SlideShare a Scribd company logo
1 of 5
Ф-Е-10/4.1
Ашық сабақ жоспары
Пән аты: Жануарлар анатомиясы және физиологиясы
Оқытушы : Аскарова Н.
Дәрісхана: 113
Дәрістің түрі: Теориялық сабақ
Оқыту әдісі: Түсіндіру, пікір алмасу, талдау, жүйелеу, бағалау.
Дәрістің тақырыбы: Көз алмасы, көру мүшесінің құрылысы.
Дәрістің мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларды көз алмасы, көру мүшесінің құрылысымен таныстыру,
білімдерін арттырып, қызығушылығын ояту.
Дамытушылық: Оқушылардың қабілетін шыңдап, ой-өрісін, сөйлеу тілін,
жауапкершілігі мен ізденімпаздығын арттыру.
Тәрбиелік: Әрбір істі ұқыптылықпен орындайтын, ұтымды ойлап өзгенің пікірін
силайтын, жауапкершілігі мол, ұрпақ тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: Латын тілі, Цитология, Гистология.
Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, буклеттер, тіректік конспект.
Дәріс барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, төсбелгілерін тексеру,
зейінін сабаққа аудару (5 минут).
Психологиялық кезең: Мұғалім әрбір оқушыдан өзінің айтқанын хормен айтуды сұрайды:
 Мен оқуға келдім
 Менің оқығым келеді
 Маған оқу ұнайды
 Мен жақсы оқимын
 Оқу менің парызым
 Мен сабаққа дайынмын
ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру: (сұрақ-жауап әдісі бойынша)
(20мин)
Жұлын құрылысы және оның талшықтарының орналасуы.
Сұрақтар:
1. Сезім мүшелеріне қандай мүшелер жатады?( есту, көру, дәм сезу, иіс сезу,сипап
сезу мүшелері)
2. Тітіркендіргіш қабылдаушы шеткі сезімтал жүйке ұштары қалай аталады?
(рецепторлар)
3. Рецепторлар орналасуы бойынша 2 топқа бөлінген, қандай? (Сыртқы - терінің сыртқы
қабатында орналасып, сырттанкелгентітіркенулерді қабылдайды. Ішкі -ағзаның ішінде
орналасып, тітіркенулерді ішкі мүшешелерден қабылдайды.)
4.Сипап сезу мүшесі дегеніміз? (Сипап сезу – бұл тері сезімі және оны арнайы
рецепторлар жасайды. Олар: саусақ, тері ұшында, ерінде көп болады.)
5. Дәм сезу мүшесінің орталығы қайда орналасқан? (үлкен ми қыртысының самай
аумақтарында?)
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру жоспары: (45мин)
1. Көру мүшесі.Көз алмасының құрылысы.
2. Көз бұршағының құрылысы.
3. Торлы қабақтың құрылысы.
4. Түнгі тіршілікке бейім жануарлардың көз құрылысының ерекшелігі.
5. Көру талдағыштарының өткізгіш жолы.
6. Көзге толқынды сәулелердің әсері.
1.Көру мүшесі. Көз алмасының құрылысы
Көру талдағышы ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм
қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін және
оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратады. Эволюциялықдаму барысында көру мүшесі
жарық пен түсті ажыратуға бейімделген. Адам мен сүт қоректі жануарларда ол дамудың
ең жоғары деңгейіне жеткен.
Көру талдағышының негізгі мүшесі – көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі
ойықта – көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық
жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады. Көз алмасы шар пішінді
құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы
жағын – артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған.
 Сыртқы фибриозды қабық – ақ қабық
 Ортаңғы -тамырлы қабық
 Ішкі – торлы қабық
Сыртқы қабықтың алдынғы бөлігін қасаң қабақты деп атайды. Ол түссіз, мөлдір,
дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне ұқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық
сәулесі сындырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп
атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап,
нерв қабын түзеді.Ақ қабықты астарлай орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін
қан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан
алдыңғы бөлігін нұрлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға
(пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын
тесік болады. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы
кабықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады. Сақиналы
еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда – ол кеңейеді.
Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры көбейіп, не
азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді – көз адаптациясы жүреді.
2.Көз бұршағының құрылысы
Қарашықтық артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене -көз бұршағы
орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жұқа қабықпен капталады. Қабық белдеміне
циннов байламы бекиді. Бұл байлам тамырлы қабықтың құрылымы – кірпекше еттермен
жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының пішіні өзгеріп,
ол не қабысып, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабық пен көз қарашығының арасындағы
қуысты коздің алдыңғы камерасы, ал қарашық пен көз бұршағы арасындағы қуысты –
көздің артқы камерасы деп атайды. Бұл камералар мөлдір сұйықпен – шылауықпен
толған. Көз алмасының көз бұршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді дене деп
аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйық зат толтырып тұрады. Аталған құрылымдар –
қасаң қабық, шылауық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене, – көздің оптикалық,
немесе сындырушы жүйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, әсіресе көз бұршағы, көздің
әртүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін – аккомодация үрдісін, – қамтамасыз
етеді.
3.Торлы қабықтың құрылысы
Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар – таяқшалар мен сауытшалар
орналасады, сондықтан оны жарық сезгіш, немесе фоторецепциялық, бөлім деп атайды.
Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның, тамырлы қабықпен
жанасатын сыртқы қабатын пигментті жасушалар түзеді. Бұл жасушалар құрамында
жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Көзге тым
күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдықжасушалардан олардың өсінділеріне
ығысып, таяқшалар мен сауытшаларды күшті жарықтан калқалайды.
4.Түнгі тіршілікке бейім жануарлардың көз құрылысының ерекшелігі
Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті жасушалар мен
фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшықтан құралған жарықты кері
шағылыстыратын қабат болады. Жарықтың кері шағылысуы нәтижесінде жарық түскенде
түнгі жануарлар көзі жарқырап тұрады. Осыдан фоторецепторларға тікелей түскен сәуле
ғана емес, шағылысқан сәуле де әсер етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі
артады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жылқы, мысық) қараңғыда көзі жарқырап тұрады.
Бұл көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдында ерекше шағылдырғыш жарғақтың
(тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс кристалдар сіңген талшықтардан
құралады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады.
Көздің күндізгі және түнгі көру аппараттары. Торлы қабықтың келесі қабаты
таяқшалар мен сауытшалардан құралады.Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар
күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар
әлсіз, қарауытқан сәулелердің әсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн.,
сауытшалар саны 9 млн. Үй құстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы
қабықтың ортаңғы бөлімінде сауытшалар, ал шет жағында таяқшалар көбірек
шоғырланады. Фоторецепторлар екі буыннан – ішкі жөне сыртқы, – тұрады. Сыртқы,
пигментті қабатқа жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал
ішкі буында жасушалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохондриялар
орналасады. Фоторецепторлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана
арқылы 16-18 жіңішке жіпшелерден – фибриллалардан, құралған шоғыр өтеді. Ішкі
буыннан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін
қос өрісті (биполярлы) жасушаларға беріледі.
Қос өрісті жасушалар туйінді (ганглиозды) жасушалармен жалғасады. Соңғы жасушалар
өсінділері көру жүйкесін құрайды. Әрбір қос өрісті жасушалар көптеген таяқшалармен
байланысады. Әр бір сауытша тек бір ғана қос өрісті жасушамен байланысады, сигналды
соған ғана береді. Демек, қатар жатқан таяқшалардан шыққан сигналдар бір-бірімен
тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары жеке-жеке беріледі.
5.Көру талдағыштарының өткізгіш жолы
Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл жүйке арқылы
импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі
төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер
үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүйде бөлігіне орналасқан көру талдағышының
орталығына беріледі.
6.Көзге толқынды сәулелердің әсері
Егер көзге ұзын толқынды сәулелер әсер етсе, онда тек осы толқынды қабылдайтын
сауытшалар қозып, қызыл түс түйсігі пайда болады. Жарық әсерінен сауытшалардың
екінші түрі қозса – жасыл түс түйсігі, ал үшінші сауытшалар қозса – күлгін түс түйсігі
туындайды. Аралық түстер осы үш түрлі сауытшалардың әр түрлі деңгейде қозуының
нәтижесінде пайда болады. Мысалы қызыл сары түс түйсігі қызыл сауытшалар күшті,
жасыл сауытшалар жеткілікті деңгейде, ал күлгін сауытшалар әлсіз деңгейде тітіркенгенде
пайда болады. Ал осы үш түрлі сауытша бірдей деңгейде қозса – ақ түс қабылданады.
ІҮ. Жаңа материалды бекіту (15мин) «Сиқырлы сандық» ойыны
Сұрақтар:
1. Сыртқы қабықтың алдынғы бөлігін ............... деп атайды. (қасаң қабық)
2. ......... қабық арқылы көздің ішіне жарық сәулесі сындырылып өткізіледі. (қасаң
қабық)
3. Фиброзды қабықтың артқы бөлігін ............деп атайды. (ақ қабық)
4. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын
қаптап,........қабын түзеді.(нерв)
5. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін ..........
деп атайды.(нұрлы қабық)
6. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты
болады.
7. Нұрлы қабықтың ортасында ....... деп аталатын тесік болады. (қарашық)
8. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді.
9. .......... сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады.(нұрлы
қабықта)
10. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы ........., сәулелі еттер жиырылғанда –
ол ......... (тарылады, кеңейеді)
Ү. Сабақты қорытындылау және бағалау:(5 мин) Оқушыларды үй тапсырмасының
қорытындысы бойынша және жаңа сабаққа қатысу белсенділігін бағалау.Түсінбеген
сұрақтарына жауап беру.
YI.Үй тапсырмасы: (2-3 мин) Көз алмасы, көру мүшесінің құрылысы тақырыбы
бойынша дайындалып келу.
Қолданатын әдебиеттер: 1. К.Жаңабеков, Г.К.Жаңабекова «Жануарлар анатомиясы және
физиологиясы». Алматы: «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005ж. 570-586 б.
Бөлім меңгерушісі:____________ Божбанов Б.
Оқытушы:_____________Асқарова Н.
ашық сабақ көз алмасы

More Related Content

Viewers also liked

Viewers also liked (14)

Research Paper Basics World History
Research Paper Basics World HistoryResearch Paper Basics World History
Research Paper Basics World History
 
Post date and induction of labor
Post date and induction of laborPost date and induction of labor
Post date and induction of labor
 
How to Implement 5S in Our Workplace
How to Implement 5S in Our Workplace How to Implement 5S in Our Workplace
How to Implement 5S in Our Workplace
 
Post term pregnancy
Post term pregnancyPost term pregnancy
Post term pregnancy
 
план кружка в мире информатики
план кружка в мире информатикиплан кружка в мире информатики
план кружка в мире информатики
 
8 март т -рбие са__ат
8 март т -рбие са__ат8 март т -рбие са__ат
8 март т -рбие са__ат
 
ашық сабақ жахай с.
ашық сабақ жахай с.ашық сабақ жахай с.
ашық сабақ жахай с.
 
қайнау.меншікті булану жылуы
қайнау.меншікті булану жылуықайнау.меншікті булану жылуы
қайнау.меншікті булану жылуы
 
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
жиа. стенокардия және миокард инфарктысы кезіндегі медбикелік үрдісті ұйымдас...
 
конкурсная программа
конкурсная программаконкурсная программа
конкурсная программа
 
пояснительная записка
пояснительная запискапояснительная записка
пояснительная записка
 
внекл
внеклвнекл
внекл
 
ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2ахметова н.е открытый урок 2
ахметова н.е открытый урок 2
 
лой м. в. презентация
лой м. в. презентациялой м. в. презентация
лой м. в. презентация
 

Similar to ашық сабақ көз алмасы

8 сынып биология зейін және жады
8 сынып биология зейін және жады8 сынып биология зейін және жады
8 сынып биология зейін және жады
Asem Sarsembayeva
 
биология пәнінің мұғалімі серикова шарипа
биология пәнінің мұғалімі серикова шарипабиология пәнінің мұғалімі серикова шарипа
биология пәнінің мұғалімі серикова шарипа
Asem Sarsembayeva
 

Similar to ашық сабақ көз алмасы (18)

оптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияоптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
 
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіЖүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
 
құс анатомиясы
құс анатомиясықұс анатомиясы
құс анатомиясы
 
бұлшық еттер
бұлшық еттербұлшық еттер
бұлшық еттер
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
8 сынып биология зейін және жады
8 сынып биология зейін және жады8 сынып биология зейін және жады
8 сынып биология зейін және жады
 
8 сынып биология зейін және жады
8 сынып биология зейін және жады8 сынып биология зейін және жады
8 сынып биология зейін және жады
 
биология пәнінің мұғалімі серикова шарипа
биология пәнінің мұғалімі серикова шарипабиология пәнінің мұғалімі серикова шарипа
биология пәнінің мұғалімі серикова шарипа
 
эколог. ассорти
эколог. ассортиэколог. ассорти
эколог. ассорти
 
67ererereewr
67ererereewr67ererereewr
67ererereewr
 
Psihologia
PsihologiaPsihologia
Psihologia
 
242458
242458242458
242458
 
Жорғалаушылар класы
Жорғалаушылар класыЖорғалаушылар класы
Жорғалаушылар класы
 
окушы жұмысы жансая табанова
окушы жұмысы жансая табановаокушы жұмысы жансая табанова
окушы жұмысы жансая табанова
 
ашық сабақ презентация байтханова а
ашық сабақ презентация байтханова аашық сабақ презентация байтханова а
ашық сабақ презентация байтханова а
 
3
33
3
 
Ғажайыптар әлемі
Ғажайыптар әлеміҒажайыптар әлемі
Ғажайыптар әлемі
 
123вукукук
123вукукук123вукукук
123вукукук
 

More from Asem Sarsembayeva

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

ашық сабақ көз алмасы

  • 1. Ф-Е-10/4.1 Ашық сабақ жоспары Пән аты: Жануарлар анатомиясы және физиологиясы Оқытушы : Аскарова Н. Дәрісхана: 113 Дәрістің түрі: Теориялық сабақ Оқыту әдісі: Түсіндіру, пікір алмасу, талдау, жүйелеу, бағалау. Дәрістің тақырыбы: Көз алмасы, көру мүшесінің құрылысы. Дәрістің мақсаттары: Білімділік: Оқушыларды көз алмасы, көру мүшесінің құрылысымен таныстыру, білімдерін арттырып, қызығушылығын ояту. Дамытушылық: Оқушылардың қабілетін шыңдап, ой-өрісін, сөйлеу тілін, жауапкершілігі мен ізденімпаздығын арттыру. Тәрбиелік: Әрбір істі ұқыптылықпен орындайтын, ұтымды ойлап өзгенің пікірін силайтын, жауапкершілігі мол, ұрпақ тәрбиелеу. Пәнаралық байланыстар: Латын тілі, Цитология, Гистология. Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, буклеттер, тіректік конспект. Дәріс барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, төсбелгілерін тексеру, зейінін сабаққа аудару (5 минут). Психологиялық кезең: Мұғалім әрбір оқушыдан өзінің айтқанын хормен айтуды сұрайды:  Мен оқуға келдім  Менің оқығым келеді  Маған оқу ұнайды  Мен жақсы оқимын  Оқу менің парызым  Мен сабаққа дайынмын ІІ. Оқушыларды мына тақырып бойынша тексеру: (сұрақ-жауап әдісі бойынша) (20мин) Жұлын құрылысы және оның талшықтарының орналасуы. Сұрақтар: 1. Сезім мүшелеріне қандай мүшелер жатады?( есту, көру, дәм сезу, иіс сезу,сипап сезу мүшелері) 2. Тітіркендіргіш қабылдаушы шеткі сезімтал жүйке ұштары қалай аталады? (рецепторлар) 3. Рецепторлар орналасуы бойынша 2 топқа бөлінген, қандай? (Сыртқы - терінің сыртқы қабатында орналасып, сырттанкелгентітіркенулерді қабылдайды. Ішкі -ағзаның ішінде орналасып, тітіркенулерді ішкі мүшешелерден қабылдайды.) 4.Сипап сезу мүшесі дегеніміз? (Сипап сезу – бұл тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды. Олар: саусақ, тері ұшында, ерінде көп болады.) 5. Дәм сезу мүшесінің орталығы қайда орналасқан? (үлкен ми қыртысының самай аумақтарында?)
  • 2. ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру жоспары: (45мин) 1. Көру мүшесі.Көз алмасының құрылысы. 2. Көз бұршағының құрылысы. 3. Торлы қабақтың құрылысы. 4. Түнгі тіршілікке бейім жануарлардың көз құрылысының ерекшелігі. 5. Көру талдағыштарының өткізгіш жолы. 6. Көзге толқынды сәулелердің әсері. 1.Көру мүшесі. Көз алмасының құрылысы Көру талдағышы ең жақсы дамыған құрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін және оларға дейінгі ара қашықтықты ажыратады. Эволюциялықдаму барысында көру мүшесі жарық пен түсті ажыратуға бейімделген. Адам мен сүт қоректі жануарларда ол дамудың ең жоғары деңгейіне жеткен. Көру талдағышының негізгі мүшесі – көз алмасы. Ол бас сүйектің аддынғы жағындағы екі ойықта – көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптикалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қорғағыш аппараттан құралады. Көз алмасы шар пішінді құрылым. Онын алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын – артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған.  Сыртқы фибриозды қабық – ақ қабық  Ортаңғы -тамырлы қабық  Ішкі – торлы қабық Сыртқы қабықтың алдынғы бөлігін қасаң қабақты деп атайды. Ол түссіз, мөлдір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне ұқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сәулесі сындырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап, нерв қабын түзеді.Ақ қабықты астарлай орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін қан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін нұрлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нұрлы кабықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылғанда – ол кеңейеді. Осының нәтижесінде көз алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры көбейіп, не азайып отырады да, көз жарық күшіне бейімделеді – көз адаптациясы жүреді. 2.Көз бұршағының құрылысы Қарашықтық артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене -көз бұршағы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жұқа қабықпен капталады. Қабық белдеміне циннов байламы бекиді. Бұл байлам тамырлы қабықтың құрылымы – кірпекше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының пішіні өзгеріп,
  • 3. ол не қабысып, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабық пен көз қарашығының арасындағы қуысты коздің алдыңғы камерасы, ал қарашық пен көз бұршағы арасындағы қуысты – көздің артқы камерасы деп атайды. Бұл камералар мөлдір сұйықпен – шылауықпен толған. Көз алмасының көз бұршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді дене деп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйық зат толтырып тұрады. Аталған құрылымдар – қасаң қабық, шылауық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене, – көздің оптикалық, немесе сындырушы жүйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, әсіресе көз бұршағы, көздің әртүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін – аккомодация үрдісін, – қамтамасыз етеді. 3.Торлы қабықтың құрылысы Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар – таяқшалар мен сауытшалар орналасады, сондықтан оны жарық сезгіш, немесе фоторецепциялық, бөлім деп атайды. Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның, тамырлы қабықпен жанасатын сыртқы қабатын пигментті жасушалар түзеді. Бұл жасушалар құрамында жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Көзге тым күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдықжасушалардан олардың өсінділеріне ығысып, таяқшалар мен сауытшаларды күшті жарықтан калқалайды. 4.Түнгі тіршілікке бейім жануарлардың көз құрылысының ерекшелігі Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті жасушалар мен фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшықтан құралған жарықты кері шағылыстыратын қабат болады. Жарықтың кері шағылысуы нәтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап тұрады. Осыдан фоторецепторларға тікелей түскен сәуле ғана емес, шағылысқан сәуле де әсер етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі артады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жылқы, мысық) қараңғыда көзі жарқырап тұрады. Бұл көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдында ерекше шағылдырғыш жарғақтың (тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс кристалдар сіңген талшықтардан құралады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады. Көздің күндізгі және түнгі көру аппараттары. Торлы қабықтың келесі қабаты таяқшалар мен сауытшалардан құралады.Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар әлсіз, қарауытқан сәулелердің әсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй құстарында (тауық, үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөлімінде сауытшалар, ал шет жағында таяқшалар көбірек шоғырланады. Фоторецепторлар екі буыннан – ішкі жөне сыртқы, – тұрады. Сыртқы, пигментті қабатқа жақын орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ішкі буында жасушалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохондриялар орналасады. Фоторецепторлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бұл мембрана арқылы 16-18 жіңішке жіпшелерден – фибриллалардан, құралған шоғыр өтеді. Ішкі буыннан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецепторлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) жасушаларға беріледі. Қос өрісті жасушалар туйінді (ганглиозды) жасушалармен жалғасады. Соңғы жасушалар өсінділері көру жүйкесін құрайды. Әрбір қос өрісті жасушалар көптеген таяқшалармен байланысады. Әр бір сауытша тек бір ғана қос өрісті жасушамен байланысады, сигналды соған ғана береді. Демек, қатар жатқан таяқшалардан шыққан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары жеке-жеке беріледі. 5.Көру талдағыштарының өткізгіш жолы Көру талдағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі құрайды. Бұл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүйде бөлігіне орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі. 6.Көзге толқынды сәулелердің әсері Егер көзге ұзын толқынды сәулелер әсер етсе, онда тек осы толқынды қабылдайтын
  • 4. сауытшалар қозып, қызыл түс түйсігі пайда болады. Жарық әсерінен сауытшалардың екінші түрі қозса – жасыл түс түйсігі, ал үшінші сауытшалар қозса – күлгін түс түйсігі туындайды. Аралық түстер осы үш түрлі сауытшалардың әр түрлі деңгейде қозуының нәтижесінде пайда болады. Мысалы қызыл сары түс түйсігі қызыл сауытшалар күшті, жасыл сауытшалар жеткілікті деңгейде, ал күлгін сауытшалар әлсіз деңгейде тітіркенгенде пайда болады. Ал осы үш түрлі сауытша бірдей деңгейде қозса – ақ түс қабылданады. ІҮ. Жаңа материалды бекіту (15мин) «Сиқырлы сандық» ойыны Сұрақтар: 1. Сыртқы қабықтың алдынғы бөлігін ............... деп атайды. (қасаң қабық) 2. ......... қабық арқылы көздің ішіне жарық сәулесі сындырылып өткізіледі. (қасаң қабық) 3. Фиброзды қабықтың артқы бөлігін ............деп атайды. (ақ қабық) 4. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыртын қаптап,........қабын түзеді.(нерв) 5. Тамырлы қабықтың қасаң қабықты астарлай орналасқан алдыңғы бөлігін .......... деп атайды.(нұрлы қабық) 6. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы бояғыштарға (пигменттерге) байланысты болады. 7. Нұрлы қабықтың ортасында ....... деп аталатын тесік болады. (қарашық) 8. Ол арқылы жарық сәулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. 9. .......... сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшыктары болады.(нұрлы қабықта) 10. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы ........., сәулелі еттер жиырылғанда – ол ......... (тарылады, кеңейеді) Ү. Сабақты қорытындылау және бағалау:(5 мин) Оқушыларды үй тапсырмасының қорытындысы бойынша және жаңа сабаққа қатысу белсенділігін бағалау.Түсінбеген сұрақтарына жауап беру. YI.Үй тапсырмасы: (2-3 мин) Көз алмасы, көру мүшесінің құрылысы тақырыбы бойынша дайындалып келу. Қолданатын әдебиеттер: 1. К.Жаңабеков, Г.К.Жаңабекова «Жануарлар анатомиясы және физиологиясы». Алматы: «Сөздік-Словарь» баспасы, 2005ж. 570-586 б. Бөлім меңгерушісі:____________ Божбанов Б. Оқытушы:_____________Асқарова Н.