SlideShare a Scribd company logo
1 of 16
Download to read offline
Мәдени мұра
Таңбалы тас
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
МАҚСАТЫ: ҚАЗАҚ
ДАЛАСЫНДАҒЫ
ТАҢБАЛЫ
ТАСТАРМЕН
ТАНЫСТЫРУ
Жоспар:
1. Тарихтын зор куәлігі: таңбалы
тас
2. “Таңбалы тас”атанған тарихи
мұралар
3. Танбалы тасқа қамқорлық
4. Қорытынды
Таңбалы тас Бетпақдала сахарасының ортасын қия кесіп, ұзынынан
созылған таңбалы тікжартас, Сарысу өзеннен 20 км-дей жоғарырақ,
қызыл жыңғыл орманына қарама-қарсы, Биік Нұраның іргесінде
орналасқан. Мұндағы тас өте жұмсақ болғандықтан, жазуға да сондай
қолайлы. Көне дәуірден келе жатқан Таңбалы тас жазуында ғасырлар
бойы Қазақстан өлкесін қоныстанған тайпалардың тасқа жазып
түсірген мыңдаған танбалары және ел басқарушылардың қол қойған
аттары, ұрандар, тасқа қиып түсірген əдемі өрнектер, «қошқармүйіз »,
«түйе табан», «кісінің ізі», « аттың ізі» т. б. таңбалар көптеп кездеседі.
Мұндай қалың жазулармен таңбалардың тұрған жерін қазақтар ерте
заманнан бері қарай «Таңбалы тас», «Таңбалы жар » немесе «Таңбалы
Нұра» деп атаған.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
Жартасқа түсірілген таңбалардың ең
көнесі шамамен XI ғасырдан басталады
да, XIX ғ асырға дейін жалғасады.
Таңбалы тастың зор атаққа ие болу
себебі бұл жерде қазақтар ұлы мереке
жасап, ұран шақырып, бірел болып
қосылған жері. Сондықтан бұл
Таңбалы тасты алғаш ашқан ғалымдар
«тарихтың зор куәлігі » деп атаған ( А .
И. Шренк ). Ол таңбалар Орхон -Енисей
жазба есқерткіштері таңбаларымен
еңдес белгілер болып табылады.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
«Біз бұл таңбалы тастан Сібірдегі қия тасқа түсірілген жазу үлгілері сияқты
белгілерді табуға үміттендік, ол үмітіміз босқа кетпеді . Ондағы орхон
жазуына ұқсас алфавиттен бірнешеуін түсіріп алдық» деп жазады ғалым А. И.
Шренк. Бетпақдаланы зерделей зерттеген атақты инженер Ю . Шмидтің
бақылауынша Таңбалы тас қазақтың жантәнімен ардақтайтын бір киелі
тасы. Ел аузындағы кене деректерде Таңбалы таста XVIII ғасырда , дәлірек
айтқанда 1710 жылында жоңғарларға қарсы соғыста үш жүздің баласы
басқосып үлкен жиын еткізген. Бұл жиыңда Таңбалы тасқа әр рудың
таңбалары басылып, басылғантаң бақұрым киізге ойылып таратылған,
сонда қай ру таңбасы артық қалса, сол әскер келмегендігін білдірген.
Сондай - ақ бұл жерде кектемгі уақытта үш жүздің баласы бас қосып ,
таңбаларын алып, жаз жайлау, қыс қыстауларын белгілеп жер белісіп
отырған.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
«Таңбалы тас»
Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында
«Таңбалы» тас деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден
тұрады. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың
беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол
тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш
асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі
бейнеленген. Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі.
Археологтардың «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеу нәтижесінде, бұл жердің тас
дәуірінде адамдардың табынатын «қасиетті мекені» болғандығы анықталған.
Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына
төрт мың жылдай өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып,
туристер келетін мекенге айналған.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
Таңбалы тасты алғаш 1840 жылы зерттеген ресейлік ғалым А.И.Шренк: «Таңбалы
тастың» зор атаққа ие болуының себебі бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап,
ұран шақырып, бір ел болып қосылған жер» дейді. Сондықтан бұл тасты көп
ғалымдар «тарихтың зор куәлігі» деп атаған» депті.
Қазақтардың қария сөзі бойынша дейді А.И Шренк ислам дәуірі басталатын кезде
бұл жердің көп тайпасы осы арада бас қосып, ұлы мереке жасаған. Барлық
тайпалардың ұлыс басқаратын адамдары, данагөй билері, асқан ерлері жиналып,
кеңес құрып, қай тайпа қай жерде қоныс ету мәселесін шешкен. «Таңбалы тас»
жазуларының мазмұны «Оғыз-намеде» айтылатын кәрия сөзге ұқсас. Оғыз
әкімшілігін құрғанда үлкен той жасап, барлық тайпалардың басын қосып, олаға
белгілі қыстау, жайлау бөліп береді. Әр тайпаға меншікті таңба таратады. Ол
кезде оғыз ұлысы екі ұлы тайпадан құралатын - «Боз-оқ», «Үш-оқ» Қазақтың қария
сөзі бойынша «біздің түпкі атамыз уыздардан (оғыздардан) тарайды.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
«Таңбалы тасқа» назар аударған ғалымдардың ішінде академик К.И.Сәтпаев атына ерекше
назар аударған ләзім. Қ.И.Сәтпаев «Жезқазған ауданының көне ескерткіштері» деген
мақаласында аңыздарға сүйеніп, қазақтың қазақ болған, ту тіккен жері осы Таңбалы тас өңірі деп
атап көрсетеді. Белгілі ғалым Ж.О.Артықбаев: «Қазіргі күнге дейін шежіре білетін ақсақалдар
Таңбалы тасты осы Қ.Сәтбаев жазған мазмұнда айтып келеді. Олардың айтуына қарағанда
Алтын Орда ыдырап, оның құрамындағы елдер сергелдең жағдайда жүргенде алты алаш тобына
кіретін елдер осы Таңбалы Нұрада бас қосып, өздерінің жеке мемлекет болатынын жария еткен.
Қазақтың «Таңбалы тастың» түп тамырындағы Алаша хан атымен байланыстыруы да осы
себепті деп ойлаймыз.
Доспе Саурықұлының «Есенгелді» атты тарихи дастанында... Ұлытаудың Түркістан жақ өңіріндегі
бүкіл қазақтың бойтұмарындай киелісі «Таңбалы тасқа» тағы бір тағзым етіліп, «Ұлытауға бардың ба,
ұлар етін жедің бе?» деген қанатты сөздің шығуы баяндалады. Манаш Қозыбаев «Ұлытауда үш
жүздің тайпа өкілдерінің қол қойған «Таңбалы тасы» шын мәніндегі қазақтың тұңғыш Конституциясы
еді» дейді. І.Есенберлиннің атақты «Алмас қылыш» романының негізгі арқауы Таңбалы тастағы
оқиғалаға арналады. Әз Жәнібек тұсында қазақ руларының Нұраның Қаратұзына жиналып, үш
жүздің жүйесін жасап, ел болудың белгісі деп Асан Қайғының ұйғарымымен, ақылымен таңба
белгіленгенін жазады.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
Аспан асты «Таңбалы тас» Мемлекеттік тарихи мәдени және табиғи қорық мұражайы аумағы өз кезегінде
негізгі V топқа бөлінген петроглифтерден тұрады.
Петроглифтердің 1-ші тобы
111 петроглифтерден
құралады. қола дәуірінің
эскиздері және
аяқталмаған суреттері
болып табылатын,
жануарлардың жеке
кескіндері өте үлкен
мөлшерде, 60-70 см дейін
тұратын үлкен бөліктен
тұрады.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
Петроглифтердің 2-ші тобы – ең анық сымбатты, көрікті. Мұнда Таңбалының ежелгі 432
петроглифтері орналасқан. Қола дәуірінің суреттері өте ірі, терең және мұқият қашап істелінген. Тек
осы жерден ғана «шәйтән кимін киген» адам бейнесін көруге болады. Осы топта Таңбалы
жартастарындағы суреттердің өте ежелгі және ең мәнерлі сериясын сипаттайтын орта қола дәуірінің
петроглифтері басым.
Петроглифтердің 3-ші тобы қола дәуірінің 444 петроглифтерінен құралған, алайда олардың елеулі
бөлігі келесі ғасырларда жаңаланған. Ертедегі композициялардың көпшілігі сақ уақытының және
орта ғасырдың петроглифтарымен толықтырылған. Осы топтың петроглифтерін кеңістіктік шешу
галереяға ыңғайланып орналаса отырып, қарама-қарсы жағынан оларды бақы-лауға жағдай
жасайды.
Петроглифтердің 4-ші тобы қасиетті орынның мәндік және композициялық орталығын түзейді. Мұнда
700 астам петроглифтер бар, олардың көпшілігі онша мәнерлі емес. Олар ертедегі темір дәуіріне, орта
ғасырларға және жаңа уақыт кезеңіне (17-19 ғасырлар) жатады. Қола дәуіріндегі бірегей пантеон
айырықша құндылыққа ие, онда белгілі тәртіппен және әрқайсысы өзінше ертедегі пұтқа
табынушылықтың 7-діни кейіпкерлерімен бейнеленген, ал төменірек 10-жауынгер, жас босанған әйел
және дұғаға қолдарын жайып отырған адамдар бейнеленген.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
Арпа өзен таңбалы тастары – қола дәуірінен
сақталған (б.з.б. ІІ-І мыңжылдық)
ескерткіштер, жартасқа таңбаланған
суреттер. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ
ауданының Абай қыстағынан оңтүстік-
батысқа қарай 7 шақырым жерде, Қаратаудың
Келіншектау деген жотасында орналасқан.
Мұндағы суреттердің жалпы саны – 3500.
Жартасқа салынған ат, өгіз және түйе
жегілген жауынгерлік қос аяқты арбалар
ертедегі үнді-арийліктердің әдет-
ғұрыптарынан хабар береді. Сонымен қатар,
жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи
құбылыстар да айқын аңғарылады.
Баянжүрек суреттері – Алматы облысындағы Ақсу
ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25
шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі
Баянжүрек тауында сақталған жартастағы
суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан
алуан түрлі. Суреттердің арасында қола дәуіріне
жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7
сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек
суреттерінің ішінен сақ және ғұн-сармат кезеңіне
жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы
суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты
сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік дәуірін
сипаттайды.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
«Таңбалытасқа» бүгін ерекше қамқорлық қажет.
Мәдени мұралар адамзаттың ғасырлар бойы
жинаған рухани байлығы, тарихы, шежіресі десек,
біздің тарихи-мәдени мұрамыздың тамыры
тереңде жатыр. Ол ұлттық болмысымызда, салт-
дәстүрімізде айқын көрініс тапқан. Ұлттық
менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық
сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани
материалдық байлықты, жалпы ата-баба
мұраларын келешек ұрпаққа дәріптеу – біздің
басты мақсатымыз. Құнды мұраларымызды
сақтап, оның өміршеңдігін қадағалау қай-
қайсысымыздың да ұрпақ алдындағы
борышымыз.
Ортағасырлық «Таңбалытас» археологиялық
ескерткіштерін бұдан әрі қорғау, сақтау, насихаттау
және мониторниг жүргізу, зерттеу жұмыстарын
жалғастыру «Таңбалы» қорық-мұражайының негізгі
мақсаттарының бірі.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
«Таңбалы тас» тасасында Еуразия халықтарының
бірнеше мың жылдық тарихының сұлбасы көрінеді,
себебі Бетпақдаладағы құз-жартасқа таңба салу
құрметіне даланың ең ежелгі, ең мықты тайпалары ғана
рұқсат алған. Бұл ескерткіш – қазақтың ұлттық бірлігінің
ең тамаша айғағы және тарихымыздың қайнар бұлағы.
Қазіргі әкімшілік-территориялық бөлініске қарасақ,
Таңбалы тас ескерткіші Оңтүстік Қазақстан облысының
аумағына кіреді, Қарағанды облысының шекарасына
жақын. Аталған екі облыстың азаматтары Таңбалы тасты
қайта жаңғыртуға, қазақтың ең маңызды жәдігерлігін
тірілтуге барын салуы керек. Елбасымыз нұсқаған
ұлттық сананы жаңғырту бағдарламасы жүрегі қазақ деп
соққан әр азаматтан осыны талап етеді.
Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру

More Related Content

Similar to Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл

148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx
148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx
148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx4v4ptfvzfr
 
тарихи ескерткіштер
тарихи ескерткіштертарихи ескерткіштер
тарихи ескерткіштер333
 
тарихи ескерткш
тарихи ескерткштарихи ескерткш
тарихи ескерткш333
 
улы дала.pptx
улы дала.pptxулы дала.pptx
улы дала.pptxnewbkgames
 
35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарихsanvia
 
01239570013450211191508201239
0123957001345021119150820123901239570013450211191508201239
01239570013450211191508201239chinovnik
 
рыбеков д ашық сабақ презентация
рыбеков д ашық сабақ презентациярыбеков д ашық сабақ презентация
рыбеков д ашық сабақ презентацияAsem Sarsembayeva
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)guldika
 
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамыСақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамыАйбек Қуандықұлы
 
МАРТУК
МАРТУКМАРТУК
МАРТУКnurtender
 

Similar to Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл (20)

148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx
148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx
148850лалалалалалаллаащолклклклклклклл.pptx
 
Dombyra
Dombyra Dombyra
Dombyra
 
Dombyra
DombyraDombyra
Dombyra
 
тарихи ескерткіштер
тарихи ескерткіштертарихи ескерткіштер
тарихи ескерткіштер
 
тарихи ескерткш
тарихи ескерткштарихи ескерткш
тарихи ескерткш
 
қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
қазақ халқы мен  қазақ   хандығының қалыптасуы 5 сынып асқазақ халқы мен  қазақ   хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
қазақ халқы мен қазақ хандығының қалыптасуы 5 сынып ас
 
Тарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсіТарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсі
 
улы дала.pptx
улы дала.pptxулы дала.pptx
улы дала.pptx
 
35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих
 
01239570013450211191508201239
0123957001345021119150820123901239570013450211191508201239
01239570013450211191508201239
 
рыбеков д ашық сабақ презентация
рыбеков д ашық сабақ презентациярыбеков д ашық сабақ презентация
рыбеков д ашық сабақ презентация
 
Scenary 1
Scenary 1Scenary 1
Scenary 1
 
Silk road in Kazakhstan | Popular travel routes
Silk road in Kazakhstan | Popular travel routesSilk road in Kazakhstan | Popular travel routes
Silk road in Kazakhstan | Popular travel routes
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)
 
Ғылыми жоба
Ғылыми жобаҒылыми жоба
Ғылыми жоба
 
Наурыз
НаурызНаурыз
Наурыз
 
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамыСақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
Сақтардың мекендеген жері. Сақ қоғамы
 
МАРТУК
МАРТУКМАРТУК
МАРТУК
 
жібек жолы №1
жібек жолы №1жібек жолы №1
жібек жолы №1
 
қазақстан тарихы
қазақстан тарихықазақстан тарихы
қазақстан тарихы
 

Таңбалы тас туралы презентация қазақ тіл

  • 1. Мәдени мұра Таңбалы тас Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 3. Жоспар: 1. Тарихтын зор куәлігі: таңбалы тас 2. “Таңбалы тас”атанған тарихи мұралар 3. Танбалы тасқа қамқорлық 4. Қорытынды
  • 4. Таңбалы тас Бетпақдала сахарасының ортасын қия кесіп, ұзынынан созылған таңбалы тікжартас, Сарысу өзеннен 20 км-дей жоғарырақ, қызыл жыңғыл орманына қарама-қарсы, Биік Нұраның іргесінде орналасқан. Мұндағы тас өте жұмсақ болғандықтан, жазуға да сондай қолайлы. Көне дәуірден келе жатқан Таңбалы тас жазуында ғасырлар бойы Қазақстан өлкесін қоныстанған тайпалардың тасқа жазып түсірген мыңдаған танбалары және ел басқарушылардың қол қойған аттары, ұрандар, тасқа қиып түсірген əдемі өрнектер, «қошқармүйіз », «түйе табан», «кісінің ізі», « аттың ізі» т. б. таңбалар көптеп кездеседі. Мұндай қалың жазулармен таңбалардың тұрған жерін қазақтар ерте заманнан бері қарай «Таңбалы тас», «Таңбалы жар » немесе «Таңбалы Нұра» деп атаған. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 5. Жартасқа түсірілген таңбалардың ең көнесі шамамен XI ғасырдан басталады да, XIX ғ асырға дейін жалғасады. Таңбалы тастың зор атаққа ие болу себебі бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бірел болып қосылған жері. Сондықтан бұл Таңбалы тасты алғаш ашқан ғалымдар «тарихтың зор куәлігі » деп атаған ( А . И. Шренк ). Ол таңбалар Орхон -Енисей жазба есқерткіштері таңбаларымен еңдес белгілер болып табылады. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 6. «Біз бұл таңбалы тастан Сібірдегі қия тасқа түсірілген жазу үлгілері сияқты белгілерді табуға үміттендік, ол үмітіміз босқа кетпеді . Ондағы орхон жазуына ұқсас алфавиттен бірнешеуін түсіріп алдық» деп жазады ғалым А. И. Шренк. Бетпақдаланы зерделей зерттеген атақты инженер Ю . Шмидтің бақылауынша Таңбалы тас қазақтың жантәнімен ардақтайтын бір киелі тасы. Ел аузындағы кене деректерде Таңбалы таста XVIII ғасырда , дәлірек айтқанда 1710 жылында жоңғарларға қарсы соғыста үш жүздің баласы басқосып үлкен жиын еткізген. Бұл жиыңда Таңбалы тасқа әр рудың таңбалары басылып, басылғантаң бақұрым киізге ойылып таратылған, сонда қай ру таңбасы артық қалса, сол әскер келмегендігін білдірген. Сондай - ақ бұл жерде кектемгі уақытта үш жүздің баласы бас қосып , таңбаларын алып, жаз жайлау, қыс қыстауларын белгілеп жер белісіп отырған. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 7. «Таңбалы тас» Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан Қопа бекетінің күншығысында «Таңбалы» тас деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғадан, өзектерден тұрады. Жан-жағында сайлар, күнге әбден күйген жалпақ гранит тас бар. Тастың беті толған сурет. Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері сол тасқа қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреуі желбірете ту ұстаған 22 салт атты сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген. Олар – VI-VII ғасырлардағы түрік жауынгерлерінің бейнесі. Археологтардың «Таңбалы тасқа» жүргізген зерттеу нәтижесінде, бұл жердің тас дәуірінде адамдардың табынатын «қасиетті мекені» болғандығы анықталған. Зерттеу барысында бес мыңдай сурет есепке алынды. Олардың салынғанына төрт мың жылдай өткен. Қазір «Таңбалы тас» ЮНЕСКО-ның қарамағына алынып, туристер келетін мекенге айналған. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 8. Таңбалы тасты алғаш 1840 жылы зерттеген ресейлік ғалым А.И.Шренк: «Таңбалы тастың» зор атаққа ие болуының себебі бұл жерде қазақтар ұлы мереке жасап, ұран шақырып, бір ел болып қосылған жер» дейді. Сондықтан бұл тасты көп ғалымдар «тарихтың зор куәлігі» деп атаған» депті. Қазақтардың қария сөзі бойынша дейді А.И Шренк ислам дәуірі басталатын кезде бұл жердің көп тайпасы осы арада бас қосып, ұлы мереке жасаған. Барлық тайпалардың ұлыс басқаратын адамдары, данагөй билері, асқан ерлері жиналып, кеңес құрып, қай тайпа қай жерде қоныс ету мәселесін шешкен. «Таңбалы тас» жазуларының мазмұны «Оғыз-намеде» айтылатын кәрия сөзге ұқсас. Оғыз әкімшілігін құрғанда үлкен той жасап, барлық тайпалардың басын қосып, олаға белгілі қыстау, жайлау бөліп береді. Әр тайпаға меншікті таңба таратады. Ол кезде оғыз ұлысы екі ұлы тайпадан құралатын - «Боз-оқ», «Үш-оқ» Қазақтың қария сөзі бойынша «біздің түпкі атамыз уыздардан (оғыздардан) тарайды. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 9. «Таңбалы тасқа» назар аударған ғалымдардың ішінде академик К.И.Сәтпаев атына ерекше назар аударған ләзім. Қ.И.Сәтпаев «Жезқазған ауданының көне ескерткіштері» деген мақаласында аңыздарға сүйеніп, қазақтың қазақ болған, ту тіккен жері осы Таңбалы тас өңірі деп атап көрсетеді. Белгілі ғалым Ж.О.Артықбаев: «Қазіргі күнге дейін шежіре білетін ақсақалдар Таңбалы тасты осы Қ.Сәтбаев жазған мазмұнда айтып келеді. Олардың айтуына қарағанда Алтын Орда ыдырап, оның құрамындағы елдер сергелдең жағдайда жүргенде алты алаш тобына кіретін елдер осы Таңбалы Нұрада бас қосып, өздерінің жеке мемлекет болатынын жария еткен. Қазақтың «Таңбалы тастың» түп тамырындағы Алаша хан атымен байланыстыруы да осы себепті деп ойлаймыз. Доспе Саурықұлының «Есенгелді» атты тарихи дастанында... Ұлытаудың Түркістан жақ өңіріндегі бүкіл қазақтың бойтұмарындай киелісі «Таңбалы тасқа» тағы бір тағзым етіліп, «Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?» деген қанатты сөздің шығуы баяндалады. Манаш Қозыбаев «Ұлытауда үш жүздің тайпа өкілдерінің қол қойған «Таңбалы тасы» шын мәніндегі қазақтың тұңғыш Конституциясы еді» дейді. І.Есенберлиннің атақты «Алмас қылыш» романының негізгі арқауы Таңбалы тастағы оқиғалаға арналады. Әз Жәнібек тұсында қазақ руларының Нұраның Қаратұзына жиналып, үш жүздің жүйесін жасап, ел болудың белгісі деп Асан Қайғының ұйғарымымен, ақылымен таңба белгіленгенін жазады. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 10. Аспан асты «Таңбалы тас» Мемлекеттік тарихи мәдени және табиғи қорық мұражайы аумағы өз кезегінде негізгі V топқа бөлінген петроглифтерден тұрады. Петроглифтердің 1-ші тобы 111 петроглифтерден құралады. қола дәуірінің эскиздері және аяқталмаған суреттері болып табылатын, жануарлардың жеке кескіндері өте үлкен мөлшерде, 60-70 см дейін тұратын үлкен бөліктен тұрады. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 11. Петроглифтердің 2-ші тобы – ең анық сымбатты, көрікті. Мұнда Таңбалының ежелгі 432 петроглифтері орналасқан. Қола дәуірінің суреттері өте ірі, терең және мұқият қашап істелінген. Тек осы жерден ғана «шәйтән кимін киген» адам бейнесін көруге болады. Осы топта Таңбалы жартастарындағы суреттердің өте ежелгі және ең мәнерлі сериясын сипаттайтын орта қола дәуірінің петроглифтері басым. Петроглифтердің 3-ші тобы қола дәуірінің 444 петроглифтерінен құралған, алайда олардың елеулі бөлігі келесі ғасырларда жаңаланған. Ертедегі композициялардың көпшілігі сақ уақытының және орта ғасырдың петроглифтарымен толықтырылған. Осы топтың петроглифтерін кеңістіктік шешу галереяға ыңғайланып орналаса отырып, қарама-қарсы жағынан оларды бақы-лауға жағдай жасайды. Петроглифтердің 4-ші тобы қасиетті орынның мәндік және композициялық орталығын түзейді. Мұнда 700 астам петроглифтер бар, олардың көпшілігі онша мәнерлі емес. Олар ертедегі темір дәуіріне, орта ғасырларға және жаңа уақыт кезеңіне (17-19 ғасырлар) жатады. Қола дәуіріндегі бірегей пантеон айырықша құндылыққа ие, онда белгілі тәртіппен және әрқайсысы өзінше ертедегі пұтқа табынушылықтың 7-діни кейіпкерлерімен бейнеленген, ал төменірек 10-жауынгер, жас босанған әйел және дұғаға қолдарын жайып отырған адамдар бейнеленген. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 12. Арпа өзен таңбалы тастары – қола дәуірінен сақталған (б.з.б. ІІ-І мыңжылдық) ескерткіштер, жартасқа таңбаланған суреттер. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Абай қыстағынан оңтүстік- батысқа қарай 7 шақырым жерде, Қаратаудың Келіншектау деген жотасында орналасқан. Мұндағы суреттердің жалпы саны – 3500. Жартасқа салынған ат, өгіз және түйе жегілген жауынгерлік қос аяқты арбалар ертедегі үнді-арийліктердің әдет- ғұрыптарынан хабар береді. Сонымен қатар, жыл мезгілдерінің ауысуы сияқты табиғи құбылыстар да айқын аңғарылады.
  • 13. Баянжүрек суреттері – Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған жартастағы суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік дәуірін сипаттайды. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 14. «Таңбалытасқа» бүгін ерекше қамқорлық қажет. Мәдени мұралар адамзаттың ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы, тарихы, шежіресі десек, біздің тарихи-мәдени мұрамыздың тамыры тереңде жатыр. Ол ұлттық болмысымызда, салт- дәстүрімізде айқын көрініс тапқан. Ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани материалдық байлықты, жалпы ата-баба мұраларын келешек ұрпаққа дәріптеу – біздің басты мақсатымыз. Құнды мұраларымызды сақтап, оның өміршеңдігін қадағалау қай- қайсысымыздың да ұрпақ алдындағы борышымыз. Ортағасырлық «Таңбалытас» археологиялық ескерткіштерін бұдан әрі қорғау, сақтау, насихаттау және мониторниг жүргізу, зерттеу жұмыстарын жалғастыру «Таңбалы» қорық-мұражайының негізгі мақсаттарының бірі. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру
  • 15.
  • 16. «Таңбалы тас» тасасында Еуразия халықтарының бірнеше мың жылдық тарихының сұлбасы көрінеді, себебі Бетпақдаладағы құз-жартасқа таңба салу құрметіне даланың ең ежелгі, ең мықты тайпалары ғана рұқсат алған. Бұл ескерткіш – қазақтың ұлттық бірлігінің ең тамаша айғағы және тарихымыздың қайнар бұлағы. Қазіргі әкімшілік-территориялық бөлініске қарасақ, Таңбалы тас ескерткіші Оңтүстік Қазақстан облысының аумағына кіреді, Қарағанды облысының шекарасына жақын. Аталған екі облыстың азаматтары Таңбалы тасты қайта жаңғыртуға, қазақтың ең маңызды жәдігерлігін тірілтуге барын салуы керек. Елбасымыз нұсқаған ұлттық сананы жаңғырту бағдарламасы жүрегі қазақ деп соққан әр азаматтан осыны талап етеді. Қазақ даласындағы таңбалы тастармен таныстыру