Бекбатырова
Ляззат Толеугалиевна
Білім берусаласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сенсорика
Тақырыбы: «Қайсы көп, қайсы аз?»
Мақсаты: «көп», «аз» ұғымдарын қалыптастыру;заттарды түстері бойынша
топтауды,заттың көлемін ажыратуды үйрету; кеңістіктік түсініктерін дамыту;
сөйлеу тілінде заттың орнын білдіруші кеңістік ұғымдарын қолдана білу ;
жалпы және ұсақ моториканы,тктильді түұйсікті,эстетикалық мәдениетті
дамыту; жануарларға деген қамқорлық қатынас пен сүйіспеншілікке
тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: декорациялар, ағаш, саңырауқұлақ,сәбіз,шырша,қоян
(ойыншық), үйдің сұлбасы
Әрекеттің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-
әрекеті
Ұйымдастырушы-
оятушылық кезеңі
-Балалар, бүгін ерекше күн!
Тобымызға қонақтар келіп отыр.
Қонақтарға өз білімімізді
көрсетейік. Алдымен қонақтармен
амандасып алайық.Балалар бізге
қонаққа Күнде келіп қалыпты.
-Балалар,күнде таңертең тұрғанда
бірінші нені көреміз?
-Күн бізге несін береді?
-Олай болса, күнге қолымызды
созып, жылуын алайық, сосын бір-
бірімізге берейік те , бәріміз
жылуымызды қонақтарға берейік
(үрлейді)
Күлімдеген күн бүгін,
Қарады маған да,
Күлімдеген күн бүгін
Қарады саған да,
Шуағын төгіп нұр.
Сәлеметсіздер ме?
Күнді
Жылуын
Ұйымдастырушылық-
ізденушілік кезеңі
«Қымбатты балалар,сендерге хат
жазған қоян. Мен ормандамын.
Маған үйшік жасауға
көмектесіңдерші, тоңып
отырмын,қарным аш.»
Қане балалар қоянға көмектесейік.
2.
Ондай болса бәрімізорманға
бараайық. Көпір жасап тастардан
арықтан өту. Орманға кіру.
Балалар орманда нелер өсіп тұр?
Дұрыс
ағаштар,шыршалар,саңырауқұлақта
р өсіп тұр екен.
Балалар,орманда ағаштар көп
пе,шыршалар көп пе?
Осы кезде
«құтқарыңдар,құтқарыңдар !»-деген
дауыс шығады.
-Балалар ,қараңдаршы, көмек сұрап ,
айқайлап келе жатқан кім екен?
Ал қуып келе жатқан кім ?
-Қасқыр қайда болады?
Балалар,қоянға көмектесеміз бе?
-Балалар,тездетіп қоянды тауып
алып,қасқырдан құтқарайық.
-Балалар мына жерде үлкен болып
өскен саңырауқұлақ бар екен, соның
айналасын қарайық (үлкен
саңырауқұлақ артынан қоянды алып
шығады)
-Балалар, қоян тоңып қалыпты,
тобымызға апарайық.(бәрі топқа
келеді)
-Балалар,қоянға тақпақ айтып
берейік.
-Балалар,қоянның көзі нешеу?
Құлағы,аяғы нешеу?
-Балалар қоян не жейді?
-Сәбіз қайда өседі?
Олай болса бәріміз бақшаға
барайық.
-Сәбіздер бірдей болып өскен ба?
-Балалар ,сәбіздерді теріп,
кішкентай сәбіздерді кішкентай
қапшыққа,үлкен сәбіздерді үлкен
қапшықтарға салайық.
-Кәне, балалар, кімдікі көп? Кімдікі
аз?
-Балалар сәбіздерді тобымызға
апарып,қоянға берейік. (қоянға сәбіз
береді)
Ағаштар,
шыршалар,
саңырауқылақтар .
Қоян
Қасқыр
Орманда
Ия
(бәрі іздейді)
Екеу
Екеу
Сәбіз
Бақшада
Жоқ
3.
-Балалар қане ендіқоянымыз тоңбау
үшін оған үйшік жасап берейік.
-Олай болса,қоянға құрастырған
үйімізді берейік.(құрастырылған
үйді қоянның қасына қояды.)
-Балалар үйдің қабырғасы,шатыры
қандай пішіндер?
-Балалар,қоянмен бірге «Қоян
ұйқыдан оян !» ойынын ойнайық.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына ,
Қиығын салып көзінің,
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Төртбұрыш,
үшбұрыш
Балалар
қимылмен
көрсетеді.
Рефлекстік- түзету
кезеңі
Қорытындылау:
-Балалар ,бүгін қайда бардық?
-Орманға неге бардық?
Кімге көмектестік?
-Орманда нелер өседі?
-ағаштар,саңырауқұлақтар,
шыршалар көп өсе ме екен?
-Сәбіз бірдей ме екен?
-Қандай болып өседі екен?
-Қоян бізге риза болып ,рахмет
айтып,сыйлық бергісі келіп
тұр.Сыйлық бергені үшін қоянға не
айтамыз?
-Балалар,осымен оқу іс-әрекеті
аяқталды. Қоянды ортаға алып,қоян
мультфильммін көрейік.
Орманға
Қоянға
Шыршалар,
ағаштар,
Саңырауқұлақтар
жоқ
үлкен кіші
рахмет
сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: көп,аз ұғымдарын білуі;
Игеруі: өз пікірлерін айта алуды игереді;
Меңгеруі: заттардың көп ,аз болатынын меңгереді;