SlideShare a Scribd company logo
1 of 3
Сыныбы: 9
Тақырыбы: «Темекі денсаулыққа зиян»
Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір
салтыг сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп,
ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Тақырып бойынша айтылым, сөйлесім, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолдану.
Оқушыларда темекінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын
ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Салауатты өмір салты туралы жазылған мақал-мәтелдер, компъютер
темекі зияны фото слайды, темекінің зияндығы туралы жинақтар,
постер,маркер,стикерлер. т. б.
Барысы: І. Ұйымдастыру
а) Сынып тазалығы, оқушылардың тәрбие сағатына қатысуы
б) Оқушылар ынтасын тәрбие сағатының тақырыбына аудару
1. Кіріспе бөлімі
Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай,
ғылым - біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Бүгінгі сабақта адам баласына өте
қауіп төндіретін зиянды зат - темекі туралы салмақты ой қозғаймыз. Сонымен адам
өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз
ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын
байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады.
Салауатты өмір салты деген не?
1. Спортпен шұғылдану
2. Күн тәртібін ұстау
3. Жеке бас гигиенасын сақтау
4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегуден
2. Негізгі бөлім. Мұғалім сөзі
Никотиннің зардаптары
Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін»
депті:
Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді.
Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды.
Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді.
Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде:
... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса
үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте
таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп
тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен.
3.Сынып оқушыларын үш түсті стикер таңдау арқылы 3 топқа бөлу. Әр топ өз
жұмыстарын постерде орындап қорғайды. Топ басшысын сайлайды және ол өз
топ құрамын бағалап отырады.
Оқулықтан, газет беттерінен, журналдардан заң туралы әдебиеттер қосымша
материалдар қолдану арқылы темекінің оның құрамындағы никотиннің зияны туралы
білу іздену. Заң ережелерін білу.
1-інші топ: Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға
болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің
темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек,
немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген
сияқты пікір тудыруда.
Темекінің зияны туралы не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан
жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс
болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі
тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары.
Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15
минутқа қысқартады.
2-інші топ: Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан?
Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке
тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың
әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде
берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп
ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген.
3-інші топ: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы,
384000тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000
тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін
бұзады. Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300
градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады.
Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік
жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз
өмір сүреді.
4.«Темекінің әсері» фото шолу
2. Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген?
Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады.
- Англияда темекі шеккендерді дарға асқан
- 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек
дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұхсат берді.
- 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің
алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп
тастаған.
- І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп
шешкен.
- Югаславияда 1987 жылдың 1 - қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық
орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық
берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді.
- Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен.
- Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000
долларға дейін айыппұл төлейді.
- Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік
мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар.
5.« Темекіден хат»
1 - топқа: Сәлем досым! Мен сымбатты да әдемімін. Иісім қандай жағымды! Менің
әсерімнен рақаттанасың. Менің досым бол, кел, кел!
2 - топқа: Сәлем досым! Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен
боламын. Мені шегіп, күш - жігерің артады, көңіл - күйің көтеріледі. Мен сені
ешуақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол.
3 - топқа: Сәлем досым! Мені шегіп рақаттан. Көңіл - күйің көтеріліп, өмірің
қызық болады. Кел, менімен дос бол. Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың,
жеңілдейсің.
(Әрбір топ кері хат жазады хаттарын дәптерге орындау).
6. Қорытындылау
Оқушылар пікірлерінің қорытындысы: Адам бұл өмірге қонақ, олай болса, бір ғана
рет берілетін өмірді еңбек етіп, толық мәнді өмір сүру - бізге міндет.
7. Кері байланыс: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, өз ойларын
білдіреді айтады.
8. Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға
өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та,
атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан
бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық
керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын жандарыңа
жан серік етіңдер.
Үйге тапсырма: 12 тапсырма
Бағалау: топ басшыларының қойған бағасын тыңдау

More Related Content

Viewers also liked

54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee
54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee
54rerereeeeeeeeeeeeeeeeeenurlan93kz
 
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTR
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTRCvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTR
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTRnurlan93kz
 
2552ewewewewwwww
2552ewewewewwwww2552ewewewewwwww
2552ewewewewwwwwnurlan93kz
 
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. қуат.
Дененің  қозғалу бағытында  әрекет  ететін күштің жұмысы. қуат.Дененің  қозғалу бағытында  әрекет  ететін күштің жұмысы. қуат.
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. қуат.Айбек Қуандықұлы
 

Viewers also liked (8)

54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee
54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee
54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee
 
7999в
7999в7999в
7999в
 
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTR
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTRCvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTR
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTR
 
5666
56665666
5666
 
дизайн табигаты
дизайн табигатыдизайн табигаты
дизайн табигаты
 
архимед күші
архимед күшіархимед күші
архимед күші
 
2552ewewewewwwww
2552ewewewewwwww2552ewewewewwwww
2552ewewewewwwww
 
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. қуат.
Дененің  қозғалу бағытында  әрекет  ететін күштің жұмысы. қуат.Дененің  қозғалу бағытында  әрекет  ететін күштің жұмысы. қуат.
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. қуат.
 

More from nurlan93kz

2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауаnurlan93kz
 
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxxnurlan93kz
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsdsnurlan93kz
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВnurlan93kz
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadasnurlan93kz
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуцnurlan93kz
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПРnurlan93kz
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБnurlan93kz
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььоооnurlan93kz
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюдnurlan93kz
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывыnurlan93kz
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуцццnurlan93kz
 
2019УКУКУ
2019УКУКУ2019УКУКУ
2019УКУКУnurlan93kz
 

More from nurlan93kz (20)

2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауа
 
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
 
2055sddsadsd
2055sddsadsd2055sddsadsd
2055sddsadsd
 
2053xczcxc
2053xczcxc2053xczcxc
2053xczcxc
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds
 
2051fdfdfd
2051fdfdfd2051fdfdfd
2051fdfdfd
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadas
 
2048dfsfdsf
2048dfsfdsf2048dfsfdsf
2048dfsfdsf
 
2047dsdsdsd
2047dsdsdsd2047dsdsdsd
2047dsdsdsd
 
2046dsfsdfd
2046dsfsdfd2046dsfsdfd
2046dsfsdfd
 
2045erwerer
2045erwerer2045erwerer
2045erwerer
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуц
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюд
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывы
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц
 
2019УКУКУ
2019УКУКУ2019УКУКУ
2019УКУКУ
 

2017ЦЙЦВЦЙУЦ

  • 1. Сыныбы: 9 Тақырыбы: «Темекі денсаулыққа зиян» Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтыг сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту. Тақырып бойынша айтылым, сөйлесім, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолдану. Оқушыларда темекінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: Салауатты өмір салты туралы жазылған мақал-мәтелдер, компъютер темекі зияны фото слайды, темекінің зияндығы туралы жинақтар, постер,маркер,стикерлер. т. б. Барысы: І. Ұйымдастыру а) Сынып тазалығы, оқушылардың тәрбие сағатына қатысуы б) Оқушылар ынтасын тәрбие сағатының тақырыбына аудару 1. Кіріспе бөлімі Егемендіктің тізгінін берік қолға алу үшін, ұрпақтың дені сау, рухани дүниесі бай, ғылым - біліммен жақсы қаруланған болуы шарт. Бүгінгі сабақта адам баласына өте қауіп төндіретін зиянды зат - темекі туралы салмақты ой қозғаймыз. Сонымен адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады. Салауатты өмір салты деген не? 1. Спортпен шұғылдану 2. Күн тәртібін ұстау 3. Жеке бас гигиенасын сақтау 4. Жаман қылықтардан аулақ болу: Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегуден 2. Негізгі бөлім. Мұғалім сөзі Никотиннің зардаптары Бір данышпан темекі туралы сұрағанда «мен темекінің үш жақсы жағын білемін» депті: Біріншісі, темекі шеккен адамның үйіне ұры түспейді. Екіншіден, темекі шеккен адамды ит қаппайды. Үшіншіден, шылымқор жан мәңгі жас болып көрінеді. Мұны дәлелдеп беріңіз дегенде: ... Темекі тартқан адам түнімен күркілдеп жөтеліп шығады. Түнде келген ұрылар болса үйде ояу адам бар екен ойлап, кері қайтады. Көп жөтелген адамның белі бүгіліп, ерте таяқ ұстауға тура келеді. Таяқ ұстаған адамнан қабаған ит те жасқанады. Темекіні көп тартқан адам ерте қайтыс болады. Мәңгі жас болып өтеді дегенім осы,- деген екен. 3.Сынып оқушыларын үш түсті стикер таңдау арқылы 3 топқа бөлу. Әр топ өз жұмыстарын постерде орындап қорғайды. Топ басшысын сайлайды және ол өз топ құрамын бағалап отырады. Оқулықтан, газет беттерінен, журналдардан заң туралы әдебиеттер қосымша материалдар қолдану арқылы темекінің оның құрамындағы никотиннің зияны туралы білу іздену. Заң ережелерін білу.
  • 2. 1-інші топ: Елімізде мектеп жасындағы балаларға ішімдіктер мен темекі сатуға болмайтыны заң болғанымен, бұл тәртіптің сақтала бермейтіндігіне жасөспірімдердің темекі шегуінің өзі үлкен дәлел болмақ. Бұл жөнінде мамандар «заңды күшейту керек, немесе «балалардың темекіге үйір болуы оның бағасының арзандығында» деген сияқты пікір тудыруда. Темекінің зияны туралы не білеміз? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша темекі тарту зардабынан жыл сайын 5 миллион адам қайтыс болады екен. 2027 жылы темекі зардабынан қайтыс болғандар саны 10 миллионға жетеді деген болжам бар. Соңғы уақытта темекі тартатындар арасында көмейдің қатерлі ісігі 6 - 10 есе, өңештің ісігі 2 - 6 есе жоғары. Бір түйір темекі тартқан адам 0, 4 - 3, 5 мг улы никотин қабылдайды да өз өмірін 15 минутқа қысқартады. 2-інші топ: Осы бір зиянды әдет қайдан шыққан? Үндістер меңдуанаға ұқсас шөпті жандырғанда шыққан түтінді танау арқылы ішке тартып соған мас болған. Олар оны «табако» деп атаған екен. 1560 жылы Француздың әйел патшасы Екатерина Медичиге басының сақинасы ұстағанда дәрі - дәрмек ретінде берілгенде баршаның қызығушылық құмарлығын тудырған. Әуелгіде емдік шөп ретінде қолданылған. Ресейге саудагерлер арқылы келген. 3-інші топ: Темекіден ауаға жылына 720 000 тонна күкірт қышқылы, 384000тонна аммиак, 180000 тонна никотин, 660 000 тонна темекі майы, 550000 тоннадай иісті газ шығады. Темекі кез - келген ауруды ушықтырады, жүйке қызметін бұзады. Салмағы 1 мг темекіде 10 - 15 мг никотин болады. Темекі шоғының қызуы 300 градусқа жетеді. Оны сорғанда ауызда 60 градусқа дейін температура пайда болады. Бұл ауыз, өңеш, кеңірдек, тыныс жолдары мен асқазанның шырышты қабығының нәзік жасушаларын күйдіреді. Темекі шеккен адам темекі шекпеген адамнан 10 - 15 жыл аз өмір сүреді. 4.«Темекінің әсері» фото шолу 2. Темекімен күрес шаралары қалай жүргізілген? Темекінің зиянын ертерек білген елдер тыйуға әртүрлі шаралар қолданады. - Англияда темекі шеккендерді дарға асқан
  • 3. - 1680 жылы ХІІІ Людовик королъ темекіні еркін сатуға тыйым салып, тек дәрігердің қағазымен ғана дәріханалардан сатып алуға рұхсат берді. - 1692 жылы Сантъ - Ягода кешкілік ғибадатқа кірудің орнына шіркеу есігінің алдында шылым шеккені үшін бас монахты тірілей қабырғаға жабыстырып, бітеп тастаған. - І Петр темекі мен темекі бұйымдарына салық салу мемлекетке пайдалы деп шешкен. - Югаславияда 1987 жылдың 1 - қаңтарынан бастап жұмыс және қоғамдық орындарда оның ішінде мектепте темекі шегуге тыйым салу жөнінде бұйрық берілген. Оны бұзғандар 50 000 динар айып төлейді. - Швецияда 2000 жылдан бері жасөспірімдер шылым шегуді білмейді екен. - Сингапурда темекі шегуге тыйым салынған жерде шылыммен ұсталған адам 1000 долларға дейін айыппұл төлейді. - Қазақстанда кәмелетке толмағандарға темекі сатылмайды және мемлекеттік мекемелерде темекі сатылмасын деген заң бар. 5.« Темекіден хат» 1 - топқа: Сәлем досым! Мен сымбатты да әдемімін. Иісім қандай жағымды! Менің әсерімнен рақаттанасың. Менің досым бол, кел, кел! 2 - топқа: Сәлем досым! Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш - жігерің артады, көңіл - күйің көтеріледі. Мен сені ешуақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол. 3 - топқа: Сәлем досым! Мені шегіп рақаттан. Көңіл - күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел, менімен дос бол. Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың, жеңілдейсің. (Әрбір топ кері хат жазады хаттарын дәптерге орындау). 6. Қорытындылау Оқушылар пікірлерінің қорытындысы: Адам бұл өмірге қонақ, олай болса, бір ғана рет берілетін өмірді еңбек етіп, толық мәнді өмір сүру - бізге міндет. 7. Кері байланыс: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салып, өз ойларын білдіреді айтады. 8. Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер. Үйге тапсырма: 12 тапсырма Бағалау: топ басшыларының қойған бағасын тыңдау