SlideShare a Scribd company logo
1 of 11
Download to read offline
http://shymkent.gov.kz
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп
беру кездесулеріндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының,
әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына
сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің 2016 жылғы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу
жоспарланып, 2017 жылға негізгі міндеттері айқындалуда. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі аудан аумағының 3
жерінде есеп береді.
2016 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері 3 жерде өткізілді. Кездесу барысында
тұрғындардан 98 сұрақтар мен ұсыныстар түсіп, олардың 6-на кездесу барысында жауап берілді, 5 өтініш мекенжайына
байланысты аудандарға жолданды 87-сы бойынша іс-шара түзіліп, оның 64-і бойынша толық жауап беріліп, орындалуына
байланысты бақылаудан алынған, 23-і 2017-2018 жылдардың жоспарына енгізілетін болады. Түскен өтініштердің орындалуы
бойынша әр тоқсан сайын, мәліметтер аудан әкімінің ресми сайтында жарияланып тұрды.
Аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2016 жылы 519 өтініш түсті, оның ішінде: коммуналдық мәселелер
бойынша – 240, әлеуметтік мәселелер бойынша – 24, кәсіпкерлік саласы бойынша – 57, транспорт және коммуникация бойынша –
52, қаржы мәселесі бойынша – 40, құрылыс мәселесі бойынша – 4, жер мәселесі бойынша – 23, басқа да мәселелер бойынша – 79
өтініш. Барлық өтініштер мен арыздар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі
туралы» Заңына сәйкес қаралды. Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратына 2016 жылы – 4018 құжат түсіп, 4041 құжат жіберілген.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының халық саны 156383, ауданында 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады, 15 ұлттық-
мәдени орталық, 14 діни бірлестіктер, 73 өндірістік мекемелер мен кәсіпорындар, 44 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 665
көпқабатты тұрғын үйлер және 13 505 жеке үйлер орналасқан.
http://shymkent.gov.kz
КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ
2016 жылы Әл-Фараби ауданы бойынша елді мекендерді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету жұмыстарына қалалық
бюджеттен 83,5 млн. теңге бөлінген.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам
жолдарын тазалау бойынша 7 учаскеге бөлінген, әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.
Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, шағын
аудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстарын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Нұр-Сат» ЖШС, «Баспана-
Комфорт» ЖШС, «Эко Спец Транс» ЖШС, мекемелері және елді мекендерді абаттандыру және көріктендіру бойынша жұмыстарды
«Қазақ соқырлар қоғамы» «Төлеби» ЖШС корпоративтік қоры мекемесі атқаруда. Аталған мекемелер қәзіргі уақытқа дейін
4770,76м³ қоқыс полигонға шығарылды. 330708м² шөп орылды, 1121 қураған ағаштар кесіліп, 13985 тал санитарлық қырқылды және
48923 ағаш түптері әктелді.
Әл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 185 контейнер алаңшалары және 626 қоқыс контейнерлері
бар.
Ауданның орталық аумағында және жаңадан қосылған елді мекендерде санитарлық тазалау және көріктендіру, көгалдандыру
жөнінде көктем айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аудандағы
орам (квартал), көше, үй басқарушылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 17-рет қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте
52 техника мен 35200-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 51 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды,
4600 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 9700 түп ағаш әктелді және 870 м3 күл – қоқыс шығарылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы «Таза қала» акциясын жариялады.
Акцияға «Үздік аула» және «Үздік көше» номинациялары бойынша Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан аула, көше атынан
үй және көше комитетінің төрағалары қатысты.
Әл-Фараби ауданы бойынша «Таза қала» акциясына қатысуға «Үздік аула» номинациясына 61 және «Үздік көше» номинациясына
28 өтінім беріліп, коммисияның қорытындысына сәйкес, Ш.Рашидов көшесіне, №25а үйге «Үздік аула» номинациясы, «Забадам»
шағынауданы, Сералиев көшесіне «Үздік көше» номинациясы берілді.
http://shymkent.gov.kz
ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Әл-Фараби ауданы аумағында жылу қабылдайтын 610 көпқабатты тұрғын үй тіркелген. 2016-2017ж.ж. жылу маусымында
«Қуатжылуорталық-3» МКК арқылы 610 көпқабатты тұрғын үй жылу алуда.
Көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдарының есік-терезелерін
бүтіндеу, жұмыс істемейтін тік құбырларды ауыстыру тұрғындардың өз күштерімен жасалатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары
жүргізіліп, нәтижесінде 68 жұмыс істемейтін тік құбыр анықталып, ауыстырылды. 75 кіреберіс алаңдарының есігі, 364м² фрамугалар
тұрғындардың өз күштерімен орнатылды.
Сонымен қатар, жылу энергиясын үнемдеу мақсатында аудан тұрғындарына жылу есептегіш құралының тиімділігі туралы
түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 56 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш құралы орнатылды.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫ
Ағымдағы жылы аудан бойынша көшелерге орташа жөндеу жұмыстарына 122,0 млн. теңге бөлініп 17 көшенің 7,3 шақырымына
орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Балауса, Айкөл, Қарабастау, Чайковский, Химфарм, Гоголь, Трактовый, Мыңжылқы,
Шолохов, Тұрсынбаев, Откорм, Казправда көшелері, «Наурыз», «Бам» шағынаудандарындағы және №6 орта мектеп жанындағы
атауы жоқ көшелер, Мәделі Қожа, Светофорный өткелдері) Сонымен қатар аудан аумағында орналасқан үш мектептердің жанынан
аяқ жол салу жұмыстары және 8 көшеге орташа жөндеу, аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді.
Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 39095 абоненттің 99,7% (39015 абонент) тәулік бойы ауыз сумен қамтылған, 0,3% (80
абонент) тасымалды және ұңғыма арқылы су ішеді.
Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 200 үйлердің тәулік бойы 60,0% (120үй) тасымалды және ұңғыма арқылы 40,0% (80үй)
су ішеді.
Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 39095 абоненттің 99,7% (38317 абонент) электр қуатымен қамтылған.
Шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық даму картасына сәйкес, «Бадам» шағынауданына Сайрам ауданынан қосылған
«Откорм» елді мекенін, табиғи газбен, ауыз сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленуде.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан Әл-Фараби ауданы аумағында 12 көшеге жалпы ұзындығы-3677
м ирригациялық жүйелерін жөндеу мен қалпына келтіру бойынша сметалық құжаттамасы дайындалды. Қазіргі таңда жұмыс
толығымен аяқталды. Атап айтқанда: Әлімқұлов көшесіне – 103м, Сман Әзім көшесіне – 227м, Л.Толстой көшесіне – 28м, Кіші
Самал 2 ш/а Қазиев өткеліне – 349м, Төменгі Отырар ш/а маңындағы Бәйдібек би көшесіне – 42м, Забадам ш/а Ақжауын көшесіне –
http://shymkent.gov.kz
76м, Забадам ш/а Менжинский мен Қ.Спатаев көшесіне – 311м, Айқап ш/а Жаңа-жол көшесіне – 16м, Баян батыр және
Кржижановский көшелеріне – 1230м, Маликов көшесіне – 507м, Ескі Автовокзал маңындағы Зханшугуров және Быковский
көшелеріне – 390м.
Әл-Фараби ауданы бойынша 2016 жылға дейін 274 қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан
жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 682 көпқабатты үйдің ауласын жарықтандыру жұмыстары атқарылды.
Қалалық бюджеттен 232,6 млн. теңге қаржы бөлініп, 16 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын
алаңшаларын орнату үшін, «Мерей LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен түзілген 2016 жылғы 26 қыркүйектегі №101-108
келісім-шартқа сәйкес жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Наурыз ш/а №1а, №1б; Айбергенов көшесі №1, №1г, №5а ,№5, №1а,
№1б, №6; Байтұрсынов көшесі №59а, №70; Л.Володарский көшесі №2; Қабанбай батыр көшесі №13, №24; Т.Әлімқұлов көшесі №7а;
Т.Айбергенов көшесі №1а, 1б, №6; Д.Қонаев даңғылы №13; Тәуке хан даңғылы №32, №8; В.Суриков көшесі №3а; С.Жандосов
көшесі №2; Орманов №40 мекен-жайларына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары атқарылды.
Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданы, Текесу елді мекеніндегі мектептен мешітке дейінгі Текесу көшесіне республикалық
бюджеттен аяқжол (тротуар) жүргізу үшін 5399,5 млн. теңге қаржы қарастырылған. Текесу көшесіне аяқжол (тротуар) жүргізу үшін
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Төлеби» корпоративтік қоры тарапынан жұмыстар жүргізілді.
2016 жылы Әл-Фараби ауданы, Текесу елді мекені, Текесу көшесін абаттандыру үшін республикалық бюджеттен 6584,5 млн.
теңге қаржы бөлініп, «Сенімді құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жұмыстар жүргізілді.
Әл-Фараби ауданы бойынша 54 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы баспалдақтарды жөндеу жұмыстарына қалалық
бюджеттен 17,0 млн. теңге бөлініп, «Строитель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жұмыстар жүргізілді.
БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ОРЫНДАРДАҒЫ САУДА
2016 жылдың басынан бастап қазіргі таңға дейін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің тарапынан
Әл-Фараби ауданы бойынша ретсіз саудамен айналысып отырған тұлғаларға күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап
айтсақ: Төле би, Қазыбек би, Түркістан, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, М.Х.Дулати, Әйтеке би, Амангелді, Адырбеков, Ш.Қалдаяқов,
Республика, Тәуке хан, Ш.Рашидов және Жангельдин көшелері. Күнделікті түсіндірме жұмыстарының арқасында жоғарыда аталған
көшелердің бойлары тазартылды. Қала аумағындағы базар басшыларынан ретсіз сауданы болдырмау мақсатында бос сауда
орындары туралы мәліметтер сұратылып, нәтижесінде: Қазбек базарында – 20 орын және Қырғы базарында – 100-120 орын бар
екендігі анықталды. Төле би көшесінің бойында ретсіз саудамен айналысып отырған 173 тұлға Қырғы базарға кіргізілді және
«Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс ұсынылды.
http://shymkent.gov.kz
Аудан аумғында орналасқан заңсыз дүңгіршектер бойынша аппарат қызметкерлері тарапынан күнделікті анықтау жұмыстары
жүргізілуде. Қазіргі таңға Шымкент келбеті газетіне 23 нысан жария етілді. Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекет меншігіндегі
жер учаскелерін өз бетінше иеленген жеке және заңды тұлғаларға Жер Кодексінің 43-бабы 10-тармағының талаптарын бұзғаны
үшін, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік істер қозғалып, жалпы соммасы 4 242
000 (төрт миллион екі жүз қырық екі мың) теңге айыппұл салынған. 2016 жылдың басынан 78 заңсыз дүңгіршектер және 8 киіз
үйлер алынды. Сонымен қатар, Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция бөлімінің тарапынан ҚР-ның «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» Кодексінің 204 – бабына сәйкес, 572 хаттама толтырылып, 544-не ескерту беріліп, оның 28-не 381 780 теңге
көлемінде айыппұл салынып, 238 612,5 теңге өңдірілді. Ал, 505 – бап бойынша 723 хаттама толтырылып, 7-не 296 940 теңге
көлемінде айыппұл салынып, 212 100 теңге өңдірілді.
ЗАҢСЫЗ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН ЖАРНАМАЛАР
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» және «ҚР-дағы тіл туралы» заңдарының және Оңтүстік Қазақстан облыстық
маслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №25/204-V шешімімен бекітілген «Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді
мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасының» талаптарын түсіндіру мақсатында, Әл-Фараби ауданындағы негізгі
көшелерде және коммерциялық нысандарда, сауда орындарында орналасқан жарнамаларды ретке келтіру мақсатында Шымкент
қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Әл-Фараби ауданы бойынша салық
басқармасы, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби полиция бөлімдерімен бірлесіп тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппараты тарапынан тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп, қазіргі таңда 3000-ға жуық заңсыз
жарнама алынып, жеке кәсіпкерлерге жарнамаларын заңдастыру қажет екендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу
барысында 139 кәсіпкер Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне барып, салық төлеуші ретінде тіркелген.
Жыл басынан жарнама бойынша 66 604,1 мың теңге түсім түскен.
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының өсу себептеріне мониторинг және талдау жасау жөнінде штаб
құрылған. Штаб жанындағы жұмысшы топ мүшелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті
мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр. Мониторинг қорытындысы бойынша ақпарат күнделікті қалалық кәсіпкерлік бөліміне
http://shymkent.gov.kz
жолданып отыр. Аудан аумағында 33 нысан мониторингке алынып, (базарлар-4, сауда үйі-19, дүкендер-10) бағаны тұрақтандыру
мақсатында меморандумдарға қол қойылып, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан баға тұрақты
қадағаланып отыр.
КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының Текесу, Сәуле елді мекендерінде, БАМ шағынауданындағы Н.Төреқұлов
атындағы №62 және Самал-2 шағынауданындағы А.Асқаров атындағы №77 жалпы орта мектептерінде тұрғындары арасында
«Ырыс», «Агро» және «Кәсіпкерлерді қолдау орталығы» мамандарымен бірлесе «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы
аясында аптасына 1 рет жиналыстар өткізілуде. Нәтижесінде, 7 жеке кәсіпкер, жалпы сомасы 29 млн. теңге көлемінде ауыл
шаруашылығы мақсатында микро кредиттік ұйымнан несие алуға ниет білдірді. Қазіргі таңда құжаттары қаралуда.
Сондай-ақ, 2016 жылдың басынан бері, ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Кәсіпкерлік мектебінің кәсіпкерлік
негіздері, тематикалық тренинг, салалалық мастер-класс оқуынан Әл-Фараби ауданы бойынша 40 кәсіпкер тыңдаудан өткен.
Оның басым көпшілігі кәсіпкерлікке енді қадам басып келе жатқан жеке тұлғалар. Мастер-класс оқуларына келген еріктілердің
саны 30-ды құраса, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп кәсібін дөңгелетіп отырған 8 кәсіпкер сабаққа қатысты. Сонымен қатар, аталған
оқуларға заңды тұлға ретінде тіркелген серіктестіктер де қатысты. Олардың саны 2.
МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ
Мүлікті жария ету науқанын халық назарына жеткізу мақсатында Облыс әкімінің орынбасары Е.Садырдың төралығымен
мүлікті жария ету жөніндегі акцияның өткізілуі барысы туралы өткен мәжілістің №4 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, үгіт-
насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында Шымкент қаласының ішкі саясат бөліміне хаттар жолданып, нәтижесінде Әл-
Фараби ауданы бойынша 5 тақырыптық баннерлер дайындалып ілінді. Сондай-ақ, «Шымкент келбеті» газетінде «Науқан»,
«Акция» атты арнайы тақырыптық айдарлар ашылып, 29 қаңтардағы №8 санында «Мүлікті заңдастыру жалғасуда», 17 ақпандағы
№13 санында «Мүлікті заңдастыру жалғасуда», «Айғақ» газетінің №4 санында «Мүлікті жария ету акциясына қатысқан
азаматтардың аты құпия болады» тақырыптарында мақалалар жарияланды және қала әкімдігі мен аудан әкімдігінің ресми
сайттарында ақпараттық материалдар орналастырылған (http://alfarabi-shym.kz және http://shymkent.gov.kz). Сонымен қатар,
Сәуле, Текесу елді мекендерінде және БАМ шағынауданы №62 мектепте «Мүлікті жария ету науқаны жалғасуда» атты
http://shymkent.gov.kz
жиналыстар өткізілді және Облыс әкімшілігінде аудан әкімінің қатысуымен мүлікті жария ету туралы брифинг өткізілді.
Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының тарапынан халықты толық хабардар ету мақсатында үйлер аралап
қазіргі таңға 6900 парақшалар таратылды. Шымкент қаласының тұрғындарын толық хабардар ету мақсатында мүлікті жария ету
науқаны туралы үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру үшін «Омега XXI» ЖШС-нің директоры Т.Ибраевқа коммуналдық
қызметті тұтынушылардың түбіртегіне мүлікті жария ету науқаны туралы ақпаратты қосымша жарнама ретінде тіркеуге ұсыныс
жолданып, қазіргі таңда мамыр, маусым айының түбіртегінде жарияланған.
Қазіргі таңда 342 өтініш комиссия қарауына түскен, оның 196 өтініші комиссия шешімімен жария етілді, 146 өтінішке комиссия
шешімімен жария етуден бас тартылды. Жария етілген мүліктің соммасы 3 061 073 600 теңге.
ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
2016 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алуға 4898 үміткер отбасының 4589 отбасы «мұқтаж» деп танылды.
Ал, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 91 үміткер отбасының 83 отбасы «мұқтаж» деп танылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына
және Шымкент қаласының мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №30/193-5с шешіміне сәйкес, аудандағы 10 айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмекке үміткер 602 отбасының үйлеріне барып, учаскелік комиссия үй-
тұрмыстық актілері жасалды, 556 отбасы «мұқтаж» деп танылды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін аудан тұрғындары арасында түсіндіру
жұмыстарын жүргізу мақсатында 9 рет кездесу өткізілді.
2016 жылы жұмыссыз ретінде 3892 азамат тіркелген. Жұмысқа орналасқандары – 2766 адам. Оның ішінде: бос жұмыс
орындарына орналасқандар – 1401 адам, кәсіптік даярлау арқылы жолданғандары – 171 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға
жолданғандары – 128 адам.
Әл-Фараби аудан аумағындағы кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы 250
отбасыларға азық-түліктей көмек көрсетілді.
«Мүгедектер күніне» орай аудандағы кәсіпкерлердің қолдауымен 25 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қол арба берілді.
http://shymkent.gov.kz
ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ
2016 жылы Әл-Фараби ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия
жыл басында бекітілген кестеге сәйкес жұмыс жасауда. Ауданда орналасқан мемлекеттік емес ұйымдармен, аудандық ішкі істер
бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп әйелдердің құқығын қорғау мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы
туралы», «Отбасылық тәрбие», «Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары», «Әйелдер арасында қатерлі ісік ауруларын
алдын алу» 3 жиналыс, 4 семинар-тренингтер мен 16 кездесулер өткізді.
Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 4156 көп балалы аналар бар, олардың 423 «Алтын алқа» және 1152 «Күміс алқа»
иегерлері. 2016 жылы 61 көп балалы аналардың құжаттары рәсімделіп, 9 анаға «Алтын алқа» және 22 анаға «Күміс алқа»
белгілері салтанатты түрде табыс етілді.
ЕЛБАСЫНЫҢ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын және 5
институционалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау, халық арасында насихаттау және
қолдау мақсатында аудандағы оқу орындары мен медицина мекемелері мен кәсіпорындарда 110 кездесу өткізілді.Кездесуге 45
мыңға жуық адам қатысты.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес құзырлы мекемелермен
бірлесіп 4 дөңгелек үстел, 8 құқықтық сабақ ұйымдастырылып, өткізілді. Сонымен қатар 2 рет «Қазақстанда жемқорлыққа жол
жоқ» атты мақала газетте жарияланды.
Аудандағы барлық мектептерде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық және нашақорлықтың алдын-алу
бойынша аудандық ішкі істер және облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог мамандармен кездесулер өткізіліп, БАҚ-та
жарияланды. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан 24 мектепте дін туралы түсінік беру мақсатында дінтанушы
мамандармен кездесулер өткізілді.
http://shymkent.gov.kz
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, теріс бағыттағы діни ағымдардың алдын алу мақсатында аудан
тұрғындарымен әр жұма күні мешіттерде имамдармен кездесулер ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халық көп
жиналатын обектілерде (сауда үйлер, дүкендер және т.б.) қауіпсіздік шараларына мониторинг ұйымдастырылды.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен теміржол жағалауына жақын орналасқан №79 және №22
мектептерде «Теміржол қауіпсіз аймақ!» тақырыбында теміржол және полиция қызметкерлерімен бірігіп кездесулер өткізіліп,
оқушыларға тәрбиелік маңызы бар бейнероликтер көрсетілді.
ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ
Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 375 көше бар, оның 62 атауы жоқ көшелер. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, көшеге атау беруді уақытша тоқтату (мораторий)алынуына орай, 60 көшеге атау беру
бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп хаттамалары толтырылды, хаттамалар қалалық мәслихаттың қарауына
ұсынылып, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық Ономастикалық комиссияға жолданды.
Таксопарктердің қолдау көрсетуімен «Спорт» шағынауданы мен А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан 45 көпқабатты
тұрғын үйге көше атауымен нөмірі жазылған тақтайшалар ілінді.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы жаңа үлгідегі көше атауы жазылған 5000 тақтайша«Arken Grup» ЖШС мердігер
мекемесімен ілінді.
Ал, аудандағы басты көшелердің қиылыстарына «Азамат Транс Монтаж» ЖШС мердігер мекемесімен 250 қиылысқа көше
атауы жазылған бағыттағыштар орнатылды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарын түсіндіру
мақсатында аудандағы негізгі көшелердегі коммерциялық нысандардағы маңдайшалары мен жарнамаларды ретке келтіру
мақсатында 46 рет түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
МӘДЕНИ-АҒАРТУ САЛАСЫ
Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратымен 2016 жылы іс-шара жоспарына сәйкес мемлекеттік мерекелерге арналған 9 іс-
шара ұйымдастырылып, өткізілді.
http://shymkent.gov.kz
Атап айтқанда, «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Жеңіс күні», «Астана күні», «Қазақстан Республикасының
Конституция күні», «Тәуелсіздік күні», «Қала күні», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні», «Жаңа жылдық
шырша».
Ауданымыздағы демеушілердің қолдауымен 11 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «1-маусым
балаларды қорғау күні», мектепке жол акциясы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қол арба беру, мүгедек балаларды
цирк қойылымдарына, дельфинариумға алып бару және сол сияқты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ауданда орналасқан жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студенттеріне және мектеп оқушыларына «Астана
болашақтың қаласы», «Ұлттық валюта», «Шымкент – менің сүйікті қалам», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай, «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы», жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, өз мамандығын дұрыс
таңдау, еңбек саласында жетістіктерге жету және т.б.тақырыптағы кездесулер, дөңгелек үстелдер мен пікір алмасулар
ұйымдастырылды.
Аудан аумағында орналасқан 45 мемлекеттік мекемелердің ғимаратындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
рәміздеріне қойылатын талаптарын сақтау бойынша құзырлы мекемелерге 64 ұсыныс жолданып, кемшіліктер қалпына
келтірілді.
Әл-Фараби ауданы аумағында 29 саябақ,19 ескерткіш және 11 субұрқақ бар. Аталған нысандарға тұрақты түрде зерделеу
жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер құзырлы мекемелерге хатпен жолданып отырды.
Аудан әкімінің аппаратымен өткізілген барлық іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар «Қазақстан-Шымкент», «Отырар»,
«Айғақ» теле арналарына және «Шымкент келбеті», «Южный Казахстан», «Оңтүстік Қазақстан» «Оңтүстік Рабат» газет
беттерінде және http://www.alfaraby-shym.kz сайтында жарияланды.
http://shymkent.gov.kz
2017 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
1. Өңірлерді дамытудың 2020ж. дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру.
2. Аудан аумағын санитарлық тазалықта ұстауды ұйымдастыру және қадағалау.
3. Балалар ойын алаңшаларын, аулаларды ретке келтіруді ұйымдастыру.
4. Тұрақты түрде аудан аумағына қарасты елді мекендерде сенбіліктерді ұйымдастыру және өткізу.
5. 2017-2018 жылу беру маусымына сығымдау-дайындау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
6. Спорт алаңшаларын, спорт ангарларын, тренажер алаңшаларын құруды ұйымдастыру.
7. Ретсіз сауда, заңсыз жарнаманы болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізу.
8. Атаулы әлеуметтік көмек пен балалар жәрдем ақыларына арналған іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру.
9. Жоспарланған мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу.
10. Аудан аумағында ономастика саласы бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру.
11. Жалға берілетін пәтерлерді заңға сәйкес пайдалану бойынша кешенді жұмыстар ұйымдастыру.

More Related Content

What's hot

Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Zhanbolat Amankeldy
 
Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистеріАбай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистеріZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Zhanbolat Amankeldy
 
Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәлімет
Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәліметТұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәлімет
Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәліметZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫШымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы
Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы
Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыХалықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыRaushanbek Pazilov
 
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығыҚылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығыRaushanbek Pazilov
 

What's hot (12)

Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
 
Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистеріАбай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
 
Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәлімет
Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәліметТұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәлімет
Тұрғын үй бағдарламасының орындалуы бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫШымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы
Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы
Шымкент қаласын ауыз сумен қамтамасыз етудің жағдайы
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыХалықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы
 
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығыҚылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы
 

Viewers also liked

Tom Hopcroft: State of the Tech Economy Key Findings
Tom Hopcroft: State of the Tech Economy Key FindingsTom Hopcroft: State of the Tech Economy Key Findings
Tom Hopcroft: State of the Tech Economy Key FindingsMassTLC
 
Тезисы отчета акима аль фарабийского района
Тезисы отчета акима аль фарабийского районаТезисы отчета акима аль фарабийского района
Тезисы отчета акима аль фарабийского районаZhanbolat Amankeldy
 
Social Tailor Project v1
Social Tailor Project v1Social Tailor Project v1
Social Tailor Project v1Colin Gilchrist
 
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за Успех с Ясен Николов
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за Успех с Ясен НиколовРелаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за Успех с Ясен Николов
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за Успех с Ясен НиколовYasen Nikolov
 
Тезисы отчета акима енбекшинского района
Тезисы отчета акима енбекшинского районаТезисы отчета акима енбекшинского района
Тезисы отчета акима енбекшинского районаZhanbolat Amankeldy
 
Work ex thank you letter
Work ex thank you letterWork ex thank you letter
Work ex thank you letterChesse Thu
 
Empirically speaking – practical application of theoretical principles in dis...
Empirically speaking – practical application of theoretical principles in dis...Empirically speaking – practical application of theoretical principles in dis...
Empirically speaking – practical application of theoretical principles in dis...Rita (Dr. Rita) Zuba Prokopetz
 
12.05.2016 ж. дои после
12.05.2016 ж. дои после12.05.2016 ж. дои после
12.05.2016 ж. дои послеZhanbolat Amankeldy
 
Clár frithbhulaíochta aonad 1
Clár frithbhulaíochta aonad 1Clár frithbhulaíochta aonad 1
Clár frithbhulaíochta aonad 1Classroom Guidance
 
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за успех с Теб и Ясен Николов - Въп...
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за успех с Теб и Ясен Николов - Въп...Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за успех с Теб и Ясен Николов - Въп...
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за успех с Теб и Ясен Николов - Въп...Yasen Nikolov
 
CAMPAIGN "RUN! LIVE AKTIVELY!
CAMPAIGN "RUN! LIVE AKTIVELY!CAMPAIGN "RUN! LIVE AKTIVELY!
CAMPAIGN "RUN! LIVE AKTIVELY!Yasen Nikolov
 

Viewers also liked (12)

Tom Hopcroft: State of the Tech Economy Key Findings
Tom Hopcroft: State of the Tech Economy Key FindingsTom Hopcroft: State of the Tech Economy Key Findings
Tom Hopcroft: State of the Tech Economy Key Findings
 
Тезисы отчета акима аль фарабийского района
Тезисы отчета акима аль фарабийского районаТезисы отчета акима аль фарабийского района
Тезисы отчета акима аль фарабийского района
 
Conferenza Freud
Conferenza FreudConferenza Freud
Conferenza Freud
 
Social Tailor Project v1
Social Tailor Project v1Social Tailor Project v1
Social Tailor Project v1
 
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за Успех с Ясен Николов
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за Успех с Ясен НиколовРелаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за Успех с Ясен Николов
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за Успех с Ясен Николов
 
Тезисы отчета акима енбекшинского района
Тезисы отчета акима енбекшинского районаТезисы отчета акима енбекшинского района
Тезисы отчета акима енбекшинского района
 
Work ex thank you letter
Work ex thank you letterWork ex thank you letter
Work ex thank you letter
 
Empirically speaking – practical application of theoretical principles in dis...
Empirically speaking – practical application of theoretical principles in dis...Empirically speaking – practical application of theoretical principles in dis...
Empirically speaking – practical application of theoretical principles in dis...
 
12.05.2016 ж. дои после
12.05.2016 ж. дои после12.05.2016 ж. дои после
12.05.2016 ж. дои после
 
Clár frithbhulaíochta aonad 1
Clár frithbhulaíochta aonad 1Clár frithbhulaíochta aonad 1
Clár frithbhulaíochta aonad 1
 
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за успех с Теб и Ясен Николов - Въп...
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за успех с Теб и Ясен Николов - Въп...Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за успех с Теб и Ясен Николов - Въп...
Релаксация, Щастие, Удовлетворение - Сила за успех с Теб и Ясен Николов - Въп...
 
CAMPAIGN "RUN! LIVE AKTIVELY!
CAMPAIGN "RUN! LIVE AKTIVELY!CAMPAIGN "RUN! LIVE AKTIVELY!
CAMPAIGN "RUN! LIVE AKTIVELY!
 

More from Zhanbolat Amankeldy

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Zhanbolat Amankeldy
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаZhanbolat Amankeldy
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміZhanbolat Amankeldy
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміZhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Zhanbolat Amankeldy
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясыШымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясыZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...Zhanbolat Amankeldy
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...Zhanbolat Amankeldy
 

More from Zhanbolat Amankeldy (20)

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
 
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясыШымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
 
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

  • 1. http://shymkent.gov.kz Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің 2016 жылғы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу жоспарланып, 2017 жылға негізгі міндеттері айқындалуда. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі аудан аумағының 3 жерінде есеп береді. 2016 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері 3 жерде өткізілді. Кездесу барысында тұрғындардан 98 сұрақтар мен ұсыныстар түсіп, олардың 6-на кездесу барысында жауап берілді, 5 өтініш мекенжайына байланысты аудандарға жолданды 87-сы бойынша іс-шара түзіліп, оның 64-і бойынша толық жауап беріліп, орындалуына байланысты бақылаудан алынған, 23-і 2017-2018 жылдардың жоспарына енгізілетін болады. Түскен өтініштердің орындалуы бойынша әр тоқсан сайын, мәліметтер аудан әкімінің ресми сайтында жарияланып тұрды. Аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2016 жылы 519 өтініш түсті, оның ішінде: коммуналдық мәселелер бойынша – 240, әлеуметтік мәселелер бойынша – 24, кәсіпкерлік саласы бойынша – 57, транспорт және коммуникация бойынша – 52, қаржы мәселесі бойынша – 40, құрылыс мәселесі бойынша – 4, жер мәселесі бойынша – 23, басқа да мәселелер бойынша – 79 өтініш. Барлық өтініштер мен арыздар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралды. Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратына 2016 жылы – 4018 құжат түсіп, 4041 құжат жіберілген. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының халық саны 156383, ауданында 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады, 15 ұлттық- мәдени орталық, 14 діни бірлестіктер, 73 өндірістік мекемелер мен кәсіпорындар, 44 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 665 көпқабатты тұрғын үйлер және 13 505 жеке үйлер орналасқан.
  • 2. http://shymkent.gov.kz КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ 2016 жылы Әл-Фараби ауданы бойынша елді мекендерді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету жұмыстарына қалалық бюджеттен 83,5 млн. теңге бөлінген. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау бойынша 7 учаскеге бөлінген, әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, шағын аудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстарын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Нұр-Сат» ЖШС, «Баспана- Комфорт» ЖШС, «Эко Спец Транс» ЖШС, мекемелері және елді мекендерді абаттандыру және көріктендіру бойынша жұмыстарды «Қазақ соқырлар қоғамы» «Төлеби» ЖШС корпоративтік қоры мекемесі атқаруда. Аталған мекемелер қәзіргі уақытқа дейін 4770,76м³ қоқыс полигонға шығарылды. 330708м² шөп орылды, 1121 қураған ағаштар кесіліп, 13985 тал санитарлық қырқылды және 48923 ағаш түптері әктелді. Әл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 185 контейнер алаңшалары және 626 қоқыс контейнерлері бар. Ауданның орталық аумағында және жаңадан қосылған елді мекендерде санитарлық тазалау және көріктендіру, көгалдандыру жөнінде көктем айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аудандағы орам (квартал), көше, үй басқарушылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 17-рет қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте 52 техника мен 35200-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 51 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды, 4600 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 9700 түп ағаш әктелді және 870 м3 күл – қоқыс шығарылды. Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы «Таза қала» акциясын жариялады. Акцияға «Үздік аула» және «Үздік көше» номинациялары бойынша Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан аула, көше атынан үй және көше комитетінің төрағалары қатысты. Әл-Фараби ауданы бойынша «Таза қала» акциясына қатысуға «Үздік аула» номинациясына 61 және «Үздік көше» номинациясына 28 өтінім беріліп, коммисияның қорытындысына сәйкес, Ш.Рашидов көшесіне, №25а үйге «Үздік аула» номинациясы, «Забадам» шағынауданы, Сералиев көшесіне «Үздік көше» номинациясы берілді.
  • 3. http://shymkent.gov.kz ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Әл-Фараби ауданы аумағында жылу қабылдайтын 610 көпқабатты тұрғын үй тіркелген. 2016-2017ж.ж. жылу маусымында «Қуатжылуорталық-3» МКК арқылы 610 көпқабатты тұрғын үй жылу алуда. Көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдарының есік-терезелерін бүтіндеу, жұмыс істемейтін тік құбырларды ауыстыру тұрғындардың өз күштерімен жасалатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 68 жұмыс істемейтін тік құбыр анықталып, ауыстырылды. 75 кіреберіс алаңдарының есігі, 364м² фрамугалар тұрғындардың өз күштерімен орнатылды. Сонымен қатар, жылу энергиясын үнемдеу мақсатында аудан тұрғындарына жылу есептегіш құралының тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 56 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш құралы орнатылды. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫ Ағымдағы жылы аудан бойынша көшелерге орташа жөндеу жұмыстарына 122,0 млн. теңге бөлініп 17 көшенің 7,3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Балауса, Айкөл, Қарабастау, Чайковский, Химфарм, Гоголь, Трактовый, Мыңжылқы, Шолохов, Тұрсынбаев, Откорм, Казправда көшелері, «Наурыз», «Бам» шағынаудандарындағы және №6 орта мектеп жанындағы атауы жоқ көшелер, Мәделі Қожа, Светофорный өткелдері) Сонымен қатар аудан аумағында орналасқан үш мектептердің жанынан аяқ жол салу жұмыстары және 8 көшеге орташа жөндеу, аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді. Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 39095 абоненттің 99,7% (39015 абонент) тәулік бойы ауыз сумен қамтылған, 0,3% (80 абонент) тасымалды және ұңғыма арқылы су ішеді. Сайрам, Төлеби аудандарынан қосылған 200 үйлердің тәулік бойы 60,0% (120үй) тасымалды және ұңғыма арқылы 40,0% (80үй) су ішеді. Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 39095 абоненттің 99,7% (38317 абонент) электр қуатымен қамтылған. Шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық даму картасына сәйкес, «Бадам» шағынауданына Сайрам ауданынан қосылған «Откорм» елді мекенін, табиғи газбен, ауыз сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірленуде. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан Әл-Фараби ауданы аумағында 12 көшеге жалпы ұзындығы-3677 м ирригациялық жүйелерін жөндеу мен қалпына келтіру бойынша сметалық құжаттамасы дайындалды. Қазіргі таңда жұмыс толығымен аяқталды. Атап айтқанда: Әлімқұлов көшесіне – 103м, Сман Әзім көшесіне – 227м, Л.Толстой көшесіне – 28м, Кіші Самал 2 ш/а Қазиев өткеліне – 349м, Төменгі Отырар ш/а маңындағы Бәйдібек би көшесіне – 42м, Забадам ш/а Ақжауын көшесіне –
  • 4. http://shymkent.gov.kz 76м, Забадам ш/а Менжинский мен Қ.Спатаев көшесіне – 311м, Айқап ш/а Жаңа-жол көшесіне – 16м, Баян батыр және Кржижановский көшелеріне – 1230м, Маликов көшесіне – 507м, Ескі Автовокзал маңындағы Зханшугуров және Быковский көшелеріне – 390м. Әл-Фараби ауданы бойынша 2016 жылға дейін 274 қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы 682 көпқабатты үйдің ауласын жарықтандыру жұмыстары атқарылды. Қалалық бюджеттен 232,6 млн. теңге қаржы бөлініп, 16 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату үшін, «Мерей LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен түзілген 2016 жылғы 26 қыркүйектегі №101-108 келісім-шартқа сәйкес жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, Наурыз ш/а №1а, №1б; Айбергенов көшесі №1, №1г, №5а ,№5, №1а, №1б, №6; Байтұрсынов көшесі №59а, №70; Л.Володарский көшесі №2; Қабанбай батыр көшесі №13, №24; Т.Әлімқұлов көшесі №7а; Т.Айбергенов көшесі №1а, 1б, №6; Д.Қонаев даңғылы №13; Тәуке хан даңғылы №32, №8; В.Суриков көшесі №3а; С.Жандосов көшесі №2; Орманов №40 мекен-жайларына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары атқарылды. Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданы, Текесу елді мекеніндегі мектептен мешітке дейінгі Текесу көшесіне республикалық бюджеттен аяқжол (тротуар) жүргізу үшін 5399,5 млн. теңге қаржы қарастырылған. Текесу көшесіне аяқжол (тротуар) жүргізу үшін «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Төлеби» корпоративтік қоры тарапынан жұмыстар жүргізілді. 2016 жылы Әл-Фараби ауданы, Текесу елді мекені, Текесу көшесін абаттандыру үшін республикалық бюджеттен 6584,5 млн. теңге қаржы бөлініп, «Сенімді құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жұмыстар жүргізілді. Әл-Фараби ауданы бойынша 54 көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы баспалдақтарды жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 17,0 млн. теңге бөлініп, «Строитель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жұмыстар жүргізілді. БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ОРЫНДАРДАҒЫ САУДА 2016 жылдың басынан бастап қазіргі таңға дейін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің тарапынан Әл-Фараби ауданы бойынша ретсіз саудамен айналысып отырған тұлғаларға күнделікті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ: Төле би, Қазыбек би, Түркістан, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, М.Х.Дулати, Әйтеке би, Амангелді, Адырбеков, Ш.Қалдаяқов, Республика, Тәуке хан, Ш.Рашидов және Жангельдин көшелері. Күнделікті түсіндірме жұмыстарының арқасында жоғарыда аталған көшелердің бойлары тазартылды. Қала аумағындағы базар басшыларынан ретсіз сауданы болдырмау мақсатында бос сауда орындары туралы мәліметтер сұратылып, нәтижесінде: Қазбек базарында – 20 орын және Қырғы базарында – 100-120 орын бар екендігі анықталды. Төле би көшесінің бойында ретсіз саудамен айналысып отырған 173 тұлға Қырғы базарға кіргізілді және «Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс ұсынылды.
  • 5. http://shymkent.gov.kz Аудан аумғында орналасқан заңсыз дүңгіршектер бойынша аппарат қызметкерлері тарапынан күнделікті анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңға Шымкент келбеті газетіне 23 нысан жария етілді. Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін өз бетінше иеленген жеке және заңды тұлғаларға Жер Кодексінің 43-бабы 10-тармағының талаптарын бұзғаны үшін, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік істер қозғалып, жалпы соммасы 4 242 000 (төрт миллион екі жүз қырық екі мың) теңге айыппұл салынған. 2016 жылдың басынан 78 заңсыз дүңгіршектер және 8 киіз үйлер алынды. Сонымен қатар, Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция бөлімінің тарапынан ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204 – бабына сәйкес, 572 хаттама толтырылып, 544-не ескерту беріліп, оның 28-не 381 780 теңге көлемінде айыппұл салынып, 238 612,5 теңге өңдірілді. Ал, 505 – бап бойынша 723 хаттама толтырылып, 7-не 296 940 теңге көлемінде айыппұл салынып, 212 100 теңге өңдірілді. ЗАҢСЫЗ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН ЖАРНАМАЛАР Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» және «ҚР-дағы тіл туралы» заңдарының және Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №25/204-V шешімімен бекітілген «Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасының» талаптарын түсіндіру мақсатында, Әл-Фараби ауданындағы негізгі көшелерде және коммерциялық нысандарда, сауда орындарында орналасқан жарнамаларды ретке келтіру мақсатында Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Әл-Фараби ауданы бойынша салық басқармасы, Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби полиция бөлімдерімен бірлесіп тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Сонымен қатар, аудан әкімі аппараты тарапынан тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп, қазіргі таңда 3000-ға жуық заңсыз жарнама алынып, жеке кәсіпкерлерге жарнамаларын заңдастыру қажет екендігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында 139 кәсіпкер Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне барып, салық төлеуші ретінде тіркелген. Жыл басынан жарнама бойынша 66 604,1 мың теңге түсім түскен. АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының өсу себептеріне мониторинг және талдау жасау жөнінде штаб құрылған. Штаб жанындағы жұмысшы топ мүшелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр. Мониторинг қорытындысы бойынша ақпарат күнделікті қалалық кәсіпкерлік бөліміне
  • 6. http://shymkent.gov.kz жолданып отыр. Аудан аумағында 33 нысан мониторингке алынып, (базарлар-4, сауда үйі-19, дүкендер-10) бағаны тұрақтандыру мақсатында меморандумдарға қол қойылып, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан баға тұрақты қадағаланып отыр. КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының Текесу, Сәуле елді мекендерінде, БАМ шағынауданындағы Н.Төреқұлов атындағы №62 және Самал-2 шағынауданындағы А.Асқаров атындағы №77 жалпы орта мектептерінде тұрғындары арасында «Ырыс», «Агро» және «Кәсіпкерлерді қолдау орталығы» мамандарымен бірлесе «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында аптасына 1 рет жиналыстар өткізілуде. Нәтижесінде, 7 жеке кәсіпкер, жалпы сомасы 29 млн. теңге көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатында микро кредиттік ұйымнан несие алуға ниет білдірді. Қазіргі таңда құжаттары қаралуда. Сондай-ақ, 2016 жылдың басынан бері, ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Кәсіпкерлік мектебінің кәсіпкерлік негіздері, тематикалық тренинг, салалалық мастер-класс оқуынан Әл-Фараби ауданы бойынша 40 кәсіпкер тыңдаудан өткен. Оның басым көпшілігі кәсіпкерлікке енді қадам басып келе жатқан жеке тұлғалар. Мастер-класс оқуларына келген еріктілердің саны 30-ды құраса, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп кәсібін дөңгелетіп отырған 8 кәсіпкер сабаққа қатысты. Сонымен қатар, аталған оқуларға заңды тұлға ретінде тіркелген серіктестіктер де қатысты. Олардың саны 2. МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ Мүлікті жария ету науқанын халық назарына жеткізу мақсатында Облыс әкімінің орынбасары Е.Садырдың төралығымен мүлікті жария ету жөніндегі акцияның өткізілуі барысы туралы өткен мәжілістің №4 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, үгіт- насихат жұмыстарын жандандыру мақсатында Шымкент қаласының ішкі саясат бөліміне хаттар жолданып, нәтижесінде Әл- Фараби ауданы бойынша 5 тақырыптық баннерлер дайындалып ілінді. Сондай-ақ, «Шымкент келбеті» газетінде «Науқан», «Акция» атты арнайы тақырыптық айдарлар ашылып, 29 қаңтардағы №8 санында «Мүлікті заңдастыру жалғасуда», 17 ақпандағы №13 санында «Мүлікті заңдастыру жалғасуда», «Айғақ» газетінің №4 санында «Мүлікті жария ету акциясына қатысқан азаматтардың аты құпия болады» тақырыптарында мақалалар жарияланды және қала әкімдігі мен аудан әкімдігінің ресми сайттарында ақпараттық материалдар орналастырылған (http://alfarabi-shym.kz және http://shymkent.gov.kz). Сонымен қатар, Сәуле, Текесу елді мекендерінде және БАМ шағынауданы №62 мектепте «Мүлікті жария ету науқаны жалғасуда» атты
  • 7. http://shymkent.gov.kz жиналыстар өткізілді және Облыс әкімшілігінде аудан әкімінің қатысуымен мүлікті жария ету туралы брифинг өткізілді. Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының тарапынан халықты толық хабардар ету мақсатында үйлер аралап қазіргі таңға 6900 парақшалар таратылды. Шымкент қаласының тұрғындарын толық хабардар ету мақсатында мүлікті жария ету науқаны туралы үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру үшін «Омега XXI» ЖШС-нің директоры Т.Ибраевқа коммуналдық қызметті тұтынушылардың түбіртегіне мүлікті жария ету науқаны туралы ақпаратты қосымша жарнама ретінде тіркеуге ұсыныс жолданып, қазіргі таңда мамыр, маусым айының түбіртегінде жарияланған. Қазіргі таңда 342 өтініш комиссия қарауына түскен, оның 196 өтініші комиссия шешімімен жария етілді, 146 өтінішке комиссия шешімімен жария етуден бас тартылды. Жария етілген мүліктің соммасы 3 061 073 600 теңге. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2016 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алуға 4898 үміткер отбасының 4589 отбасы «мұқтаж» деп танылды. Ал, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 91 үміткер отбасының 83 отбасы «мұқтаж» деп танылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына және Шымкент қаласының мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №30/193-5с шешіміне сәйкес, аудандағы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмекке үміткер 602 отбасының үйлеріне барып, учаскелік комиссия үй- тұрмыстық актілері жасалды, 556 отбасы «мұқтаж» деп танылды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 9 рет кездесу өткізілді. 2016 жылы жұмыссыз ретінде 3892 азамат тіркелген. Жұмысқа орналасқандары – 2766 адам. Оның ішінде: бос жұмыс орындарына орналасқандар – 1401 адам, кәсіптік даярлау арқылы жолданғандары – 171 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданғандары – 128 адам. Әл-Фараби аудан аумағындағы кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы 250 отбасыларға азық-түліктей көмек көрсетілді. «Мүгедектер күніне» орай аудандағы кәсіпкерлердің қолдауымен 25 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қол арба берілді.
  • 8. http://shymkent.gov.kz ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ 2016 жылы Әл-Фараби ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жыл басында бекітілген кестеге сәйкес жұмыс жасауда. Ауданда орналасқан мемлекеттік емес ұйымдармен, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп әйелдердің құқығын қорғау мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы», «Отбасылық тәрбие», «Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары», «Әйелдер арасында қатерлі ісік ауруларын алдын алу» 3 жиналыс, 4 семинар-тренингтер мен 16 кездесулер өткізді. Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 4156 көп балалы аналар бар, олардың 423 «Алтын алқа» және 1152 «Күміс алқа» иегерлері. 2016 жылы 61 көп балалы аналардың құжаттары рәсімделіп, 9 анаға «Алтын алқа» және 22 анаға «Күміс алқа» белгілері салтанатты түрде табыс етілді. ЕЛБАСЫНЫҢ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын және 5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау, халық арасында насихаттау және қолдау мақсатында аудандағы оқу орындары мен медицина мекемелері мен кәсіпорындарда 110 кездесу өткізілді.Кездесуге 45 мыңға жуық адам қатысты. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес құзырлы мекемелермен бірлесіп 4 дөңгелек үстел, 8 құқықтық сабақ ұйымдастырылып, өткізілді. Сонымен қатар 2 рет «Қазақстанда жемқорлыққа жол жоқ» атты мақала газетте жарияланды. Аудандағы барлық мектептерде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық және нашақорлықтың алдын-алу бойынша аудандық ішкі істер және облыстық наркологиялық диспансерінің нарколог мамандармен кездесулер өткізіліп, БАҚ-та жарияланды. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан 24 мектепте дін туралы түсінік беру мақсатында дінтанушы мамандармен кездесулер өткізілді.
  • 9. http://shymkent.gov.kz Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, теріс бағыттағы діни ағымдардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарымен әр жұма күні мешіттерде имамдармен кездесулер ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халық көп жиналатын обектілерде (сауда үйлер, дүкендер және т.б.) қауіпсіздік шараларына мониторинг ұйымдастырылды. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен теміржол жағалауына жақын орналасқан №79 және №22 мектептерде «Теміржол қауіпсіз аймақ!» тақырыбында теміржол және полиция қызметкерлерімен бірігіп кездесулер өткізіліп, оқушыларға тәрбиелік маңызы бар бейнероликтер көрсетілді. ОНОМАСТИКА ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 375 көше бар, оның 62 атауы жоқ көшелер. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, көшеге атау беруді уақытша тоқтату (мораторий)алынуына орай, 60 көшеге атау беру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп хаттамалары толтырылды, хаттамалар қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылып, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық Ономастикалық комиссияға жолданды. Таксопарктердің қолдау көрсетуімен «Спорт» шағынауданы мен А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан 45 көпқабатты тұрғын үйге көше атауымен нөмірі жазылған тақтайшалар ілінді. Сонымен қатар, аудан аумағындағы жаңа үлгідегі көше атауы жазылған 5000 тақтайша«Arken Grup» ЖШС мердігер мекемесімен ілінді. Ал, аудандағы басты көшелердің қиылыстарына «Азамат Транс Монтаж» ЖШС мердігер мекемесімен 250 қиылысқа көше атауы жазылған бағыттағыштар орнатылды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарын түсіндіру мақсатында аудандағы негізгі көшелердегі коммерциялық нысандардағы маңдайшалары мен жарнамаларды ретке келтіру мақсатында 46 рет түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. МӘДЕНИ-АҒАРТУ САЛАСЫ Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратымен 2016 жылы іс-шара жоспарына сәйкес мемлекеттік мерекелерге арналған 9 іс- шара ұйымдастырылып, өткізілді.
  • 10. http://shymkent.gov.kz Атап айтқанда, «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз», «Жеңіс күні», «Астана күні», «Қазақстан Республикасының Конституция күні», «Тәуелсіздік күні», «Қала күні», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні», «Жаңа жылдық шырша». Ауданымыздағы демеушілердің қолдауымен 11 қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «1-маусым балаларды қорғау күні», мектепке жол акциясы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қол арба беру, мүгедек балаларды цирк қойылымдарына, дельфинариумға алып бару және сол сияқты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Ауданда орналасқан жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студенттеріне және мектеп оқушыларына «Астана болашақтың қаласы», «Ұлттық валюта», «Шымкент – менің сүйікті қалам», Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы», жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, өз мамандығын дұрыс таңдау, еңбек саласында жетістіктерге жету және т.б.тақырыптағы кездесулер, дөңгелек үстелдер мен пікір алмасулар ұйымдастырылды. Аудан аумағында орналасқан 45 мемлекеттік мекемелердің ғимаратындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қойылатын талаптарын сақтау бойынша құзырлы мекемелерге 64 ұсыныс жолданып, кемшіліктер қалпына келтірілді. Әл-Фараби ауданы аумағында 29 саябақ,19 ескерткіш және 11 субұрқақ бар. Аталған нысандарға тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер құзырлы мекемелерге хатпен жолданып отырды. Аудан әкімінің аппаратымен өткізілген барлық іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар «Қазақстан-Шымкент», «Отырар», «Айғақ» теле арналарына және «Шымкент келбеті», «Южный Казахстан», «Оңтүстік Қазақстан» «Оңтүстік Рабат» газет беттерінде және http://www.alfaraby-shym.kz сайтында жарияланды.
  • 11. http://shymkent.gov.kz 2017 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 1. Өңірлерді дамытудың 2020ж. дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру. 2. Аудан аумағын санитарлық тазалықта ұстауды ұйымдастыру және қадағалау. 3. Балалар ойын алаңшаларын, аулаларды ретке келтіруді ұйымдастыру. 4. Тұрақты түрде аудан аумағына қарасты елді мекендерде сенбіліктерді ұйымдастыру және өткізу. 5. 2017-2018 жылу беру маусымына сығымдау-дайындау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу. 6. Спорт алаңшаларын, спорт ангарларын, тренажер алаңшаларын құруды ұйымдастыру. 7. Ретсіз сауда, заңсыз жарнаманы болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізу. 8. Атаулы әлеуметтік көмек пен балалар жәрдем ақыларына арналған іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру. 9. Жоспарланған мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу. 10. Аудан аумағында ономастика саласы бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру. 11. Жалға берілетін пәтерлерді заңға сәйкес пайдалану бойынша кешенді жұмыстар ұйымдастыру.