SlideShare a Scribd company logo
1 of 35
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының
«Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Бағыты: Жаратылыстану циклы
ТАҚЫРЫБЫ: Тарихына табиғаты сай- Ұлытау
Орындаған: Сағатаев Ерсін Бейбітұлы «Ауыл шаруашылығы өндірісінің
тракторист-машинисі» мамандығының 1 курс студенті
Жетекшісі: География пәнінің оқытушысы Кажиакберова Маржан Араратовна
Ақсуат ауылы
2016 жыл
4
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Ұлытау өңірінің географиялық зерттелу тарихы
1.2 Ұлытау өңірінің физикалық-географиялық сипаттамасы
2. ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ
МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Ұлытау өңірінің рекреациялық ресурстарын туризмді дамытуда
пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
2.2 Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстары
2.3. Ұлытау өңірінің туристік-рекреациялық мүмкіндіктерінің даму
болашағы мен жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
5
Кіріспе
Ғылыми жоба жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған күннен
бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп,
әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және табиғат
байлықтарын қорғау, сақтап қалу және көркейту шараларын мейлінше кеңінен
жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты
жүргізіліп келеді. Елбасының «100 нақты қадамы» елімізге «2050-
стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан
адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын
жасап беретін болады. Ұлттың дамыған 30 мемлекеттер қатарына кіру
мақсатындағы индустриалды және экономикалық дамудың бағдарламасына сай
ұсынылған «100 нақты қадамының» 57-ші қадамында туристік кластерлер
құрудағы озық тәжірибесі негізінде инвесторлар тарту ұсынылған.
Қазақстан Еуразия материгінің кіндік бөлігінде орналасып, аумағы
батысында Каспий теңізі мен Еділ сағасынан, шығысында Алтай жоталарына
дейін, ал солтүстігінде Орал таулары мен Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде
Орта Азия шөлдері мен Тянь-Шаньның қарлы шыңдарына дейінгі ұлан-ғайыр
кеңістікті алып жатыр. Осындай кең аумаққа созылған қазақ жерінің табиғаты
аса бай болуымен қатар, көркемдігімен де көзге түседі. Аймақта туризм
нарығын дамыту үшін рекреациялық қорлар көптеп кездеседі, солардың бірі -
Ұлытау өңірі, осыған орай тақырыптың өзектілігі жоғары, туристік кластерді
құрудың алғышарттары бар бірден-бір нысан.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ ДТҰ-ң Бас
Ассамблеясының 18-ші сессиясында әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10%-н
туризм саласындағы кіріс құрайтынын, туризм саласындағы бизнес әлемі
барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен
қамтамасыз ететіндігіне тоқтала отырып, қазіргі уақытта Еуропа мен Азиядағы
14 миллионға жуық туристер таяу уақытта Қазақстанда болуды жоспарлап
отырғандығын, әсіресе, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және АҚШ
елдерінде біздің елімізге қызығушылық байқалатындығын атап өткен.
Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның
жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің
қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық
ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы
әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының
6
өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті
нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты
дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы
саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінді мәселелер әлі де шешуін
тапқан жоқ.
Ұлытау өңірі бірегей туристік әлеуеті жоғары өлке. Аудан көптеген туризм
түрлерін, атап айтқанда, тарихи-мәдени, танымдық, спорттық, аң және балық
аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, ғылыми және
танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда орналасқан.
Ғылыми жоба жұмысының мақсаты - рекреациялық ресурстарды
бағалау. Аймақта бар, туристердің қызығушылығын арттыратын, табиғи,
тарихи, мәдени ескерткіштерді және өндірістік нысандарды ашып, көрсету, ішкі
туризмді дамыту. Ұлытау өңірін рекреациялық-географиялық тұрғыда зерттеу,
елімізде туристік кластерді қалыптастырудағы үлгі ретінде ұсыну.
Ғылыми жоба жұмысының нысаны. Қазақстанның туризм нысаны -
Ұлытау өңірі.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Туризм саласында қазақ жерінің табиғат-
ресурстарын қолдану, рекреациялық аймақтарды және ғылыми-зерттеу
орталықтарын қалыптастыру, рекреациялық аймақтарды туризмде пайдалану.
Туризм дамуы үшін жергілікті халықты тарту маңызды орын алады. Бірақ, бұл
үшін халық тұрмысы мен еңбегі үшін қолайлы табиғи рекреациялық ресурстары
бар территорияны анықтау қажет. Табиғи-рекреациялық және тарихи мәдени
орындарының қазіргі күйі мен оларға байланысты бар мәселелерді анықтап
оларды шешу маңызды орын алады.
Ғылыми жоба жұмыстың міндеттері:
- Ұлытау өңіріне физикалық-географиялық сипаттама беру;
- Ұлытау өңірінің зерттелу тарихын зерделеу;
- Ұлытау өңірінің рекреациялық-географиялық әлеуетін бағалау;
- Аймақта жұмыс жасап жатқан рекреациялық нысандардың экономикадағы
рөлін айқындау;
- Ұлытау өңіріндегі турим саласының қазіргі даму жағдайын талдау;
- Еліміздегі туристік кластердің дамуындағы мүмкіндіктер мен мәселелерін
зерттеу.
Мәселенің деректік көзі. Географтардың, биологтардың, экологтардың
зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері, Қазақстан
Республикасының қоршаған орта мен табиғат ресурстарын қорғау туралы
7
заңдары мен тұжырымдамалары, Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамының
Ұлытау өңіріне 2014 жылы жасаған экспедиция мәліметтері.
Ғылыми жоба жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері.
Ұлытау өңірі тақырыбындағы отандық және шетелдік авторлар еңбектерін
пайдалану.
Ғылыми жоба жұмысының зерттеу әдістері. Теориялық-методологиялық
әдістер, зерттеу мәселесі бойынша биологиялық, географиялық ғылыми-
әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау.
Ғылыми жоба жұмысының практикалық маңызы. Қазақстан
территориясында ерекше қорғалатын аумақтар жағдайын байыпты бағалаудың
нәтижесі аймақтың экономикалық даму болашағын ескере отырып, Ұлытау
өңірінің географиялық-рекреациялық ресурстарын зерттей отырып, студенттер
мен оқытушылар үшін теориялық-практикалық тұрғыда қолданысқа енгізуге
болатын тың материалдар жинақталды.
Ғылыми жоба жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, нысанасы, пәні,
болжамы, міндеттері, әдістері, практикалық маңыздылығы, қорғауға
ұсынылатын қағидалар айқындалады.
8
1. ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Ұлытау өңірінің географиялық зерттелу тарихы
Ұлытау - Ұлы даладағы қазақ этносының қалыптасу тарихымен мейлінше
терең байланысқан аймақ. Ұлытay - қaзaқтың көне ғaсыpлық тaрихындa ұлан-
асыр оқиғаларды бастан өткерген, ел басына күн туған шақтарда халқымызға
пана болған, хандарымыз өз ордаларын тіккен, билеріміз бен батырларымыз
бастарын қосып, елдік мәселелерді шешкен, киелі де құнарлы әрі қазыналы
өлке.
«Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен емес, суының көптігінен емес,
тарихтың үлкен оқиғаларында бүкіл ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге
келген жері болғандықтан Ұлытау атанған...» деп Әбіш Кекілбайұлы атап
кеткендей Ұлытау аймағының Қазақстанда орны ерекше.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев киелі жердегі биылғы сұхбатында
қазақтың қай түкпірінде де қасиетті орындар бар екенін, Берел қорғанын,
Аңырақай шайқасы өткен жерді, Сарайшықты, Түркістанды айта келе:
«Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа» деген болатын.
Ұлытаудың қасиеті туралы аз жазылып жүрген жоқ. Тіпті тарихтың атасы
атанған Геродот жазбаларында да бұл жердің ескі атауы кездеседі. Осыдан үш
ғасырға жуық Ұлытау төңірегінде болған швед ғалымы Старленберг: «Тұнып
тұрған қандай тамаша тарих! Мұндай әсемдікті басқа өңірден табу қиын
шығар» деп сүйсіне жазған. Біздің заманымызға дейінгі ғасырда өмір сүрген
грек тарихшысы Герадот Арал теңізінің Солтүстік және Батыс жағын (бүгінгі
Орталық Қазақстан өңірін) массагеттер мен сақтар мекендейтінін, олардың
тұрмыста қолданатын бұйымдары мен қару-жарақтары, алтын мен мыстан
жасалатынын жазған. Жезқазғанда жатқан кен үйінділерінің көнелілігі осы
Герадот көрсеткен кезеңге сәйкес келеді. Сондықтан Жезқазғанның ежелгі
өндіріс мәдениеті біздің дәуіріміздің XIII ғасырында емес, одан да анағұрлым
көне кезеңде, б.д.д. V ғасырда қалыптасқан [1].
Ұлытау-Жезқазған өңірінің тарихы осы XIII ғасырдың басынан Қазақ
хандығы ресми құрылғанға дейінгі кезеңде Шыңғыс ханның, оның ұлы Жошы
хан есімдерімен тығыз байланыста өріледі. Сол кезеңнен қалған талай әңгімелер
мен аңыздар осы өңірден жазылып алынған, осы аймақтағы талай сәулет
ескерткіштері өздерінің сол кездегі қайталанбас сыр-сымбатын сақтап, бүгінгі
ұрпаққа жетіп отыр. Ұлытау өңірінің Шыңғыс хан шеруіне дейінгі тарихы сақ,
скиф, сармат, массагет, ғұн, қыпшақ, оғыз сияқты көне түркі тайпалармен тығыз
9
байланыста болған. Бұл аймақтың одан кейінгі екі ғасырлық кезеңі Жошы
ұлысынан, Алтын Орда, Көк орда хандықтарының тыныс-тіршілігімен қабысып
жатыр. Ұлы қолбасшы Шыңғысханның бүгінгі қазақ даласындағы тұңғыш
күрделі шайқасы Ұлытаумен жапсарлас жатқан аймақта өтті. “1216 жылы
Ырғыз өзенінің бойында меркіттердің тас-талқанын шығарған монғолдар
Хорезмшахтың жасағының күтпеген шабуылына ұшырады”,- деп жазады
ғұлама ғалым Л.Н. Гумилев. Хорезм патшасының әскерін талқандаған Шыңғыс
1223 жылы үлкен ұлы Жошыны жаулап алған қыпшақ даласын басқару үшін
4000 әскермен Ұлытауда қалдырды. Міне, сол кезден бастап Ұлытау - ұлан-
байтақ Жошы ұлысының саяси-әлеуметтік, сауда-экономикалық орталығы
болды. Жошы қайтыс болғаннан кейін жаулап алынған шалқар кеңістік - Ақ
Орда, Көк Орда және Шағатай ұлыстарына бөлінген кезде, оның үлкен ұлы
Орда Ежен Сырдариядан Саян тауларына дейінгі аймақты қамтитын Көк
Орданы осы Ұлытаудан басқарды [4].
ХVIII - XIX ғасырларда орыс зерттеушілері Н.Витзен, Д.Г: Мессершмидт,
Г.Ф. Генс, П.И.Шангин, Г.И. Спасский, А.И.Левшин, өздері көрген көптеген
қалалар мен елді мекендердің орындары, кесенелері жайлы жазды. Олардың
арасындағы Жошы хан, Алаша хан кесенелері ортағасырлық сәулет өнерінің
тамаша туындыларына жатады.
Әсіресе, Н.П. Рычковтың археологиялық жазбалары көңіл аударарлық.
«Ұлытау тауларынан Ұлы Жыланшық, Қаракеңгір, Сары-Кеңгір, Жезді-
Кеңгір, өзендері бастау алады. Ол жерлерде осы төңіректі мекен еткен бұрынғы
адамдардың қазып тастаған мыс кенінің орындары өте көп. Алтын мен күмістің
де белгілері өте көп. Кеңгірлер әр жерден ағып жатса да, бәрі қосылып
Сарысуға құяды. Олардың қосылған сағасында Жуан Ана деп аталатын ежелгі
елді мекеннің тамаша орны бар. Бұл төңіректе Шыңғыс хан балаларының
астанасы болған деген сөз бар», - деп жазады ол.
Н.П. Рычков Қара-Торғайдың жоғарғы ағысынан жалдармен және орлармен
қоршалып жатқан Домбағұл қалашығын тапқанда қатты таң қалған. Оның
күнделігінде: «Бұл қала төртбұрышты қамал секілді салынған. Оның төрт
жағында бірдей жалдар бар. Шығыс жақтан бекіністің ішіне кіретін қақпасы
терең емес. Мұның бәрі бұл жердің тым көне екенін көрсетеді»,-деп жазылған.
Зерттеуші қалашықтан оңтүстікке қарай екі шақырым жерден, Қара-Торғай
өзенінің шығыс жағалауынан «кірпіш пен тақта тастардан жасалған храмға
ұқсас ежелгі ғимаратты» тауып алады. Оның биіктігі 9 сажыннан да көп,
ұзындығы мен ені 7 сажын, екі кішкене терезесі бар. Ғимараттың айналасында
10
мазарлар көп, олардың үшеуінің кемері кірпіштен қаланған. «Ғимараттың
пішінінен ежелгі құрылысшылардың талғамы мен өнері байқалады». Ғалым
жергілікті тұрғындар - қазақтардан сұрастырғанда, бұл жер олардың ата-
бабаларының, ноғайлылардың жері болғанын айтқан.
Н.П. Рычков зерттеген жерлерді 1815 жылы инженер Б.Ф. Герман аралайды.
Ол да ерте ортағасырдың мәдени қабатына кез болады, өңделген жерлердің
орнын, суару жүйесін, сондай-ақ саз-балшықтан жасалған құрылыстардың
қалдығы бар төбешікті табады. Экспедицияға қатысқан инженер Г.Генс Торғай
мен Ұлытау далаларындағы отырықшы мәдениет ескерткіштерін бірнеше
түрлерге топтастырды: саз балшықтан созылған құрылыстары бар отырықшы
елді мекендер; жергілікті билеушілердің баспанасы болған сарайлар мен
бекіністердің қирандылары; храмдар қалдығы; күйдірілген кірпіштен қаланған
мазарлар; скиф заманынан қалған үлкен төбелер. «Атақты ғимараттар, сарайлар
храмдар, мазарлар, күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған және олар осы
билеген адамдардікі. Ал басқалары саз балшықтан тұрғызылған. Көз тартар
ғимараттар да тастан қаланған, аз бөлігі кірпіштен өрілген», -деп көрсетеді [6].
XX ғасырдағы қазақ ғұламасы Қаныш Сәтбаев Ұлытаудағы Алтыншоқының
басынан тапқан бұл тас сол заманның аса құнды жәдігері ретінде қазір Санкт-
Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы тұр. Онда Тұранның сұлтаны Темірдің жүз
мың әскермен Тоқтамыс ханмен соғысуға бара жатып, Ұлытауға аялдағаны
жайлы жазылған. Міне, осылайша Шарафадин Әли Йезди жазбаларындағы
дерекке Сәтбаев тапқан тас бұлтартпас дәлел болды. Ұлытау-Кішітау-Арғанаты
сілемдеріндегі материалдық өркениет іздерін зерттей бастаған Қ.И.Сәтбаев
өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңында-ақ Милықұдық
айналасындағы өңдеуден өткен кен қалдықтарының көлемі он гектардан астам
жерді алып жатыр деп жазған болатын. Н.В. Валукинскийдің жүргізген зерттеу
жұмыстарының нәтижесі Сәтбевтың осы батыл тұжырымын барынша
тиянақтай, нақтылай түскендігін айта кеткен жөн. Осындай бұлтартпас ғылыми
жаңалықтардың негізінде Ұлытау қола дәуірінен бастап, орта ғасырларға дейін
түсті және қара металл орасан зор көлемде өндіріліп, дәстүр сабақтастығы
сақталып келгендігі келеді. «Жезқазғанда өте көне замандардың өзінде тау-кен
жұмыстарының ауқымы керемет кең болды. Ең қарапайым есептеулердің өзі
көне замандарда Жезқазған алқабынан кем дегенде бір миллион тоннадан
артық, құрамы мысқа бай кен өндірілгенін көрсетеді, деп жазды Қ.И.Сәтбаев.
Оның бұл тұжырымын Ұлы даланың кіндік тұсында зерттеу жұмыстарын
жүргізген Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жинаған
11
мәліметтері толық бекітіп берді. Қазақстандағы археологияның атасы
Ә.Марғұлан жетекшілік еткен бұл ғылыми мекеме Ұлытау-Жезқазған өңірінде
жүйелі түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тың нәтижеге қол жеткізді.
Археологиялық зерттеулер Ұлытау төңірегінің қай аймағында да қайнаған
өмірдің, биік мәдениеттің, өрелі өнердің, оның ішінде металл өндіру тәрізді
қарымды әрі күрделі кәсіптің Герадот жазған көне заманнан бері қарай ұзақ
уақыт бойына үзіліссіз, талассыз дамып келе жатқандығын көрсетіп отыр [7].
Ұлытау өңірін жіті зерттеген ғалымдардың бірі - қазақ халқының тарихын,
материалдық және рухани мәдениетін ғылыми тұрғыда өте терең әрі кең
ауқымда зерттеген ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұлан. Академиктің
Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапарлары туралы естеліктер 1943 жылғы шыққан
«За медь» газетінен табылды.
12
1.2 Ұлытау өңірінің физикалық-географиялық сипаттамасы
Арқадағы алып аудан - Ұлытау Торғай қолатының оңтүстік-шығысын және
Бетпақдаланың қиыр-солтүстік бөлігін алып жатыр. Аудан кең байтақ қазақ
жерінің нақ орталығында орналасқан. Математикалық жоғары дәлдікпен
есептегенде Ұлытау - Отанымыздың геометриялық орталығы, яғни, қазақ
жерінің дәл кіндігі болып табылады. Ауданның алып жатқан жерінің аумағы
батыстан шығысқа қарай-540, солтүстіктен оңтүстікке -435 шақырымға
созылады. Қазақстанның географиялық орталығы 48°С 11' с.е. және 66° 22' ш.б.
(Жезқазған қаласынан 100 км солтүстік батыста Ұлытау жотасында)
орналасқан. Аудан жеріне Еуропаның Швейцария, Нидерланды, Дания сияқты
үш бірдей белгілі мемлекетін еркін орналастыруға болады.
Ұлытау - жер көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкен аудан. Ол Қарағанды
облысы аумағының үштен біріне жуығын, Қазақстан жерінің 4,5 пайызын алып
жатыр. Аудан жері Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан
облыстарымен шекаралас. Ұлытау өңірінің солтүстік бағыттағы қиыр нүктесі -
Арғанаты тауының теріскей тұсындағы Қаптыадыр шоқысында (биіктігі 760м),
ал оңтүстіктегі шеткі нүктесі - Мойынқұм құмының Көкпекті - Қызылқақ
ойысында, батыстағы қиыр нүктесі - Арал маңы Қарақұмының Жіңішкеқұм
жотасында, шығыстағы шекарасы - Қызылжар станциясының оңтүстігіндегі
Сарыжал (биіктігі-368м) қыратында жатыр.
Климаты. Шұғыл континенталды ауа райы қалыптасқан аймақ
болғандықтан Ұлытау өңірінде Сібірдің сақылдаған аязы мен Орта Азияның
ауыз аштырмас аптабы тоғысып тұрады. Ұлытаудың қысы қатаң, жазы ыстық.
Жаздағы орташа температура +22 ºС болса, қыста бұл көрсеткіш -22 ºС тең.
Аудан аумағының басым бөлігінде жыл бойына жауын-шашын 200 мм-ден кем
түседі. Өлкенің оңтүстігі және батысындағы құмдарға жаңбыр мен қар тіпті аз
жауады. Арал маңы Қарақұмындағы бұл көрсеткіш мүлдем төмен, бар болғаны
80 мм шамасында ғана.
Аудан жерінің таулы-қыратты бөлігінде яғни солтүстікке қарай жылдық
ылғал мөлшері анағұрлым артады. Оның көлемі 200-250 мм-ге жетеді. Ең
ылғалды жауын-шашынды жер - Ұлытау тауының айналасы. Бұл маңайда
жылдық ылғал мөлшері 300-350 мм.
Ұлытау аймағына көктем айларының соңына дейін және күздің алғашқы
айларында аракідік солтүстіктен арктикалық ауа еніп тұрады. Осындай
13
тәуліктерде үсік (замороски) жиі қайталанып, ауыл шаруашылығына, оның
ішінде егіншілікке, бау-бақшаға, мал төлдетуге зардабын тигізеді.
Жер бедері. Ұлытау өңірінің жер бедері оңтүстік-батысқа қарай бірте-бірте
аласара бастайды. Аудан жерінің ең биік нүктесі - Ұлытаудағы Ақмешіт шыңы.
Оның биіктігі 1134 метр. Аудан аумағының ең төмен, ең аласа алқабы -
Қарсақбай қыратының оңтүстік беткейінде жатқан Мыңбұлақ ойысы. Оның өзі
теңіз деңгейінен 100 метр шамасында жоғары жатыр.
Ұлытау - Сарыарқа тауларының ішіндегі ең көнесі. Оның Едіге, Қыземшек,
Айыртау, Ақмешіт әулие сияқты шоқылары мыңдаған ғасырлар бойы толассыз
жүріп жатқан қоршаған ортадағы табиғат құбылыстарының әсерінен әбден
қажалып, әр түрлі үгітілу процесіне бой алдырған. Тау шоқыларының тік
жарқабақтарының құлау бұрышы 20-25 градус арасында болғандықтан,
олардың арасындағы шатқалдардың ені тар.
Бетпақдала үстірті - Ұлытау ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр, ол Шу
мен Сарысу өзендері аралығында орналасқан. Оның шығыс бөлігі ұсақ
шоқылардан, аласа таулардан тұрады. Ұлытау ауданы жерінің құрамына
Бетпақдаланың батыс бөлігі кіреді. Екеуінің арасын бөліп тұрған жазық
Қоғашық деп аталады.
Пайдалы қазбалары. Ұлытау жері пайдалы қазбаларға өте бай. Мұның
себебі жер көлемінің үлкендігінде ғана емес, оның геологиялық құрылымына да
байланысты. Бұл өлкенің жер асты байлықтары бағзы замандардан бастап
белгілі болған. Жезқазғандағы әлемге әйгілі мыс кеніші біздің жыл
санауымыздан он ғасырдай уақыт бұрын жұмыс істеп тұрған. Бұл өңірде қола
дәуірінде мыстан өзге алтын, күміс, қалайы қорытылғандығы жайлы деректер аз
емес. Оны осы өңірдегі жер-су атауларынан да байқаймыз. Мысалы, Жезді
(бойында жез көп өзен), Жезқазған (жез өндірген жер), Алтыншоқы (алтын
шыққан тау), Қорғасынтау (қорғасынға бай тау) және т.б. Аудан көлемінде
өндіріліп жатқан немесе барланған пайдалы қазбалар тізбесі төмендегі кестеде
келтірілген.
1.1-кесте. Ұлытау өңірінің пайдалы қазбалары
Кенді пайдалы
қазбалар
Жанатын
пайдалы
қазбалар
Кенсіз пайдалы қазбалар
Кең
тараған
металдар
Сирек
металдар
Химиялық
шикізаттар
Құрылыс
материалдары
14
Темір
Марганец
Алюминий
Мыс
Қорғасын
Ваннадий
Алтын
Күміс
Уран
Осьмий
Рений
және т.б.
Таскөмір
Қоңыркөмір
Лигнин
Мұнай
Газ
Күкірт
Родусит
Пьезокварц
Саз
Асбест
Қиыршық тас
Құм
Гранит
Мрамор
Әктас
және т.б.
Су қорлары. Құрлықтың ортасында, Еуразия кіндігінде орналасқандықтан
Ұлытау ауданының ішкі суы тұйық алапта жатыр. Тек Терісаққан өзені ғана
Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын өзендердің саласы болып табылады. Сулары
жазда тартылып, кесіліп қалса да, Ұлытаудан бастау алатын өзендер көп. Алпыс
төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін
өтеп отыр. Сондай-ақ, аудан аумағында үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы көлдер
де аз емес.
Өсімдік жамылғысы. Ботаникалық зерттеу мәліметтері бойынша Ұлытауда
970 өсімдіктің түрі есепке алынған. Оның 92 пайызы шөптесінді, 7 пайызы
бұталы, қалған 1 пайызы ағаштар болып келеді. Бетпақдалада 306 түрлі өсімдік
өседі. 90 түрлі өсімдіктің дәрілік қасиеті бар. Оның ішінде: шөптер - 68,
ағаштар-6, бұтақтар-16. Өте сирек кездесетін өсімдіктердің 19 түрі бар.
Ұлытау өңірі, әсіресе, оның өзендері мен көлдерінің жағалары құнарлы
табиғи жайылымдарға бай. Сондықтан да бұл өлке мал өсіруге өте қолайлы.
Ұлытау өңірінде әртүрлі себептермен жойылып кету қаупі төніп тұрған
жануарлар мен құстардың түрлері аз емес. Олардың “Қызыл кітапқа”
енгендерінің саны әжептәуір. Осы аймақты ежелден мекендеп келе жатқан
ақбас тырна, ақбауыр бұлдырық, аққұйрық қызғыш, ақ тырна, безгелдек, тау
бүркіті, бұйра бірқазан, жорға дуадақ, жұқатұмсық жылқышы, жыланбүркіт,
қоқиқаз, қараләйлік, сабаншы, сұңқылдақ аққу, тарғақ, ұзынқұйрық ақиық
секілді құстар мен үш башайлы ергежейлі қосаяқ, атжалман, бес башайлы
қосаяқ, қарақұйрық, шұбар күзен, дала мысығы тәрізді жануарлардың тұқымы
мүлдем жойылып кетуге жақын тұр.
Сирек жойылып бара жатқан Республикалық “Қызыл кітапқа” енген
жануарлар түрі: арқар, киік, ондатр, қабан, сілеусін т.б. Құстар да өте көп
15
мекендейді. Аққу, италақаз, үкі, қарлығаш, жарғанат, қаршыға, дуадақ, бүркіт
т.б.
Көктем сайын Ұлытау өңіріндегі көптеген көлдерге Үндістаннан, Жерорта
теңізінен, Азия, Африка жағалауларынан сан түрлі жыл құстары келіп, табиғат
жайқалып сала береді. Ормандары санитарлық-гигиеналық және қорғау
міндеттерін атқарып, І топқа жатады, яғни, қоршаған ортаның тазалығына, өзен
ағысының тартылып қалмауына әсер етеді.
Мұнда таулы қыратты мекендейтін жануарлардың түр-түрі көптеп
саналады. Атап айтқанда, борсық, түлкі, қасқыр, қабан, күзен, суыр, су
егеуқұйрығы, құлақты кірпі, орман тышқаны, сусар тұқымдас ақ тышқан
(ласка), ақтышқан (горностай), құрдың түрлері және тағы басқалары.
Ұлытаудың бірегей құсы - қара ләйлек ҚР мен ТМД елдерінің «Қызыл
кітабына» енгізілген. Қазіргі кезде адамдардың көпшілігі аң мен құсты өлтіруді
адамгершілікке жатқызбай, қорғаштайды. Ал, құрт-құмырсқа сияқты
жәндіктерді таптап өте беру әдеттегі іске айналған. Олардың да әлемде өз орны,
пайдасы мен зияны барын ескере бермейді. Ал, біздің ормандарымыз бен бау-
бақшаларымызда өте сирек кездесетін табиғат сыйлары мекен етеді. Мәселен,
Ұлытауда биологтарымыздың зерттеуі бойынша, көбелектің 91 түрі кездеседі.
Соның ішінде аполлон, махаон, подалирий сияқты әсем желпуіш қанаттылар
ТМД-ның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ұлытау тауларында көк шегірткенің
сирек түрі, осы тұқымдастың жалғыз өкілі - дала шекілдегі мекендейді. Ол және
сонымен қатар, хош иісті барылдауық қоңыз да сирек жәндіктер ретінде
«Қызыл кітаптан» орын тепкен. Бауырымен жорғалаушылар арасынан улы сұр
жыланды, қара шұбар жылан мен су жылан да кездеседі. Жоғарыда атап
өткеніміздей, олардың табиғатта өз орны бар. Сондықтан, оларды қорғау
мақсатында ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі №746 қаулысымен
Ұлытауда аумағы 19300 гектар республикалық дәрежедегі мемлекеттік табиғи
(зоологиялық) қорық құрылды [24].
Аймақтың топырағы шөлді далалық сортаңданған қара топырақ және ашық
каштан топырақ. Топырақтың тоңдану тереңдігі шамамен130 см. Негізінен, қой
және түйе жайылымдарына қолайлы.
16
2 ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ
МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Ұлытау өңірінің рекреациялық ресурстарын туризмді дамытуда
пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері
Ұлытау ауданы - Қарағанды облысының оңтүстік-батыс бөлігінде
орналасқан және республикамыздың бес облысымен шекаралас: Оңтүстігінде
Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарымен, солтүстігінде Қостанай
облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен, батысында Қызылорда
облысымен шектеседі.
Ұлытау ауданы 1927 жылы 28 маусымда Қарсақпай ауданы ретінде
құрылған. 1928 жылы Қызылорда округіне қарады. 1930 жылы Қазақ АССР-
дың қарамағына өтті. 1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына өтіп, 1936
жылы Қарағанды облысына берілді.
1940 жылдың мамыр айында Қарсақпай ауданы Жезқазған деп аталды. 1963
жылы аудан таратылып, 1972 жылдың наурыз айында қайта құрылды. 1973
жылы Жезқазған облысына берілді. Ал 1974 жылы аудан аты Ұлытау деп
өзгертілді.
Ұлытау ауданы аумағы 12 млн гектардан астам жерді алып жатыр, осы
аумақтан 618 км республикалық, 474 км облыстық, 213 км аудандық дәрежедегі
жолдар өтеді. Негізгі экономикалық бағыты: ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006
жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы
құрайды. Қазіргі таңда аудандық жерлердің алдында бұдан да зор мақсаттар
қойылып отыр, ол дегеніміз аймақтардың жергілікті экономикалық дамуын
стратегиялық жоспарлы түрде жүргізу қажеттілігінің зор маңызы бар екенін
көрсетеді.
• Ұлытау ауданы 1973 жылы қараша айында құрылған.
• Облыс орталығынан 700 шақырым қашықтықта орналасқан аудан аумағы
12 293 105 га жерді алып жатыр. Бұл жалпы облыс аумағының 29 пайызы деуге
келеді.
• Республиканың 5 облысымен шекаралас.
• Құрамына 12 ауылдық және 3 кенттік округтер мен 29 елді мекен кіретін
аудан халқының саны былтырғы 1 қаңтардағы есеп бойынша 16 000-ға жуық.
Аудан орталығында 2500-ге тарта халық тұрады.
17
• 800-ден астам тарихи-археологиялық және архитектуралық мәдени
ескерткіштер болса, оның 386-сы мемлекет қорғауында және 13 ескерткішке
республикалық мәртебе берілген.
• Ұлытауда 90 түрлі емдік қасиеті бар және реликті өсімдіктер өседі. Тек
Ұлытауда ғана өсетін 3 өсімдік «Улытауские эндемики» деген атпен Қызыл
кітапқа енген [32].
Қазіргі экологиялық жағдайы: қолайлы. Провинцияның экологиялық
жағдайына әсер ететіндері: Топырақ қабаттарының жанбаған зымырандық
отынмен-гептилмен ластануы, малды шектен тыс жаю салдарынан
жайылымдардың тозуы.
Қазіргі таңда аймақ бойынша тарихи-археологиялық ескерткіштер қайта
қалпына келтірілуде. Кейбір мысалдарды келтіріп кетейін. 11.12.2004 жылы
Қарағанды олысы бойынша облыстық маслихаттың Х сессиясында 2005-2007
жылдар мәдени мұра бағдарламасы қабылданған.
«Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайында 2500 экспонат,
мұражай-қорық кітапханасында 285 кітап жинақталған. Қорық-мұражай
аумағында 680 тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер
орналасқан. Оның ішінде 30 ескерткіш республикалық, 160 ескерткіш
облыстық, 490 ескерткіш аудандық деңгейде тіркелген. Олардың ішінде
Алашахан мазары, Домбауыл мазары, Жошыхан мазары, Ерден мазары,
Айранбай мазары, Теректі әулие, Ақмешіт әулие, Алтыншоқы, Хан ордасы
ескерткіштерін атап өтуге болады. Аймақтағы табиғи территориялар ауданы өте
аз. Аймақтың экологиялық жағдайына байланысты қосымша қорғалатын табиғи
территорияларды құру қажеттілігі туындайды.
2005 жылдың 30 шілдеде «Ұлытау - көшпенді өркениеттің ежелгі орталығы»
атты көрме ашылды. Сонымен қатар, Жезқазған қаласының өлкетану музейі
және «Қазақмыс» корпорациясымен бірігіп қазақтардың этнографиясына
арналған көрмелер ұйымдастырылды.
- Ұлытау мен Кенесары хан;
- Ежелгі Түркістан және Ұлытау;
- Қ. Сәтпаев ежелгі Жезқазған аумағының Ұлытау тарихы мен археология
зерттеушісі;
-Әбунәсір әл-Фараби, Шыңғысхан және Темірланның балауыз фигураларын
қойып «ежелгі Ұлытау тарихындағы Ұлы адамдар»
Қазіргі уақытта Ұлытау - Жезқазған аумағындағы ескерткіштер жағдайы
туралы карта дайындалуда.
18
Ұлытау аймағында индустрияның қалыптасу мен дамуымен байланысты,
туристер үшін танымдық қызығушылықты тудыратын басқа да нышандар
баршылық. Туристер ірі түсті металлургияның, химия, электроэнергетика
кәсіпорындар мен өндіріс мекемелері бар қалаларды тамашалауы мүмкін.
Туризм жағдайы негізінен орналастыру жағдайымен сипатталады. Осы
саланың дамуымен туристік ағымдар байланысты. 2000 жылғы мәлімет
бойынша Қазақстанда 365 қонақ үй тіркелген. Қарағанды облысында 18 қонақ
үй, оның ішінде Жезқазған қаласында үш қонақ үйі тіркелген. Ең ірісі
«Байқоңыр» қонақ үйі, халықаралық стандарттарға жауап береді. Жоғарғы
қызмет көрсететін «Самсунг» медициналық кешені қала қонақтарын мен
туристерін қабылдайды.
Сондай-ақ туристік бизнестегі басты факторларының бірі туризм саласының
материалды базасы болып табылады, бірақ Ұлытау аймағында база өте
шектелген. Соңғы жылдары рекреациялық іс-әрекет құрылымында
агрорекреацияның маңызы артты. Бұның себепшісі халықтың демалысты
өндіріспен және ауыл шаруашылығымен үйлестіру болып табылады. Дачалық-
бақташылық іс-әрекеттер де қысқа мерзімді демалысқа жатады.
19
2.1 Ұлытау өңірінің табиғи рекреациялық ресурстары
Ұлытау ұлттық қорықшасы. Ұлытау қорықшасы Ұлытау ауылының батыс
бөлігінде, Жезді кентінің 60 км солтүстігінде, Жезді, Жыланды, Сарыторғай,
Үлкен Жыланды өзендерінің аралығында орналасқан. Алып жатқан ауданы
54200 га жер 1999 жылы құрылған. Бұл қорықшаның толық сипаттамасы жоқ.
Мұнда Қарағанды облысының басқы жерінде мүлде кездеспейтін өсімдіктің 14
түрі өседі. Бұл өсімдіктер қорғауды қажет етеді. Оған алдымен ұлытау
эндемиктері, ұлытау түймешетені, қылды мыңжапырақ, ұсақгүлді күреңот,
сонымен қатар, Селькирка шегіргүлі, қазақ клаусиясы, үшжылдық мерингия,
папоротник. Ылғалды ормандарда бореальды түрлері кездеседі, бозарған қияқ,
қалалық гравилат, қара қарақат т.б. өседі. Ұлытауда орта азиаттық түр-жоңғар
талы өседі, бұл өсімдік басқа облыстарда мүлдем кездеспейді. Сонымен қатар,
Хартман осакасы, алтай доланасы өседі. Негізінен Жезқазған-Сәтпаев өндірістік
торабының тұрғындарының демалатын орны. Қорғалатын аймаққа тарихи-
мәдени кешендер және табиғи кешендер де кіреді.
“Ұлытау” ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорық-мұражайы
Республикалық маңызы бар мұражайлардың бірі. Тарихи-археологиялық
ескерткіштер мен сирек кездесетін аң-құстарды қорғап сақтау жөнінде Қазақ
ССР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қарашадағы №466 қаулысымен
“Ұлытау” ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорық-мұражайы құрылды. Осы
ашық аспан астындағы мұражайдың алып жатқан жер көлемі 1883 шаршы км.
«Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайында 2500 экспонат,
мұражай-қорық кітапханасында 285 кітап жинақталған. Қорық-мұражай
аумағында 680 тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер
орналасқан. Оның ішінде 30 ескерткіш Республикалық, 160 ескерткіш
облыстық, 490 ескерткіш аудандық деңгейде тіркелген.
Негізгі мақсаты: Тарихи-археологиялық ескерткіштер мен тарихи
ландшафтарды қорғап, сақтау және насихаттау.
Негізгі міндеттері:
-Ұлытау тарихи-архитектуралық, археологиялық кешенінің тұтастығын
қамтамасыз ету, оның тарихи орнын сақтау;
-Ғылыми-зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен қатар арнайы
этнографиялық, археологиялық, кешендік мамандандырылған экспедициялар
ұйымдастыру;
-Мәдени-ағарту, жарнамалық-ақпарат және баспа қызметтерін жүргізу [39].
20
Аталған аймақта 200 кешеннен артық ескерткіштер саны орын алады.
Ескерткіштер санын анықтау және төлқұжаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Ұлытау ауданы аймағында 358 тарихи-мәдени ескерткіш төлқұжаттандырылған.
Олардың ішінде 11 ескерткіш Республикалық маңызға ие: Айранбай, Мақат,
Жошыхан, Алашахан, Болған ана, Басқамыр, Аяққамыр, Дүзен, Домбауыл,
Кетебай, Лабақ мазарлары. Штаттық кесте бойынша қорык- мұражайда 22
қызметкер жұмыс істейді. Директоры Б. С.Қожахметов. Қорық-мұражайда 4
бөлім жұмыс атқарады: қор бөлімі, археология, архитектура, туризм бөлімдері.
Мекеме ғимараты 2 қабаттан тұрады.
Ұлытауды «Таулар, көлдер, бұлақтардың аймағы» деп атайды. Ұлытаудағы
бұлақ суының емдік қасиеті татар-моңғолдардың «астанасы» Қарақорымға бет
алған орыс және еуропалық емшілерге де мәлім болған.
Ұлытауда Қарағанды облысының басқа жерінде кездеспейтін 14 өсімдік түрі
өседі. Оған алдымен эндемиктер (ұлытау түймешетені, түкті мыңжапырақ,
ұсақгүлді күреңот), сонымен қатар өте сирек кездесетін cелькирка шегіргүлі,
қазақ күреңі, краниоспермум, үшжылдық бүйіргүл, папоротник, шашты
қалампыршөп, т.б. өседі. Ылғалды ормандарда біздің облыстарда кездеспейтін
жоңғар талы, өте сирек кездесетін алтай доланасы бар.
Ұлытау аумағында ботаникалық және географиялық зерттеулер бойынша
617 өсімдік түрлері белгілі болған, оның ішінде 90 түрінен дәрі-дәрмекке
пайдаланылады [40].
Ақжар қызыл таулары. Ақжар саз таулары еліміздің орталығындағы
айрықша сұлу мекен. Ол Қостанай облысындағы Амангелді ауданы мен
Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының шекарасында орналасқан.
Табиғаттың өзі керемет тау сілемдерінен саз топырақ пен гипстің түрлі
минералдарын араластырып, ақ-қызыл түске бояп тұр. Аустралиядағы Улуру
төбешігіне өте ұқсас, бірақ құрылымы өзгеше тау жотасы адамның салмағынан
төселіп кетіп жатыр. Өзге планета келбетін көз алдыңызға келтіретін де осы
түстер. Ендеше мұнда келгенде өзіңізді Қазақстандағы «Марсқа» қадам
басқандай сезінесіз. Сондықтан да бұл өлкені «Қазақстандағы Марс
ғаламшары» деп атауға әбден болады.
Әулиетау. Ұшар басында киіз үй сияқты үңгір бар. Үңгірдің төбесі тесік,
одан ішіне жарық түседі және ортасына от жаққанда түтіні сол тесіктен
шығады. Үңгірдің іргесіндегі кісі бойы терең апанда су бар. Оң жақ
босағасында қай заманда қашалғаны белгісіз, пошымын шөккен түйе сияқты
етіп жасаған тас мүсін тұр. «Бұл жерге баласы жоқтар бала тілеп келсе, әулие
21
аян береді. Науқас адамдарды басына мал сойып, құдайы жасап түнетсе,
ауруынан айығады, суын ішкен адамға ем болады» дейтін аңыз бар. Ертеде бұл
жерге бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыпты адамдар, сырқатқа шалдыққан
науқастар, пері жанап кеткен немесе ібілістің салқыны тиіп жынданып
ауырғандар көптеп келіп, түнеп кететін болған. Бала тілегендер артынша бала
сүйіп, ауырып келгендер дертінен айығып жатады екен. Әулиеге деген сол
наным мен сенім күні бүгінге дейін сақталып, келушілердің саны қазір де
толастамай отыр [41].
Арғанаты таулары Ұлытау тауларынан ерекшеленеді, бірақ, сол таулардың
сілеміне жатады. Арғанаты тауының ең биік нүктесі 757 метр. Ол солтүстіктен
оңтүстікке қарай 80 км-ге созыла жалғасқан шоқылар тізбегінен тұрады. Ені 20 -
25 км. Ең биік жері - Дондығұл (757 м). Жаман Арғанаты және Жақсы Арғанаты
болып екі атауға бөлінеді. Арғанатының биік шыңынан қарағанда тау бірнеше
қатпарлы белестерден тұрады және жынысы екі түрлі болып келеді. Біреуі
қызыл түсті граниттен болса, екіншісі қара қошқыл түсті сланец кенінен
жаралған. Таулардың беткейлері көлбеуленіп бірте-бірте аласарып,
төңірегіндегі жазыққа ұласады.
Ауданда «Болатсай» демалыс зонасы, «Қазақмыс» корпорациясының
демалыс зонасы бар. 2011 жылы «Ұлытау-ел» туристік кешенінің құрылысы
жобасы Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау
ауданының 2012-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының
кешенді жоспарына енгізілді.
22
2.2 Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстары
Адамзат тарихының даму сатысында қасиетті Ұлытаудың алатын орны
бөлек. Қазақ елінің бірлігі, ұйытқысы болған Ұлытаудың мемлекеттілігіміздің
іргесі қалануындағы орны да айрықша. Қазақ елінің халық болып
қалыптасуының түп-төркіні осы Ұлытаудан бастау алады.
Ұлытау - ұлттың ұясы, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасқан мекені, үш
жүздің басы қосылған жер. Бір ғана Хан ордасы атауы бізге көп жайлардан
мағлұмат береді.
Бұл өңір Қазақстанның тарихи орталығы. Ұлытауда сақталған ескерткіштер
палеолит пен неолит заманында көтерілген. Аймақ территориясында 1500 астам
тарих пен мәдениет ескерткіштері табылған. Әсіресе жиі кездесетін аудандар
Сарысу, Сарыкеңгір мен Қаракеңгір өзендерінің алабында шоғырланған.
Көшпенділердің үш мың жылдық рухын бойына сіңірген, аты аңызға
бөленген, ақындар жыр еткен, көп ғасыр адамды еліктіріп, өзіне тартқан бұл
өлке өзінің құпияларын әлі де ашып болған жоқ.
Айрықша туристік құндылықтар Ұлы жібек жолының Сарысу тармағы
өткен жолы бойында орналасқан археологиялық, архитектуралы-тарихи
ескерткіштер болып табылады. Бұл жол Орталық Қазақстанды Сырдария
өзенінің бассейнінің оңтүстік аймақтарының отырықшы оазистерімен
байланыстырды.
2.1-кесте. Республикалық маңызы бар тарихи-археологиялық ескерткіштер
№ Кезең Ескерткіштер
1 Ерте палеолит. Ашель
дәуірі (б.з.д. 700
мыңжылдық пен 150-120
мыңжылдықтар арасы)
Обалысай қонысы
2 Төменгі палеолит (б.з.д.
ХХХV-X
мыңжылдықтар)
Жаманайбат, Мұзбел, Борсеңгір, Бөріойнақ
тұрақтары.
3 Неолит (жаңа тас дәуірі,
б.з.д. X-III
мыңжылдықтар)
Жезқазған, Ұлытау, Байқоңыр, Теректі әулие
петроглифтері (тастардағы таңбалар).
Тасөткел, Шығырлы, Қаратал, Түйемойнақ
қоныстары.
23
4 Энеолит (қола дәуірі,
б.з.д. ІІІ-І
мыңжылдықтар).
Милықұдық, Сорқұдық, Айбас дарасы,
Айнакөл, Тасқұдық, Талдысай қоныстары.
5 Темір дәуірі (б.з.д І
мыңжылдықтан бастап)
Ұлытау өңірінің аумағындағы 20-дан астам
мұртты обалар.
6 Ертедегі орта ғасыр (Х
ғасырға дейін).
Жылысай, Домбауыл және басқа да дыңдар.
“Таңбалы тас” кешені, өңірдегі ежелгі
қалалардың бір тобы.
7 Классикалық орта ғасыр
(XI-дан XV ғасырға
дейін).
Алашахан, Жошы хан, Болған ана, Құлан ана,
Аяққамыр кесенелері, Хан ордасы, Жошы
ордасы, Едіге, Тоқтамыс бейітері, Ақмешіт
әулие, өңірдегі ежелгі қалалардың бір тобы.
8 Кейінгі орта ғасыр (XV-
XVII ғасырлар).
Жансейіт кесенесі, Қойлыбай бақсы бейіті.
9 Бүгінгі заман (XVII
ғасырдан бастап.)
Ерден, Дүзен, Кетебай, Лабақ, Нәдірбай,
Зылғара, Шегір би кесенелері және т.б.
Хан ордасы Ұлытаудың батысында 20 км. Жанғабыл өзенінің бойында,
Қаратал қыстағына жақын жазықта «Хан ордасы» деп аталатын тарихи орын
бар. Бұл ордың ұзындығы шамамен 120-130м., көлденеңі 50-60м. болатын жол.
Бір деректерде, мысалы, Қазақ Совет Энциклопедиясында бұл Абылай ханның
жазығы болған делінеді, яғни XVІІІ ғасыр. Бұл жазық жерде жүздеген,
мыңдаған киіз үйлер тігіліп, кеңес өтетін болған. Оған үш жүзден игі жақсылар
қатысатын.
Алаша хан мазары. Алашахан кесенесі - XII-XIII ғасырларда халық
шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше
архитектуралық мазар.
Бұл өлкенің керемет жәдігері - Жошы хан мазары. Жезқазған қаласынан
солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жағалауына, Орда-
базар қаласының іргесіне орналасқан орта ғасырлық археологиялық ескерткіш.
Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошы ұлысына қараған
барлық тайпалар (найман, қыпшық, қаңлы, арғын, керейт, т.б.) қатысқан. Жошы
хан мазары порталды-күмбезді күрделі құрылыстар қатарына кіреді. Портал
жақтаулары өрнекті кірпішпен безендірілген, киіз үйдің басқұрына ұқсайды.
Жошы хан күмбезі архитектуралық әсем үлгілі құрылыс ретінде аса маңызды
тарихи ескерткіштердің тізіміне енгізілген [44].
24
Домбауыл кесенесі. Жошы хан мазарына таяу маңда Домбауыл кесенесі
көзге түседі. Кесененің сырт пішіні киіз үйге ұқсас. Қызыл сұр граниттен
қаланған. Кесене ішіне баспалдақ арқылы кіреді. Реті келгенде айта кетейік,
Семей жеріндегі Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мазары да осы құрылысқа ұқсас.
Теректі әулие. Теректі әулие Теректі темір жол стансасынан солтүстік-
шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. XX ғасырдың 40-шы жылдары ОҚАЭ-
ньң жетекшісі академик Ә.X.Марғұлан осы ескерткішке алғаш назар аударып,
қыскаша сипаттама береді.
Таңбалы тас. Сарысу өзенінің төменгі ағысында, Жезқазған ауданының
Таңбалы Нұра деген жерінде, Төсбұлақ атты қайнардың қасында, өзеннің
бойынан шығыстан батысқа қарай 20 км жерде тұрған тік жартастың бетінде
қазақ халқының құрамына енген барлық рулардың дерлік таңбалары қашалған.
Айбас дарасы. Ұлытаудағы қола дәуіріне жататын ежелгі ескерткіштердің
бірі. Оны Ә.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық
экспедициясы 1956 ж зерттеген.
Талдысай қонысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан 82 шақырым
жердегі Ұлытау жазығындағы Талдысай (Бала-Жезді) және Жезді өзендерінің
құяр сағасында өзі аттас ауыл маңында орналасқан.
Қарқаралы тас мүсіндері - түркі дәуірінен қалған тас мүсіндер тобы. Ол тас
мүсіндерде, негізінен, батырлар, қолбасшы-көсемдер, билер мен абыздар,
жыршылар мен бақташылар бейнеленген. Тас мүсіндер саны 200-ге жетеді.
Батырлар қару-жарақпен, хан мен билер қолына асатаяқ, беліндегі кісесімен
бейнеленген. Қарқаралы тас мүсіндерінің бет-әлпеті, дене мүшелері, асынған
қару-жарағы, қолындағы заттары шынайы, әрі тартымды жасалған. Қарқаралы
маңында кезігетін тарихи ескерткіштер қазақтың ежелгі мүсін өнерінің озық
үлгілерінің бірі болып саналады.
2.4 Ұлытау өңірінің туристік-рекреациялық мүмкіндіктерінің даму
болашағы мен жетілдіру жолдары
25
Ұлытау ауданы Қазақстанның тарихи орталығы болып табылады. Оның
аумағында көшпенділердің көне саяси орталығы - қазақ ұлтының
қауымдастығы мен бірлігін паш ететін қазақтың үш жүзінің өкілдері рулық
таңбаларын ойып жазған Ұлытау орналасқан. Ауданда туризмді дамытуға
арналған барлық алғышарттарға ие, бұл табиғи ландшафтар, 800 ден астамы
тарихи және мәдени ескерткіштер, оның 386 астамы мемлекеттің қорғауында.
13 ескерткіштің республикалық мәртебесі бар.
Ұлытау-өзіне мыңдаған жылдар бойы біздің ата-бабаларымыздың рухани
сақтаған, аңызбен өрілген, ақындардың жырына арқау болған, сан ғасыр бойы
адамдарды өзіне арбай тартқан қазақ халқының көздің қарашығындай
сақтайтын киелі орны. Осы табиғи-мәдени объектіге ұлттық мұраның
басымдығын сақтау саласы бойынша мемлекеттік саясат та біртіндеп көңіл бөле
бастады. 2008 жылдың 13 маусымында қабылданған «Мәдени мұра»
жобасының нәтижесінде Ұлытау ұлттық нышандардың, біздің
мемлекеттігіміздің алтын қазынасының қатарына кірді.
Еліміздегі ірі туристік орталыққа айналу ықтималдығы басым әрі туристік
тиімділігі жоғары қазақстандық аймақтардың бірі - бай туристік әлеуетке ие
Орталық Қазақстандағы Ұлытау өңірі.
Өңірдің туристік тартымдылығының жоғары деңгейі рекреация мен
туризмді дамытуға қажетті туристік ресурстардың ауқымды шоғырына
байланысты болатындығы даусыз. Өңірдің қолайлы географиялық орны,
антропогендік фактордың әсері айтарлықтай байқалмайтын жақсы күйінде
сақталған бірегей табиғи әлеуеті, осы өңірде сан ғасырлар бойы жинақталған
тарихи-мәдени мұраның бай қоры туризмді дамытуға аса қолайлы үйлесім
тапқан. Өңірдің тарихи-мәдени және табиғи туристік ресурстарының бірегей
үйлесімі бұл аймақта туризмнің заманауи формаларын дамытуың қолайлы негізі
мен алғышарттарын қалыптастырады. Дегенмен бұл өңір рекреациялық туризм
тұрғысынан жеткілікті дәрежеде насихатталмайтындығымен ерекшеленеді. Ал
бұл жағдай өз кезегінде туристік тұрғыдан қалыптасудың тек бастапқы
кезеңінде ғана тұрған өңірдің туристік индустриясын дамыту үрдісін тежейтін
басты факторлардың бірі болып отыр. Ұлытау өңірі туризмін дамытуға бұрын-
соңды айрықша мән берілмеген, өңірді Қазақстанның орталық бөлігіндегі ірі
туристік орталық ретінде дамыту мәселесі де негізделген ғылыми тұрғыдан
қолға алынған емес. Алайда қазіргі таңда аталған өңірге деген қызығушылық
өсіп келеді.
26
Осы өңірде туризмді дамытудың алғашқы алғышарттарын қалыптастыру
мен тетіктерін құрудың бастапқы қадамдары да жасалуда. Ұлытау өңірінің
жоғары әлеуеті өзінің сан алуан тарихи, мәдени, табиғи ресурстарының
негізінде туризм мен рекреациялық қызметтің бірқатар түрлерін дамытуға
толығымен жетеді. Ұлытау өңірі күшті туристік әлеуетке ие болғанымен, бұл
әлеует туризм мақсатында тиімді, рационалды түрде дұрыс пайдаланылып
жатқан жоқ, өңірдің бірегей, қайталанбас туристік ресурстары да экономикалық
тұрғыдан тиімді игеріліп жатқан жоқ. Үш жүздің басы біріккен, талай тарихи
тартыстардың куәсі болып, қазақ қауымының киелі бесігі болған ұлы даланы
көрмеген қазақтар қаншама. Тіпті кіндік қаны ұлылықтың ұйытқысы саналатын
жерге тамып, дала төсінде туып-өсіп, жылдар бойы топырағын басып, тасын
теуіп келе жатқан жапсарлас елді мекендердің қазақтары да «Бодрумға» ай
сайын барып жатса да мына тұрған Ұлытауға ат басын бұрмапты. Бұл - ішкі
туризмді дамыту тетіктерінің осалдығын танытады. Туризм саласындағы
маркетингтің мардымсыздығынан әлем түгіл ішкі нарықтың өзінде өңір
имиджін қалыптастыра алмай отырмыз.
Туристік ресурстар жоқ жерде туризмнің дамуы әсте мүмкін емес.
Жекелеген туристік ресурстар туризмді шектелген кеңістікте ғана дамытуға
мүмкіндік береді, ал Ұлытау өңірінің туристік ресурстарының сан алуан, әрі бай
да бірегей қоры туризмді кең көлемде дамытып, туризмнің көптеген түрлерін
бір мезгілде қалыптастыруға және де оны болашақта қарқынды түрде өрістетуге
жол ашады.
Ұлытау өңірінің туристік әлеуеті өте жоғары. Бұл өңірдің табиғи- туристік
ресурстары тарихи-танымдық, ғылыми-археологиялық, этникалық,
экзотикалық, экстерималды туризм түрлерін қалыптастырып дамытуға қолайлы
жағдайлар жасайды, яғни туристік ресурстарды бағдарына сай дұрыс әрі
оңтайлы түрде тиімді пайдалану жоғары экономикалық тиімділікке қол
жеткізуге мүмкіндік береді [55].
Ұлытау өңірінің табиғи туристік ресурстарының бай қоры мен жоғары
туризмдік әлеуеті осы артықшылықтарды дұрыс қолдана білсек, аталған өңірді
ірі рекреациялық ауданға айналдырады. Өңірдің рекреациялық аймақ мәртебесі
аясында дамуы туристік ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін
арттыра түседі, себебі Ұлытау маңындағы қалалар (Жезқазған, Сәтбаев),
аудандар, ауылдар мен елді мекендердің жергілікті халқы да рекреацияға аса
мұқтаж. Жергілікті халықтың 81 пайызға жуығы тау-кен өндірісі мен
металлургия саласындағы еңбек ресурстарының қатарында, сондықтан да
27
рекреацияға сұраныс нарықтың осы сегментінің қажеттілігіне сай қалыптасады.
Негізінен ауыр еңбекпен айналысатын осы өңірдің жергілікті халқы үшін
жұмыс істеу барысында сарқылған физикалық әл-қуатты қалпына келтіру өте
маңызды, сондықтан да рекреациялық тынығуға бүгінгі күні үлкен сұраныс
қалыптасқан. Табиғи туристік ресурстар оларға деген сұраныс пен оларды
туристік шаруашылық тарапынан игеру жағдайлары қалыптасқан кезде ғана
экономикалық тиімділігі бар ресурс ретінде қарастырыла алады. Сұраныстың
ұлғаюы және рекреациялық құндылықтарға қатысты талаптардың айқындалуы,
халықтың мәдени дәрежесінің өсуі туристік ресурс ретінде қолданылатын
объектілердің санын көбейтуге септігін тигізеді, олардың көбісі қайта қалпына
келтіру мен жөндеу жұмыстарынан соң экскурсиондық көрме ісінде қолданыс
табады.
Туризмнің әр түрлі түрлерінде қолданылатын ресурстардың өзіндік
сипатталамалары мен ерекшеліктері бар. Физикалық күшті қалыпқа келтіруге
ықпал ететін туристік демалыс судың, өсімдік әлемінің, жер бедерінің және өзге
де табиғаттың құрамдас бөлшектерінің жағымды жағдайлары негізінде жүзеге
асады. Санаторлық-курорттық демалыс үшін минералды сулар мен емдік
балшықтардың сан алуан түрлері, емдік әсері бар климат, айрықша
микроклиматы бар үңгірлер (спелеотерапия) қолданылады. Осы аталған
ресурстардың біразы Ұлытау өңірінде шоғырланған. Спорттық демалысқа да
Ұлытау өңірі аса қолайлы. Спорттық туризм мен категориялық саяхаттар үшін
Ұлытау өңіріне тән асулы, өткелді, қыратты жер бедері мен халықтың аз
қоныстануы сынды қасиеттер айрықша маңызға ие. Ұлытау өңірінің тарихи-
танымдық әлеуеті - тарихи туризмді дамытудың негізі. Экскурсиондық туризм
объектілері ретінде тарихи, мәдени, табиғи құндылықтарды, қазақ халқының
бай фольклорлық мұрасы мен этнографиялық құндылықарды қарастыруға
болады.
Ұлытау өңірінің табиғи туристік-рекреациялық ресурстары мен тарихи
туристік ресурстары туризмнің аймақтық ұйымдастырылуына, туристік
орталықтар мен аудандардың қалыптасуына және де олардың экономикалық
тиімділігіне қол жеткізуге қомақты ықпалын тигізеді. Себебі өңірдің туристік
ресурстарының бай әлеуеті мен бірегей шоғыры осы аймақта туризмді
дамытудың маңызды алғышарттарын қалыптастырады. Сондықтан да ұлан-
ғайыр ұлылықтың ұйтқысына айталған ұлы даланың ұлылығын ұғынып,
барымызды базарлап, байлығымызды бағалап өзімізде барды өзгеден іздемей
28
аймақтық туризмді айрықша назарға алған жөн. Еліміздің өзге аймақтарын
қоспағандағы бір Ұлытаудың өзі - бағалай білсек, қыруар табыс көзі.
Қазіргі таңда қазақстандық туристік индустрия әлемдік нарыққа белсенді
түрде енудің бастапқы қадамдарын жасауда. Туризмнің дамуы жұмыс
орындарын қалыптастыру мен шағын кәсіпкерлікті дамыту ісін жандандырып,
көлік, байланыс, қызмет саласы, сауда-саттық, құрылыс, халықтық тұтыну
тауарларының өндірісі сынды салалардың қызметіне оң әсер етіп, туристік
индустриямен ұштаса дамуына септігін тигізеді және Қазақстан Республикасы
экономикасының тиімділігін арттырудың басым бағыттарының бірін құрайды.
Дүниежүзілік тәжірибеге көз жүгіртсек, әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы
елдерінің экономикасына нұқсан келтіріп, жылдар бойы жетілген қарқынды
даму тетіктерін шайқалтып кеткен дүниежүзілік дағдарыс кезеңінде туристік
инфрақұрылымы ежелден қалыптасқан әлем елдері экономиканы
тұрақтандырудың, әрі оның дамуын бірқалыпты өрістетудің бір жолы ретінде
туризмге арқа сүйеген болатын. Туризм - ел экономикасын кемелдендірудің
тиімді жолы мен қомақты кіріс көзі. Мемлекетіміздің туризмін дамуына
айрықша мән беріп отырғандығының бір себебі де осыған байланысты
болатындығы сондықтан.
Осыған орай, қазақ елі өзінің табиғи, тарихи, мәдени құндылықтарын әлемге
әйгілеп, шет елдік туристерді бірегей болмысымен қызықтыра алатын туризм
тұрғысынан тартымды имиджін қалыптастырудың қарышты қадамдарын жасап
келеді. Азияның айбарлы арландарына Томирис ұрпағының тарландары мекен
етіп отырған ұлы даланың текті де тегеурінді қуаты мен қайталанбас дара
болмысын, тамырын тереңге жайған 3000 жылдық тарихы бар көшпенділер
өркениетінің өрнектерін келісті де абыройлы түрде айғақтай білген 7-қысқы
Азия ойындарының еңселі еліміздің туристік тартымдылығына айрықша реңк
бітіріп, шет ел азаматтарының қызығушылығын оятқандығы хақ. Сән-
салтанатымен, қонақжай салтымен, бейбіт те берекелі қалпымен әлем назарына
іліккен Азия ойындары бүгінгі күні ел беделін биіктетіп, мәртебесін марқайтып
жатса, болашақта тылсымы зерттелмеген, сыры ашылмаған теңіз түбіндегі
маржандай жарқ еткен жазиралы даламызға, жайдары елімізге туристер легінің
көптеп тартылуына септігін тигізіп, келешек көктемінің жаршысындай үкілі
үмітті жандандыра түседі [56].
Ұлытау аймағында танымдық, белсенді туризм түрлерін дамытуға болады.
Белсенді туризм түрлерінен жазғы уақытта велосипед және жаяу сапарларды, ал
қысқы уақытта шаңғы туризмді ұйымдастыруға болады. Қысқы уақытта қар
29
жамылғысының қалыңдығы 30 см, климаттық жағдайлар туристер үшін шаңғы
серуендерді өткізуге мүмкіндік береді.
Мәдени-танымдық туризм - тарихи, мәдени және географиялық
құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Туристке мәдени мұралар
мен тарихи орындар туралы мол білім береді. Ол тарихи шындықтарды, осы
өлкеге байланысты аңыздарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, сол арқылы мәдени
мұраларды қорғау мен тарқатуға, танытуға тырысады, яғни, осы өңірге ең сай
келетін туризмнің түрі десек те болады.
Велосипед туризмі-ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге созылатын,
арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық құрал велосипед болып
табылатын, жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз жерлер, орман-
тоғайлар, жыралар т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін
жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы. Велосипед туризмі,
өзіндік туризмнің түрі - велосипедпен болатын саяхаттар мен спорттық
жорықтар.
Спелеотуризм - үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер
жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары
салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен
сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру. Ұлытауда спелеотуризмді дамыту
мүмкіндігі өте жоғары. Соңғы жылдары туризмнің бұл түріне қатысушылар
саны артып келе жатыр.
Ат туризмі - адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі. Ат туризмін
дамыту арқылы ұлттық туризмді насихаттауға болады. Ол үшін мынадай
«Ұлттық жылқы шаруашылығы базасы» орталығын құру керек. Орталықтың
негізгі жобасын жылқы шаруашылығы бар шаруашылықтарға негіздесе көп
қаржыны талап етпейді.
Экотуризм - экологиялық білімділік және адам мен табиғат арасындағы
үйлесімділікке бағытталған. Экотуризм - жергілікті әлеуметтік мәдени ортаның
сақталуын қамтамасыз етеді. Туризмнің бұл түрі экономикаға жоғары деңгейде
әсер ете отырып, аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Экологиялық туризм аймақтың мәдени- тарихи және табиғи ерекшеліктерін
экожүйенің бірқалыптылығын сақтай отырып көрсетуге мүмкіндік береді.
Ұлытау өңірінде туризмнің бұл түрін дамытуға барлық жағдай бар, флора
мен фаунаның сирек кездесетін түрлері, көптеген тарихи ескерткіштер,
қайталанбас әсем табиғат.
30
Елбасымыз Н. Назарбаев Ұлытаудағы сапарында «Киелі Ұлытау -
Қазақстанның тарихи және саяси орталығы. Туристік бизнестің көптеген
бағыттарының ішінде Ұлытауда экологиялық және киелі орындарға тәу ету
түрлерін дамытуға болады. Егер де киелі орындарға тағзым ету ішкі
туристтердің қызығушылығын тудырса, экологиялық туризм жақын және алыс
шетел туристтерін қызықтыра алады.
Бұған қоса, егер де қорғалатын жерлерді жарнамалап менеджментті дұрыс
ұйымдастырса, әлі де зерттелмеген, адам аяғы баспаған жерлерді көрсетуге
болады. Сонымен қатар, туристік фото-альбомдар мен туристік карталарды
шығару қажет» деген болатын.
Туристік кластерді дамыту мақсатында өңірде туризм бөлімі ашылды. Бұл
бөлімнің жұмысына туристік бағдарламаларды құру, халықаралық туризмді
дамыту, тарихи-мәдени ескерткіштерге экскурсияларды ұйымдастыру,
жарнамалық-ақпараттық баспалар, естелік заттар шығару, көптеген көрмелерге
қатысу, т.б. кіреді.
Ұлытау ұлттық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен жыл сайын
өткізілетін «Терісаққан көктемі» этнофестиваліне де келушілер саны артуда.
Ұлытау ауданына өткен жылы 30215 туристтер келген.
2013 жылы Ұлытаудағы этнофестивальге АҚШ, Франция, Ресей туристтері,
ал 2014 жылы ЮНЕСКО-ның арнайы өкілдері, сонымен қатар, Бахрейн мен
Ресей туристтері келді.
2015 жылы 18-22 тамыз аралығында Қазақ хандығының 550 жылдығына
байланысты Қазақстан Ұлттық Географиялық Одағы және ҚР Білім және
Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Хан-Қорық» жастар фестивалі
өткізілді [58].
Ұлытау әкімдігінің жоспарында инвесторлар есебінен «Болатсай» демалыс
үйінің қайта жабдықтау жұмыстары, туристер үшін этно ауылды ұйымдастыру
және т.б. маңызды мәселелер бар. Дәстүрлі бұйымдарды жасап шығару мәселесі
де күн тәртібінде. Мұндай халықтық бұйымдар шығару туристтерге біздің
мәдениетімізді көрсетуге мүмкіндік берер еді. Сонымен қатар, бұйымдар мен
естелік заттарды сату арқылы пайда да түсіруге болады. Туристтердің көптеп
келуі аудан экономикасының көтерілуіне, көптеген жұмыс орындарының
болуына алып келеді.
Ұлытау ауданында үлкен аумаққа қарамастан халық тығыз қоныстанбаған.
Сондықтан өңірде көптеген көрікті жерлер мен адам аяғы баспаған жерлер бар.
Бұл өлкеде флора мен фаунаның реликті сақталған түрлері де кездеседі. Ол
31
гылыми жоба улытау
гылыми жоба улытау
гылыми жоба улытау
гылыми жоба улытау
гылыми жоба улытау
гылыми жоба улытау
гылыми жоба улытау

More Related Content

Similar to гылыми жоба улытау

тарих 3 смстр жумысы
тарих 3 смстр жумысытарих 3 смстр жумысы
тарих 3 смстр жумысы
ssuser00bd79
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгі
Serjan Kasen
 

Similar to гылыми жоба улытау (11)

қазақстан тарихы
қазақстан тарихықазақстан тарихы
қазақстан тарихы
 
35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих
 
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз неЭкологиялық мәдениет дегеніміз не
Экологиялық мәдениет дегеніміз не
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
 
тарих 3 смстр жумысы
тарих 3 смстр жумысытарих 3 смстр жумысы
тарих 3 смстр жумысы
 
аб виртуальды көрме
аб виртуальды көрмеаб виртуальды көрме
аб виртуальды көрме
 
виртуалд1 көрме
 виртуалд1 көрме виртуалд1 көрме
виртуалд1 көрме
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгі
 
улы дала.pptx
улы дала.pptxулы дала.pptx
улы дала.pptx
 
5 семинар ресурс
5 семинар ресурс5 семинар ресурс
5 семинар ресурс
 
совр.мир
совр.мирсовр.мир
совр.мир
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

гылыми жоба улытау

  • 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының «Тарбағатай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ҒЫЛЫМИ ЖОБА Бағыты: Жаратылыстану циклы ТАҚЫРЫБЫ: Тарихына табиғаты сай- Ұлытау Орындаған: Сағатаев Ерсін Бейбітұлы «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі» мамандығының 1 курс студенті Жетекшісі: География пәнінің оқытушысы Кажиакберова Маржан Араратовна Ақсуат ауылы 2016 жыл 4
  • 2. МАЗМҰНЫ Кіріспе 1. ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 1.1 Ұлытау өңірінің географиялық зерттелу тарихы 1.2 Ұлытау өңірінің физикалық-географиялық сипаттамасы 2. ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ 2.1 Ұлытау өңірінің рекреациялық ресурстарын туризмді дамытуда пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері 2.2 Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстары 2.3. Ұлытау өңірінің туристік-рекреациялық мүмкіндіктерінің даму болашағы мен жетілдіру жолдары Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тізімі Қосымшалар 5
  • 3. Кіріспе Ғылыми жоба жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және табиғат байлықтарын қорғау, сақтап қалу және көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп келеді. Елбасының «100 нақты қадамы» елімізге «2050- стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Ұлттың дамыған 30 мемлекеттер қатарына кіру мақсатындағы индустриалды және экономикалық дамудың бағдарламасына сай ұсынылған «100 нақты қадамының» 57-ші қадамында туристік кластерлер құрудағы озық тәжірибесі негізінде инвесторлар тарту ұсынылған. Қазақстан Еуразия материгінің кіндік бөлігінде орналасып, аумағы батысында Каспий теңізі мен Еділ сағасынан, шығысында Алтай жоталарына дейін, ал солтүстігінде Орал таулары мен Батыс Сібір жазығынан, оңтүстігінде Орта Азия шөлдері мен Тянь-Шаньның қарлы шыңдарына дейінгі ұлан-ғайыр кеңістікті алып жатыр. Осындай кең аумаққа созылған қазақ жерінің табиғаты аса бай болуымен қатар, көркемдігімен де көзге түседі. Аймақта туризм нарығын дамыту үшін рекреациялық қорлар көптеп кездеседі, солардың бірі - Ұлытау өңірі, осыған орай тақырыптың өзектілігі жоғары, туристік кластерді құрудың алғышарттары бар бірден-бір нысан. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ ДТҰ-ң Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясында әлемдегі жалпы өнім көлемінің 10%-н туризм саласындағы кіріс құрайтынын, туризм саласындағы бизнес әлемі барлық мемлекеттің 800 миллиардтан астам долларын салықтық түсімдермен қамтамасыз ететіндігіне тоқтала отырып, қазіргі уақытта Еуропа мен Азиядағы 14 миллионға жуық туристер таяу уақытта Қазақстанда болуды жоспарлап отырғандығын, әсіресе, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және АҚШ елдерінде біздің елімізге қызығушылық байқалатындығын атап өткен. Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының 6
  • 4. өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінді мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ. Ұлытау өңірі бірегей туристік әлеуеті жоғары өлке. Аудан көптеген туризм түрлерін, атап айтқанда, тарихи-мәдени, танымдық, спорттық, аң және балық аулаушылық, экологиялық, емдік-сауықтыру, этникалық, ғылыми және танымдық туризм түрлерін дамытуға жайлы территорияда орналасқан. Ғылыми жоба жұмысының мақсаты - рекреациялық ресурстарды бағалау. Аймақта бар, туристердің қызығушылығын арттыратын, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштерді және өндірістік нысандарды ашып, көрсету, ішкі туризмді дамыту. Ұлытау өңірін рекреациялық-географиялық тұрғыда зерттеу, елімізде туристік кластерді қалыптастырудағы үлгі ретінде ұсыну. Ғылыми жоба жұмысының нысаны. Қазақстанның туризм нысаны - Ұлытау өңірі. Зерттеудің ғылыми болжамы. Туризм саласында қазақ жерінің табиғат- ресурстарын қолдану, рекреациялық аймақтарды және ғылыми-зерттеу орталықтарын қалыптастыру, рекреациялық аймақтарды туризмде пайдалану. Туризм дамуы үшін жергілікті халықты тарту маңызды орын алады. Бірақ, бұл үшін халық тұрмысы мен еңбегі үшін қолайлы табиғи рекреациялық ресурстары бар территорияны анықтау қажет. Табиғи-рекреациялық және тарихи мәдени орындарының қазіргі күйі мен оларға байланысты бар мәселелерді анықтап оларды шешу маңызды орын алады. Ғылыми жоба жұмыстың міндеттері: - Ұлытау өңіріне физикалық-географиялық сипаттама беру; - Ұлытау өңірінің зерттелу тарихын зерделеу; - Ұлытау өңірінің рекреациялық-географиялық әлеуетін бағалау; - Аймақта жұмыс жасап жатқан рекреациялық нысандардың экономикадағы рөлін айқындау; - Ұлытау өңіріндегі турим саласының қазіргі даму жағдайын талдау; - Еліміздегі туристік кластердің дамуындағы мүмкіндіктер мен мәселелерін зерттеу. Мәселенің деректік көзі. Географтардың, биологтардың, экологтардың зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген еңбектері, Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғат ресурстарын қорғау туралы 7
  • 5. заңдары мен тұжырымдамалары, Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамының Ұлытау өңіріне 2014 жылы жасаған экспедиция мәліметтері. Ғылыми жоба жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Ұлытау өңірі тақырыбындағы отандық және шетелдік авторлар еңбектерін пайдалану. Ғылыми жоба жұмысының зерттеу әдістері. Теориялық-методологиялық әдістер, зерттеу мәселесі бойынша биологиялық, географиялық ғылыми- әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау. Ғылыми жоба жұмысының практикалық маңызы. Қазақстан территориясында ерекше қорғалатын аумақтар жағдайын байыпты бағалаудың нәтижесі аймақтың экономикалық даму болашағын ескере отырып, Ұлытау өңірінің географиялық-рекреациялық ресурстарын зерттей отырып, студенттер мен оқытушылар үшін теориялық-практикалық тұрғыда қолданысқа енгізуге болатын тың материалдар жинақталды. Ғылыми жоба жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, нысанасы, пәні, болжамы, міндеттері, әдістері, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар айқындалады. 8
  • 6. 1. ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ 1.1 Ұлытау өңірінің географиялық зерттелу тарихы Ұлытау - Ұлы даладағы қазақ этносының қалыптасу тарихымен мейлінше терең байланысқан аймақ. Ұлытay - қaзaқтың көне ғaсыpлық тaрихындa ұлан- асыр оқиғаларды бастан өткерген, ел басына күн туған шақтарда халқымызға пана болған, хандарымыз өз ордаларын тіккен, билеріміз бен батырларымыз бастарын қосып, елдік мәселелерді шешкен, киелі де құнарлы әрі қазыналы өлке. «Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен емес, суының көптігінен емес, тарихтың үлкен оқиғаларында бүкіл ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан Ұлытау атанған...» деп Әбіш Кекілбайұлы атап кеткендей Ұлытау аймағының Қазақстанда орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев киелі жердегі биылғы сұхбатында қазақтың қай түкпірінде де қасиетті орындар бар екенін, Берел қорғанын, Аңырақай шайқасы өткен жерді, Сарайшықты, Түркістанды айта келе: «Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа» деген болатын. Ұлытаудың қасиеті туралы аз жазылып жүрген жоқ. Тіпті тарихтың атасы атанған Геродот жазбаларында да бұл жердің ескі атауы кездеседі. Осыдан үш ғасырға жуық Ұлытау төңірегінде болған швед ғалымы Старленберг: «Тұнып тұрған қандай тамаша тарих! Мұндай әсемдікті басқа өңірден табу қиын шығар» деп сүйсіне жазған. Біздің заманымызға дейінгі ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы Герадот Арал теңізінің Солтүстік және Батыс жағын (бүгінгі Орталық Қазақстан өңірін) массагеттер мен сақтар мекендейтінін, олардың тұрмыста қолданатын бұйымдары мен қару-жарақтары, алтын мен мыстан жасалатынын жазған. Жезқазғанда жатқан кен үйінділерінің көнелілігі осы Герадот көрсеткен кезеңге сәйкес келеді. Сондықтан Жезқазғанның ежелгі өндіріс мәдениеті біздің дәуіріміздің XIII ғасырында емес, одан да анағұрлым көне кезеңде, б.д.д. V ғасырда қалыптасқан [1]. Ұлытау-Жезқазған өңірінің тарихы осы XIII ғасырдың басынан Қазақ хандығы ресми құрылғанға дейінгі кезеңде Шыңғыс ханның, оның ұлы Жошы хан есімдерімен тығыз байланыста өріледі. Сол кезеңнен қалған талай әңгімелер мен аңыздар осы өңірден жазылып алынған, осы аймақтағы талай сәулет ескерткіштері өздерінің сол кездегі қайталанбас сыр-сымбатын сақтап, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Ұлытау өңірінің Шыңғыс хан шеруіне дейінгі тарихы сақ, скиф, сармат, массагет, ғұн, қыпшақ, оғыз сияқты көне түркі тайпалармен тығыз 9
  • 7. байланыста болған. Бұл аймақтың одан кейінгі екі ғасырлық кезеңі Жошы ұлысынан, Алтын Орда, Көк орда хандықтарының тыныс-тіршілігімен қабысып жатыр. Ұлы қолбасшы Шыңғысханның бүгінгі қазақ даласындағы тұңғыш күрделі шайқасы Ұлытаумен жапсарлас жатқан аймақта өтті. “1216 жылы Ырғыз өзенінің бойында меркіттердің тас-талқанын шығарған монғолдар Хорезмшахтың жасағының күтпеген шабуылына ұшырады”,- деп жазады ғұлама ғалым Л.Н. Гумилев. Хорезм патшасының әскерін талқандаған Шыңғыс 1223 жылы үлкен ұлы Жошыны жаулап алған қыпшақ даласын басқару үшін 4000 әскермен Ұлытауда қалдырды. Міне, сол кезден бастап Ұлытау - ұлан- байтақ Жошы ұлысының саяси-әлеуметтік, сауда-экономикалық орталығы болды. Жошы қайтыс болғаннан кейін жаулап алынған шалқар кеңістік - Ақ Орда, Көк Орда және Шағатай ұлыстарына бөлінген кезде, оның үлкен ұлы Орда Ежен Сырдариядан Саян тауларына дейінгі аймақты қамтитын Көк Орданы осы Ұлытаудан басқарды [4]. ХVIII - XIX ғасырларда орыс зерттеушілері Н.Витзен, Д.Г: Мессершмидт, Г.Ф. Генс, П.И.Шангин, Г.И. Спасский, А.И.Левшин, өздері көрген көптеген қалалар мен елді мекендердің орындары, кесенелері жайлы жазды. Олардың арасындағы Жошы хан, Алаша хан кесенелері ортағасырлық сәулет өнерінің тамаша туындыларына жатады. Әсіресе, Н.П. Рычковтың археологиялық жазбалары көңіл аударарлық. «Ұлытау тауларынан Ұлы Жыланшық, Қаракеңгір, Сары-Кеңгір, Жезді- Кеңгір, өзендері бастау алады. Ол жерлерде осы төңіректі мекен еткен бұрынғы адамдардың қазып тастаған мыс кенінің орындары өте көп. Алтын мен күмістің де белгілері өте көп. Кеңгірлер әр жерден ағып жатса да, бәрі қосылып Сарысуға құяды. Олардың қосылған сағасында Жуан Ана деп аталатын ежелгі елді мекеннің тамаша орны бар. Бұл төңіректе Шыңғыс хан балаларының астанасы болған деген сөз бар», - деп жазады ол. Н.П. Рычков Қара-Торғайдың жоғарғы ағысынан жалдармен және орлармен қоршалып жатқан Домбағұл қалашығын тапқанда қатты таң қалған. Оның күнделігінде: «Бұл қала төртбұрышты қамал секілді салынған. Оның төрт жағында бірдей жалдар бар. Шығыс жақтан бекіністің ішіне кіретін қақпасы терең емес. Мұның бәрі бұл жердің тым көне екенін көрсетеді»,-деп жазылған. Зерттеуші қалашықтан оңтүстікке қарай екі шақырым жерден, Қара-Торғай өзенінің шығыс жағалауынан «кірпіш пен тақта тастардан жасалған храмға ұқсас ежелгі ғимаратты» тауып алады. Оның биіктігі 9 сажыннан да көп, ұзындығы мен ені 7 сажын, екі кішкене терезесі бар. Ғимараттың айналасында 10
  • 8. мазарлар көп, олардың үшеуінің кемері кірпіштен қаланған. «Ғимараттың пішінінен ежелгі құрылысшылардың талғамы мен өнері байқалады». Ғалым жергілікті тұрғындар - қазақтардан сұрастырғанда, бұл жер олардың ата- бабаларының, ноғайлылардың жері болғанын айтқан. Н.П. Рычков зерттеген жерлерді 1815 жылы инженер Б.Ф. Герман аралайды. Ол да ерте ортағасырдың мәдени қабатына кез болады, өңделген жерлердің орнын, суару жүйесін, сондай-ақ саз-балшықтан жасалған құрылыстардың қалдығы бар төбешікті табады. Экспедицияға қатысқан инженер Г.Генс Торғай мен Ұлытау далаларындағы отырықшы мәдениет ескерткіштерін бірнеше түрлерге топтастырды: саз балшықтан созылған құрылыстары бар отырықшы елді мекендер; жергілікті билеушілердің баспанасы болған сарайлар мен бекіністердің қирандылары; храмдар қалдығы; күйдірілген кірпіштен қаланған мазарлар; скиф заманынан қалған үлкен төбелер. «Атақты ғимараттар, сарайлар храмдар, мазарлар, күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған және олар осы билеген адамдардікі. Ал басқалары саз балшықтан тұрғызылған. Көз тартар ғимараттар да тастан қаланған, аз бөлігі кірпіштен өрілген», -деп көрсетеді [6]. XX ғасырдағы қазақ ғұламасы Қаныш Сәтбаев Ұлытаудағы Алтыншоқының басынан тапқан бұл тас сол заманның аса құнды жәдігері ретінде қазір Санкт- Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы тұр. Онда Тұранның сұлтаны Темірдің жүз мың әскермен Тоқтамыс ханмен соғысуға бара жатып, Ұлытауға аялдағаны жайлы жазылған. Міне, осылайша Шарафадин Әли Йезди жазбаларындағы дерекке Сәтбаев тапқан тас бұлтартпас дәлел болды. Ұлытау-Кішітау-Арғанаты сілемдеріндегі материалдық өркениет іздерін зерттей бастаған Қ.И.Сәтбаев өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңында-ақ Милықұдық айналасындағы өңдеуден өткен кен қалдықтарының көлемі он гектардан астам жерді алып жатыр деп жазған болатын. Н.В. Валукинскийдің жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі Сәтбевтың осы батыл тұжырымын барынша тиянақтай, нақтылай түскендігін айта кеткен жөн. Осындай бұлтартпас ғылыми жаңалықтардың негізінде Ұлытау қола дәуірінен бастап, орта ғасырларға дейін түсті және қара металл орасан зор көлемде өндіріліп, дәстүр сабақтастығы сақталып келгендігі келеді. «Жезқазғанда өте көне замандардың өзінде тау-кен жұмыстарының ауқымы керемет кең болды. Ең қарапайым есептеулердің өзі көне замандарда Жезқазған алқабынан кем дегенде бір миллион тоннадан артық, құрамы мысқа бай кен өндірілгенін көрсетеді, деп жазды Қ.И.Сәтбаев. Оның бұл тұжырымын Ұлы даланың кіндік тұсында зерттеу жұмыстарын жүргізген Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жинаған 11
  • 9. мәліметтері толық бекітіп берді. Қазақстандағы археологияның атасы Ә.Марғұлан жетекшілік еткен бұл ғылыми мекеме Ұлытау-Жезқазған өңірінде жүйелі түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тың нәтижеге қол жеткізді. Археологиялық зерттеулер Ұлытау төңірегінің қай аймағында да қайнаған өмірдің, биік мәдениеттің, өрелі өнердің, оның ішінде металл өндіру тәрізді қарымды әрі күрделі кәсіптің Герадот жазған көне заманнан бері қарай ұзақ уақыт бойына үзіліссіз, талассыз дамып келе жатқандығын көрсетіп отыр [7]. Ұлытау өңірін жіті зерттеген ғалымдардың бірі - қазақ халқының тарихын, материалдық және рухани мәдениетін ғылыми тұрғыда өте терең әрі кең ауқымда зерттеген ғұлама ғалым, академик Әлкей Марғұлан. Академиктің Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапарлары туралы естеліктер 1943 жылғы шыққан «За медь» газетінен табылды. 12
  • 10. 1.2 Ұлытау өңірінің физикалық-географиялық сипаттамасы Арқадағы алып аудан - Ұлытау Торғай қолатының оңтүстік-шығысын және Бетпақдаланың қиыр-солтүстік бөлігін алып жатыр. Аудан кең байтақ қазақ жерінің нақ орталығында орналасқан. Математикалық жоғары дәлдікпен есептегенде Ұлытау - Отанымыздың геометриялық орталығы, яғни, қазақ жерінің дәл кіндігі болып табылады. Ауданның алып жатқан жерінің аумағы батыстан шығысқа қарай-540, солтүстіктен оңтүстікке -435 шақырымға созылады. Қазақстанның географиялық орталығы 48°С 11' с.е. және 66° 22' ш.б. (Жезқазған қаласынан 100 км солтүстік батыста Ұлытау жотасында) орналасқан. Аудан жеріне Еуропаның Швейцария, Нидерланды, Дания сияқты үш бірдей белгілі мемлекетін еркін орналастыруға болады. Ұлытау - жер көлемі жағынан Қазақстандағы ең үлкен аудан. Ол Қарағанды облысы аумағының үштен біріне жуығын, Қазақстан жерінің 4,5 пайызын алып жатыр. Аудан жері Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарымен шекаралас. Ұлытау өңірінің солтүстік бағыттағы қиыр нүктесі - Арғанаты тауының теріскей тұсындағы Қаптыадыр шоқысында (биіктігі 760м), ал оңтүстіктегі шеткі нүктесі - Мойынқұм құмының Көкпекті - Қызылқақ ойысында, батыстағы қиыр нүктесі - Арал маңы Қарақұмының Жіңішкеқұм жотасында, шығыстағы шекарасы - Қызылжар станциясының оңтүстігіндегі Сарыжал (биіктігі-368м) қыратында жатыр. Климаты. Шұғыл континенталды ауа райы қалыптасқан аймақ болғандықтан Ұлытау өңірінде Сібірдің сақылдаған аязы мен Орта Азияның ауыз аштырмас аптабы тоғысып тұрады. Ұлытаудың қысы қатаң, жазы ыстық. Жаздағы орташа температура +22 ºС болса, қыста бұл көрсеткіш -22 ºС тең. Аудан аумағының басым бөлігінде жыл бойына жауын-шашын 200 мм-ден кем түседі. Өлкенің оңтүстігі және батысындағы құмдарға жаңбыр мен қар тіпті аз жауады. Арал маңы Қарақұмындағы бұл көрсеткіш мүлдем төмен, бар болғаны 80 мм шамасында ғана. Аудан жерінің таулы-қыратты бөлігінде яғни солтүстікке қарай жылдық ылғал мөлшері анағұрлым артады. Оның көлемі 200-250 мм-ге жетеді. Ең ылғалды жауын-шашынды жер - Ұлытау тауының айналасы. Бұл маңайда жылдық ылғал мөлшері 300-350 мм. Ұлытау аймағына көктем айларының соңына дейін және күздің алғашқы айларында аракідік солтүстіктен арктикалық ауа еніп тұрады. Осындай 13
  • 11. тәуліктерде үсік (замороски) жиі қайталанып, ауыл шаруашылығына, оның ішінде егіншілікке, бау-бақшаға, мал төлдетуге зардабын тигізеді. Жер бедері. Ұлытау өңірінің жер бедері оңтүстік-батысқа қарай бірте-бірте аласара бастайды. Аудан жерінің ең биік нүктесі - Ұлытаудағы Ақмешіт шыңы. Оның биіктігі 1134 метр. Аудан аумағының ең төмен, ең аласа алқабы - Қарсақбай қыратының оңтүстік беткейінде жатқан Мыңбұлақ ойысы. Оның өзі теңіз деңгейінен 100 метр шамасында жоғары жатыр. Ұлытау - Сарыарқа тауларының ішіндегі ең көнесі. Оның Едіге, Қыземшек, Айыртау, Ақмешіт әулие сияқты шоқылары мыңдаған ғасырлар бойы толассыз жүріп жатқан қоршаған ортадағы табиғат құбылыстарының әсерінен әбден қажалып, әр түрлі үгітілу процесіне бой алдырған. Тау шоқыларының тік жарқабақтарының құлау бұрышы 20-25 градус арасында болғандықтан, олардың арасындағы шатқалдардың ені тар. Бетпақдала үстірті - Ұлытау ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр, ол Шу мен Сарысу өзендері аралығында орналасқан. Оның шығыс бөлігі ұсақ шоқылардан, аласа таулардан тұрады. Ұлытау ауданы жерінің құрамына Бетпақдаланың батыс бөлігі кіреді. Екеуінің арасын бөліп тұрған жазық Қоғашық деп аталады. Пайдалы қазбалары. Ұлытау жері пайдалы қазбаларға өте бай. Мұның себебі жер көлемінің үлкендігінде ғана емес, оның геологиялық құрылымына да байланысты. Бұл өлкенің жер асты байлықтары бағзы замандардан бастап белгілі болған. Жезқазғандағы әлемге әйгілі мыс кеніші біздің жыл санауымыздан он ғасырдай уақыт бұрын жұмыс істеп тұрған. Бұл өңірде қола дәуірінде мыстан өзге алтын, күміс, қалайы қорытылғандығы жайлы деректер аз емес. Оны осы өңірдегі жер-су атауларынан да байқаймыз. Мысалы, Жезді (бойында жез көп өзен), Жезқазған (жез өндірген жер), Алтыншоқы (алтын шыққан тау), Қорғасынтау (қорғасынға бай тау) және т.б. Аудан көлемінде өндіріліп жатқан немесе барланған пайдалы қазбалар тізбесі төмендегі кестеде келтірілген. 1.1-кесте. Ұлытау өңірінің пайдалы қазбалары Кенді пайдалы қазбалар Жанатын пайдалы қазбалар Кенсіз пайдалы қазбалар Кең тараған металдар Сирек металдар Химиялық шикізаттар Құрылыс материалдары 14
  • 12. Темір Марганец Алюминий Мыс Қорғасын Ваннадий Алтын Күміс Уран Осьмий Рений және т.б. Таскөмір Қоңыркөмір Лигнин Мұнай Газ Күкірт Родусит Пьезокварц Саз Асбест Қиыршық тас Құм Гранит Мрамор Әктас және т.б. Су қорлары. Құрлықтың ортасында, Еуразия кіндігінде орналасқандықтан Ұлытау ауданының ішкі суы тұйық алапта жатыр. Тек Терісаққан өзені ғана Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын өзендердің саласы болып табылады. Сулары жазда тартылып, кесіліп қалса да, Ұлытаудан бастау алатын өзендер көп. Алпыс төрт сала Торғай мен отыз төрт сала Кеңгір өңір халқының суға деген қажетін өтеп отыр. Сондай-ақ, аудан аумағында үлкенді-кішілі, ащылы-тұщылы көлдер де аз емес. Өсімдік жамылғысы. Ботаникалық зерттеу мәліметтері бойынша Ұлытауда 970 өсімдіктің түрі есепке алынған. Оның 92 пайызы шөптесінді, 7 пайызы бұталы, қалған 1 пайызы ағаштар болып келеді. Бетпақдалада 306 түрлі өсімдік өседі. 90 түрлі өсімдіктің дәрілік қасиеті бар. Оның ішінде: шөптер - 68, ағаштар-6, бұтақтар-16. Өте сирек кездесетін өсімдіктердің 19 түрі бар. Ұлытау өңірі, әсіресе, оның өзендері мен көлдерінің жағалары құнарлы табиғи жайылымдарға бай. Сондықтан да бұл өлке мал өсіруге өте қолайлы. Ұлытау өңірінде әртүрлі себептермен жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар мен құстардың түрлері аз емес. Олардың “Қызыл кітапқа” енгендерінің саны әжептәуір. Осы аймақты ежелден мекендеп келе жатқан ақбас тырна, ақбауыр бұлдырық, аққұйрық қызғыш, ақ тырна, безгелдек, тау бүркіті, бұйра бірқазан, жорға дуадақ, жұқатұмсық жылқышы, жыланбүркіт, қоқиқаз, қараләйлік, сабаншы, сұңқылдақ аққу, тарғақ, ұзынқұйрық ақиық секілді құстар мен үш башайлы ергежейлі қосаяқ, атжалман, бес башайлы қосаяқ, қарақұйрық, шұбар күзен, дала мысығы тәрізді жануарлардың тұқымы мүлдем жойылып кетуге жақын тұр. Сирек жойылып бара жатқан Республикалық “Қызыл кітапқа” енген жануарлар түрі: арқар, киік, ондатр, қабан, сілеусін т.б. Құстар да өте көп 15
  • 13. мекендейді. Аққу, италақаз, үкі, қарлығаш, жарғанат, қаршыға, дуадақ, бүркіт т.б. Көктем сайын Ұлытау өңіріндегі көптеген көлдерге Үндістаннан, Жерорта теңізінен, Азия, Африка жағалауларынан сан түрлі жыл құстары келіп, табиғат жайқалып сала береді. Ормандары санитарлық-гигиеналық және қорғау міндеттерін атқарып, І топқа жатады, яғни, қоршаған ортаның тазалығына, өзен ағысының тартылып қалмауына әсер етеді. Мұнда таулы қыратты мекендейтін жануарлардың түр-түрі көптеп саналады. Атап айтқанда, борсық, түлкі, қасқыр, қабан, күзен, суыр, су егеуқұйрығы, құлақты кірпі, орман тышқаны, сусар тұқымдас ақ тышқан (ласка), ақтышқан (горностай), құрдың түрлері және тағы басқалары. Ұлытаудың бірегей құсы - қара ләйлек ҚР мен ТМД елдерінің «Қызыл кітабына» енгізілген. Қазіргі кезде адамдардың көпшілігі аң мен құсты өлтіруді адамгершілікке жатқызбай, қорғаштайды. Ал, құрт-құмырсқа сияқты жәндіктерді таптап өте беру әдеттегі іске айналған. Олардың да әлемде өз орны, пайдасы мен зияны барын ескере бермейді. Ал, біздің ормандарымыз бен бау- бақшаларымызда өте сирек кездесетін табиғат сыйлары мекен етеді. Мәселен, Ұлытауда биологтарымыздың зерттеуі бойынша, көбелектің 91 түрі кездеседі. Соның ішінде аполлон, махаон, подалирий сияқты әсем желпуіш қанаттылар ТМД-ның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ұлытау тауларында көк шегірткенің сирек түрі, осы тұқымдастың жалғыз өкілі - дала шекілдегі мекендейді. Ол және сонымен қатар, хош иісті барылдауық қоңыз да сирек жәндіктер ретінде «Қызыл кітаптан» орын тепкен. Бауырымен жорғалаушылар арасынан улы сұр жыланды, қара шұбар жылан мен су жылан да кездеседі. Жоғарыда атап өткеніміздей, олардың табиғатта өз орны бар. Сондықтан, оларды қорғау мақсатында ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі №746 қаулысымен Ұлытауда аумағы 19300 гектар республикалық дәрежедегі мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қорық құрылды [24]. Аймақтың топырағы шөлді далалық сортаңданған қара топырақ және ашық каштан топырақ. Топырақтың тоңдану тереңдігі шамамен130 см. Негізінен, қой және түйе жайылымдарына қолайлы. 16
  • 14. 2 ҰЛЫТАУ ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК-РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ 2.1 Ұлытау өңірінің рекреациялық ресурстарын туризмді дамытуда пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктері Ұлытау ауданы - Қарағанды облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және республикамыздың бес облысымен шекаралас: Оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарымен, солтүстігінде Қостанай облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен, батысында Қызылорда облысымен шектеседі. Ұлытау ауданы 1927 жылы 28 маусымда Қарсақпай ауданы ретінде құрылған. 1928 жылы Қызылорда округіне қарады. 1930 жылы Қазақ АССР- дың қарамағына өтті. 1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына өтіп, 1936 жылы Қарағанды облысына берілді. 1940 жылдың мамыр айында Қарсақпай ауданы Жезқазған деп аталды. 1963 жылы аудан таратылып, 1972 жылдың наурыз айында қайта құрылды. 1973 жылы Жезқазған облысына берілді. Ал 1974 жылы аудан аты Ұлытау деп өзгертілді. Ұлытау ауданы аумағы 12 млн гектардан астам жерді алып жатыр, осы аумақтан 618 км республикалық, 474 км облыстық, 213 км аудандық дәрежедегі жолдар өтеді. Негізгі экономикалық бағыты: ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрайды. Қазіргі таңда аудандық жерлердің алдында бұдан да зор мақсаттар қойылып отыр, ол дегеніміз аймақтардың жергілікті экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлы түрде жүргізу қажеттілігінің зор маңызы бар екенін көрсетеді. • Ұлытау ауданы 1973 жылы қараша айында құрылған. • Облыс орталығынан 700 шақырым қашықтықта орналасқан аудан аумағы 12 293 105 га жерді алып жатыр. Бұл жалпы облыс аумағының 29 пайызы деуге келеді. • Республиканың 5 облысымен шекаралас. • Құрамына 12 ауылдық және 3 кенттік округтер мен 29 елді мекен кіретін аудан халқының саны былтырғы 1 қаңтардағы есеп бойынша 16 000-ға жуық. Аудан орталығында 2500-ге тарта халық тұрады. 17
  • 15. • 800-ден астам тарихи-археологиялық және архитектуралық мәдени ескерткіштер болса, оның 386-сы мемлекет қорғауында және 13 ескерткішке республикалық мәртебе берілген. • Ұлытауда 90 түрлі емдік қасиеті бар және реликті өсімдіктер өседі. Тек Ұлытауда ғана өсетін 3 өсімдік «Улытауские эндемики» деген атпен Қызыл кітапқа енген [32]. Қазіргі экологиялық жағдайы: қолайлы. Провинцияның экологиялық жағдайына әсер ететіндері: Топырақ қабаттарының жанбаған зымырандық отынмен-гептилмен ластануы, малды шектен тыс жаю салдарынан жайылымдардың тозуы. Қазіргі таңда аймақ бойынша тарихи-археологиялық ескерткіштер қайта қалпына келтірілуде. Кейбір мысалдарды келтіріп кетейін. 11.12.2004 жылы Қарағанды олысы бойынша облыстық маслихаттың Х сессиясында 2005-2007 жылдар мәдени мұра бағдарламасы қабылданған. «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайында 2500 экспонат, мұражай-қорық кітапханасында 285 кітап жинақталған. Қорық-мұражай аумағында 680 тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде 30 ескерткіш республикалық, 160 ескерткіш облыстық, 490 ескерткіш аудандық деңгейде тіркелген. Олардың ішінде Алашахан мазары, Домбауыл мазары, Жошыхан мазары, Ерден мазары, Айранбай мазары, Теректі әулие, Ақмешіт әулие, Алтыншоқы, Хан ордасы ескерткіштерін атап өтуге болады. Аймақтағы табиғи территориялар ауданы өте аз. Аймақтың экологиялық жағдайына байланысты қосымша қорғалатын табиғи территорияларды құру қажеттілігі туындайды. 2005 жылдың 30 шілдеде «Ұлытау - көшпенді өркениеттің ежелгі орталығы» атты көрме ашылды. Сонымен қатар, Жезқазған қаласының өлкетану музейі және «Қазақмыс» корпорациясымен бірігіп қазақтардың этнографиясына арналған көрмелер ұйымдастырылды. - Ұлытау мен Кенесары хан; - Ежелгі Түркістан және Ұлытау; - Қ. Сәтпаев ежелгі Жезқазған аумағының Ұлытау тарихы мен археология зерттеушісі; -Әбунәсір әл-Фараби, Шыңғысхан және Темірланның балауыз фигураларын қойып «ежелгі Ұлытау тарихындағы Ұлы адамдар» Қазіргі уақытта Ұлытау - Жезқазған аумағындағы ескерткіштер жағдайы туралы карта дайындалуда. 18
  • 16. Ұлытау аймағында индустрияның қалыптасу мен дамуымен байланысты, туристер үшін танымдық қызығушылықты тудыратын басқа да нышандар баршылық. Туристер ірі түсті металлургияның, химия, электроэнергетика кәсіпорындар мен өндіріс мекемелері бар қалаларды тамашалауы мүмкін. Туризм жағдайы негізінен орналастыру жағдайымен сипатталады. Осы саланың дамуымен туристік ағымдар байланысты. 2000 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда 365 қонақ үй тіркелген. Қарағанды облысында 18 қонақ үй, оның ішінде Жезқазған қаласында үш қонақ үйі тіркелген. Ең ірісі «Байқоңыр» қонақ үйі, халықаралық стандарттарға жауап береді. Жоғарғы қызмет көрсететін «Самсунг» медициналық кешені қала қонақтарын мен туристерін қабылдайды. Сондай-ақ туристік бизнестегі басты факторларының бірі туризм саласының материалды базасы болып табылады, бірақ Ұлытау аймағында база өте шектелген. Соңғы жылдары рекреациялық іс-әрекет құрылымында агрорекреацияның маңызы артты. Бұның себепшісі халықтың демалысты өндіріспен және ауыл шаруашылығымен үйлестіру болып табылады. Дачалық- бақташылық іс-әрекеттер де қысқа мерзімді демалысқа жатады. 19
  • 17. 2.1 Ұлытау өңірінің табиғи рекреациялық ресурстары Ұлытау ұлттық қорықшасы. Ұлытау қорықшасы Ұлытау ауылының батыс бөлігінде, Жезді кентінің 60 км солтүстігінде, Жезді, Жыланды, Сарыторғай, Үлкен Жыланды өзендерінің аралығында орналасқан. Алып жатқан ауданы 54200 га жер 1999 жылы құрылған. Бұл қорықшаның толық сипаттамасы жоқ. Мұнда Қарағанды облысының басқы жерінде мүлде кездеспейтін өсімдіктің 14 түрі өседі. Бұл өсімдіктер қорғауды қажет етеді. Оған алдымен ұлытау эндемиктері, ұлытау түймешетені, қылды мыңжапырақ, ұсақгүлді күреңот, сонымен қатар, Селькирка шегіргүлі, қазақ клаусиясы, үшжылдық мерингия, папоротник. Ылғалды ормандарда бореальды түрлері кездеседі, бозарған қияқ, қалалық гравилат, қара қарақат т.б. өседі. Ұлытауда орта азиаттық түр-жоңғар талы өседі, бұл өсімдік басқа облыстарда мүлдем кездеспейді. Сонымен қатар, Хартман осакасы, алтай доланасы өседі. Негізінен Жезқазған-Сәтпаев өндірістік торабының тұрғындарының демалатын орны. Қорғалатын аймаққа тарихи- мәдени кешендер және табиғи кешендер де кіреді. “Ұлытау” ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорық-мұражайы Республикалық маңызы бар мұражайлардың бірі. Тарихи-археологиялық ескерткіштер мен сирек кездесетін аң-құстарды қорғап сақтау жөнінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 29 қарашадағы №466 қаулысымен “Ұлытау” ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорық-мұражайы құрылды. Осы ашық аспан астындағы мұражайдың алып жатқан жер көлемі 1883 шаршы км. «Ұлытау» тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайында 2500 экспонат, мұражай-қорық кітапханасында 285 кітап жинақталған. Қорық-мұражай аумағында 680 тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде 30 ескерткіш Республикалық, 160 ескерткіш облыстық, 490 ескерткіш аудандық деңгейде тіркелген. Негізгі мақсаты: Тарихи-археологиялық ескерткіштер мен тарихи ландшафтарды қорғап, сақтау және насихаттау. Негізгі міндеттері: -Ұлытау тарихи-архитектуралық, археологиялық кешенінің тұтастығын қамтамасыз ету, оның тарихи орнын сақтау; -Ғылыми-зерттеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарымен қатар арнайы этнографиялық, археологиялық, кешендік мамандандырылған экспедициялар ұйымдастыру; -Мәдени-ағарту, жарнамалық-ақпарат және баспа қызметтерін жүргізу [39]. 20
  • 18. Аталған аймақта 200 кешеннен артық ескерткіштер саны орын алады. Ескерткіштер санын анықтау және төлқұжаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ұлытау ауданы аймағында 358 тарихи-мәдени ескерткіш төлқұжаттандырылған. Олардың ішінде 11 ескерткіш Республикалық маңызға ие: Айранбай, Мақат, Жошыхан, Алашахан, Болған ана, Басқамыр, Аяққамыр, Дүзен, Домбауыл, Кетебай, Лабақ мазарлары. Штаттық кесте бойынша қорык- мұражайда 22 қызметкер жұмыс істейді. Директоры Б. С.Қожахметов. Қорық-мұражайда 4 бөлім жұмыс атқарады: қор бөлімі, археология, архитектура, туризм бөлімдері. Мекеме ғимараты 2 қабаттан тұрады. Ұлытауды «Таулар, көлдер, бұлақтардың аймағы» деп атайды. Ұлытаудағы бұлақ суының емдік қасиеті татар-моңғолдардың «астанасы» Қарақорымға бет алған орыс және еуропалық емшілерге де мәлім болған. Ұлытауда Қарағанды облысының басқа жерінде кездеспейтін 14 өсімдік түрі өседі. Оған алдымен эндемиктер (ұлытау түймешетені, түкті мыңжапырақ, ұсақгүлді күреңот), сонымен қатар өте сирек кездесетін cелькирка шегіргүлі, қазақ күреңі, краниоспермум, үшжылдық бүйіргүл, папоротник, шашты қалампыршөп, т.б. өседі. Ылғалды ормандарда біздің облыстарда кездеспейтін жоңғар талы, өте сирек кездесетін алтай доланасы бар. Ұлытау аумағында ботаникалық және географиялық зерттеулер бойынша 617 өсімдік түрлері белгілі болған, оның ішінде 90 түрінен дәрі-дәрмекке пайдаланылады [40]. Ақжар қызыл таулары. Ақжар саз таулары еліміздің орталығындағы айрықша сұлу мекен. Ол Қостанай облысындағы Амангелді ауданы мен Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының шекарасында орналасқан. Табиғаттың өзі керемет тау сілемдерінен саз топырақ пен гипстің түрлі минералдарын араластырып, ақ-қызыл түске бояп тұр. Аустралиядағы Улуру төбешігіне өте ұқсас, бірақ құрылымы өзгеше тау жотасы адамның салмағынан төселіп кетіп жатыр. Өзге планета келбетін көз алдыңызға келтіретін де осы түстер. Ендеше мұнда келгенде өзіңізді Қазақстандағы «Марсқа» қадам басқандай сезінесіз. Сондықтан да бұл өлкені «Қазақстандағы Марс ғаламшары» деп атауға әбден болады. Әулиетау. Ұшар басында киіз үй сияқты үңгір бар. Үңгірдің төбесі тесік, одан ішіне жарық түседі және ортасына от жаққанда түтіні сол тесіктен шығады. Үңгірдің іргесіндегі кісі бойы терең апанда су бар. Оң жақ босағасында қай заманда қашалғаны белгісіз, пошымын шөккен түйе сияқты етіп жасаған тас мүсін тұр. «Бұл жерге баласы жоқтар бала тілеп келсе, әулие 21
  • 19. аян береді. Науқас адамдарды басына мал сойып, құдайы жасап түнетсе, ауруынан айығады, суын ішкен адамға ем болады» дейтін аңыз бар. Ертеде бұл жерге бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыпты адамдар, сырқатқа шалдыққан науқастар, пері жанап кеткен немесе ібілістің салқыны тиіп жынданып ауырғандар көптеп келіп, түнеп кететін болған. Бала тілегендер артынша бала сүйіп, ауырып келгендер дертінен айығып жатады екен. Әулиеге деген сол наным мен сенім күні бүгінге дейін сақталып, келушілердің саны қазір де толастамай отыр [41]. Арғанаты таулары Ұлытау тауларынан ерекшеленеді, бірақ, сол таулардың сілеміне жатады. Арғанаты тауының ең биік нүктесі 757 метр. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 80 км-ге созыла жалғасқан шоқылар тізбегінен тұрады. Ені 20 - 25 км. Ең биік жері - Дондығұл (757 м). Жаман Арғанаты және Жақсы Арғанаты болып екі атауға бөлінеді. Арғанатының биік шыңынан қарағанда тау бірнеше қатпарлы белестерден тұрады және жынысы екі түрлі болып келеді. Біреуі қызыл түсті граниттен болса, екіншісі қара қошқыл түсті сланец кенінен жаралған. Таулардың беткейлері көлбеуленіп бірте-бірте аласарып, төңірегіндегі жазыққа ұласады. Ауданда «Болатсай» демалыс зонасы, «Қазақмыс» корпорациясының демалыс зонасы бар. 2011 жылы «Ұлытау-ел» туристік кешенінің құрылысы жобасы Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының 2012-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілді. 22
  • 20. 2.2 Тарихи-мәдени рекреациялық ресурстары Адамзат тарихының даму сатысында қасиетті Ұлытаудың алатын орны бөлек. Қазақ елінің бірлігі, ұйытқысы болған Ұлытаудың мемлекеттілігіміздің іргесі қалануындағы орны да айрықша. Қазақ елінің халық болып қалыптасуының түп-төркіні осы Ұлытаудан бастау алады. Ұлытау - ұлттың ұясы, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасқан мекені, үш жүздің басы қосылған жер. Бір ғана Хан ордасы атауы бізге көп жайлардан мағлұмат береді. Бұл өңір Қазақстанның тарихи орталығы. Ұлытауда сақталған ескерткіштер палеолит пен неолит заманында көтерілген. Аймақ территориясында 1500 астам тарих пен мәдениет ескерткіштері табылған. Әсіресе жиі кездесетін аудандар Сарысу, Сарыкеңгір мен Қаракеңгір өзендерінің алабында шоғырланған. Көшпенділердің үш мың жылдық рухын бойына сіңірген, аты аңызға бөленген, ақындар жыр еткен, көп ғасыр адамды еліктіріп, өзіне тартқан бұл өлке өзінің құпияларын әлі де ашып болған жоқ. Айрықша туристік құндылықтар Ұлы жібек жолының Сарысу тармағы өткен жолы бойында орналасқан археологиялық, архитектуралы-тарихи ескерткіштер болып табылады. Бұл жол Орталық Қазақстанды Сырдария өзенінің бассейнінің оңтүстік аймақтарының отырықшы оазистерімен байланыстырды. 2.1-кесте. Республикалық маңызы бар тарихи-археологиялық ескерткіштер № Кезең Ескерткіштер 1 Ерте палеолит. Ашель дәуірі (б.з.д. 700 мыңжылдық пен 150-120 мыңжылдықтар арасы) Обалысай қонысы 2 Төменгі палеолит (б.з.д. ХХХV-X мыңжылдықтар) Жаманайбат, Мұзбел, Борсеңгір, Бөріойнақ тұрақтары. 3 Неолит (жаңа тас дәуірі, б.з.д. X-III мыңжылдықтар) Жезқазған, Ұлытау, Байқоңыр, Теректі әулие петроглифтері (тастардағы таңбалар). Тасөткел, Шығырлы, Қаратал, Түйемойнақ қоныстары. 23
  • 21. 4 Энеолит (қола дәуірі, б.з.д. ІІІ-І мыңжылдықтар). Милықұдық, Сорқұдық, Айбас дарасы, Айнакөл, Тасқұдық, Талдысай қоныстары. 5 Темір дәуірі (б.з.д І мыңжылдықтан бастап) Ұлытау өңірінің аумағындағы 20-дан астам мұртты обалар. 6 Ертедегі орта ғасыр (Х ғасырға дейін). Жылысай, Домбауыл және басқа да дыңдар. “Таңбалы тас” кешені, өңірдегі ежелгі қалалардың бір тобы. 7 Классикалық орта ғасыр (XI-дан XV ғасырға дейін). Алашахан, Жошы хан, Болған ана, Құлан ана, Аяққамыр кесенелері, Хан ордасы, Жошы ордасы, Едіге, Тоқтамыс бейітері, Ақмешіт әулие, өңірдегі ежелгі қалалардың бір тобы. 8 Кейінгі орта ғасыр (XV- XVII ғасырлар). Жансейіт кесенесі, Қойлыбай бақсы бейіті. 9 Бүгінгі заман (XVII ғасырдан бастап.) Ерден, Дүзен, Кетебай, Лабақ, Нәдірбай, Зылғара, Шегір би кесенелері және т.б. Хан ордасы Ұлытаудың батысында 20 км. Жанғабыл өзенінің бойында, Қаратал қыстағына жақын жазықта «Хан ордасы» деп аталатын тарихи орын бар. Бұл ордың ұзындығы шамамен 120-130м., көлденеңі 50-60м. болатын жол. Бір деректерде, мысалы, Қазақ Совет Энциклопедиясында бұл Абылай ханның жазығы болған делінеді, яғни XVІІІ ғасыр. Бұл жазық жерде жүздеген, мыңдаған киіз үйлер тігіліп, кеңес өтетін болған. Оған үш жүзден игі жақсылар қатысатын. Алаша хан мазары. Алашахан кесенесі - XII-XIII ғасырларда халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық мазар. Бұл өлкенің керемет жәдігері - Жошы хан мазары. Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жағалауына, Орда- базар қаласының іргесіне орналасқан орта ғасырлық археологиялық ескерткіш. Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошы ұлысына қараған барлық тайпалар (найман, қыпшық, қаңлы, арғын, керейт, т.б.) қатысқан. Жошы хан мазары порталды-күмбезді күрделі құрылыстар қатарына кіреді. Портал жақтаулары өрнекті кірпішпен безендірілген, киіз үйдің басқұрына ұқсайды. Жошы хан күмбезі архитектуралық әсем үлгілі құрылыс ретінде аса маңызды тарихи ескерткіштердің тізіміне енгізілген [44]. 24
  • 22. Домбауыл кесенесі. Жошы хан мазарына таяу маңда Домбауыл кесенесі көзге түседі. Кесененің сырт пішіні киіз үйге ұқсас. Қызыл сұр граниттен қаланған. Кесене ішіне баспалдақ арқылы кіреді. Реті келгенде айта кетейік, Семей жеріндегі Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мазары да осы құрылысқа ұқсас. Теректі әулие. Теректі әулие Теректі темір жол стансасынан солтүстік- шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. XX ғасырдың 40-шы жылдары ОҚАЭ- ньң жетекшісі академик Ә.X.Марғұлан осы ескерткішке алғаш назар аударып, қыскаша сипаттама береді. Таңбалы тас. Сарысу өзенінің төменгі ағысында, Жезқазған ауданының Таңбалы Нұра деген жерінде, Төсбұлақ атты қайнардың қасында, өзеннің бойынан шығыстан батысқа қарай 20 км жерде тұрған тік жартастың бетінде қазақ халқының құрамына енген барлық рулардың дерлік таңбалары қашалған. Айбас дарасы. Ұлытаудағы қола дәуіріне жататын ежелгі ескерткіштердің бірі. Оны Ә.Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 1956 ж зерттеген. Талдысай қонысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласынан 82 шақырым жердегі Ұлытау жазығындағы Талдысай (Бала-Жезді) және Жезді өзендерінің құяр сағасында өзі аттас ауыл маңында орналасқан. Қарқаралы тас мүсіндері - түркі дәуірінен қалған тас мүсіндер тобы. Ол тас мүсіндерде, негізінен, батырлар, қолбасшы-көсемдер, билер мен абыздар, жыршылар мен бақташылар бейнеленген. Тас мүсіндер саны 200-ге жетеді. Батырлар қару-жарақпен, хан мен билер қолына асатаяқ, беліндегі кісесімен бейнеленген. Қарқаралы тас мүсіндерінің бет-әлпеті, дене мүшелері, асынған қару-жарағы, қолындағы заттары шынайы, әрі тартымды жасалған. Қарқаралы маңында кезігетін тарихи ескерткіштер қазақтың ежелгі мүсін өнерінің озық үлгілерінің бірі болып саналады. 2.4 Ұлытау өңірінің туристік-рекреациялық мүмкіндіктерінің даму болашағы мен жетілдіру жолдары 25
  • 23. Ұлытау ауданы Қазақстанның тарихи орталығы болып табылады. Оның аумағында көшпенділердің көне саяси орталығы - қазақ ұлтының қауымдастығы мен бірлігін паш ететін қазақтың үш жүзінің өкілдері рулық таңбаларын ойып жазған Ұлытау орналасқан. Ауданда туризмді дамытуға арналған барлық алғышарттарға ие, бұл табиғи ландшафтар, 800 ден астамы тарихи және мәдени ескерткіштер, оның 386 астамы мемлекеттің қорғауында. 13 ескерткіштің республикалық мәртебесі бар. Ұлытау-өзіне мыңдаған жылдар бойы біздің ата-бабаларымыздың рухани сақтаған, аңызбен өрілген, ақындардың жырына арқау болған, сан ғасыр бойы адамдарды өзіне арбай тартқан қазақ халқының көздің қарашығындай сақтайтын киелі орны. Осы табиғи-мәдени объектіге ұлттық мұраның басымдығын сақтау саласы бойынша мемлекеттік саясат та біртіндеп көңіл бөле бастады. 2008 жылдың 13 маусымында қабылданған «Мәдени мұра» жобасының нәтижесінде Ұлытау ұлттық нышандардың, біздің мемлекеттігіміздің алтын қазынасының қатарына кірді. Еліміздегі ірі туристік орталыққа айналу ықтималдығы басым әрі туристік тиімділігі жоғары қазақстандық аймақтардың бірі - бай туристік әлеуетке ие Орталық Қазақстандағы Ұлытау өңірі. Өңірдің туристік тартымдылығының жоғары деңгейі рекреация мен туризмді дамытуға қажетті туристік ресурстардың ауқымды шоғырына байланысты болатындығы даусыз. Өңірдің қолайлы географиялық орны, антропогендік фактордың әсері айтарлықтай байқалмайтын жақсы күйінде сақталған бірегей табиғи әлеуеті, осы өңірде сан ғасырлар бойы жинақталған тарихи-мәдени мұраның бай қоры туризмді дамытуға аса қолайлы үйлесім тапқан. Өңірдің тарихи-мәдени және табиғи туристік ресурстарының бірегей үйлесімі бұл аймақта туризмнің заманауи формаларын дамытуың қолайлы негізі мен алғышарттарын қалыптастырады. Дегенмен бұл өңір рекреациялық туризм тұрғысынан жеткілікті дәрежеде насихатталмайтындығымен ерекшеленеді. Ал бұл жағдай өз кезегінде туристік тұрғыдан қалыптасудың тек бастапқы кезеңінде ғана тұрған өңірдің туристік индустриясын дамыту үрдісін тежейтін басты факторлардың бірі болып отыр. Ұлытау өңірі туризмін дамытуға бұрын- соңды айрықша мән берілмеген, өңірді Қазақстанның орталық бөлігіндегі ірі туристік орталық ретінде дамыту мәселесі де негізделген ғылыми тұрғыдан қолға алынған емес. Алайда қазіргі таңда аталған өңірге деген қызығушылық өсіп келеді. 26
  • 24. Осы өңірде туризмді дамытудың алғашқы алғышарттарын қалыптастыру мен тетіктерін құрудың бастапқы қадамдары да жасалуда. Ұлытау өңірінің жоғары әлеуеті өзінің сан алуан тарихи, мәдени, табиғи ресурстарының негізінде туризм мен рекреациялық қызметтің бірқатар түрлерін дамытуға толығымен жетеді. Ұлытау өңірі күшті туристік әлеуетке ие болғанымен, бұл әлеует туризм мақсатында тиімді, рационалды түрде дұрыс пайдаланылып жатқан жоқ, өңірдің бірегей, қайталанбас туристік ресурстары да экономикалық тұрғыдан тиімді игеріліп жатқан жоқ. Үш жүздің басы біріккен, талай тарихи тартыстардың куәсі болып, қазақ қауымының киелі бесігі болған ұлы даланы көрмеген қазақтар қаншама. Тіпті кіндік қаны ұлылықтың ұйытқысы саналатын жерге тамып, дала төсінде туып-өсіп, жылдар бойы топырағын басып, тасын теуіп келе жатқан жапсарлас елді мекендердің қазақтары да «Бодрумға» ай сайын барып жатса да мына тұрған Ұлытауға ат басын бұрмапты. Бұл - ішкі туризмді дамыту тетіктерінің осалдығын танытады. Туризм саласындағы маркетингтің мардымсыздығынан әлем түгіл ішкі нарықтың өзінде өңір имиджін қалыптастыра алмай отырмыз. Туристік ресурстар жоқ жерде туризмнің дамуы әсте мүмкін емес. Жекелеген туристік ресурстар туризмді шектелген кеңістікте ғана дамытуға мүмкіндік береді, ал Ұлытау өңірінің туристік ресурстарының сан алуан, әрі бай да бірегей қоры туризмді кең көлемде дамытып, туризмнің көптеген түрлерін бір мезгілде қалыптастыруға және де оны болашақта қарқынды түрде өрістетуге жол ашады. Ұлытау өңірінің туристік әлеуеті өте жоғары. Бұл өңірдің табиғи- туристік ресурстары тарихи-танымдық, ғылыми-археологиялық, этникалық, экзотикалық, экстерималды туризм түрлерін қалыптастырып дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды, яғни туристік ресурстарды бағдарына сай дұрыс әрі оңтайлы түрде тиімді пайдалану жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді [55]. Ұлытау өңірінің табиғи туристік ресурстарының бай қоры мен жоғары туризмдік әлеуеті осы артықшылықтарды дұрыс қолдана білсек, аталған өңірді ірі рекреациялық ауданға айналдырады. Өңірдің рекреациялық аймақ мәртебесі аясында дамуы туристік ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыра түседі, себебі Ұлытау маңындағы қалалар (Жезқазған, Сәтбаев), аудандар, ауылдар мен елді мекендердің жергілікті халқы да рекреацияға аса мұқтаж. Жергілікті халықтың 81 пайызға жуығы тау-кен өндірісі мен металлургия саласындағы еңбек ресурстарының қатарында, сондықтан да 27
  • 25. рекреацияға сұраныс нарықтың осы сегментінің қажеттілігіне сай қалыптасады. Негізінен ауыр еңбекпен айналысатын осы өңірдің жергілікті халқы үшін жұмыс істеу барысында сарқылған физикалық әл-қуатты қалпына келтіру өте маңызды, сондықтан да рекреациялық тынығуға бүгінгі күні үлкен сұраныс қалыптасқан. Табиғи туристік ресурстар оларға деген сұраныс пен оларды туристік шаруашылық тарапынан игеру жағдайлары қалыптасқан кезде ғана экономикалық тиімділігі бар ресурс ретінде қарастырыла алады. Сұраныстың ұлғаюы және рекреациялық құндылықтарға қатысты талаптардың айқындалуы, халықтың мәдени дәрежесінің өсуі туристік ресурс ретінде қолданылатын объектілердің санын көбейтуге септігін тигізеді, олардың көбісі қайта қалпына келтіру мен жөндеу жұмыстарынан соң экскурсиондық көрме ісінде қолданыс табады. Туризмнің әр түрлі түрлерінде қолданылатын ресурстардың өзіндік сипатталамалары мен ерекшеліктері бар. Физикалық күшті қалыпқа келтіруге ықпал ететін туристік демалыс судың, өсімдік әлемінің, жер бедерінің және өзге де табиғаттың құрамдас бөлшектерінің жағымды жағдайлары негізінде жүзеге асады. Санаторлық-курорттық демалыс үшін минералды сулар мен емдік балшықтардың сан алуан түрлері, емдік әсері бар климат, айрықша микроклиматы бар үңгірлер (спелеотерапия) қолданылады. Осы аталған ресурстардың біразы Ұлытау өңірінде шоғырланған. Спорттық демалысқа да Ұлытау өңірі аса қолайлы. Спорттық туризм мен категориялық саяхаттар үшін Ұлытау өңіріне тән асулы, өткелді, қыратты жер бедері мен халықтың аз қоныстануы сынды қасиеттер айрықша маңызға ие. Ұлытау өңірінің тарихи- танымдық әлеуеті - тарихи туризмді дамытудың негізі. Экскурсиондық туризм объектілері ретінде тарихи, мәдени, табиғи құндылықтарды, қазақ халқының бай фольклорлық мұрасы мен этнографиялық құндылықарды қарастыруға болады. Ұлытау өңірінің табиғи туристік-рекреациялық ресурстары мен тарихи туристік ресурстары туризмнің аймақтық ұйымдастырылуына, туристік орталықтар мен аудандардың қалыптасуына және де олардың экономикалық тиімділігіне қол жеткізуге қомақты ықпалын тигізеді. Себебі өңірдің туристік ресурстарының бай әлеуеті мен бірегей шоғыры осы аймақта туризмді дамытудың маңызды алғышарттарын қалыптастырады. Сондықтан да ұлан- ғайыр ұлылықтың ұйтқысына айталған ұлы даланың ұлылығын ұғынып, барымызды базарлап, байлығымызды бағалап өзімізде барды өзгеден іздемей 28
  • 26. аймақтық туризмді айрықша назарға алған жөн. Еліміздің өзге аймақтарын қоспағандағы бір Ұлытаудың өзі - бағалай білсек, қыруар табыс көзі. Қазіргі таңда қазақстандық туристік индустрия әлемдік нарыққа белсенді түрде енудің бастапқы қадамдарын жасауда. Туризмнің дамуы жұмыс орындарын қалыптастыру мен шағын кәсіпкерлікті дамыту ісін жандандырып, көлік, байланыс, қызмет саласы, сауда-саттық, құрылыс, халықтық тұтыну тауарларының өндірісі сынды салалардың қызметіне оң әсер етіп, туристік индустриямен ұштаса дамуына септігін тигізеді және Қазақстан Республикасы экономикасының тиімділігін арттырудың басым бағыттарының бірін құрайды. Дүниежүзілік тәжірибеге көз жүгіртсек, әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінің экономикасына нұқсан келтіріп, жылдар бойы жетілген қарқынды даму тетіктерін шайқалтып кеткен дүниежүзілік дағдарыс кезеңінде туристік инфрақұрылымы ежелден қалыптасқан әлем елдері экономиканы тұрақтандырудың, әрі оның дамуын бірқалыпты өрістетудің бір жолы ретінде туризмге арқа сүйеген болатын. Туризм - ел экономикасын кемелдендірудің тиімді жолы мен қомақты кіріс көзі. Мемлекетіміздің туризмін дамуына айрықша мән беріп отырғандығының бір себебі де осыған байланысты болатындығы сондықтан. Осыған орай, қазақ елі өзінің табиғи, тарихи, мәдени құндылықтарын әлемге әйгілеп, шет елдік туристерді бірегей болмысымен қызықтыра алатын туризм тұрғысынан тартымды имиджін қалыптастырудың қарышты қадамдарын жасап келеді. Азияның айбарлы арландарына Томирис ұрпағының тарландары мекен етіп отырған ұлы даланың текті де тегеурінді қуаты мен қайталанбас дара болмысын, тамырын тереңге жайған 3000 жылдық тарихы бар көшпенділер өркениетінің өрнектерін келісті де абыройлы түрде айғақтай білген 7-қысқы Азия ойындарының еңселі еліміздің туристік тартымдылығына айрықша реңк бітіріп, шет ел азаматтарының қызығушылығын оятқандығы хақ. Сән- салтанатымен, қонақжай салтымен, бейбіт те берекелі қалпымен әлем назарына іліккен Азия ойындары бүгінгі күні ел беделін биіктетіп, мәртебесін марқайтып жатса, болашақта тылсымы зерттелмеген, сыры ашылмаған теңіз түбіндегі маржандай жарқ еткен жазиралы даламызға, жайдары елімізге туристер легінің көптеп тартылуына септігін тигізіп, келешек көктемінің жаршысындай үкілі үмітті жандандыра түседі [56]. Ұлытау аймағында танымдық, белсенді туризм түрлерін дамытуға болады. Белсенді туризм түрлерінен жазғы уақытта велосипед және жаяу сапарларды, ал қысқы уақытта шаңғы туризмді ұйымдастыруға болады. Қысқы уақытта қар 29
  • 27. жамылғысының қалыңдығы 30 см, климаттық жағдайлар туристер үшін шаңғы серуендерді өткізуге мүмкіндік береді. Мәдени-танымдық туризм - тарихи, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Туристке мәдени мұралар мен тарихи орындар туралы мол білім береді. Ол тарихи шындықтарды, осы өлкеге байланысты аңыздарды егжей-тегжейлі түсіндіріп, сол арқылы мәдени мұраларды қорғау мен тарқатуға, танытуға тырысады, яғни, осы өңірге ең сай келетін туризмнің түрі десек те болады. Велосипед туризмі-ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық құрал велосипед болып табылатын, жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз жерлер, орман- тоғайлар, жыралар т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы. Велосипед туризмі, өзіндік туризмнің түрі - велосипедпен болатын саяхаттар мен спорттық жорықтар. Спелеотуризм - үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі лабиринттер жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын жұмыстарды ұйымдастыру. Ұлытауда спелеотуризмді дамыту мүмкіндігі өте жоғары. Соңғы жылдары туризмнің бұл түріне қатысушылар саны артып келе жатыр. Ат туризмі - адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі. Ат туризмін дамыту арқылы ұлттық туризмді насихаттауға болады. Ол үшін мынадай «Ұлттық жылқы шаруашылығы базасы» орталығын құру керек. Орталықтың негізгі жобасын жылқы шаруашылығы бар шаруашылықтарға негіздесе көп қаржыны талап етпейді. Экотуризм - экологиялық білімділік және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке бағытталған. Экотуризм - жергілікті әлеуметтік мәдени ортаның сақталуын қамтамасыз етеді. Туризмнің бұл түрі экономикаға жоғары деңгейде әсер ете отырып, аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Экологиялық туризм аймақтың мәдени- тарихи және табиғи ерекшеліктерін экожүйенің бірқалыптылығын сақтай отырып көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлытау өңірінде туризмнің бұл түрін дамытуға барлық жағдай бар, флора мен фаунаның сирек кездесетін түрлері, көптеген тарихи ескерткіштер, қайталанбас әсем табиғат. 30
  • 28. Елбасымыз Н. Назарбаев Ұлытаудағы сапарында «Киелі Ұлытау - Қазақстанның тарихи және саяси орталығы. Туристік бизнестің көптеген бағыттарының ішінде Ұлытауда экологиялық және киелі орындарға тәу ету түрлерін дамытуға болады. Егер де киелі орындарға тағзым ету ішкі туристтердің қызығушылығын тудырса, экологиялық туризм жақын және алыс шетел туристтерін қызықтыра алады. Бұған қоса, егер де қорғалатын жерлерді жарнамалап менеджментті дұрыс ұйымдастырса, әлі де зерттелмеген, адам аяғы баспаған жерлерді көрсетуге болады. Сонымен қатар, туристік фото-альбомдар мен туристік карталарды шығару қажет» деген болатын. Туристік кластерді дамыту мақсатында өңірде туризм бөлімі ашылды. Бұл бөлімнің жұмысына туристік бағдарламаларды құру, халықаралық туризмді дамыту, тарихи-мәдени ескерткіштерге экскурсияларды ұйымдастыру, жарнамалық-ақпараттық баспалар, естелік заттар шығару, көптеген көрмелерге қатысу, т.б. кіреді. Ұлытау ұлттық қорық-мұражайының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін «Терісаққан көктемі» этнофестиваліне де келушілер саны артуда. Ұлытау ауданына өткен жылы 30215 туристтер келген. 2013 жылы Ұлытаудағы этнофестивальге АҚШ, Франция, Ресей туристтері, ал 2014 жылы ЮНЕСКО-ның арнайы өкілдері, сонымен қатар, Бахрейн мен Ресей туристтері келді. 2015 жылы 18-22 тамыз аралығында Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты Қазақстан Ұлттық Географиялық Одағы және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Хан-Қорық» жастар фестивалі өткізілді [58]. Ұлытау әкімдігінің жоспарында инвесторлар есебінен «Болатсай» демалыс үйінің қайта жабдықтау жұмыстары, туристер үшін этно ауылды ұйымдастыру және т.б. маңызды мәселелер бар. Дәстүрлі бұйымдарды жасап шығару мәселесі де күн тәртібінде. Мұндай халықтық бұйымдар шығару туристтерге біздің мәдениетімізді көрсетуге мүмкіндік берер еді. Сонымен қатар, бұйымдар мен естелік заттарды сату арқылы пайда да түсіруге болады. Туристтердің көптеп келуі аудан экономикасының көтерілуіне, көптеген жұмыс орындарының болуына алып келеді. Ұлытау ауданында үлкен аумаққа қарамастан халық тығыз қоныстанбаған. Сондықтан өңірде көптеген көрікті жерлер мен адам аяғы баспаған жерлер бар. Бұл өлкеде флора мен фаунаның реликті сақталған түрлері де кездеседі. Ол 31