SlideShare a Scribd company logo
1 of 732
Download to read offline
ҚАЖЫҒҰМАР ШАБДАНҰЛЫ
ҚЫЛМЫС
Үшінші кітап
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
"Атажұрт" баспа орталығы
Алматы – 2009
МАЗМҰНЫ
Бірінші бөлім
АЛАСАПЫРАНДА……….
Екінші бөлім.
ТАРТЫСТА………………………….
Үшінші бөлім.
ШАЙҚАСТА…………………………….
Төртінші бөлім.
ЖЕҢІС ҚҰШАҒЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛІС………
БІРІНШІ БӨЛІМ
АЛАСАПЫРАНДА
І
Құдіретті тергеушім, өтірік қоссам тас
төбемнен ұрыңыз!
Қылт етпе бір тұмсықтан шыға келіп едік,
шағын ғана тоғай арасында бірнеше шөп
күрке тұр екен. Семіз қойдың етін боршалап
тұздап, қара ағаш бұтақтарына асып жүрген
сары шал бізге бажырая қарап тұрып қалды.
Кеуделерінде Жяң Кайшының басы бар, келте
киімді екі жігітті көргенде «Мыңгүй» дәл
үстінен түскендей көрінді білем,
қазақшасынан қаудырлата сәлем бергенімізде
мырс ете түсті.
– Әликісалам!... Әликісалам! –деп екеуміздің
сәлемімізді дербес-дербес қағып алды. – Е…
е… әлгі балалар екенсіңдер ғой!.... Ой Қажы,
Қажы!... Қажиякбар! –деп арт жағына
қайрыла айқайлады сонан соң. –
Іздегендеріңнің өзі келді-ау деймін!
Таныс атты шақырған жаққа үңіле
түскенімде, ұзын бойлы жуан қара жігіт ағаш
бұтақтарынан бұға жүгіріп келеді екен.
Қолындағы қара елтірі малақайын басына
теріс қондыра сала құшақтай алды мені… Бұл
Биғазының бақал саудагерліктегі кәсіптес
досы еді. Әке-шеше, аға-бауырларымның
амандығын, өзіне мені ерте қайтуды көп
тапсырғанын айтып, қаладан аман
шыққаныма қатты қуанды.
– Қуат дейтін жігіт сіз бе?... Сіздің де
іздеушіңіз осында! Жаңгүдейіне өткізетін
малының соңғы тобын айдап кетті. Бүгін
құтылып қайтады.
– Біз Жаңгүдейлерді тонай алмай жүрсек,
ұзын етектерін алтынға толтырып
жатқандарыңыз қалай?! –деп жымиды Қуат.
Бұл сөзге Қажиякбар мойындағандай
қарқылдап күлді де, жауабын сары шал
қайтарды:
– Ей, шырағым-ай, күн үшін болды ғой бәрі
де; біз жүрерде Жаңгүдейлерің шақылдап тұр
еді. «Үрімжіге сататын мал» деп, ақымызды
көп беретін болған соң, үйренген қара
бақырымызды қанжығаға байлап, айдай
жөнеліппіз; иелерінің өздері қашатын мал
екенін айдағарша ысқырып тұрғанында
қайдан білейік. Үрімжіге әлде қашан қашып
келіп апты.
– Біз қойды жетінші айдың бас кезінде
айдағанбыз, –деп Қажиякбар толықтады бұл
сөзді, – тау-тауда дүрлігіс барын
білгенімізбен, қаланы қаптап алған зеңбіректі
жауға не қылар деп жүре беріппіз. Іледен
шыққан партизандар Барлық тауынан асып
түсіп, бассалыпты. Жайырдың аржағы сары
аяқ пәледен сол айдың соңында құтылғанын
Санжы тұсына жеткенімізде бір-ақ естідік!
– Сөйтіп, қашқан жаудың бөктеріншегі болып
келгенімізді енді түсіндік, шырақтарым, -деп
жымиды шал, – амал қанша, Жайыр
бөктерінде біраз шыдап жата тұрсақ, осы он
екі қора қой өзіміздікі емес пе еді!
– Қажиякбар малақайын алып, басын қаси
сөйледі:
– Тауға алып шығатын саудалық мәліш
таба
алмай сандалып жүргенімде, «Үрімжіге бір
саудагердің малын айдаймысың, ақысы көп?»
дей қалғаны бір қудың. Сөйтсем, сауданың
емес, қашатын байлардың малы екен.
– Ол қай қу? –деп сұрай қалдым мен.
– Сәрсен дейтін мұғалім.
– Ол – қазір мұғалім емес, гоминдаңның
Дөрбілжіндегі қанды қол жендеті.
– Осы бәрімізді мал айдауға төндіріп жіберген
сол қу болды!... Біз жиырма бес қойшымыз.
Аман-есен қайта өтіп алуға жарымы келе сала
қашып еді, Санжыда ұсталып қамалыпты.
Жаңгүдейлерінің куәлік қағазымен бір айда
әрең босатылып, Үрімжіге қайтып келді.
Содан бері қойларын қайта бағып, мал

Мәліш – айна, тарақ, ине, жіп, сабын, түйреуіш сияқты ұсақ
сауда бұйымдары.
базарына аз-аздан кіргізіп беріп жатырмыз.
Бүгін бітеді. Сендерді таптық. Өзара
келісіміміз бойынша бүрсікүні жүрмекпіз.
Енді таумен кетеміз. Кәне, біздің қосқа
жүріңдер! –деп Қажиякбар ерте жөнелді бізді.
Күркелер қоржын-қоржын шәй мен жол
азыққа боршалап кептірген қап-қап ет екен.
Үрімжінің сасқалақ базарының арзандап
кеткен тас шәйі мен күрек шәйіна бар
ақшаларын жұмсапты да, сасқанда санаусыз
айдатқан Жаңгүдей қойын боршалауға бар
күштерін жұмсапты. Күркелерінде отырар
орын болмаған соң, есік алдына жайластық.
– Тарбағатайда шәй жоқ. Бұл жерде бір
тақтасы мың доллар ғана екен, біз жақта он
бес мың долларға да табылуы қиын! –деп
күрсінді Қажиякбар. Соңынан Қуат күрсінді:
– Бәрінен жанның табылуы қиын ғой!...
Мұншалық жүкпен қашсаңыздар жандарыңыз
қалай құтылар екен?
– Жүкке қам етпе бауыр, қаза жетсе, жүк
түгіл, киімді тастай қашсақ та бәрі бір!... Ал,
екеуіңе екі аттық ақшаны ғана іркіп тұрмыз.
– Бізде етік те жоқ. Атқа етіксіз міну қиын
ғой, – деп жымиды Қуат, – сый қылсаңыздар
сыпыра болсын, жақсылықтарыңызды барған
соң өтерміз.
– Сен екеуіңе ақша беруге ғой осы
қойшылардың бәрі де құлшынады. Бірақ, бәрі
де барған соң ақша емес, осы бағада шәй алу
ниетінде. Өйткені бұл жерде ақшасын сендер
алмасаңдар шәй алып қайтпақ.
– Мейлі, аман жетсек болғаны, – деді Қуат.
Орташа ат қазіргі базарда он екі-он үш мың
доллар, тәуірлеу етік төрт мың доллар екенін
білетінбіз. Сонда ең кемінде он бес-он алты
шайға қарыздар болады екенбіз. Мен мұның
ауыр-жеңілін ойлағанды қойып, өз
салмағымды көтере алмағандай, үнсіз
қисайып жатыр едім. Қажиякбар Қуаттың
разылығын естіген соң, маған жалтақтап
қарай берді:
– Биған, тым жүдеусің ғой өзің, не болған,
ауырғанбысың?
– Жоқ, ешқандай ауруым жоқ.
– Кейін естірсіз, біздің басымызға түскен
азапты бірде-бір адам баласы көрмесін! –деп
күрсінді Қуат. – Биғаныңыздың көргені тіпті
қиын. Бірақ, шыдамдылығында шек жоқ жігіт
болды. Өстіп тұрып-ақ сіздей алып көтере
алмайтын жүкті талай көтерер!
Қуаттың бұл сөзі жеңіп бара жатқан дерттен
мені демеп жіберу үшін айтылғанын түсініп,
басымды көтеріп алдым.
– Өз үйінің сетері еді бұл, әке-шешесі
кірпігіне шаң жұқтырғысы келмейтін! –
дегенде қалың ерні мен жуан мұрны жыбыр-
жыбыр ете түскен дәу жігіт орнынан тұрып
кетті. – Жаудың жауыз қолында ер жігіт не
көрмейді?
Қажиякбар жер ошақта қайнап тұрған қара
кателді көтеріп әкелді де, майға бөккен қара
қошқыл орамалды алдымызға жайды.
Сорпасы кілкіген жас ет екен. Ол етті бізге
түсіріп бере сала қаладан қайтқан
қойшылардың күркелерін аралай жөнелді де,
Қуатқа құтқарушы болатын мұртты күреңді
ерте жетті. Бізге етік алатын ақшаны да тауып
қайтыпты.
– Саған етіктік ақшаны Төлеуғазы берді,
таныс екенсіңдер, -деп күбірледі Қажиякбар
маған, - тым пайда көс жігіт еді, өзі тықпалай
берген соң ала салдым. «Барған соң шәйыма
шәй төлесе болғаны» деп артынан жып
еткізді. Бұл – бәрінің ойындағы сөз. Барған
соң жағдайға қарап көрмейміз бе, әйтеуір
аман жетсек болғаны!
– Атты да етікті де таңертең өзіңіз барып
алып шығарсыз, – дедім мен, – қазақ-қырғыз
ұйымы жақта бір жұмысым қалыпты, мен
соған барып келейін.
– Жоқ, болмайды Биған, қалада не жұмысың
болса да маған тапсыр, енді сені жібермеймін!
– деп бір-ақ кесті Қажиякбар. - Әке-шешең
сені маған қалай жылап тапсырғанын
білмейсің ғой!
Қуат та құптай жөнелді:
– Биғаш шырақ, қалаға енді кірудің сөзін
қоялық екеуміз, біздің достарды қайта ұстап
жатқанын білесің ғой?
Мойнымды ішіме тығып, тығылып отырып
қалдым. «Тым болмаса Күләшқа қош айта
алмай кеттім-ау!...» – Қалам-қағаз іздеп
қалтамды тінте бердім. Хат жазбағымды
сезген Қуат, «міне» деп қойын дәптері мен
қаламын ұстата қойды. Бір оңаша қара
ағаштың түбіне барып отырдым да, ірі
әріппен «Күләш!» деп жаздым. Бар
зейініммен қастерленіп, көркем жазылған сол
есімге ернімді басып, сәл отырып қалған
екенмін. Селт етіп қарасам, жазу дымдалып,
сиясы жайылыңқырап қалыпты. Мұнымды да
құп көрдім. «Тағы бір ұшып көрудің» сәті
келгенін, «жете алсам», өзінің Ақылбайға
арнаған сағынышты жүрек сәлемін толық
жеткізетінімді жазып едім. Соңы жырға
айналып, лықсыған қасірет тасқыны тағы да
қағып әкете жаздады:
Қос гүлдей еді аттарың,
Қосылып бірге жатталдың.
Жан сәулем үшін атыңнан –
Сүйдім де, қош тұр, аттандым! –деген
шумақтан кейін жүрегім жұлынып қалып,
сүлдерім кетіп бара жатқан ашты да ауыр зар
ағытылатын болған соң тоқтата қойдым;
шыдамымы жетер емес. Хатты бүктеп,
Қажиякбарға тапсырдым....
Ертеңіне жылмаң қаққан көк ат та,
жылтыраған қара етік те келді. Күләннің «жол
болсын» айтып, ыстық ықыласпен тілеулестік
білдірген қысқаша хатын тапсырып алдым.
Аса аяулысын ұзатқандай, аман көрісуімді,
өзімді сақтауымды тәптештеп тапсырыпты.
Жырынды ағаларымыз ер-тоқымды да
құрастырып жіберді. «Алдымен осы тұстан
Түстік тауға жетіп алайық» десіп, түн қата
жөнелдік.
Жусанды жазық далада бұлаң құйрық
жүріспен андыздап, бөліне-бөліне тартып
келеміз. Алакеуім ай сәулесі бар салқын
түннің аңқыған, тұнық ауасы мен жылпың
көктің жүрісі сергіте алмай, тіпті тымырсық
түнектей басып, тынысымды тарылта
түскендей бейжай едім. Қажиякбардың мені
топтан оңашалап, жеке алып шыққанын да
сезбеппін.
– Биған, әлгі хат жазысқан қызың кім, жүнін
айтшы? –деп сұрады.
– Ол – менің бір ұстазымның қалыңдығы.
– Олай емес шығар?! –дегенде Қажиякбардың
күлімсірегені байқалды.
– Рас солай!
– Әй, сенбеймін!.... Ол сенің хатыңды оқи
сала, көз жасын ыршытып жіберді.
Асыққаныма қарамай, үйіне ертіп апарып,
шәй жасап құя сала, хат жазып отырып
жылады. Сені маған тапсыруы әке-шешеңнің
жылауынан да қиын түсті; жылай жалынып
тапсырды... Жай достықтың ең қимасы да
олай болмас!
- Сүйген жігітін Манастан өткен соң көрерсіз,
аса жақсы... жақында ғана кеткен... ол қыз –
менің әке-шешемдей ең аяулы қамқорым! –
деп қалғанымда, менің де көз жасым ыршып
кетті. Төмен қарап алып, үнсіз егіле бердім.
- Әне! –деді жастық сезім камалатынан асып
бара жатқан кексе жігіт. Әй, бір терең сыр
бар-ау!... Қыз десе, қыз-ақ екен өзі, қандай
жүйрік сезім! Бауырым, мен кедейліктен әлі
үйлене алмай жүргеніммен қыз жүрегіне
жетікпін. Мұндай қыздың сүйгені қанша
жақсы болғанымен, ішінен онан да артық
сүйгені болады. Сонда да ақылға жеңдіріп
тоқтайды. Бәрінен абзалы – ақылға жеңдіру
ғой. Кімде-кім ақылға жеңдіре алмаса, оқысқа
ұшырайды; харап болады! – осылай есе
сөйлеп келе жатқан Қажиякбар көз қиығымен
маған қарай түсті де, «Еңлік-Кебек» дастанын
бастай жөнелді, көп қиса жаттаған, қайсысын
болса да кемеліне келтіре, әнімен жетілдіре
айтатын қабілетімен бастады. Арт
жағымыздағы Қуаттар да қуып жетіп, тыңдай
ілесті....
Тау алқымына таң ата іліндік. Бір қырқадан
асысымызбен-ақ күн шығып, жарқырай
қалған соң, «бұл беттегі ел көзіне
шалынбайық» деген сөздер көбейе түсті.
(Құтыби тауының қазақтары мен осы маңдағы
қазақтар арасында жаңжал болып, жазға салы
бір адам өлгенін біздің қойшылар да естіген
екен. Гоминдаң үкіметінің осы елдегі сенімді
бір баужаңына «құйыршықтан қорғануды»
тапсырып, алпыс мылтық бергені айтылып
жүретін.) Кеш батқанша далдалану қамымен
жылғалай жортып, шилеуітті жарға түстік.
Жылып аққан кішкене ғана бұлақ бар екен.
– Аттарды жардан шығармаңдар! –деп
тапсырды жол бастаушы сары шал, - от
жақсаңдар бықсымайтын қу отын жағыңдар,
түтін шықпасын!
Қоржын-қолаң, қап-мөшек, бөктеріншектерді
түсіріп, аттарды жайластырып, дамылдауға
ертоқымды енді ғана жастанғанымызда,
мылтық ұстаған екі дәу жар үстінен төне
қалды.
– Кімсіңдер?! –дегенде бірнеше жолдасымыз
ыршып-ыршып тұрды. Мұндай тергеушімен
сынасар кезеңге сары сақалды көсеміміз де
тәжірибесіз екен; қаудырақтап-қалтырап
түрегелгеннің бірі өзі.
– Ассалаумағалейкум! –деп кеудесіне екі
қолын қоя иілді. – Тарбағатайдан мал айдап
келген қойшылар едік, қайтайық десек, жол....
жол құрғыр бекіп қалыпты.... Сіздердің елге
паналай тұруға келдік!
«Арты қуыс қашқын екенімізді білдіріп
қойды-ау мына қауқалақ» деп күбірлеген
Қажиякбар, басын енді көтере бергенде
мылтықтының тағы бірі зіркілдеп жіберді.
Сетік мұрын жуан сары екен:
– Е, паналай тұруға келсеңдер, ауылға бармай,
ұрыша жарға тығылып жатқандарың не?!
Мініңдер аттарыңа, паизысорға
тапсырып
береміз!...
Малдасымды құрып, «күлімсірей» қалған мен
де зекіре сөйледім түрегеп тұрғандарға:
– Ал, барыңдар енді сақшыға, аттарыңды
соның қорасына «оттатыңдар!...» таныс
ауылдарымызды тауып бір-ақ түсейік десек,
аттарыңның өндіршегі үзіліп кететіндей
болдыңдар ғой!
– Таныс ауылдарың кім еді? –деп «сетік
тұмсық сары атан» маған үңілді.
– Осындағы оқыған азаматтардың бәрі біздің
досымыз. Солардың ауыл-үйлеріне уақытша
бөліп-бөліп орналастыра тұурға біз бастап
келеміз. Бұларға қазақ-қырғыз ұйымы иелік
ететід. Сақшыға қайтпайды; үлкен орыннан
алған қағаздары бар! – деп түрегеліп,
кеудемді кере түстім; омыраудағы Жяң

Пайзысо (пайчусо) – сақшы бөлімшесі.
жиешінің басын анықтап көрсету үшін әдейі
керілдім. Қуат та түрегеліп, қолын артына
ұстай мығымдана сөйледі:
– Бұлар Тарбағатайдан үкіметіміздің қойын
айдап келген. Қатын-балаларынан айрылып
істеген сол еңбегі үшін арылы-берілі
қуаланып жүрмек пе? Осында паналатуға
тапсырылған!
Түрегеп тұрған қойшылардың ажарына қарай
түскен сетік сары қоржын-қаптарға үңілді:
– Мыналарың немене?
– Азықтық ет пен шәй еді, қарақтарым! –деді
сары шал.
– Қоржындағыларыңның бәрі шәй көрінеді,
соны сату сылтауымен осы тауды сағалап
жүріп, шарқыйларға өтіп алмақсыңдар ғой!....
Аттарыңды ерттеңдер де жүріңдер алдыға
түсіп! –деген сетік сары серігін ымдап, жар
ернеуінен арырақ ертіп апарып жүреледі.
Біздің сөзімізді тыңдар емес. «Қанымыз бір
қазақ едік қой, шырақтарым-ау», «бір
мұсылман, Мұхаммедтің үмбетіміз ғой,
рақым қылсаңдаршы» -десіп қойшылар
шулады. Ең көп еңіреп, зарлап тұрғаны, маған
етіктік ақша қарыз берген Төлеуғазы мен
көсем шал.
– Жалбарынбаңыздар, – дедім қастарына
барып, – анау екі қу алыстап барып, нені
ақылдасып отырғанын сезбейсіздер ме? Бұдан
да қаттырақ қорқытып, бар шәйларыңды
сыпырып алып қоя бермек. Сіздердің
Үрімжіге кіріп-шығып тұруға рұқсат етілген
қағаздарыңыз бар емес пе,, бұлардың
өздерінде мұндай да қағаз жоқ, соны ұстап
отыра беріңіздерші, біз сөйлеселік!
Қуат пен Қажиякбар да әрқайсысына күбірлеп
жүріп, жүректерін сәл орнықтырған екен.
Жым-жырт отырыса қалды.
– Қанша шәй алса да қоя беретін етсеңдер
болғаны ғой! – деседі.
Екі мылтықты орындарынан ширыға
түрегелді. Аттарын жетектеп, жар басына
қайта келе ақырысты:
– Дайындалдыңдар ма, мініңдер аттарыңа!
– Үй, әлі қозғалмай отырғандарың не! – деп
мылтығын кезене қалды бірі. – Оқ жегілерің
келіп отыр ма!?
– Сіздер мына қағазды көріңіздер алдымен, –
деп Қажиякбар ханзуша жазылған таңбалы
қағазды биік көтере түрегелді, – мылтық
тұрмақ сары аяқтардың пулиметының
алдынан да осы қағазбен өте береміз. Сіздер,
қазақ азаматы, солар құрлы болмайсыздар ма?
– Қағаз-пағаздарың керек емес, үкіметтің
бізге мылтық бергендегі тапсырмасын
орындаймыз! –деді сетік сары, – бұл өңірге
шет адам келсе, ешқандай куәлігінің керегі
жоқ, айдап апарып, сақшыға тапсыруды
бұйырған. Жүрмегенін атуды да тапсырды.
Жандарыңның барында жүріңдер!
– Сіздерге үкімет қағазы да, үкімет бұйрығы
да керексіз демеген шығар? – деп мен
кекетінді шыраймен жымидым. Сетік сары
сөз тосқансып, үндемей қалды. – Олай емес! –
деп мығымдана сабақтадым сөзімді. –
Баужаңыңызға алпыс мылтық не үшін
берілгенін бізге анықтап ұқтырып шығарған.
Құйыршықтан, бұлаңшыдан елді қорғайды
деп берген. Сондықтан, бұл панасыздар
сіздердің саяларыңызға паналайды. Ондай
сенімі болмаса, қашқын болса, мұндай
мылтықты ауылда несі бар. Күнбатысқа қарай
ойысып барып түсе салмай ма?
– Сен қайдан?... Қайда істейсің? –деп сұрады
сетік сары.
– Мен Үрімжілікпін, қазақ-қырғыз
ұйымындамын. Баужаңдарыңыздың ауылы
қайда, нұсқап жіберіңіз. Мен барып келейін.
Сіз мына «жемдеріңізге» қарай тұрыңыз!
– Оның ауылы алыс, таба алмайсың.
– Ендеше, ең жақын ауылды нұсқаңызшы,
Оралқан мұғалімнің мектебі осы маңда
шығар, баужаңға соны жіберейін!
– Жоқ, ол.... Қаратауға кеткен.
– Басқа мұғалімдер бар шығар, қайсысы болса
да бір күндік ат терін менен аямайды!
– Жоқ, сендерді күтіп тұра алмаймыз, қазір
қайтыңдар арттарыңа!
– Ей, тез мініңдер аттарыңа! – деп ұзын
бойлы қарасы ақыра көтерді мылтығын.
– Жоқ, айдала алмаймыз, айдалатын малың
біз емес! – деп мен де түйіле түстім де, атыма
беттеп жүре сөйледім жолдастарға. – Мен
бұлардың бастықтарын да, басы барларын да
қазір тауып келемін, қозғалмай отырыңдар,
атқанын көріп алайын!
– Тоқта! –деп ақырды сетік сары мылтығын
ыңғайлап, маған кезенді.
– Мылтығыңыздың көтіне қараңыз, неше оқ
бар екен! –деп Қуат күле аяңдады менің
соңымнан. – Осы таудағы бар қазаққа жете
ме?! Жолхатты да көрмей, ауылдарыңды да
көрсетпей тұрғандағы мақсатыңды түсінеміз,
қоқаңдамаңыз, шырағым!...
Қуат екеуміз бір түкпірден атымызды
жетектеп шықсақ, мылтықтылар сары шалды
жеке шығарып, сөйлесіп тұр екен. Сары шал
Қажиякбарды қол бұлғап шақырды; төртеу
болып күбірлесті. Біз аттарды ерттеп жіберіп,
олардың келісімін елемейтін бейнемен
қасақана аттана жөнелдік. Артымыздан сары
шал, онан соң Қажиякбар қосыла айқайлап,
қол бұлғады.
– Болды, – деді Қуат күліп жіберіп, –
арзандап-ақ тоқтасқан шығар!
– Жеке екеуі ғана жемек болғанын баужаң
ауылын алыстатуынан-ақ білгенмін, – деп мен
де жымидым, – бұлар біздің ел алдында
әшкере айдалуымыздан қорқады. Ал
қойшылардың мына қағаздары тұрғанда бұл
ауылда ұсталудан қорқуы – қоян жүректік.
– Сен Оралқанның осы ауылда екенін қайдан
білдің?!
– Кетерінде айтып еді ғой мылтық алған
баужаң ауылына тағайындалғанын.
Мыналардың мылтық шошаңдатуынан сол
ауылдық екені есіме түсе қалды.
Жар ішімен екеуміз құлдап қайтып келе
жатқанда, екі мылтықты жар үстімен желе
жөнелді. Менің атымның айылын ағытып
тұрып қуана сөйледі Қажиякбар:
- Жеңіс сендердікі!... Біз кісі басы бір-бір шәй
ғана беретін болдық та, ол екеуі осы кеште
ешкімге көрсетпей, Құтыби өзеніне жеткізіп
салатын болды.
Бір түнге оншалық шәй беруге неге
көндіңдер?
– Бә...ле, бауырым, олар сендердің де бізбен
бірге қашып бара жатқандықтарыңды сезеді
екен. Соны күле айтып, іштесе сөйлесуге орай
тауыпты. «Мұндағы көп азаматпен таныс
екен» деп сен екеуіңнен қорықты. Баужаңына
барсаңдар, параны ол қорқаудың өзі ғана
алып, бұларға оншалық ешнәрсе тимей
қалатыны сезілді. Сонда да екі-екіден шәй
алуға шалымызды иліктіріп бара жатыр еді,
сен екеуің желе жөнелгендіктен бір-бір шәйға
көне қалды. Жалғыз-ақ тапсырғаны - өздері
келгенше жар ішінен біздің шықпай күтуіміз
ғана; басқа біреу көрсе, пайдасына
ортақтасады ғой! –деп күлді Қажиякбар.
Осы кезде бүйірімнен біреу түртіп қалып еді,
Төлеуғазы екен.
– Мойныңды бұра кетші! –деп жеңімнен
тартып жетектей жөнелді.
Малақай құлағын жартылай қайырып, артына
байлай салған беті құм бораннан келгендей
тозаңданып тұратын, әжімді өңез сұры, қанша
жылдан бері алып сатып, алдап тартып жүрсе
де шыр бітпеген Төлеуғазы, күн жарқырап
тұрса да мойынын ішіне тығып алыпты.
Оңаша шығарып алып, саудаласардағы
дағдысымен қолымды ала сөйледі:
– Биғаш, мына мылтықтыларға бір-бір шәй
беретін болдық қой, ақ малымыз судай ағып,
тектен-теке кететін болды, лаж не, қу
жанымыз үшін қидық. Екеуіміз талайдан
көшелес көршіміз. Оның үстіне менен төрт
шәй қарыз алдың. Мыналарға беретін бір
шәйіңді тағы да менен ал, бесеу болсын,
осыған «жә» дейік!...
Осы «сауда» үстінде ғана байқадым, бұл
алыпсатардың тістері де арса-арса екен.
Ашыла сөйлейтін үлкен аузынан ең түпкі
азуы да аш жыртқыштікіндей сойдия қалды.
Көмекейі де басқаша, тым кең көрінді.
Бөбешігі бүлкілдеп, жұтынып тұр. Аса сүркей
сезініп, мұрнымды тыжыра үңіліп қалыппын.
– Енді шәйға қарыздансам Қажиякбар ағаға
қарызданбақ болып уағда бергенмін. Іздеуші
–құтқарушым болып келе жатқан соның жүгін
аз да болса жеңілдетуім керек!
– Оның жүгін тіпті көп жеңілдеттің, Биғаш,
он екі шәйін көтердің. Және мұндай шығынға
ұшырамай жететін бақандай он екі шәй оңай
пайда ма?
– Ол шәйіме шәй аламын деп тақақтап тұрған
жоқ, адамша жағдайыма қарайды!
– Шәйіне шәй алмағанын көремін ғой, басы
көрініп тұрған малды суырып алмай,
пайдадан кешетін адам бар ма, Биғаш-ау?
Және менің де құтқарушың екенімді
ұмытпассың шырағым, төрт шәйіма келген
мына етігің болмаса ұзақ жолға атпен жүре
алар ма едің?... «Жә» деші Биғаш, жә, береке
тап! – деп Төлеуғазы қолымды тағы да ұстай
алып, сілкілеп-сілкілеп жіберді. – Жүр
шәйыңды ал!
Көңілі енді жәй тапқандай болған сары шал
қолын арқасына қайыра мамырлап, бізге
жақындап қалған екен:
– Ой, немене мына саудаларың?! –дегенде
жалт қайрылдым. Ызам мұрнымнан
шыққандай мырс ете түсіппін.
– Мынауыңыз «етік кигізген төрт шәйім бес
шәй болсын, тағы бір шәй ал» деп қысап тұр!
– Енді не үшін алады екенсің?... Ойпыр-ау,
ойпыр-ау!...
– Мылтықтыға бұл да бір шәй төлемей ме,
әркімге телмірмей, тағы да менен ала сал деп
тұрмын, – деп Төлеуғазы қайырды жауабын, –
«сый қылсаң, сыпыра» деген.
– Е, бұл екі азамат шәй төлейді деп кім айтты
саған? Екеуінде шәй жоқ екенін
айтқанымызда мылтықтылардың өздері
кешірім етті.
Көсем шалдың бұл кедергісінен де бір кесек
пайда көргендей өзеурей жұтынды Төлеуғазы:
– Олай болса, жақсы екен, жиырма бес шәйді
жиырма жетіміз бөліп төлейміз!
– Қайтып? – деді сары шал, қою қоңыр сақалы
дір ете түсіп, қысықтау көзі бажырая қалды.
– Бұл екеуі де жолаушы болған соң, жол
шығынын тең төлемей ме?.... Қайсынымыздан
ардақты, әрине, төлейді!
– По...по-по, неткен қара қасқа едің,
шырағым?... Осы екі жігіт болмаса қайта
айдалып кете беретін едік қой, ең болмағанда
бар шәйымыздан айрылар едік. Жанымыз
үшін бар шәйды құрбандыққа атап шулап
тұрғанымызда кеудесін мылтыққа төсеп
құтқарған осы жігітті тағы бір уыс шәйға
қарыздар етпекпісің?...
– Нағыз ит-шошқаның баласы екенсің! – деп
бір жігіт жетіп кеп төне түсті Төлеуғазыға.
Сары шал алдын тоса берді де, ол ұмтыла
түсті. – Мал түгіл, осы жолдан жаның
қаларын қайдан білдің, ниетіңді с... қорқау!...
Бар шәйыңды құтқарып тұрса, бір шәй салық
салмақпысың тағы да?!...
Қажиякбар төрт шәй қолтықтап келді де,
ұмтылып жүрген жігіттің алдын тосты:
– Тілеу жолында келе жатырмыз ғой, тимей-
ақ қой бұл итке!... Жә, Төлеуғазы, Биғабілді
саған қарыздар еткен мен едім, үлкен пәлеге
қалдыра жаздаппын! Міне шәйың, береке тап!
Төлеуғазы сырт айналып жүріп кетті:
– Мен жолда аламын деп бергенім жоқ! – деп
міңгірлей жөнелді. Қажиякбар төрт шәйді
ұсынып, қуалай ерді:
– Өлімнен қайтқан азаматты барған соң тағы
қинасын деп алмадым мен сенен!... Ниетің
өзіңе ғана жолдас болсын, мә, шәйің, ал да,
қылқыңдамай аулақ жүр маңынан!...
Төлеуғазы қашып, төрт шәй соңынан қуалап
жүргенде басқа қойшылар оның жүгін
атының қасына апарып тастап еді. Қашып
барып жар үстіне шыққан Төлеуғазы маған
дауыстады:
– Биғаш-ау, Биғаш, кешір мені, кешір, барған
соң қузамайын! Не берсең... әй, қашан берсең
өзің... бересің... қысамайын, міне, екі қолым
төбемде!
– Түс жардан!... Уағдасының сиқырын
қарашы мына аш биттің! –деп қойшылар
күлісті.
– Аш бит болғанда да аумаған арық сиырдың
биті, көрмеймісің жағын!...
Төлеуғазының күбірмен не деп жалынғанын
естімедік, Қажиякбар төрт шәйін қолтықтап
қайтып келді. Көпшілік от жаққан жерден
тезек тере қайтып келе жатқан «аш битті»
қайта қуды. Серік қойшылар:
– Жоғал, кәпір, ары кет, мына ниетіңнің кесірі
тиеді бізге!
– Аулақ кет бізден, жиырма бес шәйді өзіміз-
ақ төлейміз!
– Жанымызды құтрқаруға ақсарбас нияз
айтып келе жатқанымызда сенімен бірге
жүрсек жазым болармыз, кет, өз бетіңмен кет!
– Жанымызды тілеп тұрғанда тәнімізді
кеміретін арам екенсің! Кесапатың өзіңмен
кетсін, аулақ кет!
– Мал түгіл, бас қайғы болып тұрғандағы
құлқының мынау, жайшылық уақытта не
оңдырарсың, жоғал кәпір, жоғал!...
Әрқайсысына бір жалтақтап тұрып қалған
Төлеуғазы ешқайсысынан жылырақ рай көре
алмай, жүгі барған жерге кетті. Бөктерген
шәйі көп болғандықтан, бақырын ауырсынып,
санпакуге тастап шығыпты. Су толтырған
жалғыз темір тегешін отқа салып,
бырылдатып отырғанда, тамақтанып болған
көпшілік көз іліндіруге жатып еді, күн бата
бас көтерсек, Төлеуғазы әлі бырылдатып отыр
екен.
Көсем шал мен Қажиякбар тоқтамдағы шәйді
жиюға кірісті. Төлеуғазы бір шәйін ала
жүгірді бізге қарай. «Ары кет, өзіміз
төлейміз», «бізге ерсең, атыңның аяғын
шағамыз» деген кіжінулерге қарамай, жете
келіп жүгінді:
– Көкетайлар-ау, қойдым дедім ғой енді,
қойдым!... тиын қуып үйренген қу басымды
қойдым аяқтарыңа, міне... міне! –деп етпеттей
созылып жетіп, қоса салды шәйін. Бағанағы
ұруға ұмтылған жігіт лақтырып тастап еді,
көсем шал қозғалып, бір кесімге
тиянақтататын ыңғай білдірді:
– Жігіттер, «кемедегінің жаны бір» дейді.
Мекеге қажыға жүргендердің кемесінде
бұрын мысық өлтірген бір адам болса, бүкіл
кеме суға батады дейтін сөз бар. Мына арам
да сол мысықтың бірі шығар, жалғыз тастап
кетсек өлгені. Ал, қосып ала жүрсек,
кемемізді күпірлік індіні батырады суға!...
Сол себепті бізге қосылмай, артымыздан ғана
ілесіп отырсын!
– Олай болса, деді бір жігіт, – өз істегенін
өзіне істейік, мына жиырма бес шәйді барлық
шәй санына қарай бөліп төлейік! Бұл
тақыстың шәйі әрқайсынымыздікінен екі есе
көп. Екі есе артық төлесін!
– Япыр-ай, аз болсын, көп болсын, бәріміздікі
бір-бір ат көтеріп келе жатқан шәй ғой,
ағатайлар! – деп Төлеуғазы басын қасығанда
Қажиякбар күліп жіберіп, қолын бір-ақ
сілтеді:
– Керек жоқ, итке қарап иттік қылсақ,
адамдығымыз қайсы! Жалғыз-ақ бізге
қосылмай, алыстан, артымыздан ғана ілессін!
Ымырт үйріле жар басына үш адам жетіп
келді. Біреуі өгіз мінген бала екен. Шәйді
Қажиякбар бір-бірден санап, жар үстіне
шығарып берді де, бала теңдеп алып қайтты.
Екі мылтықты сәл құлдап барып, сол жардың
ішіне түсті де, өздерінен алысырақ ілесуімізді
бұйырып, жөнеле берді.
Түкпір-түкпір қараңғы сайларды қиялайтын
тасты сүрлеу-соқпақтарды әрең тауып,
баранға үнсіз ілесумен түн ортасын
деңгейлетіппіз. Өзен сарылы естілген терең
шатқалға түсе беріп едік, оң жақ
тұсымыздағы қия беттен «сол жерге
тоқтаңдар» деген бұйрық естілді, ат тізгінін
тарта қойдық. Жиырма бес шәйді
асқазандарына сіңіріп болған мықтылар екен:
– Ал, жақсылап тыңдап алыңдар, біз осы
жерде қаламыз! – деп нұсқауын бастады сетік
сары. – Сол беттеріңмен тарта беріңдер.
Мынау Санжы өзені, тура кесіп өтіп, қиыс өр
жақтағы құрғақ сайға өрлеңдер, кезеңге
шығасыңдар. Кезеңнен ары қарай күнбатысқа
тура тарт, сайғақты үш-төрт зираттың
теріскей жағындағы беткейде сүрлеу жол бар.
Ол екі жағы биік жартасты құр ағынға
түсіреді. Құр ағын Құтыби өзеніне түсіреді.
Ал, жолдарың болсын!
– Шырақтарым-ау, Құтыбиге жеткізіп,
аржағына жол көрсетпек едіңдер ғой! –деп
шал атынан түсе, өрлей ұмтылды бетке.
– Тоқта, сол жерге! – деп сетік сары біздің
көсем сарыны зекіп тоқтатты да, қайта
жұмсара сөйледі. – Жеткізген деген осы,
Санжыға жеткізіп, Құтыбиге жол көрсеттік.
Одан ары да ұлы тауға жақындамай, осылай
бөктерлей берсеңідер, бұл бөктерде қазір ел
жоқ!... Біз сендердің обалдарыңа қарадық,
сендер де біздің обалға қарайсыңдар,
Құтыбиға жеткіземіз десек таң атқанды
қойып, түс ауады, ол бізге жау ел, ұсталып
қалсақ өлтіреді. Сендер де аман өтіңдер,
ауылымызға біз де аман жетейік!
Қос бөрі жорта жөнелгенде, біз жым-жырт
тұрып қалып едік, әудем жерден сетік
сарының зіркілі естілді:
– Кімсің?!
– Ағатай-ай, мен едім, бір шәй беріп,
соңдарыңыздан ілескен мүсәпірдің бірімін! –
деген Төлеуғазының жан дауысы шыққанда
көсем шалымыз да күліп жіберді.
– Ал, Құдайға сиынып жүріп кетелік енді, –
деді сонан соң, әйтеуір жол бағдарын нұсқап
берді ғой, жолдары болсын!
Олардың жолы болғанымен, шыққан күннің
сәскесінен бастап, біздің «жолымыз
болмауға» айналды: екі жағы қамалдай
тұтасқан қысаң құзар жартасты құрғақ ағынға
кіріп едік, бірден тізіліп шұбап, жортып
аяғына жете алмадық. Суда, үзіп алар бұта да
жоқ, аттарымыз бұрлығып, бұратылып қалды.
Қырсықты ағыннан шығып алар жатықтау
кетігі де, жатағандау сетігі де жоқ, тіп-тік,
ұшпа қызыл жартас болды да отырды. Тас
тандырдай қапырық ыстық кенеземізді де
кептіріп келе жатқанда одан да зор кесірге тап
бола қалдық. жолымыз шорт кесіліп, кісі
бойы құлама жар кілт тоқтатты. Аттан түсе-
түсе қалып шоңқидық. Артқа қайта шегінсек,
басына жете алмай түгел құримыз да,
құламадан секіртсек аттар күйрейді. Бұл
жерде аттың күйреуі – өзіміздің де
күйреуіміз... тым-тырыс дағдарып
отырғанымызда айналмадан атын жетектеп,
ілбіп Төлеуғазы шықты:
– Ағатайлар, құтқарыңдар мына жүктен, атым
жүре алар емес, екі дүниеде қарызы жоқ! –деп
боздап жіберді.
– Әкеңнің аузына шәйіңді құйып с....
жолымыздың осы кесілуі сенің кеселің ....
жоғал ары! –деп біреуі зекігенде, Төлеуғазы
артына қайта қайрыла ілбіп еді. Бір-екі жігіт
қарқылдай күлді.
– Бұл екеуін шешелері «өлгенде күлгір» деген
қарғыспен қарғаған екен! – деп Қуат
күбірлегенде мен күліп жібердім. Нұриядан
айрылғанымды естігеннен бері шын күлгенім
осы-ақ шығар. Ытып тұрдым орнымнан.
– Мына жардың тағанына құм тауып төгейік
пе, жігіттер? –деп көсем шал да тұрды
орнынан. – Тасқынның сарқырамасы болған
соң төменгі жағына қайрандаған құм
табылар...
Айтқанындай-ақ ойдым-ойдым ұйыған құм
бар екен. Қоржындарды шәйдан босатып
алып, секіріп-секіріп түстік те, ат түсер жерге
қалыңдатып құм төктік. Әр атты секіртіп
түсерде бір-бір «ақсарбас» тағы да айтылып
жатты....
Бұл қатерден түгел аман құтылғанымызға
қуана аттанып едік, бір бұрылыстан айнала
бергенімізде арт жағымыздан тағы боздады
Төлеуғазы. Әлгі жардан торы ат ары тартып,
Төкең бері тартып тұрғанда шылбыр үзіліп,
шалқасынан ұшырыпты. Бірнешеуіміз қайтып
барып, атын түсірістік те, зілдей екі
қоржынын Қуат екеуміз бөктердік...
– Көптің жүгін көтеретін ниетің көрінсе, көп
сені көкке көтереді. Көпті жерге қаратсаң, көп
сені жерге тығады. Осы жолда түсінген
шығарсың Төлеуғазы?! – деді Қажиякбар
Құтыби өзеніндегі қалың тоғай арасына
тыныққанда. Майлы қоңыр дастарқанына оны
да қосып алды.
– Түсіндім, түсіндім Қажытай, жар түбінде
қала жаздамадым ба?!... «Көптен шыққан
көмусіз қалады» деген осы екен, толық
түсіндім....
Бұл тақысқа көптен шыққан көмусіз
қалатынын түсіну тым қиын екенін, екінші
бір тұйыққа қамалғанымызда біз толық
түсіндік.
Күн батысымен Құтыби өзенінен тағы да түн
қатып аттанып едік. Жықпыл-жықпылмен
керілдесе жортып, кезеңдер асып келіп, жазық
далаға шыққанымызда күн де шықты. Ұлы
тауды жастанған жап-жайдақ кер жазыққа
бадырайысып тұра қалдық.
Төменгі жағымыздағы үлкен жол әлем-
тапырық; күншығысқа қарай жосылған ұзақ
шұбырынды арба; жүк автомобилінің асығып
дығырлатқандағы ұзақ-ұзақ айқайы естіліп
тұр. Шақырая көтерілген күн алдымыздағы
сұры даладан қарсақты да мұндалап
көрсететіндей. Бөктер жағымыз және у-шу.
Үрген ит, айқайлаған адам , кісінеген жылқы,
мөңіреген сиыр дауыстары. Біз паналарлық
далда, кірерлік ін табылар емес. Алдымызда,
недәуір алыста дара көлбеген қызыл жотадан
басқа қолдап-қорғайтын піріміз жоқ сияқты.
Ат айылын мықтап тарттық та, шаба
жөнелдік. Көлденең қызылдан көрінген
жалғыз «сайға» сүңгіп кеп беріп едік, ол сай
емес, апандай ғана тұйық екен. Маңдайымыз
тақ етіп, биік жартасқа тірелгенде
құйрығымыз аңырайып, алаң-ашықта қалды.
Екі-үш жігіт жартасқа жабысып жаяу қиялап
шықты да, жата-жата қалысты. Лезде қайта
домалады:
– Ойбай, арғы беті тіпті тік жар екен, бықыған
қалың сары аяқтың үстінен шығыппыз! –деп
біреу мәлімдегенде Төлеуғазы атын жетектеп,
кейін шегіне жөнеліп еді; жотадан түскендер:
«мылтығын иығына салған бір сары аяқ
шаңқылдап әндетіп жүр» дегенде, Төлеуғазы
атына міне қашты. Оны көріп тағы екеуі зыта
жөнелді.
– Тоқтаңдар, ақылдасайық! –деп көсем шал
дауыстады да, үш-төрт жігіт атпен қуып
барып, артқы екеуін қайырып әкелді.
Төлеуғазы бар шәйі бізде қалғанына
қарайлағандай, бір шақырымдай алыстап
барып, атынан түсті де, жап-жазық далаға
жата қалды. Жасырынғаны екен, бұлай
«жасырынуды» білмейтін «ақымақ» торысы
бір мөшек толы бөктеріншегімен серейіп тұр.
– Мынаның арты терең сай дейді, Тасырқай
өзеніне жеткен сияқтымыз, -деді шал, - мен
қартайған адаммын ғой, сары аяқ басып жатса
да барып, анығын білейін, сендер осы жерде
қозғалмай, шәй қайнатым уақыт күтіңдер...
Егер кешіксем, ұсталғаным. Олай болғанда,
бірден-екіден ғана бөлініп, тауға тартыңдар.
Бұлардан көрі қазақ қарақшыларының қолына
түсулерің жеңіл, әйтеуір атпайды ғой!
Осыны айта сала сол жақ бүйірімізден қиялап,
аса жөнелді шал... көбімізді тықыршытқан бір
сағаттан соң шат дауысы естілді:
– Сүйінші, сүйінші... Өз елімізге, мұсылман
туыстарымызға жетіппіз! – деп келе атынан
домалап түсті. – Бұл жақта гоминдаң қалмады
дейді! Бағанағы көргендерің мылтықты қытай
емес, иығына шалғы асқан дүңген екен, соның
өзі айтты.... Гоминдаңнан тіпті Құтыбиге
дейін тазарыпты... сары аяқтар Манастың
өзіндегі акоптарына ғана тығылып жатыр
екен. «Олар бұл жаққа шыққанды қойып,
інінен бас шығармағалы қашан» деп күлді
дүңген...
Қуанышпен тасқындап келген сары шал осы
хабарды ағыл-тегіл сарқыратып тұрғанда,
Қуат екеуміз кеудеміздегі Жяң жиешінің
басын жар үстіне лақтырып-лақтырып
тастадық. Әзірейілден қорықпау үшін
тағынып келе жатқан бұл бас ендігі әзірейілге
өзі ұстап бермей ме!
* * *
Әділетті тергеушім, қорқақтың әзірейілі көп
болады ғой. Әзірейілдің өзі қорықса да
қорқақтарды түгел әзірейіл деп түсінеді.
Батыстан Шығысқа қарай жөңкіліп бара
жатқандардан қорқып, кірерге ін таба алмай,
бұтымызға тамшылата қашып келе
жатқанымызда, сол қорқытушылардың өздері
бізден қорқып, жапалай қашып бара жатыпты.
Қылмыссыз адам қаша ма. Демек, бұл өңірде
өріп жүргендердің бәрі қылмыс кіріптары
болғаны ғой. Осы арада өткізген тағы бір
айрықша зор қылмысымды қағып ала қойған
шығарсыз. Жяң жиешінің басын «қастерлеп»
биік жар үстіне «шығармадым ба!»
ІІ
Манас өзенінің тау алқымындағы бір тұсынан
түсіппіз. Саяқ теректер өскен көк жасаң,
шалғынды кең сай. Шөп күрке, балаған,
итарқа, қос, қопын көлге қонған қасқалдақ
пен қоңыр үйректей қаптапты. Тау сайының
ежелгі мекендеушісі екені байқалатын киіз
үйлі екі-үш ауыл да отыр. Қия жолмен шұбап
түсе бергенімізде-ақ алдымыздан жамыраған
қозыдай андағайлап, балалар жүгірді. Біз
оларды құшақтап, иіскелеп жүргенімізде ата-
ана, аға-жеңгелері де жетті. Шұрқыраса
кеттік. «Зұлымнан аман-есен құтылдыңдар
ма» деп амандасады. Көргенімізді біз,
білгендерін олар сөйлеп шуласа келіп, шеткі
киіз үйдің жанына тоқтап едік. Бізге қарай
тұс-тұстан шелек-шелек айран-шалап ұшты.
Біздің қаптардың аузы да ашылып, қазандарға
ыңғай сұрпы еттерін лоқылдатып жатыр.
Қоржындарымыз да қыбырлап-жыбырлап,
жымия ашылды да, сырғып-сырғып шәйлар
шықты. Оларды қол аралар мен пышақтар
қиқылдап-шиқылдай «күлісіп» ашмөңке-
құртмөңкелерге бөлшектеп жатқанда,
Төлеуғазы ғана өз денесі бөлшектеніп,
кескіленіп жатқандай тыржың-тыржың ете
түсті. Қарсы ала келген әр үйдің адамына
базарлық үшін бір-бір көзден шәй үлестіріліп
еді. Төлеуғазының өз ықтиярынан сырт
шыққан екі шәйі жанын жегідей жеп
жібергендей, қоржындарын қосып жастанып,
сылқ түсті.
- Екеуі екі өгіз еді ғой, әттегене! –деп
күбірлей шалқалап еді, оған көсем шал
күбірледі:
«Менің жаным жау табанында қалды-ау,
Дәриға» деген ой денемді кескілегендей,
жүрегім сырқырап ала жөнелді. Отырған
жерімнен тұрып, оңаша жалғыз теректің
түбіне барып, етпеттей құладым. Көзі
жасауырап, телміре қарағандай болды
Нұрияш, алаулап тұрған оттай лапылдаған
сезіммен елестеді. «Сен олай-бұлай болып
кетсең, менің де өлгенім ғой» дегені
естілгендей. Енді бір сәтте қиыла өтінді міне:
«таудағы сол үйге шыға тұрайықшы, мүмкін
сонда аман қалармыз...» - тістенген қанды көз
қара сұрының оғы тиіп, құлап түсті міне... көз
нұрым өше қалды. Қан жоса болып, сұлық
жатыр... Мен оны құшақтай барып құлаған
сияқтымын. Жер-көк қып-қызыл қан
дәриясына айналып, толқып ала жөнелгендей
болғанда, басымды көтеріп алып, жан-жағыма
жалтақ-жалтақ қарай беріппін. Маңайым
расында да қып-қызыл қан болып көрінді.
Қуаттың жайбарақат сөзі естілді. Көз жасым
ағыл-тегіл, бір қолымен иығымнан басып
отыр екен:
– Мылтық берер жерге енді жеттік қой, сабыр
етші! –дегенінен ғана, «мылтық, мылтық» деп
ұрандай көтерілгенімді түсіндім.....
Далаға төселген киіз үстінде, тойдағыдай кең
жайылған дастарқаннан ауыл-үй
үлкендерімен бірге, сөйлесе отырып
тамақтандық. Олар ұлттық армия осы Манас
өзенінің төменгі бойында ғана шеп жайып
жатқанын, бұл жақ партизандар қорғауында
тұрғанын, қазіргі әрекеттері, қаладағы сары
аяқтарға «ұйқы бермей, арсылдата беру»
екенін де әңгімелеп күлісті. Алдыңғы шеп
қолбасшылық штабы Шихаңзыда екен.
«Гоминдаң кетіп, сұларманы ғана қалған»
Манас ауданының жаңа үкіметін де сайлап
қойыпты.
– Аудан әкімі Қалибек, сақшы бастығы
Жаппар қазір Шихаңзыда отыр, – деп
түсіндірді орта жасты бір дембелше қара, –
орынбасар әкім болып сайланған Жұмажы
дейтін дүңген ғана осы жағада, әнеу
қырқаның астында ғана егіндігінің ең бергі
шетіндегі тамда отыр. Бұл жақтан өзеннің
батысына өтетіндер қазіргі әдетімізде содан
қағаз алып, үлкен әкім мен сақшы бастығына
барады. Ал, сіздер көп адам болғандықтан,
қаранөр болып топталмай-ақ бәріңнің
жайыңды түсіндіре алатын екі иә үш өкіл ғана
жіберсеңдер болады...
Бұл қойшылардың ішінде саяси назарға
ілінетін және жәй-жапсарды толық түсіндіре
алатын Қуат екеуміз ғана екенбіз. Тамақтан
соң көсем шал мен үшеу болып Жұмажыға
бардық. Орынбасар әкімнің тұрағы Манастың
желкесінде қалашықтан жеті-сегіз
километрдей ғана алыстықтағы бір кер
кезеңнің далдасында екен. Иісшіл сары
аяқтардың аузы-мұрны бітеліп, аяқтары
тұсалғаны соншалық, жау әкімінің тауықтары
бел үстінде безектеп, қораздары қоқилана
шақырысып жүр. Қой-ешкілері беткейден
«мұндалап» тұратын жап-жазық сары аңызға
өріпті.
Жемісі жер бүркейтін бау-бақшалы, барақ
теректі қала, «шаш-сақал», «құйрық-жалдан»
мұрсындай болған екен. Қурап қалған қу
дуал, қуыс қоралары самаладай көрініп тұр. –
Япыр-ай, көше бойы үйіліп жататын шабдар
шаптол мен қызыл алмадан айрылыппыз-ау! –
деп түйілді Қуат.
– Түнде үңірейіп, үрейлерін ұшыра берген соң
қырып тастаған ғой сары апат! –деп мен
күрсіндім. – Өздері де көрден басқа панадан
жұрдай болып, тыр жалаңаш қалыпты.
Бізді бастаушы дембелше қара «осы» деп
көрсеткен тап-таза аулаға түстік. Жақтаулары
көк сырлы, шағын-шағын терезелері бар аласа
үйдің есігінен сәлем бере кіріп едік, ауыз
үйдегі сәкі үстінде шәй ішіп отырған шағын
шоқша қара сақалды, ақ көйлек, қара зелетке,
қара тақия киген дүңген алдындағы аласа
үстелден сәлем ала түрегелді.
– Келіңіздер, жоғары шығыңыздар! – деуінен-
ақ жайлы самал ескендей, іркіліссіз өрлеп
шығып, дастарқанға отырдық. Ақ сұры, тым
жылы жүзі дымды сақалымен намазын
үзбейтін кісі екенін байқатады. Қарма наны
мен сүтті шәйін алдымызға елпектете тартып
жүрген омыраулы қоңырша бәйбіше де айна
қатесіз өзіміз сияқты бейуаз «қоңыр
аңдардан» екенін бейнелеген соң, келген
жайымызды жайбарақат баяндай жөнелдік.
Анда-санда қысқаша ғана анықтау
сұрауларын қойып, изектей түсті әкім.
Келгендердің ыңғай қазақ болғандығынан
күмәнсіз екенін айырғандай, түрегеліп барып,
әйелінің тұсындағы таушадан көк тысты
Совет дәптері мен қарындаш әкеліп отырды.
– Ал жазыңыз, – деді маған ұсынып, – мен
айтып отырайын!
– Өз қолыңыздан шықса... жақсы болар еді! –
деп күбірлегенімде, ол күлімсірей изектеді:
– Мен мөр басамын, шырағым! Мөрім басқа
ешкімнің қолымен басылмайды, мұны
жолдағылардың бәрі таниды... «Жол хат» деп
төбесіне жазыңыз!... «Тарбағатайлық жиырма
бес қойшы, екі оқушы Үрімжіден өздіктерінен
қашып шыққан. Бізге ешқандай күдіксіз
болғандықтан үшбу жолхат берілді». Ал,
қайта оқыңызшы осынымды!
Мен жазғандарымды анықтап оқып бердім.
– Бәрекелді! Енді аяғына «Жұмажы» деп жаза
салсаңыз болды! –деді.
– «Манас ауданының орынбасар әкімі» деп
жазайын ба?
Өзін «әкім» деп жаздырудан ұялатындай,
тартына күлімсіреді ол:
– Қамсыз болуымыз үшін керек десеңіздер,
жаза салыңыз...
Мөрін бар зейінімен дәлдеп, бар күшімен
нығарлай басты....
– Өз әкімдеріміз хат танымаса да, осылай дәт
танитын адам болғаны қандай бақыт! – деп
көсем шал қуана мінді атына. – Үкімет
алдынан күліп шыққаным осы-ақ шығар!...
Ертеңіне таңертең сол дембелше қара бізді
тағы да бастап, өзеннен өткізе жөнелді.
Қиялап недәуір өрлеп барып, қырдан астық
та, күнбатысқа қарай қиырлап, қайта
құлдадық. Осы бөктер тауға келіп тірелген
акоптар мен бекініс үйлері көрінді. Солардың
ту сыртынан өтетін жалғыз аяқ жолға түсіп,
бірден тізіле шұбадық.
Айыр етекті сырма қоңыр қалпақтарын
маңдайынан жарылта киген сарғыш қоңыр
мешпет-сымды, Құлжа үлгісіндегі «Мұсабай
бұлғары» етікті екі жауынгер жер үйден шыға
келіп, жолхат сұрады. Бастап әкелген
дембелше қара партизан жауап беріп
тұрғанда, ұлттық армияның киім формасына
бар зейінімді сала қарап қалған мен екінші
жағымнан келген біреуін аңғармай қалыппын.
Тіземнен бір шапалақ сарт ете түсті. Жалт
қарағанымша болған жоқ, ат үстінен жұлып
алды. Құлап түсуден сақтану үшін белбеуіне
қарманған қолыма мықынындағы жан
мылтығы ілінді. Айқара құшақтаушының
офицер екенін сезгеніммен, бетімді
алқымынан босатқанша, кім екенін айыра
алмап едім. Аяғым жерге тиісімен мен де
құшақтай алдым:
– Өмірбек!
Көз жасым ыршып кетті. Бір сәтке үнсіз
қарасып тұрып қалдық. Оның қиықша көзі
қызарып, талпақша мұрны делдиіп кетіпті,
демін жиі алып тұр.
– Жарайды, көзің тіпті оттана түсіпті! –деді
Өмірбек. – Найзағай жарқылдататын болған
екен!
– Гоминдаң қойған өрт!
– Жүзің өзгеріпті сұры бұлттай!
– Көкірегімде ақпан бар!
Қуатпен де солай құшақтасып амандасқан
Өмірбек, кеңірек сөйлесуді кейінге қалдырды:
– Бас штапқа барып түсесіңдер ғой, рұқсат
сұрап, арттарыңнан барамын. Оқыған азамат
тапшы, осы майданда қаласыңдар, бірге
болайық, біздің ротаға келуді талап етіңдер!
«Господин»
капитаным қазір-ақ қуып жетеді
сендерді!
– Капитаның кім? –деп сұрадым мен.
– Бексапа! Былтыр күзде қайтып келіпті!
Кәне, сапарластарың тосып қалды, мініңдер
атқа!
Біз жүре бергенімізде Өмірбек арт жағына
қайрылып, әудем жерде тұрған бір
жауынгерге бұйырды:
– Прапоршик Кәрімді шақырып жібер!
Ұзын бойлы тағы бір жырық қалпақты қара
«жерден шыға» жүгірді Өмірбекке қарап.
Жақындап келіп, ірі үш адым басты да, аяғын
сақ еткізіп қоса чес берді:
– Жолдас паручик, келдім, прапоршик Кәрім!
Артта кетіп бара жатқан Қуат екеуміз әскери
тәртіптеріне қызықсынып, қайрыла
тыңдадық.
– Капитанға дереу жеткіз! – деді Өмірбек
бұйрықты үнмен, – Үрімжіден екі мықты
сабақтасы келді, бас штапқа кетіп барады.

Господин (орысша) – тақсыр, мырза.
Ротамызға тездетіп талап етпесе, айрылып
қалады!
Прапоршик қайта чес бере сақылдады:
– Құп жолдас паручик, капитанға дереу жетіп,
екі сабақтасы Үрімжіден келгенін мәлімдеуге
сіздің сәлеміңізді айтуға!
Өз бұйрығын хабаршы қысқаша қайталап
айтып болғанша қарап тұрған командир
рұқсат еткен бейнемен чес қабылдады.
Артына кілт бұрылып алған соң ғана қол
түсірген прапоршик жүгіре жөнелді.
– Командир бұйрығын ықшамдап қайта айтып
емтихан беру қиын екен, – деп жымиды Қуат,
– өте сергектікті де, шешендікті де талап етеді
ғой!
– Тапсырманы жаңсақ етпей, нақтап
орындауға қолданған амалдары ғой, дұрыс
тәртіп.... тегі Советтен өнеге алып келген
Ысқақбектер үйреткен тәртіп шығар...
Төлеуғазы қатарласа келіп, бүйірімнен тағы
да түртіп қалып оңашалады:
– Биған шырақ, сендерді осы қанды майданға
алып қалатын сияқты, көне көрме, әке-
шешеңді көре алмай өлерсің!... Қалушы
болма!... Аласы-бересілерің де бар ғой!
– Бұл мәселеге араласпаңыз! Бұл бір адамның
өлу-өлмеу мәселесі емес, үш-төрт шәй
қарызын өтеу мәселесі де емес, азаматтық зор
қарыз!
– Айтпақтайын... Олай болғанда, әлгі менің
шәйім жөнінде ағаларыңа хат жазып бере
саларсың!
– Оны өзім барғанда өтеймін. Егер оған дейін
тоса алмаймын десеңіз аудандық үкіметке хат
жазып беремін!
– Ойбай, Биған-ау, Құдай-ау, үкіметің не
айтып келе жатқан, үкіметке қашан қарыз
беріп едім мен? Төрт шәй төлеуден қашып,
жас жаныңды өлімге қиып... Оқыған
азаматсың, басыңа нәсіп емес қой!
– Төрт шәй түгіл, төрт мың шәйдан
қашпаймын! – деп айқайлап жіберіппін.
– Е, онда қырық мың шәйдан ғана қашады
екенсің ғой! – деген таныс та сағынышты үн
естілді артымнан, Қуатпен ат үстінен
құшақтасып келе жатқан Бексапа екен. Жалт
бұрылып, қол алыса түстім де, тартыса кеттім:
– Поручигің абайсызда аттан жұлып алып еді,
«господин» капитанның әуселесін көрейінші!
– Маған әскер болуға жарар ма екенсің, мен
де сынап көрмекпін, -деп ол күшенді. Қып-
қызыл күреңге айналып, шегір көзі тұздай
болған Бексапа үзеңгісіне шірене тартып,
атымды тәлтіректетіп әкетіп барады.
– Капитанның аты мықты екен, олай
болмағанда! – деп Қажиякбар менің атымның
шылбырынан тартты.
– Қалыңдығы өліп жүдетпеген болса, сонда да
көрер еді! – деп Қуат дәл қасымнан күле
күбірлеп қалды. Көкірегімдегі «ақпан»
сірестіргендей бір дүлей қайрат біте қалды
маған, Бексапаның білегінен сол қолымен
қоса ұстап, еңсере жөнелдім. Екі ат бір-біріне
жабыса қалғанда, «господинді» құшақтай
алып, ал сүймеймісің. Оның ерні еркін
жетпей, бетімнен жалай беріпті. Аяулы досқа
болған сағыныш пен аянышты жардың күйігі
бірге ағытылып, көзімнен жас парлады.
«Нұрияш үшін бәрін де істей аламын» демеп
пе едім бір кезде; «майданда қаламын, кегін
аламын» деген серт соның жалғасы
болғандай, бекемделіп көзімді сүрттім.
Бексапа да көзін сүрте салып, амандасты...
– Шіркін бала кездегі достық-ай! –деп атын
тебінген жол бастаушыға ілесе аяңдадық.
– Маған әскер болуға жарайтын сияқтысың, –
деп Бексапа күлімсірей қарады маған, –
қаласыңдар ғой?
– Әрине, қаламыз. Ал, өзің қайдан, қалай
келіп қалдың?!
– Алматыдан қайттым. Мен сияқты қашып
барғандар көп екен. Туған жердегі төңкерістік
соғысты естіген соң қайтуды талап еттік.
Әсіресе, Совет-герман соғысына қатынасқан
ағайлар шыдап тұра алмады; соғыс
техникасына жетілген ғой...
– Өзің соғысып көрдің бе?
– Советке мен қашып өткенде, соғыс
Германияның өз жеріне қашып өткен.
Қатынаса алмадық. Сонда да екі-үш ай әскери
мектепте болдық. Бұл жақты сол мектепте
оқып жатып, талап еттім. Соғысты қайтып
келіп, өзіміздің Жың мен Шихуда көрдім.
Әсіресе Шихудағы төрт сөткелік соғыста көп
адам қырылды. Иттің балалары Шиху маңын
неше қабат құрыш бекініске айналдырып
қойыпты. Сонда да алдымен күншығыс
жағынан кіріп, талқандап өттік.
Жауынгерлеріміз соғыс өнерін жетік
игермеген сыпыра малшы, егіншілер
болғанымен, ашу-кекке әбден бөккен екен.
Оның үстіне құралымыз да жаман емес, танкы
мен аэропланнан басқасы баршылық болды.
Қанды кекпен уыттана құралданған халық
Шиху алынған соң осы Манас бойына бір-ақ
келіп тоқтады. Жеткенше сары аяқтарды
жаппай қырғындады. Шындығында
қолбасшылыққа бағынбай қырды. Нағыз
анархиялық қырғын... Жә, оны және
әңгімелерміз... Сен Әділбек дейтін кісіні
танимысың?
– Қай Әділбек?!
– Тегі Шәуешектік екен, полковник, Советтен
келді....
– Танимын, танимын... бастауыш мектептегі
кезімізде Мәкен «қытайға сатылған әпекең»
деп қорлайтын Дәмеш Әділбек дейтін
жігітпен тұрмыстанып, Әділбек Шың Шысай
түрмесінен қашқанда сонымен бірге кеткен.
Сол Әділбек болғаны ғой... Ол қайда?!
– Қазір көресің, осындағы қолбасшылық
штапта. Шекарадан бізді сол бастап өткен.
Сені кездескен сайын сұрайды менен. Бұрын
капитан еді. Жың соғысынан майор, Шиху
соғысынан полковник болып шықты. Жездең
– қыран!... Ендігі әңгімені кейінге
қалдыралық. Осы жерден бұрыламын!
– Қайда?
– Өзіміздің полк штабына. Бас штаптағы
қорғасынды сақалар біздің сақа бармаса, сені
мендей «господин» Шүкімайға бере
қоймайды. Сақам мықты, соны қайрап
салғалы келдім....
Бексапа күнбатысқа қарай шоқырақтата
жөнелді де, біз сол жалғыз аяқ жолмен Батыс-
терістікке қиырлай бердік. Егіндік шетіндегі
селдір теректі там үйлердің тұсына
келгенімізде алдымыздан айыр қалпақты екі
жауынгер және бөгеді. Жол хатымызды
көрісімен «екі оқушыны» тергей жөнелді
біреуі. Біздің мұғалімдік мектеп бітіргенімізді
естісімен қасындағы жолдасына ым қағып еді,
ол тамға қарай жүгірді. Жол хат тексеруші
сөзге айналдырып тұрғанда қайта шығып,
артындағы терезені нұсқай шақырды бізді:
– Екі оқушы мұнда келсін, полковник
сөйлеспек!
– Екі үстел қарама-қарсы қойылған ауыз
бөлмеден бір ұйғыр, бір қазақ офицер
күлімдей түрегеліп, қол алысты. Менің екі
«господинім» сияқты бұлардың да дәреже
белгісі жоқ, әйтеуір офицер екенін оң
жанбастарынан ғана танығандаймыз.
Полковнигі осылардың бірі шығар деген
түйсіктің әмірі бойынша ізетпен сіресе тұрып,
сәлемдесіп едік. Қырма сақалды ұйғыр
офицер: «мархамат» деп түп үй есігіне алақан
жая нұсқады. Полковникке арнаған бар
итағатымызды қайта жиып ала кіріп едік,
ондай салауатқа тола қоярлықтай бір мықты
тағы да көрінбеді, киіз үстіне жайылған
алашада малдасын құрған, басына қызыл
шашағы бар ақ киіз қалпақ киген көсе қара
қазақ отыр. Желбегей жамылған жағасыз
ұзын қара шекпенінен де соғысқа пәлендей
икемділік көрінбейді. Егер осы отырысы
қазақы үйде көрінсе, құдасына келген қызай
болар еді. Қуаттың жолымен мен де сәлем
бере иіліп келіп, қос қол ұсындым да,
орнынан қозғалмай Қуатқа созған сыңар
қолын мен де алдым.
– Сәлемет қайттыңдар ма, балалар? ... Кел,
кел, отырыңдар! – дегендегі үні мен
шырайының өктемдігінен «құдаласа келген
қызай» емес, соғыса келген қызай екенін
байқап, нұсқаған қатарына малдас құрдық.
Алдындағы төрт бұрышты аласа үстелге екі
шынтағын тірегенде көрінген сары саржы
мешпетінен полковнигіміз осы кісі екенін
танып едік, түрегеп тұрған қазақ адютанты
таныстырғанда «полковник Қазыбек аға»
екенін ұқтық.
Ол аты-жөнімізді, жай-жапсарымызды
полковникше емес, қазақшасынан қазбалап
сұрай келе, өздерінің баталион-роталарында
сауатты қызметкердің кемістігін айтты. Осы
полкта қалуға үгіттей жөнелді бізді. Біз
Бексапаға берген уағдамыз үшін жалтардық:
– Ағай, біз үй ішіміздің амандығын көріп
қайтпай, бұл жерде қалмақшы емеспіз.
– Бас штапқа барып, майданға зәру болсақ та
рұқсат алып, әке-шешемізді көріп
қайтпақпыз. Сонан соң сіздің қолыңызға
келуді-ақ талап етелік!
– Қуларым-ай, е, -деп жымиды полковник, –
«қиын соғыс біткен соң келейік» деген
қиялдарың ғой?... Жоқ, шырақтарым, қанды
соғысқа кіреміз деп, енді қорықпай-ақ
қойыңдар. Жоғарғы қолбасшылық бізді осы
Манас өзенінен өткізе қоймас!
Менің жүрегім зу ете түсті.
– Не үшін?! –деп тіксіне қарадым.
– Гоминдаңмен тыныштық бітім жасаспақ
көрінеді... Біздің еркімізге жіберсе, Шихудан
қуып келген екпінімізбен Манастағы сары
аяқтардың тоз-тозалаңын шығарып,
әлдеқашан Үрімжіні бассалар едік.
Гоминдаңмен соғысуға біздің жауынгерлер
әбден сыр мінез болып алған. Қуалаудың
әдісіне әбден қанық. Және Манастың
қорғаныс-бекінісі Шихудікінен әлдеқайда
төмен. Мұның алынуы арқылы Үрімжінің
жүрегі жарылар еді. Біліп отырғанымызбен
мысымыз солай құрып отыр!
– Сонда, жеңілгені әбден көрініп болған
жауымызды жеңдірмеу үшін бітім жасаспақ
па?!... Үрімжіге кірмей, осы жерде тұрып
бітімге келсек, жаудың тепе-теңдігіне, тіпті
өктемірек тұруына көнгендігіміз болмай ма?
– Бауырым, сендердің түтіндеріңді бүкілдей
теріс көріп, қорқатындыққа балап отырған
сияқтымын-ау!... Біздің жауынгерлер де осы
пиғылда. Әр күні жорық талабын көтеріп,
мазамызды алып жатыр. Қайтсын, іштеріне
симайды, «жау алқымынан қыспай, ақиқатқа
келмейді» деседі, бітім-сітіміне қарамақ емес!
– Сіздердің бұл жатуларыңыз жау жеріндегі
төңкерістік ұйымдарымыздың талқандалуына
соғып отыр. Біз қанымызға әбден қарайып
келіп отырмыз! –деп қалғанымызда көзімнен
жас ыршып, тісім шақырлап кетті. – Барлық
көргенімізді майдан штабына мәлімдегенше
асығып келеміз. Бұл күйдегі бітім-бітім емес,
жеңіліс! Бұған көну – жаудың ішкі
жағындағы рухани күйреуді көріп отырған
сіздер үшін зор қылмыс! Майдан
қолбасшылығына дәл осыны дәлелдемекпіз.
Шабуылға шықпайтын болса, мұндай бекерші
армияға кіріп неміз бар біздің, соғысатын
болса ғана қайтып келеміз. Соғыста қандай
қиын орынға қойса да біз дайын!
– Дұрыс, бауырым, дұп-дұрыс! Бас
қолбасшылық штапқа да осы пікірлеріңді
толық баяндап, жазба мәлімет беріңдерші,
неғұрлым айқын дәлелденсе, соғұрлым
жақсы! Біз де айтып жатырмыз, әлі айтамыз!
Егер қалатын болсаңдар, екеуіңмен толық
шығыса алатын сияқтымын, осылай болу
керек! –деп полковник адютантына қарады. –
Бұл екі азаматтан көз жазып қалмағайсың!
Майдан штабында қандай жөнге келерін
сұрастырып, маған алдын ала мәлімдеп тұр!
– Құп, жолдас полковник, алдын ала
сұрастырып, сізге мәлімдеп тұруға! –деп
адютант сақ ете түсті. «Уақытша» қош айтып,
біз шықтық та, малдасын құрған күйі «құда
қызай» қалды....
Қара ағашты, теректі Шихаңзы қоржасының
күншығыс жағынан алдымен түксиіп төрт
құлақ, үш мүйізді биік будда бұтханасы
көрінуші еді, іргесімен қопарылып, күйреп
түсіпті. Күн еңкейіп бара жатқанда соның
қасынан өтіп, помещик жаңгүдейдің қақпасы
алдына тоқтап едік, алдымен кеткен жол
бастаушы партизанымыздан хабар тапқан
сияқты, босағадағы үйден айыр қалпақты
жауынгердің бірі шығып, «екі оқушы осында,
әкімнің үйіне» қонатынын айтты.
– Аттары сіздердің аттың қасында болады,
жетектей жүріңіздер! –деп өзі қойшылардың
алдына түсті де, бізге кіретін үйді нұсқай
кетті. – Анау төрдегі... төрдегі есікке
кіріңіздер!...
Кең сәкінің қазандық жағында сыңар
малдаспен отырған кимешек-шылауышты ақ
бәйбіше біздің сәлемімізге ернін ғана
жыбырлатты да, төрді нұсқады. Сәкідегі мол
қара текеметтің шетіне іліне отырдық. Төр
төбесіне жайылған шағын кілем мен төрт
қабат көрпеге, ірге жағында жатқан күмісті
кісеге қарағанда, сол кіседен үріккендейміз,
кісісіз төрде кісе жата ма?
Аяқты сәкіден салбыратып, ыршып тұруға
әскердей дайын отырғанымызда, жаздық
жеңіл қара шапан жамылған, қызыл жібек
тісті қара елтірі тымақ киген кісі нараулай
келіп кірді. Біз де нараулау түрегеліп, сәлем
бердік. Сәлемді іркілмей қабылдаса да,
қолындағы жез құманды босағаға асықпай
қойып, бәйбіше жаққа мамырлады. Ауыр
бәйбіше жеңілірек түрегеліп, кісінің төрге
шығуына жол берді де, адалбақанда ілулі
тұрған кестелі жайнамазын алып ұстатты.
Оны кісінің өзі асықпай, тәптіштеп қана
жайып, такбір
түсіргенде, үнін екінші рет
естідік. Бет ұшы қып-қызыл, елулер
шамасындағы жас шырайлы кісі екен. Шағын
ғана қара сақал-мұрты ақ жүзіне құп
жарасыпты. Атақты Қалибек осы кісі екенін
айырсақ та, мінезін айыра алмай кенерлеп
отырмыз. «Салмақты ма, сасық паң ба»
дегендейміз.
Үшінші лебізі жайнамазын жиып, көрпесіне
жайланып отырған соң ғана шықты, сағыз-
салқын ғана естілді:
– Балалар, берірек, төрлете отырыңдар! Қане
қайдан, қалай келіп қалдыңдар?
Тәкаппарлығы байқалып тұратын мұндай
сібер кісіге менің де сіберлігім ұстай қалып,
жауапты Қуат қайырды. Ұзағынан сөйлеп
түсіндірді. Төмен қараған күйі үнсіз тыңдаған
әкім үнсіз түрегелді де, жайнамазын енді
ақшам намазына жайды, жайнамаз
жайылысымен біз тағы да үріккендей сәкіге

Такбір – намаздың парыз бөлімін бастардағы қысқаша азан.
кенерелей қалдық. («Қарап отырған» Құдай
мен оған құлдық ұрып, бас қойған пендесі
арасына көлеңке түсіруден үлкен қылмыс бар
ма?)
Сыр мінез бәйбішесі де сөзімізді әкімнің
өзінше үнсіз тыңдап, жайнамаз жайылғанда
орнынан тұрды да, шам жақты. Ошаққа от
тұтатып, пылитасына шәугім қойғанда да
сыбдырын естімедік. Құлази бастаған
сияқтымыз.
«Осы ерлі-зайыптылар бір-біріне қарап күліп
көрді ме екен?! –деген таңданыс бітті маған. –
Әй, ыммен ғана байланысар-ау... әкімнің өзі
маңдайынан нұқып қалмаса ашу көрсетпес те,
қолтығынан қытықтамаса жымимас. Тым
діндар кісі екен, намаз оқысының
баптылығын қарашы, оқ жауса да елең ете
қоймас, батырлық аты осы қасиетінен-ақ
шыққан-ау!... Төңкерістік үкіметке «Шығыс
Түркістан» атын қойып, дін ұранын көтерген
ордалы мықтылардың бірі осы кісі болар-ақ...
Иә, төңкеріске мұнысының пайдасы да тимей
қалған жоқ!»
Бұл кісінің сөз құлпын ашу үшін «төңкеріске
тигізген зияны» жағынан түртпектеп көргім
келді. Бойына тоғытпай отырған жайы болса,
оны шешу үшін де сол еп сияқты. Орнына
қайта отырған соң тағы да үнсіз қалып еді.
Қуаттың әлгі жауабын толықтау ретінде
сөйледім. Үрімжіде астыртын төңкерістік
ұйымның құрылуы мен оның кеңеюі жайында
қысқаша баяндап келіп, «сыртқы жағымыздан
көмек күш келмей қалғандықтан»
жанышталғанын айтып, бір кідіріп едім.
– Қалай, әшкереленіп қалды ма? –деп сұрады.
– Иә, сіздің басшылығыңыздағы партизандар
4-ші айдың 17-ші күні кеште жетіп, Үрімжіні
қоршамақ болған екен. Дәл сол күні іштен
көтерілуге сай болу үшін ұйымдасу қызметін
өте жеделдетіп, жалпыластырып жіберіппіз.
Сіздер бармай қалған соң, төрт-бес күннен
кейін-ақ шпиондар жағынан әшкереленіп,
қолға алына бастадық. Кенже, Репқат дейтін
әскери басшыларымыз қашып келе жатып
ұсталып, кескіленіп өлтірілді де, қалғанымыз
жаппай түрмелендік. «Темір қасқырға» жем
болдық. Талай боздақ ерлердің қол-аяғы
шағылды, темір қармақтан құлақ, еріндері
жырылып, иектерінен асылды... Содан екінші
рет қашқан осы екеуміз ғана алдыңызға аман
жетіп отырмыз... Гоминдаң халықты алдау
үшін уақытша қоя берген қылмыстыларын
қайта жиып жатқанда қаштық.
– Ой байқұс балалар-ай, е! –деп қалған әкім,
арт жағына қайрыла қарады да, бәйбішесі төр
үйге ұмтылып барып, екі жастық әкеліп
тастасымен қисая кетті. Аз үнсіздіктен соң,
«ақталайын ба, ақталмай-ақ қояйын ба»
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tom

More Related Content

What's hot

055ауауауауаууууууууууууу
055ауауауауаууууууууууууу055ауауауауаууууууууууууу
055ауауауауауууууууууууууnurlan93kz
 
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”sanvia
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер классAsem Sarsembayeva
 
ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2sanvia
 
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуотаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуAsem Sarsembayeva
 
улендермим с
улендермим сулендермим с
улендермим сnurbolat84
 
Мое творчество
Мое творчествоМое творчество
Мое творчествоnurbolat84
 
жетім м. әуезов
жетім м. әуезовжетім м. әуезов
жетім м. әуезовarmanbeisenov
 
Makataev
MakataevMakataev
MakataevDNT_
 
а.кунанбаев
а.кунанбаева.кунанбаев
а.кунанбаевdimissanova
 
Ertegi kus tumsikti_patsha
Ertegi kus tumsikti_patshaErtegi kus tumsikti_patsha
Ertegi kus tumsikti_patshaErnur Esenjolov
 
Ульсан жазбалары
Ульсан жазбаларыУльсан жазбалары
Ульсан жазбаларыSan Askaruly
 

What's hot (20)

Ertegi ottik
Ertegi ottikErtegi ottik
Ertegi ottik
 
055ауауауауаууууууууууууу
055ауауауауаууууууууууууу055ауауауауаууууууууууууу
055ауауауауаууууууууууууу
 
7778
77787778
7778
 
махамбет өтемісұлы өлеңінің оқылуы
махамбет өтемісұлы өлеңінің оқылуымахамбет өтемісұлы өлеңінің оқылуы
махамбет өтемісұлы өлеңінің оқылуы
 
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
 
ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2
 
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуотаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
 
дюсекина
дюсекинадюсекина
дюсекина
 
улендермим с
улендермим сулендермим с
улендермим с
 
Мое творчество
Мое творчествоМое творчество
Мое творчество
 
ж.к.рахимбекова на конкурс
ж.к.рахимбекова на конкурсж.к.рахимбекова на конкурс
ж.к.рахимбекова на конкурс
 
фффв
фффвфффв
фффв
 
жетім м. әуезов
жетім м. әуезовжетім м. әуезов
жетім м. әуезов
 
tr
trtr
tr
 
Makataev
MakataevMakataev
Makataev
 
Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны
Мұқағали ХХІ ғасыр ақыныМұқағали ХХІ ғасыр ақыны
Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны
 
а.кунанбаев
а.кунанбаева.кунанбаев
а.кунанбаев
 
Ertegi kus tumsikti_patsha
Ertegi kus tumsikti_patshaErtegi kus tumsikti_patsha
Ertegi kus tumsikti_patsha
 
Ульсан жазбалары
Ульсан жазбаларыУльсан жазбалары
Ульсан жазбалары
 

More from Дулат Кабыл (13)

Elim aylap otken-omir
Elim aylap otken-omirElim aylap otken-omir
Elim aylap otken-omir
 
Namaz kitabikz
Namaz kitabikzNamaz kitabikz
Namaz kitabikz
 
Dalel_dayekterimen_namaz_oqu_ulgisi
Dalel_dayekterimen_namaz_oqu_ulgisiDalel_dayekterimen_namaz_oqu_ulgisi
Dalel_dayekterimen_namaz_oqu_ulgisi
 
Kilmis_6_tom
Kilmis_6_tomKilmis_6_tom
Kilmis_6_tom
 
Kilmis_4_tom
Kilmis_4_tomKilmis_4_tom
Kilmis_4_tom
 
Kilmis 1 tom
Kilmis 1 tomKilmis 1 tom
Kilmis 1 tom
 
Tusinikter(abay joli)
Tusinikter(abay joli)Tusinikter(abay joli)
Tusinikter(abay joli)
 
Abai_joli 4
Abai_joli 4Abai_joli 4
Abai_joli 4
 
Abai_joli_3
Abai_joli_3Abai_joli_3
Abai_joli_3
 
Abai 2
Abai 2Abai 2
Abai 2
 
Abai_joli_1
Abai_joli_1Abai_joli_1
Abai_joli_1
 
Kuran karim (toteshe)
Kuran karim (toteshe)Kuran karim (toteshe)
Kuran karim (toteshe)
 
Kazakhtin bala tarbyesi
Kazakhtin bala tarbyesiKazakhtin bala tarbyesi
Kazakhtin bala tarbyesi
 

Kilmis_3_tom

  • 1. ҚАЖЫҒҰМАР ШАБДАНҰЛЫ ҚЫЛМЫС Үшінші кітап Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы "Атажұрт" баспа орталығы Алматы – 2009
  • 2. МАЗМҰНЫ Бірінші бөлім АЛАСАПЫРАНДА………. Екінші бөлім. ТАРТЫСТА…………………………. Үшінші бөлім. ШАЙҚАСТА……………………………. Төртінші бөлім. ЖЕҢІС ҚҰШАҒЫНДАҒЫ ЖЕҢІЛІС………
  • 3. БІРІНШІ БӨЛІМ АЛАСАПЫРАНДА І Құдіретті тергеушім, өтірік қоссам тас төбемнен ұрыңыз! Қылт етпе бір тұмсықтан шыға келіп едік, шағын ғана тоғай арасында бірнеше шөп күрке тұр екен. Семіз қойдың етін боршалап тұздап, қара ағаш бұтақтарына асып жүрген сары шал бізге бажырая қарап тұрып қалды. Кеуделерінде Жяң Кайшының басы бар, келте киімді екі жігітті көргенде «Мыңгүй» дәл үстінен түскендей көрінді білем, қазақшасынан қаудырлата сәлем бергенімізде мырс ете түсті. – Әликісалам!... Әликісалам! –деп екеуміздің сәлемімізді дербес-дербес қағып алды. – Е… е… әлгі балалар екенсіңдер ғой!.... Ой Қажы, Қажы!... Қажиякбар! –деп арт жағына қайрыла айқайлады сонан соң. – Іздегендеріңнің өзі келді-ау деймін! Таныс атты шақырған жаққа үңіле түскенімде, ұзын бойлы жуан қара жігіт ағаш бұтақтарынан бұға жүгіріп келеді екен. Қолындағы қара елтірі малақайын басына теріс қондыра сала құшақтай алды мені… Бұл
  • 4. Биғазының бақал саудагерліктегі кәсіптес досы еді. Әке-шеше, аға-бауырларымның амандығын, өзіне мені ерте қайтуды көп тапсырғанын айтып, қаладан аман шыққаныма қатты қуанды. – Қуат дейтін жігіт сіз бе?... Сіздің де іздеушіңіз осында! Жаңгүдейіне өткізетін малының соңғы тобын айдап кетті. Бүгін құтылып қайтады. – Біз Жаңгүдейлерді тонай алмай жүрсек, ұзын етектерін алтынға толтырып жатқандарыңыз қалай?! –деп жымиды Қуат. Бұл сөзге Қажиякбар мойындағандай қарқылдап күлді де, жауабын сары шал қайтарды: – Ей, шырағым-ай, күн үшін болды ғой бәрі де; біз жүрерде Жаңгүдейлерің шақылдап тұр еді. «Үрімжіге сататын мал» деп, ақымызды көп беретін болған соң, үйренген қара бақырымызды қанжығаға байлап, айдай жөнеліппіз; иелерінің өздері қашатын мал екенін айдағарша ысқырып тұрғанында қайдан білейік. Үрімжіге әлде қашан қашып келіп апты. – Біз қойды жетінші айдың бас кезінде айдағанбыз, –деп Қажиякбар толықтады бұл сөзді, – тау-тауда дүрлігіс барын білгенімізбен, қаланы қаптап алған зеңбіректі жауға не қылар деп жүре беріппіз. Іледен
  • 5. шыққан партизандар Барлық тауынан асып түсіп, бассалыпты. Жайырдың аржағы сары аяқ пәледен сол айдың соңында құтылғанын Санжы тұсына жеткенімізде бір-ақ естідік! – Сөйтіп, қашқан жаудың бөктеріншегі болып келгенімізді енді түсіндік, шырақтарым, -деп жымиды шал, – амал қанша, Жайыр бөктерінде біраз шыдап жата тұрсақ, осы он екі қора қой өзіміздікі емес пе еді! – Қажиякбар малақайын алып, басын қаси сөйледі: – Тауға алып шығатын саудалық мәліш таба алмай сандалып жүргенімде, «Үрімжіге бір саудагердің малын айдаймысың, ақысы көп?» дей қалғаны бір қудың. Сөйтсем, сауданың емес, қашатын байлардың малы екен. – Ол қай қу? –деп сұрай қалдым мен. – Сәрсен дейтін мұғалім. – Ол – қазір мұғалім емес, гоминдаңның Дөрбілжіндегі қанды қол жендеті. – Осы бәрімізді мал айдауға төндіріп жіберген сол қу болды!... Біз жиырма бес қойшымыз. Аман-есен қайта өтіп алуға жарымы келе сала қашып еді, Санжыда ұсталып қамалыпты. Жаңгүдейлерінің куәлік қағазымен бір айда әрең босатылып, Үрімжіге қайтып келді. Содан бері қойларын қайта бағып, мал  Мәліш – айна, тарақ, ине, жіп, сабын, түйреуіш сияқты ұсақ сауда бұйымдары.
  • 6. базарына аз-аздан кіргізіп беріп жатырмыз. Бүгін бітеді. Сендерді таптық. Өзара келісіміміз бойынша бүрсікүні жүрмекпіз. Енді таумен кетеміз. Кәне, біздің қосқа жүріңдер! –деп Қажиякбар ерте жөнелді бізді. Күркелер қоржын-қоржын шәй мен жол азыққа боршалап кептірген қап-қап ет екен. Үрімжінің сасқалақ базарының арзандап кеткен тас шәйі мен күрек шәйіна бар ақшаларын жұмсапты да, сасқанда санаусыз айдатқан Жаңгүдей қойын боршалауға бар күштерін жұмсапты. Күркелерінде отырар орын болмаған соң, есік алдына жайластық. – Тарбағатайда шәй жоқ. Бұл жерде бір тақтасы мың доллар ғана екен, біз жақта он бес мың долларға да табылуы қиын! –деп күрсінді Қажиякбар. Соңынан Қуат күрсінді: – Бәрінен жанның табылуы қиын ғой!... Мұншалық жүкпен қашсаңыздар жандарыңыз қалай құтылар екен? – Жүкке қам етпе бауыр, қаза жетсе, жүк түгіл, киімді тастай қашсақ та бәрі бір!... Ал, екеуіңе екі аттық ақшаны ғана іркіп тұрмыз. – Бізде етік те жоқ. Атқа етіксіз міну қиын ғой, – деп жымиды Қуат, – сый қылсаңыздар сыпыра болсын, жақсылықтарыңызды барған соң өтерміз. – Сен екеуіңе ақша беруге ғой осы қойшылардың бәрі де құлшынады. Бірақ, бәрі
  • 7. де барған соң ақша емес, осы бағада шәй алу ниетінде. Өйткені бұл жерде ақшасын сендер алмасаңдар шәй алып қайтпақ. – Мейлі, аман жетсек болғаны, – деді Қуат. Орташа ат қазіргі базарда он екі-он үш мың доллар, тәуірлеу етік төрт мың доллар екенін білетінбіз. Сонда ең кемінде он бес-он алты шайға қарыздар болады екенбіз. Мен мұның ауыр-жеңілін ойлағанды қойып, өз салмағымды көтере алмағандай, үнсіз қисайып жатыр едім. Қажиякбар Қуаттың разылығын естіген соң, маған жалтақтап қарай берді: – Биған, тым жүдеусің ғой өзің, не болған, ауырғанбысың? – Жоқ, ешқандай ауруым жоқ. – Кейін естірсіз, біздің басымызға түскен азапты бірде-бір адам баласы көрмесін! –деп күрсінді Қуат. – Биғаныңыздың көргені тіпті қиын. Бірақ, шыдамдылығында шек жоқ жігіт болды. Өстіп тұрып-ақ сіздей алып көтере алмайтын жүкті талай көтерер! Қуаттың бұл сөзі жеңіп бара жатқан дерттен мені демеп жіберу үшін айтылғанын түсініп, басымды көтеріп алдым. – Өз үйінің сетері еді бұл, әке-шешесі кірпігіне шаң жұқтырғысы келмейтін! – дегенде қалың ерні мен жуан мұрны жыбыр- жыбыр ете түскен дәу жігіт орнынан тұрып
  • 8. кетті. – Жаудың жауыз қолында ер жігіт не көрмейді? Қажиякбар жер ошақта қайнап тұрған қара кателді көтеріп әкелді де, майға бөккен қара қошқыл орамалды алдымызға жайды. Сорпасы кілкіген жас ет екен. Ол етті бізге түсіріп бере сала қаладан қайтқан қойшылардың күркелерін аралай жөнелді де, Қуатқа құтқарушы болатын мұртты күреңді ерте жетті. Бізге етік алатын ақшаны да тауып қайтыпты. – Саған етіктік ақшаны Төлеуғазы берді, таныс екенсіңдер, -деп күбірледі Қажиякбар маған, - тым пайда көс жігіт еді, өзі тықпалай берген соң ала салдым. «Барған соң шәйыма шәй төлесе болғаны» деп артынан жып еткізді. Бұл – бәрінің ойындағы сөз. Барған соң жағдайға қарап көрмейміз бе, әйтеуір аман жетсек болғаны! – Атты да етікті де таңертең өзіңіз барып алып шығарсыз, – дедім мен, – қазақ-қырғыз ұйымы жақта бір жұмысым қалыпты, мен соған барып келейін. – Жоқ, болмайды Биған, қалада не жұмысың болса да маған тапсыр, енді сені жібермеймін! – деп бір-ақ кесті Қажиякбар. - Әке-шешең сені маған қалай жылап тапсырғанын білмейсің ғой! Қуат та құптай жөнелді:
  • 9. – Биғаш шырақ, қалаға енді кірудің сөзін қоялық екеуміз, біздің достарды қайта ұстап жатқанын білесің ғой? Мойнымды ішіме тығып, тығылып отырып қалдым. «Тым болмаса Күләшқа қош айта алмай кеттім-ау!...» – Қалам-қағаз іздеп қалтамды тінте бердім. Хат жазбағымды сезген Қуат, «міне» деп қойын дәптері мен қаламын ұстата қойды. Бір оңаша қара ағаштың түбіне барып отырдым да, ірі әріппен «Күләш!» деп жаздым. Бар зейініммен қастерленіп, көркем жазылған сол есімге ернімді басып, сәл отырып қалған екенмін. Селт етіп қарасам, жазу дымдалып, сиясы жайылыңқырап қалыпты. Мұнымды да құп көрдім. «Тағы бір ұшып көрудің» сәті келгенін, «жете алсам», өзінің Ақылбайға арнаған сағынышты жүрек сәлемін толық жеткізетінімді жазып едім. Соңы жырға айналып, лықсыған қасірет тасқыны тағы да қағып әкете жаздады: Қос гүлдей еді аттарың, Қосылып бірге жатталдың. Жан сәулем үшін атыңнан – Сүйдім де, қош тұр, аттандым! –деген шумақтан кейін жүрегім жұлынып қалып, сүлдерім кетіп бара жатқан ашты да ауыр зар ағытылатын болған соң тоқтата қойдым;
  • 10. шыдамымы жетер емес. Хатты бүктеп, Қажиякбарға тапсырдым.... Ертеңіне жылмаң қаққан көк ат та, жылтыраған қара етік те келді. Күләннің «жол болсын» айтып, ыстық ықыласпен тілеулестік білдірген қысқаша хатын тапсырып алдым. Аса аяулысын ұзатқандай, аман көрісуімді, өзімді сақтауымды тәптештеп тапсырыпты. Жырынды ағаларымыз ер-тоқымды да құрастырып жіберді. «Алдымен осы тұстан Түстік тауға жетіп алайық» десіп, түн қата жөнелдік. Жусанды жазық далада бұлаң құйрық жүріспен андыздап, бөліне-бөліне тартып келеміз. Алакеуім ай сәулесі бар салқын түннің аңқыған, тұнық ауасы мен жылпың көктің жүрісі сергіте алмай, тіпті тымырсық түнектей басып, тынысымды тарылта түскендей бейжай едім. Қажиякбардың мені топтан оңашалап, жеке алып шыққанын да сезбеппін. – Биған, әлгі хат жазысқан қызың кім, жүнін айтшы? –деп сұрады. – Ол – менің бір ұстазымның қалыңдығы. – Олай емес шығар?! –дегенде Қажиякбардың күлімсірегені байқалды. – Рас солай! – Әй, сенбеймін!.... Ол сенің хатыңды оқи сала, көз жасын ыршытып жіберді.
  • 11. Асыққаныма қарамай, үйіне ертіп апарып, шәй жасап құя сала, хат жазып отырып жылады. Сені маған тапсыруы әке-шешеңнің жылауынан да қиын түсті; жылай жалынып тапсырды... Жай достықтың ең қимасы да олай болмас! - Сүйген жігітін Манастан өткен соң көрерсіз, аса жақсы... жақында ғана кеткен... ол қыз – менің әке-шешемдей ең аяулы қамқорым! – деп қалғанымда, менің де көз жасым ыршып кетті. Төмен қарап алып, үнсіз егіле бердім. - Әне! –деді жастық сезім камалатынан асып бара жатқан кексе жігіт. Әй, бір терең сыр бар-ау!... Қыз десе, қыз-ақ екен өзі, қандай жүйрік сезім! Бауырым, мен кедейліктен әлі үйлене алмай жүргеніммен қыз жүрегіне жетікпін. Мұндай қыздың сүйгені қанша жақсы болғанымен, ішінен онан да артық сүйгені болады. Сонда да ақылға жеңдіріп тоқтайды. Бәрінен абзалы – ақылға жеңдіру ғой. Кімде-кім ақылға жеңдіре алмаса, оқысқа ұшырайды; харап болады! – осылай есе сөйлеп келе жатқан Қажиякбар көз қиығымен маған қарай түсті де, «Еңлік-Кебек» дастанын бастай жөнелді, көп қиса жаттаған, қайсысын болса да кемеліне келтіре, әнімен жетілдіре айтатын қабілетімен бастады. Арт жағымыздағы Қуаттар да қуып жетіп, тыңдай ілесті....
  • 12. Тау алқымына таң ата іліндік. Бір қырқадан асысымызбен-ақ күн шығып, жарқырай қалған соң, «бұл беттегі ел көзіне шалынбайық» деген сөздер көбейе түсті. (Құтыби тауының қазақтары мен осы маңдағы қазақтар арасында жаңжал болып, жазға салы бір адам өлгенін біздің қойшылар да естіген екен. Гоминдаң үкіметінің осы елдегі сенімді бір баужаңына «құйыршықтан қорғануды» тапсырып, алпыс мылтық бергені айтылып жүретін.) Кеш батқанша далдалану қамымен жылғалай жортып, шилеуітті жарға түстік. Жылып аққан кішкене ғана бұлақ бар екен. – Аттарды жардан шығармаңдар! –деп тапсырды жол бастаушы сары шал, - от жақсаңдар бықсымайтын қу отын жағыңдар, түтін шықпасын! Қоржын-қолаң, қап-мөшек, бөктеріншектерді түсіріп, аттарды жайластырып, дамылдауға ертоқымды енді ғана жастанғанымызда, мылтық ұстаған екі дәу жар үстінен төне қалды. – Кімсіңдер?! –дегенде бірнеше жолдасымыз ыршып-ыршып тұрды. Мұндай тергеушімен сынасар кезеңге сары сақалды көсеміміз де тәжірибесіз екен; қаудырақтап-қалтырап түрегелгеннің бірі өзі. – Ассалаумағалейкум! –деп кеудесіне екі қолын қоя иілді. – Тарбағатайдан мал айдап
  • 13. келген қойшылар едік, қайтайық десек, жол.... жол құрғыр бекіп қалыпты.... Сіздердің елге паналай тұруға келдік! «Арты қуыс қашқын екенімізді білдіріп қойды-ау мына қауқалақ» деп күбірлеген Қажиякбар, басын енді көтере бергенде мылтықтының тағы бірі зіркілдеп жіберді. Сетік мұрын жуан сары екен: – Е, паналай тұруға келсеңдер, ауылға бармай, ұрыша жарға тығылып жатқандарың не?! Мініңдер аттарыңа, паизысорға тапсырып береміз!... Малдасымды құрып, «күлімсірей» қалған мен де зекіре сөйледім түрегеп тұрғандарға: – Ал, барыңдар енді сақшыға, аттарыңды соның қорасына «оттатыңдар!...» таныс ауылдарымызды тауып бір-ақ түсейік десек, аттарыңның өндіршегі үзіліп кететіндей болдыңдар ғой! – Таныс ауылдарың кім еді? –деп «сетік тұмсық сары атан» маған үңілді. – Осындағы оқыған азаматтардың бәрі біздің досымыз. Солардың ауыл-үйлеріне уақытша бөліп-бөліп орналастыра тұурға біз бастап келеміз. Бұларға қазақ-қырғыз ұйымы иелік ететід. Сақшыға қайтпайды; үлкен орыннан алған қағаздары бар! – деп түрегеліп, кеудемді кере түстім; омыраудағы Жяң  Пайзысо (пайчусо) – сақшы бөлімшесі.
  • 14. жиешінің басын анықтап көрсету үшін әдейі керілдім. Қуат та түрегеліп, қолын артына ұстай мығымдана сөйледі: – Бұлар Тарбағатайдан үкіметіміздің қойын айдап келген. Қатын-балаларынан айрылып істеген сол еңбегі үшін арылы-берілі қуаланып жүрмек пе? Осында паналатуға тапсырылған! Түрегеп тұрған қойшылардың ажарына қарай түскен сетік сары қоржын-қаптарға үңілді: – Мыналарың немене? – Азықтық ет пен шәй еді, қарақтарым! –деді сары шал. – Қоржындағыларыңның бәрі шәй көрінеді, соны сату сылтауымен осы тауды сағалап жүріп, шарқыйларға өтіп алмақсыңдар ғой!.... Аттарыңды ерттеңдер де жүріңдер алдыға түсіп! –деген сетік сары серігін ымдап, жар ернеуінен арырақ ертіп апарып жүреледі. Біздің сөзімізді тыңдар емес. «Қанымыз бір қазақ едік қой, шырақтарым-ау», «бір мұсылман, Мұхаммедтің үмбетіміз ғой, рақым қылсаңдаршы» -десіп қойшылар шулады. Ең көп еңіреп, зарлап тұрғаны, маған етіктік ақша қарыз берген Төлеуғазы мен көсем шал. – Жалбарынбаңыздар, – дедім қастарына барып, – анау екі қу алыстап барып, нені ақылдасып отырғанын сезбейсіздер ме? Бұдан
  • 15. да қаттырақ қорқытып, бар шәйларыңды сыпырып алып қоя бермек. Сіздердің Үрімжіге кіріп-шығып тұруға рұқсат етілген қағаздарыңыз бар емес пе,, бұлардың өздерінде мұндай да қағаз жоқ, соны ұстап отыра беріңіздерші, біз сөйлеселік! Қуат пен Қажиякбар да әрқайсысына күбірлеп жүріп, жүректерін сәл орнықтырған екен. Жым-жырт отырыса қалды. – Қанша шәй алса да қоя беретін етсеңдер болғаны ғой! – деседі. Екі мылтықты орындарынан ширыға түрегелді. Аттарын жетектеп, жар басына қайта келе ақырысты: – Дайындалдыңдар ма, мініңдер аттарыңа! – Үй, әлі қозғалмай отырғандарың не! – деп мылтығын кезене қалды бірі. – Оқ жегілерің келіп отыр ма!? – Сіздер мына қағазды көріңіздер алдымен, – деп Қажиякбар ханзуша жазылған таңбалы қағазды биік көтере түрегелді, – мылтық тұрмақ сары аяқтардың пулиметының алдынан да осы қағазбен өте береміз. Сіздер, қазақ азаматы, солар құрлы болмайсыздар ма? – Қағаз-пағаздарың керек емес, үкіметтің бізге мылтық бергендегі тапсырмасын орындаймыз! –деді сетік сары, – бұл өңірге шет адам келсе, ешқандай куәлігінің керегі жоқ, айдап апарып, сақшыға тапсыруды
  • 16. бұйырған. Жүрмегенін атуды да тапсырды. Жандарыңның барында жүріңдер! – Сіздерге үкімет қағазы да, үкімет бұйрығы да керексіз демеген шығар? – деп мен кекетінді шыраймен жымидым. Сетік сары сөз тосқансып, үндемей қалды. – Олай емес! – деп мығымдана сабақтадым сөзімді. – Баужаңыңызға алпыс мылтық не үшін берілгенін бізге анықтап ұқтырып шығарған. Құйыршықтан, бұлаңшыдан елді қорғайды деп берген. Сондықтан, бұл панасыздар сіздердің саяларыңызға паналайды. Ондай сенімі болмаса, қашқын болса, мұндай мылтықты ауылда несі бар. Күнбатысқа қарай ойысып барып түсе салмай ма? – Сен қайдан?... Қайда істейсің? –деп сұрады сетік сары. – Мен Үрімжілікпін, қазақ-қырғыз ұйымындамын. Баужаңдарыңыздың ауылы қайда, нұсқап жіберіңіз. Мен барып келейін. Сіз мына «жемдеріңізге» қарай тұрыңыз! – Оның ауылы алыс, таба алмайсың. – Ендеше, ең жақын ауылды нұсқаңызшы, Оралқан мұғалімнің мектебі осы маңда шығар, баужаңға соны жіберейін! – Жоқ, ол.... Қаратауға кеткен. – Басқа мұғалімдер бар шығар, қайсысы болса да бір күндік ат терін менен аямайды!
  • 17. – Жоқ, сендерді күтіп тұра алмаймыз, қазір қайтыңдар арттарыңа! – Ей, тез мініңдер аттарыңа! – деп ұзын бойлы қарасы ақыра көтерді мылтығын. – Жоқ, айдала алмаймыз, айдалатын малың біз емес! – деп мен де түйіле түстім де, атыма беттеп жүре сөйледім жолдастарға. – Мен бұлардың бастықтарын да, басы барларын да қазір тауып келемін, қозғалмай отырыңдар, атқанын көріп алайын! – Тоқта! –деп ақырды сетік сары мылтығын ыңғайлап, маған кезенді. – Мылтығыңыздың көтіне қараңыз, неше оқ бар екен! –деп Қуат күле аяңдады менің соңымнан. – Осы таудағы бар қазаққа жете ме?! Жолхатты да көрмей, ауылдарыңды да көрсетпей тұрғандағы мақсатыңды түсінеміз, қоқаңдамаңыз, шырағым!... Қуат екеуміз бір түкпірден атымызды жетектеп шықсақ, мылтықтылар сары шалды жеке шығарып, сөйлесіп тұр екен. Сары шал Қажиякбарды қол бұлғап шақырды; төртеу болып күбірлесті. Біз аттарды ерттеп жіберіп, олардың келісімін елемейтін бейнемен қасақана аттана жөнелдік. Артымыздан сары шал, онан соң Қажиякбар қосыла айқайлап, қол бұлғады. – Болды, – деді Қуат күліп жіберіп, – арзандап-ақ тоқтасқан шығар!
  • 18. – Жеке екеуі ғана жемек болғанын баужаң ауылын алыстатуынан-ақ білгенмін, – деп мен де жымидым, – бұлар біздің ел алдында әшкере айдалуымыздан қорқады. Ал қойшылардың мына қағаздары тұрғанда бұл ауылда ұсталудан қорқуы – қоян жүректік. – Сен Оралқанның осы ауылда екенін қайдан білдің?! – Кетерінде айтып еді ғой мылтық алған баужаң ауылына тағайындалғанын. Мыналардың мылтық шошаңдатуынан сол ауылдық екені есіме түсе қалды. Жар ішімен екеуміз құлдап қайтып келе жатқанда, екі мылтықты жар үстімен желе жөнелді. Менің атымның айылын ағытып тұрып қуана сөйледі Қажиякбар: - Жеңіс сендердікі!... Біз кісі басы бір-бір шәй ғана беретін болдық та, ол екеуі осы кеште ешкімге көрсетпей, Құтыби өзеніне жеткізіп салатын болды. Бір түнге оншалық шәй беруге неге көндіңдер? – Бә...ле, бауырым, олар сендердің де бізбен бірге қашып бара жатқандықтарыңды сезеді екен. Соны күле айтып, іштесе сөйлесуге орай тауыпты. «Мұндағы көп азаматпен таныс екен» деп сен екеуіңнен қорықты. Баужаңына барсаңдар, параны ол қорқаудың өзі ғана алып, бұларға оншалық ешнәрсе тимей
  • 19. қалатыны сезілді. Сонда да екі-екіден шәй алуға шалымызды иліктіріп бара жатыр еді, сен екеуің желе жөнелгендіктен бір-бір шәйға көне қалды. Жалғыз-ақ тапсырғаны - өздері келгенше жар ішінен біздің шықпай күтуіміз ғана; басқа біреу көрсе, пайдасына ортақтасады ғой! –деп күлді Қажиякбар. Осы кезде бүйірімнен біреу түртіп қалып еді, Төлеуғазы екен. – Мойныңды бұра кетші! –деп жеңімнен тартып жетектей жөнелді. Малақай құлағын жартылай қайырып, артына байлай салған беті құм бораннан келгендей тозаңданып тұратын, әжімді өңез сұры, қанша жылдан бері алып сатып, алдап тартып жүрсе де шыр бітпеген Төлеуғазы, күн жарқырап тұрса да мойынын ішіне тығып алыпты. Оңаша шығарып алып, саудаласардағы дағдысымен қолымды ала сөйледі: – Биғаш, мына мылтықтыларға бір-бір шәй беретін болдық қой, ақ малымыз судай ағып, тектен-теке кететін болды, лаж не, қу жанымыз үшін қидық. Екеуіміз талайдан көшелес көршіміз. Оның үстіне менен төрт шәй қарыз алдың. Мыналарға беретін бір шәйіңді тағы да менен ал, бесеу болсын, осыған «жә» дейік!... Осы «сауда» үстінде ғана байқадым, бұл алыпсатардың тістері де арса-арса екен.
  • 20. Ашыла сөйлейтін үлкен аузынан ең түпкі азуы да аш жыртқыштікіндей сойдия қалды. Көмекейі де басқаша, тым кең көрінді. Бөбешігі бүлкілдеп, жұтынып тұр. Аса сүркей сезініп, мұрнымды тыжыра үңіліп қалыппын. – Енді шәйға қарыздансам Қажиякбар ағаға қарызданбақ болып уағда бергенмін. Іздеуші –құтқарушым болып келе жатқан соның жүгін аз да болса жеңілдетуім керек! – Оның жүгін тіпті көп жеңілдеттің, Биғаш, он екі шәйін көтердің. Және мұндай шығынға ұшырамай жететін бақандай он екі шәй оңай пайда ма? – Ол шәйіме шәй аламын деп тақақтап тұрған жоқ, адамша жағдайыма қарайды! – Шәйіне шәй алмағанын көремін ғой, басы көрініп тұрған малды суырып алмай, пайдадан кешетін адам бар ма, Биғаш-ау? Және менің де құтқарушың екенімді ұмытпассың шырағым, төрт шәйіма келген мына етігің болмаса ұзақ жолға атпен жүре алар ма едің?... «Жә» деші Биғаш, жә, береке тап! – деп Төлеуғазы қолымды тағы да ұстай алып, сілкілеп-сілкілеп жіберді. – Жүр шәйыңды ал! Көңілі енді жәй тапқандай болған сары шал қолын арқасына қайыра мамырлап, бізге жақындап қалған екен:
  • 21. – Ой, немене мына саудаларың?! –дегенде жалт қайрылдым. Ызам мұрнымнан шыққандай мырс ете түсіппін. – Мынауыңыз «етік кигізген төрт шәйім бес шәй болсын, тағы бір шәй ал» деп қысап тұр! – Енді не үшін алады екенсің?... Ойпыр-ау, ойпыр-ау!... – Мылтықтыға бұл да бір шәй төлемей ме, әркімге телмірмей, тағы да менен ала сал деп тұрмын, – деп Төлеуғазы қайырды жауабын, – «сый қылсаң, сыпыра» деген. – Е, бұл екі азамат шәй төлейді деп кім айтты саған? Екеуінде шәй жоқ екенін айтқанымызда мылтықтылардың өздері кешірім етті. Көсем шалдың бұл кедергісінен де бір кесек пайда көргендей өзеурей жұтынды Төлеуғазы: – Олай болса, жақсы екен, жиырма бес шәйді жиырма жетіміз бөліп төлейміз! – Қайтып? – деді сары шал, қою қоңыр сақалы дір ете түсіп, қысықтау көзі бажырая қалды. – Бұл екеуі де жолаушы болған соң, жол шығынын тең төлемей ме?.... Қайсынымыздан ардақты, әрине, төлейді! – По...по-по, неткен қара қасқа едің, шырағым?... Осы екі жігіт болмаса қайта айдалып кете беретін едік қой, ең болмағанда бар шәйымыздан айрылар едік. Жанымыз үшін бар шәйды құрбандыққа атап шулап
  • 22. тұрғанымызда кеудесін мылтыққа төсеп құтқарған осы жігітті тағы бір уыс шәйға қарыздар етпекпісің?... – Нағыз ит-шошқаның баласы екенсің! – деп бір жігіт жетіп кеп төне түсті Төлеуғазыға. Сары шал алдын тоса берді де, ол ұмтыла түсті. – Мал түгіл, осы жолдан жаның қаларын қайдан білдің, ниетіңді с... қорқау!... Бар шәйыңды құтқарып тұрса, бір шәй салық салмақпысың тағы да?!... Қажиякбар төрт шәй қолтықтап келді де, ұмтылып жүрген жігіттің алдын тосты: – Тілеу жолында келе жатырмыз ғой, тимей- ақ қой бұл итке!... Жә, Төлеуғазы, Биғабілді саған қарыздар еткен мен едім, үлкен пәлеге қалдыра жаздаппын! Міне шәйың, береке тап! Төлеуғазы сырт айналып жүріп кетті: – Мен жолда аламын деп бергенім жоқ! – деп міңгірлей жөнелді. Қажиякбар төрт шәйді ұсынып, қуалай ерді: – Өлімнен қайтқан азаматты барған соң тағы қинасын деп алмадым мен сенен!... Ниетің өзіңе ғана жолдас болсын, мә, шәйің, ал да, қылқыңдамай аулақ жүр маңынан!... Төлеуғазы қашып, төрт шәй соңынан қуалап жүргенде басқа қойшылар оның жүгін атының қасына апарып тастап еді. Қашып барып жар үстіне шыққан Төлеуғазы маған дауыстады:
  • 23. – Биғаш-ау, Биғаш, кешір мені, кешір, барған соң қузамайын! Не берсең... әй, қашан берсең өзің... бересің... қысамайын, міне, екі қолым төбемде! – Түс жардан!... Уағдасының сиқырын қарашы мына аш биттің! –деп қойшылар күлісті. – Аш бит болғанда да аумаған арық сиырдың биті, көрмеймісің жағын!... Төлеуғазының күбірмен не деп жалынғанын естімедік, Қажиякбар төрт шәйін қолтықтап қайтып келді. Көпшілік от жаққан жерден тезек тере қайтып келе жатқан «аш битті» қайта қуды. Серік қойшылар: – Жоғал, кәпір, ары кет, мына ниетіңнің кесірі тиеді бізге! – Аулақ кет бізден, жиырма бес шәйді өзіміз- ақ төлейміз! – Жанымызды құтрқаруға ақсарбас нияз айтып келе жатқанымызда сенімен бірге жүрсек жазым болармыз, кет, өз бетіңмен кет! – Жанымызды тілеп тұрғанда тәнімізді кеміретін арам екенсің! Кесапатың өзіңмен кетсін, аулақ кет! – Мал түгіл, бас қайғы болып тұрғандағы құлқының мынау, жайшылық уақытта не оңдырарсың, жоғал кәпір, жоғал!... Әрқайсысына бір жалтақтап тұрып қалған Төлеуғазы ешқайсысынан жылырақ рай көре
  • 24. алмай, жүгі барған жерге кетті. Бөктерген шәйі көп болғандықтан, бақырын ауырсынып, санпакуге тастап шығыпты. Су толтырған жалғыз темір тегешін отқа салып, бырылдатып отырғанда, тамақтанып болған көпшілік көз іліндіруге жатып еді, күн бата бас көтерсек, Төлеуғазы әлі бырылдатып отыр екен. Көсем шал мен Қажиякбар тоқтамдағы шәйді жиюға кірісті. Төлеуғазы бір шәйін ала жүгірді бізге қарай. «Ары кет, өзіміз төлейміз», «бізге ерсең, атыңның аяғын шағамыз» деген кіжінулерге қарамай, жете келіп жүгінді: – Көкетайлар-ау, қойдым дедім ғой енді, қойдым!... тиын қуып үйренген қу басымды қойдым аяқтарыңа, міне... міне! –деп етпеттей созылып жетіп, қоса салды шәйін. Бағанағы ұруға ұмтылған жігіт лақтырып тастап еді, көсем шал қозғалып, бір кесімге тиянақтататын ыңғай білдірді: – Жігіттер, «кемедегінің жаны бір» дейді. Мекеге қажыға жүргендердің кемесінде бұрын мысық өлтірген бір адам болса, бүкіл кеме суға батады дейтін сөз бар. Мына арам да сол мысықтың бірі шығар, жалғыз тастап кетсек өлгені. Ал, қосып ала жүрсек, кемемізді күпірлік індіні батырады суға!...
  • 25. Сол себепті бізге қосылмай, артымыздан ғана ілесіп отырсын! – Олай болса, деді бір жігіт, – өз істегенін өзіне істейік, мына жиырма бес шәйді барлық шәй санына қарай бөліп төлейік! Бұл тақыстың шәйі әрқайсынымыздікінен екі есе көп. Екі есе артық төлесін! – Япыр-ай, аз болсын, көп болсын, бәріміздікі бір-бір ат көтеріп келе жатқан шәй ғой, ағатайлар! – деп Төлеуғазы басын қасығанда Қажиякбар күліп жіберіп, қолын бір-ақ сілтеді: – Керек жоқ, итке қарап иттік қылсақ, адамдығымыз қайсы! Жалғыз-ақ бізге қосылмай, алыстан, артымыздан ғана ілессін! Ымырт үйріле жар басына үш адам жетіп келді. Біреуі өгіз мінген бала екен. Шәйді Қажиякбар бір-бірден санап, жар үстіне шығарып берді де, бала теңдеп алып қайтты. Екі мылтықты сәл құлдап барып, сол жардың ішіне түсті де, өздерінен алысырақ ілесуімізді бұйырып, жөнеле берді. Түкпір-түкпір қараңғы сайларды қиялайтын тасты сүрлеу-соқпақтарды әрең тауып, баранға үнсіз ілесумен түн ортасын деңгейлетіппіз. Өзен сарылы естілген терең шатқалға түсе беріп едік, оң жақ тұсымыздағы қия беттен «сол жерге тоқтаңдар» деген бұйрық естілді, ат тізгінін
  • 26. тарта қойдық. Жиырма бес шәйді асқазандарына сіңіріп болған мықтылар екен: – Ал, жақсылап тыңдап алыңдар, біз осы жерде қаламыз! – деп нұсқауын бастады сетік сары. – Сол беттеріңмен тарта беріңдер. Мынау Санжы өзені, тура кесіп өтіп, қиыс өр жақтағы құрғақ сайға өрлеңдер, кезеңге шығасыңдар. Кезеңнен ары қарай күнбатысқа тура тарт, сайғақты үш-төрт зираттың теріскей жағындағы беткейде сүрлеу жол бар. Ол екі жағы биік жартасты құр ағынға түсіреді. Құр ағын Құтыби өзеніне түсіреді. Ал, жолдарың болсын! – Шырақтарым-ау, Құтыбиге жеткізіп, аржағына жол көрсетпек едіңдер ғой! –деп шал атынан түсе, өрлей ұмтылды бетке. – Тоқта, сол жерге! – деп сетік сары біздің көсем сарыны зекіп тоқтатты да, қайта жұмсара сөйледі. – Жеткізген деген осы, Санжыға жеткізіп, Құтыбиге жол көрсеттік. Одан ары да ұлы тауға жақындамай, осылай бөктерлей берсеңідер, бұл бөктерде қазір ел жоқ!... Біз сендердің обалдарыңа қарадық, сендер де біздің обалға қарайсыңдар, Құтыбиға жеткіземіз десек таң атқанды қойып, түс ауады, ол бізге жау ел, ұсталып қалсақ өлтіреді. Сендер де аман өтіңдер, ауылымызға біз де аман жетейік!
  • 27. Қос бөрі жорта жөнелгенде, біз жым-жырт тұрып қалып едік, әудем жерден сетік сарының зіркілі естілді: – Кімсің?! – Ағатай-ай, мен едім, бір шәй беріп, соңдарыңыздан ілескен мүсәпірдің бірімін! – деген Төлеуғазының жан дауысы шыққанда көсем шалымыз да күліп жіберді. – Ал, Құдайға сиынып жүріп кетелік енді, – деді сонан соң, әйтеуір жол бағдарын нұсқап берді ғой, жолдары болсын! Олардың жолы болғанымен, шыққан күннің сәскесінен бастап, біздің «жолымыз болмауға» айналды: екі жағы қамалдай тұтасқан қысаң құзар жартасты құрғақ ағынға кіріп едік, бірден тізіліп шұбап, жортып аяғына жете алмадық. Суда, үзіп алар бұта да жоқ, аттарымыз бұрлығып, бұратылып қалды. Қырсықты ағыннан шығып алар жатықтау кетігі де, жатағандау сетігі де жоқ, тіп-тік, ұшпа қызыл жартас болды да отырды. Тас тандырдай қапырық ыстық кенеземізді де кептіріп келе жатқанда одан да зор кесірге тап бола қалдық. жолымыз шорт кесіліп, кісі бойы құлама жар кілт тоқтатты. Аттан түсе- түсе қалып шоңқидық. Артқа қайта шегінсек, басына жете алмай түгел құримыз да, құламадан секіртсек аттар күйрейді. Бұл жерде аттың күйреуі – өзіміздің де
  • 28. күйреуіміз... тым-тырыс дағдарып отырғанымызда айналмадан атын жетектеп, ілбіп Төлеуғазы шықты: – Ағатайлар, құтқарыңдар мына жүктен, атым жүре алар емес, екі дүниеде қарызы жоқ! –деп боздап жіберді. – Әкеңнің аузына шәйіңді құйып с.... жолымыздың осы кесілуі сенің кеселің .... жоғал ары! –деп біреуі зекігенде, Төлеуғазы артына қайта қайрыла ілбіп еді. Бір-екі жігіт қарқылдай күлді. – Бұл екеуін шешелері «өлгенде күлгір» деген қарғыспен қарғаған екен! – деп Қуат күбірлегенде мен күліп жібердім. Нұриядан айрылғанымды естігеннен бері шын күлгенім осы-ақ шығар. Ытып тұрдым орнымнан. – Мына жардың тағанына құм тауып төгейік пе, жігіттер? –деп көсем шал да тұрды орнынан. – Тасқынның сарқырамасы болған соң төменгі жағына қайрандаған құм табылар... Айтқанындай-ақ ойдым-ойдым ұйыған құм бар екен. Қоржындарды шәйдан босатып алып, секіріп-секіріп түстік те, ат түсер жерге қалыңдатып құм төктік. Әр атты секіртіп түсерде бір-бір «ақсарбас» тағы да айтылып жатты.... Бұл қатерден түгел аман құтылғанымызға қуана аттанып едік, бір бұрылыстан айнала
  • 29. бергенімізде арт жағымыздан тағы боздады Төлеуғазы. Әлгі жардан торы ат ары тартып, Төкең бері тартып тұрғанда шылбыр үзіліп, шалқасынан ұшырыпты. Бірнешеуіміз қайтып барып, атын түсірістік те, зілдей екі қоржынын Қуат екеуміз бөктердік... – Көптің жүгін көтеретін ниетің көрінсе, көп сені көкке көтереді. Көпті жерге қаратсаң, көп сені жерге тығады. Осы жолда түсінген шығарсың Төлеуғазы?! – деді Қажиякбар Құтыби өзеніндегі қалың тоғай арасына тыныққанда. Майлы қоңыр дастарқанына оны да қосып алды. – Түсіндім, түсіндім Қажытай, жар түбінде қала жаздамадым ба?!... «Көптен шыққан көмусіз қалады» деген осы екен, толық түсіндім.... Бұл тақысқа көптен шыққан көмусіз қалатынын түсіну тым қиын екенін, екінші бір тұйыққа қамалғанымызда біз толық түсіндік. Күн батысымен Құтыби өзенінен тағы да түн қатып аттанып едік. Жықпыл-жықпылмен керілдесе жортып, кезеңдер асып келіп, жазық далаға шыққанымызда күн де шықты. Ұлы тауды жастанған жап-жайдақ кер жазыққа бадырайысып тұра қалдық. Төменгі жағымыздағы үлкен жол әлем- тапырық; күншығысқа қарай жосылған ұзақ
  • 30. шұбырынды арба; жүк автомобилінің асығып дығырлатқандағы ұзақ-ұзақ айқайы естіліп тұр. Шақырая көтерілген күн алдымыздағы сұры даладан қарсақты да мұндалап көрсететіндей. Бөктер жағымыз және у-шу. Үрген ит, айқайлаған адам , кісінеген жылқы, мөңіреген сиыр дауыстары. Біз паналарлық далда, кірерлік ін табылар емес. Алдымызда, недәуір алыста дара көлбеген қызыл жотадан басқа қолдап-қорғайтын піріміз жоқ сияқты. Ат айылын мықтап тарттық та, шаба жөнелдік. Көлденең қызылдан көрінген жалғыз «сайға» сүңгіп кеп беріп едік, ол сай емес, апандай ғана тұйық екен. Маңдайымыз тақ етіп, биік жартасқа тірелгенде құйрығымыз аңырайып, алаң-ашықта қалды. Екі-үш жігіт жартасқа жабысып жаяу қиялап шықты да, жата-жата қалысты. Лезде қайта домалады: – Ойбай, арғы беті тіпті тік жар екен, бықыған қалың сары аяқтың үстінен шығыппыз! –деп біреу мәлімдегенде Төлеуғазы атын жетектеп, кейін шегіне жөнеліп еді; жотадан түскендер: «мылтығын иығына салған бір сары аяқ шаңқылдап әндетіп жүр» дегенде, Төлеуғазы атына міне қашты. Оны көріп тағы екеуі зыта жөнелді.
  • 31. – Тоқтаңдар, ақылдасайық! –деп көсем шал дауыстады да, үш-төрт жігіт атпен қуып барып, артқы екеуін қайырып әкелді. Төлеуғазы бар шәйі бізде қалғанына қарайлағандай, бір шақырымдай алыстап барып, атынан түсті де, жап-жазық далаға жата қалды. Жасырынғаны екен, бұлай «жасырынуды» білмейтін «ақымақ» торысы бір мөшек толы бөктеріншегімен серейіп тұр. – Мынаның арты терең сай дейді, Тасырқай өзеніне жеткен сияқтымыз, -деді шал, - мен қартайған адаммын ғой, сары аяқ басып жатса да барып, анығын білейін, сендер осы жерде қозғалмай, шәй қайнатым уақыт күтіңдер... Егер кешіксем, ұсталғаным. Олай болғанда, бірден-екіден ғана бөлініп, тауға тартыңдар. Бұлардан көрі қазақ қарақшыларының қолына түсулерің жеңіл, әйтеуір атпайды ғой! Осыны айта сала сол жақ бүйірімізден қиялап, аса жөнелді шал... көбімізді тықыршытқан бір сағаттан соң шат дауысы естілді: – Сүйінші, сүйінші... Өз елімізге, мұсылман туыстарымызға жетіппіз! – деп келе атынан домалап түсті. – Бұл жақта гоминдаң қалмады дейді! Бағанағы көргендерің мылтықты қытай емес, иығына шалғы асқан дүңген екен, соның өзі айтты.... Гоминдаңнан тіпті Құтыбиге дейін тазарыпты... сары аяқтар Манастың өзіндегі акоптарына ғана тығылып жатыр
  • 32. екен. «Олар бұл жаққа шыққанды қойып, інінен бас шығармағалы қашан» деп күлді дүңген... Қуанышпен тасқындап келген сары шал осы хабарды ағыл-тегіл сарқыратып тұрғанда, Қуат екеуміз кеудеміздегі Жяң жиешінің басын жар үстіне лақтырып-лақтырып тастадық. Әзірейілден қорықпау үшін тағынып келе жатқан бұл бас ендігі әзірейілге өзі ұстап бермей ме! * * * Әділетті тергеушім, қорқақтың әзірейілі көп болады ғой. Әзірейілдің өзі қорықса да қорқақтарды түгел әзірейіл деп түсінеді. Батыстан Шығысқа қарай жөңкіліп бара жатқандардан қорқып, кірерге ін таба алмай, бұтымызға тамшылата қашып келе жатқанымызда, сол қорқытушылардың өздері бізден қорқып, жапалай қашып бара жатыпты. Қылмыссыз адам қаша ма. Демек, бұл өңірде өріп жүргендердің бәрі қылмыс кіріптары болғаны ғой. Осы арада өткізген тағы бір айрықша зор қылмысымды қағып ала қойған шығарсыз. Жяң жиешінің басын «қастерлеп» биік жар үстіне «шығармадым ба!»
  • 33. ІІ Манас өзенінің тау алқымындағы бір тұсынан түсіппіз. Саяқ теректер өскен көк жасаң, шалғынды кең сай. Шөп күрке, балаған, итарқа, қос, қопын көлге қонған қасқалдақ пен қоңыр үйректей қаптапты. Тау сайының ежелгі мекендеушісі екені байқалатын киіз үйлі екі-үш ауыл да отыр. Қия жолмен шұбап түсе бергенімізде-ақ алдымыздан жамыраған қозыдай андағайлап, балалар жүгірді. Біз оларды құшақтап, иіскелеп жүргенімізде ата- ана, аға-жеңгелері де жетті. Шұрқыраса кеттік. «Зұлымнан аман-есен құтылдыңдар ма» деп амандасады. Көргенімізді біз, білгендерін олар сөйлеп шуласа келіп, шеткі киіз үйдің жанына тоқтап едік. Бізге қарай тұс-тұстан шелек-шелек айран-шалап ұшты. Біздің қаптардың аузы да ашылып, қазандарға ыңғай сұрпы еттерін лоқылдатып жатыр. Қоржындарымыз да қыбырлап-жыбырлап, жымия ашылды да, сырғып-сырғып шәйлар шықты. Оларды қол аралар мен пышақтар қиқылдап-шиқылдай «күлісіп» ашмөңке- құртмөңкелерге бөлшектеп жатқанда, Төлеуғазы ғана өз денесі бөлшектеніп, кескіленіп жатқандай тыржың-тыржың ете түсті. Қарсы ала келген әр үйдің адамына базарлық үшін бір-бір көзден шәй үлестіріліп
  • 34. еді. Төлеуғазының өз ықтиярынан сырт шыққан екі шәйі жанын жегідей жеп жібергендей, қоржындарын қосып жастанып, сылқ түсті. - Екеуі екі өгіз еді ғой, әттегене! –деп күбірлей шалқалап еді, оған көсем шал күбірледі: «Менің жаным жау табанында қалды-ау, Дәриға» деген ой денемді кескілегендей, жүрегім сырқырап ала жөнелді. Отырған жерімнен тұрып, оңаша жалғыз теректің түбіне барып, етпеттей құладым. Көзі жасауырап, телміре қарағандай болды Нұрияш, алаулап тұрған оттай лапылдаған сезіммен елестеді. «Сен олай-бұлай болып кетсең, менің де өлгенім ғой» дегені естілгендей. Енді бір сәтте қиыла өтінді міне: «таудағы сол үйге шыға тұрайықшы, мүмкін сонда аман қалармыз...» - тістенген қанды көз қара сұрының оғы тиіп, құлап түсті міне... көз нұрым өше қалды. Қан жоса болып, сұлық жатыр... Мен оны құшақтай барып құлаған сияқтымын. Жер-көк қып-қызыл қан дәриясына айналып, толқып ала жөнелгендей болғанда, басымды көтеріп алып, жан-жағыма жалтақ-жалтақ қарай беріппін. Маңайым расында да қып-қызыл қан болып көрінді. Қуаттың жайбарақат сөзі естілді. Көз жасым
  • 35. ағыл-тегіл, бір қолымен иығымнан басып отыр екен: – Мылтық берер жерге енді жеттік қой, сабыр етші! –дегенінен ғана, «мылтық, мылтық» деп ұрандай көтерілгенімді түсіндім..... Далаға төселген киіз үстінде, тойдағыдай кең жайылған дастарқаннан ауыл-үй үлкендерімен бірге, сөйлесе отырып тамақтандық. Олар ұлттық армия осы Манас өзенінің төменгі бойында ғана шеп жайып жатқанын, бұл жақ партизандар қорғауында тұрғанын, қазіргі әрекеттері, қаладағы сары аяқтарға «ұйқы бермей, арсылдата беру» екенін де әңгімелеп күлісті. Алдыңғы шеп қолбасшылық штабы Шихаңзыда екен. «Гоминдаң кетіп, сұларманы ғана қалған» Манас ауданының жаңа үкіметін де сайлап қойыпты. – Аудан әкімі Қалибек, сақшы бастығы Жаппар қазір Шихаңзыда отыр, – деп түсіндірді орта жасты бір дембелше қара, – орынбасар әкім болып сайланған Жұмажы дейтін дүңген ғана осы жағада, әнеу қырқаның астында ғана егіндігінің ең бергі шетіндегі тамда отыр. Бұл жақтан өзеннің батысына өтетіндер қазіргі әдетімізде содан қағаз алып, үлкен әкім мен сақшы бастығына барады. Ал, сіздер көп адам болғандықтан, қаранөр болып топталмай-ақ бәріңнің
  • 36. жайыңды түсіндіре алатын екі иә үш өкіл ғана жіберсеңдер болады... Бұл қойшылардың ішінде саяси назарға ілінетін және жәй-жапсарды толық түсіндіре алатын Қуат екеуміз ғана екенбіз. Тамақтан соң көсем шал мен үшеу болып Жұмажыға бардық. Орынбасар әкімнің тұрағы Манастың желкесінде қалашықтан жеті-сегіз километрдей ғана алыстықтағы бір кер кезеңнің далдасында екен. Иісшіл сары аяқтардың аузы-мұрны бітеліп, аяқтары тұсалғаны соншалық, жау әкімінің тауықтары бел үстінде безектеп, қораздары қоқилана шақырысып жүр. Қой-ешкілері беткейден «мұндалап» тұратын жап-жазық сары аңызға өріпті. Жемісі жер бүркейтін бау-бақшалы, барақ теректі қала, «шаш-сақал», «құйрық-жалдан» мұрсындай болған екен. Қурап қалған қу дуал, қуыс қоралары самаладай көрініп тұр. – Япыр-ай, көше бойы үйіліп жататын шабдар шаптол мен қызыл алмадан айрылыппыз-ау! – деп түйілді Қуат. – Түнде үңірейіп, үрейлерін ұшыра берген соң қырып тастаған ғой сары апат! –деп мен күрсіндім. – Өздері де көрден басқа панадан жұрдай болып, тыр жалаңаш қалыпты. Бізді бастаушы дембелше қара «осы» деп көрсеткен тап-таза аулаға түстік. Жақтаулары
  • 37. көк сырлы, шағын-шағын терезелері бар аласа үйдің есігінен сәлем бере кіріп едік, ауыз үйдегі сәкі үстінде шәй ішіп отырған шағын шоқша қара сақалды, ақ көйлек, қара зелетке, қара тақия киген дүңген алдындағы аласа үстелден сәлем ала түрегелді. – Келіңіздер, жоғары шығыңыздар! – деуінен- ақ жайлы самал ескендей, іркіліссіз өрлеп шығып, дастарқанға отырдық. Ақ сұры, тым жылы жүзі дымды сақалымен намазын үзбейтін кісі екенін байқатады. Қарма наны мен сүтті шәйін алдымызға елпектете тартып жүрген омыраулы қоңырша бәйбіше де айна қатесіз өзіміз сияқты бейуаз «қоңыр аңдардан» екенін бейнелеген соң, келген жайымызды жайбарақат баяндай жөнелдік. Анда-санда қысқаша ғана анықтау сұрауларын қойып, изектей түсті әкім. Келгендердің ыңғай қазақ болғандығынан күмәнсіз екенін айырғандай, түрегеліп барып, әйелінің тұсындағы таушадан көк тысты Совет дәптері мен қарындаш әкеліп отырды. – Ал жазыңыз, – деді маған ұсынып, – мен айтып отырайын! – Өз қолыңыздан шықса... жақсы болар еді! – деп күбірлегенімде, ол күлімсірей изектеді: – Мен мөр басамын, шырағым! Мөрім басқа ешкімнің қолымен басылмайды, мұны жолдағылардың бәрі таниды... «Жол хат» деп
  • 38. төбесіне жазыңыз!... «Тарбағатайлық жиырма бес қойшы, екі оқушы Үрімжіден өздіктерінен қашып шыққан. Бізге ешқандай күдіксіз болғандықтан үшбу жолхат берілді». Ал, қайта оқыңызшы осынымды! Мен жазғандарымды анықтап оқып бердім. – Бәрекелді! Енді аяғына «Жұмажы» деп жаза салсаңыз болды! –деді. – «Манас ауданының орынбасар әкімі» деп жазайын ба? Өзін «әкім» деп жаздырудан ұялатындай, тартына күлімсіреді ол: – Қамсыз болуымыз үшін керек десеңіздер, жаза салыңыз... Мөрін бар зейінімен дәлдеп, бар күшімен нығарлай басты.... – Өз әкімдеріміз хат танымаса да, осылай дәт танитын адам болғаны қандай бақыт! – деп көсем шал қуана мінді атына. – Үкімет алдынан күліп шыққаным осы-ақ шығар!... Ертеңіне таңертең сол дембелше қара бізді тағы да бастап, өзеннен өткізе жөнелді. Қиялап недәуір өрлеп барып, қырдан астық та, күнбатысқа қарай қиырлап, қайта құлдадық. Осы бөктер тауға келіп тірелген акоптар мен бекініс үйлері көрінді. Солардың ту сыртынан өтетін жалғыз аяқ жолға түсіп, бірден тізіле шұбадық.
  • 39. Айыр етекті сырма қоңыр қалпақтарын маңдайынан жарылта киген сарғыш қоңыр мешпет-сымды, Құлжа үлгісіндегі «Мұсабай бұлғары» етікті екі жауынгер жер үйден шыға келіп, жолхат сұрады. Бастап әкелген дембелше қара партизан жауап беріп тұрғанда, ұлттық армияның киім формасына бар зейінімді сала қарап қалған мен екінші жағымнан келген біреуін аңғармай қалыппын. Тіземнен бір шапалақ сарт ете түсті. Жалт қарағанымша болған жоқ, ат үстінен жұлып алды. Құлап түсуден сақтану үшін белбеуіне қарманған қолыма мықынындағы жан мылтығы ілінді. Айқара құшақтаушының офицер екенін сезгеніммен, бетімді алқымынан босатқанша, кім екенін айыра алмап едім. Аяғым жерге тиісімен мен де құшақтай алдым: – Өмірбек! Көз жасым ыршып кетті. Бір сәтке үнсіз қарасып тұрып қалдық. Оның қиықша көзі қызарып, талпақша мұрны делдиіп кетіпті, демін жиі алып тұр. – Жарайды, көзің тіпті оттана түсіпті! –деді Өмірбек. – Найзағай жарқылдататын болған екен! – Гоминдаң қойған өрт! – Жүзің өзгеріпті сұры бұлттай! – Көкірегімде ақпан бар!
  • 40. Қуатпен де солай құшақтасып амандасқан Өмірбек, кеңірек сөйлесуді кейінге қалдырды: – Бас штапқа барып түсесіңдер ғой, рұқсат сұрап, арттарыңнан барамын. Оқыған азамат тапшы, осы майданда қаласыңдар, бірге болайық, біздің ротаға келуді талап етіңдер! «Господин» капитаным қазір-ақ қуып жетеді сендерді! – Капитаның кім? –деп сұрадым мен. – Бексапа! Былтыр күзде қайтып келіпті! Кәне, сапарластарың тосып қалды, мініңдер атқа! Біз жүре бергенімізде Өмірбек арт жағына қайрылып, әудем жерде тұрған бір жауынгерге бұйырды: – Прапоршик Кәрімді шақырып жібер! Ұзын бойлы тағы бір жырық қалпақты қара «жерден шыға» жүгірді Өмірбекке қарап. Жақындап келіп, ірі үш адым басты да, аяғын сақ еткізіп қоса чес берді: – Жолдас паручик, келдім, прапоршик Кәрім! Артта кетіп бара жатқан Қуат екеуміз әскери тәртіптеріне қызықсынып, қайрыла тыңдадық. – Капитанға дереу жеткіз! – деді Өмірбек бұйрықты үнмен, – Үрімжіден екі мықты сабақтасы келді, бас штапқа кетіп барады.  Господин (орысша) – тақсыр, мырза.
  • 41. Ротамызға тездетіп талап етпесе, айрылып қалады! Прапоршик қайта чес бере сақылдады: – Құп жолдас паручик, капитанға дереу жетіп, екі сабақтасы Үрімжіден келгенін мәлімдеуге сіздің сәлеміңізді айтуға! Өз бұйрығын хабаршы қысқаша қайталап айтып болғанша қарап тұрған командир рұқсат еткен бейнемен чес қабылдады. Артына кілт бұрылып алған соң ғана қол түсірген прапоршик жүгіре жөнелді. – Командир бұйрығын ықшамдап қайта айтып емтихан беру қиын екен, – деп жымиды Қуат, – өте сергектікті де, шешендікті де талап етеді ғой! – Тапсырманы жаңсақ етпей, нақтап орындауға қолданған амалдары ғой, дұрыс тәртіп.... тегі Советтен өнеге алып келген Ысқақбектер үйреткен тәртіп шығар... Төлеуғазы қатарласа келіп, бүйірімнен тағы да түртіп қалып оңашалады: – Биған шырақ, сендерді осы қанды майданға алып қалатын сияқты, көне көрме, әке- шешеңді көре алмай өлерсің!... Қалушы болма!... Аласы-бересілерің де бар ғой! – Бұл мәселеге араласпаңыз! Бұл бір адамның өлу-өлмеу мәселесі емес, үш-төрт шәй қарызын өтеу мәселесі де емес, азаматтық зор қарыз!
  • 42. – Айтпақтайын... Олай болғанда, әлгі менің шәйім жөнінде ағаларыңа хат жазып бере саларсың! – Оны өзім барғанда өтеймін. Егер оған дейін тоса алмаймын десеңіз аудандық үкіметке хат жазып беремін! – Ойбай, Биған-ау, Құдай-ау, үкіметің не айтып келе жатқан, үкіметке қашан қарыз беріп едім мен? Төрт шәй төлеуден қашып, жас жаныңды өлімге қиып... Оқыған азаматсың, басыңа нәсіп емес қой! – Төрт шәй түгіл, төрт мың шәйдан қашпаймын! – деп айқайлап жіберіппін. – Е, онда қырық мың шәйдан ғана қашады екенсің ғой! – деген таныс та сағынышты үн естілді артымнан, Қуатпен ат үстінен құшақтасып келе жатқан Бексапа екен. Жалт бұрылып, қол алыса түстім де, тартыса кеттім: – Поручигің абайсызда аттан жұлып алып еді, «господин» капитанның әуселесін көрейінші! – Маған әскер болуға жарар ма екенсің, мен де сынап көрмекпін, -деп ол күшенді. Қып- қызыл күреңге айналып, шегір көзі тұздай болған Бексапа үзеңгісіне шірене тартып, атымды тәлтіректетіп әкетіп барады. – Капитанның аты мықты екен, олай болмағанда! – деп Қажиякбар менің атымның шылбырынан тартты.
  • 43. – Қалыңдығы өліп жүдетпеген болса, сонда да көрер еді! – деп Қуат дәл қасымнан күле күбірлеп қалды. Көкірегімдегі «ақпан» сірестіргендей бір дүлей қайрат біте қалды маған, Бексапаның білегінен сол қолымен қоса ұстап, еңсере жөнелдім. Екі ат бір-біріне жабыса қалғанда, «господинді» құшақтай алып, ал сүймеймісің. Оның ерні еркін жетпей, бетімнен жалай беріпті. Аяулы досқа болған сағыныш пен аянышты жардың күйігі бірге ағытылып, көзімнен жас парлады. «Нұрияш үшін бәрін де істей аламын» демеп пе едім бір кезде; «майданда қаламын, кегін аламын» деген серт соның жалғасы болғандай, бекемделіп көзімді сүрттім. Бексапа да көзін сүрте салып, амандасты... – Шіркін бала кездегі достық-ай! –деп атын тебінген жол бастаушыға ілесе аяңдадық. – Маған әскер болуға жарайтын сияқтысың, – деп Бексапа күлімсірей қарады маған, – қаласыңдар ғой? – Әрине, қаламыз. Ал, өзің қайдан, қалай келіп қалдың?! – Алматыдан қайттым. Мен сияқты қашып барғандар көп екен. Туған жердегі төңкерістік соғысты естіген соң қайтуды талап еттік. Әсіресе, Совет-герман соғысына қатынасқан ағайлар шыдап тұра алмады; соғыс техникасына жетілген ғой...
  • 44. – Өзің соғысып көрдің бе? – Советке мен қашып өткенде, соғыс Германияның өз жеріне қашып өткен. Қатынаса алмадық. Сонда да екі-үш ай әскери мектепте болдық. Бұл жақты сол мектепте оқып жатып, талап еттім. Соғысты қайтып келіп, өзіміздің Жың мен Шихуда көрдім. Әсіресе Шихудағы төрт сөткелік соғыста көп адам қырылды. Иттің балалары Шиху маңын неше қабат құрыш бекініске айналдырып қойыпты. Сонда да алдымен күншығыс жағынан кіріп, талқандап өттік. Жауынгерлеріміз соғыс өнерін жетік игермеген сыпыра малшы, егіншілер болғанымен, ашу-кекке әбден бөккен екен. Оның үстіне құралымыз да жаман емес, танкы мен аэропланнан басқасы баршылық болды. Қанды кекпен уыттана құралданған халық Шиху алынған соң осы Манас бойына бір-ақ келіп тоқтады. Жеткенше сары аяқтарды жаппай қырғындады. Шындығында қолбасшылыққа бағынбай қырды. Нағыз анархиялық қырғын... Жә, оны және әңгімелерміз... Сен Әділбек дейтін кісіні танимысың? – Қай Әділбек?! – Тегі Шәуешектік екен, полковник, Советтен келді....
  • 45. – Танимын, танимын... бастауыш мектептегі кезімізде Мәкен «қытайға сатылған әпекең» деп қорлайтын Дәмеш Әділбек дейтін жігітпен тұрмыстанып, Әділбек Шың Шысай түрмесінен қашқанда сонымен бірге кеткен. Сол Әділбек болғаны ғой... Ол қайда?! – Қазір көресің, осындағы қолбасшылық штапта. Шекарадан бізді сол бастап өткен. Сені кездескен сайын сұрайды менен. Бұрын капитан еді. Жың соғысынан майор, Шиху соғысынан полковник болып шықты. Жездең – қыран!... Ендігі әңгімені кейінге қалдыралық. Осы жерден бұрыламын! – Қайда? – Өзіміздің полк штабына. Бас штаптағы қорғасынды сақалар біздің сақа бармаса, сені мендей «господин» Шүкімайға бере қоймайды. Сақам мықты, соны қайрап салғалы келдім.... Бексапа күнбатысқа қарай шоқырақтата жөнелді де, біз сол жалғыз аяқ жолмен Батыс- терістікке қиырлай бердік. Егіндік шетіндегі селдір теректі там үйлердің тұсына келгенімізде алдымыздан айыр қалпақты екі жауынгер және бөгеді. Жол хатымызды көрісімен «екі оқушыны» тергей жөнелді біреуі. Біздің мұғалімдік мектеп бітіргенімізді естісімен қасындағы жолдасына ым қағып еді, ол тамға қарай жүгірді. Жол хат тексеруші
  • 46. сөзге айналдырып тұрғанда қайта шығып, артындағы терезені нұсқай шақырды бізді: – Екі оқушы мұнда келсін, полковник сөйлеспек! – Екі үстел қарама-қарсы қойылған ауыз бөлмеден бір ұйғыр, бір қазақ офицер күлімдей түрегеліп, қол алысты. Менің екі «господинім» сияқты бұлардың да дәреже белгісі жоқ, әйтеуір офицер екенін оң жанбастарынан ғана танығандаймыз. Полковнигі осылардың бірі шығар деген түйсіктің әмірі бойынша ізетпен сіресе тұрып, сәлемдесіп едік. Қырма сақалды ұйғыр офицер: «мархамат» деп түп үй есігіне алақан жая нұсқады. Полковникке арнаған бар итағатымызды қайта жиып ала кіріп едік, ондай салауатқа тола қоярлықтай бір мықты тағы да көрінбеді, киіз үстіне жайылған алашада малдасын құрған, басына қызыл шашағы бар ақ киіз қалпақ киген көсе қара қазақ отыр. Желбегей жамылған жағасыз ұзын қара шекпенінен де соғысқа пәлендей икемділік көрінбейді. Егер осы отырысы қазақы үйде көрінсе, құдасына келген қызай болар еді. Қуаттың жолымен мен де сәлем бере иіліп келіп, қос қол ұсындым да, орнынан қозғалмай Қуатқа созған сыңар қолын мен де алдым.
  • 47. – Сәлемет қайттыңдар ма, балалар? ... Кел, кел, отырыңдар! – дегендегі үні мен шырайының өктемдігінен «құдаласа келген қызай» емес, соғыса келген қызай екенін байқап, нұсқаған қатарына малдас құрдық. Алдындағы төрт бұрышты аласа үстелге екі шынтағын тірегенде көрінген сары саржы мешпетінен полковнигіміз осы кісі екенін танып едік, түрегеп тұрған қазақ адютанты таныстырғанда «полковник Қазыбек аға» екенін ұқтық. Ол аты-жөнімізді, жай-жапсарымызды полковникше емес, қазақшасынан қазбалап сұрай келе, өздерінің баталион-роталарында сауатты қызметкердің кемістігін айтты. Осы полкта қалуға үгіттей жөнелді бізді. Біз Бексапаға берген уағдамыз үшін жалтардық: – Ағай, біз үй ішіміздің амандығын көріп қайтпай, бұл жерде қалмақшы емеспіз. – Бас штапқа барып, майданға зәру болсақ та рұқсат алып, әке-шешемізді көріп қайтпақпыз. Сонан соң сіздің қолыңызға келуді-ақ талап етелік! – Қуларым-ай, е, -деп жымиды полковник, – «қиын соғыс біткен соң келейік» деген қиялдарың ғой?... Жоқ, шырақтарым, қанды соғысқа кіреміз деп, енді қорықпай-ақ қойыңдар. Жоғарғы қолбасшылық бізді осы Манас өзенінен өткізе қоймас!
  • 48. Менің жүрегім зу ете түсті. – Не үшін?! –деп тіксіне қарадым. – Гоминдаңмен тыныштық бітім жасаспақ көрінеді... Біздің еркімізге жіберсе, Шихудан қуып келген екпінімізбен Манастағы сары аяқтардың тоз-тозалаңын шығарып, әлдеқашан Үрімжіні бассалар едік. Гоминдаңмен соғысуға біздің жауынгерлер әбден сыр мінез болып алған. Қуалаудың әдісіне әбден қанық. Және Манастың қорғаныс-бекінісі Шихудікінен әлдеқайда төмен. Мұның алынуы арқылы Үрімжінің жүрегі жарылар еді. Біліп отырғанымызбен мысымыз солай құрып отыр! – Сонда, жеңілгені әбден көрініп болған жауымызды жеңдірмеу үшін бітім жасаспақ па?!... Үрімжіге кірмей, осы жерде тұрып бітімге келсек, жаудың тепе-теңдігіне, тіпті өктемірек тұруына көнгендігіміз болмай ма? – Бауырым, сендердің түтіндеріңді бүкілдей теріс көріп, қорқатындыққа балап отырған сияқтымын-ау!... Біздің жауынгерлер де осы пиғылда. Әр күні жорық талабын көтеріп, мазамызды алып жатыр. Қайтсын, іштеріне симайды, «жау алқымынан қыспай, ақиқатқа келмейді» деседі, бітім-сітіміне қарамақ емес! – Сіздердің бұл жатуларыңыз жау жеріндегі төңкерістік ұйымдарымыздың талқандалуына соғып отыр. Біз қанымызға әбден қарайып
  • 49. келіп отырмыз! –деп қалғанымызда көзімнен жас ыршып, тісім шақырлап кетті. – Барлық көргенімізді майдан штабына мәлімдегенше асығып келеміз. Бұл күйдегі бітім-бітім емес, жеңіліс! Бұған көну – жаудың ішкі жағындағы рухани күйреуді көріп отырған сіздер үшін зор қылмыс! Майдан қолбасшылығына дәл осыны дәлелдемекпіз. Шабуылға шықпайтын болса, мұндай бекерші армияға кіріп неміз бар біздің, соғысатын болса ғана қайтып келеміз. Соғыста қандай қиын орынға қойса да біз дайын! – Дұрыс, бауырым, дұп-дұрыс! Бас қолбасшылық штапқа да осы пікірлеріңді толық баяндап, жазба мәлімет беріңдерші, неғұрлым айқын дәлелденсе, соғұрлым жақсы! Біз де айтып жатырмыз, әлі айтамыз! Егер қалатын болсаңдар, екеуіңмен толық шығыса алатын сияқтымын, осылай болу керек! –деп полковник адютантына қарады. – Бұл екі азаматтан көз жазып қалмағайсың! Майдан штабында қандай жөнге келерін сұрастырып, маған алдын ала мәлімдеп тұр! – Құп, жолдас полковник, алдын ала сұрастырып, сізге мәлімдеп тұруға! –деп адютант сақ ете түсті. «Уақытша» қош айтып, біз шықтық та, малдасын құрған күйі «құда қызай» қалды....
  • 50. Қара ағашты, теректі Шихаңзы қоржасының күншығыс жағынан алдымен түксиіп төрт құлақ, үш мүйізді биік будда бұтханасы көрінуші еді, іргесімен қопарылып, күйреп түсіпті. Күн еңкейіп бара жатқанда соның қасынан өтіп, помещик жаңгүдейдің қақпасы алдына тоқтап едік, алдымен кеткен жол бастаушы партизанымыздан хабар тапқан сияқты, босағадағы үйден айыр қалпақты жауынгердің бірі шығып, «екі оқушы осында, әкімнің үйіне» қонатынын айтты. – Аттары сіздердің аттың қасында болады, жетектей жүріңіздер! –деп өзі қойшылардың алдына түсті де, бізге кіретін үйді нұсқай кетті. – Анау төрдегі... төрдегі есікке кіріңіздер!... Кең сәкінің қазандық жағында сыңар малдаспен отырған кимешек-шылауышты ақ бәйбіше біздің сәлемімізге ернін ғана жыбырлатты да, төрді нұсқады. Сәкідегі мол қара текеметтің шетіне іліне отырдық. Төр төбесіне жайылған шағын кілем мен төрт қабат көрпеге, ірге жағында жатқан күмісті кісеге қарағанда, сол кіседен үріккендейміз, кісісіз төрде кісе жата ма? Аяқты сәкіден салбыратып, ыршып тұруға әскердей дайын отырғанымызда, жаздық жеңіл қара шапан жамылған, қызыл жібек тісті қара елтірі тымақ киген кісі нараулай
  • 51. келіп кірді. Біз де нараулау түрегеліп, сәлем бердік. Сәлемді іркілмей қабылдаса да, қолындағы жез құманды босағаға асықпай қойып, бәйбіше жаққа мамырлады. Ауыр бәйбіше жеңілірек түрегеліп, кісінің төрге шығуына жол берді де, адалбақанда ілулі тұрған кестелі жайнамазын алып ұстатты. Оны кісінің өзі асықпай, тәптіштеп қана жайып, такбір түсіргенде, үнін екінші рет естідік. Бет ұшы қып-қызыл, елулер шамасындағы жас шырайлы кісі екен. Шағын ғана қара сақал-мұрты ақ жүзіне құп жарасыпты. Атақты Қалибек осы кісі екенін айырсақ та, мінезін айыра алмай кенерлеп отырмыз. «Салмақты ма, сасық паң ба» дегендейміз. Үшінші лебізі жайнамазын жиып, көрпесіне жайланып отырған соң ғана шықты, сағыз- салқын ғана естілді: – Балалар, берірек, төрлете отырыңдар! Қане қайдан, қалай келіп қалдыңдар? Тәкаппарлығы байқалып тұратын мұндай сібер кісіге менің де сіберлігім ұстай қалып, жауапты Қуат қайырды. Ұзағынан сөйлеп түсіндірді. Төмен қараған күйі үнсіз тыңдаған әкім үнсіз түрегелді де, жайнамазын енді ақшам намазына жайды, жайнамаз жайылысымен біз тағы да үріккендей сәкіге  Такбір – намаздың парыз бөлімін бастардағы қысқаша азан.
  • 52. кенерелей қалдық. («Қарап отырған» Құдай мен оған құлдық ұрып, бас қойған пендесі арасына көлеңке түсіруден үлкен қылмыс бар ма?) Сыр мінез бәйбішесі де сөзімізді әкімнің өзінше үнсіз тыңдап, жайнамаз жайылғанда орнынан тұрды да, шам жақты. Ошаққа от тұтатып, пылитасына шәугім қойғанда да сыбдырын естімедік. Құлази бастаған сияқтымыз. «Осы ерлі-зайыптылар бір-біріне қарап күліп көрді ме екен?! –деген таңданыс бітті маған. – Әй, ыммен ғана байланысар-ау... әкімнің өзі маңдайынан нұқып қалмаса ашу көрсетпес те, қолтығынан қытықтамаса жымимас. Тым діндар кісі екен, намаз оқысының баптылығын қарашы, оқ жауса да елең ете қоймас, батырлық аты осы қасиетінен-ақ шыққан-ау!... Төңкерістік үкіметке «Шығыс Түркістан» атын қойып, дін ұранын көтерген ордалы мықтылардың бірі осы кісі болар-ақ... Иә, төңкеріске мұнысының пайдасы да тимей қалған жоқ!» Бұл кісінің сөз құлпын ашу үшін «төңкеріске тигізген зияны» жағынан түртпектеп көргім келді. Бойына тоғытпай отырған жайы болса, оны шешу үшін де сол еп сияқты. Орнына қайта отырған соң тағы да үнсіз қалып еді. Қуаттың әлгі жауабын толықтау ретінде
  • 53. сөйледім. Үрімжіде астыртын төңкерістік ұйымның құрылуы мен оның кеңеюі жайында қысқаша баяндап келіп, «сыртқы жағымыздан көмек күш келмей қалғандықтан» жанышталғанын айтып, бір кідіріп едім. – Қалай, әшкереленіп қалды ма? –деп сұрады. – Иә, сіздің басшылығыңыздағы партизандар 4-ші айдың 17-ші күні кеште жетіп, Үрімжіні қоршамақ болған екен. Дәл сол күні іштен көтерілуге сай болу үшін ұйымдасу қызметін өте жеделдетіп, жалпыластырып жіберіппіз. Сіздер бармай қалған соң, төрт-бес күннен кейін-ақ шпиондар жағынан әшкереленіп, қолға алына бастадық. Кенже, Репқат дейтін әскери басшыларымыз қашып келе жатып ұсталып, кескіленіп өлтірілді де, қалғанымыз жаппай түрмелендік. «Темір қасқырға» жем болдық. Талай боздақ ерлердің қол-аяғы шағылды, темір қармақтан құлақ, еріндері жырылып, иектерінен асылды... Содан екінші рет қашқан осы екеуміз ғана алдыңызға аман жетіп отырмыз... Гоминдаң халықты алдау үшін уақытша қоя берген қылмыстыларын қайта жиып жатқанда қаштық. – Ой байқұс балалар-ай, е! –деп қалған әкім, арт жағына қайрыла қарады да, бәйбішесі төр үйге ұмтылып барып, екі жастық әкеліп тастасымен қисая кетті. Аз үнсіздіктен соң, «ақталайын ба, ақталмай-ақ қояйын ба»