SlideShare a Scribd company logo
1 of 15
Download to read offline
Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданының əкімі Б.А.Қалжановтың халық алдында есеп
беру кездесулеріндегі баяндамасының Т Е З И С Т Е Р І
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі əлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен
тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Бүкіл əлем басынан қиын кезеңді өткеріп жатқанда оның əсері біздің
елімізді де айналып өтпейтіні белгілі.
Елбасы өз Жолдауында осы тығырықтан өтудің нақты жолдарын айқындап, қиындықты еңсерудің
бағыттарын көрсетті.
Н.Назарбаев кез келген қиындықтарды шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың
тұрмыс тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды мұқият тапсырды. Қандай қиын жағдай десекте
2016 жылдың 1 қаңтарынан елде зейнетақы, əлеуметтік төлемдер, жағдайы төмен отбасыларға төленетін
жəрдемақылар, шəкіртақылар орта есеппен 30% өсетін болып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Əкімдердің халыққа есеп беру
кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сəйкес, барлық деңгейдегі əкімдердің 2015 жылғы атқарған
жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу жоспарланып, 2016 жылға негізгі
міндеттері айқындалуда. Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданының əкімі аудан аумағының 3 жерінде есеп
береді.
2015 жылдың қаңтар айында аудан əкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері 3 жерде
өткізілді. Кездесу барысында тұрғындардан 81 сұрақтар мен ұсыныстар түсіп, олардың 22-не кездесу
барысында жауап берілді, 59-ы бойынша іс-шара түзіліп, оның 30-ы мекенжайына байланысты Қаратау
ауданы əкімінің аппаратына жолданған, 17 сұраққа толық жауап беріліп, орындалуына байланысты
бақылаудан алынған, 5-і 2016-2017 жылдарға қалдырылған, 7-і қаржы қаралуына байланысты
орындалатын болады.
Аудан əкімінің аппаратына жеке жəне заңды тұлғалардан 2015 жылы 496 өтініш түсті, оның ішінде:
коммуналдық мəселелер бойынша – 286, əлеуметтік мəселелер бойынша – 26, кəсіпкерлік саласы
бойынша – 17, транспорт жəне коммуникация бойынша – 37, қаржы мəселесі бойынша – 62, құрылыс
мəселесі бойынша-7, жер мəселесі бойынша-15, басқа да мəселелер бойынша – 46 өтініш. Барлық
өтініштер мен арыздар Қазақстан Республикасының «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
тəртібі туралы» Заңына сəйкес қаралды. Сонымен қатар 2015 жылы – 2724 құжат түсіп, 2281 құжат
жіберілген.
Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданында 60-қа жуық ұлт жəне ұлыс өкілдері тұрады, 15 ұлттық-мəдени
орталық, 13 діни бірлестіктер, 29 өндірістік мекемелер мен кəсіпорындар, 39 мемлекеттік мекемелер мен
ұйымдар, 665 көпқабатты тұрғын үйлер жəне 13505 жеке үйлер орналасқан.
Көріктендіру жəне санитарлық тазалық
2015 жылы аудан бойынша елді мекендерді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету жұмыстарына
қалалық бюджеттен 133,1 млн. теңге бөлінген.
Əл-Фараби ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық, аула, ішкі орам
жолдарын тазалау жұмыстары бой-ынша 8 учаскеге бөлінген, əр учаскеге аудан əкімі аппаратының
жауапты мамандары бекітіліп, жұмыстар өз дəрежесінде жүргізілуде.
Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам
жолдарын тазалау, шағын аудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау
жұмыстарын «Бек-Асыл сервис» ЖШС, «Эко спец транс» ЖШС, «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС,
«AnDa Company» ЖШС, «Бəйтерек-Л.Б» ЖШС мекемелері жəне елді мекендерді абаттандыру жəне
көріктендіру жұмыстарын «Көп-Жан» ЖШС мекемесі атқаруда. Аталған мекемелермен 8190 текше
метр қоқыс полигонға шығарылып, 783 қураған ағаштар мен 15985 тал қырқылды. Сонымен қатар,
29914 ағаш əктеліп, 1500 га шөп орылды.
Əл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 185 контейнер алаңшалары
жəне 626 қоқыс контейнерлері бар.
Ауданның орталық аумағында жəне жаңадан қосылған елді мекендерде санитарлық тазалау жəне
көріктендіру, көгалдандыру жөнінде көктем айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, мекеме
қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аудандағы орам (квартал), көше, үй
басқарушылары жəне БАҚ өкілдерінің қатысуымен 8 рет қалалық сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікте 67 техника мен 45500-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 134
шақырым ирригациялық арықтар тазартылды, 6600 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 9500 түп ағаш
əктелді жəне 1170 текше метр күл-қоқыс шығарылды.
Шымкент қаласы əкімідігі мен ОҚО «Азаматтық альянс» Ассоциациясымен бірлесіп
ұйымдастыруымен «Таза қала» атты байқау өткізілді. Əл-Фараби ауданы əкімі аппараты жанынан
аудан аумағынан байқауға қатысуға ниет білдірген үй, орам, көше басқарушыларының өтініштерін
қабылдап, жұмыс жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылды. Бұл байқаудың негізгі мақсаты
қаламызды көркейту мен абаттандыруға қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп,
тазалыққа шақыру болып табылады. Үгіт насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу үшін БАҚ-тарда
мəлімет берілді.
Байқауға қатысу үшін: «Үздік аула» номинациясына 43 аула, «Үздік көше» номинациясына 23 көше
басқарушылары өтініш білдірді.
Байқаудың қорытындысы бойынша Молдағұлова көшесі, №4а үйге «Үздік аула» номинациясы,
Залинейный шағынауданы, Суворов көшесіне «Үздік көше» номинациясы берілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде, 2015 жылы күрделі жөндеу
жұмыстарын жүргізу үшін белгіленген 30 көпқабатты тұрғын үйдің 13 көпқабатты тұрғын үйге күрделі
жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Молдағұлова №7,
Республика даңғылы №№19, 25а, 31, Быковский көшесі №2, №5, Володарский көшесі №№2а, 2б, 2в,
Майлы қожа көшесі №13, Байтұрсынов көшес №9, Жангельдин көшесі №22а, Верещагин көшесі №73а.
Сонымен қатар, 2016 жылы 12 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
жоспарланып отыр.
Жылу энергиясымен қамтамасыз ету
Əл-Фараби ауданы аумағында жылу қабылдайтын 609 көпқабатты тұрғын үй тіркелген. 2015-2016
жылдары жылу маусымында ауданның солтүстік аймағында «3-Энергоорталық» АҚ арқылы 251 үй, ал
оңтүстік аймақта «Қуатжылуорталық-3» МКК арқылы 358 үй жылу алуда.
Көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын жəне жылуын сақтау мақсатында кіреберіс
алаңдарының есік-терезелерін бүтіндеу, жұмыс істемейтін тік құбырларды ауыстыру тұрғындардың өз
күштерімен жасалатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нəтижесінде 118 жұмыс істемейтін
тік құбыр анықталып, барлық 118 тікқұбырлар ауыстырылды, 74 кіреберіс алаңдарының есігі, 645 шаршы
метр фрамугалар тұрғындардың өз күштерімен орнатылды.
Сонымен қатар, жылу энергиясын үнемдеу мақсатында аудан тұрғындарына жылу есептегіш
құралының тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 8 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш
құралы орнатылды.
Инфрақұрылым
Əл-Фараби ауданы бойынша 2015 жылы 177 қоқысқа арналған контейнерлік алаңшалар орнатылды
жəне көлемі 1,1 текше метр 602 жаңа контейнерлермен алмастырылды.
2015 жылы аудан бойынша көшелерге орташа жөндеу жұмыстарына 111,0 млн. теңге бөлініп, 18
көшенің 6,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Абылайхан көшесі, Жастар көшесі,
М.Əуезов көшесі, Қазыбек би көшесі, Жанқожа батыр көшесі, Бəйдібек би көшесі, Бəйтереков көшесі,
Көк-бұлақ көшесі, Байтұрсынов көшесі, Карл-Маркс көшесі, Дулатұлы көшесі, Сауран көшесі, Лихачев
көшесі, Айкөл көшесі, Тайманұлы көшесі, Достық көшесі, Б.Саттарханов көшесі, Гүлисман (Балдəурен)
көшесі.)
Сонымен қатар, электр жүйелерімен қамтамасыз ету үшін 2015 жылы «Сауле» шағынауданына 69,9
млн. теңге бөлініп, 363 абонент электр қуатымен қамтамасыз етілді.
Белгіленбеген орындардағы сауда
2015 жылы ретсіз сауда орындарына аудан əкімі аппаратының үйлестіруімен, Шымкент қаласының
кəсіпкерлік бөлімі, қалалық сəулет жəне қала құрылысы бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер
басқармасы, Əл-Фараби полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе 51 рет рейдтік іс-шара өткізілді.
Нəтижесінде, Əл-Фараби полиция бөлімі қызметкерлерімен белгіленбеген орындарда сауда
жасағандары үшін ҚР «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабы бойынша 1275 хаттама
толтырылып, 1164 ескерту берілген, 1 123 705 теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 634 240 теңге
өндірілген.
Сонымен қатар аталған Кодекстің 505-бабы бойынша 2015 жылы 720 əкімшілік хаттама
толтырылған, 297 300 теңге айыппұл салынып, 257 660 теңге өндірілген.
2015 жылы Əл-Фараби ауданы аумағында заңсыз орналасқан 96 дүңгіршек анықталды: оның ішінде
76 – заңсыз орнатылғандар, 17 мақсатына сай емес жəне 3 – өз бетінше иеленіп алғандар. Анықталған
дүңгіршектер бойынша иелеріне ескерту парақшалары таратылды. Заңсыз дүңгіршектердің тізімдері
«Шымкент келбеті» газетінің 15.05.2015 жылғы №20 санында, екінші рет 12.06.2015 жылғы №24
санында, үшінші рет 03.07.2015 жылғы №27 санында жарияланды. Нəтижесінде, 77 дүңгіршек, 10 киіз үй
алынды.
Ретсіз орналастырылған жарнамалар
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» жəне «ҚР-дағы тіл туралы» заңдарының жəне
Оңтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №25/204-V шешімімен
бекітілген “Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру
Қағидасының” талаптарын түсіндіру мақсатында, Əл-Фараби ауданындағы негізгі көшелерде жəне
коммерциялық нысандарда, сауда орындарында орналасқан жарнамаларды ретке келтіру мақсатында
жəне заң талаптарына сай келмейтін жарнамалар мен хабарландыруларды жою бойынша мүдделі мекеме
қызметкерлерімен бірлесе 25 рет рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, ауданның орталық көше бойларында
орналасқан ғимараттар мен кəсіпкерлік нысандарға, жол бойындағы электр бағаналарына жəне
аялдамаларға ілінген 3820 жарнамалар мен хабарландырулар жəне парақшалар алынып тасталды. Оның
ішінде 2780 – хабарландыру 1040 – жарнама.
Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру
Əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының өсу себептеріне мониторинг жəне талдау жасау
жөнінде штаб құрылған. Штаб жанынандағы жұмысшы топ мүшелерімен əлеуметтік маңызы бар азық-
түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг қорытындысы
бойынша ақпарат күнделікті қалалық кəсіпкерлік бөліміне жолданып отырды. Аудан аумағында 33 нысан
мониторингке алынып, (базарлар-4, сауда үйі-19, дүкендер-10) Əл-Фараби ауданы əкімі аппаратының
қызметкерлері тарапынан бағаны тұрақты қадағалап отырды.
Кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп
Əл-Фараби ауданында 2015 жылы 23492 дара кəсіпкерлік субъектілер тіркелген, оның ішінде: жұмыс
істеп тұрғаны – 21968.
Сонымен қатар, 134 өндірістік кəсіпорындар жұмыс атқаруда, оның ішінде: 11 – ірі, 24 – орта, 99 – кіші
кəсіпорындар.
2015 жылы іске қосылған жаңа кəсіпорындар: "ASSEM GOLD" ЖШС, "INTERMANN GLOBAL
CONTRACTING COMPANY (ИНТЕРМАНН ГЛОБАЛ КОНТРАКТИНГ КОМПАНИЙ)" ЖШС, "Блок
Секьюрити" ЖШС, "ЭНВЕР LTD (ЛТД)" ЖШС, "MVP Company" ЖШС, "БегМир" ЖШС. Нəтижесінде
2000-нан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.
2016 жылы индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында 10 жобаның іске қосылуы
жоспарлануда.
Сонымен қатар, əр сенбі күндері Қажымұқан стадионының көлік тұрағында жəне Ордабасы алаңында
жəрмеңке тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Мүлікті жария ету
Əл-Фараби ауданы əкімінің аппараты жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі
комиссиясы мүлікті жария ету науқанын тұрғындар арасында насихаттау мақсатында аудандық
мемлекеттік кірістер басқармасы жəне Əл-Фараби аудандық Əділет басқармасы мамандарымен бірлесіп,
«Тассай», «Таскен», «Мəртөбе», «Достық», «Текесу» тұрғын алабы аудан тұрғындарына «Отырар»,
«Қазақстан-Шымкент», «Айғақ» телеарналарының қатысуымен жиналыстар өткізді. «Шымкент келбеті»
мен «Панорама Шымкента» газеттерінің бірнеше сандарында мақалалар жарияланып, ауданның орталық
көшелерінде тақырыптық баннерлер ілініп, жергілікті «Айғақ», «Отырар», «Қазақстан – Шымкент»
телеарналарында сұхбат ұйымдастырылды. «Айғақ», «Қазақстан – Шымкент», «Отырар» телеарналар-
ында мүлікті жария ету науқаны жүгіртпе жолдан жəне «ЮМАКС» радиожелісінен жарнамаланды.
Халықты толық хабардар ету мақсатында үй аралап 3600 кітапшалар таратылды.
Нəтижесінде, Əл-Фараби ауданы əкімі аппаратының жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу
жөніндегі комиссияның қарауына 150 өтініш түсті. ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына,
оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті
жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сəйкес мүлікті жария етуді өткізу
жөніндегі комиссия 50 өтінішті жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдаса, 100 өтініш
комиссияның шешімімен жария етілді.
Əлеуметтік көмек жəне жұмыспен қамту
2015 жылы балалы отбасыларға берілетін жəрдемақы алуға 5349 үміткер отбасының, 4951 отбасы
«мұқтаж» деп танылса, олардың 398 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды. Мемлекеттік атаулы
əлеуметтік көмекке 113 үміткер отбасының, 107 отбасы «мұқтаж» деп танылса, олардың 6 отбасы
«мұқтаж емес» деп танылды.
ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы «Əлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің жəне
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» №504 қаулысына жəне Шымкент қалалық мəслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№30/193-5с шешіміне сəйкес, аудандағы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік əлеуметтік
көмекке үміткер 356 отбасының үйлеріне барып, учаскелік комиссия үй-тұрмыстық актілері жасалды 312
«мұқтаж» деп танылып, 44 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды. Сонымен қатар, 1 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде бір реттік əлеуметтік көмекке үміткер 1677 отбасының 1562 «мұқтаж» деп
танылып, 115 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды. Жоғарыдағы мұқтаж отбасылардың барлығы
əлеуметтік көмекпен толық қамтылды.
«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін аудан
тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 9 рет кездесулер өткізілді.
2015 жылы жұмыссыз ретінде 3370 азамат тіркелген. Жұмысқа орналасқандары – 3249 адам.
Оның ішінде: бос жұмыс орындарына орналасқандар-2428 адам, кəсіптік даярлау арқылы
жолданғандары – 37адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданғандары – 477 адам
Əл-Фараби ауданы аумағындағы кəсіпкерлердің демеушілігімен тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі
жəне көп балалы 315 отбасы «Құрбан айт» мерекесінде азық-түлік жиынтығымен қамтылып, қуанышқа
бөленді.
«Мүгедектер күніне» орай аудандағы кəсіпкерлердің қолдауымен 8 мүмкіндігі шектеулі жандарға
арналған қол арба мен Шымкент қалалық №2 естімейтін балалар мектеп-интернатына отандық жер
серіктік «Отау ТV» телеарнасының тюнері мен тарелкасы сыйға берілді. Осы интернатта білім алатын
100 бала қаламыздағы зообақты тегін тамашалады. «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты» КММ-ның
100 тəрбиеленушісін «Оңтүстік цирк» ғимаратында «Цирк на воде» бағдарламасын тамашалады.
ҚР Үкіметінің 16.01.2012 жылғы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын
қамтамасыз ету жəне өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспарын бекіту туралы» №64 қаулысымен бекітілген ҚР мүгедектердің құқығын жəне өмір сүру
сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сəйкес мүгедектердің жүріп-тұруына ыңғайлылығы
сақталуы бойынша қолданыстағы ғимараттарды түгендеу (төлқұжаттандыру) жұмыстарын жүргізуде,
қалада құрылған жұмысшы тобы аудандағы 161 бюджеттік жəне 221 əлеуметтік коммерциялық
объектілерінің бəріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нəтижесінде бюджеттік мекемелердің
паспорттары жасалып, пандустар орнатылды, ал əлеуметтік коммерциялық объектілердің 71-не
паспорттау жұмыстары жүргізіліп, 62-не пандустар орнатылған.
Отбасылық-демографиялық саясат
2015 жылы Əл-Фараби ауданы əкімінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық
саясат жөніндегі комиссия жыл басында бекітілген кестеге сəйкес жұмыс жасауда. Ауданда орналасқан
мемлекеттік емес ұйымдармен, аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп əйелдердің құқығын қорғау
мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы», «Отбасылық тəрбие», «Адам
саудасының құрбаны болмаудың жолдары», «Əйелдер арасында қатерлі ісік ауруларын алдын алу» 3
жиналыс, 4 семинар-тренингтер мен 16 кездесулер өткізді.
Əл-Фараби ауданы бойынша жалпы 4156 көп балалы аналар бар, олардың 423-і «Алтын алқа» жəне
1152 «Күміс алқа» иегерлері. 2015 жылы 53 көп балалы аналардың құжаттары рəсімделіп, 15 анаға
«Алтын алқа» жəне 48 анаға «Күміс алқа» белгілері салтанатты түрде табыс етілді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесі
Қазіргі таңда Əл-Фараби ауданында 44 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 1918 тыл еңбеккерлері
тұрады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйіне «Ұлы Отан» соғысының 70 жылдық мерекесіне орай,
«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Beeline» компаниясының демеушілігімен «дабыл» түймесі тарқатылды.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының 2 ардагердің үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 42
ардагердің үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық ардагерлер мерекелік медальдармен
ресми түрде марапатталды. «8 наурыз Халықаралық əйелдер» күнінде Ұлы Отан соғысының 12 ардагер –
аналарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Елбасының саясатын жүзеге асыру
Əл-Фараби ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыруымен Елбасымыз – Н.Назарбаевтың 5
институционалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау, насихаттау
жəне түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық – насихаттық топ құрылып, бекітілген кесте бойынша
тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, 5 мекемеде кездесу өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол
– болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау жəне түсіндіру бойынша 3 ақпараттық –
насихаттық топ құрылып, арнайы кесте бойынша аудан аумағындағы оқу орындарында, медициналық
мекемелерде, өндірістік кəсіпорындарында 30 кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан
жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы
Жолдауын насихаттау жəне түсіндіру бойынша ақпараттық – насихаттық топ құрылып, аудан
аумағындағы оқу орындарында, медициналық мекемелерде, өндірістік кəсіпорындарында 23 кездесу
өткізілді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу
Аудандағы барлық мектептерде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық жəне
нашақорлықтың алдын – алу бойынша аудандық ішкі істер жəне облыстық наркологиялық диспансерінің
нарколог мамандармен кездесулер өткізіліп, БАҚ-та жарияланды. Сонымен қатар, аудан аумағында
орналасқан 24 мектепте дін туралы түсінік беру мақсатында дінтанушы мамандармен кездесулер
өткізілді.
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, теріс бағыттағы діни ағымдардың алдын алу
мақсатында аудан тұрғындарымен əр жұма күні мешіттерде имамдармен кездесулер ұйымдастырылып
түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халық көп жиналатын обектілерде (сауда үйлер, дүкендер жəне т.б.)
қауіпсіздік шараларына мониторинг ұйымдастырылды.
Əл-Фараби ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыруымен теміржол жағалауына жақын орналасқан
№79 жəне №22 мектептерде «Теміржол қауіпсіз аймақ!» тақырыбында теміржол жəне полиция
қызметкерлерімен бірігіп кездесулер өткізіліп, оқушыларға тəрбиелік маңызы бар бейнероликтер
көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясатының негізгі бағыттарын одан əрі айқындау мақсатында 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986
Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас
жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» бағдарламасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты
құқық бұзушылықтарға жол бермеу», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік проблемаларды талқылау»
туралы семинарлар жəне «Жемқорлықпен күресу – əр азаматтың парызы» атты дөңгелек үстелдер
өткізілді.
Ономастика жəне тілдерді дамыту
Əл-Фараби ауданы аумағында жалпы 375 көше бар, оның 40 атауы жоқ көшелер. Оның ішінде 34
көшеге реттік нөмір берілген жəне қазіргі таңда атауы жоқ 6 көшеге уақытша реттік нөмір беру
бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлау аясында
«Наурыз» шағынауданында орналасқан атауы жоқ көшеге ҰОС ардагері
Ə.Тоқсанбаевтың есімі берілді.
«АвтоKZ» таксопаркінің қолдау көрсетуімен «Отырар» шағынауданына 33 көпқабатты тұрғын үйге
атауы мен нөмірі жазылған тақтайша ілінді.
Мəдени-ағарту саласы
Əл-Фараби ауданы əкімінің аппаратымен 2015 жылы іс-шара жоспарына сəйкес 16 мерекелік іс-
шараларды ұйымдастырылып, өткізілді.
Атап айтқанда, «Халықаралық əйелдер күні», «Наурыз», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «ҚР
Отан қорғаушылар күні», «Жеңіс күні», «Баларды қорғау күні», «Астана күні», «ҚР Конституция күні»,
«Ұстаздар күні», «Отбасы күні», «Тəуелсіздік күні», «Қарттар күні», «Мүгедектер күні», «Қала күні»,
«ҚР Тұңғыш Президент күні», «Аудан əкімінің Жаңа жылдық шыршасы».
Аудан аумағында орналасқан Мемлекеттік мекемелердің ғимаратындағы Мемлекеттік рəміздерге
қойылатын стандарттардың, мөлшердің, техникалық талаптардың бұзылуына жəне оларды күтіп
ұстауға, сонымен қатар, Елбасының суреттері мен Мемлекеттік рəміздер бейнеленген баннерлерге
талдау жұмыстары мен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша
құзырлы мекемелерге ұсыныстар жолданып, кемшіліктер қалпына келтірілді.
Аудан əкімінің аппаратымен өткізілген барлық іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар «Қазақстан –
Шымкент», «Отырар», «Айғақ» теле арналарына жəне «Шымкент келбеті», «Южный Казахстан»,
«Оңтүстік Қазақстан» «Оңтүстік Рабат» газет беттерінде жəне www.alfaraby-shym.kz сайттарында
жарияланды.
2016 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары
1. Аудан аумағын санитарлық тазалықта ұстауды ұйымдастыру жəне қадағалау.
2. Балалар ойын алаңшаларын, аулаларды ретке келтіруді ұйымдастыру.
3. Тұрақты түрде аудан аумағына қарасты елді мекендерде сенбіліктерді ұйымдастыру жəне өткізу.
4. Өңірлерді дамытудың 2020ж. дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру.
5. 2016-2017 жылу беру маусымына сығымдау-дайындау жұмыстарын ұйымдастыру жəне өткізу.
6. Спорт алаңшаларын, спорт ангарларын, тренажер алаңшаларын құруды ұйымдастыру.
7. Ретсіз сауда, заңсыз жарнаманы болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізу.
8. Атаулы əлеуметтік көмек пен балалар жəрдем ақыларына арналған іс-шараларды уақтылы
ұйымдастыру.
9. Жоспарланған мəдени іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу.
10. Аудан аумағында ономастика саласы бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру.

More Related Content

Viewers also liked

Electricidad
ElectricidadElectricidad
ElectricidadXOAN459
 
Bühnenfigurin - Martin Wolfert - Webmontag Karlsruhe Januar 2017
Bühnenfigurin - Martin Wolfert - Webmontag Karlsruhe Januar 2017Bühnenfigurin - Martin Wolfert - Webmontag Karlsruhe Januar 2017
Bühnenfigurin - Martin Wolfert - Webmontag Karlsruhe Januar 2017Martin Wolfert
 
الادب والنصوص للصف الرابع الادبي
الادب والنصوص للصف الرابع الادبيالادب والنصوص للصف الرابع الادبي
الادب والنصوص للصف الرابع الادبيAyad Haris Beden
 
الكيميـــــــــــــــــاء للصف الرابع العمي
الكيميـــــــــــــــــاء  للصف الرابع العميالكيميـــــــــــــــــاء  للصف الرابع العمي
الكيميـــــــــــــــــاء للصف الرابع العميAyad Haris Beden
 
Os 5 desafios das equipes - Grupo 3 - Apresentação
Os 5 desafios das equipes - Grupo 3 - ApresentaçãoOs 5 desafios das equipes - Grupo 3 - Apresentação
Os 5 desafios das equipes - Grupo 3 - ApresentaçãoRodrigo Ikegaya
 
LIC Costa da Mariña Occidental
LIC Costa da Mariña OccidentalLIC Costa da Mariña Occidental
LIC Costa da Mariña Occidentalmonadela
 
открытый урок. ик. 9 класс. общественно политическая ситуация в республике на...
открытый урок. ик. 9 класс. общественно политическая ситуация в республике на...открытый урок. ик. 9 класс. общественно политическая ситуация в республике на...
открытый урок. ик. 9 класс. общественно политическая ситуация в республике на...Вспомогательный образовательный сайт
 

Viewers also liked (9)

Electricidad
ElectricidadElectricidad
Electricidad
 
Bühnenfigurin - Martin Wolfert - Webmontag Karlsruhe Januar 2017
Bühnenfigurin - Martin Wolfert - Webmontag Karlsruhe Januar 2017Bühnenfigurin - Martin Wolfert - Webmontag Karlsruhe Januar 2017
Bühnenfigurin - Martin Wolfert - Webmontag Karlsruhe Januar 2017
 
الادب والنصوص للصف الرابع الادبي
الادب والنصوص للصف الرابع الادبيالادب والنصوص للصف الرابع الادبي
الادب والنصوص للصف الرابع الادبي
 
Modelos quantitativos para a tomada de decisão.
Modelos quantitativos para a tomada de decisão.Modelos quantitativos para a tomada de decisão.
Modelos quantitativos para a tomada de decisão.
 
Jurnal
JurnalJurnal
Jurnal
 
الكيميـــــــــــــــــاء للصف الرابع العمي
الكيميـــــــــــــــــاء  للصف الرابع العميالكيميـــــــــــــــــاء  للصف الرابع العمي
الكيميـــــــــــــــــاء للصف الرابع العمي
 
Os 5 desafios das equipes - Grupo 3 - Apresentação
Os 5 desafios das equipes - Grupo 3 - ApresentaçãoOs 5 desafios das equipes - Grupo 3 - Apresentação
Os 5 desafios das equipes - Grupo 3 - Apresentação
 
LIC Costa da Mariña Occidental
LIC Costa da Mariña OccidentalLIC Costa da Mariña Occidental
LIC Costa da Mariña Occidental
 
открытый урок. ик. 9 класс. общественно политическая ситуация в республике на...
открытый урок. ик. 9 класс. общественно политическая ситуация в республике на...открытый урок. ик. 9 класс. общественно политическая ситуация в республике на...
открытый урок. ик. 9 класс. общественно политическая ситуация в республике на...
 

Similar to Әл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистері

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Zhanbolat Amankeldy
 
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіЛенин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Zhanbolat Amankeldy
 
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығыБелгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығыRaushanbek Pazilov
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 

Similar to Әл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистері (6)

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
 
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіЛенин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
 
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығыБелгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығы
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 

More from Zhanbolat Amankeldy

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Zhanbolat Amankeldy
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаZhanbolat Amankeldy
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміZhanbolat Amankeldy
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміZhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Zhanbolat Amankeldy
 
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Zhanbolat Amankeldy
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 

More from Zhanbolat Amankeldy (20)

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
 
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 

Әл - фараби ауданы әкімі есебінің тезистері

  • 1. Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданының əкімі Б.А.Қалжановтың халық алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының Т Е З И С Т Е Р І Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі əлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Бүкіл əлем басынан қиын кезеңді өткеріп жатқанда оның əсері біздің елімізді де айналып өтпейтіні белгілі. Елбасы өз Жолдауында осы тығырықтан өтудің нақты жолдарын айқындап, қиындықты еңсерудің бағыттарын көрсетті. Н.Назарбаев кез келген қиындықтарды шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды мұқият тапсырды. Қандай қиын жағдай десекте 2016 жылдың 1 қаңтарынан елде зейнетақы, əлеуметтік төлемдер, жағдайы төмен отбасыларға төленетін жəрдемақылар, шəкіртақылар орта есеппен 30% өсетін болып отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Əкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сəйкес, барлық деңгейдегі əкімдердің 2015 жылғы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу жоспарланып, 2016 жылға негізгі міндеттері айқындалуда. Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданының əкімі аудан аумағының 3 жерінде есеп береді.
  • 2. 2015 жылдың қаңтар айында аудан əкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері 3 жерде өткізілді. Кездесу барысында тұрғындардан 81 сұрақтар мен ұсыныстар түсіп, олардың 22-не кездесу барысында жауап берілді, 59-ы бойынша іс-шара түзіліп, оның 30-ы мекенжайына байланысты Қаратау ауданы əкімінің аппаратына жолданған, 17 сұраққа толық жауап беріліп, орындалуына байланысты бақылаудан алынған, 5-і 2016-2017 жылдарға қалдырылған, 7-і қаржы қаралуына байланысты орындалатын болады. Аудан əкімінің аппаратына жеке жəне заңды тұлғалардан 2015 жылы 496 өтініш түсті, оның ішінде: коммуналдық мəселелер бойынша – 286, əлеуметтік мəселелер бойынша – 26, кəсіпкерлік саласы бойынша – 17, транспорт жəне коммуникация бойынша – 37, қаржы мəселесі бойынша – 62, құрылыс мəселесі бойынша-7, жер мəселесі бойынша-15, басқа да мəселелер бойынша – 46 өтініш. Барлық өтініштер мен арыздар Қазақстан Республикасының «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Заңына сəйкес қаралды. Сонымен қатар 2015 жылы – 2724 құжат түсіп, 2281 құжат жіберілген. Шымкент қаласы Əл-Фараби ауданында 60-қа жуық ұлт жəне ұлыс өкілдері тұрады, 15 ұлттық-мəдени орталық, 13 діни бірлестіктер, 29 өндірістік мекемелер мен кəсіпорындар, 39 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 665 көпқабатты тұрғын үйлер жəне 13505 жеке үйлер орналасқан.
  • 3. Көріктендіру жəне санитарлық тазалық 2015 жылы аудан бойынша елді мекендерді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету жұмыстарына қалалық бюджеттен 133,1 млн. теңге бөлінген. Əл-Фараби ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық, аула, ішкі орам жолдарын тазалау жұмыстары бой-ынша 8 учаскеге бөлінген, əр учаскеге аудан əкімі аппаратының жауапты мамандары бекітіліп, жұмыстар өз дəрежесінде жүргізілуде. Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, шағын аудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстарын «Бек-Асыл сервис» ЖШС, «Эко спец транс» ЖШС, «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС, «AnDa Company» ЖШС, «Бəйтерек-Л.Б» ЖШС мекемелері жəне елді мекендерді абаттандыру жəне көріктендіру жұмыстарын «Көп-Жан» ЖШС мекемесі атқаруда. Аталған мекемелермен 8190 текше метр қоқыс полигонға шығарылып, 783 қураған ағаштар мен 15985 тал қырқылды. Сонымен қатар, 29914 ағаш əктеліп, 1500 га шөп орылды. Əл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 185 контейнер алаңшалары жəне 626 қоқыс контейнерлері бар. Ауданның орталық аумағында жəне жаңадан қосылған елді мекендерде санитарлық тазалау жəне көріктендіру, көгалдандыру жөнінде көктем айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аудандағы орам (квартал), көше, үй басқарушылары жəне БАҚ өкілдерінің қатысуымен 8 рет қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте 67 техника мен 45500-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 134 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды, 6600 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 9500 түп ағаш əктелді жəне 1170 текше метр күл-қоқыс шығарылды.
  • 4. Шымкент қаласы əкімідігі мен ОҚО «Азаматтық альянс» Ассоциациясымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Таза қала» атты байқау өткізілді. Əл-Фараби ауданы əкімі аппараты жанынан аудан аумағынан байқауға қатысуға ниет білдірген үй, орам, көше басқарушыларының өтініштерін қабылдап, жұмыс жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрылды. Бұл байқаудың негізгі мақсаты қаламызды көркейту мен абаттандыруға қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тазалыққа шақыру болып табылады. Үгіт насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу үшін БАҚ-тарда мəлімет берілді. Байқауға қатысу үшін: «Үздік аула» номинациясына 43 аула, «Үздік көше» номинациясына 23 көше басқарушылары өтініш білдірді. Байқаудың қорытындысы бойынша Молдағұлова көшесі, №4а үйге «Үздік аула» номинациясы, Залинейный шағынауданы, Суворов көшесіне «Үздік көше» номинациясы берілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде, 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін белгіленген 30 көпқабатты тұрғын үйдің 13 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Молдағұлова №7, Республика даңғылы №№19, 25а, 31, Быковский көшесі №2, №5, Володарский көшесі №№2а, 2б, 2в, Майлы қожа көшесі №13, Байтұрсынов көшес №9, Жангельдин көшесі №22а, Верещагин көшесі №73а. Сонымен қатар, 2016 жылы 12 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
  • 5. Жылу энергиясымен қамтамасыз ету Əл-Фараби ауданы аумағында жылу қабылдайтын 609 көпқабатты тұрғын үй тіркелген. 2015-2016 жылдары жылу маусымында ауданның солтүстік аймағында «3-Энергоорталық» АҚ арқылы 251 үй, ал оңтүстік аймақта «Қуатжылуорталық-3» МКК арқылы 358 үй жылу алуда. Көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын жəне жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдарының есік-терезелерін бүтіндеу, жұмыс істемейтін тік құбырларды ауыстыру тұрғындардың өз күштерімен жасалатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нəтижесінде 118 жұмыс істемейтін тік құбыр анықталып, барлық 118 тікқұбырлар ауыстырылды, 74 кіреберіс алаңдарының есігі, 645 шаршы метр фрамугалар тұрғындардың өз күштерімен орнатылды. Сонымен қатар, жылу энергиясын үнемдеу мақсатында аудан тұрғындарына жылу есептегіш құралының тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 8 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш құралы орнатылды. Инфрақұрылым Əл-Фараби ауданы бойынша 2015 жылы 177 қоқысқа арналған контейнерлік алаңшалар орнатылды жəне көлемі 1,1 текше метр 602 жаңа контейнерлермен алмастырылды. 2015 жылы аудан бойынша көшелерге орташа жөндеу жұмыстарына 111,0 млн. теңге бөлініп, 18 көшенің 6,0 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Абылайхан көшесі, Жастар көшесі, М.Əуезов көшесі, Қазыбек би көшесі, Жанқожа батыр көшесі, Бəйдібек би көшесі, Бəйтереков көшесі, Көк-бұлақ көшесі, Байтұрсынов көшесі, Карл-Маркс көшесі, Дулатұлы көшесі, Сауран көшесі, Лихачев
  • 6. көшесі, Айкөл көшесі, Тайманұлы көшесі, Достық көшесі, Б.Саттарханов көшесі, Гүлисман (Балдəурен) көшесі.) Сонымен қатар, электр жүйелерімен қамтамасыз ету үшін 2015 жылы «Сауле» шағынауданына 69,9 млн. теңге бөлініп, 363 абонент электр қуатымен қамтамасыз етілді. Белгіленбеген орындардағы сауда 2015 жылы ретсіз сауда орындарына аудан əкімі аппаратының үйлестіруімен, Шымкент қаласының кəсіпкерлік бөлімі, қалалық сəулет жəне қала құрылысы бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, Əл-Фараби полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе 51 рет рейдтік іс-шара өткізілді. Нəтижесінде, Əл-Фараби полиция бөлімі қызметкерлерімен белгіленбеген орындарда сауда жасағандары үшін ҚР «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабы бойынша 1275 хаттама толтырылып, 1164 ескерту берілген, 1 123 705 теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 634 240 теңге өндірілген. Сонымен қатар аталған Кодекстің 505-бабы бойынша 2015 жылы 720 əкімшілік хаттама толтырылған, 297 300 теңге айыппұл салынып, 257 660 теңге өндірілген. 2015 жылы Əл-Фараби ауданы аумағында заңсыз орналасқан 96 дүңгіршек анықталды: оның ішінде 76 – заңсыз орнатылғандар, 17 мақсатына сай емес жəне 3 – өз бетінше иеленіп алғандар. Анықталған дүңгіршектер бойынша иелеріне ескерту парақшалары таратылды. Заңсыз дүңгіршектердің тізімдері «Шымкент келбеті» газетінің 15.05.2015 жылғы №20 санында, екінші рет 12.06.2015 жылғы №24 санында, үшінші рет 03.07.2015 жылғы №27 санында жарияланды. Нəтижесінде, 77 дүңгіршек, 10 киіз үй алынды.
  • 7. Ретсіз орналастырылған жарнамалар Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» жəне «ҚР-дағы тіл туралы» заңдарының жəне Оңтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №25/204-V шешімімен бекітілген “Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидасының” талаптарын түсіндіру мақсатында, Əл-Фараби ауданындағы негізгі көшелерде жəне коммерциялық нысандарда, сауда орындарында орналасқан жарнамаларды ретке келтіру мақсатында жəне заң талаптарына сай келмейтін жарнамалар мен хабарландыруларды жою бойынша мүдделі мекеме қызметкерлерімен бірлесе 25 рет рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, ауданның орталық көше бойларында орналасқан ғимараттар мен кəсіпкерлік нысандарға, жол бойындағы электр бағаналарына жəне аялдамаларға ілінген 3820 жарнамалар мен хабарландырулар жəне парақшалар алынып тасталды. Оның ішінде 2780 – хабарландыру 1040 – жарнама. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру Əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының өсу себептеріне мониторинг жəне талдау жасау жөнінде штаб құрылған. Штаб жанынандағы жұмысшы топ мүшелерімен əлеуметтік маңызы бар азық- түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша ақпарат күнделікті қалалық кəсіпкерлік бөліміне жолданып отырды. Аудан аумағында 33 нысан мониторингке алынып, (базарлар-4, сауда үйі-19, дүкендер-10) Əл-Фараби ауданы əкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан бағаны тұрақты қадағалап отырды.
  • 8. Кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп Əл-Фараби ауданында 2015 жылы 23492 дара кəсіпкерлік субъектілер тіркелген, оның ішінде: жұмыс істеп тұрғаны – 21968. Сонымен қатар, 134 өндірістік кəсіпорындар жұмыс атқаруда, оның ішінде: 11 – ірі, 24 – орта, 99 – кіші кəсіпорындар. 2015 жылы іске қосылған жаңа кəсіпорындар: "ASSEM GOLD" ЖШС, "INTERMANN GLOBAL CONTRACTING COMPANY (ИНТЕРМАНН ГЛОБАЛ КОНТРАКТИНГ КОМПАНИЙ)" ЖШС, "Блок Секьюрити" ЖШС, "ЭНВЕР LTD (ЛТД)" ЖШС, "MVP Company" ЖШС, "БегМир" ЖШС. Нəтижесінде 2000-нан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. 2016 жылы индустриалды – инновациялық даму бағдарламасы аясында 10 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, əр сенбі күндері Қажымұқан стадионының көлік тұрағында жəне Ордабасы алаңында жəрмеңке тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Мүлікті жария ету Əл-Фараби ауданы əкімінің аппараты жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы мүлікті жария ету науқанын тұрғындар арасында насихаттау мақсатында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы жəне Əл-Фараби аудандық Əділет басқармасы мамандарымен бірлесіп, «Тассай», «Таскен», «Мəртөбе», «Достық», «Текесу» тұрғын алабы аудан тұрғындарына «Отырар», «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ» телеарналарының қатысуымен жиналыстар өткізді. «Шымкент келбеті»
  • 9. мен «Панорама Шымкента» газеттерінің бірнеше сандарында мақалалар жарияланып, ауданның орталық көшелерінде тақырыптық баннерлер ілініп, жергілікті «Айғақ», «Отырар», «Қазақстан – Шымкент» телеарналарында сұхбат ұйымдастырылды. «Айғақ», «Қазақстан – Шымкент», «Отырар» телеарналар- ында мүлікті жария ету науқаны жүгіртпе жолдан жəне «ЮМАКС» радиожелісінен жарнамаланды. Халықты толық хабардар ету мақсатында үй аралап 3600 кітапшалар таратылды. Нəтижесінде, Əл-Фараби ауданы əкімі аппаратының жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның қарауына 150 өтініш түсті. ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сəйкес мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия 50 өтінішті жария етуден бас тарту туралы шешім қабылдаса, 100 өтініш комиссияның шешімімен жария етілді. Əлеуметтік көмек жəне жұмыспен қамту 2015 жылы балалы отбасыларға берілетін жəрдемақы алуға 5349 үміткер отбасының, 4951 отбасы «мұқтаж» деп танылса, олардың 398 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды. Мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмекке 113 үміткер отбасының, 107 отбасы «мұқтаж» деп танылса, олардың 6 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды. ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы «Əлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің жəне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына жəне Шымкент қалалық мəслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №30/193-5с шешіміне сəйкес, аудандағы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік əлеуметтік көмекке үміткер 356 отбасының үйлеріне барып, учаскелік комиссия үй-тұрмыстық актілері жасалды 312
  • 10. «мұқтаж» деп танылып, 44 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды. Сонымен қатар, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік əлеуметтік көмекке үміткер 1677 отбасының 1562 «мұқтаж» деп танылып, 115 отбасы «мұқтаж емес» деп танылды. Жоғарыдағы мұқтаж отбасылардың барлығы əлеуметтік көмекпен толық қамтылды. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 9 рет кездесулер өткізілді. 2015 жылы жұмыссыз ретінде 3370 азамат тіркелген. Жұмысқа орналасқандары – 3249 адам. Оның ішінде: бос жұмыс орындарына орналасқандар-2428 адам, кəсіптік даярлау арқылы жолданғандары – 37адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданғандары – 477 адам Əл-Фараби ауданы аумағындағы кəсіпкерлердің демеушілігімен тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі жəне көп балалы 315 отбасы «Құрбан айт» мерекесінде азық-түлік жиынтығымен қамтылып, қуанышқа бөленді. «Мүгедектер күніне» орай аудандағы кəсіпкерлердің қолдауымен 8 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қол арба мен Шымкент қалалық №2 естімейтін балалар мектеп-интернатына отандық жер серіктік «Отау ТV» телеарнасының тюнері мен тарелкасы сыйға берілді. Осы интернатта білім алатын 100 бала қаламыздағы зообақты тегін тамашалады. «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты» КММ-ның 100 тəрбиеленушісін «Оңтүстік цирк» ғимаратында «Цирк на воде» бағдарламасын тамашалады. ҚР Үкіметінің 16.01.2012 жылғы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жəне өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №64 қаулысымен бекітілген ҚР мүгедектердің құқығын жəне өмір сүру сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сəйкес мүгедектердің жүріп-тұруына ыңғайлылығы сақталуы бойынша қолданыстағы ғимараттарды түгендеу (төлқұжаттандыру) жұмыстарын жүргізуде, қалада құрылған жұмысшы тобы аудандағы 161 бюджеттік жəне 221 əлеуметтік коммерциялық объектілерінің бəріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нəтижесінде бюджеттік мекемелердің
  • 11. паспорттары жасалып, пандустар орнатылды, ал əлеуметтік коммерциялық объектілердің 71-не паспорттау жұмыстары жүргізіліп, 62-не пандустар орнатылған. Отбасылық-демографиялық саясат 2015 жылы Əл-Фараби ауданы əкімінің жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жыл басында бекітілген кестеге сəйкес жұмыс жасауда. Ауданда орналасқан мемлекеттік емес ұйымдармен, аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп əйелдердің құқығын қорғау мақсатында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы», «Отбасылық тəрбие», «Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары», «Əйелдер арасында қатерлі ісік ауруларын алдын алу» 3 жиналыс, 4 семинар-тренингтер мен 16 кездесулер өткізді. Əл-Фараби ауданы бойынша жалпы 4156 көп балалы аналар бар, олардың 423-і «Алтын алқа» жəне 1152 «Күміс алқа» иегерлері. 2015 жылы 53 көп балалы аналардың құжаттары рəсімделіп, 15 анаға «Алтын алқа» жəне 48 анаға «Күміс алқа» белгілері салтанатты түрде табыс етілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесі Қазіргі таңда Əл-Фараби ауданында 44 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 1918 тыл еңбеккерлері тұрады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйіне «Ұлы Отан» соғысының 70 жылдық мерекесіне орай, «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Beeline» компаниясының демеушілігімен «дабыл» түймесі тарқатылды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының 2 ардагердің үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 42 ардагердің үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық ардагерлер мерекелік медальдармен
  • 12. ресми түрде марапатталды. «8 наурыз Халықаралық əйелдер» күнінде Ұлы Отан соғысының 12 ардагер – аналарға бағалы сыйлықтар табысталды. Елбасының саясатын жүзеге асыру Əл-Фараби ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыруымен Елбасымыз – Н.Назарбаевтың 5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» бағдарламасын талқылау, насихаттау жəне түсіндіру бойынша аудандық ақпараттық – насихаттық топ құрылып, бекітілген кесте бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп, 5 мекемеде кездесу өткізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын насихаттау жəне түсіндіру бойынша 3 ақпараттық – насихаттық топ құрылып, арнайы кесте бойынша аудан аумағындағы оқу орындарында, медициналық мекемелерде, өндірістік кəсіпорындарында 30 кездесу ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауын насихаттау жəне түсіндіру бойынша ақпараттық – насихаттық топ құрылып, аудан аумағындағы оқу орындарында, медициналық мекемелерде, өндірістік кəсіпорындарында 23 кездесу өткізілді. Құқықбұзушылықтың алдын алу Аудандағы барлық мектептерде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық жəне нашақорлықтың алдын – алу бойынша аудандық ішкі істер жəне облыстық наркологиялық диспансерінің
  • 13. нарколог мамандармен кездесулер өткізіліп, БАҚ-та жарияланды. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан 24 мектепте дін туралы түсінік беру мақсатында дінтанушы мамандармен кездесулер өткізілді. Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, теріс бағыттағы діни ағымдардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарымен əр жұма күні мешіттерде имамдармен кездесулер ұйымдастырылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халық көп жиналатын обектілерде (сауда үйлер, дүкендер жəне т.б.) қауіпсіздік шараларына мониторинг ұйымдастырылды. Əл-Фараби ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыруымен теміржол жағалауына жақын орналасқан №79 жəне №22 мектептерде «Теміржол қауіпсіз аймақ!» тақырыбында теміржол жəне полиция қызметкерлерімен бірігіп кездесулер өткізіліп, оқушыларға тəрбиелік маңызы бар бейнероликтер көрсетілді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын одан əрі айқындау мақсатында 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» бағдарламасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік проблемаларды талқылау» туралы семинарлар жəне «Жемқорлықпен күресу – əр азаматтың парызы» атты дөңгелек үстелдер өткізілді. Ономастика жəне тілдерді дамыту Əл-Фараби ауданы аумағында жалпы 375 көше бар, оның 40 атауы жоқ көшелер. Оның ішінде 34 көшеге реттік нөмір берілген жəне қазіргі таңда атауы жоқ 6 көшеге уақытша реттік нөмір беру
  • 14. бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын тойлау аясында «Наурыз» шағынауданында орналасқан атауы жоқ көшеге ҰОС ардагері Ə.Тоқсанбаевтың есімі берілді. «АвтоKZ» таксопаркінің қолдау көрсетуімен «Отырар» шағынауданына 33 көпқабатты тұрғын үйге атауы мен нөмірі жазылған тақтайша ілінді. Мəдени-ағарту саласы Əл-Фараби ауданы əкімінің аппаратымен 2015 жылы іс-шара жоспарына сəйкес 16 мерекелік іс- шараларды ұйымдастырылып, өткізілді. Атап айтқанда, «Халықаралық əйелдер күні», «Наурыз», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «ҚР Отан қорғаушылар күні», «Жеңіс күні», «Баларды қорғау күні», «Астана күні», «ҚР Конституция күні», «Ұстаздар күні», «Отбасы күні», «Тəуелсіздік күні», «Қарттар күні», «Мүгедектер күні», «Қала күні», «ҚР Тұңғыш Президент күні», «Аудан əкімінің Жаңа жылдық шыршасы». Аудан аумағында орналасқан Мемлекеттік мекемелердің ғимаратындағы Мемлекеттік рəміздерге қойылатын стандарттардың, мөлшердің, техникалық талаптардың бұзылуына жəне оларды күтіп ұстауға, сонымен қатар, Елбасының суреттері мен Мемлекеттік рəміздер бейнеленген баннерлерге талдау жұмыстары мен түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша құзырлы мекемелерге ұсыныстар жолданып, кемшіліктер қалпына келтірілді. Аудан əкімінің аппаратымен өткізілген барлық іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар «Қазақстан – Шымкент», «Отырар», «Айғақ» теле арналарына жəне «Шымкент келбеті», «Южный Казахстан», «Оңтүстік Қазақстан» «Оңтүстік Рабат» газет беттерінде жəне www.alfaraby-shym.kz сайттарында жарияланды.
  • 15. 2016 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары 1. Аудан аумағын санитарлық тазалықта ұстауды ұйымдастыру жəне қадағалау. 2. Балалар ойын алаңшаларын, аулаларды ретке келтіруді ұйымдастыру. 3. Тұрақты түрде аудан аумағына қарасты елді мекендерде сенбіліктерді ұйымдастыру жəне өткізу. 4. Өңірлерді дамытудың 2020ж. дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру. 5. 2016-2017 жылу беру маусымына сығымдау-дайындау жұмыстарын ұйымдастыру жəне өткізу. 6. Спорт алаңшаларын, спорт ангарларын, тренажер алаңшаларын құруды ұйымдастыру. 7. Ретсіз сауда, заңсыз жарнаманы болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізу. 8. Атаулы əлеуметтік көмек пен балалар жəрдем ақыларына арналған іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру. 9. Жоспарланған мəдени іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу. 10. Аудан аумағында ономастика саласы бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру.