SlideShare a Scribd company logo
1 of 15
Download to read offline
)
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы
бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесу барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға
ЖАУАПТАР
1. Сұрақ. – «Қайтпас» елді мекенінен келіп оқитын 600 оқушының Н.Төлеметов көшесінен №72 мектепке өтерде
қауіпсіздігін сақтау мақсатында жер асты өткелін салу қажеттігі туралы ескерткенбіз. Сонымен қатар, №72 мектептің спорт
алаңшасы да талапқа сай емес, сапасыз салынған, осы мәселені шешу жағын қарастыру керек.
Жолдасов Нұрмахан Миятұлы - облыстық мәслихат депутаты.
Жауап. - Қала құрылысы, қала және елді мекендерді жоспарлау және салу ережесіне сәйкес, жер асты немесе жер үсті жаяу
жүргіншілер өткелін ұйымдастыру үшін, жаяу жүргіншілер ағыны (поток) бір сағатта 3000 жүргіншіні құрауы тиіс. Аталған
аумақты зерттеу барысында, мектептің алдынан сағатына 100-150 жүргінші өтетіні анықталды, сол себепті, жер асты өткелін
салу тиімсіз.
Шымкент қаласының Бас жоспарына және көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Кіші айналма
жолды қайта құру (Қалалық қоқыс полигонынан Жібек жолы көшесіне дейін) жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар
барысында, жаяу жүргіншілер және оқушылар қатысуымен жол апаттарын болдырмау және алдын алу мақсатында, №72
мектептің алдында жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам, жылдамдықты шектейтін жол белгілері орнатылды, дабыл
жолақтары, арнайы жолақ (разметка) сызылды және көшенің екі жағынан жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар салынды.
Сондай-ақ, оқушылар көшені кез-келген жерден кесіп өтпеуі үшін көшенің ортасына темір қоршаулар орнатылды.
2017 жылы №72 мектептің спорт алаңына 15,973 мың теңге қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда
оқушыларға футбол, баскетбол түрінен сабақтар өтілуде.
2. Сұрақ. – «Тассай» және «Таскен» елді мекендеріне қатынайтын автобустар өте кішкентай болғандықтан халық
сыймайды. Кезінде Жібек жолы көшесі жағынан №84, 64 автобустар жүретін еді, ал қазір №64 автобус бағыты
қысқартылғандықтан тұрғындардың мектепке жетуі қиын болып отыр.
Жолдасов Нұрмахан Миятұлы - облыстық мәслихат депутаты.
Жауап. – «Таскен» және «Тассай» тұрғын алаптарына қатынайтын автобус бағыттарының жұмыстарын қала әкімінің
орынбасары бастаған жұмыс тобы қарап, осы тұрғын алаптарына қатынайтын бағыттары жүйесін оңтайландыру туралы шешім
қабылдады. Бүгінгі таңда, аталған аумақта №44 автобус бағыты 17 кестемен, №14 шағынавтобус бағыты 20 кестемен мектепке
дейін, № 89 автобус бағыты 12 кестемен бекітілген қозғалыс сызбасымен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде.
3. Сұрақ. - Жергілікті полиция қызметі ашылып, жұмыс атқарып жатқаны белгілі. Оларды құрал-жабдықпен, арнайы
техникамен қамтамасыз ету жағдайы өз деңгейінде емес, осыны ескеру керек.
)
Жолдасов Нұрмахан Миятұлы - облыстық мәслихат депутаты.
Жауап. - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің 12.03.2018 жылғы №11-6-28/1092 хатына сəйкес, 2018
жылғы мемлекеттік сатып алу жоспарымен, Жергілікті полиция басқармасының қажеттілігі үшін төмендегі тауарларды сатып
алуға қаржы бөлінген: арнайы автокөліктер үшін GPS трекерлер саны 100, автокөлікті радиостанция саны 100, арнайы
автокөліктер үшін бейнетіркегіштер саны 100, қолда алып жүруге арналған радиостанция саны 70, СГУ саны 100, фоторадарлы
жылжымалы комплекс саны 5, планшеттер жиынтығымен саны 425, компьютерлер саны 270.
Сəуір – мамыр айларында, аталған тауарлар бойынша, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының
талаптарына сəйкес мемлекеттік сатып алулар өткізілетіндігін хабарлайды.
4. Сұрақ. - «Бозарық-1,2,3» саяжайында халық саны жылдан жылға көбейіп келеді, осыған орай оқушылар саны да артуда.
Бозарық саяжайында 900 орындық мектепке жер телімі де бөлінген. Осы мектептің құрылысын ертерек салуға ықпал етсеңіздер
екен.
Жексенбай Намазбек - «Бозарық» шағынауданының орам басқарушысы
Жауап. - «Бозарық» саяжайында 900 орындық мектеп құрылысы 2017 жылы басталып, жоспар бойынша 2018 жылы
пайдалануға беру күтілуде. Тапсырысшы қалалық құрылыс бөлімі.
5. Сұрақ. - «Таскен», «Тассай» тұрғын алабында 48 көшенің атауы жоқ. Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру және тағы
басқа халыққа қажетті қызметтерді шақырғанда мекен-жайды табуда қиындық туғызуда.
А.Тоқмағанбетов- Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Үсіпбаев Асылбек және «Таскен» тұрғын
алабының тұрғыны, әйелдер кеңесінің атынан.
Жауап. - 2016 жылы «Тассай» тұрғын алабының атауы жоқ 10 көшесіне ұсыныс жіберіліп, 8 көшесі заңды шешімін тапқан,
ал 2017 жылы атауы жоқ 23 көшеге ұсыныс әзірленіп, 18 көшесі көпшілік тыңдаудан өтті.
2017 жылы «Таскен» тұрғын алабының атауы жоқ 19 көшесіне ұсыныс әзірленіп, 18 көшесі көпшілік тыңдаудан
өтіп, республикалық ономастикалық комиссия қарауына жолданды. Сонымен қатар, 2018 жылы наурыз айынан бастап жоспар
бойынша ономастика жұмысы өз жалғасын табатынын хабарлаймыз.
6. Сұрақ. - №115 мектептегі оқушылар 3 ауысымда оқиды. Қазіргі мектеп заман талабына сай емес. Жаңа мектеп
құрылысының 2017 жылы басталуына ықпал жасауыңызды сұранамын.
А.Тоқмағанбетов- Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Үсіпбаев Асылбек және «Таскен» тұрғын
алабының тұрғыны, әйелдер кеңесінің атынан.
Жауап. - №115 мектептің орнына жаңадан 300 орындық мектеп салуға 2017 жылы ЖСҚ дайындалды. 2018 жылға қаржы
қаралып, құрылыс бөлімі арқылы мердігер мекеме анықталуда. 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
)
7. Сұрақ. - Бабашұлы мен Балқыбеков көшесін асфальттауыңызды және көше бойына аяқ жол (тротуар), жарықтандыру,
қоғамдық көлік жүргізу және аялдама салу мәселелерін ертерек шешіп берсеңіздер.
А.Тоқмағанбетов - Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Үсіпбаев Асылбек және «Таскен» тұрғын
алабының тұрғыны, әйелдер кеңесінің атынан.
Жауап. - «Таскен» тұрғын алабы Балқыбеков көшесіне орташа жөндеу (аяқ жолымен) жұмыстарын мердігер мекеме «Базис
и К» ЖШС-гі 2017 жылы бекітілген сметалық құжаттарға сәйкес толығымен атқарды. Бабашұлы көшесін асфальттау және аяқ
жол салу жұмыстары толығымен аяқталды. №89 автобус бағытының жұмысын жақсарту мақсатында, бағытта жолаушылар
ағынының есебі жүргізіліп, бағыттың қозғалыс сызбасына өзгерту енгізілді. Бүгінгі таңда, №89 автобус бағыты Балқыбеков
көшесімен өзгертілген қозғалыс сызбасымен және №44 автобус бағыты Бабашев көшесімен жолаушылар тасымалдау қызметін
атқаруда.
«Таскен» тұрғын алабына 5 дана аялдама орнатылған, оның ішінде 2 данасы Бабашұлы көшесінің бойында. Сонымен қатар,
үстіміздегі жылы Бабашұлы көшесін жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда электр жарығын
тасымалдаушы мекемемен келісім-шарт түзіліп, жарықтандыру жүйелері іске қосылды.
8. Сұрақ. - «Қайтпас» шағынауданындағы емхана халықты толық қамти алмай жүйелі жұмыс атқара алмауда. Емхананы
кеңейту мәселесін қарастыруыңызды сұранамын.
Ахметбаев Ғани Молдабекұлы - Қалалық мәслихат депутаты
Жауап. - Шымкент қаласы «Нұртас» шағынауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын қалалық емхана құрылысы
мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында 2017 жылы басталып, «Тур-Ахмет и К» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Нысанды
пайдалануға беру 2018 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған.
9. Сұрақ. - Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жастарымыздың спортпен айналысу мақсатында спорт
кешендерін, алаңшаларын салуыңызды сұранамын.
Ахметбаев Ғани Молдабекұлы - Қалалық мәслихат депутаты
Жауап. - Шымкент қаласының халқы 1 млн. адамға жуықтады. Қала тұрғындарын дене шынықтыру мен спортқа тарту
мақсатында жыл сайын спорт ғимараттары құрылысы жүргізіліп, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді. Бірақ, халық
санының ұлғаюымен спорт кешендері мен спорт алаңшаларының жетіспеушілігі сезілуде. Қаламыздың Қаратау ауданында
орналасатын «Shymkent sity» жобасында спорт сарайы құрылысы қарастырылған. Қазіргі таңда спорт сарайының жобалық
сметалық құжаттары дайындалуда.
Жастарды спортқа баулу мақсатында, аудан аумағындағы бос жерлерге мониторинг жүргізіліп, 11 жер телімі ашық спорт
алаңшасын салу үшін анықталды. Нәтижесінде, 8 жер теліміне қала әкімдігінің қаулысы қабылданып, 4 жер теліміне мемлекеттік
)
актілері алынып, 4 жер телімінің мемлекеттік актілері әзірленуде. Қазіргі уақытта, ашық спорт алаңшаларын салу бойынша
жобалық-сметалық есептерін әзірлеуге құжаттары рәсімделуде.
10. Сұрақ. – «Қайнарбұлақ» саяжайындағы №83 мектеп жанындағы аяқ жолды (тротуар) «Қайнарбұлақ» тұрғын алабына
дейін жол жиегімен ұзартуыңызды сұранамыз.
Кулишева Динара – «Қайнарбұлақ» ауылының тұрғындары атынан
Жауап. – «Қайнарбұлақ» саяжайындағы №83 мектептен «Қайнарбұлақ» тұрғын алабында дейінгі жолға аяқжол салу
мақсатында сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілді. Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған
жағдайда атқарылатын болады.
11. Сұрақ. - «Тұран» шағынауданында жаңа құрылыстар салынуына байланысты ауыр жүк машиналары жолды бүлдіруде.
Жолды қалыпқа келтіру және қоғамдық көлік жүргізуіңізді сұранамыз. Қалходжаев Яхия – «Тұран» шағынауданы, орам
басшысы.
«Тұран» шағынауданындағы инфрақұрылым жүйесін дамытуға қашан ақша бөлінеді және ауыз су мәселесі қашан шешіледі?
Қалходжаев Яхия – «Тұран» шағынауданы, орам басшысы.
Жауап. - Шымкент қаласы «Тұран» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, магистралды ауыз су желісінің
құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «СМК-7Ж» ЖШС-і тарапынан бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізіліп, толығымен
аяқталды. Бүгінгі таңда, нысан мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданды. Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық бөлімі (бұдан әрі - бөлім) тапсырысымен жобалаушы мекеме «Әсем құрылыс» ЖШС-і тарапынан «ОҚО Шымкент
қаласы «Тұран» шағынауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы (Солтүстік - Шығыс бөлігі)»
нысаны бойынша жобалау сметалық құжаттамасы әзірленді. Аталған жоба «Тұран» шағынауданының Солтүстік-Шығыс бөлігін
ауыз су, кәріз, электр, табиғи газ, автомобиль жолдары және байланыс желілерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен
қатар, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен жобалаушы мекеме «Әсем Құрылыс» ЖШС
тарапынан «Тұран» шағынауданының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі №1, 2, 7 көшелерге асфальт қабатын салудың жобалау
сметалық құжаттамасына сараптаманың оң қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралды. Жобаға
сәйкес, жалпы ұзындығы 7,8 шақырым асфальт қабатын салу жоспарлануда. Жоғарыда аталған жобаның №3, 4, 5, 6, 10 көшелерін
инфрақұрылымдық жүйелермен және шағынауданды ауыз сумен қамтамасыз ету (1 кезең) бөлімдерінің жобалау сметалық
құжаттамасы сараптама қарауына жолданып, ағымдағы жылдың қаңтар айында оң қорытындысы алынды. «ОҚО Шымкент
қаласы «Тұран» шағынауданы Солтүстік-Шығыс бөлігінде ауыз су жүйелерінің құрылысы (I кезек)» жобасы ОҚО энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 15.02.2018 жылғы №4/16-887 және №3,
4, 5, 6, 10 көшелердің жобалары ОҚО құрылыс басқармасына 15.02.2018 жылғы №4/16-888 хаттарымен құрылыс жұмыстарына
қаржы қарастыруға бюджеттік өтінімдер жолданған. Аталған жобаның электр, табиғи газ және ауыз су бөлімі (2-кезең) ағымдағы
)
жылдың 2-3-тоқсанында сараптама қарауына жолданады. Жоба бойынша ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін сараптама
қорытындыларын толық алу жоспарға қойылған. Сараптамадан оң қорытынды алынғаннан соң, құрылыс жұмыстарын жүргізуге
бюджеттік өтінім ұсынылады.
12. Сұрақ. – «Таскен» тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағындағы көшелерді асфальттап беруіңізді және шағал тас төсеуіңізді
сұранамыз.
Жандарбекова Раушан – «Таскен» тұрғын алабының тұрғыны.
Жауап. – «Таскен» тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағына жалпы ұзындығы 5500 метр болатын 8 топырақ көшеге
шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2019 жылы орташа жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында, сметалық
құжаттар әзірлеуге тапсырыс берілетін болады.
13. Сұрақ. - «Ақжайық» шағынауданындағы мед.пунктты кеңейту қажет. Егер мүмкіндік болса «Достық», «Асар»
шағынаудандарының жанынан үлкен медициналық мекеме салынса.
Балтабеков Бақыт Тұрсынбайұлы - «Ақжайық» шағынауданы орам басқарушысы.
Жауап. - «Ақжайық» шағынауданы Қ.Төлеметов көшесінің бойында типтік дәрігерлік амбулаториясының құрылысы 2017
жылы маусым айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда дәрігерлік амбулатория тұрғындарға
медициналық қызметтер көрсетуде.
14. Сұрақ. - «Асар» шағынауданында орнатылған жарық бағаналары жанбайды және «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы
салынған 6 көшені жарықтандыруды сұраймыз. Сонымен қатар, айналма жолдарға (кольцевой) жол белгісін (знак) қойылса.
«Асар» шағынауданының тұсындағы Алматы айналма жолының бағдаршамдары істемейді. №1 поликлиника жанына аялдама,
аяқ жол (тротуар) орнатып берсеңіздер.
Мұңайбек Салимбаев, Оспанова Кулия Алибековна- «Асар» шағынауданы тұрғындары.
Жауап. - «Асар» шағынауданында бүгінгі күнге дейін орталық маңызға ие негізгі 6 көшесі жарықтандырылып, қалалық
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан күтіп ұстау жұмыстары атқарылған. Осы жұмыстармен қоса, ағымдағы
жылдың ақпан айында қосымша 9 көшенің жарықтандыру жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды.
2017 жылы қалалық бюджеттен қоғамдық аялдама орнатуға қаржы қаралып, «Асар» шағынауданының Аламаты айналма
жолы №1 аурухана тұсына 2 дана аялдама орнатылды.
«Асар» шағынауданының кіріс жолдарындағы бағдаршам нысандары Шымкент қаласының құрылыс бөлімі тарапынан
орнатылған. Бүгінгі таңда, аталған бағдаршамдарды қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің (әрі қарай
– «бөлім») меншігіне өткізу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, аталған бағдаршамдар іске қосылды.
)
Сонымен қатар, Алматы айналма жолының бойында (балалар ауруханасының аумағы) бөлім тарапынан жаяу жүргіншілер
өтпесі ұйымдастырылған және тиісті (1.20, 1.21, 2.1, 2.4, 5.12, 5.16.1-5.16.2) жол белгілері орнатылған.
Шымкент қаласының А-2 «Харгос – Алматы - Шымкент - Өзбекстан Республикасының шекарасына дейінгі автожолына
қайта құру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар "ШымкентКазДорпроект" ЖШС-гі тарапынан атқарылуда. Жоба әзірленіп
дайын болған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында, «Асар» шағынауданында екі айналма қозғалыс (круговое движение, кольцо) ұйымдастырылған. Сонымен қатар,
аталған орында басымдылық белгілері орнатылған. Жоғарыда аталғандарға байланысты, қосымша 4.3 «Айналма қозғалыс» жол
белгісін орнатудың қажеттілігі жоқ.
15. Сұрақ. - «Ақжайық» шағынауданындағы Сырым батыр көшесінің бойына ирригациялық арық орнатып берсеңіздер.
Камалов Боранбай - «Ақжайық» шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы
Жауап. - Сырым батыр көшесіне ирригациялық жүйелерін орнату жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамалары
әзірленуде. Қаржы бөлінуіне орай, 2018 жылы құрылыс жұмыстары орындалады.
16. Сұрақ. - «Ақжайық» шағынауданындағы Байысбай және Арипов көшесіне асфальт төсеп берсеңіздер.
Камалов Боранбай - «Ақжайық» шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы
Жауап. - «Ақжайық» шағынауданының Байысбаев және Арипов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын атқару
мақсатында, ағымдағы жылға қаржы қаралды. Жұмыстар бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқарылатын болады. 2018 жылдың
желтоқсанына толығымен аяқтау жоспарлануда.
17. Сұрақ. - «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы жаңадан салынып жатқан мектеп бағытында оқушылардың ыңғайлы жүріп
тұруы үшін тротуар салып берсеңіздер.
Аширова Торғын – «Қайнарбұлақ» саяжайының тұрғындары
Жауап. - «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы атауы жоқ асфальттанған мектеп бағытындағы көшеге аяқжол салу
жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталған.
Сонымен қатар, аталған атауы жоқ көшесінің жалғасының құрылысына (жаңадан салынып жатқан мектепке дейін)
жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жоба дайын болған соң, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізіледі.
Сондай-ақ, аталған атауы жоқ көшеге уақытша ескі асфальт қалдықтары төселгенін хабарлаймыз.
18. Сұрақ. – «Қайнарбұлақ» тұрғын алабынан емхана өте алыс орналасқан. Жаңа емхана ашу мәселесін қарастырсаңыздар.
Аширова Торғын - «Қайнарбұлақ» саяжайы.- тұрғындары
)
Жауап. – «Қайнарбұлақ» саяжайынан типтік дәрігерлік амбулаториясының құрылысы 2017 жылы маусым айында басталып,
желтоқсан айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда дәрігерлік амбулатория «Қайнарбұлақ» саяжайы мен тұрғын алабы
тұрғындарына медициналық қызметтер көрсетуде.
19. Сұрақ. - «Асар-2» шағынауданында күн санап халық саны артуда. Сондықтан, мектеп құрылысының басталуына ықпал
етсеңіздер.
Шынасилов Тұрдалы - «Асар» шағынауданы орам басшысы
Жауап. - «Асар-2» шағынауданындағы 1200 орындық мектеп құрылысын салуға ЖСҚ дайындалуда, құрылысы 2019-2020
жылдарға жоспарланған.
20. Сұрақ. - «Асар-2» аумағының тұсындағы Қайнарбұлақ тас жолының бөлігіне аяқ жол салып берсеңіздер.
Шынасилов Тұрдалы - «Асар» ш/а орам басшысы
Жауап. - «Асар-2» аумағының тұсындағы Қайнарбұлақ тас жолының бөлігіне аяқ жол салу мақсатында, сметалық құжаттар
әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілді. Жұмыстар бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда атқарылады.
21. Сұрақ. - Когда в Каратауском районе построят свою Детскую музыкальную школу?
Джакипбаева Л.А.- «Кайнарбулак» ул. Центральная 11/6
Жауап. - Административно-деловом центре в 2018 году планируется строительства «Детской музыкальной школы».
22. Сұрақ. - №1 қалалық аурухана мен №12 қалалық емхана бір ғимаратта орналасқан. Облыстық денсаулық сақтау
басқармасына қарағанымен екі бөлек мекеме. №12 емханаға 2 га жер телімі бөлінгенімен, құрылыс салу мәселесі шешілмей
жатыр.
Мырзалиев Бақтияр - Шымкент қалалық №1 аурухананың бас дәрігері.
Жауап. - «Сайрам» тұрғын алабындағы №12 емханаға жаңа ғимарат салу үшін қажетті жер телімін мемлекет меншігіне
қайтару жұмыстары жүргізілуде.
Жер телімін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары аяқталған соң, нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге
ұсыныс берілетін болады.
23. Сұрақ. - «Бозарық» шағынауданындағы жаңадан салынған №57 орта мектеп «Бозарық» саяжайынан өте алыс. Балалар
3-4 шақырым жаяу жүреді, асфальт жоқ, автобус қатынамайды. Қала бойынша мектепке балалар тасымалдауға бөлінген
19 автобустың біреуі осы саяжай оқушыларына бөлінсе дұрыс болар еді.
Юсупов Уалихан – «Бозарық» саяжайының тұрғыны
)
Жауап. - «Бозарық» шағынауданындағы жаңадан салынған № 57 орта мектепке баратын жолдың құрылысы аяқталып,
пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Бозарық» шағынауданы мен саяжайына №71 автобустың қозғалыс сызбасы екіге бөлініп,
№71 автобус «ТЖВ – Бозарық шағынауданы», №71а автобус «ТЖВ – Бозарық саяжай» бағыттарына өзгертіліп, 2018 жылдың 5
ақпанынан бастап жүргізілуде.
24. Сұрақ. - «Орманшы» тұрғын алабындағы Алатау көшесі бойында Одақ кезінде қоқыс үйіндісі (свалка) болған жерді әрең
дегенде жапқызған едік. Осы жерді қариялар демалатын, балалар ойнайтын саябаққа айналдыруыңызды сұраймыз.
Төртбаева Әнипа - Алатау көшесінің тұрғыны.
Жауап. - Аталған жерге қазіргі таңда қоқыс тастау тоқтатылған. Қаратау ауданы әкімі аппаратының мамандары және
жергілікті полиция қызметкерлерінің күнделікті бақылауында. Сонымен қатар, аталған аумақта саябақтың құрылысын жүргізуге
техникалық-экономикалық негіздемесі мен жұмыс жобасын әзірлеуге қажетті қаржы көлеміне ұсыныс берілген.
25.Сұрақ. - «Орманшы» тұрғын алабындағы электр бағаналары бей-берекет, ретсіз орнатылған. Электр сымдары тозған.
Осыған орай, электр жарығын жүргізуге ықпал жасасаңыздар.
Төртбаева Әнипа - Алатау көшесінің тұрғыны.
Жауап. - «Орманшы» тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеу
үшін қызмет көрсетуші мекемеден техникалық шарт алынуда. Алдағы уақытта, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленгеннен
кейін, құрылыс жұмыстарына бюджеттік ұсыныс жолданатын болады.
Шымкент қаласы «Орманшы» тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит»
ЖШС-нің 2016-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 2019 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
26. Сұрақ. - «Қайнарбұлақ» саяжайында ұсақ бұзақылықтар, ұрлық жиі орын алады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін
көшелер бойын жарықтандыру, аяқ жол салу, жол белгілерін қою, «жасанды кедергі» (лежащий полицейский) орнатуды
сұранамыз.
Арысбаева Айман – «Қайнарбұлақ» саяжайы «Металлург» коперативінің төрайымы, Сегізбай Асанбайұлы – «Қайнарбұлақ»
ауылының тұрғыны
Жауап. - ҚР СТ СТБ 1538-2007 «Автомобиль жолдары мен көшелердегі жасанды тегіс еместіктер. Техникалық талаптар
және қолдану» Ережесінің 5.2 тармағына сәйкес, жаяу жүргіншілердің қарқынды қозғалысы бар өтетін бөлігі арқылы
реттелмейтін өтпелердің осы жолдарында тікелей жанасатын оқу-тәрбие мекемелерінен, балалар алаңқайларынан, көпшілік
демалатын орындардан, стадиондардан, вокзалдар, үлкен дүкендер мен сауда орындарынан, метрополитен станцияларынан
өтетін бөлікке шығатын жолы бар орындарда қолданады және орналастырады.
)
Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
тарапынан «Қайнарбұлақ» саяжайындағы №83 жалпы орта мектебінің аумағында жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылып,
жаяу жүргіншілер бағдаршамы және жасанды тегіс еместіктер мен тиісті жол белгілері орнатылған. Ағымдағы жылы бөлім
тарапынан саяжайдың ішкі орам жолдарына қосымша жол белгілерін (2.1, 2.4, 7.13) орнату жұмыстары атқарылды.
«Қайнарбұлақ» саяжайына 2017 жылы атауы жоқ көшеге аяқ жол салу жұмыстары атқарылды.
Үстіміздегі жылы «Қайнарбұлақ» саяжайы орталық көшесін жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық
құжаттамаларын әзірлеуге қаржы қаралып, аталған жұмыстарды «JER GROUP» ЖШС-і атқаруда. Құрылыс-монтаж жұмыстарын
2018 жылы бюджеттен бөлінетін қаржы аясында атқару жоспарланған.
27. Сұрақ. - «Сайрам» тұрғын алабындағы қос бірдей мектеп ғимаратының жанына қосымша құрылыс салынады. Осы ЖСҚ
дайындалған нысандарға құрылыс жүргізуге ықпал етсеңіздер.
Тоғызбай Мүсірәлі Талапұлы – Сайрам медицина колледжі директорының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты
Жауап. - Шымкент қалалық құрылыс бөлімі тапсырысымен және мердігер мекеме «Құрылыс» ЖШС-і тарапынан «Сайрам»
тұрғын алабы, Жаңақұрылыс көшесі бойында №112 негізгі орта мектебінің орнына жаңадан типтік 300 орындық мектептің
құрылыс жұмыстары басталды. Білім беру нысаны 2018 жылы оқу маусымында пайдалануға беріледі.
28. Сұрақ. - В микрорайоне «Қайтпас -1» улица Атажолы нет асфальта. Прошу асфальтировать дорогу. Кроме того, между
Тулеметова и Б.Момышулы спуск очень крутой, узкий и не законченный. Прошу разобраться.
Ажикабылова З.Д. –житель мкр. Кайтпас-1.
Жауап. - Для проведения среднего ремонта по улице Атажолы г.Шымкент составлена сметная документация. Дана заявка
на выделение денежных средств для проведения ремонтных работ на вышеуказанной улице на 2018 год. Строительные работы
будут выполняться по мере выделения денежных средств.
29. Сұрақ. – «Шапырашты» тұрғын алабында орналасқан ескі мектеп ғимаратын балабақша етіп қайта құрып берсеңіздер.
Қошқарбаева Нұрбала - №70 орта мектеп директоры және «Шапырашты» тұрғын алабының тұрғындары
Жауап. - №70 мектептің ескі ғимараты 1960 жылы ыңғайластырып, саманнан салынған. Ғимараттың жарамсыздығы, апатты,
бұзуға жататындығы туралы сараптама қорытындысы бар. «Шапырашты» тұрғын алабында «Адия» жекеменшік балабақшасы
жұмыс жасауда, қосымша 2018 жылдың 1 наурызынан бастап жаңадан жекеменшік балабақшасы ашылады.
30. Сұрақ - «Северный подстанциясы» қашан қосылады. Облыстық балалар ауруханасы уақытша электр желісінде, қашан
шешімі табылады?
Нұсқабаев Болат.
)
Жауап. - 110/10 кВ «Северный» қосалқы стансасы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен 2015 жылы іске қосылған.
Облыстық балалар ауруханасын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық
бөлімі тарапынан сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалып, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлуге
бюджеттік өтінім берілді. Қаржы қаралған жағдайда тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
31. Сұрақ. - «Сайрам» тұрғын алабында жарық бірнеше рет өшті. Қашан тұрақты қалыпына келеді?
Шамшиметов Құрбанбай – Сайрам тұрғын алабының тұрғыны.
Жауап. - Шымкент қаласы аумағына қосылған елді-мекендерді сапалы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз
ету мақсатында, аудан әкімдіктерімен бірлесе 2017-2021 жылдарға арналған кешенді әлеуметтік даму бағдарламасы әзірленді.
Аталған даму бағдарламасына сәйкес, «Сайрам» тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеу 2019-2020
жылдарға жоспарға қойылған. Бүгінгі таңда, сәулет жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін қажетті құжаттар жинақталуда.
СЖТ әзірленген соң жобалау жумыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылады. Қаржы қаралған жағдайда жобалау
жұмыстары басталады.
32. Сұрақ. - «Нұрсәт» шағынауданы Измир көшесінің бойында «Нұрсәт» моншасы мен №80 мектеп аралығына оқушылар
жүретін жерге аяқжол мен жарықтандыру бағаналарын салып беруді сұраймын.
Ермекбаева Кулазия үй басқарушысы, Шертаев Мадияр «Нұрсәт» шағынауданының тұрғындары.
Жауап. - «Нұрсәт» шағынауданының Измир көшесіне аяқжол салу жұмыстарын «АІS» корпорациясы бекітілген кестеге
сәйкес атқаруда.
Аталған көшені жарықтандыру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
бөлімінің 2018 жылғы жұмыс жоспарына енгізілді.
33. Сұрақ - «Нұрсәт» шағынауданындағы №217-219 үйлер арасына балалар ойнайтын спорт алаңша салып беру жағын
қарастырсаңыздар.
Ермекбаева Кулазия үй басқарушысы, Шертаев Мадияр «Нұрсәт» шағынауданының тұрғындары.
Жауап. - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ ОҚО бойынша филиалы Жер
кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» департаментінің Шымкент қалалық бөлімшесінің мәліметіне сәйкес, аталған жер телімі
электрондық базада бос еместігі көрсетілген.
34. Сұрақ. - «Асар» шағынауданына мәдениет үйін салып берсеңіздер.
«Асар» шағынауданының тұрғындары.
)
Жауап. - 13 000 халқы бар «Асар» шағынауданында мәдениет үйін салуға бос жер телімі жоқ. Алайда, аталған шағынаудан
аумағы маңында жаңадан құрылып жатқан «Шымкент сити» шағынауданынан 2000 орындық кино-концерт залын салу
жоспарлануда. Қазіргі таңда құрылыс бөлімі тарапынан кино-концерт ғимаратының техника-экономикалық негіздемесі
əзірленуде.
35. Сұрақ. - «Таскен» тұрғын алабы сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілсе.
Айнабекова Р.А, Лесбаева А.- «Таскен» тұрғын алабынының тұрғындары атынан.
Жауап. - Шымкент қаласы аумағына қосылған елді-мекендерді сапалы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз
ету мақсатында, аудан әкімдіктерімен бірлесе 2017-2021 жылдарға арналған кешенді әлеуметтік даму бағдарламасы әзірленді.
Аталған даму бағдарламасына сәйкес, «Таскен» тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеу 2018-2019
жылдарға жоспарға қойылған. Бүгінгі таңда, электр қуатына қосылуға техникалық шарт, жер таңдау актілері әзірленді. 15.03.2018
жылға дейін сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеп, жобалау жұмыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылады.
Қаржы қаралған жағдайда жобалау жұмыстары басталады.
36. Сұрақ. - Көшемізге тас төселіп, асфальт салып, жарық бағаналарын орнатылса екен.
К.У.Оралбаева- «Нұртас» шағынауданы Құлагер көшесі №149 үйдің тұрғыны
Жауап. - «Нұртас» шағынауданының Құлагер, Ақсуат, Саяхат, №5,6,10 атауы жоқ және Мұңайтпасов №1,2 көшелеріне
күрделі жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сараптаманың оң
қорытындысын алғаннан кейін, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс енгізілетін болады. Аталған көшені жарықтандыру
жұмыстарының ЖСҚ әзірлеу қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2018-2021ж.ж жұмыс жоспарына
енгізілген. Қажетті сметалық құжаттамалар әзірленген соң, құрылыс-монтаждау жұмыстары қала бюджетінен бөлінетін қаржы
аясында атқарылатын болады.
37. Сұрақ. - «Тассай» тұрғын алабындағы көшелерге асфальт салынса екен.
Гаухар «Тассай» тұрғын алабы Мұңайтпасов көшесі тұрғындары атынан.
Жауап. - «Тассай» шағынауданының Мұңайтпасов №1, №2 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында
жоба әзірленіп, 2018 жылдың 1 ақпанында мемлекеттік сараптаманың оң қортындысы алынды. Ағымдағы жылдың бюджетін
нақытылау барысында жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілетін болады. Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған
жағдайда атқарылады.
38. Сұрақ. - «Тассай» тұрғын алабында бірнеше жеке меншік трансформаторлар бар. Олар жиі сөнеді. Электр жарығын
жүргізуді қолға алсаңыздар.
)
Гаухар, «Тассай» тұрғын алабы Мұнайтпасов көшесі тұрғындары атынан.
Жауап. - «Тассай» шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгіні таңда,
жобалаушы мекеме «ӘсемЖобаҚұрылыс» ЖШС-ы тарапынан жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленіп, жеке меншік
сараптамадан өткізу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан
кейін құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыру бойынша бюджетке ұсынылады.
39. Сұрақ. - «Достық» шағынауданына үлкен емхана керек.
Есекенова Ақсұлу Амановна - «Достық» шағынауданы Гүлдерай көшесі, үй №18/1
Жауап. - «Достық» шағынауданы халқына (9927 адам) 2010 жылы салынған типтік дәрігерлік емханада 6 - жалпы тәжірибелі
дәрігер, 1 - акушер-гинеколог, 1 - акушер, 4 - лаборант, 18 - медбике медициналық көмекті көрсетеді.
40. Сұрақ. - «Сайрам» тұрғын алабына қашан 24 сағат су беріледі? Ходжиметов Хусан. «Сайрам» тұрғын алабы Бахор көшесі
тұрғындары. «Сайрам» тұрғын алабына сапалы электр жарығын жүргізіп берсеңіздер.
Ходжиметов Хусан. «Сайрам» тұрғын алабы Бахор көшесі тұрғындары.
Жауап. - Шымкент қаласы, «Сайрам» тұрғын алабын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 2014-2016 жж. аралығында
мердігер мекеме «Евроремонтсервис» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарының І кезегі жүргізілді. Бүгінгі таңда, аталған
мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстарының ІІ кезегі жұмыс жобасына сәйкес атқарылуда. Нысанның өндірістік
кестесіне сәйкес құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, «Сайрам» тұрғын
алабы тұрғындарын толық сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстарының ІІІ кезегі бойынша жобалау
сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін, сәулет жоспарлау тапсырмасының құжаттары жинақталуда.
Шымкент қаласы аумағына қосылған елді-мекендерді сапалы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету
мақсатында, аудан әкімдіктерімен бірлесе 2017-2021 жылдарға арналған кешенді әлеуметтік даму бағдарламасы әзірленді.
Аталған даму бағдарламасына сәйкес, «Сайрам» тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеу 2019-2020
жылдарға жоспарлануда. Бүгінгі таңда, сәулет жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін қажетті құжаттар жинақталуда. СЖТ
әзірленген соң жобалау жумыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылады. Қаржы қаралған жағдайда жобалау
жұмыстары басталады.
41. Сұрақ. - «Сайрам» тұрғын алабындағы «Жамалай ана» балабақшасы мен мектеп үлкен жол бойында орналасқан. Жол
белгілері жоқ, «жасанды кедергі» (лежачий полицейский) орнатып берсеңіздер.
Мухамедова М.И. Ибрагим ата б/н Жамалай ана м/б
)
Жауап. - Облыстық маңызы бар жолдарға (КХ-82-Ибрагим ата, Ю.Сареми, КХ-83-Әл Фараби, Ә.Темір көшелері)
күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары барысында бағдаршам және басқа да жол белгілері орнатылатын
болады.
42. Сұрақ. - «Қызыл-сай» тұрғын алабы Бекмахан, Абдиров, Мамадаев негізгі 3 көшеге жарықтандыру бағаналарын
орнатсаңыздар.
Бекмурзаева З. – «Қызыл-сай» тұрғын алабы тұрғыны.
Жауап. - «Қызыл-сай» тұрғын алабының негізігі көшелерін жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық
құжаттамаларын әзірлеу ТҮКШ бөлімінің 2018-2019ж.ж жұмыс жоспарына енгізілді. Жұмыстар қала бюджетінен
бөлінетін қаржы аясында атқарылатын болады. Қажеттілігіне орай 2019-2020 ж.ж. ЖСҚ әзірлеуге ұсынылатын
болады.
43. Сұрақ. - «Достық» шағынауданындағы тас жолдарды асфальттау және жарықтандыру керек.
Шарипова Ақбаян – «Достық» шағынауданы тұрғыны Жайсан уч.№880
Жауап. - «Достық» шағынауданындағы Жайсан көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына 2018 жылға қаржы қаралды. Қазіргі
таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс қорытындысына сәйкес, мердігер мекеме анықталғаннан кейін
(бекітілген өндірістік кестеге сәйкес) жұмыстар атқарылатын болады.
«Достық» шағынауданының орталық басты 3 көшесі жарықтандырылған. Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында,
Достық шағынауданы орталық Арайлы таң көшесін жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын
әзірлеуге қаржы қаралып, аталған жұмыстарды «JER GROUP» ЖШС-і атқаруда. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2018 жылы
бюджеттен бөлінген қаржы аясында атқару жоспарлануда.
44. Сұрақ. - «Достық» шағынауданындағы Жаһұт, Қызыл көл көшелеріне асфальт жол салуға көмек сұраймын.
Налибаев Мұқан-«Достық» шағынауданы тұрғыны
Жауап. - «Достық» шағынауданындағы Жаһұт, Қызыл көл көшелерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына 2018 жылға
қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс қорытындысына сәйкес, мердігер мекеме
анықталғаннан кейін, бекітілген өндірістік кестесіне сәйкес, жұмыстар атқарылатын болады.
45. Сұрақ. - Биыл асфальт төсеуді «Ұста Махамет» көшесінен бастап, жұмыстар жалғасын таба берсе.
Иманәлі Бегәлі – «Бозарық» шағынауданы тұрғындары
)
Жауап. - «Бозарық» шағынауданының Ұста Мұхамет көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында сметалық
құжаттар әзірлеуге тапсырыс берілетін болады. Сметалық құжаттар әзірленіп дайын болған соң, жөндеу жұмыстарына қаржы
бөлу үшін ұсыныс енгізіледі.
46. Сұрақ. - «Тассай» тұрғын алабына қатынайтын №44 және №65 бағытқа үлкен автобустар жүргізілсе. Көп балалы
аналарға алтын, күміс алқа куәлігімен қоғамдық көлікте жүргенімізде жол ақы алмағандықтан ұрсып, тоқтамай кетеді.
Л.Адаева, Г.Ходжаханова- «Тассай» тұрғын алабы тұрғындары
Жауап. - Бүгінгі таңда, Тассай шағынауданындағы Жібек жолы, Қ.Төлеметов, Тәуке хан көшелеріне қайта құру жұмыстары
атқарылуда. Тассай шағынауданына Жібек жолы, Әбдіразақов, Тәуке хан көшелері арқылы №44 автобус бағыты, Жібек жолы
көшесі арқылы №65 автобус бағыты, ауданаралық «Шымкент-Ақсукент» бағыты қызмет көрсетуде. Жоғарыда аталғандарға
байланысты, көшелерге қайта құру жұмыстары аяқталған соң, қызмет көрсетіп отырған бағыттардағы көліктерді сиымдылығы
үлкен автобустарға ауыстыру және қосымша бағыттар жүргізу мәселелері қайта қаралатын болады.
Сонымен қатар, №65 автобус бағытында жолаушылар тасымалдау қызметін атқаратын «Санжар Моторс» ЖШС-нің
басшылығына бағыттағы автобустарды жаңарту туралы талап қойылып, «Таскен» тұрғын алабының ішімен жүру мәселесі
бойынша бағыттың сызбасы өзгертілді. Шымкент қаласында тасымалдаушылар есебінен Ұлы Отан соғысының ардагерлері,
«Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталған тыл еңбеккерлері, I-топтағы зағип жандар бір сүйемелдеуші адаммен, «Алтын
алқа», «Күміс алқа» төс белгілерінің иегерлері, Шымкент қаласының құрметті азаматтары автобус бағыттарында тегін және
қаладағы орта мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, жоғары және арнайы оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері
(студенттік билеті болған жағдайда) автобус бағыттарында 50 теңге төлеп жүреді.
47. Сұрақ. - «Қайнарбұлақ» саяжайы мен тұрғын алабына газ жүйесі қашан жүргізіледі.
Утарбеков Манас- «Қайнарбұлақ» саяжайы тұрғыны.
Жауап. - «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тапсырысымен, «Береке» ЖШС-і тарапынан «Қайнарбұлақ» тұрғын
алабы үшін магистралды газ құбырының құрылысы нысанына ЖСҚ әзірленуде. Жобалаушы мекемемен түзілген келісім-шартқа
сәйкес, 01.10.2018 жылға дейін сараптама қорытындысын алу жоспарға қойылған. Ал, «Қайнар-бұлақ» тұрғын алабы ішкі
орамдық табиғи газ жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында, сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленді. Қалалық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан 2018 жылдың ақпан айында, 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік
нақтылауға, ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаржы қаралған жағдайда жобалау жұмыстары
басталады.
«Қайнарбұлақ» саяжайы
)
«Газ тарату жүйелері» туралы 4.03-01-2011 Қазақстан Республикасының құрылыс нормасына сәйкес, ауыз су құбырларымен
табиғи газ жүйелерін қатар салу кезінде қысымы 0,005 МР дан 0,6 МР дейінгі газ құбырларынан су құбырына дейінгі
арақашықтық 1 м кем болмауы және және қысымы 0,6 МР дан 1,2 МР дейінгі газ құбырларынан су құбырына дейінгі
арақашықтық 1,5м кем болмауы тиіс.
Ал, «Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015
жылғы 20 наурыздағы №230 бұйрығына сәйкес, электр желілерімен табиғи газ құбырларын қатар салу
кезінде 35 кВ дейінгі кернеудегі кәбіл желілерінен төменгі (0,0049 МП1), орта (0,294 МП1) және жоғары (0,294 астам 0,588 дейін
МП1) қысымды газ құбырларына дейінгі арақашықтық 1 м кем болмауы тиіс делінген.
Қазіргі жағдай бойынша «Қайнарбұлақ» саяжайының, жолдың ені 3-4 метр құрайтын ішкі көшелерінде екі жақтама электр
желілері және ауыз су құбырлары жүргізілген. Жоғарыда аталғандарды ескере келе, Қаратау ауданы аумағында орналасқан
«Қайнарбұлақ» саяжайының көшелерінің ені тым қысқа болуына байланысты табиғи газ жүйелерінің құрылысын жүргізуге
мүмкіндігі жоқ.
48. Сұрақ. - «Бозарық» елді мекеніне емхана, пошта керек.
Батырханова Алтын,
Жауап. - «Бозарық» саяжайынан типтік дәрігерлік амбулаториясының құрылысы 2017 жылы маусым айында басталып,
желтоқсан айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда дәрігерлік амбулатория тұрғындарға медициналық қызметтер көрсетуде.
«Бозарық» саяжайынан пошта ашу бойынша 2016 жылы тиісті жұмыстар жүргізіліп, пошта бөлімшесі ашылған. Алайда,
ашылған пошта бөлімшесі өзін-өзі ақтамағандықтан өз жұмысын тоқтатқан.
49. Сұрақ. - «Асар» шағынауданында теплицалар үшін техникалық су өткізуіне көмек берсеңіздер.
Сейданов Асан, Абдуллаев М.М. - «Асар» шағынауданы тұрғындары
Жауап. - Асар шағынауданындағы су скважиналарын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансына
өткізуге жәрдем беру бойынша қызмет көрсетуші «Ақорда» ЖШС-мен бірге 2015 жылы қалалық ТҮКШ бөлімімен жасалған
уақытша келісім-шарттың мерзімі аяқталған. Қазіргі таңда, аталған келісім-шартты ұзарту бойынша жұмыстар атқарылуда.

More Related Content

What's hot

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі А. Татыбаевтың 2016 жылдың қорытындысы бо...
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі А. Татыбаевтың 2016 жылдың қорытындысы бо...Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі А. Татыбаевтың 2016 жылдың қорытындысы бо...
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі А. Татыбаевтың 2016 жылдың қорытындысы бо...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытынд...
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытынд...Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытынд...
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытынд...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Zhanbolat Amankeldy
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымовтың 2015 жыл қорытындысы бойынша...
Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымовтың 2015 жыл қорытындысы бойынша...Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымовтың 2015 жыл қорытындысы бойынша...
Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымовтың 2015 жыл қорытындысы бойынша...Zhanbolat Amankeldy
 

What's hot (6)

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі А. Татыбаевтың 2016 жылдың қорытындысы бо...
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі А. Татыбаевтың 2016 жылдың қорытындысы бо...Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі А. Татыбаевтың 2016 жылдың қорытындысы бо...
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі А. Татыбаевтың 2016 жылдың қорытындысы бо...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытынд...
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытынд...Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытынд...
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұловтың 2016 жылдың қорытынд...
 
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б. Қалжановтың 2016 жылдың қорытынды...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
 
Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымовтың 2015 жыл қорытындысы бойынша...
Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымовтың 2015 жыл қорытындысы бойынша...Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымовтың 2015 жыл қорытындысы бойынша...
Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымовтың 2015 жыл қорытындысы бойынша...
 

More from Zhanbolat Amankeldy

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Zhanbolat Amankeldy
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Zhanbolat Amankeldy
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаZhanbolat Amankeldy
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміZhanbolat Amankeldy
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Zhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Zhanbolat Amankeldy
 
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Zhanbolat Amankeldy
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясыШымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясыZhanbolat Amankeldy
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың  2017 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың  2017 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Zhanbolat Amankeldy
 

More from Zhanbolat Amankeldy (20)

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
 
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
 
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясыШымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи акима города...
 
Аттестация 2017
Аттестация 2017Аттестация 2017
Аттестация 2017
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың  2017 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың  2017 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
 

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесу барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАПТАР

  • 1. ) Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесу барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға ЖАУАПТАР 1. Сұрақ. – «Қайтпас» елді мекенінен келіп оқитын 600 оқушының Н.Төлеметов көшесінен №72 мектепке өтерде қауіпсіздігін сақтау мақсатында жер асты өткелін салу қажеттігі туралы ескерткенбіз. Сонымен қатар, №72 мектептің спорт алаңшасы да талапқа сай емес, сапасыз салынған, осы мәселені шешу жағын қарастыру керек. Жолдасов Нұрмахан Миятұлы - облыстық мәслихат депутаты. Жауап. - Қала құрылысы, қала және елді мекендерді жоспарлау және салу ережесіне сәйкес, жер асты немесе жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру үшін, жаяу жүргіншілер ағыны (поток) бір сағатта 3000 жүргіншіні құрауы тиіс. Аталған аумақты зерттеу барысында, мектептің алдынан сағатына 100-150 жүргінші өтетіні анықталды, сол себепті, жер асты өткелін салу тиімсіз. Шымкент қаласының Бас жоспарына және көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Кіші айналма жолды қайта құру (Қалалық қоқыс полигонынан Жібек жолы көшесіне дейін) жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар барысында, жаяу жүргіншілер және оқушылар қатысуымен жол апаттарын болдырмау және алдын алу мақсатында, №72 мектептің алдында жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам, жылдамдықты шектейтін жол белгілері орнатылды, дабыл жолақтары, арнайы жолақ (разметка) сызылды және көшенің екі жағынан жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолдар салынды. Сондай-ақ, оқушылар көшені кез-келген жерден кесіп өтпеуі үшін көшенің ортасына темір қоршаулар орнатылды. 2017 жылы №72 мектептің спорт алаңына 15,973 мың теңге қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда оқушыларға футбол, баскетбол түрінен сабақтар өтілуде. 2. Сұрақ. – «Тассай» және «Таскен» елді мекендеріне қатынайтын автобустар өте кішкентай болғандықтан халық сыймайды. Кезінде Жібек жолы көшесі жағынан №84, 64 автобустар жүретін еді, ал қазір №64 автобус бағыты қысқартылғандықтан тұрғындардың мектепке жетуі қиын болып отыр. Жолдасов Нұрмахан Миятұлы - облыстық мәслихат депутаты. Жауап. – «Таскен» және «Тассай» тұрғын алаптарына қатынайтын автобус бағыттарының жұмыстарын қала әкімінің орынбасары бастаған жұмыс тобы қарап, осы тұрғын алаптарына қатынайтын бағыттары жүйесін оңтайландыру туралы шешім қабылдады. Бүгінгі таңда, аталған аумақта №44 автобус бағыты 17 кестемен, №14 шағынавтобус бағыты 20 кестемен мектепке дейін, № 89 автобус бағыты 12 кестемен бекітілген қозғалыс сызбасымен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. 3. Сұрақ. - Жергілікті полиция қызметі ашылып, жұмыс атқарып жатқаны белгілі. Оларды құрал-жабдықпен, арнайы техникамен қамтамасыз ету жағдайы өз деңгейінде емес, осыны ескеру керек.
  • 2. ) Жолдасов Нұрмахан Миятұлы - облыстық мәслихат депутаты. Жауап. - Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің 12.03.2018 жылғы №11-6-28/1092 хатына сəйкес, 2018 жылғы мемлекеттік сатып алу жоспарымен, Жергілікті полиция басқармасының қажеттілігі үшін төмендегі тауарларды сатып алуға қаржы бөлінген: арнайы автокөліктер үшін GPS трекерлер саны 100, автокөлікті радиостанция саны 100, арнайы автокөліктер үшін бейнетіркегіштер саны 100, қолда алып жүруге арналған радиостанция саны 70, СГУ саны 100, фоторадарлы жылжымалы комплекс саны 5, планшеттер жиынтығымен саны 425, компьютерлер саны 270. Сəуір – мамыр айларында, аталған тауарлар бойынша, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сəйкес мемлекеттік сатып алулар өткізілетіндігін хабарлайды. 4. Сұрақ. - «Бозарық-1,2,3» саяжайында халық саны жылдан жылға көбейіп келеді, осыған орай оқушылар саны да артуда. Бозарық саяжайында 900 орындық мектепке жер телімі де бөлінген. Осы мектептің құрылысын ертерек салуға ықпал етсеңіздер екен. Жексенбай Намазбек - «Бозарық» шағынауданының орам басқарушысы Жауап. - «Бозарық» саяжайында 900 орындық мектеп құрылысы 2017 жылы басталып, жоспар бойынша 2018 жылы пайдалануға беру күтілуде. Тапсырысшы қалалық құрылыс бөлімі. 5. Сұрақ. - «Таскен», «Тассай» тұрғын алабында 48 көшенің атауы жоқ. Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру және тағы басқа халыққа қажетті қызметтерді шақырғанда мекен-жайды табуда қиындық туғызуда. А.Тоқмағанбетов- Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Үсіпбаев Асылбек және «Таскен» тұрғын алабының тұрғыны, әйелдер кеңесінің атынан. Жауап. - 2016 жылы «Тассай» тұрғын алабының атауы жоқ 10 көшесіне ұсыныс жіберіліп, 8 көшесі заңды шешімін тапқан, ал 2017 жылы атауы жоқ 23 көшеге ұсыныс әзірленіп, 18 көшесі көпшілік тыңдаудан өтті. 2017 жылы «Таскен» тұрғын алабының атауы жоқ 19 көшесіне ұсыныс әзірленіп, 18 көшесі көпшілік тыңдаудан өтіп, республикалық ономастикалық комиссия қарауына жолданды. Сонымен қатар, 2018 жылы наурыз айынан бастап жоспар бойынша ономастика жұмысы өз жалғасын табатынын хабарлаймыз. 6. Сұрақ. - №115 мектептегі оқушылар 3 ауысымда оқиды. Қазіргі мектеп заман талабына сай емес. Жаңа мектеп құрылысының 2017 жылы басталуына ықпал жасауыңызды сұранамын. А.Тоқмағанбетов- Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Үсіпбаев Асылбек және «Таскен» тұрғын алабының тұрғыны, әйелдер кеңесінің атынан. Жауап. - №115 мектептің орнына жаңадан 300 орындық мектеп салуға 2017 жылы ЖСҚ дайындалды. 2018 жылға қаржы қаралып, құрылыс бөлімі арқылы мердігер мекеме анықталуда. 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
  • 3. ) 7. Сұрақ. - Бабашұлы мен Балқыбеков көшесін асфальттауыңызды және көше бойына аяқ жол (тротуар), жарықтандыру, қоғамдық көлік жүргізу және аялдама салу мәселелерін ертерек шешіп берсеңіздер. А.Тоқмағанбетов - Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Үсіпбаев Асылбек және «Таскен» тұрғын алабының тұрғыны, әйелдер кеңесінің атынан. Жауап. - «Таскен» тұрғын алабы Балқыбеков көшесіне орташа жөндеу (аяқ жолымен) жұмыстарын мердігер мекеме «Базис и К» ЖШС-гі 2017 жылы бекітілген сметалық құжаттарға сәйкес толығымен атқарды. Бабашұлы көшесін асфальттау және аяқ жол салу жұмыстары толығымен аяқталды. №89 автобус бағытының жұмысын жақсарту мақсатында, бағытта жолаушылар ағынының есебі жүргізіліп, бағыттың қозғалыс сызбасына өзгерту енгізілді. Бүгінгі таңда, №89 автобус бағыты Балқыбеков көшесімен өзгертілген қозғалыс сызбасымен және №44 автобус бағыты Бабашев көшесімен жолаушылар тасымалдау қызметін атқаруда. «Таскен» тұрғын алабына 5 дана аялдама орнатылған, оның ішінде 2 данасы Бабашұлы көшесінің бойында. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Бабашұлы көшесін жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда электр жарығын тасымалдаушы мекемемен келісім-шарт түзіліп, жарықтандыру жүйелері іске қосылды. 8. Сұрақ. - «Қайтпас» шағынауданындағы емхана халықты толық қамти алмай жүйелі жұмыс атқара алмауда. Емхананы кеңейту мәселесін қарастыруыңызды сұранамын. Ахметбаев Ғани Молдабекұлы - Қалалық мәслихат депутаты Жауап. - Шымкент қаласы «Нұртас» шағынауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын қалалық емхана құрылысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында 2017 жылы басталып, «Тур-Ахмет и К» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 2018 жылдың 4-тоқсанына жоспарланған. 9. Сұрақ. - Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жастарымыздың спортпен айналысу мақсатында спорт кешендерін, алаңшаларын салуыңызды сұранамын. Ахметбаев Ғани Молдабекұлы - Қалалық мәслихат депутаты Жауап. - Шымкент қаласының халқы 1 млн. адамға жуықтады. Қала тұрғындарын дене шынықтыру мен спортқа тарту мақсатында жыл сайын спорт ғимараттары құрылысы жүргізіліп, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді. Бірақ, халық санының ұлғаюымен спорт кешендері мен спорт алаңшаларының жетіспеушілігі сезілуде. Қаламыздың Қаратау ауданында орналасатын «Shymkent sity» жобасында спорт сарайы құрылысы қарастырылған. Қазіргі таңда спорт сарайының жобалық сметалық құжаттары дайындалуда. Жастарды спортқа баулу мақсатында, аудан аумағындағы бос жерлерге мониторинг жүргізіліп, 11 жер телімі ашық спорт алаңшасын салу үшін анықталды. Нәтижесінде, 8 жер теліміне қала әкімдігінің қаулысы қабылданып, 4 жер теліміне мемлекеттік
  • 4. ) актілері алынып, 4 жер телімінің мемлекеттік актілері әзірленуде. Қазіргі уақытта, ашық спорт алаңшаларын салу бойынша жобалық-сметалық есептерін әзірлеуге құжаттары рәсімделуде. 10. Сұрақ. – «Қайнарбұлақ» саяжайындағы №83 мектеп жанындағы аяқ жолды (тротуар) «Қайнарбұлақ» тұрғын алабына дейін жол жиегімен ұзартуыңызды сұранамыз. Кулишева Динара – «Қайнарбұлақ» ауылының тұрғындары атынан Жауап. – «Қайнарбұлақ» саяжайындағы №83 мектептен «Қайнарбұлақ» тұрғын алабында дейінгі жолға аяқжол салу мақсатында сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілді. Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылатын болады. 11. Сұрақ. - «Тұран» шағынауданында жаңа құрылыстар салынуына байланысты ауыр жүк машиналары жолды бүлдіруде. Жолды қалыпқа келтіру және қоғамдық көлік жүргізуіңізді сұранамыз. Қалходжаев Яхия – «Тұран» шағынауданы, орам басшысы. «Тұран» шағынауданындағы инфрақұрылым жүйесін дамытуға қашан ақша бөлінеді және ауыз су мәселесі қашан шешіледі? Қалходжаев Яхия – «Тұран» шағынауданы, орам басшысы. Жауап. - Шымкент қаласы «Тұран» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, магистралды ауыз су желісінің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «СМК-7Ж» ЖШС-і тарапынан бекітілген өндірістік кестеге сәйкес жүргізіліп, толығымен аяқталды. Бүгінгі таңда, нысан мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданды. Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі (бұдан әрі - бөлім) тапсырысымен жобалаушы мекеме «Әсем құрылыс» ЖШС-і тарапынан «ОҚО Шымкент қаласы «Тұран» шағынауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы (Солтүстік - Шығыс бөлігі)» нысаны бойынша жобалау сметалық құжаттамасы әзірленді. Аталған жоба «Тұран» шағынауданының Солтүстік-Шығыс бөлігін ауыз су, кәріз, электр, табиғи газ, автомобиль жолдары және байланыс желілерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен жобалаушы мекеме «Әсем Құрылыс» ЖШС тарапынан «Тұран» шағынауданының Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі №1, 2, 7 көшелерге асфальт қабатын салудың жобалау сметалық құжаттамасына сараптаманың оң қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралды. Жобаға сәйкес, жалпы ұзындығы 7,8 шақырым асфальт қабатын салу жоспарлануда. Жоғарыда аталған жобаның №3, 4, 5, 6, 10 көшелерін инфрақұрылымдық жүйелермен және шағынауданды ауыз сумен қамтамасыз ету (1 кезең) бөлімдерінің жобалау сметалық құжаттамасы сараптама қарауына жолданып, ағымдағы жылдың қаңтар айында оң қорытындысы алынды. «ОҚО Шымкент қаласы «Тұран» шағынауданы Солтүстік-Шығыс бөлігінде ауыз су жүйелерінің құрылысы (I кезек)» жобасы ОҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 15.02.2018 жылғы №4/16-887 және №3, 4, 5, 6, 10 көшелердің жобалары ОҚО құрылыс басқармасына 15.02.2018 жылғы №4/16-888 хаттарымен құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінімдер жолданған. Аталған жобаның электр, табиғи газ және ауыз су бөлімі (2-кезең) ағымдағы
  • 5. ) жылдың 2-3-тоқсанында сараптама қарауына жолданады. Жоба бойынша ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін сараптама қорытындыларын толық алу жоспарға қойылған. Сараптамадан оң қорытынды алынғаннан соң, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім ұсынылады. 12. Сұрақ. – «Таскен» тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағындағы көшелерді асфальттап беруіңізді және шағал тас төсеуіңізді сұранамыз. Жандарбекова Раушан – «Таскен» тұрғын алабының тұрғыны. Жауап. – «Таскен» тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағына жалпы ұзындығы 5500 метр болатын 8 топырақ көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 2019 жылы орташа жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында, сметалық құжаттар әзірлеуге тапсырыс берілетін болады. 13. Сұрақ. - «Ақжайық» шағынауданындағы мед.пунктты кеңейту қажет. Егер мүмкіндік болса «Достық», «Асар» шағынаудандарының жанынан үлкен медициналық мекеме салынса. Балтабеков Бақыт Тұрсынбайұлы - «Ақжайық» шағынауданы орам басқарушысы. Жауап. - «Ақжайық» шағынауданы Қ.Төлеметов көшесінің бойында типтік дәрігерлік амбулаториясының құрылысы 2017 жылы маусым айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда дәрігерлік амбулатория тұрғындарға медициналық қызметтер көрсетуде. 14. Сұрақ. - «Асар» шағынауданында орнатылған жарық бағаналары жанбайды және «Нұрлы көш» бағдарламасы арқылы салынған 6 көшені жарықтандыруды сұраймыз. Сонымен қатар, айналма жолдарға (кольцевой) жол белгісін (знак) қойылса. «Асар» шағынауданының тұсындағы Алматы айналма жолының бағдаршамдары істемейді. №1 поликлиника жанына аялдама, аяқ жол (тротуар) орнатып берсеңіздер. Мұңайбек Салимбаев, Оспанова Кулия Алибековна- «Асар» шағынауданы тұрғындары. Жауап. - «Асар» шағынауданында бүгінгі күнге дейін орталық маңызға ие негізгі 6 көшесі жарықтандырылып, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан күтіп ұстау жұмыстары атқарылған. Осы жұмыстармен қоса, ағымдағы жылдың ақпан айында қосымша 9 көшенің жарықтандыру жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды. 2017 жылы қалалық бюджеттен қоғамдық аялдама орнатуға қаржы қаралып, «Асар» шағынауданының Аламаты айналма жолы №1 аурухана тұсына 2 дана аялдама орнатылды. «Асар» шағынауданының кіріс жолдарындағы бағдаршам нысандары Шымкент қаласының құрылыс бөлімі тарапынан орнатылған. Бүгінгі таңда, аталған бағдаршамдарды қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің (әрі қарай – «бөлім») меншігіне өткізу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, аталған бағдаршамдар іске қосылды.
  • 6. ) Сонымен қатар, Алматы айналма жолының бойында (балалар ауруханасының аумағы) бөлім тарапынан жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылған және тиісті (1.20, 1.21, 2.1, 2.4, 5.12, 5.16.1-5.16.2) жол белгілері орнатылған. Шымкент қаласының А-2 «Харгос – Алматы - Шымкент - Өзбекстан Республикасының шекарасына дейінгі автожолына қайта құру жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар "ШымкентКазДорпроект" ЖШС-гі тарапынан атқарылуда. Жоба әзірленіп дайын болған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, «Асар» шағынауданында екі айналма қозғалыс (круговое движение, кольцо) ұйымдастырылған. Сонымен қатар, аталған орында басымдылық белгілері орнатылған. Жоғарыда аталғандарға байланысты, қосымша 4.3 «Айналма қозғалыс» жол белгісін орнатудың қажеттілігі жоқ. 15. Сұрақ. - «Ақжайық» шағынауданындағы Сырым батыр көшесінің бойына ирригациялық арық орнатып берсеңіздер. Камалов Боранбай - «Ақжайық» шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жауап. - Сырым батыр көшесіне ирригациялық жүйелерін орнату жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамалары әзірленуде. Қаржы бөлінуіне орай, 2018 жылы құрылыс жұмыстары орындалады. 16. Сұрақ. - «Ақжайық» шағынауданындағы Байысбай және Арипов көшесіне асфальт төсеп берсеңіздер. Камалов Боранбай - «Ақжайық» шағынауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жауап. - «Ақжайық» шағынауданының Байысбаев және Арипов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында, ағымдағы жылға қаржы қаралды. Жұмыстар бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқарылатын болады. 2018 жылдың желтоқсанына толығымен аяқтау жоспарлануда. 17. Сұрақ. - «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы жаңадан салынып жатқан мектеп бағытында оқушылардың ыңғайлы жүріп тұруы үшін тротуар салып берсеңіздер. Аширова Торғын – «Қайнарбұлақ» саяжайының тұрғындары Жауап. - «Қайнарбұлақ» тұрғын алабындағы атауы жоқ асфальттанған мектеп бағытындағы көшеге аяқжол салу жұмыстарына қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар, аталған атауы жоқ көшесінің жалғасының құрылысына (жаңадан салынып жатқан мектепке дейін) жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жоба дайын болған соң, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізіледі. Сондай-ақ, аталған атауы жоқ көшеге уақытша ескі асфальт қалдықтары төселгенін хабарлаймыз. 18. Сұрақ. – «Қайнарбұлақ» тұрғын алабынан емхана өте алыс орналасқан. Жаңа емхана ашу мәселесін қарастырсаңыздар. Аширова Торғын - «Қайнарбұлақ» саяжайы.- тұрғындары
  • 7. ) Жауап. – «Қайнарбұлақ» саяжайынан типтік дәрігерлік амбулаториясының құрылысы 2017 жылы маусым айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда дәрігерлік амбулатория «Қайнарбұлақ» саяжайы мен тұрғын алабы тұрғындарына медициналық қызметтер көрсетуде. 19. Сұрақ. - «Асар-2» шағынауданында күн санап халық саны артуда. Сондықтан, мектеп құрылысының басталуына ықпал етсеңіздер. Шынасилов Тұрдалы - «Асар» шағынауданы орам басшысы Жауап. - «Асар-2» шағынауданындағы 1200 орындық мектеп құрылысын салуға ЖСҚ дайындалуда, құрылысы 2019-2020 жылдарға жоспарланған. 20. Сұрақ. - «Асар-2» аумағының тұсындағы Қайнарбұлақ тас жолының бөлігіне аяқ жол салып берсеңіздер. Шынасилов Тұрдалы - «Асар» ш/а орам басшысы Жауап. - «Асар-2» аумағының тұсындағы Қайнарбұлақ тас жолының бөлігіне аяқ жол салу мақсатында, сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілді. Жұмыстар бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда атқарылады. 21. Сұрақ. - Когда в Каратауском районе построят свою Детскую музыкальную школу? Джакипбаева Л.А.- «Кайнарбулак» ул. Центральная 11/6 Жауап. - Административно-деловом центре в 2018 году планируется строительства «Детской музыкальной школы». 22. Сұрақ. - №1 қалалық аурухана мен №12 қалалық емхана бір ғимаратта орналасқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарағанымен екі бөлек мекеме. №12 емханаға 2 га жер телімі бөлінгенімен, құрылыс салу мәселесі шешілмей жатыр. Мырзалиев Бақтияр - Шымкент қалалық №1 аурухананың бас дәрігері. Жауап. - «Сайрам» тұрғын алабындағы №12 емханаға жаңа ғимарат салу үшін қажетті жер телімін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде. Жер телімін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары аяқталған соң, нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге ұсыныс берілетін болады. 23. Сұрақ. - «Бозарық» шағынауданындағы жаңадан салынған №57 орта мектеп «Бозарық» саяжайынан өте алыс. Балалар 3-4 шақырым жаяу жүреді, асфальт жоқ, автобус қатынамайды. Қала бойынша мектепке балалар тасымалдауға бөлінген 19 автобустың біреуі осы саяжай оқушыларына бөлінсе дұрыс болар еді. Юсупов Уалихан – «Бозарық» саяжайының тұрғыны
  • 8. ) Жауап. - «Бозарық» шағынауданындағы жаңадан салынған № 57 орта мектепке баратын жолдың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Бозарық» шағынауданы мен саяжайына №71 автобустың қозғалыс сызбасы екіге бөлініп, №71 автобус «ТЖВ – Бозарық шағынауданы», №71а автобус «ТЖВ – Бозарық саяжай» бағыттарына өзгертіліп, 2018 жылдың 5 ақпанынан бастап жүргізілуде. 24. Сұрақ. - «Орманшы» тұрғын алабындағы Алатау көшесі бойында Одақ кезінде қоқыс үйіндісі (свалка) болған жерді әрең дегенде жапқызған едік. Осы жерді қариялар демалатын, балалар ойнайтын саябаққа айналдыруыңызды сұраймыз. Төртбаева Әнипа - Алатау көшесінің тұрғыны. Жауап. - Аталған жерге қазіргі таңда қоқыс тастау тоқтатылған. Қаратау ауданы әкімі аппаратының мамандары және жергілікті полиция қызметкерлерінің күнделікті бақылауында. Сонымен қатар, аталған аумақта саябақтың құрылысын жүргізуге техникалық-экономикалық негіздемесі мен жұмыс жобасын әзірлеуге қажетті қаржы көлеміне ұсыныс берілген. 25.Сұрақ. - «Орманшы» тұрғын алабындағы электр бағаналары бей-берекет, ретсіз орнатылған. Электр сымдары тозған. Осыған орай, электр жарығын жүргізуге ықпал жасасаңыздар. Төртбаева Әнипа - Алатау көшесінің тұрғыны. Жауап. - «Орманшы» тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеу үшін қызмет көрсетуші мекемеден техникалық шарт алынуда. Алдағы уақытта, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленгеннен кейін, құрылыс жұмыстарына бюджеттік ұсыныс жолданатын болады. Шымкент қаласы «Орманшы» тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің 2016-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 2019 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі. 26. Сұрақ. - «Қайнарбұлақ» саяжайында ұсақ бұзақылықтар, ұрлық жиі орын алады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көшелер бойын жарықтандыру, аяқ жол салу, жол белгілерін қою, «жасанды кедергі» (лежащий полицейский) орнатуды сұранамыз. Арысбаева Айман – «Қайнарбұлақ» саяжайы «Металлург» коперативінің төрайымы, Сегізбай Асанбайұлы – «Қайнарбұлақ» ауылының тұрғыны Жауап. - ҚР СТ СТБ 1538-2007 «Автомобиль жолдары мен көшелердегі жасанды тегіс еместіктер. Техникалық талаптар және қолдану» Ережесінің 5.2 тармағына сәйкес, жаяу жүргіншілердің қарқынды қозғалысы бар өтетін бөлігі арқылы реттелмейтін өтпелердің осы жолдарында тікелей жанасатын оқу-тәрбие мекемелерінен, балалар алаңқайларынан, көпшілік демалатын орындардан, стадиондардан, вокзалдар, үлкен дүкендер мен сауда орындарынан, метрополитен станцияларынан өтетін бөлікке шығатын жолы бар орындарда қолданады және орналастырады.
  • 9. ) Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан «Қайнарбұлақ» саяжайындағы №83 жалпы орта мектебінің аумағында жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылып, жаяу жүргіншілер бағдаршамы және жасанды тегіс еместіктер мен тиісті жол белгілері орнатылған. Ағымдағы жылы бөлім тарапынан саяжайдың ішкі орам жолдарына қосымша жол белгілерін (2.1, 2.4, 7.13) орнату жұмыстары атқарылды. «Қайнарбұлақ» саяжайына 2017 жылы атауы жоқ көшеге аяқ жол салу жұмыстары атқарылды. Үстіміздегі жылы «Қайнарбұлақ» саяжайы орталық көшесін жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаржы қаралып, аталған жұмыстарды «JER GROUP» ЖШС-і атқаруда. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2018 жылы бюджеттен бөлінетін қаржы аясында атқару жоспарланған. 27. Сұрақ. - «Сайрам» тұрғын алабындағы қос бірдей мектеп ғимаратының жанына қосымша құрылыс салынады. Осы ЖСҚ дайындалған нысандарға құрылыс жүргізуге ықпал етсеңіздер. Тоғызбай Мүсірәлі Талапұлы – Сайрам медицина колледжі директорының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Жауап. - Шымкент қалалық құрылыс бөлімі тапсырысымен және мердігер мекеме «Құрылыс» ЖШС-і тарапынан «Сайрам» тұрғын алабы, Жаңақұрылыс көшесі бойында №112 негізгі орта мектебінің орнына жаңадан типтік 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Білім беру нысаны 2018 жылы оқу маусымында пайдалануға беріледі. 28. Сұрақ. - В микрорайоне «Қайтпас -1» улица Атажолы нет асфальта. Прошу асфальтировать дорогу. Кроме того, между Тулеметова и Б.Момышулы спуск очень крутой, узкий и не законченный. Прошу разобраться. Ажикабылова З.Д. –житель мкр. Кайтпас-1. Жауап. - Для проведения среднего ремонта по улице Атажолы г.Шымкент составлена сметная документация. Дана заявка на выделение денежных средств для проведения ремонтных работ на вышеуказанной улице на 2018 год. Строительные работы будут выполняться по мере выделения денежных средств. 29. Сұрақ. – «Шапырашты» тұрғын алабында орналасқан ескі мектеп ғимаратын балабақша етіп қайта құрып берсеңіздер. Қошқарбаева Нұрбала - №70 орта мектеп директоры және «Шапырашты» тұрғын алабының тұрғындары Жауап. - №70 мектептің ескі ғимараты 1960 жылы ыңғайластырып, саманнан салынған. Ғимараттың жарамсыздығы, апатты, бұзуға жататындығы туралы сараптама қорытындысы бар. «Шапырашты» тұрғын алабында «Адия» жекеменшік балабақшасы жұмыс жасауда, қосымша 2018 жылдың 1 наурызынан бастап жаңадан жекеменшік балабақшасы ашылады. 30. Сұрақ - «Северный подстанциясы» қашан қосылады. Облыстық балалар ауруханасы уақытша электр желісінде, қашан шешімі табылады? Нұсқабаев Болат.
  • 10. ) Жауап. - 110/10 кВ «Северный» қосалқы стансасы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен 2015 жылы іске қосылған. Облыстық балалар ауруханасын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қалалық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалып, жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Қаржы қаралған жағдайда тиісті жұмыстар атқарылатын болады. 31. Сұрақ. - «Сайрам» тұрғын алабында жарық бірнеше рет өшті. Қашан тұрақты қалыпына келеді? Шамшиметов Құрбанбай – Сайрам тұрғын алабының тұрғыны. Жауап. - Шымкент қаласы аумағына қосылған елді-мекендерді сапалы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдіктерімен бірлесе 2017-2021 жылдарға арналған кешенді әлеуметтік даму бағдарламасы әзірленді. Аталған даму бағдарламасына сәйкес, «Сайрам» тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеу 2019-2020 жылдарға жоспарға қойылған. Бүгінгі таңда, сәулет жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін қажетті құжаттар жинақталуда. СЖТ әзірленген соң жобалау жумыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылады. Қаржы қаралған жағдайда жобалау жұмыстары басталады. 32. Сұрақ. - «Нұрсәт» шағынауданы Измир көшесінің бойында «Нұрсәт» моншасы мен №80 мектеп аралығына оқушылар жүретін жерге аяқжол мен жарықтандыру бағаналарын салып беруді сұраймын. Ермекбаева Кулазия үй басқарушысы, Шертаев Мадияр «Нұрсәт» шағынауданының тұрғындары. Жауап. - «Нұрсәт» шағынауданының Измир көшесіне аяқжол салу жұмыстарын «АІS» корпорациясы бекітілген кестеге сәйкес атқаруда. Аталған көшені жарықтандыру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2018 жылғы жұмыс жоспарына енгізілді. 33. Сұрақ - «Нұрсәт» шағынауданындағы №217-219 үйлер арасына балалар ойнайтын спорт алаңша салып беру жағын қарастырсаңыздар. Ермекбаева Кулазия үй басқарушысы, Шертаев Мадияр «Нұрсәт» шағынауданының тұрғындары. Жауап. - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ ОҚО бойынша филиалы Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» департаментінің Шымкент қалалық бөлімшесінің мәліметіне сәйкес, аталған жер телімі электрондық базада бос еместігі көрсетілген. 34. Сұрақ. - «Асар» шағынауданына мәдениет үйін салып берсеңіздер. «Асар» шағынауданының тұрғындары.
  • 11. ) Жауап. - 13 000 халқы бар «Асар» шағынауданында мәдениет үйін салуға бос жер телімі жоқ. Алайда, аталған шағынаудан аумағы маңында жаңадан құрылып жатқан «Шымкент сити» шағынауданынан 2000 орындық кино-концерт залын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда құрылыс бөлімі тарапынан кино-концерт ғимаратының техника-экономикалық негіздемесі əзірленуде. 35. Сұрақ. - «Таскен» тұрғын алабы сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілсе. Айнабекова Р.А, Лесбаева А.- «Таскен» тұрғын алабынының тұрғындары атынан. Жауап. - Шымкент қаласы аумағына қосылған елді-мекендерді сапалы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдіктерімен бірлесе 2017-2021 жылдарға арналған кешенді әлеуметтік даму бағдарламасы әзірленді. Аталған даму бағдарламасына сәйкес, «Таскен» тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеу 2018-2019 жылдарға жоспарға қойылған. Бүгінгі таңда, электр қуатына қосылуға техникалық шарт, жер таңдау актілері әзірленді. 15.03.2018 жылға дейін сәулет жоспарлау тапсырмасын әзірлеп, жобалау жұмыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылады. Қаржы қаралған жағдайда жобалау жұмыстары басталады. 36. Сұрақ. - Көшемізге тас төселіп, асфальт салып, жарық бағаналарын орнатылса екен. К.У.Оралбаева- «Нұртас» шағынауданы Құлагер көшесі №149 үйдің тұрғыны Жауап. - «Нұртас» шағынауданының Құлагер, Ақсуат, Саяхат, №5,6,10 атауы жоқ және Мұңайтпасов №1,2 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс енгізілетін болады. Аталған көшені жарықтандыру жұмыстарының ЖСҚ әзірлеу қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2018-2021ж.ж жұмыс жоспарына енгізілген. Қажетті сметалық құжаттамалар әзірленген соң, құрылыс-монтаждау жұмыстары қала бюджетінен бөлінетін қаржы аясында атқарылатын болады. 37. Сұрақ. - «Тассай» тұрғын алабындағы көшелерге асфальт салынса екен. Гаухар «Тассай» тұрғын алабы Мұңайтпасов көшесі тұрғындары атынан. Жауап. - «Тассай» шағынауданының Мұңайтпасов №1, №2 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында жоба әзірленіп, 2018 жылдың 1 ақпанында мемлекеттік сараптаманың оң қортындысы алынды. Ағымдағы жылдың бюджетін нақытылау барысында жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілетін болады. Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылады. 38. Сұрақ. - «Тассай» тұрғын алабында бірнеше жеке меншік трансформаторлар бар. Олар жиі сөнеді. Электр жарығын жүргізуді қолға алсаңыздар.
  • 12. ) Гаухар, «Тассай» тұрғын алабы Мұнайтпасов көшесі тұрғындары атынан. Жауап. - «Тассай» шағынауданын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгіні таңда, жобалаушы мекеме «ӘсемЖобаҚұрылыс» ЖШС-ы тарапынан жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ) әзірленіп, жеке меншік сараптамадан өткізу мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы қарастыру бойынша бюджетке ұсынылады. 39. Сұрақ. - «Достық» шағынауданына үлкен емхана керек. Есекенова Ақсұлу Амановна - «Достық» шағынауданы Гүлдерай көшесі, үй №18/1 Жауап. - «Достық» шағынауданы халқына (9927 адам) 2010 жылы салынған типтік дәрігерлік емханада 6 - жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 - акушер-гинеколог, 1 - акушер, 4 - лаборант, 18 - медбике медициналық көмекті көрсетеді. 40. Сұрақ. - «Сайрам» тұрғын алабына қашан 24 сағат су беріледі? Ходжиметов Хусан. «Сайрам» тұрғын алабы Бахор көшесі тұрғындары. «Сайрам» тұрғын алабына сапалы электр жарығын жүргізіп берсеңіздер. Ходжиметов Хусан. «Сайрам» тұрғын алабы Бахор көшесі тұрғындары. Жауап. - Шымкент қаласы, «Сайрам» тұрғын алабын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, 2014-2016 жж. аралығында мердігер мекеме «Евроремонтсервис» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарының І кезегі жүргізілді. Бүгінгі таңда, аталған мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстарының ІІ кезегі жұмыс жобасына сәйкес атқарылуда. Нысанның өндірістік кестесіне сәйкес құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, «Сайрам» тұрғын алабы тұрғындарын толық сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстарының ІІІ кезегі бойынша жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін, сәулет жоспарлау тапсырмасының құжаттары жинақталуда. Шымкент қаласы аумағына қосылған елді-мекендерді сапалы инженерлік инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдіктерімен бірлесе 2017-2021 жылдарға арналған кешенді әлеуметтік даму бағдарламасы әзірленді. Аталған даму бағдарламасына сәйкес, «Сайрам» тұрғын алабын электр қуатымен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеу 2019-2020 жылдарға жоспарлануда. Бүгінгі таңда, сәулет жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) әзірлеу үшін қажетті құжаттар жинақталуда. СЖТ әзірленген соң жобалау жумыстарына қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылады. Қаржы қаралған жағдайда жобалау жұмыстары басталады. 41. Сұрақ. - «Сайрам» тұрғын алабындағы «Жамалай ана» балабақшасы мен мектеп үлкен жол бойында орналасқан. Жол белгілері жоқ, «жасанды кедергі» (лежачий полицейский) орнатып берсеңіздер. Мухамедова М.И. Ибрагим ата б/н Жамалай ана м/б
  • 13. ) Жауап. - Облыстық маңызы бар жолдарға (КХ-82-Ибрагим ата, Ю.Сареми, КХ-83-Әл Фараби, Ә.Темір көшелері) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары барысында бағдаршам және басқа да жол белгілері орнатылатын болады. 42. Сұрақ. - «Қызыл-сай» тұрғын алабы Бекмахан, Абдиров, Мамадаев негізгі 3 көшеге жарықтандыру бағаналарын орнатсаңыздар. Бекмурзаева З. – «Қызыл-сай» тұрғын алабы тұрғыны. Жауап. - «Қызыл-сай» тұрғын алабының негізігі көшелерін жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу ТҮКШ бөлімінің 2018-2019ж.ж жұмыс жоспарына енгізілді. Жұмыстар қала бюджетінен бөлінетін қаржы аясында атқарылатын болады. Қажеттілігіне орай 2019-2020 ж.ж. ЖСҚ әзірлеуге ұсынылатын болады. 43. Сұрақ. - «Достық» шағынауданындағы тас жолдарды асфальттау және жарықтандыру керек. Шарипова Ақбаян – «Достық» шағынауданы тұрғыны Жайсан уч.№880 Жауап. - «Достық» шағынауданындағы Жайсан көшесін күрделі жөндеу жұмыстарына 2018 жылға қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс қорытындысына сәйкес, мердігер мекеме анықталғаннан кейін (бекітілген өндірістік кестеге сәйкес) жұмыстар атқарылатын болады. «Достық» шағынауданының орталық басты 3 көшесі жарықтандырылған. Аталған жұмыстарды жалғастыру мақсатында, Достық шағынауданы орталық Арайлы таң көшесін жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаржы қаралып, аталған жұмыстарды «JER GROUP» ЖШС-і атқаруда. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2018 жылы бюджеттен бөлінген қаржы аясында атқару жоспарлануда. 44. Сұрақ. - «Достық» шағынауданындағы Жаһұт, Қызыл көл көшелеріне асфальт жол салуға көмек сұраймын. Налибаев Мұқан-«Достық» шағынауданы тұрғыны Жауап. - «Достық» шағынауданындағы Жаһұт, Қызыл көл көшелерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына 2018 жылға қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурс қорытындысына сәйкес, мердігер мекеме анықталғаннан кейін, бекітілген өндірістік кестесіне сәйкес, жұмыстар атқарылатын болады. 45. Сұрақ. - Биыл асфальт төсеуді «Ұста Махамет» көшесінен бастап, жұмыстар жалғасын таба берсе. Иманәлі Бегәлі – «Бозарық» шағынауданы тұрғындары
  • 14. ) Жауап. - «Бозарық» шағынауданының Ұста Мұхамет көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында сметалық құжаттар әзірлеуге тапсырыс берілетін болады. Сметалық құжаттар әзірленіп дайын болған соң, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізіледі. 46. Сұрақ. - «Тассай» тұрғын алабына қатынайтын №44 және №65 бағытқа үлкен автобустар жүргізілсе. Көп балалы аналарға алтын, күміс алқа куәлігімен қоғамдық көлікте жүргенімізде жол ақы алмағандықтан ұрсып, тоқтамай кетеді. Л.Адаева, Г.Ходжаханова- «Тассай» тұрғын алабы тұрғындары Жауап. - Бүгінгі таңда, Тассай шағынауданындағы Жібек жолы, Қ.Төлеметов, Тәуке хан көшелеріне қайта құру жұмыстары атқарылуда. Тассай шағынауданына Жібек жолы, Әбдіразақов, Тәуке хан көшелері арқылы №44 автобус бағыты, Жібек жолы көшесі арқылы №65 автобус бағыты, ауданаралық «Шымкент-Ақсукент» бағыты қызмет көрсетуде. Жоғарыда аталғандарға байланысты, көшелерге қайта құру жұмыстары аяқталған соң, қызмет көрсетіп отырған бағыттардағы көліктерді сиымдылығы үлкен автобустарға ауыстыру және қосымша бағыттар жүргізу мәселелері қайта қаралатын болады. Сонымен қатар, №65 автобус бағытында жолаушылар тасымалдау қызметін атқаратын «Санжар Моторс» ЖШС-нің басшылығына бағыттағы автобустарды жаңарту туралы талап қойылып, «Таскен» тұрғын алабының ішімен жүру мәселесі бойынша бағыттың сызбасы өзгертілді. Шымкент қаласында тасымалдаушылар есебінен Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Ерен еңбегі үшін» медальмен марапатталған тыл еңбеккерлері, I-топтағы зағип жандар бір сүйемелдеуші адаммен, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгілерінің иегерлері, Шымкент қаласының құрметті азаматтары автобус бағыттарында тегін және қаладағы орта мектептердің жоғарғы сынып оқушылары, жоғары және арнайы оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері (студенттік билеті болған жағдайда) автобус бағыттарында 50 теңге төлеп жүреді. 47. Сұрақ. - «Қайнарбұлақ» саяжайы мен тұрғын алабына газ жүйесі қашан жүргізіледі. Утарбеков Манас- «Қайнарбұлақ» саяжайы тұрғыны. Жауап. - «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тапсырысымен, «Береке» ЖШС-і тарапынан «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы үшін магистралды газ құбырының құрылысы нысанына ЖСҚ әзірленуде. Жобалаушы мекемемен түзілген келісім-шартқа сәйкес, 01.10.2018 жылға дейін сараптама қорытындысын алу жоспарға қойылған. Ал, «Қайнар-бұлақ» тұрғын алабы ішкі орамдық табиғи газ жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында, сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан 2018 жылдың ақпан айында, 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік нақтылауға, ЖСҚ әзірлеуге қаржы қарастыруға бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаржы қаралған жағдайда жобалау жұмыстары басталады. «Қайнарбұлақ» саяжайы
  • 15. ) «Газ тарату жүйелері» туралы 4.03-01-2011 Қазақстан Республикасының құрылыс нормасына сәйкес, ауыз су құбырларымен табиғи газ жүйелерін қатар салу кезінде қысымы 0,005 МР дан 0,6 МР дейінгі газ құбырларынан су құбырына дейінгі арақашықтық 1 м кем болмауы және және қысымы 0,6 МР дан 1,2 МР дейінгі газ құбырларынан су құбырына дейінгі арақашықтық 1,5м кем болмауы тиіс. Ал, «Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №230 бұйрығына сәйкес, электр желілерімен табиғи газ құбырларын қатар салу кезінде 35 кВ дейінгі кернеудегі кәбіл желілерінен төменгі (0,0049 МП1), орта (0,294 МП1) және жоғары (0,294 астам 0,588 дейін МП1) қысымды газ құбырларына дейінгі арақашықтық 1 м кем болмауы тиіс делінген. Қазіргі жағдай бойынша «Қайнарбұлақ» саяжайының, жолдың ені 3-4 метр құрайтын ішкі көшелерінде екі жақтама электр желілері және ауыз су құбырлары жүргізілген. Жоғарыда аталғандарды ескере келе, Қаратау ауданы аумағында орналасқан «Қайнарбұлақ» саяжайының көшелерінің ені тым қысқа болуына байланысты табиғи газ жүйелерінің құрылысын жүргізуге мүмкіндігі жоқ. 48. Сұрақ. - «Бозарық» елді мекеніне емхана, пошта керек. Батырханова Алтын, Жауап. - «Бозарық» саяжайынан типтік дәрігерлік амбулаториясының құрылысы 2017 жылы маусым айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға берілді. Қазіргі таңда дәрігерлік амбулатория тұрғындарға медициналық қызметтер көрсетуде. «Бозарық» саяжайынан пошта ашу бойынша 2016 жылы тиісті жұмыстар жүргізіліп, пошта бөлімшесі ашылған. Алайда, ашылған пошта бөлімшесі өзін-өзі ақтамағандықтан өз жұмысын тоқтатқан. 49. Сұрақ. - «Асар» шағынауданында теплицалар үшін техникалық су өткізуіне көмек берсеңіздер. Сейданов Асан, Абдуллаев М.М. - «Асар» шағынауданы тұрғындары Жауап. - Асар шағынауданындағы су скважиналарын қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің балансына өткізуге жәрдем беру бойынша қызмет көрсетуші «Ақорда» ЖШС-мен бірге 2015 жылы қалалық ТҮКШ бөлімімен жасалған уақытша келісім-шарттың мерзімі аяқталған. Қазіргі таңда, аталған келісім-шартты ұзарту бойынша жұмыстар атқарылуда.