SlideShare a Scribd company logo
1 of 7
Қазақ тілі пәнінен «Сан есім. Тәуелсіз Қазақстан»
тақырыбында өткізілген сабақтың әдістемелік әзірлемесі
ҚайырбековаАйни Тенкеевна,
жоғары санатты оқытушы
Экономика, технология және
тамақ өндірісін стандарттау колледжі,
Астана қ.
Сабақтың тақырыбы:
Сан есім. Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: санесіммен таныстыруарқылы алған білімдерін пысықтау, теориялық
ұғымдарын меңгерту;
Дамытушылық:тапсырмалар арқылы студенттердің есте сақтау, өз бетінше ойлауды,
өзіндік пікір айтуды дамыту;
Тәрбиелік: туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдық сезімдеріне
әсер ету.
Типі:дағды мен іскерлікті қалыптастыру сабағы;
Түрі: тәжірибелік сабақ;
Әдістері:сұрақ-жауап, талдау, ой толғау стратегиясы;АКТ
Пәнаралықбайланыс: әдебиет, математика, тарих;
Көрнекілік: интерактивтік тақта, слайдтар, мәтіндер, санамақ, жұмбақтар, оқулықтар,
кесте-сызба;
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру
Студенттердің сабаққа қатысуы қадағаланады, сабаққа дайындығы тексеріледі.
(Әнұран айтылады).
II. Үй тапсырмасын тексеру
1.Сұрақтарға жауап:
- Сын есім деген не?
- Қандай түрлері бар?
- Шырайдың неше түрі бар?
2. Бурабай тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.
III. Жаңа сабақты меңгерту
Сан есім. Тәуелсіз Қазақстан
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Неше?
Нешеу? Нешінші? Қанша? деген сұрақтарғажауап береді.
Мәтінмен жұмыс:
Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел
1991жылы желтоқсанның 10 күні «Қазақ Кеңестік Республикасының
атауын өзгерту туралы» Заң қабылданып, «Қазақстан Республикасы» деп
аталады.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы
желтоқсанның 16-сында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңын қабылдау арқылы алды.
1991 жылы 8 желтоқсанда егеменді Қазақстан тәуелсізМемлекеттер
достастығы құрамына енді.
Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке 1992 жылдың
2 наурызда қабылданды.
Қазақстан елі 70-тен астам мемлекеттермен өзара дипломатиялық
байланысқа қатысып, олардың елшілектері ашылады. Қазақстан
Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде ең бірінші рет Түрік елі
танып, 1991 жылы өз елшілігін ашты.
1996 жылы қаңтардың 24-інде «Қазақстан Республикасының
нышандарын қабылдау туралы» Президент Жарлығы шықты, сөйтіп
Қазақстанның егеменділігін дәлелдейтін өз Туы, Әнұраны, Елтаңбасы бар.
Қазақстан халықаралық валюта қорының мүшесі, сондықтан біздің
ұлттық теңгеміз айналымға (конвертацияға) түседі.
Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы1993 жылы 28 ші қаңтарда
қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдум
Қазақстанның екінші Конституциясын қабылдады.Мұнда Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырды. Оның “...ең қымбат қазынасы – адам және адамның
өмірі, құқықтары мен бостандықтары’’ делінген.
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару жүйесіндегі біртұтас
мемлекет. Мемлекеттік биліктің көзі – халық.
Мәтін – қазақ тілі 25бет.Утеубаева А.З.,Амрина Г.К., Бейсенбаева Н.Н.
а)мәнерлеп оқу
ә)сөздік жұмыс
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамына –
Біріккен Ұлттар Ұйымы -
Елшіліктері –
Нышандары -
Егемендігін дәлелдейтін–
Халықаралық валюта қоры –
Қымбатқазынасы -
Президенттік басқаружүйесі–
б)сан есімдерді табу
Слайд.
• 1991 ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің
тәуелсіздігін 140-тан астам ел таныды.
...Ерке Есіл жағасында бой
көтерген, ерекше сәулеттік
ландшафты бар, бірегей мүсіндік
нышандары сап түзеген, жоғары
технологиялы болашаққа
ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің
жаңа астанасы мен өз елін шексіз
мақтаныш тұтанын көп ұлтты
және көп дінді халқы бар әсем де
мейірлі астанамыз,
міне осындай қала.
Н. Назарбаев
EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі
жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында
ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын
дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады.
ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ.
Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған
әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5
миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.
2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық
мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік
комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды.
тапсырма: мәтіндегі сан есімдерді тауып, сөзбен тақтада жазу
ІV. Дамытушылық
а) семантикалық кесте
Сөздерден сан
есімдер шығарып,
құрамын анықтау
Сандарды жазу Дара сан есімдер Күрделі сан есімдер
Кекілік 2 +
Түшкіру
Алтын жүзік
Жетілді
Жүзім біркелкі
пісіпті
Күшті
Тоғызқұмалақ
Балтыр
Тон сегіз еді
Мыңбай-күшті жігіт
Оның бесігі
Кейбір
Қырық жеті мал
ә) "Сандар сөйлейді " стратегиясы. Берілген сандарға ойтолғау жазыңдар.
30 тамыз, 1 желтоқсан , 16 желтоқсан, 7 шілде
б) қасиетті сандарды қолданыңыз (3,7,9)
V. Сергіту сәті:а) математикалық жұмбақтарды беріп, сан есімдерді тапқызу.
1. Мұз айдында жеті бала
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың. (тоғыз)
2. Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің.
Нешеу болды, қане бол,
Санап шығар кім бұрын? (алты)
3. Тал басында тізіліп
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі.
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі?(төрт)
VI.Жаңа білімді бекіту
Сұрақтарға жауап . Қазақ тілі 9-жаттығу, 7-8 бет
VII. Үйге тапсырма
«Қазақстан – менің Отаным» сан есімдерді қолданып, шағын әңгіме құрастыру,
Қазақстан туралы өлең жаттау.
VIII. Бағалау (Сабақты қорытындылау, әр студенттің қатысу белсенділігін ескере
отырып, бағалау).
сан  есім  кайырбекова

More Related Content

Similar to сан есім кайырбекова

Similar to сан есім кайырбекова (12)

44ewerrew
44ewerrew44ewerrew
44ewerrew
 
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз ҚазақстанТәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
 
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
РУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛРУХАНИ  ЖАҢҒЫРУ –   ЖАС  ҰРПАҚҚА     САЛЫНҒАН  САРА  ЖОЛ
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАС ҰРПАҚҚА САЛЫНҒАН САРА ЖОЛ
 
қаз тарих үлгі
қаз тарих  үлгіқаз тарих  үлгі
қаз тарих үлгі
 
258п
258п258п
258п
 
1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд1 желтоқсан слайд
1 желтоқсан слайд
 
sdsdsds
sdsdsdssdsdsds
sdsdsds
 
сейткалиева
сейткалиевасейткалиева
сейткалиева
 
исина 2
исина 2исина 2
исина 2
 
біздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыкабіздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыка
 
Мәдениеттің дамуы
Мәдениеттің дамуыМәдениеттің дамуы
Мәдениеттің дамуы
 
ұлтық тенге 22
ұлтық тенге 22ұлтық тенге 22
ұлтық тенге 22
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

сан есім кайырбекова

  • 1. Қазақ тілі пәнінен «Сан есім. Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында өткізілген сабақтың әдістемелік әзірлемесі ҚайырбековаАйни Тенкеевна, жоғары санатты оқытушы Экономика, технология және тамақ өндірісін стандарттау колледжі, Астана қ. Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Тәуелсіз Қазақстан Сабақтың мақсаты: Білімділік: санесіммен таныстыруарқылы алған білімдерін пысықтау, теориялық ұғымдарын меңгерту; Дамытушылық:тапсырмалар арқылы студенттердің есте сақтау, өз бетінше ойлауды, өзіндік пікір айтуды дамыту; Тәрбиелік: туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдық сезімдеріне әсер ету. Типі:дағды мен іскерлікті қалыптастыру сабағы; Түрі: тәжірибелік сабақ; Әдістері:сұрақ-жауап, талдау, ой толғау стратегиясы;АКТ Пәнаралықбайланыс: әдебиет, математика, тарих; Көрнекілік: интерактивтік тақта, слайдтар, мәтіндер, санамақ, жұмбақтар, оқулықтар, кесте-сызба; Сабақтың өту барысы: I.Ұйымдастыру Студенттердің сабаққа қатысуы қадағаланады, сабаққа дайындығы тексеріледі. (Әнұран айтылады). II. Үй тапсырмасын тексеру 1.Сұрақтарға жауап: - Сын есім деген не? - Қандай түрлері бар? - Шырайдың неше түрі бар? 2. Бурабай тақырыбына шағын әңгіме құрастыру. III. Жаңа сабақты меңгерту Сан есім. Тәуелсіз Қазақстан Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады. Неше? Нешеу? Нешінші? Қанша? деген сұрақтарғажауап береді.
  • 2. Мәтінмен жұмыс: Қазақстан Республикасы –тәуелсіз ел 1991жылы желтоқсанның 10 күні «Қазақ Кеңестік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданып, «Қазақстан Республикасы» деп аталады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы желтоқсанның 16-сында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңын қабылдау арқылы алды. 1991 жылы 8 желтоқсанда егеменді Қазақстан тәуелсізМемлекеттер достастығы құрамына енді. Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке 1992 жылдың 2 наурызда қабылданды. Қазақстан елі 70-тен астам мемлекеттермен өзара дипломатиялық байланысқа қатысып, олардың елшілектері ашылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде ең бірінші рет Түрік елі танып, 1991 жылы өз елшілігін ашты. 1996 жылы қаңтардың 24-інде «Қазақстан Республикасының нышандарын қабылдау туралы» Президент Жарлығы шықты, сөйтіп Қазақстанның егеменділігін дәлелдейтін өз Туы, Әнұраны, Елтаңбасы бар. Қазақстан халықаралық валюта қорының мүшесі, сондықтан біздің ұлттық теңгеміз айналымға (конвертацияға) түседі. Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы1993 жылы 28 ші қаңтарда қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдум Қазақстанның екінші Конституциясын қабылдады.Мұнда Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның “...ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары’’ делінген. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару жүйесіндегі біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің көзі – халық. Мәтін – қазақ тілі 25бет.Утеубаева А.З.,Амрина Г.К., Бейсенбаева Н.Н. а)мәнерлеп оқу ә)сөздік жұмыс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамына – Біріккен Ұлттар Ұйымы - Елшіліктері – Нышандары - Егемендігін дәлелдейтін– Халықаралық валюта қоры – Қымбатқазынасы - Президенттік басқаружүйесі– б)сан есімдерді табу
  • 3. Слайд. • 1991 ж. 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін 140-тан астам ел таныды.
  • 4. ...Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтанын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала. Н. Назарбаев
  • 5. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 5 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды. тапсырма: мәтіндегі сан есімдерді тауып, сөзбен тақтада жазу ІV. Дамытушылық а) семантикалық кесте Сөздерден сан есімдер шығарып, құрамын анықтау Сандарды жазу Дара сан есімдер Күрделі сан есімдер Кекілік 2 + Түшкіру Алтын жүзік Жетілді Жүзім біркелкі пісіпті Күшті Тоғызқұмалақ Балтыр Тон сегіз еді Мыңбай-күшті жігіт Оның бесігі Кейбір Қырық жеті мал ә) "Сандар сөйлейді " стратегиясы. Берілген сандарға ойтолғау жазыңдар. 30 тамыз, 1 желтоқсан , 16 желтоқсан, 7 шілде
  • 6. б) қасиетті сандарды қолданыңыз (3,7,9) V. Сергіту сәті:а) математикалық жұмбақтарды беріп, сан есімдерді тапқызу. 1. Мұз айдында жеті бала Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай екі бала Жағалауда тұр қарап. Енді осы баланың Санын айтсаң жарадың. (тоғыз) 2. Екі аяқ пен екі қол, Бір ауыз бен бір тілің. Нешеу болды, қане бол, Санап шығар кім бұрын? (алты) 3. Тал басында тізіліп Он жапырақ тұр еді. Жел соқты да үзіліп Ұшып кетті біреуі. Ізінше оның жұлынып Түсті тағы бесеуі. Тұр әлі де ілініп Жапырақтың нешеуі?(төрт) VI.Жаңа білімді бекіту Сұрақтарға жауап . Қазақ тілі 9-жаттығу, 7-8 бет VII. Үйге тапсырма «Қазақстан – менің Отаным» сан есімдерді қолданып, шағын әңгіме құрастыру, Қазақстан туралы өлең жаттау. VIII. Бағалау (Сабақты қорытындылау, әр студенттің қатысу белсенділігін ескере отырып, бағалау).