SlideShare a Scribd company logo
1 of 40
ЖАСӨСПІРІМДЕР
АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ
АЛДЫН-АЛУ
1. Буллинг дегеніміз не?
2. Буллингтің себептері мен түрлері
3. Мектептегі буллинг қайдан пайда болады?
4. Буллингтің алдын алу алғышарттары
5. Баланың қысым көргенін қалай байқауға болады?
6. Буллинг пен кибербуллингтің баланың
болашағына әсері қандай?
7. Қорытынды
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Буллинг дегеніміз не?
Буллинг – бұл жаңа термин. Bullying сөзі
ағылшын тілінен аударғанда «қорқыту», «кемсіту»,
«мұқату» дегенді білдіреді. Кеңірек мағынада бұл бір
адам (немесе топ) басқа, физикалық және моральдық
жағынан әлсіз адамға (немесе адамдар тобына)
физикалық шабуыл жасаған немесе қорқытқан
кездегі зорлық-зомбылықтың ерекше түрі. Жалпы
баланың қатегездігін білдіреді.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Сандар не дейді?
Статистикаға келетін болсақ, еліміздегі балалардың
шамамен 85%-ы әр буллингтің және киберқысымның
неше түрлеріне ұшырайды. Бұл қазіргі заманның үлкен
түйткіліне айналып отыр. Әсіресе 11-ден 15 жасқа дейінгі
әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім бұзақылықтың
құрбаны немесе қатысушысы болады. Мамандардың
айтуынша, 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің
17%-ы айына бір немесе бірнеше рет буллингтің құрбаны
болған. Және ауылдық жерлерге қарағанда қала
мектептерінің оқушылары жиі қорлауға ұшырайды.
Сонымен қатар 11–15 жас аралығындағы
жасөспірімдердің 12%-дан астамы кемінде бір рет
кибербуллингке тап болған.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Буллингтің себептері мен түрлері
Оқушылар арасындағы күш
теңсіздігігін төмендегідей бөліп
қарастырылады:
- психологиялық
- физикалық
- кибербуллинг
- әлеуметтік
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар
аудармау, кері итеру, бақылау және/не оқшаулауға, баланы
қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал
етуге, оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін
жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы
өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана
жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын
қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың
өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып
табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау,
балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты
вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту
және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру
мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп
төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты
өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық
зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың
денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына,
өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін
физикалық күш көрсету арқылы жасалатын
әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде
бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру,
итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу,
қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау.
Физикалық зорлық-зомбылық көбінісе балаға залал
не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не
қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Кибербуллинг – баланың соңына түсу,
қорқыту, ұялту мақсатында интернет арқылы
таралатын әлеуметтік жүйелерді пайдалану.
Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік
хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн
режімінде мазақ ету не жеке басына тән
ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны
орналастыру; басқа баланың қыр соңына
түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу
жазбасын, веб-парақшаны не онлайн
режімінде бейне жасау сияқты әрекет
түрлерін қамтиды.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Әлеуметтік – баланың жынысына,
ұлтына, ұлыстық мәртебесіне,
әлеуметтік-экономикалық
жағдайына, дініне не мүгедектігіне
негізделген әділетсіз не бөліп-жару
қарым-қатынасы.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Жасөспірімдерді қорлаудың келесі себептерін ажыратуға
болады:
 қызғаныш, табыс, сыртқы, физикалық немесе психикалық
көріністер;
 бұрынғы қателіктері үшін кек алу;
 дұшпандық сезімі;
 сыныпта, құрдастар арасында билік үшін, көшбасшылық үшін
күрес;
 қарсыластың өзінен артықшылығын көрсету арқылы оны
бейтараптандыру;
 өзін-өзі растау;
 назар орталығында болуға, салқын көрінуге ұмтылу;
 таң қалдыруға ұмтылу;
 ұнатпайтын адамды қорлауға, қорқытуға ұмтылу.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Айта кету керек, қорқыту барысында бірнеше даму
сатысынан өтеді:
Бірінші кезең — қорлау тобын құру. «Жәбірленушінің»
физикалық күшін қолдану және қорлау арқылы өзін көрсетуге
тырысатын «көшбасшының» айналасында жасөспірімдік
ортада құрдастар жиналады, олар да басқаларға үстемдік етуді
қалайды немесе керісінше көшбасшыдан қорғауды іздейді. Егер
«көшбасшы» тарапынан зорлық-зомбылықтың алғашқы
көріністері қатаң түрде басылмаса:
— ол өзінің жазасыздығына сенімді бола бастайды;
— қатарластары арасында беделі артады;
— өз күші мен ықпалына сенімді болып, орнығады;
— топ нығаяды;
— қолдауды жалғастырады.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Егер сіз буллинг көріністерін уақытында
тоқтатпасаңыз, уақыт өте келе олар қауіпті бола
бастайды. Зорлық-зомбылық мәселесін шешу үшін
буллинг жағдайын жасау әрекеттеріне дұрыс және
дер кезінде жауап беру маңызды.
Егер білім беру ұйымдарындарының барлық
қатысушылары буллинг мәселесімен белсенді және
байыпты айналысса, онда көптеген қақтығыстардың
алдын алуға болады.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Негізгі белгілері:
-жәбірленуші мен жәбір көрсетуші арасындағы
күштердің тең келмеуі;
-қысым мен зомбылықтың қайталануы;
-жәбірленуші көңіл күйіне келтіретін әсері.
-сыныптастар тарапынан намысқа тиетін сөздерді
айту,
-жала жабу мен ақша талап ету әлеуметтік жағынан
тәртібі әлсіз қоғамда кездесетін жағдайлар.
Қолдау мен түсініспеушілікке зәру балалар,
адамның қадір қасиетіне мән берілмейтін ортада
буллинг жиі кездеседі.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Жәбірленуші.
Буллинг зардабына кез келген оқушы
ұшырауы мүмкін, әсіресе өзгеше киінетін, не
болмаса киім үлгісіне мән бермей, алақ жұлақ
жүретін оқушылар, толық келген немесе тым
арық оқушылар ұшырауы мүмкін. Сонымен
қатар өте сезімтал, ұстаздардың қолдауына ие,
үлкендердің сөздерін сөйлейтін оқушылар да
буллингтен жәбір көрулері мүмкін. Сыныпқа
жаңа келген оқушылар.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Жәбірлеушілер мен буллерлер. Буллерлер көбінесе
«жоқ» деген жауапты қабылдауды үйренбеген, еш
нәрседен тыйым көрмей өскен, ата-аналарының
сөзіне құлақ аспай өскен балалар болуы мүмкін.
Үлкендер тарапынан қолдауды аса қажет ететін
оқушылар. Бұл оқушылар барлық назардың тек
өздерінде болғанын қалайды. Бұл оқушылардың
өздеріне деген сенімдері төмен болғандықтан, басқа
оқушыларды мәжбүрлеу арқылы өзіне деген сенімді
көтеру, қысым көрсету арқылы өзгелерге дәлелдеу.
Бұл оқушылар қоршаған ортадағы адамдардан
сүйіспеншілікті қажетсінеді.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Мектептегі буллинг қайдан пайда болады?
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен
технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар
арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Буллинг
көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды.
Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер
айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және
шеттетуден тұрады. Әсіресе соңғысы балалардың өз
ортасынан алшақтап, жалғыздықтан суицидке баруына
әсер етеді.
Балалар арасындағы буллинг бұрыннан бар нәрсе. Тек
қазіргі уақытта телефонға түсіріп алу, оны таратып жіберу
секілді әрекеттер бұл мәселені одан бетер өршітіп
жіберді.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Сонымен қатар қазір буллингтің физикалық түріне
қарағанда психологиялық шабуылы көбірек байқалады. Балалар
арасындағы суицидтің көп белең алып кетуі де осыған
байланысты. Алайда біз бұдан физикалық буллингке қарағанда
оның психологиялық түрі қауіпті болады деп айта алмаймыз.
Бұлардың екеуі де қауіпті. Мысалы, физикалық шабуыл кезінде
қудалауға ұшыраған баланы итеріп жіберіп немесе ауыр соққы
жасаса, психологиялық түрінде баланы шеттету, мазақтау,
күлкіге айналдыру болады. Мұның барлығы да ақыл-есі
қатпаған жасөспірімге ауыр әсер етеді.
Мектептегі буллинг көбіне бастауыш және орта
сыныптарда кездесетінін айтады. Сөзінше, 10-11 сыныптарда
ми құрылымдарының жетілу процестерінің және
жасөспірімдердің өзін-өзі реттеу қабілетінің аясында мұндай
мәселелер бірте-бірте жойылады.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Буллингтің алдын алу алғышарттары.
Қазіргі таңда буллингтің алдын-алу мәселесі
үлкен маңызға ие және көптеген себептерге
байланысты кеңінен қамтуға лайық.
Біріншіден, агрессивті мінез-құлықтың бұл түрі
жасөспірімдердің психикасын терең жарақаттайды.
Екіншіден, экономикалық тұрақсыздық, кедейлік,
біздің күнделікті өміріміздегі агрессияның, стрестің
көптігінен буллингтің жасөспірімдер арасында
таралуы артып отыр.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Буллингтің белгілері байқалған кезде, ең бастысы оның бар екенін
мойындау. Жоққа шығарып, көңіл аудармай қанен қаперсіз жүруге
болмайды. Мәжбүрлеуді елемеген жағдайда асқындырып алу қаупі
бар. Мұғалімдердің көпшілігі мен сабақ берген ортада буллингтің
болуы мүмкін емес деп, өз атақ абыройын ойлап, жасыруға тырысқан
жағдайлар да кездеседі. Өздеріне жүктелген міндетті атқара адмадым
деп қынжылады, алайда шешімін табуға жол іздеу ұстаз жұмысының
ең жоғары белесі екендігін ұмытпауымыз қажет.
Оқушылардың бойында эмоционалды зият деңгейін барынша
көтеруге тырысқан жөн, өзара жағымды қарым қатынас құруға
тәрбиелеу қажет. Сынып ішіндегі өзара құрмет өте маңызды,
оқушылар сыныпта өздерін еркін әрі батыл сезінгендері жөн, ал
оқытушы болса әрдайым қолдап, қолпаштап, өз тарапынан ұрыс
керісті болдырмағаны жөн. Әр оқушының сөзіне құлақ асып, қарым
қатынаста тоталитаризм стилінен аулақ болуы қажет.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Нақты әрекеттерге тоқталсақ: жалпыға ортақ ережелерді бекітіп,
барлығын сол ережелерді ұстануын қамтамасыз ету; барлық
оқушыларды назарда ұстау; жағдайдың шиеленісуін болдырмай,
алдын алу шараларын ойластыру; топтық кездесулер мен талқылаулар
өткізіп отыру, ортақ мақсаттар құру және оларға қол жеткізу бойынша
жоспар жасау, ортақ қызығушылықтар мен ойындар өткізу арқылы
сынып оқушыларын біріктіру.
Егер мәселе орын алған жағдайдағы әрекеттеріңіз: жағдай өзінен өзі
аяқталады деп жүре беруге болмайды, бірден мәселені анықтап,
тыйым салып, мәселенін мән-жайын анықтау қажет; үнсіз қалмаңыз,
басқа оқушыларды, ата-аналарды, тьюторларды, әкімшілікті құлағдар
етіп, мәселені шешу бойынша жоспар құрыңыз. Топ мүшелерінен
олардың халдарын сұрап отыру, неге қол жеткізе алдыңыздар? қандай
қиыншылықтар бар? және сіздің тарапыңыздаң қандай көмеккке зәру?
іспеттес сұрақтарды қою. Жағымды өзгешіліктер болса тоқталып,
қолпаштау.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Балалар арасындағы буллингтің алдын алудың 10 жолы
Балалардың буллингке тап болуына алып келетін бірнеше себеп
болады. Оған сәтсіз құрылған неке, отбасындағы түсініспеушілік әсер
етеді. Оның ішінде отбасындағы әлеуметтік және қаржылай жағдайға
қатысты мәселелер, бала психикасының бұзылуы да бар.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін білім алушылар арасында
дұрыс қарым-қатынасты орнату жағын дамыту керек. Педагогтер кез
келген жағдайда оқушыларына үнемі қолдау білдіріп отырғаны жөн.
Оқушылардың отбасы мүшелеріне үлгілі ата-ана болудың маңызын
насихаттау қажет.
Кез келген ата-ана баласын қайда жіберсе де, оның қауіпсіздікте
жүргенін сезінуі тиіс. Сондықтан олар тәрбие беру барысында
балаларына «тыныш жүр, араласпа» деп айтып қана қоймау керек.
Яғни ата-ана әрбір бала «мен өзімді, достарымды қорғауым керек» деп
айта алатындай тәрбие жұмысын жүргізуі қажет.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Буллингтің алдын алу жолдары:
Біріншісі – болып жатқан жағдайды мұқият зерттеу.
Екіншісі – «құпия» жерлерді бақылау.
Үшіншісі – анонимдік шартын сақтау.
Төртіншісі – қарым-қатынастағы айырмашылықты
түсіндіру.
Бесіншісі – қолдау тобын құру.
Алтыншысы – топтасуға арналған тренингтер өткізу.
Жетіншісі – жәбірленушінің өзін-өзі бағалауын
арттыру.
Сегізінші – баланы өзін-өзі қорғауға бағыттау.
Тоғызыншысы – агрессор балалардың ата-аналарын
тарту.
Оныншысы – мүмкіндігі шектеулі балаға көмекші
табу.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Ата-анаға ақыл-кеңес
"Алдымен ата-анасы не істеуі керек, осыған
тоқталайық. Қорлық көрген баланың ата-анасы көп
жағдайда кінә, ұят, ашу және әлсіздік секілді
сезімдерді басынан өткереді. Осыған байланысты
кейде қолдау мен жанашырлықтың орнына олар:
"Неге қарсы жауап бермедің?", "Әлсіз болма!", "Өзің
кінәлісің" деген секілді сөздер айтып, баланың өзін
айыптайды. Бұл кез келген отбасының басынан өтуі
мүмкін екенін ұмытпау шарт. Бұл жерде ешкімнің
кінәсі жоқ, әсіресе баланың. Керісінше, мына сөздер
бала мен ата-ананың әңгімесіне оң әсер етеді:
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
 "Мен саған сенемін". Бұл балаға кез келген
жағдайда өзін жалғыз емес екенін ұқтырады;
 "Бұл сенің кінәң емес". Осы арқылы балаға
мұндай мәселеге тап болып тұрған өзі ғана емес
екенін түсіндіру маңызды;
 "Мен сені жақсы көремін және енді қайта қауіп
төнбес үшін барлығын жасаймын". Бұл балаға
қорғаныш сезімін ұялатып, болашаққа үмітпен
қарауына көмектеседі.
Бала кез келген жағдайда көмек сұрауға дайын
болатындай әрқашан сенімді қарым-қатынас орнату
аса маңызды.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Мұғалімге ақыл-кеңес
"Мектептегі және сыныптағы буллингпен күрес
мәселесі бұл да үлкен тақырып. Мұғалімдер әсіресе
балалардың ата-анасымен тығыз байланыста болуы
керек. Өйткені көбінесе ата-анасы баласының сыртқа
шыққандағы мінез-құлқынан хабары болмай қалады.
Содан соң сыныпта ортақ жағымды атмосфера
қалыптастыру маңызды. Бұзақылыққа баратын
балаларды сынып арқылы тәрбиелеу секілді. Басқа
мектепке ауысу кез келген жағдайда балаға көмегін
бере бермейді, себебі қудалау жалғасуы мүмкін".
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Баланың өзіне ақыл-кеңес
"Жасөспірім өзінің жасына байланысты буллингтен өзін
қорғап қала алмайды. Бұл үлкендердің жұмысы.
Дегенмен, мұндай мәселелердің алдын алу үшін
ересектер балаларға түсіндіруі керек негізгі мәселелер
бар:
 Өзі сенім артатын үлкендерге болып жатқан қысым
туралы айту;
 Қудалауға қатігездікпен жауап берем деп үміттену
дұрыс емес. Бұл тағы да басқа мәселелерді тудыруы
мүмкін;
 Егер буллингтің куәгері болған жағдайда оны назардан
тыс қалдырмауды үйрету".
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Біз буллингтің алдын алу үшін ескерту, жою және
бақылау сияқты аспектілерді қамтуымыз керек.
Профилактикалық жұмыс оқушылардың әлеуметтік,
отбасылық, тұлғалық жағдайын оның өмірі мен мінез-
құлқының сапасын жақсартатын арнайы педагогикалық
және тәрбиелік шараларды қолдану арқылы, тұлғалық
бағытты өзгерту арқылы өзгертуді көздейді.
Білім беру ұйымында буллингтің алдын алу келесі
деңгейде жүзеге асырылады:
 жеке
 топтық
 жалпы оқушылар арасында
 әлеуметтік
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Алдын алу үш кезеңде жүзеге асырылады:
диагностика, алдын алу әдістері және рефлексия.
Диагностикалық кезеңде сауалнамалар және
социометрия жүргізіледі, алдын алу әдістері —
белгілі бір тақырыптар бойынша сынып сағаттары
(буллинг, төзімділік және т.б). Рефлексия кезеңінде
сыныппен топтық рефлексия қолданылады.
Білім беру ортасындағы жасөспірімдер
арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда
сауалнама арқылы зерттеудің көмегі орасан зор.
Проблемалық сыныптар кейін зорлық-зомбылық пен
буллинг себептерін анықтау маңызды.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Буллинг көріністерінің себептерінің бірі білім
беру ұйымының атмосферасы. Егер бұл себеп
буллинг жағдайларының негізгі себептерінің бірі
болса, сауалнама нәтижелері бойынша
педагогикалық ұжыммен жұмыс жүргізу қажет. Тек
жұмыс істегеннен кейін. Содан кейін мұғалімдер
оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу
жұмыстарын бастауы керек.
Алдын алу әдістерінің бірі ретінде сіз сынып
сағаттарын ұйымдастыруды пайдалана аласыз, оның
негізгі идеялары айналадағы адамдарға құрмет пен
толерантты қарым-қатынас туралы тақырыптар
болады.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Сондай-ақ, педагог-психолог сынып ұжымын
біріктіру, толеранттылықты, басқаларға қатысты
эмпатикалық ойлауды дамыту үшін сыныптармен
тренингтер өткізе алады. Буллингтің алдын алу негізінен
буллингтің ықтимал қатысушыларына бағытталған, ол
оқушылармен және олардың отбасыларымен жұмысты
қамтиды.
Отбасы мен тәрбиенің түрін, ата-ананың балаларына
деген мінез-құлқын анықтау маңызды. Педагог-психолог
жасөспіріммен және оның ата-анасымен бірлесе жұмыс
істеп, жасөспірімнің эмоционалдық әл-ауқатының
төмендеуіне және оның оңтайлы психикалық дамуының
ауытқуына әкелуі мүмкін, ата-ана мен бала қарым-
қатынасының бұзылуын зерттеп, түзету жұмыстарын
жүргізуі керек.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Педагог-психологтың буллингтің алдын алу бойынша
жұмысында белгілі бір оқушымен және жалпы топпен жұмысы
маңызды орын алады. Әрбір жасөспірімге өмірдің қиын
сәттерінде өз көзқарасын тауып, қолдау көрсетіп, сонымен
қатар жасөспірімнің жеке басының ерекшеліктерін, жігері мен
күшін ескере отырып, оны дұрыс жолға бағыттауы керек.
Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алуды жүзеге
асыра отырып, психолог жасөспірімдерде қалыптасқан
әлеуметтік ауытқуларды түзетуге, сыныпта достық және
сенімді қарым-қатынастарды құруға ерекше назар аударуы
керек. Сынып ұжымында бірлескен жұмыс барысында өзара
көмек пен қолдауға негізделген қарым-қатынастарды құру өте
маңызды. Білім беру ұйымдарында қауіпсіз психологиялық
жағдай жасау үшін алдын алу шараларын бір жүйеге біріктірген
дұрыс.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Балаңыздың қатарластары тарапынан буллингке
ұшырағанын қалай байқауға болады?
Әдетте буллингке ұшыраған баланың қызығушылығы
жоғалады. Мысалы, сурет салуды ұнататын баланың оған деген
қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Оқу үлгерімінің нашарлап,
мектепте барудан бас тартуы мүмкін. Одан бөлек, буллинг
онлайн-кеңістікте де болуы мүмкін: баланы ортақ чаттан
шығарып, бұғаттап, оған жағымсыз нәрселер жіберген болуы
мүмкін.
Буллингке ұшыраған балада психосоматикалық бұзылыстар
байқала бастайды: жиі басы ауырады, ұйқы мен тәбет
проблемасы байқалады, созылмалы аурулар асқынуы мүмкін.
Бұған қоса депрессия, мазасыздық, невротикалық белгілер
пайда болады.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Буллингке ұшыраған балалар көбіне мектепте не
болып жатқанын ата-анасына айтуға қорқады. Сондықтан
кез келген ата-ана баланың буллингтен зардап шеккенін
байқауы керек. Қысым көрген баланың мінез-құлығында
мынадай өзгерістер болуы мүмкін:
– өзінен кіші балалар мен жануарларға агрессиямен
қарау;
– ұйқы немесе тамақтану режимінің бұзылуы;
– концентрацияның жоғалуы;
– тез шаршау;
– тыныштықта көп болу;
– реніш;
– өзгеден оқшаулану.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Буллинг пен кибербуллингтің баланың болашағына әсері
қандай?
Мектептегі буллингтің барлық балалар үшін жағымсыз салдарға
алып келеді. Сондай-ақ отбасындағы тәрбиенің де баланың өсіп-
жетілуіне, оның үйден шыққандағы әрекетіне толық әсер етеді.
Әр отбасының тәрбиесі әр алуан болатыны түсінікті. Ата-ананың
барлығы баласына дұрыс тәрбие беріп, түзу жолда жүрсе екен дейді.
Үйде баланың өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік беру қажет.
Кейде баланың бетінен қақпай, көкке көтеріп өсірудің өзі теріс әсер
ететінін жағдайлар кездеседі. Сонымен қатар авторитарлық отбасылар
болады. Баланы қысып ұстау, оның пікірін тыңдамау, ұрып-соғу деген
секілді. Осындай жағдайларда бала ішінде жиналып қалған
агрессиясын сыртқа шығарады. Бұл мектепке келіп басқа балаларды
кемсітумен, мазақтаумен көрініс табуы ықтимал.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Мектеп кезінде үнемі қудалауға ұшыраған баланың өз-өзін
көрсетуі, көшбасшылық қабілеттері мен өзіне сенімділігі төмен
болады. Мектеп табалдырығынан басталған буллинг баланы ер
жеткен шағында да ізінен еріп жүруі мүмкін.
"Буллингке ұшыраған балаға дер кезінде көмек қолын
созбаса, ол үнемі біреуден көмек күтіп, арқа сүйеп қалады.
Үлкейгенде қолына билік түсетін болса, бала кезінен қалып
қойған агрессиясын айналасындағыларға көрсетеді. Жан-
жағындағыларға ұрсып, күш көрсетіп жүрген адамдарды
психологияда жастайынан "жараланған" жан ретінде
қарастырады".
Сонымен қатар балалардың өміріне түрлі гаджеттер мен
ойындардың араласып кетуі оларға қарсы көрсеткіштердің
болады.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Балалардың 80% телефон мен компьютерге
тәуелді болып қалған. Көп жағдайда ойынға беріліп
кеткен балалар виртуалды әлемді шынайы өмірмен
шатастырып алады да, суицид пен басқа да әрекеттер
оларға оңай болып көрінеді. Жоғарыда
айтқанымыздай санасы қатаймаған балалар мұны
жете түсіне алмайды. Сонымен қоса суицид туралы
оқиғаларды балалардың көруіне шектеу қою қажет.
Себебі мұны көрген баланың кейбірінің батылдығы
оянып, кейбірінің қызығушылығы оянып, осындай
әрекетке барып жатады. Себебі балалардың
психологиясы әртүрлі болатынын айттық, осы
себепті олар ақпаратты да әртүрлі қабылдайды.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Бұзақылықтың кез-келген түрі сияқты, кибербуллингті дер кезінде анықтап,
оған дұрыс жауап беру өте маңызды. Бірақ мұғалімдер әрқашан мектеп
дәліздерінен тыс туындайтын және интерактивті чаттарда, блогтарда, видео
пікірлерде және жеке хабарламалардағы агрессияны біле бермейді.
Жасөспірімдердің виртуалды қарым-қатынас кеңістігі мектептегі буллингтің
жалғасы бола алады. Сондықтан алдымен баланың мінез-құлқына назар аудару
маңызды. Әрине, ұялы телефон мен интернетті пайдалануға тыйым салу —
түйткілді шешудің жолы емес.
Біз балаларға міндетті түрде интернет кеңістігін және ақпараттық
технологияларды қалай пайдалану керектігін үйретуіміз керек. Бастысы
құпиялылық параметрлерін орнатуға болады, қажет емес мазмұнды бұғаттауды
үйрету керек және өзі туралы жеке мәліметтерді көпшілікке жарияламауын айту
қажет.
«Бала қай әлеуметтік желіде отыр, қандай сайтты, қандай платформаны
пайдаланады, сөйлеу мәнеріне назар аудару маңызды.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Қорытынды.
Балалар арасындағы буллингті мүлдем жою мүмкін емес.
Бірақ алдын алу шаралары арқылы оны азайта аламыз.
Әрбір ата-анаға өз баласымен ашық әңгімелесуді, мектеп
қабырғасында өзі немесе басқа бала қысымға ұшыраса не
істеу қажет екенін түсіндіруге кеңес береді. Сонымен бірге
баланың өзі агрессорға айналып кетпес үшін, айналасына
деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру қажет.
Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша мектептегі
зомбылық қай уақытта болмасын кездесетін үлкен
мәселелердің бірі.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
Егер балаңыз сыныпта қысым көрсе, бірінші кезекте
сыныптастарының ата-анасымен сөйлесу керек. Жалпы
жиналыста емес, әр ата-анамен жеке-жеке сөйлескен дұрыс.
Егер әңгімелесу нәтиже бермесе, онда сынып жетекшісі,
мектеп директоры, психолог пен учаскелік полиция
қызметкерін араластыру керек.
Өзгелерге буллинг жасап, кемсітетін балалар көбінесе
белгілі бір топтың не қауымдастықтың мүшесі болғысы
келеді. Ата-ана не достарының өзіне көңіл бөлгенін қажет
ететін балалар көбіне буллинг жасауға бейім. Балаңызға осы
әрекеттерді тоқтатуға көмектесу үшін бірнеше қадам жасау
қажет:
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ
– Балаңыздың неге ондай іс-әрекетке баратыны туралы
сөйлесуіңіз керек. Балаңызбен сөйлесе отырып, оны
"буллингке ұшыраған бала" орнына өзін қойып көруін
айтыңыз. Көбіне осындай іс-әрекетке баратын балалар үйде
көргенін қайталайды. Сондықтан ата-ана үйде балаларына
көрсетіп жатқан іс-әрекет, үлгілеріне де аса мән берген жөн.
– Балаңыздың кінәсін түзуге мүмкіндік беріңіз. Егер
балаңыздың буллингтік іс-әрекеттер жасағанын байқасаңыз
оларға мынадай шектеулер қоюға болады. Мысалы сондай
жағдайларға бейім достармен кездесуді шектеу, интернетте
көп отыруын шектеуге болады. Кінәлі екенін түсіндіріп,
достарынан кешірім сұрауға, өзгеге сыйластық көрсетіп,
мейіріммен қарауға үйретіңіз.

More Related Content

More from FredSimon6

More from FredSimon6 (7)

Инклюзивті білім беруgggggggggggggg.pptx
Инклюзивті білім беруgggggggggggggg.pptxИнклюзивті білім беруgggggggggggggg.pptx
Инклюзивті білім беруgggggggggggggg.pptx
 
83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx
83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx
83970vhm,vbkgkgkghkghhkghkghklgkgg1.pptx
 
thereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptx
thereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptxthereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptx
thereirsthereare-141201170834-conversion-gate02.pptx
 
The instructtions of ActivBoard and .ppt
The instructtions of ActivBoard and .pptThe instructtions of ActivBoard and .ppt
The instructtions of ActivBoard and .ppt
 
4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx
4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx
4643sdsdzgsfnxbzdbnxdnnxnxfnfdbgs39.pptx
 
383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx
383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx
383210nhbhjbhbhjbhjbhjbjhbvulguigbn.pptx
 
Modal verbs:can,could,be able to1234.ppt
Modal verbs:can,could,be able to1234.pptModal verbs:can,could,be able to1234.ppt
Modal verbs:can,could,be able to1234.ppt
 

Recently uploaded

Recently uploaded (12)

№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
№8 Дәріс. Тақырыбы: Үйкеліс күші қатысатын қозғалыс..pptx
 
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентацияМеханика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
Механика бөлімінің "Кинематика" атты тақырыбына трезентация
 
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
№10 Дәріс. Тақырыбы: Инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСЖ)..pptx
 
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
№6 Дәріс. Тақырыбы: Қатты дене механикасы.pptx
 
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
№7 Дәріс. Тақырыбы: Серпімділік күштер.pptx
 
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
№9 Дәріс. Тақырыбы: Бүкіл әлемдік тартылыс заңы..pptx
 
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
№1 Дәріс. Тақырыбы: КинематикаҚозғалыс түрлері.ppt
 
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
№2 Дәріс. тақырыбы: Қатты дене кинематикасы.
 
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентацияоптикалық аспаптар көз слаид презентация
оптикалық аспаптар көз слаид презентация
 
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
№4 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы (2).pptx
 
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
№3 Дәріс.Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.ppt
 
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
№5 Дәріс. Тақырыбы: Материялық нүктелер жүйесінің динамикасы. Сақталу заңдары...
 

буллингlpplplplplplplplplplplplplll.pptx

  • 2. 1. Буллинг дегеніміз не? 2. Буллингтің себептері мен түрлері 3. Мектептегі буллинг қайдан пайда болады? 4. Буллингтің алдын алу алғышарттары 5. Баланың қысым көргенін қалай байқауға болады? 6. Буллинг пен кибербуллингтің баланың болашағына әсері қандай? 7. Қорытынды
  • 3. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Буллинг дегеніміз не? Буллинг – бұл жаңа термин. Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» дегенді білдіреді. Кеңірек мағынада бұл бір адам (немесе топ) басқа, физикалық және моральдық жағынан әлсіз адамға (немесе адамдар тобына) физикалық шабуыл жасаған немесе қорқытқан кездегі зорлық-зомбылықтың ерекше түрі. Жалпы баланың қатегездігін білдіреді.
  • 4. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Сандар не дейді? Статистикаға келетін болсақ, еліміздегі балалардың шамамен 85%-ы әр буллингтің және киберқысымның неше түрлеріне ұшырайды. Бұл қазіргі заманның үлкен түйткіліне айналып отыр. Әсіресе 11-ден 15 жасқа дейінгі әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім бұзақылықтың құрбаны немесе қатысушысы болады. Мамандардың айтуынша, 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 17%-ы айына бір немесе бірнеше рет буллингтің құрбаны болған. Және ауылдық жерлерге қарағанда қала мектептерінің оқушылары жиі қорлауға ұшырайды. Сонымен қатар 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 12%-дан астамы кемінде бір рет кибербуллингке тап болған.
  • 5. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Буллингтің себептері мен түрлері Оқушылар арасындағы күш теңсіздігігін төмендегідей бөліп қарастырылады: - психологиялық - физикалық - кибербуллинг - әлеуметтік
  • 6. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау және/не оқшаулауға, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге, оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын қамтиды. Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды.
  • 7. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Физикалық зорлық-зомбылық – балаға қатысты өзге баланың не ересектің тарапынан физикалық зардапқа не жарақатқа әкелетін, баланың денсаулығына, оның өмірінің ұзақтығына, дамуына, өзін-өзі бағалау сезіміне нұқсан келтіруі мүмкін физикалық күш көрсету арқылы жасалатын әрекеттер. Физикалық зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттің түрлері көп: соққы, ұру, итеру, тебу, тұншықтыру, шаштан тарту, сілкілеу, қандай да бір затпен не қарумен шабуыл жасау. Физикалық зорлық-зомбылық көбінісе балаға залал не жарақат әкеледі, тіпті баланың мүгедек болуына не қайтыс болуына да соқтыруы мүмкін.
  • 8. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Кибербуллинг – баланың соңына түсу, қорқыту, ұялту мақсатында интернет арқылы таралатын әлеуметтік жүйелерді пайдалану. Дөрекі, қатыгез сипаттағы мәтіндік хабарламалар жіберу; жәбірленушіні онлайн режімінде мазақ ету не жеке басына тән ақпаратты, фотоны не бейнежазбаны орналастыру; басқа баланың қыр соңына түсу не мазақ ету мақсатында жалған тіркеу жазбасын, веб-парақшаны не онлайн режімінде бейне жасау сияқты әрекет түрлерін қамтиды.
  • 9. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Әлеуметтік – баланың жынысына, ұлтына, ұлыстық мәртебесіне, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, дініне не мүгедектігіне негізделген әділетсіз не бөліп-жару қарым-қатынасы.
  • 10. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Жасөспірімдерді қорлаудың келесі себептерін ажыратуға болады:  қызғаныш, табыс, сыртқы, физикалық немесе психикалық көріністер;  бұрынғы қателіктері үшін кек алу;  дұшпандық сезімі;  сыныпта, құрдастар арасында билік үшін, көшбасшылық үшін күрес;  қарсыластың өзінен артықшылығын көрсету арқылы оны бейтараптандыру;  өзін-өзі растау;  назар орталығында болуға, салқын көрінуге ұмтылу;  таң қалдыруға ұмтылу;  ұнатпайтын адамды қорлауға, қорқытуға ұмтылу.
  • 11. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Айта кету керек, қорқыту барысында бірнеше даму сатысынан өтеді: Бірінші кезең — қорлау тобын құру. «Жәбірленушінің» физикалық күшін қолдану және қорлау арқылы өзін көрсетуге тырысатын «көшбасшының» айналасында жасөспірімдік ортада құрдастар жиналады, олар да басқаларға үстемдік етуді қалайды немесе керісінше көшбасшыдан қорғауды іздейді. Егер «көшбасшы» тарапынан зорлық-зомбылықтың алғашқы көріністері қатаң түрде басылмаса: — ол өзінің жазасыздығына сенімді бола бастайды; — қатарластары арасында беделі артады; — өз күші мен ықпалына сенімді болып, орнығады; — топ нығаяды; — қолдауды жалғастырады.
  • 12. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Егер сіз буллинг көріністерін уақытында тоқтатпасаңыз, уақыт өте келе олар қауіпті бола бастайды. Зорлық-зомбылық мәселесін шешу үшін буллинг жағдайын жасау әрекеттеріне дұрыс және дер кезінде жауап беру маңызды. Егер білім беру ұйымдарындарының барлық қатысушылары буллинг мәселесімен белсенді және байыпты айналысса, онда көптеген қақтығыстардың алдын алуға болады.
  • 13. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Негізгі белгілері: -жәбірленуші мен жәбір көрсетуші арасындағы күштердің тең келмеуі; -қысым мен зомбылықтың қайталануы; -жәбірленуші көңіл күйіне келтіретін әсері. -сыныптастар тарапынан намысқа тиетін сөздерді айту, -жала жабу мен ақша талап ету әлеуметтік жағынан тәртібі әлсіз қоғамда кездесетін жағдайлар. Қолдау мен түсініспеушілікке зәру балалар, адамның қадір қасиетіне мән берілмейтін ортада буллинг жиі кездеседі.
  • 14. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Жәбірленуші. Буллинг зардабына кез келген оқушы ұшырауы мүмкін, әсіресе өзгеше киінетін, не болмаса киім үлгісіне мән бермей, алақ жұлақ жүретін оқушылар, толық келген немесе тым арық оқушылар ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар өте сезімтал, ұстаздардың қолдауына ие, үлкендердің сөздерін сөйлейтін оқушылар да буллингтен жәбір көрулері мүмкін. Сыныпқа жаңа келген оқушылар.
  • 15. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Жәбірлеушілер мен буллерлер. Буллерлер көбінесе «жоқ» деген жауапты қабылдауды үйренбеген, еш нәрседен тыйым көрмей өскен, ата-аналарының сөзіне құлақ аспай өскен балалар болуы мүмкін. Үлкендер тарапынан қолдауды аса қажет ететін оқушылар. Бұл оқушылар барлық назардың тек өздерінде болғанын қалайды. Бұл оқушылардың өздеріне деген сенімдері төмен болғандықтан, басқа оқушыларды мәжбүрлеу арқылы өзіне деген сенімді көтеру, қысым көрсету арқылы өзгелерге дәлелдеу. Бұл оқушылар қоршаған ортадағы адамдардан сүйіспеншілікті қажетсінеді.
  • 16. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Мектептегі буллинг қайдан пайда болады? Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады. Әсіресе соңғысы балалардың өз ортасынан алшақтап, жалғыздықтан суицидке баруына әсер етеді. Балалар арасындағы буллинг бұрыннан бар нәрсе. Тек қазіргі уақытта телефонға түсіріп алу, оны таратып жіберу секілді әрекеттер бұл мәселені одан бетер өршітіп жіберді.
  • 17. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Сонымен қатар қазір буллингтің физикалық түріне қарағанда психологиялық шабуылы көбірек байқалады. Балалар арасындағы суицидтің көп белең алып кетуі де осыған байланысты. Алайда біз бұдан физикалық буллингке қарағанда оның психологиялық түрі қауіпті болады деп айта алмаймыз. Бұлардың екеуі де қауіпті. Мысалы, физикалық шабуыл кезінде қудалауға ұшыраған баланы итеріп жіберіп немесе ауыр соққы жасаса, психологиялық түрінде баланы шеттету, мазақтау, күлкіге айналдыру болады. Мұның барлығы да ақыл-есі қатпаған жасөспірімге ауыр әсер етеді. Мектептегі буллинг көбіне бастауыш және орта сыныптарда кездесетінін айтады. Сөзінше, 10-11 сыныптарда ми құрылымдарының жетілу процестерінің және жасөспірімдердің өзін-өзі реттеу қабілетінің аясында мұндай мәселелер бірте-бірте жойылады.
  • 18. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Буллингтің алдын алу алғышарттары. Қазіргі таңда буллингтің алдын-алу мәселесі үлкен маңызға ие және көптеген себептерге байланысты кеңінен қамтуға лайық. Біріншіден, агрессивті мінез-құлықтың бұл түрі жасөспірімдердің психикасын терең жарақаттайды. Екіншіден, экономикалық тұрақсыздық, кедейлік, біздің күнделікті өміріміздегі агрессияның, стрестің көптігінен буллингтің жасөспірімдер арасында таралуы артып отыр.
  • 19. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Буллингтің белгілері байқалған кезде, ең бастысы оның бар екенін мойындау. Жоққа шығарып, көңіл аудармай қанен қаперсіз жүруге болмайды. Мәжбүрлеуді елемеген жағдайда асқындырып алу қаупі бар. Мұғалімдердің көпшілігі мен сабақ берген ортада буллингтің болуы мүмкін емес деп, өз атақ абыройын ойлап, жасыруға тырысқан жағдайлар да кездеседі. Өздеріне жүктелген міндетті атқара адмадым деп қынжылады, алайда шешімін табуға жол іздеу ұстаз жұмысының ең жоғары белесі екендігін ұмытпауымыз қажет. Оқушылардың бойында эмоционалды зият деңгейін барынша көтеруге тырысқан жөн, өзара жағымды қарым қатынас құруға тәрбиелеу қажет. Сынып ішіндегі өзара құрмет өте маңызды, оқушылар сыныпта өздерін еркін әрі батыл сезінгендері жөн, ал оқытушы болса әрдайым қолдап, қолпаштап, өз тарапынан ұрыс керісті болдырмағаны жөн. Әр оқушының сөзіне құлақ асып, қарым қатынаста тоталитаризм стилінен аулақ болуы қажет.
  • 20. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Нақты әрекеттерге тоқталсақ: жалпыға ортақ ережелерді бекітіп, барлығын сол ережелерді ұстануын қамтамасыз ету; барлық оқушыларды назарда ұстау; жағдайдың шиеленісуін болдырмай, алдын алу шараларын ойластыру; топтық кездесулер мен талқылаулар өткізіп отыру, ортақ мақсаттар құру және оларға қол жеткізу бойынша жоспар жасау, ортақ қызығушылықтар мен ойындар өткізу арқылы сынып оқушыларын біріктіру. Егер мәселе орын алған жағдайдағы әрекеттеріңіз: жағдай өзінен өзі аяқталады деп жүре беруге болмайды, бірден мәселені анықтап, тыйым салып, мәселенін мән-жайын анықтау қажет; үнсіз қалмаңыз, басқа оқушыларды, ата-аналарды, тьюторларды, әкімшілікті құлағдар етіп, мәселені шешу бойынша жоспар құрыңыз. Топ мүшелерінен олардың халдарын сұрап отыру, неге қол жеткізе алдыңыздар? қандай қиыншылықтар бар? және сіздің тарапыңыздаң қандай көмеккке зәру? іспеттес сұрақтарды қою. Жағымды өзгешіліктер болса тоқталып, қолпаштау.
  • 21. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Балалар арасындағы буллингтің алдын алудың 10 жолы Балалардың буллингке тап болуына алып келетін бірнеше себеп болады. Оған сәтсіз құрылған неке, отбасындағы түсініспеушілік әсер етеді. Оның ішінде отбасындағы әлеуметтік және қаржылай жағдайға қатысты мәселелер, бала психикасының бұзылуы да бар. Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін білім алушылар арасында дұрыс қарым-қатынасты орнату жағын дамыту керек. Педагогтер кез келген жағдайда оқушыларына үнемі қолдау білдіріп отырғаны жөн. Оқушылардың отбасы мүшелеріне үлгілі ата-ана болудың маңызын насихаттау қажет. Кез келген ата-ана баласын қайда жіберсе де, оның қауіпсіздікте жүргенін сезінуі тиіс. Сондықтан олар тәрбие беру барысында балаларына «тыныш жүр, араласпа» деп айтып қана қоймау керек. Яғни ата-ана әрбір бала «мен өзімді, достарымды қорғауым керек» деп айта алатындай тәрбие жұмысын жүргізуі қажет.
  • 22. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Буллингтің алдын алу жолдары: Біріншісі – болып жатқан жағдайды мұқият зерттеу. Екіншісі – «құпия» жерлерді бақылау. Үшіншісі – анонимдік шартын сақтау. Төртіншісі – қарым-қатынастағы айырмашылықты түсіндіру. Бесіншісі – қолдау тобын құру. Алтыншысы – топтасуға арналған тренингтер өткізу. Жетіншісі – жәбірленушінің өзін-өзі бағалауын арттыру. Сегізінші – баланы өзін-өзі қорғауға бағыттау. Тоғызыншысы – агрессор балалардың ата-аналарын тарту. Оныншысы – мүмкіндігі шектеулі балаға көмекші табу.
  • 23. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Ата-анаға ақыл-кеңес "Алдымен ата-анасы не істеуі керек, осыған тоқталайық. Қорлық көрген баланың ата-анасы көп жағдайда кінә, ұят, ашу және әлсіздік секілді сезімдерді басынан өткереді. Осыған байланысты кейде қолдау мен жанашырлықтың орнына олар: "Неге қарсы жауап бермедің?", "Әлсіз болма!", "Өзің кінәлісің" деген секілді сөздер айтып, баланың өзін айыптайды. Бұл кез келген отбасының басынан өтуі мүмкін екенін ұмытпау шарт. Бұл жерде ешкімнің кінәсі жоқ, әсіресе баланың. Керісінше, мына сөздер бала мен ата-ананың әңгімесіне оң әсер етеді:
  • 24. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ  "Мен саған сенемін". Бұл балаға кез келген жағдайда өзін жалғыз емес екенін ұқтырады;  "Бұл сенің кінәң емес". Осы арқылы балаға мұндай мәселеге тап болып тұрған өзі ғана емес екенін түсіндіру маңызды;  "Мен сені жақсы көремін және енді қайта қауіп төнбес үшін барлығын жасаймын". Бұл балаға қорғаныш сезімін ұялатып, болашаққа үмітпен қарауына көмектеседі. Бала кез келген жағдайда көмек сұрауға дайын болатындай әрқашан сенімді қарым-қатынас орнату аса маңызды.
  • 25. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Мұғалімге ақыл-кеңес "Мектептегі және сыныптағы буллингпен күрес мәселесі бұл да үлкен тақырып. Мұғалімдер әсіресе балалардың ата-анасымен тығыз байланыста болуы керек. Өйткені көбінесе ата-анасы баласының сыртқа шыққандағы мінез-құлқынан хабары болмай қалады. Содан соң сыныпта ортақ жағымды атмосфера қалыптастыру маңызды. Бұзақылыққа баратын балаларды сынып арқылы тәрбиелеу секілді. Басқа мектепке ауысу кез келген жағдайда балаға көмегін бере бермейді, себебі қудалау жалғасуы мүмкін".
  • 26. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Баланың өзіне ақыл-кеңес "Жасөспірім өзінің жасына байланысты буллингтен өзін қорғап қала алмайды. Бұл үлкендердің жұмысы. Дегенмен, мұндай мәселелердің алдын алу үшін ересектер балаларға түсіндіруі керек негізгі мәселелер бар:  Өзі сенім артатын үлкендерге болып жатқан қысым туралы айту;  Қудалауға қатігездікпен жауап берем деп үміттену дұрыс емес. Бұл тағы да басқа мәселелерді тудыруы мүмкін;  Егер буллингтің куәгері болған жағдайда оны назардан тыс қалдырмауды үйрету".
  • 27. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Біз буллингтің алдын алу үшін ескерту, жою және бақылау сияқты аспектілерді қамтуымыз керек. Профилактикалық жұмыс оқушылардың әлеуметтік, отбасылық, тұлғалық жағдайын оның өмірі мен мінез- құлқының сапасын жақсартатын арнайы педагогикалық және тәрбиелік шараларды қолдану арқылы, тұлғалық бағытты өзгерту арқылы өзгертуді көздейді. Білім беру ұйымында буллингтің алдын алу келесі деңгейде жүзеге асырылады:  жеке  топтық  жалпы оқушылар арасында  әлеуметтік
  • 28. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Алдын алу үш кезеңде жүзеге асырылады: диагностика, алдын алу әдістері және рефлексия. Диагностикалық кезеңде сауалнамалар және социометрия жүргізіледі, алдын алу әдістері — белгілі бір тақырыптар бойынша сынып сағаттары (буллинг, төзімділік және т.б). Рефлексия кезеңінде сыныппен топтық рефлексия қолданылады. Білім беру ортасындағы жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда сауалнама арқылы зерттеудің көмегі орасан зор. Проблемалық сыныптар кейін зорлық-зомбылық пен буллинг себептерін анықтау маңызды.
  • 29. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Буллинг көріністерінің себептерінің бірі білім беру ұйымының атмосферасы. Егер бұл себеп буллинг жағдайларының негізгі себептерінің бірі болса, сауалнама нәтижелері бойынша педагогикалық ұжыммен жұмыс жүргізу қажет. Тек жұмыс істегеннен кейін. Содан кейін мұғалімдер оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу жұмыстарын бастауы керек. Алдын алу әдістерінің бірі ретінде сіз сынып сағаттарын ұйымдастыруды пайдалана аласыз, оның негізгі идеялары айналадағы адамдарға құрмет пен толерантты қарым-қатынас туралы тақырыптар болады.
  • 30. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Сондай-ақ, педагог-психолог сынып ұжымын біріктіру, толеранттылықты, басқаларға қатысты эмпатикалық ойлауды дамыту үшін сыныптармен тренингтер өткізе алады. Буллингтің алдын алу негізінен буллингтің ықтимал қатысушыларына бағытталған, ол оқушылармен және олардың отбасыларымен жұмысты қамтиды. Отбасы мен тәрбиенің түрін, ата-ананың балаларына деген мінез-құлқын анықтау маңызды. Педагог-психолог жасөспіріммен және оның ата-анасымен бірлесе жұмыс істеп, жасөспірімнің эмоционалдық әл-ауқатының төмендеуіне және оның оңтайлы психикалық дамуының ауытқуына әкелуі мүмкін, ата-ана мен бала қарым- қатынасының бұзылуын зерттеп, түзету жұмыстарын жүргізуі керек.
  • 31. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Педагог-психологтың буллингтің алдын алу бойынша жұмысында белгілі бір оқушымен және жалпы топпен жұмысы маңызды орын алады. Әрбір жасөспірімге өмірдің қиын сәттерінде өз көзқарасын тауып, қолдау көрсетіп, сонымен қатар жасөспірімнің жеке басының ерекшеліктерін, жігері мен күшін ескере отырып, оны дұрыс жолға бағыттауы керек. Жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алуды жүзеге асыра отырып, психолог жасөспірімдерде қалыптасқан әлеуметтік ауытқуларды түзетуге, сыныпта достық және сенімді қарым-қатынастарды құруға ерекше назар аударуы керек. Сынып ұжымында бірлескен жұмыс барысында өзара көмек пен қолдауға негізделген қарым-қатынастарды құру өте маңызды. Білім беру ұйымдарында қауіпсіз психологиялық жағдай жасау үшін алдын алу шараларын бір жүйеге біріктірген дұрыс.
  • 32. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Балаңыздың қатарластары тарапынан буллингке ұшырағанын қалай байқауға болады? Әдетте буллингке ұшыраған баланың қызығушылығы жоғалады. Мысалы, сурет салуды ұнататын баланың оған деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Оқу үлгерімінің нашарлап, мектепте барудан бас тартуы мүмкін. Одан бөлек, буллинг онлайн-кеңістікте де болуы мүмкін: баланы ортақ чаттан шығарып, бұғаттап, оған жағымсыз нәрселер жіберген болуы мүмкін. Буллингке ұшыраған балада психосоматикалық бұзылыстар байқала бастайды: жиі басы ауырады, ұйқы мен тәбет проблемасы байқалады, созылмалы аурулар асқынуы мүмкін. Бұған қоса депрессия, мазасыздық, невротикалық белгілер пайда болады.
  • 33. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Буллингке ұшыраған балалар көбіне мектепте не болып жатқанын ата-анасына айтуға қорқады. Сондықтан кез келген ата-ана баланың буллингтен зардап шеккенін байқауы керек. Қысым көрген баланың мінез-құлығында мынадай өзгерістер болуы мүмкін: – өзінен кіші балалар мен жануарларға агрессиямен қарау; – ұйқы немесе тамақтану режимінің бұзылуы; – концентрацияның жоғалуы; – тез шаршау; – тыныштықта көп болу; – реніш; – өзгеден оқшаулану.
  • 34. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Буллинг пен кибербуллингтің баланың болашағына әсері қандай? Мектептегі буллингтің барлық балалар үшін жағымсыз салдарға алып келеді. Сондай-ақ отбасындағы тәрбиенің де баланың өсіп- жетілуіне, оның үйден шыққандағы әрекетіне толық әсер етеді. Әр отбасының тәрбиесі әр алуан болатыны түсінікті. Ата-ананың барлығы баласына дұрыс тәрбие беріп, түзу жолда жүрсе екен дейді. Үйде баланың өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік беру қажет. Кейде баланың бетінен қақпай, көкке көтеріп өсірудің өзі теріс әсер ететінін жағдайлар кездеседі. Сонымен қатар авторитарлық отбасылар болады. Баланы қысып ұстау, оның пікірін тыңдамау, ұрып-соғу деген секілді. Осындай жағдайларда бала ішінде жиналып қалған агрессиясын сыртқа шығарады. Бұл мектепке келіп басқа балаларды кемсітумен, мазақтаумен көрініс табуы ықтимал.
  • 35. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Мектеп кезінде үнемі қудалауға ұшыраған баланың өз-өзін көрсетуі, көшбасшылық қабілеттері мен өзіне сенімділігі төмен болады. Мектеп табалдырығынан басталған буллинг баланы ер жеткен шағында да ізінен еріп жүруі мүмкін. "Буллингке ұшыраған балаға дер кезінде көмек қолын созбаса, ол үнемі біреуден көмек күтіп, арқа сүйеп қалады. Үлкейгенде қолына билік түсетін болса, бала кезінен қалып қойған агрессиясын айналасындағыларға көрсетеді. Жан- жағындағыларға ұрсып, күш көрсетіп жүрген адамдарды психологияда жастайынан "жараланған" жан ретінде қарастырады". Сонымен қатар балалардың өміріне түрлі гаджеттер мен ойындардың араласып кетуі оларға қарсы көрсеткіштердің болады.
  • 36. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Балалардың 80% телефон мен компьютерге тәуелді болып қалған. Көп жағдайда ойынға беріліп кеткен балалар виртуалды әлемді шынайы өмірмен шатастырып алады да, суицид пен басқа да әрекеттер оларға оңай болып көрінеді. Жоғарыда айтқанымыздай санасы қатаймаған балалар мұны жете түсіне алмайды. Сонымен қоса суицид туралы оқиғаларды балалардың көруіне шектеу қою қажет. Себебі мұны көрген баланың кейбірінің батылдығы оянып, кейбірінің қызығушылығы оянып, осындай әрекетке барып жатады. Себебі балалардың психологиясы әртүрлі болатынын айттық, осы себепті олар ақпаратты да әртүрлі қабылдайды.
  • 37. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Бұзақылықтың кез-келген түрі сияқты, кибербуллингті дер кезінде анықтап, оған дұрыс жауап беру өте маңызды. Бірақ мұғалімдер әрқашан мектеп дәліздерінен тыс туындайтын және интерактивті чаттарда, блогтарда, видео пікірлерде және жеке хабарламалардағы агрессияны біле бермейді. Жасөспірімдердің виртуалды қарым-қатынас кеңістігі мектептегі буллингтің жалғасы бола алады. Сондықтан алдымен баланың мінез-құлқына назар аудару маңызды. Әрине, ұялы телефон мен интернетті пайдалануға тыйым салу — түйткілді шешудің жолы емес. Біз балаларға міндетті түрде интернет кеңістігін және ақпараттық технологияларды қалай пайдалану керектігін үйретуіміз керек. Бастысы құпиялылық параметрлерін орнатуға болады, қажет емес мазмұнды бұғаттауды үйрету керек және өзі туралы жеке мәліметтерді көпшілікке жарияламауын айту қажет. «Бала қай әлеуметтік желіде отыр, қандай сайтты, қандай платформаны пайдаланады, сөйлеу мәнеріне назар аудару маңызды.
  • 38. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Қорытынды. Балалар арасындағы буллингті мүлдем жою мүмкін емес. Бірақ алдын алу шаралары арқылы оны азайта аламыз. Әрбір ата-анаға өз баласымен ашық әңгімелесуді, мектеп қабырғасында өзі немесе басқа бала қысымға ұшыраса не істеу қажет екенін түсіндіруге кеңес береді. Сонымен бірге баланың өзі агрессорға айналып кетпес үшін, айналасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру қажет. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша мектептегі зомбылық қай уақытта болмасын кездесетін үлкен мәселелердің бірі.
  • 39. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ Егер балаңыз сыныпта қысым көрсе, бірінші кезекте сыныптастарының ата-анасымен сөйлесу керек. Жалпы жиналыста емес, әр ата-анамен жеке-жеке сөйлескен дұрыс. Егер әңгімелесу нәтиже бермесе, онда сынып жетекшісі, мектеп директоры, психолог пен учаскелік полиция қызметкерін араластыру керек. Өзгелерге буллинг жасап, кемсітетін балалар көбінесе белгілі бір топтың не қауымдастықтың мүшесі болғысы келеді. Ата-ана не достарының өзіне көңіл бөлгенін қажет ететін балалар көбіне буллинг жасауға бейім. Балаңызға осы әрекеттерді тоқтатуға көмектесу үшін бірнеше қадам жасау қажет:
  • 40. ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ – Балаңыздың неге ондай іс-әрекетке баратыны туралы сөйлесуіңіз керек. Балаңызбен сөйлесе отырып, оны "буллингке ұшыраған бала" орнына өзін қойып көруін айтыңыз. Көбіне осындай іс-әрекетке баратын балалар үйде көргенін қайталайды. Сондықтан ата-ана үйде балаларына көрсетіп жатқан іс-әрекет, үлгілеріне де аса мән берген жөн. – Балаңыздың кінәсін түзуге мүмкіндік беріңіз. Егер балаңыздың буллингтік іс-әрекеттер жасағанын байқасаңыз оларға мынадай шектеулер қоюға болады. Мысалы сондай жағдайларға бейім достармен кездесуді шектеу, интернетте көп отыруын шектеуге болады. Кінәлі екенін түсіндіріп, достарынан кешірім сұрауға, өзгеге сыйластық көрсетіп, мейіріммен қарауға үйретіңіз.