SlideShare a Scribd company logo
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 1 ~
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 2 ~
Оглавление
ТІЛ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫҢ
ГРАФИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ..................................... 3
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ ....... 8
ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ............................................................................ 13
АУТИЗМ – ПСИХИКАЛЫҚ АУЫТҚУ.................................................. 15
ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ – БАРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ................ 20
МАХАМБЕТ ЖҮРГЕН ЖОЛДАРМЕН ................................................ 25
РЕАЛИЗАЦИЯ ПРОЕКТА «ВЕСЕЛЫЙ ЛЕТНИЙ МАРАФОН» В
ДЕТСКОМ САДУ................................................................................ 38
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 3 ~
ТІЛ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫҢ
ГРАФИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Балдайкенова Гульден Сериковна
логопед №6 «Алданыш» б/б КМҚК, Қарағанды қаласы
Жалпы тілдің өмірде алатын орны ерекше. Тіл
байланысқа түсу, қарым-қатынас жасау, ойды жеткізу, сезімді
білдіру құралы. Баланың тілін дамыту туғаннан, мектепке
дейінгі кезеңнен бастау алады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім
беретін оқу бағдарламасында «Коммуникация» білім беру
саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде
ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу
әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді,
тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, мазмұндауды,
мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуды, сауат ашу
негіздерін қалыптастыруды қамтып отыр.
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру, тәрбиелеу,
білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса,
баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу
мүмкіндігі болмайды. Бұл мәселелерді жүзеге асыру
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 4 ~
барысында балалардың тіл дамуында болатын кемшіліктер
басты кедергілер болып табылады.
Тіл дамуының бұзылуларының негізгі белгілері:
дыбыстаудың бұзылуы, просодика, сөйлеу барысында тыныс
алу, дауыс және артикуляциялық моториканың дұрыс
қимылдамауы. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінің
зақымдалуынан қимылдық механизмі бұзылып, жалпы және
ұсақ моторикасында да қиындақтар болады. Бұл балалар өз
құрбыларынан ептілік және қимылдың нақтылығынан артта
қалады, бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуларында
қиындықтар байқалады. Қимылдық тапсырма, нұсқауларды
орындау мүмкіндіктері шектеулі болады. Сөйлеуінде кемістігі
бар балаларға оқу қызметінің мазмұндық жағына деген
индиферентті көзқарас тән. Балаларда көбінде интегративті
функциялардың (көру, есту және қозғалтқыштық
үйлестірушіліктер) қалыптаспағандығы байқалады. Логопат
балалармен түзету жұмыстарын уақытылы, жүйелі, жан-жақты
жүргізіп көмек беру бұл кемшіліктерді жоюдың шешуші жолы
болады. Оның ішінде жалпы және ұсақ моториканы дамыту
ерекше орын алады.Логопад балаларға тән саусақтар мен қол
білезіктерінің епті қозғалыстарының дамымағандығын жазуға
оқыту кезінде мынадай ерекшеліктер білінеді: балалар қаламды
қате және үлкен қиналыспен ұстайды, бұл ретте «тұзақтар» мен
«ілмектер» бірдей болып шықпайды, сызықтар «дірілді», қысым
жасау бірдей мөлшерде емес, әріптер әртүрлі мөлшерде және
жазылуына ұқсас әріптермен алмастырғандай болып шығады.
М.М. Кольцова зерттеулерінде, тіл дамуы бұзылған балалардың
ұсақ қол моторикасын дамыту барысында баланың тіл дамуы
жай ғана жетілмейді, сондай-ақ, оның жан-жақты дамуында
үлкен рөл атқаратыны анықталған.
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 5 ~
Графикалық қабілетін қалыптастыру жұмысы баланың
барлық іс-әрекеттерінде жүзеге асырылуы қажет: оқу
қызметтерінде (тіл дамыту, сауат ашу, математика, бейнелеу
өнері, қол еңбегі және т.б) және оқу қызметінен тыс уақыттарда.
Дәстүрлі жұмыс пропедевтикалық кезеңнен бас алуы қажет.
Негізгі мақсаты графо-моторлық қабілетті үйренуінде баланың
оқу қызметіне деген қызығушылығын және құралды қолдана алу
қабілетін арттыруға бағытталады. Психолог ғалымдардың
зерттуіне сүйенсек, балабақшадағы балалардың 90% жазу мен
оқуға деген қызығушылық білдірген. Жазу психологиялық және
физилогиялық тұрғыда алғанда өте қиын күрделі үдеріс.
Балаланың ойын түріндегі әртүрлі жаттығуларды орындауы
оның негізгі әрі басты тәжіріибесі болады. Графикалық
дағдыны дамыту үшін графикалық бақылаулар, суреттер салу
(нүкте, нұсқау, торкөз бойынша) , штрих түсіру (қол қимылын әр
бағыттарда қимылдату, силуэттік штрихтаулар, суреттің
элементтерін бастыру), суреттерді бояу.
Сызықтық графиканы үйрену үдерісін ынталандыру үшін
келесі тапсырмалар жақсы нәтижеге жеткізеді:
 Жоғарыдан-төменге, төменнен жоғарыға түзу тік,
паралелдік сызықтар сызу;
 Солдан-оңға және оңнан солға түзу көлденең,
паралельдік сызықтар сызу;
 Тік және көлденең сызықтарын үйлестіріп
композициялар құрастыру;
 Еңкіш, паралельдік сызықтар, қиысатын, сынық
сызықтар жүргізу;
 Доғал тәріздес қисық, толқынды, ілмекті және
шиыршықты сызықтар салу;
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 6 ~
 Сызықтардан құрастырылған композициялар
жасау;
 Геометриялық фигуралар негізінде бейнелер салу;
 Тірек нүктелерін қолданып геометриялық
фигураларды салу;
Ойын түріндегі жаттығуларды қолдану мысалдарын
қарастырайық.
1 жаттығу. Мақсаты: ерікті түрде нүктелерді салғызуда
қарындашты дұрыс ұстай білуді қалыптастыру.
Нұсқау: «Мүмкіндігіңше көп жұлдыздарды сал. Есіңде
болсын олар бізден өте алыста, сондықтан біз оларды нүкте
түрінде ғана көреміз».
Жерден жұлдыздардың алыстауына қарай, нүктелерді
салудағы басу күші азайады. Қимыл шолақ, үзік және жылдам
болу керек.
2 жаттығу. Мақсаты: берілген нүктеден қарама-қарсы
бағытта, яғни төменнен жоғарыға және жоғарыдан төменге
қарай сызық сызу қабілетін қалыптастырады.
Нұсқау: «Күн сәулесін сызғанда қарындашты қағаз
бетінен ажыратпа, әйтпесе күн сәулесі шөпке дейін жете аламай
қалады (жоғарыдан төмен қарай үздіксіз, бірқалыпты сызу)».
«Ал, енді, сенің сәулелерің шөпке жетсе, шөптің өсуіне көмектес
(төменнен жоғары қарай шөптерді түзу етіп бастыру)».
3жаттығу. Мақсаты: кеңістікті қабылдауды, зейінділікті,
көру-моторикалық координациясын дамыту.
Нұсқау: Қарындашпен көбелек және қоңызды бастыр
............ түспен көбелекті, ал ......... түспен қоңызды боя (түсті
педагог немесе бала өзі таңдайды).
Бұл жаттығу қоршаған ортаны таныстыруда, «жәндіктер»
түсінігін қалыптастыруда сөздіктерін, білімдерін кеңейтуде
қолдануға болады.
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 7 ~
 Көбелек пен қоңызды бір сөзбен қалай айтамыз?
 Жәндіктердің тағы қандай түрлерін білесіңдер?
Осы және осыған ұқсас тапсырмалар тіл кемістігі бар
балалардың көріп
анализдеу және бағыт-бағдарлау түсініктерін дамытады.
Алдыңғы көрсетілген жаттығулардан басқа, көріп талдау және
кеңістікті бағдарлау қабілетін дамытуға келесідей тапсырмалар
үлесін тигізеді: суреттергі айырмашылықтарды табу (ұқсас
элементтерді), затты сұлбасынан ажырату және суреттердің
бөліктерінен табу, бөліктерден бір бүтін суретті құрастыра алу.
Қолдың жұмысын жетілдіруде, графикалық сызықтарды
жазуды қалыптастыру күнделікті жұмыс барысында
бақылаулар, көркем әдебиет шығармаларымен таныстыру,
табиғи және жарамсыз материалдарды оқу қызметтерінде
қолдану, дидактикалық ойындарда, логикалық ойын және
тапсырмаларда жүзеге асырылады. Саусақ бұлшық еттерінің
қимылының жақсы жетілуі баланың болашақта жазу, сызу, сурет
салу, бояу әрекеттерін жетік игеруіне оңды әсер етеді. Қалам,
қарындашты дұрыс ұстауын жетілдіру үшін саусақ жаттығу-
ойындарды қолданған тиімді. Оқу қызметтерінде, тыс
уақыттарда құрғақ бассейіндермен ойнау, құммен сурет салу,
Су-Джок шарларымен ойындар, марблс тастарын қолдану,
кинетикалық құмдармен ойындар, табиғи матералдарды қолдану
қазіргі таңда кеңінен қолданылып келеді. Осы ойындар баланың
қызығушылығын арттырып, тапсырманы орындау барысында
тиянақтылығын, зейінділігін, тұрақтылығын, көріп қабылдауын
дамытады.
Баланың әлемі – нақты заттың әлемі, яғни баламен жақын
болам десеңіз, оның жас және психофизиологиялық
ерекшеліктерін ескеру қажет. Ойын түріндегі берілген тапсырма,
жаттығулар баланың ойлау, жазу, сызуға деген қызығушылығын
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 8 ~
арттыра түседі. Сондықтан баланың графикалық қабілеттерін
қалыптастыруда ойындық тәсілдерді кеңінен қолдану
педагогтың шеберлігі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемелекеттік жалпыға міндетті стандарты. 2016ж.
2. Журнал «Тілашар, логопед» 2011ж.
3. Журнал «Балабақша тәрбиелеу және оқыту»
2016ж.
4. Журнал «Дефектология» 2011ж.
5. Журнал «Воспитание и обучение» 2011г.
ХАЛЫҚ АУЫЗ
ӘДЕБИЕТІНІҢ БАЛА ТІЛІН
ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Балгабекова Нургуль Жарлыгасыновна
ҚМҚК №6 «Алданыш» балабақшасы, тәрбиеші
Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. Ауыз әдебиеті
ауызша шағарылып, ауызша айту арқылы таралатын
болғандықтан, творчествовалық өзгеріске ұшырап отырады.
Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиет те, көркем туынды. Қазақ ауыз
әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай
асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы
бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 9 ~
әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.
Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен
жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады.
Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға
тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланың тілі
ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын
молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін,
алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас
ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.
Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер,
батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы.
Мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты
жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар – бәрі де
балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол.
Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу
– іс әрекеттері мен сабақтан тыс жүргізілетін ойын, еңбек
жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын
молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу
көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге үйретеді.
Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегі, ертегілер
өте ерте заманда, тіпті жазу, сызу болмаған кездің өзінде ақ
туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа
ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді
әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді байланыстырып
сөйлеуге үйретеді.
Көркем әдебиет сабағында алдыға қойылатын мақсат:
баланың ертегіні байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру,
ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан
дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйретуді,
алдыға қоямыз. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және
оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 10 ~
екінші жартысында осы оқыған ертегіні кейіптендіреді. Мысалы:
«Ақымақ қасқыр», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерін. Олар
өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді, сөздерін жатқа
айтып отырып, өзі қалап алған кейіпкерлердің көңіл-күйін, іс
әрекетін беруге тырысады. Ертегіні кейіптендіруде баланы
дұрыс сөйлеуге, сөйлемді байланыстыра құрастырып айтуға
үйретемін.
Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ.
Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту,
тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың
білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында,
қоршаған ортамен таныстыру, оқу іс — әрекетерінде жиі
қолданылады. Мысалы: балалар айналадағы өмірді бақылау
арқылы таниды. Сондықтан, бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды
өтуіне мән береміз. Қыс уақытында серуенге шығар кезде,
қардың суық болатынын, алақаныңа салып ұстасаң, еритініне де
көңіл бөлеміз. «Балалар, - қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы,
жылылықтан қар ериді» - деп. Балалар бірнеше нәтижеден соң,
өздері қар жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға
«Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады», - деген жұмбақты
жасырып өздеріне айтқызып, шешуін тауып айтуларын
ұсынамын. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа
айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды.
Жұмбақта сурет, мүсіндеу, жапсыру оқу іс —
әрекеттерінде де қолданылады. Мысалы: түйенің бейнесін салу
алдында, түйенің ерекшелігін естеріне түсіру мақсатымен, түйе
туралы жұмбақ жасырылады.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 11 ~
Шешуін тапқан балалар, оның жануар екенін, оның екі
өркеші барын айтып өтеді, тіл байлықтарымен ойлану
қабілеттері дамиды.
Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін
байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен
айтылады.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаш.
Жаңылтпаш тіл дамыту сабақтарда, экология негізі сабағында
және сабақтан тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына
келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің
мағынасын түсіне білу мағынасында пайдаланылады, тіпті
математика сабағында сандар жайлы түсініктерін толықтыруда
сандарды қайталау барысында мына жаңылтпаш өте тиімді.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық.
Қоршаған ортамен таныстыру сабағында, үй жануарлары
олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, қорытынды барысында
Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді,
дегендей жаңылтпаштар баланың сөздік қорын байытып,
сөздерді анық айтуға жаттықтырады. Ал, тіл дамыту сабағында
с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға мына жаңылтпаштар
өте тиімді, және осы дыбыстарды жаттықтыруда сабақтан тыс,
серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол.
Мысалы:
Күрішші егуге кірісті күрішті,
Күрішші себуге кірісті күрішті.
Мақал – мәтел, нақыл сөздер — халықтың ұзақ уақыт
бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез – құлқы жасалған
байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамыты,
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 12 ~
ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің
мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді
күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал –
мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына
салып айтқан жөн. Мақал – мәтел барлық сабақта және сабақтан
тыс уақытқа тәрбие ішінде қолданған тиімді.
Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді. «Ас адамның
арқауы» (батыр, мықты, әдемі) синоним сөздерді, көп мағыналы
сөздерді ажырата білуге бейімдейді.
Экология негіздері сабағында: «Денсаулық – зор байлық»
- мақалы денсаулықтың адамға ең қажет екенін түсіндірсе,
баланың сөздік қорын дамытып, оның сөйлеуге тілін
жаттықтырады.
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық
арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарында алатын
орындары ерекше. Ойында тапқырлық, шапшаңдық, батылдық
қасиетімен, ойынмен балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы
білген халқымыз « Ақ серек, көк серек», «Қуыр, қуыр,
қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан,
ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып,
баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра сөйлеуге
үйретеді. Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол,
көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра
білуге, мәдениетті сөйлей және, сұрақта толық жауап беруге
халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол.
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 13 ~
ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ
Иманбаева Дидар Сабитовна
Тәрбиеші, №6 «Алданыш» балабақшасы КМҚК
Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық.
Әлемде қанша мамандық болса, сол мамандық иесін оқытқан,
тәлім-тәрбие берген, сол мамандықты мықты меңгеріп шығуға
барынша күш-жігерін салған адам – ол ұстаз. «Ұстаздық еткен
жалықпас үйретуден балаға». Ұстаздың алдынан білім алмайтын
жан жоқ. Бала кішкентайынан бастап ұстаз тәрбиесін, ұстаз
өнегесін көреді. Ұстаз әрбір оқушының шамшырағы. Ғылым иесі
ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, ел қорғаған батыр да
ұстаздан білім алған. Сол себепті де ұстазға барлығы бас иіп,
құрметпен қарайды.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын
аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай,
ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірттің санасына білім нәрін сеуіп,
ел болашағын ойлар азаматты, ел анасы болар бойжеткендерді
тәрбиелеу де екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тарихта
ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше
құрметпен қарап, әрдайым ізетпен еске алатыны мәлім.
Айталық, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан –
Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне
ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»
дегендей, олар өздерінің бағындырған зор асуларына
ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екендігін жақсы түсінген.
Мысалы үшін, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма
әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам,
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 14 ~
Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске
алып отырған. Сондықтан да ұстазды сыйлау басты міндеттердің
бірі.
Януш Корчак «Нағыз мұғалім шырмаушы емес, еркіндік
беруші. Ол балаларды басып тастамайды, керісінше
көтермелейді. Бұзбайды, керісінше қалыптастырады, жатқа
айтқызбайды оқытады, талап етпейді, керісінше сұрайды,
баламен бірге көптеген серпіліс сәттерін басынан кешеді» дейді.
Осыған орай тәрбие берудегі педагогтың үш стилін қарастыруға
болады:
Авторитарлық (өктем) – оқушыларға қатал болады,
өктемдік көрсету арқылы балалардан білімді талап етеді;
Либералдық педагогтер үшін ешқандай мақсат-мүдде
болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны;
Гуманистік (ізгіліктік) – бұл педагогтар шәкірттерін
адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді. Баланың адам болып
өсуіне барынша үлес қосады.
Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа
байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана
ұстаз бола алады. Жалпы «Ұстаз - тәрбиелеуші» діни ілімнен
бастау алады. Діни танымда, халықтың мифологиялық
санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз
берілуін, өз еркін ұстазға сеніп, тапсыруы арқылы ақиқат ілімді
иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалы Мұса (ғ.с)
пайғамбардың Қызыр (ғ.с) пайғамбарға шәкірт болуынан
көреміз. Демек, бұдан ұстаздың жауапкершілігін, оның терең
ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы
керек екендігін байқаймыз.
Ұстаз болу – өнер. Бәрінің қолынан келе бермейтін, екінің
бірі қайталай алмайтын ерекше тұлғалық қасиет, ұлағатты есім.
Мектеп қабырғасында мұғалім болу өз алдына бір мамандық. Ал
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 15 ~
нағыз ұстаз болып, шәкірт тәрбиелеу, ол шәкіртке сіңірген
еңбегінің қайтарымын талап етпеу – міне нағыз ұстаздық осы.
Шәкіртті ізгілік жолында тәрбиелеуге бар жаныңды салсаң ғана
ұстаз атты ұлы есімді иеленуге хақың бар.
АУТИЗМ – ПСИХИКАЛЫҚ
АУЫТҚУ
№6 «Алданыш» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы,
тәрбиеші Яхия Гүлнұр Яхияқызы
Аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы
салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен
байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық
ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл – психикалық
дамудың бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету,
немқұрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл
әрекеттердің болмауы. Мұндай балалар ортамен қарым-
қатынаста үлкен сезімталдық танытады. Баланың миныа келіп
түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миның
сенсорлық жүйелері дұрыс істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп
жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Мамандар
бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті,
аутист бала қорғану механизмін құруға жұмсайды. Сол себепті,
үнемі өз әлемінде, ешкіммен жұмысы жоқ болады, тіпті ең
жақын адамы болатын анасымен байланысуға қорқады
Аутизмнің пайда болуына не әсер етеді? Аутизмнің пайда
болу себептерін түсіндіретін нақты дәлелденген ақпараттар өте
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 16 ~
аз. Бұрынырақ балаларға қызылшаға және шошқаборлыққа
(свинка) қарсы егілетін вакцинацияның салдарынан пайда
болады деген болжам бар еді. Бірақ уақыт өтісімен, көптеген
зерттеулер нәтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал
психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму
кезеңіндегі «ата-ананың эмоциялық салқындығы» да себеп
болады. ғалымдардың ең соңғы мәліметтері бойынша, аутизмге
ұшыраған балалардың тумыстан миының дамуында кінарат
(мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бір бөлігі өте жақсы
дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы,
гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталды. Гендік
өзгерістердің пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға
қоршаған ортаның қолайсыз экологиялық жағдайы, стрестер
әсер етеді. Әдетте, бала миының эмоцияларға жауап беретін
орталығы бұзылады. Олардың қанының құрамында ерекше
белоктар анықталған. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың да
маңызы зор.
Аутизмнің белгілері. Белгілері баланың үш жасына дейін
айқын байқалады. Әдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы
баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі
сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала керең секілді болып
көрінеді, бірақ тексеру нәтижесі олай емес екенін көрсетеді.
Кейде бала сөйлеуді бастайды бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу
қабілетін қайта жоғалтады. Күнделікті қайталанатын тәртіптің
өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша,
бала көзге тіке қарамайды. Көбісінің зияткерлік қабілеттері
қалыптыдан төмен. Аутизмі бар жасөспірімдер депрессияға
шалдығып, кейде эпилепсиялық ұстамалар байқалады.
Аутизмді анықтап, диагноз қою. Балада аутизм белгілері
бар екенін анықтауда дәрігерлердің өзіндік нормативтері бар.
Негізінен белгілердің үш тобы бар:
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 17 ~
 Әлеуметтік арақатынастар мен әрекеттер. Мысалы,
бала көзбе – көз байланыстан қашқақтайды. Өзге адамдардың
сезімдерін, мәселен, ауыру және көңілсіздікті түсінуі қиын.
 Ауызша және ауызша емес байланыс. Мысалы,
бала мүлдем сөйлемейді немесе тек бірнеше сөздерді тоқтаусыз
қайталайды.
 Шектеулі қызығушылықтар. Мысалы, бала
ойыншықпен тұтастай ойнамай, тек оның бір мүшесімен (қолы,
аяғы, басы) ғана ойнайды. Ал жасөспірімдер тек бір сабаққа
немесе жалғыз тақырыпқа ғана құмарта қызығуы мүмкін,
мәселен, математика немесе сандық белгілер.
Сонымен қатар, ауытқулардың себебін анықтау
мақсатында баланың есту қабілеті мен басқа да қабілеттері
тексеріледі.
Аутизм қалай емделеді? Ең бастысы, кешіктірмей
тексеріліп, емделу терапиясын ертерек бастаған дұрыс. Себебі
терапияны бала кішкентай кезінде бастаса нәтижесі жақсы
болады. Аутизмге ұшыраған адамдардың әрқайсысының
белгілері әр түрлі және әр адамға тек өзіне тән ем түрі жүргізілуі
керек. Аутизмді емдеу үшін науқас адамның мінезі мен жүріс-
тұрысына қарай терапия қолданылады. Бұл терапия баланың
дұрыс тәртібі үшін арнайы сый береді, осылай бала айналасымен
араласып, байланысқа түседі.
Баланың ерекшелігіне қарай физикалық және сөйлеу
терапиялары қолданылуы мүмкін. Баланың бөлектенуін,
мақсатсыз қозғалуын және қорқыныш сезімін жою үшін
анималотерапияның (арнайы үйретілген иттер, аттар және
дельфиндер) көмегі зор. Соңғы зерттеулер дельфинотерапияның
бірнеше артықшылықтарын дәлелдеді. Бұл терапиямен
емдегенде дельфиндерден бөлінетін жоғары жиілікті
сонарлардың әсерінен баладан бақыт гормондары бөлінеді. Бұл
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 18 ~
гормондар ми қызметіне әсер етіп, баланың көңіл-күйін
жақсартады.
Аутизмның түрлері. Қазіргі таңда аутизмның келесі
типтері белгілі:
 Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы
– балаларда кездесетін аутизмнің классикалық түрі.
 Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия.
 Ретта синдромы.
 А типі аутизм – шезофрениядан кейін пайда
болатын немесе процессуалды аутизм.
Каннер аутизмі. Бұл балаларда жиі кездесетін әрі жетік
көңіл бөлуді талап ететін аутизмның ауыр түрі. Ең басты
сипаттамасы баланың тым кеш сөйлеуі. Басқа да белгілері:
жалғыздықты ұнатады, күнделікті өмірдегі тәртіптің өзгеруіне
қарсы өте сезімтал, ешкімге еліктемейді, үнемі бір қимылды
қайталайды. Қасындағы адамдардың сезімін түсінбеуі,
сөйлегенде бірде айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін.
Туған туыстарымен сөйлеспейді тіпті мүлдем байланысқа
түспейді. Аутизмнің белгілері үш жасынан бастап (кейде одан
да ерте) байқалады.
Аспенгер синдромы. Бұл алдынғысымен салыстырғанда,
аутизмның жеңілдеу түрі. Белгілері каннер сндромына ұқсас,
алайда балалардың интеллекті айтарлықтай жоғары. Әдетте
белгілі бір салаға жоғары қызығушылық танытып, сол саланы
жетік меңгере алады. Логикалық ойлау қабілеті дамыған, сөйлей
алады. Бірақ адамдармен байланысқа түсуі қиын. Болашақта бір
саланың шебері болуы әбден мүмкін.
Ретта синдромы. Аутизмның ең сирек әрі тек
қыздарда кездесетін түрі. Әдетте қыздар екі жасқа дейін
қалыпты дамып келеді де, бірден барлық қабілеттерінен айрыла
бастайды. Мәселен, өздігінен киіне алмайды, бірте-бірте сөйлей
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 19 ~
алмай қалады, қолында заттарды ұстай алмайды, бұлшық еттер
тонусы жоғалады. Психикалық күйреудің салдарынан жиі
ұстамалар болады. аутизмның бұл түрі жетік зерттелмеген, сол
себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін.
Процессуалды аутизм. Аутизмның бұл түрі ер балаларда
жиі кездеседі. Олар 3-5 жасына дейін жақсы дамып, белгісіз
себептермен бірден түрлі қабілетін жоғалта бастайды. Әрі қарай
Каннер синдромның белгілері байқалады.
Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір
кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын
адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы
өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай
халықтың болсада болашағы балалардың денсаулығы.
Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ
тәрбиелеу өз қолымызда құрметті әріптестер.
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 20 ~
ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ –
БАРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ
ҚАЙНАР КӨЗІ
№6 «Алданыш» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы,
тәрбиеші Яхия Гүлнұр Яхияқызы
.
Еңбек тәрбиесі қашан да ең маңызды қоғамдық
міндеттердің бірі болып келеді. Мектеп жасына дейінгі
балаларды еңбекке сәби кезден қолға алу қажет.
Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін
табиғат заттарының түрін өзгертілген және оны өз керегіне
бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелінетін қызметі,
қоғамның өмір сүруінің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік,
табиғи шарты.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағытында, Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың халыққа жолдауында:
«Мен 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек
қоғамына сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін
жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласыда,
денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық
салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі
әділ. Онда заң үстемдік етеді. Мен біздің дұрыс бағытпен
ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештене де түзу
жолдан тайдыра алмайды».
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 21 ~
Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек.
Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы,
шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі
таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке
ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс
таңдауға балу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі
оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.
Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір
мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген
ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да,
бақытта да бола алмайды. Кейбір жағдайдың, әсіресе адамның
балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан
еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуі мүмкін, сондықтан
баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке
деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс.
Еңбек тәрбиесі – балаларды әртүрлі істі атқаруға
ұмтылдыру, қолөнер шеберлігін меңгерту, икемділігін дамыту
арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз.
Өйткені, балалар көргенін ересектердің нұсқауы және ықпал етуі
нәтижесінде іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-
әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе
алады. Еңбекке тәрбиелей отырып іскерлікке, ұқыптылыққа,
әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі
ұстанымыз: «Сөзден – іске көшу». Баланың еңбек тәрбиесін
меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі
үшін де қажет. Еңбекті сүйетін адамның өмірінде реніш
болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.
«Адамды – адам еткен еңбек». Жалпы адам баласы
өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста
болады. Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз,
осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 22 ~
көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп-жейтін
тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді.
Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру,
сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: шұлығын, қолғабын, бас
киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінің, ойлау,
көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады.
Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап
отыру қажет. Мысалы: «Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы,
керемет» - деген марапат сөздер баланың еңбек етуге деген
қызығушылығының оянуына ықпал етеді.
Ұлы педагог, А.С. Макаренко айтқандай бала ойын
кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай
болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы
қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз
жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда
үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды.
Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті қимыл қозғазылысы бәрі өз
отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны
арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін
аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге
болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл
жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі
қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке,
мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі.
Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы
белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн. Қазақ
отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық,
экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ
отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты
жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене
тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту,
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 23 ~
ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға,
салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Ал қазақ халқы
еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп құрастырды.
Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп
баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен
қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек
түрлеріне баулу, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың
дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық
таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу,
баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға па?
Далы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген
сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік
және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып
табылады.
Еңбек – баланың адамгершілік дағдыларын
дамытумен қатар, нерв жүйесінің икемділігін арттырып
қарапайым еңбек түрлерінің машық дағдыларын меңгертуі.
Мектепке дейінгі жастағы ересек балалар
тобындағы балалардың еңбегі мазмұны толығып ұжымдық сипат
ала астайды. Сондықтан тәрбиешінің қандай да болмасын бір
істі орындату үшін бірнеше баладан тұратын шағын топқа
тапсырма беруі қажет. Мұндай тапсырмада әр бала қандай да
болмасын еңбектің бір түріне қатыса алатындай болуы керек.
Олардың қайсысы ортақ тапсырманың қандай бөлігін
атқаратыны жөнінде келісіп алуларына тәрбиеші көмектеседі.
Егер жұмысты орындау тәсілі балаларға таныс емес болса онда
алғашқы кезде тәрбиешінің өзі де жұмысқа араласады. Егер
балалар көпке дейін іс-әрекет ырғағына ілесе алмаған жағдайда
басқа балалардың қимыл әрекетінің ұштасуын көрсету, үлгісін
беру, мысалға келтіруді пайдалану жағы біршама тиімді болып
келеді. Балалардың ұйымдастырушылық шеберлігін дамыта түсу
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 24 ~
үшін оларға қысқа мерзімді жеке тапсырмалар беруге, ал одан
кейін шағын топпен ұзағырақ істеуге болатын ортақ жұмыс
жағдайын ұйымдастыруға болады. Тәрбиеші балаға өз жұмысын
ұйымдастыруға көмектесумен қатар кейбір ережелерді ескертеді
алдымен тапсырманы зейін қойып, тыңдап ал орындауға содан
соң барып кіріс, жұмысты орындауға қажет құралдарды мұқият
тыңдап дайында, жұмысыңды орындап болған соң орнына
қоюды ұмытпа. Сонымен бірге берілген жұмыстың сапасына да
көңіл бөлуге бағытталған ережелер түсіндіріледі. Жұмыспен
айналысып жатқанда алаңдауға болмайды, берілген тапсырманы
ыждағаттылықпен ұқыпты да таза орындау керек, жұмыс
орныңды таза ұста және өзіңнен кейін жинастыр, тазарт. Еңбек
жоспарларын орындау ережелеріне үйрету тапсырманы орындау
кезінде жүзеге асырылады, сонымен бірге балалардың еңбекке
деген шеберлікті меңгеруі арта түседі. Сөйтіп баланың ортақ
мүдде үшін еңбек етуге ынтасы жетіле түседі, еңбектегі өзара
қарым-қатынасы өрістейді.
Еңбек етуге жат қылықтар: еріншектік, жалқаулық,
шалағайлық, ұқыпсыздыққа жиренуге баулу, яғни жол бермеуге
тәрбиелеу. Бақыт адамға еңбек арқылы келетінін ұғындыру.
Гүл өсірсең терлеп,
Бұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Бұның аты – еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек - деген өлең жолдарын айта отырып
болашақ біздің ізбасарларымыз жас-жеткіншектерге «Еңбек түбі
– береке», «Еңбек ер аттандырады», «Еңбектің наны тәтті,
жалқаудың жаны тәтті» екенін айтқымыз келеді.
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 25 ~
МАХАМБЕТ ЖҮРГЕН
ЖОЛДАРМЕН
Шуақбаева Гүлбар Тұрланқызы
Қали Жантілеуов атындағы балар саз мектебінің
жоғарғы санатты домбыра сыныбының мұғалімі
«Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған
жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір
сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.
Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен
әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта
сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері
бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.»
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» мақаласынан.
Елбасының 2017 жылғы сәуір айындағы « Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан мынау қарыштап
дамыған әлемдік өркениетте әр мемлекет өзінің ұлттық
құндылықтарын басымырақ насихаттамаса, берік қорғамаса
басқа мемлекеттердің тасасында қалу қаупі бар екенін
байқайсыз. Күнделікті тірлік пен экономиканың тасасында
қалып бара жатқан білім, өнер, мәдениетке нақты тоқталып өтті.
Мақаланың басты тақырыбы ; ұлттық мәдениет, өнер, білім.
туған жер, туған ел.
«Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы,
бағдарламаның мәні неде?
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 26 ~
Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану
жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді
мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті
деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды
қалпына келтіруді көздейді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған
жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі» - деп келетін «Таяу
жылдардағы міндеттер » тарауында кеңінен айтылған.
Патриотизмнің бастауы да, жалғасы да ол – жалпы орта білім
беретін мектептерде, жас ұрпақтың білім алатын, бос уақытын
тиімді ұйымдастыратын білім орындарында. Білімді, елін, жерін
сүйген шәкіртті тәрбиелейтін ұстаз. Ендеше ұстазға қойылатын
талап ерекше. Бұл жұмыс тек белгілі бір уақыттың шеңберінде
қолдау тауып, кейін бәсеңсіп қалмауы тиіс. Ол бірнеше жылдар
бойына жүріп, жалғасын тауып отыруы тиіс.
Қосымша білім беру, оқушының бос уақытын тиімді
ұйымдастыру, жазғы бесінші тоқсан демалысы, дарынды
оқушымен жұмыс бағытын атқаратын саз мектебінің ұстазы
ретінде өткен жылдарда атқарылған Туған ел, өлкетану
жұмыстары, мәдени нысандарға саяхат жұмыстарымен
бөліссем.
2003 жылы Қазақ халқының күрескер ақыны, азаткер
батыры, ұлт азаттық көтеріліс жаршысы, күйші композитор
Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай Атырау облысы,
Индер ауданы, Қараой жеріне «Махамбет жүрген жолдармен »
саяхатын ұйымдастырдым. Аудан әкімінің орынбасаы З.
Сисенғалидың Индер ауданының әкімі С.Лұқпановпен телефон
арқылы байланысы негізінде 2003 жылдың 8 шілдесіне уақыты
келісіліп , жоспары жасалды. Алғашқы тоқтаған мәдени ошақ
1960 жылдары жасақталып бастаған Индер аудандық өлкетану
мұражайы. Мұражайда 3500 дей жәдігер бар. «Дауылпаз ақын,
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 27 ~
ақберен батыр » бөлімінде Махамбеттің өлеңдері, фотосуреттері,
күйлері жазылған кітаптар қойылған. 1966 жылы Махамбеттің
бас сүйегін тауып, зерттеу үшін Алматыға алып кетіп, зерттеп,
денесіне қосып жерлеген ғалым Н.Шаяхметовтің фотосуреттер
қабырғасы жасақталған.
Аудандық « Балдәурен » демалыс орталығының
демалушылары жолға шығып, көздеген жерге уақытымен жетіп,
баба кесенесінің басына барды. Ол жерде қор директоры Алдан
Мақуов күтіп алып, мазардың құрылысы туралы таныстырды.
Мазар 1995 жылы Маңғыстаулық шебер Көпбол Демесіновтің
жобалауымен тұрғызылған. Мұхтар Шаханов ағамыздың
өлеңіндегі батырдың өз басы өзіне сәлем беріп тұратын жерде
мазардан қашық емес. Батырдың басын 120 жыл қойнында
сақтаған төмпешіктің жанына барып, тарихына қанықтық.Баба
мазарының басына Жаңақала елінің атынан гүл шоқтарын қойып
, Махамбеттің «Исатайдың ақтабаны –ай », «Жұмыр Қылыш »
күйлерін орындап, бірнеше өлеңдерін оқып, үлкен тебіреніспен
кері жолға жиналдық.
Махамбет бабамыздың өлеңдерінің шығуына себеп
болған, күйлерінің тууына арқау болған тақырыптардың
тарихын біліп, топырағын аяқпен басып, Жайық өзенінен өтіп
елге оралдық. Балалар келгеннен соң әсерлерімен бөлісіп,
суреттерін тамашалап, газет бетіне мақала да берілді.
«Бөкей ордасына саяхат»
Қазақстан Республикасының 2004 -2006 жылдарға
арналған «Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
2004 жылы 3 тамызда оқушыларды өлкетану саяхатына алып
шықтым.Қазақ даласындағы алғашқы хан ордасы халықты
біліммен қамтамасыз ету үшін мектеп салдырған, жаппай
жұқпалы аурулардан сақтану, халықтың денсаулығын арттыру
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 28 ~
мақсатында қазақ жастарын Ресейге оқытуға мүмкіндік жасаған,
Дәулеткерей Шығайұлының күйлерінің шығуына себеп болған
мекен болды. Ресеймен шекаралас болғандықтан алғаш Хан
ордасына рояль алдырған. Міне, білім, өнер мен мәдениеттің
бастауы болған Бөкей хан ордасына саяхаттауымыздың басты
мақсаты осы еді.
Бөкей Ордасы, ішкі Орда Ресей императорының
рұқсатымен құрылған, 1801- 1845 жылдары Еділ мен Жайық
өзендері аралығында болған қазақ хандығы. 1801 жылы 11
сәуірде 1-Павел патша Бөкейдің жолдаған хатына келісім беріп,
жарлық шығарады.1806 жылы патша жарлығының негізінде
Бөкей Ордасының нақты шекарасы белгіленіп,жәрмеңке
орындарына жер бөлінді. 1823 жылы 22 маусымда патша
жарлығымен Жәңгір Бөкейұлы Бөкейордасының ханы болып
тағайындалды.Еуропалық өркениетке ұмтылған хан орыс
жерінен мәдениеттің аса кереметтерін әкеліп ендірді.
Даулеткерей Шығай ұлы қазақтың халық күйшісі,
күйшілік дәстүрдегі «Төре тартыстың » шебері, «Әйелдер
образын » жасаған композитор. Дәулеткерейдің күйлерін ойнау
үшін, тарихына үңілу үшін күйшінің дүниеге келген жерін ,
өскен ортасын білген жөн. Осы мақсатта 2004 жылы 4,5 тамыз
күндері «Балдәурен » демалыс орталығының демалушылары мен
тәрбиеші, дәрігерлермен Хан ордасына саяхат жасадық. Полигон
сынағы алаңынан табылған Даулеткерей Шығайұлының,
Ордадан шыққан ғалым Салық Бабажановтың, Жәңгір ханның
мазарларының басына бардық. Ордадағы мұражайлардың
таныстырылымын Темірболат ағамыз жасап, балаларға кең
мағұлматтар берді. Жәңгір ханның қазақ тарихындағы осы жерді
патшаның рұқсатымен алып, қоныс етіп, 1000 отбасымен
Жайықтан өтіп келіп мекен етіп, қазақ балаларын оқытып,
мектеп ашып, Ресей қалаларына жіберіп медициналық, орман
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 29 ~
шаруашылығы жөнінен маман даярлатуы орны ерекше. Хан
тұқымынан шыққан Шығайдың Даулеткерей ұлын ел басқару
ісіне араластырғысы келген ойы ұзаққа бармады. Мүсірәлі
күйшінің мектебінен дәріс алған Даулеткерей ел басқару өзіне
лайықты емес екенін түсініп, бірден өнер жолына, күйшілікке
ауысады. Бүгінгі күні «төре» тартыспен танылып жүрген, яғни
оң қолдың амплитудасы домбыра бетінен алшақтамай,
Құрманғазы күйшінің тартысындағы төгілген қара тартыстан
өзгеше тартыс қалыптастырады. Әйел образын жасаған күйлері
өте көп. Олар «Қосалқа », «Қыз Ақжелең », «Кербез », «Көркем
ханым », «Қаражан ханым », «Жеңгем сүйер» күйлері. Бірнеше
күйлерін орындап бердім.
Сяхатымыз балалардың үлкен әсерімен өз ауылымызға
оралумен аяқталды. Өз жеріміздегі осындай тарихи орындарды
дүние жүзінен келіп тамашалап жатқанда өзіміздің біле тұра
барып көрмегеніміз қынжылтады. Егер әр Қазақстанның азаматы
өз Туған жерінің тарихын біліп, көзбен көріп, қамқорлыққа
алып, оны ұрпаққа жеткізе білсе Қазақстанның мәңгілік ел
болуы дегеніміз осы.
«Сарайшыққа саяхат »
Еліміздің әр өңірінде тарихқа тұнған ғажап орындар бар.
Әр өңіріміз табиғат белдеулеріндегі әртүрлі табиғи
ерекшеліктермен қоса тарихта іргесі бірнеше ғасыр бұрын
қаланып, сақталып келген құндылықтармен бай. Егер өз
еліміздің әр облысындағы осындай ғажайыптарды өзіміз біліп,
өзгеге насихаттай білсек міне Қазақстандық патриотизм деген
осы. Қазақ тарихындағы көне қала, хан ордасы болған, бүгінгі
күні Атырау облысының Махамбет ауданында орналасқан
Сарайшық қаласына оқушылармен саяхатты 2007 жылы тамыз
айында ұйымдастырдым. 12 демалушылардан құралған топқа
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 30 ~
тәрбиеші мен медбикені қосып , Махамбет ауданының әкімі
А.Сисатовпен хабарласып, саяхат жоспарын құрып, жолға
шықтық. Мақсатым өз жеріміздің тарихи орындарын аудан
бүлдіршіндеріне таныстыру.
Мәдениет бөлімінің басшылығы мамандарымен Жаңақала
ауданынан барған топты қарсы алып, Махамбет ауданында
орналасқан мұражаймен таныстырды. Әр бөлімнің
жәдігерлерімен танысып, әсіресе қолөнер бұйымдарының
тамаша үлгілеріне куә болдық.
Саяхатымыз аудан орталығынан 20 шақырымда
орналасқан Сарайшық мемориалдық кешеніне бет алды. Мұнда
олар жеті ханның кесенесін аралап, Хан ордасы Сарайшықтың
орнын аралап, мұражаймен танысты. 1999 жылы 3 қыркүйекте
Елбасы Н.Ә.Назарбаев келіп ашқан мұражайдың кіре берісі осы
салтанатты жиынның фото суреттерімен жабдықталған. Ал
мұражайдың негізі бөлімінде 13 ғасырдағы қаланың көшірмесі
орналасқан. Тарихта «Керуендер Алтын Орданың ханы әз
Жәнібектің сүйікті қызына жасанды көл жасатып, алтын қайық
сыйлаған. Қызы ауырып дүние салған соң Жәнібек хан алтын
қайық пен зергерлік бұйымдарды көмдіріпті- мыс » деген
деректер бар. Жасанды көлдің, алтын қайықтың сұлбасын жасап
бөлменің ортасына орналастырған.
Сарайшық қаласының тарихы тереңде.Сарайшық қаласы
Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған. Сарай атауы
негізінен хандардың билік құрған ордаларындағы күнделікті
тұрмысқа қажеттіліктерден, өздерімен бірге көшіп жүретін
көштің атауымен байланысты. Сарайшық қаласы Қазақ
тарихындағы қалалардың ішіндегі ортағасырлық қалаларына
жатады.Еліміздің әр өңіріндегі қалалар сол өңірдегі мәдениетті,
шаруашылықты, өркениетті білдіреді. Сарайшықта Бастыс
өңіріндегі мәдениеттің, хандықтың көрінісі іспетті.
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 31 ~
Қазақ хандығына әкесі Керей ханмен бірге негіз қалаған
Бұрындық хан мен Қазақ хандығын барынша кеңейтіп,
нығайтқан хан Қасым неліктен Сарайшықты алғашқы Қазақ
мемлекетінің астанасы етті?
Себебі Сарайшық қаласының орналасқан жері Жайық
өзенінің бойы, мал шаруашылығына кең жайылым, суы мол,
сауданың дамуына қолайлы, саудагерлерге өзен бойын жағалап
жүруіне ыңғайлы, Қазақ хандығына дейін-ақ, Алтын Орда мен
Маңғыт жұртының даңқты хандары мен билерінің, мәңгіге
топырақ бұйырып, жергілікті тайпалар мен рулардың
имандылығы мен ата-баба аруағына бас иер қасиетті орталығы
болуы. Осындай тарихқа толы, шежірелі орындарды көріп
тамашалау ұрпақ бойына патриоттық рухты қалыптастыратыны
сөзсіз. Мектеп бағдарламасынан оқыған, Қазақстан тарихы
пәнінен алған білімдерін толықтыра түскендей болды.
Демалушы балалар үлкен әсермен ауылға оралды. «Сарайшыққа
саяхат» тақырыбымен баспасөзге мақала жариялап,, балалардың
фото суреттерін шығарып қолдарына беріп, еліміздің
тарихындағы тағы бір қала туралы мәліметті ұсындым.
«Дина әже ізімен»
Күй Анасы, жерлесіміз, Ұлы күйшінің шәкірті Дина
Нұрпейісованың 150 жылдығына орай аудан әкімшілігінің
қолдауымен, аудандық мұражайдың ұйымдастыруымен «Дина
әже ізімен» атты экспедиция 2011 жылы маусым айында жолға
шықты. Мақсаты Дина шешеміздің өміріндегі отбасылық
тұрмыс құрған жерлері, еңбек еткен ұжымшарлары,
Нұрпейісовтер әулетінің бүгінгі ұрпақтары туралы мәліметтер
жинақтау болды. Экспедицияның жүретін жолы Жаңақала –
Орал - Атырау – Астрахань- Атырау – Алматы – Орал –
Жаңақала болып белгіленді. Экспедицияның жетекшісі сол
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 32 ~
жылдардағы Дина Нұрпейісова атындағы өлкетану
мұражайының директоры А.Захарова, бейне таспаға түсіруші
маман және мен.
Алғашқы сапарымызды Көпжасар ауылында тұрған
Нұрпейісовтер әулетінің Бқтылы қызынан туған, жасы тоқсанға
таяған Ұлмекен әжеден бата алудан бастадық. Әже жасы
ұлғайғанмен есте сақтау қабылеті өте жақсы. Немересі
Русланнан көрінген Мұқағали шөбересі осы жолдардың
авторынан алғаш домбырадан дәріс алып, саз мектебінің 2-
сыныбын бітіріп, бүгінгі күні Астана қаласы кіші музыка
академиясында 5 сыныпта білім алуда.Әрі қарай Қайыр елді
мекенінде тұратын жиендері Бақытов Нәсіпқали ағамыздың
шаңырағында болып, күй тыңдап, біраз сұхбат құрдық.
Экспедицияның келесі аялдамасы Орал қаласында
тұратын Нұрпейісовтер әулетінің Қоңыр қызынан туған Бағила
апамыздың шаңырағында жалғасты. Қайыржан ағамен тұрмыс
құрған апамыз екі ұлды өмірге әкелген. Дина шешеміз, нағашы
әжесі туралы быраз естелікте тайтып, мұражайға жәдігер ретінде
өзінің тұтынған шай құрал ыдыстарын сыйлады.
Атырау қаласына келген экспедиция Дина Нұрпейісова
атындағы Академиялық оркестрдің құрамымен кездесіп,
құрылған жылдары, бүгінгі жетістіктері, репертуары туралы
сұхбат құрып, бейне таспаға жазып алды. Атырау өлкетану
мұражйында болып, Құрманғазы мен Дина жасақталған
бұрышпен танысты. Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық
академияның директоры Г.М.Садуақасованың қабылдауында
болып, академияның кешегісі мен бүгінгісі туралы әңгіме
өрбіттік.
Атырау арқылы Астраханның Қызылжар, Азау елді
мекендерінде болып, Дина шешеміздің еңбек еткен колхозында,
Дина атындағы клубта, мұражайында, кітапханаларында болдық.
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 33 ~
Козлова ауылында отбасымен тұрып, балалары колхозда еңбек
етіп, кешкілік колхозшыларға концерт қойған өнерпаздардың
ішінде Дина шешемізде болған. «Еңбек ері», «Сауыншы »
күйлері осы жерде дүниеге келген.
Атырау арқылы Алматы қаласына жол тартқан
экспедиция Нұрпейісовтер әулетінің Жұрынбай ұлынан туған
Балжан апайдың шаңырағында болдық. Дина шешеміздің көзін
көрген, батасын алған, бүгінгі күні Кенсай зиратына жерленген
Дина шешеміздің басына барып дұға етіп жүрген,Республикалық
деңгейдегі Дина шешеміз туралы шаралардың басы – қасында
жүретін, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі
Балжан Жұрынбайқызы әңгімесін не бір айтылмаған тың
жаңалықтармен өрбітті. « Дина шешеміздің оқыңдар, білімді
болыңдар деп айтқан өсиетін орындадым, батасын алдым»,-
дейді Балжан апай. Әңгіме арасында Дина шешеміз туралы
жалған айтылған Үміт Даулетқалиева апамыздың сұқбатына
өкпелі екендігін. кезінде Дина шешеміз Өнер майталмандарымен
бірге тұрған үйдің сақталмай бұзылғандығын, басына орнатқан
тас мүсінніңде қатарындағы, алдындағы бейіттердің тасасында
қалып бара жатқандығына қынжылтатынын жасырмай айтып
салды. «Ана тілі» газетіне көптеген Дина шешеміз туралы
көптеген мақалалар беріп жүрген жазушы Латифолла Қапашев
ағамызбен де кездесудің сәті түсті. Көп ой арқалап, келелі
сұқбатымызды таспаға жазып, елге оралуға жиналдық.
Орал қаласына келген соң экспедиция жетекшісі
А.Захарова Қазақстан-Орал телебағағдарламсына зкспедиция
туралы сұқбат берді. Облыстық өлкетану мұражайы арқылы
кітапша шығарды.
Мамандығым күйші болғандықтан, әрі Көпжасар ауылын
тұрғыны ретінде, ұрпақтарымен жақсы байланыста болған соң
мен де өз қолжазбаларымнан баспасөз беттеріне мақала беріп,
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 34 ~
бұрыннан жазып жүрген жазбаларымды түгендеп, «Күй анасы »
атты Дина шешеміздің өмірімен шығармаларынан ұстаздарға
арнап, өз қаражатыма әдістемелік оқулық шығарттым.
Жалпы Қазақ елінің әр азаматы мен азаматшасын Туған
елінің, әр бір тау мен тасының, кең даласының, өнер мен
мәдениетін, тарихын білуге шақырамын.
Өлкетану саяхаттарымен тарихқа үңілу өкен мен
бүгінгінің арасындағы өз еліне, Туған жеріне, Туған еліне деген
сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің
домбыра сыныбының жоғарғы санатты ұстазы – Шуақбаева
Гүлбар Тұрланқызы.
Тарихи орындарға топтық серуендер.
«Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған
жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір
сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір
жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен
әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая
болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар.
Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.»
Елбасы Н.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» мақаласынан.
Елбасының 2017 жылғы сәуір айындағы « Болашаққа
бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан мынау қарыштап
дамыған әлемдік өркениетте әр мемлекет өзінің ұлттық
құндылықтарын басымырақ насихаттамаса, берік қорғамаса
басқа мемлекеттердің тасасында қалу қаупі бар екенін
байқайсыз. Күнделікті тірлік пен экономиканың тасасында
қалып бара жатқан білім, өнер, мәдениетке нақты тоқталып өтті.
«Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру
және жұмыспен қамту»
«Организация отдыха и занятости детей и подростков»
~ 35 ~
Мақаланың басты тақырыбы ; ұлттық мәдениет, өнер, білім.
туған жер, туған ел.
«Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы,
бағдарламаның мәні неде?
Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану
жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді
мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті
деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды
қалпына келтіруді көздейді.
Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған
жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі» - деп келетін «Таяу
жылдардағы міндеттер » тарауында кеңінен айтылған.
Патриотизмнің бастауы да, жалғасы да ол – жалпы орта білім
беретін мектептерде, жас ұрпақтың білім алатын, бос уақытын
тиімді ұйымдастыратын білім орындарында. Білімді, елін, жерін
сүйген шәкіртті тәрбиелейтін ұстаз. Ендеше ұстазға қойылатын
талап ерекше. Бұл жұмыс тек белгілі бір уақыттың шеңберінде
қолдау тауып, кейін бәсеңсіп қалмауы тиіс. Ол бірнеше жылдар
бойына жүріп, жалғасын тауып отыруы тиіс.
Қосымша білім беру, оқушының бос уақытын тиімді
ұйымдастыру, жазғы бесінші тоқсан демалысы,дарынды
оқушымен жұмыс бағытын атқаратын саз мектебінің ұстазы
ретінде өткен жылдарда атқарылған Туған ел, өлкетану
жұмыстары, мәдени нысандарға саяхат жұмыстарымен
бөліссем.
Жалпы әр ұстаздың пәндік бейінділігіне қарай
проблемалық тақырыбы болады. Менің проблемалық
тақырыбым : «Күйлерді аңызымен тыңдву және орындауға
баулу ». Қай халық күйшісінің күйлерін, композитордың
шығармаларын үйренсекте, оқушыға үйретсекте шығу тарихын
білу міндетті. Дауылпаз ақын Махамбеттің мазарына 2003
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции
сборник 4 конференции

More Related Content

Similar to сборник 4 конференции

730 samopoz785
730 samopoz785730 samopoz785
730 samopoz785
Nurlan Abilhanov
 
бала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxбала психология 11.pptx
бала психология 11.pptx
ssuserf01f10
 
конспект занятия
конспект занятияконспект занятия
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауМектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Erjan Beisenhojaev
 
дана жайдарман
дана жайдармандана жайдарман
дана жайдарман
Asem Sarsembayeva
 
сагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капаровасагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капарова
Asem Sarsembayeva
 
енбек
енбекенбек
енбек
oquzaman
 
а математикаk
а математикаkа математикаk
а математикаk
Nurlan Abilhanov
 
сенсорлық тәрбиенің мәні
сенсорлық  тәрбиенің  мәнісенсорлық  тәрбиенің  мәні
сенсорлық тәрбиенің мәні
Вспомогательный образовательный сайт
 
открытый урок
открытый урокоткрытый урок
учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятие
Asem Sarsembayeva
 
устемирова 5
устемирова 5устемирова 5
устемирова 5
FARIZABakytzhankyzy
 
№3 исаева а.д. книга верстка
№3 исаева а.д. книга верстка №3 исаева а.д. книга верстка
№3 исаева а.д. книга верстка
Вспомогательный образовательный сайт
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Nurlan Abilhanov
 
жыл мезгілдері
жыл мезгілдеріжыл мезгілдері
озиндик жумыс
озиндик жумысозиндик жумыс
Жаз - 2011
Жаз - 2011Жаз - 2011
Жаз - 2011Geni_1989
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
nurlan93kz
 
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамытукенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
Вспомогательный образовательный сайт
 

Similar to сборник 4 конференции (20)

730 samopoz785
730 samopoz785730 samopoz785
730 samopoz785
 
бала психология 11.pptx
бала психология 11.pptxбала психология 11.pptx
бала психология 11.pptx
 
конспект занятия
конспект занятияконспект занятия
конспект занятия
 
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлауМектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
Мектептегі тәрбиелік жұмысты жүйелі жоспарлау
 
дана жайдарман
дана жайдармандана жайдарман
дана жайдарман
 
сагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капаровасагинтаева алмагуль капарова
сагинтаева алмагуль капарова
 
енбек
енбекенбек
енбек
 
а математикаk
а математикаkа математикаk
а математикаk
 
сенсорлық тәрбиенің мәні
сенсорлық  тәрбиенің  мәнісенсорлық  тәрбиенің  мәні
сенсорлық тәрбиенің мәні
 
открытый урок
открытый урокоткрытый урок
открытый урок
 
учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятие
 
устемирова 5
устемирова 5устемирова 5
устемирова 5
 
№3 исаева а.д. книга верстка
№3 исаева а.д. книга верстка №3 исаева а.д. книга верстка
№3 исаева а.д. книга верстка
 
Зейін
ЗейінЗейін
Зейін
 
Шартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтасШартты бағыныңқылы сабақтас
Шартты бағыныңқылы сабақтас
 
жыл мезгілдері
жыл мезгілдеріжыл мезгілдері
жыл мезгілдері
 
озиндик жумыс
озиндик жумысозиндик жумыс
озиндик жумыс
 
Жаз - 2011
Жаз - 2011Жаз - 2011
Жаз - 2011
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
 
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамытукенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
кенес балалардың сөйлеу дағдыларын тірек кестелері арқылы дамыту
 

More from Asem Sarsembayeva

урок
урокурок
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
Asem Sarsembayeva
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
Asem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
Asem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
Asem Sarsembayeva
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
Asem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
Asem Sarsembayeva
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
Asem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
Asem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
Asem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
Asem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
Asem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
Asem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
Asem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
Asem Sarsembayeva
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
Asem Sarsembayeva
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
Asem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
Asem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

сборник 4 конференции

  • 1. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 1 ~
  • 2. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 2 ~ Оглавление ТІЛ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ..................................... 3 ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ ....... 8 ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ............................................................................ 13 АУТИЗМ – ПСИХИКАЛЫҚ АУЫТҚУ.................................................. 15 ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ – БАРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ................ 20 МАХАМБЕТ ЖҮРГЕН ЖОЛДАРМЕН ................................................ 25 РЕАЛИЗАЦИЯ ПРОЕКТА «ВЕСЕЛЫЙ ЛЕТНИЙ МАРАФОН» В ДЕТСКОМ САДУ................................................................................ 38
  • 3. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 3 ~ ТІЛ ДАМУЫ БҰЗЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК БАЛАЛАРДЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Балдайкенова Гульден Сериковна логопед №6 «Алданыш» б/б КМҚК, Қарағанды қаласы Жалпы тілдің өмірде алатын орны ерекше. Тіл байланысқа түсу, қарым-қатынас жасау, ойды жеткізу, сезімді білдіру құралы. Баланың тілін дамыту туғаннан, мектепке дейінгі кезеңнен бастау алады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасында «Коммуникация» білім беру саласы балалар әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін дамытуды; тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді, тілдің грамматикалық жағын қалыптастыруды, мазмұндауды, мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуды, сауат ашу негіздерін қалыптастыруды қамтып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру, тәрбиелеу, білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкіндігі болмайды. Бұл мәселелерді жүзеге асыру
  • 4. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 4 ~ барысында балалардың тіл дамуында болатын кемшіліктер басты кедергілер болып табылады. Тіл дамуының бұзылуларының негізгі белгілері: дыбыстаудың бұзылуы, просодика, сөйлеу барысында тыныс алу, дауыс және артикуляциялық моториканың дұрыс қимылдамауы. Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан қимылдық механизмі бұзылып, жалпы және ұсақ моторикасында да қиындақтар болады. Бұл балалар өз құрбыларынан ептілік және қимылдың нақтылығынан артта қалады, бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуларында қиындықтар байқалады. Қимылдық тапсырма, нұсқауларды орындау мүмкіндіктері шектеулі болады. Сөйлеуінде кемістігі бар балаларға оқу қызметінің мазмұндық жағына деген индиферентті көзқарас тән. Балаларда көбінде интегративті функциялардың (көру, есту және қозғалтқыштық үйлестірушіліктер) қалыптаспағандығы байқалады. Логопат балалармен түзету жұмыстарын уақытылы, жүйелі, жан-жақты жүргізіп көмек беру бұл кемшіліктерді жоюдың шешуші жолы болады. Оның ішінде жалпы және ұсақ моториканы дамыту ерекше орын алады.Логопад балаларға тән саусақтар мен қол білезіктерінің епті қозғалыстарының дамымағандығын жазуға оқыту кезінде мынадай ерекшеліктер білінеді: балалар қаламды қате және үлкен қиналыспен ұстайды, бұл ретте «тұзақтар» мен «ілмектер» бірдей болып шықпайды, сызықтар «дірілді», қысым жасау бірдей мөлшерде емес, әріптер әртүрлі мөлшерде және жазылуына ұқсас әріптермен алмастырғандай болып шығады. М.М. Кольцова зерттеулерінде, тіл дамуы бұзылған балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту барысында баланың тіл дамуы жай ғана жетілмейді, сондай-ақ, оның жан-жақты дамуында үлкен рөл атқаратыны анықталған.
  • 5. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 5 ~ Графикалық қабілетін қалыптастыру жұмысы баланың барлық іс-әрекеттерінде жүзеге асырылуы қажет: оқу қызметтерінде (тіл дамыту, сауат ашу, математика, бейнелеу өнері, қол еңбегі және т.б) және оқу қызметінен тыс уақыттарда. Дәстүрлі жұмыс пропедевтикалық кезеңнен бас алуы қажет. Негізгі мақсаты графо-моторлық қабілетті үйренуінде баланың оқу қызметіне деген қызығушылығын және құралды қолдана алу қабілетін арттыруға бағытталады. Психолог ғалымдардың зерттуіне сүйенсек, балабақшадағы балалардың 90% жазу мен оқуға деген қызығушылық білдірген. Жазу психологиялық және физилогиялық тұрғыда алғанда өте қиын күрделі үдеріс. Балаланың ойын түріндегі әртүрлі жаттығуларды орындауы оның негізгі әрі басты тәжіріибесі болады. Графикалық дағдыны дамыту үшін графикалық бақылаулар, суреттер салу (нүкте, нұсқау, торкөз бойынша) , штрих түсіру (қол қимылын әр бағыттарда қимылдату, силуэттік штрихтаулар, суреттің элементтерін бастыру), суреттерді бояу. Сызықтық графиканы үйрену үдерісін ынталандыру үшін келесі тапсырмалар жақсы нәтижеге жеткізеді:  Жоғарыдан-төменге, төменнен жоғарыға түзу тік, паралелдік сызықтар сызу;  Солдан-оңға және оңнан солға түзу көлденең, паралельдік сызықтар сызу;  Тік және көлденең сызықтарын үйлестіріп композициялар құрастыру;  Еңкіш, паралельдік сызықтар, қиысатын, сынық сызықтар жүргізу;  Доғал тәріздес қисық, толқынды, ілмекті және шиыршықты сызықтар салу;
  • 6. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 6 ~  Сызықтардан құрастырылған композициялар жасау;  Геометриялық фигуралар негізінде бейнелер салу;  Тірек нүктелерін қолданып геометриялық фигураларды салу; Ойын түріндегі жаттығуларды қолдану мысалдарын қарастырайық. 1 жаттығу. Мақсаты: ерікті түрде нүктелерді салғызуда қарындашты дұрыс ұстай білуді қалыптастыру. Нұсқау: «Мүмкіндігіңше көп жұлдыздарды сал. Есіңде болсын олар бізден өте алыста, сондықтан біз оларды нүкте түрінде ғана көреміз». Жерден жұлдыздардың алыстауына қарай, нүктелерді салудағы басу күші азайады. Қимыл шолақ, үзік және жылдам болу керек. 2 жаттығу. Мақсаты: берілген нүктеден қарама-қарсы бағытта, яғни төменнен жоғарыға және жоғарыдан төменге қарай сызық сызу қабілетін қалыптастырады. Нұсқау: «Күн сәулесін сызғанда қарындашты қағаз бетінен ажыратпа, әйтпесе күн сәулесі шөпке дейін жете аламай қалады (жоғарыдан төмен қарай үздіксіз, бірқалыпты сызу)». «Ал, енді, сенің сәулелерің шөпке жетсе, шөптің өсуіне көмектес (төменнен жоғары қарай шөптерді түзу етіп бастыру)». 3жаттығу. Мақсаты: кеңістікті қабылдауды, зейінділікті, көру-моторикалық координациясын дамыту. Нұсқау: Қарындашпен көбелек және қоңызды бастыр ............ түспен көбелекті, ал ......... түспен қоңызды боя (түсті педагог немесе бала өзі таңдайды). Бұл жаттығу қоршаған ортаны таныстыруда, «жәндіктер» түсінігін қалыптастыруда сөздіктерін, білімдерін кеңейтуде қолдануға болады.
  • 7. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 7 ~  Көбелек пен қоңызды бір сөзбен қалай айтамыз?  Жәндіктердің тағы қандай түрлерін білесіңдер? Осы және осыған ұқсас тапсырмалар тіл кемістігі бар балалардың көріп анализдеу және бағыт-бағдарлау түсініктерін дамытады. Алдыңғы көрсетілген жаттығулардан басқа, көріп талдау және кеңістікті бағдарлау қабілетін дамытуға келесідей тапсырмалар үлесін тигізеді: суреттергі айырмашылықтарды табу (ұқсас элементтерді), затты сұлбасынан ажырату және суреттердің бөліктерінен табу, бөліктерден бір бүтін суретті құрастыра алу. Қолдың жұмысын жетілдіруде, графикалық сызықтарды жазуды қалыптастыру күнделікті жұмыс барысында бақылаулар, көркем әдебиет шығармаларымен таныстыру, табиғи және жарамсыз материалдарды оқу қызметтерінде қолдану, дидактикалық ойындарда, логикалық ойын және тапсырмаларда жүзеге асырылады. Саусақ бұлшық еттерінің қимылының жақсы жетілуі баланың болашақта жазу, сызу, сурет салу, бояу әрекеттерін жетік игеруіне оңды әсер етеді. Қалам, қарындашты дұрыс ұстауын жетілдіру үшін саусақ жаттығу- ойындарды қолданған тиімді. Оқу қызметтерінде, тыс уақыттарда құрғақ бассейіндермен ойнау, құммен сурет салу, Су-Джок шарларымен ойындар, марблс тастарын қолдану, кинетикалық құмдармен ойындар, табиғи матералдарды қолдану қазіргі таңда кеңінен қолданылып келеді. Осы ойындар баланың қызығушылығын арттырып, тапсырманы орындау барысында тиянақтылығын, зейінділігін, тұрақтылығын, көріп қабылдауын дамытады. Баланың әлемі – нақты заттың әлемі, яғни баламен жақын болам десеңіз, оның жас және психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Ойын түріндегі берілген тапсырма, жаттығулар баланың ойлау, жазу, сызуға деген қызығушылығын
  • 8. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 8 ~ арттыра түседі. Сондықтан баланың графикалық қабілеттерін қалыптастыруда ойындық тәсілдерді кеңінен қолдану педагогтың шеберлігі болып табылады. Қолданылған әдебиеттер: 1. ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемелекеттік жалпыға міндетті стандарты. 2016ж. 2. Журнал «Тілашар, логопед» 2011ж. 3. Журнал «Балабақша тәрбиелеу және оқыту» 2016ж. 4. Журнал «Дефектология» 2011ж. 5. Журнал «Воспитание и обучение» 2011г. ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ Балгабекова Нургуль Жарлыгасыновна ҚМҚК №6 «Алданыш» балабақшасы, тәрбиеші Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. Ауыз әдебиеті ауызша шағарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, творчествовалық өзгеріске ұшырап отырады. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиет те, көркем туынды. Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз
  • 9. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 9 ~ әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланың тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек. Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы. Мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар – бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол. Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу – іс әрекеттері мен сабақтан тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге үйретеді. Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегі, ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу, сызу болмаған кездің өзінде ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Көркем әдебиет сабағында алдыға қойылатын мақсат: баланың ертегіні байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйретуді, алдыға қоямыз. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің
  • 10. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 10 ~ екінші жартысында осы оқыған ертегіні кейіптендіреді. Мысалы: «Ақымақ қасқыр», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерін. Олар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді, сөздерін жатқа айтып отырып, өзі қалап алған кейіпкерлердің көңіл-күйін, іс әрекетін беруге тырысады. Ертегіні кейіптендіруде баланы дұрыс сөйлеуге, сөйлемді байланыстыра құрастырып айтуға үйретемін. Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ. Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу іс — әрекетерінде жиі қолданылады. Мысалы: балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды. Сондықтан, бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды өтуіне мән береміз. Қыс уақытында серуенге шығар кезде, қардың суық болатынын, алақаныңа салып ұстасаң, еритініне де көңіл бөлеміз. «Балалар, - қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы, жылылықтан қар ериді» - деп. Балалар бірнеше нәтижеден соң, өздері қар жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады», - деген жұмбақты жасырып өздеріне айтқызып, шешуін тауып айтуларын ұсынамын. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды. Жұмбақта сурет, мүсіндеу, жапсыру оқу іс — әрекеттерінде де қолданылады. Мысалы: түйенің бейнесін салу алдында, түйенің ерекшелігін естеріне түсіру мақсатымен, түйе туралы жұмбақ жасырылады. Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар.
  • 11. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 11 ~ Шешуін тапқан балалар, оның жануар екенін, оның екі өркеші барын айтып өтеді, тіл байлықтарымен ойлану қабілеттері дамиды. Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен айтылады. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту сабақтарда, экология негізі сабағында және сабақтан тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мағынасында пайдаланылады, тіпті математика сабағында сандар жайлы түсініктерін толықтыруда сандарды қайталау барысында мына жаңылтпаш өте тиімді. Пеш үстінде бес мысық, Пеш ішінде бес мысық, Бес күзетші, бес пысық. Қоршаған ортамен таныстыру сабағында, үй жануарлары олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, қорытынды барысында Түйе маған шұбат береді, Шұбат маған қуат береді, дегендей жаңылтпаштар баланың сөздік қорын байытып, сөздерді анық айтуға жаттықтырады. Ал, тіл дамыту сабағында с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға мына жаңылтпаштар өте тиімді, және осы дыбыстарды жаттықтыруда сабақтан тыс, серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол. Мысалы: Күрішші егуге кірісті күрішті, Күрішші себуге кірісті күрішті. Мақал – мәтел, нақыл сөздер — халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез – құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамыты,
  • 12. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 12 ~ ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал – мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн. Мақал – мәтел барлық сабақта және сабақтан тыс уақытқа тәрбие ішінде қолданған тиімді. Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді. «Ас адамның арқауы» (батыр, мықты, әдемі) синоним сөздерді, көп мағыналы сөздерді ажырата білуге бейімдейді. Экология негіздері сабағында: «Денсаулық – зор байлық» - мақалы денсаулықтың адамға ең қажет екенін түсіндірсе, баланың сөздік қорын дамытып, оның сөйлеуге тілін жаттықтырады. Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарында алатын орындары ерекше. Ойында тапқырлық, шапшаңдық, батылдық қасиетімен, ойынмен балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз « Ақ серек, көк серек», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра сөйлеуге үйретеді. Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және, сұрақта толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол.
  • 13. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 13 ~ ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ Иманбаева Дидар Сабитовна Тәрбиеші, №6 «Алданыш» балабақшасы КМҚК Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әлемде қанша мамандық болса, сол мамандық иесін оқытқан, тәлім-тәрбие берген, сол мамандықты мықты меңгеріп шығуға барынша күш-жігерін салған адам – ол ұстаз. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға». Ұстаздың алдынан білім алмайтын жан жоқ. Бала кішкентайынан бастап ұстаз тәрбиесін, ұстаз өнегесін көреді. Ұстаз әрбір оқушының шамшырағы. Ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, ел қорғаған батыр да ұстаздан білім алған. Сол себепті де ұстазға барлығы бас иіп, құрметпен қарайды. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірттің санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағын ойлар азаматты, ел анасы болар бойжеткендерді тәрбиелеу де екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым ізетпен еске алатыны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан – Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екендігін жақсы түсінген. Мысалы үшін, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам,
  • 14. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 14 ~ Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алып отырған. Сондықтан да ұстазды сыйлау басты міндеттердің бірі. Януш Корчак «Нағыз мұғалім шырмаушы емес, еркіндік беруші. Ол балаларды басып тастамайды, керісінше көтермелейді. Бұзбайды, керісінше қалыптастырады, жатқа айтқызбайды оқытады, талап етпейді, керісінше сұрайды, баламен бірге көптеген серпіліс сәттерін басынан кешеді» дейді. Осыған орай тәрбие берудегі педагогтың үш стилін қарастыруға болады: Авторитарлық (өктем) – оқушыларға қатал болады, өктемдік көрсету арқылы балалардан білімді талап етеді; Либералдық педагогтер үшін ешқандай мақсат-мүдде болмайды, яғни тек қана дәрісін өткізсе болғаны; Гуманистік (ізгіліктік) – бұл педагогтар шәкірттерін адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейді. Баланың адам болып өсуіне барынша үлес қосады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы «Ұстаз - тәрбиелеуші» діни ілімнен бастау алады. Діни танымда, халықтың мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп, тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалы Мұса (ғ.с) пайғамбардың Қызыр (ғ.с) пайғамбарға шәкірт болуынан көреміз. Демек, бұдан ұстаздың жауапкершілігін, оның терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы керек екендігін байқаймыз. Ұстаз болу – өнер. Бәрінің қолынан келе бермейтін, екінің бірі қайталай алмайтын ерекше тұлғалық қасиет, ұлағатты есім. Мектеп қабырғасында мұғалім болу өз алдына бір мамандық. Ал
  • 15. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 15 ~ нағыз ұстаз болып, шәкірт тәрбиелеу, ол шәкіртке сіңірген еңбегінің қайтарымын талап етпеу – міне нағыз ұстаздық осы. Шәкіртті ізгілік жолында тәрбиелеуге бар жаныңды салсаң ғана ұстаз атты ұлы есімді иеленуге хақың бар. АУТИЗМ – ПСИХИКАЛЫҚ АУЫТҚУ №6 «Алданыш» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы, тәрбиеші Яхия Гүлнұр Яхияқызы Аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл – психикалық дамудың бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету, немқұрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің болмауы. Мұндай балалар ортамен қарым- қатынаста үлкен сезімталдық танытады. Баланың миныа келіп түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миның сенсорлық жүйелері дұрыс істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Мамандар бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала қорғану механизмін құруға жұмсайды. Сол себепті, үнемі өз әлемінде, ешкіммен жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы болатын анасымен байланысуға қорқады Аутизмнің пайда болуына не әсер етеді? Аутизмнің пайда болу себептерін түсіндіретін нақты дәлелденген ақпараттар өте
  • 16. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 16 ~ аз. Бұрынырақ балаларға қызылшаға және шошқаборлыққа (свинка) қарсы егілетін вакцинацияның салдарынан пайда болады деген болжам бар еді. Бірақ уақыт өтісімен, көптеген зерттеулер нәтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезеңіндегі «ата-ананың эмоциялық салқындығы» да себеп болады. ғалымдардың ең соңғы мәліметтері бойынша, аутизмге ұшыраған балалардың тумыстан миының дамуында кінарат (мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бір бөлігі өте жақсы дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталды. Гендік өзгерістердің пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның қолайсыз экологиялық жағдайы, стрестер әсер етеді. Әдетте, бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады. Олардың қанының құрамында ерекше белоктар анықталған. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың да маңызы зор. Аутизмнің белгілері. Белгілері баланың үш жасына дейін айқын байқалады. Әдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала керең секілді болып көрінеді, бірақ тексеру нәтижесі олай емес екенін көрсетеді. Кейде бала сөйлеуді бастайды бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады. Күнделікті қайталанатын тәртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша, бала көзге тіке қарамайды. Көбісінің зияткерлік қабілеттері қалыптыдан төмен. Аутизмі бар жасөспірімдер депрессияға шалдығып, кейде эпилепсиялық ұстамалар байқалады. Аутизмді анықтап, диагноз қою. Балада аутизм белгілері бар екенін анықтауда дәрігерлердің өзіндік нормативтері бар. Негізінен белгілердің үш тобы бар:
  • 17. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 17 ~  Әлеуметтік арақатынастар мен әрекеттер. Мысалы, бала көзбе – көз байланыстан қашқақтайды. Өзге адамдардың сезімдерін, мәселен, ауыру және көңілсіздікті түсінуі қиын.  Ауызша және ауызша емес байланыс. Мысалы, бала мүлдем сөйлемейді немесе тек бірнеше сөздерді тоқтаусыз қайталайды.  Шектеулі қызығушылықтар. Мысалы, бала ойыншықпен тұтастай ойнамай, тек оның бір мүшесімен (қолы, аяғы, басы) ғана ойнайды. Ал жасөспірімдер тек бір сабаққа немесе жалғыз тақырыпқа ғана құмарта қызығуы мүмкін, мәселен, математика немесе сандық белгілер. Сонымен қатар, ауытқулардың себебін анықтау мақсатында баланың есту қабілеті мен басқа да қабілеттері тексеріледі. Аутизм қалай емделеді? Ең бастысы, кешіктірмей тексеріліп, емделу терапиясын ертерек бастаған дұрыс. Себебі терапияны бала кішкентай кезінде бастаса нәтижесі жақсы болады. Аутизмге ұшыраған адамдардың әрқайсысының белгілері әр түрлі және әр адамға тек өзіне тән ем түрі жүргізілуі керек. Аутизмді емдеу үшін науқас адамның мінезі мен жүріс- тұрысына қарай терапия қолданылады. Бұл терапия баланың дұрыс тәртібі үшін арнайы сый береді, осылай бала айналасымен араласып, байланысқа түседі. Баланың ерекшелігіне қарай физикалық және сөйлеу терапиялары қолданылуы мүмкін. Баланың бөлектенуін, мақсатсыз қозғалуын және қорқыныш сезімін жою үшін анималотерапияның (арнайы үйретілген иттер, аттар және дельфиндер) көмегі зор. Соңғы зерттеулер дельфинотерапияның бірнеше артықшылықтарын дәлелдеді. Бұл терапиямен емдегенде дельфиндерден бөлінетін жоғары жиілікті сонарлардың әсерінен баладан бақыт гормондары бөлінеді. Бұл
  • 18. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 18 ~ гормондар ми қызметіне әсер етіп, баланың көңіл-күйін жақсартады. Аутизмның түрлері. Қазіргі таңда аутизмның келесі типтері белгілі:  Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы – балаларда кездесетін аутизмнің классикалық түрі.  Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия.  Ретта синдромы.  А типі аутизм – шезофрениядан кейін пайда болатын немесе процессуалды аутизм. Каннер аутизмі. Бұл балаларда жиі кездесетін әрі жетік көңіл бөлуді талап ететін аутизмның ауыр түрі. Ең басты сипаттамасы баланың тым кеш сөйлеуі. Басқа да белгілері: жалғыздықты ұнатады, күнделікті өмірдегі тәртіптің өзгеруіне қарсы өте сезімтал, ешкімге еліктемейді, үнемі бір қимылды қайталайды. Қасындағы адамдардың сезімін түсінбеуі, сөйлегенде бірде айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін. Туған туыстарымен сөйлеспейді тіпті мүлдем байланысқа түспейді. Аутизмнің белгілері үш жасынан бастап (кейде одан да ерте) байқалады. Аспенгер синдромы. Бұл алдынғысымен салыстырғанда, аутизмның жеңілдеу түрі. Белгілері каннер сндромына ұқсас, алайда балалардың интеллекті айтарлықтай жоғары. Әдетте белгілі бір салаға жоғары қызығушылық танытып, сол саланы жетік меңгере алады. Логикалық ойлау қабілеті дамыған, сөйлей алады. Бірақ адамдармен байланысқа түсуі қиын. Болашақта бір саланың шебері болуы әбден мүмкін. Ретта синдромы. Аутизмның ең сирек әрі тек қыздарда кездесетін түрі. Әдетте қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, бірден барлық қабілеттерінен айрыла бастайды. Мәселен, өздігінен киіне алмайды, бірте-бірте сөйлей
  • 19. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 19 ~ алмай қалады, қолында заттарды ұстай алмайды, бұлшық еттер тонусы жоғалады. Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалар болады. аутизмның бұл түрі жетік зерттелмеген, сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін. Процессуалды аутизм. Аутизмның бұл түрі ер балаларда жиі кездеседі. Олар 3-5 жасына дейін жақсы дамып, белгісіз себептермен бірден түрлі қабілетін жоғалта бастайды. Әрі қарай Каннер синдромның белгілері байқалады. Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болсада болашағы балалардың денсаулығы. Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда құрметті әріптестер.
  • 20. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 20 ~ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ – БАРЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ №6 «Алданыш» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы, тәрбиеші Яхия Гүлнұр Яхияқызы . Еңбек тәрбиесі қашан да ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып келеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке сәби кезден қолға алу қажет. Еңбек – адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертілген және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелінетін қызметі, қоғамның өмір сүруінің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Мен 2050 жылғы Қазақстан – жалпыға ортақ еңбек қоғамына сенімдімін. Ол – барлығы да адам игілігі үшін жасалатын, экономикасы мықты мемлекет. Білім беру саласыда, денсаулық сақтау саласы да үздік. Бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған. Азаматтары еркін және тең құқықты, ал билігі әділ. Онда заң үстемдік етеді. Мен біздің дұрыс бағытпен ілгерілеп бара жатқанымызға сенемін және бізді ештене де түзу жолдан тайдыра алмайды».
  • 21. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 21 ~ Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі – жас ұрпақтың бойында еңбекке ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға балу. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек, мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытта да бола алмайды. Кейбір жағдайдың, әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуі мүмкін, сондықтан баланы мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-ықыласын қалыптастырған дұрыс. Еңбек тәрбиесі – балаларды әртүрлі істі атқаруға ұмтылдыру, қолөнер шеберлігін меңгерту, икемділігін дамыту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, балалар көргенін ересектердің нұсқауы және ықпал етуі нәтижесінде іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс- әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Еңбекке тәрбиелей отырып іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: «Сөзден – іске көшу». Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекті сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді. «Адамды – адам еткен еңбек». Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы
  • 22. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 22 ~ көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп-жейтін тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Еңбекке баулу арқылы баланың есте сақтау, көру, сезіну қабілеттері арта түседі. Мысалы: шұлығын, қолғабын, бас киімін, көйлегін киетін кезде оны қай жерге киетінің, ойлау, көру, есте сақтау қабілеттері арқылы жасалады. Баланың әр жасаған еңбегін, қылығын мақтап отыру қажет. Мысалы: «Ой, жарайсың, бәрекелді, өте жақсы, керемет» - деген марапат сөздер баланың еңбек етуге деген қызығушылығының оянуына ықпал етеді. Ұлы педагог, А.С. Макаренко айтқандай бала ойын кезінде қандай болса, кейін есейгенде жұмыс орнында да сондай болады. Сондықтан бала кезінде ойнаған кезде баланы қадағалап, ойынына мән беру керек. Егер дұрыс емес екеніне көз жеткізсеңіз, дұрыс жолға бағыттау керек. Бала ойын ойнағанда үлкендерден немесе теледидардан көргендерін қайталайды. Өйткені ойын кезіндегі іс-әрекеті қимыл қозғазылысы бәрі өз отбасында көрген білгендерінің айқын дәлелі. Баланың ойыны арқылы отбасындағы беріп жатқан тәрбиенің қандай екенін аңғаруға болады және қандай мамандық иесі екенін білуге болады. Сондықтан баланың көзінше артық сөз, артық қимыл жасаудың қажеті жоқ. Балаға ата-ана жақсы жағынан көрінуі қажет. Сондай-ақ баланы еңбекке баулу арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу болып есептеледі. Отбасына еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту,
  • 23. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 23 ~ ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Ал қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп құрастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға па? Далы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Еңбек – баланың адамгершілік дағдыларын дамытумен қатар, нерв жүйесінің икемділігін арттырып қарапайым еңбек түрлерінің машық дағдыларын меңгертуі. Мектепке дейінгі жастағы ересек балалар тобындағы балалардың еңбегі мазмұны толығып ұжымдық сипат ала астайды. Сондықтан тәрбиешінің қандай да болмасын бір істі орындату үшін бірнеше баладан тұратын шағын топқа тапсырма беруі қажет. Мұндай тапсырмада әр бала қандай да болмасын еңбектің бір түріне қатыса алатындай болуы керек. Олардың қайсысы ортақ тапсырманың қандай бөлігін атқаратыны жөнінде келісіп алуларына тәрбиеші көмектеседі. Егер жұмысты орындау тәсілі балаларға таныс емес болса онда алғашқы кезде тәрбиешінің өзі де жұмысқа араласады. Егер балалар көпке дейін іс-әрекет ырғағына ілесе алмаған жағдайда басқа балалардың қимыл әрекетінің ұштасуын көрсету, үлгісін беру, мысалға келтіруді пайдалану жағы біршама тиімді болып келеді. Балалардың ұйымдастырушылық шеберлігін дамыта түсу
  • 24. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 24 ~ үшін оларға қысқа мерзімді жеке тапсырмалар беруге, ал одан кейін шағын топпен ұзағырақ істеуге болатын ортақ жұмыс жағдайын ұйымдастыруға болады. Тәрбиеші балаға өз жұмысын ұйымдастыруға көмектесумен қатар кейбір ережелерді ескертеді алдымен тапсырманы зейін қойып, тыңдап ал орындауға содан соң барып кіріс, жұмысты орындауға қажет құралдарды мұқият тыңдап дайында, жұмысыңды орындап болған соң орнына қоюды ұмытпа. Сонымен бірге берілген жұмыстың сапасына да көңіл бөлуге бағытталған ережелер түсіндіріледі. Жұмыспен айналысып жатқанда алаңдауға болмайды, берілген тапсырманы ыждағаттылықпен ұқыпты да таза орындау керек, жұмыс орныңды таза ұста және өзіңнен кейін жинастыр, тазарт. Еңбек жоспарларын орындау ережелеріне үйрету тапсырманы орындау кезінде жүзеге асырылады, сонымен бірге балалардың еңбекке деген шеберлікті меңгеруі арта түседі. Сөйтіп баланың ортақ мүдде үшін еңбек етуге ынтасы жетіле түседі, еңбектегі өзара қарым-қатынасы өрістейді. Еңбек етуге жат қылықтар: еріншектік, жалқаулық, шалағайлық, ұқыпсыздыққа жиренуге баулу, яғни жол бермеуге тәрбиелеу. Бақыт адамға еңбек арқылы келетінін ұғындыру. Гүл өсірсең терлеп, Бұның аты – еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Бұның аты – еңбек. Қиындықтың бәрін Еңбек қана жеңбек - деген өлең жолдарын айта отырып болашақ біздің ізбасарларымыз жас-жеткіншектерге «Еңбек түбі – береке», «Еңбек ер аттандырады», «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» екенін айтқымыз келеді.
  • 25. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 25 ~ МАХАМБЕТ ЖҮРГЕН ЖОЛДАРМЕН Шуақбаева Гүлбар Тұрланқызы Қали Жантілеуов атындағы балар саз мектебінің жоғарғы санатты домбыра сыныбының мұғалімі «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.» Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан. Елбасының 2017 жылғы сәуір айындағы « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан мынау қарыштап дамыған әлемдік өркениетте әр мемлекет өзінің ұлттық құндылықтарын басымырақ насихаттамаса, берік қорғамаса басқа мемлекеттердің тасасында қалу қаупі бар екенін байқайсыз. Күнделікті тірлік пен экономиканың тасасында қалып бара жатқан білім, өнер, мәдениетке нақты тоқталып өтті. Мақаланың басты тақырыбы ; ұлттық мәдениет, өнер, білім. туған жер, туған ел. «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде?
  • 26. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 26 ~ Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі» - деп келетін «Таяу жылдардағы міндеттер » тарауында кеңінен айтылған. Патриотизмнің бастауы да, жалғасы да ол – жалпы орта білім беретін мектептерде, жас ұрпақтың білім алатын, бос уақытын тиімді ұйымдастыратын білім орындарында. Білімді, елін, жерін сүйген шәкіртті тәрбиелейтін ұстаз. Ендеше ұстазға қойылатын талап ерекше. Бұл жұмыс тек белгілі бір уақыттың шеңберінде қолдау тауып, кейін бәсеңсіп қалмауы тиіс. Ол бірнеше жылдар бойына жүріп, жалғасын тауып отыруы тиіс. Қосымша білім беру, оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жазғы бесінші тоқсан демалысы, дарынды оқушымен жұмыс бағытын атқаратын саз мектебінің ұстазы ретінде өткен жылдарда атқарылған Туған ел, өлкетану жұмыстары, мәдени нысандарға саяхат жұмыстарымен бөліссем. 2003 жылы Қазақ халқының күрескер ақыны, азаткер батыры, ұлт азаттық көтеріліс жаршысы, күйші композитор Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай Атырау облысы, Индер ауданы, Қараой жеріне «Махамбет жүрген жолдармен » саяхатын ұйымдастырдым. Аудан әкімінің орынбасаы З. Сисенғалидың Индер ауданының әкімі С.Лұқпановпен телефон арқылы байланысы негізінде 2003 жылдың 8 шілдесіне уақыты келісіліп , жоспары жасалды. Алғашқы тоқтаған мәдени ошақ 1960 жылдары жасақталып бастаған Индер аудандық өлкетану мұражайы. Мұражайда 3500 дей жәдігер бар. «Дауылпаз ақын,
  • 27. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 27 ~ ақберен батыр » бөлімінде Махамбеттің өлеңдері, фотосуреттері, күйлері жазылған кітаптар қойылған. 1966 жылы Махамбеттің бас сүйегін тауып, зерттеу үшін Алматыға алып кетіп, зерттеп, денесіне қосып жерлеген ғалым Н.Шаяхметовтің фотосуреттер қабырғасы жасақталған. Аудандық « Балдәурен » демалыс орталығының демалушылары жолға шығып, көздеген жерге уақытымен жетіп, баба кесенесінің басына барды. Ол жерде қор директоры Алдан Мақуов күтіп алып, мазардың құрылысы туралы таныстырды. Мазар 1995 жылы Маңғыстаулық шебер Көпбол Демесіновтің жобалауымен тұрғызылған. Мұхтар Шаханов ағамыздың өлеңіндегі батырдың өз басы өзіне сәлем беріп тұратын жерде мазардан қашық емес. Батырдың басын 120 жыл қойнында сақтаған төмпешіктің жанына барып, тарихына қанықтық.Баба мазарының басына Жаңақала елінің атынан гүл шоқтарын қойып , Махамбеттің «Исатайдың ақтабаны –ай », «Жұмыр Қылыш » күйлерін орындап, бірнеше өлеңдерін оқып, үлкен тебіреніспен кері жолға жиналдық. Махамбет бабамыздың өлеңдерінің шығуына себеп болған, күйлерінің тууына арқау болған тақырыптардың тарихын біліп, топырағын аяқпен басып, Жайық өзенінен өтіп елге оралдық. Балалар келгеннен соң әсерлерімен бөлісіп, суреттерін тамашалап, газет бетіне мақала да берілді. «Бөкей ордасына саяхат» Қазақстан Республикасының 2004 -2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра » мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2004 жылы 3 тамызда оқушыларды өлкетану саяхатына алып шықтым.Қазақ даласындағы алғашқы хан ордасы халықты біліммен қамтамасыз ету үшін мектеп салдырған, жаппай жұқпалы аурулардан сақтану, халықтың денсаулығын арттыру
  • 28. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 28 ~ мақсатында қазақ жастарын Ресейге оқытуға мүмкіндік жасаған, Дәулеткерей Шығайұлының күйлерінің шығуына себеп болған мекен болды. Ресеймен шекаралас болғандықтан алғаш Хан ордасына рояль алдырған. Міне, білім, өнер мен мәдениеттің бастауы болған Бөкей хан ордасына саяхаттауымыздың басты мақсаты осы еді. Бөкей Ордасы, ішкі Орда Ресей императорының рұқсатымен құрылған, 1801- 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында болған қазақ хандығы. 1801 жылы 11 сәуірде 1-Павел патша Бөкейдің жолдаған хатына келісім беріп, жарлық шығарады.1806 жылы патша жарлығының негізінде Бөкей Ордасының нақты шекарасы белгіленіп,жәрмеңке орындарына жер бөлінді. 1823 жылы 22 маусымда патша жарлығымен Жәңгір Бөкейұлы Бөкейордасының ханы болып тағайындалды.Еуропалық өркениетке ұмтылған хан орыс жерінен мәдениеттің аса кереметтерін әкеліп ендірді. Даулеткерей Шығай ұлы қазақтың халық күйшісі, күйшілік дәстүрдегі «Төре тартыстың » шебері, «Әйелдер образын » жасаған композитор. Дәулеткерейдің күйлерін ойнау үшін, тарихына үңілу үшін күйшінің дүниеге келген жерін , өскен ортасын білген жөн. Осы мақсатта 2004 жылы 4,5 тамыз күндері «Балдәурен » демалыс орталығының демалушылары мен тәрбиеші, дәрігерлермен Хан ордасына саяхат жасадық. Полигон сынағы алаңынан табылған Даулеткерей Шығайұлының, Ордадан шыққан ғалым Салық Бабажановтың, Жәңгір ханның мазарларының басына бардық. Ордадағы мұражайлардың таныстырылымын Темірболат ағамыз жасап, балаларға кең мағұлматтар берді. Жәңгір ханның қазақ тарихындағы осы жерді патшаның рұқсатымен алып, қоныс етіп, 1000 отбасымен Жайықтан өтіп келіп мекен етіп, қазақ балаларын оқытып, мектеп ашып, Ресей қалаларына жіберіп медициналық, орман
  • 29. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 29 ~ шаруашылығы жөнінен маман даярлатуы орны ерекше. Хан тұқымынан шыққан Шығайдың Даулеткерей ұлын ел басқару ісіне араластырғысы келген ойы ұзаққа бармады. Мүсірәлі күйшінің мектебінен дәріс алған Даулеткерей ел басқару өзіне лайықты емес екенін түсініп, бірден өнер жолына, күйшілікке ауысады. Бүгінгі күні «төре» тартыспен танылып жүрген, яғни оң қолдың амплитудасы домбыра бетінен алшақтамай, Құрманғазы күйшінің тартысындағы төгілген қара тартыстан өзгеше тартыс қалыптастырады. Әйел образын жасаған күйлері өте көп. Олар «Қосалқа », «Қыз Ақжелең », «Кербез », «Көркем ханым », «Қаражан ханым », «Жеңгем сүйер» күйлері. Бірнеше күйлерін орындап бердім. Сяхатымыз балалардың үлкен әсерімен өз ауылымызға оралумен аяқталды. Өз жеріміздегі осындай тарихи орындарды дүние жүзінен келіп тамашалап жатқанда өзіміздің біле тұра барып көрмегеніміз қынжылтады. Егер әр Қазақстанның азаматы өз Туған жерінің тарихын біліп, көзбен көріп, қамқорлыққа алып, оны ұрпаққа жеткізе білсе Қазақстанның мәңгілік ел болуы дегеніміз осы. «Сарайшыққа саяхат » Еліміздің әр өңірінде тарихқа тұнған ғажап орындар бар. Әр өңіріміз табиғат белдеулеріндегі әртүрлі табиғи ерекшеліктермен қоса тарихта іргесі бірнеше ғасыр бұрын қаланып, сақталып келген құндылықтармен бай. Егер өз еліміздің әр облысындағы осындай ғажайыптарды өзіміз біліп, өзгеге насихаттай білсек міне Қазақстандық патриотизм деген осы. Қазақ тарихындағы көне қала, хан ордасы болған, бүгінгі күні Атырау облысының Махамбет ауданында орналасқан Сарайшық қаласына оқушылармен саяхатты 2007 жылы тамыз айында ұйымдастырдым. 12 демалушылардан құралған топқа
  • 30. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 30 ~ тәрбиеші мен медбикені қосып , Махамбет ауданының әкімі А.Сисатовпен хабарласып, саяхат жоспарын құрып, жолға шықтық. Мақсатым өз жеріміздің тарихи орындарын аудан бүлдіршіндеріне таныстыру. Мәдениет бөлімінің басшылығы мамандарымен Жаңақала ауданынан барған топты қарсы алып, Махамбет ауданында орналасқан мұражаймен таныстырды. Әр бөлімнің жәдігерлерімен танысып, әсіресе қолөнер бұйымдарының тамаша үлгілеріне куә болдық. Саяхатымыз аудан орталығынан 20 шақырымда орналасқан Сарайшық мемориалдық кешеніне бет алды. Мұнда олар жеті ханның кесенесін аралап, Хан ордасы Сарайшықтың орнын аралап, мұражаймен танысты. 1999 жылы 3 қыркүйекте Елбасы Н.Ә.Назарбаев келіп ашқан мұражайдың кіре берісі осы салтанатты жиынның фото суреттерімен жабдықталған. Ал мұражайдың негізі бөлімінде 13 ғасырдағы қаланың көшірмесі орналасқан. Тарихта «Керуендер Алтын Орданың ханы әз Жәнібектің сүйікті қызына жасанды көл жасатып, алтын қайық сыйлаған. Қызы ауырып дүние салған соң Жәнібек хан алтын қайық пен зергерлік бұйымдарды көмдіріпті- мыс » деген деректер бар. Жасанды көлдің, алтын қайықтың сұлбасын жасап бөлменің ортасына орналастырған. Сарайшық қаласының тарихы тереңде.Сарайшық қаласы Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған. Сарай атауы негізінен хандардың билік құрған ордаларындағы күнделікті тұрмысқа қажеттіліктерден, өздерімен бірге көшіп жүретін көштің атауымен байланысты. Сарайшық қаласы Қазақ тарихындағы қалалардың ішіндегі ортағасырлық қалаларына жатады.Еліміздің әр өңіріндегі қалалар сол өңірдегі мәдениетті, шаруашылықты, өркениетті білдіреді. Сарайшықта Бастыс өңіріндегі мәдениеттің, хандықтың көрінісі іспетті.
  • 31. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 31 ~ Қазақ хандығына әкесі Керей ханмен бірге негіз қалаған Бұрындық хан мен Қазақ хандығын барынша кеңейтіп, нығайтқан хан Қасым неліктен Сарайшықты алғашқы Қазақ мемлекетінің астанасы етті? Себебі Сарайшық қаласының орналасқан жері Жайық өзенінің бойы, мал шаруашылығына кең жайылым, суы мол, сауданың дамуына қолайлы, саудагерлерге өзен бойын жағалап жүруіне ыңғайлы, Қазақ хандығына дейін-ақ, Алтын Орда мен Маңғыт жұртының даңқты хандары мен билерінің, мәңгіге топырақ бұйырып, жергілікті тайпалар мен рулардың имандылығы мен ата-баба аруағына бас иер қасиетті орталығы болуы. Осындай тарихқа толы, шежірелі орындарды көріп тамашалау ұрпақ бойына патриоттық рухты қалыптастыратыны сөзсіз. Мектеп бағдарламасынан оқыған, Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін толықтыра түскендей болды. Демалушы балалар үлкен әсермен ауылға оралды. «Сарайшыққа саяхат» тақырыбымен баспасөзге мақала жариялап,, балалардың фото суреттерін шығарып қолдарына беріп, еліміздің тарихындағы тағы бір қала туралы мәліметті ұсындым. «Дина әже ізімен» Күй Анасы, жерлесіміз, Ұлы күйшінің шәкірті Дина Нұрпейісованың 150 жылдығына орай аудан әкімшілігінің қолдауымен, аудандық мұражайдың ұйымдастыруымен «Дина әже ізімен» атты экспедиция 2011 жылы маусым айында жолға шықты. Мақсаты Дина шешеміздің өміріндегі отбасылық тұрмыс құрған жерлері, еңбек еткен ұжымшарлары, Нұрпейісовтер әулетінің бүгінгі ұрпақтары туралы мәліметтер жинақтау болды. Экспедицияның жүретін жолы Жаңақала – Орал - Атырау – Астрахань- Атырау – Алматы – Орал – Жаңақала болып белгіленді. Экспедицияның жетекшісі сол
  • 32. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 32 ~ жылдардағы Дина Нұрпейісова атындағы өлкетану мұражайының директоры А.Захарова, бейне таспаға түсіруші маман және мен. Алғашқы сапарымызды Көпжасар ауылында тұрған Нұрпейісовтер әулетінің Бқтылы қызынан туған, жасы тоқсанға таяған Ұлмекен әжеден бата алудан бастадық. Әже жасы ұлғайғанмен есте сақтау қабылеті өте жақсы. Немересі Русланнан көрінген Мұқағали шөбересі осы жолдардың авторынан алғаш домбырадан дәріс алып, саз мектебінің 2- сыныбын бітіріп, бүгінгі күні Астана қаласы кіші музыка академиясында 5 сыныпта білім алуда.Әрі қарай Қайыр елді мекенінде тұратын жиендері Бақытов Нәсіпқали ағамыздың шаңырағында болып, күй тыңдап, біраз сұхбат құрдық. Экспедицияның келесі аялдамасы Орал қаласында тұратын Нұрпейісовтер әулетінің Қоңыр қызынан туған Бағила апамыздың шаңырағында жалғасты. Қайыржан ағамен тұрмыс құрған апамыз екі ұлды өмірге әкелген. Дина шешеміз, нағашы әжесі туралы быраз естелікте тайтып, мұражайға жәдігер ретінде өзінің тұтынған шай құрал ыдыстарын сыйлады. Атырау қаласына келген экспедиция Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық оркестрдің құрамымен кездесіп, құрылған жылдары, бүгінгі жетістіктері, репертуары туралы сұхбат құрып, бейне таспаға жазып алды. Атырау өлкетану мұражйында болып, Құрманғазы мен Дина жасақталған бұрышпен танысты. Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық академияның директоры Г.М.Садуақасованың қабылдауында болып, академияның кешегісі мен бүгінгісі туралы әңгіме өрбіттік. Атырау арқылы Астраханның Қызылжар, Азау елді мекендерінде болып, Дина шешеміздің еңбек еткен колхозында, Дина атындағы клубта, мұражайында, кітапханаларында болдық.
  • 33. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 33 ~ Козлова ауылында отбасымен тұрып, балалары колхозда еңбек етіп, кешкілік колхозшыларға концерт қойған өнерпаздардың ішінде Дина шешемізде болған. «Еңбек ері», «Сауыншы » күйлері осы жерде дүниеге келген. Атырау арқылы Алматы қаласына жол тартқан экспедиция Нұрпейісовтер әулетінің Жұрынбай ұлынан туған Балжан апайдың шаңырағында болдық. Дина шешеміздің көзін көрген, батасын алған, бүгінгі күні Кенсай зиратына жерленген Дина шешеміздің басына барып дұға етіп жүрген,Республикалық деңгейдегі Дина шешеміз туралы шаралардың басы – қасында жүретін, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі Балжан Жұрынбайқызы әңгімесін не бір айтылмаған тың жаңалықтармен өрбітті. « Дина шешеміздің оқыңдар, білімді болыңдар деп айтқан өсиетін орындадым, батасын алдым»,- дейді Балжан апай. Әңгіме арасында Дина шешеміз туралы жалған айтылған Үміт Даулетқалиева апамыздың сұқбатына өкпелі екендігін. кезінде Дина шешеміз Өнер майталмандарымен бірге тұрған үйдің сақталмай бұзылғандығын, басына орнатқан тас мүсінніңде қатарындағы, алдындағы бейіттердің тасасында қалып бара жатқандығына қынжылтатынын жасырмай айтып салды. «Ана тілі» газетіне көптеген Дина шешеміз туралы көптеген мақалалар беріп жүрген жазушы Латифолла Қапашев ағамызбен де кездесудің сәті түсті. Көп ой арқалап, келелі сұқбатымызды таспаға жазып, елге оралуға жиналдық. Орал қаласына келген соң экспедиция жетекшісі А.Захарова Қазақстан-Орал телебағағдарламсына зкспедиция туралы сұқбат берді. Облыстық өлкетану мұражайы арқылы кітапша шығарды. Мамандығым күйші болғандықтан, әрі Көпжасар ауылын тұрғыны ретінде, ұрпақтарымен жақсы байланыста болған соң мен де өз қолжазбаларымнан баспасөз беттеріне мақала беріп,
  • 34. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 34 ~ бұрыннан жазып жүрген жазбаларымды түгендеп, «Күй анасы » атты Дина шешеміздің өмірімен шығармаларынан ұстаздарға арнап, өз қаражатыма әдістемелік оқулық шығарттым. Жалпы Қазақ елінің әр азаматы мен азаматшасын Туған елінің, әр бір тау мен тасының, кең даласының, өнер мен мәдениетін, тарихын білуге шақырамын. Өлкетану саяхаттарымен тарихқа үңілу өкен мен бүгінгінің арасындағы өз еліне, Туған жеріне, Туған еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Қали Жантілеуов атындағы балалар саз мектебінің домбыра сыныбының жоғарғы санатты ұстазы – Шуақбаева Гүлбар Тұрланқызы. Тарихи орындарға топтық серуендер. «Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.» Елбасы Н.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан. Елбасының 2017 жылғы сәуір айындағы « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан мынау қарыштап дамыған әлемдік өркениетте әр мемлекет өзінің ұлттық құндылықтарын басымырақ насихаттамаса, берік қорғамаса басқа мемлекеттердің тасасында қалу қаупі бар екенін байқайсыз. Күнделікті тірлік пен экономиканың тасасында қалып бара жатқан білім, өнер, мәдениетке нақты тоқталып өтті.
  • 35. «Балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру және жұмыспен қамту» «Организация отдыха и занятости детей и подростков» ~ 35 ~ Мақаланың басты тақырыбы ; ұлттық мәдениет, өнер, білім. туған жер, туған ел. «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі» - деп келетін «Таяу жылдардағы міндеттер » тарауында кеңінен айтылған. Патриотизмнің бастауы да, жалғасы да ол – жалпы орта білім беретін мектептерде, жас ұрпақтың білім алатын, бос уақытын тиімді ұйымдастыратын білім орындарында. Білімді, елін, жерін сүйген шәкіртті тәрбиелейтін ұстаз. Ендеше ұстазға қойылатын талап ерекше. Бұл жұмыс тек белгілі бір уақыттың шеңберінде қолдау тауып, кейін бәсеңсіп қалмауы тиіс. Ол бірнеше жылдар бойына жүріп, жалғасын тауып отыруы тиіс. Қосымша білім беру, оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жазғы бесінші тоқсан демалысы,дарынды оқушымен жұмыс бағытын атқаратын саз мектебінің ұстазы ретінде өткен жылдарда атқарылған Туған ел, өлкетану жұмыстары, мәдени нысандарға саяхат жұмыстарымен бөліссем. Жалпы әр ұстаздың пәндік бейінділігіне қарай проблемалық тақырыбы болады. Менің проблемалық тақырыбым : «Күйлерді аңызымен тыңдву және орындауға баулу ». Қай халық күйшісінің күйлерін, композитордың шығармаларын үйренсекте, оқушыға үйретсекте шығу тарихын білу міндетті. Дауылпаз ақын Махамбеттің мазарына 2003