SlideShare a Scribd company logo
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
Тәрбие сағатының мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу
барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға
көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз
ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын
дамыту.
3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында
өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп,ана тілін
сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.
1.Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,суреттер,
шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Мұғалім: Қымбатты ұстаздар ата-аналар, оқушылар! Бүгін сіздер1 - ә сынып
оқушыларының «Рахмет саған әліппе атты қоштасу» ертеңгілігіне қош
келдіңіздер. Сіздерді әліппе патшалығындағы әріптер әлеміне саяхатты бірге
тамашалауға шақырамын.
Қолы талмай қызығынан бақшаның ,
Тауыса алмай сәбиліктің жарты әнін
Қош келдіңдер ортасына білімнің
Қадамдарың құтты болсын достарым
Құтты болсын қадамдарың бүгінгі
Еркелікті азайтыңдар бұрынғы
Күнделікті толтырыңдар бестікке
Бағалаңдар өнер менен білімді
Даурен:
Балдәурен шағындағы балалықтың,
Алтын ұя бесігі ең даналықтың
Бүлдіршін боп аттадым босағаңнан,
Парызын сенен ұқтым адамдықтың
Мадина:
Армысыздар , мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан ,
Өмір деген үл кен жолда тарландар.
Даурен:
Қош келіпсіз , ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балдырған
Мадина:
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, әліппемен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби еркелер.
Даурен:
Неге екенін білмеймін, неге екенін,
Әйтеуір бір мәні бар мерекенің.
Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой,
Салтанаты жарасқан берекенің
Дәурен
Ерте -ерте ертеде,өнер білім келтеде
42 әріп жайлаған әліппе деген өлкеде
Достар бопты көптеген
Мадина
Сәлем түзу ,сән түзу
42 әріп жарасқан
Бірі аға бірі іні
Бір-біріне қарасқан
Даурен
Сұрақ белгісі леп белгісі
Өздерімізге бір патша
Өздері де бір патша
Үтір ,нүкте,тырнақша
Мадина
Кездеспеген бір-біріне
Кіші ұл мен қызы да
Тату еді ежелден
Әліппенің ауылы
Даурен
Бұл ауылдың білімпаз
Әліппе бопты ханшасы
Шабыт рухы өте шыққан
Мектепке келген баршаны
Мадина
Өзі білім берілген
1 ә сынып төрінде
Шәкірттер білім алыпты
42 әріппен достасып
Әліппемен қоштасып
Өнерін ортаға салыпты
Би –Вальс
Мұғалім:
Өмір деген ертеңгі бағаларың
Әліппемен қоштаспақ біүгін балаларың
Халқыма ұрпақ берген өмір берген
Қош келдіңдер ата әже апалар мен аналарым
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай берді әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді
Дәурен
Бар білімнің бастауы
Бар ғылымың бастауы
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан
Оқушылар:
Хормен әліппе, әліппе, әліппе
Әліппе келеді
Армысыздар жас достар!
Бармысыңдар, ата-аналар
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажайыпты
Әліппеден меңгерген
Келешегі қазақтың
Қасына үш оқушы келіп айтады
Арман
Кегенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпті
Оқимыз казір ертекті
Үйреткен оны әліппе
Наргиз
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе
Іңкәр
«Әліппе » даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
«Әліппе» сырын ұқтырған,
-Рахмет, ұстаз алғашқы!
Даурен:Хор: Әліппе
Мадина: Әріптер айтысы
Іңкәр: 1.Әріптерді үйретіп жақын болған кім бізге? мұғалім (хормен)
Мейрамбек:2. Жадыңда жүр әлі сүйікті құралың
Үйреткен әріпке бұл не? – әліппе (хормен)
Кәусар: 3. Сен жиі шығасың
Ілініп тұрасың
Алдыңғы жақта
Бұл не? - тақта ( хормен)
Арман: 4. Мектепке келгенде
Сыныпқа енгенде
Көзіңді тартар
Не тұр? - парта (хормен)
Сұлтан: 5. Бізді енді ұстазың
Ерінбей қыс-жазың
Үлгілі оқыттың
Бұл кім?—оқушы (хормен)
Мұғалім
Басталады сендерден
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Дана
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жанымда сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Музаккир
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алып көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Мектебім,мектебім,мектебім
Арман
Әке ана, атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе.
Бізге нағыз жақын сен,
Сенен білдік әріпті
Илан
Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
Мадина:
Ән: Сәлем саған мектебім
Әділ
Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Наргиз
Әліппем менің, әліппем,
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Аружан
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең ақ мақтанышың
Білім алып, тер төгем , еңбек етем
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін. .
Кәусар :
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты, міне балаңыз.
Ән:Айгөлек
Орындайтындар.Ақерке,Илан,Арай
Мұғалім:
Қоңыраудың алғашқы үнін естірттің
Сан мың рет сабақтарға жинадың
Тал бойыңа білім нәрін төктірдің
Өмірге азық бола білдің сен
Көз алдымда алғаш келген күндерің
Көз алдымда сәби бала күндерің
Көз алдымда еркелікпен өкпелеп
Томсырайып қалып досың күлгенің
Әрқайсыңның қалам беріп қолыңа
Таяқшалар салдың дәптер жолына
Әліппеден әріптерді үйреніп
Есептеуді үйрендің оңды солды да
Әліппе
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап
айтыңдаршы.
Әліппе: – Осы сендер қандайсындар?
- Талабы биік таудаймыз.
- Мың бұралған бишіміз.
- Біз шеберміз.
- Ақылдымыз.
- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
- Көп оқимыз.
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Мұғалім:
Даурен:Балалар қазір бізбен ойын ойнауға сиқыршы келеді
Сиқыршы: Мен сендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба?
Балалар:Ойнаймыз.
Сиқыршы: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар
бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар.
Сиқыршы:1.Әжеде бар, атада жоқ,
Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі)
2.Біреуі «белде»
Біреуі «көлде» («Л» әрпі)
3.Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
4.Ірімшікті біз жеген,
Қай әріптен басталған. («І» әрпі)
5.Ата-анаңмен барып сен,
Пілді көрдің парктен.
Осы атаулар зер салшы,
Басталған қай әріптен. («П» әрпі)
6.Пілде бар,шілде жоқ,
Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі)
Ешкіде бар,қойда жоқ,
Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі)
Сиқыршы:Балалар қандай сөз шықты?
Балалар: «Әліппе»
Сиқыршы: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?
Асылай
Осылай алға аттадым,
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті,
Сөз құрап жаза бастадым.
Бектас
Үйреттің бізге Әліппе,
42 дербес әріпті.
Сөз , сөйлем құрап әріптен,
Жаздырдың бізге Әліппе.
Элмира
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімді тегін қазатын.
Арай
Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптермен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым
Ақерке
Қош болып тұр әліппе анамдайсың
Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың
Мен үйреткен әріптің құдіретімен
Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың
Бауыржан:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім
Сиқыршы: Рахмет. Біздің ертегілер әлеміне кететін уақытымыз болды. Сендердің
білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдық.Білім алу жолдарыңда
қанаттарың талмасын! Қош сау болыңдар!
Мадина:
Ән:Мұғалім ол біздің
Әліппе:Балалар сендер мені оқып тауыстыңдар,әріптерді жақсы
меңгердіңдер.Мен сендерге ризамын.Болашақтада осылай оқыңдар.Білім
жолында жолдарың болсын.Енді сендер менімен қоштасып ары қарай білім
беретін ана тілі болады:Оны да жақсы оқыңдар.Сау болыңдар.
Оқушылар (хормен)
Қош бол әліппе
Қош бол әліппе
Сізге мың алғыс
Даурен:Көрініс Әліппе мен дәптер
Автор:Илан Дана мен Арай,Мырзабек пен Сұлтан
Мұғалім.
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата ана қуанышқа ортақ боп
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Ана тілі ортаға келеді
Армысыңдар жас достар
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін
Ана тілім елдігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігі
Сұлтан
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ақерке
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Досымбек
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен тіл қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың ,аясындай гүл бақтың
Даурен
Ән Ақылшым мұғалім.
Ана тілі сұрақ қояды:
Ана тілі:сендерге менің қояр сұрағым бар,соған жауап беріңдер.
1)Әліппе оқулығын ең алғаш жазған кім?(Ыбырай Алтынсарин)
2)Әліппе оқулығынан қанша әріп үйреніп,жаздыңдар?(42 әріп)
3)Қанша дауысты ,қанша дауыссыз дыбыс үйреніңдер.(15дауысты,25 дауыссыз)
Мұғалім:
Әуезді ән.жаны раушан күй жүрегі
Жел басқан сезімдерді идіреді
Мың бұралып алдарыңда иіледі
Әсем биді паш етер қазақтың биші қыздары дей келе қыздардың орындауында
Қолшатыр биі
Ана тілі:Балалар енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп
қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын,тек сендер мені ынта қойып ,таза ,ұқыпты
оқысыңдар көп нәрсе үйренесіңдер.Хош сау болыңдар.
Мұғалім:Ана тілі пәніне не айтамыз
Хормен:Рахмет оқимыз.жазамыз
Мұғалім:Енді математика пәні бізге не айтар екен соны тыңдайық.
Математика:
Есептеуге жүйрік болсын жасыңнан
Математика ға орын берсең басыңнан
Барлық ғылым сағане үйір болады
Досың солар табылатын қасыңнан
Математика:Балалар мен сендерге санауды есеп құрастырып шығаруды көптеген
м атематикалық жұмбақ шешуді үйреттім.Сенедер енді мені қалай
меңгергендеріңді сынап көрейін.Сендерге математикалық жұмбақтар әкеп
отырмын.Сол жұмбақты шешіңдер.
Мұз айдыныда 3 бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай 2 бала
жағалауда тұр қарап
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың
(5 бала)
Табақта 5 алма,
Қолымда 3 алма.
Інімдіе 2 алма,
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?
(10 алма)
Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз,
Қонбады оның нешеуі?
Кәне кім тез шешеді?
(5қаз)
Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап
оқыды?
жауабы:3+3=6
Математика:Жарайсыңдар сендерге рахмет.Сабақты жақсы оқитын оқушы
болыңдар.
Мұғалім:Балалар осы әліппе сөзінің әр әріпін саралап айтайық.
Ә –Әкең –өмір тірегің.
Л-Лашын биікке самғайды.
І- Ілтипат,ізет, ізгілік.
П – Партамызға отырдық
П – парақтап кітап оқыдық.
Е – Елге есті ер керек,
Р – Роборт ол бір ғажап
Істер бәрін өзі ақ.
А – Анаң күнің жүрегің.
Х – Хат күтіп ем досымнан,
Хабар келді асыға.
М – Мектеп берген біліммен
Марқаясыің жас ұлан.
Е – Елтаңбасы елімнің
Неткен айбат әдемі.
Т – дегенім жеңімпаз,
Туымыз ғой қолдағы
Мұғалім: Құрметті ата аналар,ұстаздар!Әліппенің алғашқы бетінен Айналайын
деген ет жүректі елжірететін Н.ә.Назарбаевтың сөзінен бастау алған бөбектеріміз
бүгінгі күнде өздері оқи алатын дәрежеге жетті.елбасымыздың осы бір сөзін
оқушыларымыз өздері оқып берсін.
Мұғалім
. Мерекеде сызылтып ән салады,
Ән айтып би де билеп жан салады
. Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады дей келе оқушылардың орындауында
Ән: Рахмет саған әліппе
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – дей отырып, сөз кезегін қ
онақтарға береміз:
Қорытынды:

More Related Content

What's hot

множини операції над множинами
множини операції над множинамимножини операції над множинами
множини операції над множинамиyahnoluida
 
усний переказ 2 клас
усний переказ 2 класусний переказ 2 клас
усний переказ 2 клас
pmpkberezne
 
Проект "Добро і милосердя"
Проект "Добро і милосердя" Проект "Добро і милосердя"
Проект "Добро і милосердя" iri23shka
 
Презентація "Мій оберіг – моя сім’я"
Презентація "Мій оберіг – моя сім’я" Презентація "Мій оберіг – моя сім’я"
Презентація "Мій оберіг – моя сім’я"
Margoshenka
 
ზედსართავი სახელი
 ზედსართავი სახელი ზედსართავი სახელი
ზედსართავი სახელი
ნატო ნოზაძე
 
Презентація "Осанній урок"
Презентація "Осанній урок"Презентація "Осанній урок"
Презентація "Осанній урок"
Natalia Yatsuk-Timoshenko
 
Тема: «Математична країна»
Тема: «Математична країна» Тема: «Математична країна»
Тема: «Математична країна»
Anhelina Mytsura
 
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
Ковпитська ЗОШ
 
Ранкове коло
Ранкове колоРанкове коло
Ранкове коло
Ковпитська ЗОШ
 
Число і цифра 8
Число і цифра 8Число і цифра 8
Число і цифра 8
avninua
 
Презентація:Буквені вирази
Презентація:Буквені вирази Презентація:Буквені вирази
Презентація:Буквені вирази
sveta7940
 
წინა და მომდევნო ციფრი
წინა და მომდევნო ციფრიწინა და მომდევნო ციფრი
წინა და მომდევნო ციფრი
nato1967
 
Бұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасымБұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасым
Айбек Қуандықұлы
 
Конспект інтегрованого заняття в середній групі
Конспект інтегрованого заняття в середній групі Конспект інтегрованого заняття в середній групі
Конспект інтегрованого заняття в середній групі
Anhelina Mytsura
 
Випускного балу у початковій школі. (Презентація)
Випускного балу у початковій школі. (Презентація)Випускного балу у початковій школі. (Презентація)
Випускного балу у початковій школі. (Презентація)
Надвірнянський інформаційно - методичний центр
 
VI კლასი --ვიქტორინა ისტ-ში
VI  კლასი --ვიქტორინა ისტ-შიVI  კლასი --ვიქტორინა ისტ-ში
VI კლასი --ვიქტორინა ისტ-ში
khatushka
 
әріптер сыры
әріптер сырыәріптер сыры
әріптер сыры
Nurlan Abilhanov
 
სისხლის გეგმა
სისხლის გეგმასისხლის გეგმა
სისხლის გეგმაmananasvanadze
 
გეგმის შაბლონი
გეგმის შაბლონიგეგმის შაბლონი
გეგმის შაბლონიMarieta Jakhashvili
 
Подорож-гра "Математична країна"
Подорож-гра "Математична країна"Подорож-гра "Математична країна"
Подорож-гра "Математична країна"
Вікторія Смірнова
 

What's hot (20)

множини операції над множинами
множини операції над множинамимножини операції над множинами
множини операції над множинами
 
усний переказ 2 клас
усний переказ 2 класусний переказ 2 клас
усний переказ 2 клас
 
Проект "Добро і милосердя"
Проект "Добро і милосердя" Проект "Добро і милосердя"
Проект "Добро і милосердя"
 
Презентація "Мій оберіг – моя сім’я"
Презентація "Мій оберіг – моя сім’я" Презентація "Мій оберіг – моя сім’я"
Презентація "Мій оберіг – моя сім’я"
 
ზედსართავი სახელი
 ზედსართავი სახელი ზედსართავი სახელი
ზედსართავი სახელი
 
Презентація "Осанній урок"
Презентація "Осанній урок"Презентація "Осанній урок"
Презентація "Осанній урок"
 
Тема: «Математична країна»
Тема: «Математична країна» Тема: «Математична країна»
Тема: «Математична країна»
 
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
Позакласне читання 4 клас (Конспекти уроків)
 
Ранкове коло
Ранкове колоРанкове коло
Ранкове коло
 
Число і цифра 8
Число і цифра 8Число і цифра 8
Число і цифра 8
 
Презентація:Буквені вирази
Презентація:Буквені вирази Презентація:Буквені вирази
Презентація:Буквені вирази
 
წინა და მომდევნო ციფრი
წინა და მომდევნო ციფრიწინა და მომდევნო ციფრი
წინა და მომდევნო ციფრი
 
Бұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасымБұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасым
 
Конспект інтегрованого заняття в середній групі
Конспект інтегрованого заняття в середній групі Конспект інтегрованого заняття в середній групі
Конспект інтегрованого заняття в середній групі
 
Випускного балу у початковій школі. (Презентація)
Випускного балу у початковій школі. (Презентація)Випускного балу у початковій школі. (Презентація)
Випускного балу у початковій школі. (Презентація)
 
VI კლასი --ვიქტორინა ისტ-ში
VI  კლასი --ვიქტორინა ისტ-შიVI  კლასი --ვიქტორინა ისტ-ში
VI კლასი --ვიქტორინა ისტ-ში
 
әріптер сыры
әріптер сырыәріптер сыры
әріптер сыры
 
სისხლის გეგმა
სისხლის გეგმასისხლის გეგმა
სისხლის გეგმა
 
გეგმის შაბლონი
გეგმის შაბლონიგეგმის შაბლონი
გეგმის შაბლონი
 
Подорож-гра "Математична країна"
Подорож-гра "Математична країна"Подорож-гра "Математична країна"
Подорож-гра "Математична країна"
 

Viewers also liked

604 c Swift presentation
604 c Swift presentation604 c Swift presentation
604 c Swift presentation
NAGC
 
Continente americano
Continente americanoContinente americano
Continente americano
Jasmin Parra Rodriguez
 
666
666666
Escuela igualdad y equidad de género
Escuela igualdad y equidad de géneroEscuela igualdad y equidad de género
Escuela igualdad y equidad de género
dorkalia17
 
504 b Coreman presentation
504 b Coreman presentation504 b Coreman presentation
504 b Coreman presentationNAGC
 
Presentation skills
Presentation skillsPresentation skills
Presentation skills
Abdelrahman Nasser
 
U.S. State and Local Indirect Tax Overview
U.S. State and Local Indirect Tax OverviewU.S. State and Local Indirect Tax Overview
U.S. State and Local Indirect Tax Overview
Alex Baulf
 
makalah tentang jaringan RT/RW-NET
makalah tentang jaringan RT/RW-NETmakalah tentang jaringan RT/RW-NET
makalah tentang jaringan RT/RW-NET
Fitri Masryfah
 
Session #6
Session #6Session #6
Session #6
Ruba AbdEl Zaher
 
табиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасытабиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасы
Айбек Қуандықұлы
 
BAHAN SOSIALISASI UU KETERBUKAAN INFORMASI PUBLIK- LINGKUP BSN
BAHAN SOSIALISASI UU KETERBUKAAN INFORMASI PUBLIK- LINGKUP BSNBAHAN SOSIALISASI UU KETERBUKAAN INFORMASI PUBLIK- LINGKUP BSN
BAHAN SOSIALISASI UU KETERBUKAAN INFORMASI PUBLIK- LINGKUP BSN
Badan Standardisasi Nasional, BSN
 
Actividades con materiales manipulables 1,
Actividades con materiales manipulables 1,Actividades con materiales manipulables 1,
Actividades con materiales manipulables 1,
Mariángeles Esteban
 
Pengantar Internet dan Penggunaannya di Indonesia
Pengantar Internet dan Penggunaannya di IndonesiaPengantar Internet dan Penggunaannya di Indonesia
Pengantar Internet dan Penggunaannya di Indonesia
Indriyatno Banyumurti
 
Income tax intro topics.feb.2011
Income tax intro topics.feb.2011Income tax intro topics.feb.2011
Income tax intro topics.feb.2011
Phil Taxation
 
APLICACION MULTIPLICACION Y DIVISION
APLICACION MULTIPLICACION Y DIVISIONAPLICACION MULTIPLICACION Y DIVISION
APLICACION MULTIPLICACION Y DIVISION
Michelle Peña
 
Integrating the Nutrition Education and Counseling (NEC) intervention into th...
Integrating the Nutrition Education and Counseling (NEC) intervention into th...Integrating the Nutrition Education and Counseling (NEC) intervention into th...
Integrating the Nutrition Education and Counseling (NEC) intervention into th...Florence Tushemerirwe
 
Стратегиялық жоспарлау. Стратегияны енгізуді жоспарлау.
Стратегиялық жоспарлау. Стратегияны енгізуді жоспарлау.Стратегиялық жоспарлау. Стратегияны енгізуді жоспарлау.
Стратегиялық жоспарлау. Стратегияны енгізуді жоспарлау.
Bilim All
 

Viewers also liked (17)

604 c Swift presentation
604 c Swift presentation604 c Swift presentation
604 c Swift presentation
 
Continente americano
Continente americanoContinente americano
Continente americano
 
666
666666
666
 
Escuela igualdad y equidad de género
Escuela igualdad y equidad de géneroEscuela igualdad y equidad de género
Escuela igualdad y equidad de género
 
504 b Coreman presentation
504 b Coreman presentation504 b Coreman presentation
504 b Coreman presentation
 
Presentation skills
Presentation skillsPresentation skills
Presentation skills
 
U.S. State and Local Indirect Tax Overview
U.S. State and Local Indirect Tax OverviewU.S. State and Local Indirect Tax Overview
U.S. State and Local Indirect Tax Overview
 
makalah tentang jaringan RT/RW-NET
makalah tentang jaringan RT/RW-NETmakalah tentang jaringan RT/RW-NET
makalah tentang jaringan RT/RW-NET
 
Session #6
Session #6Session #6
Session #6
 
табиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасытабиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасы
 
BAHAN SOSIALISASI UU KETERBUKAAN INFORMASI PUBLIK- LINGKUP BSN
BAHAN SOSIALISASI UU KETERBUKAAN INFORMASI PUBLIK- LINGKUP BSNBAHAN SOSIALISASI UU KETERBUKAAN INFORMASI PUBLIK- LINGKUP BSN
BAHAN SOSIALISASI UU KETERBUKAAN INFORMASI PUBLIK- LINGKUP BSN
 
Actividades con materiales manipulables 1,
Actividades con materiales manipulables 1,Actividades con materiales manipulables 1,
Actividades con materiales manipulables 1,
 
Pengantar Internet dan Penggunaannya di Indonesia
Pengantar Internet dan Penggunaannya di IndonesiaPengantar Internet dan Penggunaannya di Indonesia
Pengantar Internet dan Penggunaannya di Indonesia
 
Income tax intro topics.feb.2011
Income tax intro topics.feb.2011Income tax intro topics.feb.2011
Income tax intro topics.feb.2011
 
APLICACION MULTIPLICACION Y DIVISION
APLICACION MULTIPLICACION Y DIVISIONAPLICACION MULTIPLICACION Y DIVISION
APLICACION MULTIPLICACION Y DIVISION
 
Integrating the Nutrition Education and Counseling (NEC) intervention into th...
Integrating the Nutrition Education and Counseling (NEC) intervention into th...Integrating the Nutrition Education and Counseling (NEC) intervention into th...
Integrating the Nutrition Education and Counseling (NEC) intervention into th...
 
Стратегиялық жоспарлау. Стратегияны енгізуді жоспарлау.
Стратегиялық жоспарлау. Стратегияны енгізуді жоспарлау.Стратегиялық жоспарлау. Стратегияны енгізуді жоспарлау.
Стратегиялық жоспарлау. Стратегияны енгізуді жоспарлау.
 

Similar to әліппемен қоштасу

Aaa
AaaAaa
7778
77787778
отбасы(1)
отбасы(1)отбасы(1)
отбасы(1)
Asem Sarsembayeva
 
702 e o38
702 e o38702 e o38
702 e o38
Nurlan Abilhanov
 
11уукцууууууууу
11уукцууууууууу11уукцууууууууу
11уукцууууууууу
nurlan93kz
 
qQq
qQqqQq
ашык сабак
ашык сабакашык сабак
ашык сабак
Asem Sarsembayeva
 
ж.з. амиржанова
ж.з. амиржановаж.з. амиржанова
Men otanh
Men otanhMen otanh
Men otanh
Nurlan Abilhanov
 
көжек
көжеккөжек
көжек
Asem Sarsembayeva
 
менің отбасым(ашық көрініс)
менің отбасым(ашық көрініс)менің отбасым(ашық көрініс)
менің отбасым(ашық көрініс)
Вспомогательный образовательный сайт
 
d Tyutu1)
d  Tyutu1)d  Tyutu1)
d Tyutu1)
Nurlan Abilhanov
 
алемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сыналемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сынip_sabirov
 
алемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сыналемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сынip_sabirov
 
Әже . Фариза Оңғарсынова.
Әже . Фариза Оңғарсынова.Әже . Фариза Оңғарсынова.
Әже . Фариза Оңғарсынова.
Айбек Қуандықұлы
 

Similar to әліппемен қоштасу (20)

Alippeg
AlippegAlippeg
Alippeg
 
Aaa
AaaAaa
Aaa
 
7778
77787778
7778
 
отбасы(1)
отбасы(1)отбасы(1)
отбасы(1)
 
702 e o38
702 e o38702 e o38
702 e o38
 
47 ------ -
47 ------ -47 ------ -
47 ------ -
 
11уукцууууууууу
11уукцууууууууу11уукцууууууууу
11уукцууууууууу
 
qQq
qQqqQq
qQq
 
ашык сабак
ашык сабакашык сабак
ашык сабак
 
сапар мен парта
сапар мен партасапар мен парта
сапар мен парта
 
ж.з. амиржанова
ж.з. амиржановаж.з. амиржанова
ж.з. амиржанова
 
Men otanh
Men otanhMen otanh
Men otanh
 
көжек
көжеккөжек
көжек
 
45 ___
45  ___45  ___
45 ___
 
19102012
1910201219102012
19102012
 
менің отбасым(ашық көрініс)
менің отбасым(ашық көрініс)менің отбасым(ашық көрініс)
менің отбасым(ашық көрініс)
 
d Tyutu1)
d  Tyutu1)d  Tyutu1)
d Tyutu1)
 
алемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сыналемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сын
 
алемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сыналемди тербеткен мейрм 5 сын
алемди тербеткен мейрм 5 сын
 
Әже . Фариза Оңғарсынова.
Әже . Фариза Оңғарсынова.Әже . Фариза Оңғарсынова.
Әже . Фариза Оңғарсынова.
 

More from Nurlan Abilhanov

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Nurlan Abilhanov
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
Nurlan Abilhanov
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
Nurlan Abilhanov
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
Nurlan Abilhanov
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Nurlan Abilhanov
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
Nurlan Abilhanov
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
Nurlan Abilhanov
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
Nurlan Abilhanov
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
Nurlan Abilhanov
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
Nurlan Abilhanov
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
Nurlan Abilhanov
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Nurlan Abilhanov
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
Nurlan Abilhanov
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
Nurlan Abilhanov
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
Nurlan Abilhanov
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
Nurlan Abilhanov
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
Nurlan Abilhanov
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
Nurlan Abilhanov
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
Nurlan Abilhanov
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
Nurlan Abilhanov
 

More from Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 

әліппемен қоштасу

  • 1. ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ Тәрбие сағатының мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту. 2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту. 3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға,кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалрдың эстетикалық талғамдарын түсіп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу. 1.Безендірілуі: «Әліппе,саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,суреттер, шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар. Мұғалім: Қымбатты ұстаздар ата-аналар, оқушылар! Бүгін сіздер1 - ә сынып оқушыларының «Рахмет саған әліппе атты қоштасу» ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Сіздерді әліппе патшалығындағы әріптер әлеміне саяхатты бірге тамашалауға шақырамын. Қолы талмай қызығынан бақшаның , Тауыса алмай сәбиліктің жарты әнін Қош келдіңдер ортасына білімнің Қадамдарың құтты болсын достарым Құтты болсын қадамдарың бүгінгі Еркелікті азайтыңдар бұрынғы Күнделікті толтырыңдар бестікке Бағалаңдар өнер менен білімді Даурен: Балдәурен шағындағы балалықтың, Алтын ұя бесігі ең даналықтың Бүлдіршін боп аттадым босағаңнан, Парызын сенен ұқтым адамдықтың Мадина: Армысыздар , мұғалімдер , әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан , Өмір деген үл кен жолда тарландар. Даурен: Қош келіпсіз , ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз алаңсыз балғын шақты балдырған Мадина: Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай болашағын мәпелер. Бүгін міне, әліппемен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби еркелер. Даурен: Неге екенін білмеймін, неге екенін, Әйтеуір бір мәні бар мерекенің. Өйткені ол әліппемен қоштасу ғой, Салтанаты жарасқан берекенің Дәурен Ерте -ерте ертеде,өнер білім келтеде 42 әріп жайлаған әліппе деген өлкеде
  • 2. Достар бопты көптеген Мадина Сәлем түзу ,сән түзу 42 әріп жарасқан Бірі аға бірі іні Бір-біріне қарасқан Даурен Сұрақ белгісі леп белгісі Өздерімізге бір патша Өздері де бір патша Үтір ,нүкте,тырнақша Мадина Кездеспеген бір-біріне Кіші ұл мен қызы да Тату еді ежелден Әліппенің ауылы Даурен Бұл ауылдың білімпаз Әліппе бопты ханшасы Шабыт рухы өте шыққан Мектепке келген баршаны Мадина Өзі білім берілген 1 ә сынып төрінде Шәкірттер білім алыпты 42 әріппен достасып Әліппемен қоштасып Өнерін ортаға салыпты Би –Вальс Мұғалім: Өмір деген ертеңгі бағаларың Әліппемен қоштаспақ біүгін балаларың Халқыма ұрпақ берген өмір берген Қош келдіңдер ата әже апалар мен аналарым Ең алғаш алғанымда әліппені Қызығып қарай берді әріптерді Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді Ұстазым оның кілтін алып берді
  • 3. Дәурен Бар білімнің бастауы Бар ғылымың бастауы Жас балаға нұр шашқан Қандай кітап тіл ашқан Оқушылар: Хормен әліппе, әліппе, әліппе Әліппе келеді Армысыздар жас достар! Бармысыңдар, ата-аналар Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Білім деген ғажайыпты Әліппеден меңгерген Келешегі қазақтың Қасына үш оқушы келіп айтады Арман Кегенде алғаш мектепке Білмеуші едік әріпті Оқимыз казір ертекті Үйреткен оны әліппе Наргиз Енді біз жаза білеміз Әріпті қосып әріпке Риза боп саған жүреміз Сүйікті біздің әліппе Іңкәр «Әліппе » даңғыл жол ашты, Жаңадан пәндер жалғасты. «Әліппе» сырын ұқтырған, -Рахмет, ұстаз алғашқы! Даурен:Хор: Әліппе Мадина: Әріптер айтысы Іңкәр: 1.Әріптерді үйретіп жақын болған кім бізге? мұғалім (хормен) Мейрамбек:2. Жадыңда жүр әлі сүйікті құралың Үйреткен әріпке бұл не? – әліппе (хормен) Кәусар: 3. Сен жиі шығасың Ілініп тұрасың Алдыңғы жақта Бұл не? - тақта ( хормен) Арман: 4. Мектепке келгенде
  • 4. Сыныпқа енгенде Көзіңді тартар Не тұр? - парта (хормен) Сұлтан: 5. Бізді енді ұстазың Ерінбей қыс-жазың Үлгілі оқыттың Бұл кім?—оқушы (хормен) Мұғалім Басталады сендерден Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі оқып жазатын хәлге жетті. Құтты болсын білімі балалардың, Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік. Дана Өткіздім мұнда балғын жасымды мен, Жанымда сіңді сенің асыл киең. Сарқылмас бастауысың ұлылықтың, Мектебім саған мәңгі басымды ием. Музаккир Өзіңсің балауса көктемім, Мен сенен нәр алып көктедім. Өмірде алғашқы өткелім, Мектебім,мектебім,мектебім Арман Әке ана, атын сен, Бізге үйреттің Әліппе. Бізге нағыз жақын сен, Сенен білдік әріпті Илан Ыстық әрбір беттерің, Жазуыңды ұғамын. Ақыл бердің Әліппе, Ақылды сен мұғалім. Мадина: Ән: Сәлем саған мектебім Әділ Әліппем менің, Әліппем, Сені қолға алып мен. Есігін аштым мектептің, Ертеңгі сәуле жарықпен. Наргиз Әліппем менің, әліппем, А деген бастап әріптен. Сөз құрап жаза бастадым, Тақылдап таңба танып мен. Аружан Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, Болармын күні ертең ақ мақтанышың Білім алып, тер төгем , еңбек етем Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін. . Кәусар : Әліппемен қош айтысып қаламыз,
  • 5. Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты, міне балаңыз. Ән:Айгөлек Орындайтындар.Ақерке,Илан,Арай Мұғалім: Қоңыраудың алғашқы үнін естірттің Сан мың рет сабақтарға жинадың Тал бойыңа білім нәрін төктірдің Өмірге азық бола білдің сен Көз алдымда алғаш келген күндерің Көз алдымда сәби бала күндерің Көз алдымда еркелікпен өкпелеп Томсырайып қалып досың күлгенің Әрқайсыңның қалам беріп қолыңа Таяқшалар салдың дәптер жолына Әліппеден әріптерді үйреніп Есептеуді үйрендің оңды солды да Әліппе - Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. Әліппе: – Осы сендер қандайсындар? - Талабы биік таудаймыз. - Мың бұралған бишіміз. - Біз шеберміз. - Ақылдымыз. - Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. - Көп оқимыз. Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз. Мұғалім: Даурен:Балалар қазір бізбен ойын ойнауға сиқыршы келеді Сиқыршы: Мен сендермен бірге бір ойын ойнасам деймін. Ойнаймыз ба? Балалар:Ойнаймыз. Сиқыршы: Балалар мен жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс тапсаңдар бір сөз шығады.Қане мұхият тыңдаңдар. Сиқыршы:1.Әжеде бар, атада жоқ, Әтеште бар,көжекте жоқ.(«Ә» әрпі) 2.Біреуі «белде»
  • 6. Біреуі «көлде» («Л» әрпі) 3.Ірімшікті жедің ғой, Тәтті екен дедің ғой. 4.Ірімшікті біз жеген, Қай әріптен басталған. («І» әрпі) 5.Ата-анаңмен барып сен, Пілді көрдің парктен. Осы атаулар зер салшы, Басталған қай әріптен. («П» әрпі) 6.Пілде бар,шілде жоқ, Допта бар,шарда жоқ. («П» әрпі) Ешкіде бар,қойда жоқ, Кеседе бар,қасықта жоқ. («Е» әрпі) Сиқыршы:Балалар қандай сөз шықты? Балалар: «Әліппе» Сиқыршы: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме? Асылай Осылай алға аттадым, Әр әріпті жаттадым. Жаттаған сайын әріпті, Сөз құрап жаза бастадым. Бектас Үйреттің бізге Әліппе, 42 дербес әріпті. Сөз , сөйлем құрап әріптен, Жаздырдың бізге Әліппе. Элмира Оқитын әрі жазатын, Білімге қол созатын. Оқушы болдық сауатты, Білімді тегін қазатын. Арай Әліппе сауатыңмен санамды аштың Достарыммен теңдес араластым Үйреніп әріптермен әңгімені Күн сайын алға қарай қадам бастым Ақерке Қош болып тұр әліппе анамдайсың Жақсы бол деп біздерге алаңдайсың Мен үйреткен әріптің құдіретімен Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың Бауыржан: Таныстырған 42 әріппен Қош бол менің қасиетті Әліппем. Сенің арқаң оқи жаза білгенім, Сауатты адам санатына кіргенім Сиқыршы: Рахмет. Біздің ертегілер әлеміне кететін уақытымыз болды. Сендердің білімдеріңді көріп, өнерлеріңді тамашалап, риза болдық.Білім алу жолдарыңда қанаттарың талмасын! Қош сау болыңдар! Мадина: Ән:Мұғалім ол біздің Әліппе:Балалар сендер мені оқып тауыстыңдар,әріптерді жақсы меңгердіңдер.Мен сендерге ризамын.Болашақтада осылай оқыңдар.Білім
  • 7. жолында жолдарың болсын.Енді сендер менімен қоштасып ары қарай білім беретін ана тілі болады:Оны да жақсы оқыңдар.Сау болыңдар. Оқушылар (хормен) Қош бол әліппе Қош бол әліппе Сізге мың алғыс Даурен:Көрініс Әліппе мен дәптер Автор:Илан Дана мен Арай,Мырзабек пен Сұлтан Мұғалім. Әліппемен қош айтысып қаламыз Енді қолға басқа кітап аламыз Ата ана қуанышқа ортақ боп Сауатты боп шықты міне балаңыз Ана тілі ортаға келеді Армысыңдар жас достар Туған елдің тілімін Ақылы мен танымын Түсіндірер бәріне Ана тілі пәнімін Ана тілім елдігім Ана тілім болмаса Бүтінделмес кемдігі Сұлтан Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің. Ақерке Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! Досымбек Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Сәбиіңді әлдилеумен тіл қаттың. Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің, Кең құшағың ,аясындай гүл бақтың Даурен Ән Ақылшым мұғалім. Ана тілі сұрақ қояды: Ана тілі:сендерге менің қояр сұрағым бар,соған жауап беріңдер. 1)Әліппе оқулығын ең алғаш жазған кім?(Ыбырай Алтынсарин) 2)Әліппе оқулығынан қанша әріп үйреніп,жаздыңдар?(42 әріп) 3)Қанша дауысты ,қанша дауыссыз дыбыс үйреніңдер.(15дауысты,25 дауыссыз) Мұғалім: Әуезді ән.жаны раушан күй жүрегі Жел басқан сезімдерді идіреді Мың бұралып алдарыңда иіледі Әсем биді паш етер қазақтың биші қыздары дей келе қыздардың орындауында Қолшатыр биі
  • 8. Ана тілі:Балалар енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын,тек сендер мені ынта қойып ,таза ,ұқыпты оқысыңдар көп нәрсе үйренесіңдер.Хош сау болыңдар. Мұғалім:Ана тілі пәніне не айтамыз Хормен:Рахмет оқимыз.жазамыз Мұғалім:Енді математика пәні бізге не айтар екен соны тыңдайық. Математика: Есептеуге жүйрік болсын жасыңнан Математика ға орын берсең басыңнан Барлық ғылым сағане үйір болады Досың солар табылатын қасыңнан Математика:Балалар мен сендерге санауды есеп құрастырып шығаруды көптеген м атематикалық жұмбақ шешуді үйреттім.Сенедер енді мені қалай меңгергендеріңді сынап көрейін.Сендерге математикалық жұмбақтар әкеп отырмын.Сол жұмбақты шешіңдер. Мұз айдыныда 3 бала Асыр сап жүр сырғанап Сырғанамай 2 бала жағалауда тұр қарап Енді осы бар баланың Санын айтсаң жарадың (5 бала) Табақта 5 алма, Қолымда 3 алма. Інімдіе 2 алма, Қосқанда барлығын Болады неше алма? (10 алма) Көлден ұшты 7 қаз, Қайтып қонды 2 қаз, Қонбады оның нешеуі? Кәне кім тез шешеді? (5қаз) Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды? жауабы:3+3=6 Математика:Жарайсыңдар сендерге рахмет.Сабақты жақсы оқитын оқушы болыңдар. Мұғалім:Балалар осы әліппе сөзінің әр әріпін саралап айтайық. Ә –Әкең –өмір тірегің. Л-Лашын биікке самғайды. І- Ілтипат,ізет, ізгілік. П – Партамызға отырдық П – парақтап кітап оқыдық. Е – Елге есті ер керек, Р – Роборт ол бір ғажап Істер бәрін өзі ақ. А – Анаң күнің жүрегің. Х – Хат күтіп ем досымнан, Хабар келді асыға. М – Мектеп берген біліммен Марқаясыің жас ұлан.
  • 9. Е – Елтаңбасы елімнің Неткен айбат әдемі. Т – дегенім жеңімпаз, Туымыз ғой қолдағы Мұғалім: Құрметті ата аналар,ұстаздар!Әліппенің алғашқы бетінен Айналайын деген ет жүректі елжірететін Н.ә.Назарбаевтың сөзінен бастау алған бөбектеріміз бүгінгі күнде өздері оқи алатын дәрежеге жетті.елбасымыздың осы бір сөзін оқушыларымыз өздері оқып берсін. Мұғалім . Мерекеде сызылтып ән салады, Ән айтып би де билеп жан салады . Бұл ұлы мерекеде ән салғанда Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады дей келе оқушылардың орындауында Ән: Рахмет саған әліппе Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар. Ырым етіп сондықтан да ертеңгілік соңында, Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар – дей отырып, сөз кезегін қ онақтарға береміз: Қорытынды: