SlideShare a Scribd company logo
1 of 26
Cабақ жоспары
Пән: Физика
Тақырыбы: «Жарықтыңқасиеті. Жарықтың биологиялықәсері»
Дайындап, өткізген: жоғары санатты, физика пәнінің
оқытушысы БерсиеваМ.Е.
Жаңаөзен.
Сабақтын жоспары
Тақырыбы: Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері.
Сабақтың мақсаты: Жарықтың толқындық, корпускулалы қасиеттерін, яғни
интерференция, дифракция құбылыстарын, жарықтың биологиялық әсерін, қолданылуын
меңгерту
Сабақтын тәрбиелік мақсаты: отансүйгіштік, ұқыптылық пен нақтылыққа,
адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтын дамытушылық мақсаты: физикалық құбылыстарды пайымдау қабілетін,
оптикаға деген қызуғышылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: теориялық
Сабақтың әдісі: Симпсон, Блум домендерінің элементтері: интерактивті, түсіндірмелі-
иллюстративтік, салыстыру, талдау, фронтальды сұрау, оқулықпен жұмыс, компьютермен
жұмыс.
Сабақтың ұзақтығы: 45 мин
Сабақтың көрнектілігі: презентация, үлестірмелі материал, бейнематериал, компьютер
Пән аралық байланыс: математика, информатика, балалар аурулары, физиология,
биология
Сабақтың хронокартасы
I. Ұйымдастыру кезеңі /3 мин/
II. Қайталау кезеңі /13 мин/
1. Ауызша, тақтада жауап: схема, есеп/ 7мин/
2. «Раіпt», «Power Point», «Word» редакторында тапсырма /10/
3. «Физикалық карта» /3 мин/
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру /12 мин/
IV. Сабақтың пысықтау кезеңі /12 мин/
1. Үлгі есеп /2 мин/
2. Фронтальды сұрақтар /7 мин/ ,
3. Шығармашылық жұмыс: дифракциялық тор жасау,
«Жарық қасиеттері» сатысы /3/
V. Сабақты қорытындылау кезеңі: / 5мин/
Бағалау. / 3 мин/
Үйге тапсырма /2 мин/
Сабақтың құрылымы
/Анатомиялық кластер әдісі/
Әр кезеңде адам мүшелерін реттілігіне қарай жинақтап оқушылар кезеңдерден өткен кезде
осы мүшелер суреті беріледі, олар оны өз кластерлеріне жапсырып отырады.
II. Қайталау кезеңі :
IV. Сабақтың пысықтау
кезеңі
І. Ұйымдастыру кезеңі
V. Сабақты қорытындылау
кезеңі:
III. Жаңа тақырыпты
түсіндіру
Сабақтың барысы
І . Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Студент қатысы мен аудитория тазалығын
тексеру тақтаға көрнекіліктерді іліп дайындау.
- Студент бүгінгі сабағымызда Жарықтың қасиеттерімен танысып, биологиялық
әсерін анықтаймыз. Сабақ барысында біз «Адам анатомиясы» кластер әдісі
бойынша әр кезеңнен өткен сайын адам мүшелерін жинақтаймыз. Студенттерге
Кластерлік парақ таратылады. Егер мақсат түсінікті болса, алдымен көру
мүшелерін алып, параққа жапсырамыз. Алдымен дайындығымызды тексеріп
алайық, яғни өткен тақырып бойынша білімдерімізді ортаға саламыз.
II. Қайталау кезеңі.
«Жарықтың таралуы, сыну, шағылу заңы. Толық шағылу құбылысы. Дисперсия»
тақырыбы бойынша ауызша тақтада сұрау – 5 студент: 1 студент ауызша, 2 студент
тақтада тірек-сызба сызу, 2 студент есеп шығару арқылы. 10 студент компьтерде: 5
студент «Раіпt», «Power Point» «Word» редакторларында шығармашылық тапсырма
орындайды, 5 студент физикалық карта толтырады. Студенттерге «өкпе» беріледі.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Презентациядан жаңа тақырыпты түсіндіру, бейне
материал арқылы меңгерту.
1. Презентация бойынша түсіндіру
2. Бейнематериал тамашалау
3. Конспектілеу
Студенттерге «жүрек» беріледі
IV Сабақтың пысықтау кезеңі Үлгі есеп бойынша шығару жолдарын түсіндіру.
Фронтальды бақылау сұрақтары арқылы пысықтау, шығармашылық жұмыс арқылы (3
студент дисперсия, дифракция, интерференция) бекіту.
1. Үлгі есепті оқытушы тақтада көрсетіп, талдайды
2. Фронтальды сұрақтар жауаптары айтылады,
3. Шығармашылық жұмыс: дифракциялық тор жасайды,
«Жарық қасиеттері» сатысын орындайды.
Студенттерге «бауыр» беріледі.
V Сабақты қорытындылау кезеңі: Қайталау, пысықтау кезеңі бойынша жеке
оқушылардың бағасын бағалау парағы бойынша қорытындылап, «Рефлексия» көңіл күй
белгілерімен (смайликтер) бағалау: «ұнады, барлығын түсіндім», «ұнады, қызықтырған
сұрақтар бар?» « ұнаған, жоқ, түсінбедім». Рефлексиядан соң студенттерге «бүйрек»
беріледі. Және кластер парағында мүшелердің толық болуы – 5, егер бір мүше жетпесе –
4, 2 және одан көп мүше жетпеген жағдайда – 3 деп бағаланады.
Бағалау.
Үйге тапсырма «Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері.» тақырыбы, 1046,
1047, 1048 есептер /Рымкеевич/
1. Венн диграммасы бойынша талдау
2. «Жарықтың медицинада қолданылуы» тақырыбында ақпарат жинау.
Әдебиеттер:
Оқулық:
1. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-
математика бағытындағы 11сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев,
Ш. Насохова, Б … Өңд., толыкт. 2-бас. /Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У.
Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009 ж
2. Физика есептерінің жинағы. /А.П.Рымкевич, Алматы «Мектеп», 2007 ж
Қосымша әдебиеттер:
1. Полатбеков П., Оптика, А., 1981.
2. В.Фриш «Физика курсы» ІІ-бөлім 1984
Сабақ барысындағы фотосуреттер:
Үй тапсырмасы
Есептер, шығарылуы
1014, Рымкевич.
Күннің көкжиектен биіктігі 250 болса, оның судағы кескіні жағаға 80 см жақындау үшін
адам қанша еңкеюі (көз деңгеін төмендетуі) тиіс екендігін анықтаңдар.
Берілгені: ∆𝑙 = 80 см = 0,8 м Шешуі: ∆ℎ = ∆𝑙 ∙ 𝑡𝑔𝛼
𝛼 = 250
∆ℎ = 0,8 ∙ 𝑡𝑔 250
= 0,8 ∙ 0,46 = 0,368м = 37 см
Табу керек:∆ℎ−?
Жауабы: ∆ℎ = 37 см
1017, Рымкевич
Вакуумдағы жарық жылдамдығын біле отырып, алмастағы жврық жылдамдығын есептеп
шығарыңдар.
Берілгені: с = 3 ∙ 108
м/с Шешуі: 𝑣 =
𝑐
𝑛
𝑛 = 2,42 𝑣 =
3∙108
2,42
= 1,24 ∙ 108
м/с
Табу керек:𝑣−?
Жауабы: 𝑣 = 1,24 ∙ 108
м/с
1018, Рымкевич
Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдығын есептеңдер.
Берілгені: 𝑛1 = 1,36 Шешуі:
𝑣1
𝑣2
=
𝑛2
𝑛1
𝑛2 = 1,63
𝑛2
𝑛1
=
1,63
1,36
= 1,2
Табу керек:𝑣−?
Жауабы: спиртте 1,2 есе көп
Тірек-сызба № 1, №2, №3
Қайталау кезеңі: Үй тапсырмасына берілген тақырып
Тірек-конспектісі
𝑠𝑖𝑛𝛼
𝑠𝑖𝑛𝛾
=
𝑛2
𝑛1
= 𝑛
𝑠𝑖𝑛 𝛼 = 𝑠𝑖𝑛𝛽
И.НЬЮТОН О.РЕМЕРО.ФРЕНЕЛЬХ.ГЮЙГЕНС Ю.ЮНГ
ЖАРЫҚТЫҢ СЫНУ ЗАҢЫ (Синеллиус заңы):
Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесiне тұрғызылған
перпендикуляр бiр жазықтықта жатады және түсу бұрышының
синусының сыну бұрышының синусына қатынасы тұрақты шама, ол екi
ортаның салыстырмалы сыну көрсеткiшiне тең болады
/ХVІІ ғ.басында голланд математигі Виллеборд Синеллиус/
ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУ ЗАҢЫ
( Герон заңы):
Түскен сәуле, шағылған сәуле және
түсу нүктесiне тұрғызылған
перпендикуляр бiр жазықтықта
жатады және түсу бұрышы шағылу
бұрышына тең болады
/Герон Александрийский б.з. І ғ. /
Ортаның абсолют сыну көрсеткiшi
деп жарықтың вакуумдағы
жылдамдығыныңоның осы ортадағы
жылдамдығына қатынасын айтады
ТК-1
ЖАРЫҚТЫҢ ТОЛҚЫНДЫҚ-КОРПУСКУЛАЛЫҚ
ДУАЛИЗМІ
Жарықтың вакуумдағы
жылдамдығы
ЖАРЫҚТЫҢ ТОЛЫҚ ШАҒЫЛУЫ:
жарық оптикалық тығызырақ ортадан оптикалық тығыздығы кемдеу
ортаға өтсе, онда сәйкес sin α < sin β, немесе α < β, яғни сыну бұрышы
түсу бұрышынанүлкен. α – ның қандай да бiр αшектік –мәнiнде ол 900-қа
тең болады. Ал ендi α-ның мәнiн одан да әрi арттыратын болсақ, онда
сынған сәуле екiншi ортаға өтпей сол бiрiншi ортада қалып қояды. Осы
құбылысты толық iшкi шағылу құбылысы деп атайды
ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ:
сыну көрсеткiшiнiң жарық жиiлiгiнен тәуелдiлiгi
Ньютон тәжірибесі: ақ жарықтың жіктелуі
И.Ньютон Жарық дисперсиясын ашты (1672)
ТК-2
«Раіпt», «Power Point», «Word» редакторларында тапсырма
Ескерту: презентация екі слайдтан тұрады
1. «Power Point» редакторында түскен сәуле, шағылған сәулені кескінде. Түскен сәуле
анықтамасын жаз.
2. «Раіпt» редакторында түскен, сынған сәулені кескінде. Сыну көрсеткіші дегеніміз не?
Анықтамасы.(ауызша)
3. «Power Point» редакторында Ньютон тәжірибесінің схемасын сыз. Дисперсия дегеніміз
не? Анықтама
4. «Раіпt» редакторында кемпірқосақтың суретін сал. Физикасын түсіндір (ауызша)
5. «Раіпt» редакторында «Тоқта» жол белгісін сал. Неліктен қызыл түсті екендігін
түсіндір
6. «Раіпt» редакторында аспанның суретін сал. Неліктен көгілдір түсті екенін, бұлттар
неге ақ екенін түсіндір.
7. «Раіпt» редакторында «Дөңес», «Дөңес-дөңес», линзаларды кескінде. Линза дегеніміз
не?
8. «Раіпt» редакторында «Ойыс» «Дөңес-ойыс», «Ойыс-ойыс»линзаларды сал.
Физикалық сипаттама бер.
9. Word редакторында сыну заңын жаз.
10. Word редакторында шағылу заңын жаз.
Физикалық карта
Толтырылуы керек терминдер:
1. дисперсия,
2. оптика,
3. фотометрия,
4. линза,
5. диоптрия
№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы
2 Мағынасы
3 Ашылған жылы
4 Кім ашты, енгізді
5 Қолданылуы
Физикалық карта жауаптары:
№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы дисперсия
2 Мағынасы шашырау
3 Ашылған жылы 1672
4 Кім ашты, енгізді Исаак Ньютон
5 Қолданылуы Заттық электрондық құрылымын
анықтауда, сурет өнерінде
№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы оптика
2 Мағынасы көру
3 Ашылған жылы 17 ғасыр
4 Кім ашты, енгізді Негізін қалаушылар Ньютон, Гюйгенс
5 Қолданылуы Медицинада, техникада
№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы фотометрия
2 Мағынасы Жарық энергиясын өлшеу
3 Ашылған жылы 1936
4 Кім ашты, енгізді А.Гершун
5 Қолданылуы зерттеулерде
№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы Линза
2 Мағынасы Жасымық (чечевица)
3 Ашылған жылы б.з.д. 424 ж
4 Кім ашты, енгізді Аристофан
5 Қолданылуы Көзілдірік, микроскоп, телескоп,
оптикалық құралдар
№ Атаулар Ақпараттар
1 Ұғымның атауы Диоптрия
2 Мағынасы Линзаның оптикалық күші
3 Ашылған жылы б.з.д.1200 ж
4 Кім ашты, енгізді -
5 Қолданылуы оптикада
Жаңа тақырыпты меңгерту:
Тірек-конспект
,
ТК-1
ЖАРЫҚТЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
КОРПУСКУЛАЛЫҚ ТОЛҚЫНДЫҚ
ДИСПЕРСИЯ ДИФРАКЦИЯ
ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ
δ=φ1-φ2=const
фазалар айырымы уақытқа қатысты өзгермейтiн жарық көздерiн
когеренттi жарық көздерi деп атайды, когерентті көздерден тарайтын
толқындар когерентті толқындар деп аталады.
ЖАРЫҚ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯСЫ -
когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр
нүктесiнде жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт
бойынша өзгермейтiн орнықты бейнесiн алу
Френельдiң қос
призмасы
Жұқа қабыршықтағы
интерференция
Ньютон
сақиналары
ЖАРЫҚ ДИФРАКЦИЯСЫ -
жарық толқындарының өзiнiң алдында кездескен кедергiлердi орап өту
қабiлетi
ИНТЕРФЕРОМЕТР -
интерференция құбылысын пайдалана отырып өлшеулер жүргiзуге
арналған құрал
Релей интерферометрі Майкельсон интерферометрі
Гюйгенс-Френель принципi:
1. Жарық толқындары келiп жеткен беттiң әрбiр нүктесi өз кезегiнде
жаңа толқын көздерi болып табылады
2. Бұл жаңа толқын көздерi бiр-бiрiне когеренттi. Ал кеңiстiктiң кез-
келген нүктесiндегi жарықтың интенсивтiлiгi осы когеренттi жаңа
көздерден тараған толқындардың интерференциясының салдары болып
табылады.
ТК-2
ДИФРАКЦИЯЛЫҚ ТОР -
бiр-бiрiне жақын, әрi параллель орналасқан тар жолақ саңлаулар
жүйесiнен тұратын спектральдық құрал
Дәріс
Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері, қолданылуы
Жарық интерференциясы. Жұқа қабыршықтағы жарық интерференциясы.
Жарық бiр мезгiлде бiр емес бiрнеше көзден тарауы мүмкiн. Осылай әртүрлi жарық
көзiнен шыққан толқындар бiр-бiрiмен қабаттасқан кезде қандай құбылыс байқалатынын
қарастыралық. Кеңiстiктiң берiлген нүктесiне бiр мезгiлде екi жарық көзiнен шыққан
толқындар келiп жетсiн делiк. Толқын теңдеулерi :
E1y=Emcos (ω - k1 r1 + φ1)
E2y=Emcos (ω - k2 r2 + φ2)
Мұндағы k1 = 2πn1/ λ және k2 = 2πn2/λ сәйкес толқындық сандар, ал n1 және n2 жарық тарап
жатқан орталардың сыну көрсеткiштерi.
Қортқы тербелiстiң амплитудасы, ал
бастапқы фазасы. Амплитуданың өрнегiндегi Δ=n2r2 - n1r1 шамасын оптикалық жол
айырымы деп атайды. Егер екi толқын да бiр оптикалық ортада тараса, онда n1=n2, ал одан
Δ=|r2 - r1|, яғни оптикалық жол айырымы геометриялық жол айырымына тең.
Ендi екi жарық көзiнен шыққан толқындардың фазалар айырымы тұрақты болып қалсын
делiк, яғни δ=φ1-φ2=const. Мұндай фазалар айырымы уақытқа қатысты өзгермейтiн жарық
көздерiн когеренттi жарық көздерi деп атайды.
Ал бұл шарттардан жол айырымына қатысты мына шарттар шығады : Δ=mλ болғанда
интенсивтiлiк максимальдi, ал Δ=(2m+1)·λ/2 болғанда интенсивтiлiк минимальдi. Және де
ең маңыздысы бұл интенсивтiлiктiң мәндерi уақытпен байланысты өзгермейдi, яғни
тұрақты интерференциялық сурет аламыз.
Мiне осылай когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр
нүктесiнде жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт бойынша өзгермейтiн
орнықты бейнесiн алу жарық
интерференциясы деп аталады.
Жоғарыда анықтағанымыздай
орнықты интерференциялық суреттi
алудың негiзгi шарты жарық
көздерiнiң когеренттi болуы. Алайда,
жарықтың шығуы жекелеген
атомдарда өтетiн процесстермен
байланысты болғандықтан, табиғи
жарық көздерi бiр-бiрiне ешқашанда когеренттi болмайды. Сондықтан, әдетте
интерференциялық суреттi бiр жарық көзiнен шыққан толқындарды екiге жiктеп, қайтадан
қабаттастыра отырып алады.
Оның мысалдары Френельдiң қос призмасы (4.4 - сурет), Ньютон
сақиналары (4.5 - сурет) және жұқа қабыршықтағы интерференция (4.6 -
сурет). Жұқа қабыршықтағы интерференцияны бiз сабын көпiршiктерiнiң
немесе асфальттағы шалшық бетiне тамған майда түрлi-түстi болып
құбылып тұратын дақ түрiнде байқаймыз. Мұның себебi қабыршыққа
түскен жарық оның жоғарғы және төменгi беттерiнен шағыла отырып, бiр-
бiрiмен қабаттасып интерференцияланады.
4.4 - сурет
4.5 - сурет
Интерференция құбылысы әртүрлi зерттеу жұмыстарында өте дәл
өлшеулер жүргiзуге мүмкiндiктер бередi. Себебi, мұндай
өлшеулер кезiнде жарықтың толқын ұзындығымен шамалас
болатын өте аз өзгерiстiң өзi интерференциялық суретте өлшеуге болатын елеулi
ығысуларға алып келедi. Интерференция құбылысын пайдалана отырып өлшеулер
жүргiзуге арналған құралдарды интерферометрлер деп атайды. Алғашқы жасалған мұндай
құралдардың бiрi Майкельсон интерферометрi. 1887 жылы А.Майкельсон және Э.Морли
осы құралдың көмегiмен "жарықтың жылдамдығына Жер қозғалысының әсерi бола ма?"
деген сұраққа жауап iздеген әйгiлi тәжiрибесiн жасады. Эйнштейннiң салыстырмалы
теориясын жасауда бұл тәжiрибенiң шешушi роль атқарғаны ғылым тарихынан белгiлi.
Жарық дифракциясы. Дифракциялық тор
Жарық дифракциясы деп жарық толқындарының өзiнiң алдында кездескен кедергiлердi
орап өту қабiлетiн айтады. Дифракция құбылысы жарықтың толқындық қасиетiнiң айқын
дәлелi болып табылады. Бұл құбылыс геометриялық оптика заңдылықтарының қай кезде
бұзылатындығына нұсқайды.
Дифракцияның сандық теориясы, яғни бұл құбылыстың әсерiнен экрандағы жарық
интенсивтiлiгiнiң өзгерiп таралуын түсiндiру Гюйгенс-Френель принципiне негiзделген.
Бұл принцип былай дейдi :
1. Жарық толқындары келiп жеткен беттiң әрбiр нүктесi өз кезегiнде жаңа толқын көздерi
болып табылады
2. Бұл жаңа толқын көздерi бiр-бiрiне когеренттi. Ал кеңiстiктiң кез-келген нүктесiндегi
жарықтың интенсивтiлiгi осы когеренттi жаңа көздерден тараған толқындардың
интерференциясының салдары болып табылады.
Гюйгенс-Френель принципi дифракциялық бейнелермен қатар
жарықтың түзу сызық бойымен таралу себебiн де түсiндiредi.
Жарық дифракциясының бiр жарқын мысалы оның тар жолақ
саңлау арқылы өткен кездегi дифракциясы. Бiрақ, бұл
жағдайдағы дифракциялық суреттiң солғындау болуы оны
нақтылы мақсаттарда қолдануда қиындықтар туғызады. Мұндай
кемшiлiктер дифракциялық тор деп аталатын қондырғыда жоқ.
Дифракциялық тор деп бiр-бiрiне жақын, әрi параллель
орналасқан тар жолақ саңлаулар жүйесiнен тұратын
спектральдық құралды айтады (4.7 – сурет ). Мұндағы a - күңгiрт
жолақтың енi, b – саңлаудың енi, ал d=a+b – дифракциялық
тордың тұрақтысы деп аталады.
Қазiргi кезде қолданылатын
дифракциялық торлардың бiр миллиметрiне 2000–ға дейiн
саңлаулар салынады. Гюйгенс-Френель принципiне сәйкес
мұндай әрбiр саңлау өз кезегiнде жаңа когеренттi толқын
көздерi болып табылады да бұл көзден туындылаған
толқындар бiр-бiрiмен интерференцияланады. Егер
дифракциялық торға перпендикуляр бағытта параллель
жарық сәулелерi түсетiн болса, онда линзаның фокальдық
жазықтығында орналасқан экранда қандай да бiр φ
бұрышымен дифракциялық максимумдар байқалады. 4.8-
суреттен көрiнiп тұрғанындай бұл максимумдар мынадай шарттарды қанағаттандырады
d sinφ = n λ (4.6)
4.6 - сурет
4.7 - сурет
4.8 - сурет
мұндағы n=0, 1, 2, … - бас максимумдар ретi деп аталады.
Дифракциялық торлар жарықты спектрлерге жiктеу үшiн,
сонымен қатар жарықтың белгiсiз толқын ұзындығын анықтау
үшiн де қолдаылады. Нақтылы зерттеулерде бiр өлшемдi
торлармен қатар екi өлшемдi торлар да жиi қолданылады. Екi
өлшемдi торлар деп жолақтарын бiр-бiрiне перпендикуляр
орналастырып, беттестiрген екi жәй тордан тұратын жүйенi
айтады. Мұндай жүйеден өткен жарық 4.9 – суреттегiдей болып
дифракцияланады.
Жарықтың биологиялық әсері, қолданылуы
Фотобиологиялық процесстерге биологиялық маңызды қосылымдардың жарықты
жұтуынан басталатын және физиологиялық реакциямен аяқталатын процесстер жатады.
Жарықтын әсерінен қозған молекуланың реакциялық қабілеттігіне бірқатар факторлар
әсерлерін тигізеді. Реакцияға түсу қабілеті қозған электронның энергетикалық деңгейінің
қалпына тәуелді. Бұл деңгей энергетикалық тосқауылдан өтуді қамтамасыз етеді.
Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың,
фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі
энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су)
өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар
түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам
органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және
бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.
Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр
және неміс химигі Ю.Майер болды. Бірақ тек қана фотосинтез кезінде жарық сәулелердің
энергиясы өнімдердің (глюкоза) химиялық байланыстарының энергиясы түрінде
жинақталады, өйткені бастапқы заттармен (СО2 және Н2О) салыстырғанда олардың еркін
энергиясының қоры молдау болады.
Барлық белгілі фотобиологиялық процесстер екі топқа бөлінеді: негативті
(деструктивтік) және позитивтік (реттеуші) фотобиологиялық процесстер.
Негативті фотобиологиялық процесстердің ағзадағы екі түрі болады: фототоксикалық
және фотоаллергиялық.
1. Фототоксикалық эффекттерге аллергиялық реакциялармен қатар жүрмейтін,
терінің не көздің зақымданулары жатады.
2. Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті, фотопериодизм (тәулік
және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы фазаларының ауысуы
арқылы реттеу). Адам мен сүтқоректі жануарларда фотопериодизмнің рецептор
көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус, балықтарда - эпифиз, жәндіктерде -
ми.
Позитивті фотобиологиялық процесстердің ағзадағы болатын түрлері:
1. Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті жатады.
2. Фотопериодизм – (тәулік және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы
фазаларының ауысуы арқылы реттеу). Адам мен сүтқоректі жануарларда
фотопериодизмнің рецептор көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус,
балықтарда - эпифиз, жәндіктерде - ми.
3. Тағы бір позитивті механизм – ультракүлгін әсерінен провитаминдерден Д
витаминнің құрылуы.
4. Меланоциттер (меланоциты); (melanocyte, грек, melanos — қара, kytos -
жасуша) — тері эпидермисінің негіздік (базальды) қабатында орналасқан
өсінділі торшалар. Меланоциттер бояғыш зат — меланин пигментін бөліп
шығарады. Ол адам терісінде қорғаныш қабатын түзеді.
4.9 - сурет
Әр түрлі толқынды жарық сәулелерінің әсер ету сипаттамалары ерекше. Адамға
көбінесе жарық аймағының үлкен жиынтығы өз әсерін тигізеді
Жарықтың интерференция құбылысы сонымен қатар әртүрлi беттердiң өңделу
сапасын тексеруге, оптикалық құралдарда жарықтың әртүрлi линзалардың бетiнен
шағылып, бейненiң сапасының төмендеуiн болдырмауға т.с.с. қолданылады
Дифракция құбылысына негізделген дифракциялық томография әдісі медицинада
қолданылады.
Фронтальді (сілтемелі) сұрақтар:
1. Жарық деген не?
2. Қандай құбылыс интерференция деп аталады?
3. Когерентті жарық көзі дегеніміз не?
4. Қандай оптикалық құбылыс жарық дифракциясы деп аталады?
5. Фотосинтез дегеніміз не?
6. Негативті фотобиологиялық процестерді ата.
7. Позитивті фотобиологиялық процестерге қандай процестер жатады?
Фронтальді (сілтемелі) сұрақтардың жауаптары:
1. Жарық –
тар мағынада – көрінетін сәуле, яғни жиілігі 7,5 •1014 – 4,0 • 1014Гц аралығындағы
адам көзі қабылдайтын электрмагниттік толқын;
кең мағынасында — қабылданатын сәулемен бірге спектрдің ультракүлгін және
инфрақызыл аймағындағы сәулелерді де қамтитын оптикалық сәуленің синонимі.
2. Когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде
жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт бойынша өзгермейтiн
орнықты бейнесiн алу жарық интерференциясы деп аталады
3. Фазалар айырымы уақытқа қатысты өзгермейтiн жарық көздерiн когеренттi
жарық көздерi деп атайды
4. Жарық дифракциясы деп жарық толқындарының өзiнiң алдында кездескен
кедергiлердi орап өту қабiлетiн айтады
5. Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың,
фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн
сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл
газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі
органикалық заттар түзуі.
6. Терінің не көздің зақымданулары, фотоаллергия жатады
7. Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті, фотопериодизм (тәулік
және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы фазаларының ауысуы
арқылы реттеу). Адам мен сүтқоректі жануарларда фотопериодизмнің рецептор
көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус, балықтарда - эпифиз, жәндіктерде - ми.
«Жарық қасиеті» сатысы
«Жарық қасиеті» сатысы жауабы:
Жарық
Қызыл – 5, жасыл – 4 , басқа жолдар - 3 деңгейіне сәйкес келеді.
Корпускула –
толқын деген
мағына береді
Линзаны
Аристофан ойлап
тапты
Сыну заңы Ньютон
заңы деп аталады
Дөңес линза -
шашыратқыш
Дуализм -
екіжақтылық
«Қара» түске жата
ма?
Дисперсиякезінде
3 түске жіктеледі
Синелиус заңы ол
шағылу заңы
Қызыл түс – ең
ұзын толқынға
жатады
Ақ түс 7 түстен
құралған
Негізгі аспан жасыл
сыну құбылысынан
көк болады
Дисперсияны
Ньютон ашты
Суға салған қасық
бейнесі сынады
Интерференция –
толқындардың
бірігуі
Күн шындығында
қызыл
Дифракция –
толқынныңбөгетті
айналуы
Адам жарық
арқылы көреді
ия
жоқ
ия
жоқ
ия
жоқ
ия
жоқ ия
ия
ияия
ия
жоқ
жоқ
жоқия
ия
жоқ
жоқ
ия
ия
ия
ж
оқ
ия
«Рефлексия» көңіл күй белгілерімен (смайликтер) бағалау: «ұнады, барлығын түсіндім»,
«ұнады, қызықтырған сұрақтар бар?» « ұнаған, жоқ, түсінбедім».

More Related Content

Similar to берсиева ме менің үздік сабағым (10)

приклад. курс
приклад. курсприклад. курс
приклад. курс
 
9 _ыва__
9  _ыва__9  _ыва__
9 _ыва__
 
3
33
3
 
қысым. қысымның қатты денелер
қысым. қысымның қатты денелерқысым. қысымның қатты денелер
қысым. қысымның қатты денелер
 
коктем
коктемкоктем
коктем
 
дастур тыс медицина
дастур тыс медицинадастур тыс медицина
дастур тыс медицина
 
фотоэффект
фотоэффектфотоэффект
фотоэффект
 
тоқсандық қайталау қмж
тоқсандық қайталау қмжтоқсандық қайталау қмж
тоқсандық қайталау қмж
 
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңыБүкіл әлемдік тартылыс заңы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
 
сс
сссс
сс
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

берсиева ме менің үздік сабағым

  • 1. Cабақ жоспары Пән: Физика Тақырыбы: «Жарықтыңқасиеті. Жарықтың биологиялықәсері» Дайындап, өткізген: жоғары санатты, физика пәнінің оқытушысы БерсиеваМ.Е. Жаңаөзен.
  • 2. Сабақтын жоспары Тақырыбы: Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері. Сабақтың мақсаты: Жарықтың толқындық, корпускулалы қасиеттерін, яғни интерференция, дифракция құбылыстарын, жарықтың биологиялық әсерін, қолданылуын меңгерту Сабақтын тәрбиелік мақсаты: отансүйгіштік, ұқыптылық пен нақтылыққа, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу Сабақтын дамытушылық мақсаты: физикалық құбылыстарды пайымдау қабілетін, оптикаға деген қызуғышылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту Сабақтың типі: аралас Сабақтың түрі: теориялық Сабақтың әдісі: Симпсон, Блум домендерінің элементтері: интерактивті, түсіндірмелі- иллюстративтік, салыстыру, талдау, фронтальды сұрау, оқулықпен жұмыс, компьютермен жұмыс. Сабақтың ұзақтығы: 45 мин Сабақтың көрнектілігі: презентация, үлестірмелі материал, бейнематериал, компьютер Пән аралық байланыс: математика, информатика, балалар аурулары, физиология, биология Сабақтың хронокартасы I. Ұйымдастыру кезеңі /3 мин/ II. Қайталау кезеңі /13 мин/ 1. Ауызша, тақтада жауап: схема, есеп/ 7мин/ 2. «Раіпt», «Power Point», «Word» редакторында тапсырма /10/ 3. «Физикалық карта» /3 мин/ III. Жаңа тақырыпты түсіндіру /12 мин/ IV. Сабақтың пысықтау кезеңі /12 мин/ 1. Үлгі есеп /2 мин/ 2. Фронтальды сұрақтар /7 мин/ , 3. Шығармашылық жұмыс: дифракциялық тор жасау, «Жарық қасиеттері» сатысы /3/ V. Сабақты қорытындылау кезеңі: / 5мин/ Бағалау. / 3 мин/ Үйге тапсырма /2 мин/
  • 3. Сабақтың құрылымы /Анатомиялық кластер әдісі/ Әр кезеңде адам мүшелерін реттілігіне қарай жинақтап оқушылар кезеңдерден өткен кезде осы мүшелер суреті беріледі, олар оны өз кластерлеріне жапсырып отырады. II. Қайталау кезеңі : IV. Сабақтың пысықтау кезеңі І. Ұйымдастыру кезеңі V. Сабақты қорытындылау кезеңі: III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  • 4. Сабақтың барысы І . Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Студент қатысы мен аудитория тазалығын тексеру тақтаға көрнекіліктерді іліп дайындау. - Студент бүгінгі сабағымызда Жарықтың қасиеттерімен танысып, биологиялық әсерін анықтаймыз. Сабақ барысында біз «Адам анатомиясы» кластер әдісі бойынша әр кезеңнен өткен сайын адам мүшелерін жинақтаймыз. Студенттерге Кластерлік парақ таратылады. Егер мақсат түсінікті болса, алдымен көру мүшелерін алып, параққа жапсырамыз. Алдымен дайындығымызды тексеріп алайық, яғни өткен тақырып бойынша білімдерімізді ортаға саламыз. II. Қайталау кезеңі. «Жарықтың таралуы, сыну, шағылу заңы. Толық шағылу құбылысы. Дисперсия» тақырыбы бойынша ауызша тақтада сұрау – 5 студент: 1 студент ауызша, 2 студент тақтада тірек-сызба сызу, 2 студент есеп шығару арқылы. 10 студент компьтерде: 5 студент «Раіпt», «Power Point» «Word» редакторларында шығармашылық тапсырма орындайды, 5 студент физикалық карта толтырады. Студенттерге «өкпе» беріледі. III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Презентациядан жаңа тақырыпты түсіндіру, бейне материал арқылы меңгерту. 1. Презентация бойынша түсіндіру 2. Бейнематериал тамашалау 3. Конспектілеу Студенттерге «жүрек» беріледі IV Сабақтың пысықтау кезеңі Үлгі есеп бойынша шығару жолдарын түсіндіру. Фронтальды бақылау сұрақтары арқылы пысықтау, шығармашылық жұмыс арқылы (3 студент дисперсия, дифракция, интерференция) бекіту. 1. Үлгі есепті оқытушы тақтада көрсетіп, талдайды 2. Фронтальды сұрақтар жауаптары айтылады, 3. Шығармашылық жұмыс: дифракциялық тор жасайды, «Жарық қасиеттері» сатысын орындайды. Студенттерге «бауыр» беріледі. V Сабақты қорытындылау кезеңі: Қайталау, пысықтау кезеңі бойынша жеке оқушылардың бағасын бағалау парағы бойынша қорытындылап, «Рефлексия» көңіл күй белгілерімен (смайликтер) бағалау: «ұнады, барлығын түсіндім», «ұнады, қызықтырған сұрақтар бар?» « ұнаған, жоқ, түсінбедім». Рефлексиядан соң студенттерге «бүйрек»
  • 5. беріледі. Және кластер парағында мүшелердің толық болуы – 5, егер бір мүше жетпесе – 4, 2 және одан көп мүше жетпеген жағдайда – 3 деп бағаланады. Бағалау. Үйге тапсырма «Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері.» тақырыбы, 1046, 1047, 1048 есептер /Рымкеевич/ 1. Венн диграммасы бойынша талдау 2. «Жарықтың медицинада қолданылуы» тақырыбында ақпарат жинау. Әдебиеттер: Оқулық: 1. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану- математика бағытындағы 11сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б … Өңд., толыкт. 2-бас. /Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009 ж 2. Физика есептерінің жинағы. /А.П.Рымкевич, Алматы «Мектеп», 2007 ж Қосымша әдебиеттер: 1. Полатбеков П., Оптика, А., 1981. 2. В.Фриш «Физика курсы» ІІ-бөлім 1984
  • 7.
  • 8. Үй тапсырмасы Есептер, шығарылуы 1014, Рымкевич. Күннің көкжиектен биіктігі 250 болса, оның судағы кескіні жағаға 80 см жақындау үшін адам қанша еңкеюі (көз деңгеін төмендетуі) тиіс екендігін анықтаңдар. Берілгені: ∆𝑙 = 80 см = 0,8 м Шешуі: ∆ℎ = ∆𝑙 ∙ 𝑡𝑔𝛼 𝛼 = 250 ∆ℎ = 0,8 ∙ 𝑡𝑔 250 = 0,8 ∙ 0,46 = 0,368м = 37 см Табу керек:∆ℎ−? Жауабы: ∆ℎ = 37 см 1017, Рымкевич Вакуумдағы жарық жылдамдығын біле отырып, алмастағы жврық жылдамдығын есептеп шығарыңдар. Берілгені: с = 3 ∙ 108 м/с Шешуі: 𝑣 = 𝑐 𝑛 𝑛 = 2,42 𝑣 = 3∙108 2,42 = 1,24 ∙ 108 м/с Табу керек:𝑣−? Жауабы: 𝑣 = 1,24 ∙ 108 м/с 1018, Рымкевич Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдығын есептеңдер. Берілгені: 𝑛1 = 1,36 Шешуі: 𝑣1 𝑣2 = 𝑛2 𝑛1 𝑛2 = 1,63 𝑛2 𝑛1 = 1,63 1,36 = 1,2 Табу керек:𝑣−? Жауабы: спиртте 1,2 есе көп
  • 10. Қайталау кезеңі: Үй тапсырмасына берілген тақырып Тірек-конспектісі 𝑠𝑖𝑛𝛼 𝑠𝑖𝑛𝛾 = 𝑛2 𝑛1 = 𝑛 𝑠𝑖𝑛 𝛼 = 𝑠𝑖𝑛𝛽 И.НЬЮТОН О.РЕМЕРО.ФРЕНЕЛЬХ.ГЮЙГЕНС Ю.ЮНГ ЖАРЫҚТЫҢ СЫНУ ЗАҢЫ (Синеллиус заңы): Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесiне тұрғызылған перпендикуляр бiр жазықтықта жатады және түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы тұрақты шама, ол екi ортаның салыстырмалы сыну көрсеткiшiне тең болады /ХVІІ ғ.басында голланд математигі Виллеборд Синеллиус/ ЖАРЫҚТЫҢ ШАҒЫЛУ ЗАҢЫ ( Герон заңы): Түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесiне тұрғызылған перпендикуляр бiр жазықтықта жатады және түсу бұрышы шағылу бұрышына тең болады /Герон Александрийский б.з. І ғ. / Ортаның абсолют сыну көрсеткiшi деп жарықтың вакуумдағы жылдамдығыныңоның осы ортадағы жылдамдығына қатынасын айтады ТК-1 ЖАРЫҚТЫҢ ТОЛҚЫНДЫҚ-КОРПУСКУЛАЛЫҚ ДУАЛИЗМІ Жарықтың вакуумдағы жылдамдығы
  • 11. ЖАРЫҚТЫҢ ТОЛЫҚ ШАҒЫЛУЫ: жарық оптикалық тығызырақ ортадан оптикалық тығыздығы кемдеу ортаға өтсе, онда сәйкес sin α < sin β, немесе α < β, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынанүлкен. α – ның қандай да бiр αшектік –мәнiнде ол 900-қа тең болады. Ал ендi α-ның мәнiн одан да әрi арттыратын болсақ, онда сынған сәуле екiншi ортаға өтпей сол бiрiншi ортада қалып қояды. Осы құбылысты толық iшкi шағылу құбылысы деп атайды ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ: сыну көрсеткiшiнiң жарық жиiлiгiнен тәуелдiлiгi Ньютон тәжірибесі: ақ жарықтың жіктелуі И.Ньютон Жарық дисперсиясын ашты (1672) ТК-2
  • 12. «Раіпt», «Power Point», «Word» редакторларында тапсырма Ескерту: презентация екі слайдтан тұрады 1. «Power Point» редакторында түскен сәуле, шағылған сәулені кескінде. Түскен сәуле анықтамасын жаз. 2. «Раіпt» редакторында түскен, сынған сәулені кескінде. Сыну көрсеткіші дегеніміз не? Анықтамасы.(ауызша) 3. «Power Point» редакторында Ньютон тәжірибесінің схемасын сыз. Дисперсия дегеніміз не? Анықтама 4. «Раіпt» редакторында кемпірқосақтың суретін сал. Физикасын түсіндір (ауызша) 5. «Раіпt» редакторында «Тоқта» жол белгісін сал. Неліктен қызыл түсті екендігін түсіндір 6. «Раіпt» редакторында аспанның суретін сал. Неліктен көгілдір түсті екенін, бұлттар неге ақ екенін түсіндір. 7. «Раіпt» редакторында «Дөңес», «Дөңес-дөңес», линзаларды кескінде. Линза дегеніміз не? 8. «Раіпt» редакторында «Ойыс» «Дөңес-ойыс», «Ойыс-ойыс»линзаларды сал. Физикалық сипаттама бер. 9. Word редакторында сыну заңын жаз. 10. Word редакторында шағылу заңын жаз.
  • 13. Физикалық карта Толтырылуы керек терминдер: 1. дисперсия, 2. оптика, 3. фотометрия, 4. линза, 5. диоптрия № Атаулар Ақпараттар 1 Ұғымның атауы 2 Мағынасы 3 Ашылған жылы 4 Кім ашты, енгізді 5 Қолданылуы
  • 14. Физикалық карта жауаптары: № Атаулар Ақпараттар 1 Ұғымның атауы дисперсия 2 Мағынасы шашырау 3 Ашылған жылы 1672 4 Кім ашты, енгізді Исаак Ньютон 5 Қолданылуы Заттық электрондық құрылымын анықтауда, сурет өнерінде № Атаулар Ақпараттар 1 Ұғымның атауы оптика 2 Мағынасы көру 3 Ашылған жылы 17 ғасыр 4 Кім ашты, енгізді Негізін қалаушылар Ньютон, Гюйгенс 5 Қолданылуы Медицинада, техникада № Атаулар Ақпараттар 1 Ұғымның атауы фотометрия 2 Мағынасы Жарық энергиясын өлшеу 3 Ашылған жылы 1936 4 Кім ашты, енгізді А.Гершун 5 Қолданылуы зерттеулерде
  • 15. № Атаулар Ақпараттар 1 Ұғымның атауы Линза 2 Мағынасы Жасымық (чечевица) 3 Ашылған жылы б.з.д. 424 ж 4 Кім ашты, енгізді Аристофан 5 Қолданылуы Көзілдірік, микроскоп, телескоп, оптикалық құралдар № Атаулар Ақпараттар 1 Ұғымның атауы Диоптрия 2 Мағынасы Линзаның оптикалық күші 3 Ашылған жылы б.з.д.1200 ж 4 Кім ашты, енгізді - 5 Қолданылуы оптикада
  • 16. Жаңа тақырыпты меңгерту: Тірек-конспект , ТК-1 ЖАРЫҚТЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ КОРПУСКУЛАЛЫҚ ТОЛҚЫНДЫҚ ДИСПЕРСИЯ ДИФРАКЦИЯ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ δ=φ1-φ2=const фазалар айырымы уақытқа қатысты өзгермейтiн жарық көздерiн когеренттi жарық көздерi деп атайды, когерентті көздерден тарайтын толқындар когерентті толқындар деп аталады. ЖАРЫҚ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯСЫ - когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт бойынша өзгермейтiн орнықты бейнесiн алу Френельдiң қос призмасы Жұқа қабыршықтағы интерференция Ньютон сақиналары
  • 17. ЖАРЫҚ ДИФРАКЦИЯСЫ - жарық толқындарының өзiнiң алдында кездескен кедергiлердi орап өту қабiлетi ИНТЕРФЕРОМЕТР - интерференция құбылысын пайдалана отырып өлшеулер жүргiзуге арналған құрал Релей интерферометрі Майкельсон интерферометрі Гюйгенс-Френель принципi: 1. Жарық толқындары келiп жеткен беттiң әрбiр нүктесi өз кезегiнде жаңа толқын көздерi болып табылады 2. Бұл жаңа толқын көздерi бiр-бiрiне когеренттi. Ал кеңiстiктiң кез- келген нүктесiндегi жарықтың интенсивтiлiгi осы когеренттi жаңа көздерден тараған толқындардың интерференциясының салдары болып табылады. ТК-2
  • 18. ДИФРАКЦИЯЛЫҚ ТОР - бiр-бiрiне жақын, әрi параллель орналасқан тар жолақ саңлаулар жүйесiнен тұратын спектральдық құрал
  • 19. Дәріс Жарықтың қасиеттері. Жарықтың биологиялық әсері, қолданылуы Жарық интерференциясы. Жұқа қабыршықтағы жарық интерференциясы. Жарық бiр мезгiлде бiр емес бiрнеше көзден тарауы мүмкiн. Осылай әртүрлi жарық көзiнен шыққан толқындар бiр-бiрiмен қабаттасқан кезде қандай құбылыс байқалатынын қарастыралық. Кеңiстiктiң берiлген нүктесiне бiр мезгiлде екi жарық көзiнен шыққан толқындар келiп жетсiн делiк. Толқын теңдеулерi : E1y=Emcos (ω - k1 r1 + φ1) E2y=Emcos (ω - k2 r2 + φ2) Мұндағы k1 = 2πn1/ λ және k2 = 2πn2/λ сәйкес толқындық сандар, ал n1 және n2 жарық тарап жатқан орталардың сыну көрсеткiштерi. Қортқы тербелiстiң амплитудасы, ал бастапқы фазасы. Амплитуданың өрнегiндегi Δ=n2r2 - n1r1 шамасын оптикалық жол айырымы деп атайды. Егер екi толқын да бiр оптикалық ортада тараса, онда n1=n2, ал одан Δ=|r2 - r1|, яғни оптикалық жол айырымы геометриялық жол айырымына тең. Ендi екi жарық көзiнен шыққан толқындардың фазалар айырымы тұрақты болып қалсын делiк, яғни δ=φ1-φ2=const. Мұндай фазалар айырымы уақытқа қатысты өзгермейтiн жарық көздерiн когеренттi жарық көздерi деп атайды. Ал бұл шарттардан жол айырымына қатысты мына шарттар шығады : Δ=mλ болғанда интенсивтiлiк максимальдi, ал Δ=(2m+1)·λ/2 болғанда интенсивтiлiк минимальдi. Және де ең маңыздысы бұл интенсивтiлiктiң мәндерi уақытпен байланысты өзгермейдi, яғни тұрақты интерференциялық сурет аламыз. Мiне осылай когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт бойынша өзгермейтiн орнықты бейнесiн алу жарық интерференциясы деп аталады. Жоғарыда анықтағанымыздай орнықты интерференциялық суреттi алудың негiзгi шарты жарық көздерiнiң когеренттi болуы. Алайда, жарықтың шығуы жекелеген атомдарда өтетiн процесстермен байланысты болғандықтан, табиғи жарық көздерi бiр-бiрiне ешқашанда когеренттi болмайды. Сондықтан, әдетте интерференциялық суреттi бiр жарық көзiнен шыққан толқындарды екiге жiктеп, қайтадан қабаттастыра отырып алады. Оның мысалдары Френельдiң қос призмасы (4.4 - сурет), Ньютон сақиналары (4.5 - сурет) және жұқа қабыршықтағы интерференция (4.6 - сурет). Жұқа қабыршықтағы интерференцияны бiз сабын көпiршiктерiнiң немесе асфальттағы шалшық бетiне тамған майда түрлi-түстi болып құбылып тұратын дақ түрiнде байқаймыз. Мұның себебi қабыршыққа түскен жарық оның жоғарғы және төменгi беттерiнен шағыла отырып, бiр- бiрiмен қабаттасып интерференцияланады. 4.4 - сурет 4.5 - сурет
  • 20. Интерференция құбылысы әртүрлi зерттеу жұмыстарында өте дәл өлшеулер жүргiзуге мүмкiндiктер бередi. Себебi, мұндай өлшеулер кезiнде жарықтың толқын ұзындығымен шамалас болатын өте аз өзгерiстiң өзi интерференциялық суретте өлшеуге болатын елеулi ығысуларға алып келедi. Интерференция құбылысын пайдалана отырып өлшеулер жүргiзуге арналған құралдарды интерферометрлер деп атайды. Алғашқы жасалған мұндай құралдардың бiрi Майкельсон интерферометрi. 1887 жылы А.Майкельсон және Э.Морли осы құралдың көмегiмен "жарықтың жылдамдығына Жер қозғалысының әсерi бола ма?" деген сұраққа жауап iздеген әйгiлi тәжiрибесiн жасады. Эйнштейннiң салыстырмалы теориясын жасауда бұл тәжiрибенiң шешушi роль атқарғаны ғылым тарихынан белгiлi. Жарық дифракциясы. Дифракциялық тор Жарық дифракциясы деп жарық толқындарының өзiнiң алдында кездескен кедергiлердi орап өту қабiлетiн айтады. Дифракция құбылысы жарықтың толқындық қасиетiнiң айқын дәлелi болып табылады. Бұл құбылыс геометриялық оптика заңдылықтарының қай кезде бұзылатындығына нұсқайды. Дифракцияның сандық теориясы, яғни бұл құбылыстың әсерiнен экрандағы жарық интенсивтiлiгiнiң өзгерiп таралуын түсiндiру Гюйгенс-Френель принципiне негiзделген. Бұл принцип былай дейдi : 1. Жарық толқындары келiп жеткен беттiң әрбiр нүктесi өз кезегiнде жаңа толқын көздерi болып табылады 2. Бұл жаңа толқын көздерi бiр-бiрiне когеренттi. Ал кеңiстiктiң кез-келген нүктесiндегi жарықтың интенсивтiлiгi осы когеренттi жаңа көздерден тараған толқындардың интерференциясының салдары болып табылады. Гюйгенс-Френель принципi дифракциялық бейнелермен қатар жарықтың түзу сызық бойымен таралу себебiн де түсiндiредi. Жарық дифракциясының бiр жарқын мысалы оның тар жолақ саңлау арқылы өткен кездегi дифракциясы. Бiрақ, бұл жағдайдағы дифракциялық суреттiң солғындау болуы оны нақтылы мақсаттарда қолдануда қиындықтар туғызады. Мұндай кемшiлiктер дифракциялық тор деп аталатын қондырғыда жоқ. Дифракциялық тор деп бiр-бiрiне жақын, әрi параллель орналасқан тар жолақ саңлаулар жүйесiнен тұратын спектральдық құралды айтады (4.7 – сурет ). Мұндағы a - күңгiрт жолақтың енi, b – саңлаудың енi, ал d=a+b – дифракциялық тордың тұрақтысы деп аталады. Қазiргi кезде қолданылатын дифракциялық торлардың бiр миллиметрiне 2000–ға дейiн саңлаулар салынады. Гюйгенс-Френель принципiне сәйкес мұндай әрбiр саңлау өз кезегiнде жаңа когеренттi толқын көздерi болып табылады да бұл көзден туындылаған толқындар бiр-бiрiмен интерференцияланады. Егер дифракциялық торға перпендикуляр бағытта параллель жарық сәулелерi түсетiн болса, онда линзаның фокальдық жазықтығында орналасқан экранда қандай да бiр φ бұрышымен дифракциялық максимумдар байқалады. 4.8- суреттен көрiнiп тұрғанындай бұл максимумдар мынадай шарттарды қанағаттандырады d sinφ = n λ (4.6) 4.6 - сурет 4.7 - сурет 4.8 - сурет
  • 21. мұндағы n=0, 1, 2, … - бас максимумдар ретi деп аталады. Дифракциялық торлар жарықты спектрлерге жiктеу үшiн, сонымен қатар жарықтың белгiсiз толқын ұзындығын анықтау үшiн де қолдаылады. Нақтылы зерттеулерде бiр өлшемдi торлармен қатар екi өлшемдi торлар да жиi қолданылады. Екi өлшемдi торлар деп жолақтарын бiр-бiрiне перпендикуляр орналастырып, беттестiрген екi жәй тордан тұратын жүйенi айтады. Мұндай жүйеден өткен жарық 4.9 – суреттегiдей болып дифракцияланады. Жарықтың биологиялық әсері, қолданылуы Фотобиологиялық процесстерге биологиялық маңызды қосылымдардың жарықты жұтуынан басталатын және физиологиялық реакциямен аяқталатын процесстер жатады. Жарықтын әсерінен қозған молекуланың реакциялық қабілеттігіне бірқатар факторлар әсерлерін тигізеді. Реакцияға түсу қабілеті қозған электронның энергетикалық деңгейінің қалпына тәуелді. Бұл деңгей энергетикалық тосқауылдан өтуді қамтамасыз етеді. Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі. Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. Бірақ тек қана фотосинтез кезінде жарық сәулелердің энергиясы өнімдердің (глюкоза) химиялық байланыстарының энергиясы түрінде жинақталады, өйткені бастапқы заттармен (СО2 және Н2О) салыстырғанда олардың еркін энергиясының қоры молдау болады. Барлық белгілі фотобиологиялық процесстер екі топқа бөлінеді: негативті (деструктивтік) және позитивтік (реттеуші) фотобиологиялық процесстер. Негативті фотобиологиялық процесстердің ағзадағы екі түрі болады: фототоксикалық және фотоаллергиялық. 1. Фототоксикалық эффекттерге аллергиялық реакциялармен қатар жүрмейтін, терінің не көздің зақымданулары жатады. 2. Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті, фотопериодизм (тәулік және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы фазаларының ауысуы арқылы реттеу). Адам мен сүтқоректі жануарларда фотопериодизмнің рецептор көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус, балықтарда - эпифиз, жәндіктерде - ми. Позитивті фотобиологиялық процесстердің ағзадағы болатын түрлері: 1. Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті жатады. 2. Фотопериодизм – (тәулік және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы фазаларының ауысуы арқылы реттеу). Адам мен сүтқоректі жануарларда фотопериодизмнің рецептор көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус, балықтарда - эпифиз, жәндіктерде - ми. 3. Тағы бір позитивті механизм – ультракүлгін әсерінен провитаминдерден Д витаминнің құрылуы. 4. Меланоциттер (меланоциты); (melanocyte, грек, melanos — қара, kytos - жасуша) — тері эпидермисінің негіздік (базальды) қабатында орналасқан өсінділі торшалар. Меланоциттер бояғыш зат — меланин пигментін бөліп шығарады. Ол адам терісінде қорғаныш қабатын түзеді. 4.9 - сурет
  • 22. Әр түрлі толқынды жарық сәулелерінің әсер ету сипаттамалары ерекше. Адамға көбінесе жарық аймағының үлкен жиынтығы өз әсерін тигізеді Жарықтың интерференция құбылысы сонымен қатар әртүрлi беттердiң өңделу сапасын тексеруге, оптикалық құралдарда жарықтың әртүрлi линзалардың бетiнен шағылып, бейненiң сапасының төмендеуiн болдырмауға т.с.с. қолданылады Дифракция құбылысына негізделген дифракциялық томография әдісі медицинада қолданылады.
  • 23. Фронтальді (сілтемелі) сұрақтар: 1. Жарық деген не? 2. Қандай құбылыс интерференция деп аталады? 3. Когерентті жарық көзі дегеніміз не? 4. Қандай оптикалық құбылыс жарық дифракциясы деп аталады? 5. Фотосинтез дегеніміз не? 6. Негативті фотобиологиялық процестерді ата. 7. Позитивті фотобиологиялық процестерге қандай процестер жатады? Фронтальді (сілтемелі) сұрақтардың жауаптары: 1. Жарық – тар мағынада – көрінетін сәуле, яғни жиілігі 7,5 •1014 – 4,0 • 1014Гц аралығындағы адам көзі қабылдайтын электрмагниттік толқын; кең мағынасында — қабылданатын сәулемен бірге спектрдің ультракүлгін және инфрақызыл аймағындағы сәулелерді де қамтитын оптикалық сәуленің синонимі. 2. Когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт бойынша өзгермейтiн орнықты бейнесiн алу жарық интерференциясы деп аталады 3. Фазалар айырымы уақытқа қатысты өзгермейтiн жарық көздерiн когеренттi жарық көздерi деп атайды 4. Жарық дифракциясы деп жарық толқындарының өзiнiң алдында кездескен кедергiлердi орап өту қабiлетiн айтады 5. Фотосинтез – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. 6. Терінің не көздің зақымданулары, фотоаллергия жатады 7. Позитивті фотобиологиялық эффекттерге көру қабілеті, фотопериодизм (тәулік және жыл ішіндегі тіршілік циклдерін жарық-қараңғы фазаларының ауысуы арқылы реттеу). Адам мен сүтқоректі жануарларда фотопериодизмнің рецептор көздері бар, кейбір құстарда - гипоталамус, балықтарда - эпифиз, жәндіктерде - ми.
  • 25. «Жарық қасиеті» сатысы жауабы: Жарық Қызыл – 5, жасыл – 4 , басқа жолдар - 3 деңгейіне сәйкес келеді. Корпускула – толқын деген мағына береді Линзаны Аристофан ойлап тапты Сыну заңы Ньютон заңы деп аталады Дөңес линза - шашыратқыш Дуализм - екіжақтылық «Қара» түске жата ма? Дисперсиякезінде 3 түске жіктеледі Синелиус заңы ол шағылу заңы Қызыл түс – ең ұзын толқынға жатады Ақ түс 7 түстен құралған Негізгі аспан жасыл сыну құбылысынан көк болады Дисперсияны Ньютон ашты Суға салған қасық бейнесі сынады Интерференция – толқындардың бірігуі Күн шындығында қызыл Дифракция – толқынныңбөгетті айналуы Адам жарық арқылы көреді ия жоқ ия жоқ ия жоқ ия жоқ ия ия ияия ия жоқ жоқ жоқия ия жоқ жоқ ия ия ия ж оқ ия
  • 26. «Рефлексия» көңіл күй белгілерімен (смайликтер) бағалау: «ұнады, барлығын түсіндім», «ұнады, қызықтырған сұрақтар бар?» « ұнаған, жоқ, түсінбедім».