардан тауық бейім. Ересек жануарлардан гөрі жас төлдер жиі аурады. Зертханалық жануарлардан қолдан жұқтыруға тек қана үй қояны мен ақ тышқан бейім. Адам да ауырады. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және бактерия алып жүруші мал. КҮЙІСТІ жануарлар ауырып жазылған соң бактерия алып жүруші болып қалады. Қоздырушы таз қарын мен ішекте айлап сақталады да, оны КҮЙІС қайырғанда үнемі аузындағы жынынан, сирегірек нәжісінен бөліп алуға болады. Некроз таяқшасы организмнен сыртқы ортаға сілекеймен, нәжіспен, өліеттенген жердегі бөліндімен шығады. БҰЛ микроб мал қораларында,
  • 3. көңде, топырақта, жайылымда, тоқтау суларда жиі кездеседі. Қоздырушы жануар денесіне жарақаттанған тері немесе кілегейлі қабықтар арқылы енеді. Аурудың берілу қарқыны мен таралу ауқымына әсер ететін себептер: КҮТІМІНІҢ нашарлауына байланысты жануар организмінің қорғаныс қабілетінің төмендеуі, фермалардағы, жайылымдықтардағы, суаттардағы, мал айдайтын жолдардағы антисанитариялық жағдай, мал ұстайтын жерде көң мен садыраның қордалануы, малды шалшықты жайылымдарға жаю. Малды ұзақ уақыт ылғал қораларда ұстау немесе сазды жерде жаю тұяғы мен сирағының төменгі жағындағы терісінің жібіп, тұяқтыңжұмсарып, терінің балбырауына әкеп соғады. Ол жерде қан айналымы бұзылып, жарықшақтар пайда болып, жарақаттарға сарыптың бактериялары еніп, өніп-өсуіне жағдай туады. Сирақтың сарып болуына тұяқты дұрыс күтпей, оның тұрқының өзгеруі, жарықшақтар пайда болуы, сынуы, табаны мен өкшесінің жарақаттануы әсер етеді. Ауру қоздырушысымалды пішкенде, иттің құйрығы мен құлағын кескенде, акушерлік жәрдем көрсеткенде асептика ережелерін сақтамаудың нәтижесінде, жаңа туған төлдің кіндігі арқылы және басқа жолдармен енеді. Минералдық қоректің тапшы кезінде, маса-шіркей талағанда жануарлардың бұл ауруға төзімділігі төмендейді. Жемшөпте сымтемір, шеге, шыны сынықтары тақылеттес заттар болғанда, тікенді катаң шөпті жайылымдарға малды жайғанда аузының кілегейлі қабығы жарақаттанады. Сарып жануарларда шамалы ғана індеттік тұтану ретіңде байқалып, жекелеген шаруашылықтарды, фермаларды немесе мал отарларын қамтиды. Кейде аусыл, шешек, эктима, әртүрлі стоматит ауруларымен қабаттасып өтеді. Ауру әсіресе қой және бұғы шаруашылықтарына зор зиян келтіреді. Дерттенуі. Негізінен жарақаттанған немесе қабынған тері, болмаса кілегейлі қабықтар арқылы жұғады. Қоздырушы енген жерінде қолайлы жағдай болғанда ғана өсіп-өнеді. Ұлпаның жарақаттануы /механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық әсерлер/ нәтижесінде оған оттегінің келуі қиындайды, қан тамырлары ҮЗІЛІП, гематома, тромба, флегмона пайда болады, ұлпалар өліеттенеді, яғни ауасыбағасыз микроб үшін қолайлы жағдай туады. Бастапқыда бактерия тұскен ұлпа щағын ғана ошақ болып ойылады да, кейіннен айналасы қабына бастайды, қан тамырлары зақымданып, фибрин ұйып, көп мөлшерде белокты заттар бөлінеді, тромба пайда болып, нәтижесінде бұлшық ет, тарамыс, сіңір, шеміршектер мен саусақ сүйектері өліеттенеді. Бастапқы өліеттенген ошақтағы қоздырушылар тромбаларда молынан өсіп, тромбадан үзілген бөлшектермен бірге қанға ТҮСІП ішкі ұлпалардың капилярларында тоқтайды. Содан өкпеде, бауырда, ішекте, көк бауырда, мида, басқа мүшелерде метастазалар пайда болады. Дерт процесінің орынтебуіне байланысты бронхопневмония, плеврит, перитонит, абсцесса флегмона, т.б. өрбиді. Қосалқы инфекциялардың /стафилакоктар, стрептококтар, газды домбығу микробтары, т.т./ қабаттасуы нәтижесінда ауру асқынып, зілді нышан алады. Егер аурудың соңы сәтті аяқталса, дерт процесі тоқтап бастапқы
  • 4. өліеттенген телімдер бітіп, жануар жазылады. Өтуі мен симптомдары. Инкубациялық кезеңі 1-3 КҮН. Клиникалық белгілері жануардың түлігі мен жасына, аурудың түрі мен өтуіне байланысты. Жас төлде сарып жіті, ал ересек малда жітіден төмен және созылмалы өтеді. Әртүрлі мүшелердің дертке шалдығуына байланысты аурудың 4 түрі болады: терідегі, кілегейлі қабықтардағы, ішкі ағзалардағы және сүйектегі. Терідегі сарып - аурудың ең жиі кездесетін түрі. Ол сыртқы мүшелердің зақымдануы арқылы білінеді де, көбінесе малдың сирағында ұшырасады. Сиыр мен шошқаның мойыны, тұла бойы, желіні, жас төлдің кіндігі, құлағы және құйрығы зақымданады. Көбінесе дерт алдымен артқы аяқты қамтиды, бастапқыда бір аяғында болып, кейіннен екінші аяғына ауысады. Қойдың бір мезетте бірнеше аяғы зақымдануы мүмкін. Әуел баста болмашы жарақат пен сызаттың маңайы қызарып, домбығады. Мал ақсап, ауырған аяғын сілкіп, бей-жай күйге ТҮСІП, жемшөптен қалады, денесінің ыстығы 40° С-қа дейін көтеріледі, 1-2 күннен соң қалыпына келеді. Қабыну процесі бақайдың арасы мен май өкшеден тілерсекке қарай өрбиді. Бұл кезде жануар аяғын баса алмай, жатып қалады. Ауру зілді өткенде қабыну флегмонаға айналып, арадағы бұлшықеттерді, сіңір мен тарамысты қамтиды. Соданкейін ойылып, жағымсыз исі бар ірің ағады. Қабынған телімдердің жаппай ойылып, өліеттенуі нәтижесінде тұяқ көбесінен сыпырылып, ТҮСІП қалады. Кейде ТҰЯҚ қана емес, тіпті тілерсегінен, саусақтың фалангалары буын-буынынан ҮЗІЛІП кетуі МҮМКІН. Мұндай күйге ұшыраған қой тұра алмай, тізерлеп қалады. Жылқыда ауру зілді өткенде гангреналық дерматит өрбіп, дерт қанға шабады да, өлі тиеді. Кілегейлі қабықтардағы сарып әдетте бір апталық жас төлде кездеседі де, ересек жануарда сирек байқалады. Ауру ауыздың өліеттеніп уылуы ретінде өтеді. Ауыздан басқа танаудың, жыныс мүшелері мен ішектің кілегейлі қабықтары зақымданады. Аурудың өрбуіне себеп жас малдың тісі шыққан кезде ауыздың қызыл иегі, ұрты мен тілінің кілегейлі қабығы жарақаттанып, оған зарарланған жемшөп пен төсеніштен, енесінің ластанған емшегінен сарыптың қоздырушысы түседі. Нәтижесінде ауыздың кілегейлі қабығы қабынып, қабыршақтанады. Бұдан кейін көмейдің, кеңірдектің кілегейлі қабықтары мен көршілес мүшелерге дерт шабады. Төлдің ұрты, таңдайы, ерні, танауы өліеттеніп ойылады. Жануар аузын ашып, ентіге дем алады. Аузынан исі жағымсыз көбікті сілекей ағады. Тістің түбірінің маңайы қабынғанда, тіс ТҮСІП қалады. Зақымданған тіл салақтап ауыздан шығып тұрады. Өкпеде, бауырда, ми мен жүрек қабында ұлпалардың ыдырауынан өліеттенген ошақтар пайда болады. Ауру жіті өтеді де, жануар 7-10 КҮН ішінде арықтап, өлі тию мен жүрек қызметінің жетімсіздігінен өледі. Ішкі ағзалардағы сарып кезінде дененің ыстығы көтеріліп, нәжісінің ТҮСІ сұрғылт-жасылданып іші өтеді. Құрсақ еттері, әсіресе бауырдың ТҰСЫ ауырсынады. Жануардың ЖҮНІ үрпиіп, қарны қабысады. Өліеттенген энтериттен жазылмайтын болғандықтан ондай малды сойып тастау керек. Басқа ішкі мүшелер зақымданған кезде сарыптың өзіне тән белгілері
  • 5. болмайды. Ауырған мал табыннан бөлініп қала береді. бей-жай, жемшөпке селсоқ, жүдейді, өнімділігі төмендейді. Дерт процесі өкпеде орын тепкеңде бронхопневмония, плеврит өрбіп, демі сырылдап, булығып жиі жөтеледі. Өліеттенген ошақ мида болса жүйке кызметі бұзылып, ал жүректе болса жүректің кемістігі білінеді. Мұндай жағдайда сарыпқа диагноз тек сойғанда ғана патанатомиялық әдіспен қойылады. Жыныс мүшелеріндегі сарып әдетте қойда кездеседі де, өте ауыр өтеді. Ауырған мал отарға ілесе алмай, селқостанып, жемшөпке қарамайды. Денесінің ыстығы 40-42° С жетеді. Сарпайы сызданып, айналасы өліеттеніп, ойылады. Қынаптан іріңді, кейде қан аралас сұйық ағады. Ауырған жануар жиі-жиі несеп шығаратындай ыңғай білдіреді, көбіңде жатып қалады, ыңырсып, тістерін шықырлатады. Қошқардың үрпінің аузы мен шыбығының кілегейлі қабығы өліеттеніп, ойылады. Кейіннен дерт үшасына жайылады. Сиырдың жыныс мүшелерінің кілегей қабығы бұзаулағаннан кейінгі алғашкы күндері зақымданады. Ауру бұзаулаған кезде акушерлік көмек көрсеткенде жұғады. Сиырда жыныс мүшелеріндегі сарып, оның сирақтағы түрімен қабаттасып өтеді. Кейде тууға таяп қалған буаз сиыр ауруға шалдығып 8-9 айлығында іш тастайды. Тастанды төлдің денесі семіп қалуы /мумификация/ МҮМКІН. Мұндай жағдайда шаранадан өте жағымсыз иіс шығады. Сиырдың ұзақ уақыт шуы түспей, соңы созылмалы метрит пен эндометритке ұласады. Кейбір сиырдың қынабы мен жатырының кілегейлі қабығы өліеттеніп, тері астында эмфизема байқалады, тіпті іші өтіп, жөтеледі. Ауырған мал 8-10 КҮН ішінде өледі. Осылай ауырған сиырдан бұзау тірі туғанның өзіңде, жас төл бірер КҮН ғана тұрады да, өліп қалады. Енесі сау бұзауға туған кезде кіндігі арқылы сарып жұқса, аурудың оншама сыртқы белгілері білінбей-ақ, 4-5 күндігінде өледі. Сүйектегі сарып остит немесе остеомиелит ретінде негізінен ірі қарада 6 айдан 3 жасқа дейінгі аралықта кездеседі. Жылқыда сирек байқалады. Аурудың қоздырушысы жілік майы мен сүйектің кемікті затында қауырт көбейеді де, дерт жіліктер мен ұсақ сүйектерді, сонымен қатар омыртқаны зақымдайды. Ауру сирақта болса, мал ақсап, тамыр соғысы жиілеп, ыстығы 40 С-қа дейін көтеріледі. Зақымданған аяғы сіресіп, әрең бүгіледі. Жануар тұяғының ұшынан басуға тырысады. Бара-бара сүйектері томпайып, аяқтың бұлшық еттері сола бастайды. Малдың КҮЙІ нашарлап, арықтайды, ақсауы үдей түседі, ыстығы бір ТҮСІП, бір жоғарылайды. Дертомыртқа сүйектерінде орын алса, жануардың тұла бойы мен сирақтары салданады. Малдың әр түлігінде олардың жасына қарай сарыптың мынандай клиникалық ерекшеліктері болады. Ересек ірі караның негізінен зақымданатыны сирақтары /панариций/ мен жыныс мүшелері /өліеттенген вагинит, метрит, эндометрит/. Қойдың бірнеше сирағы қатарынан дертке шалдығып, ерні мен танауының айналасындағы тері, аузы мен жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтары ойылады. Жылқыда бұл ауру сирақтың гангреналық дерматиті, ал СОЛТҮСТІК бүғысыңда бақайдың көбесінің шіруі ретінде байқалады. Итте орны шектеулі баяу өтетін өліеттену процесі
  • 6. құйрығында, артқы тесігінің айналасында, аяғының ұшында, ерні мен тұмсығында кездеседі. Үй қоянында негізінен аузының кілегейлі қабығы іріңдеп, өліеттеніп ойылады, денесінің әр тұсыңда тері мен шелде абсцесса пайда болады. Тауықтың балапанында ауызының кілегейлі қабығы зақымданып, жағы мен ұрты домбығып тілінің түбінде іріміктенген жалқақ пайда болады, ал ересек тауықта саусақтарының жер басар жағында буындары ісіп, іріңдейді. Патологиялықөзгерістер. Сиыр, қой, жылқы және бұғыда патологиялық өзгерістер негізінен сирағының бақайы мен тілерсек буынында шоғырланады. Дерттену басталғанда тері қызарып, домбығады. Кейіннен сыздануы тежеліп, іріңдеген флегмонаға айналады да, маңайындағы ұлпа өліеттенеді. Мұндай ұлпаны тілгеңде іріңдеген жасыл-сұр немесе қоңырқай ТҮСТІ өліеттенген масса көзге түседі. Тері мен дәнекер ұлпаның өліеттенуі буынның қабы мен тарамыстарға жетіп, шеміршек пен сүйек зақымданады. Сүйек жұмсарып, пішінін өзгертіп, саусақ бунақтары /фалангалары/ сирақтан ажырап, ТҮСІП қалады. Аузында некроз процесі бар өлексе өте азып, аузы көбікті сілекейге толы болады. Тілі, ұрты, жұткыншағы ойдым-ойдым болып қабыршақтанып, ұлпаларының құрылымы бұзылып, ыдырап, іріміктенген исі жағымсыз массаға айналады. Ауру асқынғанда дерт тілдің тереңгі қабаттарына шауып, өліеттеніп ойылады, таңдай сүйегі мен көмекей шеміршегі некрозға ұшырайды. Өліеттену кей жағдайда өкпеге, көкірек қуысында шабады. Көкеттің беткі қабатында іріңді фибрин байқалады. Өкпенің көкірек қабырғасына жабысып қалуы МҮМКІН, ал өкпенің өзінде шектелген, өліеттенген ошақтар кездеседі. Жұтқыншақтағы және бронхалардағы сөл түйіңдері қанға толып, ұлғаяды. Ұртының бұлшық еттерінің арасыңда үлкендігі грек жаңғағындай телімдер кездеседі. Құста өңештің өліеттенуі ұшырайды. Сиыр мен бұғының таз қарын және жұмыршақ қарны өліеттеніп, зақымданады, жалбыршақ қарынның қатпарлары МҮЖІЛІП, бүлінеді. Ұрғашы малдың жыныс мүшелері зақымданғанда денесінің артқы жағы іріңді сорамен ластанып, жүніне жабысқан кепкен жалқақтар көрінеді. Қынаптың ішінде іріміктенген бөлінді болады, кілегейлі қабығы ісініп, қабыршықтанып, әр жері ойылады. Кейде қынаптың бір беті бір бетіне жабысып қалады да, оған ТҮТІК жіберу МҮМКІН болмайды. Қуық несепке толы. Сиырдың жатыры шектен тыс ұлғайып, бүкіл құрсақ қуысын алып тұрады. Жатырдың іші қоймалжың ірің мен фибрин бар сұйыққа толып, кілегейлі қабығы мен оның астыңғы қабаттары іріңдейді. Буаз малдың жатырындағы төлдің денесі әдетте өліеттеніп ісінеді. Перитонит болған жағдайда құрсақ қуысында қоймалжың СҰЙЫҚ жиналады. Бауыр сары балшық түстес, тұтқырланып, ҮГІЛІП тұрады. Көк бауыр, шаптағы сөл түйіндері ұлғайған. Өкпе, бауыр, бүйрек, ішек және мида көптеген өліетті ошақтар кездеседі. Балау. Сарыпқа бастапқы диагнозды аурудың клиникалық белгілері бойынша, сирақ пен бастың терісінің, ауыз бен жыныс мүшелерінің кілегейлі қабықтарының зақымдануына қарап қояды. Аса бір көңіл аударатын белгі -
  • 7. іріңдеп, өліеттенген ағзалардың өзгеше жағымсыз иісінің болуы. Диагнозды растау ҮШІН өліеттенген жағындыны үйреншікті әдістердің бірімен бояп, микроскоппен қарайды. Егер аламыштанып боялған, жіпше созылған немесе ұзынжіңішке грамтеріс таяқшалар болса, сарыпқа ТҮПКІЛІКТІ диагноз қойылады. Микроскопияның нәтижесі айқын болмаса, өліеттенген ошақтан алынған материалдан қоректік ортаға себінді жасайды. Егер патматериал былғанышты болса, зертханалық жануарларға биосынама қояды. Ол ҮШІН ақ тышқандарға немесе ҮЙ қоянына патматериалдан алынған суспензиямен жұқтырады. Биосынаманың мақсаты - қоздырушының таза өсіндісін алу және оның уыттылығы мен зардаптылығын анықтау болып табылады. Ажыратып балау. Қойда сарыпты шірік бақайдан, жұғымтал эктимадан, аусылдан, шешектен, қозыныңстрептококты полиартритінен ажырату қажет. Сиырда обадан, вирустық диареядан, жұғымтал плевропневмониядан, зілді катарлы қызбадан, жұқпайтын стоматиттер мен дерматиттерден ажыратады. Емі. Ауырған малдарды бөліп алып, едені құрғақ алаңқайда, жауын- шашын өтпейтін асты құрғаққорада ұстайды. Ең алдымен дертке шалдыққан ұлпаларды МҰҚИЯТ тазалап, жарақаттанған терінің маңайындағы жүнді таұырлап қырқады. Өліеттенген ұлпаларды қабыршақтанып кеткен ірің мен сора бөлінділерін МҰҚИЯТ аластап, антисептикалық ертіндімен /3 % сутегінің қостотығы, 0,2 % калий перманганаты, 1 % мыс купоросы/ жуып, сульфаниламид препараттары мен тетрациклин немесе пенициллин қатарындағы антибиотиктердің бірін қолданады. Әсіресе дибиомицин жақсы нәтиже береді. Зақымданған теріні дибиомициннің 15 % майдағы тұнбасын жағып, дәке бинтімен орап, оны 3-5 күннен кейін алады. Сонымен қатар дибиомицинбұлшық етке малдың 1 кг массасына 20 000 бірлік мөлшерінде 1 % новокаин мен 30 % глицериңде езіп, суспензия түрінде жібереді. Қажет болған жағдайда 6-8 күннен кейін дибиомициңді қайтадан жібереді. Басқа антибиотиктерден биомицин /ішуге немесе бұлшық етке/, террамицин /тері астына/ және сульфаниламидтер қолдануға болады. Вишневский жақпа майын пайдалану жақсы нәтиже береді. Ауыздың кілегейлі қабығы зақымданғанда 3 %-ті сутегінің қостотығы немесе тотыяйын ертіндісі, йод тұнбасы, карбол қышқылының 3 %-ті нафталин мұңайындағы эмульсиясы, ерін зақымданғаңда йодглицерин және цинк майы пайдаланылады. Егер жара өте терең болып тарамыс пен сүйек зақымданса, әдетте ем қонбайды. Иммунитет. Сарыппен ауырып жазылған жануарда иммунитет қалыптаспайды. Дауалау және күресу шаралары. Сарыптың алдын алу шаралары малды қорада ұстағанда, жайғанда, айдағанда зоогигиеналық-санитариялық шараларды сақтауға негізделген. Малдың асты құрғақ болуының, ТҰЯҒЫ зақымданбауыныңмаңызы зор. Сондықтан қораны уақтылы тазалап, малдың тұяғын қырып, жонып жарақаттанудан сақтап, сазды жерге жаймау керек.
  • 8. Аурумен күресуге оны уақтылы анықтап, ауырған малды жедел оқшаулап, емдеудің маңызы зор. Дауалау шараларын жүйелі түрде жүргізіп малды екі айдан қалдырмай ветеринариялық бақылаудан өткізіп, ТҰЯҒЫН жонып отыру керек. Сарып байқалып тұрғанжерлерде қой-ешкіге жылына 2 рет 10 %-ті формальдегид, 5 % парафин, 3-5 %-ті креолин немесе мыс купоросы ваннасынан өткізу керек. БҰЛ ертінділерді бетонданған жайдақ шұңқырға немесе гигроскопия-лық төсенішке /сабан, торф, ағаш ҮГІНДІСІ/ ҚҰЯДЫ. Табынды не отарды толықтырғанда сарыппен ауырған малды өсімге қалдырмау керек. Аналық малды төлденер алдында арнайы санитариялық бақылаудан өткізеді. Сиырдыңсыртқы жыныс мүшелерін дезинфектант /3 %- ті бор қышқылы, 9 %-ті лизол немесе, марганец қышқылды калий/ қосылған ертіндімен жуады. Жас төлдің кіндігіне йод тұнбасын жағады. Піштіру, акушерлік көмек кезінде, қозының құйрығын кескенде, асептика ережелерін МҰҚИЯТ сақтау қажет. Сарып байқалса ол шаруашылықты /ферманы, елді мекеңді/ бұл аурудан сау емес деп жариялайды да, шектеу қояды. Ауру жойылғанша ол жерден малдану /өсіру/ үшін мал әкетуге тиым салынады. Барлық жануарларды клиникалық тексеруден өткізіп, ауруларын бөліп алып емдейді, қалғаңдарын бақылауға алып, дауалау шараларын жүргізеді. Емдеу нәтиже бермесе ауырған жануарларды санитариялық қасапханаға жібереді. Өлген малдың өлексесін, терісін алған соң өртейді не утильзаводка жібереді. Ең соңғы сарыппен ауырған жануар өлген соң, немесе жазылған соң бір ай өткеңде, қорытыңды дезинфекция жасап барып, шектеуді алады.