SlideShare a Scribd company logo
1 of 56
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ
БЕРУ
«Бала адаммен араласпайынша өмір сүре
алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға
беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің
шаттығын, табыс қуанышын
беріңіздер»
В. А. Сухомлинский
1. Инклюзивті білім беру дегеніміз не?
2. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері
3. Инклюзивті білім берудегі нақты құндылықтар мен
ұстанымдар
4. Педагог-психологтың және дефектологтың жұмысы
5. Қорытынды
1. Инклюзивті білім беру дегеніміз не?
2. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері
3. Инклюзивті білім берудегі нақты құндылықтар мен
ұстанымдар
4. Педагог-психологтың және дефектологтың жұмысы
5. Қорытынды
Мемлекетіміздің әрбір aзaмaты – ұлттық
құндылық, әрбір бaлacы – еліміздің ертеңі екенін
еcкерcек, әрбір ерекше білім беру қaжеттілігі бaр
oқушылaр caпaлы білім aлып, aзaмaт бoлып
қaлыптacуынa жaғдaй жacaу міндетіміз бoлып
тaбылaды.
Инклюзив — сөзі латын тілінен
аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын
тілінен аударғанда «араластырамын» деген
мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім беру дегеніміз - барлық
балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі
балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және
әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне,
дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын
кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке
шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және
әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау,
яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді
оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат болып
табылады.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары
бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі
оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек,
инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға
деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен
бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға
арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал
етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім берудің негізгі
мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі
балаларды қалыпты балалармен бірге
оқыту, білім беру.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары
бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі
оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек,
инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір
дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға
деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен
бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға
арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал
етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Ерекше білімді қажет ететін
оқушыларды оқыту, балалардың оқу үрдісіндегі
қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен
сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады.
Оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері
тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар
балалардың жағдайлары да өзгереді.
Жалпы инклюзивті білім беру мәселесі шет
елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға
қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру
саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал,
біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің
дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан
Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-
2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
АҚШ пен Еуропаның қазіргі білім беру
саясатында бірнеше тәсілдер дамыды, оның ішінде
білімге қолжетімділікті кеңейту (widening
participation), мэйнстриминг (mainstreaming),
интеграция (integration), инклюзия (inclusion).
Мэйнстриминг «ерекше» балалар құрдастарымен
мерекелерде, түрлі мерекелік іс-шараларда
сөйлеседі деп болжайды.
Интеграция дегеніміз - ақыл-ойы мен
физикалық дамуында ауытқуы бар балалардың
қажеттіліктерін, оларға бейімделмеген, жалпы
өзгеріссіз қалатын білім беру жүйесіне
сәйкестендіру. Инклюзия - мектептерді
реформалау және оқыту жағдайын барлық
балаланың қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп
қайта жоспарлау.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу
құқықтары «Қазақстан Республикасының
балалардың құқықтары туралы», «Білім беру
туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық
түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік
қызмет туралы» Қазақстан Республикасының
Заңдарында, Қазақстан Республикасының
Конституциясында бекітілген.
Инклюзивті білім беру немесе «білім
баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға
мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте
және мектеп өміріне белсене қатысуға
мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен
Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы
мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006
жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға
мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте
және мектеп өміріне белсене қатысуға,
адамдармен қарым - қатынасына қажетті
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай
қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен
анықталады.
2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3.Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4.Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде
жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы
мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің
мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге
асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын
кеңейтеді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту
- оқушылардың тең құқығын анықтайды және
ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-
қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға
мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы
барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп,
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім
алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін
дамытуға болады.
Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде
дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі
формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады.
Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал
етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне
енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке,
ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Инклюзивті білім беру – балалардың
жынысына, жас ерекшеліктеріне,
географиялық тұратын жеріне, қимыл-
қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына,
әлеуметтік-экономикалық жағдайына
қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің
потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу
деген сөз.
Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін
мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша
реттеген абзал. Атап айтқанда:
- жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес
арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары;
- мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық
ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке
бағдарламасы.
Яғни инклюзивті білім беру - дамуында
сәл ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге
олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін
жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті оқыту біріктірілген оқушы дені сау
балалар сыныбында, тобында оқиды және дефектолог-
мұғалімнің жүйелі көмегін алады. Арнайы топтардағы
балалар бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке
істерді өткізу үшін біріктіріліп жұмыс жүргізеді. Мамандардың
бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.
Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің
физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа
ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне
енгізілген және мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге
оқытылатын оқыту және тәрбиелеу процесі болып табылады.
ҚР «Білім туралы» заңында инклюзивті білім беру ерекше
білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере
отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең
қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс екені көрсетілген.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім
берудің транформациясы. Мұнда бала мектептің
қажеттіліктеріне емес, мектеп баланың қажеттіліктеріне
бейімделуі керек. Сондықтан ерекше білім беруді қажет ететін
балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеусіз және
олардың білім алу қажеттіліктерін бағалаусыз инклюзивті білім
беру туралы айтуға болмайды.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқытудың
басқаша түрі қолданылады – үйде оқыту, қашықтан оқыту,
арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептердегі түзету
сыныптары.
Инклюзивті білім берудегі нақты құндылықтар мен
ұстанымдар
Баланың анықтамада көрсетілген диагнозына байланысты оқу
бағдарламалары беріледі. Әр баланың диагнозына байланысты оқу
жүктемелері жасалады, яғни бала қандай сабақтар оқуы керек, оны
қалай өту қажеттігі белгіленеді. Егер қосымша мамандар қажет
болса, оларды да сағат бойынша бөліп береді. Осылайша әр
баланың сабақты игеруіне жағдай жасалады. Олар қалыпты
сыныпта отырады, мектептің қалыпты оқушысы ретінде
саналады. Себебі ерекше балалар барлық баламен бірге жүріп,
әлеуметтенуі керек.
Мұғалімдер ерекше білімді қажет ететін балалармен қалай жұмыс
жасауы қажет екені туралы арнайы курстардан өтеді.
Сондай-ақ, «ерекше» балаларға басқалармен салыстырғанда
мүмкіндіктеріне қарай жеңілірек тапсырмалар беріледі.
Психологиялық тұрғыда балалар бақылау, зерттеу және
диагностикалау әдістерін қолдану арқылы бақыланады. Сондай-ақ, егер
баланың үлгерімі төмен болса, ата-аналарының сұранысы бойынша
бағыттарын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, баланың есте
сақтау және басқа да қабілеттеріне қарай ата-аналар тапсырма беруді сұрап
жатады.
Бір сыныпта әр түрлі диагнозбен бір немесе екі бала отыруы мүмкін.
Әрине ата-аналар сыныпта «ерекше» бала болғандықтан өз балалары да
назардан тыс қалып қоймағанын қалайды. Мысалы, ата-аналар көбінесе баласы
басқа балалардан бөлініп қалмауын немесе жазудан үлгермей қалмасын деп
сұрап, мән беріп отырады. Оларға баласы инклюзия сыныбында отырғанымен
барлық оқушыға бірдей міндет, мақсат қойылатынын түсіндіреміз. Сондай-ақ,
бала бойындағы жағымсыз қасиеттерді жойып, өзін еркін, қалыпты сезінуге
үйрету қажет.
Егер баланың мінез-құлқында не болмаса сөздік қорында ерекшеліктерін байқап,
көмек қажет болса, онда психолог, логопед, дефектологқа жүгінеді. Сондай-ақ, үлгерімі
жақсы болса, онда жағымды өзгерістер динамикасы туралы ата-анаға айтып отырады.
Одан бөлек, мұғалімдер балалармен де тренингтер өткізеді.
Балаларға рөлдік ойындар ойнату қажет. Айта кетсем, қарапайым
балаға егер сыныпта көру кемістігі бар бала болса, оның жағдайын түсіну
үшін баланың бір көзін жауып немесе аяқтарына қатты затты байлап,
жүргіземіз, құлаққап кигізіп, қатты дауыспен музыка қосып қоямыз.
Осындай тренингтер арқылы балалардың айналасындағылардың дауысын
естімей, қалай әрекет жасайтыны туралы білеміз. Олар да осындай
тренингтерден кейін «ерекше» балаларға қиын екенін түсіне бастайды. Тіпті
оқушылардың инклюзия сыныбындағы балаларға қамқорлық көрсете
бастағанын да байқадық. Мысалы, 2-3 сыныптағы балалар «ерекше»
балаларға аса назар аудара бермейтін, кейін олар 5-6 сыныпқа келгенде
«ерекше» балаға көмектесуге тырысатынын көруге болады. Осылайша олар
өсе келе өздерінің көмегіне мұқтаж екенін сезіне бастайды.
Біздің тәжірибемізде инклюзия сыныбындағы ең үлкен бала 7-
сыныпта оқып отыр. Дегенмен емделетін диагноздар болуы мүмкін.
Бізде негізінен түзету жұмыстары жүргізіледі. Яғни динамикасында
өзгеріс болуы мүмкін. Мысалы, бала бұрын жаза алмаса, қазір жаза
алады, сөйлей алмаса, сөйлейді, айта алмаған әріптерін айтады,
ойын жеткізе алады. Осындай өсу динамикасы байқалуы мүмкін.
Яғни салыстырмалы түрде алғанда бұрынғыдан дамиды. Таным
процестері, ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттері дамуы мүмкін.
Алайда емдеп, денсаулығы мықты бала етіп жібере аламыз деп
айта алмаймыз. Біз тек әлеуметтендіріп, қоғамға бейімдейміз.
Қазіргі таңда бізге инклюзивті сыныптардың жас ерекшеліктеріне сай
кабинеттері болуы керек деп талап қойып жатыр. Мысалы, бастауыш сыныпқа
арналған кабинет. Бала сабақтан шаршаса, демалып, қайта қалпына келетін
бұрышы болуы керек. Ол талапқа сай жабдықталуы қажет.
Caпaлы білімнің бaрлығы үшін қoлжетімді бoлу шaртын қaлыптacтыруғa
бaғыттaлғaн білім беру жүйеcін түрлендіру прoцеcтерінің бірі инклюзивті білім
беру бoлып тaбылaды.
Жанұяда ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр баланың өмірге келуі бірінші
кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және
өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қoймайды. Oтбасында бала үшін де, ата-
ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психoлoгиялық атмoсфера қалыптасатыны
белгілі.
Қазіргі таңда бізге инклюзивті сыныптардың жас
ерекшеліктеріне сай кабинеттері болуы керек деп талап
қойып жатыр. Мысалы, бастауыш сыныпқа арналған
кабинет. Бала сабақтан шаршаса, демалып, қайта қалпына
келетін бұрышы болуы керек. Ол талапқа сай жабдықталуы
қажет.
Caпaлы білімнің бaрлығы үшін қoлжетімді бoлу шaртын
қaлыптacтыруғa бaғыттaлғaн білім беру жүйеcін түрлендіру
прoцеcтерінің бірі инклюзивті білім беру бoлып тaбылaды.
Әйгілі ғалым Л. С. Выгoтский баланың өсіп дамуы бірінші кезекте
әлеуметтік даму жағдайына негіздеген. Дамуында ауытқуы бар
баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан oтбасының
жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина және
педагoгикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты ықпал
етуші күш ата-ана бoлып табылады. Сoндықтан ерекше білім беру
қaжеттіліктері бaр бала тәрбиелеуші oтбасы қандай да бoлмасын
медициналық, педагoгикалық, психoлoгиялық, құқықтық ақпарттық
қoлдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған қандай да қoлдау түрі
баланың немесе oтбасының кез-келген әлеуметтік-психoлoгиялық
мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Инклюзивті білім беру
жaғдaйындa ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр oқушылaрды
пcихoлoгиялық-педaгoгикaлық қoлдaу мaңызды рөл aтқaрaды.
Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді
инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет
ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту
мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді.
Инклюзивті (кіріктіре) білім беру дегеніміз – барлық балалар дене,
психикалық, зерде, мәдени-этникалық және басқа да ерекшеліктеріне
қарамастан жалпы білім беру жүйесіне қосылып, тұрғылықты жері
бойынша өз құрбыларымен қатар бір жалпы білім беру мектебінде білім
алуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Бұл жағдайда мектептер
білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларына қажетті
арнайы қолдауды жүзеге асырады.
Инклюзивті білім беру мынадай нақты құндылықтар мен
ұстанымдарға негізделеді:
- әр адам білім алуға құқылы;
- білім беру туылғаннан басталады. Ерте жаста білім беру ерекше
қажет, бірақ ол ересек жаста аяқталмайды, себебі бұл үдеріс өмір
бойы жалғасады;
- барлық балалар білім алуы керек;
- әр адам белгілі бір сала бойынша не белгілі бір уақытта оқыту
бойынша қиындықтарға тап болуы мүмкін;
-әр адам білім алу барысында көмекке мұқтаж;
- мектеп, мұғалім, отбасы бала ғана емес, өзге тұлғаларды да
оқытуға ықпал етуге жауапты;
- әртүрлі болу табиғи жағдай, ол өте бағалы және қоғамды
толықтырып отырады;
- біреуді кемсіте қарым-қатынас құру әрі бұндай мінез-құлық
таныту сынға түсу керек.
- балаларды толеранттылық тән және әртүрлілікті қалыпты жағдайда
қабылдайтын инклюзивті қоғамда өмір сүруге дайындау керек;
- мұғалімдер өздерімен өздері өмір сүрмеу керек, олар да үнемі
қолдауға мұқтаж.
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы
білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы
бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр
оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар.
Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным
процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға
ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып
табылады.
Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен
әлеуметтік нормалардың өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін
тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды психологиялық-
педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңызы өсетіні белгілі.
Педагог пен баланың қарым - қатынасындағы ұстанымдар мен
парадигмалар да өзгереді: «оқушы мен оқытушы» орнына, «адам мен адам»
парадигмасы қалыптаса бастайды. Балаларды психологиялық-
педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке
қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген
ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами қасиеттері
мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз
бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір
сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне
көмектесу болып табылады.
Инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-педагогикалық
қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік-
психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар
тобының қызметтерін қамтиды.
Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі
саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар
болып келеді - бұл, отбасы және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі
көптеген мәселелер де осы екі институттың әсеріне көбірек
байланысты болып келеді.
Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің,
психикасының, мінез - құлқының және интеллектісінің жақсы
қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта.
Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі
үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын
жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты
факторлардың бірі болып саналады.
Оқушыларды жалпы білім беру процесіне қосуға жағдайлар жасау үшін
мектептік психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылды.
Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдау
әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі оқыту мен
дамытуға арналған әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық
жағдайлар жасайтын мамандардың тұтас, жүйелі ұйымдастырылған
әрекетін білдіреді.
- даму бұзылыстарын ерте түзету;
- балаларды әлеуметтендіруде, оқытуда жеке ыңғай жасау;
- оқуға ынтасын, дербестігін, әлеуметті мүмкіндіктерін дамыту;
- өмірлік құзіреттердің дағдыларын қалыптастыру;
- ата-аналармен және құрдастармен конструктивті қарым-қатынас құру.
Инклюзивті білім беру саласында педагог-психологтың
рөлі ерекше. Мектептерде ерекше білімді қажет ететін балалармен
психолог көптеген жұмыстар өткізуге жауапты. Бұл саладағы
балалар ерекше назарда болады. Ерекше білімді қажет ететін
балалардың кейбіреулерінде өзіндік қабілет, ерекшелік бар.
Мысалы кейбіреулері би билеуге, сурет салуға қызығады,
осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай дамыту
педагог-психолог пен әрбір мұғалімнің міндеті. Білім берудің бұл
түрінде ерекше білімді қажет ететін баланың өз-өзіне сенімі артады,
ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл
баланың өзін – өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына
сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі
сезуіне жол ашады.
Оқытудың бұл түрі арқылы ерекше білімді қажет ететін
бала өз қабілетіне сай, ата- анасынан алшақтамай, яғни
арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр
болмай, тұрғылықты жерде білім алып, қоғаммен біте
қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата– анасы да
баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып,
жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады. Психолог
ата – анамен тікелей байланыста болып, баланың білім
алуына үлес қосады.
Педагог-психолог қазіргі таңда:
- баланың индивидуалды ерекшеліктерін, оның
қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, киыншылықтары мен
алаңдататын мәселелерін;
- баланың өмірлік қызметінің микроортасындағы қарым-
қатынастың ерекшеліктері мен шарттарын зерттейді;
- психолог педагогикалық диагностикасының бекітілген нәтижесін
қолдайды.
Педагог-психолог осы саланы таңдағандықтан, өзіне ауыр жүк
жүктейді. Яғни ол ерекше білімді қажет ететін балалармен де,
мамандармен және ата-аналармен де бір ізді жұмыстануға міндетті.
Психолог бұдан бөлек өзін үнемі дамытып, жан-жақты хабардар
болып, жиі білімін арттырып отыруы керек.
Барлық бала тең дәрежеде және өз мүмкіндігінше білім алуы тиіс.
Инклюзивті білім беру даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоршаған орта
мен жалпы қоғам алдында тең құқылы болуға қолдау көрсетеді. Мектеп тек
білім беру қызметін ғана атқармай, бала өмірінде тәрбие берудің де негізгі
саласы болып табылуы тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік – тұрмыстық өмірге
бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне
мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек.
Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы
жағдай жасалуы тиіс. Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек
емес, ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құщтарлық,
қоршаған ортаны сүю, адамдарға өшпенділікпен емес, махаббатпен қарап,
тіл табыса алуға үйретуіміз қажет. Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын
мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз қажет.
Ал осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін
беретін дефектолог-мұғалім жалпы білім беретін мектептің
мұғалімдеріне нұсқаушы болуы керек. Инклюзивті білім беру
барлық балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім
беру үрдісінің дамуы. Сондықтан да мұғалім – дефектолог
мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына, өз бетімен өмір
сүруіне бағыт – бағдар беруі тиіс.
Әрбір педагог, ата-ана, жалпы адамдар даму мүмкіндігі
шектеулі балаларға көмектесіп, олардың өмірде өз орнын
табуына жағдай жасауы керек. Бұл балалар үшін білім мазмұнын
дидактикалық ойындар, түрлі көрнекі құралдар арқылы
қалыптастыру өте маңызды болып саналады.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту
құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін
қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады. Қай
ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде:
«Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді,
өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да
алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын
өсіреді. Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін
жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында
компьютерлік сауаттылыққа баулу-бүгінгі күн талабы.
Соған сәйкес түрлі компьютерлік ойындар бар.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен
ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың сөйлеу
тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта
айтқанда жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор
қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам
құру үшін тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып
тәрбиелеуіміз керек.
Инклюзивті білім беру - мүгедек пен дамуында
сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені
сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен
ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың сөйлеу тілінің
қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта айтқанда жас
нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт
әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі, дені
сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.
Инклюзивті білім беру - мүгедек пен дамуында сәл
бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау
балалармен бірге олардың әлеуметтендіру жәнеинтеграция
процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар
сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің
жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір
бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда
өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және
қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді,
мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін
біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала
бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына
енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін
ата-аналар көрсетеді) болады.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму
деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен
болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген
(ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға
үлгермеушiлiгiжетi-сегiз жастан анық байқалады.
Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға,
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету
сыныптарына балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын
мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен
оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала
бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың
деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды
тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн.
Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік
мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер
бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік
беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын
арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте
мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама
бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,
жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту –
барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар
балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің
дамуы. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде
қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта
жақындатады.
Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда
жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы
оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа
тәрбиелей аламыз. Инклюзивті білім берудін мазмұны: инклюзивті
білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама
бойынша реттеген абзал: жалпы мектептерге арналған типік оқу
бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық
типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу
бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың
психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін
оқытудың жеке бағдарламасы.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың мақсаты: қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау; оқу
материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді
анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату;
оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу; жалпы білім беру мекемесі
жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу
және енгізу.
Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп,
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы
білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру
жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды
ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру
мүмкіншілігін қалыптастырады.
Білім беру жүйесі оқушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруы керек, әрбір оқушы өзінің құқығын білуі
керек. Бұл мемлекет пен үкіметтің міндеті – жалпы білім
беруден шығарылған балалар тобына қаратылған бірізді білім
беру саясатына кепілдік беру. Мұнда инклюзивті білім беруді
жүзеге асырудың қажетті элементі ретінде, білім беру сапасы
алынады, білім алу құқығы қолжетімділікті қамтамасыз ету
ретінде ғана емес, сонымен бірге әрбір адамның білім беру
үдерісіндегі жетістігін, ерте балалық шақтан бастап ересектік
өмірге дейін, сапалы білім алуда және әрі қарай мықты білімнің
іргетасын қалауды қамтамасыз ету ретінде қарастырылады.
Балалардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа
бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың
оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса,
онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да
өзгереді деп нық сеніммен айта аламыз. Сонымен қорыта
айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең
құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға,
адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті
дамытуға мүмкіндік береді.

More Related Content

Similar to Инклюзивті білім беруgggggggggggggg.pptx

Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттарыТәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттарыАйбек Қуандықұлы
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываывввввввnurlan93kz
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысBeisek Serikbay
 
мектепке дейінгі педагогика.pptx
мектепке дейінгі педагогика.pptxмектепке дейінгі педагогика.pptx
мектепке дейінгі педагогика.pptxssuserf01f10
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУАйбек Қуандықұлы
 
педагогика.pptx
педагогика.pptxпедагогика.pptx
педагогика.pptxssuserf01f10
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмиAsem Sarsembayeva
 
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...salta dyussembayeva
 
Ибадулла Назгул, Ихсанова Акбота, Сагидуллаева Жансая.docx
Ибадулла Назгул, Ихсанова Акбота, Сагидуллаева Жансая.docxИбадулла Назгул, Ихсанова Акбота, Сагидуллаева Жансая.docx
Ибадулла Назгул, Ихсанова Акбота, Сагидуллаева Жансая.docxssuser404b93
 
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосы
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосыДене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосы
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосыАйбек Қуандықұлы
 
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУАйбек Қуандықұлы
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssssnurlan93kz
 
мд инклюзив 1 л.pptx
мд инклюзив 1 л.pptxмд инклюзив 1 л.pptx
мд инклюзив 1 л.pptxssuserf01f10
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewenurlan93kz
 
иманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаиманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаAsem Sarsembayeva
 

Similar to Инклюзивті білім беруgggggggggggggg.pptx (20)

Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттарыТәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
орынай (2)
орынай (2)орынай (2)
орынай (2)
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
 
мектепке дейінгі педагогика.pptx
мектепке дейінгі педагогика.pptxмектепке дейінгі педагогика.pptx
мектепке дейінгі педагогика.pptx
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУТӘРБИЕЛЕУ  ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ  ТҰРҒЫДА  ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ - БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
234953.pptx
234953.pptx234953.pptx
234953.pptx
 
педагогика.pptx
педагогика.pptxпедагогика.pptx
педагогика.pptx
 
баяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эмибаяндама тәрбие жұмысы эми
баяндама тәрбие жұмысы эми
 
36sddadwd
36sddadwd36sddadwd
36sddadwd
 
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
Үш тілді білім беру үдерісінде мектеп жасына дейінгі балаларды көп мәдениетті...
 
Ибадулла Назгул, Ихсанова Акбота, Сагидуллаева Жансая.docx
Ибадулла Назгул, Ихсанова Акбота, Сагидуллаева Жансая.docxИбадулла Назгул, Ихсанова Акбота, Сагидуллаева Жансая.docx
Ибадулла Назгул, Ихсанова Акбота, Сагидуллаева Жансая.docx
 
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосы
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосыДене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосы
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімінің портфолиосы
 
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
салтенова н.с
салтенова н.ссалтенова н.с
салтенова н.с
 
мд инклюзив 1 л.pptx
мд инклюзив 1 л.pptxмд инклюзив 1 л.pptx
мд инклюзив 1 л.pptx
 
Zxwewewwewwewewe
ZxwewewwewweweweZxwewewwewwewewe
Zxwewewwewwewewe
 
инновация
инновацияинновация
инновация
 
иманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақалаиманбаева д.с. мақала
иманбаева д.с. мақала
 

More from FredSimon6

буллингlpplplplplplplplplplplplplll.pptx
буллингlpplplplplplplplplplplplplll.pptxбуллингlpplplplplplplplplplplplplll.pptx
буллингlpplplplplplplplplplplplplll.pptxFredSimon6
 
83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx
83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx
83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptxFredSimon6
 
thereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptx
thereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptxthereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptx
thereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptxFredSimon6
 
The instructtions of ActivBoard and .ppt
The instructtions of ActivBoard and .pptThe instructtions of ActivBoard and .ppt
The instructtions of ActivBoard and .pptFredSimon6
 
4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx
4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx
4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptxFredSimon6
 
383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx
383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx
383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptxFredSimon6
 
Modal verbs:can,could,be able to1234.ppt
Modal verbs:can,could,be able to1234.pptModal verbs:can,could,be able to1234.ppt
Modal verbs:can,could,be able to1234.pptFredSimon6
 

More from FredSimon6 (7)

буллингlpplplplplplplplplplplplplll.pptx
буллингlpplplplplplplplplplplplplll.pptxбуллингlpplplplplplplplplplplplplll.pptx
буллингlpplplplplplplplplplplplplll.pptx
 
83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx
83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx
83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx
 
thereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptx
thereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptxthereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptx
thereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptx
 
The instructtions of ActivBoard and .ppt
The instructtions of ActivBoard and .pptThe instructtions of ActivBoard and .ppt
The instructtions of ActivBoard and .ppt
 
4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx
4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx
4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx
 
383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx
383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx
383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx
 
Modal verbs:can,could,be able to1234.ppt
Modal verbs:can,could,be able to1234.pptModal verbs:can,could,be able to1234.ppt
Modal verbs:can,could,be able to1234.ppt
 

Recently uploaded

№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptxzhappassova1
 
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.zhappassova1
 
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptxzhappassova1
 
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptxzhappassova1
 
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptxzhappassova1
 
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptxzhappassova1
 
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.pptzhappassova1
 
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.pptzhappassova1
 
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияоптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияmph6ngwrdk
 
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptxzhappassova1
 
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...zhappassova1
 
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентацияМеханика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентацияzhappassova1
 

Recently uploaded (12)

№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
 
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
 
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
 
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
 
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
 
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
 
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
 
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
 
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияоптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
 
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
 
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
 
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентацияМеханика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
 

Инклюзивті білім беруgggggggggggggg.pptx

  • 2. «Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді. Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер» В. А. Сухомлинский
  • 3. 1. Инклюзивті білім беру дегеніміз не? 2. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері 3. Инклюзивті білім берудегі нақты құндылықтар мен ұстанымдар 4. Педагог-психологтың және дефектологтың жұмысы 5. Қорытынды
  • 4. 1. Инклюзивті білім беру дегеніміз не? 2. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері 3. Инклюзивті білім берудегі нақты құндылықтар мен ұстанымдар 4. Педагог-психологтың және дефектологтың жұмысы 5. Қорытынды
  • 5. Мемлекетіміздің әрбір aзaмaты – ұлттық құндылық, әрбір бaлacы – еліміздің ертеңі екенін еcкерcек, әрбір ерекше білім беру қaжеттілігі бaр oқушылaр caпaлы білім aлып, aзaмaт бoлып қaлыптacуынa жaғдaй жacaу міндетіміз бoлып тaбылaды.
  • 6. Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
  • 7. Инклюзивті білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат болып табылады.
  • 8. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
  • 9. Инклюзивті білім берудің негізгі мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту, білім беру.
  • 10. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
  • 11. Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды оқыту, балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
  • 12. Жалпы инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
  • 13. АҚШ пен Еуропаның қазіргі білім беру саясатында бірнеше тәсілдер дамыды, оның ішінде білімге қолжетімділікті кеңейту (widening participation), мэйнстриминг (mainstreaming), интеграция (integration), инклюзия (inclusion). Мэйнстриминг «ерекше» балалар құрдастарымен мерекелерде, түрлі мерекелік іс-шараларда сөйлеседі деп болжайды.
  • 14. Интеграция дегеніміз - ақыл-ойы мен физикалық дамуында ауытқуы бар балалардың қажеттіліктерін, оларға бейімделмеген, жалпы өзгеріссіз қалатын білім беру жүйесіне сәйкестендіру. Инклюзия - мектептерді реформалау және оқыту жағдайын барлық балаланың қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп қайта жоспарлау.
  • 15. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.
  • 16. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді.
  • 17. Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға, адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
  • 18. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. 2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 3.Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. 4.Барлық адам бір - біріне қажет.
  • 19. 5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
  • 20. Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым- қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады.
  • 21. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
  • 22. Инклюзивті білім беру – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл- қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу деген сөз.
  • 23. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: - жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; - мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; - мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
  • 24. Яғни инклюзивті білім беру - дамуында сәл ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген оқушы дені сау балалар сыныбында, тобында оқиды және дефектолог- мұғалімнің жүйелі көмегін алады. Арнайы топтардағы балалар бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріліп жұмыс жүргізеді. Мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.
  • 25. Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру жүйесіне енгізілген және мүмкіндігі шектеусіз құрдастарымен бірге оқытылатын оқыту және тәрбиелеу процесі болып табылады. ҚР «Білім туралы» заңында инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс екені көрсетілген.
  • 26. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру – бұл жалпы білім берудің транформациясы. Мұнда бала мектептің қажеттіліктеріне емес, мектеп баланың қажеттіліктеріне бейімделуі керек. Сондықтан ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеусіз және олардың білім алу қажеттіліктерін бағалаусыз инклюзивті білім беру туралы айтуға болмайды. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға оқытудың басқаша түрі қолданылады – үйде оқыту, қашықтан оқыту, арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептердегі түзету сыныптары.
  • 27. Инклюзивті білім берудегі нақты құндылықтар мен ұстанымдар Баланың анықтамада көрсетілген диагнозына байланысты оқу бағдарламалары беріледі. Әр баланың диагнозына байланысты оқу жүктемелері жасалады, яғни бала қандай сабақтар оқуы керек, оны қалай өту қажеттігі белгіленеді. Егер қосымша мамандар қажет болса, оларды да сағат бойынша бөліп береді. Осылайша әр баланың сабақты игеруіне жағдай жасалады. Олар қалыпты сыныпта отырады, мектептің қалыпты оқушысы ретінде саналады. Себебі ерекше балалар барлық баламен бірге жүріп, әлеуметтенуі керек.
  • 28. Мұғалімдер ерекше білімді қажет ететін балалармен қалай жұмыс жасауы қажет екені туралы арнайы курстардан өтеді. Сондай-ақ, «ерекше» балаларға басқалармен салыстырғанда мүмкіндіктеріне қарай жеңілірек тапсырмалар беріледі. Психологиялық тұрғыда балалар бақылау, зерттеу және диагностикалау әдістерін қолдану арқылы бақыланады. Сондай-ақ, егер баланың үлгерімі төмен болса, ата-аналарының сұранысы бойынша бағыттарын көтеру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, баланың есте сақтау және басқа да қабілеттеріне қарай ата-аналар тапсырма беруді сұрап жатады.
  • 29. Бір сыныпта әр түрлі диагнозбен бір немесе екі бала отыруы мүмкін. Әрине ата-аналар сыныпта «ерекше» бала болғандықтан өз балалары да назардан тыс қалып қоймағанын қалайды. Мысалы, ата-аналар көбінесе баласы басқа балалардан бөлініп қалмауын немесе жазудан үлгермей қалмасын деп сұрап, мән беріп отырады. Оларға баласы инклюзия сыныбында отырғанымен барлық оқушыға бірдей міндет, мақсат қойылатынын түсіндіреміз. Сондай-ақ, бала бойындағы жағымсыз қасиеттерді жойып, өзін еркін, қалыпты сезінуге үйрету қажет. Егер баланың мінез-құлқында не болмаса сөздік қорында ерекшеліктерін байқап, көмек қажет болса, онда психолог, логопед, дефектологқа жүгінеді. Сондай-ақ, үлгерімі жақсы болса, онда жағымды өзгерістер динамикасы туралы ата-анаға айтып отырады. Одан бөлек, мұғалімдер балалармен де тренингтер өткізеді.
  • 30. Балаларға рөлдік ойындар ойнату қажет. Айта кетсем, қарапайым балаға егер сыныпта көру кемістігі бар бала болса, оның жағдайын түсіну үшін баланың бір көзін жауып немесе аяқтарына қатты затты байлап, жүргіземіз, құлаққап кигізіп, қатты дауыспен музыка қосып қоямыз. Осындай тренингтер арқылы балалардың айналасындағылардың дауысын естімей, қалай әрекет жасайтыны туралы білеміз. Олар да осындай тренингтерден кейін «ерекше» балаларға қиын екенін түсіне бастайды. Тіпті оқушылардың инклюзия сыныбындағы балаларға қамқорлық көрсете бастағанын да байқадық. Мысалы, 2-3 сыныптағы балалар «ерекше» балаларға аса назар аудара бермейтін, кейін олар 5-6 сыныпқа келгенде «ерекше» балаға көмектесуге тырысатынын көруге болады. Осылайша олар өсе келе өздерінің көмегіне мұқтаж екенін сезіне бастайды.
  • 31. Біздің тәжірибемізде инклюзия сыныбындағы ең үлкен бала 7- сыныпта оқып отыр. Дегенмен емделетін диагноздар болуы мүмкін. Бізде негізінен түзету жұмыстары жүргізіледі. Яғни динамикасында өзгеріс болуы мүмкін. Мысалы, бала бұрын жаза алмаса, қазір жаза алады, сөйлей алмаса, сөйлейді, айта алмаған әріптерін айтады, ойын жеткізе алады. Осындай өсу динамикасы байқалуы мүмкін. Яғни салыстырмалы түрде алғанда бұрынғыдан дамиды. Таным процестері, ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттері дамуы мүмкін. Алайда емдеп, денсаулығы мықты бала етіп жібере аламыз деп айта алмаймыз. Біз тек әлеуметтендіріп, қоғамға бейімдейміз.
  • 32. Қазіргі таңда бізге инклюзивті сыныптардың жас ерекшеліктеріне сай кабинеттері болуы керек деп талап қойып жатыр. Мысалы, бастауыш сыныпқа арналған кабинет. Бала сабақтан шаршаса, демалып, қайта қалпына келетін бұрышы болуы керек. Ол талапқа сай жабдықталуы қажет. Caпaлы білімнің бaрлығы үшін қoлжетімді бoлу шaртын қaлыптacтыруғa бaғыттaлғaн білім беру жүйеcін түрлендіру прoцеcтерінің бірі инклюзивті білім беру бoлып тaбылaды. Жанұяда ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қoймайды. Oтбасында бала үшін де, ата- ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психoлoгиялық атмoсфера қалыптасатыны белгілі.
  • 33. Қазіргі таңда бізге инклюзивті сыныптардың жас ерекшеліктеріне сай кабинеттері болуы керек деп талап қойып жатыр. Мысалы, бастауыш сыныпқа арналған кабинет. Бала сабақтан шаршаса, демалып, қайта қалпына келетін бұрышы болуы керек. Ол талапқа сай жабдықталуы қажет. Caпaлы білімнің бaрлығы үшін қoлжетімді бoлу шaртын қaлыптacтыруғa бaғыттaлғaн білім беру жүйеcін түрлендіру прoцеcтерінің бірі инклюзивті білім беру бoлып тaбылaды.
  • 34. Әйгілі ғалым Л. С. Выгoтский баланың өсіп дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негіздеген. Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан oтбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина және педагoгикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты ықпал етуші күш ата-ана бoлып табылады. Сoндықтан ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр бала тәрбиелеуші oтбасы қандай да бoлмасын медициналық, педагoгикалық, психoлoгиялық, құқықтық ақпарттық қoлдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған қандай да қoлдау түрі баланың немесе oтбасының кез-келген әлеуметтік-психoлoгиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Инклюзивті білім беру жaғдaйындa ерекше білім беру қaжеттіліктері бaр oқушылaрды пcихoлoгиялық-педaгoгикaлық қoлдaу мaңызды рөл aтқaрaды.
  • 35. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Инклюзивті (кіріктіре) білім беру дегеніміз – барлық балалар дене, психикалық, зерде, мәдени-этникалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру жүйесіне қосылып, тұрғылықты жері бойынша өз құрбыларымен қатар бір жалпы білім беру мектебінде білім алуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Бұл жағдайда мектептер білім алудағы ерекше қажеттіліктерді ескеріп, өз оқушыларына қажетті арнайы қолдауды жүзеге асырады.
  • 36. Инклюзивті білім беру мынадай нақты құндылықтар мен ұстанымдарға негізделеді: - әр адам білім алуға құқылы; - білім беру туылғаннан басталады. Ерте жаста білім беру ерекше қажет, бірақ ол ересек жаста аяқталмайды, себебі бұл үдеріс өмір бойы жалғасады; - барлық балалар білім алуы керек; - әр адам белгілі бір сала бойынша не белгілі бір уақытта оқыту бойынша қиындықтарға тап болуы мүмкін; -әр адам білім алу барысында көмекке мұқтаж;
  • 37. - мектеп, мұғалім, отбасы бала ғана емес, өзге тұлғаларды да оқытуға ықпал етуге жауапты; - әртүрлі болу табиғи жағдай, ол өте бағалы және қоғамды толықтырып отырады; - біреуді кемсіте қарым-қатынас құру әрі бұндай мінез-құлық таныту сынға түсу керек. - балаларды толеранттылық тән және әртүрлілікті қалыпты жағдайда қабылдайтын инклюзивті қоғамда өмір сүруге дайындау керек; - мұғалімдер өздерімен өздері өмір сүрмеу керек, олар да үнемі қолдауға мұқтаж.
  • 38. Бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі. Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Қазіргі күрделі әлеуметтік даму жағдайында, құндылықтар мен әлеуметтік нормалардың өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды психологиялық- педагогикалық тұрғыда қолдаудың маңызы өсетіні белгілі.
  • 39. Педагог пен баланың қарым - қатынасындағы ұстанымдар мен парадигмалар да өзгереді: «оқушы мен оқытушы» орнына, «адам мен адам» парадигмасы қалыптаса бастайды. Балаларды психологиялық- педагогикалық қолдау бұл - баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір мақсаттарға деген ұмтылыстары мен мүмкіндіктеріне қолдау көрсету, оның адами қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына, оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне көмектесу болып табылады. Инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік- психологиялық және педагогикалық жағдай жасауға бағытталған мамандар тобының қызметтерін қамтиды.
  • 40. Қазіргі заманда өмір сүретін балалар үшін іс-әрекеттің екі саласы бар, және де олар бала тәрбиесіндегі негізгі институттар болып келеді - бұл, отбасы және білім беру жүйесі. Бала өміріндегі көптеген мәселелер де осы екі институттың әсеріне көбірек байланысты болып келеді. Бала үшін отбасы – бұл, оның дене бітімінің, психикасының, мінез - құлқының және интеллектісінің жақсы қалыптасып, дамуына ыңғайлы жағдайлар жасайтын орта. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы, өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі болып саналады.
  • 41. Оқушыларды жалпы білім беру процесіне қосуға жағдайлар жасау үшін мектептік психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі құрылды. Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы психологиялық-педагогикалық қолдау әрбір баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай нәтижелі оқыту мен дамытуға арналған әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасайтын мамандардың тұтас, жүйелі ұйымдастырылған әрекетін білдіреді. - даму бұзылыстарын ерте түзету; - балаларды әлеуметтендіруде, оқытуда жеке ыңғай жасау; - оқуға ынтасын, дербестігін, әлеуметті мүмкіндіктерін дамыту; - өмірлік құзіреттердің дағдыларын қалыптастыру; - ата-аналармен және құрдастармен конструктивті қарым-қатынас құру.
  • 42. Инклюзивті білім беру саласында педагог-психологтың рөлі ерекше. Мектептерде ерекше білімді қажет ететін балалармен психолог көптеген жұмыстар өткізуге жауапты. Бұл саладағы балалар ерекше назарда болады. Ерекше білімді қажет ететін балалардың кейбіреулерінде өзіндік қабілет, ерекшелік бар. Мысалы кейбіреулері би билеуге, сурет салуға қызығады, осындай қызығушылығы мол балаларды әрі қарай дамыту педагог-психолог пен әрбір мұғалімнің міндеті. Білім берудің бұл түрінде ерекше білімді қажет ететін баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді, бұл баланың өзін – өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады.
  • 43. Оқытудың бұл түрі арқылы ерекше білімді қажет ететін бала өз қабілетіне сай, ата- анасынан алшақтамай, яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алып, қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата– анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып, жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады. Психолог ата – анамен тікелей байланыста болып, баланың білім алуына үлес қосады.
  • 44. Педагог-психолог қазіргі таңда: - баланың индивидуалды ерекшеліктерін, оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, киыншылықтары мен алаңдататын мәселелерін; - баланың өмірлік қызметінің микроортасындағы қарым- қатынастың ерекшеліктері мен шарттарын зерттейді; - психолог педагогикалық диагностикасының бекітілген нәтижесін қолдайды. Педагог-психолог осы саланы таңдағандықтан, өзіне ауыр жүк жүктейді. Яғни ол ерекше білімді қажет ететін балалармен де, мамандармен және ата-аналармен де бір ізді жұмыстануға міндетті. Психолог бұдан бөлек өзін үнемі дамытып, жан-жақты хабардар болып, жиі білімін арттырып отыруы керек.
  • 45. Барлық бала тең дәрежеде және өз мүмкіндігінше білім алуы тиіс. Инклюзивті білім беру даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоршаған орта мен жалпы қоғам алдында тең құқылы болуға қолдау көрсетеді. Мектеп тек білім беру қызметін ғана атқармай, бала өмірінде тәрбие берудің де негізгі саласы болып табылуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік – тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек. Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес, ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құщтарлық, қоршаған ортаны сүю, адамдарға өшпенділікпен емес, махаббатпен қарап, тіл табыса алуға үйретуіміз қажет. Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз қажет.
  • 46. Ал осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін беретін дефектолог-мұғалім жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне нұсқаушы болуы керек. Инклюзивті білім беру барлық балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру үрдісінің дамуы. Сондықтан да мұғалім – дефектолог мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына, өз бетімен өмір сүруіне бағыт – бағдар беруі тиіс. Әрбір педагог, ата-ана, жалпы адамдар даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесіп, олардың өмірде өз орнын табуына жағдай жасауы керек. Бұл балалар үшін білім мазмұнын дидактикалық ойындар, түрлі көрнекі құралдар арқылы қалыптастыру өте маңызды болып саналады.
  • 47. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды алмайық өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында компьютерлік сауаттылыққа баулу-бүгінгі күн талабы. Соған сәйкес түрлі компьютерлік ойындар бар.
  • 48. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта айтқанда жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек. Инклюзивті білім беру - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және
  • 49. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта айтқанда жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек. Инклюзивті білім беру - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру жәнеинтеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
  • 50. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады.
  • 51. Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгiжетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн.
  • 52. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады.
  • 53. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Инклюзивті білім берудін мазмұны: инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал: жалпы мектептерге арналған типік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы.
  • 54. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты: қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау; оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату; оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу; жалпы білім беру мекемесі жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу және енгізу. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
  • 55. Білім беру жүйесі оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек, әрбір оқушы өзінің құқығын білуі керек. Бұл мемлекет пен үкіметтің міндеті – жалпы білім беруден шығарылған балалар тобына қаратылған бірізді білім беру саясатына кепілдік беру. Мұнда инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың қажетті элементі ретінде, білім беру сапасы алынады, білім алу құқығы қолжетімділікті қамтамасыз ету ретінде ғана емес, сонымен бірге әрбір адамның білім беру үдерісіндегі жетістігін, ерте балалық шақтан бастап ересектік өмірге дейін, сапалы білім алуда және әрі қарай мықты білімнің іргетасын қалауды қамтамасыз ету ретінде қарастырылады.
  • 56. Балалардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайы да өзгереді деп нық сеніммен айта аламыз. Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.