SlideShare a Scribd company logo
1 of 11
Download to read offline
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
ШЫМКЕНТ – 2017 жыл
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер 1.10.2016 ж 1.10.2017 ж 2017 ж 2016
ж/ға %
Халық саны, адам 896 092* 940 072 103,0
Ӛнеркәсіп ӛнім ӛндірісінің кӛлемі,
млн.теңге
244 506,8 283 680,3 100,8
Ауыл шаруашылықтың жалпы ӛнім
кӛлемі, млн.теңге
17 547,9 19 411,3 106,5
Құрылыс жұмыстарының кӛлемі,
млн.теңге
55 382,1 59 338,6 109,5
Негізгі капиталға бағытталған
инвестиция кӛлемі, млн.теңге
104 590,4 139 923,6 127,4
Іске қосылған тұрғын үй, ш. метр 191 893 191 889 100,0
Бӛлшек сауда айналымының кӛлемі,
млн.теңге
214 447,9 231 220,5 105,4
Орташа айлық жалақы, теңге 98 328 111 119 108,5
*2016 жылдың 1 мамырға статистикалық деректер
Өнеркәсіп саласы
2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ӛндірістік кәсіпорындармен 283 680,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты
кӛлем индексі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға артты. Оның ішінде:
Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында 1 997,3 млн.теңгенің ӛнімі ӛндіріліп, 2016 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 1,9 пайызға артты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында 242 870,9 млн.теңгенің ӛнімі ӛндіріліп, 1,7 пайызға артты.
Электрмен жабдықтау, газ берудің көлемі 31 985,7 млн.теңге құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,7
пайызға кеміді.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың таралуын бақылау көлемі 6 826,4 млн.теңге құрап, 2016 жылдың
тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артты.
Сонымен қатар, ӛнеркәсіп ӛнімін ұлғайту мақсатында қалада «Қазақстан Республикасының индустриялық-
инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылуда.
2017 жылы құны 81,8 млрд.теңге құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асырып, 500-ген жуық жаңа жұмыс орындарын
ашу жоспарлануда.
Қазіргі таңда, құны 60,8 млрд.теңге құрайтын «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС мұнай өңдеу зауытын
модернизациялау, «Рахат-Шымкент» ЖШС вафельді түтікшелерді шығаруды ұйымдастыру, «Химфарм» АҚ қатты
пероральды дәрілік заттар цехы жобалары іске қосылып, 133 жаңа жұмыс орындары ашылды. Қалған 3 жобада жоспарға
сәйкес құрылыс жұмыстары жүруде, жылдың соңына дейін іске қосу кӛзделген.
Ауылшаруашылық саласы
2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына 19 411,3 млн.теңгенің ауылшаруашылық өніміөндіріліп, нақты кӛлем индексі
2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға артты. Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі 11 098,0
млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3 пайызға ӛсті.
Өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 8 031,6 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,5
пайызға орындалды.
Жыл басынан жаңадан 18 гектарға жылыжай салынып, 200 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді. 14,7 га жерге
жартылай қарқынды бау егу жұмыстары жүргізіліп, 55 ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылды. «Сыбаға» бағдарламасы
бойынша 189 бас ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 401 ұсақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 135 бас
жылқы алынды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау
2017 жылдың қаңтар-қыркүйекайларында қалада 75 323 кәсіпкерлік субъектілерітіркелген немесе 2016 жылдың тиісті
кезеңімен салыстырғанда 101,1 пайыз құрады. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде жұмыс істейтіндер – 53 508 немесе
үлесі 71,0 пайызын құрайды.
Қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен
281,3 млрд.теңгенің ӛнімі ӛндіріліп, ӛткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызға орындалды. Қазіргі таңда,
шағын және орта бизнесте 136,4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Есепті кезеңге «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығымен» 35,0 млн.теңгеге 3 бизнес-жоба қаржыландырылды.
Нәтижесінде 100 астам жаңа жұмыс орындары ашылды. «Ырыс» микроқоғамдық ұйыммен 582,2 млн.теңгеге 95 жоба
қаржыландырылды.
Сауда қызметі
Статистикалық мәлімет бойынша 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен қаладағы бөлшек сауда
көлемі 231 220,5 млн.теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,4 пайызды құрады.
Кӛтерме сауда кӛлемі 393 279,8 млн.теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,1 пайызды құрады.
Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар
2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 139 923,6
млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,4 пайызға артты. Оның ішінде республикалық бюджет
есебінен инвестиция кӛлемі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,1 пайызға, жергілікті бюджет есебінен 9,5
пайызға, қарыз қаражаттар есебінен 3,0 есеге артып, меншікті қаражат есебінен инвестиция кӛлемі 0,1 пайызға, банктердің
кредиттері есебінен инвестиция 20,5 пайызға кеміген.
Тұрғын үй құрылысы
2017 жылдың қаңтар-қыркүйегіне статистикалық мәлімет бойынша қаладағы орындалған құрылыс жұмыстарының
көлемі 59 338,6 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға артты.
Есепті кезеңге барлық қаржыландыру кӛздері есебінен 191,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, кӛлемі 2016
жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызға орындалды.
Биылғы жылы барлығы 2 720 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 558 пәтерлі 11 тұрғын үйдің
құрылысы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1 152 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысын пайдалануға беру жоспарлануда,
қалған 1 010 пәтерлі 19 тұрғын үйдің құрылысы 2018 жылға ӛтпелі.
Сонымен қатар, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 15 тұрғын үйді
модернизациялау және 7 тұрғын үйді сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде.
Жер мәселесі
2017 жылдың 9 айында қалада жер қатынастары мәселелері бойынша
24 арнайы комиссия ӛткізіліп, онда 4 654 құжат қаралды, оның ішінде
2 602 құжат келісілген, 2 052 құжат бойынша бас тартылған.
Сонымен қатар, қала әкімдігімен жер мәселесі бойынша 1 630 қаулы қабылданды, оның ішінде:
- кәсіпкерлік мақсатында – 830 қаулы;
- жеке тұрғын үй құрылысына жер беру – 749 қаулы;
- мемлекеттік мекемелерге – 51 қаулы.
Одан бӛлек, Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін жалпы алаңы 235,0 га құрайтын 351 жер учаскелерін
мәжбүрлеп иеліктен шығарылды. Жылдың соңына дейін Бас жоспарға сәйкес 800,0 га құрайтын 2 500 меншік иелерінің
жерлерін мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізіледі.
Сәулет және қала құрылысы
2017 жылдың басынан қалалық сәулет-қала құрылысы кеңесінің
1 отырысы ӛткізілді. Кеңес отырысында 9 нобайлық жобалар қаралып, оның 7-уі келісілді. Қалған 2 нобайлық жоба кезекті
кеңес отырысында қайта қаралуына қалдырылды.
Есепті кезеңге құрылысы аяқталған нысандар бойынша
2 338 қабылдау актісі есепке алынды. Оның ішінде 1 767 жеке тұрғын үй,
60 гараж, 63 мемлекеттік нысандар, 241 коммерциялық нысандар.
Реконструкциялауға шешім беру бойынша 87 қаулы қабылданды. Эскизді келістіру жұмыстары бойынша 39 жоба
талқыланып, 15 жоба келісілді. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын айқындау жӛнінде анықтама беру бойынша
15 161 нысан мекен жай ақпараттық жүйесіне тіркелді. 843 сәулет жоспарлау тапсырмалары ұсынылды, 414 нысанға жарнама
құрылғыларын орнатуға рұқсат берілді.
Биылғы жылы Бас жоспарға сәйкес интерактивтік инвестициялық картасын дайындау жұмыстары басталды. Сонымен
қатар, Темірлан тас жолының Әл-Фараби кӛшесінен Батыс бӛлігіне дейін, Достық, Қызылсу, Тассай, Қонаев гүлизарының
Түркістан кӛшесінен Рысқұлов кӛшесіне дейін, индустралды аймақтың, Батыс Қытай-Батыс Европа және Құрсай-2 ш/а егжей-
тегжей жоспарлау жобалары жасақталуда.
Одан бӛлек, Шымкентқаласының 2017-2021 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Айкӛл-2,
Ақжар-3, Құрсай-2, Оңтүстік және Оңтүстік-2 елді мекендеріне егжей-тегжейлі жобалары бойынша жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Солтүстік (Бозарық) т/а-нан 74 га және Бозарық-2 т/а 80 га жер теліміне егжей-тегжейлі инфрақұрылым
жүйелерінің жобалары жасақталуда.
Білім саласы
Білім саласындағы мәселелер «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылым беруді дамытудың 2016-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда.
Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жағдайы тӛмен балаларды ыстық тамақпен, киім кешекпен, жазғы сауықтыру
лагерлерімен қамтамасыз ету жоспарланған.
Есепті кезеңге бюджет есебінен 11 414 бала ыстық тамақпен, 5 483 баланы жазғы сауықтыру лагерімен қамтылды.
«ЭКСПО-2017» кӛрмесіне әлеуметтік жағдайы тӛмен отбасыдан шыққан 1 650 бала және демеушілер есебінен 2 500 жуық бала
жіберілді.
Педагог қызметкерлерді ашық конкурс негізінде қабылдау жүйесі арқылы 658 конкурс ӛткізіліп, 395 қызметкер жұмысқа
орналасты.
Балабақшаға және мектепке орналастыру бойынша электрондық жүйесі арқылы 21 945 оқушы 1 сыныпқа қабылданып, 13
963 балаға мектепке дейінгі мекемелерге жолдама берілді.
Білім саласын дамыту мақсатында биылғы жылғы 14 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 5 жаңа мектептің,
апатты 1 мектептің (№34 мектеп), 2 мектепке қосымша құрылыстары аяқталып, пайдалануға беріледі.
Үш ауысымдағы білім беретін 8 мектеп бар. Оның 7-ң құрылысы басталып, 5 мектептің құрылысы пайдалануға берілді.
Қалған 3 мектептің құрылысы 2018 жылға ӛтпелі.
Мектебі жоқ 6 елді мекеннің 2 елді мекенінде (Қызылжар, Шаңырақ ш.а) ағымдағы жылы мектеп құрылысы басталады.
Сонымен қатар, 5 мектепке қосымша құрылыстар салынуда. Жыл соңына дейін 600 орындық 2 мектептің қосымша
құрылыстары пайдалануға беріледі. Қалған мектептер 2018 жылға ӛтпелі (№99, 104, 112).
Есепті кезеңге балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту бойынша 51 005 бала қамтылып, қамту
деңгейі 82,8 пайызды құрады.
Спорт
Қалада спортпен 237,8 мыңнан астам адам жүйелі түрде шұғылданады, бұл қала халқының 25,6 пайызын құрайды.
Есепті кезеңге салауатты ӛмір салтын насихаттау мақсатында 283 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 41 мыңнан
астам адам қатысты.
Жыл басынан ӛткен Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында қаланың спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 11 қола медальге ие
болды.
Азия чемпионаттарында 32 алтын, 11 күміс, 23 қола медальдарды жеңіп алды.
Спорт нысандарын дамыту мақсатында 2017 жылы №5 бокстан балалар мен жасӛспірімдер спорт мектебіне қосымша
құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.
Абай саябағында сыйымдылығы 100 орынға арналған 2 теннис кортының құрылысы жүргізілуде.
Мәдениет және тілдерді дамыту
2017 жылдың 9 айында қалада республикалық маңызы бар 8 ресми мерекелік, 111-ден аса мәдени-кӛпшілік іс-шара
ӛткізіліп, 350,0 мыңнан астам адам қатысты.
Бүгінгі таңда тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен қорғау жұмыстарын жүргізу ӛзекті мәселенің бірі.
Республикалық және облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне қаладағы «Шымкент қалашығы»
мен «Сайрам қалашығы» енгізілген. Шетелдік туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында бұл ескерткіштерге
кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын (археологиялық, сәулеттік, реконструктивтік және реновациялық) жүргізіп, ашық аспан
астындағы мұражай құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыстарды іске асыру үшін бірінші кезекте ЮНЕСКО-
ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тізіміне енгізу қажет. Осыған орай, ескерткіштердің номинациялық деректемесін
дайындауға қалалық бюджеттен қаржы бӛлініп, деректеме және археологиялық жұмыстарының жобасы дайындалды. Қазіргі
таңда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде
қаладағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны 90,3 пайызды, орыс тілін меңгерген 82,2 пайызды, ағылшын тілін
меңгерген 23,4 пайызды құрады.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру
Халықты жұмыспен қамту
2017 жылдың 9 айында Шымкент қаласы бойынша экономикалық белсенді халық саны 378,0 мың адамды құрады, оның
ішінде жұмыспен қамтылғандар – 358,0 мың адам (оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 124,8 мың адам),
жұмыссыздар – 20,0 мың адам.
Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында қалада бір терезе қағидасы бойынша «Жұмыспен қамту орталығы» жұмыс
жасайды. Ағымдағы жылдың басынан орталыққа жұмыс мәселесі бойынша 26 402 адам ӛтініш білдіріп, бүгінгі күнге 14 246
адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, «Өрлеу» жобасында тікелей әлеуметтік қаржылай кӛмектің орнына, жұмыспен қамту арқылы шартты
ақшалай кӛмек қарастырылған. Есепті кезеңде 15 837 азаматтың құжаттарын ӛткізіп, оларға шартты 620,9 млн.теңгеге ақшалай
кӛмек тағайындалды.
Одан бӛлек, қалада «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға
арналған бағдарламасы» іске асырылуда.
Бағдарлама шеңберінде 963 жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 963 адам, бос жұмыс
орындарына 5 165 адам жіберілді. Кәсіби оқытуға 3 189 адам, жастар практикасы арқылы 1 523, қоғамдық жұмыстарға 1 415
адам жолданып, 28 азамат шағын несиелендіру жобасымен қамтылды.
542 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылды.
Есепті кезеңде аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 344 адамды құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 47 адамға азайған.
Табысы тӛмен 119 отбасыға 5,1 млн.теңге атаулы әлеуметтік кӛмек,
31 767 балаға 437,6 млн.теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы, 698 отбасыға 31,5 млн.теңгеге тұрғын үй кӛмегі
тӛленді.
Қаланың инженерлік-коммуникациялық жүйелері
Ауыз сумен қамтамасыз ету
Есепті кезеңге 7 жоба, атап айтқанда, Қызылжар, Ынтымақ, Сайрам, Алтын тӛбе, Достық, Тұран ш/а (солтүстік-шығыс бӛлігі)
«Адия» тұрғын үй кешені, «Отау строй» тұрғын орамдарын сумен қамтамасыз ету, Тұран ш/а жеткізуші магистралдық су
құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 3 жобаның құрылысы пайдалануға берілсе, қалған 4 жоба 2018
жылға ӛтпелі.
Электрмен қамтамасыз ету
Есепті кезеңге бюджет есебінен 7 нысанның, атап айтқанда, қуаты 220 кВ құрайтын «Бозарық», қуаты 110 кВ «Астана-1,
2» подстанцияларының, сонымен қатар, Оңтүстік, Бозарық-1,2,3, Қазығұрт, Азат, Қайтпас-1және Нұртас шағын ауданындағы
ішкі электр жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 2 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру
жоспарлануда. Қалған 5 жоба 2018 жылға ӛтпелі.
Табиғи газбен қамтамасыз ету
Есепті кезеңге 5 нысанның, атап айтқанда, Асар, Бозарық-1,2,3,
Ынтымақ-2, Жаңатұрлан газ құбырын тарту жүйелерінің және Тұран ш/а (солтүстік-шығыс бӛлігі) «Адия» тұрғын үй кешені мен
«Отау строй» тұрғын орамдарын газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылы барлық нысанның құрылыс
жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету
Есепті кезеңге 9 жобаның, атап айтқанда, Самал-1, Самал-2, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Базарқақпа, Солтүстік – батыс,
Оразбаев кӛшесінен Росси кӛшесіне дейін кәріз жүйелерін тарту, Тассай ш/а кәріз коллекторының, Тұран ш/а (солтүстік-шығыс
бӛлігі) «Адия» тұрғын үй кешені мен «Отау строй» тұрғын орамдарын кәрізбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы 4 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 5 жоба 2018 жылға ӛтпелі.
Жылу жүйелерімен қамтамасыз ету
2017 жылы Байтұрсынов, Сапарбаев, Рысқұлов кӛшелері бойындағы
5,2 км магистралды жылу жүйелерін қайта құру және 54,5 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жӛндеу жүргізіліп,
пайдалануға берілді.
Транспорт саласы
2017 жылы 3 жаяу жүргіншілер ӛткелі, 12 магистралды кӛшені қайта құру, 3 қалаішілік кӛшелерін салу, 6 жаңадан кӛше
құрылыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 18,7 шақырым құрайтын 2 кӛше күрделі және 47,5 шақырым құрайтын 83 кӛше орташа жӛндеуден ӛтті.
Қаланың даму концепциясы бойынша 5 жерден жолайрық (развязка) құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 2017
жылы Бекжан базар аумағындағы жолайрықты құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 4 жолайрықтың жобалық-
сметалық құжаттары жыл соңына дейін дайын болады. Құрылысы 2018 жылға жоспарланған.
Есепті кезеңде жол қауіпсіздігін реттеу мақсатында 350 метрлік жасанды жол кедергілерін, 100 дана «Абайлаңыз
балалар» ақпараттық жол белгілерін, 17 дана бағдаршам нысандарын, 30 дана жарық шамы бар белсенді жол белгілерін, 10 дана
ақпараттық-кӛрсеткіштік белгілерін, 1 600 дана қатафоттар орнату, 200 бағдаршам нысандарына қызмет кӛрсету, 6 700 жол
белгілерін күтіп-ұстау, жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Қаланы жарықтандыру
2017 жылы қаланың 139 орталық кӛше, 8 саябақ, 30 гүлзар, жалпы саны 31 226 дана түнгі жарықтандыру шамдары күтіп
ұсталынуда.
Сонымен қатар, 2016-2017 жылдар аралығында қолданыстағы ртутты шамдарды светодиодты шамдарға ауыстыру
жұмыстары жүргізіліп,
барлығы 92 кӛшеде 7 065 шамдары, оның ішінде биылғы жылы 4 867 дана диодты жарықшамдары ауыстырылды.
Қаланы абаттандыру және көгалдандыру
Қазіргі таңда орталық кӛшелері бойындағы 114 га газон, 46 850 дана жаңадан егілген ағаш кӛшеттері, 16 250 шаршы
метр жаздық гүл және 26 980 шаршы метр раушан гүлі күтіп ұсталынуда. Сонымен қатар, аэропорт бағытынан алаңы 32 000
шаршы метрден асатын 4 жерге гүлзар құру жұмыстары атқарылуда. Арғынбеков, Рысқұлов кӛшелерінің жол бӛлу
жолақтарына 14 250 шаршы метр жаңа газон алаңдары құрылып, суғару жүйесі тартылды.
Бұрынғы қоқыс полигоны орнына37 га аумақта саябаққұрылысы және Мәртӛбе тарихи саябағы, Наурыз саябағын қайта
құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Соныменқатар, қала аумағындағы 7 шатқалда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 10 028 дана декоративті емен,
айлант, үйеңкі, шаған, бозарша, аққайың, қарағай, қарағаш ағаш кӛшеттері отырғызылды, оныңішінде нақты ӛнгендерінің саны
7 772 дана.
Қаланың ирригациялық жүйелері
Қалада ӛзекті мәселеге айналған ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Орталық 10 кӛшедегі
ұзындығы 19,2 км және 4 аудан аумағындағы 14 кӛшеде ұзындығы 4,2 км ирригация жүйелерін ауыстыру жұмыстары
жүргізілуде.
Қаланың санитарлықтазалығы
Қала аумағында ұзындығы 835 шақырым келетін 156 кӛшесінде қолмен және механикалық тазалау жұмыстары жүйелі
түрде атқарылуда, қазіргі таңда кӛшені жуу, су себу жұмыстары атқарылуда.
Қалада есепті кезеңге 17 032 м³ қоқыс полигонға шығарылды.
Қаланың орталық аумағында және жаңадан қосылған елді мекендерде санитарлық тазалау және кӛріктендіру,
кӛгалдандыру жӛнінде жаз айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының
студенттері, аудандағы орам (квартал), кӛше, үй басқарушылары және БАҚ ӛкілдерінің қатысуымен 15 рет қалалық сенбілік
ұйымдастырылды. Сенбілікте 111-ге жуық техника мен 67 500-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысты.
109,4 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды. 56 132 ағаш әктеліп, 935 га жердегі құраған шӛптер орылды.
Қоғамдық қауіпсіздік
Қоғамдық жерлерде қылмысты тӛмендету және криминалдық ахуалды тұрақтандыру мақсатында күнделікті талдау
жұмыстары және жедел профилактикалық іс-шаралар «Құқық тәртібі», «Танысу», «Шторм», «Қауіпсіз жол», «Автобус»
жүргізілуде.
Сонымен қатар, криминогендік орындарда күнделікті профилактикалық ескертулер жалғасуда.
2017 жылдың 9 айында жалпы тіркелген қылмыстар саны
2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 021-ден 12 933-ке немесе
13,9 пайызға азайған, оның ішінде аса ауыр қылмыстар 60-тан 50-ге немесе 16,7 пайызға, ауыр қылмыстар 1 448-ден 1 143-ке
немесе 21,1 пайызға азайған.
Биылғы жылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін
«Шымкент - қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда.
Аталған жоба шеңберінде қала аумағында қылмыстың ахуалы нашар
22 криминогендік аймақтар анықталды. Осы аймақтарға 4 аудан бойынша полиция қызметкерлері бекітіліп, сауықтыру
жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Қазіргі таңда, қала аумағында 479 бейнебақылау камералары жұмыс атқаруда, оның ішінде 21 кӛше қиылыстарында
зияткерлік камералар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қалада 17 полиция бекеттері бар. Биылғы жылы облыс әкімдігі
тарапынан 10 полиция бекеті салынып, қазіргі таңда іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

More Related Content

What's hot

шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...Zhanbolat Amankeldy
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанZhanat Chukeev
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанZhanat Chukeev
 
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...Zhanbolat Amankeldy
 
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
Kaz2018
Kaz2018Kaz2018
Kaz2018665090
 
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджетіказ 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
Азаматтық бюджет 2018-2020
Азаматтық бюджет 2018-2020Азаматтық бюджет 2018-2020
Азаматтық бюджет 2018-2020Maksim Morozov
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанZhanat Chukeev
 
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіЛенин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіMaksim Morozov
 
Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыХалықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыRaushanbek Pazilov
 

What's hot (14)

(каз) гб
(каз)  гб(каз)  гб
(каз) гб
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
 
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының  азаматтық бюджеті
2018-2020 жылдарға арналған Жетекші ауылының азаматтық бюджеті
 
22
2222
22
 
Kaz2018
Kaz2018Kaz2018
Kaz2018
 
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджетіказ 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
каз 2018-2020 жылдарға арналған Кенжекөл ауылдық округінің азаматтық бюджеті
 
Kaz
KazKaz
Kaz
 
Азаматтық бюджет 2018-2020
Азаматтық бюджет 2018-2020Азаматтық бюджет 2018-2020
Азаматтық бюджет 2018-2020
 
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналғанАЗАМАТТЫҚБЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2017-2019 ЖЫЛДАРҒА арналған
 
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджетіЛенин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
Ленин кентінің 2018-2020 жылдарға арналған азаматтық бюджеті
 
Халықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығыХалықты жұмыспен қамту орталығы
Халықты жұмыспен қамту орталығы
 

More from Zhanbolat Amankeldy

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Zhanbolat Amankeldy
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаZhanbolat Amankeldy
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміZhanbolat Amankeldy
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміZhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 

More from Zhanbolat Amankeldy (20)

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 

Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

  • 1. Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері ШЫМКЕНТ – 2017 жыл
  • 2. Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері Көрсеткіштер 1.10.2016 ж 1.10.2017 ж 2017 ж 2016 ж/ға % Халық саны, адам 896 092* 940 072 103,0 Ӛнеркәсіп ӛнім ӛндірісінің кӛлемі, млн.теңге 244 506,8 283 680,3 100,8 Ауыл шаруашылықтың жалпы ӛнім кӛлемі, млн.теңге 17 547,9 19 411,3 106,5 Құрылыс жұмыстарының кӛлемі, млн.теңге 55 382,1 59 338,6 109,5 Негізгі капиталға бағытталған инвестиция кӛлемі, млн.теңге 104 590,4 139 923,6 127,4 Іске қосылған тұрғын үй, ш. метр 191 893 191 889 100,0 Бӛлшек сауда айналымының кӛлемі, млн.теңге 214 447,9 231 220,5 105,4 Орташа айлық жалақы, теңге 98 328 111 119 108,5 *2016 жылдың 1 мамырға статистикалық деректер Өнеркәсіп саласы 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ӛндірістік кәсіпорындармен 283 680,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты кӛлем индексі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,8 пайызға артты. Оның ішінде: Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында 1 997,3 млн.теңгенің ӛнімі ӛндіріліп, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9 пайызға артты. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында 242 870,9 млн.теңгенің ӛнімі ӛндіріліп, 1,7 пайызға артты. Электрмен жабдықтау, газ берудің көлемі 31 985,7 млн.теңге құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,7 пайызға кеміді. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың таралуын бақылау көлемі 6 826,4 млн.теңге құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артты. Сонымен қатар, ӛнеркәсіп ӛнімін ұлғайту мақсатында қалада «Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылуда. 2017 жылы құны 81,8 млрд.теңге құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асырып, 500-ген жуық жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
  • 3. Қазіргі таңда, құны 60,8 млрд.теңге құрайтын «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС мұнай өңдеу зауытын модернизациялау, «Рахат-Шымкент» ЖШС вафельді түтікшелерді шығаруды ұйымдастыру, «Химфарм» АҚ қатты пероральды дәрілік заттар цехы жобалары іске қосылып, 133 жаңа жұмыс орындары ашылды. Қалған 3 жобада жоспарға сәйкес құрылыс жұмыстары жүруде, жылдың соңына дейін іске қосу кӛзделген. Ауылшаруашылық саласы 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына 19 411,3 млн.теңгенің ауылшаруашылық өніміөндіріліп, нақты кӛлем индексі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға артты. Оның ішінде мал шаруашылығының өнім көлемі 11 098,0 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3 пайызға ӛсті. Өсімдік шаруашылығының өнім көлемі 8 031,6 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 98,5 пайызға орындалды. Жыл басынан жаңадан 18 гектарға жылыжай салынып, 200 га жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілді. 14,7 га жерге жартылай қарқынды бау егу жұмыстары жүргізіліп, 55 ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 189 бас ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 401 ұсақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 135 бас жылқы алынды. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау 2017 жылдың қаңтар-қыркүйекайларында қалада 75 323 кәсіпкерлік субъектілерітіркелген немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,1 пайыз құрады. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде жұмыс істейтіндер – 53 508 немесе үлесі 71,0 пайызын құрайды. Қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 281,3 млрд.теңгенің ӛнімі ӛндіріліп, ӛткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызға орындалды. Қазіргі таңда, шағын және орта бизнесте 136,4 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Есепті кезеңге «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығымен» 35,0 млн.теңгеге 3 бизнес-жоба қаржыландырылды. Нәтижесінде 100 астам жаңа жұмыс орындары ашылды. «Ырыс» микроқоғамдық ұйыммен 582,2 млн.теңгеге 95 жоба қаржыландырылды.
  • 4. Сауда қызметі Статистикалық мәлімет бойынша 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен қаладағы бөлшек сауда көлемі 231 220,5 млн.теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,4 пайызды құрады. Кӛтерме сауда кӛлемі 393 279,8 млн.теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,1 пайызды құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестициялар 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көлемі 139 923,6 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,4 пайызға артты. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен инвестиция кӛлемі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,1 пайызға, жергілікті бюджет есебінен 9,5 пайызға, қарыз қаражаттар есебінен 3,0 есеге артып, меншікті қаражат есебінен инвестиция кӛлемі 0,1 пайызға, банктердің кредиттері есебінен инвестиция 20,5 пайызға кеміген. Тұрғын үй құрылысы 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегіне статистикалық мәлімет бойынша қаладағы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 59 338,6 млн.теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,5 пайызға артты. Есепті кезеңге барлық қаржыландыру кӛздері есебінен 191,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, кӛлемі 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100 пайызға орындалды. Биылғы жылы барлығы 2 720 пәтерлі 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 558 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 1 152 пәтерлі 16 тұрғын үйдің құрылысын пайдалануға беру жоспарлануда, қалған 1 010 пәтерлі 19 тұрғын үйдің құрылысы 2018 жылға ӛтпелі. Сонымен қатар, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 15 тұрғын үйді модернизациялау және 7 тұрғын үйді сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Жер мәселесі
  • 5. 2017 жылдың 9 айында қалада жер қатынастары мәселелері бойынша 24 арнайы комиссия ӛткізіліп, онда 4 654 құжат қаралды, оның ішінде 2 602 құжат келісілген, 2 052 құжат бойынша бас тартылған. Сонымен қатар, қала әкімдігімен жер мәселесі бойынша 1 630 қаулы қабылданды, оның ішінде: - кәсіпкерлік мақсатында – 830 қаулы; - жеке тұрғын үй құрылысына жер беру – 749 қаулы; - мемлекеттік мекемелерге – 51 қаулы. Одан бӛлек, Шымкент қаласы әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін жалпы алаңы 235,0 га құрайтын 351 жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарылды. Жылдың соңына дейін Бас жоспарға сәйкес 800,0 га құрайтын 2 500 меншік иелерінің жерлерін мемлекет мұқтажына алу жұмыстары жүргізіледі. Сәулет және қала құрылысы 2017 жылдың басынан қалалық сәулет-қала құрылысы кеңесінің 1 отырысы ӛткізілді. Кеңес отырысында 9 нобайлық жобалар қаралып, оның 7-уі келісілді. Қалған 2 нобайлық жоба кезекті кеңес отырысында қайта қаралуына қалдырылды. Есепті кезеңге құрылысы аяқталған нысандар бойынша 2 338 қабылдау актісі есепке алынды. Оның ішінде 1 767 жеке тұрғын үй, 60 гараж, 63 мемлекеттік нысандар, 241 коммерциялық нысандар. Реконструкциялауға шешім беру бойынша 87 қаулы қабылданды. Эскизді келістіру жұмыстары бойынша 39 жоба талқыланып, 15 жоба келісілді. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын айқындау жӛнінде анықтама беру бойынша 15 161 нысан мекен жай ақпараттық жүйесіне тіркелді. 843 сәулет жоспарлау тапсырмалары ұсынылды, 414 нысанға жарнама құрылғыларын орнатуға рұқсат берілді. Биылғы жылы Бас жоспарға сәйкес интерактивтік инвестициялық картасын дайындау жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Темірлан тас жолының Әл-Фараби кӛшесінен Батыс бӛлігіне дейін, Достық, Қызылсу, Тассай, Қонаев гүлизарының Түркістан кӛшесінен Рысқұлов кӛшесіне дейін, индустралды аймақтың, Батыс Қытай-Батыс Европа және Құрсай-2 ш/а егжей- тегжей жоспарлау жобалары жасақталуда. Одан бӛлек, Шымкентқаласының 2017-2021 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Айкӛл-2, Ақжар-3, Құрсай-2, Оңтүстік және Оңтүстік-2 елді мекендеріне егжей-тегжейлі жобалары бойынша жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Солтүстік (Бозарық) т/а-нан 74 га және Бозарық-2 т/а 80 га жер теліміне егжей-тегжейлі инфрақұрылым жүйелерінің жобалары жасақталуда.
  • 6. Білім саласы Білім саласындағы мәселелер «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылым беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде әлеуметтік жағдайы тӛмен балаларды ыстық тамақпен, киім кешекпен, жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтамасыз ету жоспарланған. Есепті кезеңге бюджет есебінен 11 414 бала ыстық тамақпен, 5 483 баланы жазғы сауықтыру лагерімен қамтылды. «ЭКСПО-2017» кӛрмесіне әлеуметтік жағдайы тӛмен отбасыдан шыққан 1 650 бала және демеушілер есебінен 2 500 жуық бала жіберілді. Педагог қызметкерлерді ашық конкурс негізінде қабылдау жүйесі арқылы 658 конкурс ӛткізіліп, 395 қызметкер жұмысқа орналасты. Балабақшаға және мектепке орналастыру бойынша электрондық жүйесі арқылы 21 945 оқушы 1 сыныпқа қабылданып, 13 963 балаға мектепке дейінгі мекемелерге жолдама берілді. Білім саласын дамыту мақсатында биылғы жылғы 14 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 5 жаңа мектептің, апатты 1 мектептің (№34 мектеп), 2 мектепке қосымша құрылыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Үш ауысымдағы білім беретін 8 мектеп бар. Оның 7-ң құрылысы басталып, 5 мектептің құрылысы пайдалануға берілді. Қалған 3 мектептің құрылысы 2018 жылға ӛтпелі. Мектебі жоқ 6 елді мекеннің 2 елді мекенінде (Қызылжар, Шаңырақ ш.а) ағымдағы жылы мектеп құрылысы басталады. Сонымен қатар, 5 мектепке қосымша құрылыстар салынуда. Жыл соңына дейін 600 орындық 2 мектептің қосымша құрылыстары пайдалануға беріледі. Қалған мектептер 2018 жылға ӛтпелі (№99, 104, 112). Есепті кезеңге балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамту бойынша 51 005 бала қамтылып, қамту деңгейі 82,8 пайызды құрады. Спорт Қалада спортпен 237,8 мыңнан астам адам жүйелі түрде шұғылданады, бұл қала халқының 25,6 пайызын құрайды. Есепті кезеңге салауатты ӛмір салтын насихаттау мақсатында 283 спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 41 мыңнан астам адам қатысты.
  • 7. Жыл басынан ӛткен Әлем чемпионаттары мен Кубоктарында қаланың спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 11 қола медальге ие болды. Азия чемпионаттарында 32 алтын, 11 күміс, 23 қола медальдарды жеңіп алды. Спорт нысандарын дамыту мақсатында 2017 жылы №5 бокстан балалар мен жасӛспірімдер спорт мектебіне қосымша құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді. Абай саябағында сыйымдылығы 100 орынға арналған 2 теннис кортының құрылысы жүргізілуде. Мәдениет және тілдерді дамыту 2017 жылдың 9 айында қалада республикалық маңызы бар 8 ресми мерекелік, 111-ден аса мәдени-кӛпшілік іс-шара ӛткізіліп, 350,0 мыңнан астам адам қатысты. Бүгінгі таңда тарихи-мәдени мұраларды сақтау мен қорғау жұмыстарын жүргізу ӛзекті мәселенің бірі. Республикалық және облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне қаладағы «Шымкент қалашығы» мен «Сайрам қалашығы» енгізілген. Шетелдік туризм инфрақұрылымын дамыту мақсатында бұл ескерткіштерге кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын (археологиялық, сәулеттік, реконструктивтік және реновациялық) жүргізіп, ашық аспан астындағы мұражай құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыстарды іске асыру үшін бірінші кезекте ЮНЕСКО- ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тізіміне енгізу қажет. Осыған орай, ескерткіштердің номинациялық деректемесін дайындауға қалалық бюджеттен қаржы бӛлініп, деректеме және археологиялық жұмыстарының жобасы дайындалды. Қазіргі таңда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде қаладағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны 90,3 пайызды, орыс тілін меңгерген 82,2 пайызды, ағылшын тілін меңгерген 23,4 пайызды құрады. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру Халықты жұмыспен қамту 2017 жылдың 9 айында Шымкент қаласы бойынша экономикалық белсенді халық саны 378,0 мың адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 358,0 мың адам (оның ішінде өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 124,8 мың адам), жұмыссыздар – 20,0 мың адам.
  • 8. Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында қалада бір терезе қағидасы бойынша «Жұмыспен қамту орталығы» жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың басынан орталыққа жұмыс мәселесі бойынша 26 402 адам ӛтініш білдіріп, бүгінгі күнге 14 246 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, «Өрлеу» жобасында тікелей әлеуметтік қаржылай кӛмектің орнына, жұмыспен қамту арқылы шартты ақшалай кӛмек қарастырылған. Есепті кезеңде 15 837 азаматтың құжаттарын ӛткізіп, оларға шартты 620,9 млн.теңгеге ақшалай кӛмек тағайындалды. Одан бӛлек, қалада «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» іске асырылуда. Бағдарлама шеңберінде 963 жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 963 адам, бос жұмыс орындарына 5 165 адам жіберілді. Кәсіби оқытуға 3 189 адам, жастар практикасы арқылы 1 523, қоғамдық жұмыстарға 1 415 адам жолданып, 28 азамат шағын несиелендіру жобасымен қамтылды. 542 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылды. Есепті кезеңде аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 344 адамды құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 47 адамға азайған. Табысы тӛмен 119 отбасыға 5,1 млн.теңге атаулы әлеуметтік кӛмек, 31 767 балаға 437,6 млн.теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы, 698 отбасыға 31,5 млн.теңгеге тұрғын үй кӛмегі тӛленді. Қаланың инженерлік-коммуникациялық жүйелері Ауыз сумен қамтамасыз ету Есепті кезеңге 7 жоба, атап айтқанда, Қызылжар, Ынтымақ, Сайрам, Алтын тӛбе, Достық, Тұран ш/а (солтүстік-шығыс бӛлігі) «Адия» тұрғын үй кешені, «Отау строй» тұрғын орамдарын сумен қамтамасыз ету, Тұран ш/а жеткізуші магистралдық су
  • 9. құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 3 жобаның құрылысы пайдалануға берілсе, қалған 4 жоба 2018 жылға ӛтпелі. Электрмен қамтамасыз ету Есепті кезеңге бюджет есебінен 7 нысанның, атап айтқанда, қуаты 220 кВ құрайтын «Бозарық», қуаты 110 кВ «Астана-1, 2» подстанцияларының, сонымен қатар, Оңтүстік, Бозарық-1,2,3, Қазығұрт, Азат, Қайтпас-1және Нұртас шағын ауданындағы ішкі электр жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 2 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 5 жоба 2018 жылға ӛтпелі. Табиғи газбен қамтамасыз ету Есепті кезеңге 5 нысанның, атап айтқанда, Асар, Бозарық-1,2,3, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан газ құбырын тарту жүйелерінің және Тұран ш/а (солтүстік-шығыс бӛлігі) «Адия» тұрғын үй кешені мен «Отау строй» тұрғын орамдарын газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылы барлық нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Кәріз жүйелерімен қамтамасыз ету Есепті кезеңге 9 жобаның, атап айтқанда, Самал-1, Самал-2, Қайтпас-1, Қайтпас-2, Базарқақпа, Солтүстік – батыс, Оразбаев кӛшесінен Росси кӛшесіне дейін кәріз жүйелерін тарту, Тассай ш/а кәріз коллекторының, Тұран ш/а (солтүстік-шығыс бӛлігі) «Адия» тұрғын үй кешені мен «Отау строй» тұрғын орамдарын кәрізбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 4 жобаның құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Қалған 5 жоба 2018 жылға ӛтпелі. Жылу жүйелерімен қамтамасыз ету 2017 жылы Байтұрсынов, Сапарбаев, Рысқұлов кӛшелері бойындағы 5,2 км магистралды жылу жүйелерін қайта құру және 54,5 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жӛндеу жүргізіліп, пайдалануға берілді. Транспорт саласы 2017 жылы 3 жаяу жүргіншілер ӛткелі, 12 магистралды кӛшені қайта құру, 3 қалаішілік кӛшелерін салу, 6 жаңадан кӛше құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 18,7 шақырым құрайтын 2 кӛше күрделі және 47,5 шақырым құрайтын 83 кӛше орташа жӛндеуден ӛтті.
  • 10. Қаланың даму концепциясы бойынша 5 жерден жолайрық (развязка) құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 2017 жылы Бекжан базар аумағындағы жолайрықты құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 4 жолайрықтың жобалық- сметалық құжаттары жыл соңына дейін дайын болады. Құрылысы 2018 жылға жоспарланған. Есепті кезеңде жол қауіпсіздігін реттеу мақсатында 350 метрлік жасанды жол кедергілерін, 100 дана «Абайлаңыз балалар» ақпараттық жол белгілерін, 17 дана бағдаршам нысандарын, 30 дана жарық шамы бар белсенді жол белгілерін, 10 дана ақпараттық-кӛрсеткіштік белгілерін, 1 600 дана қатафоттар орнату, 200 бағдаршам нысандарына қызмет кӛрсету, 6 700 жол белгілерін күтіп-ұстау, жол таңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы Қаланы жарықтандыру 2017 жылы қаланың 139 орталық кӛше, 8 саябақ, 30 гүлзар, жалпы саны 31 226 дана түнгі жарықтандыру шамдары күтіп ұсталынуда. Сонымен қатар, 2016-2017 жылдар аралығында қолданыстағы ртутты шамдарды светодиодты шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп, барлығы 92 кӛшеде 7 065 шамдары, оның ішінде биылғы жылы 4 867 дана диодты жарықшамдары ауыстырылды. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру Қазіргі таңда орталық кӛшелері бойындағы 114 га газон, 46 850 дана жаңадан егілген ағаш кӛшеттері, 16 250 шаршы метр жаздық гүл және 26 980 шаршы метр раушан гүлі күтіп ұсталынуда. Сонымен қатар, аэропорт бағытынан алаңы 32 000 шаршы метрден асатын 4 жерге гүлзар құру жұмыстары атқарылуда. Арғынбеков, Рысқұлов кӛшелерінің жол бӛлу жолақтарына 14 250 шаршы метр жаңа газон алаңдары құрылып, суғару жүйесі тартылды. Бұрынғы қоқыс полигоны орнына37 га аумақта саябаққұрылысы және Мәртӛбе тарихи саябағы, Наурыз саябағын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Соныменқатар, қала аумағындағы 7 шатқалда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 10 028 дана декоративті емен, айлант, үйеңкі, шаған, бозарша, аққайың, қарағай, қарағаш ағаш кӛшеттері отырғызылды, оныңішінде нақты ӛнгендерінің саны 7 772 дана. Қаланың ирригациялық жүйелері Қалада ӛзекті мәселеге айналған ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Орталық 10 кӛшедегі ұзындығы 19,2 км және 4 аудан аумағындағы 14 кӛшеде ұзындығы 4,2 км ирригация жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қаланың санитарлықтазалығы
  • 11. Қала аумағында ұзындығы 835 шақырым келетін 156 кӛшесінде қолмен және механикалық тазалау жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда, қазіргі таңда кӛшені жуу, су себу жұмыстары атқарылуда. Қалада есепті кезеңге 17 032 м³ қоқыс полигонға шығарылды. Қаланың орталық аумағында және жаңадан қосылған елді мекендерде санитарлық тазалау және кӛріктендіру, кӛгалдандыру жӛнінде жаз айларында іс-шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, аудандағы орам (квартал), кӛше, үй басқарушылары және БАҚ ӛкілдерінің қатысуымен 15 рет қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте 111-ге жуық техника мен 67 500-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысты. 109,4 шақырым ирригациялық арықтар тазартылды. 56 132 ағаш әктеліп, 935 га жердегі құраған шӛптер орылды. Қоғамдық қауіпсіздік Қоғамдық жерлерде қылмысты тӛмендету және криминалдық ахуалды тұрақтандыру мақсатында күнделікті талдау жұмыстары және жедел профилактикалық іс-шаралар «Құқық тәртібі», «Танысу», «Шторм», «Қауіпсіз жол», «Автобус» жүргізілуде. Сонымен қатар, криминогендік орындарда күнделікті профилактикалық ескертулер жалғасуда. 2017 жылдың 9 айында жалпы тіркелген қылмыстар саны 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15 021-ден 12 933-ке немесе 13,9 пайызға азайған, оның ішінде аса ауыр қылмыстар 60-тан 50-ге немесе 16,7 пайызға, ауыр қылмыстар 1 448-ден 1 143-ке немесе 21,1 пайызға азайған. Биылғы жылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Шымкент - қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда. Аталған жоба шеңберінде қала аумағында қылмыстың ахуалы нашар 22 криминогендік аймақтар анықталды. Осы аймақтарға 4 аудан бойынша полиция қызметкерлері бекітіліп, сауықтыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда, қала аумағында 479 бейнебақылау камералары жұмыс атқаруда, оның ішінде 21 кӛше қиылыстарында зияткерлік камералар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қалада 17 полиция бекеттері бар. Биылғы жылы облыс әкімдігі тарапынан 10 полиция бекеті салынып, қазіргі таңда іске қосу жұмыстары жүргізілуде.