SlideShare a Scribd company logo
1 of 5
Ашық сабақ . Қазақстан тарихы 5 «А» сынып
Пән мұғалімі: МырзағалиевС.Н
Сабақтың тақырыбы:« Қазақ халқы мен қазақ хандығының
қалыптасуы»
Күтілетін нәтиже:
Білім: Оқушыларға ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер
арқасында, қазақ жерін мекендеген ру – тайпалардың қоғамдық - саяси,
экономикалық, мәдени байланыстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген
арман – тілектерінің арқасында құрылған Қазақ хандығы туралы түсінік
беру.
Түсінік: Қазақ атауының шығуы жайында білімдерін кеңейтеді. ХҮ
ғасырда қазақ атауы этнкалық сипатқа ие болғаны жайында қорытынды
шығарады.
Қолданыс:Алаш атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы туралы аңыз
әңгімелер арқылы сырын ашып біледі.
Анализ:Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар ен таңбаларын
белгілегенін талдайды.
Ситез:Қазақ жүздерінің құрылу себебін түсіндіреді.Жүздердің
орналасуына қозғау салады.
Баға:Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуының соңғы кезеңі
жайында эссе жазып түсіндіреді.
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі:Зертеушілік,талдау
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының картасы, Қазақ хандығының ХҮ
- ХҮІІ картасы, Жәнібек пен Керейдің портреттері, үлестірмелі қағаздар,
слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан әр күнде.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Дорба және асықтарды пайдалану
арқылы,асықтан қандай нөмір шықса ,сұрақтың нөміріболып
саналады.Қойылған сұраққа жауап береді.
1. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық
болған қала? (Отырар)
2. ХІІ ғасырда Монғолия жерінде кімнің басқаруымен монғол империясы
құрылды?(Шыңғысхан)
3. Шыңғысхан басқарған монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу
жеріне қай жылы аттанды ? (1218ж)
4. Монғол шапқыншылығының қандай зардаптары болды?
5. Отырар қаласын басып алуға монғолдар қай жылы аттанды?
6 «Отырар апаты» жайлы айтып беріңдер?
7.Алтын Ордадан бөлінген ордакейін қандай хандық құрылды?
8.Қала қанша дуалмен қоршалған?
9.1165-1220 жылдары өмір сүрген Отырар қаласының билеушісі кім?
10.Алты ай бойы берілмей щайқасқан отырарлықтардың арасынан
шыққан сатқын кім болды ?
«Өз тарихын сыйламаған,өзін де сыйламайды» Н.Ә.Назарбаев
1-слайд Қазақ хандығы (ойқозғау). Балалар қай хандықа 550 жыл
толды?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Қазақ халқының арғы ата-бабалары
2.Қазақ атауының шығуы
3.Қазақ хандығы және жүздердің құрылуы
Қазақ жеріндегі тайпалар
Қазақстанда қола дәуірінің кезінде еуропеоидтық өңдес андрон
тайпалары өмір сүрген.Қазақ халқы аралас нәсіл өкілі болып
табылады.Яғни монғолоидтық пен еуропеоидтық нәсілдің белгілері
аралас келеді. Қазақтардың арғы ата-бабалары болып табылатын сақ
тайпаларының бет пішіні еуропалық,тілі иран-тұран тілдес болған деп
есептеледі.Кейін б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан жерін ғұн, қаңлы,үйсіндер
т.б.тайпалар мекендеді. Тайпалар бір-бірімен араласып, қазақ халқы
қалыптасты.Ол тайпалар сақтар, ғұндар, түркілер, түргештер,
қарлұқтар,оғыздар,қимақтар,қыпшақтар,наймандар,жалайырлар,адайлар,
алшындар.
«Қазақ» атауының шығуы
Ортағасырлық деректер бойынша«қазақ термині» алғашқыда таза
әлеуметтік мағынада болды. «Қазақ» деп әскери іспен айналысқан
көшпелілерді немесе орталық билікті мойындамай ,мемлекеттен бөлініп
кеткендерді айтқан. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзі
«мықты», «берік», «алып» мағынасын берген. «Қазақ» термині бүкіл
этносты және Қазақ хандығының тұрғындарын білдірді. «Қазақ» термині
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардатолық орнықты. «Қазақ» этнонимі еркін адам, ерікті
қоғам мағынасын береді.
Қазақ хандығының және жүздердің пайда болуы.
Қазақ хандығының пайда болуын ХҮ ғасырдың 50-60 жылдарындадеп
көрсетеді.Керей мен Жәнібек бастаған қазақтардың Әбілқайыр
мемлекетінен бөлініп Моғолстанмен шекаралас аймаққа көшіуімен
байланыстырады.Орда Еженнен тарайтын Керей мен Жәнібек хандар 1457
жылы қалмақ Үз-Темір тайшының Сығанақ аймағына жасаған шабуылы
кезінде Әбіқайырдан бөлініп шығады. Моғолстан хандығымен келісөздер
жүргізеді.Моғолстан билеушісі Есенбұға әмірлерімен ақылдаса отырып
,қазақтардың Шу мен Қозыбасы алқабына қоныстануына қарсы
болмайды.1465 жылдан Қазақ хандығы жеке мемлекет ретінде Орталық
Азия аймағына таныла бастады.Қазақ жүздері Қазақ хандығының
аймақтық әкімшілік бөлігі ретінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда қалыптасты.
Сыныпты 3 жұпқа бөлемін:
1. Ұлы жүз
2. Орта жүз
3. Кішіжүз
Оқушыларға бағалау парағын үлестіремін.
1.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқи отырып, постер қорғауға:
1. Ұлы жүз тобына
Қазақ халқының арғы ата-бабалары
2. Орта жүз тобына:
«Қазақ» атауының шығуы
3. Кіші жүз тобына:
Қазақ хандығының және жүздердің пайда болуы
Әр топ өздерін қорғап шығады
Сергіту: «Мен қазақпын» әніне билету арқылы сергіту жасатамын.
2.Тарихи диктант.
Қазақ халқы жеке халық болып, өз ұлттық аумағын ғасырларда
құрды. Қазақтардың арғы ата-бабалары болып табылатын сақ
тайпаларының бет пішіні
тілдес болған деп есептеледі.
Тайпалар бір-бірімен араласып , қазақ халқы қалыптасты.Ол тайпалар -
1428 жылы билікті шайбан тұқымынан(Жошы ханның бесінші ұлы)
шыққан деген хан тартып алды.
3.Семантикалық карта
№ тапсырма иә жоқ
1 Кейін ,б.з.б.ІІІ ғасырда Қазақстан жерін ғұн, қаңлы ,
үйсіндер т.б. тайпалар мекендеді.
2 Олар алдымен Бетпақдалада Таңбалы Нұра деген
жерде бас қосып, жеке хандық құрамыз деп шеше
алмады.
3 Жәнібек пен Керей бастаған ,Моғолстанға көшіп
кеткен алаш көшпелілері «қазақ» атауын алды.
4 Моғолстан билеушісі Есенбұға әмірлерімен ақылдаса
отырып,қазақтардың Шу өзені бойыниеленуіне қарсы
болды.
5 Қасым ханның тұсында қазақтардың саны 1-млн-ға
жетті.
6 Қазақ жүздері қазақ хандығының аймақтық әкімшілік
бөлігі ретінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда қалыптасып
болмады.
7 Қазақ халқының тарихында Алтын Орда дәуірі
ерекше орын алады.
4. Сәйкестендіру.
1. 1428 - Әбілхайыр хан таққа отырды
2. 1465 - Қазақ хандығының құрылуы
3.1457 - қалмақ Үз-Темір тайшының Сығанақ аймағына
шабуылы
4. 2015 – Қазақ хандығының 550 жылдығы
5. Мағынасын айтады:
Қазақ- бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар дегенді білдіреді,
Хан- тайпа көсемінің, кейін мемлекет билеушісінің лауазымы
Алаш- шежірелерде Қазақ атауының орнына қолданылған.
Таңбалы тас- үшжүз аңызында Таңбалы нұра деген жерде қазақ
халқының енген ру тайпалар бір жартасқа өз ентаңбаларын салады.
Жүз- жүздердің құрылуына географиялық,саяси,әлеуметтік,
экономикалық жағдайлар әсер етті.
Этноним- тайпа,ел, халық,ұлт аттары
6. Цифрлар сөйлейді.
1428 - Әбілқайыр таққа отырды.
ХҮ -ХҮІІІ ғасырларда - «Қазақ» термині орнықты.
ХҮ ғасырдың 50-60 жылдарында - Қазақ хандығыныңқұрылуы.
1457 - қалмақ Үз-Темір тайшының Сығанақ аймағына шабуылы.
1465 ж - Қазақ хандығы құрылуы
1511ж - Қасым хан болды
2015 ж - Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы.
1 млн-ға – Қасым ханның тұсындақазақтардың саны
7. Карта мен жұмыс.
1. Жетісуді, Шу өзенін, Сыр бойындағы қалаларды, Сығанақ, Моғолстанды,
Қырғызстанды картадан көрсету
8.Бекіту. Ашық тест
1. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар:
А)Әбілхайыр мен Әбілмәмбет; В)Жәнібек бен Жолбарыс;
С)Керей мен Жәнібек; Д)Есім мен Тұрсын; Е)Қасым мен Тұрсын;
2.Ақ орда ыдырап,орнына Әбілхайыр хандығы құрылды:
А)ХІҮ ғ.ортасы; В)ХҮ ғ. басы С)ХҮ ғ .ортасы; Д)ХҮ ғ аяғы;
Е)ХҮІ ғ. басы,
3. Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған:
А)Есенбұға хан; В)Есім хан; С)Әбілхайыр хан;
Д)Орыс хан; Е)Мұстафа хан;
4.Қазақ хандығының алғашқы аумағы:
А)Іле өзені; В)Жайық өзені; С) Шу мен Талас өзендері
Д)Дешті Қыпшақ жері; Е)Сарыарқа;
5.Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ Орданы кім биледі?
А)Жошы Ә)Әбілқайыр Б)Керей В) Жәнібек
6.Аңыз бойынша қазақ халқының арғы атасы болыпкім саналады?
А)Жошы Ә)Алаш Б)Керей В)Жәнібек
Қорытындылау:
1.Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған көне тайпаларды атаңдар.
2.Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?
3.Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан неге бөлініп шықты?
4. Этнос ұғымын қалай түсінесіңдер?
5.Қазақ хандығының алғашқы қоныстанған жерлері?
6. Моғолстан ханы Есенбұғаның Керей мен Жәнібекті қуана қарсы
алған себебі неде?
Кері байланыс:
Тақырыбы:
Мен нені білемін?
(кіріспе тапсырма)
Мен нені білгім
келеді?
Мен нені білдім?
талқылау
Бағалау:
Үйге тапсырма:§12 Қазақ халқы мен Қазақ хандығының қалыптасуы
оқып шығу. «Туған елім – Қазақстан» тақырыбына эссе жазу

More Related Content

Similar to қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас

Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылҚазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылAuyelbek Mombayev
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақалаAsem Sarsembayeva
 
Жоңғар шапқыншылығы
Жоңғар шапқыншылығыЖоңғар шапқыншылығы
Жоңғар шапқыншылығыGotov .kz
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіguldika
 
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиетіЕжелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиетіTurar Toizhanov
 
қазақстан тарихы
қазақстан тарихықазақстан тарихы
қазақстан тарихыTaisiya Dorozhkina
 
жыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыжыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыDan41k
 
алтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кімалтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кімErmahan Zhabaev
 
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісBilim All
 
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тілТаңбалы тас туралы презентация қазақ тіл
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тілNwnwksmwmNwmdmmaiwnd
 
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімініңТаңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімініңNwnwksmwmNwmdmmaiwnd
 
Xiv аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
Xiv   аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__Xiv   аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
Xiv аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__Asem Sarsembayeva
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгіSerjan Kasen
 
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсеріҚазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсеріUlykbek Aliakbaruly
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыBilim All
 

Similar to қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас (20)

Қазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жылҚазақ хандығына 550 жыл
Қазақ хандығына 550 жыл
 
алиев жб слайд ашық сабақтың Ppt
алиев жб слайд ашық сабақтың  Pptалиев жб слайд ашық сабақтың  Ppt
алиев жб слайд ашық сабақтың Ppt
 
aAa
aAaaAa
aAa
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
 
Жоңғар шапқыншылығы
Жоңғар шапқыншылығыЖоңғар шапқыншылығы
Жоңғар шапқыншылығы
 
Виртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесіВиртуалды кітап көрмесі
Виртуалды кітап көрмесі
 
Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиетіЕжелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті
 
Kaziev prezentation
Kaziev prezentationKaziev prezentation
Kaziev prezentation
 
қазақстан тарихы
қазақстан тарихықазақстан тарихы
қазақстан тарихы
 
жыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыжыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясы
 
11111111111111
1111111111111111111111111111
11111111111111
 
алтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кімалтын адам деп жүргеніміз кім
алтын адам деп жүргеніміз кім
 
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
 
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тілТаңбалы тас туралы презентация қазақ тіл
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл
 
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімініңТаңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл білімінің
 
Xiv аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
Xiv   аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__Xiv   аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
Xiv аза__стан м__дениет¦ ашы__ саба__
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгі
 
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсеріҚазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері
Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран кәрім қиссаларының тигізген әсері
 
Moldajanfdd
MoldajanfddMoldajanfdd
Moldajanfdd
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас

  • 1. Ашық сабақ . Қазақстан тарихы 5 «А» сынып Пән мұғалімі: МырзағалиевС.Н Сабақтың тақырыбы:« Қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы» Күтілетін нәтиже: Білім: Оқушыларға ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген ру – тайпалардың қоғамдық - саяси, экономикалық, мәдени байланыстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген арман – тілектерінің арқасында құрылған Қазақ хандығы туралы түсінік беру. Түсінік: Қазақ атауының шығуы жайында білімдерін кеңейтеді. ХҮ ғасырда қазақ атауы этнкалық сипатқа ие болғаны жайында қорытынды шығарады. Қолданыс:Алаш атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы туралы аңыз әңгімелер арқылы сырын ашып біледі. Анализ:Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар ен таңбаларын белгілегенін талдайды. Ситез:Қазақ жүздерінің құрылу себебін түсіндіреді.Жүздердің орналасуына қозғау салады. Баға:Қазақ халқы мен қазақ хандығының құрылуының соңғы кезеңі жайында эссе жазып түсіндіреді. Сабақтың типі:жаңа сабақ Сабақтың әдісі:Зертеушілік,талдау Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының картасы, Қазақ хандығының ХҮ - ХҮІІ картасы, Жәнібек пен Керейдің портреттері, үлестірмелі қағаздар, слайд Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал: Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым Арайлап атқан әр күнде. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Дорба және асықтарды пайдалану арқылы,асықтан қандай нөмір шықса ,сұрақтың нөміріболып саналады.Қойылған сұраққа жауап береді. 1. ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болған қала? (Отырар) 2. ХІІ ғасырда Монғолия жерінде кімнің басқаруымен монғол империясы құрылды?(Шыңғысхан) 3. Шыңғысхан басқарған монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу жеріне қай жылы аттанды ? (1218ж) 4. Монғол шапқыншылығының қандай зардаптары болды? 5. Отырар қаласын басып алуға монғолдар қай жылы аттанды? 6 «Отырар апаты» жайлы айтып беріңдер?
  • 2. 7.Алтын Ордадан бөлінген ордакейін қандай хандық құрылды? 8.Қала қанша дуалмен қоршалған? 9.1165-1220 жылдары өмір сүрген Отырар қаласының билеушісі кім? 10.Алты ай бойы берілмей щайқасқан отырарлықтардың арасынан шыққан сатқын кім болды ? «Өз тарихын сыйламаған,өзін де сыйламайды» Н.Ә.Назарбаев 1-слайд Қазақ хандығы (ойқозғау). Балалар қай хандықа 550 жыл толды? ІІІ. Жаңа сабақ. 1.Қазақ халқының арғы ата-бабалары 2.Қазақ атауының шығуы 3.Қазақ хандығы және жүздердің құрылуы Қазақ жеріндегі тайпалар Қазақстанда қола дәуірінің кезінде еуропеоидтық өңдес андрон тайпалары өмір сүрген.Қазақ халқы аралас нәсіл өкілі болып табылады.Яғни монғолоидтық пен еуропеоидтық нәсілдің белгілері аралас келеді. Қазақтардың арғы ата-бабалары болып табылатын сақ тайпаларының бет пішіні еуропалық,тілі иран-тұран тілдес болған деп есептеледі.Кейін б.з.б. ІІІ ғасырда Қазақстан жерін ғұн, қаңлы,үйсіндер т.б.тайпалар мекендеді. Тайпалар бір-бірімен араласып, қазақ халқы қалыптасты.Ол тайпалар сақтар, ғұндар, түркілер, түргештер, қарлұқтар,оғыздар,қимақтар,қыпшақтар,наймандар,жалайырлар,адайлар, алшындар. «Қазақ» атауының шығуы Ортағасырлық деректер бойынша«қазақ термині» алғашқыда таза әлеуметтік мағынада болды. «Қазақ» деп әскери іспен айналысқан көшпелілерді немесе орталық билікті мойындамай ,мемлекеттен бөлініп кеткендерді айтқан. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзі «мықты», «берік», «алып» мағынасын берген. «Қазақ» термині бүкіл этносты және Қазақ хандығының тұрғындарын білдірді. «Қазақ» термині ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардатолық орнықты. «Қазақ» этнонимі еркін адам, ерікті қоғам мағынасын береді. Қазақ хандығының және жүздердің пайда болуы. Қазақ хандығының пайда болуын ХҮ ғасырдың 50-60 жылдарындадеп көрсетеді.Керей мен Жәнібек бастаған қазақтардың Әбілқайыр мемлекетінен бөлініп Моғолстанмен шекаралас аймаққа көшіуімен байланыстырады.Орда Еженнен тарайтын Керей мен Жәнібек хандар 1457 жылы қалмақ Үз-Темір тайшының Сығанақ аймағына жасаған шабуылы кезінде Әбіқайырдан бөлініп шығады. Моғолстан хандығымен келісөздер жүргізеді.Моғолстан билеушісі Есенбұға әмірлерімен ақылдаса отырып ,қазақтардың Шу мен Қозыбасы алқабына қоныстануына қарсы болмайды.1465 жылдан Қазақ хандығы жеке мемлекет ретінде Орталық Азия аймағына таныла бастады.Қазақ жүздері Қазақ хандығының аймақтық әкімшілік бөлігі ретінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда қалыптасты.
  • 3. Сыныпты 3 жұпқа бөлемін: 1. Ұлы жүз 2. Орта жүз 3. Кішіжүз Оқушыларға бағалау парағын үлестіремін. 1.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқи отырып, постер қорғауға: 1. Ұлы жүз тобына Қазақ халқының арғы ата-бабалары 2. Орта жүз тобына: «Қазақ» атауының шығуы 3. Кіші жүз тобына: Қазақ хандығының және жүздердің пайда болуы Әр топ өздерін қорғап шығады Сергіту: «Мен қазақпын» әніне билету арқылы сергіту жасатамын. 2.Тарихи диктант. Қазақ халқы жеке халық болып, өз ұлттық аумағын ғасырларда құрды. Қазақтардың арғы ата-бабалары болып табылатын сақ тайпаларының бет пішіні тілдес болған деп есептеледі. Тайпалар бір-бірімен араласып , қазақ халқы қалыптасты.Ол тайпалар - 1428 жылы билікті шайбан тұқымынан(Жошы ханның бесінші ұлы) шыққан деген хан тартып алды. 3.Семантикалық карта № тапсырма иә жоқ 1 Кейін ,б.з.б.ІІІ ғасырда Қазақстан жерін ғұн, қаңлы , үйсіндер т.б. тайпалар мекендеді. 2 Олар алдымен Бетпақдалада Таңбалы Нұра деген жерде бас қосып, жеке хандық құрамыз деп шеше алмады. 3 Жәнібек пен Керей бастаған ,Моғолстанға көшіп кеткен алаш көшпелілері «қазақ» атауын алды. 4 Моғолстан билеушісі Есенбұға әмірлерімен ақылдаса отырып,қазақтардың Шу өзені бойыниеленуіне қарсы болды. 5 Қасым ханның тұсында қазақтардың саны 1-млн-ға жетті. 6 Қазақ жүздері қазақ хандығының аймақтық әкімшілік бөлігі ретінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда қалыптасып болмады. 7 Қазақ халқының тарихында Алтын Орда дәуірі ерекше орын алады.
  • 4. 4. Сәйкестендіру. 1. 1428 - Әбілхайыр хан таққа отырды 2. 1465 - Қазақ хандығының құрылуы 3.1457 - қалмақ Үз-Темір тайшының Сығанақ аймағына шабуылы 4. 2015 – Қазақ хандығының 550 жылдығы 5. Мағынасын айтады: Қазақ- бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар дегенді білдіреді, Хан- тайпа көсемінің, кейін мемлекет билеушісінің лауазымы Алаш- шежірелерде Қазақ атауының орнына қолданылған. Таңбалы тас- үшжүз аңызында Таңбалы нұра деген жерде қазақ халқының енген ру тайпалар бір жартасқа өз ентаңбаларын салады. Жүз- жүздердің құрылуына географиялық,саяси,әлеуметтік, экономикалық жағдайлар әсер етті. Этноним- тайпа,ел, халық,ұлт аттары 6. Цифрлар сөйлейді. 1428 - Әбілқайыр таққа отырды. ХҮ -ХҮІІІ ғасырларда - «Қазақ» термині орнықты. ХҮ ғасырдың 50-60 жылдарында - Қазақ хандығыныңқұрылуы. 1457 - қалмақ Үз-Темір тайшының Сығанақ аймағына шабуылы. 1465 ж - Қазақ хандығы құрылуы 1511ж - Қасым хан болды 2015 ж - Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығы. 1 млн-ға – Қасым ханның тұсындақазақтардың саны 7. Карта мен жұмыс. 1. Жетісуді, Шу өзенін, Сыр бойындағы қалаларды, Сығанақ, Моғолстанды, Қырғызстанды картадан көрсету 8.Бекіту. Ашық тест 1. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар: А)Әбілхайыр мен Әбілмәмбет; В)Жәнібек бен Жолбарыс; С)Керей мен Жәнібек; Д)Есім мен Тұрсын; Е)Қасым мен Тұрсын; 2.Ақ орда ыдырап,орнына Әбілхайыр хандығы құрылды: А)ХІҮ ғ.ортасы; В)ХҮ ғ. басы С)ХҮ ғ .ортасы; Д)ХҮ ғ аяғы; Е)ХҮІ ғ. басы, 3. Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған: А)Есенбұға хан; В)Есім хан; С)Әбілхайыр хан; Д)Орыс хан; Е)Мұстафа хан; 4.Қазақ хандығының алғашқы аумағы: А)Іле өзені; В)Жайық өзені; С) Шу мен Талас өзендері Д)Дешті Қыпшақ жері; Е)Сарыарқа; 5.Қазақ хандығы құрылар қарсаңында Ақ Орданы кім биледі? А)Жошы Ә)Әбілқайыр Б)Керей В) Жәнібек 6.Аңыз бойынша қазақ халқының арғы атасы болыпкім саналады? А)Жошы Ә)Алаш Б)Керей В)Жәнібек
  • 5. Қорытындылау: 1.Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған көне тайпаларды атаңдар. 2.Қазақ хандығының негізін қалаған хандар? 3.Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан неге бөлініп шықты? 4. Этнос ұғымын қалай түсінесіңдер? 5.Қазақ хандығының алғашқы қоныстанған жерлері? 6. Моғолстан ханы Есенбұғаның Керей мен Жәнібекті қуана қарсы алған себебі неде? Кері байланыс: Тақырыбы: Мен нені білемін? (кіріспе тапсырма) Мен нені білгім келеді? Мен нені білдім? талқылау Бағалау: Үйге тапсырма:§12 Қазақ халқы мен Қазақ хандығының қалыптасуы оқып шығу. «Туған елім – Қазақстан» тақырыбына эссе жазу