SlideShare a Scribd company logo
1 of 15
Download to read offline
http://shymkent.gov.kz
Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп
беру кездесулеріндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында еліміз өз тәуелсіздігінің 25
жылында бүкіл әлем таңдана, таңырқай қарайтын ғаламат даму жолынан өтіп, ынтымағы жарасқан, экономикасы өркендеген,
халықаралық қауымдастық мойындайтын іргелі мемлекетке айналды.
Тәуелсіздік жылдары халықтың тұрмысы жақсара түсіп, мемлекетіміз әлемдегі дамыған елу елдің қатарына еніп, бүкіл
әлемге танылып отыр. Шын мәнінде бұл біздің бірлігі бекем халқымыздың ерен еңбегінің, Елбасымыздың оразан зор алып
қызметінің жемісі.
Тәуелсіздік жылдары Еңбекші ауданының көлемінде атқарылған көптеген игі істер Елбасының Шымкентті Қазақстандағы
үшінші қалаға айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындауға қосқан үлесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Үздік отыздыққа апарар «100 нақты
қадам» атты ұлт жоспарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және индустриалды-инновациялық дамуының нақты
жолдарын және жаһандық экономикада ілгерілеудің тура бағыттарын айқындап берді.
Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын, «100
нақты қадам» жоспарын аудан тұрғындарына насихаттау және түсіндіру мақсатында өткен 120 кездесуде 16 мыңнан астам
тұрғын қамтылды.
«100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында аудан әкімінің аппаратында кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша барлық
талаптар сақталып, орындалуда. Дәлірек айтқанда, 1-қадам – мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымнан басталуы, 2-
қадам – төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге
асырылуы, 4 қадам – мемлекеттік қызметке алғаш қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімін тағайындау,10-қадам –
мемлекеттік қызметшілерді конкурстық негізде мансаптық жоғарылату, жоғары лауазымға жылжыту төменгі лауазымнан тек
қана конкурстық негізде жүзеге асыру (меритократия қағидаты) және жоспардың т.б. тармақтары ескерілуде.
2015 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің есепті кездесулерінде түскен 58 ұсыныс пен өтініштер бойынша іс-
шаралар жоспары түзіліп, 39-на кездесу барысында толыққанды жауап берілді, қалған 19 ұсыныстар бойынша құзырлы
мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың мәліметтері жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды.
http://shymkent.gov.kz
ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ТУРАЛЫ
2016 жылы аудан әкімі аппаратына 4100 кіріс құжаттары түсіп, 4880 құжат жолданды, жеке және заңды тұлғалардан 330
жазбаша өтініштер тіркелді.
ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес барлық өтініштер мен
арыздар уақтылы қаралып, жауаптар берілді.
2016 жылы облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалар – 43, орындалғаны – 39, тұрақты бақылауда – 4, қала әкімі
тарапынан берілген тапсырмалар – 55, орындалғаны – 35, орындалу үстінде – 3, тұрақты бақылауда – 17.
Жыл басынан аудан әкімі мен аудан әкімі орынбасарларының жеке қабылдауларында 179 азамат болды. Жеке қабылдауда
көтерілген мәселелердің себептері талқыланып, шешу жолдары қарастырылды, арыз иелеріне уақтылы жауаптар берілді.
ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
Аудан аумағында 184 өндірістік өнеркәсіп орындары орналасқан, оның ішінде 2016 жылы Үдемелі индустриялды-
инновациялық даму бағдарламасы аясында және жеке инвестиция негізінде 6 өндірістік кәсіпорын «Оңтүстік» индустриалдық
аймағында 200-ден астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылды. Сонымен қатар «Ордабасы» индустриалдық аймағында 2
өндірістік кәсіпорын 150 ден астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылды.
«Оңтүстік» индустриалды аймағында іске қосылған кәсіпорындар:
«Shymkent GazoBeton Ltd» ЖШС-ы газобетон блоктарының өндірісі;
«Амандык Груп ПлюсЖШС-ы құрылыс материалдарының өндірісі;
«КазЭлМаш» ЖШС-сі түсті метал өндірісі;
«Эко-Битум» ЖШС-ы жол битумының өндірісі;
«ДДЭК» (Жуматаев) ЖШС-ы автомобиль тежегіш колодкаларының өндірісі;
«Кирал Достык» ЖШС-ы аяқ киім өндірісі.
«Ордабасы» индустриалды аймағында іске қосылған кәсіпорындар:
«RAM» ЖШС-ы ағаш өңдеу өндірісі;
«Форест груп» ЖШС-ы ағаш өңдеу өндірісі.
http://shymkent.gov.kz
Сонымен қатар 2016 жылы 858 шағын кәсіпкерлік субъектілері жаңадан тіркелген.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлер мен
кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға 2 семинар-кеңес өткізіліп, нәтижесінде 8 азамат мал бордақылау, сүтті сиырларды асырау
және өзге де кәсіпкерлік мақсатта төмендетілген пайызбен несие алып, өз кәсіптерін жүргізуде. Сонымен қатар жеке
кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында «Кәсіпкерлер құқығы» тақырыбында
аудандық прокуратура, ОҚО Кәсіпкерлер Палатасы және аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерін
қатыстыра отырып, 3 семинар-кеңес өткізілді, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ ТҰТЫНУ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ
ОҚО әкімдігімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, сауда орындарында тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын
тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудандағы базарлар мен 13 үлкен сауда үйлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларына мониторинг
жүргізілуде, «Айна», «Күлтай ана» базарларында тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағада қажеттілігіне қарай бірінші
қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілуде. «Әсел» базарының автотұрағында әр жексенбі күні жәрмеңке өткізілуде.
ЗАҢСЫЗ САУДА ОРЫНДАРЫН ЖОЮ
Елбасымыздың «тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» тапсырмасын басшылыққа алып, аудан әкімі аппаратының іс-шара жоспарына
сәйкес аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын жою және көшелердің тазалығы мен көріктендіру жұмыстарын зерделеу
мақсатында 97 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде ретсіз 159 сауда орындары жойылып, құрылыс материалдарын
сататын 35 сауда орындары ретке келтірілді.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204 бабына сәйкес аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
қызметкерлері заңсыз сауда жасаушы азаматтарға 1430 хаттама толтырылып, оның 1237-і – ескерту, 2 258 865 мың теңге айыппұл
салынды, аталған кодекстің 505 бабына сәйкес 753 хаттама толтырылып, оның 741-не ескерту, 466 620 мың теңге айыппұл салынды.
http://shymkent.gov.kz
Ауданда орналасқан дүңгіршектердің заңдылығын анықтау бойынша мониторинг жүргізіліп, заңсыз орналасқан жеңіл
конструкциялы дүңгіршектерді нысан иелеріне мәжбүрлеп алдыру жұмыстары ұйымдастырылды, нәтижесінде 2016 жылы 44
дүңгіршек және 2 киіз үй жойылды.
ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАРДЫ ЖОЮ
ҚР «Жарнама туралы» Заңына және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларына сәйкес аудан әкімі аппаратының, аудандық
мемлекеттік кірістер басқармасының, қалалық сәулет және қала құрылысы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің
мамандарымен бірлесе 97 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 21 көшедегі 530 жарнама плакаттар және 235 штендерлер, жалпы
765 заңсыз жарнамалар жойылды.
САЛЫҚ ТУРАЛЫ
Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бірінші кезекте қаржы мәселесі шешілуі тиіс.
Аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғаюда. Жергілікті бюджетке 24 690 575,4 мың теңге жиналып, 2015
жылмен салыстырғанда 7,6% артты. Сонымен қатар 125 нысан қайта бағалаудан өтіп, бюджетке қосымша 88 943,3 мың тенге
салық түсті.
Тіркелмеген тұрғын үйлерді түгендеу жұмыстары барысында 1580 аула қаралды, 856 үй тіркеліп, салық төлеушілер саны
артты.
АУМАҚТЫ КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ
Ауданды көріктендіру, көгалдандыру – бұл, ауданымыздың даму жоспары бойынша, аудан тұрғындарының және
қонақтарының жақсы көз-қарастарын қалыптастыру үшін көңіл аударатын ең басты мақсатымыз болып табылады.
Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын 5 мердігер мекеме («Арнаулы автокөлік», «Нұр-Сат», «Экоспецтранс», «Нуреке
Азия бизнес» ЖШС-лары мен «Бароқбаев» ЖК) көпқабатты секторда аптасына 3 рет, ал жеке секторда аптасына 2 рет
жүргізеді.
http://shymkent.gov.kz
Аталған мекемелер қалалық қоқыс полигонына 14916м3 («Арнаулы автокөлік» ЖШС-ы 9480м3, «Нұр-Сат» ЖШС-ы 2322м3,
«Экоспецтранс» ЖШС-ы 1036м3, «Нуреке Азия бизнес» ЖШС-ы -1068м3 мен «Бароқбаев» ЖК-ы 1010 м3) қоқыс шығарып,
51,549 км ирригациялық жүйелер тазаланды.
Сонымен қатар, «Бәйтерек-Л.Б.» «Арнаулы автокөлік», «ANEKE GROUP» ЖШС-лары 4473 ағаштарға санитарлық қырқу
жұмыстарын жүргізіп, 69 012 ағаш әктелді, 13671,17м2 аумақта шөп ору жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы негізгі көшелерде орналасқан нысандардың иелеріне ғимарат
қоршауларына әрлеу, сырлау, ретке келтіру жұмыстарын жүргізу туралы 250-ге жуық хабарлама таратылды, нәтижесінде 137
үйдің қасбеттері ретке келтірілді.
Ауданда орналасқан мекемелерге, кәсіпорындарға бекітілген аумақтарында санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 2
облыстық, 7 қалалық, 2 аудандық сенбіліктер өткізілді.
Сенбіліктерге 37 мыңға жуық адам қатысып, 72 автокөлік тартылды, 23,2 км аяқжолдар тазаланды, қалалық қоқыс
полигонына 235,9м³ қоқыс шығарылды.
«Нөлдік төзімділік» қағидасының орындалуы бойынша аудандық ЖПҚБ-ның учаскелік полиция инспекторлары тарапынан
ҚР ӘҚБтК-ның 434 бабы бойынша 589 хаттама толтырылып, оның ішінде 22 хаттамамен 460 257 теңге айыппұл салынды, ал,
505 бабы бойынша 722 хаттама, оның ішінде 11 хаттама бойынша 466 620 теңге айыппұл салынды, сонымен қатар аудандық
ТҚҚБ-ы тарапынан барлығы 354 азаматқа 10 684, 8 мың теңге айыппұл салынды.
«ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ
Шымкент қаласы әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Таза
қала» акциясына аудан бойынша «Үлгілі аула» номинациясына 64 көпқабатты тұрғын үй және «Үлгілі көше» номинациясына
жеке секторда орналасқан 12 көше комитеттері өтінім білдірді.
Конкурс нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйлер бойынша жеңімпаздар: І орын – Ш.Уәлиханов көшесі №231а үй, ІІ орын –
«Теріскей» ш/а, №50 үй, ІІІ орын – Жібек жолы даңғылы №26 үй, жеке сектор бойынша: І орын – Түркістан көшесі, ІІ орын –
«Базарқақпа» т/а, Е.Юсупов көшесі, ІІІ орын – Желтоқсан көшесі, ынталандыру сыйлықтары бойынша 18 ш/а, №№62,64 үйлер
мен Бекет батыр көшесінің тұрғындары иеленді.
http://shymkent.gov.kz
ТҰРҒЫН ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аудан бойынша 513 көпқабатты тұрғын үйлер Әділет басқармасында кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Кондоминиум
нысаны ретінде тіркелмеген 98 көпқабатты тұрғын үйлердің (оның ішінде қосылған аумақта-72, ауданның ескі аумағында – 26
көпқабатты тұрғын үйлер) тұрғындарына кондоминиум нысанының тиімділігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,
нәтижесінде 47 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен келісілген хаттамалар түзілді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімдері үйлердің техникалық құжаттарын дайындағаннан кейін тіркеу
жұмыстары ұйымдастырылады.
«Өңірлерді дамыту – 2020ж.ж.» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Теріскей», «Күншығыс», «Сайрам» және
11,12,13,15,16,17,18 шағынаудандары тұрғындарының қатысуымен жиналыстар өткізілді, нәтижесінде күрделі жөндеу
жұмыстарын қажет ететін 16 көпқабатты тұрғын үйлер тізімі Шымкент қаласы тұрғын үй инспекциясы бөліміне ұсынылды.
2015 жылы Төле би көшесі №15 үйге 124,7 млн. теңге қаржы бөлініп, сейсмикалық нығайту жұмыстары 2016 жылы
аяқталды. Сонымен қатар, аудандағы 4 көпқабатты тұрғын үйге техникалық зерделеу және екі үйге сейсмонығайту жұмыстары
жүргізілді.
Ауданда орналасқан 24 көпқабатты тұрғын үйге техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық тұрғын үй
коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсыныс берілді.
ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Аудандағы 526 көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. 2016-2017ж.ж. қысқы жылу
маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмысшы штабы құрылды.
«Қуат жылу орталық-3» МКК-мен бірлесе тұрғын үйлерді қысқы маусымға дайындау іс-шарасы бекітілді. Тұрғындар арасында
жылу маусымына дайындық жүргізу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу кестесі бекітіліп, жұмыстар жүргізілді.
Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы жылу маусымына дайындау және қызмет көрсету үшін жалпы 191 үй
ТЭУ (ЖЭУ) (33 үй «Пресс» ЖШС-мен, 21 үй «АзияСтройПроект-777» ЖШС-мен, 10 үй «Абико компания» ЖШС-мен, 4 үй
«Спецкомплектсервис» ЖШС-мен, 12 үй «Барнне» ПКСК-мен, 42 үй «Теплокомсервис» ЖШС-мен, 30 үй ЖК «Шоманбаев«-
пен, 39 үй ЖК «Молиз«-бен) 21 үй «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен келісімшартқа тұрып, ал қалған 314 көпқабатты тұрғын
үйлердің тұрғындары инженерлік жылу жүйелерін өз күштерімен дайындады.
http://shymkent.gov.kz
Көпқабатты тұрғын үйлерде жылуды сақтау мақсатында кіреберіс есіктер және фрамугалар орнату қажеттігі туралы
тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 58 кіреберіс есіктер және 393м2 фрамугалар орнатылды.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындарына жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша
түсіндіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 50 жылу есептегіш құралдары орнатылды.
Ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамтамасыз ету
Еңбекші ауданы шағынаудандары мен тұрғын алаптарда орналасқан тұрғын үйлерді сапалы ауыз су, табиғи газ және электр
жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әдірахымов 2016-2018 жылдарға арналған іс-шара
жоспарын бекітті. Іс-шара жоспарына сәйкес:
– «Бадам», «Бадам-2» т/а ауыз сумен қамтамасыз ету үшін;
– «Тоғыс» т/а 24 көпқабатты үйге және Шаттық, Тәуелсіздік, Жаңақұрылыс көшелерін электр энергиясымен қамтамасыз ету
үшін;
– «Ұлағат» шағынауданын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-лары дайындалды.
2016 жылы аудан тұрғындарын сапалы инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
Ауыз су бойынша: «Мирас», «Ұлағат» шағынаудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Табиғи газ бойынша: «Мирас» шағынауданында құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Электр жарығы бойынша: «Оңтүстік» шағынауданы, Жастар, Еламан, Застенная, Саяжол көшелеріне сапалы электр
жарығымен қамтамасыз ету мақсатында электр жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Демеушілер есебінен: «Базарқақпа» т/а Терекзар көшесіндегі жаңа және құрылысы бітпеген үйлерге электр желілері
жүргізіліп, жаңа трансформатор орнатылды.
Кәріз жүйесі бойынша: «Оңтүстік» шағынауданында құрылыс жұмыстары жүргізілді.
«Жұлдыз», «Базарқақпа», «Тоғыс» тұрғын алаптардағы көпқабатты үйлердің кәріз жүйелерін қайта құруға жобалық
сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.
«Базарқақпа» т/а кәріз жүйесінің ЖСҚ-сы экспертизадан өтті, «Тоғыс» т/а кәріз жүйесінің ЖСҚ-сы экспертизаға
тапсырылған.
АУМАҚТАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ
Аудан аумағында 630 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан. 2016 жылы 85 көпқабатты үй аулаларына абаттандыру
жұмыстарын жүргізуге, 35 тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшалары, 14 ашық спорт алаңшаларын орнатуға, 11 ҚТҚ (ТБО)
http://shymkent.gov.kz
жинауға арналған контейнер алаңшаларын қайта құруға және аудандағы 13 баспалдақты жөндеу жұмыстарына ЖСЕ әзірленіп,
2016 жылдың басында Шымкент қаласының экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінім берілді.
Нәтижесінде жергілікті бюджет есебінен 244 681 мың тенге қаржы бөлініп, 22 үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын
алаңшасын орнату, 2012 жылы балалар ойын алаңшалары орнатылмай абаттандыру жұмыстары жүргізілген 9 үй ауласына
балалар ойын алаңшаларын орнату, 11 ҚТҚ (ТБО) жинауға арналған контейнер алаңшаларын қайта құру, 9 баспалдақты жөндеу
жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен Қапал батыр көшесі №№8,9,10,11,12 үйлердің ауласына абаттандыру және
балалар ойын алаңшасын орнатуға 11, 3 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі таңда ауданда абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген көпқабатты 142 үй аулалары бар. Ауданның орталық аумағында
орналасқан 58 көпқабатты үй ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату үшін 2017 жылға бюджеттік өтінім
берілді.
Қалалық ТҮКШ бөлімі тарапынан Қ.Жандарбеков атындағы гүлзарға қайта құру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
2016 жылы аудан аумағында орналасқан 321 көпқабатты үй аулалары түнгі жарық шамдарымен қамтылды. (584 бағана
орнатылды).
2016 жылға дейін аудан аумағында орналасқан 28 орталық көше жарықтандырылған (55,141км, 1754 жарық шам бағаналары
орнатылған), ал 2016 жылы 9 көшенің 20,51 шақырымына 586 бағана және 3 көшенің 12,845 шақырымына (қайта құру) 367 жарық
шам бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде, нысандар 2017 жылға өтпелі.
СУАҒАР АРЫҚТАР (ИРРИГАЦИЯ)
Аудан аумағында ирригациялық жүйелерді қажет ететін көшелер зерттеліп, қалалық ТҮКШ бөліміне ұсыныс
жолданып, нәтижесінде 12 нысан бойынша 4822 метрге суағар арықтар орнатылды.
Демеушілер есебінен: «Тоғыс» т/а 800 метр арық тазаланды, «Маятас» т/а ағын су баратын 2500 метр канал қазу
жұмыстары жүргізілді. «Базарқақпа» т/а Дружба көшесінің бойынан көпқабатты тұрғын үйлерді жауын-шашын суынан
сақтайтын ұзындығы 100 метрге жуық арық қазылды.
http://shymkent.gov.kz
АВТОЖОЛ ЖӘНЕ АЯҚЖОЛДАР
Ауданда ұзындығы 487,46 шақырымды құрайтын 510 даңғыл, көшелер мен өткелдер орналасқан.
Аудан бойынша жолдарға жөндеу жұмыстарын қажет ететін шағынаудандар мен тұрғын алаптарға зерделеу жұмыстары
жүргізіліп, қалалық ЖК және АЖ бөліміне ұсыныс жолданды.
Нәтижесінде күрделі жөндеу жұмыстары бойынша:
«Тараз» шағынауданы: Таңшолпан, Ә.Мырзаходжаев көшелеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталып, Шаңырақ
көшесіндегі құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі.
«Солтүстік-Шығыс» шағынауданы: атауы жоқ №№1,2 көшелеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталды.
«Оңтүстік» ш/а: Еламан №2, Шукуров №1 көшелеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталып, Еламан №3, Шукуров №2
көшелеріндегі құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі.
«Мирас» шағынауданы: Мәртөбе көшесіндегі құрылыс жұмыстары аяқталып, Жұпарлы, Ажарлы көшелеріндегі
құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі.
Орташа жөндеу жұмыстары:
Аудан бойынша 37 көшенің 29,184 шақырымына орташа жөндеу (806738,58 мың теңге); 4 көшеге ұзындығы 3,753
шақырым орташа жөндеу және аяқ жол салу (121901,44 мың теңге);
9 көшеге 9,405 шақырым аяқ жол орнату (135496,04 мың теңге) жұмыстары қалалық жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жүргізіліп, аяқталды.
Сонымен қатар 12,54 шақырымды құрайтын 17 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды.
Қалалық ЖК және АЖ бөлімінің тапсырысына сәйкес, Қапал батыр көшесінде темір жолдың үстіндегі көпірге қайта
құру жұмыстарын мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС-ы жүргізіп, 2016 жылдың қазанында пайдалануға
берілді, көпірдің ұзындығы 170м, ені 24,4м құрайды.
Демеушілер есебінен: «Жұлдыз» т/а бойынша 8,9 шақырым құрайтын 9 көшеге (оның ішінде 2 көшедегі ойық-
шұңқырлары бар жерлерін жөндеу) тас төселіп Гагарин, М.Маметова және Панфилов көшелерінің асфальт қабатына
жамау жұмыстары жүргізілді.
«Қаратөбе» т/а бойынша 3 көшеге 2,8 шақырым тас төселіп, Ю.Саремий, Н. Исраилов және Н. Ирисбеков көшелеріне
асфальт қабатын жамау жұмыстары жүргізілді.
http://shymkent.gov.kz
«Қазығұрт» т/а бойынша 3,95 шақырым құрайтын 6 көшеге тас төселіп, «Айнатас» т/а баратын жолдың асфальт қабатын
жамау жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, «Қаратөбе» т/а бойынша
Панфилов көшесіне 1165 м (9838,93 мың тг) және Құрбан ата көшесіне 1422 м (11019,64 мың тг) аяқ жолдар орнатылды.
Аудан аумағындағы тұрғын алаптардың көшелеріне аяқ жол орнату үшін демеушілер есебінен сметалық есептері
әзірленіп, 2017 жылға 25,2 шақырымды құрайтын 26 көшеге аяқ жол орнатуға (227739,9 мың теңге) экономика және
қаржы бөліміне бюджеттік өтінім берілді.
Т.Рысқұлов көшесінің 1,8 шақырым (42666,0 мың тг), Сайрам көшесінің 1,1 шақырым (25725,0 мың тг), және
Ш.Уалиханов көшесінің 1,6 шақырым (38938,0 мың тг) аяқ жолдарына қайта құру жұмыстары қалалық ТҮКШ бөлімі
тарапынан атқарылды.
Аудан бойынша аяқ жолдар қажет ететін көшелерге, аудан әкімінің аппараты қалалық ЖК және АЖ бөлімімен бірлесе
зерделеу жұмыстары жүргізіп 2016-2019 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес аудан әкімі аппаратының,
аудандық «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО
бойынша департаментінің, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемелері арасында 2016
жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандағы білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және аудан әкімі
аппаратында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен жыл басын 32 семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер және ашық есік
күндері өткізілді.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ
ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы»
заңдарына сәйкес мұқтаждық деңгейін анықтау үшін аудан әкімі аппаратында құрылған учаскелік комиссия 210 мәжіліс, 4
семинар-кеңес өткізді.
http://shymkent.gov.kz
2016 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткер 111 отбасылардың 77-не «мұқтаж», ал балалы отбасыларға
берілетін жәрдемақыға үміткер 3912 отбасылардың 3572-не «мұқтаж» деген қорытындылар берілді. 2015 жылмен
салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 11%-ға азайған, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы
алатындар 2%-ға көбейген.
ҚР Үкіметінің 21.05.2013ж. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына және Шымкент қаласы
мәслихатының 24.12. 2013ж. №30/193-5с шешіміне сәйкес, 2016 жылға бір реттік әлеуметтік көмекті алуға құжат тапсырған 449
үміткерлердің үй-тұрмыстық актілері жасалып, 417-не «мұқтаж» деген қорытынды берілді.
ҚР Үкіметінің 17.02.2014 жылғы №97 Қаулысына сәйкес «Өрлеу» – отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік
келісімшарты негізінде табысы аз отбасыға шартты ақшалай көмек енгізу жөніндегі жобаның орындалуын қамтамасыз ету
мақсатында тапсырған 63 отбасының 59 отбасына «мұқтаж» деген қорытынды берілді.
Шымкент қаласы бойынша мүгедектерге қолжетімді орта құруға кәсіпкерлерді жұмылдыру мақсатында 2016 жылдың 20
сәуірі мен 20 маусымы аралығында «Біз біргеміз!» атты акция өткізу үшін ауданда 9 жұмысшы топ ұйымдастырылды,
нәтижесінде аудан бойынша 43 көшедегі, 519 объекті иелеріне жадынама таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік инфрақұрылымдық
колжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы коммерциялық нысан иелерімен 154 меморандум түзілді.
Сонымен қатар, 21 көше қиылыстарына мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дыбыстайтын және жарық беретін
құрылғыларды бағдаршамдарға орнату және 33 көшенің 29000 ш.м. жаяу жүргіншілер жолдарын (тротуарларын) құрылыс
нормаларына сәйкес ретке келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөнінде, №5 қалалық емханаға, облыстық тері-
венерологиялық, облыстық туберкулезге қарсы диспансерлеріне және қалалық жұқпалы ауруханада арнайы лифтілер орнату
қажеттігі туралы, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне, «Су ресурстары және Маркетинг» ЖШС-на, Шымкент МГБҚ «Интергаз
Орталық Азия» АҚ-на, Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясына, «Қуат Жылу орталық-3» МКК-на
ұсыныс хаттар жолданды.
Нәтижесінде Т.Рысқұлов – Ж.Шаяхметов, Елшібек батыр – Ш.Уәлиханов, Ш.Уәлиханов –
Сайрам көшелерінің қиылыстарына бағдаршамдарға «дыбыс беру құрылғылары» орнатылды, 9 көшеге ұзындығы 14,921
шақырымды құрайтын аяқжол салынды (М.Мәметова, Қапал батыр, Бахриз Рамиз, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов, И.Тайманұлы,
А.Әлімбетов, Амур аға, Еламан) сонымен қатар Тәуке хан даңғылында тротуар салу жұмыстары жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 4330, әлеуметтік жұмыспен
– 575, жастар практикасына – 588, қайта даярлаудан өткендер саны – 268.
http://shymkent.gov.kz
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ, НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Діни экстремизмнің керағар діни ағымдар мен секталар іс-әрекетінің алдын алу мақсатында 2016 жылы тұрғындар,
студенттер мен оқушылар арасында 58 кездесу өткізілді, 2015 жылмен салыстырғанда 37%-ға артқан.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.08.2013 жылғы №876 қаулысына сәйкес, ауданда орналасқан ірі 157
нысандардың терроризмге қарсы қорғалу паспорттары әзірленіп, ОҚО ІІД-ның терроризмге қарсы күрес басқармасына
тапсырылды.
ОҚО әкімдігінің «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарына» сәйкес нашақорлықтың алдын алу мақсатында оқушылар мен студенттердің қатысуымен 55 семинар-кеңестер,
дөңгелек үстелдер мен акциялар өткізілді, кездесулерде 3 мыңнан астам адам қамтылды, 2015 жылмен (41 кездесу)
салыстырғанда 14 кездесуге немесе 20%-ға артқан.
Жасөспірімдер арасында қылмыстылықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу
Аудан әкімінің, аудан прокурорының, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, аудандық полиция және қалалық білім
бөлімдерінің бірлескен бұйрығына сәйкес 8 мобильдік топ құрылып, 50 семинар–кеңестер өткізілді.
Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу және қылмыстылықтың алдын алу
мақсатында 70 түнгі рейд ұйымдастырылып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 442.2,127,132,133,200
баптарына сәйкес 844 хаттама толтырылды, оның ішінде 772 ата-анаға ескерту, 66 ата-ана мен 6 ойынхана иелеріне айыппұл
салынды.
Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында аудандық прокуротура, аудандық полиция бөлімінің
қызметкерлерінің, гинеколог дәрігерлердің және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен 45 семинар-кеңестер өткізілді.
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында каратэден әлем чемпионы,
Азия кубогының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері М. Катешовпен, кикбоксингтен әлем чемпионы, әлем
кубогының чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Н.Төлегеновпен және
кикбоксингтен жастар арасында Әлем чемпионы, ҚР-ның 2 дүркін жеңімпазы, спорт шебері Ж.Махамбетпен мектеп
оқушыларымен және колледж студенттері арасында кездесулер өткізілді.
http://shymkent.gov.kz
БІЛІМ САЛАСЫ
Есепті кезеңде 320 орындық 1 мемлекеттік және 446 орындық 4 жекеменшік балабақшалар ашылып, 2015 жылмен
салыстырғанда балабақшамен қамтылған балалардың саны 15%-ға артты.
Бюджеттен 815 709,4 мың.теңге қаржы бөлініп, №№32,45,73 балабақшалар мен №№28,38 мектептерге күрделі (1-кезең)
жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
«1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні» және 1-қыркүйек «Білім күні» мерекелері қарсаңында Д.Ерімбетов
көшесінде 320 орындық балабақша және «Базарқақпа» т/а 600 орынға арналған типтік мектеп пайдалануға берілді.
«Оңтүстік» ш/а №34 мектептің қосымша құрылыс жұмыстарына 692,7 млн. теңге, «Бадам-2» т/а типтік 300 орындық
мектеп құрылысына 957,1 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысандар 2017 жылы пайдалануға беріледі.
ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ
Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы «Нұр Отан»
партиясының аудандық филиалы және Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясы, «Отбасылық психологиялық», «Әйелдер
ресурстық» орталықтарымен, «Ару Аналар», «Сана Сезім» ҚБ-мен бірлесе «Қолжетімді баспана-2020», «Жұмыспен қамту-
2020», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,
«Отбасылық тәрбие»,«Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары» тақырыптарында 30 семинар-кеңестер өткізді.
Ауданда 605 ана алтын, 999 ана күміс алқасымен марапатталған.
2016 жылы 15 анаға алтын, 53 анаға күміс алқалары салтанатты түрде табысталды.
МЕРЕКЕЛІК-СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР
2016 жылы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында
13 мемлекеттік және ұлттық мерекелер өткізілді, бұл іс-шараларға жалпы 9 мыңға жуық тұрғындар, көше, үй комитет
төрағалары, мекеме-ұйым ұжымдары мен мәслихат депутаттары белсене қатысты.
7 спорт мектебі мен орта мектептердегі секцияларға 8 мыңнан астам оқушылар мен студенттер қатысады.
http://shymkent.gov.kz
Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар мен жастардың уақытын тиімді де, пайдалы өткізу
мақсатында ағымдағы жылдың сәуірінде №11 спорт мектебінде Каратэ-додан қалалық ашық біріншілік, мамырда
«Манчестер» спорт кешенінде, тамызда №39 мектептің стадионында, қазанда «Арман» спорт кешенінің салтанатты
ашылуында 700-ге жуық жасөспірімдер қатысқан кіші футболдан жарыстар ұйымдастырылды. ҚР «Тұңғыш Президенті
күніне» орай қарашада №36 мектепте колледж студенттері арасында баскетболдан, «Манчестер» спорт кешенінде
мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында үстел теннисінен дәстүрлі турнирлер өткізілді. ҚР «Тәуелсіздік күні» мерекесі
қарсаңында Б.Өтеп атындағы облыстық «Өнер» мектеп-интернатында оқушылар арасында «Тәуелсіздік жастар көзімен»
атты ән, жыр байқауы жоғары деңгейде өткізіліп, жеңімпаздар аудан әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтарымен
марапатталды.
ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ
Аудандағы 510 даңғыл мен көшелердің 150-нің атауы жоқ, 2016 жылы 109 көшеге жаңа атау беру үшін тұрғындармен
түзілген хаттамалар мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тапсырылды.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңын орындау мақсатында 142 коммерциялық құрылымдарда түсіндіру
жұмыстары ұйымдастырылды, нәтижесінде 62 нысанның маңдайшаларына түзетулер енгізілді.
МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
«ҚР азаматтарына, оралмандарға және ҚР тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты
рақымшылық жасау туралы» ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңын орындау мақсатында аудан әкімі аппаратының
жанынан құрылған мүлікті жария ету жөніндегі комиссиясына 2016 жылы 570 өтініш (құны-7 433,0 млн. теңге) қабылданды.
Комиссия 433 мүлікті жария етуге шешім шығарды (құны-5 500,0 млн. тг), оның ішінде 406 тұрғын үй (5 113,0 млн. теңге),
27 тұрғын емес (387,0 млн.теңге).
http://shymkent.gov.kz
ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Үздік отыздыққа апарар «100
нақты қадам» атты ұлт жоспарын, «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына
Жолдауларының бағыттары бойынша жұмыс жүргізу.
Аудан әкімі аппаратының жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Оның
ішінде аудандағы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік
көмектерді ұйымдастыру.
Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болатын мәселе, оның ішінде
көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру жұмыстарын жалғастыру. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу
мақсатында олардың бос уақыттарын қамтуға жағдай жасау, оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аула клубтарының санын,
оған қамтылатын балалар санын көбейту.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, аулаларды жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру.
Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға қажетті қаржы мәселелерін шешуге көмектесу мақсатында салық базасын ұлғайтуға
бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру.
Тұрғындарды сапалы ауыз су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.

More Related Content

What's hot

Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Zhanbolat Amankeldy
 
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистеріЕңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистеріZhanbolat Amankeldy
 
Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыХалықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыRaushanbek Pazilov
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Zhanbolat Amankeldy
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанZhanat Chukeev
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанZhanat Chukeev
 
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығыҚылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығыRaushanbek Pazilov
 
Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистеріАбай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистеріZhanbolat Amankeldy
 
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығыҮйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығыRaushanbek Pazilov
 
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығыБелгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығыRaushanbek Pazilov
 
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
(каз) гб (свод)
(каз)  гб (свод)(каз)  гб (свод)
(каз) гб (свод)Danil Dorozhkin
 

What's hot (13)

Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
 
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистеріЕңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері
 
Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыХалықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығыҚылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
 
Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистеріАбай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
 
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығыҮйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
 
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығыБелгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
 
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
 
(каз) гб
(каз)  гб(каз)  гб
(каз) гб
 
(каз) гб (свод)
(каз)  гб (свод)(каз)  гб (свод)
(каз) гб (свод)
 

More from Zhanbolat Amankeldy

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Zhanbolat Amankeldy
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаZhanbolat Amankeldy
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміZhanbolat Amankeldy
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміZhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 

More from Zhanbolat Amankeldy (20)

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

  • 1. http://shymkent.gov.kz Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғ. Ильясовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында еліміз өз тәуелсіздігінің 25 жылында бүкіл әлем таңдана, таңырқай қарайтын ғаламат даму жолынан өтіп, ынтымағы жарасқан, экономикасы өркендеген, халықаралық қауымдастық мойындайтын іргелі мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдары халықтың тұрмысы жақсара түсіп, мемлекетіміз әлемдегі дамыған елу елдің қатарына еніп, бүкіл әлемге танылып отыр. Шын мәнінде бұл біздің бірлігі бекем халқымыздың ерен еңбегінің, Елбасымыздың оразан зор алып қызметінің жемісі. Тәуелсіздік жылдары Еңбекші ауданының көлемінде атқарылған көптеген игі істер Елбасының Шымкентті Қазақстандағы үшінші қалаға айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындауға қосқан үлесі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және индустриалды-инновациялық дамуының нақты жолдарын және жаһандық экономикада ілгерілеудің тура бағыттарын айқындап берді. Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауын, «100 нақты қадам» жоспарын аудан тұрғындарына насихаттау және түсіндіру мақсатында өткен 120 кездесуде 16 мыңнан астам тұрғын қамтылды. «100 нақты қадам» ұлт жоспары аясында аудан әкімінің аппаратында кәсіби мемлекеттік аппарат құру бойынша барлық талаптар сақталып, орындалуда. Дәлірек айтқанда, 1-қадам – мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымнан басталуы, 2- қадам – төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы, 4 қадам – мемлекеттік қызметке алғаш қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімін тағайындау,10-қадам – мемлекеттік қызметшілерді конкурстық негізде мансаптық жоғарылату, жоғары лауазымға жылжыту төменгі лауазымнан тек қана конкурстық негізде жүзеге асыру (меритократия қағидаты) және жоспардың т.б. тармақтары ескерілуде. 2015 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің есепті кездесулерінде түскен 58 ұсыныс пен өтініштер бойынша іс- шаралар жоспары түзіліп, 39-на кездесу барысында толыққанды жауап берілді, қалған 19 ұсыныстар бойынша құзырлы мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың мәліметтері жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды.
  • 2. http://shymkent.gov.kz ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ ТУРАЛЫ 2016 жылы аудан әкімі аппаратына 4100 кіріс құжаттары түсіп, 4880 құжат жолданды, жеке және заңды тұлғалардан 330 жазбаша өтініштер тіркелді. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес барлық өтініштер мен арыздар уақтылы қаралып, жауаптар берілді. 2016 жылы облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалар – 43, орындалғаны – 39, тұрақты бақылауда – 4, қала әкімі тарапынан берілген тапсырмалар – 55, орындалғаны – 35, орындалу үстінде – 3, тұрақты бақылауда – 17. Жыл басынан аудан әкімі мен аудан әкімі орынбасарларының жеке қабылдауларында 179 азамат болды. Жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің себептері талқыланып, шешу жолдары қарастырылды, арыз иелеріне уақтылы жауаптар берілді. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК Аудан аумағында 184 өндірістік өнеркәсіп орындары орналасқан, оның ішінде 2016 жылы Үдемелі индустриялды- инновациялық даму бағдарламасы аясында және жеке инвестиция негізінде 6 өндірістік кәсіпорын «Оңтүстік» индустриалдық аймағында 200-ден астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылды. Сонымен қатар «Ордабасы» индустриалдық аймағында 2 өндірістік кәсіпорын 150 ден астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылды. «Оңтүстік» индустриалды аймағында іске қосылған кәсіпорындар: «Shymkent GazoBeton Ltd» ЖШС-ы газобетон блоктарының өндірісі; «Амандык Груп ПлюсЖШС-ы құрылыс материалдарының өндірісі; «КазЭлМаш» ЖШС-сі түсті метал өндірісі; «Эко-Битум» ЖШС-ы жол битумының өндірісі; «ДДЭК» (Жуматаев) ЖШС-ы автомобиль тежегіш колодкаларының өндірісі; «Кирал Достык» ЖШС-ы аяқ киім өндірісі. «Ордабасы» индустриалды аймағында іске қосылған кәсіпорындар: «RAM» ЖШС-ы ағаш өңдеу өндірісі; «Форест груп» ЖШС-ы ағаш өңдеу өндірісі.
  • 3. http://shymkent.gov.kz Сонымен қатар 2016 жылы 858 шағын кәсіпкерлік субъектілері жаңадан тіркелген. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға 2 семинар-кеңес өткізіліп, нәтижесінде 8 азамат мал бордақылау, сүтті сиырларды асырау және өзге де кәсіпкерлік мақсатта төмендетілген пайызбен несие алып, өз кәсіптерін жүргізуде. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында «Кәсіпкерлер құқығы» тақырыбында аудандық прокуратура, ОҚО Кәсіпкерлер Палатасы және аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерін қатыстыра отырып, 3 семинар-кеңес өткізілді, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ ТҰТЫНУ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ОҚО әкімдігімен бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, сауда орындарында тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудандағы базарлар мен 13 үлкен сауда үйлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларына мониторинг жүргізілуде, «Айна», «Күлтай ана» базарларында тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағада қажеттілігіне қарай бірінші қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілуде. «Әсел» базарының автотұрағында әр жексенбі күні жәрмеңке өткізілуде. ЗАҢСЫЗ САУДА ОРЫНДАРЫН ЖОЮ Елбасымыздың «тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» тапсырмасын басшылыққа алып, аудан әкімі аппаратының іс-шара жоспарына сәйкес аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын жою және көшелердің тазалығы мен көріктендіру жұмыстарын зерделеу мақсатында 97 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде ретсіз 159 сауда орындары жойылып, құрылыс материалдарын сататын 35 сауда орындары ретке келтірілді. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204 бабына сәйкес аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері заңсыз сауда жасаушы азаматтарға 1430 хаттама толтырылып, оның 1237-і – ескерту, 2 258 865 мың теңге айыппұл салынды, аталған кодекстің 505 бабына сәйкес 753 хаттама толтырылып, оның 741-не ескерту, 466 620 мың теңге айыппұл салынды.
  • 4. http://shymkent.gov.kz Ауданда орналасқан дүңгіршектердің заңдылығын анықтау бойынша мониторинг жүргізіліп, заңсыз орналасқан жеңіл конструкциялы дүңгіршектерді нысан иелеріне мәжбүрлеп алдыру жұмыстары ұйымдастырылды, нәтижесінде 2016 жылы 44 дүңгіршек және 2 киіз үй жойылды. ЗАҢСЫЗ ЖАРНАМАЛАРДЫ ЖОЮ ҚР «Жарнама туралы» Заңына және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларына сәйкес аудан әкімі аппаратының, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, қалалық сәулет және қала құрылысы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарымен бірлесе 97 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 21 көшедегі 530 жарнама плакаттар және 235 штендерлер, жалпы 765 заңсыз жарнамалар жойылды. САЛЫҚ ТУРАЛЫ Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бірінші кезекте қаржы мәселесі шешілуі тиіс. Аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғаюда. Жергілікті бюджетке 24 690 575,4 мың теңге жиналып, 2015 жылмен салыстырғанда 7,6% артты. Сонымен қатар 125 нысан қайта бағалаудан өтіп, бюджетке қосымша 88 943,3 мың тенге салық түсті. Тіркелмеген тұрғын үйлерді түгендеу жұмыстары барысында 1580 аула қаралды, 856 үй тіркеліп, салық төлеушілер саны артты. АУМАҚТЫ КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ Ауданды көріктендіру, көгалдандыру – бұл, ауданымыздың даму жоспары бойынша, аудан тұрғындарының және қонақтарының жақсы көз-қарастарын қалыптастыру үшін көңіл аударатын ең басты мақсатымыз болып табылады. Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын 5 мердігер мекеме («Арнаулы автокөлік», «Нұр-Сат», «Экоспецтранс», «Нуреке Азия бизнес» ЖШС-лары мен «Бароқбаев» ЖК) көпқабатты секторда аптасына 3 рет, ал жеке секторда аптасына 2 рет жүргізеді.
  • 5. http://shymkent.gov.kz Аталған мекемелер қалалық қоқыс полигонына 14916м3 («Арнаулы автокөлік» ЖШС-ы 9480м3, «Нұр-Сат» ЖШС-ы 2322м3, «Экоспецтранс» ЖШС-ы 1036м3, «Нуреке Азия бизнес» ЖШС-ы -1068м3 мен «Бароқбаев» ЖК-ы 1010 м3) қоқыс шығарып, 51,549 км ирригациялық жүйелер тазаланды. Сонымен қатар, «Бәйтерек-Л.Б.» «Арнаулы автокөлік», «ANEKE GROUP» ЖШС-лары 4473 ағаштарға санитарлық қырқу жұмыстарын жүргізіп, 69 012 ағаш әктелді, 13671,17м2 аумақта шөп ору жұмыстары жүргізілді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы негізгі көшелерде орналасқан нысандардың иелеріне ғимарат қоршауларына әрлеу, сырлау, ретке келтіру жұмыстарын жүргізу туралы 250-ге жуық хабарлама таратылды, нәтижесінде 137 үйдің қасбеттері ретке келтірілді. Ауданда орналасқан мекемелерге, кәсіпорындарға бекітілген аумақтарында санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 2 облыстық, 7 қалалық, 2 аудандық сенбіліктер өткізілді. Сенбіліктерге 37 мыңға жуық адам қатысып, 72 автокөлік тартылды, 23,2 км аяқжолдар тазаланды, қалалық қоқыс полигонына 235,9м³ қоқыс шығарылды. «Нөлдік төзімділік» қағидасының орындалуы бойынша аудандық ЖПҚБ-ның учаскелік полиция инспекторлары тарапынан ҚР ӘҚБтК-ның 434 бабы бойынша 589 хаттама толтырылып, оның ішінде 22 хаттамамен 460 257 теңге айыппұл салынды, ал, 505 бабы бойынша 722 хаттама, оның ішінде 11 хаттама бойынша 466 620 теңге айыппұл салынды, сонымен қатар аудандық ТҚҚБ-ы тарапынан барлығы 354 азаматқа 10 684, 8 мың теңге айыппұл салынды. «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ Шымкент қаласы әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Таза қала» акциясына аудан бойынша «Үлгілі аула» номинациясына 64 көпқабатты тұрғын үй және «Үлгілі көше» номинациясына жеке секторда орналасқан 12 көше комитеттері өтінім білдірді. Конкурс нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйлер бойынша жеңімпаздар: І орын – Ш.Уәлиханов көшесі №231а үй, ІІ орын – «Теріскей» ш/а, №50 үй, ІІІ орын – Жібек жолы даңғылы №26 үй, жеке сектор бойынша: І орын – Түркістан көшесі, ІІ орын – «Базарқақпа» т/а, Е.Юсупов көшесі, ІІІ орын – Желтоқсан көшесі, ынталандыру сыйлықтары бойынша 18 ш/а, №№62,64 үйлер мен Бекет батыр көшесінің тұрғындары иеленді.
  • 6. http://shymkent.gov.kz ТҰРҒЫН ҮЙ, КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ Аудан бойынша 513 көпқабатты тұрғын үйлер Әділет басқармасында кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Кондоминиум нысаны ретінде тіркелмеген 98 көпқабатты тұрғын үйлердің (оның ішінде қосылған аумақта-72, ауданның ескі аумағында – 26 көпқабатты тұрғын үйлер) тұрғындарына кондоминиум нысанының тиімділігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 47 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен келісілген хаттамалар түзілді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімдері үйлердің техникалық құжаттарын дайындағаннан кейін тіркеу жұмыстары ұйымдастырылады. «Өңірлерді дамыту – 2020ж.ж.» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Теріскей», «Күншығыс», «Сайрам» және 11,12,13,15,16,17,18 шағынаудандары тұрғындарының қатысуымен жиналыстар өткізілді, нәтижесінде күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін 16 көпқабатты тұрғын үйлер тізімі Шымкент қаласы тұрғын үй инспекциясы бөліміне ұсынылды. 2015 жылы Төле би көшесі №15 үйге 124,7 млн. теңге қаржы бөлініп, сейсмикалық нығайту жұмыстары 2016 жылы аяқталды. Сонымен қатар, аудандағы 4 көпқабатты тұрғын үйге техникалық зерделеу және екі үйге сейсмонығайту жұмыстары жүргізілді. Ауданда орналасқан 24 көпқабатты тұрғын үйге техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсыныс берілді. ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Аудандағы 526 көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. 2016-2017ж.ж. қысқы жылу маусымына көпқабатты тұрғын үйлерді сапалы және уақытылы дайындау мақсатында аудандық жұмысшы штабы құрылды. «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен бірлесе тұрғын үйлерді қысқы маусымға дайындау іс-шарасы бекітілді. Тұрғындар арасында жылу маусымына дайындық жүргізу қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу кестесі бекітіліп, жұмыстар жүргізілді. Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы жылу маусымына дайындау және қызмет көрсету үшін жалпы 191 үй ТЭУ (ЖЭУ) (33 үй «Пресс» ЖШС-мен, 21 үй «АзияСтройПроект-777» ЖШС-мен, 10 үй «Абико компания» ЖШС-мен, 4 үй «Спецкомплектсервис» ЖШС-мен, 12 үй «Барнне» ПКСК-мен, 42 үй «Теплокомсервис» ЖШС-мен, 30 үй ЖК «Шоманбаев«- пен, 39 үй ЖК «Молиз«-бен) 21 үй «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен келісімшартқа тұрып, ал қалған 314 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары инженерлік жылу жүйелерін өз күштерімен дайындады.
  • 7. http://shymkent.gov.kz Көпқабатты тұрғын үйлерде жылуды сақтау мақсатында кіреберіс есіктер және фрамугалар орнату қажеттігі туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 58 кіреберіс есіктер және 393м2 фрамугалар орнатылды. Сонымен қатар, аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер тұрғындарына жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 50 жылу есептегіш құралдары орнатылды. Ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамтамасыз ету Еңбекші ауданы шағынаудандары мен тұрғын алаптарда орналасқан тұрғын үйлерді сапалы ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әдірахымов 2016-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарын бекітті. Іс-шара жоспарына сәйкес: – «Бадам», «Бадам-2» т/а ауыз сумен қамтамасыз ету үшін; – «Тоғыс» т/а 24 көпқабатты үйге және Шаттық, Тәуелсіздік, Жаңақұрылыс көшелерін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін; – «Ұлағат» шағынауданын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-лары дайындалды. 2016 жылы аудан тұрғындарын сапалы инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету мақсатында келесі жұмыстар атқарылды: Ауыз су бойынша: «Мирас», «Ұлағат» шағынаудандарында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Табиғи газ бойынша: «Мирас» шағынауданында құрылыс жұмыстары жүргізілді. Электр жарығы бойынша: «Оңтүстік» шағынауданы, Жастар, Еламан, Застенная, Саяжол көшелеріне сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында электр жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Демеушілер есебінен: «Базарқақпа» т/а Терекзар көшесіндегі жаңа және құрылысы бітпеген үйлерге электр желілері жүргізіліп, жаңа трансформатор орнатылды. Кәріз жүйесі бойынша: «Оңтүстік» шағынауданында құрылыс жұмыстары жүргізілді. «Жұлдыз», «Базарқақпа», «Тоғыс» тұрғын алаптардағы көпқабатты үйлердің кәріз жүйелерін қайта құруға жобалық сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде. «Базарқақпа» т/а кәріз жүйесінің ЖСҚ-сы экспертизадан өтті, «Тоғыс» т/а кәріз жүйесінің ЖСҚ-сы экспертизаға тапсырылған. АУМАҚТАРДЫ АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАНДЫРУ Аудан аумағында 630 көпқабатты тұрғын үйлер орналасқан. 2016 жылы 85 көпқабатты үй аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізуге, 35 тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшалары, 14 ашық спорт алаңшаларын орнатуға, 11 ҚТҚ (ТБО)
  • 8. http://shymkent.gov.kz жинауға арналған контейнер алаңшаларын қайта құруға және аудандағы 13 баспалдақты жөндеу жұмыстарына ЖСЕ әзірленіп, 2016 жылдың басында Шымкент қаласының экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінім берілді. Нәтижесінде жергілікті бюджет есебінен 244 681 мың тенге қаржы бөлініп, 22 үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату, 2012 жылы балалар ойын алаңшалары орнатылмай абаттандыру жұмыстары жүргізілген 9 үй ауласына балалар ойын алаңшаларын орнату, 11 ҚТҚ (ТБО) жинауға арналған контейнер алаңшаларын қайта құру, 9 баспалдақты жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, республикалық бюджет есебінен Қапал батыр көшесі №№8,9,10,11,12 үйлердің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнатуға 11, 3 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда ауданда абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген көпқабатты 142 үй аулалары бар. Ауданның орталық аумағында орналасқан 58 көпқабатты үй ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату үшін 2017 жылға бюджеттік өтінім берілді. Қалалық ТҮКШ бөлімі тарапынан Қ.Жандарбеков атындағы гүлзарға қайта құру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2016 жылы аудан аумағында орналасқан 321 көпқабатты үй аулалары түнгі жарық шамдарымен қамтылды. (584 бағана орнатылды). 2016 жылға дейін аудан аумағында орналасқан 28 орталық көше жарықтандырылған (55,141км, 1754 жарық шам бағаналары орнатылған), ал 2016 жылы 9 көшенің 20,51 шақырымына 586 бағана және 3 көшенің 12,845 шақырымына (қайта құру) 367 жарық шам бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде, нысандар 2017 жылға өтпелі. СУАҒАР АРЫҚТАР (ИРРИГАЦИЯ) Аудан аумағында ирригациялық жүйелерді қажет ететін көшелер зерттеліп, қалалық ТҮКШ бөліміне ұсыныс жолданып, нәтижесінде 12 нысан бойынша 4822 метрге суағар арықтар орнатылды. Демеушілер есебінен: «Тоғыс» т/а 800 метр арық тазаланды, «Маятас» т/а ағын су баратын 2500 метр канал қазу жұмыстары жүргізілді. «Базарқақпа» т/а Дружба көшесінің бойынан көпқабатты тұрғын үйлерді жауын-шашын суынан сақтайтын ұзындығы 100 метрге жуық арық қазылды.
  • 9. http://shymkent.gov.kz АВТОЖОЛ ЖӘНЕ АЯҚЖОЛДАР Ауданда ұзындығы 487,46 шақырымды құрайтын 510 даңғыл, көшелер мен өткелдер орналасқан. Аудан бойынша жолдарға жөндеу жұмыстарын қажет ететін шағынаудандар мен тұрғын алаптарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қалалық ЖК және АЖ бөліміне ұсыныс жолданды. Нәтижесінде күрделі жөндеу жұмыстары бойынша: «Тараз» шағынауданы: Таңшолпан, Ә.Мырзаходжаев көшелеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталып, Шаңырақ көшесіндегі құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі. «Солтүстік-Шығыс» шағынауданы: атауы жоқ №№1,2 көшелеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталды. «Оңтүстік» ш/а: Еламан №2, Шукуров №1 көшелеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталып, Еламан №3, Шукуров №2 көшелеріндегі құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі. «Мирас» шағынауданы: Мәртөбе көшесіндегі құрылыс жұмыстары аяқталып, Жұпарлы, Ажарлы көшелеріндегі құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі. Орташа жөндеу жұмыстары: Аудан бойынша 37 көшенің 29,184 шақырымына орташа жөндеу (806738,58 мың теңге); 4 көшеге ұзындығы 3,753 шақырым орташа жөндеу және аяқ жол салу (121901,44 мың теңге); 9 көшеге 9,405 шақырым аяқ жол орнату (135496,04 мың теңге) жұмыстары қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жүргізіліп, аяқталды. Сонымен қатар 12,54 шақырымды құрайтын 17 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылды. Қалалық ЖК және АЖ бөлімінің тапсырысына сәйкес, Қапал батыр көшесінде темір жолдың үстіндегі көпірге қайта құру жұмыстарын мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС-ы жүргізіп, 2016 жылдың қазанында пайдалануға берілді, көпірдің ұзындығы 170м, ені 24,4м құрайды. Демеушілер есебінен: «Жұлдыз» т/а бойынша 8,9 шақырым құрайтын 9 көшеге (оның ішінде 2 көшедегі ойық- шұңқырлары бар жерлерін жөндеу) тас төселіп Гагарин, М.Маметова және Панфилов көшелерінің асфальт қабатына жамау жұмыстары жүргізілді. «Қаратөбе» т/а бойынша 3 көшеге 2,8 шақырым тас төселіп, Ю.Саремий, Н. Исраилов және Н. Ирисбеков көшелеріне асфальт қабатын жамау жұмыстары жүргізілді.
  • 10. http://shymkent.gov.kz «Қазығұрт» т/а бойынша 3,95 шақырым құрайтын 6 көшеге тас төселіп, «Айнатас» т/а баратын жолдың асфальт қабатын жамау жұмыстары жүргізілді. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, «Қаратөбе» т/а бойынша Панфилов көшесіне 1165 м (9838,93 мың тг) және Құрбан ата көшесіне 1422 м (11019,64 мың тг) аяқ жолдар орнатылды. Аудан аумағындағы тұрғын алаптардың көшелеріне аяқ жол орнату үшін демеушілер есебінен сметалық есептері әзірленіп, 2017 жылға 25,2 шақырымды құрайтын 26 көшеге аяқ жол орнатуға (227739,9 мың теңге) экономика және қаржы бөліміне бюджеттік өтінім берілді. Т.Рысқұлов көшесінің 1,8 шақырым (42666,0 мың тг), Сайрам көшесінің 1,1 шақырым (25725,0 мың тг), және Ш.Уалиханов көшесінің 1,6 шақырым (38938,0 мың тг) аяқ жолдарына қайта құру жұмыстары қалалық ТҮКШ бөлімі тарапынан атқарылды. Аудан бойынша аяқ жолдар қажет ететін көшелерге, аудан әкімінің аппараты қалалық ЖК және АЖ бөлімімен бірлесе зерделеу жұмыстары жүргізіп 2016-2019 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес аудан әкімі аппаратының, аудандық «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемелері арасында 2016 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандағы білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен жыл басын 32 семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер және ашық есік күндері өткізілді. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚР «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдарына сәйкес мұқтаждық деңгейін анықтау үшін аудан әкімі аппаратында құрылған учаскелік комиссия 210 мәжіліс, 4 семинар-кеңес өткізді.
  • 11. http://shymkent.gov.kz 2016 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткер 111 отбасылардың 77-не «мұқтаж», ал балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға үміткер 3912 отбасылардың 3572-не «мұқтаж» деген қорытындылар берілді. 2015 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 11%-ға азайған, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алатындар 2%-ға көбейген. ҚР Үкіметінің 21.05.2013ж. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына және Шымкент қаласы мәслихатының 24.12. 2013ж. №30/193-5с шешіміне сәйкес, 2016 жылға бір реттік әлеуметтік көмекті алуға құжат тапсырған 449 үміткерлердің үй-тұрмыстық актілері жасалып, 417-не «мұқтаж» деген қорытынды берілді. ҚР Үкіметінің 17.02.2014 жылғы №97 Қаулысына сәйкес «Өрлеу» – отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшарты негізінде табысы аз отбасыға шартты ақшалай көмек енгізу жөніндегі жобаның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тапсырған 63 отбасының 59 отбасына «мұқтаж» деген қорытынды берілді. Шымкент қаласы бойынша мүгедектерге қолжетімді орта құруға кәсіпкерлерді жұмылдыру мақсатында 2016 жылдың 20 сәуірі мен 20 маусымы аралығында «Біз біргеміз!» атты акция өткізу үшін ауданда 9 жұмысшы топ ұйымдастырылды, нәтижесінде аудан бойынша 43 көшедегі, 519 объекті иелеріне жадынама таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік инфрақұрылымдық колжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы коммерциялық нысан иелерімен 154 меморандум түзілді. Сонымен қатар, 21 көше қиылыстарына мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дыбыстайтын және жарық беретін құрылғыларды бағдаршамдарға орнату және 33 көшенің 29000 ш.м. жаяу жүргіншілер жолдарын (тротуарларын) құрылыс нормаларына сәйкес ретке келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі жөнінде, №5 қалалық емханаға, облыстық тері- венерологиялық, облыстық туберкулезге қарсы диспансерлеріне және қалалық жұқпалы ауруханада арнайы лифтілер орнату қажеттігі туралы, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне, «Су ресурстары және Маркетинг» ЖШС-на, Шымкент МГБҚ «Интергаз Орталық Азия» АҚ-на, Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясына, «Қуат Жылу орталық-3» МКК-на ұсыныс хаттар жолданды. Нәтижесінде Т.Рысқұлов – Ж.Шаяхметов, Елшібек батыр – Ш.Уәлиханов, Ш.Уәлиханов – Сайрам көшелерінің қиылыстарына бағдаршамдарға «дыбыс беру құрылғылары» орнатылды, 9 көшеге ұзындығы 14,921 шақырымды құрайтын аяқжол салынды (М.Мәметова, Қапал батыр, Бахриз Рамиз, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов, И.Тайманұлы, А.Әлімбетов, Амур аға, Еламан) сонымен қатар Тәуке хан даңғылында тротуар салу жұмыстары жүргізілуде. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 4330, әлеуметтік жұмыспен – 575, жастар практикасына – 588, қайта даярлаудан өткендер саны – 268.
  • 12. http://shymkent.gov.kz ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ, НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ Діни экстремизмнің керағар діни ағымдар мен секталар іс-әрекетінің алдын алу мақсатында 2016 жылы тұрғындар, студенттер мен оқушылар арасында 58 кездесу өткізілді, 2015 жылмен салыстырғанда 37%-ға артқан. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.08.2013 жылғы №876 қаулысына сәйкес, ауданда орналасқан ірі 157 нысандардың терроризмге қарсы қорғалу паспорттары әзірленіп, ОҚО ІІД-ның терроризмге қарсы күрес басқармасына тапсырылды. ОҚО әкімдігінің «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес нашақорлықтың алдын алу мақсатында оқушылар мен студенттердің қатысуымен 55 семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер мен акциялар өткізілді, кездесулерде 3 мыңнан астам адам қамтылды, 2015 жылмен (41 кездесу) салыстырғанда 14 кездесуге немесе 20%-ға артқан. Жасөспірімдер арасында қылмыстылықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу Аудан әкімінің, аудан прокурорының, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, аудандық полиция және қалалық білім бөлімдерінің бірлескен бұйрығына сәйкес 8 мобильдік топ құрылып, 50 семинар–кеңестер өткізілді. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу және қылмыстылықтың алдын алу мақсатында 70 түнгі рейд ұйымдастырылып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 442.2,127,132,133,200 баптарына сәйкес 844 хаттама толтырылды, оның ішінде 772 ата-анаға ескерту, 66 ата-ана мен 6 ойынхана иелеріне айыппұл салынды. Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында аудандық прокуротура, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің, гинеколог дәрігерлердің және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен 45 семинар-кеңестер өткізілді. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында каратэден әлем чемпионы, Азия кубогының чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері М. Катешовпен, кикбоксингтен әлем чемпионы, әлем кубогының чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Н.Төлегеновпен және кикбоксингтен жастар арасында Әлем чемпионы, ҚР-ның 2 дүркін жеңімпазы, спорт шебері Ж.Махамбетпен мектеп оқушыларымен және колледж студенттері арасында кездесулер өткізілді.
  • 13. http://shymkent.gov.kz БІЛІМ САЛАСЫ Есепті кезеңде 320 орындық 1 мемлекеттік және 446 орындық 4 жекеменшік балабақшалар ашылып, 2015 жылмен салыстырғанда балабақшамен қамтылған балалардың саны 15%-ға артты. Бюджеттен 815 709,4 мың.теңге қаржы бөлініп, №№32,45,73 балабақшалар мен №№28,38 мектептерге күрделі (1-кезең) жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. «1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні» және 1-қыркүйек «Білім күні» мерекелері қарсаңында Д.Ерімбетов көшесінде 320 орындық балабақша және «Базарқақпа» т/а 600 орынға арналған типтік мектеп пайдалануға берілді. «Оңтүстік» ш/а №34 мектептің қосымша құрылыс жұмыстарына 692,7 млн. теңге, «Бадам-2» т/а типтік 300 орындық мектеп құрылысына 957,1 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде, нысандар 2017 жылы пайдалануға беріледі. ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясы, «Отбасылық психологиялық», «Әйелдер ресурстық» орталықтарымен, «Ару Аналар», «Сана Сезім» ҚБ-мен бірлесе «Қолжетімді баспана-2020», «Жұмыспен қамту- 2020», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Отбасылық тәрбие»,«Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары» тақырыптарында 30 семинар-кеңестер өткізді. Ауданда 605 ана алтын, 999 ана күміс алқасымен марапатталған. 2016 жылы 15 анаға алтын, 53 анаға күміс алқалары салтанатты түрде табысталды. МЕРЕКЕЛІК-СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР 2016 жылы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 13 мемлекеттік және ұлттық мерекелер өткізілді, бұл іс-шараларға жалпы 9 мыңға жуық тұрғындар, көше, үй комитет төрағалары, мекеме-ұйым ұжымдары мен мәслихат депутаттары белсене қатысты. 7 спорт мектебі мен орта мектептердегі секцияларға 8 мыңнан астам оқушылар мен студенттер қатысады.
  • 14. http://shymkent.gov.kz Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар мен жастардың уақытын тиімді де, пайдалы өткізу мақсатында ағымдағы жылдың сәуірінде №11 спорт мектебінде Каратэ-додан қалалық ашық біріншілік, мамырда «Манчестер» спорт кешенінде, тамызда №39 мектептің стадионында, қазанда «Арман» спорт кешенінің салтанатты ашылуында 700-ге жуық жасөспірімдер қатысқан кіші футболдан жарыстар ұйымдастырылды. ҚР «Тұңғыш Президенті күніне» орай қарашада №36 мектепте колледж студенттері арасында баскетболдан, «Манчестер» спорт кешенінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында үстел теннисінен дәстүрлі турнирлер өткізілді. ҚР «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында Б.Өтеп атындағы облыстық «Өнер» мектеп-интернатында оқушылар арасында «Тәуелсіздік жастар көзімен» атты ән, жыр байқауы жоғары деңгейде өткізіліп, жеңімпаздар аудан әкімінің дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ Аудандағы 510 даңғыл мен көшелердің 150-нің атауы жоқ, 2016 жылы 109 көшеге жаңа атау беру үшін тұрғындармен түзілген хаттамалар мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тапсырылды. ҚР «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңын орындау мақсатында 142 коммерциялық құрылымдарда түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды, нәтижесінде 62 нысанның маңдайшаларына түзетулер енгізілді. МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР «ҚР азаматтарына, оралмандарға және ҚР тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V Заңын орындау мақсатында аудан әкімі аппаратының жанынан құрылған мүлікті жария ету жөніндегі комиссиясына 2016 жылы 570 өтініш (құны-7 433,0 млн. теңге) қабылданды. Комиссия 433 мүлікті жария етуге шешім шығарды (құны-5 500,0 млн. тг), оның ішінде 406 тұрғын үй (5 113,0 млн. теңге), 27 тұрғын емес (387,0 млн.теңге).
  • 15. http://shymkent.gov.kz ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарын, «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауларының бағыттары бойынша жұмыс жүргізу. Аудан әкімі аппаратының жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Оның ішінде аудандағы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмектерді ұйымдастыру. Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болатын мәселе, оның ішінде көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру жұмыстарын жалғастыру. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында олардың бос уақыттарын қамтуға жағдай жасау, оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аула клубтарының санын, оған қамтылатын балалар санын көбейту. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, аулаларды жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру. Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға қажетті қаржы мәселелерін шешуге көмектесу мақсатында салық базасын ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру. Тұрғындарды сапалы ауыз су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.