SlideShare a Scribd company logo
Тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде бастауыш
сыныптардың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекетін ұйымдастыру
арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Орындағандар: Алиева А.Қ
Қабылбек.Ж.М
Ғылыми жетекшісі: Тоқабай.Р.Ж
КIРIСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі :Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасында» қазіргі қоғамдағы болып жатқан саяси-экономикалық,
мәдени-әлеуметтік және т.б. өзгерістер халыққа білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап
етіп отыр,- делінген [1:3б]. Осыған орай өткен кезеңдердегі озық педагогикалық және
әдістемелік идеяларды қайтадан ой елегінен өткізіп, бүгінгі заманның талабына сай, біршама
өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл мәселенің
дұрыс шешілуі, ең алдымен, бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқыту жөніндегі әдістемелік
ой-пікірдің даму үрдісін комплексті түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және
даму тарихын тереңірек зерттеуді қажет етеді.Жаңартылған білім беру мазмұнының түрлі
әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
ойын іс-әрекеттері арқылы түрлендіріп оқыту,тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын
қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда оқушылардың
білімді шалағай меңгерілуін жою,оқу үрдісін сапалы ұйымдастыра отырып,оқушы
белсенділігін арттыру мұғалімнің әдістемелік шеберлігінде екені сөзсіз.Бастауыш сынып
оқушыларының білімге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу
үрдісінде үздіксіз дамытып отыру,сабақ барысында алған білімдерін практикада
қалыптастыру үшін сабақтарда ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше болып табылады.
Дегенмен бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында ойын іс-әрекетін тиімді қолдану
мәселесі бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыдан айқындалып, жеке нысана ретінде
зерттелмеген.Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілі сабағында
қолданылатын ойын іс-әрекеті түрлерінің тиімді тұстарын айқындап, ұтымды ойын
түрлерін іріктеудің, ойынның түрлерін жүйелі түрде таңдап алу зерттеудің қарама-
қайшылығын көрсетіп отыр.Үздіксіз білімнің бастауыш сатысында ойын іс-әрекеттерін
тиімді де ұтымды пайдалану оқушының сабаққа, пәнге деген қызығушылығын,
белсенділігін, құлшынысын арттыру негізінде ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы
мәнділігі, маңыздылығы артып отыр. Сондықтан да зерттеу жұмысымыздың
тақырыбын:«Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі
сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын
арттыру жолдары» деп алуды жөн санадық.
Зерттеу мақсаты: Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың
қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттыру жолдарының тиімділігін ашып көрсету
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын пайдаланудың
тиімді әдіс-тәсіл екендігін ажырата білу үрдісі
Зерттеу пәнi: Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Зерттеу мiндеттерi:-Тақырып бойынша ғылыми –әдістемелік материалдарды жинақтап,
талдау жасау.
-бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін қолданудың әдістемелік
негіздерін анықтау;
-бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы
оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық, пәнге деген қызығушылық қабілеттерін
арттыру;
-бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерінің тиімділігін тәжірибе
жүзінде белгілеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі:Ғылыми-әдістемелік, қазақ тілін оқыту
әдістемесі,философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттер,оқу құралдары негізге
алынды.
Зepттey бaзacы: Тараз қаласы №36 орта мектебі
Зерттеу көздері: ҚР «Білім» туралы заңы,мемлекеттік бағдарлама, тұжырымдама,ғылыми
әдістемелік, психологиялық және педагогикалық еңбектерге шолу жасау.
Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында қолданылып жүрген
әдіс-тәсілдерге ойын іс-әрекеттерінің тиімді түрлерін қолдана білсе,оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын, тілін,сөздік қорын молайтуға,логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық
белсенділігін арттырып,оқушылар білімінің өз деңгей дәрежесіне жеткізе алуға болады.
Зерттеу әдiстерi: Талдау, жинақтау, салыстыру, бақылау, әңгіме, сауалнама, озық та озат
мұғалім тәжірибесін талдау, өңдеу қорытындылау,эксперимент.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдарын
бастауыш мектеп мұғалімдері, ЖОО-ның бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
мамандығында оқитын студенттер пайдалана алады.
Зерттеу кезеңдері:
1-ші кезеңде (2020-2021жж.) -ғылыми зерттеу тақырыбының көкейкестілігі
ашылып,ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып,ғылыми-теориялық
ұстанымдар негізінде жетекші идея анықталды.Ойын іс-әрекеттерінің түрлері арқылы
оқушылар қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары іске асырылды.
2-ші кезеңде (2021-2022 жж..) – қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерінің
сабақтарда ұйымдастырылуы, ,ойын іс-әрекеттерін пайдаланудың тәжірбиелік эксперимент
жұмыстар нәтижелері өңделіп, қорытынды жасалынды,тұжырымдама
даярланып,қарастырылған.
1 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі
сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттыру жолдарының ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ
тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы
оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарының даму тарихы мен
зерттелуі
Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдіру,іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл
педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін саралағанда берік білім
берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі – ойын элементтерін,
ойын технологиясын тиімді пайдалану екендігін байқатады.Ойын арқылы бала өмірден
көптеген мәліметтер алады. Өзінің психологиялық ерекшелігін қалыптастырады, яғни
ойын арқылы бала білім алады. Аса ірі психологтың айтуынша, бала ойын үстінде қандай
болса, өскенде де еңбекте де сондай болады» дейді.Баланың ынтасын тарту үшін
оқылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек»,- дейді С.Елубаева
«Ойын – балалар үшін күрделі іс-әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді.
Ал ол білімді қайдан алады. Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге
тиіс. «Оқу құралдарының мінезі – мектеп мінезінің айнасы» - деп атақты ұлы педагог-
психолог, ақын М.Жұмабаев айтқандай біздің берер білім, тәрбие жолында
пайдаланылатын әдістемелер мәнді жұмыр болу керек.
Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рол
атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы,
М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев[8,9:24б]. Бастауыш сыныпта
сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, құлшынысын, ынтасын арттыруда
ұлтық ойындардың алатын орны мен ролін зерттеуде ағартушы педагог ғалымдар:
Ә.Табылдиев, Б.Балтабаев, Қ.Жарықбаев және т.б. өз үлестерін қосқан
Бастауыш сыныпта сабақтарда ойынның мәні мен маңыздылығын, педагог ғалымдар:
Е.Сағындықов, Б.Төтенаев, Ш.Ыбыраев, А.Әбішева Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б.
ғалымдар зерттеу еңбектерін жазған [10,11:29б].Ал бастауыш сыныпта дидактикалық
ойындардың ерекшеліктерін, қажеттіліктерін, негізгі іріктелген түрлерін зерттеген
ғалымдар: Н.Оралбаева, Б.Бекмырзаева, Р.Керімбаева өз еңбектерінде талдап, қарастырған.
Ойынның шығу тарихына көз жіберетін болсақ, оны педагогтар, психологтар,
философтар, тарихшылар, этнографтар ойынның бала өміріндегі орнын, оқыту,
тәрбиелеуде ойынды пайдаланудың тиімді жолдарын зерттеп қарастырған. Оқыту
үрдісінде пайдаланатын ойындарды ғалымдар үш түрлі термин арқылы береді
1. В.П. Бедерханова оқыту ойындары деп атайды.
2. Е.В. Семенова дидактикалық ойындар деп атайды.
3.С.Я. Хорченко педагогикалық ойындар деп атап көрсеткен болатын
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы
зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен
бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы
суреттесек те болады.
Ой-өрісі
Ойын
Іс - әрекет
Логикалық ойын
Ұлттық ойын
Пәнге қызығушылық
Дүние танымы
кеңейеді
Қимыл әрекет
ойыны
Білім сауаттылығы
Сөздік қоры
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға
нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар
аударған жөн. «Ой – ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа
қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын
басты тәсілі – ойын. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы –
баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға үйретеді.Демек,
жоғарыдағы пікірлерге сүйенсек, бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген
қызығушылығын, ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үрдісінде
үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін қалыптастыру үшін ойын
түрлерін қолданудың, пайдаланудың орны бөлек.
Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау
үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта
ойын түрлерін пайдалану оқушылардың өй-өрісін дамытуға әсер етеді. Педагогика
ғылымында баланың жеке адам ретінде дамуы үшін ойын ерекше орын алады. Ойын – бұл
жасөспірімнің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар.
Ойын – балаларға өмірде
кездескен қиыншылықтарды
жеңудің жолын үйретіп қана
қоймайды,
ұйымдастырушылық қабілетін
қалыптастырады
Ойын баланың еркін билеп алады,
бейнелейтін кейіпкерді толық бастан
кешуге тиісті ниеттестік,
жанашырлық, құрметпен қарау, тағы
басқа да сезімдер оған соншалықты
қатты әсер етеді.
Ағартушы педагог Б.Төтенаевтың
сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-
ойдың қалыпты дамуы да жоқ және
болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге
қарай ашылған үлкен жарық терезе
іспетті, ол арқылы баланың рухани
сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін
қоршаған дүние туралы түсінік алады»
Ойында кішкентай балалар да
бейнелейтін балаларға бала
ниеттестікпен, қамқорлықпен,
мейірімділікпен қарайды: өз
теңдестіктеріне әдептілікке
көрсетуге тырысады.
Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс жұмыс істеуге, ойлау қабілетін
дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне
қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа,
қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта
тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап,
білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері, олардың маңызын мынандай
сызбадан көруге болады.
Кесте 1 - Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында іс әрекеттерін қазақ тілі
сабақтарында ұйымдастыру
Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында іс әрекеттерін
қазақ тілі сабақтарында ұйымдастыру
Ойынның
оқушылардың
таным
мүмкіндігінің
дамуына әсері
Ойын
технологиясын
сабақта және
тәрбие іс-
әрекетінде
қолдану
тәжірибесі;
оқушылардың
аным іс-әрекетін
белсендіру;
Оқушылардың
шығармашылық
қабілеттілігін
дамытудағы
ойынның әсері
1.2 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі
сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың
қызығушылығын арттырдың педагогикалық –психологиялық ерекшеліктері
Қазақ тілі пән бойынша сабақтарды қызықты, түсінікті болу үшін, оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту үшін жарысуға бір-біріне көмектесу қасиетін дамытуда және өткен
сабақты қайталап қорытындылап бекіту барысында ойын технологиясын қолдану өте
тиімді деп пайымдай келе, өткен сабақтарды қорытындылап, толықтырып бекітуге,
игерілген білім сапасын тексеруде «Бәйге», «Қатесін тап» «Жұлдызды сәт», «Сақина
салмақ» ойын түрлерін қолданамыз. Сабақта ойын элементтерін екі түрлі мақсатта
пайдаланамын.
Оның біріншісі-оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту,
екіншісі-оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және
ойлау қабілетін дамыту.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн
ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден
түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
-Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет [29,34б].
3. Ойынға қатысушылардың
ұйымдастыру формасына
байланысты: жеке, екі
адамдық, топтық, көпшілік.
2. Түрі бойынша - сюжетті,
рөлдік, орталықтанған,
ақыл-ойды қажет ететін,
компьютерлік;
1. Мазмұны бойынша -
шығармашылық
ойындар, білімді үйрену;
2 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың
қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы
оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарының әдістемесі
2.1 Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында
қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясының
түрлері мен пайдалану жолдары
Ойын – оқу үрдісіндегі
оқытудың әрі формасы,
әрі әдісі ретінде дербес
дидактикалық
категория.
Ойынның мақсаты -
бағдарламада алған
білімдерін қалыптастыру,
тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың
қызығушылығын
ояту, белсенділігін
арттыру.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті
шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,
сабаққа ынтасын арттырады
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді
жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған
білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Төмендегі
сызбада ойын түрлерінің негізгі мақсаты, шығармашылық бағыты, күтілетін
нәтижесі топтастырылып берілген.
Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының
мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады. Бастауыш
сыныпта ойын іс-әрекеті арқылы оқушыларда қалыптасатын қасиеттер
төмендегі сызбада көрсетілген.
Ұтымдылыққа
Ойын іс-әрекеті
Шыдамдылыққа
Белсенділікке
Тапқырлыққа
Адамгершілікке
Талаптылыққа
Шапшаңдыққа
Ұтқырлыққа
2.2 Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттері
арқылы оқушылар қызығушылығын арттырудағы ойын түрлерінің
ұйымдастыру жолдары
Сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны
қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне,
шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап
алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты
болады.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран
к... тап
к... ктем
... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.
«Түймедақ» ойыны. Септік жалғауды қайталап бекіту мақсатында жүргізіледі. Кестенің
басына «Түймедақ» деп жазылады да , оның астына дөңгелек сызылады.
Дөңгелектің шетінен гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады, оның гүл
тостағаншалары тәрізді қағазға гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деп
жазылған сөздер жазылған қағаз жолақтар жасалады.
Ойнау шарты: атау септігінде тұрған «гүл» сөзі бар бала оны дөңгелек тіліне іледі.
«Есте сақта» бұл ойынды сөздерді меңгеру барысында қолданған тиімді. Оқушылар
үнтаспадан жазылған сөздерді тыңдайды, қайталайды. Есте сақтаулары арқылы
дәптерлеріне жазады. Бұл ойынның тағы бір тиімділігі оқушылардың есте сақтау
қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Көп сөз жазған оқушы жеңімпаз атанады.
«Ойлан, тап» ойыны
Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу
1.Шай қайнатым уақыт
2.Аяқ астынан
3.Кірпік қаққанша
Зерттеу жұмысы негізінен 2 деңгейден тұрады.
Олар: дайындық (айқындау), қорытынды (тексеру).
Эксперимент Тараз қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-
гимназияның бастауыш сыныптарында өткізілді.
Оқушылардың білім көрсеткіші үш деңгей жоғары, орта, төмен болып
белгіленді.
Жоғарғы деңгей. Қазақ тілі материалын жетік түсініп, оларды іс-жүзінде
пайдалана алады. Қиын материалды түсінуге ұмтылады.
Орта деңгей. Білімі бар, дегенмен толықтай емес. Оқушылар кейбір жағдайда
дұрыс талдау жасап, оны шешу жолдарын көрсетеді. Енді бір жағдайда толық
білімінің жоқтығынан қиналады.
Төменгі деңгей. Білімі таяз. Түсінуге ынтасы жоқ. Қиындық кезінде мүлдем
селқос отырады.
Деңгейлер Барлық оқушылар саны 30
Экспериментке дейін Эксперименттен кейін
30 30
Жоғарғы 5
16,66%
12
40%
Орта 14
46,66%
16
53,33%
Төменгі 11
36,68%
2
6,67%
Бақылау тобының эксперимент нәтижелерінің
сандық көрсеткіштері.
1 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ
тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы
оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың білім
деңгейінің экспериментке дейінгі кезеңі
Эксперимент тобының эксперимент
нәтижелерінің сандық көрсеткіштері
Деңгейлер. Барлық оқушылар саны 30
Экспериментке дейін. Эксперименттен кейін.
30 30
Жоғарғы. 6
20%
14
46,66%
Орта. 10
33,34%
15
50%
Төменгі. 14
46,66%
1
3,34%
Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ
тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы
оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың білім
деңгейінің эксперименттен кейінгі кезеңі
ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысымыздың барысында ойдағыдай нәтижеге қол
жеткізгенімізге қарамастан, бұл мәселенің зерттелуін түбегейлі шештік дей алмаймыз.
Дегенмен де осы кішігірім зерттеу жұмысының алдына қойған –« 1 Жаңартылған білім
бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімділігін ашып
көрсету» - деп жоспарланған мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз.
Зерттеу барысында:
1.Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі
сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын
арттырудың әдістемелік негіздерін айқындалып анықталды;
2.Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі
сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын
арттыру арқылы оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық, пәнге деген қызығушылық
қабілеттерін арттырдық
3.Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі
сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын
арттыру арқылы ойын технологияларының тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдедік
Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілі сабақтарында
Зерттеу барысында мынандай болжамдар расталды:
Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында
ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру егер
бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында қолданылыпжүрген әдіс-тәсілдерге ойын іс-
әрекеттерінің тиімді түрлерін қолдана білсе оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін,
қызығушылығын арттыра алады, аралас сабақтарға ойын түрлерін енгізетін болса,
оқушылардың белсенділігін, алғырлығы мен өздігінен ойлау қабілеттерін қалыптастыра
алады;Бастауыш сынып сабақтарында қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруда ұтымды датиімді пайдалана
білсе, оқушылар білімінің өз деңгей дәрежесіне жеткізе алуға болады.
Бастауыш сыныптардан бастап қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдаланатын болсақ,
оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен құштарлығын туғызып, белсенділігін,
алғырлығын, шапшаңдығын, логикалы қойлауын қалыптастыруға болады. Бастауыш білім –
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім
дағдыларында әр түрлі жолмен меңгертуге болады.
Зерттеудің деректі көздері ретінде пайдаланылған ұлы ойшылдар мен педагогтардың білім,
қазақ тілін оқыту әдістемесі, ойын технологиялары туралы еңбектері, дидактика саласындағы
ғылыми еңбектер, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік
құралдарға байланысты материалдарды қолдану зерттеуге көп пайдасын тигізді.
Зерттеу жұмысының материалдарын педагогикалық жоғары оқу орындарының бастауышта
оқытудың педагогикасы мен әдістемесі маманды-ғында, гуманитарлық колледждерде қазақ
тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытуда, сон-дай-ақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби
білімін жетілдіру саласында, бастауыш сыныптың қазақ тілін оқытуда да пайдалануға
болады.Зерттеу нәтижесінде бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеуді
жалғастыра беру мақсатында төмендегі ұсыныс жасадық:
- үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілін оқытуда іс әрекеттерін оқу
процесінде оқушыларды жан – жақты дамыту мен тәрбиелеудің нақты жолдары, әдістері
жүйесін жасауда тәжірибедегі озық идеяларды пайдалану;
- үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілін оқытуда о іс әрекеттерін тиімді де
ұтымды пайдалануда оқытудың мазмұнын байыту және оқытуды ұйымдастырудың
формаларын жетілдіре түсу;
Осы сияқты проблемаларға байланысты, алда тұрған міндеттер әдістемелік зерттеу ісінің
осымен аяқтал-майтынын көрсетеді. Жоғарыдағы проблемаларды зерттеу, анықтау –
болашақтың ісі болмақ.
Қорыта келгенде оқушының оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Мектеп
табалдырығын алғаш аттаған бастауыш сынып оқушылары әлі ойын баласы. Бастауыш
сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар
оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Сондықтан да бастауышта
қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеті арқылы оқушылар қызығушылығын арттыру тиімді
әдістеме болып табылады.

More Related Content

Similar to Дипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptx

сейтмаганбетова ш.ж. мақала
сейтмаганбетова ш.ж.   мақаласейтмаганбетова ш.ж.   мақала
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
Вспомогательный образовательный сайт
 
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
oquzaman
 
5п
5п5п
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмыс
nurbolat84
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жоба
oquzaman
 
доклад класс (автосохраненный)
доклад   класс (автосохраненный)доклад   класс (автосохраненный)
доклад класс (автосохраненный)
oquzaman
 
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
Людмила Верховцева
 
жұмыс ибраева а
жұмыс ибраева ажұмыс ибраева а
кызыкты математик методичка манаповой а
кызыкты математик методичка манаповой акызыкты математик методичка манаповой а
кызыкты математик методичка манаповой а
Asem Sarsembayeva
 
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
Asem Sarsembayeva
 
курсовая
курсоваякурсовая
курсовая
Asem Sarsembayeva
 
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Bilim All
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
Asem Sarsembayeva
 
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
salta dyussembayeva
 
мұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктерімұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктері
Asem Sarsembayeva
 
Әдіс.pptx
Әдіс.pptxӘдіс.pptx
Әдіс.pptx
ssuser418207
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздік
oquzaman
 
конферен
конференконферен
конферен
Asem Sarsembayeva
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
nurlan93kz
 
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
Вспомогательный образовательный сайт
 

Similar to Дипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptx (20)

сейтмаганбетова ш.ж. мақала
сейтмаганбетова ш.ж.   мақаласейтмаганбетова ш.ж.   мақала
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
 
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
 
5п
5п5п
5п
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмыс
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жоба
 
доклад класс (автосохраненный)
доклад   класс (автосохраненный)доклад   класс (автосохраненный)
доклад класс (автосохраненный)
 
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
Самопрезентация опыта работы в рамках городского конкурса "Лучший учитель каз...
 
жұмыс ибраева а
жұмыс ибраева ажұмыс ибраева а
жұмыс ибраева а
 
кызыкты математик методичка манаповой а
кызыкты математик методичка манаповой акызыкты математик методичка манаповой а
кызыкты математик методичка манаповой а
 
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
 
курсовая
курсоваякурсовая
курсовая
 
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
 
методичка умбетова г.
методичка умбетова г. методичка умбетова г.
методичка умбетова г.
 
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
диссертация Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды кө...
 
мұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктерімұғалімнің жетістіктері
мұғалімнің жетістіктері
 
Әдіс.pptx
Әдіс.pptxӘдіс.pptx
Әдіс.pptx
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздік
 
конферен
конференконферен
конферен
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
 
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
 

Дипломный_проект_Алиева.А_Кабылбек.Ж.pptx

  • 1. Тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптардың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Орындағандар: Алиева А.Қ Қабылбек.Ж.М Ғылыми жетекшісі: Тоқабай.Р.Ж
  • 2. КIРIСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі :Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» қазіргі қоғамдағы болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік және т.б. өзгерістер халыққа білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр,- делінген [1:3б]. Осыған орай өткен кезеңдердегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды қайтадан ой елегінен өткізіп, бүгінгі заманның талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл мәселенің дұрыс шешілуі, ең алдымен, бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқыту жөніндегі әдістемелік ой-пікірдің даму үрдісін комплексті түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зерттеуді қажет етеді.Жаңартылған білім беру мазмұнының түрлі әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ойын іс-әрекеттері арқылы түрлендіріп оқыту,тиімді оқытуда олардың ізденуін, танымын қалыптастыруға мол мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда оқушылардың білімді шалағай меңгерілуін жою,оқу үрдісін сапалы ұйымдастыра отырып,оқушы белсенділігін арттыру мұғалімнің әдістемелік шеберлігінде екені сөзсіз.Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген ынтасы мен мүмкіндігін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру,сабақ барысында алған білімдерін практикада қалыптастыру үшін сабақтарда ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше болып табылады.
  • 3. Дегенмен бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында ойын іс-әрекетін тиімді қолдану мәселесі бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыдан айқындалып, жеке нысана ретінде зерттелмеген.Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын іс-әрекеті түрлерінің тиімді тұстарын айқындап, ұтымды ойын түрлерін іріктеудің, ойынның түрлерін жүйелі түрде таңдап алу зерттеудің қарама- қайшылығын көрсетіп отыр.Үздіксіз білімнің бастауыш сатысында ойын іс-әрекеттерін тиімді де ұтымды пайдалану оқушының сабаққа, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін, құлшынысын арттыру негізінде ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы мәнділігі, маңыздылығы артып отыр. Сондықтан да зерттеу жұмысымыздың тақырыбын:«Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары» деп алуды жөн санадық. Зерттеу мақсаты: Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарының тиімділігін ашып көрсету Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын пайдаланудың тиімді әдіс-тәсіл екендігін ажырата білу үрдісі
  • 4. Зерттеу пәнi: Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілін оқыту әдістемесі. Зерттеу мiндеттерi:-Тақырып бойынша ғылыми –әдістемелік материалдарды жинақтап, талдау жасау. -бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін қолданудың әдістемелік негіздерін анықтау; -бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық, пәнге деген қызығушылық қабілеттерін арттыру; -бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерінің тиімділігін тәжірибе жүзінде белгілеу. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі:Ғылыми-әдістемелік, қазақ тілін оқыту әдістемесі,философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттер,оқу құралдары негізге алынды. Зepттey бaзacы: Тараз қаласы №36 орта мектебі Зерттеу көздері: ҚР «Білім» туралы заңы,мемлекеттік бағдарлама, тұжырымдама,ғылыми әдістемелік, психологиялық және педагогикалық еңбектерге шолу жасау. Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдерге ойын іс-әрекеттерінің тиімді түрлерін қолдана білсе,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, тілін,сөздік қорын молайтуға,логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық белсенділігін арттырып,оқушылар білімінің өз деңгей дәрежесіне жеткізе алуға болады.
  • 5. Зерттеу әдiстерi: Талдау, жинақтау, салыстыру, бақылау, әңгіме, сауалнама, озық та озат мұғалім тәжірибесін талдау, өңдеу қорытындылау,эксперимент. Зерттеудің практикалық маңыздылығы:Зерттеу нәтижелері мен тұжырымдарын бастауыш мектеп мұғалімдері, ЖОО-ның бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығында оқитын студенттер пайдалана алады. Зерттеу кезеңдері: 1-ші кезеңде (2020-2021жж.) -ғылыми зерттеу тақырыбының көкейкестілігі ашылып,ғылыми әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып,ғылыми-теориялық ұстанымдар негізінде жетекші идея анықталды.Ойын іс-әрекеттерінің түрлері арқылы оқушылар қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары іске асырылды. 2-ші кезеңде (2021-2022 жж..) – қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерінің сабақтарда ұйымдастырылуы, ,ойын іс-әрекеттерін пайдаланудың тәжірбиелік эксперимент жұмыстар нәтижелері өңделіп, қорытынды жасалынды,тұжырымдама даярланып,қарастырылған.
  • 6. 1 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарының ғылыми-теориялық негіздері 1.1 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарының даму тарихы мен зерттелуі Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдіру,іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін саралағанда берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі – ойын элементтерін, ойын технологиясын тиімді пайдалану екендігін байқатады.Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Өзінің психологиялық ерекшелігін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Аса ірі психологтың айтуынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде де еңбекте де сондай болады» дейді.Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек»,- дейді С.Елубаева
  • 7. «Ойын – балалар үшін күрделі іс-әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді қайдан алады. Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. «Оқу құралдарының мінезі – мектеп мінезінің айнасы» - деп атақты ұлы педагог- психолог, ақын М.Жұмабаев айтқандай біздің берер білім, тәрбие жолында пайдаланылатын әдістемелер мәнді жұмыр болу керек. Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рол атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Т.Тәжібаев[8,9:24б]. Бастауыш сыныпта сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, құлшынысын, ынтасын арттыруда ұлтық ойындардың алатын орны мен ролін зерттеуде ағартушы педагог ғалымдар: Ә.Табылдиев, Б.Балтабаев, Қ.Жарықбаев және т.б. өз үлестерін қосқан Бастауыш сыныпта сабақтарда ойынның мәні мен маңыздылығын, педагог ғалымдар: Е.Сағындықов, Б.Төтенаев, Ш.Ыбыраев, А.Әбішева Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров т.б. ғалымдар зерттеу еңбектерін жазған [10,11:29б].Ал бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың ерекшеліктерін, қажеттіліктерін, негізгі іріктелген түрлерін зерттеген ғалымдар: Н.Оралбаева, Б.Бекмырзаева, Р.Керімбаева өз еңбектерінде талдап, қарастырған.
  • 8. Ойынның шығу тарихына көз жіберетін болсақ, оны педагогтар, психологтар, философтар, тарихшылар, этнографтар ойынның бала өміріндегі орнын, оқыту, тәрбиелеуде ойынды пайдаланудың тиімді жолдарын зерттеп қарастырған. Оқыту үрдісінде пайдаланатын ойындарды ғалымдар үш түрлі термин арқылы береді 1. В.П. Бедерханова оқыту ойындары деп атайды. 2. Е.В. Семенова дидактикалық ойындар деп атайды. 3.С.Я. Хорченко педагогикалық ойындар деп атап көрсеткен болатын
  • 9. Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы суреттесек те болады. Ой-өрісі Ойын Іс - әрекет Логикалық ойын Ұлттық ойын Пәнге қызығушылық Дүние танымы кеңейеді Қимыл әрекет ойыны Білім сауаттылығы Сөздік қоры
  • 10. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ой – ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі – ойын. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы – баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақта болуға үйретеді.Демек, жоғарыдағы пікірлерге сүйенсек, бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген қызығушылығын, ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолданудың, пайдаланудың орны бөлек. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың өй-өрісін дамытуға әсер етеді. Педагогика ғылымында баланың жеке адам ретінде дамуы үшін ойын ерекше орын алады. Ойын – бұл жасөспірімнің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның да қоғамдық мәні бар.
  • 11. Ойын – балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады Ойын баланың еркін билеп алады, бейнелейтін кейіпкерді толық бастан кешуге тиісті ниеттестік, жанашырлық, құрметпен қарау, тағы басқа да сезімдер оған соншалықты қатты әсер етеді. Ағартушы педагог Б.Төтенаевтың сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл- ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады» Ойында кішкентай балалар да бейнелейтін балаларға бала ниеттестікпен, қамқорлықпен, мейірімділікпен қарайды: өз теңдестіктеріне әдептілікке көрсетуге тырысады.
  • 12. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері, олардың маңызын мынандай сызбадан көруге болады.
  • 13. Кесте 1 - Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында іс әрекеттерін қазақ тілі сабақтарында ұйымдастыру Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында іс әрекеттерін қазақ тілі сабақтарында ұйымдастыру Ойынның оқушылардың таным мүмкіндігінің дамуына әсері Ойын технологиясын сабақта және тәрбие іс- әрекетінде қолдану тәжірибесі; оқушылардың аным іс-әрекетін белсендіру; Оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамытудағы ойынның әсері
  • 14. 1.2 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырдың педагогикалық –психологиялық ерекшеліктері Қазақ тілі пән бойынша сабақтарды қызықты, түсінікті болу үшін, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін жарысуға бір-біріне көмектесу қасиетін дамытуда және өткен сабақты қайталап қорытындылап бекіту барысында ойын технологиясын қолдану өте тиімді деп пайымдай келе, өткен сабақтарды қорытындылап, толықтырып бекітуге, игерілген білім сапасын тексеруде «Бәйге», «Қатесін тап» «Жұлдызды сәт», «Сақина салмақ» ойын түрлерін қолданамыз. Сабақта ойын элементтерін екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Оның біріншісі-оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі-оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту.
  • 15. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар: - Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою. - Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру. - Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету. - Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу. - Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу. -Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану. - Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу. - Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет [29,34б].
  • 16. 3. Ойынға қатысушылардың ұйымдастыру формасына байланысты: жеке, екі адамдық, топтық, көпшілік. 2. Түрі бойынша - сюжетті, рөлдік, орталықтанған, ақыл-ойды қажет ететін, компьютерлік; 1. Мазмұны бойынша - шығармашылық ойындар, білімді үйрену;
  • 17. 2 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарының әдістемесі 2.1 Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясының түрлері мен пайдалану жолдары Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
  • 18. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
  • 19. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Төмендегі сызбада ойын түрлерінің негізгі мақсаты, шығармашылық бағыты, күтілетін нәтижесі топтастырылып берілген.
  • 20. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір – біріне деген сенімін арттырады. Бастауыш сыныпта ойын іс-әрекеті арқылы оқушыларда қалыптасатын қасиеттер төмендегі сызбада көрсетілген. Ұтымдылыққа Ойын іс-әрекеті Шыдамдылыққа Белсенділікке Тапқырлыққа Адамгершілікке Талаптылыққа Шапшаңдыққа Ұтқырлыққа
  • 21. 2.2 Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттері арқылы оқушылар қызығушылығын арттырудағы ойын түрлерінің ұйымдастыру жолдары Сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады. Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау. Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу. Мысалы: к... гершін балдыр... ан ән... ран к... тап к... ктем ... же ... ңгіме о... ушы айда... ар Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.
  • 22. «Түймедақ» ойыны. Септік жалғауды қайталап бекіту мақсатында жүргізіледі. Кестенің басына «Түймедақ» деп жазылады да , оның астына дөңгелек сызылады. Дөңгелектің шетінен гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады, оның гүл тостағаншалары тәрізді қағазға гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деп жазылған сөздер жазылған қағаз жолақтар жасалады. Ойнау шарты: атау септігінде тұрған «гүл» сөзі бар бала оны дөңгелек тіліне іледі. «Есте сақта» бұл ойынды сөздерді меңгеру барысында қолданған тиімді. Оқушылар үнтаспадан жазылған сөздерді тыңдайды, қайталайды. Есте сақтаулары арқылы дәптерлеріне жазады. Бұл ойынның тағы бір тиімділігі оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Көп сөз жазған оқушы жеңімпаз атанады. «Ойлан, тап» ойыны Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу 1.Шай қайнатым уақыт 2.Аяқ астынан 3.Кірпік қаққанша
  • 23. Зерттеу жұмысы негізінен 2 деңгейден тұрады. Олар: дайындық (айқындау), қорытынды (тексеру). Эксперимент Тараз қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп- гимназияның бастауыш сыныптарында өткізілді. Оқушылардың білім көрсеткіші үш деңгей жоғары, орта, төмен болып белгіленді. Жоғарғы деңгей. Қазақ тілі материалын жетік түсініп, оларды іс-жүзінде пайдалана алады. Қиын материалды түсінуге ұмтылады. Орта деңгей. Білімі бар, дегенмен толықтай емес. Оқушылар кейбір жағдайда дұрыс талдау жасап, оны шешу жолдарын көрсетеді. Енді бір жағдайда толық білімінің жоқтығынан қиналады. Төменгі деңгей. Білімі таяз. Түсінуге ынтасы жоқ. Қиындық кезінде мүлдем селқос отырады.
  • 24. Деңгейлер Барлық оқушылар саны 30 Экспериментке дейін Эксперименттен кейін 30 30 Жоғарғы 5 16,66% 12 40% Орта 14 46,66% 16 53,33% Төменгі 11 36,68% 2 6,67% Бақылау тобының эксперимент нәтижелерінің сандық көрсеткіштері.
  • 25. 1 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың білім деңгейінің экспериментке дейінгі кезеңі
  • 26. Эксперимент тобының эксперимент нәтижелерінің сандық көрсеткіштері Деңгейлер. Барлық оқушылар саны 30 Экспериментке дейін. Эксперименттен кейін. 30 30 Жоғарғы. 6 20% 14 46,66% Орта. 10 33,34% 15 50% Төменгі. 14 46,66% 1 3,34%
  • 27. Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың білім деңгейінің эксперименттен кейінгі кезеңі
  • 28. ҚОРЫТЫНДЫ Зерттеу жұмысымыздың барысында ойдағыдай нәтижеге қол жеткізгенімізге қарамастан, бұл мәселенің зерттелуін түбегейлі шештік дей алмаймыз. Дегенмен де осы кішігірім зерттеу жұмысының алдына қойған –« 1 Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімділігін ашып көрсету» - деп жоспарланған мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз. Зерттеу барысында: 1.Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың әдістемелік негіздерін айқындалып анықталды; 2.Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық, пәнге деген қызығушылық қабілеттерін арттырдық 3.Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы ойын технологияларының тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдедік
  • 29. Үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілі сабақтарында Зерттеу барысында мынандай болжамдар расталды: Жаңартылған білім бағдарламасы негізінде бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру егер бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында қолданылыпжүрген әдіс-тәсілдерге ойын іс- әрекеттерінің тиімді түрлерін қолдана білсе оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра алады, аралас сабақтарға ойын түрлерін енгізетін болса, оқушылардың белсенділігін, алғырлығы мен өздігінен ойлау қабілеттерін қалыптастыра алады;Бастауыш сынып сабақтарында қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруда ұтымды датиімді пайдалана білсе, оқушылар білімінің өз деңгей дәрежесіне жеткізе алуға болады. Бастауыш сыныптардан бастап қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін пайдаланатын болсақ, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен құштарлығын туғызып, белсенділігін, алғырлығын, шапшаңдығын, логикалы қойлауын қалыптастыруға болады. Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім дағдыларында әр түрлі жолмен меңгертуге болады. Зерттеудің деректі көздері ретінде пайдаланылған ұлы ойшылдар мен педагогтардың білім, қазақ тілін оқыту әдістемесі, ойын технологиялары туралы еңбектері, дидактика саласындағы ғылыми еңбектер, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға байланысты материалдарды қолдану зерттеуге көп пайдасын тигізді.
  • 30. Зерттеу жұмысының материалдарын педагогикалық жоғары оқу орындарының бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі маманды-ғында, гуманитарлық колледждерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытуда, сон-дай-ақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби білімін жетілдіру саласында, бастауыш сыныптың қазақ тілін оқытуда да пайдалануға болады.Зерттеу нәтижесінде бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеуді жалғастыра беру мақсатында төмендегі ұсыныс жасадық: - үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілін оқытуда іс әрекеттерін оқу процесінде оқушыларды жан – жақты дамыту мен тәрбиелеудің нақты жолдары, әдістері жүйесін жасауда тәжірибедегі озық идеяларды пайдалану; - үздіксіз білім берудің бастауыш сатысында қазақ тілін оқытуда о іс әрекеттерін тиімді де ұтымды пайдалануда оқытудың мазмұнын байыту және оқытуды ұйымдастырудың формаларын жетілдіре түсу; Осы сияқты проблемаларға байланысты, алда тұрған міндеттер әдістемелік зерттеу ісінің осымен аяқтал-майтынын көрсетеді. Жоғарыдағы проблемаларды зерттеу, анықтау – болашақтың ісі болмақ. Қорыта келгенде оқушының оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бастауыш сынып оқушылары әлі ойын баласы. Бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Сондықтан да бастауышта қазақ тілі сабақтарында ойын іс-әрекеті арқылы оқушылар қызығушылығын арттыру тиімді әдістеме болып табылады.