SlideShare a Scribd company logo
1 of 52
1
ТРИЗ технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында пайдалану
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ИСАЕВА АРАЙЛЫМ ДУЛАТҚЫЗЫ
І санат
Ақмола облысы Целиноград ауданы
№ 26 орта мектебі
2
МАЗМҰНЫ
ТРИЗ технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында пайдалану (теориялық
бөлігі).................................................................3-29
ТРИЗ технологиясыныңәдістері бойынша
жаттығулар..........................................................30-45
ТРИЗ технологиясы элементтері қолданылған
сабақ үлгісі..........................................................46-50
Қорытынды...............................................................51
Әдебиеттер тізімі ....................................................52
3
ПІКІР
Қазіргі кезде ақпарат жеткізу, оқушылардың сабаққа
деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық қабілеттерін
жоғарылату, қазақ тілі сабақтарын түрлендіру, балалардың
шығармашылығын арттыру мәселелері педагогика
саласындағы ұдайы ізденуді талап ететін ең өзекті
мәселелердің бірі. Исаева Арайлым Дулатқызының «ТРИЗ
технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында
пайдалану» атты авторлық жұмысы аталған талаптарды
орындайды. Жұмыста қозғалған «Фокалды обьект»,
«Морфологиялық жәшік», «Ия-жоқ», «Үйшік» ойыны,
«Ассоциациялар тізбегі», «Эйлер шеңберлері»,
«Лингвистикалық есеп» әдістері оқушылардың пәнге
деген қызығушылықтарын арттырады, шығармашылықпен
ойлап, күрделі тапсырмаларды шешуге көмектеседі.
Мұғалімнің осы тақырыпты зерттеу нысаны етіп
алуы ғылыми ізденістің жемісі болып табылады.
Технология әдіс-тәсілдері оқушылармен сабақта
пайдаланылып, шыққан жоғары нәтижесі көрсетілген.
Жұмыста:
- әр әдіске сипаттама берілген;
- оқушылармен пайдалану нәтижесі келтірілген;
- әр әдіс-тәсіл бойынша жаттығулар жинақталған;
- оқушылардың өз шығармашылығынан шыққан
тапсырмалар келтірілген.
Пікір жазған С.Сейфуллин атындағы агро-техникалық
университеттің Ветеренария және мал шаруашылығы
факультетінің деканы Т.Ж. Абдрахманов
4
ТРИЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН
ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ
Кіріспе
Адамды білім бұлағына алып келуге
болады, бірақ оны мәжбүрлеп сусынын қандыруға
болмайды. Сондықтан сабақ құрған кезде
мотивация мәселесі ерекше маңыздылыққа ие
болады. Қазақ тілі сабағы – бүгінгі таңда оқу
үрдісін ұйымдастырудың қатып қалған тұрақты
формасы емес, оқушылардың шығармашылық
ойлауын дамытуға бағытталған мұғалімнің
вариативті және тұлғалық-бағытталған қызметі.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын қалай
түрлендіруге болады? Сабақ барысында алынған
материал оқушылардың жадында ұзақ сақталуын
қамтамасыз ету үшін қандай әдіс-тәсілдер
қолданған дұрыс? Бұл сұрақтар, әрине, оқу
материалына оқушыларының қызығушылығын
арттыруды және оқыту сапасын жоғарылату
5
мәселесін көздейтін әр ұстазды мазалайтыны
анық.
21 ғасыр – ақпарат ғасыры. Ақпарат
алмасудың айтарлықтай маңызды құралы сөйлеу
болып табылады. Тіл құралдарын мақсатты түрде
пайдалана отырып, коммуникативті-сөйлеу
дағдыларын, сауатты сөйлеу және жазу
машықтарын қалыптастыру тұлғаның барлық
жағынан табысты болуының қажетті шарттары
болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Алғашқыда,
50 жылдан астам бұрын құрылған ТРИЗ
инженерлі-техникалық тапсырмаларды орындау
үшін ғана пайдаланылған, бірақ көптен бері адам
өмірінің әр түрлі салаларында проблемаларды
талдаудың және шешудің әмбебап
технологиясына айналған. Дегенмен, педагогика
саласында (қазақстандық) кеңінен қолданылмай
келеді. Осы технология Целиноград ауданы, № 26
мектебінің 6, 7, 8, 9 сыныптарында қолданылды.
6
Нәтижесінде: оқу үлгерімі артты (орташа
үлгерімді Шиляев Олег, Райх Анжела, Пфафенгут
Олеся «4»-ке оқи бастады). Оқушылардың
қызығушылығы артып, әр сабақ нәтижелі өтеді.
Оқушылар асыға келіп, күрделі тақырыптарды
жеңіл игере бастады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Педагогикадағы орта ТРИЗ-дің ерекшелігі саналы
түрде, басқарылмалы, белгілі бір мақсатқа
бағытталған және тиімді ойлау қызметін
қалыптастырудың алгоритмдік әдістерін
ұсынуында жатыр, яғни ойлау мәдениетін
арттыру қызметін атқарады. Шығармашылық
ойлауды дамыту сөйлеуді дамытусыз мүмкін емес.
Сондықтан ТРИЗ-дің әдіс-тәсілдерін енгізу сөйлеу
мен ойлауды дамытуға септігін тигізеді, логика
заңдылықтарына сәйкес болмыстың заттары мен
құбылыстары арасында өзара байланыс іздеуге,
әлемді жүйемен көруге көмектеседі. Сонымен
қатар, сабақ қызықты болады, соның арқасында
7
оқушылардың қызығушылығын жалғастырып
отыруға мүмкіндік береді.
Қазақ тілі сабағының барысына енгізілген
танымдық және практикалық тапсырмалар білімді
жақсы игеруге және қажетті пәндік білім мен
машық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы
жерде мазмұндық жалпылауға негізделген ТРИЗ-
дің кейбір тәсілдеріне толығырақ тоқталып кеткен
жөн. Мұндай оқыту оқушылардың ақыл-ой
дамуына айқын әсер етеді, білімдерінің
жинақталуына көмектеседі және мақсатты түрде
оқушылардың қазақ тілінің белгілі бір бөлімдеріне
тән түсініктер мен заңдылықтардың нақты
жүйесін қалыптастырады.
Заманауи әдістемелік құралдарға сәйкес
өткен материалды қорытындылау және бекіту
сабақтары, әдетте, тіл білімінің кез келген
қорытынды кезеңінде өткізіледі, дегенмен,
психологияның дамуының перспективті
бағыттарын және новатор педагогтардың
8
жұмысын ескере келе (Е.Г. Шатова) тіл
құбылыстарының, түсініктерінің және
заңдылқтарының ұқсастықтарына танымдық
тапсырмаларды кез келген тақырыпты өтудің
бастапқы кезеңдерінен-ақ қосуға болады. Бұл оқу
үрдісінің эвристикалық құрамын күшейтуге алып
келеді, себебі оқушыларға әлі өтілмеген
материалмен және логикалық салыстыру және
салғастыру арқылы мұғалімнің басшылығымен
білім дефицитін толтыруға тура келеді.
Мұндай сабақтарда 5-7 сынып
оқушыларының лингвистикалық ақпаратты
салыстыру ептілігін дамыту үшін ТРИЗ-дің (Г.С.
Альтшуллер ойлап тапқан өнертапқыштық
тапсырмаларды шешу теориясы, білім берудің
тиімділігін арттыруға және мектепте оқытудың
табысты болуын қамтамасыз етеді) және ШҚД-
дың (шығармашылық қиялды дамыту) «Эйлер
шеңберлері» (шеңберлерді атақты математик Л.
Эйлер ұсынған және шеңберлер арқылы түсініктер
9
көлемі арасындағы қарым-қатынасты көрнекі
түрде көрсету болып табылады), «Ия-жоқ»,
лингвистикалық тапсырмалар мен есептер
құрауды атауға болады. Мұндай тапсырмаларды
құрастырған кезде мына жағдайларды ескеру
қажет: тапсырма қызықты, дұрыс құрастырылған
болуы тиіс, шарттары жеткілікті, кейбір қарама-
қайшылық болуы, мұның өзінде ол күрделілік
деңгейіне қарамастан, шешілуі тиіс.
Эйлер шеңберлері әр түрлі ой тіркестері
құрылымын есте сақтауға көмектеседі және
формалды логика алдында тұрған бірқатар
тапсырмаларды шешуге септігін тигізеді.
Эйлер шеңберлері арқасында салыстыруға
негізделген тікелей ой қорытындыларының не
онысы, не мұнысының шынайылығын тексеруге
болатыны белгілі. «Эйлер шеңберлері» тәсілін
қолдану арқылы берілетін тапсырмалар мәні
мынада: шеңбер қандай да бір түсініктің көрнекі
10
бейнесі болып табылады. Мысалы, «Сөз таптары»
- бұл шеңбер.
Егер оқушыларға «Сан есім» деген жазуы бар
басқа шеңбер ұсынсақ, олардың өзара орналасуы
мынадай болуы тиіс:
Бұл сурет «Сөз таптары» түсінігіне үлкен шеңбер,
ал «Сан есім» түсінігіне кіші шеңбер сәйкес
келетінін көрсетеді. Ендеше, барлық сан есімдер
сөз «таптары» деген түсінікке жататынын
білдіреді.
Шеңберлердің өзара орналасуы әр түрлі
болуы мүмкін: олар жанасуы да, жанасу нүктесі
болмауы да мүмкін, сонымен қатар бірінің үстіне
Сөз таптары
Сөз таптары
Сан есім
11
бірі келуі мүмкін. Кез келген жағдайда оқушылар
бірқатар қасиеттері бойынша ен ол, не бұл
нысанды зерттеуі тиіс.
«Ия-жоқ» ойыны
Бір оқушы сөз табын немесе сыныпқа белгілі, тіл
біліміне қатысты термин ойластырады. Қалған
оқушылар сұрақтар қояды, ал жүргізуші ол
сұрақтарғатек «Ия» немесе «Жоқ» деген жауаптар
бере алады. «Ия да, жоқ та». Соңғы жауап әсіресе
қызықты болмақ, себебі қарама-қайшылықты
анықтайтындықтан, мейлінше нақты жауапқа
әкелуі мүмкін. Бұл ойын қажетті ақпарат алу үшін
нақты сұрақтар қою дағдысын дамытуға
көмектеседі. Ойын жағдайыныңқарапайым болып
көрінуіне қарамастан, алғашқы сабақтарда
балаларды қозғалту қиынға соғады, себебі
олардың көбі бірін-бірі тыңдай білмейді,
шешімдер іздеудің бірден үлкен ауқымын кесіп
тастайтын сұрақтар қою білмейді. Бірақ біраз
12
уақыттан кейін оң нәтижелер көзге көріне
бастайды: оқушылар мадымсыз сұрақтар қоюды
тоқтатады, шешім іздестіру жылдамырақ жүре
бастайды.
Лингвистикалық есептер құрау және шешу
Жұмыстың бұл түрі сабақта да, себебі
қосымша үй тапсырмасы ретінде өте пайдалы.
Мұндай есептерді жүйелі түрде шешу
оқушылардың абстрактілі ойлауын дамытуға
көмектеседі, оқушылардың көбі сыныпқа өздері
құрастырған есептерді ұсына бастайды. Басында
сәтті бола бермейді, бірақ мұғалім тарапына
болған кейбір түзетулерден кейін оқушылар
шынымен де қызықты есептер құрастырады.
Сабаққа дайындаған кезде ТРИЗ
технологиясының келесі қағидалары ескеріледі:
1. Теория – проблеманы шығармашылықпен
шешудің шарты;
13
2. Білім – құрал, шығармашылық интуиция
негізі;
3. Шығармашылыққа үйренуге болады.
Технологияның мазмұны – қарама-
қайшылықтарды шешу арқылы өнертапқыштық
іс-әрекетті іздестіру үрдісі.
ТРИЗ әдісінің ерекшеліктері:
1. Бала өзін еркін сезінетін еркін топтар.
2. Оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастық
педагогикасы.
3. Ұжымдық жұмыс жасау әдістемелерін
қолдану: миға шабуыл, ұйымдастырушылық-іс-
қимылды ойындар, еркін шығармашылық
ойталқылар.
4. Ойын әдістері.
5. Мотивация: тұлғаның шығармашылыққа,
өзін-өзі көрсетуге, өз ойын білдіруге, өзін-өзі
тануға ұмтылуы.
Әдістемелік тәсілдер:
14
1. Жеке және ұжымдық тәсілдер.
2. Мейлінше көп таралған тәсіл – миға
шабуыл – барынша көп идеялар жиынтығы;
ойлау серпінінен босау, шығармашылық
міндеттерді орындағанкезде әдеткі ойлау барысын
жеңу болып табылады.
3. Әдістің негізі мен ережелері –
қатысушылар ұсынған идеяларды сынауға үзілді-
кесілді тыйым салу.
«Төлқұжатын» құрастыр әдісі
Алынған білімді жүйелеу, жалпылау үшін;
оқытылып жатқан құбылыстың маңызды және
маңызды емес қасиеттерін анықтау үшін;
оқытылып жатқан түсініктің қысқаша
сипаттамасын құру үшін, оларды өзге ұқсас
түсініктермен салысйтыру үшін.
Мысалы: «Менің атым – Қожа» әңгімесіндегі
Жанар бейнесі.
Аты – Жанар
Шығарушы – Б.Соқпақбаев
15
Тұрғылықты жері – «Менің атым - Қожа» әңгімесі
Сыртқы келбеті – шашы жинаңқы, әдемі, таза
көйлек киген
Алғашқы рет қайда кездеседі – далада, Жантаспен
бірге
Жеке қасиеттері – ұқыпты, тәрбиелі, тәртіпті, үздік
оқиды.
Осы технологияның арқасында сабақтағы
қарым-қатынастар стилі, сарыны ынтымақтастық,
психологиялық жайлылық атмосферасын
құрайды, ол өз кезегінде табысты және
шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасайды.
Мотивация бөлімі
Мотивация оқытудың сәтті болуының
жетекші факторларының бірі болып табылады.
Оның оқу үрдісіндегі рөлін зерттеуге Г. С.
Абрамовтың, Л. И. Божовичтің, Д. Б.Элькониннің,
В. В.Давыдовтың, А. К.Марковтың,
П. М.Якобсонның еңбектері арналған.
16
Мотивация туғызудың бірнеше әдістері бар.
Мысалы, проблемалық сұрақ қою тәсілі.
Шығармашылыққа тарту бөлімі. Бұл
бөлімге ойын түріндегі түрлі шығармашылық
тапсырмалар енеді. Ойын – оқушылардың
қоршаған ортаны танитын, жеке белсенділік пен
шығармашылыққа кеңістік ашылатын іс-әрекет
формасы. Бірнеше мысал келтірейік.
Аналитикалық ойлау, салыстыру арқылы ортақ
қасиеттерін және айырмашылықтарын анықтай
білуге үйрететін «Үйшік» ойыны. Бір қатысушы
– «үй иесі» үйшікке орналасады. Ол, мысалы,
«есімше» болады. Қалған оқушыларға «етістік»,
«сын есім», «жалғау», «уақыт» , т.б. сөздер
жазылған кеспелер беріледі. Олар кезекпен
үйшікке келіп:
 Тық, тық, үйшікте кім тұрады?
 Мен – есімшемін.
17
 Ал мен – етістікпін. Үйшігіңе кіргізесің
бе?
 Егер маған қай жерің ұқсайтынын және
қандай айырмашылығың барын айтсаң, кіргіземін.
«Қонақ» ортақ қасиеттерін, айырмашылықтарын
атауы тиіс. Ойынды топпен де, жұптасып та
өткізуге болады.
«Ассоциациялар тізбегі». Бұл ойын мүлде
өзге заттар, құбылыстар арасында көзге
көрінбейтін байланыстар іздестіруге көмектеседі.
Ойлауға, іздестіруге, сөздермен жұмыс істеуге
үйретеді, сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Ойын шарты мынадай: мұғалім екі сөз береді.
Бірінші және соңғы. Оқушылар арасында тастап
кеткен сөздерді өздері толықтыруы тиіс. Мысалы,
өзен ... тәрелке. Екі сөз қалып кеткен. Байланысты
былайша табуға болады: өзен-су-сорпа-тәрелке.
Өзеннен сорпа жасауға су алдық. Сорпаны
тәрелкеге құйдық.
18
«Артық сөздіалып тастау». Мұғалім үш сөз
атайды. Балалар тізбектен бір сөзді алып тастауы
тиіс. Мұның өзінде қай сөздіалып тастау қағидасы
оқушылар өздері таңдайды.
Мысалы, алма, күн, ара сөздері. Оқушылар
«алманы» айтуы мүмкін, себебі алма – 4 әріп,
қалғандары 3 әріптен тұрады. Немесе «араны»
алып тастайды, себебі алма мен күн дөңгелек,
күнді алып тастайды, өйткені алма мен ара «а»
әрпінен басталып, аяқталып тұр.
ТРИЗ ойындары
Жас ұрпаққа үлкендердің тәжірибесін беру
үшін адамдар ойын әдісін ерте замманнан-ақ
қолданған. Заманауи мектептерде ойын іс-әрекеті
келесі жағдайларда пайдаланылады:
1. Түсініктерді, тақырыпты және тіпті оқу
пәнінің бөлімін игеруге арналған дербес
технология ретінде.
2. Технология элементі ретінде.
19
3. Сабақ немесе оның бөлігі (кіріспе,
түсіндіру, бекіту, жаттығу, бақылау) ретінде.
4. Сыныптан тыс жұмыс технологиясы
ретінде.
Педагогикалық ойын оқыту мақсатын және
педагогикалық тәжірибені білдіреді.
Педагогикалық ойындар келесі түрде жіктеледі:
1. Іс-әрекет түріне қарай: дене тәрбиелік,
зияткерлік, еңбек, әлеуметтік және
психологиялық;
2. Педагогикалық үрдістің сипаты бойынша:
 үйретуші, жаттықтыратын, бақылайтын
және жалпылайтын;
 танымдық, тәрбиелік, дамытушы;
 репродуктивті, өнімді, шығармашылық;
 коммуникативтік, диагностикалық, кәсіби
бағытталған және т.б.;
3. Ойын әдістемесінің сипаты бойынша:
пәндік, рөлдік, еліктеушілік және т.б.
20
4. Ойын ортасына қарай: заттармен,
заттарсыз, компьютерлік және ОТҚ-мен.
Дидактикалық ойындар келесі
компоненттерден: ойынды ойластыру, ойын
әрекеті, танымдық мазмұнынан немесе
дидактикалық міндеттерінен, құрал-жабдықтан,
ойын нәтижелерінен тұрады.
Дидактикалық ойынның негізі инновациялық
мазмұны болып табылады. Ол оқу проблемасын
шешуде қолданылатын білім мен білікті
меңгеруде жатыр. Дидактикалық ойындардың
келесі түрлері бар.
 Жаттығу ойындар. Олар оқушылардың
танымдық қабілеттерін жетілдіреді, оқу
материалын бекітуге мүмкіндік береді, оны жаңа
жағдайларда қолдану дағдысын дамытады.
Жаттығу-ойындар үлгілері: кроссвордтар,
ребустар, викториналар.
21
 Саяхат-ойындар. Бұл ойындар оқу
материалын ой елегінен өткізуге және бекітуге
мүмкіндік береді. Бұл ойындарда оқушылардың
белсенділігі әңгіме, пікірталас, шығармашылық
тапсырмалар, гипотезаларын айту түрінде көрінуі
мүмкін.
 Жарыс ойындар. Мұндай ойындарға
барлық дидактикалық ойындар түрі жатады.
Оқушылар топтарға бөлініп жарысады.
«Өтірік ертегі айту», «Кері ертегі»,
«Ертегілер салаты», «Фантазия үйлесі», «...болса,
не болар еді?», «Сөйлем құрау», «Аукцион»,
«Тізбек», «Жаңылыс», «Сөйлемді аяқта»,
«Мағынасы мен жазылуына қарай бөл»,
«Баспалдақ», «Синонимдерді тап», «Төртінші
артық» лингвистикалық ойындары.
Лингвистикалық ойын оқытылып жатқан
материалға сай болуы тиіс және оқушылардың
22
дайындығы мен психологиялық ерекшеліктеріне
сәйкес құрылады.
Сабақта әр түрлі рөлдік ойын түрлерін
пайдалануға болады. Белгілі бір кәсіби; қандай да
бір нақты бір проблеманы шешуге байланысты
жағдаяттық; оқудағы шиеленістерді шешуге
арналған және т.б. әрекетке еліктеуге бағытталған.
Рөлдік ойында шарттылық, салмақтылық және
суырып салмалық болуы тиіс.
«Пікірлер шашуы» деген топқа
қатысушылардың белгілі бір проблема немесе
тақырып бойынша ұйымдастырылған кезекті ой
талқыларын ортаға салу болып табылады. Мұндай
ойынның әдістемелік ерекшелігі сабақ материалы
бойынша толық жазылмаған сөздер тізбегі бар
кеспелер болып табылады. Оларды оқу және айту
жауап беруге итермелейді. Бастапқы сөз ойға
бағыттайды, оқушыға алғашқы сөйлеу сәтінде
көмектеседі.
23
Қазақ тілін оқуға қызығушылықты дамыту
және ұстап тұру үшін оқушыларды ТРИЗ-
жұмбақтар құрауға тартуға болады. Көбінесе екі
түрлі ТРИЗ-жұмбақ пайдаланамын: қасиеттері
және іс-әрекеті бойынша. Жұмбақ құраудың өз
алгоритмі бар.
Жұмбақ құрауалгоритмі
Қасиеттері бойынша
1) Нысан таңдау
2) Кестені толтыру
қандай? (нысан); не (кім)
осындай?
3) Екі бағандағы
жазылғанды бірақ... емес
сөздерімен қосып,
жұмбақты оқу керек
Қиын, бірақ жұмбақ емес,
Маңызды, бірақ тұлға емес.
Іс-әрекеті бойынша
1) Нысан таңдау
2) Кестені толтыру
не істейді? (нысан); не
(кім) осындай істейді?
3) Екі бағандағы
жазылғанды бірақ...
емес сөздерімен
қосып, жұмбақты оқу
керек
Хабарлайды, бірақ мұғалім
емес.
24
Мысал дегеніміз не?
Не істейді? Сол секілді не?
Үйретеді,
Келекет етеді,
Өлең формасында,
бірақ
бірақ
бірақ
ертегі, өсиет емес.
сатира емес.
лирика емес.
(мысал)
Жұмбақ құрау оқылған материалды бекітуге
мүмкіндік береді, шығармашылық қабілеттерін
дамытады. Жұмбақ құрай отырып, оқушы
талдайды, салыстырады, жіктейді, қорытынды
жасайды.
«Метафора құра» ойынын пайдалануға
болады. Метафора құрау мынадай болуы мүмкін:
нысан таңдау, нысанның іс-әрекетін атау, дәл
Қажетті, бірақ ана емес,
Қызықты, бірақ кітап емес
(морфология)
Сұрайды, бірақ әже емес,
Бұйырады, бірақ генерал
емес.
(сөйлем)
25
сондай іс-әрекет жасайтын нысан таңдау, бірінші
нысан орналасқан орынды атау, үшінші және
төртінші іс-әрекет пунктін қосу = метафора.
ТРИЗ технологиясы шығармашылық
елестету және қиялдау әдіс-тәсілдерін
пайдалануды, ойлаудың психологиялық серпінін
және танымдық-психологиялық кедергілерді
жеңуді көздейді. Психологиялық серпін –
стандартты іс-әрекеттерге әдет болып кету,
адамның бойына сіңген әдеттер мен түсініктеріне
сәйкес ойлауға тырысуы. Стандартты іс-әрекеттер
жасауға әдеттену оқушылардың жіберетін
грамматикалық қателерінің себебіне айналып
отыр. Осылайша, аналогия бойынша
тапсырмаларды орындайотырып, оқушы «н» мен
«ң» ажырата алмайды. «Менін, менім» деп
сөйлейді. Осылайша белгілі жалған баламалы
міндеттерді шешу серпіні көрініс табады.
Психологиялық серпінді жеңу үшін
нысанға және оның негізгі сипаттамаларына
26
талдау жүргізуқажет. Орфографиялықсауаттылық
қалыптастыру тәсілдерінің бірі «ойластырылмаған
хатқа тыйым салу» әдісі болып табылады. Сөз
жазбастан бұрын, оған үш сұрақ қою қажет:
1) сөзде тіларты «ң» дыбысы бар ма?
2) сөзде [ у ] дыбысы дауыссыздан кейін
келе ме?
3) сөздегі дауыстыларды әндетіп айтамыз.
Талдауға арналған сөйлемдер «ойталқы
іздерімен», яғни сөздегі барлық орфограммалар
атап айтылады. Сыныпты екі топқа бөлуге болады,
бірінші топ сөйлемдерді ойталқы іздерімен,
екінші ойталқы іздерсіз жазады. Одан әрі
жұмыстың қорытындысы жасалады, қай топ
қатені ең аз жібергені анықталады.
«Синтаксистік есеп». Тапсырманың бұл
түрін сергіту сәті немесе жаттығу ретінде
пайдалануға болады. Жұмыс ауызша жүргізіледі.
Құрылымы әр түрлі құрмалас сөйлемдер беріледі,
оқушылар құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай
27
сөйлемдер санын санап, кеспе көмегімен дұрыс
жауап көрсетуі тиіс. Кім дұрыс жауап берсе, сол
орнынан тұрады, қате жауап берген орнында
отыра береді. Соңында тақырып бойынша білімін
көрсетіп, сыныптастарының қате пікірлеріне
берілмеген оқушы тұрады. Мұнда әдеткі
қасиеттердің, жағдайдың және параметрлердің
психологиялық серпінін жеңу өте маңызды.
«Сөз және оның мағынасы» бөлімін
оқытудыңалғашқы сабақтарында (5-сынып) таныс
сөздердің (мысалы, мектеп, парта, оқулық)
лексикалық мағынасын құрастыру үшін «Элемент
– қасиет аты – қасиеттің мағынасы» үлгісі
қолданылды. Ол үшін оқушыларға «Қай заттар
саласына жатады? «Зат» қандай материалдан
жасалған? Не үшін қажет?» деген сұрақтарға
жауап керек. Оқушылардың жазғаны: «Мектеп –
кірпіштен, бетоннан жасалған, оқитын орын»,
«парта – ағаштан жасалған, жиһаз бөлігі, мектепте
балалар отырады», «оқулық – мектепте оқитын,
28
қағаздан жасалған кітап». Алынған сипаттамалар
түсіндірме сөздіктегі сөздердің лексикалық
мағынасымен салыстырылады. Сондай-ақ
оқушылардың осы сұрақтар бойынша құраған
сөздердің лексикалық мағыналары оқылады, ал
оқушылар сол сөзді тауып алуы тиіс.
Дәл осы үлгі «Лексика» бөлімінде көп
мағыналы сөздер туралы түсініктерін
қалыптастыру үшін пайдаланылады. Осы үлгі
арқылы көп мағыналы сөздердің барлық
мағынасында бір маңызды ортақтығы бар
екендігін саналы түрде түсінуге мүмкіндік береді
(мысалы, ағаштың, тістің, адамның тамыры –
онсыз өмір сүру мүмкін емес негізгі, басты
бөлшегі; сөз мағыналары өмірдегі заттар мен
құбылыстарды білдіретін сол сөздің ұқсастығы
бойынша құралған).
Мұндай жұмыс «сөздің лексикалық
мағынасы», «көп мағыналы сөздер» түсініктерін
арттыруға, қазақ тілін үйренуге деген
29
қызығушылықтарын жоғарылатуға көмектесті.
Оқушылар өздерінің түсіндірме сөздіктерін
құрастырып, бөлісіп, бір-біріне көп мағыналы
сөздер туралы жұмбақтар жасыра бастады.
Түйіндеме бөлімі. Креативті сабақ өткізу
құрылымындағы аяқтаушы бөлім түйіндеме болып
табылады. Бұл кезеңде оқытушы оқушылармен
кері байланыс орнатады. Нәтижелілік шарттары
рефлексивті іс-әрекеттер жүзеге асыра алу болып
табылады, яғни сабаққа дайындыққа баға беру,
қиналу себептерін табу, сабақта оқытудың
шығармашылықты арттыратын әр түрлі әдіс-
тәсілдері қолданылған-қолданылмағанын, сабақта
диалог технологиясы қолданылғанын білуден
құралады.
30
ТРИЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ
БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР
ЭЙЛЕР ШЕҢБЕРЛЕРІ
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕР
бастауыш баяндауыш
ЖАЛҒАУЛАР
көптік
септік
жіктік
тәуелдік
СӨЗ ТАПТАРЫ
Зат есім
Сан есім
Сын есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеуіш
31
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР
1-есеп
Әкесі Жалғау баласы Септікке туған күніне біраз
сыйлықтар әкелді. Оның ішінде: одағай, үтір, ілік,
барыс, етістік, көмектес, буын, үндестік секілді
сыйлықтар бар еді. Септік ең кіші бала
болғандықтан, қай сыйлықтарды таңдарын
білмейді. Дұрыс сыйлық таңдауға көмектес.
2-есеп
Дауыссыз дыбыс, Нүкте, Сөйлем, Жұрнақ,
Көнерген сөз балабақшада тәрбиеленеді. Тәрбиеші
кім кімнің баласы екендігін шатастырып,
Лексикаға Буынды, Синтаксиске Жұрнақты,
Дауыссыз дыбысты, Фонетикаға Сөйлемді,
Морфологияға Көнерген сөзді тапсырды. Ата-
аналары мен балаларын бір-біріне жұптастыр.
3-есеп
Білмесбек «Жұрнақ» сабағына дайындалды. Ол
сөмкесіне -лар, -ып, -ға, -ма, -нан, -тар, -шы, -лық
32
қосымшаларын салды. Сабаққа қайсылары сәйкес
келмейді. Артығын алып таста.
4-есеп. Жағажайдағы «Фонетика» қонақүйіне [А],
[Б], [Ғ], [Ұ], [П], [О], [Ө], [Ж], [Қ] дыбыстары
келіп, оларды ыңғайлы бөлмелерге, бір-біріне
бөгет болмайтындайетіп орналастыруынсұрады.
Екі ғана бөлме қалған еді. Оларды қалай
орналастырды?
5-есеп
Білмесбек Морфологияға туристік саяхатқа
заттарын салысуға көмектесті. Сөмкеге ол:
етістікті, жұрнақтарды, шылауларды,
синонимдерді, қаратпа сөздерді,
орфограммаларды, үтірлерді, сын есімдерді
салды. Морфология қай заттарды алып тастауға
тура келеді?
6-есеп
Фонетика атаның үш баласы бар. Дауыссыз,
дауысты және буын. Әрбіреуінен тараған бірнеше
33
немересі бар. Бірақ Фонетика ата қай баласында
қанша баладан бар екенін ұмытып қалды, атаның
есіне түсіру керек. Қайсысында қанша баладан
бар?
АССОЦИАЦИЯЛАР ТІЗБЕГІ
Ағаш ... көйлек (ағаш-қағаз-ақша-көйлек);
Қой ... кроссовки (қой-жүн-шұлық-кроссовки);
Қоңырау ... аяқ (қоңырау-сабақ-оқушы-аяқ);
Жер ... тоқаш (жер-бидай-ұн-тоқаш);
Бидай ... пышақ (бидай-ұн-нан-пышақ).
АРТЫҚ СӨЗДІ АЛЫП ТАСТА
Алма, күн, ара.
Ожау, кесе, орамал.
Терезе, тақта, қалам.
Сақина, сүлгі, машина.
Кітап, көйлек, сөйлем.
Сым, гүл, сақина
Тау, пирамида, тас
34
«ҮЙШІК» ОЙЫНЫ
(Септіктерді өткен кезде). Үйшік иесі – Септік. 4-5
балаға «-ға», «-лар», «-мен, -бен, -пен», «-ым,
-ім», «-ды, -ді», «-ның, -нің» деген жазулары бар
кеспелер беріледі. Үйшікке келіп тықылдатады:
 Тық, тық, үйшікте кім тұрады?
 Мен – Септікпін.
 Ал мен – «-ға» жалғауымын. Үйшігіңе
кіргізесің бе?
- Егер маған қай жерің ұқсайтынын және
қандай айырмашылығың барын айтсаң,
кіргіземін.
 Мен барыс септігінің жалғауымын,
саған туыспын.
 Онда кіре ғой. (Жалғаулар кезекпен
келіп, Септікке туыс/туыс еместігін айтады.
Туыстары үйге кіреді.
35
(Сан есімді өткен кезде)
Үйшік иесі – Сан есім. 4-5 балаға «қызыл»,
«бесінші», «он-оннан», «орындық», «тоқсан
тоғыз» деген жазулары бар кеспелер беріледі.
Үйшікке келіп тықылдатады:
 Тық, тық, үйшікте кім тұрады?
 Мен – Сан есіммін.
 Ал мен – «Қызыл» сөзімін. Үйшігіңе
кіргізесің бе?
- Егер маған ұқсасаң, кіргіземін.
 Мен сын есімге жатамын. Саған
туыстығым жоқ.
 Онда, кіре алмайсың.
 Мен Тоқсан тоғызбын. Есептік сан
есіммін. Саған жақынмын. (Сөздер кезекпен келіп,
туыс/туыс еместігін айтады. Туыстары үйге кіреді.
36
ЖҮЙЕЛІК ЛИФТ
Дыбыс – буын – сөз – сөз тіркесі – сөйлем – мәтін;
Түбір – сөз – сөз тіркесі – сөйлем – мәтін;
Тіл білімі – синтаксис – сөйлем – құрмалас
сөйлем – салалас құрмалас сөйлем;
Болымды етістік – етістік – сөз табы – морфология
– грамматика;
Кәсіби сөздер – лексика – тіл білімі;
Жалаң сөйлем – жай сөйлем – сөйлем – синтаксис
– грамматика – тіл білімі.
ЖҮЙЕЛІК ОПЕРАТОР
Болды Айналды Не өзгерді Кінәлі
айна айналар көптік мәнге
ие болды
- лар көптік
жалғауы
қонақ қонағы тәуелдік
мағынаны
иеленді
-ы тәуелдік
жалғауы (ІІІ
жақ)
біл білім жаңа сөз туды -ім сөз
тудырушы
жұрнағы
дәрігер дәрігермін 1. жаңа сөз
туды
1. -гер сөз
тудырушы
жұрнағы
37
2. І жақтағы
жіктік
мағынаға ие
болды
2. -мін жіктік
жалғауы (І
жақ)
бес бесіншісінің 1. реттік
мағынаға ие
болды
2. тәуелдік
мағына үстелді
3. септік мәнге
ие болды
1. -інші сөз
түрлендіруші
жұрнағы
2. -сі тәуелдік
жалғауы
3. -нің ілік
септігінің
жалғауы
қол қолғап 1. жаңа сөз
туындады
1. қап сөз
қосылды (қос
сөз)
2. «қ» «ғ»-ға
айналды
2. «л»
дыбысының
әсерінен «қ»
жұмсарды
(ілгерінді
ықпал)
бол болмады 1.
болымсыздық
мән туындады
1. -ма
болымсыз
етістік
2. өткен
мағына үстелді
жұрнағы
2. -ды жедел
өткен шақ
жұрнағы
Жан Жанқожа
[жаңғожа]
1. сөз
қосарланды
1. қожа сөзі
бірікті
38
2. айтылуында
дыбыстық
өзгерістер
болды
2. тоғыспалы
ықпал
(н↔қ=ң/ғ)
қол қолшатырға 1. бірігу
арқылы жаңа
сөз пайда
болды
2. бағыт мәні
үстелді
1. шатыр сөзі
қосылды
(біріккен сөз)
2. -ға барыс
септігінің
жалғауы
жалғанды
СЫН ЕСІМДЕР ҚОЮ
( ) жаз көзді ашып жұмғанша өтіп кетті.
Аспанда ( ) бұлттар қаптаған. Себезгіден
себегендей, олардан ( ) жаңбыр жауа бастады.
Су бетінде ( ) жапырақтар қалқып жүр. Ағаш
арасындажүрген ( ) кірпі қысқа дайындалуда.
Ол шұңқырға шөп, мүк, жапырақтар әкеліп, өзіне
( ) ін жасап алды. ( ) жел ( ) жапырақтарды
ұшырады. Жақында бүкіл жерді ( ) қар басады.
39
ЕТІСТІКТЕР ҚОЮ
Көктем де келіп ( ). Қар ( ),
жылғалардан су ( ). Ағаштардың барлығы
бүршік ( ). Жылы жақтан қаз ( ),
қарлығаштар ұя ( ). Өзеннен сарылдап ( )
су саймен ( ). Біз отбасымызбен ауланы
( ), құстарға ұя ( ). Жақында Наурыз
мейрамы ( ). Барлық адамдар көктем тойын
тойлауға ( ).
ЕРТЕГІЛЕР САЛАТЫ
1-ертегі
Бір күні Алдар көсе келе жатып, Мақтақызды
кездестіреді. Алдар көсе:
- Қайдан келе жатырсың, Мақтақыз?
- Әжеме тоқаш апаруға шығып едім, адасып
қалдым. Жаңа жолда Бауырсақты
кездестірдім. Сіз кімсіз?
40
- Мен – Алдар ағаңмын. Жүр, жолды
көрсетіп жіберейін. Алдарынан түлкі мен
қасқыр шығады.
- Қасқыр мен түлкі:
- Бауырсақты көрмедіңіздер ме? Алдар көсе:
(әрі қарай оқушылар жалғастырады);
2-ертегі
Бір ғажайып орманда Білмесбек, Бауырсақ
және Буратино өмір сүріп жатты. Бір күні
Бауырсақ жидек теруге шығып, үйіне келмей
қалады. Білмесбек пен Буратино іздеуге шығады.
Қараса, оларға қарсы Қызыл телпек жылап келе
жатыр...
(әрі қарай оқушылар жалғастырады).
ТӨЛҚҰЖАТЫН ҚҰРА
 Әдебиет сабағында Абай Құнанбайұлының
өмірбаянын оқытқан кезде.
Аты – Абай Құнанбайұлы (шын есімі – Ибраһим);
Туған жері – қазіргі Шығыс Қазақстан облысы;
41
Сыртқы келбеті – жүзі жылы, толық, басында
тақия;
Балаларға арналған өлеңі – «Ғылым таппай
мақтанба»
Жеке қасиеттері – парасатты, әділ, ақылды,
бауырмал, кемеңгер.
 «Менің атым – Қожа» әңгімесіндегі
Жанарға жасалған төлқұжат.
Аты – Жанар
Шығарушы – Б.Соқпақбаев
Тұрғылықты жері – «Менің атым - Қожа» әңгімесі
Сыртқы келбеті – шашы жинаңқы, әдемі, таза
көйлек киген
Алғашқы рет қайда кездеседі – далада, Жантаспен
бірге
Жеке қасиеттері – ұқыпты, тәрбиелі, тәртіпті, үздік
оқиды.
42
 Сөз тіркесінің төлқұжаты
Аты – сөз тіркесі;
Тұрғылықты жері – синтаксис;
Сыртқы келбеті – кемінде екі сөзден тұрады;
Қайда кездеседі – сөйлем ішінде
Қандай түрлері бар – есімді тіркес (жасыл желек),
етістікті тіркес (ауылға барамын), тұрақты тіркес
(қой аузынан шөп алмас).
 Зат есімнің төлқұжаты
Аты – зат есім;
Тұрғылықты жері – морфология, сөз табы
Нені білдіреді – заттың, құбылыстың атын
Құрамы – дара/туынды
Тұлғасы – негізгі/туынды
Мағынасы – деректі/дерексіз
Сөйлемдегі қызметі – бастауыш, толықтауыш
АУКЦИОН
Мұғалім «Есімшені» аукционға қояды. Әр
оқушы бір-бірден анықтамасын, сұрақтарын,
43
жұрнақтарын айтады. Ең нақты жауап айтқан бала
«Есімше» деп жазылған кеспені өзіне алады.
1-оқушы: -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы
жасалады;
2-оқушы: -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтары
арқылы жасалады;
3-оқушы: етістіктің ерекше формасы, түбір
етістікке жұрнақтар жалғанып, сын есімнің
қасиеттерін алады. 3-оқушы толық жауап
бергендіктен, «Есімше» кеспесін алады.
КЕРІ ЕРТЕГІ
«Тапқыр қоян» ертегісі
Қоян салқындаған суды ішеді. Қоян ыстық суды
аюға көрсетеді, қасқырға көрсетеді, Түлкіге
көрсетеді, кірпіге көрсетеді. Кешігіп келген қоянға
ішетінін айтады. Ортаға жиналған аңдардан
Арыстан суды кім ішетінін сұрайды. – Мына
ыстық суды, кім ішеді, соған тиіспеймін, - дейді.
Арыстан аңдарды жинайды.
44
«Мақтақыз бен мысық» ертегісі
Мақтақыз құйрығынберді, мысық сүт берді.
Сиыр мысыққа сүт берді, сиырға жапырақ берді,
ағаш жапырақ берді, суды ағашқа берді, қыздар
мысыққа су берді, сағызды қыздарға берді,
дүкенші сағыз берді, дүкеншіге жұмыртқа берді,
тауық жұмыртқа берді, тарыны тауыққа берді.
«Үйімде бір уыс тарым бар», - дейді тышқан.
Тышқанды көріп қалып: «Жаныңның барында айт,
үйіңде не бар?"- дейді. Тауық жем сұрайды, мысық
тауықтан жұмыртқа сұрайды. Сатушы жұмыртқа
сұрайды, мысық сатушыдан сағыз сұрайды.
Қыздар сағыз сұрайды, мысық қыздардан су
сұрайды. Ағаш су сұрайды, мысық ағаштан
жапырақ сұрайды. Сиыр жапырақсұрайды, мысық
сиырдан сүт сұрайды. Мақтақыз «Сүтімді әкеліп
бер», - дейді. Мысық құйрығын сұрайды.
Мақтақыз мысықтың құйрығын жұлып алады.
Мысық Мақтақыздың сүтін төгіп тастайды. «Мейіз
тауып алғам, өзің келмедің ғой, жеп қойдым», -
45
дейді. «Мені не үшін шақырдың», - дейді мысық.
Мақтақыз мейізді өзі жеп қояды, мысық келмейді.
Мақтақыз үй жинап жүріп, мейіз тауып алады.
46
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық
киімдері
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: оқушылардың ұлттық киімдер
жайлы, олардың сәнділігі, практикалық
маңызы туралы танымдарын кеңейту,
қосымша ақпарат беру, септік жалғауы
туралы білімдерін пысықтау;
- дамытушылық: компьютерді игеру
машықтарын дамыту, қазақ тілінің
спецификалық дыбыстарын дұрыс айтуға
дағдыландыру, арт-сенсорикалық терапия
(қию, жапсыру);
- тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық
дәстүріне, соның ішінде киімдеріне деген
сыйластықтарын арттыру, отансүйгіштік
тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ТРИЗ («Фокалды
обьект» шығармашылыққа тарту ойыны), АКТ,
Power Point, интернетпен жұмыс жасау, сұрақ-
жауап, сәйкестендіру, әңгімелеу, сенсорика
Сабақтың көрнекілігі: бекіту тақтасы,
компьютер, плакат, бейнематериал, асық, қайшы,
түрлі-түсті қағаз, қамшы, тымақ, сандық
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,
технология, ағылшын тілі, информатика
47
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберінде
тұрып, құшақтасып, бір-біріне жылулығын беру.
Балалардың көңілін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қазақ тілінде
жалғаудың неше түрі бар? (4: көптік,
тәуелдік, жіктік, септік жалғаулары). Неше септік
бар?
Плакатта сызылған септік жалғаулары бойынша
сәйкестікті табу.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Оқушылар, адамға киім не үшін қажет? Сендер
қандай киім киесіңдер?
Қазақ халқында «Адам көркі – шүберек» деген сөз
бар. Кез келген халықтың ата-бабасынан мұра
болып келе жатқан салт-дәстүрі, соның ішінде
ұлттық киімдері бар. Әр халықтың ұлттық киімі
әр түрлі, оған елдің географиялық орналасуы,
салт-дәстүрі әсер еткен. Қазақ халқының ұлттық
киімдеріне назар аударайық. Одежда наших
предков была не только красивой, но и удобной. А
материал, драгоценности говорили о социальном
статусе человека. Например, саукеле невесты
оценивалось высоко и его стоимость могло
доходить до 2000 голов скота.
 Ұлттық киімдер туралы бейнематериал
көрсету
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың
тақырыбын жаза қойыңдар. «Ұлттық киімдер».
48
Сонымен, оқушылар, қазақ халқының ұлттық
киімдерінен сендерге қайсысы таныс?
Жаңа сөздер. Сөздікпен жұмыс (жазғызу, оқыту,
сөз тіркестерін құрату).
Бөрік – головной убор; (шьется из дорогого
материала, как бархат, край обшивается мехом
разных животных)
Қасаба – летний головной убор девушек
(украшается драгоценными камнями, металлами);
Ішік – дубленка (зимняя верхняя одежда из меха,
снаружи сшитый материалом);
Қамзол – женская жилетка (надевается сверху
платья, украшается орнаментом, драгоценностями,
обязательный атрибут женского наряда);
Кебіс – туфли (летняя обувь на невысоком
каблуке, украшенная национальными узорами);
Саптама етік – сапоги (высокая обувь из кожи,
украшенная орнаментом).
 Тымақ - ? (зимний мужской головной из
меха диких животных) –
 интернеттен тапқызу.
 мәтінді экранға шығарып, мәтіннен қай
сөздер таныс екендігін сұрау.
(Тапсырмаорындағандарғаасықберіп отырамын).
Ал сен іздегенше, қалған оқушылар жаңа
сөздермен сөз тіркестерін құрасын.
Сөз тіркестерін құрату (3-5 сөз тіркесі). Сөздерді
ағылшын тілінде айтқызу
Ақ етік; ақ – белый – white; етік – сапоги – boots;
49
Әдемі қамзол; әдемі – красивый – beautiful;
Жылы ішік; жылы – теплый – warm.
Тапсырма №1. Компьютерде мәтін тергізу.
Оқушылар, бәріміз компьютерді жақсы
меңгергенбіз. Кім тез жаза алады, көрейік.
Сергіту сәті: «Таныдың ба?» ойыны.
Сандықшадан әріп алып, оны көрмей, қолмен
ұстап, қандай әріп екендігін айтып беруі тиіс.
Сабақты бекіту:
 бекіту тақтасындағы сәйкестікті табу;
 Ойын (ТРИЗ әдісі бойынша). «Фокалды
обьект» ойыны.
Ойынның мақсаты: балалардың шығармашылық
қабілеттерін ояту, сабаққа деген қызығушылығын
жоғалтпау.
Бір-бір сөз жазады, оған қатысы жоқ тағы үш сөз
жазады. Сол үш сөзді екі-екі түсінікпен
түсіндіреді.
Мысалы: көйлек;
Фокалды нысандарымыз:
кесе: шай ішу үшін керек;
дөңгелек пішінді;
телефон: сөйлесу үшін керек;
қара;
Біздің нысанымыз – көйлек. Оған ойластырған
сөздеріміздің түсініктерін қосамыз. Шай ішу үшін,
яғни кірлемес үшін үйгекиетін көйлек; дөңгелек
пішінді көйлек – етегі кең сарафан;
50
Екінші сөздің түсініктерімен қосамыз: көйлек –
сөйлесу үшін, яғни келіссөздерге, ресми жағдайға
арналған көйлек – классикалық жейде шығады;
Қара көйлек.
 Қалған оқушылар ойластырғанша, екі
бала өздеріне ұнаған ұлттық киімді қиып,
жапсыруы тиіс. Кейін не жапсырғанын айтып
береді.
Қорытындылау: Кері байланыс (рефлексивтік
сәт). Сонымен, оқушылар, қандай тақырып өттік?
Сабақ ұнады ма? Сабақ ұнаса, мына
жапсырмаларға жымиған адамның түрін, ұнамаса,
көңілсіз адамның түрін салыңдар.
Үй тапсырмасын беру: (қонақтардың көмегімен)
бөрік, қасаба сөздерін септеу
Бағалау: жинаған асықтарына байланысты
бағаларын алады.
Қоштасу: Сау болыңдар, балалар!
51
Қорытынды
Қазіргі ақпараттың мейлінше қарқынды
дамыған заманында оқушылардың ойлау
қабілеттерін жан-жақты ету, шығармашылықтарын
дамыту, кез-келген күрделі, қиын мәселелердің
шешу жолдарын таба білуге үйрету басты
педагогтардың басты міндеті. ТРИЗ
технологиясы – қазіргі қолданыстағы білім беру
технологияларымен бірге дамуға мүмкіндігі бар,
болашағы зор технология. Аталған технология
әдістерін қазақ тілі мен әдебиеттері сабақтарында
ғана емес, бастауыш мектепте де, кез келген пәнде
де қолдануға болады. Сабақ барысында оқушылар
шығармашылық танытып, оқуға деген ынтасы
төмен балалар да қызыға түсіп, сабаққа араласып
отырады. Сондықтан ТРИЗ технологиясы пәнді
оқыту мүмкіндігін арттыру көзі ретінде
қолданылған тиімді болады.
52
Әдебиеттер тізімі
1. Генрих Саулович Альтшуллер. Технология
ТРИЗ, 1989 ж.
2. Никитина С.М. ИспользованиеТРИЗ-
технологии на уроках английского языка.
Новосибирск, Звезда, 2007 ж.
3. Сакаева Д.М. Методы и приёмы ТРИЗ-
технологии на уроке русского языка.
Муравленко қ. (РФ), 2011 г.
4. Мозговая Т. Н. Использованиеприёмов ТРИЗ в
начальной школе. Ракитка қ. (РФ), 2009 ж.

More Related Content

Similar to №1 исаева а.д. умк. триз технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану

сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -алаoquzaman
 
Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясыМодульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясыErjan Beisenhojaev
 
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...Asem Sarsembayeva
 
абишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосыабишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосыalmnbtzh
 
авторлық жұмысы
авторлық жұмысыавторлық жұмысы
авторлық жұмысыAsem Sarsembayeva
 
урок уразова и.а
урок уразова и.аурок уразова и.а
урок уразова и.аAsem Sarsembayeva
 
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызыИнформатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызыБақытжан Күшібарұлы
 
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101146. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114NisEdu
 
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныДеңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныАйбек Қуандықұлы
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жобаoquzaman
 

Similar to №1 исаева а.д. умк. триз технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану (20)

сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж.   ма -аласейтмаганбетова ш.ж.   ма -ала
сейтмаганбетова ш.ж. ма -ала
 
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
сейтмаганбетова ш.ж.   мақаласейтмаганбетова ш.ж.   мақала
сейтмаганбетова ш.ж. мақала
 
мырзабекова үмітай
мырзабекова үмітаймырзабекова үмітай
мырзабекова үмітай
 
Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясыМодульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы
 
тукубаева т.т
тукубаева т.ттукубаева т.т
тукубаева т.т
 
Әдіс.pptx
Әдіс.pptxӘдіс.pptx
Әдіс.pptx
 
666kmkk
666kmkk666kmkk
666kmkk
 
ныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовнаныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовна
 
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
инновациялық технологияларды пайдалануды жүзеге асыру –жеке тұлғаны қалыптаст...
 
абишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосыабишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосы
 
2013zxzxz
2013zxzxz2013zxzxz
2013zxzxz
 
Fvyvfv (3)
Fvyvfv (3)Fvyvfv (3)
Fvyvfv (3)
 
авторлық жұмысы
авторлық жұмысыавторлық жұмысы
авторлық жұмысы
 
урок уразова и.а
урок уразова и.аурок уразова и.а
урок уразова и.а
 
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызыИнформатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
Информатика сабақтарының құрылымын таңдаудың маңызы
 
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 3101146. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
6. оқу бағдарлама математика бастауыш мектеп 1 нұсқа 310114
 
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұныДеңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған педагогтың жұмыс мазмұны
 
3sdgdfg
 3sdgdfg 3sdgdfg
3sdgdfg
 
ашық сабақ 4кл уразова и.а
ашық сабақ 4кл уразова и.аашық сабақ 4кл уразова и.а
ашық сабақ 4кл уразова и.а
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жоба
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

№1 исаева а.д. умк. триз технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану

  • 1. 1 ТРИЗ технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалану Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ИСАЕВА АРАЙЛЫМ ДУЛАТҚЫЗЫ І санат Ақмола облысы Целиноград ауданы № 26 орта мектебі
  • 2. 2 МАЗМҰНЫ ТРИЗ технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалану (теориялық бөлігі).................................................................3-29 ТРИЗ технологиясыныңәдістері бойынша жаттығулар..........................................................30-45 ТРИЗ технологиясы элементтері қолданылған сабақ үлгісі..........................................................46-50 Қорытынды...............................................................51 Әдебиеттер тізімі ....................................................52
  • 3. 3 ПІКІР Қазіргі кезде ақпарат жеткізу, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық қабілеттерін жоғарылату, қазақ тілі сабақтарын түрлендіру, балалардың шығармашылығын арттыру мәселелері педагогика саласындағы ұдайы ізденуді талап ететін ең өзекті мәселелердің бірі. Исаева Арайлым Дулатқызының «ТРИЗ технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдалану» атты авторлық жұмысы аталған талаптарды орындайды. Жұмыста қозғалған «Фокалды обьект», «Морфологиялық жәшік», «Ия-жоқ», «Үйшік» ойыны, «Ассоциациялар тізбегі», «Эйлер шеңберлері», «Лингвистикалық есеп» әдістері оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, шығармашылықпен ойлап, күрделі тапсырмаларды шешуге көмектеседі. Мұғалімнің осы тақырыпты зерттеу нысаны етіп алуы ғылыми ізденістің жемісі болып табылады. Технология әдіс-тәсілдері оқушылармен сабақта пайдаланылып, шыққан жоғары нәтижесі көрсетілген. Жұмыста: - әр әдіске сипаттама берілген; - оқушылармен пайдалану нәтижесі келтірілген; - әр әдіс-тәсіл бойынша жаттығулар жинақталған; - оқушылардың өз шығармашылығынан шыққан тапсырмалар келтірілген. Пікір жазған С.Сейфуллин атындағы агро-техникалық университеттің Ветеренария және мал шаруашылығы факультетінің деканы Т.Ж. Абдрахманов
  • 4. 4 ТРИЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ Кіріспе Адамды білім бұлағына алып келуге болады, бірақ оны мәжбүрлеп сусынын қандыруға болмайды. Сондықтан сабақ құрған кезде мотивация мәселесі ерекше маңыздылыққа ие болады. Қазақ тілі сабағы – бүгінгі таңда оқу үрдісін ұйымдастырудың қатып қалған тұрақты формасы емес, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған мұғалімнің вариативті және тұлғалық-бағытталған қызметі. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын қалай түрлендіруге болады? Сабақ барысында алынған материал оқушылардың жадында ұзақ сақталуын қамтамасыз ету үшін қандай әдіс-тәсілдер қолданған дұрыс? Бұл сұрақтар, әрине, оқу материалына оқушыларының қызығушылығын арттыруды және оқыту сапасын жоғарылату
  • 5. 5 мәселесін көздейтін әр ұстазды мазалайтыны анық. 21 ғасыр – ақпарат ғасыры. Ақпарат алмасудың айтарлықтай маңызды құралы сөйлеу болып табылады. Тіл құралдарын мақсатты түрде пайдалана отырып, коммуникативті-сөйлеу дағдыларын, сауатты сөйлеу және жазу машықтарын қалыптастыру тұлғаның барлық жағынан табысты болуының қажетті шарттары болып табылады. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Алғашқыда, 50 жылдан астам бұрын құрылған ТРИЗ инженерлі-техникалық тапсырмаларды орындау үшін ғана пайдаланылған, бірақ көптен бері адам өмірінің әр түрлі салаларында проблемаларды талдаудың және шешудің әмбебап технологиясына айналған. Дегенмен, педагогика саласында (қазақстандық) кеңінен қолданылмай келеді. Осы технология Целиноград ауданы, № 26 мектебінің 6, 7, 8, 9 сыныптарында қолданылды.
  • 6. 6 Нәтижесінде: оқу үлгерімі артты (орташа үлгерімді Шиляев Олег, Райх Анжела, Пфафенгут Олеся «4»-ке оқи бастады). Оқушылардың қызығушылығы артып, әр сабақ нәтижелі өтеді. Оқушылар асыға келіп, күрделі тақырыптарды жеңіл игере бастады. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Педагогикадағы орта ТРИЗ-дің ерекшелігі саналы түрде, басқарылмалы, белгілі бір мақсатқа бағытталған және тиімді ойлау қызметін қалыптастырудың алгоритмдік әдістерін ұсынуында жатыр, яғни ойлау мәдениетін арттыру қызметін атқарады. Шығармашылық ойлауды дамыту сөйлеуді дамытусыз мүмкін емес. Сондықтан ТРИЗ-дің әдіс-тәсілдерін енгізу сөйлеу мен ойлауды дамытуға септігін тигізеді, логика заңдылықтарына сәйкес болмыстың заттары мен құбылыстары арасында өзара байланыс іздеуге, әлемді жүйемен көруге көмектеседі. Сонымен қатар, сабақ қызықты болады, соның арқасында
  • 7. 7 оқушылардың қызығушылығын жалғастырып отыруға мүмкіндік береді. Қазақ тілі сабағының барысына енгізілген танымдық және практикалық тапсырмалар білімді жақсы игеруге және қажетті пәндік білім мен машық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы жерде мазмұндық жалпылауға негізделген ТРИЗ- дің кейбір тәсілдеріне толығырақ тоқталып кеткен жөн. Мұндай оқыту оқушылардың ақыл-ой дамуына айқын әсер етеді, білімдерінің жинақталуына көмектеседі және мақсатты түрде оқушылардың қазақ тілінің белгілі бір бөлімдеріне тән түсініктер мен заңдылықтардың нақты жүйесін қалыптастырады. Заманауи әдістемелік құралдарға сәйкес өткен материалды қорытындылау және бекіту сабақтары, әдетте, тіл білімінің кез келген қорытынды кезеңінде өткізіледі, дегенмен, психологияның дамуының перспективті бағыттарын және новатор педагогтардың
  • 8. 8 жұмысын ескере келе (Е.Г. Шатова) тіл құбылыстарының, түсініктерінің және заңдылқтарының ұқсастықтарына танымдық тапсырмаларды кез келген тақырыпты өтудің бастапқы кезеңдерінен-ақ қосуға болады. Бұл оқу үрдісінің эвристикалық құрамын күшейтуге алып келеді, себебі оқушыларға әлі өтілмеген материалмен және логикалық салыстыру және салғастыру арқылы мұғалімнің басшылығымен білім дефицитін толтыруға тура келеді. Мұндай сабақтарда 5-7 сынып оқушыларының лингвистикалық ақпаратты салыстыру ептілігін дамыту үшін ТРИЗ-дің (Г.С. Альтшуллер ойлап тапқан өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы, білім берудің тиімділігін арттыруға және мектепте оқытудың табысты болуын қамтамасыз етеді) және ШҚД- дың (шығармашылық қиялды дамыту) «Эйлер шеңберлері» (шеңберлерді атақты математик Л. Эйлер ұсынған және шеңберлер арқылы түсініктер
  • 9. 9 көлемі арасындағы қарым-қатынасты көрнекі түрде көрсету болып табылады), «Ия-жоқ», лингвистикалық тапсырмалар мен есептер құрауды атауға болады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде мына жағдайларды ескеру қажет: тапсырма қызықты, дұрыс құрастырылған болуы тиіс, шарттары жеткілікті, кейбір қарама- қайшылық болуы, мұның өзінде ол күрделілік деңгейіне қарамастан, шешілуі тиіс. Эйлер шеңберлері әр түрлі ой тіркестері құрылымын есте сақтауға көмектеседі және формалды логика алдында тұрған бірқатар тапсырмаларды шешуге септігін тигізеді. Эйлер шеңберлері арқасында салыстыруға негізделген тікелей ой қорытындыларының не онысы, не мұнысының шынайылығын тексеруге болатыны белгілі. «Эйлер шеңберлері» тәсілін қолдану арқылы берілетін тапсырмалар мәні мынада: шеңбер қандай да бір түсініктің көрнекі
  • 10. 10 бейнесі болып табылады. Мысалы, «Сөз таптары» - бұл шеңбер. Егер оқушыларға «Сан есім» деген жазуы бар басқа шеңбер ұсынсақ, олардың өзара орналасуы мынадай болуы тиіс: Бұл сурет «Сөз таптары» түсінігіне үлкен шеңбер, ал «Сан есім» түсінігіне кіші шеңбер сәйкес келетінін көрсетеді. Ендеше, барлық сан есімдер сөз «таптары» деген түсінікке жататынын білдіреді. Шеңберлердің өзара орналасуы әр түрлі болуы мүмкін: олар жанасуы да, жанасу нүктесі болмауы да мүмкін, сонымен қатар бірінің үстіне Сөз таптары Сөз таптары Сан есім
  • 11. 11 бірі келуі мүмкін. Кез келген жағдайда оқушылар бірқатар қасиеттері бойынша ен ол, не бұл нысанды зерттеуі тиіс. «Ия-жоқ» ойыны Бір оқушы сөз табын немесе сыныпқа белгілі, тіл біліміне қатысты термин ойластырады. Қалған оқушылар сұрақтар қояды, ал жүргізуші ол сұрақтарғатек «Ия» немесе «Жоқ» деген жауаптар бере алады. «Ия да, жоқ та». Соңғы жауап әсіресе қызықты болмақ, себебі қарама-қайшылықты анықтайтындықтан, мейлінше нақты жауапқа әкелуі мүмкін. Бұл ойын қажетті ақпарат алу үшін нақты сұрақтар қою дағдысын дамытуға көмектеседі. Ойын жағдайыныңқарапайым болып көрінуіне қарамастан, алғашқы сабақтарда балаларды қозғалту қиынға соғады, себебі олардың көбі бірін-бірі тыңдай білмейді, шешімдер іздеудің бірден үлкен ауқымын кесіп тастайтын сұрақтар қою білмейді. Бірақ біраз
  • 12. 12 уақыттан кейін оң нәтижелер көзге көріне бастайды: оқушылар мадымсыз сұрақтар қоюды тоқтатады, шешім іздестіру жылдамырақ жүре бастайды. Лингвистикалық есептер құрау және шешу Жұмыстың бұл түрі сабақта да, себебі қосымша үй тапсырмасы ретінде өте пайдалы. Мұндай есептерді жүйелі түрде шешу оқушылардың абстрактілі ойлауын дамытуға көмектеседі, оқушылардың көбі сыныпқа өздері құрастырған есептерді ұсына бастайды. Басында сәтті бола бермейді, бірақ мұғалім тарапына болған кейбір түзетулерден кейін оқушылар шынымен де қызықты есептер құрастырады. Сабаққа дайындаған кезде ТРИЗ технологиясының келесі қағидалары ескеріледі: 1. Теория – проблеманы шығармашылықпен шешудің шарты;
  • 13. 13 2. Білім – құрал, шығармашылық интуиция негізі; 3. Шығармашылыққа үйренуге болады. Технологияның мазмұны – қарама- қайшылықтарды шешу арқылы өнертапқыштық іс-әрекетті іздестіру үрдісі. ТРИЗ әдісінің ерекшеліктері: 1. Бала өзін еркін сезінетін еркін топтар. 2. Оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастық педагогикасы. 3. Ұжымдық жұмыс жасау әдістемелерін қолдану: миға шабуыл, ұйымдастырушылық-іс- қимылды ойындар, еркін шығармашылық ойталқылар. 4. Ойын әдістері. 5. Мотивация: тұлғаның шығармашылыққа, өзін-өзі көрсетуге, өз ойын білдіруге, өзін-өзі тануға ұмтылуы. Әдістемелік тәсілдер:
  • 14. 14 1. Жеке және ұжымдық тәсілдер. 2. Мейлінше көп таралған тәсіл – миға шабуыл – барынша көп идеялар жиынтығы; ойлау серпінінен босау, шығармашылық міндеттерді орындағанкезде әдеткі ойлау барысын жеңу болып табылады. 3. Әдістің негізі мен ережелері – қатысушылар ұсынған идеяларды сынауға үзілді- кесілді тыйым салу. «Төлқұжатын» құрастыр әдісі Алынған білімді жүйелеу, жалпылау үшін; оқытылып жатқан құбылыстың маңызды және маңызды емес қасиеттерін анықтау үшін; оқытылып жатқан түсініктің қысқаша сипаттамасын құру үшін, оларды өзге ұқсас түсініктермен салысйтыру үшін. Мысалы: «Менің атым – Қожа» әңгімесіндегі Жанар бейнесі. Аты – Жанар Шығарушы – Б.Соқпақбаев
  • 15. 15 Тұрғылықты жері – «Менің атым - Қожа» әңгімесі Сыртқы келбеті – шашы жинаңқы, әдемі, таза көйлек киген Алғашқы рет қайда кездеседі – далада, Жантаспен бірге Жеке қасиеттері – ұқыпты, тәрбиелі, тәртіпті, үздік оқиды. Осы технологияның арқасында сабақтағы қарым-қатынастар стилі, сарыны ынтымақтастық, психологиялық жайлылық атмосферасын құрайды, ол өз кезегінде табысты және шығармашыл тұлғаның дамуына жағдай жасайды. Мотивация бөлімі Мотивация оқытудың сәтті болуының жетекші факторларының бірі болып табылады. Оның оқу үрдісіндегі рөлін зерттеуге Г. С. Абрамовтың, Л. И. Божовичтің, Д. Б.Элькониннің, В. В.Давыдовтың, А. К.Марковтың, П. М.Якобсонның еңбектері арналған.
  • 16. 16 Мотивация туғызудың бірнеше әдістері бар. Мысалы, проблемалық сұрақ қою тәсілі. Шығармашылыққа тарту бөлімі. Бұл бөлімге ойын түріндегі түрлі шығармашылық тапсырмалар енеді. Ойын – оқушылардың қоршаған ортаны танитын, жеке белсенділік пен шығармашылыққа кеңістік ашылатын іс-әрекет формасы. Бірнеше мысал келтірейік. Аналитикалық ойлау, салыстыру арқылы ортақ қасиеттерін және айырмашылықтарын анықтай білуге үйрететін «Үйшік» ойыны. Бір қатысушы – «үй иесі» үйшікке орналасады. Ол, мысалы, «есімше» болады. Қалған оқушыларға «етістік», «сын есім», «жалғау», «уақыт» , т.б. сөздер жазылған кеспелер беріледі. Олар кезекпен үйшікке келіп:  Тық, тық, үйшікте кім тұрады?  Мен – есімшемін.
  • 17. 17  Ал мен – етістікпін. Үйшігіңе кіргізесің бе?  Егер маған қай жерің ұқсайтынын және қандай айырмашылығың барын айтсаң, кіргіземін. «Қонақ» ортақ қасиеттерін, айырмашылықтарын атауы тиіс. Ойынды топпен де, жұптасып та өткізуге болады. «Ассоциациялар тізбегі». Бұл ойын мүлде өзге заттар, құбылыстар арасында көзге көрінбейтін байланыстар іздестіруге көмектеседі. Ойлауға, іздестіруге, сөздермен жұмыс істеуге үйретеді, сөйлеу дағдысын қалыптастырады. Ойын шарты мынадай: мұғалім екі сөз береді. Бірінші және соңғы. Оқушылар арасында тастап кеткен сөздерді өздері толықтыруы тиіс. Мысалы, өзен ... тәрелке. Екі сөз қалып кеткен. Байланысты былайша табуға болады: өзен-су-сорпа-тәрелке. Өзеннен сорпа жасауға су алдық. Сорпаны тәрелкеге құйдық.
  • 18. 18 «Артық сөздіалып тастау». Мұғалім үш сөз атайды. Балалар тізбектен бір сөзді алып тастауы тиіс. Мұның өзінде қай сөздіалып тастау қағидасы оқушылар өздері таңдайды. Мысалы, алма, күн, ара сөздері. Оқушылар «алманы» айтуы мүмкін, себебі алма – 4 әріп, қалғандары 3 әріптен тұрады. Немесе «араны» алып тастайды, себебі алма мен күн дөңгелек, күнді алып тастайды, өйткені алма мен ара «а» әрпінен басталып, аяқталып тұр. ТРИЗ ойындары Жас ұрпаққа үлкендердің тәжірибесін беру үшін адамдар ойын әдісін ерте замманнан-ақ қолданған. Заманауи мектептерде ойын іс-әрекеті келесі жағдайларда пайдаланылады: 1. Түсініктерді, тақырыпты және тіпті оқу пәнінің бөлімін игеруге арналған дербес технология ретінде. 2. Технология элементі ретінде.
  • 19. 19 3. Сабақ немесе оның бөлігі (кіріспе, түсіндіру, бекіту, жаттығу, бақылау) ретінде. 4. Сыныптан тыс жұмыс технологиясы ретінде. Педагогикалық ойын оқыту мақсатын және педагогикалық тәжірибені білдіреді. Педагогикалық ойындар келесі түрде жіктеледі: 1. Іс-әрекет түріне қарай: дене тәрбиелік, зияткерлік, еңбек, әлеуметтік және психологиялық; 2. Педагогикалық үрдістің сипаты бойынша:  үйретуші, жаттықтыратын, бақылайтын және жалпылайтын;  танымдық, тәрбиелік, дамытушы;  репродуктивті, өнімді, шығармашылық;  коммуникативтік, диагностикалық, кәсіби бағытталған және т.б.; 3. Ойын әдістемесінің сипаты бойынша: пәндік, рөлдік, еліктеушілік және т.б.
  • 20. 20 4. Ойын ортасына қарай: заттармен, заттарсыз, компьютерлік және ОТҚ-мен. Дидактикалық ойындар келесі компоненттерден: ойынды ойластыру, ойын әрекеті, танымдық мазмұнынан немесе дидактикалық міндеттерінен, құрал-жабдықтан, ойын нәтижелерінен тұрады. Дидактикалық ойынның негізі инновациялық мазмұны болып табылады. Ол оқу проблемасын шешуде қолданылатын білім мен білікті меңгеруде жатыр. Дидактикалық ойындардың келесі түрлері бар.  Жаттығу ойындар. Олар оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіреді, оқу материалын бекітуге мүмкіндік береді, оны жаңа жағдайларда қолдану дағдысын дамытады. Жаттығу-ойындар үлгілері: кроссвордтар, ребустар, викториналар.
  • 21. 21  Саяхат-ойындар. Бұл ойындар оқу материалын ой елегінен өткізуге және бекітуге мүмкіндік береді. Бұл ойындарда оқушылардың белсенділігі әңгіме, пікірталас, шығармашылық тапсырмалар, гипотезаларын айту түрінде көрінуі мүмкін.  Жарыс ойындар. Мұндай ойындарға барлық дидактикалық ойындар түрі жатады. Оқушылар топтарға бөлініп жарысады. «Өтірік ертегі айту», «Кері ертегі», «Ертегілер салаты», «Фантазия үйлесі», «...болса, не болар еді?», «Сөйлем құрау», «Аукцион», «Тізбек», «Жаңылыс», «Сөйлемді аяқта», «Мағынасы мен жазылуына қарай бөл», «Баспалдақ», «Синонимдерді тап», «Төртінші артық» лингвистикалық ойындары. Лингвистикалық ойын оқытылып жатқан материалға сай болуы тиіс және оқушылардың
  • 22. 22 дайындығы мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес құрылады. Сабақта әр түрлі рөлдік ойын түрлерін пайдалануға болады. Белгілі бір кәсіби; қандай да бір нақты бір проблеманы шешуге байланысты жағдаяттық; оқудағы шиеленістерді шешуге арналған және т.б. әрекетке еліктеуге бағытталған. Рөлдік ойында шарттылық, салмақтылық және суырып салмалық болуы тиіс. «Пікірлер шашуы» деген топқа қатысушылардың белгілі бір проблема немесе тақырып бойынша ұйымдастырылған кезекті ой талқыларын ортаға салу болып табылады. Мұндай ойынның әдістемелік ерекшелігі сабақ материалы бойынша толық жазылмаған сөздер тізбегі бар кеспелер болып табылады. Оларды оқу және айту жауап беруге итермелейді. Бастапқы сөз ойға бағыттайды, оқушыға алғашқы сөйлеу сәтінде көмектеседі.
  • 23. 23 Қазақ тілін оқуға қызығушылықты дамыту және ұстап тұру үшін оқушыларды ТРИЗ- жұмбақтар құрауға тартуға болады. Көбінесе екі түрлі ТРИЗ-жұмбақ пайдаланамын: қасиеттері және іс-әрекеті бойынша. Жұмбақ құраудың өз алгоритмі бар. Жұмбақ құрауалгоритмі Қасиеттері бойынша 1) Нысан таңдау 2) Кестені толтыру қандай? (нысан); не (кім) осындай? 3) Екі бағандағы жазылғанды бірақ... емес сөздерімен қосып, жұмбақты оқу керек Қиын, бірақ жұмбақ емес, Маңызды, бірақ тұлға емес. Іс-әрекеті бойынша 1) Нысан таңдау 2) Кестені толтыру не істейді? (нысан); не (кім) осындай істейді? 3) Екі бағандағы жазылғанды бірақ... емес сөздерімен қосып, жұмбақты оқу керек Хабарлайды, бірақ мұғалім емес.
  • 24. 24 Мысал дегеніміз не? Не істейді? Сол секілді не? Үйретеді, Келекет етеді, Өлең формасында, бірақ бірақ бірақ ертегі, өсиет емес. сатира емес. лирика емес. (мысал) Жұмбақ құрау оқылған материалды бекітуге мүмкіндік береді, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Жұмбақ құрай отырып, оқушы талдайды, салыстырады, жіктейді, қорытынды жасайды. «Метафора құра» ойынын пайдалануға болады. Метафора құрау мынадай болуы мүмкін: нысан таңдау, нысанның іс-әрекетін атау, дәл Қажетті, бірақ ана емес, Қызықты, бірақ кітап емес (морфология) Сұрайды, бірақ әже емес, Бұйырады, бірақ генерал емес. (сөйлем)
  • 25. 25 сондай іс-әрекет жасайтын нысан таңдау, бірінші нысан орналасқан орынды атау, үшінші және төртінші іс-әрекет пунктін қосу = метафора. ТРИЗ технологиясы шығармашылық елестету және қиялдау әдіс-тәсілдерін пайдалануды, ойлаудың психологиялық серпінін және танымдық-психологиялық кедергілерді жеңуді көздейді. Психологиялық серпін – стандартты іс-әрекеттерге әдет болып кету, адамның бойына сіңген әдеттер мен түсініктеріне сәйкес ойлауға тырысуы. Стандартты іс-әрекеттер жасауға әдеттену оқушылардың жіберетін грамматикалық қателерінің себебіне айналып отыр. Осылайша, аналогия бойынша тапсырмаларды орындайотырып, оқушы «н» мен «ң» ажырата алмайды. «Менін, менім» деп сөйлейді. Осылайша белгілі жалған баламалы міндеттерді шешу серпіні көрініс табады. Психологиялық серпінді жеңу үшін нысанға және оның негізгі сипаттамаларына
  • 26. 26 талдау жүргізуқажет. Орфографиялықсауаттылық қалыптастыру тәсілдерінің бірі «ойластырылмаған хатқа тыйым салу» әдісі болып табылады. Сөз жазбастан бұрын, оған үш сұрақ қою қажет: 1) сөзде тіларты «ң» дыбысы бар ма? 2) сөзде [ у ] дыбысы дауыссыздан кейін келе ме? 3) сөздегі дауыстыларды әндетіп айтамыз. Талдауға арналған сөйлемдер «ойталқы іздерімен», яғни сөздегі барлық орфограммалар атап айтылады. Сыныпты екі топқа бөлуге болады, бірінші топ сөйлемдерді ойталқы іздерімен, екінші ойталқы іздерсіз жазады. Одан әрі жұмыстың қорытындысы жасалады, қай топ қатені ең аз жібергені анықталады. «Синтаксистік есеп». Тапсырманың бұл түрін сергіту сәті немесе жаттығу ретінде пайдалануға болады. Жұмыс ауызша жүргізіледі. Құрылымы әр түрлі құрмалас сөйлемдер беріледі, оқушылар құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай
  • 27. 27 сөйлемдер санын санап, кеспе көмегімен дұрыс жауап көрсетуі тиіс. Кім дұрыс жауап берсе, сол орнынан тұрады, қате жауап берген орнында отыра береді. Соңында тақырып бойынша білімін көрсетіп, сыныптастарының қате пікірлеріне берілмеген оқушы тұрады. Мұнда әдеткі қасиеттердің, жағдайдың және параметрлердің психологиялық серпінін жеңу өте маңызды. «Сөз және оның мағынасы» бөлімін оқытудыңалғашқы сабақтарында (5-сынып) таныс сөздердің (мысалы, мектеп, парта, оқулық) лексикалық мағынасын құрастыру үшін «Элемент – қасиет аты – қасиеттің мағынасы» үлгісі қолданылды. Ол үшін оқушыларға «Қай заттар саласына жатады? «Зат» қандай материалдан жасалған? Не үшін қажет?» деген сұрақтарға жауап керек. Оқушылардың жазғаны: «Мектеп – кірпіштен, бетоннан жасалған, оқитын орын», «парта – ағаштан жасалған, жиһаз бөлігі, мектепте балалар отырады», «оқулық – мектепте оқитын,
  • 28. 28 қағаздан жасалған кітап». Алынған сипаттамалар түсіндірме сөздіктегі сөздердің лексикалық мағынасымен салыстырылады. Сондай-ақ оқушылардың осы сұрақтар бойынша құраған сөздердің лексикалық мағыналары оқылады, ал оқушылар сол сөзді тауып алуы тиіс. Дәл осы үлгі «Лексика» бөлімінде көп мағыналы сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру үшін пайдаланылады. Осы үлгі арқылы көп мағыналы сөздердің барлық мағынасында бір маңызды ортақтығы бар екендігін саналы түрде түсінуге мүмкіндік береді (мысалы, ағаштың, тістің, адамның тамыры – онсыз өмір сүру мүмкін емес негізгі, басты бөлшегі; сөз мағыналары өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіретін сол сөздің ұқсастығы бойынша құралған). Мұндай жұмыс «сөздің лексикалық мағынасы», «көп мағыналы сөздер» түсініктерін арттыруға, қазақ тілін үйренуге деген
  • 29. 29 қызығушылықтарын жоғарылатуға көмектесті. Оқушылар өздерінің түсіндірме сөздіктерін құрастырып, бөлісіп, бір-біріне көп мағыналы сөздер туралы жұмбақтар жасыра бастады. Түйіндеме бөлімі. Креативті сабақ өткізу құрылымындағы аяқтаушы бөлім түйіндеме болып табылады. Бұл кезеңде оқытушы оқушылармен кері байланыс орнатады. Нәтижелілік шарттары рефлексивті іс-әрекеттер жүзеге асыра алу болып табылады, яғни сабаққа дайындыққа баға беру, қиналу себептерін табу, сабақта оқытудың шығармашылықты арттыратын әр түрлі әдіс- тәсілдері қолданылған-қолданылмағанын, сабақта диалог технологиясы қолданылғанын білуден құралады.
  • 30. 30 ТРИЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР ЭЙЛЕР ШЕҢБЕРЛЕРІ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕР бастауыш баяндауыш ЖАЛҒАУЛАР көптік септік жіктік тәуелдік СӨЗ ТАПТАРЫ Зат есім Сан есім Сын есім Есімдік Етістік Үстеу Еліктеуіш
  • 31. 31 ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР 1-есеп Әкесі Жалғау баласы Септікке туған күніне біраз сыйлықтар әкелді. Оның ішінде: одағай, үтір, ілік, барыс, етістік, көмектес, буын, үндестік секілді сыйлықтар бар еді. Септік ең кіші бала болғандықтан, қай сыйлықтарды таңдарын білмейді. Дұрыс сыйлық таңдауға көмектес. 2-есеп Дауыссыз дыбыс, Нүкте, Сөйлем, Жұрнақ, Көнерген сөз балабақшада тәрбиеленеді. Тәрбиеші кім кімнің баласы екендігін шатастырып, Лексикаға Буынды, Синтаксиске Жұрнақты, Дауыссыз дыбысты, Фонетикаға Сөйлемді, Морфологияға Көнерген сөзді тапсырды. Ата- аналары мен балаларын бір-біріне жұптастыр. 3-есеп Білмесбек «Жұрнақ» сабағына дайындалды. Ол сөмкесіне -лар, -ып, -ға, -ма, -нан, -тар, -шы, -лық
  • 32. 32 қосымшаларын салды. Сабаққа қайсылары сәйкес келмейді. Артығын алып таста. 4-есеп. Жағажайдағы «Фонетика» қонақүйіне [А], [Б], [Ғ], [Ұ], [П], [О], [Ө], [Ж], [Қ] дыбыстары келіп, оларды ыңғайлы бөлмелерге, бір-біріне бөгет болмайтындайетіп орналастыруынсұрады. Екі ғана бөлме қалған еді. Оларды қалай орналастырды? 5-есеп Білмесбек Морфологияға туристік саяхатқа заттарын салысуға көмектесті. Сөмкеге ол: етістікті, жұрнақтарды, шылауларды, синонимдерді, қаратпа сөздерді, орфограммаларды, үтірлерді, сын есімдерді салды. Морфология қай заттарды алып тастауға тура келеді? 6-есеп Фонетика атаның үш баласы бар. Дауыссыз, дауысты және буын. Әрбіреуінен тараған бірнеше
  • 33. 33 немересі бар. Бірақ Фонетика ата қай баласында қанша баладан бар екенін ұмытып қалды, атаның есіне түсіру керек. Қайсысында қанша баладан бар? АССОЦИАЦИЯЛАР ТІЗБЕГІ Ағаш ... көйлек (ағаш-қағаз-ақша-көйлек); Қой ... кроссовки (қой-жүн-шұлық-кроссовки); Қоңырау ... аяқ (қоңырау-сабақ-оқушы-аяқ); Жер ... тоқаш (жер-бидай-ұн-тоқаш); Бидай ... пышақ (бидай-ұн-нан-пышақ). АРТЫҚ СӨЗДІ АЛЫП ТАСТА Алма, күн, ара. Ожау, кесе, орамал. Терезе, тақта, қалам. Сақина, сүлгі, машина. Кітап, көйлек, сөйлем. Сым, гүл, сақина Тау, пирамида, тас
  • 34. 34 «ҮЙШІК» ОЙЫНЫ (Септіктерді өткен кезде). Үйшік иесі – Септік. 4-5 балаға «-ға», «-лар», «-мен, -бен, -пен», «-ым, -ім», «-ды, -ді», «-ның, -нің» деген жазулары бар кеспелер беріледі. Үйшікке келіп тықылдатады:  Тық, тық, үйшікте кім тұрады?  Мен – Септікпін.  Ал мен – «-ға» жалғауымын. Үйшігіңе кіргізесің бе? - Егер маған қай жерің ұқсайтынын және қандай айырмашылығың барын айтсаң, кіргіземін.  Мен барыс септігінің жалғауымын, саған туыспын.  Онда кіре ғой. (Жалғаулар кезекпен келіп, Септікке туыс/туыс еместігін айтады. Туыстары үйге кіреді.
  • 35. 35 (Сан есімді өткен кезде) Үйшік иесі – Сан есім. 4-5 балаға «қызыл», «бесінші», «он-оннан», «орындық», «тоқсан тоғыз» деген жазулары бар кеспелер беріледі. Үйшікке келіп тықылдатады:  Тық, тық, үйшікте кім тұрады?  Мен – Сан есіммін.  Ал мен – «Қызыл» сөзімін. Үйшігіңе кіргізесің бе? - Егер маған ұқсасаң, кіргіземін.  Мен сын есімге жатамын. Саған туыстығым жоқ.  Онда, кіре алмайсың.  Мен Тоқсан тоғызбын. Есептік сан есіммін. Саған жақынмын. (Сөздер кезекпен келіп, туыс/туыс еместігін айтады. Туыстары үйге кіреді.
  • 36. 36 ЖҮЙЕЛІК ЛИФТ Дыбыс – буын – сөз – сөз тіркесі – сөйлем – мәтін; Түбір – сөз – сөз тіркесі – сөйлем – мәтін; Тіл білімі – синтаксис – сөйлем – құрмалас сөйлем – салалас құрмалас сөйлем; Болымды етістік – етістік – сөз табы – морфология – грамматика; Кәсіби сөздер – лексика – тіл білімі; Жалаң сөйлем – жай сөйлем – сөйлем – синтаксис – грамматика – тіл білімі. ЖҮЙЕЛІК ОПЕРАТОР Болды Айналды Не өзгерді Кінәлі айна айналар көптік мәнге ие болды - лар көптік жалғауы қонақ қонағы тәуелдік мағынаны иеленді -ы тәуелдік жалғауы (ІІІ жақ) біл білім жаңа сөз туды -ім сөз тудырушы жұрнағы дәрігер дәрігермін 1. жаңа сөз туды 1. -гер сөз тудырушы жұрнағы
  • 37. 37 2. І жақтағы жіктік мағынаға ие болды 2. -мін жіктік жалғауы (І жақ) бес бесіншісінің 1. реттік мағынаға ие болды 2. тәуелдік мағына үстелді 3. септік мәнге ие болды 1. -інші сөз түрлендіруші жұрнағы 2. -сі тәуелдік жалғауы 3. -нің ілік септігінің жалғауы қол қолғап 1. жаңа сөз туындады 1. қап сөз қосылды (қос сөз) 2. «қ» «ғ»-ға айналды 2. «л» дыбысының әсерінен «қ» жұмсарды (ілгерінді ықпал) бол болмады 1. болымсыздық мән туындады 1. -ма болымсыз етістік 2. өткен мағына үстелді жұрнағы 2. -ды жедел өткен шақ жұрнағы Жан Жанқожа [жаңғожа] 1. сөз қосарланды 1. қожа сөзі бірікті
  • 38. 38 2. айтылуында дыбыстық өзгерістер болды 2. тоғыспалы ықпал (н↔қ=ң/ғ) қол қолшатырға 1. бірігу арқылы жаңа сөз пайда болды 2. бағыт мәні үстелді 1. шатыр сөзі қосылды (біріккен сөз) 2. -ға барыс септігінің жалғауы жалғанды СЫН ЕСІМДЕР ҚОЮ ( ) жаз көзді ашып жұмғанша өтіп кетті. Аспанда ( ) бұлттар қаптаған. Себезгіден себегендей, олардан ( ) жаңбыр жауа бастады. Су бетінде ( ) жапырақтар қалқып жүр. Ағаш арасындажүрген ( ) кірпі қысқа дайындалуда. Ол шұңқырға шөп, мүк, жапырақтар әкеліп, өзіне ( ) ін жасап алды. ( ) жел ( ) жапырақтарды ұшырады. Жақында бүкіл жерді ( ) қар басады.
  • 39. 39 ЕТІСТІКТЕР ҚОЮ Көктем де келіп ( ). Қар ( ), жылғалардан су ( ). Ағаштардың барлығы бүршік ( ). Жылы жақтан қаз ( ), қарлығаштар ұя ( ). Өзеннен сарылдап ( ) су саймен ( ). Біз отбасымызбен ауланы ( ), құстарға ұя ( ). Жақында Наурыз мейрамы ( ). Барлық адамдар көктем тойын тойлауға ( ). ЕРТЕГІЛЕР САЛАТЫ 1-ертегі Бір күні Алдар көсе келе жатып, Мақтақызды кездестіреді. Алдар көсе: - Қайдан келе жатырсың, Мақтақыз? - Әжеме тоқаш апаруға шығып едім, адасып қалдым. Жаңа жолда Бауырсақты кездестірдім. Сіз кімсіз?
  • 40. 40 - Мен – Алдар ағаңмын. Жүр, жолды көрсетіп жіберейін. Алдарынан түлкі мен қасқыр шығады. - Қасқыр мен түлкі: - Бауырсақты көрмедіңіздер ме? Алдар көсе: (әрі қарай оқушылар жалғастырады); 2-ертегі Бір ғажайып орманда Білмесбек, Бауырсақ және Буратино өмір сүріп жатты. Бір күні Бауырсақ жидек теруге шығып, үйіне келмей қалады. Білмесбек пен Буратино іздеуге шығады. Қараса, оларға қарсы Қызыл телпек жылап келе жатыр... (әрі қарай оқушылар жалғастырады). ТӨЛҚҰЖАТЫН ҚҰРА  Әдебиет сабағында Абай Құнанбайұлының өмірбаянын оқытқан кезде. Аты – Абай Құнанбайұлы (шын есімі – Ибраһим); Туған жері – қазіргі Шығыс Қазақстан облысы;
  • 41. 41 Сыртқы келбеті – жүзі жылы, толық, басында тақия; Балаларға арналған өлеңі – «Ғылым таппай мақтанба» Жеке қасиеттері – парасатты, әділ, ақылды, бауырмал, кемеңгер.  «Менің атым – Қожа» әңгімесіндегі Жанарға жасалған төлқұжат. Аты – Жанар Шығарушы – Б.Соқпақбаев Тұрғылықты жері – «Менің атым - Қожа» әңгімесі Сыртқы келбеті – шашы жинаңқы, әдемі, таза көйлек киген Алғашқы рет қайда кездеседі – далада, Жантаспен бірге Жеке қасиеттері – ұқыпты, тәрбиелі, тәртіпті, үздік оқиды.
  • 42. 42  Сөз тіркесінің төлқұжаты Аты – сөз тіркесі; Тұрғылықты жері – синтаксис; Сыртқы келбеті – кемінде екі сөзден тұрады; Қайда кездеседі – сөйлем ішінде Қандай түрлері бар – есімді тіркес (жасыл желек), етістікті тіркес (ауылға барамын), тұрақты тіркес (қой аузынан шөп алмас).  Зат есімнің төлқұжаты Аты – зат есім; Тұрғылықты жері – морфология, сөз табы Нені білдіреді – заттың, құбылыстың атын Құрамы – дара/туынды Тұлғасы – негізгі/туынды Мағынасы – деректі/дерексіз Сөйлемдегі қызметі – бастауыш, толықтауыш АУКЦИОН Мұғалім «Есімшені» аукционға қояды. Әр оқушы бір-бірден анықтамасын, сұрақтарын,
  • 43. 43 жұрнақтарын айтады. Ең нақты жауап айтқан бала «Есімше» деп жазылған кеспені өзіне алады. 1-оқушы: -ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады; 2-оқушы: -ғалы, -гелі, -қалы, -келі жұрнақтары арқылы жасалады; 3-оқушы: етістіктің ерекше формасы, түбір етістікке жұрнақтар жалғанып, сын есімнің қасиеттерін алады. 3-оқушы толық жауап бергендіктен, «Есімше» кеспесін алады. КЕРІ ЕРТЕГІ «Тапқыр қоян» ертегісі Қоян салқындаған суды ішеді. Қоян ыстық суды аюға көрсетеді, қасқырға көрсетеді, Түлкіге көрсетеді, кірпіге көрсетеді. Кешігіп келген қоянға ішетінін айтады. Ортаға жиналған аңдардан Арыстан суды кім ішетінін сұрайды. – Мына ыстық суды, кім ішеді, соған тиіспеймін, - дейді. Арыстан аңдарды жинайды.
  • 44. 44 «Мақтақыз бен мысық» ертегісі Мақтақыз құйрығынберді, мысық сүт берді. Сиыр мысыққа сүт берді, сиырға жапырақ берді, ағаш жапырақ берді, суды ағашқа берді, қыздар мысыққа су берді, сағызды қыздарға берді, дүкенші сағыз берді, дүкеншіге жұмыртқа берді, тауық жұмыртқа берді, тарыны тауыққа берді. «Үйімде бір уыс тарым бар», - дейді тышқан. Тышқанды көріп қалып: «Жаныңның барында айт, үйіңде не бар?"- дейді. Тауық жем сұрайды, мысық тауықтан жұмыртқа сұрайды. Сатушы жұмыртқа сұрайды, мысық сатушыдан сағыз сұрайды. Қыздар сағыз сұрайды, мысық қыздардан су сұрайды. Ағаш су сұрайды, мысық ағаштан жапырақ сұрайды. Сиыр жапырақсұрайды, мысық сиырдан сүт сұрайды. Мақтақыз «Сүтімді әкеліп бер», - дейді. Мысық құйрығын сұрайды. Мақтақыз мысықтың құйрығын жұлып алады. Мысық Мақтақыздың сүтін төгіп тастайды. «Мейіз тауып алғам, өзің келмедің ғой, жеп қойдым», -
  • 45. 45 дейді. «Мені не үшін шақырдың», - дейді мысық. Мақтақыз мейізді өзі жеп қояды, мысық келмейді. Мақтақыз үй жинап жүріп, мейіз тауып алады.
  • 46. 46 Сынып: 6 Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері Сабақтың мақсаты: - білімділік: оқушылардың ұлттық киімдер жайлы, олардың сәнділігі, практикалық маңызы туралы танымдарын кеңейту, қосымша ақпарат беру, септік жалғауы туралы білімдерін пысықтау; - дамытушылық: компьютерді игеру машықтарын дамыту, қазақ тілінің спецификалық дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру, арт-сенсорикалық терапия (қию, жапсыру); - тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық дәстүріне, соның ішінде киімдеріне деген сыйластықтарын арттыру, отансүйгіштік тәрбие беру. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: ТРИЗ («Фокалды обьект» шығармашылыққа тарту ойыны), АКТ, Power Point, интернетпен жұмыс жасау, сұрақ- жауап, сәйкестендіру, әңгімелеу, сенсорика Сабақтың көрнекілігі: бекіту тақтасы, компьютер, плакат, бейнематериал, асық, қайшы, түрлі-түсті қағаз, қамшы, тымақ, сандық Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, технология, ағылшын тілі, информатика
  • 47. 47 Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберінде тұрып, құшақтасып, бір-біріне жылулығын беру. Балалардың көңілін сабаққа аударту. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? (4: көптік, тәуелдік, жіктік, септік жалғаулары). Неше септік бар? Плакатта сызылған септік жалғаулары бойынша сәйкестікті табу. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушылар, адамға киім не үшін қажет? Сендер қандай киім киесіңдер? Қазақ халқында «Адам көркі – шүберек» деген сөз бар. Кез келген халықтың ата-бабасынан мұра болып келе жатқан салт-дәстүрі, соның ішінде ұлттық киімдері бар. Әр халықтың ұлттық киімі әр түрлі, оған елдің географиялық орналасуы, салт-дәстүрі әсер еткен. Қазақ халқының ұлттық киімдеріне назар аударайық. Одежда наших предков была не только красивой, но и удобной. А материал, драгоценности говорили о социальном статусе человека. Например, саукеле невесты оценивалось высоко и его стоимость могло доходить до 2000 голов скота.  Ұлттық киімдер туралы бейнематериал көрсету Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жаза қойыңдар. «Ұлттық киімдер».
  • 48. 48 Сонымен, оқушылар, қазақ халқының ұлттық киімдерінен сендерге қайсысы таныс? Жаңа сөздер. Сөздікпен жұмыс (жазғызу, оқыту, сөз тіркестерін құрату). Бөрік – головной убор; (шьется из дорогого материала, как бархат, край обшивается мехом разных животных) Қасаба – летний головной убор девушек (украшается драгоценными камнями, металлами); Ішік – дубленка (зимняя верхняя одежда из меха, снаружи сшитый материалом); Қамзол – женская жилетка (надевается сверху платья, украшается орнаментом, драгоценностями, обязательный атрибут женского наряда); Кебіс – туфли (летняя обувь на невысоком каблуке, украшенная национальными узорами); Саптама етік – сапоги (высокая обувь из кожи, украшенная орнаментом).  Тымақ - ? (зимний мужской головной из меха диких животных) –  интернеттен тапқызу.  мәтінді экранға шығарып, мәтіннен қай сөздер таныс екендігін сұрау. (Тапсырмаорындағандарғаасықберіп отырамын). Ал сен іздегенше, қалған оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрасын. Сөз тіркестерін құрату (3-5 сөз тіркесі). Сөздерді ағылшын тілінде айтқызу Ақ етік; ақ – белый – white; етік – сапоги – boots;
  • 49. 49 Әдемі қамзол; әдемі – красивый – beautiful; Жылы ішік; жылы – теплый – warm. Тапсырма №1. Компьютерде мәтін тергізу. Оқушылар, бәріміз компьютерді жақсы меңгергенбіз. Кім тез жаза алады, көрейік. Сергіту сәті: «Таныдың ба?» ойыны. Сандықшадан әріп алып, оны көрмей, қолмен ұстап, қандай әріп екендігін айтып беруі тиіс. Сабақты бекіту:  бекіту тақтасындағы сәйкестікті табу;  Ойын (ТРИЗ әдісі бойынша). «Фокалды обьект» ойыны. Ойынның мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін ояту, сабаққа деген қызығушылығын жоғалтпау. Бір-бір сөз жазады, оған қатысы жоқ тағы үш сөз жазады. Сол үш сөзді екі-екі түсінікпен түсіндіреді. Мысалы: көйлек; Фокалды нысандарымыз: кесе: шай ішу үшін керек; дөңгелек пішінді; телефон: сөйлесу үшін керек; қара; Біздің нысанымыз – көйлек. Оған ойластырған сөздеріміздің түсініктерін қосамыз. Шай ішу үшін, яғни кірлемес үшін үйгекиетін көйлек; дөңгелек пішінді көйлек – етегі кең сарафан;
  • 50. 50 Екінші сөздің түсініктерімен қосамыз: көйлек – сөйлесу үшін, яғни келіссөздерге, ресми жағдайға арналған көйлек – классикалық жейде шығады; Қара көйлек.  Қалған оқушылар ойластырғанша, екі бала өздеріне ұнаған ұлттық киімді қиып, жапсыруы тиіс. Кейін не жапсырғанын айтып береді. Қорытындылау: Кері байланыс (рефлексивтік сәт). Сонымен, оқушылар, қандай тақырып өттік? Сабақ ұнады ма? Сабақ ұнаса, мына жапсырмаларға жымиған адамның түрін, ұнамаса, көңілсіз адамның түрін салыңдар. Үй тапсырмасын беру: (қонақтардың көмегімен) бөрік, қасаба сөздерін септеу Бағалау: жинаған асықтарына байланысты бағаларын алады. Қоштасу: Сау болыңдар, балалар!
  • 51. 51 Қорытынды Қазіргі ақпараттың мейлінше қарқынды дамыған заманында оқушылардың ойлау қабілеттерін жан-жақты ету, шығармашылықтарын дамыту, кез-келген күрделі, қиын мәселелердің шешу жолдарын таба білуге үйрету басты педагогтардың басты міндеті. ТРИЗ технологиясы – қазіргі қолданыстағы білім беру технологияларымен бірге дамуға мүмкіндігі бар, болашағы зор технология. Аталған технология әдістерін қазақ тілі мен әдебиеттері сабақтарында ғана емес, бастауыш мектепте де, кез келген пәнде де қолдануға болады. Сабақ барысында оқушылар шығармашылық танытып, оқуға деген ынтасы төмен балалар да қызыға түсіп, сабаққа араласып отырады. Сондықтан ТРИЗ технологиясы пәнді оқыту мүмкіндігін арттыру көзі ретінде қолданылған тиімді болады.
  • 52. 52 Әдебиеттер тізімі 1. Генрих Саулович Альтшуллер. Технология ТРИЗ, 1989 ж. 2. Никитина С.М. ИспользованиеТРИЗ- технологии на уроках английского языка. Новосибирск, Звезда, 2007 ж. 3. Сакаева Д.М. Методы и приёмы ТРИЗ- технологии на уроке русского языка. Муравленко қ. (РФ), 2011 г. 4. Мозговая Т. Н. Использованиеприёмов ТРИЗ в начальной школе. Ракитка қ. (РФ), 2009 ж.