SlideShare a Scribd company logo
1 of 13
Инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке
тұлғаны қалыптастырудың басты бағыты
Бактыбекова Жанат Калиевна
№11 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Жезқазған қаласы.
Оқыту сапасын көтеру – бүгінгі техникасы қарыштап дамыған
өркениетті заманның өзекті мәселесі. Ғалымдар мен мұғалімдерді осы мәселе
қатты ойландырады. Қазақ педагогикасы мен мектебі алдында білім, тәрбие
берудің тың жаңашыл бағыттары жолға қойылуда. Олар – оқу, тәрбие, даму
процестерін жандандыру. Бұлардың барлығы жеткіншектерге жүйелі білім ,
саналы тәрбие беру ісіне тәуелсіз ел талабы тұрғысынан қарау қажеттігінен
туып отыр.
Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты-мұғалімдердің кәсіби шеберлік
деңгейін үздіксіз жетілдіру, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа
технологияларды меңгеру.Мектептегі әдістемелік жұмыстарды
ұйымдастыруда кез-келген педагогикалық ұжым өзіндік бағыт- бағдарын
ұйымдастыру формаларын анықтайды.
Ұстаздардың шығармашылық қабілетін ояту, дамыту, жас мамандарды
шығармашылық әрекетке баулу үшін мектептерде шығармашылық топтар
құрудың тәрбиелік мәні зор. Мектебімізде жаңа технологияға байланысты
эталон мұғалімдерден құрылған шығармашалық топ жұмыс
істейді.Қазақстандық ғалым Ф.Я.Вассерман көптеген қазақстандық және
халықаралық педагогтардың тәжірибесін оқып зерттеп, «Биоақпараттандыру
және синергетика» (БиС) білім беру технологиясынтамаша қарастырып, оқыту
сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Автордың жасағанқорытындысы
бойынша оқыту сапасын басқару -оқыту нәтижесін толық көрсететін
көрсеткіштер мен критерийлердің талабын орындауға бағытталу, оқытудың
сапасын нақты анықтайтын стандарттық өлшемдер жүйесін құру. Сонда ғана
сапаның нақты көрсеткіштері көрінеді. Өлшем нормаларының бірі –
тапсырманы орындау уақыты. Оқу процесін дамытуда «БжС» білім беру
технологиясын ойлану жылдамдығын арттыру еске сақтауда, оқу үлгілерінің
сапасын жаңартуда, оқу материалын игеруде үлкен жетістіктерге жеткізетіні
тәжірибеде дәлелденіп отыр. Ф.Я.Вассерманның «Биоақпараттандыру және
синергетика» білім беру технологиясында оқытылатын пәндердің оқу
материалының меңгерілуіне сәйкес келетін қажетті технологиялық карталар
құрылымын да ұсынған.Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың
қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау – сөйлеу дағдысы қалыптасады,
танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз
бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Бұл оқушының уақытты үнемді
пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық
ізденіске жол ашады. «БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақтардың
дәстүрлі сабақтардан айырмашылықтары:
–Әр сабақ сергіту жаттығуларымен басталады.
–Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі.
–Тапсырмадеңгейлепберіледі.
–Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді.
Сыныптағы 5 оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін, қалған
оқушыларға тапсырманы орындап бітіруіне 30 секунд уақыт беріледі.
«Биоақпараттану және синергетика» білім беру технологиясының
карталары мұғалімдерге сабақты жоғары деңгейде сапалы өткізуіне ықпал
жасайды.Қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа технологияларын,
ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар
атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі
болып отыр.Білім сапасы мен деңгейін арттыруда тәжірибеде дәлелденген
тиімді жаңа білім беру технологиялары қажет-ақ. Бұл технологияда сабақ
барлық пән бойынша өзіне сәйкес келетін технологиялық карталармен
жоспарланады.Әр картаның өзіндік ерекшелігі, құрылымы, мақсаттары бар.
Олар гуманитарлық пәндеріне де,жаратылыстану пәндеріне де негізделген.
«БжС» білім беру технологиясының ерекшелігі:мұнда мұғалім тек
басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді
қайдан табуға болатынын және қалай оқып-үйренетінін айтып, жасатып
отырады. Мұғалім – пікірталасты ұйымдастырушы, білім алуды
ұйымдастырушы. Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының
нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес. Әр сабақтағы
оқушылардың білім сапасын есептеп, 63% салыстырып отыру керек. Аталған
технологияның өлшеуіштер жүйесінің бірі «қиындықты есептеу формуласы».
Тапсырманың күрделілігінің деңгейін анықтау әдісі ретінде ұсынылған
«қиындықты есептеу формуласы»- әртүрлі тест, тапсырмалар мазмұнының
құрылымының нормалар және стандарттар жүйесі. Бұл формула құрылымы
жағынан өзара байланысты өлшеу және бақылаудың екі бөлігінен тұрады:
----оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша даралау.
 оқу материалының мазмұныныңдеңгейі бойыншадаралау.Оқушылардың
оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша өлшеу, бақылау және
мазмұнды даралау механизмі үш өлшем бірлігінен тұрады:
 Қиындықтың төменгі деңгейі. (ТҚШ) Бұл баланың негізгі даму деңгейіне
сәйкес келеді. (Выготский бойынша ) Төмендегі көрсетілген кері
байланысты синергетикалық өлшемдерге байланысты ең аз мөлшердегі
оқу элементтерін беруді жоспарлайды.
 Қиындықтың орташа деңгейі. (АҚШ)Жоғарыдағы оқу элементтерін
аралық мөлшерде меңгеруді жоспарлайды.
 Қиындықтың жоғарғы деңгейі.(ЖҚШ) Баланың жақын арадағы даму
деңгейіне сәйкес келеді. (Выготский бойынша). Бұл қиындықтың орташа
деңгейіне қатысты оқу материалындағы оқу элементтерінің мазмұнынан
2 есе, қиындықтың төменгі деңгейіндегі оқу элементтерімен
салыстырғанда 3 есе күрделі.
«Биоинформатикажәне синергетика» технологиясы бойынша тақырыптық
жоспарлау төмендегідей қадамдардан тұрады:
 берілген тақырып бойынша қандай білім, білік, дағды бар екенін анықтай
білу;
 білім, білік, дағды уақыты бойынша бөлу;
 жеке сабақтағы білім, білік, дағдының әрбір компонентін меңгеруін
жоспарлай білу.
Бұл жерде мынадай қағидаларды басшылыққа алу керек:
 меңгеру сапасын жоғалтпай, білім берудің ақпараттық бөлігін мейілінше
азайту;
 білік, дағдыларын практикалық меңгеруге арналған уақыт ресурсын
ұлғайту;
 жекелеген тақырыптарды ілгерілей, оза меңгеру есебінен уақыт ресурсын
босату, сол арқылы пәндік білімді тереңдете меңгерту мүмкіншілік
жасау.
Осылайша білімді хабарлама түрінде беру уақытын 30- 40 %-ға қысқарту-
сонша мөлшерде пропорционал түрде білім сапасын арттыруға технологиялық
әсер етеді.
Биоинформатика және синергетика технологиясында оқыту сапасы
1:30:1:1 есебінің негізінде анықталады. Бұл қатынасқа 1 оқытушының және 30
оқушының 1 сыныптағы 1 сабағы енгізілген. Ал көрсеткіш ретінде
оқытушының әрбір оқушымен жұмыс жасау мүмкіншілігіне ие болған кездегі
нәтижесінің сапасы талап етіледі. Бұл әрбір тақырып бойынша 63%-да төмен
болмауы керек.
Сонымен биоинформатика және синергетика технологиясының негізгі
шарттарының бірі- сабақта барлық оқушылардың қатысуы, белсенділігі,
бағалануы. Ол үшін оқу процесін басқарудың арнайы құралы- технологиялық
картаны енгізу қажет. Технологиялық картаның сипаттамасының маңызы-
оқытушының және оқушының іс- әрекетін кірістіре отырып, білім беру
процесін технологиялық жобалау және құрастыру деңгейінде ұсынады.
«БжС» технологиясындағы технологиялық карталардың мақсаттары:
1. «Алгоритм» картасы – білім түрлерін беруді мақсат етеді.
2. «Биоинтернет» картасы- біліктілік пен дағдыны тіл арқылы қалыптастыруды
мақсат етіп, «Алгоритм» картасынан кейін міндетті түрде қолданады.
3. «Жаттықтырғыш» картасы – тақырыпты аяқтап, білім, білік дағдыны
қалыптастыруды мақсат етеді және «Биоинтернет» картасынан кейін міндетті
түрде қолданылады.
4. «Қисын » – шығармашылық ойлауды және логиканы қалыптастыруға
қолданылады. Сөйлем дағдысы және білім, білік дағдылары қалыптасқан
жағдайда ғана жақсы жұмыс жасайды. Осы карта бойынша жоғары күрделілік
деңгейдегі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік туады.
5. «Көшбасшы» -аралас оқытуда көлемді материалды меңгеру үшін
қолданылады.
6. «Ауызша сабақ» – 1,2,3, және «Әмбебап» картасы – гуманитарлық пәндер
саласында оқу материалдарын меңгеруге арналған. Бұл технология бойынша
ойлаудың барлық типін дамыту принципі берілген.
7. «КТС» ( Күншуақ,түймедақ,самалшық) картасы – күрделі,жоғары деңгей
картасы. Оқу үрдісінде бала дамуының жоғары көрсеткішін көрсетеді.
8. «БАЖ» ( белгілі,арнайы,жаңа) картасы – әртүрлі ақпараттар ағымымен
жұмыс жүргізу біліктілігін қалыптастырып,сын тұрғысынан ойлау қабілетін
дамытады.
Аталған технологиялық карталарды сабақтың типтеріне қарай қалай таңдауға
болады?
Кесте 1.
рс
Технологиялық
карта
Кіріспе:
білім
Бекіту:
түсіну
ҚолдануАнали
з
Син
тез
Жал
пыла
у
Бағалау
1 Алгоритм +
2 Биоинтернет +
3 Жаттықтыр
ғыш
+
4 Көшбасшы +
5 Қисын + + +
6 Ауызша сабақ + +
Биоинформатика және синергетика технологиясымен танысып, саралай келе
төмендегідей артықшылықтарды бөліп алуға болады:
 нақты нәтижеге, сапа көрсеткішіне бағытталуы;
 оқыту формасының белсенділігі;
 жекелей , даралап оқытуды қамтамасыз етеді;
 деңгейлеп оқытуды жүзеге асырады;
 түзету, коррекция және рефлексия жұмыстарын сабақтың әрбір
кезеңінде іске асыруға болады;
 зерттеу- ізденушілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Ағымдағы тексеру жұмыстары тек бақылау ғана емес диагностикалық сипатта
да қызмет атқарады. Оның мақсаты- түзету жұмыстарының қажеттілік деңгейін
анықтау.
Оқушылардың біріккен жұмыстарын топта, шағын топтарда ұйымдастыру
олардың бойында субъектіліктің алғы шарты болатын төмендегідей
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған:
 жаңа материалды өз беттерінше игеру;
 шығармашылық тұрғыда ойлау, талдау, қорытынды жасау;
 -өз ойларын басқа оқушыларға толықтай жеткізу;
 мәселе қою;
 ұйымдастыру, басқару іскерлігін жүзеге асыру;
 өзін- өзі тексеру, бағалау.
Сол арқылы оқушыларда пәннің мазмұнын білумен қатар белсенділік,
жауапкершілік, бастамашылдық сияқты құнды тұлғалық қасиеттер
қалыптасады, яғни субъект ретінде дамиды.
Қорыта айтқанда, «Биоақпараттық және синергетика» білім беру
технологиясының карталары мұғалімдерге сабақты жоғары деңгейде сапалы
өткізуіне ықпал жасайды.
Білім сапасы мен деңгейін арттыруда тәжірибеде дәлелденген тиімді жаңа
білім беру технологиялары қажет-ақ. Бұл технологияда сабақ барлық пән
бойынша өзіне сәйкес келетін технологиялық карталармен
жоспарланады.Осындай «БжС» білім беру технологисының 11 технологиялық
картасы бар. Әр картаның өзіндік ерекшелігі, құрылымы, мақсаттары бар. Олар
«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана
отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру.
Биоақпарат дегеніміз- биологиялық кеңістіктегі бірнеше ақпараттың
алмасу заңдары мен принциптері.
Синергетика дегеніміз- күрделі ( бір қалыпты емес) жүйелердің өзін-
өзі басқаруы.
гуманитарлық пәндеріне де,жаратылыстану пәндеріне де негізделген.
Бағалау ООМ (отырғызу орындарының матрицасы)арқылы жүргізіледі,дұрыс
жауап + белгіленеді, жауап болмаса-.Ойлану уақыты -3 сек
Сабақтарда байқалғаны:
 оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше
орындайды;
 дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді ;
 өзара қарым-қатынас қалыптасады;
 жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады;
 бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады;
 машықтандыру жаттығулары жасалады;
 оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі;
 сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды;
 сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар.
Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін,
жылдамдығын дамытуға ықпалы зор.Білімнің үлкен көлемін меңгеруде де
оқушылар жаппай ой қозғалысына түседі де бүкіл сыныпқа жүктеме бөлінеді,
сөйтіп тану қуанышына мүмкіндік туады.
Материалды жоғары деңгейде меңгертуде, жыламдықты, есте сақтауды,
зейінді жаттықтыруда, оқылатын материалға, жалпы оқу үрдісіне деген
қызығушылықты қалыптастыруда, ұжымдық шығармашылықты
тұрақтандыруда «БжС» технологиясының әсері зор.Қазіргі заманғы мектеп
бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен
араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау
керек. Мақсаты мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті
білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік тұрмыс мәселесін кез
келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу керек. Аталған мәселені
шешетін технологиялардың бірі- «Биоақпараттандыру және синергетика»
педагогикалық технологиясы.
Қорытакеле, «Биоақпараттандыру және синергетика» арқылы төмендегі
көкейтесті мәселелер шешімін табатынын айтуға болады.
1. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір пән бойынша мемлекеттік
стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамтуына кепілдік
алады.
2. Оқушы қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін көтеріле
алады.
3. Дарынды балалар дер кезінде анықталынып дами алады.
4. Оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін
бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі
«БжС» технологиясының басқа технологияларға қарағанда ерекшелігі бар.
«БжС» технологиясы үш жақты қамтамасыз етеді: оқу, даму, тәрбие.Осы
технологиямен өткізілген сабақты дәстүрлі сабақпен салыстыратын
болсақ:
«БжС» технологиясымен Дәстүрлі сабақ
Даму
Оқу
Тәрбиелеу
Бір жақты
Өлшемдер болады Өлшемдер нақты болмайды
Сабақтың әр бөлімінің сапасын анықтауға
болады
Әр сабақ бөлімінің сапасы
анықталмайды
«БжС» технологиясы 9 технологиялық картадан тұрады: алгоритм,
биоинтернет, жаттықтырғыш, ауызша сабақ 1, ауызша сабақ 2, ауызша
сабақ 3, қисын, көшбасшы, КТС, БАЖ.
Өлшемдер:
1.КЕФ- күрделілікті есептеу формуласы.
ТКШ- төменгі күрделілік шегі
АКШ- аралық күрделілік шегі
ЖКШ- жоғары күрделілік шегі
Мысалы: математика пәні бойынша:
ТКШ- 1-5 аралығындағы сандар 124+542
АКШ- 1-9 аралығындағы сандар 167+283
ЖКШ- 5-9 аралығындағы сандар 689+759
2. Нормативті уақытты анықтау- 5 оқушы + 30 секунд
Сабақтың сапасы - 63%
3. Сөздік қор өлшемі:
1-сынып- 25 сөз
2-сынып- 31 сөз
3-сынып- 37 сөз
4-сынып- 44 сөз
Сөздік қор үшке бөлінеді:
1. Жалпы сөздік қор – ана тілінде белгілі уақытта нормативтік
мөлшерге сай сөз жазу.
2. Арнайы сөздік қор – белгілі уақытта жеке пәндерден меңгерілген
тақырып бойынша нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер,
түсініктер ережелер жазу.
3. Тақырыптық сөздік қор – ана тілінде белгілі уақытта тақырыпқа
байланысты нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер ,
түсініктер, ережелер жазу.
Сөздік қорды орындау уақыты – 5 минут.
Сергітулер түрлері:
Жылдамдық – Бұл сергіту барлығы 9 жылдамдықтан тұрады.
Мұғалім кез-келген 100-ге дейінгі санды айтады, мысалы 16, балалар
хормен 17 деп жауап беру керек.Егер бүкіл сынып бірдей айтса онда
екінші жылдамдыққа көшуге болады.
Талаптар: балалар жауабы өте тез және бірдей болуы
керек.Балалардың үш рет қателесуі немесе бірдей жауап бермеуі, осы
сыныптың жылдамдығын қайта анықтауына себеп болады.
Тақ немесе жұп сандармен өткізуге болады. Мысалы: 2,4,6,8,..т.б.
немесе керісінше 98,96,94,.. т.б.
Күрделендіру: Жылдамдық сергітуде операциялық символдарды
тез ауыстырып өткізуге болады, плюс және минус.Мысалы: 1-
жылдамдық мұғалім 12+ дейді, жауап 13, немесе 17- дейді, жауап 16.
Сергітулер үнемі ауыстырылып тұрғаны жөн.Ондай болмаған
жағдайда сергітулер қызығушылықты немесе мәселенің мәнін жоғалтуы
мүмкін.Сергіту уақыты- 5минут.
Есте сақтау- жылдамдық параметрі 9-жылдамдық.Көлемі-7.
Мысалы: мұғалім 7 дейді, оқушылар хормен 7 дейді.
Күрделендіру: мысалы: мұғалім 1268 дейді, оқушылар хормен 1269
дейді.
Есте сақтаудың көріністі дамуы.Қолдануы: тақтаға 7-14-21 тірек
сөздер жазылады. Тақтадағы тірек сөздердің 3-4 өшіреміз.Оқушылар
жетпей тұрған сөзді есіне түсіріп орнына қояды. Жаттауға 30 секунд
уақыт беріледі.
Арнайы психологиялық сергітулер.
1. Босаңсыту сергітулері:
А) сол қолмен жазу, синхронды жазу(екі қолмен), сандар, әріптер,
геометриялық фигуралар.
Б) дауыссыз дыбыстарды әндетіп айту,хормен жақсы әндетіп айту
деңгейіне дейін.
2. Ауыстырғыш сергітулер.
А) өткен сабақтан алған әсер сақталып, зейіні төмендеген жағдайда
көңілді өтіп жатқан сабаққа бұру үшін.
Б) еңбек, дене шынықтыру сабақтарынан кейінгі сабақтарға зейінін
аудару үшін.
Қолдану тәртібі:
А) көзді жауып қойып өткізеді.Керемет адамдардың өмірі туралы
тарихтар, аңыздар, мифтер айтылады.Балалар тақырыпты көз алдына
келтіріп, сабаққа деген қызығушылығын сезінеді.
Б) вирусқа қарсы- алгоритмикалық түрде жазбаша тапсырмалар
беріледі. Мысалы: 100-ге дейінгі жұп сандарды жазу. Мұғалім
тапсырманы орындауда кедергілер жасайды.Осы кедергілерге
қарамастан тапсырмаларды дұрыс орындаған балаларды мұғалім
марапаттайды.
3. Ұйымдастыру сергітулері.
Ережелерді,түсінікті, терминді хормен айту.Дұрыс амалдарды ұжым
болып айту.Қиын сөздерді, сөз тіркестерін ұжым болып айту.
4.Құрылымды сергітулер.
Бірлік, ынтымақ жоқ жағдайда, ұрыс-керіс, агрессия бар жерлерде.
Үлгі ретінде бір сабақ жоспарын ұсынамын:
Пәні: Математика Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Теңдеу
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Теңдеудің анықтамасын білу, теңдеудің компоненттерін
білу,теңдеудің белгісіз компоненттерін білу және оларды таба білуге
үйрету
ә) тәрбиелілік: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру,шыншылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу, мақсатқа
жете білуге тәрбиелеу
б) дамытушылық: балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік – ұжымдық
парасаттылыққа кіріктіру. Сабақта, «оқы да - тоқы» ұстанымын жүзеге
асыра отырып, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жетістікке жеткен
адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту
және ынталану.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: ОӘЖӘ парағы, жаттықтырғыш парағы
Әдіс - тәсілі: « БжС » технологиясы
Картасы: «Алгоритм»
Сабақтың барысы:
1 тип. Жаңа материалдарды оқып білу мен бастапқы бекіту сабақтары
келесі қисынға ие: мотивация > оқушылардың субъектілік тәжірибесін
өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру >
түйсіну. Түсініктің алғашқы тексерілуі > алғашқы бекітуді ұйымдастыру >
талдау > түйсіну.
1 Ұйымдастыру
кезеңі
Үй жұмысы тексерілмейді –
бұл жаңа тақырып. Алдыңғы
тақырып аяқталған деп
саналады және түйсінуді қажет
етпейді. Оқушылардың
мотивациясы сынып бір топ
ретінде болады: тақырыптар
уақыты жылдық жоспар
бойынша көрсетіледі.
Жұмыстың
реті карта
бойынша
түсіндіріледі.
Сыныпты
белсендіру
үшін сөз
көшбасшыға
беріледі.
2 1 цикл «Байқау»
«Оқушылардың
субъективті
тәжірибелерін
өзектендіру»
ОӘЖӘ сызбасы бойынша
бірінші түсіндіру.
1. Түсіндіру
уақыты у1
у1 = 15 минут
(тақтаға жазу).
3 Қабылдауды
ұйымдастыру
Тапсырмаларды орындау.
Оқушылар бірдей бір шапалақ
ұрады, «Байқау» сөзін
дәптерлеріне жазады және
жұмысқа кіріседі. Мұғалім
сынып ішінде аралап жүреді
және бірінші түсіндіруден соң
оқу материалын сыныптың
меңгерген дәрежесін талдайды.
ТКШ: х + 23 =41 , х = 18
АКШ: 2х – 15 = 13 , х = 14
ЖКШ: ( х – 16 ) ∙ 9 = 126, х =
30
Үш тапсырма:
ТКШ – АКШ –
ЖКШ .
Жұмыстың
аяқталуы 5+30.
4 Ұғынуды
ұйымдастыру
Түйсіну
Жұмыс аяқталғаннан соң
оқушылар дәптерлерін
алмастырады, «Қолдағы
қаламсап – бұл қателік»
бұйрығы беріледі.
Тапсырмаларды орындаудың
кезеңді тексерілуі. Орындау
сапасы әрбір деңгейде жеке
анықталады. Тақтада мынадай
жазу болады:
ТКШ = ≥63 ; АКШ = ≤63;
ЖКШ =≤63
Жұмыс
аяқталысымен
тақтаға бірден
барлық
жауаптарды
жазуға тиым
салынады.
5 2 цикл «Бекіту»
«Оқушылардың
субъективті
тәжірибесін
өзектендіру»
Екінші түсіндіру.
Мұғалім сыныптан сұрақ-
жауап алады және өз ойынша
оқушылардың көбі жіберген
қателіктер бойынша ОӘЖӘ
сызбасы кезеңіндегіден
жаңаша түсіндіруді бастайды.
Түсіндіру уақыты бірінші
кезеңдегі түсіндіруден 2 есе
кем болады.
1. Түсіндіру
уақыты у2
у2 = 7 минут
(тақтаға жазу).
6 Қабылдауды
ұйымдастыру
Тапсырманы орындау.
Оқушылар бірдей екі рет
шапалақ ұрады, дәптерлеріне
«Бекіту» сөзін жазады және
тапсырманы орындауға
кіріседі. Мұғалім сынып ішінде
Үш тапсырма:
«Егер-онда»
сызбасы
бойынша.
Жұмыстың
аралап жүреді және бірінші
түсіндіруден соң оқу
материалын сыныптың
меңгерген дәрежесін
талдайды.2- кесте бойынша
тапсырма беріледі:
ТКШ : х + 85 = 97, х = 12
ТКШ: х – 61 = 17, х = 78
АКШ: 49 – 3х = 34, х = 5
аяқталу 5+30.
7 Ұғынуды
ұйымдастыру
Түйсіну
Жұмыс аяқталғаннан соң
оқушылар дәптерлерін
алмастырады, «Қолдағы
қаламсап – бұл қателік»
командасы беріледі.
Тапсырмаларды орындаудың
кезеңді тексерілуі. Орындау
сапасы әрбір деңгейде жеке
анықталады. Тақтада мынадай
жазу болады:
ТКШ = ≥63 ; АКШ = ≤63;
ЖКШ =
Жұмыс
аяқталысымен
тақтаға бірден
барлық
жауаптарды
жазуға тиым
салынады.
8 3 цикл. «Жады»
«Оқушылардың
субъективті
тәжірибесін
өзектендіру»
Үшінші түсіндіру.
Мұғалім сыныптан сұрақ-
жауап алады және өз ойынша
оқушылардың көбі жіберген
қателіктер бойынша ОӘЖӘ
сызбасы кезеңіндегіден
жаңаша түсіндіруді бастайды.
Түсіндіру уақыты екінші
кезеңдегі түсіндіруден 2 есе
кем болады.
1. Түсіндіру
уақыты у3
у3 = 3 минут
(тақтаға жазу).
9 Қабылдауды
ұйымдастыру
Тапсырманы орындау.
Оқушылар бірдей үш рет
шапалақ ұрады, дәптерлеріне
«Есте сақтау» сөзін жазады
және тапсырманы орындауға
кіріседі. Мұғалім сынып ішінде
аралап жүреді және бірінші
түсіндіруден соң оқу
материалын сыныптың
меңгерген дәрежесін
талдайды.2-кесте бойынша
тапсырма беріледі:
ТКШ: 12х = 60, х = 5
ТКШ: 110 : у = 11, у = 10
АКШ: 9а – 89 = 55, а = 16
Үш тапсырма:
«Егер-онда»
сызбасы
бойынша.
Жұмыстың
аяқталу 5+30.
10 Ұғынуды
ұйымдастыру
Жұмыс аяқталғаннан соң
оқушылар дәптерлерін
алмастырады, «Қолдағы
қаламсап – бұл қателік»
бұйрығы беріледі.
Тапсырмаларды орындаудың
кезеңді тексерілуі. Орындау
сапасы әрбір деңгейде жеке
анықталады. Тақтада мынадай
жазу
болады:
ТКШ =≥63; АКШ =≥63; ЖКШ
=
Жұмыс
аяқталысымен
тақтаға бірден
барлық
жауаптарды
жазуға тиым
салынады.
11 Түйсіну 1. Сыныпқа байланысты
ОӘЖӘ сызбасы мен
материалды меңгеру деңгейі
анықталады.
2. «Биоинтернет» картасымен
жұмыс жасау бойынша
сарапшылар тобы анықталады.
3. Солтақырып бойынша сабақ
нәтижесін ескере отырып
жұмыс уақытының болжамын
береді. 4. Егер де, сол күні
Үйге тапсырма
саны 10 кем
болмауы тиіс.
Тапсырманы
оқулықтан
немесе өз
еркінше беруге
болады.
«Биоинтернет» картасы
бойынша сабақ жоқ болса,
онда үйге тапсырма береді:
ОӘЖӘ сызбасы бойыншаөз іс-
әрекеттерін қысқаша айтып
беру және тапсырмаларды
шеше білу білігі. 5. Мұғалім
тағы да тақырыптың
аяқталумен карталар бойынша
уақытты үнемдеуге «Қисын»,
«Көшбасшы», «КТС»
карталарында ойнау
мүмкіндіктеріне мәлімет береді
.
12 Ескерту Егер де, «Алгоритм»
картасында сыныптың білім
деңгейі 63% сапаға шықса,
онда мұғалім келесі тақырыпқа
қөшуге құқығы бар. Ол
тақырып аяқталды деп
саналады.
Уақытты
үнемдеуге
дағдыланыңыз.
2 кесте. «Егер-онда» үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктеу
сызбасы
Алынған нәтиже Жоспарланған
тапсырма
1 Еге
р
ТКШ≥
63%
АКШ≤
63%
ЖКШ≤
63%
1-
онд
а
ТКШ ТКШ АК
Ш
2 Еге
р
ТКШ≥
63%
АКШ>
63%
ЖКШ≤
63%
2-
онд
а
АКШ АКШ Ж
К
Ш
3 Еге
р
ТКШ≥
63%
АКШ>
63%
ЖКШ>
63%
3-
онд
а
АКШ ЖКШ Ж
К
Ш
4 Еге
р
ТКШ≥
63%
АКШ≤
63%
ЖКШ>
63%
4-
онд
а
Тапсырмадағы
қателік.
Тапсырманың
күрделілік шектігі
талапқа сай
келмегенде.
Бұл кестемен жұмыс әрбір кезең соңында жүргізіледі. Жаңа кезең
үшін тапсырмаларды таңдау алдыңғы нәтиже бойынша жүзеге асады.
Мысалы: Кестенің «Алынған нәтиже» бағанынан таңдаймыз және «онда»
сілтемесінен «Жоспарланған тапсырма» деңгейін табамыз. «Алгоритм»
картасы бойынша жұмыстың әсерлілігін санауды бастаймыз: - барлық
сабақ барысында үш рет – түзету, бақылау, өздік бақылау және түйсіну
жүргізіледі; - кері байланыс сызбасы бойынша оқу тапсырмаларының
күрделілік деңгейі шектелініп беріледі; - алдыңғы тақырыптарға
байланысты білім мен дағды бойынша барлық қарыздары (борышкерлік)
анықталады; - мұғалімнің дайындық деңгейі анықталады.

More Related Content

What's hot

оқыту технологиялары
оқыту технологияларыоқыту технологиялары
оқыту технологияларыoquzaman
 
12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайд12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайдDan41k
 
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 1802142. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214NisEdu
 
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
Көшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігіКөшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігі
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігіАйбек Қуандықұлы
 
талшын турдакиновна
талшын турдакиновнаталшын турдакиновна
талшын турдакиновнаoquzaman
 
гос нш 25012014 каз
гос нш 25012014 казгос нш 25012014 каз
гос нш 25012014 казipksko
 
джонисова на конкурс
джонисова на конкурсджонисова на конкурс
джонисова на конкурсAsem Sarsembayeva
 
білім беру мазмұнын жаңарту
білім беру мазмұнын жаңартубілім беру мазмұнын жаңарту
білім беру мазмұнын жаңартуErjan Beisenhojaev
 
басқару қызметі слайд
басқару қызметі слайдбасқару қызметі слайд
басқару қызметі слайдDan41k
 
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызыИнформатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызыБақытжан Күшібарұлы
 
білім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуібілім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуіSaule Abdykanova
 

What's hot (20)

баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
 
оқыту технологиялары
оқыту технологияларыоқыту технологиялары
оқыту технологиялары
 
ныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовнаныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовна
 
12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайд12 жылдық білім беру слайд
12 жылдық білім беру слайд
 
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 1802142. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
2. оқу бағдарлама акт бастауыш мектеп 1 нұсқа 180214
 
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
Көшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігіКөшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігі
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
 
талшын турдакиновна
талшын турдакиновнаталшын турдакиновна
талшын турдакиновна
 
жұмыс ибраева а
жұмыс ибраева ажұмыс ибраева а
жұмыс ибраева а
 
гос нш 25012014 каз
гос нш 25012014 казгос нш 25012014 каз
гос нш 25012014 каз
 
ккор
ккорккор
ккор
 
джонисова на конкурс
джонисова на конкурсджонисова на конкурс
джонисова на конкурс
 
инновация
инновацияинновация
инновация
 
білім беру мазмұнын жаңарту
білім беру мазмұнын жаңартубілім беру мазмұнын жаңарту
білім беру мазмұнын жаңарту
 
имамкул н. мпи
имамкул н. мпи имамкул н. мпи
имамкул н. мпи
 
басқару қызметі слайд
басқару қызметі слайдбасқару қызметі слайд
басқару қызметі слайд
 
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
сейтмаганбетова ш.ж.   мақаласейтмаганбетова ш.ж.   мақала
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
 
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызыИнформатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
 
Жаңаша оқу үрдісі
Жаңаша оқу үрдісіЖаңаша оқу үрдісі
Жаңаша оқу үрдісі
 
мырзабекова үмітай
мырзабекова үмітаймырзабекова үмітай
мырзабекова үмітай
 
білім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуібілім беру кәсіби өсуі
білім беру кәсіби өсуі
 

Similar to инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптастырудың басты бағыты

Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныДеңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныАйбек Қуандықұлы
 
Жаратылыстану кафедрасы
Жаратылыстану кафедрасыЖаратылыстану кафедрасы
Жаратылыстану кафедрасыDossym
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуцnurlan93kz
 
Жаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұныЖаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұныMarzhanZhumakhan
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздікoquzaman
 
курска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копиякурска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копияAsem Sarsembayeva
 
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -алаoquzaman
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысBeisek Serikbay
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываывввввввnurlan93kz
 
Электрондық оқулықты сабақта пайдалану
Электрондық оқулықты сабақта пайдалануЭлектрондық оқулықты сабақта пайдалану
Электрондық оқулықты сабақта пайдалануErjan Beisenhojaev
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысnurbolat84
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...tagibaevaab
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...tagibaevaab
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 

Similar to инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптастырудың басты бағыты (20)

Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныДеңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
 
Жаратылыстану кафедрасы
Жаратылыстану кафедрасыЖаратылыстану кафедрасы
Жаратылыстану кафедрасы
 
тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуц
 
4646f
4646f4646f
4646f
 
Жаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұныЖаңартылған білім беру мазмұны
Жаңартылған білім беру мазмұны
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздік
 
доклад нарикбаева к
доклад нарикбаева кдоклад нарикбаева к
доклад нарикбаева к
 
курска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копиякурска дайын тапсырма дана — копия
курска дайын тапсырма дана — копия
 
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
 
баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
Электрондық оқулықты сабақта пайдалану
Электрондық оқулықты сабақта пайдалануЭлектрондық оқулықты сабақта пайдалану
Электрондық оқулықты сабақта пайдалану
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмыс
 
салтенова н.с
салтенова н.ссалтенова н.с
салтенова н.с
 
тұрысбекова а.т.
тұрысбекова а.т.тұрысбекова а.т.
тұрысбекова а.т.
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
 
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында  рухани – адамгершілік құ...
Математикалық сауаттылық арқылы оқушылардың бойында рухани – адамгершілік құ...
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойсборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природойсборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
сборник дидактические игры по ознакомлению дошкольников с природой
 

инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптастырудың басты бағыты

  • 1. Инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптастырудың басты бағыты Бактыбекова Жанат Калиевна №11 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жезқазған қаласы. Оқыту сапасын көтеру – бүгінгі техникасы қарыштап дамыған өркениетті заманның өзекті мәселесі. Ғалымдар мен мұғалімдерді осы мәселе қатты ойландырады. Қазақ педагогикасы мен мектебі алдында білім, тәрбие берудің тың жаңашыл бағыттары жолға қойылуда. Олар – оқу, тәрбие, даму процестерін жандандыру. Бұлардың барлығы жеткіншектерге жүйелі білім , саналы тәрбие беру ісіне тәуелсіз ел талабы тұрғысынан қарау қажеттігінен туып отыр. Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты-мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін үздіксіз жетілдіру, білім сапасын көтеру мақсатында жаңа технологияларды меңгеру.Мектептегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруда кез-келген педагогикалық ұжым өзіндік бағыт- бағдарын ұйымдастыру формаларын анықтайды. Ұстаздардың шығармашылық қабілетін ояту, дамыту, жас мамандарды шығармашылық әрекетке баулу үшін мектептерде шығармашылық топтар құрудың тәрбиелік мәні зор. Мектебімізде жаңа технологияға байланысты эталон мұғалімдерден құрылған шығармашалық топ жұмыс істейді.Қазақстандық ғалым Ф.Я.Вассерман көптеген қазақстандық және халықаралық педагогтардың тәжірибесін оқып зерттеп, «Биоақпараттандыру және синергетика» (БиС) білім беру технологиясынтамаша қарастырып, оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Автордың жасағанқорытындысы бойынша оқыту сапасын басқару -оқыту нәтижесін толық көрсететін көрсеткіштер мен критерийлердің талабын орындауға бағытталу, оқытудың сапасын нақты анықтайтын стандарттық өлшемдер жүйесін құру. Сонда ғана сапаның нақты көрсеткіштері көрінеді. Өлшем нормаларының бірі – тапсырманы орындау уақыты. Оқу процесін дамытуда «БжС» білім беру технологиясын ойлану жылдамдығын арттыру еске сақтауда, оқу үлгілерінің сапасын жаңартуда, оқу материалын игеруде үлкен жетістіктерге жеткізетіні тәжірибеде дәлелденіп отыр. Ф.Я.Вассерманның «Биоақпараттандыру және синергетика» білім беру технологиясында оқытылатын пәндердің оқу материалының меңгерілуіне сәйкес келетін қажетті технологиялық карталар құрылымын да ұсынған.Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау – сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Бұл оқушының уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын тұжырымдап айтуға дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол ашады. «БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылықтары: –Әр сабақ сергіту жаттығуларымен басталады. –Жаңа сабақ оқу әрекетінің жалпыланған әдісі (ОӘЖӘ) арқылы түсіндіріледі. –Тапсырмадеңгейлепберіледі.
  • 2. –Тапсырманы орындауға уақытты шектеп көрсетеді. Сыныптағы 5 оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін, қалған оқушыларға тапсырманы орындап бітіруіне 30 секунд уақыт беріледі. «Биоақпараттану және синергетика» білім беру технологиясының карталары мұғалімдерге сабақты жоғары деңгейде сапалы өткізуіне ықпал жасайды.Қазіргі заман талабына сай білім берудің жаңа технологияларын, ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.Білім сапасы мен деңгейін арттыруда тәжірибеде дәлелденген тиімді жаңа білім беру технологиялары қажет-ақ. Бұл технологияда сабақ барлық пән бойынша өзіне сәйкес келетін технологиялық карталармен жоспарланады.Әр картаның өзіндік ерекшелігі, құрылымы, мақсаттары бар. Олар гуманитарлық пәндеріне де,жаратылыстану пәндеріне де негізделген. «БжС» білім беру технологиясының ерекшелігі:мұнда мұғалім тек басқарушылық рөл атқарады, көп түсіндіре бермейді, қажетті мәліметтерді қайдан табуға болатынын және қалай оқып-үйренетінін айтып, жасатып отырады. Мұғалім – пікірталасты ұйымдастырушы, білім алуды ұйымдастырушы. Ғалым-практик Ф.Я.Вассерман жүргізген зерттеу тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижиесінде оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды. Ол көрсеткіш 63% төмен емес. Әр сабақтағы оқушылардың білім сапасын есептеп, 63% салыстырып отыру керек. Аталған технологияның өлшеуіштер жүйесінің бірі «қиындықты есептеу формуласы». Тапсырманың күрделілігінің деңгейін анықтау әдісі ретінде ұсынылған «қиындықты есептеу формуласы»- әртүрлі тест, тапсырмалар мазмұнының құрылымының нормалар және стандарттар жүйесі. Бұл формула құрылымы жағынан өзара байланысты өлшеу және бақылаудың екі бөлігінен тұрады: ----оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша даралау.  оқу материалының мазмұныныңдеңгейі бойыншадаралау.Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша өлшеу, бақылау және мазмұнды даралау механизмі үш өлшем бірлігінен тұрады:  Қиындықтың төменгі деңгейі. (ТҚШ) Бұл баланың негізгі даму деңгейіне сәйкес келеді. (Выготский бойынша ) Төмендегі көрсетілген кері байланысты синергетикалық өлшемдерге байланысты ең аз мөлшердегі оқу элементтерін беруді жоспарлайды.  Қиындықтың орташа деңгейі. (АҚШ)Жоғарыдағы оқу элементтерін аралық мөлшерде меңгеруді жоспарлайды.  Қиындықтың жоғарғы деңгейі.(ЖҚШ) Баланың жақын арадағы даму деңгейіне сәйкес келеді. (Выготский бойынша). Бұл қиындықтың орташа деңгейіне қатысты оқу материалындағы оқу элементтерінің мазмұнынан 2 есе, қиындықтың төменгі деңгейіндегі оқу элементтерімен салыстырғанда 3 есе күрделі. «Биоинформатикажәне синергетика» технологиясы бойынша тақырыптық жоспарлау төмендегідей қадамдардан тұрады:  берілген тақырып бойынша қандай білім, білік, дағды бар екенін анықтай білу;  білім, білік, дағды уақыты бойынша бөлу;
  • 3.  жеке сабақтағы білім, білік, дағдының әрбір компонентін меңгеруін жоспарлай білу. Бұл жерде мынадай қағидаларды басшылыққа алу керек:  меңгеру сапасын жоғалтпай, білім берудің ақпараттық бөлігін мейілінше азайту;  білік, дағдыларын практикалық меңгеруге арналған уақыт ресурсын ұлғайту;  жекелеген тақырыптарды ілгерілей, оза меңгеру есебінен уақыт ресурсын босату, сол арқылы пәндік білімді тереңдете меңгерту мүмкіншілік жасау. Осылайша білімді хабарлама түрінде беру уақытын 30- 40 %-ға қысқарту- сонша мөлшерде пропорционал түрде білім сапасын арттыруға технологиялық әсер етеді. Биоинформатика және синергетика технологиясында оқыту сапасы 1:30:1:1 есебінің негізінде анықталады. Бұл қатынасқа 1 оқытушының және 30 оқушының 1 сыныптағы 1 сабағы енгізілген. Ал көрсеткіш ретінде оқытушының әрбір оқушымен жұмыс жасау мүмкіншілігіне ие болған кездегі нәтижесінің сапасы талап етіледі. Бұл әрбір тақырып бойынша 63%-да төмен болмауы керек. Сонымен биоинформатика және синергетика технологиясының негізгі шарттарының бірі- сабақта барлық оқушылардың қатысуы, белсенділігі, бағалануы. Ол үшін оқу процесін басқарудың арнайы құралы- технологиялық картаны енгізу қажет. Технологиялық картаның сипаттамасының маңызы- оқытушының және оқушының іс- әрекетін кірістіре отырып, білім беру процесін технологиялық жобалау және құрастыру деңгейінде ұсынады. «БжС» технологиясындағы технологиялық карталардың мақсаттары: 1. «Алгоритм» картасы – білім түрлерін беруді мақсат етеді. 2. «Биоинтернет» картасы- біліктілік пен дағдыны тіл арқылы қалыптастыруды мақсат етіп, «Алгоритм» картасынан кейін міндетті түрде қолданады. 3. «Жаттықтырғыш» картасы – тақырыпты аяқтап, білім, білік дағдыны қалыптастыруды мақсат етеді және «Биоинтернет» картасынан кейін міндетті түрде қолданылады. 4. «Қисын » – шығармашылық ойлауды және логиканы қалыптастыруға қолданылады. Сөйлем дағдысы және білім, білік дағдылары қалыптасқан жағдайда ғана жақсы жұмыс жасайды. Осы карта бойынша жоғары күрделілік деңгейдегі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік туады. 5. «Көшбасшы» -аралас оқытуда көлемді материалды меңгеру үшін қолданылады. 6. «Ауызша сабақ» – 1,2,3, және «Әмбебап» картасы – гуманитарлық пәндер саласында оқу материалдарын меңгеруге арналған. Бұл технология бойынша ойлаудың барлық типін дамыту принципі берілген. 7. «КТС» ( Күншуақ,түймедақ,самалшық) картасы – күрделі,жоғары деңгей картасы. Оқу үрдісінде бала дамуының жоғары көрсеткішін көрсетеді. 8. «БАЖ» ( белгілі,арнайы,жаңа) картасы – әртүрлі ақпараттар ағымымен жұмыс жүргізу біліктілігін қалыптастырып,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады.
  • 4. Аталған технологиялық карталарды сабақтың типтеріне қарай қалай таңдауға болады? Кесте 1. рс Технологиялық карта Кіріспе: білім Бекіту: түсіну ҚолдануАнали з Син тез Жал пыла у Бағалау 1 Алгоритм + 2 Биоинтернет + 3 Жаттықтыр ғыш + 4 Көшбасшы + 5 Қисын + + + 6 Ауызша сабақ + + Биоинформатика және синергетика технологиясымен танысып, саралай келе төмендегідей артықшылықтарды бөліп алуға болады:  нақты нәтижеге, сапа көрсеткішіне бағытталуы;  оқыту формасының белсенділігі;  жекелей , даралап оқытуды қамтамасыз етеді;  деңгейлеп оқытуды жүзеге асырады;  түзету, коррекция және рефлексия жұмыстарын сабақтың әрбір кезеңінде іске асыруға болады;  зерттеу- ізденушілік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Ағымдағы тексеру жұмыстары тек бақылау ғана емес диагностикалық сипатта да қызмет атқарады. Оның мақсаты- түзету жұмыстарының қажеттілік деңгейін анықтау. Оқушылардың біріккен жұмыстарын топта, шағын топтарда ұйымдастыру олардың бойында субъектіліктің алғы шарты болатын төмендегідей дағдыларды қалыптастыруға бағытталған:  жаңа материалды өз беттерінше игеру;  шығармашылық тұрғыда ойлау, талдау, қорытынды жасау;  -өз ойларын басқа оқушыларға толықтай жеткізу;  мәселе қою;  ұйымдастыру, басқару іскерлігін жүзеге асыру;  өзін- өзі тексеру, бағалау. Сол арқылы оқушыларда пәннің мазмұнын білумен қатар белсенділік, жауапкершілік, бастамашылдық сияқты құнды тұлғалық қасиеттер қалыптасады, яғни субъект ретінде дамиды. Қорыта айтқанда, «Биоақпараттық және синергетика» білім беру технологиясының карталары мұғалімдерге сабақты жоғары деңгейде сапалы өткізуіне ықпал жасайды. Білім сапасы мен деңгейін арттыруда тәжірибеде дәлелденген тиімді жаңа білім беру технологиялары қажет-ақ. Бұл технологияда сабақ барлық пән бойынша өзіне сәйкес келетін технологиялық карталармен жоспарланады.Осындай «БжС» білім беру технологисының 11 технологиялық картасы бар. Әр картаның өзіндік ерекшелігі, құрылымы, мақсаттары бар. Олар
  • 5. «Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Биоақпарат дегеніміз- биологиялық кеңістіктегі бірнеше ақпараттың алмасу заңдары мен принциптері. Синергетика дегеніміз- күрделі ( бір қалыпты емес) жүйелердің өзін- өзі басқаруы. гуманитарлық пәндеріне де,жаратылыстану пәндеріне де негізделген. Бағалау ООМ (отырғызу орындарының матрицасы)арқылы жүргізіледі,дұрыс жауап + белгіленеді, жауап болмаса-.Ойлану уақыты -3 сек Сабақтарда байқалғаны:  оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырмаларды өз беттерінше орындайды;  дағды қалыптасады, шаршамайды және өз білетінін басқаға үйретеді ;  өзара қарым-қатынас қалыптасады;  жұппен, топпен, ұжымдық жұмыс түрлері қолданылады;  бағалаудың түрлі формаларын пайдаланады;  машықтандыру жаттығулары жасалады;  оқушылардың шебер орындауы үнемі уақытпен шектеледі;  сыныптағы ешбір оқушы қалыс қалмайды;  сыныптағы әр оқушымен жұмыс жасауға мүмкіндігі бар. Оқушылардың еске сақтау қабілетін, зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытуға ықпалы зор.Білімнің үлкен көлемін меңгеруде де оқушылар жаппай ой қозғалысына түседі де бүкіл сыныпқа жүктеме бөлінеді, сөйтіп тану қуанышына мүмкіндік туады. Материалды жоғары деңгейде меңгертуде, жыламдықты, есте сақтауды, зейінді жаттықтыруда, оқылатын материалға, жалпы оқу үрдісіне деген қызығушылықты қалыптастыруда, ұжымдық шығармашылықты тұрақтандыруда «БжС» технологиясының әсері зор.Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білімді өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсаты мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп іс-әрекет жасай алатын болу керек. Аталған мәселені шешетін технологиялардың бірі- «Биоақпараттандыру және синергетика» педагогикалық технологиясы. Қорытакеле, «Биоақпараттандыру және синергетика» арқылы төмендегі көкейтесті мәселелер шешімін табатынын айтуға болады. 1. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі, олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамтуына кепілдік алады. 2. Оқушы қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін көтеріле алады. 3. Дарынды балалар дер кезінде анықталынып дами алады. 4. Оқыту сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамасыз етіледі
  • 6. «БжС» технологиясының басқа технологияларға қарағанда ерекшелігі бар. «БжС» технологиясы үш жақты қамтамасыз етеді: оқу, даму, тәрбие.Осы технологиямен өткізілген сабақты дәстүрлі сабақпен салыстыратын болсақ: «БжС» технологиясымен Дәстүрлі сабақ Даму Оқу Тәрбиелеу Бір жақты Өлшемдер болады Өлшемдер нақты болмайды Сабақтың әр бөлімінің сапасын анықтауға болады Әр сабақ бөлімінің сапасы анықталмайды «БжС» технологиясы 9 технологиялық картадан тұрады: алгоритм, биоинтернет, жаттықтырғыш, ауызша сабақ 1, ауызша сабақ 2, ауызша сабақ 3, қисын, көшбасшы, КТС, БАЖ. Өлшемдер: 1.КЕФ- күрделілікті есептеу формуласы. ТКШ- төменгі күрделілік шегі АКШ- аралық күрделілік шегі ЖКШ- жоғары күрделілік шегі Мысалы: математика пәні бойынша: ТКШ- 1-5 аралығындағы сандар 124+542 АКШ- 1-9 аралығындағы сандар 167+283 ЖКШ- 5-9 аралығындағы сандар 689+759 2. Нормативті уақытты анықтау- 5 оқушы + 30 секунд Сабақтың сапасы - 63% 3. Сөздік қор өлшемі: 1-сынып- 25 сөз 2-сынып- 31 сөз 3-сынып- 37 сөз 4-сынып- 44 сөз Сөздік қор үшке бөлінеді: 1. Жалпы сөздік қор – ана тілінде белгілі уақытта нормативтік мөлшерге сай сөз жазу. 2. Арнайы сөздік қор – белгілі уақытта жеке пәндерден меңгерілген тақырып бойынша нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер, түсініктер ережелер жазу. 3. Тақырыптық сөздік қор – ана тілінде белгілі уақытта тақырыпқа байланысты нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер , түсініктер, ережелер жазу. Сөздік қорды орындау уақыты – 5 минут. Сергітулер түрлері:
  • 7. Жылдамдық – Бұл сергіту барлығы 9 жылдамдықтан тұрады. Мұғалім кез-келген 100-ге дейінгі санды айтады, мысалы 16, балалар хормен 17 деп жауап беру керек.Егер бүкіл сынып бірдей айтса онда екінші жылдамдыққа көшуге болады. Талаптар: балалар жауабы өте тез және бірдей болуы керек.Балалардың үш рет қателесуі немесе бірдей жауап бермеуі, осы сыныптың жылдамдығын қайта анықтауына себеп болады. Тақ немесе жұп сандармен өткізуге болады. Мысалы: 2,4,6,8,..т.б. немесе керісінше 98,96,94,.. т.б. Күрделендіру: Жылдамдық сергітуде операциялық символдарды тез ауыстырып өткізуге болады, плюс және минус.Мысалы: 1- жылдамдық мұғалім 12+ дейді, жауап 13, немесе 17- дейді, жауап 16. Сергітулер үнемі ауыстырылып тұрғаны жөн.Ондай болмаған жағдайда сергітулер қызығушылықты немесе мәселенің мәнін жоғалтуы мүмкін.Сергіту уақыты- 5минут. Есте сақтау- жылдамдық параметрі 9-жылдамдық.Көлемі-7. Мысалы: мұғалім 7 дейді, оқушылар хормен 7 дейді. Күрделендіру: мысалы: мұғалім 1268 дейді, оқушылар хормен 1269 дейді. Есте сақтаудың көріністі дамуы.Қолдануы: тақтаға 7-14-21 тірек сөздер жазылады. Тақтадағы тірек сөздердің 3-4 өшіреміз.Оқушылар жетпей тұрған сөзді есіне түсіріп орнына қояды. Жаттауға 30 секунд уақыт беріледі. Арнайы психологиялық сергітулер. 1. Босаңсыту сергітулері: А) сол қолмен жазу, синхронды жазу(екі қолмен), сандар, әріптер, геометриялық фигуралар. Б) дауыссыз дыбыстарды әндетіп айту,хормен жақсы әндетіп айту деңгейіне дейін. 2. Ауыстырғыш сергітулер. А) өткен сабақтан алған әсер сақталып, зейіні төмендеген жағдайда көңілді өтіп жатқан сабаққа бұру үшін. Б) еңбек, дене шынықтыру сабақтарынан кейінгі сабақтарға зейінін аудару үшін. Қолдану тәртібі: А) көзді жауып қойып өткізеді.Керемет адамдардың өмірі туралы тарихтар, аңыздар, мифтер айтылады.Балалар тақырыпты көз алдына келтіріп, сабаққа деген қызығушылығын сезінеді. Б) вирусқа қарсы- алгоритмикалық түрде жазбаша тапсырмалар беріледі. Мысалы: 100-ге дейінгі жұп сандарды жазу. Мұғалім тапсырманы орындауда кедергілер жасайды.Осы кедергілерге қарамастан тапсырмаларды дұрыс орындаған балаларды мұғалім марапаттайды. 3. Ұйымдастыру сергітулері. Ережелерді,түсінікті, терминді хормен айту.Дұрыс амалдарды ұжым болып айту.Қиын сөздерді, сөз тіркестерін ұжым болып айту.
  • 8. 4.Құрылымды сергітулер. Бірлік, ынтымақ жоқ жағдайда, ұрыс-керіс, агрессия бар жерлерде. Үлгі ретінде бір сабақ жоспарын ұсынамын: Пәні: Математика Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Теңдеу Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Теңдеудің анықтамасын білу, теңдеудің компоненттерін білу,теңдеудің белгісіз компоненттерін білу және оларды таба білуге үйрету ә) тәрбиелілік: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,шыншылдыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу б) дамытушылық: балаларды бірыңғай ақпараттық кеңістік – ұжымдық парасаттылыққа кіріктіру. Сабақта, «оқы да - тоқы» ұстанымын жүзеге асыра отырып, оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: ОӘЖӘ парағы, жаттықтырғыш парағы Әдіс - тәсілі: « БжС » технологиясы Картасы: «Алгоритм» Сабақтың барысы: 1 тип. Жаңа материалдарды оқып білу мен бастапқы бекіту сабақтары келесі қисынға ие: мотивация > оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түйсіну. Түсініктің алғашқы тексерілуі > алғашқы бекітуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну. 1 Ұйымдастыру кезеңі Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Алдыңғы тақырып аяқталған деп саналады және түйсінуді қажет етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі. 2 1 цикл «Байқау» «Оқушылардың субъективті тәжірибелерін өзектендіру» ОӘЖӘ сызбасы бойынша бірінші түсіндіру. 1. Түсіндіру уақыты у1 у1 = 15 минут (тақтаға жазу).
  • 9. 3 Қабылдауды ұйымдастыру Тапсырмаларды орындау. Оқушылар бірдей бір шапалақ ұрады, «Байқау» сөзін дәптерлеріне жазады және жұмысқа кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды. ТКШ: х + 23 =41 , х = 18 АКШ: 2х – 15 = 13 , х = 14 ЖКШ: ( х – 16 ) ∙ 9 = 126, х = 30 Үш тапсырма: ТКШ – АКШ – ЖКШ . Жұмыстың аяқталуы 5+30. 4 Ұғынуды ұйымдастыру Түйсіну Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ = ≥63 ; АКШ = ≤63; ЖКШ =≤63 Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады. 5 2 цикл «Бекіту» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру» Екінші түсіндіру. Мұғалім сыныптан сұрақ- жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты бірінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады. 1. Түсіндіру уақыты у2 у2 = 7 минут (тақтаға жазу). 6 Қабылдауды ұйымдастыру Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей екі рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Бекіту» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың
  • 10. аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.2- кесте бойынша тапсырма беріледі: ТКШ : х + 85 = 97, х = 12 ТКШ: х – 61 = 17, х = 78 АКШ: 49 – 3х = 34, х = 5 аяқталу 5+30. 7 Ұғынуды ұйымдастыру Түйсіну Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» командасы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ = ≥63 ; АКШ = ≤63; ЖКШ = Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады. 8 3 цикл. «Жады» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру» Үшінші түсіндіру. Мұғалім сыныптан сұрақ- жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты екінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады. 1. Түсіндіру уақыты у3 у3 = 3 минут (тақтаға жазу).
  • 11. 9 Қабылдауды ұйымдастыру Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей үш рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Есте сақтау» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.2-кесте бойынша тапсырма беріледі: ТКШ: 12х = 60, х = 5 ТКШ: 110 : у = 11, у = 10 АКШ: 9а – 89 = 55, а = 16 Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30. 10 Ұғынуды ұйымдастыру Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ =≥63; АКШ =≥63; ЖКШ = Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады. 11 Түйсіну 1. Сыныпқа байланысты ОӘЖӘ сызбасы мен материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. «Биоинтернет» картасымен жұмыс жасау бойынша сарапшылар тобы анықталады. 3. Солтақырып бойынша сабақ нәтижесін ескере отырып жұмыс уақытының болжамын береді. 4. Егер де, сол күні Үйге тапсырма саны 10 кем болмауы тиіс. Тапсырманы оқулықтан немесе өз еркінше беруге болады.
  • 12. «Биоинтернет» картасы бойынша сабақ жоқ болса, онда үйге тапсырма береді: ОӘЖӘ сызбасы бойыншаөз іс- әрекеттерін қысқаша айтып беру және тапсырмаларды шеше білу білігі. 5. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталумен карталар бойынша уақытты үнемдеуге «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталарында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді . 12 Ескерту Егер де, «Алгоритм» картасында сыныптың білім деңгейі 63% сапаға шықса, онда мұғалім келесі тақырыпқа қөшуге құқығы бар. Ол тақырып аяқталды деп саналады. Уақытты үнемдеуге дағдыланыңыз. 2 кесте. «Егер-онда» үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктеу сызбасы Алынған нәтиже Жоспарланған тапсырма 1 Еге р ТКШ≥ 63% АКШ≤ 63% ЖКШ≤ 63% 1- онд а ТКШ ТКШ АК Ш 2 Еге р ТКШ≥ 63% АКШ> 63% ЖКШ≤ 63% 2- онд а АКШ АКШ Ж К Ш 3 Еге р ТКШ≥ 63% АКШ> 63% ЖКШ> 63% 3- онд а АКШ ЖКШ Ж К Ш 4 Еге р ТКШ≥ 63% АКШ≤ 63% ЖКШ> 63% 4- онд а Тапсырмадағы қателік. Тапсырманың күрделілік шектігі
  • 13. талапқа сай келмегенде. Бұл кестемен жұмыс әрбір кезең соңында жүргізіледі. Жаңа кезең үшін тапсырмаларды таңдау алдыңғы нәтиже бойынша жүзеге асады. Мысалы: Кестенің «Алынған нәтиже» бағанынан таңдаймыз және «онда» сілтемесінен «Жоспарланған тапсырма» деңгейін табамыз. «Алгоритм» картасы бойынша жұмыстың әсерлілігін санауды бастаймыз: - барлық сабақ барысында үш рет – түзету, бақылау, өздік бақылау және түйсіну жүргізіледі; - кері байланыс сызбасы бойынша оқу тапсырмаларының күрделілік деңгейі шектелініп беріледі; - алдыңғы тақырыптарға байланысты білім мен дағды бойынша барлық қарыздары (борышкерлік) анықталады; - мұғалімнің дайындық деңгейі анықталады.