SlideShare a Scribd company logo
1 of 20
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасы
Қарағанды қ. медицина колледжі
Оқытушылардың оқу - әдістемелік әзірлемесі
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы:Қазақстан тәуелсіздік жолында. ҚР мемлекеттік құрылысы.
Мамандығы:0302000 Мейіргер ісі
Курсы: ІІ - 10
Құрастырған:
КосшигуловаС.А.
Әлеуметтік– экономикалықпәндер
ЦӘК отырысындақарастырылды
_________________
ТөрайымыСагимбековаГ.Р.
№___6___хаттама
«__10__»___02____2017ж.
Қарағанды 2017 ж.
Келісілді
Колледж әдіскері
_____________Т.К.Уатаева
Бекітемін
Директордың оқу ісі
бойынша орынбасары
__________С.Ж.Артыкова
«_____»_______2017 ж.
Пәні: Қазақстан тарихы
Тобы: ІІ-10
Тақырыбы: Қазақстан тәуелсіздік жолында. ҚР мемлекеттік құрылысы.
Сабақтың түрі: семинар
Өткізілетін орыны: №19 дәрісхана
Сабаәдісі: сыни тұрғыдан ойлау, СӨЖ, Клил әдісітехнологияларының
элементтері
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің күрделілігі,
бұл мәселені шешудегі жетістіктері мен қиыншылықтары, Тәуелсіз
Қазақстанның мемлекеттік құрылысын талдап, білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімдік: Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің күрделілігі, бұл мәселені
шешудегі жетістіктері мен қиыншылықтары, Тәуелсіз Қазақстанның
саяси,экономикалық,мәдени даму ерекшеліктерін талдап,білімдерін кеңейту.
Дамушылық: Тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап,
тұжырымдай білуге үйрету, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып қажетіне
сай пайдалану дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Халықтың ұлттық сана - сезімінің өсуінің маңызын ашып көрсету
арқылы ұлтжандылыққа, елін сүюге, адамгершілікке, бірлік пен
ынтымақтастыққа баулу және достық сезімдерін тәрбиелеу.
Тақырыптың өзектілігі:
Отандық тарих пен мемлекеттік тіл - Қазақстан қоғамының тәуелсіздікке жету
жолындағы біріктіруші күші. Осы кезеңде қазақ ұлты зиялыларының өкілдері -
Ш. Құдайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты Алаш азаматтары
ақталды. 1989 ж. Тілдер туралы Заң қабылданды. КСРО-ны реформалауға
даярлық үрдісі кезіндегі Новоогоревский келісімінің бұзылуына әсер еткен 1991
ж. 19 тамызындағы өкіметті төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік
комитетінің басып алуы және оның сәтсіздігі. Бұл КСРО-ның ыдырау үдерісіне
алып келіп, Қазақ ССР–ның орнына жаңа егеменді, тәуелсіз мемлекет болып
қалыптасуына әсерін тигізді. Сонымен бірге, жоғарыдағы оқиғалар Қазақстан
компартиясының кезектен тыс съезінің өткізілуі мен таратылуына алып келді.
Қазақ КСР атауыд «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілі. «ҚР мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Кеңестік басқару
жүйесінен тәуелсіз республикада жаңа президенттік басқару жүйесіне ауысты
және жалпыхалықтық алғашқы сайлауында Қазақстан президентін сайлады. Осы
кезеңде даму жолы айқындалып, Н. Ә. Назарбаевтың «ХХІ ғ. табалдырығында»
еңбегі жарық көрді. 1991 ж. одақтық келісім - шарттың күшін жою туралы
Беловеждік келісімімен Орта Азия республикалары мен Қазақстанның
көшбасшыларының Ашхабадтағы кездесуінен кейінгі Алматыда «ТМД құру
туралы хаттамаға» қол қойылды.
Студент білу керек:
Отандық тарих пен мемлекеттік тіл - Қазақстан қоғамын тәуелсіздікке жету
жолында біріктіруші күш. Қазақ ұлтының зиялылары өкілдері Ш. Құдайбердиев,
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т.б. ақталуы (1988 ж.). Тілдер туралы Заң (1989
ж.). Республикадағы президенттік басқару. Қазақ ССР–ның мемлекеттік
егемендігі туралы декларация (1990). Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы.
КСРО реформалауға даярлық. 1991 ж. 19 тамызында өкіметті төтенше жағдайлар
жөніндегі мемлекеттік комитеттің басып алуы. Новоогоревский келісімінің
бұзылуы. Қазақстан компартиясының кезектен тыс съезі, оны тарату. Қазақстан
президентін сайлаудың жалпыхалықтық алғашқы сайлауы. Қазақ КСР атауының
«Қазақстан Республикасы» болып өзгертілуі. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы» Конституциялық заңының қабылдануы (1991 ж.). Даму жолының
айқындалуы. Н. Ә. Назарбаевтың «ХХІ ғ. табалдырығында» еңбегі. Тәуелсіз
мемлекеттер достастығының (ТМД) құрылуы. 1992 ж. Одақтық келісім -
шарттың күшін жою туралы Беловеждік келісім және ТМД құрылуы. Орта Азия
республикалары мен Қазақстанның көшбасшыларының Ашхабадтағы кездесуі.
Посткеңестік тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыдағы кездесуі, «ТМД
құру туралы хаттамаға» қол қоюы. Алматыдағы ТМД құру туралы Декларация
(1991 ж.). Қазақстан Республикасы ТМД-ның интеграциялық процесстерінде.
Қазақстанның ТМД құрамындағы мемлекеттермен бірлесе қызмет жасауы.
Қазақстан-Ресей ара қатынасы.
Студент жасай білуі керек:
Әртүрлі белгілік жүйеде көрсетілген тарихи түсініктерді саралай білу; (мәтін,
карта, кесте, сызбы, аудиовизуалды құралдар); тарихи мәселелер бойынша пікір-
таластарға қатысу; дәлелдеу кезінде тарихи мәліметтерді пайдаланып,
талқыланып жатқан мәселелер бойынша өз көзқарасын қалыптастыру;
Құзыреттілік:
БҚ-2.1. Қоғамдық өмір: қоғамдық өмірге белсенді қатысады.
БҚ-3.2. Топта жұмыс: әртүрлі топта жұмыс істегенде жауапкершілікті көрсетеді.
Пәншілік байланыс: «Қазақ халқының құрылуы. 15-16 ғғ. Қазақ хандығы»,
«Республикадағы әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдай (1985 - 1991
жж.)»
Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, Қазақ әдебиеті
Оқу-әдістемелік жабдықталуы: проектор, ноутбук, коллаж, таратпа
қағаздар
Оқытушыларға арналған әдебиет:
1. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы, 1994.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына
жолдауы. – Алматы, 1997.
4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1999.
5. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы, 2003.
6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы. – Астана, 2006.
7. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007.
Студенттерге арналған әдебиет:
1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2008.
2. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1, 2, 3, 4, 5. ТТ. – Алматы, 1996, 1998, 2002,
2010, 2010.
3. Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін. Оқу құралы. –
Алматы, 1993.
4. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастырукезеңі:
Сәлемдесу.
Студенттердің және дәрісхананың дайындығынтексеру.
Журнал бойыншатүгендеу.
Студенттердің зейінін сабаққа аудару.
Студентердің көңіл-күйін сұрау.
Топтастыру
Бағалау шкаласы туралы түсіндіріп кету. ____________7мин.
II. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
2.1Бейнероликпен жұмыс
Бейнеролик көрсетіледі және оған алдын - ала тапсырмалар беріледі:
1. Бейнероликке тақырып қою
2. Видео мазмұнын беру
Соңында өзім қорытынды жасаймын. «Бізбұл видеоны тектен-тек
көрген жоқпыз. Өздеріңіз айтып өткендей бүгінгі сабақтыңтақырыбы
«Тәуелсіздік жолындағы Қазақстан. ҚР мемлекеттік құрылысы». Және
осы бейнероликте көрсетілген дүниелердіңтөңірегінде жұмыс
жасаймыз.» 10 мин
2.2 Білім деңгейін тексеру.
Құжатпен жұмыс. Бұлжұмыстың барысындаәр топ төменде берілген
тапсырмаларды орындайды. (1 - қосымша).
- 1993 жылғы Конституция мен 1995 жылғы Конституцияны салыстыра
отырып Венн диаграммасы толтыру;
- «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы мемлекеттік құрылысқа байланысты
ақпаратты талдап тұжырымдамалық картажасау;
- Қазақстан– 2030 және Қазақстан - 2050 стратегияларынсалыстыра
отырып Венн диаграммасынтолтыру;
- «100 нақты қадам»ұлт жоспарындағы мемлекеттік құрылысқа
байланысты ақпаратты талдаптұжырымдамалықкартажасау;
- Президенттік және президенттік-парламенттік басқаруформаларын
салыстыра отырып Венн диаграммасынтолтыру. 20 мин.
2.3Аудиороликпен жұмыс. «Келесісіздерге берілетін тапсырма
«аудиороликпенжұмыс» деп аталады.Мына жерден(экранда
көрсетіледі) ұяшықтардытаңдаңыздар. Мұнда алдынала таспаға
жазылғанәр топқа 3 сұрақтанберілген. Мұқият болыңыздар, себебі 1
сұрақ орыс тілінде және 2 мен 3 сұрақтар ағылшынтілінде. Жауапты
кез-келген тілде бере аласыз. (2- қосымша). 8 мин.
2.4 «Сандарсөйлейді» - Ал, құрметті студенттер, келесі тапсырмамыз
«Сандар сөйлейді» депаталады. Алдарыңыздажатқан тәуелсіздіктің
символдары белгіленген қағаздардыңішінде сандар жазылған. Сандар,
әрине сөйлемейді, оны сөйлететін сіздер. Қағаздарыңыздыашып, кезек –
кезек жауап беріңіздер. (3 - қосымша) 10 мин.
2.5 Цензор(қателері бар 10 сөйлемнен тұратын мәтін). 5 топқа дайындалған 5
түрлі мәтін, онда қателермен жұмыс жасау. (4 - қосымша) 8 мин.
2.6 Онлайн экскурсия. СӨЖ. Әр топқа таңдаған тақырыптарынасай
дайындалған суреттердің жиынтығы беріледі. Соларды пайдалана отырып,
студенттер қонақтарға онлайн экскурсия жасаулары керек. 10 мин.
- Мемлекеттілік ( Кесте ретінде басқару формасынкөрсетеді)
- Ұлттық символдар (Ақорда, Стелла, Алтын адам, Мәңгілік ел)
- Бірлік пен тұтастық (АНК, Пирамида, дін сьездері, қазақ құрылтайы)
- Астана (Байтерек, Бейбітшіліе сарайы, ЭКСПО - 2017 ғимараттары)
- Тарихи сабақтастық (қазіргі кездегі ескерткіштер)
2.7 Әр топ «Қазақстанныңтәуелсіздік алуына үлес қосқан ұлы тұлғалар»
тақырыбындабір тұлғаның тәуелсіздікке қосқан үлесін көрсетуүшін
инфографика жасайды. Тұлғаға қатысы бар суреттер шығарылған. Топпен
ақылдаса отырып, тәуелсіздікке қосқанүлестері жайлы әңгімелеп беру
керек.
- І топ - Сырым Датұлы
- II топ - Кенесары хан
- IІІ топ - Ә.Бөкейханов
- IV топ – Д. Қонаев
- V топ - Н.Ә.Назарбаев 10 мин.
ІІІ. Сабақты қорытындылау. Осы сабақтыңтүйіні ретінде студенттер
концепция жасайды. 2 мин.
IV. Бағалау:Сабақтың басындаалдын - ала топтардың алдына пайдалы
әрекеттер коэффиценті таратылады. Олар сабақтың барысында,әр
тапсырмабойынша өз бағаларын қойып, белгілеп отырады. 2 мин.
V. Кері байланыс:
5.1 Алдарыңыздажатқан тәуелсіздіктің символдары белгіленген
қағаздардыңартқы бетіне Қазақстанның патриот азаматы ретінде
еліміздің әрі қарай дамуына қосар үлестеріңіз жайлы 2-3 сөйлем жазып
беріңіздер.
5.2 Және алдарыңыздажатқан гүлдердің ішінен сабақтыңсоңында
сіздің көңіл-күйіңізді сипаттайтын гүлді таңдап, мына себетке
салыңыздар. 2мин.
VI. Үйге тапсырма:Жаңа рефлексия кезінде жаза бастаған ойларыңызды,
пікірлеріңізді жинақтап, толықтырып«Мен Қазақстанның
патриотымындеген тақырыпта» 150 сөздентұратынэссе жазып
келіңіздер. 1мин.
Қосымша - 1
Қазақстан 2030
Бізде бұрын ешқашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі күллі саяси
спектрді көрсететін партиялар жұмыс істейді. Бізде көппартиялы Парламент,
парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар. Негізгі міндеттермен ғана
шектелетін кәсіпқой мемлекет
Бiздiң мiндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшiн оңтайлы болатын
мемлекеттiк қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиiмдi жүйесiн
жасау, басым мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi үкiмет құру; ұлттық
мүдделердiң сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.
Кеңестiк әмiршiлдiк экономика дәуiрiнде мемлекет бастан-аяқ бәрiн
бақылауға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген қайталанатын қызмет
буындары көп ебедейсiз құрылымға айналды. Қалыпты дамыған елдерде кеңес
мемлекетi бақылауына алуға әрекеттенген мiндеттердiң 80 процентi
мемлекеттердiң функциясына жатпайды.
Үкiмет пен жергiлiктi өкiметтi түпкiлiктi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн
жетi негiзгi стратегия принциптерi мынаған саяды:
1. Неғұрлым маңызды бiрнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған
ықшам әрi кәсiпқой Үкiмет.
2. Стратегиялар негiзiндегi iс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын
жұмыс.
3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру.
4. Министрлердiң өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiктерiн, олардың есептiлiгiн
және олардың қызметiне стратегиялық бақылауды арттыру.
5. Министрлiктердiң iшiнде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен
жекеше секторға қарай орталыққа тәуелдiлiктi жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес.
7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерiн жақсарту.
Yкiметтiң тиiмдiлiгi өзара байланысты үш факторға: оның құрылымдық
ұйымына, стратегиялық үйлесiмдiлiгiне және кадрлар даярлығының дәрежесiне
негiзделедi.
Министр мен әкiм кең өкiлеттiктер иеленуге тиiс және солай болуы керек,
алайда, олардың қызметi жоғары тұрған органдарға есептi болуы қажет әрi
ұдайы жасалып отыратын тәптiштеушi бақылау емес, стратегиялық бақылауға
алынуы керек.
Билiктi орталықтан алудың және өкiлеттiктердi өздерi шұғылданатын
объектілерге тiкелей қатысты неғұрлым төменгi деңгейлерге ойыстырудың
қажеттiгi айдан-анық, сонда орталық және өзге мемлекеттiк органдар өзiнiң iс
жүзiнде керектiгiн және пайдалылығын ұдайы дәлелдеуге мәжбүр болады.
Бет-жүзiне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз
күрес жүргiзу қажет. Басқару корпусы батыл тазаруға және жаңаруға тиiс.
Жаңа тұрпатты шенеунiк - өз ұлтының отаншыл әрi әдiл, iсiне адал және
кәсiпқой бiлiктi қызметшiсi болуға тиiс. Мемлекеттiк қызметтiң беделiн биiк
көтеру және қолдап отыру - бiздiң таяу жылдарда шешуге тиiс стратегиялық
мiндетiмiз.
Қазақстан 2050 Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық
демократияны дамыту
Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол
қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай
болуы тиіс.
Бірінші. Бізге Мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре
түсу керек. Қойылатын мақсат – жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде
мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту. Осыған байланысты
Үкіметке беретін тапсырмам:
Менің пайымдауымдағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын
ескере отырып, жұмыста және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық
құжаттарды қайта қарау. Елде Мемлекеттік аудит енгізу тұжырымдамасын
әзірлеп, келесі жылы Парламентке тиісті заң жобасын енгізу. Бізге мемлекеттік
аудиттің ең озық әлемдік тәжірибесі негізінде кешенді жүйе құру қажет. Екінші.
Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек.
Орталықсыздандыру идеясының мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен
қажетті ресурстардыорталықтан өңірлік билік органдарына беру. Біз 2013 жылы
жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде
нақты шаралар қабылдауымыз қажет. Біз селолық әкімдіктерге қосымша
өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз.
Барлығы 2533 әкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және
аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады. Бұл барлық
деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7%-ы! Үкіметке менің Әкімшілігіммен
бірлесіп, қажетті заңнамалық актілер әзірлеуді тездетуді, ал Парламентке
олардың басымдық тәртібімен қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырамын.
Үшінші. Алдымызда, мен бүгін жариялаған қағидаларға сәйкес, халыққа
және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік
аппарат қалыптастыру міндеті тұр.
Біз мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың
жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек.
Ең алдымен мемлекеттік аппарат реформаланатын болады. Мен мемлекеттік
қызметтің жаңа жүйесі туралы Заңға қол қойдым. Ол сыбайлас жемқорлыққа
қарсы шараларды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты
арттыруды, меритократия қағидаларын енгізуді, яғни жақсы кадрларды
ілгерілетуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ
шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол
кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.
Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген
құқықтық нормаларды:
Халықтық егемендік
Мемлекет тәуелсіздігі
Билікті бөлісу принципі
Қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
Сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық
соттар және басқаларды қамтыды.
1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.
1993 жылғы Конституцияда мемлекеттің құқықтық және әлеуметтік бағдары
анықталғанмен, басқару түрі туралы нақты айтылмады. Бұл уақытта
президенттік және парламенттік республиканың екеуінің де белгілері бар еді.
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент
мемлекет басшысы және атқарушы биліктің бірыңғай жүйесі мәртебесіне ие
болды. Мұның ерекшелігі, Қазақстанда Президент мәртебесіне қарай атқарушы
биліктің қызметін атқармайды. Бірақ шын мәнісінде президенттік билік
атқарушы билікке жататын еді. 1993 жылғы Конституция бойынша Үкімет
басшысын, соңдай-ақоныңорынбасарларын,министрлер және ведомствалардың
басшыларын Жоғарғы Кеңестің келісімімен Президент бекітетін.
КонституцияныңқұрылымындаЖоғарғы Кеңес туралы тарау Президент туралы
тараудың алдында тұрды. Бұл жоғарғы өкілеттік органның мемлекеттік сатыдан
жоғары тұрғанын көрсетеді, мұның өзі мемлекеттік иерархияда жоғарғы өкілетті
органныңбелгілі дәрежеде үстемдігін көрсетті. «Мемлекет және онын органдары
мен институттары» атты ережеде Қазақстанның халқының атынан сөйлеу
құқығы тек қана Жоғарғы Кеңес пен Президснтке тән деп көрсетілген.
Экономикалық салада жерді жеке меншікке беруге тыйым салынған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда
қабылданды.
Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның
мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш реет азаматтың
құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас
құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан
Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады,
билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі
мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге
ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі
палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттаржәне сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер.
Конституцияның ерешеліктері:
1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден
114-ке қысқартылды.
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне
араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері
бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық
құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
5.Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін
қорғайды.
6. Республикада қосазаматтыққа жол берілмейді.
Мәңгілік Ел – ұлттық идеясы
Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі
1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру
2. Басқаруды орталықсыздандыру
2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара-
жігін ажырату
2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы
2.3. Ауыл әкімдерін сайлау
3. Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру
З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі
4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа
жүйесі
5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу
6. Жемқорлыққа қарсы күрес
7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау
Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін
қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа
міндеттеріне сай болуы тиіс.
Бірінші. Бізге Мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре
түсу керек.
Қойылатын мақсат – жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік
органдардың жауапкершілігін күшейту. Осыған байланысты Үкіметке беретін
тапсырма:
Менің пайымдауымдағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын
ескере отырып, жұмыста және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық
құжаттарды қайта қарау.
Елде Мемлекеттік аудит енгізу тұжырымдамасын әзірлеп, келесі жылы
Парламентке тиісті заң жобасын енгізу. Бізге мемлекеттік аудиттің ең озық
әлемдік тәжірибесі негізінде кешенді жүйе құру қажет.
Экономикалық стратегияларымыз жүзеге асуы үшін мемлекет дағдарыстық
жағдайларды күні бұрын тиімді түрде біліп, оларға қарсы шара
қолдануы тиіс. Бұл үшін бізге дағдарысқа қарсы әрекет етудің көпдеңгейлі
жүйесін құру қажет.
Бізде ықтимал дағдарыстық жағдайларға арналған стандартты іс-әрекеттер
жиынтығы болуы керек. Бұл, әсіресе, өңірлер үшін маңызды. Ол жүйені әзірлеу
барысында мен айтқан барлық қатерлерді ескеру қажет.
Екінші. Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек.
Орталықсыздандыру идеясының мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен
қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру.
Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында
бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет.
Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және
кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады.
Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен олардың
жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары
арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және
жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек.
Мен Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық,
селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және
азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді.
Біз селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы
ахуалға ықпалын күшейтеміз.
Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға
азаматтардың ықпалын күшейту керек.Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл
әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды
біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз.
Азаматтардың жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік
органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын уақыты туды.
Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп, қажетті заңнамалық актілер
әзірлеуді тездетуді, ал Парламентке олардың басымдықтәртібімен қабылдануын
қамтамасыз етуді тапсырамын.
Біз бүкіл әлеммен бірге өркениетті жолмен жүруге және қоғамның одан әрі
демократиялануына бағыт ұстауға тиіспіз.
Парламенттің өкілеттіктерін күшейту жөніндегі саясатымызды жалғастыру
керек.
Сонымен бірге, орталықсыздандыруға тек жергілікті деңгейде белгілі бір
өкілеттіктер беруге болатын жаңа билік органдарын құру процесі ретінде
қараудың керегі жоқ.
Орталықсыздандыру – ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық
өзгерісі, мәселелерді жергілікті деңгейде шешу жүйесін өзгерту.
Бұл орайда орталықсыздандыру жоғарыдан төмен қарай басқару билігінің
әлсіреуіне, орындаушылық тәртіп мен реттіліктің
төмендеуіне апарып соқтырмауы тиіс. Оған жол беруге болмайды. Жергілікті
жерлерде әкімдер, Үкімет мұны ерекше бақылауда ұстауға тиіс.
Үшінші. Алдымызда, мен бүгін жариялаған қағидаларға сәйкес, халыққа және
мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік
аппарат қалыптастыру міндеті тұр.
Біз мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың
жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек.
Басқарушылық шешімдер мемлекет деңгейінде төмендегідей талаптарға сай
болуы тиіс:
 Тек қысқамерзімді ғана емес, ұзақмерзімді нәтижелерді де есепке алу.
 Басқарушылық шешімнің мультипликативті әсерін есепке алу.
 адал бәсекелестік және кәсіпкерліктің еркіндігі ережелерін қамтамасыз
ету.
 Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерінің екі түрлі
түсіндірілуін болдырмау. Олардың қызметінің заңнамалық тұрғыдан дәл
регламенттелуі.
Жаңа талаптарды ескере отырып, біз әкімшілік реформасының екінші
кезеңін бастап кеттік.
Ең алдымен мемлекеттік аппарат реформаланатын болады. Мен мемлекеттік
қызметтің жаңа жүйесі туралы Заңға қол қойдым.
«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және
соныменбір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің
отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан
мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге
жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.
Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою
емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі
қайта өзгертуге негіз қалайды.
І. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру
1-қадам. Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту. Мемлекеттік
қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс.
2-қадам. Төменгілауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық
өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
4-қадам. 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет
қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі (тиісінше үш айдан кейін
және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).
5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне
байланысты өсіру.
7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбек ақыларына өңірлік
үйлестіру коэффициенттерін қосу
8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін
атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді
міндетті түрде беру.
9-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердітұрақты түрдеоқыту жүйесін заңды түрде
бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.
10-қадам. Мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық
негізге көшу. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі
лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде
жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.
12-қадам. Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа
этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын
енгізу.
14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау
органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қызмет туралы
жаңа заң қабылдау.
15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс
басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби
талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.
V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
93-қадам. Аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарынбағалаудың жаңа жүйесін
енгізу. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін
болады. Мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалау стратегиялық
жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады. «Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау туралы» Заң қабылдау. Есеп комитеті бірінші сыныпты
әлемдік аудиторлық компаниялардың модельдері бойынша жұмыс істейтін
болады және ағымдық операциялық бақылаудан кетеді.
94-қадам. «Ашық үкіметті» енгізу. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды
әзірлеу, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен
қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын
қамтамасыз етеді.
95-қадам. Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық
жоспарлар және аумақтық даму бағдарламаларының маңызды көрсеткіштеріне
қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және
олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу.
Ұлттық ЖОО-лар басшыларының өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс
берушілер, қоғам өкілдері мен БАҚ алдында жылма-жыл есеп берулерін
тәжірибеге енгізу.
96-қадам. Орталық мемлекеттік органдардың статистикалық базалары
мәліметтеріне онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және
топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері,
мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің
сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті
бюджеттің орындалуы туралы есеп жарияланатын болады.
97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы
азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту.
Мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші
ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді
қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі.
99-қадам. Мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің
стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді,
есептерді, мақсатты индикаторларғақол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен
еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын;
бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту.
Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік
шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.
Президенттік басқаруда,әдетте,мемлекеттің де,үкіметтің де басшысы президент
болып саналады.Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін.Ол салтанатты
өкілдігі бар символдық қайраткер.Конституция бойынша оған белгілі бір
құқықтар беріледі.Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа қол
қойылуы керек.Онсыз күші болмайды.
Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен,
не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің
басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын
өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын
жариялай алмайды, ал Президент — Парламентті таратпайды. Президенттің өз
жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы
бар (латын тілінен — «тыйым салу»).
Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына
жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-
Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің
Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа
тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынансаясидағдарыс
болғанда Парламентті тарата алады.
Президенттік – парламенттік басқару формасында республиканың сыйпатына
үкіметтің екі жақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдында және
парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей
халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол
үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі
бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей
министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді.
Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі
бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады.
Н.Ә.Назарбев ҚР Конституциясына 2007ж 16 мамырда түзетулері бар заң
жобасын ұсынды.Онда ол республика моделін президенттіктен президенттік -
парламенттікке өзгертетіні жайлы айтты. Онда қос палатаның депутаттарының
саны көбейтілді. Ал 2017ж 10 наурызда Елбасымыз биліктің тармақтары
арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу жөнінде Конституцияға өзгертулер туралы
заңға қол қойды. Конституцияның 19 бабына 26 өзгеріс енгізілді. Парламенттің
рөлі артты үкіметке дербестік берілді,билік формасымен територия
тұстағы,унитарлық Қазақстанның зайырлылығы туралы айтылды, яғни
демократизацияға қарай көшу жүргізілді.
Қосымша – 2
1) Who is the president of Kazakhstan ?
2) What is the oil city of Kazakhstan?
3) Какая страна одним из первых признала независимость Казахстана?
1) When is the independence day of Kazakhstan?
2) Where is located Astana?
3) В каком году столица Казахстана была переведена с Алматы в Астану?
1) Who is the prime-minister of Kazakhstan?
2) What is the national currency of Kazakhstan?
3) Кто является главнокомандующим ВС Республики Казахстана?
1) What is the capital of Kazakhstan?
2) Who is the author of Kazakhstan᾽s anthem ?
3) Какое место Казахстан занимает по величине терротории?
1) Who is the first president of Kazakhstan ?
2) What is the biggest city of Kazakhstan?
3) В каком городе был возведен памятник основателям казахского ханства
Керею и Жанибеку?
Қосымша – 3
1989 жылғы қыркүйек – « Қазақ КСР-дегітіл туралы Заң» қабылданды.
1989 жыл маусым – Қазақстан Компартиясы ОрталықКомитетінің бірінші
хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша
Мемлекеттік Егемендік туралы декларация қабылданды
1990 жыл 24 сәуір- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты
республиканың алғашқы Президенті етіп сайлады.
1991 жыл- Қазақстан жерінде Семей полигонындағы ядролықжарылыс
тоқтатылды.
1991 жыл 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы егеменді, өз алдына тәуелсіз
мемлекет деп жарияланды.
1991 жыл 2 қазан- Бірінші қазақ Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992жыл 4 маусым – Парламент отырысындаҚазақстанРеспубликасының
мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.
1992 жыл наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып
қабылданды.
1993 жыл 28 қаңтар – Егемен Қазақстанныңтұңғыш Конституциясы
қабылданды.
1993 жыл 12 қараша – « Қазақстан Республикасыныңұлттық валютасын енгізу
туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты.
1995 жыл 9 ақпан –ТМД мемлекеттері басшыларыныңжоғары дәрежелі кездесуі
болды.
1995 жыл 1 наурыз – Қазақстан республикасы Президентінің Қазақстан
халықтарының ассамблеясынқұрутуралы Жарлығы шықты.
1995 жыл 30 тамыз –Қазақстанныңжаңа Конституциясы қабылданды.
1996 жыл 31 қыркүйек – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 129 елдің
қатарында бүкіл жер бетінде ядролыққаруды тараптау жөніндегі шартқа қол
қойды.
1997 жыл – Қазақстанның астанасын Алматыдан Астана қаласына көшірілді
1997 жыл – Республика Президенті Жарлығыменжалпы ұлттық татулық және
саясиқуғын-сүргінқұрбандарынеске алу жылы деп жарияланды.
1998 жыл 10 маусым - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасындағы XXІ ғасырғабағдарланған Мәңгілік достықпен одақтық туралы
Декларацияға қол қойылды.
1999 жыл 21 қаңтар – Астанада Қазақстанхалықтары Ассамблеясыныңсессиясы
болыпөтті.
2001 жыл 2-3 тамыз – Алматыда ядролыққарусызданумәселелеріне арналған
халықаралық конференция болды.
2002 жыл 21 қыркүйек – Көкшетау қаласында Кенесары ханның 200 жылдығы
атап өтілді.
2002 жыл 17-18 қазан – Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы К.
Аннан келіп қайтты.
2003 жыл 23-24 қыркүйек-Астанада әлемдік және дәстүрлідіндер лидерлерінің
бірінші сьездеріболды.
2003 жыл 20 маусым – ҚазақстанРеспубликасыныңЖер Кодекісі бекітілді.
2004 жыл – Қазақстан халық суретшісі Ә. Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы
ЮНЕСКО ауқымында атап өтілді.
2005 жыл қаңтар – Қазақстан мен Ресей шекарасын делимитациялау аяқталды.
2006 жыл 4 сәуір – Мәскеу қаласында Абай ескерткіші салтанатты жағдайда
ашылды.
2007 жыл 28 ақпан - ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «
Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Жолдауы жарияланды.
2008 жыл 7 ақпан – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру– мемлекеттік
саясаттыңбаста мақсаты туралы Президент Н. Ә . Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы.
2009 Республикада ислам банкинг жүйесін енгізуге бағытталған заң жобалары
қабылданып, тиімді қаржы құралдарынқолдануға шарттар жасалынды.
Қазақстан екі онжылдықбойы халықаралық аренада сенімге тұрарлықмемлекет
құрыпкеле жатқандығыменсипатталды.
2010 жылҚазақстанныңЕҚЫҰ-ға төрағалықетуі
2011 жыл кезектен тыс Президент сайлауы. Осы жылы еліміздің тәуелсіздігіне
20 жыл толды
2012 жыл ЛондонОлимпиадасындаҚазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы
командалық есепте 12 орынғаие болды.
2013 жыл НұрОтан партиясыныңжаңа саяси доктринасы қабылданды
2015 жыл Қазақ хандығының550 жылдығы.
2017 жылы 31 қаңтарда Мемелекет басшысы НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев
Қазақстан халқына жолдауын жариялады.
Қосымша – 4
1 – мәтін
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам
жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. Ішкі істер
министірлігінен 1 200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрлігінен 309
адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен
алынды.
Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г. В. Колбин Орталық партия Комитеті
бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады,
мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г. В.
Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып
Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы
құрылған, Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның
барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғашқы рет демократия және
жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндігі үшін көтерген талабы мен ескі
партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетіледі.
Бір ерекше айтып кететін жәйт, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама
органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды,
өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада
орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды.
Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті.
2 – мәтін
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық
партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие
беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғасы Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланады. Бірақ кейіннен
бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы еш уақытта ешуақытта
ұлтшыл болып көрінген емес еді.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық
болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға соның ішінде орыс
халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт
демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ
республиканың және орталықтың партиялық – бюрократиялық құрыоымы
тарапынан ол экстремистік пиғылдығы ұлтшыл жамтар тобының бүлігі деп
бағаланады. Жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды.
Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия
ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін
ашық мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді
жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал детекші
қызметкерлердің өз қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды.
3 – мәтін
Президенттің Семей полигонында ядролық снаққа тиым салуы.Ұлы отан
соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтараға әлеуметтік көмек
көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта құру
жүргізудің өзіндік бір белесі еді.
Қоғамды демократияландыру халықь депутттары Кеңесінің заң шығару
қызметі маңызды рөл атқарады.Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі (1990 ж.сәуір )жетекші орын алады.1990-1991жж. Қабылданған
республика заңдарында әрбір адамның мұұият зертеліп жасалған, құқықтық
және әділеттік процедулар арқылы заң жүзінде бекітлген бостандықтары мен
адамгершілік қаситтерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор
көңіл бөлінеді.Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай республика
заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам
болды.Заңдар Қазақстанның саяси және эканомикалық егемендігіне іс жүзінде
нығайтуға, демократия жолында бүкіл саналы күштерді топтастыруға
бағытталады.Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы
мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің тілегіне жауап беретін еді. Республика
парламентінің қазақ тіліне жауап беретін еді.Республика парламентінің қазақ
тіліне мемлекеттік тіл дәрежесіне берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын»
1986ж. қыркүйек айқында қабылдауы улкен уақиға болды.
Елде іскеасып жатқан демократиялықөзгерістер бұқара халық арасында әр түрлі
көзқарастардың , түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар
саяси партиялар құрылып , олардың кеңінен дамып өрістеуіне жағдай жасалды.
4 – мәтін
1987 жыл өткен жергілікті Кеңестерді сайлау тәжірибесі елдегі
демократияны жаңа жағдайда дамуына үлкен жол ашты. Атап айтқанда, Қазақ
КСР халық депутаттарын сайлау мемлекеттік және қоғамдық өмірде жүріп
жатқан демократияны толық айғағы болды. Елдегі жүріп жатқан саяси
реформаның үшінші кезеңі – республикаларды, өлкелерді, облыстарды,
қалаларды, аудандар мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру еді.
Ондағы негізгі мақсат – бұқара халық өкілдері органдарының рөлін тек
орталықта ғана , сондай – ақ жергілікті жерлерде де көтеру еді. Оны тәжірибе
жүзінде іске асыру үшін партия комитеттерінің бірінші хатшылары халық
депутаттары Кеңесінің төрағаларына ұсынылды. Бірақ мұндай жаңалық өзгеріс
кейбір жерлерде бірдей міндетті еместігі айтылды. Міне, осының нәтижесінде
1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша
Қазақстанда 19 қалалық және аудандық Кеңестерге кондидаттар бөлек- бөлек
сайланды. Жаңа тәртәпке сәйкес 1990 жылғы қазанда Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан партия орталық
комитетінің бірінші хатшысы Қ.И. Сәтпаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы болып сайланды. Осыдан көп кешікпей – ақ Орталықтағы сияқты
біздің республикамызда да президенттік қызмет орыны енгізілді.Сөйтіп, 1992
жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты республиканың
тұңғыш президенті етіп сайлады.
5 - Мәтін
1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда Кеңестерге халық
депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылыды.
Республиканың 19 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында
депутаттыққа кандидат болып 2 270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат
болып сайланы, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және
селолық кеңестерге 6 91 депутат сайланды,ал 1 928 адам резервке кіргізілді.
Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан обылысы еңбеккерлері
арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану институтының зерттеуі
жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады.
Өйткені көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің
қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұхара халықпен кездесу
барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді жан-
жақты таныстыруға мүмкіндік алды.
1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық XIX партия
конференциясында Кеңес қоғамның саяси системасына реформа жүргізу
қажеттігі атап көрсетілді. Оның ең басты мәселе- халық депутаттары
Кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру
көзделді. Конференцияның шешімдеріне сәйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы
мемлекет органдарын қайта құру жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 желтоқсанда
қабылданған « КСРО Конституциясына қосымша өзгерістер енгізу туралы»
және «КСРО халық депутаттарын сайлау» жөніндегі заңдарда өзінің шынайы
көрінісін тапты.

More Related Content

Similar to метод раз

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛssuser16ee1a
 
Ғасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзентіҒасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзентіAuyelbek Mombayev
 
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptxBotaMalgazhdar1
 
Қазақстан мемлекеті. оның құрылымы. Етістік
Қазақстан мемлекеті. оның құрылымы. ЕтістікҚазақстан мемлекеті. оның құрылымы. Етістік
Қазақстан мемлекеті. оның құрылымы. ЕтістікАйбек Қуандықұлы
 
методическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаметодическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаAsem Sarsembayeva
 
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктерKasymbek
 
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмасЕгеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмасАйбек Қуандықұлы
 

Similar to метод раз (15)

Мен - Қазақстан азаматымын
Мен - Қазақстан  азаматымынМен - Қазақстан  азаматымын
Мен - Қазақстан азаматымын
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
 
Halykaralyk katynas
Halykaralyk katynasHalykaralyk katynas
Halykaralyk katynas
 
Ғасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзентіҒасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзенті
 
қазақстан тарихы
қазақстан тарихықазақстан тарихы
қазақстан тарихы
 
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
«Тәуелсіздік тұғырым» презентация сайысы.pptx
 
Қазақстан мемлекеті. оның құрылымы. Етістік
Қазақстан мемлекеті. оның құрылымы. ЕтістікҚазақстан мемлекеті. оның құрылымы. Етістік
Қазақстан мемлекеті. оның құрылымы. Етістік
 
искакова а.а ашық сабақтар
искакова а.а ашық сабақтарискакова а.а ашық сабақтар
искакова а.а ашық сабақтар
 
методическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаметодическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урока
 
1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер1991 2021 жетістіктер
1991 2021 жетістіктер
 
зерттеу жобасы
зерттеу жобасызерттеу жобасы
зерттеу жобасы
 
тмд
тмдтмд
тмд
 
Tarih
TarihTarih
Tarih
 
сабақ
сабақсабақ
сабақ
 
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмасЕгеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
Егеменді болмай –ел болмас,Тәуелсіз болмай –жер болмас
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

метод раз

  • 1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасы Қарағанды қ. медицина колледжі Оқытушылардың оқу - әдістемелік әзірлемесі Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы:Қазақстан тәуелсіздік жолында. ҚР мемлекеттік құрылысы. Мамандығы:0302000 Мейіргер ісі Курсы: ІІ - 10 Құрастырған: КосшигуловаС.А. Әлеуметтік– экономикалықпәндер ЦӘК отырысындақарастырылды _________________ ТөрайымыСагимбековаГ.Р. №___6___хаттама «__10__»___02____2017ж. Қарағанды 2017 ж. Келісілді Колледж әдіскері _____________Т.К.Уатаева Бекітемін Директордың оқу ісі бойынша орынбасары __________С.Ж.Артыкова «_____»_______2017 ж.
  • 2. Пәні: Қазақстан тарихы Тобы: ІІ-10 Тақырыбы: Қазақстан тәуелсіздік жолында. ҚР мемлекеттік құрылысы. Сабақтың түрі: семинар Өткізілетін орыны: №19 дәрісхана Сабаәдісі: сыни тұрғыдан ойлау, СӨЖ, Клил әдісітехнологияларының элементтері Сабақтың мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің күрделілігі, бұл мәселені шешудегі жетістіктері мен қиыншылықтары, Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылысын талдап, білімдерін кеңейту. Міндеттері: Білімдік: Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуінің күрделілігі, бұл мәселені шешудегі жетістіктері мен қиыншылықтары, Тәуелсіз Қазақстанның саяси,экономикалық,мәдени даму ерекшеліктерін талдап,білімдерін кеңейту. Дамушылық: Тарихи оқиғаларды, саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып қажетіне сай пайдалану дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелік: Халықтың ұлттық сана - сезімінің өсуінің маңызын ашып көрсету арқылы ұлтжандылыққа, елін сүюге, адамгершілікке, бірлік пен ынтымақтастыққа баулу және достық сезімдерін тәрбиелеу. Тақырыптың өзектілігі: Отандық тарих пен мемлекеттік тіл - Қазақстан қоғамының тәуелсіздікке жету жолындағы біріктіруші күші. Осы кезеңде қазақ ұлты зиялыларының өкілдері - Ш. Құдайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты Алаш азаматтары ақталды. 1989 ж. Тілдер туралы Заң қабылданды. КСРО-ны реформалауға даярлық үрдісі кезіндегі Новоогоревский келісімінің бұзылуына әсер еткен 1991 ж. 19 тамызындағы өкіметті төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің басып алуы және оның сәтсіздігі. Бұл КСРО-ның ыдырау үдерісіне алып келіп, Қазақ ССР–ның орнына жаңа егеменді, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуына әсерін тигізді. Сонымен бірге, жоғарыдағы оқиғалар Қазақстан компартиясының кезектен тыс съезінің өткізілуі мен таратылуына алып келді. Қазақ КСР атауыд «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілі. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Кеңестік басқару жүйесінен тәуелсіз республикада жаңа президенттік басқару жүйесіне ауысты және жалпыхалықтық алғашқы сайлауында Қазақстан президентін сайлады. Осы кезеңде даму жолы айқындалып, Н. Ә. Назарбаевтың «ХХІ ғ. табалдырығында» еңбегі жарық көрді. 1991 ж. одақтық келісім - шарттың күшін жою туралы Беловеждік келісімімен Орта Азия республикалары мен Қазақстанның көшбасшыларының Ашхабадтағы кездесуінен кейінгі Алматыда «ТМД құру туралы хаттамаға» қол қойылды. Студент білу керек: Отандық тарих пен мемлекеттік тіл - Қазақстан қоғамын тәуелсіздікке жету жолында біріктіруші күш. Қазақ ұлтының зиялылары өкілдері Ш. Құдайбердиев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов т.б. ақталуы (1988 ж.). Тілдер туралы Заң (1989 ж.). Республикадағы президенттік басқару. Қазақ ССР–ның мемлекеттік егемендігі туралы декларация (1990). Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы. КСРО реформалауға даярлық. 1991 ж. 19 тамызында өкіметті төтенше жағдайлар
  • 3. жөніндегі мемлекеттік комитеттің басып алуы. Новоогоревский келісімінің бұзылуы. Қазақстан компартиясының кезектен тыс съезі, оны тарату. Қазақстан президентін сайлаудың жалпыхалықтық алғашқы сайлауы. Қазақ КСР атауының «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілуі. «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңының қабылдануы (1991 ж.). Даму жолының айқындалуы. Н. Ә. Назарбаевтың «ХХІ ғ. табалдырығында» еңбегі. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) құрылуы. 1992 ж. Одақтық келісім - шарттың күшін жою туралы Беловеждік келісім және ТМД құрылуы. Орта Азия республикалары мен Қазақстанның көшбасшыларының Ашхабадтағы кездесуі. Посткеңестік тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыдағы кездесуі, «ТМД құру туралы хаттамаға» қол қоюы. Алматыдағы ТМД құру туралы Декларация (1991 ж.). Қазақстан Республикасы ТМД-ның интеграциялық процесстерінде. Қазақстанның ТМД құрамындағы мемлекеттермен бірлесе қызмет жасауы. Қазақстан-Ресей ара қатынасы. Студент жасай білуі керек: Әртүрлі белгілік жүйеде көрсетілген тарихи түсініктерді саралай білу; (мәтін, карта, кесте, сызбы, аудиовизуалды құралдар); тарихи мәселелер бойынша пікір- таластарға қатысу; дәлелдеу кезінде тарихи мәліметтерді пайдаланып, талқыланып жатқан мәселелер бойынша өз көзқарасын қалыптастыру; Құзыреттілік: БҚ-2.1. Қоғамдық өмір: қоғамдық өмірге белсенді қатысады. БҚ-3.2. Топта жұмыс: әртүрлі топта жұмыс істегенде жауапкершілікті көрсетеді. Пәншілік байланыс: «Қазақ халқының құрылуы. 15-16 ғғ. Қазақ хандығы», «Республикадағы әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдай (1985 - 1991 жж.)» Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, Қазақ әдебиеті Оқу-әдістемелік жабдықталуы: проектор, ноутбук, коллаж, таратпа қағаздар Оқытушыларға арналған әдебиет: 1. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы, 1994. 2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995. 3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1997. 4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1999. 5. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы, 2003. 6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. – Астана, 2006. 7. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2007. Студенттерге арналған әдебиет: 1. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2008. 2. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1, 2, 3, 4, 5. ТТ. – Алматы, 1996, 1998, 2002, 2010, 2010. 3. Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін. Оқу құралы. – Алматы, 1993. 4. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005.
  • 4. Сабақтың барысы I. Ұйымдастырукезеңі: Сәлемдесу. Студенттердің және дәрісхананың дайындығынтексеру. Журнал бойыншатүгендеу. Студенттердің зейінін сабаққа аудару. Студентердің көңіл-күйін сұрау. Топтастыру Бағалау шкаласы туралы түсіндіріп кету. ____________7мин. II. Студенттердің өзіндік жұмыстары. 2.1Бейнероликпен жұмыс Бейнеролик көрсетіледі және оған алдын - ала тапсырмалар беріледі: 1. Бейнероликке тақырып қою 2. Видео мазмұнын беру Соңында өзім қорытынды жасаймын. «Бізбұл видеоны тектен-тек көрген жоқпыз. Өздеріңіз айтып өткендей бүгінгі сабақтыңтақырыбы «Тәуелсіздік жолындағы Қазақстан. ҚР мемлекеттік құрылысы». Және осы бейнероликте көрсетілген дүниелердіңтөңірегінде жұмыс жасаймыз.» 10 мин 2.2 Білім деңгейін тексеру. Құжатпен жұмыс. Бұлжұмыстың барысындаәр топ төменде берілген тапсырмаларды орындайды. (1 - қосымша). - 1993 жылғы Конституция мен 1995 жылғы Конституцияны салыстыра отырып Венн диаграммасы толтыру; - «Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы мемлекеттік құрылысқа байланысты ақпаратты талдап тұжырымдамалық картажасау; - Қазақстан– 2030 және Қазақстан - 2050 стратегияларынсалыстыра отырып Венн диаграммасынтолтыру; - «100 нақты қадам»ұлт жоспарындағы мемлекеттік құрылысқа байланысты ақпаратты талдаптұжырымдамалықкартажасау; - Президенттік және президенттік-парламенттік басқаруформаларын салыстыра отырып Венн диаграммасынтолтыру. 20 мин. 2.3Аудиороликпен жұмыс. «Келесісіздерге берілетін тапсырма «аудиороликпенжұмыс» деп аталады.Мына жерден(экранда көрсетіледі) ұяшықтардытаңдаңыздар. Мұнда алдынала таспаға жазылғанәр топқа 3 сұрақтанберілген. Мұқият болыңыздар, себебі 1 сұрақ орыс тілінде және 2 мен 3 сұрақтар ағылшынтілінде. Жауапты кез-келген тілде бере аласыз. (2- қосымша). 8 мин. 2.4 «Сандарсөйлейді» - Ал, құрметті студенттер, келесі тапсырмамыз «Сандар сөйлейді» депаталады. Алдарыңыздажатқан тәуелсіздіктің символдары белгіленген қағаздардыңішінде сандар жазылған. Сандар, әрине сөйлемейді, оны сөйлететін сіздер. Қағаздарыңыздыашып, кезек – кезек жауап беріңіздер. (3 - қосымша) 10 мин.
  • 5. 2.5 Цензор(қателері бар 10 сөйлемнен тұратын мәтін). 5 топқа дайындалған 5 түрлі мәтін, онда қателермен жұмыс жасау. (4 - қосымша) 8 мин. 2.6 Онлайн экскурсия. СӨЖ. Әр топқа таңдаған тақырыптарынасай дайындалған суреттердің жиынтығы беріледі. Соларды пайдалана отырып, студенттер қонақтарға онлайн экскурсия жасаулары керек. 10 мин. - Мемлекеттілік ( Кесте ретінде басқару формасынкөрсетеді) - Ұлттық символдар (Ақорда, Стелла, Алтын адам, Мәңгілік ел) - Бірлік пен тұтастық (АНК, Пирамида, дін сьездері, қазақ құрылтайы) - Астана (Байтерек, Бейбітшіліе сарайы, ЭКСПО - 2017 ғимараттары) - Тарихи сабақтастық (қазіргі кездегі ескерткіштер) 2.7 Әр топ «Қазақстанныңтәуелсіздік алуына үлес қосқан ұлы тұлғалар» тақырыбындабір тұлғаның тәуелсіздікке қосқан үлесін көрсетуүшін инфографика жасайды. Тұлғаға қатысы бар суреттер шығарылған. Топпен ақылдаса отырып, тәуелсіздікке қосқанүлестері жайлы әңгімелеп беру керек. - І топ - Сырым Датұлы - II топ - Кенесары хан - IІІ топ - Ә.Бөкейханов - IV топ – Д. Қонаев - V топ - Н.Ә.Назарбаев 10 мин. ІІІ. Сабақты қорытындылау. Осы сабақтыңтүйіні ретінде студенттер концепция жасайды. 2 мин. IV. Бағалау:Сабақтың басындаалдын - ала топтардың алдына пайдалы әрекеттер коэффиценті таратылады. Олар сабақтың барысында,әр тапсырмабойынша өз бағаларын қойып, белгілеп отырады. 2 мин. V. Кері байланыс: 5.1 Алдарыңыздажатқан тәуелсіздіктің символдары белгіленген қағаздардыңартқы бетіне Қазақстанның патриот азаматы ретінде еліміздің әрі қарай дамуына қосар үлестеріңіз жайлы 2-3 сөйлем жазып беріңіздер. 5.2 Және алдарыңыздажатқан гүлдердің ішінен сабақтыңсоңында сіздің көңіл-күйіңізді сипаттайтын гүлді таңдап, мына себетке салыңыздар. 2мин. VI. Үйге тапсырма:Жаңа рефлексия кезінде жаза бастаған ойларыңызды, пікірлеріңізді жинақтап, толықтырып«Мен Қазақстанның патриотымындеген тақырыпта» 150 сөздентұратынэссе жазып келіңіздер. 1мин.
  • 6. Қосымша - 1 Қазақстан 2030 Бізде бұрын ешқашан көппартиялылық болмаса, қазір еліміздегі күллі саяси спектрді көрсететін партиялар жұмыс істейді. Бізде көппартиялы Парламент, парламенттік көпшілік қолдаған Үкімет бар. Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәсіпқой мемлекет Бiздiң мiндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшiн оңтайлы болатын мемлекеттiк қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы, тиiмдi жүйесiн жасау, басым мақсаттарды iске асыруға қабiлеттi үкiмет құру; ұлттық мүдделердiң сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру. Кеңестiк әмiршiлдiк экономика дәуiрiнде мемлекет бастан-аяқ бәрiн бақылауға тырысты. Соның салдарынан ол көптеген қайталанатын қызмет буындары көп ебедейсiз құрылымға айналды. Қалыпты дамыған елдерде кеңес мемлекетi бақылауына алуға әрекеттенген мiндеттердiң 80 процентi мемлекеттердiң функциясына жатпайды. Үкiмет пен жергiлiктi өкiметтi түпкiлiктi қалыптастыруға мүмкiндiк беретiн жетi негiзгi стратегия принциптерi мынаған саяды: 1. Неғұрлым маңызды бiрнеше функцияларды ғана орындауға жұмылған ықшам әрi кәсiпқой Үкiмет. 2. Стратегиялар негiзiндегi iс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс. 3. Нақтылы жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіру. 4. Министрлердiң өкiлеттiктерi мен жауапкершiлiктерiн, олардың есептiлiгiн және олардың қызметiне стратегиялық бақылауды арттыру. 5. Министрлiктердiң iшiнде, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жекеше секторға қарай орталыққа тәуелдiлiктi жою. 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да ымырасыз күрес. 7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерiн жақсарту. Yкiметтiң тиiмдiлiгi өзара байланысты үш факторға: оның құрылымдық ұйымына, стратегиялық үйлесiмдiлiгiне және кадрлар даярлығының дәрежесiне негiзделедi. Министр мен әкiм кең өкiлеттiктер иеленуге тиiс және солай болуы керек, алайда, олардың қызметi жоғары тұрған органдарға есептi болуы қажет әрi ұдайы жасалып отыратын тәптiштеушi бақылау емес, стратегиялық бақылауға алынуы керек. Билiктi орталықтан алудың және өкiлеттiктердi өздерi шұғылданатын объектілерге тiкелей қатысты неғұрлым төменгi деңгейлерге ойыстырудың қажеттiгi айдан-анық, сонда орталық және өзге мемлекеттiк органдар өзiнiң iс жүзiнде керектiгiн және пайдалылығын ұдайы дәлелдеуге мәжбүр болады. Бет-жүзiне, лауазымына қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргiзу қажет. Басқару корпусы батыл тазаруға және жаңаруға тиiс. Жаңа тұрпатты шенеунiк - өз ұлтының отаншыл әрi әдiл, iсiне адал және кәсiпқой бiлiктi қызметшiсi болуға тиiс. Мемлекеттiк қызметтiң беделiн биiк көтеру және қолдап отыру - бiздiң таяу жылдарда шешуге тиiс стратегиялық мiндетiмiз.
  • 7. Қазақстан 2050 Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс. Бірінші. Бізге Мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу керек. Қойылатын мақсат – жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту. Осыған байланысты Үкіметке беретін тапсырмам: Менің пайымдауымдағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын ескере отырып, жұмыста және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық құжаттарды қайта қарау. Елде Мемлекеттік аудит енгізу тұжырымдамасын әзірлеп, келесі жылы Парламентке тиісті заң жобасын енгізу. Бізге мемлекеттік аудиттің ең озық әлемдік тәжірибесі негізінде кешенді жүйе құру қажет. Екінші. Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек. Орталықсыздандыру идеясының мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстардыорталықтан өңірлік билік органдарына беру. Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет. Біз селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз. Барлығы 2533 әкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар 50 қаланың әкімі сайланатын болады. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7%-ы! Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп, қажетті заңнамалық актілер әзірлеуді тездетуді, ал Парламентке олардың басымдық тәртібімен қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырамын. Үшінші. Алдымызда, мен бүгін жариялаған қағидаларға сәйкес, халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұр. Біз мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек. Ең алдымен мемлекеттік аппарат реформаланатын болады. Мен мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы Заңға қол қойдым. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуді, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтықты арттыруды, меритократия қағидаларын енгізуді, яғни жақсы кадрларды ілгерілетуді қамтамасыз етеді.
  • 8. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды: Халықтық егемендік Мемлекет тәуелсіздігі Билікті бөлісу принципі Қазақ тілін мемлекеттік деп тану Президентті мемлекет басшысы деп тану Сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды. 1993 жылғы Конституцияда мемлекеттің құқықтық және әлеуметтік бағдары анықталғанмен, басқару түрі туралы нақты айтылмады. Бұл уақытта президенттік және парламенттік республиканың екеуінің де белгілері бар еді. 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің бірыңғай жүйесі мәртебесіне ие болды. Мұның ерекшелігі, Қазақстанда Президент мәртебесіне қарай атқарушы биліктің қызметін атқармайды. Бірақ шын мәнісінде президенттік билік атқарушы билікке жататын еді. 1993 жылғы Конституция бойынша Үкімет басшысын, соңдай-ақоныңорынбасарларын,министрлер және ведомствалардың басшыларын Жоғарғы Кеңестің келісімімен Президент бекітетін. КонституцияныңқұрылымындаЖоғарғы Кеңес туралы тарау Президент туралы тараудың алдында тұрды. Бұл жоғарғы өкілеттік органның мемлекеттік сатыдан жоғары тұрғанын көрсетеді, мұның өзі мемлекеттік иерархияда жоғарғы өкілетті органныңбелгілі дәрежеде үстемдігін көрсетті. «Мемлекет және онын органдары мен институттары» атты ережеде Қазақстанның халқының атынан сөйлеу құқығы тек қана Жоғарғы Кеңес пен Президснтке тән деп көрсетілген. Экономикалық салада жерді жеке меншікке беруге тыйым салынған.
  • 9. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш реет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді. Конституция құрылымы I бөлім. Жалпы ережелер II бөлім. Адам және азамат III бөлім. Президент IV бөлім. Парламент V бөлім. Үкімет VI бөлім. Конституциялық кеңес VII бөлім. Соттаржәне сот төрелігі VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер. Конституцияның ерешеліктері: 1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды. 2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды. 3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады. 4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді. 5.Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін қорғайды. 6. Республикада қосазаматтыққа жол берілмейді.
  • 10. Мәңгілік Ел – ұлттық идеясы Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту 1. Мемлекетті басқарудың жаңа типі 1.1. Мемлекеттік жоспарлау мен болжау жүйесін жетілдіру 2. Басқаруды орталықсыздандыру 2.1. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттіктердің ара- жігін ажырату 2.2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы 2.3. Ауыл әкімдерін сайлау 3. Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру З.1. Әкімшілік реформаның екінші кезеңі 4. Бизнес қауымдастық пен мемлекеттік аппараттың өзара іс-қимылының жаңа жүйесі 5.Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік принципін енгізу 6. Жемқорлыққа қарсы күрес 7. Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс. Бірінші. Бізге Мемлекеттік жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіре түсу керек. Қойылатын мақсат – жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту. Осыған байланысты Үкіметке беретін тапсырма: Менің пайымдауымдағы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын ескере отырып, жұмыста және өмірде еліміз басшылыққа алатын стратегиялық құжаттарды қайта қарау. Елде Мемлекеттік аудит енгізу тұжырымдамасын әзірлеп, келесі жылы Парламентке тиісті заң жобасын енгізу. Бізге мемлекеттік аудиттің ең озық әлемдік тәжірибесі негізінде кешенді жүйе құру қажет. Экономикалық стратегияларымыз жүзеге асуы үшін мемлекет дағдарыстық жағдайларды күні бұрын тиімді түрде біліп, оларға қарсы шара қолдануы тиіс. Бұл үшін бізге дағдарысқа қарсы әрекет етудің көпдеңгейлі жүйесін құру қажет. Бізде ықтимал дағдарыстық жағдайларға арналған стандартты іс-әрекеттер жиынтығы болуы керек. Бұл, әсіресе, өңірлер үшін маңызды. Ол жүйені әзірлеу барысында мен айтқан барлық қатерлерді ескеру қажет. Екінші. Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек. Орталықсыздандыру идеясының мәні – шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру. Біз 2013 жылы жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдауымыз қажет. Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылатын болады. Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен олардың жүзеге асырылуына тікелей қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары
  • 11. арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек. Мен Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Біз селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз. Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық бақылауды, жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек.Сондықтан мен мәслихат арқылы ауыл әкімдерінің сайланбалылығын енгізу туралы шешім қабылдадым. Сайлауды біз 2013 жылдың өзінде-ақ бастаймыз. Азаматтардың жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын уақыты туды. Үкіметке менің Әкімшілігіммен бірлесіп, қажетті заңнамалық актілер әзірлеуді тездетуді, ал Парламентке олардың басымдықтәртібімен қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырамын. Біз бүкіл әлеммен бірге өркениетті жолмен жүруге және қоғамның одан әрі демократиялануына бағыт ұстауға тиіспіз. Парламенттің өкілеттіктерін күшейту жөніндегі саясатымызды жалғастыру керек. Сонымен бірге, орталықсыздандыруға тек жергілікті деңгейде белгілі бір өкілеттіктер беруге болатын жаңа билік органдарын құру процесі ретінде қараудың керегі жоқ. Орталықсыздандыру – ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісі, мәселелерді жергілікті деңгейде шешу жүйесін өзгерту. Бұл орайда орталықсыздандыру жоғарыдан төмен қарай басқару билігінің әлсіреуіне, орындаушылық тәртіп мен реттіліктің төмендеуіне апарып соқтырмауы тиіс. Оған жол беруге болмайды. Жергілікті жерлерде әкімдер, Үкімет мұны ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Үшінші. Алдымызда, мен бүгін жариялаған қағидаларға сәйкес, халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндеті тұр. Біз мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек. Басқарушылық шешімдер мемлекет деңгейінде төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:  Тек қысқамерзімді ғана емес, ұзақмерзімді нәтижелерді де есепке алу.  Басқарушылық шешімнің мультипликативті әсерін есепке алу.  адал бәсекелестік және кәсіпкерліктің еркіндігі ережелерін қамтамасыз ету.  Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерінің екі түрлі түсіндірілуін болдырмау. Олардың қызметінің заңнамалық тұрғыдан дәл регламенттелуі. Жаңа талаптарды ескере отырып, біз әкімшілік реформасының екінші кезеңін бастап кеттік. Ең алдымен мемлекеттік аппарат реформаланатын болады. Мен мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі туралы Заңға қол қойдым.
  • 12. «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және соныменбір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды. І. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру 1-қадам. Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс. 2-қадам. Төменгілауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс. 4-қадам. 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау). 5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру. 7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбек ақыларына өңірлік үйлестіру коэффициенттерін қосу 8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру. 9-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердітұрақты түрдеоқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру. 10-қадам. Мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту. 12-қадам. Жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу. 14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау. 15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу. V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 93-қадам. Аудит пен мемлекеттік аппарат жұмыстарынбағалаудың жаңа жүйесін енгізу. Мемлекеттік бағдарламаларды бағалау үш жылда бір рет жүргізілетін болады. Мемлекеттік органдардың нәтижелілігін бағалау стратегиялық жоспарлар бойынша жылма-жыл жүзеге асырылады. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң қабылдау. Есеп комитеті бірінші сыныпты әлемдік аудиторлық компаниялардың модельдері бойынша жұмыс істейтін болады және ағымдық операциялық бақылаудан кетеді.
  • 13. 94-қадам. «Ашық үкіметті» енгізу. Ақпаратқа қолжетімділік туралы заңды әзірлеу, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді. 95-қадам. Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында стратегиялық жоспарлар және аумақтық даму бағдарламаларының маңызды көрсеткіштеріне қол жеткізілгендігі туралы жыл сайынғы ашық баяндамалар жасауларын және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу. Ұлттық ЖОО-лар басшыларының өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс берушілер, қоғам өкілдері мен БАҚ алдында жылма-жыл есеп берулерін тәжірибеге енгізу. 96-қадам. Орталық мемлекеттік органдардың статистикалық базалары мәліметтеріне онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп жарияланатын болады. 97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі. 99-қадам. Мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестердің стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларғақол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. Қоғамдық кеңестердің өкілеттіктері мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру.
  • 14. Президенттік басқаруда,әдетте,мемлекеттің де,үкіметтің де басшысы президент болып саналады.Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін.Ол салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер.Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі.Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа қол қойылуы керек.Онсыз күші болмайды. Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент — Парламентті таратпайды. Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен — «тыйым салу»). Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер- Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынансаясидағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. Президенттік – парламенттік басқару формасында республиканың сыйпатына үкіметтің екі жақты жауапкершілігі жатады – президенттің алдында және парламенттің алдында. Мұндай республикада президент және парламент тікелей халықпен сайланады. Мемлекеттің басшысы Президент болып есептеледі. Ол үкіметтің басшысын және министрлерді саяси күштердің парламенттегі бөлінуіне байланысты тағайындайды. Мемлекет басшысы, әдеттегідей министрлер кабинетінің отырысында төрелік құрып, оның шешімін бекітеді. Парламент, үкіметті жылдағы бюджетті бекіту жолымен тексеруге мүмкіндігі бар оған қосымша үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауға да болады. Н.Ә.Назарбев ҚР Конституциясына 2007ж 16 мамырда түзетулері бар заң жобасын ұсынды.Онда ол республика моделін президенттіктен президенттік - парламенттікке өзгертетіні жайлы айтты. Онда қос палатаның депутаттарының саны көбейтілді. Ал 2017ж 10 наурызда Елбасымыз биліктің тармақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу жөнінде Конституцияға өзгертулер туралы заңға қол қойды. Конституцияның 19 бабына 26 өзгеріс енгізілді. Парламенттің рөлі артты үкіметке дербестік берілді,билік формасымен територия тұстағы,унитарлық Қазақстанның зайырлылығы туралы айтылды, яғни демократизацияға қарай көшу жүргізілді.
  • 15. Қосымша – 2 1) Who is the president of Kazakhstan ? 2) What is the oil city of Kazakhstan? 3) Какая страна одним из первых признала независимость Казахстана? 1) When is the independence day of Kazakhstan? 2) Where is located Astana? 3) В каком году столица Казахстана была переведена с Алматы в Астану? 1) Who is the prime-minister of Kazakhstan? 2) What is the national currency of Kazakhstan? 3) Кто является главнокомандующим ВС Республики Казахстана? 1) What is the capital of Kazakhstan? 2) Who is the author of Kazakhstan᾽s anthem ? 3) Какое место Казахстан занимает по величине терротории? 1) Who is the first president of Kazakhstan ? 2) What is the biggest city of Kazakhstan? 3) В каком городе был возведен памятник основателям казахского ханства Керею и Жанибеку?
  • 16. Қосымша – 3 1989 жылғы қыркүйек – « Қазақ КСР-дегітіл туралы Заң» қабылданды. 1989 жыл маусым – Қазақстан Компартиясы ОрталықКомитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша Мемлекеттік Егемендік туралы декларация қабылданды 1990 жыл 24 сәуір- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты республиканың алғашқы Президенті етіп сайлады. 1991 жыл- Қазақстан жерінде Семей полигонындағы ядролықжарылыс тоқтатылды. 1991 жыл 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы егеменді, өз алдына тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. 1991 жыл 2 қазан- Бірінші қазақ Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1992жыл 4 маусым – Парламент отырысындаҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. 1992 жыл наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. 1993 жыл 28 қаңтар – Егемен Қазақстанныңтұңғыш Конституциясы қабылданды. 1993 жыл 12 қараша – « Қазақстан Республикасыныңұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты. 1995 жыл 9 ақпан –ТМД мемлекеттері басшыларыныңжоғары дәрежелі кездесуі болды. 1995 жыл 1 наурыз – Қазақстан республикасы Президентінің Қазақстан халықтарының ассамблеясынқұрутуралы Жарлығы шықты. 1995 жыл 30 тамыз –Қазақстанныңжаңа Конституциясы қабылданды. 1996 жыл 31 қыркүйек – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 129 елдің қатарында бүкіл жер бетінде ядролыққаруды тараптау жөніндегі шартқа қол қойды. 1997 жыл – Қазақстанның астанасын Алматыдан Астана қаласына көшірілді 1997 жыл – Республика Президенті Жарлығыменжалпы ұлттық татулық және саясиқуғын-сүргінқұрбандарынеске алу жылы деп жарияланды. 1998 жыл 10 маусым - Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXІ ғасырғабағдарланған Мәңгілік достықпен одақтық туралы Декларацияға қол қойылды. 1999 жыл 21 қаңтар – Астанада Қазақстанхалықтары Ассамблеясыныңсессиясы болыпөтті. 2001 жыл 2-3 тамыз – Алматыда ядролыққарусызданумәселелеріне арналған халықаралық конференция болды. 2002 жыл 21 қыркүйек – Көкшетау қаласында Кенесары ханның 200 жылдығы атап өтілді. 2002 жыл 17-18 қазан – Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы К. Аннан келіп қайтты. 2003 жыл 23-24 қыркүйек-Астанада әлемдік және дәстүрлідіндер лидерлерінің бірінші сьездеріболды. 2003 жыл 20 маусым – ҚазақстанРеспубликасыныңЖер Кодекісі бекітілді.
  • 17. 2004 жыл – Қазақстан халық суретшісі Ә. Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО ауқымында атап өтілді. 2005 жыл қаңтар – Қазақстан мен Ресей шекарасын делимитациялау аяқталды. 2006 жыл 4 сәуір – Мәскеу қаласында Абай ескерткіші салтанатты жағдайда ашылды. 2007 жыл 28 ақпан - ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына « Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Жолдауы жарияланды. 2008 жыл 7 ақпан – Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру– мемлекеттік саясаттыңбаста мақсаты туралы Президент Н. Ә . Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2009 Республикада ислам банкинг жүйесін енгізуге бағытталған заң жобалары қабылданып, тиімді қаржы құралдарынқолдануға шарттар жасалынды. Қазақстан екі онжылдықбойы халықаралық аренада сенімге тұрарлықмемлекет құрыпкеле жатқандығыменсипатталды. 2010 жылҚазақстанныңЕҚЫҰ-ға төрағалықетуі 2011 жыл кезектен тыс Президент сайлауы. Осы жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды 2012 жыл ЛондонОлимпиадасындаҚазақстан құрамасы 7 алтын алып, жалпы командалық есепте 12 орынғаие болды. 2013 жыл НұрОтан партиясыныңжаңа саяси доктринасы қабылданды 2015 жыл Қазақ хандығының550 жылдығы. 2017 жылы 31 қаңтарда Мемелекет басшысы НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады.
  • 18. Қосымша – 4 1 – мәтін Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. Ішкі істер министірлігінен 1 200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г. В. Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді көп жағдайда өз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г. В. Колбин Халықтық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Мәселені әрі қарай тексеру үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған, Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғашқы рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндігі үшін көтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып көрсетіледі. Бір ерекше айтып кететін жәйт, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. 2 – мәтін 1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы Қазақстандағы ұлтшылдықтың көрінісі деп бағаланады. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Өйткені қазақ халқы еш уақытта ешуақытта ұлтшыл болып көрінген емес еді. Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемлекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық – бюрократиялық құрыоымы тарапынан ол экстремистік пиғылдығы ұлтшыл жамтар тобының бүлігі деп бағаланады. Жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды. Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, өздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал детекші қызметкерлердің өз қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды.
  • 19. 3 – мәтін Президенттің Семей полигонында ядролық снаққа тиым салуы.Ұлы отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтараға әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта құру жүргізудің өзіндік бір белесі еді. Қоғамды демократияландыру халықь депутттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөл атқарады.Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі (1990 ж.сәуір )жетекші орын алады.1990-1991жж. Қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұұият зертеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедулар арқылы заң жүзінде бекітлген бостандықтары мен адамгершілік қаситтерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінеді.Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды.Заңдар Қазақстанның саяси және эканомикалық егемендігіне іс жүзінде нығайтуға, демократия жолында бүкіл саналы күштерді топтастыруға бағытталады.Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республиканы мекендейтін барлық ұлттар өкілдерінің тілегіне жауап беретін еді. Республика парламентінің қазақ тіліне жауап беретін еді.Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесіне берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын» 1986ж. қыркүйек айқында қабылдауы улкен уақиға болды. Елде іскеасып жатқан демократиялықөзгерістер бұқара халық арасында әр түрлі көзқарастардың , түрлі қоғамдық пікірлердің ашық айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып , олардың кеңінен дамып өрістеуіне жағдай жасалды. 4 – мәтін 1987 жыл өткен жергілікті Кеңестерді сайлау тәжірибесі елдегі демократияны жаңа жағдайда дамуына үлкен жол ашты. Атап айтқанда, Қазақ КСР халық депутаттарын сайлау мемлекеттік және қоғамдық өмірде жүріп жатқан демократияны толық айғағы болды. Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның үшінші кезеңі – республикаларды, өлкелерді, облыстарды, қалаларды, аудандар мен округтерді басқарудың жаңа жүйесін құру еді. Ондағы негізгі мақсат – бұқара халық өкілдері органдарының рөлін тек орталықта ғана , сондай – ақ жергілікті жерлерде де көтеру еді. Оны тәжірибе жүзінде іске асыру үшін партия комитеттерінің бірінші хатшылары халық депутаттары Кеңесінің төрағаларына ұсынылды. Бірақ мұндай жаңалық өзгеріс кейбір жерлерде бірдей міндетті еместігі айтылды. Міне, осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша Қазақстанда 19 қалалық және аудандық Кеңестерге кондидаттар бөлек- бөлек сайланды. Жаңа тәртәпке сәйкес 1990 жылғы қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан партия орталық комитетінің бірінші хатшысы Қ.И. Сәтпаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осыдан көп кешікпей – ақ Орталықтағы сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет орыны енгізілді.Сөйтіп, 1992 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Н. Ә. Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады.
  • 20. 5 - Мәтін 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда Кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске асырылыды. Республиканың 19 ауданында көп мандатты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2 270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланы, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық кеңестерге 6 91 депутат сайланды,ал 1 928 адам резервке кіргізілді. Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан обылысы еңбеккерлері арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану институтының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұхара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді жан- жақты таныстыруға мүмкіндік алды. 1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық XIX партия конференциясында Кеңес қоғамның саяси системасына реформа жүргізу қажеттігі атап көрсетілді. Оның ең басты мәселе- халық депутаттары Кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру көзделді. Конференцияның шешімдеріне сәйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы мемлекет органдарын қайта құру жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған « КСРО Конституциясына қосымша өзгерістер енгізу туралы» және «КСРО халық депутаттарын сайлау» жөніндегі заңдарда өзінің шынайы көрінісін тапты.