SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
Экологиялық таза болашақ!
Орындаушылар: Аманкулов Дінмұхаммед Қанатұлы
Босалқа Нұрболат Жаңабайұлы
Жетекшісі: Мухамеджанова Сандияра Умидаллаевна
ОҚО, Шымкент қаласы, «Шымкент аграрлық колледжі»МКҚК
Адам баласының кез - келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны
ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына,
қоршаған ортадағы тепе - теңдікке қауіп - қатер тудырады. Көң үйінділерін, өнеркәсіп
тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп - шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар
деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта
өңдеу, олардың нақты жиналған көлемін азайтпайды. Олар үнемі арамызда болғандықтан
тұрғындардың денсаулығы мен өміріне едәуір қауіп төндіреді. Елді мекендерде тұрмыстық
қалдықтар үшін сынақ алаңдарының жоқтығы немесе олардың экологиялық, санитарлық -
эпидемиологиялық талаптарға сай болмауынан барлық жерде кездейсоқ қоқыстардың пайда
болуына әкелуде.
Қалдықтар бұл шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, басқа да
өндірістік процестердің соңғы мақсатына дейін жетпей қалған қалдығы, дайын өнімді алғанда
немесе толық және жартылай өзінің қолдану қасиеттерін жоғалтқанда пайда болады.
Адам баласының планета үстінде жинаған заттардың жалпы салмағы, жылына 4 трлн. т.
жетеді. Жылына әлемдік экономикада 120 Гт қазба материалдарынан және биомассадан, барлығы
9 Гт (7,5 %) ғана өндіріс кезінде материалдар өнімге пайдаланылады. Бұл көлемнің 80%-дан
артығы қайтадан негізгі және айналмалы материалды өндіріске енеді, яғни өндіріске
қайтарылады. Тек 1,5 Гт адамдардың жеке тынысын қамтамасыз етеді. Қалдықтар өндірістік
қызметтен, қолданыстан да пайда болуы мүмкін. Осыған сәйкес олар өндірістік қалдықтар және
тұтыну қалдықтары болып бөлінеді. Өндірістік процесте ақаба сулар, түтінді газдар, жылу
қалдықтары пайда болады.
Жұмыстың мақсаты: тұрмыстық қалдықтарды жинау, қайта өңдеу арқылы өнімдер
шығару, утилизациялау мен жою.
Жұмыстың міндеттері:
- Тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру (фольга, фильтр, 4 контейнер);
- Утилизациялау немесе қайта өңдеу арқылы басқа заттар шығару;
- Жаңа технология.
Жұмыстың өзектілігі:
Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік
жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар
мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.
Қалдықтардың негізгі көлемі тау-кең қазбаларынан, металлургия, химия, мұнай және газ, ағаш,
қағаз, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы мен үй-жай
шаруашылықтарынан шығып отырады. Дәл қазір облыс аумағында 41 миллион тонна тұрмыстық
және өндірістік қалдықтар жиналып қалыпты. Оны қайта өңдеуден өткізуге, белгілі бір уақыттан
соң жер астына көмуге ешкім назар аударып жатқан жоқ. Соның салдарынан жаңағы қараусыз
қалған қатты қалдықтар күн өткен сайын көбейіп келеді.
"Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" , - деп
Д.И.Менделеев айтқандай, қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген
проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану
қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы материалдарды, электроэнергияны үнемдеумен, еңбек
ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады.
Ал қалдықтар жайлы айтар болсақ, бүкіл Қазақстанның қалдықтары жерге тасталынып,
үлкен, лас, сасық ортаға айналып отыр. Себебі, оның беті үнемі ашық. Оның зияны жерді,
топырақты және жерасты суларын ластап, онымен қоймай, ауаны және жер бетіндегі суды ластап,
түрлі аурулар туғызып отыр. Осыдан кейін біз қалайша ұлт саулығын дұрыстай аламыз.
Ал егер біз неміс технологиясын пайдаланатын болсақ, ұлт саулығы мәселесі шешілер еді.
Неге десеңіз, бүкіл Германияның қоқыстары жердің асты өте үлкен көлемде қазылып, сол жерге
көптеген метражды фольга қағазы төселіп, соның бетіне қоқыстар тасталынады. Содан кейін ол
қоқыстың бетін тағы да сонша көлемде немесе одан да артық көлемде фольга қағазы қымталып
жабылады. Сонда қымталған фолгьганың арасындағы қоқыстардан газ пайда болады. Осы газды
бүкіл Германия отын ретінде пайдаланып, осылайша ресурстарын, қаржыларын үнемдеп,
эономикасын ұлғайтып отыр. Бұл тәсіл бізге үлкен үлгі болмақ!
Ал енді, осы қоқыстардың көлемі аз болу үшін, біз қалдықтарды үй - тұрмыс жағдайында
өңдей алатындай қылып тастауымыз қажет. Бұл қалай десеңіз, өңдеуге жататын қоқыстарды бөліп
тастау тәсілі. Яғни, шыны бөтелкелер, банкілер т.с.с қоқыстарды жасыл жәшік, сондай-ақ, сусын
баклашкалары, пластмассалы контейнер ыдыстары, пластмассалық ойыншықтар, бұйымдар және
резиналық заттарды сары жәшікке, сонымен қатар қағаздар, ағаш бұйымдары сияқты өңдеуге
жататын қоқыстарды көк жәшікке және өңдеуге жатпайтын қоқыстарды қара жәшікке бөліп
тастар болсақ, Қазақстанымыздың қалдығы аз болар еді! Осылайша біз қалдықсыз технологияны
қолданған болар едік!
Ал енді ауаға тасталынатын қалдықтар жайлы айтар болсақ, көптеген зауыт-
фабрикаларымыз және кішігірім өндіріс орындарының бу мұржаларына сүзгіштер қойылмаған.
Бұл да бір өзекті ластаулардың бірі. Әр мерзім сайын сүзгішті тазартып немесе ауыстырып
отыратын болса, ауаға зиянды газдардың ұшуы азаяр еді.
Қоқысты далаға лақтырып жатқан адамды көрсек те, оған ләм деместен, қасынан өте
шығамыз. Кейбіреуі үшін қоқыс тастау ләңгі тебумен бірдей. Англия осы мәселенің де шешімін
тапты. Олимпиада ойындары қарсаңында Англия басшылығы Лондон қаласын заманауи
шаһарлардың бірі ретінде көрсеткісі келгендіктен, түрлі жобаларды іске асырып жатыр. Енді
Ұлыбритания астанасының орталық көшелерінен сұйық кристалды экрандары бар «Ақылды
қоқыс» жәшіктерін байқай аласыз.
Лондонда жарты жыл бұрын болған тәртіпсіздіктерді ескерген қала басшылығы бұл
жәшіктердің «күшейтілген» нұсқаларын жасатқан. Сонымен қатар, бұндай жәшіктер кішігірім
жарылғыш заттың күшіне төтеп бере алады. Жәшіктің бүйір қырларында орналасқан LCD дисплей
қала қонақтарын өзекті жаңалықтармен таныстырады. Экран беттеріне келіп түсетін ақпарат
әрдайым өзекті болу үшін жүйе Wi-Fi модулі арқылы ғаламторға қосылады. Қазіргі уақытта
Лондонда әрқайсысының құны $47 мың болатын жәшіктердің 25 данасы тұр. Олимпиаданың
басталуына дейін қала әкімшілігі қосымша 75 «Ақылды жәшік» орнатпақ. Осындай жәшіктерді
сатып алуға Нью-Йорк, Токио, Сингапур қала басшылары ұсыныс білдірген.
Біздің елге де осындай «Ақылды жәшіктер» керек-ау...
Көріп отырғанымыздай халық шаруашылығынан шыққан қалдықтардың көлемі аз емес,
сондықтан оның тиімді пайдалану жолдарын қарастыру керек.
Қоқыс өңдеу ісі үлкен табыс әкелетін пайдалы сала. Әлемде «Қоқыс ханшайымы» атанған
қытайлық Чжан Инь өзінің миллиондарын осы қоқыстарды өңдеу арқылы тапқан. Не жоғары
білімі жоқ, не сүйенетін адамы жоқ, тапқаны тамағынан артылмайтын Чжанды қалталы
жандардың қатарына қосқан–еңбекқорлығы, табандылығы. Ал, қағазды өңдеуден түсетін пайда да
ұшан-теңіз. «Қоқыс ханшайымы» атанған қытайлық Чжан Иньнің бизнесінің негізі осы қажетсіз
қағаздардан құралады. Ол, тіпті, кәсіпкерліктің алғашқы кезінде қоқыстарды өңдеп те әуре
болмаған. Бар атқарғаны ортадағы делдалдық. Америкадағы иесіз қоқыстарды арзан бағаға сатып
алған ол қағаздарды бөлген соң Қытайдағы өңдейтін зауыттарға тасымалдап, кейіннен оларды
орама, қорап түрінде қайта жасады. Қоқысты қайта өңдеу арқылы көптеген керекті заттар
жасалған. Біз сол заттардың жасалу жолдарына қарап өзіміз сол бұйымдарды керексіз қалдықтар
мен пайдаланылған керексіз материалдарды біріктіре отырып жасаған заттарымызды ұсынамыз.
Қалдықты пайдалану әдістері:
 Құрылыс материалдары ретінде;
 Малдың тамағы ретінде;
 Энергетикалық жағынан;
 Жылу беру жағынан;
 Пакеттер;
 Пластмассалық заттар, бұйымдар т.б.
Жаңа технология
2025 жылға дейін қоқыс көлемі 2 есеге дейін артады, онымен күресу үшін көптеген елдер
мен қалалар қоқыс саясатын енгізіп жатыр. Мәселен, Сан-Франциско қаласында қоқысты қайта
өндіру үшін ғана емес қаржы табудың тиімді көзіне айналған.
Әлемдегі мұхиттарға жыл сайын 8 млн тонна қоқыс тасталынады. Статистикалық
деректерді талдай келе мамандар әлемнің 192 елінде жыл сайын 275млн тонна пластикалық қоқыс
төгілетіндігін есептеген, оның 3% теңіздер мен мұхиттарға тасталынады. Қоқыстан тазарту сұйық
және шаруашылық тұрмыстық, кейбір өнеркәсіп қалаларын арнайы көлікпен жинау, тастау және
одан әрі залалсыздандыру жұмысын жүргізу.
Ауа тазартқыш іске қосылғанда ауамен бірге сорылатын аэрозольдер мен механикалық
қоспалар сүзгі материалда ( аэрозольді сүзгіде) тұнады да, содан кейін сорбент, катализатор
арқылы өткенде ауа газдан тазарады. Ауа тазартқыш ауаның жедел циркуляциясын тудыра
отырып, конденсациясының түзілуін болдырады.
Күн сәулесі қуатымен жүретін машиналарды расында да көлік құралына айналдырудың бір
жолы бұл технологияны гибридтік машинада дәстүрлі жанар-жағармай мен де, электр қуатымен
де жүре алатын машиналарда пайдаланылады. Іс жүзінде мұндай машиналар әуені ластайтын
зиянды газ мөлшерін 150% азайуы тиіс.
Жел энергиясы халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.
Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары
көп. Жел энергиясы қондырғыларының техологиясын жеделдету арқылы оның тиімділігін
арттыруға болады. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс
айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға
болады.
Экологиялық үй қазіргі кезде сәнді тренд немесе батысқа еліктеушілік емес. Қазіргі
экологиялық үйлерді салуға ықпал етуде және келешекте осындай үйлердің көптеп салуына да
жол ашылуда.
Қорытынды:
Баяғыда бір данышпан “Әлемді қоқысқа толтырып қайтесіз бұл әлем онсызда лас” деген
екен. Бұл сөздер біздің оймызға дәл келіп тұр. Ендеше еліміздегі керексіз дүниені керек қылып
үйреніп, елімізді таза ұстайық. Себебі, бұл біздің өміріміз.
Қолданылған әдебиет тізімі:
1. Ғ. Сағымбаев. «Экология негіздері».
2. Н.Қ Мамыров, Е.М. Үпішев, М.С. Тонкопий. «Табиғатты пайдалану экономикасы».
3. «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» Е.М.Үпішев, С.Мұқаұлы.
4. www.google.kz
Түйіндеме
Адам баласының кез - келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны
ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына,
қоршаған ортадағы тепе - теңдікке қауіп - қатер тудырады. Біздің мақсатымыз – тұрмыстық
қалдықтарды жинау, қайта өңдеу арқылы өнімдер шығару, утилизациялау мен жою. Жаңа
технологияны қолдану.
Резюме
Любая человеческая деятельность загрязняет биосферу отходами. Это приводит к
сокращению разновидности флоры и фауны, опасно для здоровья и жизни народа, и для
равновесия окружающей среды. Наша задача – собирать бытовые отходы, с помощью обработки
производить продукты, перерабатывать и удалять отходы. Использовать новую технологию.
Summary
Any human activites polute the biosphere. This leads to a reduction in the variety of flora and
fauna, it is dangerous for the health and life of the people, and for the equilibrium of the environment.
Our task – collect waist, using processing to produce products, recycle and dispose of wastes. Use new
tehnology.

More Related Content

Similar to аманкулов д., босалқа н. жоба

4-6 апта (Амангелди Магжан).pptx
4-6 апта (Амангелди Магжан).pptx4-6 апта (Амангелди Магжан).pptx
4-6 апта (Амангелди Магжан).pptxblackkheartt
 
бейбитхан алибек
бейбитхан алибекбейбитхан алибек
бейбитхан алибекAsem Sarsembayeva
 
Дәріс 6.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 6.1. (каз.яз).pptДәріс 6.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 6.1. (каз.яз).pptssuserde63af
 
Дәріс 6.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 6.1. (каз.яз).pptДәріс 6.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 6.1. (каз.яз).pptssuserde63af
 
лекция 1.pptx
лекция 1.pptxлекция 1.pptx
лекция 1.pptxShynar8
 
Химиялық ластағыштардың адам ағзасына әсері
Химиялық ластағыштардың адам ағзасына әсеріХимиялық ластағыштардың адам ағзасына әсері
Химиялық ластағыштардың адам ағзасына әсеріBilim All
 
Дәріс 1.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 1.1. (каз.яз).pptДәріс 1.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 1.1. (каз.яз).pptssuserde63af
 
Полиэтилен пакеттерін қайта өңдеудің тиімді жолдары
Полиэтилен пакеттерін қайта өңдеудің тиімді жолдарыПолиэтилен пакеттерін қайта өңдеудің тиімді жолдары
Полиэтилен пакеттерін қайта өңдеудің тиімді жолдарыАйбек Қуандықұлы
 
лекция 5.pptx
лекция 5.pptxлекция 5.pptx
лекция 5.pptxShynar8
 

Similar to аманкулов д., босалқа н. жоба (10)

4-6 апта (Амангелди Магжан).pptx
4-6 апта (Амангелди Магжан).pptx4-6 апта (Амангелди Магжан).pptx
4-6 апта (Амангелди Магжан).pptx
 
бейбитхан алибек
бейбитхан алибекбейбитхан алибек
бейбитхан алибек
 
Дәріс 6.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 6.1. (каз.яз).pptДәріс 6.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 6.1. (каз.яз).ppt
 
Дәріс 6.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 6.1. (каз.яз).pptДәріс 6.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 6.1. (каз.яз).ppt
 
лекция 1.pptx
лекция 1.pptxлекция 1.pptx
лекция 1.pptx
 
Химиялық ластағыштардың адам ағзасына әсері
Химиялық ластағыштардың адам ағзасына әсеріХимиялық ластағыштардың адам ағзасына әсері
Химиялық ластағыштардың адам ағзасына әсері
 
Дәріс 1.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 1.1. (каз.яз).pptДәріс 1.1. (каз.яз).ppt
Дәріс 1.1. (каз.яз).ppt
 
Полиэтилен пакеттерін қайта өңдеудің тиімді жолдары
Полиэтилен пакеттерін қайта өңдеудің тиімді жолдарыПолиэтилен пакеттерін қайта өңдеудің тиімді жолдары
Полиэтилен пакеттерін қайта өңдеудің тиімді жолдары
 
небесаева 2
небесаева 2небесаева 2
небесаева 2
 
лекция 5.pptx
лекция 5.pptxлекция 5.pptx
лекция 5.pptx
 

аманкулов д., босалқа н. жоба

  • 1. Экологиялық таза болашақ! Орындаушылар: Аманкулов Дінмұхаммед Қанатұлы Босалқа Нұрболат Жаңабайұлы Жетекшісі: Мухамеджанова Сандияра Умидаллаевна ОҚО, Шымкент қаласы, «Шымкент аграрлық колледжі»МКҚК Адам баласының кез - келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе - теңдікке қауіп - қатер тудырады. Көң үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп - шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, олардың нақты жиналған көлемін азайтпайды. Олар үнемі арамызда болғандықтан тұрғындардың денсаулығы мен өміріне едәуір қауіп төндіреді. Елді мекендерде тұрмыстық қалдықтар үшін сынақ алаңдарының жоқтығы немесе олардың экологиялық, санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сай болмауынан барлық жерде кездейсоқ қоқыстардың пайда болуына әкелуде. Қалдықтар бұл шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың, басқа да өндірістік процестердің соңғы мақсатына дейін жетпей қалған қалдығы, дайын өнімді алғанда немесе толық және жартылай өзінің қолдану қасиеттерін жоғалтқанда пайда болады. Адам баласының планета үстінде жинаған заттардың жалпы салмағы, жылына 4 трлн. т. жетеді. Жылына әлемдік экономикада 120 Гт қазба материалдарынан және биомассадан, барлығы 9 Гт (7,5 %) ғана өндіріс кезінде материалдар өнімге пайдаланылады. Бұл көлемнің 80%-дан артығы қайтадан негізгі және айналмалы материалды өндіріске енеді, яғни өндіріске қайтарылады. Тек 1,5 Гт адамдардың жеке тынысын қамтамасыз етеді. Қалдықтар өндірістік қызметтен, қолданыстан да пайда болуы мүмкін. Осыған сәйкес олар өндірістік қалдықтар және тұтыну қалдықтары болып бөлінеді. Өндірістік процесте ақаба сулар, түтінді газдар, жылу қалдықтары пайда болады. Жұмыстың мақсаты: тұрмыстық қалдықтарды жинау, қайта өңдеу арқылы өнімдер шығару, утилизациялау мен жою. Жұмыстың міндеттері: - Тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру (фольга, фильтр, 4 контейнер); - Утилизациялау немесе қайта өңдеу арқылы басқа заттар шығару; - Жаңа технология. Жұмыстың өзектілігі: Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады. Қалдықтардың негізгі көлемі тау-кең қазбаларынан, металлургия, химия, мұнай және газ, ағаш, қағаз, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады. Дәл қазір облыс аумағында 41 миллион тонна тұрмыстық және өндірістік қалдықтар жиналып қалыпты. Оны қайта өңдеуден өткізуге, белгілі бір уақыттан соң жер астына көмуге ешкім назар аударып жатқан жоқ. Соның салдарынан жаңағы қараусыз қалған қатты қалдықтар күн өткен сайын көбейіп келеді. "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" , - деп Д.И.Менделеев айтқандай, қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген
  • 2. проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапқы материалдарды, электроэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады. Ал қалдықтар жайлы айтар болсақ, бүкіл Қазақстанның қалдықтары жерге тасталынып, үлкен, лас, сасық ортаға айналып отыр. Себебі, оның беті үнемі ашық. Оның зияны жерді, топырақты және жерасты суларын ластап, онымен қоймай, ауаны және жер бетіндегі суды ластап, түрлі аурулар туғызып отыр. Осыдан кейін біз қалайша ұлт саулығын дұрыстай аламыз. Ал егер біз неміс технологиясын пайдаланатын болсақ, ұлт саулығы мәселесі шешілер еді. Неге десеңіз, бүкіл Германияның қоқыстары жердің асты өте үлкен көлемде қазылып, сол жерге көптеген метражды фольга қағазы төселіп, соның бетіне қоқыстар тасталынады. Содан кейін ол қоқыстың бетін тағы да сонша көлемде немесе одан да артық көлемде фольга қағазы қымталып жабылады. Сонда қымталған фолгьганың арасындағы қоқыстардан газ пайда болады. Осы газды бүкіл Германия отын ретінде пайдаланып, осылайша ресурстарын, қаржыларын үнемдеп, эономикасын ұлғайтып отыр. Бұл тәсіл бізге үлкен үлгі болмақ! Ал енді, осы қоқыстардың көлемі аз болу үшін, біз қалдықтарды үй - тұрмыс жағдайында өңдей алатындай қылып тастауымыз қажет. Бұл қалай десеңіз, өңдеуге жататын қоқыстарды бөліп тастау тәсілі. Яғни, шыны бөтелкелер, банкілер т.с.с қоқыстарды жасыл жәшік, сондай-ақ, сусын баклашкалары, пластмассалы контейнер ыдыстары, пластмассалық ойыншықтар, бұйымдар және резиналық заттарды сары жәшікке, сонымен қатар қағаздар, ағаш бұйымдары сияқты өңдеуге жататын қоқыстарды көк жәшікке және өңдеуге жатпайтын қоқыстарды қара жәшікке бөліп тастар болсақ, Қазақстанымыздың қалдығы аз болар еді! Осылайша біз қалдықсыз технологияны қолданған болар едік! Ал енді ауаға тасталынатын қалдықтар жайлы айтар болсақ, көптеген зауыт- фабрикаларымыз және кішігірім өндіріс орындарының бу мұржаларына сүзгіштер қойылмаған. Бұл да бір өзекті ластаулардың бірі. Әр мерзім сайын сүзгішті тазартып немесе ауыстырып отыратын болса, ауаға зиянды газдардың ұшуы азаяр еді. Қоқысты далаға лақтырып жатқан адамды көрсек те, оған ләм деместен, қасынан өте шығамыз. Кейбіреуі үшін қоқыс тастау ләңгі тебумен бірдей. Англия осы мәселенің де шешімін тапты. Олимпиада ойындары қарсаңында Англия басшылығы Лондон қаласын заманауи шаһарлардың бірі ретінде көрсеткісі келгендіктен, түрлі жобаларды іске асырып жатыр. Енді Ұлыбритания астанасының орталық көшелерінен сұйық кристалды экрандары бар «Ақылды қоқыс» жәшіктерін байқай аласыз.
  • 3. Лондонда жарты жыл бұрын болған тәртіпсіздіктерді ескерген қала басшылығы бұл жәшіктердің «күшейтілген» нұсқаларын жасатқан. Сонымен қатар, бұндай жәшіктер кішігірім жарылғыш заттың күшіне төтеп бере алады. Жәшіктің бүйір қырларында орналасқан LCD дисплей қала қонақтарын өзекті жаңалықтармен таныстырады. Экран беттеріне келіп түсетін ақпарат әрдайым өзекті болу үшін жүйе Wi-Fi модулі арқылы ғаламторға қосылады. Қазіргі уақытта Лондонда әрқайсысының құны $47 мың болатын жәшіктердің 25 данасы тұр. Олимпиаданың басталуына дейін қала әкімшілігі қосымша 75 «Ақылды жәшік» орнатпақ. Осындай жәшіктерді сатып алуға Нью-Йорк, Токио, Сингапур қала басшылары ұсыныс білдірген. Біздің елге де осындай «Ақылды жәшіктер» керек-ау... Көріп отырғанымыздай халық шаруашылығынан шыққан қалдықтардың көлемі аз емес, сондықтан оның тиімді пайдалану жолдарын қарастыру керек. Қоқыс өңдеу ісі үлкен табыс әкелетін пайдалы сала. Әлемде «Қоқыс ханшайымы» атанған қытайлық Чжан Инь өзінің миллиондарын осы қоқыстарды өңдеу арқылы тапқан. Не жоғары білімі жоқ, не сүйенетін адамы жоқ, тапқаны тамағынан артылмайтын Чжанды қалталы жандардың қатарына қосқан–еңбекқорлығы, табандылығы. Ал, қағазды өңдеуден түсетін пайда да ұшан-теңіз. «Қоқыс ханшайымы» атанған қытайлық Чжан Иньнің бизнесінің негізі осы қажетсіз қағаздардан құралады. Ол, тіпті, кәсіпкерліктің алғашқы кезінде қоқыстарды өңдеп те әуре болмаған. Бар атқарғаны ортадағы делдалдық. Америкадағы иесіз қоқыстарды арзан бағаға сатып алған ол қағаздарды бөлген соң Қытайдағы өңдейтін зауыттарға тасымалдап, кейіннен оларды орама, қорап түрінде қайта жасады. Қоқысты қайта өңдеу арқылы көптеген керекті заттар жасалған. Біз сол заттардың жасалу жолдарына қарап өзіміз сол бұйымдарды керексіз қалдықтар мен пайдаланылған керексіз материалдарды біріктіре отырып жасаған заттарымызды ұсынамыз.
  • 4. Қалдықты пайдалану әдістері:  Құрылыс материалдары ретінде;  Малдың тамағы ретінде;  Энергетикалық жағынан;  Жылу беру жағынан;  Пакеттер;  Пластмассалық заттар, бұйымдар т.б. Жаңа технология 2025 жылға дейін қоқыс көлемі 2 есеге дейін артады, онымен күресу үшін көптеген елдер мен қалалар қоқыс саясатын енгізіп жатыр. Мәселен, Сан-Франциско қаласында қоқысты қайта өндіру үшін ғана емес қаржы табудың тиімді көзіне айналған. Әлемдегі мұхиттарға жыл сайын 8 млн тонна қоқыс тасталынады. Статистикалық деректерді талдай келе мамандар әлемнің 192 елінде жыл сайын 275млн тонна пластикалық қоқыс төгілетіндігін есептеген, оның 3% теңіздер мен мұхиттарға тасталынады. Қоқыстан тазарту сұйық және шаруашылық тұрмыстық, кейбір өнеркәсіп қалаларын арнайы көлікпен жинау, тастау және одан әрі залалсыздандыру жұмысын жүргізу. Ауа тазартқыш іске қосылғанда ауамен бірге сорылатын аэрозольдер мен механикалық қоспалар сүзгі материалда ( аэрозольді сүзгіде) тұнады да, содан кейін сорбент, катализатор арқылы өткенде ауа газдан тазарады. Ауа тазартқыш ауаның жедел циркуляциясын тудыра отырып, конденсациясының түзілуін болдырады. Күн сәулесі қуатымен жүретін машиналарды расында да көлік құралына айналдырудың бір жолы бұл технологияны гибридтік машинада дәстүрлі жанар-жағармай мен де, электр қуатымен
  • 5. де жүре алатын машиналарда пайдаланылады. Іс жүзінде мұндай машиналар әуені ластайтын зиянды газ мөлшерін 150% азайуы тиіс. Жел энергиясы халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылықтары көп. Жел энергиясы қондырғыларының техологиясын жеделдету арқылы оның тиімділігін арттыруға болады. Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді. Сөйтіп, энергия өндіруді біршама тұрақтандыруға болады. Экологиялық үй қазіргі кезде сәнді тренд немесе батысқа еліктеушілік емес. Қазіргі экологиялық үйлерді салуға ықпал етуде және келешекте осындай үйлердің көптеп салуына да жол ашылуда.
  • 6. Қорытынды: Баяғыда бір данышпан “Әлемді қоқысқа толтырып қайтесіз бұл әлем онсызда лас” деген екен. Бұл сөздер біздің оймызға дәл келіп тұр. Ендеше еліміздегі керексіз дүниені керек қылып үйреніп, елімізді таза ұстайық. Себебі, бұл біздің өміріміз. Қолданылған әдебиет тізімі: 1. Ғ. Сағымбаев. «Экология негіздері». 2. Н.Қ Мамыров, Е.М. Үпішев, М.С. Тонкопий. «Табиғатты пайдалану экономикасы». 3. «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» Е.М.Үпішев, С.Мұқаұлы. 4. www.google.kz Түйіндеме Адам баласының кез - келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе - теңдікке қауіп - қатер тудырады. Біздің мақсатымыз – тұрмыстық қалдықтарды жинау, қайта өңдеу арқылы өнімдер шығару, утилизациялау мен жою. Жаңа технологияны қолдану. Резюме Любая человеческая деятельность загрязняет биосферу отходами. Это приводит к сокращению разновидности флоры и фауны, опасно для здоровья и жизни народа, и для равновесия окружающей среды. Наша задача – собирать бытовые отходы, с помощью обработки производить продукты, перерабатывать и удалять отходы. Использовать новую технологию. Summary Any human activites polute the biosphere. This leads to a reduction in the variety of flora and fauna, it is dangerous for the health and life of the people, and for the equilibrium of the environment. Our task – collect waist, using processing to produce products, recycle and dispose of wastes. Use new tehnology.