SlideShare a Scribd company logo
1 of 5
Отаншыл-патриоттарды тәрбиелейміз
Ашық тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты:ҚазақстанРеспубликасы Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың жуықта жарық көрген, көлемі шағын болғанымен құндылығы
орасанзор;Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру деп аталатын мақаласы-
негізінде жас ұрпақты елін, жерін, халқын, Отанын сүюгетәрбиелеу. Осынау
ғаламдық деңгейдегі ғасырлыққұжаттың қағидаларын оқушылардыңсанасына
сіңіре отырып«патриоттық», «ұлтжанды», «елжанды» дегенұғымдар туралы
терең түсінік бере келіп, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі:ЕлбасымыздыңБолашаққа бағдар: Рухани
жаңғыру атты еңбегі. Арқа ажары газеті, 2017 жыл 13 сәуір. Мемлекеттік
рәміздер мен ҚазақстанҚарулы Күштерінің құрылымдық белгілері, суреттер,
плакаттар, мақал-мәтелдер, ойындар, сөзжұмбақтар.
Сабақ түрі: Кіріктірілген және ойын сабақтар. Аралас сабақ.
Мұғалім:Құрметтіқонақтар, оқытушылар мен оқушылар, «Отаншыл-
патриоттарды тәрбиелейміз» деп аталатын 2 «Ә» сыныбыныңашық тәрбие
сағатына қош келіпсіздер. Бұл іс-шара мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру деген атпен жариялаған Бағдарламалық
тапсырмаларындағы жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу жөніндегі
мәселелер мен міндеттерге және құрылғанына25 жыл толып отырғанҚазақстан
Қарулы Күштеріне оның өткені мен бүгініне, тарихына арналады.
Елбасымыз халқымыздың XXI ғасырдағы руханижаңғыруы мен рухани-
мәдени дамуыныңболашағын баянды ететін Бағдарламада; «Қазақ «туған
жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған» деген еді. Ту тігу-бұл жауынгерлік
рухтың, жеңістің, жасампаздықтыңбейнесі. Бұл деген туған жерде жай ғана
өмір сүріп, тірлік қамымен шектеліп қалма, солжердің, елдің иесі бол, көшін
баста, гүлденіп жайнауына, өсіп-дамуына үлесіңді қос, ең бастысы солелді,
жерді сүйебіл дегені еді.
Демек, біздің бүгінгі сабағымыз да келешегіміз кепілі болған балғын
балаларымызды патриотетіп өсіру, патриоттық рухта тәрбиелеу болып
табылады.
Солай екен, сабағымыздыбастаймыз. Сабақтыңмән-мазмұнынашу үшін
тиімді тәсіл ретінде сыныпты екі топқа бөлеміз (балалар өз топтарымен
араларын ашық ұстап, сап түзеп тұрады).
Екі топ эмблемаларын жоғары көтеріп, өздерін таныстырады.
«Садақ»тобы
Ер қаруы, бес қару,
Ұстап өскен қазақпыз.
Сақпан тастай сартетер,
Сұр жебелі-Садақпыз.
«Зымыран» тобы
Жебе жолын жалғаған,
Болашаққа бұрылам.
Қазір көкке самғаған,
Байқоңырдан-Зымыран.
Мұғалім:Балалар, жақсы өз топтарыңды таныстырыпөттіңдер. Енді
сендердің хабарларың бар, жоғарыдаайтып өттік, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
өзінің Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудеген еңбегінде былай деген екен.
«Патриотизм-кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаңмен өңіріңе,
яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады». Бәріңе түсінікті ғой,
демек патриотизм, отанынсүю-ата-анаңа, жанұяңа, туған-туысқанға,
көршілерге, өзің туып-өскен, жасап тұрған ауылыңа, қалаңа деген махаббаттан,
сыйластықпен өқрметтен бастау алады екен. Сонымен бірге Елбасымыз осы
тұста тағы былай деп атап көрсетеді: «Туғанжерге, оның мәдениеті мен салт-
дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды
көріністерінің бірі». Міне, осыны ескереотырып, «Садақ» тобы айтып өткендей
біздің ата-бабаларымыз ертеде елін жаудан қорғаған5-қаруға тоқталып, «Ер
қаруы бес қару» деген танымдық ойын-жарысты көрейік.
Бауыржан Мәлік Қанжығалы Шапырашты Қаракерей
Бөгенбай Наурызбай Қабанбай
Балалар (топ бойынша) бес қаруды танып, айтып беруі керек. Кейін
қаруларға жазылған батырлардыңаттарын оқыполар жоңғарларменсоғысқан
баяғы заман батырлары мен кешегі Ұлы Отан соғысындаерлік көрсеткен
қазіргі заман батырларынайтып береді.
Мұғалім:Балалар, біз Отан, туған жер, патриотизм тақырыбын
қозғағандаЕлбасымыздыңБолашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласынан
тиісті жауаптарды табамыз. Сол мақаладан бүгінгі тақырыпқа байланысты
пікірлерінен үзінділер келтіріп өтейік. Елбасымыз «Туғанжер» бағдарламасы
туралы былай дейді: «Бағдарлама неге «Туғанжер» деп аталады. Мәселен,
«Ауылым-әнім» атты әнді айтқанда «Туғанжерін сүйеалмаған, сүйе алар ма
туған-елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл-мағынасы өте
терең сөздер. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстыңқанаты талып,
жүгірген аңның тұяғы талатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғағанжоқ. Олар
ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сантараптан сұқтанған жат
жұртқа Атамекеннің қарыс қадымын да бермей ұрпағынамирас етті. Әр бір
өлкенің халқына суықта пана, ыстықтасая болған, есімдері ел есінде сақталған
біртуар перзенттері бар. Осыныңбәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс». Міне,
балалар патриотизм, Отанды сүю үлкен ұғым. Елбасымыз соныңбір саласын
осылайтүсіндіреді. Біз өмір сүретін Ақмола өңірінде талай тарлан тұлғалар,
айтулы азаматтар, елім деп еңіреген ерлер өте көп болған.
Солардыңбірі Ұлы Отан соғысындаерекше ерлік көрсетіп, екі мәрте
Кеңес Одағыныңбатыры атағын алған Талғат Бигелдинов еді. Ол кісі соғыс
кезінде 305 рет әуеге көтеріліп, жаумен аспанда айқасқан. Бұл деген 1 жыл
бойы ұшақтан түспей ұрыс жүргізудеген сөз.
Т. Бигелдинов 1922 жылы Ақмола облысыныңМайбалық деген жерінде
дүниеге келген. Осы тұста ол кісі туралы өлеңнен үзінді келтіріп өтейін.
Қазақтың Талғаты,
Отанның солдаты.
Туған ел-Ақмола,
Тұрғанжер-Алматы.
Талғат Бигелдинов-әуелі әскери бомбалаушы болыпжаудың көптеген
техникасы мен жаяу әскерін жойған. Кейін әуе барлаушысы болыпжеңіске
жетудің кілті болыпсаналатын аса маңызды мәліметтерді әкеліп отырған. 1945
жылы 17 апрелде ұшқан құсты өткізбей тұрған Берлинге бірінші болыпкіріп,
жаудың қайда, қанша әскері, техникасы тұрғаны туралы нақты мәліметтер
әкеліп, біздің әскерлердің Берлинге кіруін қамтамасыз еткен еді. Соныменбірге
жаудың бірнеше ұшақтарын атып құлатты. Оқушылар, сендергедаңқты
жерлесіміз, Талғат Бигелдинов туралы азды-көптімағлұмат алдыңдар.
Сергіту сәті
Бірінші болмасаортада тұрғанбір бала (алдын-ала белгіленіп қойылады).
Алдымен үлкенге амандас деп бір өзіайтады, кейін қалғандары 2-қатардан
түгел қосылады.
Алдымен үлкенге амандас,
Саламатсыздар ма халайық! (созып, бәріайтады)
Тапжылмай орныңдақадам бас, (орындатұрыпжүреді)
Сергейік, серпіліп алайық.
Бір-екі-үш,
Бір-екі-үш,
Бір-екі-үш,
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ.
Өмірге әрекет берер күш,
Біздерге орындауоңай-ақ.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш, бір, екі, үш,
Сап түзеп, шерулеп жүреміз.
Бір, екі, үш, бір, екі, үш, бір, екі, үш,
Ел-жұртты, Отанды сүйеміз.
Енді балалар осығандейін айтылғандарға қорытынды ретінде «Үш жеті»
деп аталатын сөзжұмбақтарды шешеміз (мұғалім топтарға жеті сандарынан
түзілген сөзжұмбақ-парақтарды бередінемесе алдын-ала тақтаға жазып-сызып
қойса болады).
7 7 7
Сұрағы:Балалар «жеті
қазынаны» білесіңдер.
Сол жеті қазынаның
бірі-қару-жарақ. Жеті
қазынаның бір болған
қаруды табыңдар.
Сұрағы:1. Т.
Бигелдиновтыңтуған
жылын жазыңдар.
2. Т. Бигелдинов
аспанда жаумен қанша
рет айқасты?
3. Т. Бигелдинов
жаудың неше ұшағын
құлатты?
Сұрағы:Бір жылда 12
ай бар, соныңішінен 5-
ші айды тап. Ол қайсы
ай? 7-санының
жоғарысынасолайдың
орысшаатауын, төменгі
жағына айдың қазақша
атын жаз. Бұл ай, күнде
қандай мереке?
Жауабы:Түзумылтық,
мұны берен мылтық деп
те атайды.
Жауабы:1. 1922.
2. 305.
3. 7.
Жауабы:7-мамыр.
Мұғалім:Балалар, баяғы заманда біздің бабаларымыз қолданғанбес қару
оқпен атылатын қарулар шыққан соңөздерінің маңызынжоғалтты. Европа
елдері дамып, Завод-фабрикалар салып, түрлі мықты қару-жарақтар жасады.
Бұл әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстаайқын көрінді. Енді «Қару мен адам»
жұмбақ сурет-ойыны арқылы соғысқанқаруы бойынша ол адамның кім екенін,
аты-жөнін табамыз.
Сұрағы Жауабы
1. Мерген-қыз, батыр қыз? 1. Әлия Молдағұлова
2. Пулётші, батыр қыз? 2. Мәншүк Мәметова
3. Ұшқыш қыз, Халық Қаһарманы? 3. Хиуаз Доспанова
4. Автоматшы, Кеңес Одағының
батыры?
4. Төлеген Тоқтаров
5. Зеңбірекші-артиллерист жаудың
көптеген танкысын қиратқан Кеңес
Одағы батыры?
5. ҚарсыбайСыпатаев
«Сөйлемқұра» ойыны
Сұрақтыңжауабын тауып, толық бір сөйлем құра.
1. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры?(Рақымжан Қошқарбаев)
2. Қашан тікті? (1945 жыл, 30 сәуірде)
3. Қайда тікті? (Рейхстагқа)
Кім? Қашан? Қайда?
Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы, 30 сәуірде Рейхстагқа
Сөйлем:Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы, 30 сәуірде Берлиндегі
Рейхстагқа жеңіс туын тікті.
Мұғалім:Балалар, енді «Ұшты, ұшты» ойынынойнап көрейік. Біз бұл
ойынды сабақтардажиі қолданамыз, бірақ әр сабақта әртүрліетіп, тақырыпқа
сай етіп, бейімдеп алуға тырысамыз.
Енді бүгін «Ұшты, ұшты» деп емес тақырыптыңерекшелігін ескеріп
ойынды «Ұшпайды, ұшпайды» депаламыз. Мен ұшпайды дегенімен ол
ұшатын болуы мүмкін сендер соны тез байқауларың керек. Ал, топтар бір-
дайындал, екі-қамшыңды ал, үш-шабыңдар.
Ұшпайды, ұшпайды.
1. Ұшпайды, ұшпайды мылтық оғы ұшпайды,
2. Ұшпайды, ұшпайды зеңбіректің добы ұшпайды,
3. Ұшпайды, ұшпайды ұшақ ұшпайды,
4. Ұшпайды, ұшпайды лақ ұшпайды,
5. Ұшпайды, ұшпайды жебе ұшпайды,
6. Ұшпайды, ұшпайды шеге ұшпайды,
7. Ұшпайды, ұшпайды лақтырған тас ұшпайды,
8. Ұшпайды, ұшпайды қаңқылдап қаз ұшпайды,
9. Ұшпайды, ұшпайды зымыранұшпайды,
10. Ұшпайды, ұшпайды құмыраұшпайды,
Ойындаоқушылардың қолын дұрыс немеседұрыс емес (бұрыс)
көтергенін оқытушылар яки ата-аналар бақылап, бағалап отырады.
«Ұлы Отан ұрысы» логикалықойын
Балалар, екі топ мүшелері, 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы болғануақыт.
Осындабарлық сан дұрыс па? Өз орындарындатұр ма?
Бұрысы Дұрысы
1941 ж. 9 мамыр 1941 ж. 22 шілде
1945 ж. 22 шілде 1945 ж. 9 мамыр
Мұғалім:Балалар, енді бүгін «Отаншыл-патриоттарды тәрбиелейміз»
ашық тәрбие сабағын«Кластер құру» деп аталатын сабақ тәсілімен аяқтаймыз.
Кластер сөзі-шоқ, шоғыр, топ, топтау дегенді білдіреді. Бұл тәсіл арқылы
білімді жүйелендіруге, берілген тақырып туралы еркін әрі ашық пікір білдіруге
мүмкіндік береді. сонымен«Кластер құру» тәсілі арқылы Отан, Отансүю
тақырыбынтүйіндейміз.
«Садақ»тобына«Отан» сөзіберіледі. (Түсінгеніңді тек бір сөзбенғана
қысқа жазып білдір)
Сұрақ:Отан дегенде нені түсінесің, ойыңа қандай сөздер, ұғымдар
түседі?
«Зымыран» тобына«Патриот» сөзіберіледі.
Сұрақ:Патриот дегенде нені түсінесің, ойыңа қандай сөздер,ұғымдар
түседі?
Қорытынды:Мұғалім: балалардың жеке белсенділігі, топтардыңұпайын
айтып, бағалап, жеңімпаз топты анықтайды. Осыменбүгінгі «Отаншыл-
патриоттарды тәрбиелейміз» деп аталған ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Келгендеріңіз үшін үлкен рақмет.

More Related Content

What's hot

Иманжан Жылқайдарұлы
Иманжан    ЖылқайдарұлыИманжан    Жылқайдарұлы
Иманжан Жылқайдарұлыsanvia
 
Жүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанЖүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанsanvia
 
жәнібек пен жиренше шешен
жәнібек пен жиренше шешенжәнібек пен жиренше шешен
жәнібек пен жиренше шешенDan41k
 
қр мемлекеттік рәміздері
қр мемлекеттік рәміздеріқр мемлекеттік рәміздері
қр мемлекеттік рәміздеріganamanapana
 
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”sanvia
 
ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2sanvia
 
сценарий косбаевой к.к.
сценарий  косбаевой к.к.сценарий  косбаевой к.к.
сценарий косбаевой к.к.Asem Sarsembayeva
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақалаAsem Sarsembayeva
 
жыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыжыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыDan41k
 
Makataev
MakataevMakataev
MakataevDNT_
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыBilim All
 

What's hot (20)

Иманжан Жылқайдарұлы
Иманжан    ЖылқайдарұлыИманжан    Жылқайдарұлы
Иманжан Жылқайдарұлы
 
Жүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялағанЖүрегіне жыр ұялаған
Жүрегіне жыр ұялаған
 
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожалучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
 
Тарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсіТарих ғасырлар куәсі
Тарих ғасырлар куәсі
 
жәнібек пен жиренше шешен
жәнібек пен жиренше шешенжәнібек пен жиренше шешен
жәнібек пен жиренше шешен
 
621а
621а621а
621а
 
тукенова е. кітап оқуға қызығушылық
тукенова е. кітап оқуға қызығушылықтукенова е. кітап оқуға қызығушылық
тукенова е. кітап оқуға қызығушылық
 
қр мемлекеттік рәміздері
қр мемлекеттік рәміздеріқр мемлекеттік рәміздері
қр мемлекеттік рәміздері
 
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”Қара өлеңнің аңсадым  дара шыңын...”
Қара өлеңнің аңсадым дара шыңын...”
 
Kilmis_3_tom
Kilmis_3_tomKilmis_3_tom
Kilmis_3_tom
 
ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2ұлылық туралы ұлағат 2
ұлылық туралы ұлағат 2
 
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастырубес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
 
сценарий косбаевой к.к.
сценарий  косбаевой к.к.сценарий  косбаевой к.к.
сценарий косбаевой к.к.
 
акме хандар туралы
акме хандар туралыакме хандар туралы
акме хандар туралы
 
Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны
Мұқағали ХХІ ғасыр ақыныМұқағали ХХІ ғасыр ақыны
Мұқағали ХХІ ғасыр ақыны
 
888888h
888888h888888h
888888h
 
рухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақаларухани жаңғыру . мақала
рухани жаңғыру . мақала
 
жыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясыжыраулар поэзиясы
жыраулар поэзиясы
 
Makataev
MakataevMakataev
Makataev
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
 

Similar to отаншыл патриоттарды тәрбиелеу

методическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаметодическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаAsem Sarsembayeva
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Erjan Beisenhojaev
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сыныпӘдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сыныпErjan Beisenhojaev
 
темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...
темирова  б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...темирова  б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...
темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...Asem Sarsembayeva
 
113сыввыавыавы
113сыввыавыавы113сыввыавыавы
113сыввыавыавыnurlan93kz
 
гүлмира шығаруп
гүлмира шығарупгүлмира шығаруп
гүлмира шығарупNurlan Abilhanov
 
Интелектуалды сайыс
Интелектуалды сайысИнтелектуалды сайыс
Интелектуалды сайысErjan Beisenhojaev
 
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptxssuser7a793e
 

Similar to отаншыл патриоттарды тәрбиелеу (20)

Бауыржан Момышұлы
Бауыржан МомышұлыБауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлы
 
акме хандар туралы
акме хандар туралыакме хандар туралы
акме хандар туралы
 
sdsdsds
sdsdsdssdsdsds
sdsdsds
 
методическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урокаметодическая разработка открытого урока
методическая разработка открытого урока
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сыныпӘдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып
 
сапар мен парта
сапар мен партасапар мен парта
сапар мен парта
 
Зат есім
Зат есімЗат есім
Зат есім
 
тау ж _лдыз
тау ж _лдызтау ж _лдыз
тау ж _лдыз
 
Төлеген Айбергенов
Төлеген АйбергеновТөлеген Айбергенов
Төлеген Айбергенов
 
44ewerrew
44ewerrew44ewerrew
44ewerrew
 
айтчанов
айтчановайтчанов
айтчанов
 
Raimbekk
RaimbekkRaimbekk
Raimbekk
 
Президент күніне тәрбие сағат
Президент күніне тәрбие сағатПрезидент күніне тәрбие сағат
Президент күніне тәрбие сағат
 
темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...
темирова  б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...темирова  б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...
темирова б.ш. баяндама елжандылыққа тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтар, жезқаз...
 
113сыввыавыавы
113сыввыавыавы113сыввыавыавы
113сыввыавыавы
 
гүлмира шығаруп
гүлмира шығарупгүлмира шығаруп
гүлмира шығаруп
 
Интелектуалды сайыс
Интелектуалды сайысИнтелектуалды сайыс
Интелектуалды сайыс
 
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№5 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
Малсақ бала
Малсақ балаМалсақ бала
Малсақ бала
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

отаншыл патриоттарды тәрбиелеу

  • 1. Отаншыл-патриоттарды тәрбиелейміз Ашық тәрбие сағаты Сабақтың мақсаты:ҚазақстанРеспубликасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жуықта жарық көрген, көлемі шағын болғанымен құндылығы орасанзор;Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру деп аталатын мақаласы- негізінде жас ұрпақты елін, жерін, халқын, Отанын сүюгетәрбиелеу. Осынау ғаламдық деңгейдегі ғасырлыққұжаттың қағидаларын оқушылардыңсанасына сіңіре отырып«патриоттық», «ұлтжанды», «елжанды» дегенұғымдар туралы терең түсінік бере келіп, отансүйгіштікке баулу. Сабақтың көрнекілігі:ЕлбасымыздыңБолашаққа бағдар: Рухани жаңғыру атты еңбегі. Арқа ажары газеті, 2017 жыл 13 сәуір. Мемлекеттік рәміздер мен ҚазақстанҚарулы Күштерінің құрылымдық белгілері, суреттер, плакаттар, мақал-мәтелдер, ойындар, сөзжұмбақтар. Сабақ түрі: Кіріктірілген және ойын сабақтар. Аралас сабақ. Мұғалім:Құрметтіқонақтар, оқытушылар мен оқушылар, «Отаншыл- патриоттарды тәрбиелейміз» деп аталатын 2 «Ә» сыныбыныңашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер. Бұл іс-шара мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру деген атпен жариялаған Бағдарламалық тапсырмаларындағы жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу жөніндегі мәселелер мен міндеттерге және құрылғанына25 жыл толып отырғанҚазақстан Қарулы Күштеріне оның өткені мен бүгініне, тарихына арналады. Елбасымыз халқымыздың XXI ғасырдағы руханижаңғыруы мен рухани- мәдени дамуыныңболашағын баянды ететін Бағдарламада; «Қазақ «туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған» деген еді. Ту тігу-бұл жауынгерлік рухтың, жеңістің, жасампаздықтыңбейнесі. Бұл деген туған жерде жай ғана өмір сүріп, тірлік қамымен шектеліп қалма, солжердің, елдің иесі бол, көшін баста, гүлденіп жайнауына, өсіп-дамуына үлесіңді қос, ең бастысы солелді, жерді сүйебіл дегені еді. Демек, біздің бүгінгі сабағымыз да келешегіміз кепілі болған балғын балаларымызды патриотетіп өсіру, патриоттық рухта тәрбиелеу болып табылады. Солай екен, сабағымыздыбастаймыз. Сабақтыңмән-мазмұнынашу үшін тиімді тәсіл ретінде сыныпты екі топқа бөлеміз (балалар өз топтарымен араларын ашық ұстап, сап түзеп тұрады). Екі топ эмблемаларын жоғары көтеріп, өздерін таныстырады. «Садақ»тобы Ер қаруы, бес қару, Ұстап өскен қазақпыз. Сақпан тастай сартетер, Сұр жебелі-Садақпыз. «Зымыран» тобы Жебе жолын жалғаған,
  • 2. Болашаққа бұрылам. Қазір көкке самғаған, Байқоңырдан-Зымыран. Мұғалім:Балалар, жақсы өз топтарыңды таныстырыпөттіңдер. Енді сендердің хабарларың бар, жоғарыдаайтып өттік, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудеген еңбегінде былай деген екен. «Патриотизм-кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаңмен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады». Бәріңе түсінікті ғой, демек патриотизм, отанынсүю-ата-анаңа, жанұяңа, туған-туысқанға, көршілерге, өзің туып-өскен, жасап тұрған ауылыңа, қалаңа деген махаббаттан, сыйластықпен өқрметтен бастау алады екен. Сонымен бірге Елбасымыз осы тұста тағы былай деп атап көрсетеді: «Туғанжерге, оның мәдениеті мен салт- дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі». Міне, осыны ескереотырып, «Садақ» тобы айтып өткендей біздің ата-бабаларымыз ертеде елін жаудан қорғаған5-қаруға тоқталып, «Ер қаруы бес қару» деген танымдық ойын-жарысты көрейік. Бауыржан Мәлік Қанжығалы Шапырашты Қаракерей Бөгенбай Наурызбай Қабанбай Балалар (топ бойынша) бес қаруды танып, айтып беруі керек. Кейін қаруларға жазылған батырлардыңаттарын оқыполар жоңғарларменсоғысқан баяғы заман батырлары мен кешегі Ұлы Отан соғысындаерлік көрсеткен қазіргі заман батырларынайтып береді. Мұғалім:Балалар, біз Отан, туған жер, патриотизм тақырыбын қозғағандаЕлбасымыздыңБолашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласынан тиісті жауаптарды табамыз. Сол мақаладан бүгінгі тақырыпқа байланысты пікірлерінен үзінділер келтіріп өтейік. Елбасымыз «Туғанжер» бағдарламасы туралы былай дейді: «Бағдарлама неге «Туғанжер» деп аталады. Мәселен, «Ауылым-әнім» атты әнді айтқанда «Туғанжерін сүйеалмаған, сүйе алар ма туған-елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл-мағынасы өте терең сөздер. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстыңқанаты талып, жүгірген аңның тұяғы талатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғағанжоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сантараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадымын да бермей ұрпағынамирас етті. Әр бір өлкенің халқына суықта пана, ыстықтасая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осыныңбәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс». Міне, балалар патриотизм, Отанды сүю үлкен ұғым. Елбасымыз соныңбір саласын осылайтүсіндіреді. Біз өмір сүретін Ақмола өңірінде талай тарлан тұлғалар, айтулы азаматтар, елім деп еңіреген ерлер өте көп болған. Солардыңбірі Ұлы Отан соғысындаерекше ерлік көрсетіп, екі мәрте Кеңес Одағыныңбатыры атағын алған Талғат Бигелдинов еді. Ол кісі соғыс
  • 3. кезінде 305 рет әуеге көтеріліп, жаумен аспанда айқасқан. Бұл деген 1 жыл бойы ұшақтан түспей ұрыс жүргізудеген сөз. Т. Бигелдинов 1922 жылы Ақмола облысыныңМайбалық деген жерінде дүниеге келген. Осы тұста ол кісі туралы өлеңнен үзінді келтіріп өтейін. Қазақтың Талғаты, Отанның солдаты. Туған ел-Ақмола, Тұрғанжер-Алматы. Талғат Бигелдинов-әуелі әскери бомбалаушы болыпжаудың көптеген техникасы мен жаяу әскерін жойған. Кейін әуе барлаушысы болыпжеңіске жетудің кілті болыпсаналатын аса маңызды мәліметтерді әкеліп отырған. 1945 жылы 17 апрелде ұшқан құсты өткізбей тұрған Берлинге бірінші болыпкіріп, жаудың қайда, қанша әскері, техникасы тұрғаны туралы нақты мәліметтер әкеліп, біздің әскерлердің Берлинге кіруін қамтамасыз еткен еді. Соныменбірге жаудың бірнеше ұшақтарын атып құлатты. Оқушылар, сендергедаңқты жерлесіміз, Талғат Бигелдинов туралы азды-көптімағлұмат алдыңдар. Сергіту сәті Бірінші болмасаортада тұрғанбір бала (алдын-ала белгіленіп қойылады). Алдымен үлкенге амандас деп бір өзіайтады, кейін қалғандары 2-қатардан түгел қосылады. Алдымен үлкенге амандас, Саламатсыздар ма халайық! (созып, бәріайтады) Тапжылмай орныңдақадам бас, (орындатұрыпжүреді) Сергейік, серпіліп алайық. Бір-екі-үш, Бір-екі-үш, Бір-екі-үш, Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ. Өмірге әрекет берер күш, Біздерге орындауоңай-ақ. Бір, екі, үш, бір, екі, үш, бір, екі, үш, Сап түзеп, шерулеп жүреміз. Бір, екі, үш, бір, екі, үш, бір, екі, үш, Ел-жұртты, Отанды сүйеміз. Енді балалар осығандейін айтылғандарға қорытынды ретінде «Үш жеті» деп аталатын сөзжұмбақтарды шешеміз (мұғалім топтарға жеті сандарынан түзілген сөзжұмбақ-парақтарды бередінемесе алдын-ала тақтаға жазып-сызып қойса болады). 7 7 7
  • 4. Сұрағы:Балалар «жеті қазынаны» білесіңдер. Сол жеті қазынаның бірі-қару-жарақ. Жеті қазынаның бір болған қаруды табыңдар. Сұрағы:1. Т. Бигелдиновтыңтуған жылын жазыңдар. 2. Т. Бигелдинов аспанда жаумен қанша рет айқасты? 3. Т. Бигелдинов жаудың неше ұшағын құлатты? Сұрағы:Бір жылда 12 ай бар, соныңішінен 5- ші айды тап. Ол қайсы ай? 7-санының жоғарысынасолайдың орысшаатауын, төменгі жағына айдың қазақша атын жаз. Бұл ай, күнде қандай мереке? Жауабы:Түзумылтық, мұны берен мылтық деп те атайды. Жауабы:1. 1922. 2. 305. 3. 7. Жауабы:7-мамыр. Мұғалім:Балалар, баяғы заманда біздің бабаларымыз қолданғанбес қару оқпен атылатын қарулар шыққан соңөздерінің маңызынжоғалтты. Европа елдері дамып, Завод-фабрикалар салып, түрлі мықты қару-жарақтар жасады. Бұл әсіресе Екінші дүниежүзілік соғыстаайқын көрінді. Енді «Қару мен адам» жұмбақ сурет-ойыны арқылы соғысқанқаруы бойынша ол адамның кім екенін, аты-жөнін табамыз. Сұрағы Жауабы 1. Мерген-қыз, батыр қыз? 1. Әлия Молдағұлова 2. Пулётші, батыр қыз? 2. Мәншүк Мәметова 3. Ұшқыш қыз, Халық Қаһарманы? 3. Хиуаз Доспанова 4. Автоматшы, Кеңес Одағының батыры? 4. Төлеген Тоқтаров 5. Зеңбірекші-артиллерист жаудың көптеген танкысын қиратқан Кеңес Одағы батыры? 5. ҚарсыбайСыпатаев «Сөйлемқұра» ойыны Сұрақтыңжауабын тауып, толық бір сөйлем құра. 1. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры?(Рақымжан Қошқарбаев) 2. Қашан тікті? (1945 жыл, 30 сәуірде) 3. Қайда тікті? (Рейхстагқа) Кім? Қашан? Қайда? Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы, 30 сәуірде Рейхстагқа Сөйлем:Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы, 30 сәуірде Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тікті. Мұғалім:Балалар, енді «Ұшты, ұшты» ойынынойнап көрейік. Біз бұл ойынды сабақтардажиі қолданамыз, бірақ әр сабақта әртүрліетіп, тақырыпқа сай етіп, бейімдеп алуға тырысамыз.
  • 5. Енді бүгін «Ұшты, ұшты» деп емес тақырыптыңерекшелігін ескеріп ойынды «Ұшпайды, ұшпайды» депаламыз. Мен ұшпайды дегенімен ол ұшатын болуы мүмкін сендер соны тез байқауларың керек. Ал, топтар бір- дайындал, екі-қамшыңды ал, үш-шабыңдар. Ұшпайды, ұшпайды. 1. Ұшпайды, ұшпайды мылтық оғы ұшпайды, 2. Ұшпайды, ұшпайды зеңбіректің добы ұшпайды, 3. Ұшпайды, ұшпайды ұшақ ұшпайды, 4. Ұшпайды, ұшпайды лақ ұшпайды, 5. Ұшпайды, ұшпайды жебе ұшпайды, 6. Ұшпайды, ұшпайды шеге ұшпайды, 7. Ұшпайды, ұшпайды лақтырған тас ұшпайды, 8. Ұшпайды, ұшпайды қаңқылдап қаз ұшпайды, 9. Ұшпайды, ұшпайды зымыранұшпайды, 10. Ұшпайды, ұшпайды құмыраұшпайды, Ойындаоқушылардың қолын дұрыс немеседұрыс емес (бұрыс) көтергенін оқытушылар яки ата-аналар бақылап, бағалап отырады. «Ұлы Отан ұрысы» логикалықойын Балалар, екі топ мүшелері, 1941-1945 ж. Ұлы Отан соғысы болғануақыт. Осындабарлық сан дұрыс па? Өз орындарындатұр ма? Бұрысы Дұрысы 1941 ж. 9 мамыр 1941 ж. 22 шілде 1945 ж. 22 шілде 1945 ж. 9 мамыр Мұғалім:Балалар, енді бүгін «Отаншыл-патриоттарды тәрбиелейміз» ашық тәрбие сабағын«Кластер құру» деп аталатын сабақ тәсілімен аяқтаймыз. Кластер сөзі-шоқ, шоғыр, топ, топтау дегенді білдіреді. Бұл тәсіл арқылы білімді жүйелендіруге, берілген тақырып туралы еркін әрі ашық пікір білдіруге мүмкіндік береді. сонымен«Кластер құру» тәсілі арқылы Отан, Отансүю тақырыбынтүйіндейміз. «Садақ»тобына«Отан» сөзіберіледі. (Түсінгеніңді тек бір сөзбенғана қысқа жазып білдір) Сұрақ:Отан дегенде нені түсінесің, ойыңа қандай сөздер, ұғымдар түседі? «Зымыран» тобына«Патриот» сөзіберіледі. Сұрақ:Патриот дегенде нені түсінесің, ойыңа қандай сөздер,ұғымдар түседі? Қорытынды:Мұғалім: балалардың жеке белсенділігі, топтардыңұпайын айтып, бағалап, жеңімпаз топты анықтайды. Осыменбүгінгі «Отаншыл- патриоттарды тәрбиелейміз» деп аталған ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келгендеріңіз үшін үлкен рақмет.