SlideShare a Scribd company logo
1 of 19
Download to read offline
Еңбекші ауданының əкімі Ғ.Ильясовтың 2015 жылдыңқорытындысы бойынша
халық алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының Т Е З И С Т Е Р І
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі əлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен
тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.
Бүкіл əлем бастарынан қиын кезеңді өткеріп жатқанда оның əсері біздің елімізді де айналып өтпейтіні
белгілі.
Елбасы өз Жолдауында осы тығырықтан өтудің нақты жолдарын айқындап, қиындықты еңсерудің
бағыттарын көрсетті.
Н.Назарбаев кез келген қиындықтарды шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың
тұрмыс тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды мұхият тапсырды. Қандай қиын жағдай десек те
2016 жылдың 1 қаңтарынан елде зейнетақы, əлеуметтік төлемдер, жағдайы төмен отбасыларға төленетін
жəрдемақылар, шəкіртақылар орта есеппен 30 пайызға өсетін болып отыр, 2017 жылдан бастап
техникалық мамандық алушы жастарды тегін оқыту жайы айтылғаны да баршаңызға мəлім.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»,
«Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына
Жолдауларын,«100 нақты қадам» жоспарын аудан тұрғындарына насихаттау жəне түсіндіру мақсатында
өткен 170 кездесуде 28 мыңнан астам тұрғын қамтылды.
2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан əкімінің есепті кездесулерінде түскен 36 ұсыныс пен
өтініштер бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, 4 -не кездесу барысында толыққанды жауап берілді, 14
сын-ескертпе Қаратау ауданының аумағына қарасты болғандықтан аудан əкімінің аппаратына жолданды,
қалған 18 ұсыныстар бойынша құзырлы мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың мəліметі
жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды.
2015 жылы аудан əкімі аппаратына 3952 кіріс құжаттары түсіп, 4346 құжат жолданды, жеке жəне заңды
тұлғалардан 562 жазбаша өтініштер тіркелді.
ҚР «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Заңының талаптарына сəйкес
барлық өтініштер мен арыздар уақтылы қаралып, жауаптар берілді.
2015 жылы облыс əкімі тарапынан берілген тапсырмалар - 5, орындалғаны - 3, тұрақты бақылауда - 2,
қала əкімі тарапынан берілген тапсырмалар - 55, орындалғаны - 35, орындалу үстінде- 3, тұрақты
бақылауда - 17.
Жыл басынан аудан əкімі мен аудан əкімі орынбасарларының жеке қабылдауында 209 азамат болды.
Жеке қабылдауда көтерілген мəселелердің себептері талқыланып, шешу жолдары қарастырылып, арыз
иелеріне уақтылы жауаптар берілді.
Индустриялды-инновациялық даму, шағын жəне орта кəсіпкерлік туралы
Аудан аумағында 180 өндірістік өнеркəсіп орындары орналасқан. Оның ішінде өткен 2015 жылы
«Үдемелі индустриялды- инновациялық даму бағдарламасы» аясында жəне жеке инвестиция негізінде10
өндірістік кəсіпорын 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылды, оның ішінде аудан əкімі
аппаратының ұсынысымен «Əлем - БТ» ЖШС-на 20 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа
орналастырылды.
Ашылған өндірістік кəсіпорындар:
– «Халиф & Company» ЖШС – сэндвич панельдер өндірісі;
– «Жұмағұлов» ЖШС– құрғақ құрылыс қоспалары өндірісі;
– «Оңтүстік тері» ЖШС – тері өңдеу;
– «Амир-А» ЖШС –арматура өндірісі;
– «South Bags» ЖШС – полипропилен қап өндірісі;
– «Хансоль Интернейшнл Ко.ЛТД»ЖШС – қолғап өндірісі;
– «Цвет Лит» ЖШС – алюминий сымдарының өндірісі;
– «Al-SHYM» ЖШС – тері өңдеу;
– «Əлем- БТ» ЖШС– шұлық жəне спандекс жіптерін өндіру;
– «Назар Текстиль» ЖШС– қосымша жіп иіру цехы;
Ауданда 2015 жылы жаңадан 672 шағын кəсіпкерлік субъектілері тіркелген, 2016 жылы индустриялды-
инновациялық даму бағдарламасы аясында 24 жобаның іске қосылуы жоспарлануда.
Шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау мақсатында аудан əкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан
аумағына қосылған 16 елді мекендердің жеке кəсіпкерлерін тарта отырып, ОҚО əкімдігіне қарасты
«Кəсіпкерлерге қызмет көрсету» орталығы, «Қазагроқаржы» АҚ-ы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-
ы ОҚО бойынша филиалдары, «Максимум» АИО, МКҰ «Ырыс» өкілдерімен семинар-кеңестер өткізілді.
Нəтижесінде, 2015 жылы 9 азамат мал бордақылау мақсатында төмендетілген пайызбен несие алып, өз
кəсіптерін жүргізуде,бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Əлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұтыну бағасын тұрақтандыру туралы ОҚО əкімдігінің 12.02.2014
жылғы №44 қаулысына жəне аудан əкімі аппаратының бекітілген іс-шаралар жоспарына сəйкес, сауда
орындарында тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Айна», «Көктем», «Күлтай ана» базарларына жəне 7 үлкен сауда үйлеріне əлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарлар бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде, сондай-ақ «Айна», «Күлтай ана»
базарларына тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағада қажеттілігіне қарай құмшекер, ұн, пияз,
картоп, сəбіз, күріш, макарон өнімдерімен қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар, аудан əкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Əсел» базарының аумағында əр
жексенбіде ауылшаруашылық жəне бақша өнімдерінің жəрмеңкесі өткізілуде.
Заңсыз сауда орындары мен заңсыз жарнамаларды жою
Аудан əкімі аппаратының іс-шара жоспарына сəйкес аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын
жою жəне аудандағы көшелердің тазалығы мен көріктендіру жұмыстарын зерделеу мақсатында 2015
жылы жалпы саны 85, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 4 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
ҚР ƏҚБтК-ның 204 бабына сəйкес аудандық полиция бөлімі тарапынан заңсыз сауда жасаушыларға
2015 жылы 1420 хаттама толтырылып, 2 720, 2 мың теңге айыппұл салынды (2014 жылмен салыстырғанда
салынған айыппұл көлемі 18,7% ұлғайды), 505 бабына сəйкес 739 хаттама толтырылып, 1 367, 5 мың
теңге айыппұл салынды, (2014 жылмен салыстырғанда салынған айыппұл көлемі 22 % ұлғайды).
Бақша жəне басқа да өнімдер бойынша ретсіз 119 сауда орындары жойылып, құрылыс материалдарын
сататын 34 сауда орны ретке келтірілді.
Аудан аумағында орналасқан дүңгіршектердің заңдылығын анықтау бойынша мониторинг жүргізіліп,
нысан иелеріне заңсыз орналасқан жеңіл конструкциялы дүңгіршектерді мəжбүрлеп алдыру
жұмыстарының жаңа тəжірибесі қала бойынша аудан əкімі аппаратымен бірінші болып ұйымдастырылды.
Нəтижесінде заңсыз орналасқан 80 дүңгіршек жəне 6 киіз үй алынды, ОҚО жер қатынастары жəне жердің
пайдаланылуымен қорғалуын бақылау басқармасына жерді нысаналы мақсатта пайдаланбауына
байланысты 21 дүңгіршек иелеріне тиісті шара қолданып, заңға сəйкес қарап алдыру үшін ұсыныс
жолданды.
Заңсыз сауданың алдын алу мəселелері бойынша аудан əкімімен аудандық полиция бөлімі
инспекторларын қатыстыра отырып, тұрақты түрде шешу жолдары талқылануда.
ҚР «Жарнама туралы» Заңына жəне Шымкент қаласы əкімінің хаттамалық тапсырмаларына сəйкес
аудан əкімі аппаратының, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, қалалық сəулет жəне қала
құрылысы, мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарымен бірлесе 85 рейдтік іс-шара
ұйымдастырылды, нəтижесінде 20 көшедегі 422 заңсыз жарнамалық плакаттар мен 280 штендерлер,
барлығы 702 заңсыз жарнамалар алынды.
Салық туралы
Əлеуметтік мəселелерді шешу үшін бірінші кезекте қаржы мəселесі шешілуі тиіс. Аудан бойынша
бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғаюда.
Жергілікті бюджетке 18 793,4 млн. теңге жиналып, 2014 жылмен салыстырғанда 5,4% артқан.
Тіркелмеген тұрғын үйлерді түгендеу жұмыстары да өз нəтижесін беруде, ағымдағы жылы 964 үй
анықталып, салық төлеушілер қатары артып отыр. Сонымен қатар аудан аумағында орналасқан 130 нысан
қайта бағалаудан өткізіліп, бюджет түсімі 5,3 млн. теңгеге ұлғайды.
Аудан əкімі аппаратының ұйымдастыруымен салық түсімдерін ұлғайту мақсатында аудандық
прокуратура, мемлекеттік кірістер басқармасы, ІІБ-ның қызметкерлерін қатыстыра отырып, «Қаратөбе»,
«Жұлдыз», «Қазығұрт» аумақтарында халықпен кездесу, түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Аумақты көріктендіру жəне санитарлық тазалық
Ауданды көріктендіру, көгалдандыру – бұл аудан тұрғындарының жəне қонақтарының жақсы көз-
қарастарын қалыптастыру үшін көңіл аударатын ең басты мақсатымыздың бірі болып табылады.
«Бадам» өзенінің жағалауында, теміржолдар бойында, жаңадан құрылыс жұмыстары жүргізілген
«Жұлдыз», «Қаратөбе», «Қазығұрт» аумақтарында жеке үй тұрғындарына тұрмыстық қатты қоқыс
қалдықтарын шығару жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нəтижесінде тұрғындармен 8270 келісім-
шарт түзіліп, тұрмыстық қатты қоқыс қалдықтарды жоспарлы шығаруда.
Аудандағы санитарлық тазалық жəне ішкі орам жолдарын, аяқ жолдарын тазалау жұмыстарын ҚР
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сəйкес анықталған мердігер мекемелер «Арнаулыавтокөлік»,
«Нұр-Сат», «Ақсемсер Стройсервис» ЖШС-лары мен «Бароқбаев» ЖК-ы жүргізді.
Мердігер мекемелер қалалық қоқыс полигонына 13736,7м3, ( оның ішінде «Арнаулыавтокөлік» ЖШС–
ы 7082,7м3, «Нұр-Сат» ЖШС-ы 2234м3, «Ақсемсер Стройсервис» ЖШС-ы 2685м3, «Бароқбаев» ЖК-ы
1735м3) қоқыс шығарып, 22,1 шақырым ирригациялық арықтар тазаланды. Сонымен қатар, «Бəйтерек-
Л.Б.» ЖК-ы, «Эко спец транс» ЖШС-ы 5500 ден астам ағаштарға санитарлық қырқу жұмыстарын
жүргізді, 27 000 - жуық түп ағаштар əктеліп, 1 628 м2 аумаққа шөп ору жұмыстары жүргізілді. Бей-
берекет орындарға қоқыс үйінділерін тастамау жөнінде ауданның тұрғындарға үнемі түсіндіру
жұмыстары жүргізілуде.
«Шымкент қаласының көгалдандыру, көріктендіру» Ережесін сақтамаған тұрғындарды анықтау
мақсатында аудан аумағындағы бей-берекет қоқыс тастайтын орындарға демеушілердің есебінен
жылжымалы бейнебақылау құралдары орнатылып, нəтижесінде заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға
ҚР ƏҚБтК-тың 434,505 баптарына сəйкес, 39 əкімшілік хаттамалары түзілді, 133 640 теңге көлемінде
айыппұл салынып, 5 азамат əкімшілік қамауға алынды.
ҚР ƏҚБтК-тың 425 бабы, 1 тармағына сəйкес жеке жəне заңды тұлғаларға Еңбекші аудандық ТҚҚБ
тарапынан 156 əкімшілік хаттамалар түзіліп, 3 646 880 теңге айыппұл салынып, 3 468 500 теңге өндірілді.
«Нөлдік төзімділік» қағидасының орындалуы бойынша Еңбекші аудандық ПБ-ның учаскелік полиция
инспекторлары тарапынан ҚР ƏҚБтК-ның 434 бабы бойынша 649 хаттама толтырылды, 1 607 402 теңге
айыппұл салынып, 1 599 474 теңге өндірілді, 505 бабы бойынша 663 хаттама толтырылды, 1 268 480 теңге
айыппұл салынып, 594 600 теңге өндірілді.
Аудан аумағында мекемелердің, кіші жəне орта кəсіпорындардың қатысуымен 3 облыстық, 4 қалалық,
1 аудандық сенбіліктер жəне 9 сəрсенбіліктер өткізіліп, аталған іс-шараларға 95 мыңға жуық адам
қатысып, 43 автокөлік тартылды, 68,4 км. аяқжол тазаланып, қалалық қоқыс полигонына 2 623м³ қоқыс
шығарылды.
Қала əкімінің тапсырмасына сəйкес «Таза қала», «Таза аула» атты байқаулары өткізілді. Еңбекші
ауданы бойынша «Үлгілі аула» номинациясына 62 көпқабатты тұрғын үй жəне «Үлгілі көше»
номинациясына жеке секторда орналасқан 9 көше комитеттері қатысты. Конкурс нəтижесінде көпқабатты
тұрғын үйлер бойынша жеңімпаздар: І орын – «Теріскей» ш/а, №50 үй, ІІ орын – Ғ.Иляев көшесі, №115
үй, ІІІ орын –16 ш/а, №7 үй, жеке сектор бойынша: І орын – Ақсу көшесі, ІІ орын – Түркістан көшесі, ІІІ
орын – Бекет батыр көшесі болып анықталды, ынталандыру сыйлықтарын Жібек жолы даңғылы №26 үй
жəне «Оңтүстік» ш/а, Ташкент көшесі иеленді.
Тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық мəселелері
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан тұрғындарына түсіндіру
жұмыстары жүргізілді, аталған бағдарлама бойынша 2015 жылдың мамыр айынан бастап 16 ш/а №18, 18
ша №62 (2016 жылға өтпелі), «Теріскей» ш/а №1, Қазанқап ақын көшесі №1/3, Қапал батыр көшесі
№№9,12, Сайрам ш/а, Д.Ерімбетов көшесі №38А, «Сайрам» ш/а, №27, Қаратөбе тас жолы №44,
Ж.Алдияров көшесі №74, Елшібек батыр көшесі №114 үйге шатырлары мен инженерлік жүйелеріне
күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2016 жылға 17 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өтінім берілді.
Аудан аумағында орналасқан сейсмикалық қауіп бойынша 5 көпқабатты тұрғын үйлерге техникалық
зерделеу жұмыстары жүргізілді. Төле би көшесі №15 үйге бюджеттен 124 686 млн. теңге бөлініп,
сейсмикалық нығайту жұмыстары жүргізілуде, қалған үйлердің ЖСҚ-сы дайындалған.
Жылумен қамтамасыз ету
Ауданда орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 525 көпқабатты тұрғын үйлерді 2015-
2016ж.ж. қысқы жылу маусымына сапалы жəне уақтылы дайындау үшін аудандық штаб құрылып, қала
əкімінің бекіткен ісшара кестесіне сəйкес жұмыстар жүргізілді.
Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы жылу маусымына дайындау жəне қызмет
көрсету үшін 130 үй ТЭУ (ЖЭУ) –мен, 20 үй «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен келісімшартқа тұрған, ал
қалған 375 көпқабатты тұрғын үйлер инженерлік жылу жүйелерін өз күштерімен дайындады.
Аудан аумағында орналасқан барлық көпқабатты тұрғын үйлер түзілген кестеге сəйкес жылуға
қосылды.
Көпқабатты тұрғын үйлерде жылуды сақтау мақсатында кіреберіс есіктер жəне фрамугалар орнату
қажеттігі туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,52 кіреберіс есіктер орнатылып, 600м2
фрамугалар əйнектелді.
Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша түсіндіру жұмыстарының
нəтижесінде 9 үйге есептегіш құралдары орнатылды.
Су, газ, электр, кəріз жүйелері
Шымкент қалалық ТҮКШ бөлімімен бірлесе табиғи газ жүйесіне қосылу туралы «Шаңырақ»
шағынауданы мен «Бадам» тұрғын алабының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сайрам жəне Төлеби аудандарынан қосылған тұрғын алаптардағы көпқабатты үйлердің кəріз жүйелері
зерттеліп, əр тұрғын алапқа ЖСҚ-ы дайындаудың бастапқы жұмыстарына 500 мың теңге бюджеттен
қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
МПС, Темір жол көшелері мен ИЧ 167/10 маңындағы үйлерге электр, Қ.Сарымолдаев, Еламан
көшелеріне табиғи газ жүйелерінің құрылысы аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағында 2015 жылы инженерлік жүйелер жүргізуге (ауыз су, табиғи газ, электр, кəріз
жүйелері) бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
1)«Ұлағат», «Мирас» шағынаудандарын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету, нысан 2016 жылға өтпелі;
2)«Мирас» шағынауданы мен Саяжол көшесін табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету, нысан 2016
жылға өтпелі.
3)Жастар, Еламан көшелерін электр жүйесімен қамтамасыз ету, нысан 2016 жылға өтпелі;
4) «Оңтүстік» шағынауданы мен Еламан көшесін кəріз жүйесімен қамтамасыз ету, нысан 2016 жылға
өтпелі.
Аумақтарды абаттандыру жəне жарықтандыру
Аудандағы 74 көпқабатты үй аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізуге, 35 тұрғын үй ауласына
балалар ойын алаңшаларын жəне 14 ашық спорт алаңшаларын орнатуға жəне 12,9 шақырым ішкі орам аяқ
жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2015 жылы қалалық экономика жəне қаржы бөліміне
бюджеттік өтінім берілген, алайда бюджеттен қаржы бөлінбеуіне байланысты аталған жұмыстар
жүргізілмеді, жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін 2016 жылға қайталап бюджеттік өтінім
берілді.
Қатты тұрмыстық қалдықтар жинайтын қазіргі заман талабына сай евроүлгідегі 98 контейнер
алаңшаларына қайта құру жұмыстары жүргізілді.
«Теріскей», «Күншығыс» жəне 18 шағынаудандардағы тозығы жеткен 14 баспалдақтарға мердігер
мекеме «Нұрансар» ЖШС-ы қайта құру жұмыстарын жүргізді.
Заң бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 11,12,13,16,17,18, «Күншығыс» жəне «Сайрам»
шағынаудандарында 47 үй аулаларына электр энергиясын үнемдейтін жаңа үлгідегі (лейд) 57 жарықшам
бағаналары орнатылды («Ақсемсер-Стройсервис» ЖШС-ы, қаржы көлемі 12469,5 мың теңге).
Кржижановский, Тұлпар, Ө.Жəнібеков көшелері мен Қаратөбе тас жолы жарықтандырылды, 10 көшеге
(16,05 км.) жарықтандыру бағаналарын орнатуға жəне 4 көшеге (11,2 км.) жарықтандыру жүйелерін қайта
құруға ЖСҚ-ы əзірленді.
2015 жылы Сайрам көшесі бойындағы 300 метр ирригациялық жүйе жаңартылды, сонымен қатар аса
қажетті 12 мекен-жай бойынша ирригациялық жүйелерге ЖСҚ-ы дайындалды. Д.Ерімбетов,
Ж.Шаяхметов көшелерінің бойына ирригациялық жүйе орнатуға ЖСҚ-ы дайындалуда.
М.Сматлаев жəне Н.Төреқұлов көшелері арасындағы Шымкент каналы арнасының 201 м жері «г»
блоктарымен қапталды.
Қ.Жандарбеков гүлзарына жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ-ы дайындалып, құрылыс жұмыстарына
облыстық бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді (жоба құны 73880 мың теңге).
Жолдар бойынша
2015 жылы аудан аумағында 35 көшеге (22,061км.) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қалалық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі тарапынан күрделі жөндеу жұмыстарын
жүргізуге 12 көшеге (7,65 км.) ЖСҚ-ы əзірленді, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім
берілді, 11 көшеге (8,16 км.) ЖСҚ-ы дайындалуда.
Аудан əкімі аппаратының тарапынан берілген ұсыныс бойынша 34 аяқжолдың құрылысына ( 41,3 км.)
ЖСЕ əзірленді, 14 аяқжолдың ЖСЕ-сі дайындалуда, «Күншығыс» шағынауданында 160 м. аяқжолға
орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Н.Төреқұлов көшесін (Ж.Аймауытов көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін), Жібек жолы даңғылын
(Х.Пазиков көшесінен Қ.Төлеметов көшесіне дейін) қайта құруға ЖСҚ-ы əзірленді.
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сəйкес Жібек жолы даңғылына қайта құру жұмыстарын
«Береке-А корпорация» ЖШС-ы жүргізуде, нысан 2016 жылға өтпелі.
«Береке-А корпорация» ЖШС-ы Қапал батыр көшесінде темір жол үстіндегі көпірді қайта құрудың 2-
кезеңі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде, нысан 2016 жылға өтпелі.
Ауданның автокөлік жолдарына ЖСҚ-ы əзірлеуге, асфальт қабатының тозығы жеткен көшелерді
орташа жөндеуге, шағал тас төсеуге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 196 көшеге (194,0 км.) ұсыныс берілді
(74 көшеге күрделі жөндеу, 80 көшеге орташа жөндеу, 42 көшеге шағал тас төсеу).
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында аудан əкімі аппаратының, аудандық «Нұр
Отан» партиясы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің
ОҚО бойынша департаменті, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, қалалық білім бөлімі мемлекеттік
мекемелері арасында 2015 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілді.
Еңбекші аудандық «Нұр Отан» партиясы, прокуратура, полиция бөлімі, əділет басқармасы жəне
қалалық мəслихат депутаттарының қатысуымен «Парасат», «Авиценна» колледждерінде, аудан əкімі
аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтық білімін арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік
қызмет істері жөніндегі агенттігі ОҚО бойынша департаментімен бірлесіп, ҚР «Мемлекеттік қызмет
туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы», «Əкімшілік рəсімдер
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы»
заңдарының жəне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі бойынша
семинарлар өткізілді. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сəйкес, аудандағы білім беру, денсаулық сақтау
мекемелерінде жəне аудан əкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен жыл басынан 28
жиналыс, семинар, дөңгелек үстел жəне ашық есік күндері өткізілді.
Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік көмек көрсету
ҚР «Мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек туралы» жəне «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік
жəрдемақылар туралы» заңдарын басшылыққа алып аудан əкімінің аппаратында мұқтаждық деңгейін
анықтау үшін 6 учаскелік комиссия жұмыс жүргізуде.Қазақстан Республикасының Заңдарын орындалуын
учаскелік комиссия мүшелеріне түсіндіру мақсатында 210 мəжіліс, 4 семинар-кеңес өткізді.
2015 жылы атаулы əлеуметтік көмекке үміткер 125 отбасының 109-на «мұқтаж», ал балалы
отбасыларға берілетін жəрдемақыға үміткер 3833 отбасының 3418-не «мұқтаж» деген қорытындылар
берілді.
2014 жылмен салыстырғанда атаулы əлеуметтік көмек алушы отбасылар саны113-ке, немесе 51%-ға
азайған, балалы отбасыларға берілетін жəрдемақы алатындар саны 923-ке немесе 21%-ға азайған.
ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы «Əлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің жəне
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
№504 қаулысына жəне Шымкент қаласының мəслихатының 24.12. 2013 жылғы №30/193-5с шешіміне
сəйкес, 2015 жылға «бірреттік əлеуметтік көмекті» алуға құжат тапсырған 1664 азаматтардың үйлеріне
барып учаскелік комиссия үй-тұрмыстық актілері жасалып, 1509-на «мұқтаж» деген қорытындылар
берілді.
ҚР Үкіметінің 16.01.2012 жылғы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз
ету жəне өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының
бекіту туралы» №64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқығын жəне
өмір сүру сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сəйкес мүгедектердің жүріп-тұруына
ыңғайлылығы сақталуы бойынша қолданыстағы ғимараттарды түгендеу (төлқұжаттандыру) жұмыстарын
жүргізуде, қалада құрылған жұмысшы тобы аудандағы 156 бюджеттік жəне 158 əлеуметтік коммерциялық
объектілерінің бəріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нəтижесінде бюджеттік мекемелердің паспорттары
жасалып, пандустар орнатылды, ал əлеуметтік коммерциялық объектілердің 68-не паспорттау жұмыстары
жүргізіліп, 50-не пандустар орнатылған.
ҚР-да мүгедектердің құқығын жəне өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарына сəйкес жұмыстар тұрақты жалғасуда.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 3021 азамат жұмысқа орналасқан, оның
ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 1419, əлеуметтік жұмыспен – 196, жастар практикасына – 1220,
оқуды бітіргеннен соң жұмыспен қамтылғаны – 162, қайта даярлаудан – 24 азамат өткен.
Аталған бағдарлама аясында аудан əкімінің аппаратында 4 жас маман іс-тəжірибеден өтуде, 140 азамат
ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды (оның ішінде 3 мүгедек азамат).
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесі
ҰОС Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында аудан əкімі аппаратының, «Нұр Отан» партиясының
аудандық филиалымен жəне аудандық ардагерлер кеңесінің бірлескен іс-шарасына сəйкес ауданда
тұратын 38 ҰОС-ың ардагері мен 2 ҰОС-ның жесіріне жəне 8 ҰОС-на теңестірілгендеріне облыстық,
қалалық мəслихат депутаттары мен кəсіпкерлер бекітіліп, барлық мерекелермен туылған күндерінде
сыйлықтар табысталып, ықыласпен көңіл бөлінуде, сонымен қатар бюджеттен бөлінген қаржыға жəне
кəсіпкерлердің демеушіліктерімен үйлеріне жөндеуге көмек көрсетілді.
«Бауырластар зиратының» күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 14 млн теңге бөлініп, «9 мамыр
Жеңіс» күні мерекесінің қарсаңында салтанатты түрде ашылды.
Отбасылық демографиялық саясат
Аудан əкімі жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен жəне Қазақстан іскер əйелдер Ассоциациясымен,
«Отбасылық психологиялық», «Əйелдер ресурстық» орталықтарымен, «Ару Аналар», «Сана Сезім» ҚБ-
мен бірлесе «Қолжетімді баспана-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық
профилактикасы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Отбасылық тəрбие», «Адам
саудасының құрбаны болмаудың жолдары» тақырыптарында 8 семинар-кеңестер өткізді.
Ауданда тұратын көпбалалы 581 ана алтын, 903 ана күміс алқасымен марапатталған. 2015 жылы алқаға
тапсырған көпбалалы аналардың құжаттары жинақталып, 22 анаға алтын, 55 анаға күміс алқалары
салтанатты түрде табысталды.
Діни экстремизмнің, нашақорлықтың алдын алу
Діни экстремизмнің керағар діни ағымдар мен секталар іс-əрекетінің алдын алу мақсатында 2015 жылы
тұрғындар, студенттер мен оқушылар арасында 42 кездесу өткізілді. (2014 жылмен салыстырғанда 11
кездесуге артық немесе 35%-ға өскен).
ОҚО əкімдігінің «ОҚО нашақорлыққа жəне есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға іс-
шаралар жоспарына» сəйкес нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушылары, колледждер мен
жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен 41 семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер мен акциялар
өткізілді, кездесуде 4 мыңнан аса адам қамтылды (2014 жылмен салыстырғанда 8 кездесуге артық немесе
28%-ға өскен).
Жасөспірімдер арасында қылмыстың жəне құқық бұзушылықтың алдын алу
Аудан прокурорының, аудан əкімінің, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының, қалалық білім
жəне аудандық полиция бөлімдерінің 12.01.2015 жылғы №2 бірлескен бұйрығын орындау мақсатында, 8
мобильдік топ құрылып, 41 семинар–кеңестер өткізілді.
Кəмелетке толмағандар жəне жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында
компьютерлік клубтар мен ойынханаларға жыл басынан бері 60 рейдтік іс-шара өткізіліп, ҚР-ның
«Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сəйкес 955 хаттама толтырылды, оның ішінде 850 ата-
анаға ескерту, 94 ата-анаға, 11 кəсіпкерге айыппұл салынды.
Аудандағы «Бəйшешек», «Жастық» аула клубтарында 500-ге жуық бала бос уақыттарын тиімді
өткізуде. Қарабастау, Қаратөбе, Елтай тұрғын алаптарында аула клубтарын ашу жөнінде Шымкент
қаласының білім бөліміне ұсыныс хаттар жолданып, қазіргі таңда білім бөлімінің қарауында.
Балалардың спортқа қызығушылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында
колледждердің студенттерімен каратэден əлем чемпионы, Азия кубогының чемпионы, ҚР-ның 6 дүркін
чемпионы, халықаралық дəрежедегі спорт шебері М.Катешовпен, кикбоксингтен əлем чемпионы, əлем
кубогының чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, ҚР-ның 7 дүркін чемпионы, халықаралық
дəрежедегі спорт шебері Н.Тулегеновпен жəне кикбоксингтен жастар арасында Əлем чемпионы, ҚР-ның 2
дүркін жеңімпазы, спорт шебері Ж.Махамбетпен кездесулер өткізілді.
Білім жəне медицина салалары
Аудандағы 1 жоғары оқу орны мен 8 колледжде 16140 студент, 36 орта мектептерде 40674 оқушы білім
алуда. 26 мемлекеттік жəне 36 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерде 11525 бала тəрбиеленуде, оның
2934-і мемлекеттік тапсырыс бойынша. Есепті кезеңде 600 орындық 6 жекеменшік балабақша ашылып,
2014 жылмен салыстырғанда балабақшамен қамтылған балалардың саны 1,8%-ға артты.
Облыстық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен №№12,36 мектептердің апатты блоктарына
қайта құру жұмыстарына 870,2 млн.теңге, «Қаратөбе» тұрғын алабындағы №105 мектепке қосымша 300
орындық ғимарат құрылысына 468,5 млн.теңге, «Жұлдыз» тұрғын алабындағы №94 мектебіне қосымша
300 орындық ғимарат құрылысына 538,0 млн.теңге, Безделев көшесінде 80 орындық коррекциялық
балабақша құрылысына 180,4 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Бюджеттен №№41,97 балабақшалар мен №№25,44,41,43,65 мектептерге 981,0 млн теңге бөлініп, күрделі
жөндеуден өткізілді.
«Оңтүстік» шағынауданындағы №34 мектептің күрделі жөндеу жəне қосымша құрылыс жұмыстарына
692,7 млн. теңге, Д.Ерімбетов көшесінде 320 орындық балабақша құрылысына 574,7 млн. тенге,
«Базарқақпа» тұрғын алабындағы 600 орынға арналған типтік мектептің құрылысына 618,3 млн. теңге,
«Бадам -2»тұрғын алабында типтік 300 орындық мектеп құрылысына 957,1 млн.теңге бөлініп, жұмыстар
жүргізілуде, барлық нысандар 2016 жылы пайдалануға беріледі.
Ауданда 25 медициналық мекеме орналасқан. «Бадам» шағынауданында қуаттылығы 75 адамға
арналған дəрігерлік амбулатория құрылысы аяқталды.
Мерекелік-спорттық іс-шаралар
2015 жылы аудан əкімі аппаратының ұйымдастыруымен 13 мемлекеттік жəне ұлттық мерекелер
өткізілді, бұл іс-шараларға жалпы 9000-ға жуық аудан тұрғындары мен көше, үй комитет төрағалары жəне
аудандағы мекемелер мен ұйымдар, жоғары, орта арнаулы оқу орындары, облыстық, қалалық мəслихат
депутаттары белсене қатысты.
3 облыстық, 2 қалалық спорт мектептерінің филиалдары мен орта мектептерде орналасқан спорттық
секцияларда 7000-нан аса бала жаттығады. Облыстық бюджеттен 617,8 млн. теңге бөлініп, «Бадам» су
қоймасынан «Есу спорт түрлерінен оқу жаттығу базасы» спорт кешені ашылды.
Аудан əкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Цементшілер» стадионында кіші футболдан,
жасөспірімдер арасында аула аралық кіші футболдан, «Қала күні» мерекесіне орай аудандағы колледж
студенттерінің арасында баскетболдан, «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай «Футбол əлемі-
Манчестер» спорт кешенінде аудандағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында үстел теннисінен
жарыстар, «Тəуелсіздік күні» мерекесіне орай Б.Өтеп атындағы «Өнер» мектеп-интернатында мектеп
оқушылары арасында 9 номинация бойынша «Тəуелсіздік жастар көзімен» атты əн-жыр байқауы жоғары
деңгейде өткізілді, жеңімпаздар аудан əкімінің дипломдары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ономастика жəне тілдерді дамыту
Еңбекші ауданында 510 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар, жалпы атауы жоқ көше саны 150, оның
ішінде 123 көшеге уақытша реттік нөмір берілген жəне қазіргі таңда атауы жоқ 27 көшеге реттік нөмір
беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҰОС-ғы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ұлағат»
шағынауданында орналасқан 1 көшеге ҰОС-ы ардагерінің есімімен атау берілді.
ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 52
рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, 35 коммерциялық нысанның маңдайшаларының кемшіліктері
түзетілді.
Мүлікті жария ету бойынша атқарылған жұмыстар
Қазақстан Республикасының 30.06.2014 жылғы «Қазақстан Республикасының азаматтарына,
оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария
етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» № 213-V Заңын орындау мақсатында аудан əкімі
аппаратының жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясына 02.09.2014 жылдан
бүгінгі күнге дейін барлығы 385 өтініш (құны-5 111 262 мың тг) қабылданды. Комиссия 290 өтінішке
мүлікті жария етуге шешім шығарды (құны-3 704 000 мың тг). Оның ішінде: 258 тұрғын үй (құны-
2 667 000 мың тг), 32 коммерциялық нысан (құны – 1 037 000 мың тг), 95 өтініштің мүліктері заң аясында
жария етуден бас тартылды (құны-1 407 262 мың тг).
Бекітілген меже 116 пайызға орындалды. Аудан тұрғындарына мүлікті жария етуді өткізу жөнінде
тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Еңбекші ауданы əкімі аппаратының 2016 жылға арналған маңызды міндеттері
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан
жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын,
ұлтаралық татулық пен елдегі саяси тұрақтылықты сақтау жөнінде тұрғындарға насихаттау, түсіндіру
жұмыстарын жүргізу.
Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығын жоғары дəрежеде атап өту.
Аудан əкімі аппаратының жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға
бағытталады. Оның ішінде аудандағы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың əлеуметтік
қорғалмаған топтарына əлеуметтік көмектерді ұйымдастыру.
Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болатын
мəселе, оның ішінде көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру жұмыстарын жалғастыру.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында олардың бос уақыттарын қамтуға жағдай
жасау, оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аула клубтарының санын, оған қамтылатын балалар санын
көбейту.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, аулаларды жарықтандыру жұмыстарын
ұйымдастыру. Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға қажетті қаржы мəселелерін шешуге көмектесу
мақсатында салық базасын ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру. Тұрғындарды сапалы ауыз
су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.

More Related Content

Similar to Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері

Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіЛенин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Zhanbolat Amankeldy
 
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығыҮйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығыRaushanbek Pazilov
 
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Zhanbolat Amankeldy
 
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджетіказ 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 

Similar to Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері (6)

Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіЛенин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
 
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығыҮйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
 
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
 
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджетіказ 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
 
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
 

More from Zhanbolat Amankeldy

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Zhanbolat Amankeldy
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаZhanbolat Amankeldy
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміZhanbolat Amankeldy
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміZhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 

More from Zhanbolat Amankeldy (20)

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 

Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері

  • 1. Еңбекші ауданының əкімі Ғ.Ильясовтың 2015 жылдыңқорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының Т Е З И С Т Е Р І Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында бүгінгі əлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. Бүкіл əлем бастарынан қиын кезеңді өткеріп жатқанда оның əсері біздің елімізді де айналып өтпейтіні белгілі. Елбасы өз Жолдауында осы тығырықтан өтудің нақты жолдарын айқындап, қиындықты еңсерудің бағыттарын көрсетті. Н.Назарбаев кез келген қиындықтарды шешуде бірінші кезекте халықтың жағдайын ойлап, олардың тұрмыс тіршілігінің жақсаруын басты назарда ұстауды мұхият тапсырды. Қандай қиын жағдай десек те 2016 жылдың 1 қаңтарынан елде зейнетақы, əлеуметтік төлемдер, жағдайы төмен отбасыларға төленетін жəрдемақылар, шəкіртақылар орта есеппен 30 пайызға өсетін болып отыр, 2017 жылдан бастап техникалық мамандық алушы жастарды тегін оқыту жайы айтылғаны да баршаңызға мəлім. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол», «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Қазақстан халқына Жолдауларын,«100 нақты қадам» жоспарын аудан тұрғындарына насихаттау жəне түсіндіру мақсатында өткен 170 кездесуде 28 мыңнан астам тұрғын қамтылды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан əкімінің есепті кездесулерінде түскен 36 ұсыныс пен өтініштер бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, 4 -не кездесу барысында толыққанды жауап берілді, 14 сын-ескертпе Қаратау ауданының аумағына қарасты болғандықтан аудан əкімінің аппаратына жолданды, қалған 18 ұсыныстар бойынша құзырлы мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың мəліметі жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды.
  • 2. 2015 жылы аудан əкімі аппаратына 3952 кіріс құжаттары түсіп, 4346 құжат жолданды, жеке жəне заңды тұлғалардан 562 жазбаша өтініштер тіркелді. ҚР «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Заңының талаптарына сəйкес барлық өтініштер мен арыздар уақтылы қаралып, жауаптар берілді. 2015 жылы облыс əкімі тарапынан берілген тапсырмалар - 5, орындалғаны - 3, тұрақты бақылауда - 2, қала əкімі тарапынан берілген тапсырмалар - 55, орындалғаны - 35, орындалу үстінде- 3, тұрақты бақылауда - 17. Жыл басынан аудан əкімі мен аудан əкімі орынбасарларының жеке қабылдауында 209 азамат болды. Жеке қабылдауда көтерілген мəселелердің себептері талқыланып, шешу жолдары қарастырылып, арыз иелеріне уақтылы жауаптар берілді. Индустриялды-инновациялық даму, шағын жəне орта кəсіпкерлік туралы Аудан аумағында 180 өндірістік өнеркəсіп орындары орналасқан. Оның ішінде өткен 2015 жылы «Үдемелі индустриялды- инновациялық даму бағдарламасы» аясында жəне жеке инвестиция негізінде10 өндірістік кəсіпорын 1000-нан астам жаңа жұмыс орындарымен іске қосылды, оның ішінде аудан əкімі аппаратының ұсынысымен «Əлем - БТ» ЖШС-на 20 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналастырылды. Ашылған өндірістік кəсіпорындар: – «Халиф & Company» ЖШС – сэндвич панельдер өндірісі; – «Жұмағұлов» ЖШС– құрғақ құрылыс қоспалары өндірісі; – «Оңтүстік тері» ЖШС – тері өңдеу;
  • 3. – «Амир-А» ЖШС –арматура өндірісі; – «South Bags» ЖШС – полипропилен қап өндірісі; – «Хансоль Интернейшнл Ко.ЛТД»ЖШС – қолғап өндірісі; – «Цвет Лит» ЖШС – алюминий сымдарының өндірісі; – «Al-SHYM» ЖШС – тері өңдеу; – «Əлем- БТ» ЖШС– шұлық жəне спандекс жіптерін өндіру; – «Назар Текстиль» ЖШС– қосымша жіп иіру цехы; Ауданда 2015 жылы жаңадан 672 шағын кəсіпкерлік субъектілері тіркелген, 2016 жылы индустриялды- инновациялық даму бағдарламасы аясында 24 жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау мақсатында аудан əкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудан аумағына қосылған 16 елді мекендердің жеке кəсіпкерлерін тарта отырып, ОҚО əкімдігіне қарасты «Кəсіпкерлерге қызмет көрсету» орталығы, «Қазагроқаржы» АҚ-ы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ- ы ОҚО бойынша филиалдары, «Максимум» АИО, МКҰ «Ырыс» өкілдерімен семинар-кеңестер өткізілді. Нəтижесінде, 2015 жылы 9 азамат мал бордақылау мақсатында төмендетілген пайызбен несие алып, өз кəсіптерін жүргізуде,бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Əлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұтыну бағасын тұрақтандыру туралы ОҚО əкімдігінің 12.02.2014 жылғы №44 қаулысына жəне аудан əкімі аппаратының бекітілген іс-шаралар жоспарына сəйкес, сауда орындарында тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Айна», «Көктем», «Күлтай ана» базарларына жəне 7 үлкен сауда үйлеріне əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде, сондай-ақ «Айна», «Күлтай ана» базарларына тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағада қажеттілігіне қарай құмшекер, ұн, пияз, картоп, сəбіз, күріш, макарон өнімдерімен қамтамасыз етілуде.
  • 4. Сонымен қатар, аудан əкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Əсел» базарының аумағында əр жексенбіде ауылшаруашылық жəне бақша өнімдерінің жəрмеңкесі өткізілуде. Заңсыз сауда орындары мен заңсыз жарнамаларды жою Аудан əкімі аппаратының іс-шара жоспарына сəйкес аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын жою жəне аудандағы көшелердің тазалығы мен көріктендіру жұмыстарын зерделеу мақсатында 2015 жылы жалпы саны 85, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 4 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. ҚР ƏҚБтК-ның 204 бабына сəйкес аудандық полиция бөлімі тарапынан заңсыз сауда жасаушыларға 2015 жылы 1420 хаттама толтырылып, 2 720, 2 мың теңге айыппұл салынды (2014 жылмен салыстырғанда салынған айыппұл көлемі 18,7% ұлғайды), 505 бабына сəйкес 739 хаттама толтырылып, 1 367, 5 мың теңге айыппұл салынды, (2014 жылмен салыстырғанда салынған айыппұл көлемі 22 % ұлғайды). Бақша жəне басқа да өнімдер бойынша ретсіз 119 сауда орындары жойылып, құрылыс материалдарын сататын 34 сауда орны ретке келтірілді. Аудан аумағында орналасқан дүңгіршектердің заңдылығын анықтау бойынша мониторинг жүргізіліп, нысан иелеріне заңсыз орналасқан жеңіл конструкциялы дүңгіршектерді мəжбүрлеп алдыру жұмыстарының жаңа тəжірибесі қала бойынша аудан əкімі аппаратымен бірінші болып ұйымдастырылды. Нəтижесінде заңсыз орналасқан 80 дүңгіршек жəне 6 киіз үй алынды, ОҚО жер қатынастары жəне жердің пайдаланылуымен қорғалуын бақылау басқармасына жерді нысаналы мақсатта пайдаланбауына байланысты 21 дүңгіршек иелеріне тиісті шара қолданып, заңға сəйкес қарап алдыру үшін ұсыныс жолданды. Заңсыз сауданың алдын алу мəселелері бойынша аудан əкімімен аудандық полиция бөлімі инспекторларын қатыстыра отырып, тұрақты түрде шешу жолдары талқылануда.
  • 5. ҚР «Жарнама туралы» Заңына жəне Шымкент қаласы əкімінің хаттамалық тапсырмаларына сəйкес аудан əкімі аппаратының, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, қалалық сəулет жəне қала құрылысы, мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарымен бірлесе 85 рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, нəтижесінде 20 көшедегі 422 заңсыз жарнамалық плакаттар мен 280 штендерлер, барлығы 702 заңсыз жарнамалар алынды. Салық туралы Əлеуметтік мəселелерді шешу үшін бірінші кезекте қаржы мəселесі шешілуі тиіс. Аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан жылға ұлғаюда. Жергілікті бюджетке 18 793,4 млн. теңге жиналып, 2014 жылмен салыстырғанда 5,4% артқан. Тіркелмеген тұрғын үйлерді түгендеу жұмыстары да өз нəтижесін беруде, ағымдағы жылы 964 үй анықталып, салық төлеушілер қатары артып отыр. Сонымен қатар аудан аумағында орналасқан 130 нысан қайта бағалаудан өткізіліп, бюджет түсімі 5,3 млн. теңгеге ұлғайды. Аудан əкімі аппаратының ұйымдастыруымен салық түсімдерін ұлғайту мақсатында аудандық прокуратура, мемлекеттік кірістер басқармасы, ІІБ-ның қызметкерлерін қатыстыра отырып, «Қаратөбе», «Жұлдыз», «Қазығұрт» аумақтарында халықпен кездесу, түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Аумақты көріктендіру жəне санитарлық тазалық Ауданды көріктендіру, көгалдандыру – бұл аудан тұрғындарының жəне қонақтарының жақсы көз- қарастарын қалыптастыру үшін көңіл аударатын ең басты мақсатымыздың бірі болып табылады.
  • 6. «Бадам» өзенінің жағалауында, теміржолдар бойында, жаңадан құрылыс жұмыстары жүргізілген «Жұлдыз», «Қаратөбе», «Қазығұрт» аумақтарында жеке үй тұрғындарына тұрмыстық қатты қоқыс қалдықтарын шығару жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нəтижесінде тұрғындармен 8270 келісім- шарт түзіліп, тұрмыстық қатты қоқыс қалдықтарды жоспарлы шығаруда. Аудандағы санитарлық тазалық жəне ішкі орам жолдарын, аяқ жолдарын тазалау жұмыстарын ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сəйкес анықталған мердігер мекемелер «Арнаулыавтокөлік», «Нұр-Сат», «Ақсемсер Стройсервис» ЖШС-лары мен «Бароқбаев» ЖК-ы жүргізді. Мердігер мекемелер қалалық қоқыс полигонына 13736,7м3, ( оның ішінде «Арнаулыавтокөлік» ЖШС– ы 7082,7м3, «Нұр-Сат» ЖШС-ы 2234м3, «Ақсемсер Стройсервис» ЖШС-ы 2685м3, «Бароқбаев» ЖК-ы 1735м3) қоқыс шығарып, 22,1 шақырым ирригациялық арықтар тазаланды. Сонымен қатар, «Бəйтерек- Л.Б.» ЖК-ы, «Эко спец транс» ЖШС-ы 5500 ден астам ағаштарға санитарлық қырқу жұмыстарын жүргізді, 27 000 - жуық түп ағаштар əктеліп, 1 628 м2 аумаққа шөп ору жұмыстары жүргізілді. Бей- берекет орындарға қоқыс үйінділерін тастамау жөнінде ауданның тұрғындарға үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. «Шымкент қаласының көгалдандыру, көріктендіру» Ережесін сақтамаған тұрғындарды анықтау мақсатында аудан аумағындағы бей-берекет қоқыс тастайтын орындарға демеушілердің есебінен жылжымалы бейнебақылау құралдары орнатылып, нəтижесінде заң бұзушылыққа жол берген тұлғаларға ҚР ƏҚБтК-тың 434,505 баптарына сəйкес, 39 əкімшілік хаттамалары түзілді, 133 640 теңге көлемінде айыппұл салынып, 5 азамат əкімшілік қамауға алынды. ҚР ƏҚБтК-тың 425 бабы, 1 тармағына сəйкес жеке жəне заңды тұлғаларға Еңбекші аудандық ТҚҚБ тарапынан 156 əкімшілік хаттамалар түзіліп, 3 646 880 теңге айыппұл салынып, 3 468 500 теңге өндірілді. «Нөлдік төзімділік» қағидасының орындалуы бойынша Еңбекші аудандық ПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары тарапынан ҚР ƏҚБтК-ның 434 бабы бойынша 649 хаттама толтырылды, 1 607 402 теңге
  • 7. айыппұл салынып, 1 599 474 теңге өндірілді, 505 бабы бойынша 663 хаттама толтырылды, 1 268 480 теңге айыппұл салынып, 594 600 теңге өндірілді. Аудан аумағында мекемелердің, кіші жəне орта кəсіпорындардың қатысуымен 3 облыстық, 4 қалалық, 1 аудандық сенбіліктер жəне 9 сəрсенбіліктер өткізіліп, аталған іс-шараларға 95 мыңға жуық адам қатысып, 43 автокөлік тартылды, 68,4 км. аяқжол тазаланып, қалалық қоқыс полигонына 2 623м³ қоқыс шығарылды. Қала əкімінің тапсырмасына сəйкес «Таза қала», «Таза аула» атты байқаулары өткізілді. Еңбекші ауданы бойынша «Үлгілі аула» номинациясына 62 көпқабатты тұрғын үй жəне «Үлгілі көше» номинациясына жеке секторда орналасқан 9 көше комитеттері қатысты. Конкурс нəтижесінде көпқабатты тұрғын үйлер бойынша жеңімпаздар: І орын – «Теріскей» ш/а, №50 үй, ІІ орын – Ғ.Иляев көшесі, №115 үй, ІІІ орын –16 ш/а, №7 үй, жеке сектор бойынша: І орын – Ақсу көшесі, ІІ орын – Түркістан көшесі, ІІІ орын – Бекет батыр көшесі болып анықталды, ынталандыру сыйлықтарын Жібек жолы даңғылы №26 үй жəне «Оңтүстік» ш/а, Ташкент көшесі иеленді. Тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық мəселелері «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді, аталған бағдарлама бойынша 2015 жылдың мамыр айынан бастап 16 ш/а №18, 18 ша №62 (2016 жылға өтпелі), «Теріскей» ш/а №1, Қазанқап ақын көшесі №1/3, Қапал батыр көшесі №№9,12, Сайрам ш/а, Д.Ерімбетов көшесі №38А, «Сайрам» ш/а, №27, Қаратөбе тас жолы №44, Ж.Алдияров көшесі №74, Елшібек батыр көшесі №114 үйге шатырлары мен инженерлік жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2016 жылға 17 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өтінім берілді.
  • 8. Аудан аумағында орналасқан сейсмикалық қауіп бойынша 5 көпқабатты тұрғын үйлерге техникалық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Төле би көшесі №15 үйге бюджеттен 124 686 млн. теңге бөлініп, сейсмикалық нығайту жұмыстары жүргізілуде, қалған үйлердің ЖСҚ-сы дайындалған. Жылумен қамтамасыз ету Ауданда орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 525 көпқабатты тұрғын үйлерді 2015- 2016ж.ж. қысқы жылу маусымына сапалы жəне уақтылы дайындау үшін аудандық штаб құрылып, қала əкімінің бекіткен ісшара кестесіне сəйкес жұмыстар жүргізілді. Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы жылу маусымына дайындау жəне қызмет көрсету үшін 130 үй ТЭУ (ЖЭУ) –мен, 20 үй «Қуат жылу орталық-3» МКК-мен келісімшартқа тұрған, ал қалған 375 көпқабатты тұрғын үйлер инженерлік жылу жүйелерін өз күштерімен дайындады. Аудан аумағында орналасқан барлық көпқабатты тұрғын үйлер түзілген кестеге сəйкес жылуға қосылды. Көпқабатты тұрғын үйлерде жылуды сақтау мақсатында кіреберіс есіктер жəне фрамугалар орнату қажеттігі туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,52 кіреберіс есіктер орнатылып, 600м2 фрамугалар əйнектелді. Көпқабатты тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша түсіндіру жұмыстарының нəтижесінде 9 үйге есептегіш құралдары орнатылды.
  • 9. Су, газ, электр, кəріз жүйелері Шымкент қалалық ТҮКШ бөлімімен бірлесе табиғи газ жүйесіне қосылу туралы «Шаңырақ» шағынауданы мен «Бадам» тұрғын алабының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сайрам жəне Төлеби аудандарынан қосылған тұрғын алаптардағы көпқабатты үйлердің кəріз жүйелері зерттеліп, əр тұрғын алапқа ЖСҚ-ы дайындаудың бастапқы жұмыстарына 500 мың теңге бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. МПС, Темір жол көшелері мен ИЧ 167/10 маңындағы үйлерге электр, Қ.Сарымолдаев, Еламан көшелеріне табиғи газ жүйелерінің құрылысы аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағында 2015 жылы инженерлік жүйелер жүргізуге (ауыз су, табиғи газ, электр, кəріз жүйелері) бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 1)«Ұлағат», «Мирас» шағынаудандарын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету, нысан 2016 жылға өтпелі; 2)«Мирас» шағынауданы мен Саяжол көшесін табиғи газ жүйесімен қамтамасыз ету, нысан 2016 жылға өтпелі. 3)Жастар, Еламан көшелерін электр жүйесімен қамтамасыз ету, нысан 2016 жылға өтпелі; 4) «Оңтүстік» шағынауданы мен Еламан көшесін кəріз жүйесімен қамтамасыз ету, нысан 2016 жылға өтпелі. Аумақтарды абаттандыру жəне жарықтандыру Аудандағы 74 көпқабатты үй аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізуге, 35 тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшаларын жəне 14 ашық спорт алаңшаларын орнатуға жəне 12,9 шақырым ішкі орам аяқ жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2015 жылы қалалық экономика жəне қаржы бөліміне
  • 10. бюджеттік өтінім берілген, алайда бюджеттен қаржы бөлінбеуіне байланысты аталған жұмыстар жүргізілмеді, жоғарыда аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін 2016 жылға қайталап бюджеттік өтінім берілді. Қатты тұрмыстық қалдықтар жинайтын қазіргі заман талабына сай евроүлгідегі 98 контейнер алаңшаларына қайта құру жұмыстары жүргізілді. «Теріскей», «Күншығыс» жəне 18 шағынаудандардағы тозығы жеткен 14 баспалдақтарға мердігер мекеме «Нұрансар» ЖШС-ы қайта құру жұмыстарын жүргізді. Заң бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында 11,12,13,16,17,18, «Күншығыс» жəне «Сайрам» шағынаудандарында 47 үй аулаларына электр энергиясын үнемдейтін жаңа үлгідегі (лейд) 57 жарықшам бағаналары орнатылды («Ақсемсер-Стройсервис» ЖШС-ы, қаржы көлемі 12469,5 мың теңге). Кржижановский, Тұлпар, Ө.Жəнібеков көшелері мен Қаратөбе тас жолы жарықтандырылды, 10 көшеге (16,05 км.) жарықтандыру бағаналарын орнатуға жəне 4 көшеге (11,2 км.) жарықтандыру жүйелерін қайта құруға ЖСҚ-ы əзірленді. 2015 жылы Сайрам көшесі бойындағы 300 метр ирригациялық жүйе жаңартылды, сонымен қатар аса қажетті 12 мекен-жай бойынша ирригациялық жүйелерге ЖСҚ-ы дайындалды. Д.Ерімбетов, Ж.Шаяхметов көшелерінің бойына ирригациялық жүйе орнатуға ЖСҚ-ы дайындалуда. М.Сматлаев жəне Н.Төреқұлов көшелері арасындағы Шымкент каналы арнасының 201 м жері «г» блоктарымен қапталды. Қ.Жандарбеков гүлзарына жөндеу жүргізу үшін ЖСҚ-ы дайындалып, құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді (жоба құны 73880 мың теңге).
  • 11. Жолдар бойынша 2015 жылы аудан аумағында 35 көшеге (22,061км.) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі тарапынан күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 12 көшеге (7,65 км.) ЖСҚ-ы əзірленді, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілді, 11 көшеге (8,16 км.) ЖСҚ-ы дайындалуда. Аудан əкімі аппаратының тарапынан берілген ұсыныс бойынша 34 аяқжолдың құрылысына ( 41,3 км.) ЖСЕ əзірленді, 14 аяқжолдың ЖСЕ-сі дайындалуда, «Күншығыс» шағынауданында 160 м. аяқжолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Н.Төреқұлов көшесін (Ж.Аймауытов көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін), Жібек жолы даңғылын (Х.Пазиков көшесінен Қ.Төлеметов көшесіне дейін) қайта құруға ЖСҚ-ы əзірленді. ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына сəйкес Жібек жолы даңғылына қайта құру жұмыстарын «Береке-А корпорация» ЖШС-ы жүргізуде, нысан 2016 жылға өтпелі. «Береке-А корпорация» ЖШС-ы Қапал батыр көшесінде темір жол үстіндегі көпірді қайта құрудың 2- кезеңі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде, нысан 2016 жылға өтпелі. Ауданның автокөлік жолдарына ЖСҚ-ы əзірлеуге, асфальт қабатының тозығы жеткен көшелерді орташа жөндеуге, шағал тас төсеуге зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 196 көшеге (194,0 км.) ұсыныс берілді (74 көшеге күрделі жөндеу, 80 көшеге орташа жөндеу, 42 көшеге шағал тас төсеу). Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында аудан əкімі аппаратының, аудандық «Нұр
  • 12. Отан» партиясы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, қалалық білім бөлімі мемлекеттік мекемелері арасында 2015 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілді. Еңбекші аудандық «Нұр Отан» партиясы, прокуратура, полиция бөлімі, əділет басқармасы жəне қалалық мəслихат депутаттарының қатысуымен «Парасат», «Авиценна» колледждерінде, аудан əкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтық білімін арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі ОҚО бойынша департаментімен бірлесіп, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» заңдарының жəне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі бойынша семинарлар өткізілді. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сəйкес, аудандағы білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде жəне аудан əкімі аппаратында мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен жыл басынан 28 жиналыс, семинар, дөңгелек үстел жəне ашық есік күндері өткізілді. Жұмыспен қамту жəне əлеуметтік көмек көрсету ҚР «Мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмек туралы» жəне «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жəрдемақылар туралы» заңдарын басшылыққа алып аудан əкімінің аппаратында мұқтаждық деңгейін анықтау үшін 6 учаскелік комиссия жұмыс жүргізуде.Қазақстан Республикасының Заңдарын орындалуын учаскелік комиссия мүшелеріне түсіндіру мақсатында 210 мəжіліс, 4 семинар-кеңес өткізді. 2015 жылы атаулы əлеуметтік көмекке үміткер 125 отбасының 109-на «мұқтаж», ал балалы отбасыларға берілетін жəрдемақыға үміткер 3833 отбасының 3418-не «мұқтаж» деген қорытындылар берілді.
  • 13. 2014 жылмен салыстырғанда атаулы əлеуметтік көмек алушы отбасылар саны113-ке, немесе 51%-ға азайған, балалы отбасыларға берілетін жəрдемақы алатындар саны 923-ке немесе 21%-ға азайған. ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы «Əлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің жəне мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №504 қаулысына жəне Шымкент қаласының мəслихатының 24.12. 2013 жылғы №30/193-5с шешіміне сəйкес, 2015 жылға «бірреттік əлеуметтік көмекті» алуға құжат тапсырған 1664 азаматтардың үйлеріне барып учаскелік комиссия үй-тұрмыстық актілері жасалып, 1509-на «мұқтаж» деген қорытындылар берілді. ҚР Үкіметінің 16.01.2012 жылғы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жəне өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бекіту туралы» №64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқығын жəне өмір сүру сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сəйкес мүгедектердің жүріп-тұруына ыңғайлылығы сақталуы бойынша қолданыстағы ғимараттарды түгендеу (төлқұжаттандыру) жұмыстарын жүргізуде, қалада құрылған жұмысшы тобы аудандағы 156 бюджеттік жəне 158 əлеуметтік коммерциялық объектілерінің бəріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нəтижесінде бюджеттік мекемелердің паспорттары жасалып, пандустар орнатылды, ал əлеуметтік коммерциялық объектілердің 68-не паспорттау жұмыстары жүргізіліп, 50-не пандустар орнатылған. ҚР-да мүгедектердің құқығын жəне өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сəйкес жұмыстар тұрақты жалғасуда. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 3021 азамат жұмысқа орналасқан, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 1419, əлеуметтік жұмыспен – 196, жастар практикасына – 1220, оқуды бітіргеннен соң жұмыспен қамтылғаны – 162, қайта даярлаудан – 24 азамат өткен. Аталған бағдарлама аясында аудан əкімінің аппаратында 4 жас маман іс-тəжірибеден өтуде, 140 азамат ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды (оның ішінде 3 мүгедек азамат).
  • 14. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесі ҰОС Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында аудан əкімі аппаратының, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен жəне аудандық ардагерлер кеңесінің бірлескен іс-шарасына сəйкес ауданда тұратын 38 ҰОС-ың ардагері мен 2 ҰОС-ның жесіріне жəне 8 ҰОС-на теңестірілгендеріне облыстық, қалалық мəслихат депутаттары мен кəсіпкерлер бекітіліп, барлық мерекелермен туылған күндерінде сыйлықтар табысталып, ықыласпен көңіл бөлінуде, сонымен қатар бюджеттен бөлінген қаржыға жəне кəсіпкерлердің демеушіліктерімен үйлеріне жөндеуге көмек көрсетілді. «Бауырластар зиратының» күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 14 млн теңге бөлініп, «9 мамыр Жеңіс» күні мерекесінің қарсаңында салтанатты түрде ашылды. Отбасылық демографиялық саясат Аудан əкімі жанындағы əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен жəне Қазақстан іскер əйелдер Ассоциациясымен, «Отбасылық психологиялық», «Əйелдер ресурстық» орталықтарымен, «Ару Аналар», «Сана Сезім» ҚБ- мен бірлесе «Қолжетімді баспана-2020», «Жұмыспен қамту-2020», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Отбасылық тəрбие», «Адам саудасының құрбаны болмаудың жолдары» тақырыптарында 8 семинар-кеңестер өткізді. Ауданда тұратын көпбалалы 581 ана алтын, 903 ана күміс алқасымен марапатталған. 2015 жылы алқаға тапсырған көпбалалы аналардың құжаттары жинақталып, 22 анаға алтын, 55 анаға күміс алқалары салтанатты түрде табысталды.
  • 15. Діни экстремизмнің, нашақорлықтың алдын алу Діни экстремизмнің керағар діни ағымдар мен секталар іс-əрекетінің алдын алу мақсатында 2015 жылы тұрғындар, студенттер мен оқушылар арасында 42 кездесу өткізілді. (2014 жылмен салыстырғанда 11 кездесуге артық немесе 35%-ға өскен). ОҚО əкімдігінің «ОҚО нашақорлыққа жəне есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға іс- шаралар жоспарына» сəйкес нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен 41 семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер мен акциялар өткізілді, кездесуде 4 мыңнан аса адам қамтылды (2014 жылмен салыстырғанда 8 кездесуге артық немесе 28%-ға өскен). Жасөспірімдер арасында қылмыстың жəне құқық бұзушылықтың алдын алу Аудан прокурорының, аудан əкімінің, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының, қалалық білім жəне аудандық полиция бөлімдерінің 12.01.2015 жылғы №2 бірлескен бұйрығын орындау мақсатында, 8 мобильдік топ құрылып, 41 семинар–кеңестер өткізілді. Кəмелетке толмағандар жəне жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мақсатында компьютерлік клубтар мен ойынханаларға жыл басынан бері 60 рейдтік іс-шара өткізіліп, ҚР-ның «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сəйкес 955 хаттама толтырылды, оның ішінде 850 ата- анаға ескерту, 94 ата-анаға, 11 кəсіпкерге айыппұл салынды. Аудандағы «Бəйшешек», «Жастық» аула клубтарында 500-ге жуық бала бос уақыттарын тиімді өткізуде. Қарабастау, Қаратөбе, Елтай тұрғын алаптарында аула клубтарын ашу жөнінде Шымкент қаласының білім бөліміне ұсыныс хаттар жолданып, қазіргі таңда білім бөлімінің қарауында.
  • 16. Балалардың спортқа қызығушылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледждердің студенттерімен каратэден əлем чемпионы, Азия кубогының чемпионы, ҚР-ның 6 дүркін чемпионы, халықаралық дəрежедегі спорт шебері М.Катешовпен, кикбоксингтен əлем чемпионы, əлем кубогының чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, ҚР-ның 7 дүркін чемпионы, халықаралық дəрежедегі спорт шебері Н.Тулегеновпен жəне кикбоксингтен жастар арасында Əлем чемпионы, ҚР-ның 2 дүркін жеңімпазы, спорт шебері Ж.Махамбетпен кездесулер өткізілді. Білім жəне медицина салалары Аудандағы 1 жоғары оқу орны мен 8 колледжде 16140 студент, 36 орта мектептерде 40674 оқушы білім алуда. 26 мемлекеттік жəне 36 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерде 11525 бала тəрбиеленуде, оның 2934-і мемлекеттік тапсырыс бойынша. Есепті кезеңде 600 орындық 6 жекеменшік балабақша ашылып, 2014 жылмен салыстырғанда балабақшамен қамтылған балалардың саны 1,8%-ға артты. Облыстық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен №№12,36 мектептердің апатты блоктарына қайта құру жұмыстарына 870,2 млн.теңге, «Қаратөбе» тұрғын алабындағы №105 мектепке қосымша 300 орындық ғимарат құрылысына 468,5 млн.теңге, «Жұлдыз» тұрғын алабындағы №94 мектебіне қосымша 300 орындық ғимарат құрылысына 538,0 млн.теңге, Безделев көшесінде 80 орындық коррекциялық балабақша құрылысына 180,4 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бюджеттен №№41,97 балабақшалар мен №№25,44,41,43,65 мектептерге 981,0 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өткізілді. «Оңтүстік» шағынауданындағы №34 мектептің күрделі жөндеу жəне қосымша құрылыс жұмыстарына 692,7 млн. теңге, Д.Ерімбетов көшесінде 320 орындық балабақша құрылысына 574,7 млн. тенге,
  • 17. «Базарқақпа» тұрғын алабындағы 600 орынға арналған типтік мектептің құрылысына 618,3 млн. теңге, «Бадам -2»тұрғын алабында типтік 300 орындық мектеп құрылысына 957,1 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде, барлық нысандар 2016 жылы пайдалануға беріледі. Ауданда 25 медициналық мекеме орналасқан. «Бадам» шағынауданында қуаттылығы 75 адамға арналған дəрігерлік амбулатория құрылысы аяқталды. Мерекелік-спорттық іс-шаралар 2015 жылы аудан əкімі аппаратының ұйымдастыруымен 13 мемлекеттік жəне ұлттық мерекелер өткізілді, бұл іс-шараларға жалпы 9000-ға жуық аудан тұрғындары мен көше, үй комитет төрағалары жəне аудандағы мекемелер мен ұйымдар, жоғары, орта арнаулы оқу орындары, облыстық, қалалық мəслихат депутаттары белсене қатысты. 3 облыстық, 2 қалалық спорт мектептерінің филиалдары мен орта мектептерде орналасқан спорттық секцияларда 7000-нан аса бала жаттығады. Облыстық бюджеттен 617,8 млн. теңге бөлініп, «Бадам» су қоймасынан «Есу спорт түрлерінен оқу жаттығу базасы» спорт кешені ашылды. Аудан əкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Цементшілер» стадионында кіші футболдан, жасөспірімдер арасында аула аралық кіші футболдан, «Қала күні» мерекесіне орай аудандағы колледж студенттерінің арасында баскетболдан, «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай «Футбол əлемі- Манчестер» спорт кешенінде аудандағы мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында үстел теннисінен жарыстар, «Тəуелсіздік күні» мерекесіне орай Б.Өтеп атындағы «Өнер» мектеп-интернатында мектеп оқушылары арасында 9 номинация бойынша «Тəуелсіздік жастар көзімен» атты əн-жыр байқауы жоғары деңгейде өткізілді, жеңімпаздар аудан əкімінің дипломдары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
  • 18. Ономастика жəне тілдерді дамыту Еңбекші ауданында 510 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар, жалпы атауы жоқ көше саны 150, оның ішінде 123 көшеге уақытша реттік нөмір берілген жəне қазіргі таңда атауы жоқ 27 көшеге реттік нөмір беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҰОС-ғы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Ұлағат» шағынауданында орналасқан 1 көшеге ҰОС-ы ардагерінің есімімен атау берілді. ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 52 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, 35 коммерциялық нысанның маңдайшаларының кемшіліктері түзетілді. Мүлікті жария ету бойынша атқарылған жұмыстар Қазақстан Республикасының 30.06.2014 жылғы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» № 213-V Заңын орындау мақсатында аудан əкімі аппаратының жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясына 02.09.2014 жылдан бүгінгі күнге дейін барлығы 385 өтініш (құны-5 111 262 мың тг) қабылданды. Комиссия 290 өтінішке мүлікті жария етуге шешім шығарды (құны-3 704 000 мың тг). Оның ішінде: 258 тұрғын үй (құны- 2 667 000 мың тг), 32 коммерциялық нысан (құны – 1 037 000 мың тг), 95 өтініштің мүліктері заң аясында жария етуден бас тартылды (құны-1 407 262 мың тг). Бекітілген меже 116 пайызға орындалды. Аудан тұрғындарына мүлікті жария етуді өткізу жөнінде тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
  • 19. Еңбекші ауданы əкімі аппаратының 2016 жылға арналған маңызды міндеттері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, ұлтаралық татулық пен елдегі саяси тұрақтылықты сақтау жөнінде тұрғындарға насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығын жоғары дəрежеде атап өту. Аудан əкімі аппаратының жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Оның ішінде аудандағы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың əлеуметтік қорғалмаған топтарына əлеуметтік көмектерді ұйымдастыру. Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болатын мəселе, оның ішінде көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру жұмыстарын жалғастыру. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында олардың бос уақыттарын қамтуға жағдай жасау, оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аула клубтарының санын, оған қамтылатын балалар санын көбейту. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, аулаларды жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру. Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға қажетті қаржы мəселелерін шешуге көмектесу мақсатында салық базасын ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру. Тұрғындарды сапалы ауыз су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.