SlideShare a Scribd company logo
1 of 14
Download to read offline
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың
2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға
ЖАУАПТАР
1. Самбетова А., Тайбахарова, Сауранбаев Ш., Сейтмусаев, Саипова Г., Садыкова , т.б. – «Достық» шағын
ауданы, Айтумар көшесі, № 40/3
Сұрақ: Біздің көшелерге жарық орнатуды, Ақбосаға көшесінен Айтумар көшесіне дейін, коттедждер соңына дейін
жалғастырып беруді сұраймыз.
Жауап: Шымкент қаласының орталық көшелерін жарықтандыру жұмыстары қажеттілігіне қарай кезең-кезеңімен
атқарылуда. Бірінші кезекте шағын аудандардың жолаушылар ағыны көп және әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерін
қамту жоспарланған. Осы орайда, «Достық» шағын ауданы Арайлы таң көшесін жарықтандыру жұмыстарының жобалау-
сметалық құжаттарын әзірлеу 2017 жылғы жұмыс жоспарына енгізіліп, қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім берілді.
Сондай-ақ, «Достық» шағын ауданының қалған көшелері кезең-кезеңімен 2018-2020 жылдары жарықтандырылатын
болады.
Сұрақ: «Достық» шағын ауданында қоғамдық көліктің бағыты мектептен басталған және «Жүзбай ата»
дүкенімен біткен. Енді «Жүзбай ата» дүкенінен ары Айтумар көшесіне асфальт біткен жерге дейін жалғастыруды
сұраймыз. Ақбосаға көшесінде мүгедектер, жағдайы төмен отбасылар тұрады.
Жауап: Бүгінгі таңда, «Достық» шағын ауданына №17б, №105ША, №9а бағыттары қатынап, жолаушыларға қызмет
көрсетуде. Аталған бағыттардың қозғалыс сызбалары тұрғындардың өтініштеріне сәйкес өзгертілген болатын. Алайда,
аталған көшеде көлік ағынының төмен болуына байланысты, №17б автобус бағыты бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша
қызметін көрсетуде.
2. Сарсенова Ш.- «Нұртас» шағын ауданы, Гүлдала көшесінің т.б. тұрғындары
Сұрақ: «Нұртас» елді мекенінде электржүйесін жүргізу жұмыстары аяқталды» - деп айтылды. Ал, осы шағын
ауданында Гүлдала, Құлагер көшелері әлі жекеменшікке қарайды. Кернеулігі (напряжение) кешкі кезде өте төмен, көп
өшеді, бағасы қымбат.
Жауап: «Нұртас» шағын ауданын электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары
әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемені анықтау үшін
мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Құлагер, Гүлдала көшелері аталған жобаға енгізілген.
Сұрақ: Гүлдала көшесі өзі тар, екі машина қатар әзер жүреді. Канализация жүргізілген кезінде асфальттың біраз бөлігі
бүлінді, осы көше қайта орнына келтіріле ма?
Жауап: «Нұртас» шағын ауданы Гулдала көшесіне кәріз жүйелерін жүргізген мердігер мекеме «Шебер» ЖШС-гі
тарапынан қазылған асфальт және топырақ қабаттары бастапқы қалпына келтіріліп, реттелуде.
Сұрақ: «Нұртас» елді мекенінде асфальттанбаған көшелер қашан салынады? «Гүлдала» көшесінен 2 машина қатар
жүретіндей етіп кеңейту мәселесі биыл қарала ма? Гүлдала көшесі бойынша тротуар жоқ.
Жауап: «Нұртас» шағын ауданында Төлеметов көшесіне параллельді «Қайтпас-1» және «Нуртас» шағын аудандарды
бөліп тұрған №3 көше, Гүлдала, Жасталап көшелерінің жалғасы, Зере №1, Зере №2 көшелерінде 2016 жылы күрделі жөндеу
жұмыстары басталған. Аталған жұмыстар 2017 жылға өтпелі болып, жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, «Нұртас» шағын ауданындағы №6, №10 атауы жоқ көшелерді күрделі жөндеуге жобалау-сметалық
құжаттары әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманын оң қорытындысы алынғаннан кейін, 2018 жылы жол құрылысына қаржы
бөлуге ұсыныс енгізіледі.
Гүлдала көшесінің жалғасына күрделі жөндеу жұмыстарын атқару үшін қаржы қаралып, аяқ жол салу жұмыстары
атқарылуда. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.
3. Оразбаев Қындыбай - «Достық» шағын ауданының тұрғыны
Сұрақ: Бізге трансформатор керек, Ілтипат көшесіндегі трансформаторға ауырлық түсіп, өртеніп кетті. Бір
трансформатор 490 отбасына жұмыс істеп тұр, негізінде 250 үйге лайық. Соған трансформатор қойып берсеңіздер.
Жауап: «Достық» шағын ауданын электр жарығымен (2-ші кезек) қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық
құжаттары әзірленуде. Жобаға сараптама қорытындысын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін алу күтілуде.
Жұмыс жобасы әзірленген соң құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныс беріледі.
4. Айнабекова Роза- «Таскен» елді мекені
Сұрақ: Балқыбеков көшесінен автобус жүргізу туралы.
Жауап: Бүгінгі таңда, «Таскен» шағын ауданының Бабашұлы көшесі арқылы №89 және №44 автобус бағыттары
жүруде. Балқыбеков көшесінің жолы қауіпсіздік талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты, қоғамдық көлік жүргізуге
мүмкіндік болмауда.
5. Тәуке хан даңғылы тұрғындарының атынан Бекаулова Ш., Жылқыбаева Н., Примкулова Л.
Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабындағы Тәуке хан көшесіне жарық орнатуын және көшені асфальттауды сұраймыз.
Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан «Тассай» тұрғын
алабындағы Тәуке хан көшесін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Тиісінше, аталған нысанның жобалау-сметалық
құжаттарына сәйкес қайта құру жұмыстары кезінде көшені жарықтандыру қарастырылған. Жобаны игеру мерзімі 2018
жылдың IV тоқсаны.
Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабына №44 «Газель» орнына, «Таскен» тұрғын алабына бармайтын, жаңа бағыттағы
автобустар жүргізуіңізді сұранамыз.
Жауап: «Тассай» шағынауданы тұрғындарына №14 шағын автобус бағыты және №44 автобус бағыты қызмет
көрсетуде. №44 бағытындағы «Газель» маркалы шағын автобустар толығымен ауыстырылды.
6. Жұмабекова Гүлжан – «Бозарық» шағын ауданы, Жаңақұрылыс аумағының орам басқарушысы
Сұрақ: «Бозарық» шағын ауданы, Жаңақұрылыс аумағындағы тұрғын үйлер күн санап артуда. Табиғи газбен қашан
қамтылады екен?
Жауап: Бүгінгі таңда «Бозарық» шағын ауданы Жаңақұрылыс аумағын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында
сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеуге тиісті құжаттар жинақталуда. Сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленген соң, 2018
жылы жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттік өтінім ұсынылады.
Жобалау-сметалық құжаттарын 2018 жылы әзірлеу және (№3 автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы
жүргізілгеннен соң) 2020 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған.
7. Құлымбетов Б. - «Тассай» тұрғын алабының тұрғыны
Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабында 200-ден астам тұрғын үйге осы уақытқа дейін табиғи газ келмеген. Осы мәселе
биылғы жылы шешімін табады ма?
Жауап: «Тассай» тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.
Жұмыс жобасына жылдың соңына дейін сараптама қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстары 2020 жылы
жүргізіледі, себебі №3 автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГТС) құрылысын қажет етеді. АГТС құрылыс
жұмыстары 2018-2019 жылдарға жоспарға қойылған.
8. «Тассай» тұрғын алабы, 190 орам тұрғындары
Сұрақ: Суымыз, светіміз мемлекеттік емес. Мемлекеттік етіп беруді сұраймыз.
Жауап: «Тассай» шағын ауданын (190 орам) ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары
әзірленуде. Жоба бойынша сараптама қорытындысын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін алу күтілуде.
Жұмыс жобасы әзірленген соң құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде өтінім ұсынылады.
Сұрақ: Біздің көшелеріміздің аты жоқ. Жедел-жәрдем шақырсақ таба алмай жүреді.
Жауап: 2017 жылдың наурыз айында «Тассай» тұрғын алабының атауы жоқ 7 (жеті) көшесінің тұрғындарымен
көпшілік тыңдау өткізіліп, хаттамалары түзілді. Аталған мәселені қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне
енгізіп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссиясының қарауына жолдайтын боламыз.
9. Қалходжаев Яхия – «Тұран» шағын ауданының төрағасы
Сұрақ: Ауыз су мәселесін шешіп беруіңізді өтінемін.
Жауап: Шымкент қаласының солтүстік бөлігіндегі «Тұран» шағын ауданының су құбыры желілерін салуға бюджеттен
қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС анықталып,
құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Сұрақ: «Тұран» шағын ауданының тұрғындарына жол көлігі мәселесін шешіп берсеңіз.
Жауап: «Тұран» шағын ауданына Бәйдібек би көшесі арқылы №71 автобус бағыты қатынауда. Бүгінгі таңда, «Тұран»
шағын ауданында жолаушылар ағыны қалыптаспаған және жолдар қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Сол себептен,
қосымша бағыт жүргізуге мүмкіндік болмауда.
10. Молдасеитов Қайрат - «Отау Груп» компаниясының президенті, облыстық мәслихатының депутаты
Сұрақ: Соңғы кезде қалада ирригация жұмыстары тоқтап қалды, осы мәселеге назар аударсаңыздар.
Жауап: І - кезеңде 2017 жылы Шымкент қаласының 10 орталық көшелерінің ирригациялық
жүйелерін қайта құру және қаладағы тұйық ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қаралып,
құрылыс-монтаж жұмыстары басталған.
Оның ішінде, орталық көшелер бойындағы 19,24 шақ. болатын ирригация жүйелерін қайта құру жұмыстарын ағымдағы
жылдың 1 қыркүйегіне дейін және 4 аудан көлеміндегі 14 мекенжайдағы тұйық ирригация жүйелерін қалпына келтіру
жұмыстарын ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін атқару қаралып отыр.
Сұрақ: Қаладағы көлік қозғалысын, әсіресе қоғамдық көлік қозғалысын тәртіпке шақырсаңыздар.
Жауап: Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қаладағы
қоғамдық көлік қозғалысы тұрақты бақылануда. 2017 жылғы 10 ақпанда «Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік
бағыттарының жұмысын бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» түзіліп, қала әкімінің орынбасарымен бекітілген.
Аталған іс-шара жоспарында қоғамдық көліктердің бекітілген қозғалыс кестеге сәйкес жүруін, көліктердің тазалығын,
техникалық жағдайын, жүргізушілер мен кондукторлардың қызмет көрсету деңгейін, басқа да жұмысын бақылау мақсатында
рейдтер жүргізу, анықталған заң бұзушылықтарды апта сайын көлік кампаниялардың жиналыстарында қарау жоспарланған.
Атқарылған жұмыстары нәтижесінде Заңнама және түзілген шарттардың талаптарын орындамаған 14 бағыт бойынша
шарттары біржақты бұзылды. Бүгінгі таңда, 7 бағыт бойынша сот процессі жүргізілуде, 6 бағыт бойынша тасымалдаушылар
көліктерін жаңартуға міндеттелді және 1 бағыттың шарты бұзылып, жабылды.
11. Кенжебеков Оразгелді - «Мәртөбе» тұрғын алабының тұрғыны
Сұрақ: «Мәртөбе» тұрғын алабында қазақ және орыс мазараттары орналасқан. Мазараттардың қоршауын
жаңартып беруіңізді сұраймын.
Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2017 жылғы жұмыс жоспарына
«Мәртөбе» тұрғын алабындағы қазақ және христиандар мазараттардың қоршауын жаңарту жұмыстары енгізіліп, қалалық
бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінгі таңда жұмыстарды атқаратын мердігер мекемесін анықтау мақсатында мемлекеттік
сатып алу конкурсы өтуде.
Сұрақ: Қаладағы көшелерге патриоттық рухын көтеретін батырлардың аты қойылған. Алайда, автобустарда
бұрыңғы атауларын атайды: Чернышевского, Щорса, Некрасова деп. Неге қазақ азаматтарының атын атамайды?
Жауап: Бүгінгі таңда, қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп,
бақылауға алынған. Автобустардың жүргізушілеріне аялдамалардың бүгінгі атаулары жазылған бағыт кестелері таратылып,
қоғамдық көліктердің кондукторларына аялдамаларда айқайламау туралы ескертулер жасалды. Сонымен қатар, бақылау
рейдтері жүргізіліп, нәтижесінде тасымалдаушылар тарапынан Ереже талаптарын бұзған 10 кондуктор жұмыстан босатылды.
12. Мәденұлы О. – қала тұрғыны
Сұрақ: А.Асқаров жасап кеткен балалар темір жолы поезд жүрмегеннен тозып барады. А.Мырзахметов қолға алып,
«Қайтпас-1» шағын ауданында «Тұлпар» стансасын салған, ол қазір бос тұр. Темір жолды стадионнан Абай саябағына
дейін жеткізсендер, ұзындығы 1 шақырым ғана, сонда поезд толған бала-шаға болар еді. Үлкен қалаларда темір жолдар
бар ғой, неге бізде салмасқа?
Жауап: Балалар темір жолының Спорт және Тұлпар станциялары арасындағы темір жол желісінің күрделі жөндеу
жұмыстарына қажетті қаржы бөлу жөнінде ұсыныс 2018 жылдың жоспарына енгізілетін болады.
Оның ішінде, Орталық стадион аумағынан Абай саябағына дейін созу жобасы күрделі болуына байланысты
қаралмаған.
13. Ахметов Батырхан – «Солтүстік-Батыс» шағын ауданының тұрғыны
Сұрақ: Соңғы уақытта облыс және қала әкімдерінің қала аумағындағы сайларды ретке келтіру жұмыстарына көңіл
бөлгенін қолдаймын, бірақ, Қ.Төлеметов көшесінің бойындағы сайлар (овраг) қараусыз, бос жатыр. Бұл жерлердің
болашағы қандай?
Жауап: Облыс әкімінің бастамасымен қаладағы сай шатқалдарды көгалдандыру және абаттандыру мақсатында саябақ
құру жоспарланып, бірқатар жұмыстары атқарылды. Оның ішінде, облыстық мәслихат депутаттары тарапынан Қ.Төлеметов
көшесінің бойындағы шатқалдарды көгалдандыру мақсатында жалпы 66 га алаңға 7958 дана ағаш көшеттері отырғызылды.
Ағаш көшеттерінің өсу көнімділігі 77,5 пайызды құрап отыр.
Ағаш көшеттерінің өсіп өнуін қамтамасыз ету, суғару жүйелерін салу жұмыстары арнайы мамандандырылған «ЛТД
Тұрмыс» ЖШС-гі тарапынан атқарылуда. Бұл мақсатта қалалық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, мақсатты игерілуі
бақылауға алынған.
14. Бердібеков Есқара – Мелдеқожаев көшесінің төрағасы
Сұрақ: Көктем, күз мезгілдерінде жауын-шашын сулары Мелдеқожаев көшесінің бойындағы үйлерге кіріп, апатты
жағдай туындатуда. Өтініш, осы мәселені шешіп берсеңіз.
Жауап: 2016 жылы Мелдеқожаев көшесіне 1220 м ирригациялық лоток салу жұмыстарының сметалық құжаттамалары
әзірленіп, қалалық бюджеттен қаржы қаралған. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жұмыстар
толығымен ағымдағы жылдың ІV-тоқсанында аяқталады.
15. Мендетеева Клара – Қошқар ата көшесінің басқарушысы
Сұрақ: Қошқар ата көшесінде ирригациялық арық жүйесінің болмауы салдарынан жоғарыдан аққан жауын-шашын
сулары және өзенге қосылмай қалып қойған бұлақ көздерінен аққан су көшеге жиналып, тұрғындардың жүріп тұруына
қолайсыздықтар тудыруда. Сізден Қошқар ата көшесіне өзенінің бойына жол салу, ирригация жүйелерін жүргізу
мәселелерін шешіп беруіңізді сұраймын.
Жауап: 2016 жылы Қошқар ата көшесіне 280 м ирригациялық лоток салу жұмыстарының сметалық құжаттамалары
әзірленіп, қалалық бюджеттен қаржы қаралған. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жұмыстар
толығымен ағымдағы жылдың ІV-тоқсанында аяқталады.
16. Кенжебаева Б. - зейнеткер, «Ынтымақ» шағын ауданы тұрғындарының атынан
Сұрақ: Үш жыл бұрын жолға азырақ тас төсеткен болатынбыз. Өткен жылы су құбырларын жүргізіп, жолымыз
бұзылды. Үш айдан кейін құбырларын жауып, тағы жолды жөндемей кетті. Қазіргі кезде 500-дей метр жердегі Темірлан
тас жолына жету үшін батпаққа түсіп шығамыз. Жолымызға асфальт төсеп беруге ықпал жасауыңызды өтінеміз.
Жауап: «Қызылжар», «Ынтымақ» шағын аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, мердігер мекеме
«Береке-5» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда, мердігер тарапынан қазылған асфальт және топырақ
қабаттары қалпына келтірілуде. Қалпына келтіру жұмыстарының барысы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
бөлімінің және «Техникалық инспекция» ЖШС-нің қатаң бақылауында.
«Ынтымақ» шағын ауданының көшелерін асфальттау жұмыстары жер асты коммуналдық жүйелері (газ, су, кәріз)
толық жүргізілгеннен кейін, 2018 жылдың жұмыс жоспарына енгізілетін болады.
Сұрақ: Біздің тұратын жеріміз «Ақниет» шағын ауданынан кейінгі «Барыс» базарына қарама қарсы шағын
ауданынан басталады. Көшелерімізде есім жоқ.
Жауап: 2017 жылдың наурыз айында «Ақниет» шағын ауданының атауы жоқ 5 (бес) көшесінің тұрғындарымен
көпшілік тыңдау өткізіліп, хаттамалары түзілді. Аталған мәселені қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне
енгізіп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссиясының қарауына жолдайтын боламыз.
17. Гулманов Бегалы – қала тұрғыны
Сұрақ: «Шаңырақ» шағын ауданындағы көшелерді асфальттау мәселесі.
Жауап: «Шаңырақ" шағын ауданының көшелерін жөндеу мақсатында жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы
бөлу үшін ұсыныс 2018 жылы енгізіледі.
Сұрақ: «Шаңырақ» тұрғын алабында мектеп құрылысы қашан басталады?
Жауап: «Шаңырақ» тұрғын алабында 600 орындық мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп,
ағымдағы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстарын бастауға қалалық және облыстық бюджеттен қаржы қаралды.
Құрылыс жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланған.
18. Байназарова Аманкүл - «Достық» шағын ауданы, Айдарлы көшесі, №50/4
Сұрақ: «Достық» шағын ауданында жол салып берсеңіздер.
Жауап: «Достық» шағын ауданының мектептің алдындағы №4 атауы жоқ көше, Ілтипат, Бірлік, Мамыржай, Жайсан,
Танғышық, Айтұмар, Қызыл көл, Жахут көл, Тіршілік көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында жобасы
әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, 2018 жылы
жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.
Сұрақ: «Достық» шағын ауданында емхана, мешіт салуды сұраймыз.
Жауап: Сіздің «Достық» шағын ауданында емхана салу жөніндегі сауалыңыз Шымкент қаласы әкімі орынбасарының
23.02.2017ж. № 5/11-1145 хатымен Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданған болатын.
Облыстық денсаулық сақтау басқарамасы басшысының орынбасары Р.Жаукимованың 07.03.2017ж. № 24-10-04/2013 хатына
сәйкес Шымкент қаласы «Достық» шағын ауданы халқына (9927 адам) 2010 жылы салынған типтік дәрігерлік емханада 6
жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 акушер-гинеколог, 1 акушер, 4 лаборант, 18 медбике медициналық көмек көрсетуде.
Мешіт құрылысына бюджеттен қаржы бөлінбейді. Алайда, «Достық» шағын ауданында Алматы-Ташкент тас жолы мен
Қайнарбұлақ тас жолының қиылысында орналасқан азамат А.Оңласбековтың 53 соттық жер телімі мешіт құрылысын салуға
берілді. Қазіргі таңда жер телімін Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің теңгеріміне өткізу үшін құжаттар рәсімделуде.
Құжаттар рәсімделіп, мемлекеттік актісі алынған соң азамат Ж.Мырзашев өз есебінен мешіт құрылысын жүргізуге дайын.
19. Әлімбеков Бекмахан – Қойкелді батыр көшесі комитетінің төрағасы
Сұрақ: Жаңадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) көлікпен кірер жолы жоқ. Соны
қарастырсаңыздар.
Жауап: «Достық» шағын ауданындағы атауы жоқ №3 көшенің (автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру
бойынша мамандандырылған ХҚКО-на баратын жол) құрылыс жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге
қаржы қаралып, жобаны «Улмад» ЖШС-гі әзірлеуде. Жұмыс жоспарына сәйкес жоба дайын болған соң, құрылыс
жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс 2018 жылға қарастырылған.
20. Шекербеков Әлайдар- А.Байтұрсынов көшесі, №59 үйдің төрағасы
Сұрақ: Біз республикадағы 3-Мегаполис атанып жатырмыз. Жылдан жылға қалада көлік саны көбеюде. Алайда, қала
жолдары бүгінгі көліктің ағынына лайық емес. Көшелер тар болуының нәтижесінде кептелістер көбейді. Шымкент
қаласында жол айрықтар салу мәселесі қаралады ма?
Жауап: 2017 жылға Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы көшесі мен "Алматы - Ташкент - Термез" автожолының
(Бекжан базары) қиылысында жол өтпесін салуға 1 737 508,0 мың теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «ЖБИ-С» ЖШС
тарапынан құрылыс жұмыстары атқарылуда.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би – Арғынбеков –
Назарбеков - Астана, Бәйдібек би - Кіші айналма, Жібек жолы - Сайрамская көшелерінің қиылысындағы жол айрығы
құрылыстарының жобалары әзірленуде. Жобалар әзірленіп дайын болған соң, 2018 жылы құрылыс жұмыстарына қаржы
бөлуге ұсыныс беріледі.
21. Нұржанова Алия – «Игілік» тұрғын алабының тұрғыны, көше төрайымы
Сұрақ: Темірлан тас жолынан «Көкбұлақ» тұрғын алабына дейін жол салынды, оған рахмет. Енді сол жолдың
бойына аялдамалар қойып берсеңіздер, балаларымыз жаздың ыстығында, қыстың суығында қиналмайтын.
Жауап: Ағымдағы жылы Шымкент қаласы елді мекендерінің қоғамдық көлік қатынайтын орталық көшелерінің
бойына қоғамдық аялдама орнатуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, «Игілік» тұрғын алабында 7 дана аялдама
орнатылды.
Келесі кезекте 3 дана аялдама «Көкбұлақ» тұрғын алабының Үркінбай ата және Есбол қажы көшелерінің бойына
орнатылатын болады. Жұмыстарды ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін аяқтау жоспарлануда.
22. Мәдібеков Талдыбек- «Тассай» тұрғын алабының орам басқарушысы
Сұрақ: Қаладағы қоғамдық көліктердің жағдайы және қызмет көрсету сапасы өте төмен. Автобустар бір-бірімен
жарысады, кондукторлар дөрекі сөйлейді, билеттер берілмейді. Осы жағдай қашан ретке келтіріледі?
Жауап: Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қаладағы
қоғамдық көлік қозғалысы тұрақты бақылануда. 2017 жылғы 10 ақпанда «Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік
бағыттарының жұмысын бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» түзіліп, қала әкімінің орынбасарымен бекітілген.
Аталған іс-шара жоспарында қоғамдық көліктердің қозғалыс кестеге сәйкес жүруін, көліктердің тазалығын,
техникалық жағдайын, жүргізушілер мен кондукторлардың қызмет көрсету деңгейін, басқа да жұмысын бақылау
мақсатында рейдтер жүргізу, анықталған заң бұзушылықтарды апта сайын көлік кампаниялардың жиналыстарында қарау
жоспарланған. Атқарылған жұмыстары нәтижесінде Заңнама және түзілген шарттардың талаптарын орындамаған 14 бағыт
бойынша шарттары біржақты бұзылды. Бүгінгі таңда, 7 бағыт бойынша сот процессі жүргізілуде, 6 бағыт бойынша
тасымалдаушылар көліктерін жаңартуға міндеттелді және 1 бағыттың шарты бұзылып, жабылды.
23. Әлсерке Ибрахим – «Самал-1» шағын ауданы, Мырзаев көшесі, №59
Сұрақ: Шымкент қаласының үстімен бірнеше әскери әуе ұшақтары кез-келген кезде жаз айларында сағат 24.00-
01.00-ге дейін ұшады. Осы ұшақтардың ұшу бағытын өзгертіп, елсіз далаға ауыстыру қажет. Себебі, күні кеше Қырғыз
еліндегі ұшақ апатынан болған жағдай әлемге әйгілі болды.
Жауап: 55652 әскери бөлімінің командирі А.Кулашбековтың 24.03.2017ж. № 67/13/480 хатына сәйкес, ҚР «Қазақстан
Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 07.01.2005ж., «Қазақстан Республикасының Ұлттық
қәуіпсіздігі туралы» 06.01.2012ж. заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері
Әскери-әуе күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарының» негізінде және мемлекеттің әуе шекарасын қорғау
қабілеттілігіне тікелей байланысты ұшу аппараттарымен ұшулар сағат 24:00-ден 01:00 дейінгі аралығында жүргізіледі.
«Шымкент аэродромының Аэронавигациялық төлқұжатымен» ұшу және кіріп қону жолдары айқындалған және
олардың орнатылған ұшып-қону жолдарының нақты бағам бойынша өзгеруіне, майдан авиациясының ұшу және сол сияқты
азаматтық әуе кемелер авиацияларының ұшуын орындау кезінде мүмкіндік көрсетілмейді.
Ұшу құрамы және жауынгер істері ушін түнгі ұшу дайындығы ең қиын жағдай болып табылады, демек олардың азаюы
бөлімнің соғысқа дайындық жағдайының елеулі төмендеуіне әкеліп соғады.
55652 әскери бөлімінің басшылығы аэродром аумағына жақын тұратын тұрғындардың өтініштерін ескеріп, түнгі
ұшулардың жүргізілуін мүмкіндігінше сағат 23:00-ден 24:00 дейінгі уақытымен шектейтінің мәлімдейді.
24. Мирзамсеитова Г.А. – 4 шағын ауданы, №89
Сұрақ: Мен қаланың коммуналдық меншігіне қарасты 4 шағын ауданы, №89 үйдің 4 қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде
тұрамын. 2013-2014ж.ж. үйімнің төбесінен су ағып, үйім көгеріп кетті. Сүретке түсіріп, 14.07.2014ж. арыздандым. Ал,
12.08.2014ж. №ЖТМ-7938 қала әкімінің орынбасары атынан аталған тұрғын үйді жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға
Шымкент қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырма берілгені жөнінде хатын беріп кетті. Осы
бөлімге бірнеше рет барып, шаршадым. Содан міне 3- жылға аяқ басты.
Үйдің төбесі шифермен жабылған, жылда оны жамаумен әлекпін. Қайтадан төбемнен су ағады, үйім көгеріп, соның
салдарынан бронхиалды астмамен ауырдым. Өзім зейнеткермін. Сізден өтінерім, осы үйге жөндеу жұмысына көмек
етсеңіз.
Жауап: Шымкент қаласы, 4 шағынауданда орналасқан коммуналдық меншіктегі №89 көпқабатты тұрғын үйдің
шатырын ағымдағы жөндеуден өткізу мақсатында Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі тарапынан ақау актісі
түзілген және құрылыс жұмыстарына сметалық есеп әзірленіп, қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді.
25. Өтеген Жанысбек – «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Сұрақ: Қаладағы темір жол вокзалы, военкомат, қырғы базар аумақтарында екі қатар такси, екі қатар автобус
тұрады, машинамен өте алмайсын, тығылыс. Осы мәселені ретке келтірсеңіздер.
Жауап: Қаладағы темір жол вокзалы, военкомат, қырғы базар аумақтарында такси, автобус, басқа да екі қатар
қойылған автокөлік жүргізушілеріне Жергілікті полиция қызметінің ЖППП-нің қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары
жүргізіліп, жол қозғалысы ережелері бұзылған жағдайда автокөлік жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің баптарына сай әкімшілік
хаттамалар толтырылуда.
Атқарылған жұмыстар кезінде 73 құқықбұзушылықтар анықталып, автокөлік жүргізушілеріне хаттама толтырылған.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы, 1-бөлігімен 31 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы, 1-бөлігімен 14 хаттама және
басқа да баптар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылуда.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған аумақтар бойынша Шымкент ҚІІБ ЖППП басшылары мен рота командирлеріне
нұсқаулық беріліп, бұл бағытта жұмыстар жалғасын табуда.
26. Шинасилов Т. – «Асар-2» шағын ауданы, орам басқарушысы
Сұрақ: Біздің «Асар-2» шағын ауданының ПДП-сы дайындалып жатқан болатын. Егер ПДП дайын болса, қашан
бекітілетінін айтып бере аласыз ба?
Жауап: ««Асар-2» шағын ауданының егжей-тегжей жоспарлау жобасы (ПДП) жасақталып, Шымкент қалалық
әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі №306 қаулысымен бекітілді.
27. Жұманова Ф., Әмзе П. - «Сайрам» шағын ауданы, №32б, №34а үйлер, 10 пәтер, 8 пәтер, т.б.
Сұрақ: Біз, «Сайрам» шағын ауданының №32б, №34а үй тұрғындары, үйіміздің жанынан салынып жатқан 5-
қабатты тұрғын үйдің кедергі болуына байланысты қарсылық білдіреміз. Балаларымызды мектепке, балабақшаға апарып
әкелу өте қауіпті болып тұр. Үйіміздің жанына не көлік кіре алмайды, не жаяу жүргін жолы да жоқ. Көлік тұрағының
ортасынан 70 см. шамасында жол салып қойған, екі адам қатар өтудің өзі мүмкін емес. Бұл автотұрақтың орнына
балалар алаңшасын салып беруді сұраймыз. Үйімізге не жедел жәрдем, не өрт сөндіру көліктері кіретін жол жоқ.
Құрылысшылардың сөзіне орай қасымыздан тағы бір үй салынады. Бұл не деген сұмдық?
Жауап: Шымкент қаласы әкімдігінің 19.01.2015 жылғы №59 санды қаулысына сәйкес азамат М.Кенжехановқа
Шымкент қаласы, Сайрам шағын ауданы, №27 үйдің жаны және 27/1 ғимарат орналасқан:
-алаңы 0,0225 га көп салалы дүкен, офис және бильярд жайын жобалау және құрылысын салу үшін және алаңы 0,0225
га кіші-маркет және кафені жобалау мен құрылысын салу үшін берілген жеке меншік жер учаскелерін біріктіріп, нысаналы
мақсатын алаңы 0,0450 га жер учаскесіне бірінші қабатынан халыққа қызмет көрсету орталығы мен жер төлесінде автотұрақ
ұйымдастыруымен көп қабатты тұрғын үйді жобалау мен құрылысын салу үшін өзгертілді;
-алаңы 0,0485 га жер учаскесіне бірінші қабатынан халыққа қызмет көрсету орталығы мен жер төлесінде автотұрақ
ұйымдастыруымен көп қабатты тұрғын үйді жобалау мен құрылысын салу үшін жеке меншік құқығы берілді.
Сайрам мөлтек ауданы №27 тұрғын үй жанынан №27/1 көпқабатты тұрғын үйдің жобасы сараптамадан өткізілген,
мемлекеттік лицензиясы №19-0480/16, 06.12.2016 ж.
Сонымен бірге, Еңбекші аудан әкімінің мәліметіне сәйкес, құрылысы жүргізіліп жатқан нысан толығымен қоршалған.
Аталған автотұрақ жеке меншік болғандықтан орнына балалар ойын алаңшасын орнату мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар,
«Сайрам» шағын ауданы №32б, №34а үйлердің ауласына 2013 жылы Шымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық бөлімі тарапынан абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген. Автотұрақ және
құрылыс нысанының арасындағы жол адам өміріне қауіпсіз, үйлерге баратын одан бөлек көлік жүретін үлкен жол бар.
28. Жолдасмұратов Айдос – «Шапырашты» тұрғын алабының тұрғыны
Сұрақ: Біз тұратын «Шапырашты» тұрғын алабындағы мәдениет үйінің ғимараты ескі, жөндеу жұмыстарын
қажет етеді. Осы мәдениет үйімізде күрделі жөндеу жүргізіп берсеңіздер.
Жауап: «Шапырашты» тұрғын алабындағы мәдениет үйінің жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі уақытта
мемлекеттік сараптамадан өтті. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу туралы ұсыныс жолданатын болады.
29. «Жаңаталап» тұрғын алабының тұрғындары
Сұрақ: «Жаңаталап» тұрғын алабында орталық полиция бекетінің ашылғанына біраз уақыт болды, ол үшін Сіздерге
рахмет. Сол бекетке жұмыс жүргізуге қажетті құрал-жабдықтары жоқ, берілген бөлмелері талапқа сай болуы үшін біраз
жөндеу жұмыстары қажет екен. Мүмкіншілігі болса компьютермен, қызмет көліктерімен, тағы басқа да
қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге жәрдем берсеңіз.
Жауап: «Жаңаталап» тұрғын алабында Қырықбай-ата көшесі мен Жұманов көшесінің қиылысында орналасқан
бұрыңғы Жаңаталап елді мекені әкімшілігінің ғимаратынан Абай ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларына 1 бөлме
қызметтік бөлме ретінде берілген. Аталған елді мекенде 3 учаскелік полиция инспекторлары мен учаскелік полиция
инспекторының көмекшісі қызмет атқарады.
Осы қызметтік бөлмеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күнделікті жұмыс істеуге керекті құрал-жабдықтар алынған
(компьютер, принтер, стол, орындықтар, сейф және т.б.).
Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ басшылығымен «Жаңаталап» тұрғын алабында қызмет атқаратын учаскелік полиция
инспекторларына 1 қызметтік автокөлік беріліп, қызмет атқаруда.

More Related Content

More from Zhanbolat Amankeldy

More from Zhanbolat Amankeldy (20)

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
 
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
 
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясыШымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
 
Аттестация 2017
Аттестация 2017Аттестация 2017
Аттестация 2017
 

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАПТАР

  • 1. Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАПТАР 1. Самбетова А., Тайбахарова, Сауранбаев Ш., Сейтмусаев, Саипова Г., Садыкова , т.б. – «Достық» шағын ауданы, Айтумар көшесі, № 40/3 Сұрақ: Біздің көшелерге жарық орнатуды, Ақбосаға көшесінен Айтумар көшесіне дейін, коттедждер соңына дейін жалғастырып беруді сұраймыз. Жауап: Шымкент қаласының орталық көшелерін жарықтандыру жұмыстары қажеттілігіне қарай кезең-кезеңімен атқарылуда. Бірінші кезекте шағын аудандардың жолаушылар ағыны көп және әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерін қамту жоспарланған. Осы орайда, «Достық» шағын ауданы Арайлы таң көшесін жарықтандыру жұмыстарының жобалау- сметалық құжаттарын әзірлеу 2017 жылғы жұмыс жоспарына енгізіліп, қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім берілді. Сондай-ақ, «Достық» шағын ауданының қалған көшелері кезең-кезеңімен 2018-2020 жылдары жарықтандырылатын болады. Сұрақ: «Достық» шағын ауданында қоғамдық көліктің бағыты мектептен басталған және «Жүзбай ата» дүкенімен біткен. Енді «Жүзбай ата» дүкенінен ары Айтумар көшесіне асфальт біткен жерге дейін жалғастыруды сұраймыз. Ақбосаға көшесінде мүгедектер, жағдайы төмен отбасылар тұрады. Жауап: Бүгінгі таңда, «Достық» шағын ауданына №17б, №105ША, №9а бағыттары қатынап, жолаушыларға қызмет көрсетуде. Аталған бағыттардың қозғалыс сызбалары тұрғындардың өтініштеріне сәйкес өзгертілген болатын. Алайда, аталған көшеде көлік ағынының төмен болуына байланысты, №17б автобус бағыты бұрынғы қозғалыс сызбасы бойынша қызметін көрсетуде. 2. Сарсенова Ш.- «Нұртас» шағын ауданы, Гүлдала көшесінің т.б. тұрғындары Сұрақ: «Нұртас» елді мекенінде электржүйесін жүргізу жұмыстары аяқталды» - деп айтылды. Ал, осы шағын ауданында Гүлдала, Құлагер көшелері әлі жекеменшікке қарайды. Кернеулігі (напряжение) кешкі кезде өте төмен, көп өшеді, бағасы қымбат.
  • 2. Жауап: «Нұртас» шағын ауданын электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құлагер, Гүлдала көшелері аталған жобаға енгізілген. Сұрақ: Гүлдала көшесі өзі тар, екі машина қатар әзер жүреді. Канализация жүргізілген кезінде асфальттың біраз бөлігі бүлінді, осы көше қайта орнына келтіріле ма? Жауап: «Нұртас» шағын ауданы Гулдала көшесіне кәріз жүйелерін жүргізген мердігер мекеме «Шебер» ЖШС-гі тарапынан қазылған асфальт және топырақ қабаттары бастапқы қалпына келтіріліп, реттелуде. Сұрақ: «Нұртас» елді мекенінде асфальттанбаған көшелер қашан салынады? «Гүлдала» көшесінен 2 машина қатар жүретіндей етіп кеңейту мәселесі биыл қарала ма? Гүлдала көшесі бойынша тротуар жоқ. Жауап: «Нұртас» шағын ауданында Төлеметов көшесіне параллельді «Қайтпас-1» және «Нуртас» шағын аудандарды бөліп тұрған №3 көше, Гүлдала, Жасталап көшелерінің жалғасы, Зере №1, Зере №2 көшелерінде 2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Аталған жұмыстар 2017 жылға өтпелі болып, жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, «Нұртас» шағын ауданындағы №6, №10 атауы жоқ көшелерді күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманын оң қорытындысы алынғаннан кейін, 2018 жылы жол құрылысына қаржы бөлуге ұсыныс енгізіледі. Гүлдала көшесінің жалғасына күрделі жөндеу жұмыстарын атқару үшін қаржы қаралып, аяқ жол салу жұмыстары атқарылуда. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған. 3. Оразбаев Қындыбай - «Достық» шағын ауданының тұрғыны Сұрақ: Бізге трансформатор керек, Ілтипат көшесіндегі трансформаторға ауырлық түсіп, өртеніп кетті. Бір трансформатор 490 отбасына жұмыс істеп тұр, негізінде 250 үйге лайық. Соған трансформатор қойып берсеңіздер. Жауап: «Достық» шағын ауданын электр жарығымен (2-ші кезек) қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Жобаға сараптама қорытындысын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін алу күтілуде. Жұмыс жобасы әзірленген соң құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныс беріледі.
  • 3. 4. Айнабекова Роза- «Таскен» елді мекені Сұрақ: Балқыбеков көшесінен автобус жүргізу туралы. Жауап: Бүгінгі таңда, «Таскен» шағын ауданының Бабашұлы көшесі арқылы №89 және №44 автобус бағыттары жүруде. Балқыбеков көшесінің жолы қауіпсіздік талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты, қоғамдық көлік жүргізуге мүмкіндік болмауда. 5. Тәуке хан даңғылы тұрғындарының атынан Бекаулова Ш., Жылқыбаева Н., Примкулова Л. Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабындағы Тәуке хан көшесіне жарық орнатуын және көшені асфальттауды сұраймыз. Жауап: Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан «Тассай» тұрғын алабындағы Тәуке хан көшесін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Тиісінше, аталған нысанның жобалау-сметалық құжаттарына сәйкес қайта құру жұмыстары кезінде көшені жарықтандыру қарастырылған. Жобаны игеру мерзімі 2018 жылдың IV тоқсаны. Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабына №44 «Газель» орнына, «Таскен» тұрғын алабына бармайтын, жаңа бағыттағы автобустар жүргізуіңізді сұранамыз. Жауап: «Тассай» шағынауданы тұрғындарына №14 шағын автобус бағыты және №44 автобус бағыты қызмет көрсетуде. №44 бағытындағы «Газель» маркалы шағын автобустар толығымен ауыстырылды. 6. Жұмабекова Гүлжан – «Бозарық» шағын ауданы, Жаңақұрылыс аумағының орам басқарушысы Сұрақ: «Бозарық» шағын ауданы, Жаңақұрылыс аумағындағы тұрғын үйлер күн санап артуда. Табиғи газбен қашан қамтылады екен? Жауап: Бүгінгі таңда «Бозарық» шағын ауданы Жаңақұрылыс аумағын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеуге тиісті құжаттар жинақталуда. Сәулет жоспарлау тапсырмасы әзірленген соң, 2018 жылы жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттік өтінім ұсынылады.
  • 4. Жобалау-сметалық құжаттарын 2018 жылы әзірлеу және (№3 автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы жүргізілгеннен соң) 2020 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған. 7. Құлымбетов Б. - «Тассай» тұрғын алабының тұрғыны Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабында 200-ден астам тұрғын үйге осы уақытқа дейін табиғи газ келмеген. Осы мәселе биылғы жылы шешімін табады ма? Жауап: «Тассай» тұрғын алабын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Жұмыс жобасына жылдың соңына дейін сараптама қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстары 2020 жылы жүргізіледі, себебі №3 автоматтандырылған газ тарату стансасының (АГТС) құрылысын қажет етеді. АГТС құрылыс жұмыстары 2018-2019 жылдарға жоспарға қойылған. 8. «Тассай» тұрғын алабы, 190 орам тұрғындары Сұрақ: Суымыз, светіміз мемлекеттік емес. Мемлекеттік етіп беруді сұраймыз. Жауап: «Тассай» шағын ауданын (190 орам) ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Жоба бойынша сараптама қорытындысын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін алу күтілуде. Жұмыс жобасы әзірленген соң құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде өтінім ұсынылады. Сұрақ: Біздің көшелеріміздің аты жоқ. Жедел-жәрдем шақырсақ таба алмай жүреді. Жауап: 2017 жылдың наурыз айында «Тассай» тұрғын алабының атауы жоқ 7 (жеті) көшесінің тұрғындарымен көпшілік тыңдау өткізіліп, хаттамалары түзілді. Аталған мәселені қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізіп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссиясының қарауына жолдайтын боламыз. 9. Қалходжаев Яхия – «Тұран» шағын ауданының төрағасы Сұрақ: Ауыз су мәселесін шешіп беруіңізді өтінемін.
  • 5. Жауап: Шымкент қаласының солтүстік бөлігіндегі «Тұран» шағын ауданының су құбыры желілерін салуға бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Сұрақ: «Тұран» шағын ауданының тұрғындарына жол көлігі мәселесін шешіп берсеңіз. Жауап: «Тұран» шағын ауданына Бәйдібек би көшесі арқылы №71 автобус бағыты қатынауда. Бүгінгі таңда, «Тұран» шағын ауданында жолаушылар ағыны қалыптаспаған және жолдар қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Сол себептен, қосымша бағыт жүргізуге мүмкіндік болмауда. 10. Молдасеитов Қайрат - «Отау Груп» компаниясының президенті, облыстық мәслихатының депутаты Сұрақ: Соңғы кезде қалада ирригация жұмыстары тоқтап қалды, осы мәселеге назар аударсаңыздар. Жауап: І - кезеңде 2017 жылы Шымкент қаласының 10 орталық көшелерінің ирригациялық жүйелерін қайта құру және қаладағы тұйық ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталған. Оның ішінде, орталық көшелер бойындағы 19,24 шақ. болатын ирригация жүйелерін қайта құру жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін және 4 аудан көлеміндегі 14 мекенжайдағы тұйық ирригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарын ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін атқару қаралып отыр. Сұрақ: Қаладағы көлік қозғалысын, әсіресе қоғамдық көлік қозғалысын тәртіпке шақырсаңыздар. Жауап: Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қаладағы қоғамдық көлік қозғалысы тұрақты бақылануда. 2017 жылғы 10 ақпанда «Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» түзіліп, қала әкімінің орынбасарымен бекітілген. Аталған іс-шара жоспарында қоғамдық көліктердің бекітілген қозғалыс кестеге сәйкес жүруін, көліктердің тазалығын, техникалық жағдайын, жүргізушілер мен кондукторлардың қызмет көрсету деңгейін, басқа да жұмысын бақылау мақсатында рейдтер жүргізу, анықталған заң бұзушылықтарды апта сайын көлік кампаниялардың жиналыстарында қарау жоспарланған. Атқарылған жұмыстары нәтижесінде Заңнама және түзілген шарттардың талаптарын орындамаған 14 бағыт бойынша шарттары біржақты бұзылды. Бүгінгі таңда, 7 бағыт бойынша сот процессі жүргізілуде, 6 бағыт бойынша тасымалдаушылар көліктерін жаңартуға міндеттелді және 1 бағыттың шарты бұзылып, жабылды.
  • 6. 11. Кенжебеков Оразгелді - «Мәртөбе» тұрғын алабының тұрғыны Сұрақ: «Мәртөбе» тұрғын алабында қазақ және орыс мазараттары орналасқан. Мазараттардың қоршауын жаңартып беруіңізді сұраймын. Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2017 жылғы жұмыс жоспарына «Мәртөбе» тұрғын алабындағы қазақ және христиандар мазараттардың қоршауын жаңарту жұмыстары енгізіліп, қалалық бюджеттен қаржы қаралған. Бүгінгі таңда жұмыстарды атқаратын мердігер мекемесін анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Сұрақ: Қаладағы көшелерге патриоттық рухын көтеретін батырлардың аты қойылған. Алайда, автобустарда бұрыңғы атауларын атайды: Чернышевского, Щорса, Некрасова деп. Неге қазақ азаматтарының атын атамайды? Жауап: Бүгінгі таңда, қаладағы қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, бақылауға алынған. Автобустардың жүргізушілеріне аялдамалардың бүгінгі атаулары жазылған бағыт кестелері таратылып, қоғамдық көліктердің кондукторларына аялдамаларда айқайламау туралы ескертулер жасалды. Сонымен қатар, бақылау рейдтері жүргізіліп, нәтижесінде тасымалдаушылар тарапынан Ереже талаптарын бұзған 10 кондуктор жұмыстан босатылды. 12. Мәденұлы О. – қала тұрғыны Сұрақ: А.Асқаров жасап кеткен балалар темір жолы поезд жүрмегеннен тозып барады. А.Мырзахметов қолға алып, «Қайтпас-1» шағын ауданында «Тұлпар» стансасын салған, ол қазір бос тұр. Темір жолды стадионнан Абай саябағына дейін жеткізсендер, ұзындығы 1 шақырым ғана, сонда поезд толған бала-шаға болар еді. Үлкен қалаларда темір жолдар бар ғой, неге бізде салмасқа? Жауап: Балалар темір жолының Спорт және Тұлпар станциялары арасындағы темір жол желісінің күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы бөлу жөнінде ұсыныс 2018 жылдың жоспарына енгізілетін болады. Оның ішінде, Орталық стадион аумағынан Абай саябағына дейін созу жобасы күрделі болуына байланысты қаралмаған. 13. Ахметов Батырхан – «Солтүстік-Батыс» шағын ауданының тұрғыны
  • 7. Сұрақ: Соңғы уақытта облыс және қала әкімдерінің қала аумағындағы сайларды ретке келтіру жұмыстарына көңіл бөлгенін қолдаймын, бірақ, Қ.Төлеметов көшесінің бойындағы сайлар (овраг) қараусыз, бос жатыр. Бұл жерлердің болашағы қандай? Жауап: Облыс әкімінің бастамасымен қаладағы сай шатқалдарды көгалдандыру және абаттандыру мақсатында саябақ құру жоспарланып, бірқатар жұмыстары атқарылды. Оның ішінде, облыстық мәслихат депутаттары тарапынан Қ.Төлеметов көшесінің бойындағы шатқалдарды көгалдандыру мақсатында жалпы 66 га алаңға 7958 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Ағаш көшеттерінің өсу көнімділігі 77,5 пайызды құрап отыр. Ағаш көшеттерінің өсіп өнуін қамтамасыз ету, суғару жүйелерін салу жұмыстары арнайы мамандандырылған «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-гі тарапынан атқарылуда. Бұл мақсатта қалалық бюджеттен қажетті қаржы қаралып, мақсатты игерілуі бақылауға алынған. 14. Бердібеков Есқара – Мелдеқожаев көшесінің төрағасы Сұрақ: Көктем, күз мезгілдерінде жауын-шашын сулары Мелдеқожаев көшесінің бойындағы үйлерге кіріп, апатты жағдай туындатуда. Өтініш, осы мәселені шешіп берсеңіз. Жауап: 2016 жылы Мелдеқожаев көшесіне 1220 м ирригациялық лоток салу жұмыстарының сметалық құжаттамалары әзірленіп, қалалық бюджеттен қаржы қаралған. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жұмыстар толығымен ағымдағы жылдың ІV-тоқсанында аяқталады. 15. Мендетеева Клара – Қошқар ата көшесінің басқарушысы Сұрақ: Қошқар ата көшесінде ирригациялық арық жүйесінің болмауы салдарынан жоғарыдан аққан жауын-шашын сулары және өзенге қосылмай қалып қойған бұлақ көздерінен аққан су көшеге жиналып, тұрғындардың жүріп тұруына қолайсыздықтар тудыруда. Сізден Қошқар ата көшесіне өзенінің бойына жол салу, ирригация жүйелерін жүргізу мәселелерін шешіп беруіңізді сұраймын. Жауап: 2016 жылы Қошқар ата көшесіне 280 м ирригациялық лоток салу жұмыстарының сметалық құжаттамалары әзірленіп, қалалық бюджеттен қаржы қаралған. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жұмыстар толығымен ағымдағы жылдың ІV-тоқсанында аяқталады.
  • 8. 16. Кенжебаева Б. - зейнеткер, «Ынтымақ» шағын ауданы тұрғындарының атынан Сұрақ: Үш жыл бұрын жолға азырақ тас төсеткен болатынбыз. Өткен жылы су құбырларын жүргізіп, жолымыз бұзылды. Үш айдан кейін құбырларын жауып, тағы жолды жөндемей кетті. Қазіргі кезде 500-дей метр жердегі Темірлан тас жолына жету үшін батпаққа түсіп шығамыз. Жолымызға асфальт төсеп беруге ықпал жасауыңызды өтінеміз. Жауап: «Қызылжар», «Ынтымақ» шағын аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, мердігер мекеме «Береке-5» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі таңда, мердігер тарапынан қазылған асфальт және топырақ қабаттары қалпына келтірілуде. Қалпына келтіру жұмыстарының барысы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің және «Техникалық инспекция» ЖШС-нің қатаң бақылауында. «Ынтымақ» шағын ауданының көшелерін асфальттау жұмыстары жер асты коммуналдық жүйелері (газ, су, кәріз) толық жүргізілгеннен кейін, 2018 жылдың жұмыс жоспарына енгізілетін болады. Сұрақ: Біздің тұратын жеріміз «Ақниет» шағын ауданынан кейінгі «Барыс» базарына қарама қарсы шағын ауданынан басталады. Көшелерімізде есім жоқ. Жауап: 2017 жылдың наурыз айында «Ақниет» шағын ауданының атауы жоқ 5 (бес) көшесінің тұрғындарымен көпшілік тыңдау өткізіліп, хаттамалары түзілді. Аталған мәселені қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізіп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссиясының қарауына жолдайтын боламыз. 17. Гулманов Бегалы – қала тұрғыны Сұрақ: «Шаңырақ» шағын ауданындағы көшелерді асфальттау мәселесі. Жауап: «Шаңырақ" шағын ауданының көшелерін жөндеу мақсатында жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлу үшін ұсыныс 2018 жылы енгізіледі. Сұрақ: «Шаңырақ» тұрғын алабында мектеп құрылысы қашан басталады? Жауап: «Шаңырақ» тұрғын алабында 600 орындық мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, ағымдағы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстарын бастауға қалалық және облыстық бюджеттен қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарланған.
  • 9. 18. Байназарова Аманкүл - «Достық» шағын ауданы, Айдарлы көшесі, №50/4 Сұрақ: «Достық» шағын ауданында жол салып берсеңіздер. Жауап: «Достық» шағын ауданының мектептің алдындағы №4 атауы жоқ көше, Ілтипат, Бірлік, Мамыржай, Жайсан, Танғышық, Айтұмар, Қызыл көл, Жахут көл, Тіршілік көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, 2018 жылы жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Сұрақ: «Достық» шағын ауданында емхана, мешіт салуды сұраймыз. Жауап: Сіздің «Достық» шағын ауданында емхана салу жөніндегі сауалыңыз Шымкент қаласы әкімі орынбасарының 23.02.2017ж. № 5/11-1145 хатымен Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына жолданған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқарамасы басшысының орынбасары Р.Жаукимованың 07.03.2017ж. № 24-10-04/2013 хатына сәйкес Шымкент қаласы «Достық» шағын ауданы халқына (9927 адам) 2010 жылы салынған типтік дәрігерлік емханада 6 жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 акушер-гинеколог, 1 акушер, 4 лаборант, 18 медбике медициналық көмек көрсетуде. Мешіт құрылысына бюджеттен қаржы бөлінбейді. Алайда, «Достық» шағын ауданында Алматы-Ташкент тас жолы мен Қайнарбұлақ тас жолының қиылысында орналасқан азамат А.Оңласбековтың 53 соттық жер телімі мешіт құрылысын салуға берілді. Қазіргі таңда жер телімін Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің теңгеріміне өткізу үшін құжаттар рәсімделуде. Құжаттар рәсімделіп, мемлекеттік актісі алынған соң азамат Ж.Мырзашев өз есебінен мешіт құрылысын жүргізуге дайын. 19. Әлімбеков Бекмахан – Қойкелді батыр көшесі комитетінің төрағасы Сұрақ: Жаңадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) көлікпен кірер жолы жоқ. Соны қарастырсаңыздар. Жауап: «Достық» шағын ауданындағы атауы жоқ №3 көшенің (автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша мамандандырылған ХҚКО-на баратын жол) құрылыс жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралып, жобаны «Улмад» ЖШС-гі әзірлеуде. Жұмыс жоспарына сәйкес жоба дайын болған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс 2018 жылға қарастырылған. 20. Шекербеков Әлайдар- А.Байтұрсынов көшесі, №59 үйдің төрағасы
  • 10. Сұрақ: Біз республикадағы 3-Мегаполис атанып жатырмыз. Жылдан жылға қалада көлік саны көбеюде. Алайда, қала жолдары бүгінгі көліктің ағынына лайық емес. Көшелер тар болуының нәтижесінде кептелістер көбейді. Шымкент қаласында жол айрықтар салу мәселесі қаралады ма? Жауап: 2017 жылға Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы көшесі мен "Алматы - Ташкент - Термез" автожолының (Бекжан базары) қиылысында жол өтпесін салуға 1 737 508,0 мың теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «ЖБИ-С» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би – Арғынбеков – Назарбеков - Астана, Бәйдібек би - Кіші айналма, Жібек жолы - Сайрамская көшелерінің қиылысындағы жол айрығы құрылыстарының жобалары әзірленуде. Жобалар әзірленіп дайын болған соң, 2018 жылы құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. 21. Нұржанова Алия – «Игілік» тұрғын алабының тұрғыны, көше төрайымы Сұрақ: Темірлан тас жолынан «Көкбұлақ» тұрғын алабына дейін жол салынды, оған рахмет. Енді сол жолдың бойына аялдамалар қойып берсеңіздер, балаларымыз жаздың ыстығында, қыстың суығында қиналмайтын. Жауап: Ағымдағы жылы Шымкент қаласы елді мекендерінің қоғамдық көлік қатынайтын орталық көшелерінің бойына қоғамдық аялдама орнатуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, «Игілік» тұрғын алабында 7 дана аялдама орнатылды. Келесі кезекте 3 дана аялдама «Көкбұлақ» тұрғын алабының Үркінбай ата және Есбол қажы көшелерінің бойына орнатылатын болады. Жұмыстарды ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін аяқтау жоспарлануда. 22. Мәдібеков Талдыбек- «Тассай» тұрғын алабының орам басқарушысы Сұрақ: Қаладағы қоғамдық көліктердің жағдайы және қызмет көрсету сапасы өте төмен. Автобустар бір-бірімен жарысады, кондукторлар дөрекі сөйлейді, билеттер берілмейді. Осы жағдай қашан ретке келтіріледі? Жауап: Бүгінгі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қаладағы қоғамдық көлік қозғалысы тұрақты бақылануда. 2017 жылғы 10 ақпанда «Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік бағыттарының жұмысын бақылау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» түзіліп, қала әкімінің орынбасарымен бекітілген.
  • 11. Аталған іс-шара жоспарында қоғамдық көліктердің қозғалыс кестеге сәйкес жүруін, көліктердің тазалығын, техникалық жағдайын, жүргізушілер мен кондукторлардың қызмет көрсету деңгейін, басқа да жұмысын бақылау мақсатында рейдтер жүргізу, анықталған заң бұзушылықтарды апта сайын көлік кампаниялардың жиналыстарында қарау жоспарланған. Атқарылған жұмыстары нәтижесінде Заңнама және түзілген шарттардың талаптарын орындамаған 14 бағыт бойынша шарттары біржақты бұзылды. Бүгінгі таңда, 7 бағыт бойынша сот процессі жүргізілуде, 6 бағыт бойынша тасымалдаушылар көліктерін жаңартуға міндеттелді және 1 бағыттың шарты бұзылып, жабылды. 23. Әлсерке Ибрахим – «Самал-1» шағын ауданы, Мырзаев көшесі, №59 Сұрақ: Шымкент қаласының үстімен бірнеше әскери әуе ұшақтары кез-келген кезде жаз айларында сағат 24.00- 01.00-ге дейін ұшады. Осы ұшақтардың ұшу бағытын өзгертіп, елсіз далаға ауыстыру қажет. Себебі, күні кеше Қырғыз еліндегі ұшақ апатынан болған жағдай әлемге әйгілі болды. Жауап: 55652 әскери бөлімінің командирі А.Кулашбековтың 24.03.2017ж. № 67/13/480 хатына сәйкес, ҚР «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 07.01.2005ж., «Қазақстан Республикасының Ұлттық қәуіпсіздігі туралы» 06.01.2012ж. заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғаныс күштері Әскери-әуе күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарының» негізінде және мемлекеттің әуе шекарасын қорғау қабілеттілігіне тікелей байланысты ұшу аппараттарымен ұшулар сағат 24:00-ден 01:00 дейінгі аралығында жүргізіледі. «Шымкент аэродромының Аэронавигациялық төлқұжатымен» ұшу және кіріп қону жолдары айқындалған және олардың орнатылған ұшып-қону жолдарының нақты бағам бойынша өзгеруіне, майдан авиациясының ұшу және сол сияқты азаматтық әуе кемелер авиацияларының ұшуын орындау кезінде мүмкіндік көрсетілмейді. Ұшу құрамы және жауынгер істері ушін түнгі ұшу дайындығы ең қиын жағдай болып табылады, демек олардың азаюы бөлімнің соғысқа дайындық жағдайының елеулі төмендеуіне әкеліп соғады. 55652 әскери бөлімінің басшылығы аэродром аумағына жақын тұратын тұрғындардың өтініштерін ескеріп, түнгі ұшулардың жүргізілуін мүмкіндігінше сағат 23:00-ден 24:00 дейінгі уақытымен шектейтінің мәлімдейді. 24. Мирзамсеитова Г.А. – 4 шағын ауданы, №89
  • 12. Сұрақ: Мен қаланың коммуналдық меншігіне қарасты 4 шағын ауданы, №89 үйдің 4 қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде тұрамын. 2013-2014ж.ж. үйімнің төбесінен су ағып, үйім көгеріп кетті. Сүретке түсіріп, 14.07.2014ж. арыздандым. Ал, 12.08.2014ж. №ЖТМ-7938 қала әкімінің орынбасары атынан аталған тұрғын үйді жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға Шымкент қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырма берілгені жөнінде хатын беріп кетті. Осы бөлімге бірнеше рет барып, шаршадым. Содан міне 3- жылға аяқ басты. Үйдің төбесі шифермен жабылған, жылда оны жамаумен әлекпін. Қайтадан төбемнен су ағады, үйім көгеріп, соның салдарынан бронхиалды астмамен ауырдым. Өзім зейнеткермін. Сізден өтінерім, осы үйге жөндеу жұмысына көмек етсеңіз. Жауап: Шымкент қаласы, 4 шағынауданда орналасқан коммуналдық меншіктегі №89 көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ағымдағы жөндеуден өткізу мақсатында Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі тарапынан ақау актісі түзілген және құрылыс жұмыстарына сметалық есеп әзірленіп, қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді. 25. Өтеген Жанысбек – «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұрақ: Қаладағы темір жол вокзалы, военкомат, қырғы базар аумақтарында екі қатар такси, екі қатар автобус тұрады, машинамен өте алмайсын, тығылыс. Осы мәселені ретке келтірсеңіздер. Жауап: Қаладағы темір жол вокзалы, военкомат, қырғы базар аумақтарында такси, автобус, басқа да екі қатар қойылған автокөлік жүргізушілеріне Жергілікті полиция қызметінің ЖППП-нің қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы ережелері бұзылған жағдайда автокөлік жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің баптарына сай әкімшілік хаттамалар толтырылуда. Атқарылған жұмыстар кезінде 73 құқықбұзушылықтар анықталып, автокөлік жүргізушілеріне хаттама толтырылған. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы, 1-бөлігімен 31 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы, 1-бөлігімен 14 хаттама және басқа да баптар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапкершілікке тартылуда. Қазіргі таңда жоғарыда аталған аумақтар бойынша Шымкент ҚІІБ ЖППП басшылары мен рота командирлеріне нұсқаулық беріліп, бұл бағытта жұмыстар жалғасын табуда. 26. Шинасилов Т. – «Асар-2» шағын ауданы, орам басқарушысы Сұрақ: Біздің «Асар-2» шағын ауданының ПДП-сы дайындалып жатқан болатын. Егер ПДП дайын болса, қашан бекітілетінін айтып бере аласыз ба?
  • 13. Жауап: ««Асар-2» шағын ауданының егжей-тегжей жоспарлау жобасы (ПДП) жасақталып, Шымкент қалалық әкімдігінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі №306 қаулысымен бекітілді. 27. Жұманова Ф., Әмзе П. - «Сайрам» шағын ауданы, №32б, №34а үйлер, 10 пәтер, 8 пәтер, т.б. Сұрақ: Біз, «Сайрам» шағын ауданының №32б, №34а үй тұрғындары, үйіміздің жанынан салынып жатқан 5- қабатты тұрғын үйдің кедергі болуына байланысты қарсылық білдіреміз. Балаларымызды мектепке, балабақшаға апарып әкелу өте қауіпті болып тұр. Үйіміздің жанына не көлік кіре алмайды, не жаяу жүргін жолы да жоқ. Көлік тұрағының ортасынан 70 см. шамасында жол салып қойған, екі адам қатар өтудің өзі мүмкін емес. Бұл автотұрақтың орнына балалар алаңшасын салып беруді сұраймыз. Үйімізге не жедел жәрдем, не өрт сөндіру көліктері кіретін жол жоқ. Құрылысшылардың сөзіне орай қасымыздан тағы бір үй салынады. Бұл не деген сұмдық? Жауап: Шымкент қаласы әкімдігінің 19.01.2015 жылғы №59 санды қаулысына сәйкес азамат М.Кенжехановқа Шымкент қаласы, Сайрам шағын ауданы, №27 үйдің жаны және 27/1 ғимарат орналасқан: -алаңы 0,0225 га көп салалы дүкен, офис және бильярд жайын жобалау және құрылысын салу үшін және алаңы 0,0225 га кіші-маркет және кафені жобалау мен құрылысын салу үшін берілген жеке меншік жер учаскелерін біріктіріп, нысаналы мақсатын алаңы 0,0450 га жер учаскесіне бірінші қабатынан халыққа қызмет көрсету орталығы мен жер төлесінде автотұрақ ұйымдастыруымен көп қабатты тұрғын үйді жобалау мен құрылысын салу үшін өзгертілді; -алаңы 0,0485 га жер учаскесіне бірінші қабатынан халыққа қызмет көрсету орталығы мен жер төлесінде автотұрақ ұйымдастыруымен көп қабатты тұрғын үйді жобалау мен құрылысын салу үшін жеке меншік құқығы берілді. Сайрам мөлтек ауданы №27 тұрғын үй жанынан №27/1 көпқабатты тұрғын үйдің жобасы сараптамадан өткізілген, мемлекеттік лицензиясы №19-0480/16, 06.12.2016 ж. Сонымен бірге, Еңбекші аудан әкімінің мәліметіне сәйкес, құрылысы жүргізіліп жатқан нысан толығымен қоршалған. Аталған автотұрақ жеке меншік болғандықтан орнына балалар ойын алаңшасын орнату мүмкіншілігі жоқ. Сонымен қатар, «Сайрам» шағын ауданы №32б, №34а үйлердің ауласына 2013 жылы Шымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген. Автотұрақ және құрылыс нысанының арасындағы жол адам өміріне қауіпсіз, үйлерге баратын одан бөлек көлік жүретін үлкен жол бар. 28. Жолдасмұратов Айдос – «Шапырашты» тұрғын алабының тұрғыны
  • 14. Сұрақ: Біз тұратын «Шапырашты» тұрғын алабындағы мәдениет үйінің ғимараты ескі, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Осы мәдениет үйімізде күрделі жөндеу жүргізіп берсеңіздер. Жауап: «Шапырашты» тұрғын алабындағы мәдениет үйінің жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтті. Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу туралы ұсыныс жолданатын болады. 29. «Жаңаталап» тұрғын алабының тұрғындары Сұрақ: «Жаңаталап» тұрғын алабында орталық полиция бекетінің ашылғанына біраз уақыт болды, ол үшін Сіздерге рахмет. Сол бекетке жұмыс жүргізуге қажетті құрал-жабдықтары жоқ, берілген бөлмелері талапқа сай болуы үшін біраз жөндеу жұмыстары қажет екен. Мүмкіншілігі болса компьютермен, қызмет көліктерімен, тағы басқа да қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге жәрдем берсеңіз. Жауап: «Жаңаталап» тұрғын алабында Қырықбай-ата көшесі мен Жұманов көшесінің қиылысында орналасқан бұрыңғы Жаңаталап елді мекені әкімшілігінің ғимаратынан Абай ПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторларына 1 бөлме қызметтік бөлме ретінде берілген. Аталған елді мекенде 3 учаскелік полиция инспекторлары мен учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызмет атқарады. Осы қызметтік бөлмеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күнделікті жұмыс істеуге керекті құрал-жабдықтар алынған (компьютер, принтер, стол, орындықтар, сейф және т.б.). Шымкент ҚІІБ Абай ПБ ЖПҚ басшылығымен «Жаңаталап» тұрғын алабында қызмет атқаратын учаскелік полиция инспекторларына 1 қызметтік автокөлік беріліп, қызмет атқаруда.