SlideShare a Scribd company logo
1 of 15
Күншалған орта мектебі
«Мектепалды даярлық тобы»
Өткізген: Жумабекова Н.К.
2016-2017 оқу жылы
«Көкөністер айтысы»
Жүргізуші: Құрметті ата аналар,қонақтар,бүгінгі біздің «мектеп алды
даярлық» тобымыздың «Көкөністер айтысы» атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер.
(балалар әуенмен билеп,қолдарына қолшатыр ұстап ортаға шығады.)
Сәламатсыздер ме , балалар! басымызды иіп , қонақтар мен амандасайық. !
Қонақтардыңкөңіл күйін көтеру үшін қолдарымыздыбұлғапамандасайық!
Балалр сендер бүгін әдемі болып кетіпсіңдер, жүздерің бал-бұл жайнап тұр.
Ендеше кешімізді бастайық!
Уа. Халайық, халайық!
Иіліп сәлем береміз
Қанатымыз балғын толмай
От боп жансын жүрегіміз
Біз бүлдіршін балапан, балалармыз
Таныстырыпөзіміздіаламыз
Даярлық сыныбында оқыпжүрген
Сегіз қазақ, екі орыс баламыз.
Еділ
Талапты, әдепті, сабырлы
Ізденгіш, еңбекқор баламыз
Дарынды, намысты, жайсаңбыз
Әр қашан білімге құштармыз
Еркеназ
Бүгін біздің мектепте
Алтын күздітойлаймыз.
Қияр, картоп, бұршақ боп
Алуан ойын ойнаймыз.
Өсіп тұрғанбақшада
Жинап алған бағбанда
Денсаулыққа пайдалы
Өнім биыл тамаша!
Жүргізіші:Балалар менің сендерге дайындап келген бір жұмбағым
бар.Жұмбақтың шешуін дұрыс табу үшін мұқият тыңдауларыңызды
сұраймын.
Бұлттар көшіп, жерге төніп
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайыпөңі тайып.
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай, ойнай алмай
Денең мұздаптоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай кезде болады?
Балалар:Күз мезгілінде.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Ендеше құрметті қонақтар берекелі де,
мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші:
Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып, шашпайық.
Алтын күз тойын сіздерге,
Өлеңменен бастайық.
Мөлдір:
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
Бақдаулет:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толыкеңдалам
Дариядайшалқаркүз.
Елдос:
Көкаспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп
(музыка жаңбырдың даусы естіледі)
Жүргізуші:
Қараңдаршы, күзгіжауын терезені ұрады.
Балалар мен қыздарды үйлеріне қуады..- дей келе,қыздарымыздың
орындауында «Күзгіжаңбыр » әнін тамашалаңыздар.
Ән «Күзгіжаңбыр»
Жүргізуші:
Көркіңмен жаз,жадырап күліпті күз.
Сұлулықты көргенге үміттіміз.
Қуаныш сыйлай берші бал татыған,
Биімен қуантатын өнерліміз.
Дей келе келесі кезекті балалардың орындауында
«Вальс» биін тамашалаңыздар.
Би: «Вальс»
Енді біздің балаларымыздыңөлең шумақтарын назарларыңызғаұсынамыз.
Еркеназ:
Қарашы күз келді,
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді.
Қара бұлт қабағын түйеді.
Олег:
Сап сары маңай,
Сап сары тоғай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып.
Мөлдір:
Көктен көзін бір алмай
Қызғылт тартты алтын күз
Жер қызығынқия алмай
Маужырап тұр алтын күз.
Тілекберген:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жүргізуші:
Тойға жиып міне,бүгін бәрімізді.
Жинапотыр алтын күзберекелі.
Қандайәсемайналақараңдаршы.
Бейнетүктікілемдейжып жинақы.
Иә, балалар, күзгікүндер шын мәнінде өте әдемі. Алайда, солай болғанмен де
бұл күндер аздап мұңды ,себебікөптеген құстар жылы өлкелерге қарай
ұшып кетеді.
Жүргізуші:
Ендеше, балалар, құстардыңөзараәңгімелерін тыңдайық.Олар не туралы
сөйлеседі екен?
Үйрек: Тілекберген
Қарлығаш досым сенайтшы,
Қашан сапар шегесің.
Қимай қимай туған жермен,
Қош айтысыпкетесің.
Қарлығаш:Жанар
Біздің барлықтобымызбен,
Дүйсенбіде біз ұшамыз.
Күз кеп қалды, сол себептен.
Жылы жаққа ұшамыз.
Үйрек: Тілекберген
Қарлығашым, қош бол ендеше!
Көрісерміз көктемде,
Тоңыпқалған боларсың.
Аттан жылы өлкеге,
Қарлығаш:Жанар
Үйрек,досым ал сен ше,
Ұшпаймысың әзірше.
Үйрек: Тілекберген
Топболып жиналудамыз
Сейсенбіде ұшамыз
Тау асып,бел асып,
Алысқа қанат қағамыз.
Қарлығаш:Жанар
Қош бол өскенжеріміз,
Айдын шалқар көліміз.
Аман болып тұрыңдар,
Қамқор болған еліміз.
Үйрек: Тілекберген
Қатерлі қыс өткенде
Қайтып келем көктемде
Күндедуман құрамыз
Күншуағын төккенде,
Қарлығаш:Жанар
Туған жерден кетерде
Қоңыр әнге саламыз
Екеуі бірге:
Қош болыңдар бәрің де,
Қимай кетіп барамыз.
Жүргізуші:
О, алақай, тамаша!
Шашу шашты жапырақ,
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
Күз – ол жапырақтар жауыны. Ендеше, балаларымыздың сары алтын
жапырақтар жайлы өлең жыр шумақтарына кезек берейік.
Елдос:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгібақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Раян:
Қайын, терек басынан
Сарғыштартып жапырақ,
Жерге түсіп шашылған.
Жапырақтар сылдырлап,
Давид:
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ
Жүргізуші:дей келе келесі кезекті ару қыздарымыздың орындауындағы
« Қолшатыр »биімен
жалғастырсақ.
Би: «Қолшатыр»
Жүргізуші:
Балалар күз келгенше бір ойын ойнағыларың келеді ме?
Ойын:«Көкөністермен жемістердіажырату»
Ал балалар біз ән айтып биде биледік,Ал енді күз ханшайымын қонаққа
шақырайық,қане бәріміз бірге шақырайықшы.
Барлығы:Алтын күз ,Алтын күз күтеміз сені біз.
Ой балалар күз , келе жатқан жоқ сияқты. Олай болса, біз күзге арнап ән
орындап берейік, ол бізді естіп қалар.Біздің балалардың орындауында «Күз
жомарт» ӘНІН ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР.!
Ән:»Күз жомарт»
Жүргізуші:
Ал балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші,
Сендердібір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды шақырам.
«Көкмайсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндерікиіпті,сары жібек көйлегін»
Бұл не, балақайлар .(Алтын Күз)
Күз ханшайымы келеді.
Күз:
Сәлеметсіңдер ме ,балалар!
Сәл кешігіп қалдым.
Бау бақшада жұмыс көп.
Балалар, сендер білесіңдер ме,күздеқандай өзгерістер болатынын.
Ендеше, Шын ба, әлде өтірік па деген ойынойнайық.Егер шын болса
шапалақтайық, ал өтірік болса аяғымызды топылдатайық.
-Қазір көктем мезгілі, сондықтанда далада жылы.
-Адамдар жемістермен көкөністер жинап жүр.
-Құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр.
-Гүлдер шығып, жер жүзі жанарып жатыр.
Жарайсыңдар балалар.Барлықжауаптарың да дұрыс.
Жүргізуші:
. Астық-жеміс жиылды,
Қамбаларға құйылды.
Ардақты күз, мың алғыс.
Алдық өнім, сыйыңды
Күзде күн қысқарып,дала суытады.Көкөністер мен жемістер піседі.Ел
егінін жинап ,қамбамыз дәнге толады.Күздің сыйлығын жинау біз үшін
үлкен мереке.
Балаларымыздың орындауында«Жау-жау,жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар.
Ән:« Жау-жау,жаңбыр»
Жүргізуші:
Көкөніс көп ектік,
Өссін піссін деп ектік.
Көктемде еккен көкөніс,
Күздебердікөп өніс.
Сыйлығыңаырзамыз,
Аппақ арай таңында.
Шомыламыз нұрғабіз.
Күз:
Бау- бақшаны аралап,
Қарайын, не өсіп қалыпты?
Көкөністер қызарды ма?
Көкөністер бозарды ма?
Көкөністер киімін киген балалар кіріп, залдан теріс бұрылыпотырады.
Күз:
Бау – бақшамда биыл,
Егінжай жаман емес.
Сәбіз, орамжапырақ, картоп,
Қып- қызылпіскен қызанақ
Қараңдаршы қандай әйбат.
Күннің көзіжылу береді,
Ал, жаңбыр суарады,
Бау – бақшада көкөністер
Тез пісіп қалады.
Суарғыш алып, суарады. Көкөністер өскендей болады, залға бұрылады.
Көкөністер:
Жиналып қалыппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз!
1)БҰРШАҚ - Жанар
Кішкене түймедеймін мен,
Ұнаймын мен бәріне.
Дәмді тағамдарыммен,
Сый жасаймынбәріне.
2)ҚЫЗЫЛША- Раян
Мен де бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелде.
3)ҚЫРЫҚҚАБАТ - Тілекберген
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қоссасамсаға,
Бәрі жейді тамсана.
4)ҚИЯР - Бақдаулет
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалғанкүйімде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
5)СӘБІЗ - Еділ
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де
6)ҚЫЗАНАҚ- Мөлдір
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрғанол мен- қызанақ,
Күнгеқарап ұялып.
7)Пияз- Еркеназ
Боламын мен дәмдеуіш
Барлық барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға
8)Асқабақ -Давид
Күздікүтіп жатамын
Жиып нәрді бойыма
Асқабақпын,жараймын
Қыстай сақтап қоюға
9)Қызанақ-Олег
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Барма адам сүйсінбей
Томат шырынынішпеген
10)КАРТОП- Елдос
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
БӘРІ
Жиналып қалыппыз бәріміз,
Бәріміз де дәмдіміз?
Ішімізден адамға,
Тиеді көп пайдамыз.
Жүргізуші:Міне, қандай бау – бақша! Не керектің бәрі бар!
Балаларымыздыңорындауында «Достасқанкөкөністер» биін қабыл
алыңыздар.
Би «Достасқан Көкөністер»
Күз:
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
Күз: Балалар сендер қандай өнерлі ,ақылды едіңдер.Сендердің
өнерлеріңді тамашалап бір марқайып қалдым ғой.
Жүргізуші:
Ал ендігі кезекті күзгімодаға береміз.
Жүргізуші:
Сары жібек көйлегін желбіретіп.
Жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім келді
Нұр тамшысын аспанның елжіретіп
Ән « Күз келді»
Жүргізуші:
Құрметті, ата - аналар ,қонақтар, балалар! Ертеңгілігімізге ат салысып өз
үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін барлығыңызға алғысымызды
білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Келген күзіміз жылда мерекелі,
берекелі болсын!
көкөністер айтысыD

More Related Content

What's hot (10)

дарабоз 2013
дарабоз 2013 дарабоз 2013
дарабоз 2013
 
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үнівнеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
 
анарбекова берлібекова
анарбекова берлібековаанарбекова берлібекова
анарбекова берлібекова
 
конкурс
конкурсконкурс
конкурс
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
 
ж.к.рахимбекова на конкурс
ж.к.рахимбекова на конкурсж.к.рахимбекова на конкурс
ж.к.рахимбекова на конкурс
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
332jhjkhkjhkjhjk
332jhjkhkjhkjhjk332jhjkhkjhkjhjk
332jhjkhkjhkjhjk
 
майтайбаева а.е сыныптан тыс іс шара
майтайбаева а.е сыныптан тыс іс шарамайтайбаева а.е сыныптан тыс іс шара
майтайбаева а.е сыныптан тыс іс шара
 
қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)
қазақстан тарихы  ххі ғасырда (ашық шара)қазақстан тарихы  ххі ғасырда (ашық шара)
қазақстан тарихы ххі ғасырда (ашық шара)
 

Similar to көкөністер айтысыD

балғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағыбалғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағыAsem Sarsembayeva
 
кушербаева малика
кушербаева маликакушербаева малика
кушербаева маликаAsem Sarsembayeva
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақfNurlan Abilhanov
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршгnurlan93kz
 
Наурыз-көктем-жыр-думан
Наурыз-көктем-жыр-думанНаурыз-көктем-жыр-думан
Наурыз-көктем-жыр-думанErjan Beisenhojaev
 
еркетай портфолио
еркетай портфолиоеркетай портфолио
еркетай портфолиоstylekz
 
еркетай портфолио
еркетай портфолиоеркетай портфолио
еркетай портфолиоstylekz
 
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийіАйбек Қуандықұлы
 

Similar to көкөністер айтысыD (20)

7778
77787778
7778
 
d Tyutu1)
d  Tyutu1)d  Tyutu1)
d Tyutu1)
 
Aaa
AaaAaa
Aaa
 
қош келдің жаңа жыл
қош келдің жаңа жылқош келдің жаңа жыл
қош келдің жаңа жыл
 
57
5757
57
 
балғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағыбалғын шабыт өлеңдер жинағы
балғын шабыт өлеңдер жинағы
 
тарбие сагаты
тарбие сагатытарбие сагаты
тарбие сагаты
 
1369 i__85
1369  i__851369  i__85
1369 i__85
 
кушербаева малика
кушербаева маликакушербаева малика
кушербаева малика
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақf
 
ааа
аааааа
ааа
 
Zzz
ZzzZzz
Zzz
 
303ллоршгршг
303ллоршгршг303ллоршгршг
303ллоршгршг
 
Наурыз-көктем-жыр-думан
Наурыз-көктем-жыр-думанНаурыз-көктем-жыр-думан
Наурыз-көктем-жыр-думан
 
сыңғырла соңғы қоңырау
сыңғырла соңғы қоңыраусыңғырла соңғы қоңырау
сыңғырла соңғы қоңырау
 
Men otanh
Men otanhMen otanh
Men otanh
 
оку заман
оку заманоку заман
оку заман
 
еркетай портфолио
еркетай портфолиоеркетай портфолио
еркетай портфолио
 
еркетай портфолио
еркетай портфолиоеркетай портфолио
еркетай портфолио
 
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

көкөністер айтысыD

  • 1. Күншалған орта мектебі «Мектепалды даярлық тобы» Өткізген: Жумабекова Н.К. 2016-2017 оқу жылы
  • 2. «Көкөністер айтысы» Жүргізуші: Құрметті ата аналар,қонақтар,бүгінгі біздің «мектеп алды даярлық» тобымыздың «Көкөністер айтысы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. (балалар әуенмен билеп,қолдарына қолшатыр ұстап ортаға шығады.) Сәламатсыздер ме , балалар! басымызды иіп , қонақтар мен амандасайық. ! Қонақтардыңкөңіл күйін көтеру үшін қолдарымыздыбұлғапамандасайық! Балалр сендер бүгін әдемі болып кетіпсіңдер, жүздерің бал-бұл жайнап тұр. Ендеше кешімізді бастайық! Уа. Халайық, халайық! Иіліп сәлем береміз Қанатымыз балғын толмай От боп жансын жүрегіміз Біз бүлдіршін балапан, балалармыз Таныстырыпөзіміздіаламыз Даярлық сыныбында оқыпжүрген Сегіз қазақ, екі орыс баламыз. Еділ
  • 3. Талапты, әдепті, сабырлы Ізденгіш, еңбекқор баламыз Дарынды, намысты, жайсаңбыз Әр қашан білімге құштармыз Еркеназ Бүгін біздің мектепте Алтын күздітойлаймыз. Қияр, картоп, бұршақ боп Алуан ойын ойнаймыз. Өсіп тұрғанбақшада Жинап алған бағбанда Денсаулыққа пайдалы Өнім биыл тамаша! Жүргізіші:Балалар менің сендерге дайындап келген бір жұмбағым бар.Жұмбақтың шешуін дұрыс табу үшін мұқият тыңдауларыңызды сұраймын. Бұлттар көшіп, жерге төніп Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайыпөңі тайып. Дала сұры қашады Бой жаза алмай, ойнай алмай Денең мұздаптоңады. Айтыңдаршы бөбектерім, Бұл қай кезде болады? Балалар:Күз мезгілінде. Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Ендеше құрметті қонақтар берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын! Жүргізуші: Жомарт күздің біздерге, Берерін алып, шашпайық. Алтын күз тойын сіздерге, Өлеңменен бастайық. Мөлдір: Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел, жемісті Алтын күз, Кемелденсін халқымыз. Бақдаулет: Жайдары күз, жарқын күз Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толыкеңдалам Дариядайшалқаркүз.
  • 4. Елдос: Көкаспаның мөлдіреп, Алтын күзім елжіреп, Асыр салып жүре бер, Сары көйлегің желбіреп (музыка жаңбырдың даусы естіледі) Жүргізуші: Қараңдаршы, күзгіжауын терезені ұрады. Балалар мен қыздарды үйлеріне қуады..- дей келе,қыздарымыздың орындауында «Күзгіжаңбыр » әнін тамашалаңыздар. Ән «Күзгіжаңбыр» Жүргізуші: Көркіңмен жаз,жадырап күліпті күз. Сұлулықты көргенге үміттіміз. Қуаныш сыйлай берші бал татыған, Биімен қуантатын өнерліміз. Дей келе келесі кезекті балалардың орындауында «Вальс» биін тамашалаңыздар.
  • 5. Би: «Вальс» Енді біздің балаларымыздыңөлең шумақтарын назарларыңызғаұсынамыз. Еркеназ: Қарашы күз келді, Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді. Қара бұлт қабағын түйеді. Олег: Сап сары маңай, Сап сары тоғай Соңғы әнін айтып Құс кетті қайтып. Мөлдір: Көктен көзін бір алмай Қызғылт тартты алтын күз Жер қызығынқия алмай
  • 6. Маужырап тұр алтын күз. Тілекберген: Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді. Жүргізуші: Тойға жиып міне,бүгін бәрімізді. Жинапотыр алтын күзберекелі. Қандайәсемайналақараңдаршы. Бейнетүктікілемдейжып жинақы. Иә, балалар, күзгікүндер шын мәнінде өте әдемі. Алайда, солай болғанмен де бұл күндер аздап мұңды ,себебікөптеген құстар жылы өлкелерге қарай ұшып кетеді. Жүргізуші: Ендеше, балалар, құстардыңөзараәңгімелерін тыңдайық.Олар не туралы сөйлеседі екен? Үйрек: Тілекберген Қарлығаш досым сенайтшы, Қашан сапар шегесің. Қимай қимай туған жермен,
  • 7. Қош айтысыпкетесің. Қарлығаш:Жанар Біздің барлықтобымызбен, Дүйсенбіде біз ұшамыз. Күз кеп қалды, сол себептен. Жылы жаққа ұшамыз. Үйрек: Тілекберген Қарлығашым, қош бол ендеше! Көрісерміз көктемде, Тоңыпқалған боларсың. Аттан жылы өлкеге, Қарлығаш:Жанар Үйрек,досым ал сен ше, Ұшпаймысың әзірше. Үйрек: Тілекберген Топболып жиналудамыз Сейсенбіде ұшамыз Тау асып,бел асып, Алысқа қанат қағамыз. Қарлығаш:Жанар Қош бол өскенжеріміз, Айдын шалқар көліміз. Аман болып тұрыңдар, Қамқор болған еліміз. Үйрек: Тілекберген Қатерлі қыс өткенде Қайтып келем көктемде Күндедуман құрамыз Күншуағын төккенде, Қарлығаш:Жанар Туған жерден кетерде Қоңыр әнге саламыз Екеуі бірге: Қош болыңдар бәрің де, Қимай кетіп барамыз.
  • 8. Жүргізуші: О, алақай, тамаша! Шашу шашты жапырақ, Бақтың іші алаша, Аунар ма еді жатып ап. Күз – ол жапырақтар жауыны. Ендеше, балаларымыздың сары алтын жапырақтар жайлы өлең жыр шумақтарына кезек берейік. Елдос: Алтын, сары, қызыл, көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгібақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Раян: Қайын, терек басынан Сарғыштартып жапырақ, Жерге түсіп шашылған. Жапырақтар сылдырлап, Давид: Ағаштардан жамырап, Ұшты кенет жапырақ. Ой, алақай, тамаша, Шашу шашты жапырақ Жүргізуші:дей келе келесі кезекті ару қыздарымыздың орындауындағы « Қолшатыр »биімен жалғастырсақ. Би: «Қолшатыр»
  • 9. Жүргізуші: Балалар күз келгенше бір ойын ойнағыларың келеді ме? Ойын:«Көкөністермен жемістердіажырату» Ал балалар біз ән айтып биде биледік,Ал енді күз ханшайымын қонаққа шақырайық,қане бәріміз бірге шақырайықшы. Барлығы:Алтын күз ,Алтын күз күтеміз сені біз. Ой балалар күз , келе жатқан жоқ сияқты. Олай болса, біз күзге арнап ән орындап берейік, ол бізді естіп қалар.Біздің балалардың орындауында «Күз жомарт» ӘНІН ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗДАР.! Ән:»Күз жомарт»
  • 10. Жүргізуші: Ал балалар, балалар, Енді бері қараңдар. Бізге қонақ келмекші, Сендердібір көрмекші. Әуелі жұмбақ жасырам, Қулығымды асырам. Таба алсаңдар шешімін, Қонағымды шақырам. «Көкмайсалы көрікті, алқаптағы көп егін Бұл күндерікиіпті,сары жібек көйлегін» Бұл не, балақайлар .(Алтын Күз) Күз ханшайымы келеді. Күз: Сәлеметсіңдер ме ,балалар! Сәл кешігіп қалдым. Бау бақшада жұмыс көп. Балалар, сендер білесіңдер ме,күздеқандай өзгерістер болатынын. Ендеше, Шын ба, әлде өтірік па деген ойынойнайық.Егер шын болса шапалақтайық, ал өтірік болса аяғымызды топылдатайық. -Қазір көктем мезгілі, сондықтанда далада жылы. -Адамдар жемістермен көкөністер жинап жүр. -Құстар жылы жаққа ұшып бара жатыр.
  • 11. -Гүлдер шығып, жер жүзі жанарып жатыр. Жарайсыңдар балалар.Барлықжауаптарың да дұрыс. Жүргізуші: . Астық-жеміс жиылды, Қамбаларға құйылды. Ардақты күз, мың алғыс. Алдық өнім, сыйыңды Күзде күн қысқарып,дала суытады.Көкөністер мен жемістер піседі.Ел егінін жинап ,қамбамыз дәнге толады.Күздің сыйлығын жинау біз үшін үлкен мереке. Балаларымыздың орындауында«Жау-жау,жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар. Ән:« Жау-жау,жаңбыр» Жүргізуші: Көкөніс көп ектік, Өссін піссін деп ектік. Көктемде еккен көкөніс, Күздебердікөп өніс. Сыйлығыңаырзамыз, Аппақ арай таңында. Шомыламыз нұрғабіз. Күз:
  • 12. Бау- бақшаны аралап, Қарайын, не өсіп қалыпты? Көкөністер қызарды ма? Көкөністер бозарды ма? Көкөністер киімін киген балалар кіріп, залдан теріс бұрылыпотырады. Күз: Бау – бақшамда биыл, Егінжай жаман емес. Сәбіз, орамжапырақ, картоп, Қып- қызылпіскен қызанақ Қараңдаршы қандай әйбат. Күннің көзіжылу береді, Ал, жаңбыр суарады, Бау – бақшада көкөністер Тез пісіп қалады. Суарғыш алып, суарады. Көкөністер өскендей болады, залға бұрылады. Көкөністер: Жиналып қалыппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз! 1)БҰРШАҚ - Жанар Кішкене түймедеймін мен, Ұнаймын мен бәріне. Дәмді тағамдарыммен, Сый жасаймынбәріне. 2)ҚЫЗЫЛША- Раян Мен де бір сөз айтайын, Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды, Винегрет те үстелде. 3)ҚЫРЫҚҚАБАТ - Тілекберген Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда? Мені қоссасамсаға, Бәрі жейді тамсана. 4)ҚИЯР - Бақдаулет Дәмім тілді үйірген, Мен тұздалғанкүйімде. Жаңа піскен кезімде, Жейді бәрі сүйсіне. 5)СӘБІЗ - Еділ Кім бар сәбіз шырынын, Жастайынан ішпеген.
  • 13. Мені жеген адамдар, Кем болмайды күшке де 6)ҚЫЗАНАҚ- Мөлдір Тал шыбығым бұралып, Бақшаларда қызарып. Тұрғанол мен- қызанақ, Күнгеқарап ұялып. 7)Пияз- Еркеназ Боламын мен дәмдеуіш Барлық барлық тағамға Көкөністер ішінен Мен пайдалы адамға 8)Асқабақ -Давид Күздікүтіп жатамын Жиып нәрді бойыма Асқабақпын,жараймын Қыстай сақтап қоюға 9)Қызанақ-Олег Піскен кезде қызанақ Көз тартар қызыл түсімен Барма адам сүйсінбей Томат шырынынішпеген 10)КАРТОП- Елдос Мен ұялшақ картоппын, Мен емеспін мақтанар. Мені жақсы көреді, Үлкендер мен балалар. Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық. БӘРІ Жиналып қалыппыз бәріміз, Бәріміз де дәмдіміз? Ішімізден адамға, Тиеді көп пайдамыз. Жүргізуші:Міне, қандай бау – бақша! Не керектің бәрі бар! Балаларымыздыңорындауында «Достасқанкөкөністер» биін қабыл алыңыздар. Би «Достасқан Көкөністер» Күз: Көкөністер бәрі де, Денсаулыққа пайдалы.
  • 14. Мұны жатқа біліңдер, Оларды жақсы көріңдер! Күз: Балалар сендер қандай өнерлі ,ақылды едіңдер.Сендердің өнерлеріңді тамашалап бір марқайып қалдым ғой. Жүргізуші: Ал ендігі кезекті күзгімодаға береміз. Жүргізуші: Сары жібек көйлегін желбіретіп. Жапырағын ағаштың селдіретіп Тойға бөлеп елімді күзім келді Нұр тамшысын аспанның елжіретіп Ән « Күз келді» Жүргізуші: Құрметті, ата - аналар ,қонақтар, балалар! Ертеңгілігімізге ат салысып өз үлестеріңізді қосқандарыңыз үшін барлығыңызға алғысымызды білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Келген күзіміз жылда мерекелі, берекелі болсын!