SlideShare a Scribd company logo
1 of 12
Download to read offline
Шымкент қаласының
2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық
негізгі көрсеткіштері
ШЫМКЕНТ – 2017 жыл
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер 1.08.2016 ж 1.08.2017 ж 2017 ж 2016 ж/ға %
Халық саны, адам 896,1 932,4 103,7
Өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі, млн.теңге 187 267,5 212 491,3 101,0
Ауыл шаруашылықтың жалпы өнім көлемі, млн.теңге
9 999,0 11 937,6 109,6
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн.теңге 35 515,2 40 738,3 114,0
Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі,
млн.теңге
66 180,3 120 577,0 173,4
Іске қосылған тұрғын үй, ш. метр 166 423 185 199,0 111,3
Бөлшек сауда айналымының көлемі, млн.теңге 159 077,7 170 069,6 103,4
Орташа айлық жалақы, теңге 102 367,0 111 119,0 108,5
Өнеркәсіп саласы
2017 жылдың қаңтар-шілде айларында өндірістік кәсіпорындармен 212 491,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем
индексі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,0 пайызға артты. Оның ішінде:
Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында 711,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2016 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 5,5 пайызға артты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында 179 814,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 0,8 пайызға артты.
Электрмен жабдықтау, газ берудің көлемі 27 024,4 млн.теңге құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2
пайызға артты.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың таралуын бақылау көлемі 4 941,3 млн.теңге құрап, 2016 жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға артты.
Сонымен қатар, өнеркәсіп өнімін ұлғайту мақсатында қалада «Қазақстан Республикасының индустриялық-
инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылуда.
2016 жылы бағдарлама шеңберінде инвестиция көлемі 4,0 млрд. теңгеге 8 жоба іске қосылып, 300-ден астам жаңа жұмыс
орындары ашылды.
2017 жылы құны 38,6 млрд.теңге құрайтын 16 инвестициялық жобаны іске асырып, 1000-нан аса жаңа жұмыс орындарын
ашу жоспарлануда.
Қазіргі таңда, құны 850,0 млн.теңге құрайтын «Рахат-Шымкент» ЖШС вафельді түтікшелерді шығаруды ұйымдастыру
жобасы іске қосылып, 28 жаңа жұмыс орындары ашылды. Қалған 15 жобада жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары жүруде,
жылдың соңына дейін іске қосу көзделген.
Ауылшаруашылық саласы
2017 жылдың қаңтар-шілде айларына 11 937,6 млн.теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі
2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,6 пайызға артты. Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі 8 981,3
млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,7 пайызға өсті.
Өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 2 956,3 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0
пайызға орындалды.
2016 жылы жаңадан 10,07 га-ды құрайтын жылыжайлар ашылды, 4200 гектарға терең қопсыту технологиясы мен 200
гектарға тамшылатып суғару әдісі ендірілді. 69 ауыл шаруашылық техникасы алынды, 3 ауыл шаруашылық кооперативі
құрылды. 20 гектар жерге қарқынды бау егілді. Мал шаруашылығын қолдау бағытында 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы
бойынша 228 бас ІҚМ мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 811 уақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 200 жылқы алынды.
2017 жылы жаңадан 9 гектарға жылыжай салынып, 200 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді. 14,7 га жерге
жартылай қарқынды бау егу жұмыстары жүргізіліп, 51 ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылды. «Сыбаға» бағдарламасы
бойынша 189 бас ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 401 ұсақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 135 бас
жылқы алынды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау
2017 жылдың қаңтар-шілде айларында қалада 76 544 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген немесе 2016 жылдың тиісті
кезеңімен салыстырғанда 102,3 пайыз құрады. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде жұмыс істейтіндер – 55 382 немесе
үлесі 72,1 пайызын құрайды.
Қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен
144,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға артты. Қазіргі таңда, шағын
және орта бизнесте 131 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде құны 65,0 млрд.теңгеге 140 бизнес жоба
мақұлдандып, қаржыландыруға ұсынылды. «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығымен» 599,0
млн.теңгеге 117 бизнес-жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 200-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылды.
2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде
31 бизнес жоба мақұлдандып, қаржыландыруға ұсынылды. Одан бөлек, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығымен»
426,5 млн.теңгеге
79 бизнес-жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 320 астам жаңа жұмыс орындары ашылды.
Сауда қызметі
Статистикалық мәлімет бойынша 2017 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысымен қаладағы бөлшек сауда
көлемі 170 069,6 млн.теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады.
Көтерме сауда көлемі 286 374,6 млн.теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,1 пайызды құрады.
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар
2017 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 120 577,0
млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 73,4 пайызға артты. Оның ішінде республикалық бюджет
есебінен инвестиция көлемі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,0 есеге, жергілікті бюджет есебінен 11,9 пайызға,
меншікті қаражат есебінен инвестиция көлемі 1,2 есеге, банктердің кредиттері есебінен инвестиция 2,3 есеге, қарыз қаражаттар
есебінен 6,0 есеге артқан.
Тұрғын үй құрылысы
2017 жылдың қаңтар-шілдеге статистикалық мәлімет бойынша қаладағы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі
40 738,3 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,0 пайызға артты.
Есепті кезеңге барлық қаржыландыру көздері есебінен 185,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, көлемі 2016
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,3 пайызға артты.
2016 жылы «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде 3 777 пәтерлі 64 көп қабатты
тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 90 пәтерлі 2 коммуналдық, 216 пәтерлі жас отбасыларға арналған,
«Қазақстанның ипотекалық компаниясы» және «Бәйтерек development» арқылы 996 пәтерлі 32 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Нәтижесінде, 1 302 отбасы тұрғын үймен, 35 отбасы жатақханамен қамтасыз етілді. Сонымен қатар, сейсмикалық қауіпті
Асқаров, Уалиханов, Темірлан тас жолы және 16-шы шағынаудандағы 4 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті.
2017 жылы барлығы 5 379 пәтерлі 85 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру
жоспарлануда. Сонымен қатар, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 21 тұрғын үйді
модернизациялау және 7 тұрғын үйді сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Жер мәселесі
2017 жылдың 7 айында қалада жер қатынастары мәселелері бойынша
19 арнайы комиссия өткізіліп, онда 3 323 құжат қаралды, оның ішінде
1 837 құжат келісілген, 1486 құжат бойынша бас тартылған.
Сонымен қатар, қала әкімдігімен жер мәселесі бойынша 1 601 қаулы қабылданды, оның ішінде:
- кәсіпкерлік мақсатында – 696 қаулы;
- жеке тұрғын үй құрылысына жер беру – 868 қаулы;
- мемлекеттік мекемелерге – 37 қаулы.
Одан бөлек, Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін жалпы алаңы 257,0 га құрайтын 452 жер учаскелерін
мәжбүрлеп иеліктен шығарылды. Жылдың соңына дейін Бас жоспарға сәйкес 800,0 га құрайтын 2 500 меншік иелерінің
жерлерін мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізіледі.
«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы Бозарық - 2 т/а және қаланың солтүстік-батыс бөлігінен 152,4 жер
учаскелерін табыстау жоспарлануда. Тұрғын алаптарға инженерлік жүйелерін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасын
әзірлеуге 10 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру үшін қажетті құжаттар жинақталуда.
Сәулет және қала құрылысы
2017 жылдың басынан қалалық сәулет-қала құрылысы кеңесінің
1 отырысы өткізілді. Кеңес отырысында 9 нобайлық жобалар қаралып, оның 7-уі келісілді. Қалған 2 нобайлық жоба кезекті
кеңес отырысында қайта қаралуына қалдырылды.
Есепті кезеңге құрылысы аяқталған нысандар бойынша
1 395 қабылдау актісі есепке алынды. Оның ішінде 1 150 жеке тұрғын үй,
50 гараж, 37 мемлекеттік нысандар, 158 коммерциялық нысандар.
Реконструкциялауға шешім беру бойынша 87 қаулы қабылданды. Эскизді келістіру жұмыстары бойынша 23 жоба
талқыланып, 15 жоба келісілді. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын айқындау жөнінде анықтама беру бойынша
24 457 нысан мекен жай ақпараттық жүйесіне тіркелді. 739 сәулет жоспарлау тапсырмалары ұсынылды, 362 нысанға жарнама
құрылғыларын орнатуға рұқсат берілді.
Биылғы жылы Бас жоспарға сәйкес интерактивтік инвестициялық картасын дайындау жұмыстары басталды. Сонымен
қатар, Темірлан тас жолының Әл-Фараби көшесінен Батыс бөлігіне дейін, Достық, Қызылсу, Тассай, Қонаев гүлизарының
Түркістан көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін, индустралды аймақтың, Батыс Қытай-Батыс Европа және Құрсай-2 ш/а егжей-
тегжей жоспарлау жобалары жасақталуда.
Одан бөлек, Шымкент қаласының 2017-2021 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Айкөл-2,
Ақжар-3, Құрсай-2, Оңтүстік және Оңтүстік-2 елді мекендеріне егжей-тегжейлі жобалары бойынша жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Солтүстік (Бозарық) т/а-нан 74 га және Бозарық-2 т/а 80 га жер теліміне егжей-тегжейлі инфрақұрылым
жүйелерінің жобалары жасақталуда.
Білім саласы
Білім саласындағы мәселелер «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылым беруді дамытудың 2016-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда.
Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жағдайы төмен балаларды ыстық тамақпен, киім кешекпен, жазғы сауықтыру
лагерлерімен қамтамасыз ету жоспарланған. Есепті кезеңге бюджет есебінен 12 083 бала жазғы сауықтыру лагерімен, 31 000
бала мектеп жанынан ашылған жазғы лагерьмен қамтылды. «ЭКСПО-2017» көрмесіне әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан
шыққан
1 650 бала және демеушілер есебінен 2 500 жуық бала жіберілді.
Педагог қызметкерлерді ашық конкурс негізінде қабылдау жүйесі арқылы 183 конкурс өткізіліп, 136 қызметкер жұмысқа
орналасты.
Балабақшаға және мектепке орналастыру бойынша электрондық жүйесі арқылы 18 866 оқушы 1 сыныпқа қабылданып, 9
611 балаға мектепке дейінгі мекемелерге жолдама берілді.
Білім саласын дамыту мақсатында биылғы жылғы 17 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 5 жаңа мектептің,
апатты 1 мектептің (№34 мектеп), 2 мектепке қосымша құрылыстары аяқталып, пайдалануға беріледі.
Үш ауысымдағы білім беретін 8 мектеп бар. Оның 7-ң құрылысы басталды, жыл соңына дейін 6-ң құрылысын аяқтау
жоспарланған, 1 мектеп 2018 жылға өтпелі. Қалған 1 мектептің құрылысын (Самал-3 ш.а.) 2018 жылы бастау жоспарланған.
Нәтижесінде, 2018-2019 жылдары үш ауысым мәселесі толығымен шешіледі.
Мектебі жоқ 6 елді мекеннің 2 елді мекенінде (Қызылжар, Шаңырақ ш.а) ағымдағы жылы мектеп құрылысы басталады.
Сонымен қатар, 6 мектепке қосымша құрылыстар салынуда. Жыл соңына дейін 600 орындық 2 мектептің (№27, 97)
қосымша құрылыстары пайдалануға беріледі. Қалған мектептер 2018 жылға өтпелі (№99, 104, 112,103).
Есепті кезеңге балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту бойынша 51 005 бала қамтылып, қамту
деңгейі 82,8 пайызды құрады.
Спорт
Қалада спортпен 223,0 мыңнан астам адам жүйелі түрде шұғылданады, бұл қала халқының 25 пайызын құрайды.
Есепті кезеңге салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 192 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 28 600 адам
қатысты.
Жыл басынан өткен Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында қаланың спортшылары 29 алтын, 16 күміс, 20 қола медальге
ие болды.
Азия чемпионаттарында 17 алтын, 17 күміс, 25 қола медальдарды жеңіп алды.
Спорт нысандарын дамыту мақсатында 2017 жылы №5 бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қосымша
құрылыс, Абай саябағында сыйымдылығы 100 орынға арналған 2 теннис кортының құрылысы жүргізілуде.
Мәдениет және тілдерді дамыту
2017 жылдың 7 айында қалада республикалық маңызы бар 5 ресми мерекелік, 60-нен аса мәдени-көпшілік іс-шара
өткізіліп, 100,0 мыңнан астам адам қатысты.
Бүгінгі таңда тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен қорғау жұмыстарын жүргізу өзекті мәселенің бірі.
Республикалық және облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне қаладағы «Шымкент қалашығы»
мен «Сайрам қалашығы» енгізілген. Шетелдік туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында бұл ескерткіштерге
кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын (археологиялық, сәулеттік, реконструктивтік және реновациялық) жүргізіп, ашық аспан
астындағы мұражай құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыстарды іске асыру үшін бірінші кезекте ЮНЕСКО-
ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тізіміне енгізу қажет. Осыған орай, ескерткіштердің номинациялық деректемесін
дайындауға қалалық бюджеттен 15 млн.теңге қаржы бөлініп, деректеме дайындалды. Қазіргі таңда екінші кезектегі
археологиялық жұмыстарды жүргізу үшін қаржы бөлу жоспарлануда.
«ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде
қаладағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны 90,3 пайызды, орыс тілін меңгерген 82 пайызды, ағылшын тілін
меңгерген 22,9 пайызды құрады.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру
Халықты жұмыспен қамту
2017 жылдың 7 айында Шымкент қаласы бойынша экономикалық белсенді халық саны 378,0 мың адамды құрады, оның
ішінде жұмыспен қамтылғандар – 358,0 мың адам (оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 124,8 мың адам),
жұмыссыздар – 20,0 мың адам.
Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында қалада бір терезе қағидасы бойынша «Жұмыспен қамту орталығы» жұмыс
жасайды. Ағымдағы жылдың басынан орталыққа жұмыс мәселесі бойынша 20 758 адам өтініш білдіріп, бүгінгі күнге 10 927
адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, «Өрлеу» жобасында тікелей әлеуметтік қаржылай көмектің орнына, жұмыспен қамту арқылы шартты
ақшалай көмек қарастырылған. Есепті кезеңде 9 640 азаматтың құжаттарын өткізіп, оларға шартты 327,3 млн.теңгеге ақшалай
көмек тағайындалды.
Одан бөлек, қалада «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға
арналған бағдарламасы» іске асырылуда.
Бағдарлама шеңберінде 876 жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 951 адам, бос жұмыс
орындарына 3 594 адам жіберілді. Жастар практикасы арқылы 1 494, қоғамдық жұмыстарға 1 245 адам жолданып, 28 азамат
шағын несиелендіру жобасымен қамтылды. Сонымен қатар, 1 739 жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімдік мамандық алу
курстарына жолдау жұмыстары атқарылуда.
354 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылды.
Есепті кезеңде аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 341 адамды құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 47 адамға азайған.
Табысы төмен 116 отбасыға 4,6 млн.теңге атаулы әлеуметтік көмек,
29 882 балаға 386,0 млн.теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы, 695 отбасыға 29,7 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі
төленді.
Қаланың инженерлік-коммуникациялық жүйелері
Ауыз сумен қамтамасыз ету
2016 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында бюджет есебінен
9 жоба құрылысы жүргізіліп, 7 елді мекенде су құбырлары пайдалануға берілді (Достық-2, Мирас, Қайтпас-1, Ұлағат, Самал-3,
Нұртас, Сайрам тұрғын алабы).
Ал, 2017 жылы 7 жоба, атап айтқанда, Сайрам, Алтын төбе, Достық, Тұран ш/а (солтүстік-шығыс бөлігі) «Адия» тұрғын үй
кешені, «Отау строй» тұрғын орамдарын сумен қамтамасыз ету, Тұран ш/а жеткізуші магистралдық су құбырының құрылыс
жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 3 жобаның құрылысы пайдалануға берілсе, қалған 3 жоба 2018 жылға өтпелі.
Электрмен қамтамасыз ету
2016 жылы электрмен қамтамасыз ету бойынша бюджет есебінен
9 жобаның құрылысы жүргізіліп, 6 елді мекен электр желісіне қосылды (Ынтымақ, Ақниет, Қайтпас-1,2, Достық-2 тұрғын
алабы және Жастар, Еламан, Застенная, Техохрана көшелері).
2017 жылғы бюджет есебінен 6 нысанның, атап айтқанда, қуаты 220 кВ құрайтын «Бозарық», қуаты 110 кВ «Астана-1,
2» подстанцияларының, сонымен қатар, Оңтүстік, Бозарық-1,2,3, Қазығұрт, Қайтпас-1және Нұртас шағын ауданындағы ішкі
электр жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 2 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Қалған 4 жоба 2018 жылға өтпелі.
Табиғи газбен қамтамасыз ету
2016 жылы газбен қамтамасыз ету бағытында 8 жобаның құрылысы жүргізіліп, 4 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді
(Мирас, Таскен,
Самал-2, Терешкова көшесіндегі №18 көп қабатты үй).
2017 жылы 4 нысанның, атап айтқанда, Асар, Бозарық-1,2,3,
Ынтымақ-2, Жаңатұрлан ш/а газ құбырын тарту жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылы барлық жобаның
құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету
2016 жылы кәрізбен қамтамасыз ету бойынша 3 жобаның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді (Привокзальная
көшесі, Тассай ш/а-нан Қайтпас-1 ш/а-на дейін, Гидролизный, Ворошиловка, Чапаевка,
Оңтүстік ш/а).
2017 жылы 4 жобаның, атап айтқанда, Қайтпас-2, Базарқақпа, Оразбаев көшесінен Росси көшесіне дейін кәріз жүйелерін
тарту, Тассай ш/а кәріз коллекторының жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 3 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға
беру жоспарлануда. Қалған 1 жоба
2018 жылға өтпелі.
Жылу жүйелерімен қамтамасыз ету
2016 жылы тозығы жеткен 8,6 км жылу құбырлары қайта құрудан өтіп, пайдалануға берілді (Қожанов, Жандосов,
Орынбай ақын көшелері). Сонымен қатар, қаланың оңтүстік бөлігіндегі 16 км және солтүстік бөлігіндегі 27 км ішкі орамдық
жылу құбырлары ағымдағы жөндеуден өтті.
2017 жылы Байтұрсынов, Сапарбаев, Рысқұлов көшелері бойындағы
5,2 км магистралды жылу жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың 15 қазанына дейін
аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, қаланың оңтүстік бөлігіндегі ішкі орамдық 4,0 км, солтүстік бөлігіндегі ішкі орамдық 19,4 км
жылу жүйелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
Транспорт саласы
2016 жылы жол саласында 141,2 шақырым құрайтын 171 көшеде күрделі және орташа жөндеу, 48 көшеде аяқжол
(тротуар) салу жұмыстары жүргізілді. 78 238 шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу, 52 км жолға шағал тас төсеу жұмыстары
атқарылды.
7 магистралды көше және жер үсті өткел, атап айтқанда, Әл-Фараби, Кіші айналма жол, Жібек жолы, Қожанов, Ынтымақ
ш/а атауы жоқ көше, Б.Момышұлы, Дамбовая және Қапал батыр көшесіндегі темір жол үстіндегі өткел қайта құрудан өтіп, 9
метрден 26 метрге дейін кеңейтілді.
Темірлан тас жолы-Мангельдин көшелерінің қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс жүргізілді.
2017 жылы 2 жаяу жүргіншілер өткелі, 8 ш/а магистралды көшені қайта құру, 6 ш/а 51 көшенің құрылысы, 3 ш/а 12
көшелерін қайта құру, 20 ш/а
110 көшені күрделі және 91 көшені орташа жөндеу, 12 тротуар салу, 17 бағдаршам орнату жұмыстары атқарылуда.
Қаланың даму концепциясы бойынша 5 жерден жолайрық (развязка) құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 2017
жылы Бекжан базар аумағындағы жолайрықты құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 4 жолайрықтың жобалық-
сметалық құжаттары жыл соңына дейін дайын болады. Құрылысы 2018 жылға жоспарланған.
Есепті кезеңде жол қауіпсіздігін реттеу мақсатында 350 метрлік жасанды жол кедергілерін, 100 дана «Абайлаңыз
балалар» ақпараттық жол белгілерін, 17 дана бағдаршам нысандарын, 30 дана жарық шамы бар белсенді жол белгілерін, 10 дана
ақпараттық-көрсеткіштік белгілерін, 1 600 дана қатафоттар орнату, 200 бағдаршам нысандарына қызмет көрсету, 6 700 жол
белгілерін күтіп-ұстау, жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Қаланы жарықтандыру
2017 жылы қаланың 139 орталық көше, 8 саябақ, 32 гүлзар, жалпы саны 31 229 дана түнгі жарықтандыру шамдары күтіп
ұсталынуда.
Сонымен қатар, 2016-2017 жылдар аралығында қолданыстағы ртутты шамдарды светодиодты шамдарға ауыстыру
жұмыстары жүргізіліп,
23 көшеде жаңадан, 4 көшені қайта құру және 60 көшеде LED энергоүнемдегіш жарық лампаларын ауыстыру жұмыстары
жүргізілді.
4 аудан бойынша 1 020 аулаға түнгі жарық шам жүйелері орнатылды (2013ж – 96 аула, 2014ж – 163 аула, 2015ж – 75 аула, 2016ж –
686 аула), оның ішінде есепті жылы «Қауіпсіз қала» іс-шарасының шеңберінде 4 аудан аумағында 686 аула түнгі жарық
шамдармен қамтамасыз етілді.
Қаланы абаттандыру және көгалдандыру
Қазіргі таңда орталық көшелері бойындағы 114 га газон, 46 850 дана жаңадан егілген ағаш көшеттері, 16 250 шаршы
метр жаздық гүл және 26 980 шаршы метр раушан гүлі күтіп ұсталынуда. Сонымен қатар, аэропорт бағытынан алаңы 32 000
шаршы метрден асатын 4 жерге гүлзар құру жұмыстары атқарылуда. Арғынбеков, Рысқұлов көшелерінің жол бөлу
жолақтарына 14 250 шаршы метр жаңа газон алаңдары құрылып, суғару жүйесі тартылды.
Бұрынғы қоқыс полигоны орнына 37 га аумақта саябақ құрылысы және Мәртөбе тарихи саябағы, Наурыз саябағын қайта
құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, қала аумағындағы 7 шатқалда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 10 028 дана декоративті емен,
айлант, үйеңкі, шаған, бозарша, аққайың, қарағай, қарағаш ағаш көшеттері отырғызылды, оның ішінде нақты өнгендерінің саны
7 772 дана.
Қаланың ирригациялық жүйелері
Қалада өзекті мәселеге айналған ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Орталық 10 көшедегі
ұзындығы 19,2 км және 4 аудан аумағындағы 14 көшеде ұзындығы 4,2 км ирригация жүйелерін ауыстыру жұмыстары
жүргізілуде.
Қаланың санитарлық тазалығы
Қала аумағында ұзындығы 835 шақырым келетін 156 көшесінде қолмен және механикалық тазалау жұмыстары жүйелі
түрде атқарылуда, қазіргі таңда көшені жуу, су себу жұмыстары атқарылуда.
Қалада есепті кезеңге 17 032 м³ қоқыс полигонға шығарылды.
Қаланың орталық аумағында және жаңадан қосылған елді мекендерде санитарлық тазалау және көріктендіру,
көгалдандыру жөнінде жаз айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының
студенттері, аудандағы орам (квартал), көше, үй басқарушылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 15 рет қалалық сенбілік
ұйымдастырылды. Сенбілікте 111-ге жуық техника мен 67 500-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысты.
109,4 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды. 56 132 ағаш әктеліп, 935 га жердегі құраған шөптер орылды.
Қоғамдық қауіпсіздік
Қоғамдық жерлерде қылмысты төмендету және криминалдық ахуалды тұрақтандыру мақсатында күнделікті талдау
жұмыстары және жедел профилактикалық іс-шаралар «Құқық тәртібі», «Танысу», «Шторм», «Қауіпсіз жол», «Автобус»
жүргізілуде.
Сонымен қатар, криминогендік орындарда күнделікті профилактикалық ескертулер жалғасуда.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 ай мерзімге қоғамдық тәртіпті қорғауға 200 еріктілер тартылды.
2017 жылдың 7 айында жалпы тіркелген қылмыстар саны
2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14 730-дан 12 216-ға немесе
17,1 пайызға азайған, оның ішінде аса ауыр қылмыстар 66-дан 52-ге немесе 21,3 пайызға, ауыр қылмыстар 1 417-ден 1 007-ге
немесе 29 пайызға азайған.
Биылғы жылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
«Шымкент - қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда.
Аталған жоба шеңберінде қала аумағында қылмыстың ахуалы нашар
22 криминогендік аймақтар анықталды. Осы аймақтарға 4 аудан бойынша полиция қызметкерлері бекітіліп, сауықтыру
жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Қазіргі таңда, қала аумағында 479 бейнебақылау камералары жұмыс атқаруда, оның ішінде 21 көше қиылыстарында
зияткерлік камералар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қалада 17 полиция бекеттері бар. Биылғы жылы облыс әкімдігі
тарапынан 10 полиция бекеті салынып, қазіргі таңда іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

More Related Content

What's hot

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...Zhanbolat Amankeldy
 
Kaz2018
Kaz2018Kaz2018
Kaz2018665090
 
тлеукеш қайсар мақала
тлеукеш қайсар мақалатлеукеш қайсар мақала
тлеукеш қайсар мақалаKaisarTleukesh
 
2018-2020 жылдарға арналған Павлодар аулының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Павлодар аулының азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Павлодар аулының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Павлодар аулының азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанZhanat Chukeev
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанZhanat Chukeev
 
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджетіказ 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанZhanat Chukeev
 

What's hot (13)

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
 
(каз) гб
(каз)  гб(каз)  гб
(каз) гб
 
(каз) гб
(каз)  гб(каз)  гб
(каз) гб
 
Kaz2018
Kaz2018Kaz2018
Kaz2018
 
Kaz
KazKaz
Kaz
 
тлеукеш қайсар мақала
тлеукеш қайсар мақалатлеукеш қайсар мақала
тлеукеш қайсар мақала
 
2018-2020 жылдарға арналған Павлодар аулының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Павлодар аулының азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Павлодар аулының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Павлодар аулының азаматтық бюджеті
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджетіказ 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
 
Жасыл экономика
Жасыл экономикаЖасыл экономика
Жасыл экономика
 
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 

Similar to Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері

Азаматтық бюджет 2018-2020
Азаматтық бюджет 2018-2020Азаматтық бюджет 2018-2020
Азаматтық бюджет 2018-2020Maksim Morozov
 
2018 жылғы 1 наурызға облыстық бюджеттің орындалуы «Азаматтық бюджет»
2018 жылғы 1 наурызға облыстық бюджеттің орындалуы «Азаматтық бюджет»2018 жылғы 1 наурызға облыстық бюджеттің орындалуы «Азаматтық бюджет»
2018 жылғы 1 наурызға облыстық бюджеттің орындалуы «Азаматтық бюджет»Иван Иванов
 
Әл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистері
Әл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистеріӘл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистері
Әл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистеріZhanbolat Amankeldy
 
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіЛенин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистеріЕңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистеріZhanbolat Amankeldy
 
Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыХалықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыRaushanbek Pazilov
 

Similar to Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері (15)

каз 2016 гб 05.12.16
каз 2016 гб 05.12.16каз 2016 гб 05.12.16
каз 2016 гб 05.12.16
 
212121
212121212121
212121
 
каз 2016 гб
каз 2016 гбказ 2016 гб
каз 2016 гб
 
каз 2016 гб 05.12.16
каз 2016 гб 05.12.16каз 2016 гб 05.12.16
каз 2016 гб 05.12.16
 
Kaz
KazKaz
Kaz
 
Азаматтық бюджет 2018-2020
Азаматтық бюджет 2018-2020Азаматтық бюджет 2018-2020
Азаматтық бюджет 2018-2020
 
2018 жылғы 1 наурызға облыстық бюджеттің орындалуы «Азаматтық бюджет»
2018 жылғы 1 наурызға облыстық бюджеттің орындалуы «Азаматтық бюджет»2018 жылғы 1 наурызға облыстық бюджеттің орындалуы «Азаматтық бюджет»
2018 жылғы 1 наурызға облыстық бюджеттің орындалуы «Азаматтық бюджет»
 
Kaz az
Kaz azKaz az
Kaz az
 
Az kz
Az kzAz kz
Az kz
 
Әл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистері
Әл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистеріӘл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистері
Әл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистері
 
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіЛенин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
 
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистеріЕңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
 
Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыХалықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы
 
Kaaaaaaaaaaz
KaaaaaaaaaazKaaaaaaaaaaz
Kaaaaaaaaaaz
 
22
2222
22
 

More from Zhanbolat Amankeldy

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Zhanbolat Amankeldy
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаZhanbolat Amankeldy
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміZhanbolat Amankeldy
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміZhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 

More from Zhanbolat Amankeldy (20)

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 

Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері

  • 1. Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері ШЫМКЕНТ – 2017 жыл
  • 2. Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері Көрсеткіштер 1.08.2016 ж 1.08.2017 ж 2017 ж 2016 ж/ға % Халық саны, адам 896,1 932,4 103,7 Өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі, млн.теңге 187 267,5 212 491,3 101,0 Ауыл шаруашылықтың жалпы өнім көлемі, млн.теңге 9 999,0 11 937,6 109,6 Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн.теңге 35 515,2 40 738,3 114,0 Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі, млн.теңге 66 180,3 120 577,0 173,4 Іске қосылған тұрғын үй, ш. метр 166 423 185 199,0 111,3 Бөлшек сауда айналымының көлемі, млн.теңге 159 077,7 170 069,6 103,4 Орташа айлық жалақы, теңге 102 367,0 111 119,0 108,5 Өнеркәсіп саласы 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында өндірістік кәсіпорындармен 212 491,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,0 пайызға артты. Оның ішінде: Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында 711,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға артты. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында 179 814,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 0,8 пайызға артты. Электрмен жабдықтау, газ берудің көлемі 27 024,4 млн.теңге құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға артты. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың таралуын бақылау көлемі 4 941,3 млн.теңге құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға артты. Сонымен қатар, өнеркәсіп өнімін ұлғайту мақсатында қалада «Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылуда. 2016 жылы бағдарлама шеңберінде инвестиция көлемі 4,0 млрд. теңгеге 8 жоба іске қосылып, 300-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылды. 2017 жылы құны 38,6 млрд.теңге құрайтын 16 инвестициялық жобаны іске асырып, 1000-нан аса жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
  • 3. Қазіргі таңда, құны 850,0 млн.теңге құрайтын «Рахат-Шымкент» ЖШС вафельді түтікшелерді шығаруды ұйымдастыру жобасы іске қосылып, 28 жаңа жұмыс орындары ашылды. Қалған 15 жобада жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары жүруде, жылдың соңына дейін іске қосу көзделген. Ауылшаруашылық саласы 2017 жылдың қаңтар-шілде айларына 11 937,6 млн.теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,6 пайызға артты. Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі 8 981,3 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,7 пайызға өсті. Өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 2 956,3 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,0 пайызға орындалды. 2016 жылы жаңадан 10,07 га-ды құрайтын жылыжайлар ашылды, 4200 гектарға терең қопсыту технологиясы мен 200 гектарға тамшылатып суғару әдісі ендірілді. 69 ауыл шаруашылық техникасы алынды, 3 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. 20 гектар жерге қарқынды бау егілді. Мал шаруашылығын қолдау бағытында 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 228 бас ІҚМ мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 811 уақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 200 жылқы алынды. 2017 жылы жаңадан 9 гектарға жылыжай салынып, 200 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді. 14,7 га жерге жартылай қарқынды бау егу жұмыстары жүргізіліп, 51 ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 189 бас ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 401 ұсақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 135 бас жылқы алынды. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында қалада 76 544 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3 пайыз құрады. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде жұмыс істейтіндер – 55 382 немесе үлесі 72,1 пайызын құрайды. Қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 144,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға артты. Қазіргі таңда, шағын және орта бизнесте 131 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
  • 4. 2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде құны 65,0 млрд.теңгеге 140 бизнес жоба мақұлдандып, қаржыландыруға ұсынылды. «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығымен» 599,0 млн.теңгеге 117 бизнес-жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 200-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылды. 2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 31 бизнес жоба мақұлдандып, қаржыландыруға ұсынылды. Одан бөлек, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығымен» 426,5 млн.теңгеге 79 бизнес-жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 320 астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Сауда қызметі Статистикалық мәлімет бойынша 2017 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысымен қаладағы бөлшек сауда көлемі 170 069,6 млн.теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,4 пайызды құрады. Көтерме сауда көлемі 286 374,6 млн.теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,1 пайызды құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 120 577,0 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 73,4 пайызға артты. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен инвестиция көлемі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,0 есеге, жергілікті бюджет есебінен 11,9 пайызға, меншікті қаражат есебінен инвестиция көлемі 1,2 есеге, банктердің кредиттері есебінен инвестиция 2,3 есеге, қарыз қаражаттар есебінен 6,0 есеге артқан. Тұрғын үй құрылысы 2017 жылдың қаңтар-шілдеге статистикалық мәлімет бойынша қаладағы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 40 738,3 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,0 пайызға артты. Есепті кезеңге барлық қаржыландыру көздері есебінен 185,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, көлемі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,3 пайызға артты.
  • 5. 2016 жылы «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде 3 777 пәтерлі 64 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 90 пәтерлі 2 коммуналдық, 216 пәтерлі жас отбасыларға арналған, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» және «Бәйтерек development» арқылы 996 пәтерлі 32 тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 1 302 отбасы тұрғын үймен, 35 отбасы жатақханамен қамтасыз етілді. Сонымен қатар, сейсмикалық қауіпті Асқаров, Уалиханов, Темірлан тас жолы және 16-шы шағынаудандағы 4 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. 2017 жылы барлығы 5 379 пәтерлі 85 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 21 тұрғын үйді модернизациялау және 7 тұрғын үйді сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Жер мәселесі 2017 жылдың 7 айында қалада жер қатынастары мәселелері бойынша 19 арнайы комиссия өткізіліп, онда 3 323 құжат қаралды, оның ішінде 1 837 құжат келісілген, 1486 құжат бойынша бас тартылған. Сонымен қатар, қала әкімдігімен жер мәселесі бойынша 1 601 қаулы қабылданды, оның ішінде: - кәсіпкерлік мақсатында – 696 қаулы; - жеке тұрғын үй құрылысына жер беру – 868 қаулы; - мемлекеттік мекемелерге – 37 қаулы. Одан бөлек, Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін жалпы алаңы 257,0 га құрайтын 452 жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарылды. Жылдың соңына дейін Бас жоспарға сәйкес 800,0 га құрайтын 2 500 меншік иелерінің жерлерін мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізіледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы Бозарық - 2 т/а және қаланың солтүстік-батыс бөлігінен 152,4 жер учаскелерін табыстау жоспарлануда. Тұрғын алаптарға инженерлік жүйелерін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге 10 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастыру үшін қажетті құжаттар жинақталуда. Сәулет және қала құрылысы 2017 жылдың басынан қалалық сәулет-қала құрылысы кеңесінің 1 отырысы өткізілді. Кеңес отырысында 9 нобайлық жобалар қаралып, оның 7-уі келісілді. Қалған 2 нобайлық жоба кезекті кеңес отырысында қайта қаралуына қалдырылды.
  • 6. Есепті кезеңге құрылысы аяқталған нысандар бойынша 1 395 қабылдау актісі есепке алынды. Оның ішінде 1 150 жеке тұрғын үй, 50 гараж, 37 мемлекеттік нысандар, 158 коммерциялық нысандар. Реконструкциялауға шешім беру бойынша 87 қаулы қабылданды. Эскизді келістіру жұмыстары бойынша 23 жоба талқыланып, 15 жоба келісілді. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын айқындау жөнінде анықтама беру бойынша 24 457 нысан мекен жай ақпараттық жүйесіне тіркелді. 739 сәулет жоспарлау тапсырмалары ұсынылды, 362 нысанға жарнама құрылғыларын орнатуға рұқсат берілді. Биылғы жылы Бас жоспарға сәйкес интерактивтік инвестициялық картасын дайындау жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Темірлан тас жолының Әл-Фараби көшесінен Батыс бөлігіне дейін, Достық, Қызылсу, Тассай, Қонаев гүлизарының Түркістан көшесінен Рысқұлов көшесіне дейін, индустралды аймақтың, Батыс Қытай-Батыс Европа және Құрсай-2 ш/а егжей- тегжей жоспарлау жобалары жасақталуда. Одан бөлек, Шымкент қаласының 2017-2021 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Айкөл-2, Ақжар-3, Құрсай-2, Оңтүстік және Оңтүстік-2 елді мекендеріне егжей-тегжейлі жобалары бойынша жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Солтүстік (Бозарық) т/а-нан 74 га және Бозарық-2 т/а 80 га жер теліміне егжей-тегжейлі инфрақұрылым жүйелерінің жобалары жасақталуда. Білім саласы Білім саласындағы мәселелер «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылым беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жағдайы төмен балаларды ыстық тамақпен, киім кешекпен, жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамасыз ету жоспарланған. Есепті кезеңге бюджет есебінен 12 083 бала жазғы сауықтыру лагерімен, 31 000 бала мектеп жанынан ашылған жазғы лагерьмен қамтылды. «ЭКСПО-2017» көрмесіне әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан 1 650 бала және демеушілер есебінен 2 500 жуық бала жіберілді. Педагог қызметкерлерді ашық конкурс негізінде қабылдау жүйесі арқылы 183 конкурс өткізіліп, 136 қызметкер жұмысқа орналасты. Балабақшаға және мектепке орналастыру бойынша электрондық жүйесі арқылы 18 866 оқушы 1 сыныпқа қабылданып, 9 611 балаға мектепке дейінгі мекемелерге жолдама берілді. Білім саласын дамыту мақсатында биылғы жылғы 17 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 5 жаңа мектептің, апатты 1 мектептің (№34 мектеп), 2 мектепке қосымша құрылыстары аяқталып, пайдалануға беріледі.
  • 7. Үш ауысымдағы білім беретін 8 мектеп бар. Оның 7-ң құрылысы басталды, жыл соңына дейін 6-ң құрылысын аяқтау жоспарланған, 1 мектеп 2018 жылға өтпелі. Қалған 1 мектептің құрылысын (Самал-3 ш.а.) 2018 жылы бастау жоспарланған. Нәтижесінде, 2018-2019 жылдары үш ауысым мәселесі толығымен шешіледі. Мектебі жоқ 6 елді мекеннің 2 елді мекенінде (Қызылжар, Шаңырақ ш.а) ағымдағы жылы мектеп құрылысы басталады. Сонымен қатар, 6 мектепке қосымша құрылыстар салынуда. Жыл соңына дейін 600 орындық 2 мектептің (№27, 97) қосымша құрылыстары пайдалануға беріледі. Қалған мектептер 2018 жылға өтпелі (№99, 104, 112,103). Есепті кезеңге балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту бойынша 51 005 бала қамтылып, қамту деңгейі 82,8 пайызды құрады. Спорт Қалада спортпен 223,0 мыңнан астам адам жүйелі түрде шұғылданады, бұл қала халқының 25 пайызын құрайды. Есепті кезеңге салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 192 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 28 600 адам қатысты. Жыл басынан өткен Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында қаланың спортшылары 29 алтын, 16 күміс, 20 қола медальге ие болды. Азия чемпионаттарында 17 алтын, 17 күміс, 25 қола медальдарды жеңіп алды. Спорт нысандарын дамыту мақсатында 2017 жылы №5 бокстан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне қосымша құрылыс, Абай саябағында сыйымдылығы 100 орынға арналған 2 теннис кортының құрылысы жүргізілуде. Мәдениет және тілдерді дамыту 2017 жылдың 7 айында қалада республикалық маңызы бар 5 ресми мерекелік, 60-нен аса мәдени-көпшілік іс-шара өткізіліп, 100,0 мыңнан астам адам қатысты. Бүгінгі таңда тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен қорғау жұмыстарын жүргізу өзекті мәселенің бірі. Республикалық және облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне қаладағы «Шымкент қалашығы» мен «Сайрам қалашығы» енгізілген. Шетелдік туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында бұл ескерткіштерге кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын (археологиялық, сәулеттік, реконструктивтік және реновациялық) жүргізіп, ашық аспан астындағы мұражай құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыстарды іске асыру үшін бірінші кезекте ЮНЕСКО- ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тізіміне енгізу қажет. Осыған орай, ескерткіштердің номинациялық деректемесін
  • 8. дайындауға қалалық бюджеттен 15 млн.теңге қаржы бөлініп, деректеме дайындалды. Қазіргі таңда екінші кезектегі археологиялық жұмыстарды жүргізу үшін қаржы бөлу жоспарлануда. «ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде қаладағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны 90,3 пайызды, орыс тілін меңгерген 82 пайызды, ағылшын тілін меңгерген 22,9 пайызды құрады. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру Халықты жұмыспен қамту 2017 жылдың 7 айында Шымкент қаласы бойынша экономикалық белсенді халық саны 378,0 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 358,0 мың адам (оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 124,8 мың адам), жұмыссыздар – 20,0 мың адам. Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында қалада бір терезе қағидасы бойынша «Жұмыспен қамту орталығы» жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың басынан орталыққа жұмыс мәселесі бойынша 20 758 адам өтініш білдіріп, бүгінгі күнге 10 927 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, «Өрлеу» жобасында тікелей әлеуметтік қаржылай көмектің орнына, жұмыспен қамту арқылы шартты ақшалай көмек қарастырылған. Есепті кезеңде 9 640 азаматтың құжаттарын өткізіп, оларға шартты 327,3 млн.теңгеге ақшалай көмек тағайындалды. Одан бөлек, қалада «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» іске асырылуда. Бағдарлама шеңберінде 876 жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 951 адам, бос жұмыс орындарына 3 594 адам жіберілді. Жастар практикасы арқылы 1 494, қоғамдық жұмыстарға 1 245 адам жолданып, 28 азамат шағын несиелендіру жобасымен қамтылды. Сонымен қатар, 1 739 жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімдік мамандық алу курстарына жолдау жұмыстары атқарылуда. 354 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылды. Есепті кезеңде аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 341 адамды құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47 адамға азайған. Табысы төмен 116 отбасыға 4,6 млн.теңге атаулы әлеуметтік көмек, 29 882 балаға 386,0 млн.теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы, 695 отбасыға 29,7 млн.теңгеге тұрғын үй көмегі төленді.
  • 9. Қаланың инженерлік-коммуникациялық жүйелері Ауыз сумен қамтамасыз ету 2016 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында бюджет есебінен 9 жоба құрылысы жүргізіліп, 7 елді мекенде су құбырлары пайдалануға берілді (Достық-2, Мирас, Қайтпас-1, Ұлағат, Самал-3, Нұртас, Сайрам тұрғын алабы). Ал, 2017 жылы 7 жоба, атап айтқанда, Сайрам, Алтын төбе, Достық, Тұран ш/а (солтүстік-шығыс бөлігі) «Адия» тұрғын үй кешені, «Отау строй» тұрғын орамдарын сумен қамтамасыз ету, Тұран ш/а жеткізуші магистралдық су құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 3 жобаның құрылысы пайдалануға берілсе, қалған 3 жоба 2018 жылға өтпелі. Электрмен қамтамасыз ету 2016 жылы электрмен қамтамасыз ету бойынша бюджет есебінен 9 жобаның құрылысы жүргізіліп, 6 елді мекен электр желісіне қосылды (Ынтымақ, Ақниет, Қайтпас-1,2, Достық-2 тұрғын алабы және Жастар, Еламан, Застенная, Техохрана көшелері). 2017 жылғы бюджет есебінен 6 нысанның, атап айтқанда, қуаты 220 кВ құрайтын «Бозарық», қуаты 110 кВ «Астана-1, 2» подстанцияларының, сонымен қатар, Оңтүстік, Бозарық-1,2,3, Қазығұрт, Қайтпас-1және Нұртас шағын ауданындағы ішкі электр жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 2 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 4 жоба 2018 жылға өтпелі. Табиғи газбен қамтамасыз ету 2016 жылы газбен қамтамасыз ету бағытында 8 жобаның құрылысы жүргізіліп, 4 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді (Мирас, Таскен, Самал-2, Терешкова көшесіндегі №18 көп қабатты үй). 2017 жылы 4 нысанның, атап айтқанда, Асар, Бозарық-1,2,3, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан ш/а газ құбырын тарту жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылы барлық жобаның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету
  • 10. 2016 жылы кәрізбен қамтамасыз ету бойынша 3 жобаның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді (Привокзальная көшесі, Тассай ш/а-нан Қайтпас-1 ш/а-на дейін, Гидролизный, Ворошиловка, Чапаевка, Оңтүстік ш/а). 2017 жылы 4 жобаның, атап айтқанда, Қайтпас-2, Базарқақпа, Оразбаев көшесінен Росси көшесіне дейін кәріз жүйелерін тарту, Тассай ш/а кәріз коллекторының жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 3 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 1 жоба 2018 жылға өтпелі. Жылу жүйелерімен қамтамасыз ету 2016 жылы тозығы жеткен 8,6 км жылу құбырлары қайта құрудан өтіп, пайдалануға берілді (Қожанов, Жандосов, Орынбай ақын көшелері). Сонымен қатар, қаланың оңтүстік бөлігіндегі 16 км және солтүстік бөлігіндегі 27 км ішкі орамдық жылу құбырлары ағымдағы жөндеуден өтті. 2017 жылы Байтұрсынов, Сапарбаев, Рысқұлов көшелері бойындағы 5,2 км магистралды жылу жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың 15 қазанына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, қаланың оңтүстік бөлігіндегі ішкі орамдық 4,0 км, солтүстік бөлігіндегі ішкі орамдық 19,4 км жылу жүйелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Транспорт саласы 2016 жылы жол саласында 141,2 шақырым құрайтын 171 көшеде күрделі және орташа жөндеу, 48 көшеде аяқжол (тротуар) салу жұмыстары жүргізілді. 78 238 шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу, 52 км жолға шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. 7 магистралды көше және жер үсті өткел, атап айтқанда, Әл-Фараби, Кіші айналма жол, Жібек жолы, Қожанов, Ынтымақ ш/а атауы жоқ көше, Б.Момышұлы, Дамбовая және Қапал батыр көшесіндегі темір жол үстіндегі өткел қайта құрудан өтіп, 9 метрден 26 метрге дейін кеңейтілді. Темірлан тас жолы-Мангельдин көшелерінің қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс жүргізілді. 2017 жылы 2 жаяу жүргіншілер өткелі, 8 ш/а магистралды көшені қайта құру, 6 ш/а 51 көшенің құрылысы, 3 ш/а 12 көшелерін қайта құру, 20 ш/а 110 көшені күрделі және 91 көшені орташа жөндеу, 12 тротуар салу, 17 бағдаршам орнату жұмыстары атқарылуда. Қаланың даму концепциясы бойынша 5 жерден жолайрық (развязка) құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 2017 жылы Бекжан базар аумағындағы жолайрықты құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 4 жолайрықтың жобалық- сметалық құжаттары жыл соңына дейін дайын болады. Құрылысы 2018 жылға жоспарланған.
  • 11. Есепті кезеңде жол қауіпсіздігін реттеу мақсатында 350 метрлік жасанды жол кедергілерін, 100 дана «Абайлаңыз балалар» ақпараттық жол белгілерін, 17 дана бағдаршам нысандарын, 30 дана жарық шамы бар белсенді жол белгілерін, 10 дана ақпараттық-көрсеткіштік белгілерін, 1 600 дана қатафоттар орнату, 200 бағдаршам нысандарына қызмет көрсету, 6 700 жол белгілерін күтіп-ұстау, жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Қаланы жарықтандыру 2017 жылы қаланың 139 орталық көше, 8 саябақ, 32 гүлзар, жалпы саны 31 229 дана түнгі жарықтандыру шамдары күтіп ұсталынуда. Сонымен қатар, 2016-2017 жылдар аралығында қолданыстағы ртутты шамдарды светодиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, 23 көшеде жаңадан, 4 көшені қайта құру және 60 көшеде LED энергоүнемдегіш жарық лампаларын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 4 аудан бойынша 1 020 аулаға түнгі жарық шам жүйелері орнатылды (2013ж – 96 аула, 2014ж – 163 аула, 2015ж – 75 аула, 2016ж – 686 аула), оның ішінде есепті жылы «Қауіпсіз қала» іс-шарасының шеңберінде 4 аудан аумағында 686 аула түнгі жарық шамдармен қамтамасыз етілді. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру Қазіргі таңда орталық көшелері бойындағы 114 га газон, 46 850 дана жаңадан егілген ағаш көшеттері, 16 250 шаршы метр жаздық гүл және 26 980 шаршы метр раушан гүлі күтіп ұсталынуда. Сонымен қатар, аэропорт бағытынан алаңы 32 000 шаршы метрден асатын 4 жерге гүлзар құру жұмыстары атқарылуда. Арғынбеков, Рысқұлов көшелерінің жол бөлу жолақтарына 14 250 шаршы метр жаңа газон алаңдары құрылып, суғару жүйесі тартылды. Бұрынғы қоқыс полигоны орнына 37 га аумақта саябақ құрылысы және Мәртөбе тарихи саябағы, Наурыз саябағын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қала аумағындағы 7 шатқалда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 10 028 дана декоративті емен, айлант, үйеңкі, шаған, бозарша, аққайың, қарағай, қарағаш ағаш көшеттері отырғызылды, оның ішінде нақты өнгендерінің саны 7 772 дана. Қаланың ирригациялық жүйелері Қалада өзекті мәселеге айналған ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Орталық 10 көшедегі ұзындығы 19,2 км және 4 аудан аумағындағы 14 көшеде ұзындығы 4,2 км ирригация жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
  • 12. Қаланың санитарлық тазалығы Қала аумағында ұзындығы 835 шақырым келетін 156 көшесінде қолмен және механикалық тазалау жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда, қазіргі таңда көшені жуу, су себу жұмыстары атқарылуда. Қалада есепті кезеңге 17 032 м³ қоқыс полигонға шығарылды. Қаланың орталық аумағында және жаңадан қосылған елді мекендерде санитарлық тазалау және көріктендіру, көгалдандыру жөнінде жаз айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аудандағы орам (квартал), көше, үй басқарушылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 15 рет қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте 111-ге жуық техника мен 67 500-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысты. 109,4 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды. 56 132 ағаш әктеліп, 935 га жердегі құраған шөптер орылды. Қоғамдық қауіпсіздік Қоғамдық жерлерде қылмысты төмендету және криминалдық ахуалды тұрақтандыру мақсатында күнделікті талдау жұмыстары және жедел профилактикалық іс-шаралар «Құқық тәртібі», «Танысу», «Шторм», «Қауіпсіз жол», «Автобус» жүргізілуде. Сонымен қатар, криминогендік орындарда күнделікті профилактикалық ескертулер жалғасуда. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 ай мерзімге қоғамдық тәртіпті қорғауға 200 еріктілер тартылды. 2017 жылдың 7 айында жалпы тіркелген қылмыстар саны 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14 730-дан 12 216-ға немесе 17,1 пайызға азайған, оның ішінде аса ауыр қылмыстар 66-дан 52-ге немесе 21,3 пайызға, ауыр қылмыстар 1 417-ден 1 007-ге немесе 29 пайызға азайған. Биылғы жылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Шымкент - қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда. Аталған жоба шеңберінде қала аумағында қылмыстың ахуалы нашар 22 криминогендік аймақтар анықталды. Осы аймақтарға 4 аудан бойынша полиция қызметкерлері бекітіліп, сауықтыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда, қала аумағында 479 бейнебақылау камералары жұмыс атқаруда, оның ішінде 21 көше қиылыстарында зияткерлік камералар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қалада 17 полиция бекеттері бар. Биылғы жылы облыс әкімдігі тарапынан 10 полиция бекеті салынып, қазіргі таңда іске қосу жұмыстары жүргізілуде.