SlideShare a Scribd company logo
1 of 17
Download to read offline
Шымкент қаласы Қаратау ауданының əкімі Ғ.Ы.Исмаиловтың
халық алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының Т Е З И С Т Е Р І
Қаратау ауданының əкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Əкімдердің
халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сəйкес 2015 жылы атқарған жұмыстары
туралы халық алдында есеп беру кездесулерін өткізуді жоспарлап отыр. Есеп беру жиындары Шымкент
қаласы Қаратау ауданы аумағының 3 жерінде өткізіледі.
Қаратау ауданы – Шымкент қаласы əкімдігінің 2014 жылғы 7 қазандағы №2143 жəне Шымкент қалалық
мəслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы №41/283-5с «Шымкент қаласында төртінші ауданды құру жəне
қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сəйкес құрылған.
Аудан аумағы 32256 га құраса, аудан көлемінде 213 мыңнан астам халық тұрады. Аудан аумағына 17
шағын аудан мен 13 тұрғын алабы енген.
Шымкент қаласы əкімігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы «Шымкент қаласының Қаратау ауданы əкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесін құру жəне ережесін бекіту туралы» №2609 қаулысының негізінде 2015
жылдың 10 сəуірінен бастап конкурс негізінде Қаратау ауданы əкімі аппаратының штаттық құрамы
жасақталды.
Бюджет
Аудан əкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған
қаржыландыру жоспарына сəйкес 2015 жылға 212 964 мың теңге көлемінде бекітілді.
Оның ішінде:
– Аудан əкімі аппаратының қызметін қамтамсыз ету – 69440,0 мың теңге;
– Аудан көлемінде мəдени-демалыс жұмыстарын қолдау – 6 000,0 мың теңге;
– Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету – 109510,0 мың теңге;
– Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру – 22 896,0 мың теңге;
– Мемлекеттік органның күрделі шығыстары – 5118,0мың теңге бөлінді.
Құжат айналымы
Қаратау ауданы əкімі аппаратына 2015 жылы жалпы – 2333 құжат келіп түскен. Жеке жəне заңды
тұлғалардан – 491 болса, оның ішінде: коммуналдық мəселелер бойынша – 187, əлеуметтік мəселелер
бойынша – 71, транспорт жəне коммуникация бойынша – 111, қаржы мəселесі бойынша – 4,кəсіпкерлік
саласы бойынша – 42, құрылыс мəселелері бойынша – 16, жер мəселелері бойынша – 19, басқа да
мəселелер бойынша – 41 өтініш түсті.
Ішкі орам жолдары мен ішкі аумақты санитарлықтазалау жұмыстары
Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орамдық жолдары мен аулаларды санитарлық тазалау мақсатында 10
аумаққа бөлініп, оған аудан əкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.
Санитарлық тазалау жəне кенеттен пайда болған қоқыстарды тазалау жұмыстары «Бəйтерек Л.Б.» ЖШС,
«Ақсемсер строй сервис» ЖШС, «Экоспецтранс» ЖШС, «Экотрансстрой» ЖШС, «Спецавтотранспорт»
ЖШС мекемелері тарапынан жүргізілсе, елді мекендерді абаттандыру жəне көріктендіру жұмыстарын
«Бəйтерек Л.Б.» ЖШС мекемесі атқаруда. Аталған мекемелермен қоқыс полигонына 7157 текше метр
қоқыс шығарылып, 6578 дана ағаш қырқылды. 15367 дана ағаш əктеліп, 1591 га шөп орылды.
Ауданның тазалығын тұрақты қамтамасыз ету, көріктендіру жəне көгалдандыру мақсатында көктем – күз
айларында арнайы сенбілік іс-шаралары ұйымдастырылды. Аудан көлеміндегі мекеме қызметкерлері,
орам (квартал), көше, үй басқарушыларының жəне тұрғындардың қатысумен 12 мəрте сенбіліктер
ұйымдастырылды. Сенбіліктерге 70 мыңға жуық адам, 75 техника жұмылдырылып,9 шақырым арық-
атыздар, 68 шақырым аяқжолдар мен оларға іргелес аумақтары тазаланды. 3000 түп ағаш көшеттері
отырғызылса, 1575 түп ағаштар əктелді. Сенбіліктер барысында қалалық қоқыс полигонына 1525 текше
метр күл-қоқыс шығарылды.
Сонымен қатар, мəселені түпкілікті шешу мақсатында елдімекен тұрғындарымен қатты тұрмыстық
қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары
жүргізілді. Нəтижесінде, аудан бойынша сəуір айында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен
айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші - 25% ғана болса, қазіргі таңда
бұл көрсеткіш - 86% жетті. Бұл аудан көлеміндегі бей-берекет тасталатын күл-қоқыс орындарын күрт
азайтты.
Сонымен қатар, бей-берекет қоқыс тасталатын орындарды жою үшін Қаратау ауданы мамандары мен ішкі
істер қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылды. Рейдтік шаралар барысында
əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабы бойынша – 254 хаттама, 505 бабы бойынша – 635
хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.
Қала əкімінің 2015 жылғы 15 маусымдағы «Таза қала» атты байқауын өткізу туралы №213 өкіміне сəйкес,
«Үздік аула» номинациясы бойынша 23 аула жəне «Үздік көше» номинациясы бойынша 27 көше қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік аула» номинациясын «Нұрсəт» шағынауданы №75 көпқабатты үйі
жеңіп алса, ал «Үздік көше» номинациясын «Асар» шағынауданының №6 көшесіиеленді.
Жылумен қамтамасыз ету
Аудан аумағындағы 218 көп қабатты тұрғын үйлер «Қуат жылу орталық» МКК арқылы
жылуменқамтамасыз етілсе, 13 көп қабатты тұрғын үй автономды жылу жүйесімен қамтылған. 2015-2016
жылы қысқы жылу маусымына «Нұрсəт» шағынауданындағы жылу алатын тұрғын үйлерге сығымдау
жұмыстарын кезең бойынша жүргізу кестесі түзіліп, орталық жылу жүйесіне қосылған үйлердің сығымдау
жұмыстарын «Спецкомплектсервис» ЖШС-ның 5 арнайы жұмысшы бригадасы орындады.Барлық көп
қабатты үйлер кестеге сəйкес жылуға уақтылы қосылды.
Сонымен қатар, жылу энергиясын үнемдеу мақсатында көп қабатты үй тұрғындарына жылу есептегіш
құралдарының тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бойынша, «Нұрсəт»
шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша 23 үйге іс-
шара жоспары бекітіліп, 16 көп қабатты үйге орнатылды. Ал қалған үйлерге жылу есептегіш құралдарын
орнату бойынша жұмыстар атқарылуда.
Тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық мəселелері
Аудан көлеміндегі көп қабатты үйлердің дені «Нұрсəт» шағынауданында орналасқан. Аталған көпқабатты
үйлерге «Спецкомплектсервис» ЖШС-ы сервистік компания ретінде қызмет көрсетеді. Тұрғындарға
қолайлы жағдай жасау үшін кіреберістерістер мен баспалдақтарды тазалап жуу, кəріз жүйелерін тазалау,
жертөледен жиналған суды шығару, үй ауласын тазалау, жертөледегі инженерлік жүйелерді күтіп-ұстау
жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар, 22 көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне тұрғындардың
өзі есебінен қайтарымды негізде (пайызсыз) жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Инженерлік коммуналдық жүйелердің құрылысын жүргізу
Қаратау ауданы бойынша ауыз су мəселесін шешу мақсатында бірнеше елді мекендерде құрылыс
жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 2015 жылы Қайнарбұлақ саяжайы, «Ақжайық», «Нұртас»
шағынаудандарында жəне Сайрам тұрғын алабында ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталды. Ал,
«Қайтпас», «Мирас» шағынаудандарын ауыз сумен толық қамту жұмыстары 2015 жылы басталып,
жұмыстар жалғасуда. Құрылыс жұмыстары өтпелі.
Сондай-ақ, Тассай тұрғын алабынан «Қайтпас» шағынауданына дейін магистралды кəріз (канализация)
коллекторының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы өз жалғасын табатын болады.
Электр жарығымен қамту
Қаратау ауданы аумағындағы елді мекен тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету
мақсатында Қайнарбұлақ саяжайының электр бағаналары мен желілерінің құрылысына бюджеттен қаржы
бөлініп, «Алагеум электроник» ЖШС тиісті жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, «Ақжайық», «Қайтпас»,
«Достық-2» шағынаудандарды электр жүйесімен қамту бойынша бюджеттен тиісті қаржы бөлініп,
жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталатын болады.
Сонымен қатар, аудан əкімі аппаратының ұйымдастырумен Қайнарбұлақ т/а Жаңақұрылыс аумағына
демеушілер жəне тұрғындардың қатысуымен қуаттылығы КТП-250 жəне КТП-160 электр
трансформаторлары орнатылып, бағаналар мен электр сымдары тартылды.
Табиғи газбен қамтылуы
Аудан бойынша жалпы – 40443 тұрғын үй болса, оның ішінде – 26924 тұрғын үй табиғи газбен қамтылған,
13519 – тұрғын үй табиғи газбен қамтылмаған. Аудан аумағындағы елді мекендерді табиғи газбен
қамтамасыз ету мақсатында бірнеше елді мекендерде, атап айтқанда «Ақжайық» шағынауданында ішкі
орамдық газ жүйелерін жүргізуге бюджеттен қаржы бөлініп, «Сəулет-бетон» ЖШС тиісті жұмыстар
жүргізді.
Сондай-ақ, Таскен тұрғын алабы мен «Мирас» шағынауданын табиғи газбен қамтуға бюджеттен қаржы
бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Құрылыс жұмыстары 2016 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы инфрақұрылым жүйелері жүргізілмеген елді мекендердің инженерлік
жүйелеріне талдау жұмыстары жүргізіліп, Шымкент қаласы əкімінің 2016-2018 ж.ж. өзекті мəселелерді
шешу іс-шарасына енгізілді.
Абаттандыру жұмыстары
Көп қабатты тұрғын үйлер ауласында орнатылған балалар ойын алаңшаларының жағдайына зерделеу
жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нəтижесінде «Нұрсəт» шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің
аулаларындағы бүлінген элементтеріне ақау (дефект) актісі жасалып, демеушілер көмегімен бүлінген 100
ойын алаңшасының 88 алаңшалардың ойын элементтері толығымен қайта қалпына келтірілді.
«Нұрсəт» шағынауданында түнгі уақытта ұрлық пен қылмыстың алдын-алу үшін 69 көп қабатты тұрғын
үйдің ауласына 57 жарық шам бағаналары орнатылды. Сонымен қатар, 47 көпқабатты тұрғын үйлердің
аулаларын жарықтандыруға ұсыныс берілді.
«Нұрсəт» шағынауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер аумағына қатты тұрмыстық қалдықтар
тастауға арналған 4 контейнер алаңшаларын орнатуға қаражаты есептеліп, ұсыныс енгізілді.
Аудан аумағындағы «Нұртас», «Қайтпас», «Достық» шағынаудандары мен Орманшы, Тассай, Таскен,
Бозарық, Сайрам тұрғын алаптарына 19,5 шақырым аяқ жолдар салуға жобалық сметалық құжаттары
дайындалды.
Сонымен қатар, 2015 жылы салауатты өмір салтын ұстану жəне балаларды спортқа баулу мақсатында
аудан көлемінде көпқабатты үйлердің аулаларына 5 метрлік антивандальды қоршаумен қосымша 1 ашық
спорт алаңшасы орнатылып, жалпы саны 9 жетті.
Аудан аумағында орналасқан «Нұрсəт» аллеясын абаттандыруға(55,996 мың теңге), Мəртөбе паркінің
құрылысын жүргізуге (31,067 мың теңге) бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы
жарияланды. Аудан бойынша 20 елдімекеннің орталық 62 көшелеріне жарық жүйесін орнатуға ЖСҚ
əзірленуде.
Сондай-ақ, «Достық» шағынауданындағы екі көшенің бойына ұзындығы 2,8 шақырымына ирригациялық
арық орнатылса, Қ.Төлеметов көшесі қайта құрылуына байланысты аяқ жолдар мен ирригациялық арық
орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жолдар бойынша
Аудан бойынша 2015 жылы 32 көшеге күрделі жəне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 40 шақырым
асфальт жол жөнделді. Атап айтқанда: Мəртөбе тұрғын алабында 3 көше, «Тассай» шағынауданда 11,
Сайрам тұрғын алабы 11, Достық ш/а - 3 көшеге, Қызыл сай т/а - 3 көшеге, Таскен т/а - 1 көше -
бюджеттен қаражат бөлініп жөндеу жұмыстары атқарылды.
Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының автомобиль жолдары жəне жолаушылар көлігі бөлімінің тарапынан
2016 жылға аудан аумағында орналасқан елді мекендердің ішкі орамдық көшелерін асфальттау
мақсатында 63 көшенің ЖСҚ əзірленіп, бюджетке ұсынылған. Сонымен қатар, 42 көшенің жобалық
сметалық құжаттары əзірленуде.
Қаратау ауданы əкімі аппаратының ұйымдастырумен бюджет қаражатынсыз кəсіпкерлердің əлеуметтік
жауапкершілігі шегінде 15 топырақ көшеге, яғни 10 шақырымға жуық шағал тас төсеу жұмыстары
жүргізілді.
Заңсыз сауда орындары мен заңсыз жарнамаларды жою
Шымкент қаласы əкімінің 04.03.2015 жылғы №262 өкімімен аудандағы ретсіз орналасқан сауда
орындарын жою, қала көшелерінің тазалығын жəне көріктендіру жұмыстарын зерделеу мақсатында
құрылған жұмысшы топпен бірлесе 2015 жылы жалпы саны 35, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 8 рейдтік іс-
шаралар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204 бабына сəйкес
аудандық полиция бөлімі тарапынан заңсыз сауда жасаушыларға 2015 жылы 785 хаттама толтырылып,
435 тұлғаға ескерту берілді, 3 473 455 теңгеге айыппұл салынып, 2 437 435 мың теңге айыппұл өндірілді,
505 бабына сəйкес 680 хаттама толтырылып, 713 520 теңгеге айыппұл салынып, 654 060 теңге өндірілді.
Жалпы 288 ретсіз сауда орны жойылды.
Ауданда орналасқан дүңгіршектердің заңдылығын анықтау бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп,
нəтижесінде заңсыз орналасқан 8 киіз үй, 76 дүңгіршектер мен контейнерлер алынды. Жерді нысаналы
мақсатта пайдаланбауына байланысты 9 дүңгіршек иелеріне тиісті шара қолдану үшін ОҚО бойынша
өңіраралық жер инспекциясына ұсыныс жолданды.
Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына жəне Шымкент қаласы əкімінің хаттамалық
тапсырмаларына сəйкес, аудан əкімі аппаратының, қалалық сəулет жəне қала құрылысы, мəдениет жəне
тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарымен бірлесе 25 көшедегі 427 заңсыз жарнама алынды.
Əлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұтыну бағасын тұрақтандыру
ОҚО əкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы №1 қаулысына жəне бекітілген іс-шаралар жоспарына сəйкес,
аудан кəсіпкерлеріне сауда орындарында тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша
түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының өсу себептеріне мониторинг жəне талдау жасау
жөнінде штаб құрылды. Штаб жанындағы жұмысшы топ мүшелерімен əлеуметтік маңызы бар азық-түлік
тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг қорытындысы
бойынша ақпарат күнделікті қалалық кəсіпкерлік бөліміне жолданып отырды.
Аудан аумағында 16 нысан мониторингке алынып, (базарлар-2, сауда үйі – 4, дүкендер-10) Қаратау
ауданы əкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан бағаны тұрақты қадағалап отырды.
Қайрымдылық іс-шаралар
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, «Балалар күні» мерекесіне, Қазақ хандығының – 550 жылдығына, «Білім күні»
мерекесіне жəне «Жаңа жыл» мерекесіне орай, тұрмысы төмен отбасыларғадемеушілер тарапынан –
5 789 000 тенге көлемінде əлеуметтік көмек көрсетілді.
Өнеркəсіп жəне кəсіпкерлік саласы
Аудан аумағында есепті кезеңге 2395 кəсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде: 3- ірі, 8-орта, 1266-
шаруа қожалығы, 1118 кіші кəсіпкерлік субъектілері жұмыс атқаруда.
Қаратау ауданы əкімі аппараты 2015 жылға төленетін үй іргелік жер жəне мүлік салықтарын уақтылы
төлеу жөнінде аудан аумағындағы жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шағын жəне орта бизнесті қолдау мақсатында Қаратау аудандық прокуратурасымен жəне микро қаржы
ұйымдарымен бірлесіп, 3 семинар кеңес өткізілді.
Мүлікті жария ету
Қаратау ауданы əкімінің 2015 жылғы 30 сəуірдегі №124 өкімімен аудан əкімі аппараты жанындағы мүлікті
жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы құрылған. Қаратау ауданына облыстық қаржы басқармасы
тарапынан мүлікті жария етуге 200 меже белгіленген болатын. Есепті кезеңде 383 өтініш бойынша мүлікті
жария етуге шешім шығарылып, 191,5 пайызға орындалды.
Мəдени-ағарту саласы
Қаратау ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2015 жылы 27 мəдени-көпшілік, мерекелік іс-
шаралар өткізілді. Аталған іс-шараларға аудан тұрғындары белсенді қатысты.
«Бар мейірім – балаларға», «Мектепке даярлық!», «Мектепке жол», «Балаларға базарлық!», «Қарттар жəне
мүгедектер күні», «Жаңа жыл шашуы» атты қайырымдылық мақсатындағы атқарылған акцияларда 1710
адамға əлеуметтік қолдаулар көрсетілді.
Сондай-ақ, «Сыйынар ем, Ана деген тəңірге...», «Ұлыстың Ұлы күні», «Ұмытылмас ұлы ерлік»,
«Бағаналы ордам – Астанам!», «Ата Заңым – айбыным», «Ұстаз-ұлы тұлға», «Қазақ хандығына -550
жыл»,«Шырайлы менің – Шымқалам!», «Елімнің еркіндігі-Егемендік», «Жаңа жыл – жақсылық
жаршысы» мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оған 2 500-нан астам адам қатысты.
Аудандық байқаулар: «Отбасы – өмір аясы» шығармашыл отбасылар байқауы, ҚХА 20 жылдығына орай
«Алтын жұп-2015» өнерлі жұптар байқауы. Қамтылғаны: 800 адам.
Конференциялар: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген – Елбасы», «Жастар – ел
болашағы» атты конференциясы. Қамтылғаны: 450 адам.
Семинар – тренинг: «Əйел жəне қоғам», «Жас келсе – іске», «Жат ағымнан аулақ бол!» семинар-тренингі.
Қамтылғаны: 135 адам.
Кездесулер: «Қыз еркем – қылығымен көркем», «Адам саудасына қарсымыз!», «Əйелдерді зорлық-
зомбылықтан қорғайық!», «Тəрбие-тал бесіктен» кездесуі. Қамтылғаны: 1200 адам.
Форумдар: Қазақ хандығы 550 жылдығына орай «Тəуелсіз ел жастары» атты Қаратау аудандық І жастар
форумы. Қамтылғаны: 200 адам.
Экскурсиялар: «Бəйдібек – құтты мекен», «Тəуелсіздігім-тұғырым» тарихи-мəдени экскурсиясы. Іс-
шараға аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар жəне жергілікті БАҚ қатысты.
Қамтылғаны: 450 адам.
Ұлы Жеңістің – 70 жылдығы мен Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президент күніне орай аудан
аумағындағы ҰОС жəне тыл ардагерлері, мүгедек азаматтар мен көп балалы аналарға аудан əкімі атынан
мерекелік сыйлыққа тұрмыстық техника бұйымдары (тоңазытқыш, кір жуғыш машина, теледидар)
таратылды.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан əкімінің жаңа жылдық іс-шаралары ұйымдастырылып, аталған іс-
шаралар аясында 300 мүмкіндігі шектеулі балаларға, 89 балалар үйінің тəрбиеленушілеріне, 525
əлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларына, 40 орам, 80 үй басқарушыларына, 40 ардагерлерге
сыйлықтар тапсырылды. Аудан əкімі аппаратымен өткізілген іс-шаралар мен жүргізілген жұмыстары
жергілікті БАҚ-та «Қазақстан-Шымкент», «Отырар-TV», «Айғақ», «TVK» телеарналары мен «Шымкент
келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газет беттерінде жарық көрді.
Елбасы Жолдауын насихаттау
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Ұлт жоспары бес институционалды
реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» жоспарын насихаттау мен түсіндіру
мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ құрамы ХҚКО қызметкерлері, ІІБ қызметкерлері,
кəсіпкерлер, мəдениет саласы қызметкерлері жəне аудан əкімі аппараты қызметкерлерімен 5 кездесу
ұйымдастырып, оған 1200 жуық азаматтар қатысса, Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ə.Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму» аттыҚазақстан халқына Жолдауын халыққа насихаттау бойынша қалалық жəне
аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жолдауды насихаттау жиындарының кестесі түзілді.
Аталған кестеге сəйкес, аудан көлемінде орналасқан мектептер, денсаулық сақтау мекемелері мен ірі
кəсіпорындарда 6 кездесу ұйымдастырылып, оған 1245 аудан тұрғындары қатысты.
Ономастика жəне тілдерді дамыту
Аудан аумағында орналасқан 9 көшеге 1071 (Ш.Уəлиханов, Ақпейіл, Манкент, Ə.Бөлешов, Өсиет, Алтын
адам, Ш.Көшеров, К.Өтебаев, Ə.Темір) тақтайша ілу жұмыстары жүргізілді.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Кеңес Одағы Батырларының
жəне бірқатар ордендермен марапатталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін Шымкент
қаласының көшелерінің біріне беруді тоқтамнан тыс жүзеге асыру тапсырмасына сəйкес Қаратау ауданы
«Тұран» шағынауданындағы атауы жоқ көшеге ҰОС ардагері, генерал-майор Б.Байжігітовтың есімі
беріліп, салтанатты ашылу рəсімі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, 14 құжат қалалық мəдениет жəне
тілдерді дамыту бөліміне жолданды.
Гендерлік жəне отбасылық-демографиялық саясат
Аудандық əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия 2015 жылғы
қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында əйелдер арасында қатерлі ісіктің алдын алу, отбасы жəне қыз
бала тəрбиесі, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жəне əйел азаматтардың қоғамдағы рөлі бойынша 43
іс-шара өткізілді. (Кездесулер-35, мерекелік іс-шара - 6, семинар-тренинг-1, қайрымдылық акция -1).
Қазіргі таңда аудан бойынша 727 «Алтын алқа», 856 «Күміс алқа» иегерлері бар. Аудан құрылғалы бері
«Алтын алқа» жəне «Күміс алқаға» үміткер 91 көпбалалы ананың құжаттары қабылданып, 2 көпбалалы
анаға «Ақтын алқа», 16 көпбалалы анаға «Күміс алқа» алқалары табысталды.
Білім беру саласы
Ауданда жалпы орта білім беретін 30 мектеп, 2 орталау мектеп, 2 Назарбаев зияткерлік мектептер жəне 1
кешкі мектеп оқушыларға білім беруде.
2015 жылы аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 746 оқушы қатысты. Аудан бойынша
мектептердің жалпы орта балы – 81,5 балл.
Үш ауысымды білім беретін мектептер санын жою мақсатында 2015 жылы республикалық бюджет
есебінен Сайрам тұрғын алабында 1200 орындық орта мектептің құрылысы аяқталып, Білім күніне орай
пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, Мирас тұрғын алабында 900 орындық орта мектептің құрылысы, «Бозарық» шағынауданында
1200 орындық орта мектептің құрылысы, Тассай тұрғын алабындағы №91 мектепте 300 орындық жəне
Сайрам тұрғын алабында №111 мектепте 300 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде. Аталған
нысандарды 2016 жылы пайдалануға беру күтілуде.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
2014-2015 оқу жылында мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жəне салауатты
өмір салтын қалыптастыру бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, медицина
қызметкерлерінің жəне дін өкілдерінің қатысуымен «Қару ұстау – қылмыс», «Біз салауатты өмір салтын
ұстанамыз», «Біз нашақорлыққа қарсымыз», «Діни экстремизм мен терроризмнің қаупі», «Жастар
арасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қаратау аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын
алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында құқықбұзушылықтарға жол берген
жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының əкімшілік құқықбұзушылық
Кодексінің баптарына сəйкес 163 хаттама толтырып, 30 жасөспірім кəмелетке толмағандарды оқшаулау
орталығына орналастырылды. Профилактикалық есеп бойынша 31 жайсыз отбасы жəне 33 жасөспірім
есепке алынды.
Мектепке дейінгі мекемелер
Аудан бойынша 45 бала бақшада жалпы 7812 тəрбиеленуде, оның ішінде 9 мемлекеттік бала бақшада 2842
бала болса, 36 жеке меншік балабақшада 4970 бала тəрбиеленуде.
Республикалық бюджет есебінен «Бозарық» шағынауданында 320 орындық балабақша құрылысы,
қалалық бюджеттің есебінен «Нұртас» шағынауданындағы 320 орындық балабақшаның құрылысы
жүргізілуде.
Дін саласы
Қаратау ауданында 41 діни бірлестіктер жұмыс жасауда. Оның ішінде 40 діни бірлестік дəстүрлі діни
бірлестіктер, оның 38 исламдық бағытта, 2 христиандық бағытта. Ал, 1 діни бірлестік дəстүрлі емес.
Қазіргі таңда, кереғар ағымдар мен секталардың ықпалын алдын алу мақсатында тұрғындар арасында 15
рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. ОҚО Ішкі саясат жəне Дін істері Басқармасы Əлеуметтік
бастамалар орталығы МКМ-сі мен Қаратау ауданы əкімдігінің ұйымдастырылуымен «Дін саласындағы
тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында кереғар діни ұйымдар мен секталардың ықпалынан
сақтандыру» тақырыбында семинарлар өткізілді. Оңтүстік Қазақстан облысы дін мəселелері бойынша
облыстық ақпараттық-насихаттық топтың тұрғындар арасында деструктивті діни ағымдардың ықпалының
алдын алу бойынша аудан көлемінде 10 кездесу өткізілді.
Мемлекеттен берілетін жəрдемақылар жəне əлеуметтік аз қамтылған отбасыларға
көмектер
Мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмекке жəне балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік
жəрдемақыларды алуға үміткер отбасыларды анықтау жəне қорытынды жасау мақсатында аудан аумағы
бойынша 8 учаскелік комиссия құрылды.
2015 жылы 93 отбасыға атаулы əлеуметтік көмек, 4365 балалы отбасыларға мемлекеттік жəрдемақы алуға
қорытынды берілді.
Қаратау ауданы əкімі аппаратының 2016 жылға арналған маңызды міндеттері
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа
жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»Жолдауынан туындайтын мəселелер бойынша аудан
аумағында нақты жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастрыру;
Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі əлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын жүзеге асыру
бойынша жұмыстарға белсене қатысу;
Аудан əкімі аппаратының жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға
бағытталады. Оның ішінде аудандағы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың əлеуметтік
қорғалмаған топтарына əлеуметтік көмектерді ұйымдастыру;
Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болатын
мəселе, оның ішінде, көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру жұмыстарын жалғастыру.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу мақсатында олардың бос уақыттарын қамтуға жағдай
жасау, оның ішінде спорт алаңшаларын салу;
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, аулаларды жарықтандыру жұмыстарын
ұйымдастыру. Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға қажетті қаржы мəселелерін шешуге көмектесу
мақсатында салық базасын ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру; Тұрғындарды сапалы ауыз
су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.

More Related Content

Similar to Қаратау ауданы әкімі есебінің тезистері

Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистеріАбай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистеріZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 

Similar to Қаратау ауданы әкімі есебінің тезистері (7)

Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистеріАбай ауданы әкімі есебінің тезистері
Абай ауданы әкімі есебінің тезистері
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...Шымкент қаласының әкімі  Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп ...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...Шымкент қаласының әкімі  Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Р.Әбдірахымовтың 2017 жылғы 7 ақпанда өткен халыққ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 

More from Zhanbolat Amankeldy

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Zhanbolat Amankeldy
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Zhanbolat Amankeldy
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаZhanbolat Amankeldy
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміZhanbolat Amankeldy
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Zhanbolat Amankeldy
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Zhanbolat Amankeldy
 
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Zhanbolat Amankeldy
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Zhanbolat Amankeldy
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...Zhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясыШымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясыZhanbolat Amankeldy
 
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...Zhanbolat Amankeldy
 

More from Zhanbolat Amankeldy (20)

Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық және халықтың этникалық құрылымындағы ө...
 
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша аудан тұрғындарымен е...
 
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
Шымкент қаласының әкімі Н.Е.Сауранбаевтың 2018 жылғы 7 ақпанда халыққа есеп б...
 
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәліметШымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
Шымкент қаласындағы босалқы жерлер бойынша мәлімет
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін көшелер ту...
 
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
Шымкент қаласындағы атау беруді және атауын өзгертуді қажет ететін шағынаудан...
 
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
Основные показатели социально-экономического развития г. Шымкент за январь-се...
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономика...
 
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города ШымкентаИнфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
Инфографика - Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Шымкента
 
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміАқпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
Ақпараттық бейне - Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі
 
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
ОТДЕЛ ЗАНЯТОСТИ И СОЦИАЛЬНЫХ ПРОГРАММ ГОРОДА ШЫМКЕНТ
 
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміШымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
 
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
Шымкент қаласының 2017 жылғы қаңтар-шілде айларындағы әлеуметтік-экономикалық...
 
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
Основные показатели социально-экономического развития города Шымкент за январ...
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...Шымкент  қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан...
 
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің облыста ...
 
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
Ответы на обращения граждан, поступившие в ходе отчетной встречи с населением...
 
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
шымкент қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 2017 жылғы қаңтар-мамыр ай...
 
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясыШымкент қалалық бірыңғай аттестаттау  комиссиясы
Шымкент қалалық бірыңғай аттестаттау комиссиясы
 
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойы...
 

Қаратау ауданы әкімі есебінің тезистері

  • 1. Шымкент қаласы Қаратау ауданының əкімі Ғ.Ы.Исмаиловтың халық алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының Т Е З И С Т Е Р І Қаратау ауданының əкімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Əкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығына сəйкес 2015 жылы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулерін өткізуді жоспарлап отыр. Есеп беру жиындары Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағының 3 жерінде өткізіледі. Қаратау ауданы – Шымкент қаласы əкімдігінің 2014 жылғы 7 қазандағы №2143 жəне Шымкент қалалық мəслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы №41/283-5с «Шымкент қаласында төртінші ауданды құру жəне қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сəйкес құрылған. Аудан аумағы 32256 га құраса, аудан көлемінде 213 мыңнан астам халық тұрады. Аудан аумағына 17 шағын аудан мен 13 тұрғын алабы енген. Шымкент қаласы əкімігінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы «Шымкент қаласының Қаратау ауданы əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін құру жəне ережесін бекіту туралы» №2609 қаулысының негізінде 2015 жылдың 10 сəуірінен бастап конкурс негізінде Қаратау ауданы əкімі аппаратының штаттық құрамы жасақталды. Бюджет Аудан əкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған қаржыландыру жоспарына сəйкес 2015 жылға 212 964 мың теңге көлемінде бекітілді.
  • 2. Оның ішінде: – Аудан əкімі аппаратының қызметін қамтамсыз ету – 69440,0 мың теңге; – Аудан көлемінде мəдени-демалыс жұмыстарын қолдау – 6 000,0 мың теңге; – Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету – 109510,0 мың теңге; – Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру – 22 896,0 мың теңге; – Мемлекеттік органның күрделі шығыстары – 5118,0мың теңге бөлінді. Құжат айналымы Қаратау ауданы əкімі аппаратына 2015 жылы жалпы – 2333 құжат келіп түскен. Жеке жəне заңды тұлғалардан – 491 болса, оның ішінде: коммуналдық мəселелер бойынша – 187, əлеуметтік мəселелер бойынша – 71, транспорт жəне коммуникация бойынша – 111, қаржы мəселесі бойынша – 4,кəсіпкерлік саласы бойынша – 42, құрылыс мəселелері бойынша – 16, жер мəселелері бойынша – 19, басқа да мəселелер бойынша – 41 өтініш түсті. Ішкі орам жолдары мен ішкі аумақты санитарлықтазалау жұмыстары Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орамдық жолдары мен аулаларды санитарлық тазалау мақсатында 10 аумаққа бөлініп, оған аудан əкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген. Санитарлық тазалау жəне кенеттен пайда болған қоқыстарды тазалау жұмыстары «Бəйтерек Л.Б.» ЖШС, «Ақсемсер строй сервис» ЖШС, «Экоспецтранс» ЖШС, «Экотрансстрой» ЖШС, «Спецавтотранспорт» ЖШС мекемелері тарапынан жүргізілсе, елді мекендерді абаттандыру жəне көріктендіру жұмыстарын
  • 3. «Бəйтерек Л.Б.» ЖШС мекемесі атқаруда. Аталған мекемелермен қоқыс полигонына 7157 текше метр қоқыс шығарылып, 6578 дана ағаш қырқылды. 15367 дана ағаш əктеліп, 1591 га шөп орылды. Ауданның тазалығын тұрақты қамтамасыз ету, көріктендіру жəне көгалдандыру мақсатында көктем – күз айларында арнайы сенбілік іс-шаралары ұйымдастырылды. Аудан көлеміндегі мекеме қызметкерлері, орам (квартал), көше, үй басқарушыларының жəне тұрғындардың қатысумен 12 мəрте сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбіліктерге 70 мыңға жуық адам, 75 техника жұмылдырылып,9 шақырым арық- атыздар, 68 шақырым аяқжолдар мен оларға іргелес аумақтары тазаланды. 3000 түп ағаш көшеттері отырғызылса, 1575 түп ағаштар əктелді. Сенбіліктер барысында қалалық қоқыс полигонына 1525 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, мəселені түпкілікті шешу мақсатында елдімекен тұрғындарымен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нəтижесінде, аудан бойынша сəуір айында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші - 25% ғана болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш - 86% жетті. Бұл аудан көлеміндегі бей-берекет тасталатын күл-қоқыс орындарын күрт азайтты. Сонымен қатар, бей-берекет қоқыс тасталатын орындарды жою үшін Қаратау ауданы мамандары мен ішкі істер қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шаралары ұйымдастырылды. Рейдтік шаралар барысында əкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабы бойынша – 254 хаттама, 505 бабы бойынша – 635 хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. Қала əкімінің 2015 жылғы 15 маусымдағы «Таза қала» атты байқауын өткізу туралы №213 өкіміне сəйкес, «Үздік аула» номинациясы бойынша 23 аула жəне «Үздік көше» номинациясы бойынша 27 көше қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік аула» номинациясын «Нұрсəт» шағынауданы №75 көпқабатты үйі жеңіп алса, ал «Үздік көше» номинациясын «Асар» шағынауданының №6 көшесіиеленді.
  • 4. Жылумен қамтамасыз ету Аудан аумағындағы 218 көп қабатты тұрғын үйлер «Қуат жылу орталық» МКК арқылы жылуменқамтамасыз етілсе, 13 көп қабатты тұрғын үй автономды жылу жүйесімен қамтылған. 2015-2016 жылы қысқы жылу маусымына «Нұрсəт» шағынауданындағы жылу алатын тұрғын үйлерге сығымдау жұмыстарын кезең бойынша жүргізу кестесі түзіліп, орталық жылу жүйесіне қосылған үйлердің сығымдау жұмыстарын «Спецкомплектсервис» ЖШС-ның 5 арнайы жұмысшы бригадасы орындады.Барлық көп қабатты үйлер кестеге сəйкес жылуға уақтылы қосылды. Сонымен қатар, жылу энергиясын үнемдеу мақсатында көп қабатты үй тұрғындарына жылу есептегіш құралдарының тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл бойынша, «Нұрсəт» шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша 23 үйге іс- шара жоспары бекітіліп, 16 көп қабатты үйге орнатылды. Ал қалған үйлерге жылу есептегіш құралдарын орнату бойынша жұмыстар атқарылуда. Тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық мəселелері Аудан көлеміндегі көп қабатты үйлердің дені «Нұрсəт» шағынауданында орналасқан. Аталған көпқабатты үйлерге «Спецкомплектсервис» ЖШС-ы сервистік компания ретінде қызмет көрсетеді. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін кіреберістерістер мен баспалдақтарды тазалап жуу, кəріз жүйелерін тазалау, жертөледен жиналған суды шығару, үй ауласын тазалау, жертөледегі инженерлік жүйелерді күтіп-ұстау жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар, 22 көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне тұрғындардың өзі есебінен қайтарымды негізде (пайызсыз) жөндеу жұмыстары жүргізілді.
  • 5. Инженерлік коммуналдық жүйелердің құрылысын жүргізу Қаратау ауданы бойынша ауыз су мəселесін шешу мақсатында бірнеше елді мекендерде құрылыс жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 2015 жылы Қайнарбұлақ саяжайы, «Ақжайық», «Нұртас» шағынаудандарында жəне Сайрам тұрғын алабында ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталды. Ал, «Қайтпас», «Мирас» шағынаудандарын ауыз сумен толық қамту жұмыстары 2015 жылы басталып, жұмыстар жалғасуда. Құрылыс жұмыстары өтпелі. Сондай-ақ, Тассай тұрғын алабынан «Қайтпас» шағынауданына дейін магистралды кəріз (канализация) коллекторының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы өз жалғасын табатын болады. Электр жарығымен қамту Қаратау ауданы аумағындағы елді мекен тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында Қайнарбұлақ саяжайының электр бағаналары мен желілерінің құрылысына бюджеттен қаржы бөлініп, «Алагеум электроник» ЖШС тиісті жұмыстар атқарды. Сонымен қатар, «Ақжайық», «Қайтпас», «Достық-2» шағынаудандарды электр жүйесімен қамту бойынша бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталатын болады. Сонымен қатар, аудан əкімі аппаратының ұйымдастырумен Қайнарбұлақ т/а Жаңақұрылыс аумағына демеушілер жəне тұрғындардың қатысуымен қуаттылығы КТП-250 жəне КТП-160 электр трансформаторлары орнатылып, бағаналар мен электр сымдары тартылды.
  • 6. Табиғи газбен қамтылуы Аудан бойынша жалпы – 40443 тұрғын үй болса, оның ішінде – 26924 тұрғын үй табиғи газбен қамтылған, 13519 – тұрғын үй табиғи газбен қамтылмаған. Аудан аумағындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше елді мекендерде, атап айтқанда «Ақжайық» шағынауданында ішкі орамдық газ жүйелерін жүргізуге бюджеттен қаржы бөлініп, «Сəулет-бетон» ЖШС тиісті жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ, Таскен тұрғын алабы мен «Мирас» шағынауданын табиғи газбен қамтуға бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Құрылыс жұмыстары 2016 жылға өтпелі. Сонымен қатар, аудан аумағындағы инфрақұрылым жүйелері жүргізілмеген елді мекендердің инженерлік жүйелеріне талдау жұмыстары жүргізіліп, Шымкент қаласы əкімінің 2016-2018 ж.ж. өзекті мəселелерді шешу іс-шарасына енгізілді. Абаттандыру жұмыстары Көп қабатты тұрғын үйлер ауласында орнатылған балалар ойын алаңшаларының жағдайына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нəтижесінде «Нұрсəт» шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы бүлінген элементтеріне ақау (дефект) актісі жасалып, демеушілер көмегімен бүлінген 100 ойын алаңшасының 88 алаңшалардың ойын элементтері толығымен қайта қалпына келтірілді. «Нұрсəт» шағынауданында түнгі уақытта ұрлық пен қылмыстың алдын-алу үшін 69 көп қабатты тұрғын үйдің ауласына 57 жарық шам бағаналары орнатылды. Сонымен қатар, 47 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жарықтандыруға ұсыныс берілді. «Нұрсəт» шағынауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер аумағына қатты тұрмыстық қалдықтар тастауға арналған 4 контейнер алаңшаларын орнатуға қаражаты есептеліп, ұсыныс енгізілді.
  • 7. Аудан аумағындағы «Нұртас», «Қайтпас», «Достық» шағынаудандары мен Орманшы, Тассай, Таскен, Бозарық, Сайрам тұрғын алаптарына 19,5 шақырым аяқ жолдар салуға жобалық сметалық құжаттары дайындалды. Сонымен қатар, 2015 жылы салауатты өмір салтын ұстану жəне балаларды спортқа баулу мақсатында аудан көлемінде көпқабатты үйлердің аулаларына 5 метрлік антивандальды қоршаумен қосымша 1 ашық спорт алаңшасы орнатылып, жалпы саны 9 жетті. Аудан аумағында орналасқан «Нұрсəт» аллеясын абаттандыруға(55,996 мың теңге), Мəртөбе паркінің құрылысын жүргізуге (31,067 мың теңге) бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Аудан бойынша 20 елдімекеннің орталық 62 көшелеріне жарық жүйесін орнатуға ЖСҚ əзірленуде. Сондай-ақ, «Достық» шағынауданындағы екі көшенің бойына ұзындығы 2,8 шақырымына ирригациялық арық орнатылса, Қ.Төлеметов көшесі қайта құрылуына байланысты аяқ жолдар мен ирригациялық арық орнату жұмыстары жүргізілуде. Жолдар бойынша Аудан бойынша 2015 жылы 32 көшеге күрделі жəне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 40 шақырым асфальт жол жөнделді. Атап айтқанда: Мəртөбе тұрғын алабында 3 көше, «Тассай» шағынауданда 11, Сайрам тұрғын алабы 11, Достық ш/а - 3 көшеге, Қызыл сай т/а - 3 көшеге, Таскен т/а - 1 көше - бюджеттен қаражат бөлініп жөндеу жұмыстары атқарылды. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының автомобиль жолдары жəне жолаушылар көлігі бөлімінің тарапынан 2016 жылға аудан аумағында орналасқан елді мекендердің ішкі орамдық көшелерін асфальттау
  • 8. мақсатында 63 көшенің ЖСҚ əзірленіп, бюджетке ұсынылған. Сонымен қатар, 42 көшенің жобалық сметалық құжаттары əзірленуде. Қаратау ауданы əкімі аппаратының ұйымдастырумен бюджет қаражатынсыз кəсіпкерлердің əлеуметтік жауапкершілігі шегінде 15 топырақ көшеге, яғни 10 шақырымға жуық шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Заңсыз сауда орындары мен заңсыз жарнамаларды жою Шымкент қаласы əкімінің 04.03.2015 жылғы №262 өкімімен аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын жою, қала көшелерінің тазалығын жəне көріктендіру жұмыстарын зерделеу мақсатында құрылған жұмысшы топпен бірлесе 2015 жылы жалпы саны 35, БАҚ өкілдерінің қатысуымен 8 рейдтік іс- шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204 бабына сəйкес аудандық полиция бөлімі тарапынан заңсыз сауда жасаушыларға 2015 жылы 785 хаттама толтырылып, 435 тұлғаға ескерту берілді, 3 473 455 теңгеге айыппұл салынып, 2 437 435 мың теңге айыппұл өндірілді, 505 бабына сəйкес 680 хаттама толтырылып, 713 520 теңгеге айыппұл салынып, 654 060 теңге өндірілді. Жалпы 288 ретсіз сауда орны жойылды. Ауданда орналасқан дүңгіршектердің заңдылығын анықтау бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нəтижесінде заңсыз орналасқан 8 киіз үй, 76 дүңгіршектер мен контейнерлер алынды. Жерді нысаналы мақсатта пайдаланбауына байланысты 9 дүңгіршек иелеріне тиісті шара қолдану үшін ОҚО бойынша өңіраралық жер инспекциясына ұсыныс жолданды.
  • 9. Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына жəне Шымкент қаласы əкімінің хаттамалық тапсырмаларына сəйкес, аудан əкімі аппаратының, қалалық сəулет жəне қала құрылысы, мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарымен бірлесе 25 көшедегі 427 заңсыз жарнама алынды. Əлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұтыну бағасын тұрақтандыру ОҚО əкімдігінің 2015 жылғы 21 тамыздағы №1 қаулысына жəне бекітілген іс-шаралар жоспарына сəйкес, аудан кəсіпкерлеріне сауда орындарында тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының өсу себептеріне мониторинг жəне талдау жасау жөнінде штаб құрылды. Штаб жанындағы жұмысшы топ мүшелерімен əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша ақпарат күнделікті қалалық кəсіпкерлік бөліміне жолданып отырды. Аудан аумағында 16 нысан мониторингке алынып, (базарлар-2, сауда үйі – 4, дүкендер-10) Қаратау ауданы əкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан бағаны тұрақты қадағалап отырды. Қайрымдылық іс-шаралар Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, «Балалар күні» мерекесіне, Қазақ хандығының – 550 жылдығына, «Білім күні» мерекесіне жəне «Жаңа жыл» мерекесіне орай, тұрмысы төмен отбасыларғадемеушілер тарапынан – 5 789 000 тенге көлемінде əлеуметтік көмек көрсетілді.
  • 10. Өнеркəсіп жəне кəсіпкерлік саласы Аудан аумағында есепті кезеңге 2395 кəсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде: 3- ірі, 8-орта, 1266- шаруа қожалығы, 1118 кіші кəсіпкерлік субъектілері жұмыс атқаруда. Қаратау ауданы əкімі аппараты 2015 жылға төленетін үй іргелік жер жəне мүлік салықтарын уақтылы төлеу жөнінде аудан аумағындағы жеке тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шағын жəне орта бизнесті қолдау мақсатында Қаратау аудандық прокуратурасымен жəне микро қаржы ұйымдарымен бірлесіп, 3 семинар кеңес өткізілді. Мүлікті жария ету Қаратау ауданы əкімінің 2015 жылғы 30 сəуірдегі №124 өкімімен аудан əкімі аппараты жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясы құрылған. Қаратау ауданына облыстық қаржы басқармасы тарапынан мүлікті жария етуге 200 меже белгіленген болатын. Есепті кезеңде 383 өтініш бойынша мүлікті жария етуге шешім шығарылып, 191,5 пайызға орындалды. Мəдени-ағарту саласы Қаратау ауданы əкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2015 жылы 27 мəдени-көпшілік, мерекелік іс- шаралар өткізілді. Аталған іс-шараларға аудан тұрғындары белсенді қатысты.
  • 11. «Бар мейірім – балаларға», «Мектепке даярлық!», «Мектепке жол», «Балаларға базарлық!», «Қарттар жəне мүгедектер күні», «Жаңа жыл шашуы» атты қайырымдылық мақсатындағы атқарылған акцияларда 1710 адамға əлеуметтік қолдаулар көрсетілді. Сондай-ақ, «Сыйынар ем, Ана деген тəңірге...», «Ұлыстың Ұлы күні», «Ұмытылмас ұлы ерлік», «Бағаналы ордам – Астанам!», «Ата Заңым – айбыным», «Ұстаз-ұлы тұлға», «Қазақ хандығына -550 жыл»,«Шырайлы менің – Шымқалам!», «Елімнің еркіндігі-Егемендік», «Жаңа жыл – жақсылық жаршысы» мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оған 2 500-нан астам адам қатысты. Аудандық байқаулар: «Отбасы – өмір аясы» шығармашыл отбасылар байқауы, ҚХА 20 жылдығына орай «Алтын жұп-2015» өнерлі жұптар байқауы. Қамтылғаны: 800 адам. Конференциялар: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген – Елбасы», «Жастар – ел болашағы» атты конференциясы. Қамтылғаны: 450 адам. Семинар – тренинг: «Əйел жəне қоғам», «Жас келсе – іске», «Жат ағымнан аулақ бол!» семинар-тренингі. Қамтылғаны: 135 адам. Кездесулер: «Қыз еркем – қылығымен көркем», «Адам саудасына қарсымыз!», «Əйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғайық!», «Тəрбие-тал бесіктен» кездесуі. Қамтылғаны: 1200 адам. Форумдар: Қазақ хандығы 550 жылдығына орай «Тəуелсіз ел жастары» атты Қаратау аудандық І жастар форумы. Қамтылғаны: 200 адам. Экскурсиялар: «Бəйдібек – құтты мекен», «Тəуелсіздігім-тұғырым» тарихи-мəдени экскурсиясы. Іс- шараға аудан ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар жəне жергілікті БАҚ қатысты. Қамтылғаны: 450 адам. Ұлы Жеңістің – 70 жылдығы мен Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президент күніне орай аудан аумағындағы ҰОС жəне тыл ардагерлері, мүгедек азаматтар мен көп балалы аналарға аудан əкімі атынан мерекелік сыйлыққа тұрмыстық техника бұйымдары (тоңазытқыш, кір жуғыш машина, теледидар) таратылды.
  • 12. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан əкімінің жаңа жылдық іс-шаралары ұйымдастырылып, аталған іс- шаралар аясында 300 мүмкіндігі шектеулі балаларға, 89 балалар үйінің тəрбиеленушілеріне, 525 əлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларына, 40 орам, 80 үй басқарушыларына, 40 ардагерлерге сыйлықтар тапсырылды. Аудан əкімі аппаратымен өткізілген іс-шаралар мен жүргізілген жұмыстары жергілікті БАҚ-та «Қазақстан-Шымкент», «Отырар-TV», «Айғақ», «TVK» телеарналары мен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газет беттерінде жарық көрді. Елбасы Жолдауын насихаттау Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Ұлт жоспары бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» жоспарын насихаттау мен түсіндіру мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топ құрамы ХҚКО қызметкерлері, ІІБ қызметкерлері, кəсіпкерлер, мəдениет саласы қызметкерлері жəне аудан əкімі аппараты қызметкерлерімен 5 кездесу ұйымдастырып, оған 1200 жуық азаматтар қатысса, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» аттыҚазақстан халқына Жолдауын халыққа насихаттау бойынша қалалық жəне аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жолдауды насихаттау жиындарының кестесі түзілді. Аталған кестеге сəйкес, аудан көлемінде орналасқан мектептер, денсаулық сақтау мекемелері мен ірі кəсіпорындарда 6 кездесу ұйымдастырылып, оған 1245 аудан тұрғындары қатысты.
  • 13. Ономастика жəне тілдерді дамыту Аудан аумағында орналасқан 9 көшеге 1071 (Ш.Уəлиханов, Ақпейіл, Манкент, Ə.Бөлешов, Өсиет, Алтын адам, Ш.Көшеров, К.Өтебаев, Ə.Темір) тақтайша ілу жұмыстары жүргізілді. Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Кеңес Одағы Батырларының жəне бірқатар ордендермен марапатталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін Шымкент қаласының көшелерінің біріне беруді тоқтамнан тыс жүзеге асыру тапсырмасына сəйкес Қаратау ауданы «Тұран» шағынауданындағы атауы жоқ көшеге ҰОС ардагері, генерал-майор Б.Байжігітовтың есімі беріліп, салтанатты ашылу рəсімі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, 14 құжат қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөліміне жолданды. Гендерлік жəне отбасылық-демографиялық саясат Аудандық əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия 2015 жылғы қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында əйелдер арасында қатерлі ісіктің алдын алу, отбасы жəне қыз бала тəрбиесі, əйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жəне əйел азаматтардың қоғамдағы рөлі бойынша 43 іс-шара өткізілді. (Кездесулер-35, мерекелік іс-шара - 6, семинар-тренинг-1, қайрымдылық акция -1). Қазіргі таңда аудан бойынша 727 «Алтын алқа», 856 «Күміс алқа» иегерлері бар. Аудан құрылғалы бері «Алтын алқа» жəне «Күміс алқаға» үміткер 91 көпбалалы ананың құжаттары қабылданып, 2 көпбалалы анаға «Ақтын алқа», 16 көпбалалы анаға «Күміс алқа» алқалары табысталды.
  • 14. Білім беру саласы Ауданда жалпы орта білім беретін 30 мектеп, 2 орталау мектеп, 2 Назарбаев зияткерлік мектептер жəне 1 кешкі мектеп оқушыларға білім беруде. 2015 жылы аудан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 746 оқушы қатысты. Аудан бойынша мектептердің жалпы орта балы – 81,5 балл. Үш ауысымды білім беретін мектептер санын жою мақсатында 2015 жылы республикалық бюджет есебінен Сайрам тұрғын алабында 1200 орындық орта мектептің құрылысы аяқталып, Білім күніне орай пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Мирас тұрғын алабында 900 орындық орта мектептің құрылысы, «Бозарық» шағынауданында 1200 орындық орта мектептің құрылысы, Тассай тұрғын алабындағы №91 мектепте 300 орындық жəне Сайрам тұрғын алабында №111 мектепте 300 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде. Аталған нысандарды 2016 жылы пайдалануға беру күтілуде. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу 2014-2015 оқу жылында мектеп оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жəне салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, медицина қызметкерлерінің жəне дін өкілдерінің қатысуымен «Қару ұстау – қылмыс», «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз», «Біз нашақорлыққа қарсымыз», «Діни экстремизм мен терроризмнің қаупі», «Жастар арасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды. Қаратау аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында құқықбұзушылықтарға жол берген
  • 15. жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасының əкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің баптарына сəйкес 163 хаттама толтырып, 30 жасөспірім кəмелетке толмағандарды оқшаулау орталығына орналастырылды. Профилактикалық есеп бойынша 31 жайсыз отбасы жəне 33 жасөспірім есепке алынды. Мектепке дейінгі мекемелер Аудан бойынша 45 бала бақшада жалпы 7812 тəрбиеленуде, оның ішінде 9 мемлекеттік бала бақшада 2842 бала болса, 36 жеке меншік балабақшада 4970 бала тəрбиеленуде. Республикалық бюджет есебінен «Бозарық» шағынауданында 320 орындық балабақша құрылысы, қалалық бюджеттің есебінен «Нұртас» шағынауданындағы 320 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Дін саласы Қаратау ауданында 41 діни бірлестіктер жұмыс жасауда. Оның ішінде 40 діни бірлестік дəстүрлі діни бірлестіктер, оның 38 исламдық бағытта, 2 христиандық бағытта. Ал, 1 діни бірлестік дəстүрлі емес. Қазіргі таңда, кереғар ағымдар мен секталардың ықпалын алдын алу мақсатында тұрғындар арасында 15 рет түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. ОҚО Ішкі саясат жəне Дін істері Басқармасы Əлеуметтік бастамалар орталығы МКМ-сі мен Қаратау ауданы əкімдігінің ұйымдастырылуымен «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында кереғар діни ұйымдар мен секталардың ықпалынан сақтандыру» тақырыбында семинарлар өткізілді. Оңтүстік Қазақстан облысы дін мəселелері бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топтың тұрғындар арасында деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу бойынша аудан көлемінде 10 кездесу өткізілді.
  • 16. Мемлекеттен берілетін жəрдемақылар жəне əлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектер Мемлекеттік атаулы əлеуметтік көмекке жəне балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жəрдемақыларды алуға үміткер отбасыларды анықтау жəне қорытынды жасау мақсатында аудан аумағы бойынша 8 учаскелік комиссия құрылды. 2015 жылы 93 отбасыға атаулы əлеуметтік көмек, 4365 балалы отбасыларға мемлекеттік жəрдемақы алуға қорытынды берілді. Қаратау ауданы əкімі аппаратының 2016 жылға арналған маңызды міндеттері Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»Жолдауынан туындайтын мəселелер бойынша аудан аумағында нақты жұмыстардың жүргізілуін ұйымдастрыру; Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі əлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарға белсене қатысу; Аудан əкімі аппаратының жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Оның ішінде аудандағы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың əлеуметтік қорғалмаған топтарына əлеуметтік көмектерді ұйымдастыру; Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болатын мəселе, оның ішінде, көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру жұмыстарын жалғастыру. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алу мақсатында олардың бос уақыттарын қамтуға жағдай жасау, оның ішінде спорт алаңшаларын салу;
  • 17. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, аулаларды жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру. Жоғарыдағы жұмыстарды атқаруға қажетті қаржы мəселелерін шешуге көмектесу мақсатында салық базасын ұлғайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру; Тұрғындарды сапалы ауыз су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.