SlideShare a Scribd company logo
1 of 17
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Сайрам» колледжі
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
А.Р.Сабуров _______
«_____» ___________2016ж
ПЦК «Ішкі аурулар»
Пәні: Терапиядағы медбикелік іс
Тақырыбы: «Бронхиттер. Бронх демікпесі. Жедел пневмониялар,
өкпенің іріңді аурулары.Медбикелік үрдісті ұйымдастыру.»
Курс: IV МІ 09 13 «Б» II топша
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»
Ашық сабақ
Даярлаған:Анаркулова Қ.С
Шымкент 2016ж
1.Тақырыбы:Кіріспе.Ішкі аурулар пәніне кіріспе, оның мақсаты мен міндеттері, даму
кезеңдері, медбикенің науқасты тексерудегі ролі.Тыныс алу жүйесінің аурулары:
Бронхиттер. Бронх демікпесі. Жедел пневмониялар, өкпенің іріңді аурулары.Медбикелік
үрдісті ұйымдастыру
2.Оқу сағаты: 6сағат.
3. Тақырыптың мотивациялықсипаттамасы:
Ішкі аурулар – ішкі мүшелер ауруларының себебін, клиникалық белгілерін,
диагностикасын, емін, профилактика шараларын зерттейтін медицинаның бір саласы.
Ішкі аурулар сөзінің синонимі – терапия термині. Терапия емдеу деген мағынаны
білдіреді. Аурухананың терапия бөлімі ішкі мүшелер ауруларын емдейді.
Ауру (кесел) – сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен адам ағзасында дамитын
патологиялық процесс. Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен ағзаның қорғаныс
реакциялары жауап қайтара бастайды, сондықтан ауруды ағза қызметімен қорғаныс
реакцияларының бұзылуының қосындысы деп түсіну қажет. Ауру жедел және созылмалы
болып бөлінеді.
Жедел ауру белгілі бір уақыт аралығында өтеді, ал созылмалы ауру науқаспен өмір
бойы бірге болуы мүмкін. Ауру бірнеше сатылардан өтеді.
Тыныс ағзалары аурулардың ішінде ЖРВИ жалпы балалар аурушаңдығының негізгі
себебі. Аурушаңдықтың құрылымына тыныс ағзаларының морфологиялық және
функциялық шара жетілмегендігіне байланысты болатын жасына сай АФЕ белгілі әсерін
Жедел ауру келесі сатылардан (кезеңдерден) тұрады.
- Жасырын (латентті, инкубациялық) кезең, бұл кезеіде адам ағзасында науқасқа
білінбейтін және сыртқы ортаға көрінбейтін процестер жүреді.
- Продромалды кезеңі аурудың алғашқы белгілері пайда болып, оның толық
дамуымен сипатталады.
- Аурудың қызған кезеңі.
- Жазылу кезеңі
Этиология – аурудың себебі туралы ілім. Аурудың себебі туралы факторлар болады.
Этиологиялық факторларды бірнеше топқа бөледі:
1. Физикалық себептер.
2. Химиялық себептер.
3. Механикалық себептер.
4. Биологиялық себептер.
5. Тамақтанудың себептері.
6. Психогендік факторлар.
7. Әлеументтік факторлар.
8. Тұқым қуалаушылық факторы.
Симптом– аурудың бір ғана белгісі. Симптомдар екіге бөлінеді: субъективті
және объективті.
Субъективті симптомдар– тек қана науқас сезінетін белгілер(жүректің айнуы,
кеуденің шаншуы, бастың айналуы).
Объективті симптомдар – науқасты тікелей тексергенде анықталатын белгілер (жүректің
кеңеюі, құсу, қақырық шығару, тахикардия). Синдром – бір-бірімен тікелей байланысқан
симптомдар жиынтығы. Мысалы; бронходструкция синдромы – тынысты шығару
қиындайды, қиындықпен шығатын қақырық, жөтел.
Диагностика – ауруды анықтау әдістері туралы ілім. Бұл өте кең ұғым, өйткені, бұл
диагноз қоюға бағытталған бүкіл тексеру процесін құрайды.
Диагноз – медицина терминологиясының көмегімен берілген аурудың қысқаша
қорытындысы. Диагнозға аурудың аты, этиологиясы, кезеңі, асқынуы кіреді. Диагноздың
алдын - ала және соңғы түрі болады. Алдын – ала диагноз науқасты толық тексермей
қойыла береді, ал қорытынды диагноз – науқас толық клиникалық, лабораториялық
тексеруден өткен соң қойылады.
Жедел және созылмалы бронхиттер - өкпенің бейспецификалық аурулар тобына
жатады, тыныс алу жүйесі арасындағы аурулардың ішінде ең жиі кездеседі. Созылмалы
бронхит және оның асқынулары жалпы өлім себептеріңнің ішінде 3-4 орындарды алады,
тек жүрек - тамыр және онкологиялық ауруларға орын береді. Үлкен тұрғындар арасында
өкпенің бейспецификалық ауруларының саны 5-20 %- ға дейін жетеді. Көбінесе ауру кеш
анықталады және пульмонологиялық мүгедектіктің негізгі себебі болып табылады.
Пневмониялар – өкпенің респирациялық бөлшектерінің басым зақымдануымен,
альвеолалардың экссудациясымен сипатталадын, бірақ зақымдалған анатомиялық
құрылымдардың бұзылысына әкелмейтін өкпенің жедел инфекциялық қабыну процесі.
Пневмония –жиі кездесетін, өлімге әкелетін себептердің ішінде 6-шы орындағы, ал
аурухана ішілік инфекциядан болатын өлім себебі ретінде юіріші орындағы ауру. Соңғы
30 жылда оның жиілігі 5 есе көбейіп, қазіргі кезде 1000 адамға шаққанда даму саны 10-
13,8 шамасында. Пневмониядан ауруханадағы өлім саны 8,0-8,7%.
Этиологиясы. Пневмонияның дамуына көптеген қоздырғыштар– бактериялар,
микоплазма, хламидия, легионелла, саңырауқұлақшалар, қарапайымдар т.б. әкеледі.
Этиологиясына қарай пневмонияның 40 жуық түрлері белгілі.
Дерттің дамуында қоздырғыштармен қатар бейімдеуші ықпалдардың да маңызы зор;
суықтау ( пневмония салқын мезгілдерде жиіленеді); кеуде сарайының жарақаттары; іш
қуысының операциялары; дене қимылын шектейтін ауыр жағдайлар; аспирацияға алып
келетін себептер (ингаляциялық наркоз, алкогольмен улану, кома, жүйке аурулары);
балалық және кәрілік жас (беске толмаған балалар және 65- тен асқан кәрі); тыныс
жолдарының фондық аурулары (бронхтық астма, бронхит, даму ақаулары, ЛОР-
паталогия, болып өткен пневмониялар); шылым шегу; қоршаған ортаның зиянды әсерлері;
жүрек шамасыздығы, иммундық тапшылық жағдайлары; цитостатиктік, стероидтық ем,
лейкопения, қантты диабет, ЖИТС.
Пневмонияның жаңаша классификациясы.(Пульмонологтардың 5-ші Ұлттық
конгресі, Мәскеу, 1995).
І. Пневмонияның этиологиялық түрлері.
II. Пневмония дамуының эпидемиологиялық жағдайларына қарай.
1. Ауруханадан тыс (біріншілік, амбулаториялық үй жағдайында дамыған).
2. Ауруханалық ( ауруханаішілік, нозокомиальдік).
3. Атипті пневмониялар.
4. Иммундық жетіспеушіліктің үстінде дамыңан пневмониялар.
5. Нейтропения үстінде дамыған пневмониялар.
III. Пневмонияның орналасуы және көлемі ( бір жақты –сол, оң жақты); а) тотальді; б)
бөліктік; в) сегменттік; г) бөлшектік; д) орталық (түбір маңы); қос жақты (көлемін
көрсетіп).
IV. Пневмонияның ауырлық дәрежесі (ауыр, орташа ауырлықты, жеңіл ).
V. Асқынулары (өкпелік, өкпеден тыс).
VI. Пневмонияның фазалары – қызы, шешілу, реконвалесценция (сауығу), созылыңқы
барыс.
Ауруханадан тыс дамыған пневмониялар.
Егерде пневмонияға әкелетін инфекция ауруханадан тыс жағдайда жұқса, ол
ауруханадан тыс дамыған пневмония болып табылады.
Пневмококктық пневмониялар ауруханадан тыс дамыған пневмониялардың ең жиі
түрі. Пневмококк сау адамдардың көмекейінде 5-25% табылады. Пневмония көбіне
аутоинфекцияның төмен түсуінен дамиды.
Табиғи барысында дамыған классикалық пневмококктық пневмококктық
пневмонияның үш сатысын айырады:
1. Тасу (гиперемия) сатысы алғашқы 1-3 тәулікке созылатын.Құрамында
пневмококктар мен фибрині өте көп экссудат альвеолалардыбірінен соң бірін,
біртіндеп толтырады.
2. Бауырлану (гепатизация, тығыздалу) патанатомия саласынан екі фазамен дамиды:
а) қызыл бауырлану (аурудың 4-5 тәуліктері) – альвеолалар ішіндегі экссудантқа
эритроциттер, нейтрофильдер, фибрин көп мөлшерде өтеді.
ә) сұр бауырлану (аурудың 6-7 күндері), тығыздалған өкпеде лейкоциттерің саны
басым болып, фагоцитоз процесі аяқталады.
3. Шешілуі (сауығу). Альвеолаларға келген макрофаттар бактериялардың,
фибриннің, өлген нейтрофильдердің қалдықтарын жойып тазартады.
Клиникалық белгілері – негізгі клиникалық синдромдар (бұл синдромдар тек
пневмококктық емес, пневмониялардың барлықэтиологиялық түріне ортақ):
Интоксикациялық(әлсіздік, делсалдық, тәбеттің жойылуы, бастың ауруы,
бұлшықеттердің ауырсынуы, жүрек соғуы).
Өкпенің қабыну өзгерістері (қақырықты жөтел, кеуденің ауырсынуы, тыныс
қимылында кеуденің бір жағының ауырлауы, дауыс дірілімен бронхофонияның
күшеюі, перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, ылғал сырылдар, осы ауруға тән
ренгендік өзгерістер).
Бейспецификалық қабыну өзгерістері (қалтырау, қызудың көтерілуі, қанның
жедел фазалық көрсеткіштерінің жоғарылауы: ЭТЖ-ның жоғарылануы, СРБ- тың
пайда болуы, фибриногеннің көбеюі).
Тыныс жетіспеушілікгі(ентікпе, тахипноэ, үстірт тынысы, гипоксемия).
Кеуде құрсақтық синдром (диафрагмалық плевраның зақымдануынан
ауырсынудың іш қуысына тарауы).
Өкпеден тыс зақымданулар (гепетит, миокардит, гломерулонефрит,
энцефалопатия, менингизм, нефропатия).
Өкпенің іріңді аурулары (абсцесс және гангрена) пневмониттер тобына
жатады. Пневмонит деп өкпе тіннің қайтымсыз зақымдануына алып келетін
ауруларды айтады.
Өкпе абсцессі – өкпе тінінің ошақты іріндеп іруі (іріңге айналуы). Өкпе
гангренасы – микробтың улардың әсерінен некрозы (өліеттенуі).
Деструкциялық пневмониттердің үш түрін айырады:
1) іріңді абсцесс– көбіне аэробтық инфекияның әсерінен өкпенің ошақты іріңді
іруі. Ірінді ошақтың сау тіннен айқын шектелуі тән;
2) өкпе гангренасы- көбіне анаэробтық инфекцияның әсерінен өкпенің көлемді
некрозы. Бұл жағдайда некроздалған тіннің сау тіннен шектеліп бөлінуге
бейімділігі болмайды;
3) гангреналық абсцесс– некроздалған ошақтың шектеліп, қуыс түзуіне
бейімделген кезеңі. Қалыптаса бастаған қуыстағы некроздалған тіннің бөлшектері іріп,
іріңге айналады. Пневмониттің бір түрі екінші түріне ауысуы мүмкін. Мәселен, гангрена –
гангреналық абсцеске, гангреналық абсцесс – ірінді абсцеске.
Этиологиясы.Өкпе абсцесінің негізгі себебі –некроздаушы инфекция (алтын сары
стафилококк клебсиелла, А топты стрептококтар, бактероид-тар, фузобактериялар,
анаэробтық микроаэрофилдік коктар және стрептококтар, нокардиялар, т.б). Осылардың
ішінде ең маңыздылары спора түзбейтін,ауыз қуысын мекендейтін облигаттық
анаэробтар: бактериодтар, фузобактериялар, анаэробтық коктар. Өкпе абсцеснің 80-90%-
да анаэробтар анықталады. Сонымен, өкпе тініне инфекция түсінің негізгі көзң ауыз
қуысы болып табылады.
Патогенезі. Инфекция түсу жолдарының ерекшелігіне қарай пневмониттердің мына
түрлерін айырады: бронхогендік (аспирациялық постпневмониялық обтурациялық);
гемотогенді-эмболиялық; жарақаттық; басқалары (ірінді процестің көрші мүшелерден
тарап ауысуынан дамитын).
Өкпе гангренасындадеструкция көлемі өте ірібұл өкпе іріңдігінің ең ауыр түрі. Оның
дамуы үшін алдымен өкпеде некроздық өзгерістер болуы тиіс ал шіріткіш анаэробтар
некроздалған тінге еніп, оны шірітеді. Гангреналық ошақта өкпе тіні ісініп жұмсарады
және ыдырап іриды. Некроздалған өкпе тінінде ұршық тәрізді таяқшалар мен
спирохеталар толып жүреді. Инфильтрациялық зона мен шіріп ыдыраған ошақтың
шекарасы анық шектелмейді. Пиогенді мембрананың жоқтығынан улы заттар қанға еркін
сіңіп, аса ауыр интоксикацияны туғызады. Гангреналық процесс біртіндеп сау тінге
тарайды. Микробтардың ерекшелігінен некроздалған тін қою май тәрізді болады,
оңайлықпен іріңге айналып, сұйылмайды. Сондықтан өкпе бөлшектерінің сұйылуы және
қақырықпен бөлінуі көптеген апталарға, айларға созылуы мүмкін. Өкпе гангренасының
барысы көбіне қатерлі, өкпеден қан кетуге және плевра эмпиемасына жиі алып келеді.
Барысы сәтті болған жағдайда некроз процесі тоқтайды, шіріген өкпе тіні бөлшектеніп
іриді және сұйылады, яғни іріңге айналады. Осының нәтижесінде аса ірі, пішіні бұрыс
қуыс пайда болады. Өкпе тінінің бөлшектері қуыстың қабырғасына жабысқан немесе
оның ішіңде бос жатады. Жүре-бара қуыстың айналасында процесті шектейтін пиогендік
мембрана түзіледі. Гангрена осылайша абсцеске айналады.
Клиникалық көрінісі. Өкпе абсцесімен ауырғандардың анамнезінде мына бір
жағдайлардың болуы тән: есі жоғалғанша арақ ішу, мас күйінде суықтау, наркоздың
асқынулары, тамақ ішкеннен кейін болған эпилепсиялық ұстама, инсульт, бас-ми
травмасы, бет-жақтың жарақаттары, өңештің, тістің, иектің аурулары, фарингит,
тонзиллит, ауыр вирустық-респирациялық инфекция, ірі бронхтың рагы. Клиникалық
тұрғыдан өкпе іріңдігінің екі кезеңін айырады: жарылмаған және жарылған абсцесс.
Бірінші кезеңде науқастың тері жамылғылары боз, қуқыш реңді және ылғал. Ентікпе
бодады, кеуде жартысының тыныс қимылында қалың-қылығы байқалады. Абсцесс
аймағында дауыс дірілі әлсіз және қабырғааралықтың ауырсынуы мен гиперестезиясы
(Крюков белгісі) анықталады. Перкуссия арқылы тұйық немесе тұйықталған дыбыс,
тыңдағанда бронхтық немесе әлсіз везикулярлы тыныс, ылғал сырылдар мен крепитация
және плевра үйкеліс шуы естілуі мүмкін. Абсцестің бұл кездегі рентгендік көрісі
полисегменттік немесе беліктік пневмонияға ұқсайды ( бір немесе екі сегментті қамтитын
инфильтрациялық көлеңке, өкпе түбірінің кеңеюі). Осы сатыда абсцесс туралы күдік
туғызатын белгілердің бірі- қабынған ошақтың (тіннің) ісінуінен бөлік аралық шктердің
томпаюы және гангрена болған жағдайда анаэробтардың, бөлген газдардың инфильтрация
аймағында дақтар түрінде жиналуы.
Екінші кезең- іріндіктің бронхқа жарылуынан басталады. Аурудың классикалық түрінде
бұл кезде науқас кенет үсті-үстіне қатты жөтеліп, « аузын толтыра» сасық қақырық
тастайды ( тәулігіне 100-1000мл). Егер іріндіктің тесілген бронхы жіңішке және оның
қабырғалары ісінген болса, онда қақырық басында аз-аздан бөлініп, кейін күн сайын
біртіндеп көбейеді. Анаэробтық инфекцияда қақырық өте сасық. Тұндырып қойған
қақырық үш қабатқа айырылады: төменгі қабаты- ақшыл сары, сұрғылт немесе қоңыр
түсті қою іріңнен және Дитрих тығыншаларынан, сасық иісті өкпе тінініңшіріген ұсақ
бөлшектерінен тұрады. Ортаңғы сероздық қабаты- созылмалы, бұлыңғыр,сілекейі мол
сұйықтық. Жоғарғы қабаты- ірің аралас көпіршікті кілегей.
Бронх демікпесі- негізіне аллергиялық қабыну және бронхтар гиперреактивтілігі
жататын, тыныс қиындығы ұстамаларымен білінетін, диффузды обструкция, беткейлі
бронх еттерінің спазмы, шырыш гиперсекрециясы, бронх қабаты ісінуімен белгілі ауру.
4.Сабақтың мақсаты:Ауру этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагнозын
қою, емі және алдын –алу шаралары бойынша оқушылардің білімін тексеру. Нақты бір
науқас бойынша, оқушыларды клиникалық, лабораториялық аспаптық диагноз қою
негіздеріне, емдеу және алдын алу шараларына үйрету.
Студент білуі тиіс (негізгі білімі бойынша):
1.Тыныс алу жүйесінің анатомиялық құрылысын;
2.Тыныс алу жолдарының және өкпенің қызметтерін;
3.Науқасты физикалық тексеру әдістерін;
4.Қосымша лабораторлы – аспаптықзерттеу әдістерін.
Студент істей алу тиіс:
1. Науқастың шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинауды;
2. Науқасты жалпы зерттеу жолдарын;
3. Симптомдарды анықтап алып, оларды синдромдарға құрастыруды;
4. Алдын – алу диагнозын қоюды;
5. Салыстырмалы диагноз жүргізіп, клиникалық диагнозды негіздеуді;
6. Ауруы бар науқасқа жеке терапияны тағайындауды;
7. Еңбекке қабілеттілігі мен кейінгі өміріне болжам жасауды.
5. Сабаққа дайындалу сұрақтары:
Жедел және созылмалы бронхиттер.
1. Аурудың анықтамасы, этиологиялық факторлары: физикалық, химиялық,
гиперергиялық.
2. Ауру дамуына мүмкіндік тудыратын факторлар: шылым шегу, суықтау, улы
заттармен дем алу.
3. Патогенезі және клиникалық көріністері.
4. Диагнозын қою, емі және алдын – алу.
5. БДҰ эксперт комиссиясының диагноздық критерийлері.
6. Жіктелуі: қабынуы процесінің ерекшеліктері бойынша, қызметтік сипаты
бойынша, ару фазасы, асқынуы бойынша.
7. Клиникалық көріністері,. Ағымы, аурудың асқынуы.
8. Емдік дене шынықтыру. Алдын-алу.
Ақпараттық – дилактикалық блок.
Сабақтың мазмұны.
Өз бетімен атқарылатын жұмыс:тәжірбелік сабақта ауру науқасқа курация
жүргізіледі.Науқастыңшағымдарын жинаған кезде науқастарда кездесетін ауру
белгілеріне (2 жыл бойы жедел қақырықтың бөлінуімен, жедел көбінесе таңертеңгі
уақытта) көңіл аудару керек. Анамнезінде ару белгілерінің динпмикасына, Ауру
тудыратын факторларға: темекі шегу мен тозаңданудың жоғары деңгейі және ауа
бассейінінің газдануы айқындайды.
Әрі қарай, оқушылар науқасты физикалық тексереді. Оқушылар науқасты сұрастыру,
физикалықтексеру кезінде клиникалық ақпараттарын жүйелеп, әдістемелік нұсқауларды
пайдалана отырып, симптомдарды синдромға топтастырады. Көптеген науқастарда келесі
синдромдарды білуге болады: бронхообструктивті, тыныс жетіспеушілігі, екпе текті
жүректің синдромдары. Сонан соң оқушылар курация жасаған науқастың ауруының
клиникасымен оқу-әдістемелік құралда берілген ауруда кездесетін аурулардың типтік
клиникалық көрінісімен салыстыра отырып, алдын-ала диагноз қояды. Сонымен бірге,
оқушылар қосымша зерттеу жоспарын құрады. Оқушылар мұғаліммен бірге қосымша
лабораторлық жәнне аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдап, қорытындык
клиникалық диагнозды құрастырады.Оқушылар ауруға нақты науқасқа ем тағайындайды.
Ауруды емдеу сұрақтарын талқылаған кезде этиологиялық, патогенездік және
симптомдық емдеу сұрақтарына назар аударады. Сонан соң оқушылар курациялаған
науқастарына ақыл - кеңес береді. Әрі қарай, ауру біріншілікті және екіншілікті алдын-
алу шаралары қарастырылады.
Оқытушымен бірге атқарылатын жұмыс жеке немесе топпен сабақ тақырыбын
талдағанда, өз бетімен өткізілген жұмыс қорытындысын талдағанда, ауруларды
клиникалық талдағанда жүргізіледі.
Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау ретінде жағдайлық есептер шығарып,
тест жүргізіледі.
Жағдайлық есеп №1
Науқас С., дәрігерге келіп мынадай шағымдарын айтты: аз мөлшерде ақшыл кілегейлі,
қақырықпен жөтел, жалпы әлсіздік, терлегіштік, басының ауруы. Ауырғанына 3 күн
болды. Бүгін температурасы күн болды. Бүгін температурасы 38,50C- дейін жоғарылады.
Қарау: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі өзгермеген. Пальпация,
перкуссияда өзгеріс жоқ. Аускультацияда: қатаң тыныс, ірі көпіршікті ылғалды сырылдар
кеуде қуысының әр жерінен естіледі.
Қан анализі: лейкоциттер -11,0*10/9л, ЭТЖ 1,5мм/сағ. Қақырық анализі: көлемі 15мл,
эпителийі 8-10к/а., эритроциттер жоқ. Рентгенде- өкпе суреті күшейген.
1. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
2. Емдеу жоспарын жазыңыз.
3. Рецептураны жазыңыз.
Жағдайлық есеп №2
Науқас К., дәрігерге келіп, мынадай шағымдарын айтты: ауырғанына 2 күн болды. Ауруы
құрғақ жөтелден басталды. Жөтелгенде төс асты тырнаған сияқты ауырады,
температурасы көтерілді- 37,5 С-қа дейін, жалпы әлсіздік. Қарау: жалпы жағдайы орташа.
Терісі ылғалды, дауыс дірілі өзгермеген, перкуссияда анық өкпе дыбысы. Аускультацияда
қатаң тыныс, құрғақ ызыңдаған сырылдар әр жерден естіледі. Қан анализі: лейкоциттер:
10,0*10/9л, ЭТЖ- 12мм/сағ. Рентгенде өзгеріс жоқ.
1. Сіздің болжам диагнозыңыз?
2. Емін жазыңыз.
Жағдайлық есеп №3
60 жастағы науқас стационарға келесі шағымдармен түсті: кілегейлі іріңді
қақырықпен жөтел, тәулігіне 100 мл-ге дейін, жөтелден және шамалы күш түсуден
болатын демікпе, жиі бастың ауруы, әсіресе жөтел ұстамасынан кейін.
20 жылдан бері сырқаттанады. Мезгіл-мезгіл стационарда емделеді. Аурудың
өршуі жылдың салқын кезінде болады. 20 жылдан бері күніне 1,5 қораптан темекі
тартады.
Об-ті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бетінің, қолдарының цианозы
байқалады, шамалы күш түсуден демікпе пайда болады. Тыныс шығару ұзарған,
шулы, перкуторлы- қорап дыбысы. Аускультацияда қатаң, әлсіз тыныс, тыныс
шығару фазасы ұзарған. Өкпе үстінде құрғақ ысқырықты және гүжілдеген сырылдар,
бірен-саран ылғалды сырылдар өкпенің төменгі бөлігінен естіледі. ТАЖ 26 рет
минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, тахикардия. Пульс 98 рет
минутына. АҚ- 150/90мм.сын.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыры қабырға иініне
сәйкес, ауырсынбайды.
Лабораториялық мәліметтері: ҚЖА: Эр-4,5* 10/12л; ТК-1,0; Л-708* 10/9л; ЭТЖ-
18мм/сағ; т/ядр- 3%; с/ядр- 72%; лимфоциттер-22%; моноциттер- 2%.
Кеуде сарайының рентгеноскопиясы: өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе мөлдірлігі
күшейген, қабырға аралықтары кеңейген, суреті күшейген, деформацияланған, түбірі
қатайған, кеңіген, синустары бос.
1. Сіздің клиникалық диагнозыңыз
2. Тексеру жоспары.
3. Ем жоспары.
Жағдайлық есеп №4
40 жастағы науқас емханаға келесі шағымдармен келді: аптасына 1-2рет болатын
тұншығу ұстамалары 30 минуттан 2 сағатқа дейңн созылады, ұстама кезінде қатты
қынайтын құрғақ сырылдар мазалайды.
Анамнезінен: өзін 6 жылдан бері ауру санайды, ауруын пневмониямен
байланыстырады. Алғашқы кезде ұстаманың ұзақтығы 5-10 минутқа созылып,
теофедрин, солутанмен басылатынболған. Соңғы 2 жылда тұншығу
ұстамаларының ұзаруына байланысты стационарда жиі жатқан. Жоғарғы тыныс
жолдарының вирустік инфекцияларымен, созылмалы іріңді бронхитпен ауырады,
ұстамадан тыс уақытта кілегейлі- іріңді қақырықпен жөтел мазалайды. Соңғы
тұншығу ұстамасы 1 сағ бұрын басталған, астмопент, теофедринді қабылдау көмек
етпеген.
Об-ті жалпы жағдайы орта ауырлықта. Дене қызуы 37,2 С. Науқас орындық
арқалығына екі қолын сүйеп отыр, дистанциялық сырылдар естіледі. Тері
жамылғылары қуқыл, диффузды және акроцианоз. Кеуде сарайы күбі тәрізді,
өкпенің төменгі шектері төмен түскен, перкуссияда қорап дыбысы, аускультацияда
әлсіреген везикулалық тыныс, тыныс шығару фазасы ұзарған, көптеген құрғақ,
ысқырықты сырылдар естіледі, т.ж. 38 рет минутына. Жүрек тондары әлсіреген,
ырғақты, 106 минутына, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті. АҚ 120/70 мм
сын.бағ. Бауырының Курловпен өлшемдері 10-8-7 см.
1. Болжам диагнозы
ТЕСТ сұрақтары:
1. Жедел бронхиттің негізгі себебі:
А) темекі шегу
Б) иммунитеттің төмендеуі
В) вирустық, бактериялық инфекция
Г) ауаның ластануы
2. Ылғалды сырылдар жедел бронхитте, жөтелден кейін қалай өзгереді:
А) өзгермейді
Б) жойылады
В) күшейеді
3. Созылмалы бронхитке тән шағымдар жиынтығын атаңыз:
А) жөтел, кеудесіндегі ауырсыну, қан қақыру
Б) әлсіздік, жөтел, дене қызбасы
В) жөтел, қақырық, ентігу
Г) ентігу, әлсіздік, қан қақыру
4. Созылмалы бронхиттің асқынуларына жатпайды:
А) өкпе эмфиземасы, пневмосклероз
Б) қан қақыру
В) тыныс жетіспеушілігі
Г) екіншілік тыныс жетіспеушілігі
Д) абсцесс, гангрена
5. Жедел бронхитке ықпал ететін себебі:
А) салқындау, темекі шегу
Б) бактериялық, вирустық инфекция
В) ауыр физикалық күш
6. Құрғақ жөтелде қолданатын ем:
А) жөтелді басатын дәрмектер
Б) қақырықты түсіретін дәрмектер
В) қақырықты сұйылтқыш дәрмектер
Г) бронхты кеңейтетін дәрмектер
7. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларындағы жүргізілетін сатылы
терапияда бірінші деңгейдегі жүргізілетін емге жатпайды:
А) темекі шегуден бас тарту
Б) әсер етуші ирританттардан сақтану
В) селекутивті В2- агонистер
Г) селективті хоминолитиктер
Д) глюкокортикоидтар
8. Бронхит кезіндегі жөтелдің бастапқы себебі:
А) бронх тармақтарының гиперсекрециясы
Б) бронх тармақтарындағы қақырық
В) бронх өткізгіштігінің бұзылысы
Г) респираторлық бронхиолалардан басылуы
Д) мукоцилиарлы транспорттың бұзылысы
9. Қай тексерулерәдісі сыртқы тыныс алу қызметін анықтайды:
А) пневмотахоматрия
Б) спирография
В) пневмоскопия
Г) пик-флоуметрия
Д) аталғандардың барлығы
10. Қандай клиникалық диагнозы бар адамға санаторлық- курорттық ем
қажет:
А) созылмалы обструкциялы бронхит, толық басылмаған кезеңі
Б) жиі қайталанатын созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі басыла
бастаған кезеңі. Тыныс жетіспеушілігі II дәрежесі
В) қан қақырумен асқынған созылмалы бронхит
Г) созылмалы іріңді бронхит, ремиссия кезеңі
Д) созылмалы іріңді бронхит, толық басылмаған кезеңі
11. Төмендегі тексерулердің біреуі тыныс алу жүйесінің рентгендік
тексерулеріне жатпайды:
А) бронхография
Б) бронхоскопия
В) флюроография
Г) томография
Д) спирография
12. Экспирациялық ентігуге қандай белгілер тән?
А) тыныс шығарудың қиындауы
Б) тыныс алудың қиындауы
В) тыныс алудың да, шығарудың да қиындауы
13. Грам оң флорамен шақырылған пневмонияның емін қандай
антибиотикпен бастау керек:
А) стрептомицин
Б) пенициллин
В) тетрациклин
Г) левомецитин
Д) эритромицин
14. Пневмония кезіндегі басты клиникалық синдром:
А) бронхиттік
Б) бронхообструкциялық
В) өкпе тінінің тығыздалуы
Г) тыныс шамасыздығы
Д) торакалгиялық
15. Пневмонияның аускультациялық белгісі
А) тыныс шығару кезіндегі ылғалды сырылдар
Б) тыныс алу кезіндегі ірі калибрлі сырылдар
В) тыныс шығару кезіндегі төмен тембрлі сырылдар
Г) тыныс алу және шығару кезіндегі майда көпіршіктіылғалды сырылдар
16. Қандай ауруда қақырықтың түсі темір таты тәрізді:
А) ошақты пневмония
Б) лобарлы пневмония
В) экссудатты плеврит
Г) өкпе абсцесі
17. Пенициллин қабылдаған, өкпесінде қабынуы бар науқастың ауыз
қуысы ақ жабындымен қапталғанда істейтін шараларға жатпайды:
А) ауыз қуысын тазарту
Б) ауыз қуысының шырышты қабатынан жағынды алу
В) науқас үнемі тістерін тазалау, науқасқа жасанды тістерін алуды ескерту
Г) саңырауқұлаққа қарсы препараттар тағайындау
18. Өкпе абцесі дегеніміз не?
А) микробтың улардың әсерінен өкпе тінінің өлістенуі
Б) өкпе паренхимасының жедел эксудатты қабыну процесі
В) өкпе тінінің ошақты іріңдеп іруі
Г) іріңді аурулар тобы
19. 80-90% өкпе абцесінің себебі:
А) аэробтар
Б) грам – оң бактериялар
В) анаэробтар
Г) грам –теріс бактериялар
20. Өкпе абцесінің жарылмаған кезенінің клиникалық белгілері:
A) терісі ылғалды, ентікпе, аз мөлшерде қақырықты жөтел, қызба
Б) аузын толтыра жөтелу, ентікпе
В) көп мөлшерде қақырықты жөтел, ентікпе, қызба, кеуде қуысының
ауырсынуы.
Г) құрғақ жөтел, қызба, қалтырау, терісі құрғақ
21. Өкпе абцесінің асқынулары:
А) қан кету, плевра эмпиемасы
Б) өкпе ісігі, өкпе туберкулезі
В) созылмалы бронхит
Г) ларингоспазм
22. Бронхоэктаз ауруының анықтамасын белгілеңіз:
А) бронхтардың кілегейлі қабығының бейспецификалық қабынуы
Б) өкпенің паренхимасының жедел эксудатты қабыну процесі
В) көптеген бронхтардың кеңеюмен, іріңді эндобронхитпен білінетін
патология
Г) плевраның қабынуы
23.Екіншілік бронхоэктаз ауруының ерекшеліктеріне жатпайды:
А) ошақты орналасады
Б) өкпе тінінің қабынкуымен, склерозымен жүреді
В) бронхтардың туа кемістігінен немесе осалдығынан дамыған
бронхоэктаздар
Г) ересек шақта дамиды
24. Өкпе рагін қандай аурумен айыру қажет емес:
А) лимфогранулематоз
Б) өкпе эхинококкозы
В) созылмалы бронхит
Г) өкпе туберкулезі
25. Өкпенің қандай ауруы баяу өрістейді:
А) жедел бронхит
Б) пневмония
В) өкпе туберкулезі, өкпе рагі
Г) плеврит, өкпе абцесі
26. Бронхографияны қандай ауруды анықтау үшін жасалады:
А) бронхоэктаз ауруды
Б) пневмонияны
В) плеврит, өкпе абсцесті
Г) созылмалы бронхитті
27. Қандай ауруда кеуде R-графияда домалақ пішінді көлеңке
анықталмайды:
А) өкпе рагінде
Б) туберкуломада
В) өкпе абсцесінде
Г) созылмалы бронхитте
28. Өкпе ганеренасы дегеніміз не?
А) микробтың улардың әсерінен өлістенуі
Б) өкпе паренхимасының жедел эксудатты қабыну процесі
В) өкпе тінінің ошақты іріңдеп іруі
Г) бронхтардың бейспецификалық қабынуы
29. Абцеске әкелетін себептерге жатпайды:
А) өкпеде операциялар
Б) комалық жағдайлар
В) ингаляциялық наркоз
Г) эпилепсия
30. Өкпесінде қуысты құрылдары (абсцес, т.б) бар науқастың барлығын
қандай ауруға тексеру керек?
А) өкпе рагі
Б) пневмония
В) өкпе туберкулезі
Г) бронхоэктаз ауруы
31. Өкпе абсцесінің емдік шараларына жатпайды:
А) антибактериялық ем
Б) позициялықдренаж
В) хирургиялық ем
Г) бронходилатациялық ем
32.Біріншілік бронхоэктаз ауруының ерекшелігіне жатпайды:
А) Бронхоэктаздар шашырынқы орналасады
Б)айналасындарғы өкпе тінінің оншалықты зақымданбаған болуы
В)балалық шақтан дамыған бронхоэктаздар
Г) бронхтардың деформациялануынан дамитын бронхоэктаз
33. Бронхоэктаз ауруының негізгі клиникалық белгілері:
А) жөтелу, ауызды толтыра іріңді қақырықтарты тастану, пневмониямен жиі
ауыру
Б) жөтелу, ентігу
В) тұншығу, ентікпе, кеуде сарайының ауырсынуы
Г)ентікпе, ауаның шығаруы қиналуы
34. Өкпе рагінде шеттік қанда анықтармайды:
А) ЭТЖ артады
Б)анемия
В)лейкоцитоз
Г)ЭТЖ төмендеуі
35.Бронхографияны қандай ауруды анықтау үшін жасалады:
А) бронхоэктаз ауруды
Б) пневмонияны
В) плеврит, өкпе абсцесті
Г) созылмалы бронхитті
36.Қандай ауруда кеуде R-графияда домалақ пішінді көлеңкі
анықталмайды:
А) Өкпе рагінде
Б) туберкуломада
В) өкпе абцесінде
Г) созылмалы бронхитте
7.Сабақтың мазмұны.
o Өз бетімен атқарылатын жұмыс: Тәжірибелік сабақта Тыныс алу ағзаларың
аурулары мен науқасқа курация жүргізіледі. н
o Науқастың шағымдарын жинаған кезде науқастарда кездесетін тыныс алу
ағзаларының ауруларна мүмкін белгілеріне жедел қақырық бөлінуімен, жөтел
уақытына көңіл аудару керек.
o Анамнезінде ауру белгілерінің динамикасына , тыныс алу ауруларын тудыратын
факторларға: темекі шегу мен тозаңданудың жоғары деңгейі анықтау қәжет..
o Физикалық тексеру. Студенттер науқасты сурастыру, физикалық тексеру кезінде
клиникалық ақпаратты жүйелеп, әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып,
симптомдарды синдромдарды топтастырыды.
o Пульс, қан қысымы, тыныс алу жиілігін анықтау.
o Науқасты бақылау нәтижелерін бағалай отырып, студенттер науқастарына ақыл-
кеңес береді.
o Оқытушымен бірге атқарылатын жұмыс жеке немесе топпен сабақ тақырыбын
талдағанда, өз бетімен өткізілген жұмыс қорытындысын талдағанда жүргізіледі.
Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау ретінде жағдайлық есептер
шығарып, тест жүргізіледі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
1. Ішкі аурулар. Калимурзина Б.С. Түркістан Тұран баспасы. 2004 ж.
2. Терапиядағы медбикелік іс. Оқулық. С.Қ.Мұратбекова, Ә.Т. Кенжебаева.
3. Ішкі аурулар . А.А. Оспанова. «Алтын Алқа» баспасы.
Қосымша:Болезни органов дыхания. Ркуаводство по внутренним болезням . Медицина
2000

More Related Content

What's hot

Patakarang pananalapi konsepto ng patakarang pananalapi
Patakarang pananalapi  konsepto ng patakarang pananalapiPatakarang pananalapi  konsepto ng patakarang pananalapi
Patakarang pananalapi konsepto ng patakarang pananalapiNathaniel Vallo
 
3 общие принципы торакальной хирургии 2014
3 общие принципы торакальной хирургии 20143 общие принципы торакальной хирургии 2014
3 общие принципы торакальной хирургии 2014nizhgma.ru
 
Мистецтво, 8 клас календарно-тематичний план за підр.Кондратової л.г.
Мистецтво, 8 клас календарно-тематичний план за підр.Кондратової л.г.Мистецтво, 8 клас календарно-тематичний план за підр.Кондратової л.г.
Мистецтво, 8 клас календарно-тематичний план за підр.Кондратової л.г.ZHOIPPO
 
Lower respiratory tract infection: BRONCHITIS, BRONCHIOLITIS, PNEUMONIA IN CH...
Lower respiratory tract infection: BRONCHITIS, BRONCHIOLITIS, PNEUMONIA IN CH...Lower respiratory tract infection: BRONCHITIS, BRONCHIOLITIS, PNEUMONIA IN CH...
Lower respiratory tract infection: BRONCHITIS, BRONCHIOLITIS, PNEUMONIA IN CH...Manisha Thakur
 
Meningitise en pediatria
Meningitise  en pediatriaMeningitise  en pediatria
Meningitise en pediatriaJose Mejia
 
Зима. Ознаки зими в неживій природі. Планування спостережень за природою взимку
Зима. Ознаки зими в неживій природі. Планування спостережень за природою взимкуЗима. Ознаки зими в неживій природі. Планування спостережень за природою взимку
Зима. Ознаки зими в неживій природі. Планування спостережень за природою взимкуКовпитська ЗОШ
 
Аплікація з підручних матеріалів (трудове навчання, 5 клас, теоретичний матер...
Аплікація з підручних матеріалів (трудове навчання, 5 клас, теоретичний матер...Аплікація з підручних матеріалів (трудове навчання, 5 клас, теоретичний матер...
Аплікація з підручних матеріалів (трудове навчання, 5 клас, теоретичний матер...Andy Levkovich
 
17. pakikialam ng pamahalaan sa pagpepresyo sa pamilihan
17. pakikialam ng pamahalaan sa pagpepresyo sa pamilihan17. pakikialam ng pamahalaan sa pagpepresyo sa pamilihan
17. pakikialam ng pamahalaan sa pagpepresyo sa pamilihanCaitor Marie
 
3rd Grading AP Ekonomiks Departmental Test
3rd Grading AP Ekonomiks Departmental Test3rd Grading AP Ekonomiks Departmental Test
3rd Grading AP Ekonomiks Departmental TestDIEGO Pomarca
 
Panic disorder with Agoraphobia
Panic disorder with AgoraphobiaPanic disorder with Agoraphobia
Panic disorder with AgoraphobiaChenoy Ceil
 
Mga Kagamitan sa Pag-aaral ng Ekonomiks
Mga Kagamitan sa Pag-aaral ng EkonomiksMga Kagamitan sa Pag-aaral ng Ekonomiks
Mga Kagamitan sa Pag-aaral ng EkonomiksJonalyn Asi
 
Aralin 18 pagsusuri ng economic performance ng bansa
Aralin 18   pagsusuri ng economic performance ng bansaAralin 18   pagsusuri ng economic performance ng bansa
Aralin 18 pagsusuri ng economic performance ng bansaedz42
 
New adm demand at supply 2020 final
New adm demand at supply 2020 finalNew adm demand at supply 2020 final
New adm demand at supply 2020 finalShiella Cells
 
ARALING PANLIPUNAN 9 IKALAWANG MARKAHAN.pptx
ARALING PANLIPUNAN 9 IKALAWANG MARKAHAN.pptxARALING PANLIPUNAN 9 IKALAWANG MARKAHAN.pptx
ARALING PANLIPUNAN 9 IKALAWANG MARKAHAN.pptxWilDeLosReyes
 

What's hot (20)

Otitis media
Otitis mediaOtitis media
Otitis media
 
Patakarang pananalapi konsepto ng patakarang pananalapi
Patakarang pananalapi  konsepto ng patakarang pananalapiPatakarang pananalapi  konsepto ng patakarang pananalapi
Patakarang pananalapi konsepto ng patakarang pananalapi
 
3 общие принципы торакальной хирургии 2014
3 общие принципы торакальной хирургии 20143 общие принципы торакальной хирургии 2014
3 общие принципы торакальной хирургии 2014
 
Мистецтво, 8 клас календарно-тематичний план за підр.Кондратової л.г.
Мистецтво, 8 клас календарно-тематичний план за підр.Кондратової л.г.Мистецтво, 8 клас календарно-тематичний план за підр.Кондратової л.г.
Мистецтво, 8 клас календарно-тематичний план за підр.Кондратової л.г.
 
Lower respiratory tract infection: BRONCHITIS, BRONCHIOLITIS, PNEUMONIA IN CH...
Lower respiratory tract infection: BRONCHITIS, BRONCHIOLITIS, PNEUMONIA IN CH...Lower respiratory tract infection: BRONCHITIS, BRONCHIOLITIS, PNEUMONIA IN CH...
Lower respiratory tract infection: BRONCHITIS, BRONCHIOLITIS, PNEUMONIA IN CH...
 
Meningitise en pediatria
Meningitise  en pediatriaMeningitise  en pediatria
Meningitise en pediatria
 
Зима. Ознаки зими в неживій природі. Планування спостережень за природою взимку
Зима. Ознаки зими в неживій природі. Планування спостережень за природою взимкуЗима. Ознаки зими в неживій природі. Планування спостережень за природою взимку
Зима. Ознаки зими в неживій природі. Планування спостережень за природою взимку
 
Аплікація з підручних матеріалів (трудове навчання, 5 клас, теоретичний матер...
Аплікація з підручних матеріалів (трудове навчання, 5 клас, теоретичний матер...Аплікація з підручних матеріалів (трудове навчання, 5 клас, теоретичний матер...
Аплікація з підручних матеріалів (трудове навчання, 5 клас, теоретичний матер...
 
17. pakikialam ng pamahalaan sa pagpepresyo sa pamilihan
17. pakikialam ng pamahalaan sa pagpepresyo sa pamilihan17. pakikialam ng pamahalaan sa pagpepresyo sa pamilihan
17. pakikialam ng pamahalaan sa pagpepresyo sa pamilihan
 
3rd Grading AP Ekonomiks Departmental Test
3rd Grading AP Ekonomiks Departmental Test3rd Grading AP Ekonomiks Departmental Test
3rd Grading AP Ekonomiks Departmental Test
 
(2023-25-04) Tuberculosis (doc).docx
(2023-25-04) Tuberculosis (doc).docx(2023-25-04) Tuberculosis (doc).docx
(2023-25-04) Tuberculosis (doc).docx
 
Panic disorder with Agoraphobia
Panic disorder with AgoraphobiaPanic disorder with Agoraphobia
Panic disorder with Agoraphobia
 
давня весна
давня веснадавня весна
давня весна
 
Mga Kagamitan sa Pag-aaral ng Ekonomiks
Mga Kagamitan sa Pag-aaral ng EkonomiksMga Kagamitan sa Pag-aaral ng Ekonomiks
Mga Kagamitan sa Pag-aaral ng Ekonomiks
 
Aralin 18 pagsusuri ng economic performance ng bansa
Aralin 18   pagsusuri ng economic performance ng bansaAralin 18   pagsusuri ng economic performance ng bansa
Aralin 18 pagsusuri ng economic performance ng bansa
 
Ap 9 module 1 q1
Ap 9 module  1 q1Ap 9 module  1 q1
Ap 9 module 1 q1
 
Uri ng salapi
Uri ng salapiUri ng salapi
Uri ng salapi
 
New adm demand at supply 2020 final
New adm demand at supply 2020 finalNew adm demand at supply 2020 final
New adm demand at supply 2020 final
 
Epiglottitis
EpiglottitisEpiglottitis
Epiglottitis
 
ARALING PANLIPUNAN 9 IKALAWANG MARKAHAN.pptx
ARALING PANLIPUNAN 9 IKALAWANG MARKAHAN.pptxARALING PANLIPUNAN 9 IKALAWANG MARKAHAN.pptx
ARALING PANLIPUNAN 9 IKALAWANG MARKAHAN.pptx
 

Similar to анаркулова ашық сабақ

Өкпе физиологиясы (Тыныс алу жүйесі физиологиясы. ).pptx
Өкпе физиологиясы (Тыныс алу жүйесі физиологиясы. ).pptxӨкпе физиологиясы (Тыныс алу жүйесі физиологиясы. ).pptx
Өкпе физиологиясы (Тыныс алу жүйесі физиологиясы. ).pptxitszharqynai
 
3012 екіншілік туберкулез.pptx
3012 екіншілік туберкулез.pptx3012 екіншілік туберкулез.pptx
3012 екіншілік туберкулез.pptxssuser6a10ee
 
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістеріТыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістеріajdanakinaatova
 
хир.pptx
хир.pptxхир.pptx
хир.pptxMrKim14
 

Similar to анаркулова ашық сабақ (11)

Өкпе физиологиясы (Тыныс алу жүйесі физиологиясы. ).pptx
Өкпе физиологиясы (Тыныс алу жүйесі физиологиясы. ).pptxӨкпе физиологиясы (Тыныс алу жүйесі физиологиясы. ).pptx
Өкпе физиологиясы (Тыныс алу жүйесі физиологиясы. ).pptx
 
3012 екіншілік туберкулез.pptx
3012 екіншілік туберкулез.pptx3012 екіншілік туберкулез.pptx
3012 екіншілік туберкулез.pptx
 
жіті және созылмалы гломерулонефриттер.бсж.
жіті және созылмалы гломерулонефриттер.бсж.жіті және созылмалы гломерулонефриттер.бсж.
жіті және созылмалы гломерулонефриттер.бсж.
 
артериялық гипертония
артериялық гипертонияартериялық гипертония
артериялық гипертония
 
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістеріТыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
 
конф.акмарал
конф.акмаралконф.акмарал
конф.акмарал
 
630693.pptx
630693.pptx630693.pptx
630693.pptx
 
ревматизм
ревматизмревматизм
ревматизм
 
хир.pptx
хир.pptxхир.pptx
хир.pptx
 
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктерікейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
кейбір дәрілік заттарды енгізу ерекшеліктері
 
учебно методическое пособие
учебно методическое пособиеучебно методическое пособие
учебно методическое пособие
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

анаркулова ашық сабақ

  • 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «Сайрам» колледжі Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Р.Сабуров _______ «_____» ___________2016ж ПЦК «Ішкі аурулар» Пәні: Терапиядағы медбикелік іс Тақырыбы: «Бронхиттер. Бронх демікпесі. Жедел пневмониялар, өкпенің іріңді аурулары.Медбикелік үрдісті ұйымдастыру.» Курс: IV МІ 09 13 «Б» II топша Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс» Ашық сабақ Даярлаған:Анаркулова Қ.С Шымкент 2016ж
  • 2. 1.Тақырыбы:Кіріспе.Ішкі аурулар пәніне кіріспе, оның мақсаты мен міндеттері, даму кезеңдері, медбикенің науқасты тексерудегі ролі.Тыныс алу жүйесінің аурулары: Бронхиттер. Бронх демікпесі. Жедел пневмониялар, өкпенің іріңді аурулары.Медбикелік үрдісті ұйымдастыру 2.Оқу сағаты: 6сағат. 3. Тақырыптың мотивациялықсипаттамасы: Ішкі аурулар – ішкі мүшелер ауруларының себебін, клиникалық белгілерін, диагностикасын, емін, профилактика шараларын зерттейтін медицинаның бір саласы. Ішкі аурулар сөзінің синонимі – терапия термині. Терапия емдеу деген мағынаны білдіреді. Аурухананың терапия бөлімі ішкі мүшелер ауруларын емдейді. Ауру (кесел) – сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен адам ағзасында дамитын патологиялық процесс. Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен ағзаның қорғаныс реакциялары жауап қайтара бастайды, сондықтан ауруды ағза қызметімен қорғаныс реакцияларының бұзылуының қосындысы деп түсіну қажет. Ауру жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел ауру белгілі бір уақыт аралығында өтеді, ал созылмалы ауру науқаспен өмір бойы бірге болуы мүмкін. Ауру бірнеше сатылардан өтеді. Тыныс ағзалары аурулардың ішінде ЖРВИ жалпы балалар аурушаңдығының негізгі себебі. Аурушаңдықтың құрылымына тыныс ағзаларының морфологиялық және функциялық шара жетілмегендігіне байланысты болатын жасына сай АФЕ белгілі әсерін Жедел ауру келесі сатылардан (кезеңдерден) тұрады. - Жасырын (латентті, инкубациялық) кезең, бұл кезеіде адам ағзасында науқасқа білінбейтін және сыртқы ортаға көрінбейтін процестер жүреді. - Продромалды кезеңі аурудың алғашқы белгілері пайда болып, оның толық дамуымен сипатталады. - Аурудың қызған кезеңі. - Жазылу кезеңі Этиология – аурудың себебі туралы ілім. Аурудың себебі туралы факторлар болады. Этиологиялық факторларды бірнеше топқа бөледі: 1. Физикалық себептер. 2. Химиялық себептер. 3. Механикалық себептер. 4. Биологиялық себептер. 5. Тамақтанудың себептері. 6. Психогендік факторлар. 7. Әлеументтік факторлар. 8. Тұқым қуалаушылық факторы. Симптом– аурудың бір ғана белгісі. Симптомдар екіге бөлінеді: субъективті және объективті. Субъективті симптомдар– тек қана науқас сезінетін белгілер(жүректің айнуы, кеуденің шаншуы, бастың айналуы).
  • 3. Объективті симптомдар – науқасты тікелей тексергенде анықталатын белгілер (жүректің кеңеюі, құсу, қақырық шығару, тахикардия). Синдром – бір-бірімен тікелей байланысқан симптомдар жиынтығы. Мысалы; бронходструкция синдромы – тынысты шығару қиындайды, қиындықпен шығатын қақырық, жөтел. Диагностика – ауруды анықтау әдістері туралы ілім. Бұл өте кең ұғым, өйткені, бұл диагноз қоюға бағытталған бүкіл тексеру процесін құрайды. Диагноз – медицина терминологиясының көмегімен берілген аурудың қысқаша қорытындысы. Диагнозға аурудың аты, этиологиясы, кезеңі, асқынуы кіреді. Диагноздың алдын - ала және соңғы түрі болады. Алдын – ала диагноз науқасты толық тексермей қойыла береді, ал қорытынды диагноз – науқас толық клиникалық, лабораториялық тексеруден өткен соң қойылады. Жедел және созылмалы бронхиттер - өкпенің бейспецификалық аурулар тобына жатады, тыныс алу жүйесі арасындағы аурулардың ішінде ең жиі кездеседі. Созылмалы бронхит және оның асқынулары жалпы өлім себептеріңнің ішінде 3-4 орындарды алады, тек жүрек - тамыр және онкологиялық ауруларға орын береді. Үлкен тұрғындар арасында өкпенің бейспецификалық ауруларының саны 5-20 %- ға дейін жетеді. Көбінесе ауру кеш анықталады және пульмонологиялық мүгедектіктің негізгі себебі болып табылады. Пневмониялар – өкпенің респирациялық бөлшектерінің басым зақымдануымен, альвеолалардың экссудациясымен сипатталадын, бірақ зақымдалған анатомиялық құрылымдардың бұзылысына әкелмейтін өкпенің жедел инфекциялық қабыну процесі. Пневмония –жиі кездесетін, өлімге әкелетін себептердің ішінде 6-шы орындағы, ал аурухана ішілік инфекциядан болатын өлім себебі ретінде юіріші орындағы ауру. Соңғы 30 жылда оның жиілігі 5 есе көбейіп, қазіргі кезде 1000 адамға шаққанда даму саны 10- 13,8 шамасында. Пневмониядан ауруханадағы өлім саны 8,0-8,7%. Этиологиясы. Пневмонияның дамуына көптеген қоздырғыштар– бактериялар, микоплазма, хламидия, легионелла, саңырауқұлақшалар, қарапайымдар т.б. әкеледі. Этиологиясына қарай пневмонияның 40 жуық түрлері белгілі. Дерттің дамуында қоздырғыштармен қатар бейімдеуші ықпалдардың да маңызы зор; суықтау ( пневмония салқын мезгілдерде жиіленеді); кеуде сарайының жарақаттары; іш қуысының операциялары; дене қимылын шектейтін ауыр жағдайлар; аспирацияға алып келетін себептер (ингаляциялық наркоз, алкогольмен улану, кома, жүйке аурулары); балалық және кәрілік жас (беске толмаған балалар және 65- тен асқан кәрі); тыныс жолдарының фондық аурулары (бронхтық астма, бронхит, даму ақаулары, ЛОР- паталогия, болып өткен пневмониялар); шылым шегу; қоршаған ортаның зиянды әсерлері; жүрек шамасыздығы, иммундық тапшылық жағдайлары; цитостатиктік, стероидтық ем, лейкопения, қантты диабет, ЖИТС. Пневмонияның жаңаша классификациясы.(Пульмонологтардың 5-ші Ұлттық конгресі, Мәскеу, 1995). І. Пневмонияның этиологиялық түрлері.
  • 4. II. Пневмония дамуының эпидемиологиялық жағдайларына қарай. 1. Ауруханадан тыс (біріншілік, амбулаториялық үй жағдайында дамыған). 2. Ауруханалық ( ауруханаішілік, нозокомиальдік). 3. Атипті пневмониялар. 4. Иммундық жетіспеушіліктің үстінде дамыңан пневмониялар. 5. Нейтропения үстінде дамыған пневмониялар. III. Пневмонияның орналасуы және көлемі ( бір жақты –сол, оң жақты); а) тотальді; б) бөліктік; в) сегменттік; г) бөлшектік; д) орталық (түбір маңы); қос жақты (көлемін көрсетіп). IV. Пневмонияның ауырлық дәрежесі (ауыр, орташа ауырлықты, жеңіл ). V. Асқынулары (өкпелік, өкпеден тыс). VI. Пневмонияның фазалары – қызы, шешілу, реконвалесценция (сауығу), созылыңқы барыс. Ауруханадан тыс дамыған пневмониялар. Егерде пневмонияға әкелетін инфекция ауруханадан тыс жағдайда жұқса, ол ауруханадан тыс дамыған пневмония болып табылады. Пневмококктық пневмониялар ауруханадан тыс дамыған пневмониялардың ең жиі түрі. Пневмококк сау адамдардың көмекейінде 5-25% табылады. Пневмония көбіне аутоинфекцияның төмен түсуінен дамиды. Табиғи барысында дамыған классикалық пневмококктық пневмококктық пневмонияның үш сатысын айырады: 1. Тасу (гиперемия) сатысы алғашқы 1-3 тәулікке созылатын.Құрамында пневмококктар мен фибрині өте көп экссудат альвеолалардыбірінен соң бірін, біртіндеп толтырады. 2. Бауырлану (гепатизация, тығыздалу) патанатомия саласынан екі фазамен дамиды: а) қызыл бауырлану (аурудың 4-5 тәуліктері) – альвеолалар ішіндегі экссудантқа эритроциттер, нейтрофильдер, фибрин көп мөлшерде өтеді. ә) сұр бауырлану (аурудың 6-7 күндері), тығыздалған өкпеде лейкоциттерің саны басым болып, фагоцитоз процесі аяқталады. 3. Шешілуі (сауығу). Альвеолаларға келген макрофаттар бактериялардың, фибриннің, өлген нейтрофильдердің қалдықтарын жойып тазартады. Клиникалық белгілері – негізгі клиникалық синдромдар (бұл синдромдар тек пневмококктық емес, пневмониялардың барлықэтиологиялық түріне ортақ): Интоксикациялық(әлсіздік, делсалдық, тәбеттің жойылуы, бастың ауруы, бұлшықеттердің ауырсынуы, жүрек соғуы). Өкпенің қабыну өзгерістері (қақырықты жөтел, кеуденің ауырсынуы, тыныс қимылында кеуденің бір жағының ауырлауы, дауыс дірілімен бронхофонияның күшеюі, перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, ылғал сырылдар, осы ауруға тән ренгендік өзгерістер). Бейспецификалық қабыну өзгерістері (қалтырау, қызудың көтерілуі, қанның жедел фазалық көрсеткіштерінің жоғарылауы: ЭТЖ-ның жоғарылануы, СРБ- тың пайда болуы, фибриногеннің көбеюі). Тыныс жетіспеушілікгі(ентікпе, тахипноэ, үстірт тынысы, гипоксемия).
  • 5. Кеуде құрсақтық синдром (диафрагмалық плевраның зақымдануынан ауырсынудың іш қуысына тарауы). Өкпеден тыс зақымданулар (гепетит, миокардит, гломерулонефрит, энцефалопатия, менингизм, нефропатия). Өкпенің іріңді аурулары (абсцесс және гангрена) пневмониттер тобына жатады. Пневмонит деп өкпе тіннің қайтымсыз зақымдануына алып келетін ауруларды айтады. Өкпе абсцессі – өкпе тінінің ошақты іріндеп іруі (іріңге айналуы). Өкпе гангренасы – микробтың улардың әсерінен некрозы (өліеттенуі). Деструкциялық пневмониттердің үш түрін айырады: 1) іріңді абсцесс– көбіне аэробтық инфекияның әсерінен өкпенің ошақты іріңді іруі. Ірінді ошақтың сау тіннен айқын шектелуі тән; 2) өкпе гангренасы- көбіне анаэробтық инфекцияның әсерінен өкпенің көлемді некрозы. Бұл жағдайда некроздалған тіннің сау тіннен шектеліп бөлінуге бейімділігі болмайды; 3) гангреналық абсцесс– некроздалған ошақтың шектеліп, қуыс түзуіне бейімделген кезеңі. Қалыптаса бастаған қуыстағы некроздалған тіннің бөлшектері іріп, іріңге айналады. Пневмониттің бір түрі екінші түріне ауысуы мүмкін. Мәселен, гангрена – гангреналық абсцеске, гангреналық абсцесс – ірінді абсцеске. Этиологиясы.Өкпе абсцесінің негізгі себебі –некроздаушы инфекция (алтын сары стафилококк клебсиелла, А топты стрептококтар, бактероид-тар, фузобактериялар, анаэробтық микроаэрофилдік коктар және стрептококтар, нокардиялар, т.б). Осылардың ішінде ең маңыздылары спора түзбейтін,ауыз қуысын мекендейтін облигаттық анаэробтар: бактериодтар, фузобактериялар, анаэробтық коктар. Өкпе абсцеснің 80-90%- да анаэробтар анықталады. Сонымен, өкпе тініне инфекция түсінің негізгі көзң ауыз қуысы болып табылады. Патогенезі. Инфекция түсу жолдарының ерекшелігіне қарай пневмониттердің мына түрлерін айырады: бронхогендік (аспирациялық постпневмониялық обтурациялық); гемотогенді-эмболиялық; жарақаттық; басқалары (ірінді процестің көрші мүшелерден тарап ауысуынан дамитын). Өкпе гангренасындадеструкция көлемі өте ірібұл өкпе іріңдігінің ең ауыр түрі. Оның дамуы үшін алдымен өкпеде некроздық өзгерістер болуы тиіс ал шіріткіш анаэробтар некроздалған тінге еніп, оны шірітеді. Гангреналық ошақта өкпе тіні ісініп жұмсарады және ыдырап іриды. Некроздалған өкпе тінінде ұршық тәрізді таяқшалар мен спирохеталар толып жүреді. Инфильтрациялық зона мен шіріп ыдыраған ошақтың шекарасы анық шектелмейді. Пиогенді мембрананың жоқтығынан улы заттар қанға еркін сіңіп, аса ауыр интоксикацияны туғызады. Гангреналық процесс біртіндеп сау тінге тарайды. Микробтардың ерекшелігінен некроздалған тін қою май тәрізді болады, оңайлықпен іріңге айналып, сұйылмайды. Сондықтан өкпе бөлшектерінің сұйылуы және қақырықпен бөлінуі көптеген апталарға, айларға созылуы мүмкін. Өкпе гангренасының барысы көбіне қатерлі, өкпеден қан кетуге және плевра эмпиемасына жиі алып келеді. Барысы сәтті болған жағдайда некроз процесі тоқтайды, шіріген өкпе тіні бөлшектеніп іриді және сұйылады, яғни іріңге айналады. Осының нәтижесінде аса ірі, пішіні бұрыс қуыс пайда болады. Өкпе тінінің бөлшектері қуыстың қабырғасына жабысқан немесе оның ішіңде бос жатады. Жүре-бара қуыстың айналасында процесті шектейтін пиогендік мембрана түзіледі. Гангрена осылайша абсцеске айналады. Клиникалық көрінісі. Өкпе абсцесімен ауырғандардың анамнезінде мына бір жағдайлардың болуы тән: есі жоғалғанша арақ ішу, мас күйінде суықтау, наркоздың асқынулары, тамақ ішкеннен кейін болған эпилепсиялық ұстама, инсульт, бас-ми травмасы, бет-жақтың жарақаттары, өңештің, тістің, иектің аурулары, фарингит, тонзиллит, ауыр вирустық-респирациялық инфекция, ірі бронхтың рагы. Клиникалық тұрғыдан өкпе іріңдігінің екі кезеңін айырады: жарылмаған және жарылған абсцесс.
  • 6. Бірінші кезеңде науқастың тері жамылғылары боз, қуқыш реңді және ылғал. Ентікпе бодады, кеуде жартысының тыныс қимылында қалың-қылығы байқалады. Абсцесс аймағында дауыс дірілі әлсіз және қабырғааралықтың ауырсынуы мен гиперестезиясы (Крюков белгісі) анықталады. Перкуссия арқылы тұйық немесе тұйықталған дыбыс, тыңдағанда бронхтық немесе әлсіз везикулярлы тыныс, ылғал сырылдар мен крепитация және плевра үйкеліс шуы естілуі мүмкін. Абсцестің бұл кездегі рентгендік көрісі полисегменттік немесе беліктік пневмонияға ұқсайды ( бір немесе екі сегментті қамтитын инфильтрациялық көлеңке, өкпе түбірінің кеңеюі). Осы сатыда абсцесс туралы күдік туғызатын белгілердің бірі- қабынған ошақтың (тіннің) ісінуінен бөлік аралық шктердің томпаюы және гангрена болған жағдайда анаэробтардың, бөлген газдардың инфильтрация аймағында дақтар түрінде жиналуы. Екінші кезең- іріндіктің бронхқа жарылуынан басталады. Аурудың классикалық түрінде бұл кезде науқас кенет үсті-үстіне қатты жөтеліп, « аузын толтыра» сасық қақырық тастайды ( тәулігіне 100-1000мл). Егер іріндіктің тесілген бронхы жіңішке және оның қабырғалары ісінген болса, онда қақырық басында аз-аздан бөлініп, кейін күн сайын біртіндеп көбейеді. Анаэробтық инфекцияда қақырық өте сасық. Тұндырып қойған қақырық үш қабатқа айырылады: төменгі қабаты- ақшыл сары, сұрғылт немесе қоңыр түсті қою іріңнен және Дитрих тығыншаларынан, сасық иісті өкпе тінініңшіріген ұсақ бөлшектерінен тұрады. Ортаңғы сероздық қабаты- созылмалы, бұлыңғыр,сілекейі мол сұйықтық. Жоғарғы қабаты- ірің аралас көпіршікті кілегей. Бронх демікпесі- негізіне аллергиялық қабыну және бронхтар гиперреактивтілігі жататын, тыныс қиындығы ұстамаларымен білінетін, диффузды обструкция, беткейлі бронх еттерінің спазмы, шырыш гиперсекрециясы, бронх қабаты ісінуімен белгілі ауру. 4.Сабақтың мақсаты:Ауру этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, диагнозын қою, емі және алдын –алу шаралары бойынша оқушылардің білімін тексеру. Нақты бір науқас бойынша, оқушыларды клиникалық, лабораториялық аспаптық диагноз қою негіздеріне, емдеу және алдын алу шараларына үйрету. Студент білуі тиіс (негізгі білімі бойынша): 1.Тыныс алу жүйесінің анатомиялық құрылысын; 2.Тыныс алу жолдарының және өкпенің қызметтерін; 3.Науқасты физикалық тексеру әдістерін; 4.Қосымша лабораторлы – аспаптықзерттеу әдістерін. Студент істей алу тиіс: 1. Науқастың шағымдарын, ауру және өмір анамнезін жинауды; 2. Науқасты жалпы зерттеу жолдарын; 3. Симптомдарды анықтап алып, оларды синдромдарға құрастыруды; 4. Алдын – алу диагнозын қоюды; 5. Салыстырмалы диагноз жүргізіп, клиникалық диагнозды негіздеуді; 6. Ауруы бар науқасқа жеке терапияны тағайындауды;
  • 7. 7. Еңбекке қабілеттілігі мен кейінгі өміріне болжам жасауды. 5. Сабаққа дайындалу сұрақтары: Жедел және созылмалы бронхиттер. 1. Аурудың анықтамасы, этиологиялық факторлары: физикалық, химиялық, гиперергиялық. 2. Ауру дамуына мүмкіндік тудыратын факторлар: шылым шегу, суықтау, улы заттармен дем алу. 3. Патогенезі және клиникалық көріністері. 4. Диагнозын қою, емі және алдын – алу. 5. БДҰ эксперт комиссиясының диагноздық критерийлері. 6. Жіктелуі: қабынуы процесінің ерекшеліктері бойынша, қызметтік сипаты бойынша, ару фазасы, асқынуы бойынша. 7. Клиникалық көріністері,. Ағымы, аурудың асқынуы. 8. Емдік дене шынықтыру. Алдын-алу. Ақпараттық – дилактикалық блок. Сабақтың мазмұны. Өз бетімен атқарылатын жұмыс:тәжірбелік сабақта ауру науқасқа курация жүргізіледі.Науқастыңшағымдарын жинаған кезде науқастарда кездесетін ауру белгілеріне (2 жыл бойы жедел қақырықтың бөлінуімен, жедел көбінесе таңертеңгі уақытта) көңіл аудару керек. Анамнезінде ару белгілерінің динпмикасына, Ауру тудыратын факторларға: темекі шегу мен тозаңданудың жоғары деңгейі және ауа бассейінінің газдануы айқындайды. Әрі қарай, оқушылар науқасты физикалық тексереді. Оқушылар науқасты сұрастыру, физикалықтексеру кезінде клиникалық ақпараттарын жүйелеп, әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, симптомдарды синдромға топтастырады. Көптеген науқастарда келесі синдромдарды білуге болады: бронхообструктивті, тыныс жетіспеушілігі, екпе текті жүректің синдромдары. Сонан соң оқушылар курация жасаған науқастың ауруының клиникасымен оқу-әдістемелік құралда берілген ауруда кездесетін аурулардың типтік клиникалық көрінісімен салыстыра отырып, алдын-ала диагноз қояды. Сонымен бірге, оқушылар қосымша зерттеу жоспарын құрады. Оқушылар мұғаліммен бірге қосымша лабораторлық жәнне аспаптық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдап, қорытындык клиникалық диагнозды құрастырады.Оқушылар ауруға нақты науқасқа ем тағайындайды. Ауруды емдеу сұрақтарын талқылаған кезде этиологиялық, патогенездік және симптомдық емдеу сұрақтарына назар аударады. Сонан соң оқушылар курациялаған науқастарына ақыл - кеңес береді. Әрі қарай, ауру біріншілікті және екіншілікті алдын- алу шаралары қарастырылады. Оқытушымен бірге атқарылатын жұмыс жеке немесе топпен сабақ тақырыбын талдағанда, өз бетімен өткізілген жұмыс қорытындысын талдағанда, ауруларды клиникалық талдағанда жүргізіледі. Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау ретінде жағдайлық есептер шығарып, тест жүргізіледі.
  • 8. Жағдайлық есеп №1 Науқас С., дәрігерге келіп мынадай шағымдарын айтты: аз мөлшерде ақшыл кілегейлі, қақырықпен жөтел, жалпы әлсіздік, терлегіштік, басының ауруы. Ауырғанына 3 күн болды. Бүгін температурасы күн болды. Бүгін температурасы 38,50C- дейін жоғарылады. Қарау: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі өзгермеген. Пальпация, перкуссияда өзгеріс жоқ. Аускультацияда: қатаң тыныс, ірі көпіршікті ылғалды сырылдар кеуде қуысының әр жерінен естіледі. Қан анализі: лейкоциттер -11,0*10/9л, ЭТЖ 1,5мм/сағ. Қақырық анализі: көлемі 15мл, эпителийі 8-10к/а., эритроциттер жоқ. Рентгенде- өкпе суреті күшейген. 1. Сіздің болжамды диагнозыңыз? 2. Емдеу жоспарын жазыңыз. 3. Рецептураны жазыңыз. Жағдайлық есеп №2 Науқас К., дәрігерге келіп, мынадай шағымдарын айтты: ауырғанына 2 күн болды. Ауруы құрғақ жөтелден басталды. Жөтелгенде төс асты тырнаған сияқты ауырады, температурасы көтерілді- 37,5 С-қа дейін, жалпы әлсіздік. Қарау: жалпы жағдайы орташа. Терісі ылғалды, дауыс дірілі өзгермеген, перкуссияда анық өкпе дыбысы. Аускультацияда қатаң тыныс, құрғақ ызыңдаған сырылдар әр жерден естіледі. Қан анализі: лейкоциттер: 10,0*10/9л, ЭТЖ- 12мм/сағ. Рентгенде өзгеріс жоқ. 1. Сіздің болжам диагнозыңыз? 2. Емін жазыңыз. Жағдайлық есеп №3 60 жастағы науқас стационарға келесі шағымдармен түсті: кілегейлі іріңді қақырықпен жөтел, тәулігіне 100 мл-ге дейін, жөтелден және шамалы күш түсуден болатын демікпе, жиі бастың ауруы, әсіресе жөтел ұстамасынан кейін. 20 жылдан бері сырқаттанады. Мезгіл-мезгіл стационарда емделеді. Аурудың өршуі жылдың салқын кезінде болады. 20 жылдан бері күніне 1,5 қораптан темекі тартады. Об-ті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бетінің, қолдарының цианозы байқалады, шамалы күш түсуден демікпе пайда болады. Тыныс шығару ұзарған, шулы, перкуторлы- қорап дыбысы. Аускультацияда қатаң, әлсіз тыныс, тыныс шығару фазасы ұзарған. Өкпе үстінде құрғақ ысқырықты және гүжілдеген сырылдар, бірен-саран ылғалды сырылдар өкпенің төменгі бөлігінен естіледі. ТАЖ 26 рет
  • 9. минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, тахикардия. Пульс 98 рет минутына. АҚ- 150/90мм.сын.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыры қабырға иініне сәйкес, ауырсынбайды. Лабораториялық мәліметтері: ҚЖА: Эр-4,5* 10/12л; ТК-1,0; Л-708* 10/9л; ЭТЖ- 18мм/сағ; т/ядр- 3%; с/ядр- 72%; лимфоциттер-22%; моноциттер- 2%. Кеуде сарайының рентгеноскопиясы: өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе мөлдірлігі күшейген, қабырға аралықтары кеңейген, суреті күшейген, деформацияланған, түбірі қатайған, кеңіген, синустары бос. 1. Сіздің клиникалық диагнозыңыз 2. Тексеру жоспары. 3. Ем жоспары. Жағдайлық есеп №4 40 жастағы науқас емханаға келесі шағымдармен келді: аптасына 1-2рет болатын тұншығу ұстамалары 30 минуттан 2 сағатқа дейңн созылады, ұстама кезінде қатты қынайтын құрғақ сырылдар мазалайды. Анамнезінен: өзін 6 жылдан бері ауру санайды, ауруын пневмониямен байланыстырады. Алғашқы кезде ұстаманың ұзақтығы 5-10 минутқа созылып, теофедрин, солутанмен басылатынболған. Соңғы 2 жылда тұншығу ұстамаларының ұзаруына байланысты стационарда жиі жатқан. Жоғарғы тыныс жолдарының вирустік инфекцияларымен, созылмалы іріңді бронхитпен ауырады, ұстамадан тыс уақытта кілегейлі- іріңді қақырықпен жөтел мазалайды. Соңғы тұншығу ұстамасы 1 сағ бұрын басталған, астмопент, теофедринді қабылдау көмек етпеген. Об-ті жалпы жағдайы орта ауырлықта. Дене қызуы 37,2 С. Науқас орындық арқалығына екі қолын сүйеп отыр, дистанциялық сырылдар естіледі. Тері жамылғылары қуқыл, диффузды және акроцианоз. Кеуде сарайы күбі тәрізді, өкпенің төменгі шектері төмен түскен, перкуссияда қорап дыбысы, аускультацияда әлсіреген везикулалық тыныс, тыныс шығару фазасы ұзарған, көптеген құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі, т.ж. 38 рет минутына. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, 106 минутына, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті. АҚ 120/70 мм сын.бағ. Бауырының Курловпен өлшемдері 10-8-7 см. 1. Болжам диагнозы ТЕСТ сұрақтары: 1. Жедел бронхиттің негізгі себебі: А) темекі шегу Б) иммунитеттің төмендеуі
  • 10. В) вирустық, бактериялық инфекция Г) ауаның ластануы 2. Ылғалды сырылдар жедел бронхитте, жөтелден кейін қалай өзгереді: А) өзгермейді Б) жойылады В) күшейеді 3. Созылмалы бронхитке тән шағымдар жиынтығын атаңыз: А) жөтел, кеудесіндегі ауырсыну, қан қақыру Б) әлсіздік, жөтел, дене қызбасы В) жөтел, қақырық, ентігу Г) ентігу, әлсіздік, қан қақыру 4. Созылмалы бронхиттің асқынуларына жатпайды: А) өкпе эмфиземасы, пневмосклероз Б) қан қақыру В) тыныс жетіспеушілігі Г) екіншілік тыныс жетіспеушілігі Д) абсцесс, гангрена 5. Жедел бронхитке ықпал ететін себебі: А) салқындау, темекі шегу Б) бактериялық, вирустық инфекция В) ауыр физикалық күш 6. Құрғақ жөтелде қолданатын ем: А) жөтелді басатын дәрмектер Б) қақырықты түсіретін дәрмектер В) қақырықты сұйылтқыш дәрмектер Г) бронхты кеңейтетін дәрмектер 7. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларындағы жүргізілетін сатылы терапияда бірінші деңгейдегі жүргізілетін емге жатпайды: А) темекі шегуден бас тарту
  • 11. Б) әсер етуші ирританттардан сақтану В) селекутивті В2- агонистер Г) селективті хоминолитиктер Д) глюкокортикоидтар 8. Бронхит кезіндегі жөтелдің бастапқы себебі: А) бронх тармақтарының гиперсекрециясы Б) бронх тармақтарындағы қақырық В) бронх өткізгіштігінің бұзылысы Г) респираторлық бронхиолалардан басылуы Д) мукоцилиарлы транспорттың бұзылысы 9. Қай тексерулерәдісі сыртқы тыныс алу қызметін анықтайды: А) пневмотахоматрия Б) спирография В) пневмоскопия Г) пик-флоуметрия Д) аталғандардың барлығы 10. Қандай клиникалық диагнозы бар адамға санаторлық- курорттық ем қажет: А) созылмалы обструкциялы бронхит, толық басылмаған кезеңі Б) жиі қайталанатын созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі басыла бастаған кезеңі. Тыныс жетіспеушілігі II дәрежесі В) қан қақырумен асқынған созылмалы бронхит Г) созылмалы іріңді бронхит, ремиссия кезеңі Д) созылмалы іріңді бронхит, толық басылмаған кезеңі 11. Төмендегі тексерулердің біреуі тыныс алу жүйесінің рентгендік тексерулеріне жатпайды: А) бронхография Б) бронхоскопия В) флюроография
  • 12. Г) томография Д) спирография 12. Экспирациялық ентігуге қандай белгілер тән? А) тыныс шығарудың қиындауы Б) тыныс алудың қиындауы В) тыныс алудың да, шығарудың да қиындауы 13. Грам оң флорамен шақырылған пневмонияның емін қандай антибиотикпен бастау керек: А) стрептомицин Б) пенициллин В) тетрациклин Г) левомецитин Д) эритромицин 14. Пневмония кезіндегі басты клиникалық синдром: А) бронхиттік Б) бронхообструкциялық В) өкпе тінінің тығыздалуы Г) тыныс шамасыздығы Д) торакалгиялық 15. Пневмонияның аускультациялық белгісі А) тыныс шығару кезіндегі ылғалды сырылдар Б) тыныс алу кезіндегі ірі калибрлі сырылдар В) тыныс шығару кезіндегі төмен тембрлі сырылдар Г) тыныс алу және шығару кезіндегі майда көпіршіктіылғалды сырылдар 16. Қандай ауруда қақырықтың түсі темір таты тәрізді: А) ошақты пневмония Б) лобарлы пневмония В) экссудатты плеврит
  • 13. Г) өкпе абсцесі 17. Пенициллин қабылдаған, өкпесінде қабынуы бар науқастың ауыз қуысы ақ жабындымен қапталғанда істейтін шараларға жатпайды: А) ауыз қуысын тазарту Б) ауыз қуысының шырышты қабатынан жағынды алу В) науқас үнемі тістерін тазалау, науқасқа жасанды тістерін алуды ескерту Г) саңырауқұлаққа қарсы препараттар тағайындау 18. Өкпе абцесі дегеніміз не? А) микробтың улардың әсерінен өкпе тінінің өлістенуі Б) өкпе паренхимасының жедел эксудатты қабыну процесі В) өкпе тінінің ошақты іріңдеп іруі Г) іріңді аурулар тобы 19. 80-90% өкпе абцесінің себебі: А) аэробтар Б) грам – оң бактериялар В) анаэробтар Г) грам –теріс бактериялар 20. Өкпе абцесінің жарылмаған кезенінің клиникалық белгілері: A) терісі ылғалды, ентікпе, аз мөлшерде қақырықты жөтел, қызба Б) аузын толтыра жөтелу, ентікпе В) көп мөлшерде қақырықты жөтел, ентікпе, қызба, кеуде қуысының ауырсынуы. Г) құрғақ жөтел, қызба, қалтырау, терісі құрғақ 21. Өкпе абцесінің асқынулары: А) қан кету, плевра эмпиемасы Б) өкпе ісігі, өкпе туберкулезі В) созылмалы бронхит Г) ларингоспазм 22. Бронхоэктаз ауруының анықтамасын белгілеңіз:
  • 14. А) бронхтардың кілегейлі қабығының бейспецификалық қабынуы Б) өкпенің паренхимасының жедел эксудатты қабыну процесі В) көптеген бронхтардың кеңеюмен, іріңді эндобронхитпен білінетін патология Г) плевраның қабынуы 23.Екіншілік бронхоэктаз ауруының ерекшеліктеріне жатпайды: А) ошақты орналасады Б) өкпе тінінің қабынкуымен, склерозымен жүреді В) бронхтардың туа кемістігінен немесе осалдығынан дамыған бронхоэктаздар Г) ересек шақта дамиды 24. Өкпе рагін қандай аурумен айыру қажет емес: А) лимфогранулематоз Б) өкпе эхинококкозы В) созылмалы бронхит Г) өкпе туберкулезі 25. Өкпенің қандай ауруы баяу өрістейді: А) жедел бронхит Б) пневмония В) өкпе туберкулезі, өкпе рагі Г) плеврит, өкпе абцесі 26. Бронхографияны қандай ауруды анықтау үшін жасалады: А) бронхоэктаз ауруды Б) пневмонияны В) плеврит, өкпе абсцесті Г) созылмалы бронхитті 27. Қандай ауруда кеуде R-графияда домалақ пішінді көлеңке анықталмайды: А) өкпе рагінде Б) туберкуломада В) өкпе абсцесінде
  • 15. Г) созылмалы бронхитте 28. Өкпе ганеренасы дегеніміз не? А) микробтың улардың әсерінен өлістенуі Б) өкпе паренхимасының жедел эксудатты қабыну процесі В) өкпе тінінің ошақты іріңдеп іруі Г) бронхтардың бейспецификалық қабынуы 29. Абцеске әкелетін себептерге жатпайды: А) өкпеде операциялар Б) комалық жағдайлар В) ингаляциялық наркоз Г) эпилепсия 30. Өкпесінде қуысты құрылдары (абсцес, т.б) бар науқастың барлығын қандай ауруға тексеру керек? А) өкпе рагі Б) пневмония В) өкпе туберкулезі Г) бронхоэктаз ауруы 31. Өкпе абсцесінің емдік шараларына жатпайды: А) антибактериялық ем Б) позициялықдренаж В) хирургиялық ем Г) бронходилатациялық ем 32.Біріншілік бронхоэктаз ауруының ерекшелігіне жатпайды: А) Бронхоэктаздар шашырынқы орналасады Б)айналасындарғы өкпе тінінің оншалықты зақымданбаған болуы В)балалық шақтан дамыған бронхоэктаздар Г) бронхтардың деформациялануынан дамитын бронхоэктаз 33. Бронхоэктаз ауруының негізгі клиникалық белгілері:
  • 16. А) жөтелу, ауызды толтыра іріңді қақырықтарты тастану, пневмониямен жиі ауыру Б) жөтелу, ентігу В) тұншығу, ентікпе, кеуде сарайының ауырсынуы Г)ентікпе, ауаның шығаруы қиналуы 34. Өкпе рагінде шеттік қанда анықтармайды: А) ЭТЖ артады Б)анемия В)лейкоцитоз Г)ЭТЖ төмендеуі 35.Бронхографияны қандай ауруды анықтау үшін жасалады: А) бронхоэктаз ауруды Б) пневмонияны В) плеврит, өкпе абсцесті Г) созылмалы бронхитті 36.Қандай ауруда кеуде R-графияда домалақ пішінді көлеңкі анықталмайды: А) Өкпе рагінде Б) туберкуломада В) өкпе абцесінде Г) созылмалы бронхитте 7.Сабақтың мазмұны. o Өз бетімен атқарылатын жұмыс: Тәжірибелік сабақта Тыныс алу ағзаларың аурулары мен науқасқа курация жүргізіледі. н o Науқастың шағымдарын жинаған кезде науқастарда кездесетін тыныс алу ағзаларының ауруларна мүмкін белгілеріне жедел қақырық бөлінуімен, жөтел уақытына көңіл аудару керек. o Анамнезінде ауру белгілерінің динамикасына , тыныс алу ауруларын тудыратын факторларға: темекі шегу мен тозаңданудың жоғары деңгейі анықтау қәжет.. o Физикалық тексеру. Студенттер науқасты сурастыру, физикалық тексеру кезінде клиникалық ақпаратты жүйелеп, әдістемелік нұсқауларды пайдалана отырып, симптомдарды синдромдарды топтастырыды.
  • 17. o Пульс, қан қысымы, тыныс алу жиілігін анықтау. o Науқасты бақылау нәтижелерін бағалай отырып, студенттер науқастарына ақыл- кеңес береді. o Оқытушымен бірге атқарылатын жұмыс жеке немесе топпен сабақ тақырыбын талдағанда, өз бетімен өткізілген жұмыс қорытындысын талдағанда жүргізіледі. Негізгі және қорытынды білім деңгейін бақылау ретінде жағдайлық есептер шығарып, тест жүргізіледі. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі: 1. Ішкі аурулар. Калимурзина Б.С. Түркістан Тұран баспасы. 2004 ж. 2. Терапиядағы медбикелік іс. Оқулық. С.Қ.Мұратбекова, Ә.Т. Кенжебаева. 3. Ішкі аурулар . А.А. Оспанова. «Алтын Алқа» баспасы. Қосымша:Болезни органов дыхания. Ркуаводство по внутренним болезням . Медицина 2000