SlideShare a Scribd company logo
1 of 11
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ
ОБЛЫСЫ ОБЛАСТЬ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ГОРОД СЕМЕЙ
БІЛІМ МЕКЕМЕСІ УЧРЕЖДЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ
«АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ
КОЛЛЕДЖІ «АВИЦЕННА»
СЫНЫПТАН ТЫС ІС ШАРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ
ТІЛ МЕРЙІ – ЕЛ МЕРЕЙІ
Түсінік хат.
Қазақ халқының көкірегінде шер болып қатқан, туған жерінен, елінен, жұртынан
айырылып, ен далада жосып «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңін басынан
өткерген шақта бір қарт баласына:
Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,
Мен де көпке бармаспын сен қаласың.
Ойран болған орданың орнына кеп,
Отау тігіп, оттарын сен жағарсың – деген екен. Бүгінгі таңда сол қарттың
баласы болмасада ұрпағы егеменді ел болып, сол ойран болған орданың орнында отау тігіп,
отын жағып, түтінін түтетіп отыр. Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер,
еліміздің көк байрағын желбіретер, ата – бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі
жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге,
сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз.
Тақырыбы: «Тіл мерейі – ел мерейі»
Мақсаты:
Білімділік: Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне
құрмет көрсетуге баулу.
Дамытушылық: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік
тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр
ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын
түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын
молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, буклет, жайма қағаздар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Айұлу: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін, Тіл туралы заңым енді күніне Қуан
халқым! күніне енді тіл заңы, «Сүйінші!»- деп ақын ұлың жырласын.
Айжан: Сәлем достым!
Айұлу: Сәлем! Қалың қалай?
Айжан: Жақсы! Достым бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе?
Айұлу : Ия, бүгін «Тілдің мерейі - елдің мерейі»- атты сынып сағаты болады.
Айұлу:- Осы тіл не үшін керек?
Айжан:- Досым - ау, тіл бір - бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой.
Оқытушы «Тіл - қарым - қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?»
Айжан: Жарайды, тіл қарым - қатынас құралы - ақ болсын, онда адамдардың бәрі
бір тілде сөйлеп, түсіне бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?
Әділет: Ой - ой, достым - ай! Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние
жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?
Ермек: Ана тілі дегеніміз - ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.
Ал ана деген - бәрінен қастерлі, аяулы асыл жан.
Назерке: Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы.
Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту,
қолданыс аясын барынша ұлғайту біздің міндетіміз.
Марал: Мен сендерге С. Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін,
Сол тілммен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым,
Сол тіліммен талай гүлді жинап тым
Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім,
Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.
Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім.
Сол тіліммен көгергенше жер бердім.
Сол тіліммен дүниеден кетемін,
Сол тіліммен дүниеге мен келдім.
Жаңагүл: Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде
ме?
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдагы.
Өссе тілім - мен де бірге өсмін,
Өшсе тілім мен бірге өшемін.
Аяжан: Ана тілім - бәрің сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілін - анаң, сыйлап өтіңдер!
Нұржан: Дұрыс - ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер
де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер?
Айбол: Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт
жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желік бас.
Ана тілін сүймеген -
Халқын сүйіп жарытпас.
Саяжан: Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ. Мүсірепов атамыз: «Ана тілін
ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей
ұлдар ғана менсінбейді»деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей
болмайық, достар!
Саламат: Қазақ тілі – ұлы Абай, Шоқан, Мағжан, Мұхтар, Ғабит, Сәбит
аталарымыздың тілі. Менің тілім! Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде
сөйлей алатыныма, ана тілімде ойымды жеткізіп отырғаныма қуанамын!
Мейіржан: Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының тілі емес,
мемлекеттік тіл ғой.
Елдос: Иә, иә, оның рас. 1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда
қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал1997
жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4 - бабында «Қазақстан
Республикасының Мемлекетттік тілі - қазақ тілі» екені жазылды.
Жаңагүл:
Бәрекелді достар! Тіл туралы қаншама пікірталастар, әңгіме жүргізіп жатсыңдар
оларың дұрыс екен.
- Ал мен сендерге тіл туралы жалпы түсінік бере кетейін.
- Дүние жүзінде халық та, тіл де көп, ұлттарды бір - бірімен ажыратып бөлетін де
жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі.
Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі.
Нұрхан: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің,
мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен - кеткенін зерделеп,
оны жете таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп,
мәдениетін қадірлей аламыз.
Марал:- Біз сендерге «Анамның тілі» әнін орындап берейік. (Марал, Қамажай)
Аружан: Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын
келісімге келтіретін де осы тіліміз. Ана тіліміздің ой тереңдігін, құдіреттілігін,
оның қазына екенін дәлелдейтін көріністерді тамашалайық.
Көрініс: «Төле бидің жұмбағы»
Сахнаға үш би шығады. (тақта арқылы билердің суреті көрсетіледі).
Төле би (Саламат): Уа, халқым, сөз қадірін білетін, сөз таныған жастарға 10 түрлі
жұмбағым бар.
Айтсам жұмбағым мынау:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
Дауыстар: Осындай жұмбақ бола ма екен?
Қазыбек би (Артур): Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім.
Қазыбек би:
Бір дегенің – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенің – егесіп өткен ер жаман.
Үш дегенің – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегенің – төсектен безген жас жаман.
Бес дегенің – белсеніп шыққан жау жаман.
Алты дегенің – асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегенің – жас келіншек жесір қалса сол жаман.
Сегіз дегенің – серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегенің – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегенің – кәрілікке дауа болмас.
Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Қазыбек би: Ал, Әйтеке халқына сен не айтасың?
Әйтеке (Айбол): Уа, халайық!
Көсіліп шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар.
Тіл қадірін білер болсаңдар!
Рахмет, балалар! Өркендерің өссін.
Келесі көрінісіміз «Сөз қадірі» деп аталады.
Қатысатындар: Автор, әкесі, баласы, қария.
Автор (Аяжан): Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында
баласына:
Әкесі (Әділет): Балам, мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем қазына қалдырмады»
деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап,
қадірле, қастерле, – дейді.
Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табаннан таусылып, таба
алмайды. Ойы сан – саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.
Бала (Нұржан): Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым.
Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.
Қария: (Нұрхан) Әкеңнің сөзі рас балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол
шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат
қазына, байлық жоқ, балам.
Автор: Деп, аталы сөздің шешуін айтыпты.
Мұғалім: Рахмет, балалар!
Қазақ тілінде тілжанашырлары да көп. Атап айтсақ: М. Шаханов,
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Осы елімізде тілі - басқа, тілегі - бір, жүзі - басқа,
жүрегі - бір тіл жанашырлары да бар. Мысалы: Надежда Лушникова, Майа
Веронская, Асылы Осман, т. б. өзге ұлт өкілдерін атауға болады. Солардың
ішіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілге құрмет»
бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Асылы
Османның бейнесюжеттегі пікіріне назар аударайық.
Бейнесюжет
- Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә. Н., үш тілді бірдей меңгер - дейді:- ол қандай
тілдер еді, достар? (Қазақ, орыс, ағылшын.)
- Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте».
Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл - Фараби, Олжас Сүлейменов,
Ш. Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген. Барлық мемлекеттердің
президенттері негізгі 7 тілде бір - бірімен қарым - қатынас жүргізеді: Орыс,
ағылшын, араб, қытай, француз, япон, испан тілі.
Қазіргі уақытта біз мектепте ағылшын және орыс тілдерін меңгеріп жатырмыз. Бұл
тілдердің қоғамда алатын орны ерекше. Осы тілдер туралы Марина Қонысбайқызы
мен Бану Серікқызы қысқаша мәлімет беріп кетсе …
Мұғалім: Рахмет сіздерге!
Ал балалар, біздер қазақ тілі - бай тіл, ырғақты, оралымды тіл дейміз. Соның дәлелі
біздің тіліміздегі мақал - мәтелдер. Қане, кім тіл туралы мақа - мәтел біледі екен?
Мақал - мәтелдер:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
2. Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
3. Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).
4. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
5. Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы ортақ).
8. Қаһарлы сөз … (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да, … (тілкеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған … (оқпен тең).
***
1. Бал тамған тілден … (у тамған).
2. Тауды, тасты жел бұзар, … (адамзатты сөз бұзар).
3. Жақсы сөз … (жарым ырыс).
4. Жақсы байқап сөйлер, … (жаман шайқап сөйлер).
5. Тіл қылыштан … (өткір).
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді).
8. Көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей … (шешен боларсың).
9. Тілден артық … (қазына жоқ).
10. Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).
Үйге сіздерге тіл туралы шығарма тапсырылған болатын. Қане, кім дайын?
Жарайсыңдар балалар!
Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың соңын Ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр
жолдарымен қортындыласақ:
Тілің – халқың, халқың – тілің, Қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз.
Халық пен тіл – жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек, жасайды сол қос – егіз!
Слайд 1
Слайд 2
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8

More Related Content

Similar to айтчанов

Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліҚазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліАйбек Қуандықұлы
 
Менің отаным
Менің отанымМенің отаным
Менің отанымBilim All
 
DOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptxDOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptxssuser18cb911
 
дарабоз 2013
дарабоз 2013 дарабоз 2013
дарабоз 2013 nurlan93kz
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ssuserddef11
 
венера халмуратовна
венера халмуратовнавенера халмуратовна
венера халмуратовнаAsem Sarsembayeva
 
алтынай апталык
алтынай апталыкалтынай апталык
алтынай апталыкdimissanova
 
алтынай апталык
алтынай апталыкалтынай апталык
алтынай апталыкdimissanova
 

Similar to айтчанов (20)

Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тіліҚазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
 
ввв
вввввв
ввв
 
Менің отаным
Менің отанымМенің отаным
Менің отаным
 
Til sabak-525d5b97e6f2e (2)
Til sabak-525d5b97e6f2e (2)Til sabak-525d5b97e6f2e (2)
Til sabak-525d5b97e6f2e (2)
 
аягоз на кон
аягоз на конаягоз на кон
аягоз на кон
 
00006b51 90aabef1
00006b51 90aabef100006b51 90aabef1
00006b51 90aabef1
 
DOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptxDOC-20220928-WA0024..pptx
DOC-20220928-WA0024..pptx
 
дарабоз 2013
дарабоз 2013 дарабоз 2013
дарабоз 2013
 
7878fd
7878fd7878fd
7878fd
 
Туған тілім
Туған тілімТуған тілім
Туған тілім
 
ашық сабақ
ашық  сабақашық  сабақ
ашық сабақ
 
ауыз әдебиеті асыл мұрамыз
ауыз әдебиеті асыл мұрамызауыз әдебиеті асыл мұрамыз
ауыз әдебиеті асыл мұрамыз
 
Туған өлкем
Туған өлкемТуған өлкем
Туған өлкем
 
сынып сағаты
сынып сағатысынып сағаты
сынып сағаты
 
Alippeg
AlippegAlippeg
Alippeg
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
 
венера халмуратовна
венера халмуратовнавенера халмуратовна
венера халмуратовна
 
алтынай апталык
алтынай апталыкалтынай апталык
алтынай апталык
 
алтынай апталык
алтынай апталыкалтынай апталык
алтынай апталык
 
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үнівнеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
 

More from Asem Sarsembayeva

современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитанияAsem Sarsembayeva
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентацияAsem Sarsembayeva
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығуларAsem Sarsembayeva
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктерAsem Sarsembayeva
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»Asem Sarsembayeva
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человекаAsem Sarsembayeva
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановнаAsem Sarsembayeva
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаеваAsem Sarsembayeva
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевнаAsem Sarsembayeva
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевнаAsem Sarsembayeva
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17Asem Sarsembayeva
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдAsem Sarsembayeva
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина мояAsem Sarsembayeva
 

More from Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

айтчанов

  • 1. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛЫСЫ ОБЛАСТЬ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ГОРОД СЕМЕЙ БІЛІМ МЕКЕМЕСІ УЧРЕЖДЕНИЕ ОБРАЗОВАНИЯ «АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ КОЛЛЕДЖІ «АВИЦЕННА» СЫНЫПТАН ТЫС ІС ШАРАНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ ТІЛ МЕРЙІ – ЕЛ МЕРЕЙІ
  • 2. Түсінік хат. Қазақ халқының көкірегінде шер болып қатқан, туған жерінен, елінен, жұртынан айырылып, ен далада жосып «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңін басынан өткерген шақта бір қарт баласына: Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың, Мен де көпке бармаспын сен қаласың. Ойран болған орданың орнына кеп, Отау тігіп, оттарын сен жағарсың – деген екен. Бүгінгі таңда сол қарттың баласы болмасада ұрпағы егеменді ел болып, сол ойран болған орданың орнында отау тігіп, отын жағып, түтінін түтетіп отыр. Ендігі тілегіміз тәуелсіздігіміздің туын көкке көтерер, еліміздің көк байрағын желбіретер, ата – бабаларымыздың асыл мұраттарын асқақтатар бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің тізгінін ұстар жастарымыз өз жерімізді, өз елімізді қадірлеуге, сүюге тиіс екендігін естен шығармаса екен дейміз.
  • 3. Тақырыбы: «Тіл мерейі – ел мерейі» Мақсаты: Білімділік: Окушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Дамытушылық: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Тәрбиелік: Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге үйрету. Көрнекілігі: интерактивті тақта, буклет, жайма қағаздар Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Айұлу: Қуан далам! Қуанатын күн бүгін, Тіл туралы заңым енді күніне Қуан халқым! күніне енді тіл заңы, «Сүйінші!»- деп ақын ұлың жырласын. Айжан: Сәлем достым! Айұлу: Сәлем! Қалың қалай? Айжан: Жақсы! Достым бүгін не үшін жиналғанымызды білесің бе? Айұлу : Ия, бүгін «Тілдің мерейі - елдің мерейі»- атты сынып сағаты болады. Айұлу:- Осы тіл не үшін керек? Айжан:- Досым - ау, тіл бір - бірімізбен сөйлесу, түсіндіру үшін қажет қой. Оқытушы «Тіл - қарым - қатынас құралы» деп түсіндірді емес пе?» Айжан: Жарайды, тіл қарым - қатынас құралы - ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір тілде сөйлеп, түсіне бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі? Әділет: Ой - ой, достым - ай! Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе? Ермек: Ана тілі дегеніміз - ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген - бәрінен қастерлі, аяулы асыл жан. Назерке: Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту біздің міндетіміз. Марал: Мен сендерге С. Мәуленовтың бір өлеңін оқып берейін, Сол тілммен дүниені атадым, Таптым бүкіл тіршіліктің атауын. Жатты онда уыз сүті ананың, Жатты онда аманаты атаның. Сол тіліммен махабатқа тіл қаттым, Сол тіліммен талай гүлді жинап тым Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім, Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым. Сол тіліммен аспан көрдім, жер көрдім. Сол тіліммен көгергенше жер бердім. Сол тіліммен дүниеден кетемін, Сол тіліммен дүниеге мен келдім. Жаңагүл: Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңізде ме? Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдагы.
  • 4. Өссе тілім - мен де бірге өсмін, Өшсе тілім мен бірге өшемін. Аяжан: Ана тілім - бәрің сөйлер шежірем, Тілсіз нені білдіре алам, не білем? Тілім барда ғана мынау ғаламның, Кілтін табар саналысы сезінем. О, адамдар, қадіріне жетіңдер, Ана тілін - анаң, сыйлап өтіңдер! Нұржан: Дұрыс - ақ, бірақ кейде өзінің ана тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не айтар едіңдер? Айбол: Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен, білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қыргыз ақыны Сарноғаев былай деген: Ана тілін білмеген, Ақылы жоқ желік бас. Ана тілін сүймеген - Халқын сүйіп жарытпас. Саяжан: Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ. Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді»деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар! Саламат: Қазақ тілі – ұлы Абай, Шоқан, Мағжан, Мұхтар, Ғабит, Сәбит аталарымыздың тілі. Менің тілім! Мен осынау ғажайып сырға толы ана тілімде сөйлей алатыныма, ана тілімде ойымды жеткізіп отырғаныма қуанамын! Мейіржан: Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының тілі емес, мемлекеттік тіл ғой. Елдос: Иә, иә, оның рас. 1995 жылы 30 тамызда қабылдынған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4 - бабында «Қазақстан Республикасының Мемлекетттік тілі - қазақ тілі» екені жазылды. Жаңагүл: Бәрекелді достар! Тіл туралы қаншама пікірталастар, әңгіме жүргізіп жатсыңдар оларың дұрыс екен. - Ал мен сендерге тіл туралы жалпы түсінік бере кетейін. - Дүние жүзінде халық та, тіл де көп, ұлттарды бір - бірімен ажыратып бөлетін де жақындаттырып туыс ететін де басты белгісі оның тілі. Тіл әр ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі. Нұрхан: Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен - кеткенін зерделеп, оны жете таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз. Марал:- Біз сендерге «Анамның тілі» әнін орындап берейік. (Марал, Қамажай) Аружан: Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де осы тіліміз. Ана тіліміздің ой тереңдігін, құдіреттілігін, оның қазына екенін дәлелдейтін көріністерді тамашалайық. Көрініс: «Төле бидің жұмбағы» Сахнаға үш би шығады. (тақта арқылы билердің суреті көрсетіледі). Төле би (Саламат): Уа, халқым, сөз қадірін білетін, сөз таныған жастарға 10 түрлі жұмбағым бар.
  • 5. Айтсам жұмбағым мынау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10. Дауыстар: Осындай жұмбақ бола ма екен? Қазыбек би (Артур): Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз. Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім. Қазыбек би: Бір дегенің – бірлігі кеткен ел жаман. Екі дегенің – егесіп өткен ер жаман. Үш дегенің – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман. Төрт дегенің – төсектен безген жас жаман. Бес дегенің – белсеніп шыққан жау жаман. Алты дегенің – асқынып кеткен дерт жаман. Жеті дегенің – жас келіншек жесір қалса сол жаман. Сегіз дегенің – серпілмеген қайғы жаман. Тоғыз дегенің – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман. Он дегенің – кәрілікке дауа болмас. Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің. Қазыбек би: Ал, Әйтеке халқына сен не айтасың? Әйтеке (Айбол): Уа, халайық! Көсіліп шабар жерің бар, Тау көтерген елің бар, Атадан қалған сара жолың бар. Тіл қадірін білер болсаңдар! Рахмет, балалар! Өркендерің өссін. Келесі көрінісіміз «Сөз қадірі» деп аталады. Қатысатындар: Автор, әкесі, баласы, қария. Автор (Аяжан): Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына: Әкесі (Әділет): Балам, мен көп ұзамай дүние салам. «Әкем қазына қалдырмады» деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, – дейді. Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табаннан таусылып, таба алмайды. Ойы сан – саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді. Бала (Нұржан): Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы. Қария: (Нұрхан) Әкеңнің сөзі рас балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ, балам. Автор: Деп, аталы сөздің шешуін айтыпты. Мұғалім: Рахмет, балалар! Қазақ тілінде тілжанашырлары да көп. Атап айтсақ: М. Шаханов, Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Осы елімізде тілі - басқа, тілегі - бір, жүзі - басқа, жүрегі - бір тіл жанашырлары да бар. Мысалы: Надежда Лушникова, Майа Веронская, Асылы Осман, т. б. өзге ұлт өкілдерін атауға болады. Солардың ішіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты, ғалым Асылы Османның бейнесюжеттегі пікіріне назар аударайық. Бейнесюжет
  • 6. - Біздің президентіміз Нұрсұлтан Ә. Н., үш тілді бірдей меңгер - дейді:- ол қандай тілдер еді, достар? (Қазақ, орыс, ағылшын.) - Бірақ Қадыр Мырзаәлі былай дейді «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте». Біздің ата жазушыларымыз, данышпандарымыз Әл - Фараби, Олжас Сүлейменов, Ш. Уалиханов, Мұхтар Әуезов бірнеше тілді меңгерген. Барлық мемлекеттердің президенттері негізгі 7 тілде бір - бірімен қарым - қатынас жүргізеді: Орыс, ағылшын, араб, қытай, француз, япон, испан тілі. Қазіргі уақытта біз мектепте ағылшын және орыс тілдерін меңгеріп жатырмыз. Бұл тілдердің қоғамда алатын орны ерекше. Осы тілдер туралы Марина Қонысбайқызы мен Бану Серікқызы қысқаша мәлімет беріп кетсе … Мұғалім: Рахмет сіздерге! Ал балалар, біздер қазақ тілі - бай тіл, ырғақты, оралымды тіл дейміз. Соның дәлелі біздің тіліміздегі мақал - мәтелдер. Қане, кім тіл туралы мақа - мәтел біледі екен? Мақал - мәтелдер: 1. Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады). 2. Дәлелсіз сөз … (желмен тең). 3. Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады). 4. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді). 5. Сөз тапқанға … (қолқа жоқ). 6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 7. Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы ортақ). 8. Қаһарлы сөз … (қамал бұзар). 9. Бас кеспек болса да, … (тілкеспек жоқ). 10. Айтылған сөз, атылған … (оқпен тең). *** 1. Бал тамған тілден … (у тамған). 2. Тауды, тасты жел бұзар, … (адамзатты сөз бұзар). 3. Жақсы сөз … (жарым ырыс). 4. Жақсы байқап сөйлер, … (жаман шайқап сөйлер). 5. Тіл қылыштан … (өткір). 6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді). 7. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді). 8. Көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей … (шешен боларсың). 9. Тілден артық … (қазына жоқ). 10. Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес). Үйге сіздерге тіл туралы шығарма тапсырылған болатын. Қане, кім дайын? Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың соңын Ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен қортындыласақ: Тілің – халқың, халқың – тілің, Қос егіз! Екеуінің саясында өсеміз. Халық пен тіл – жасай берер қос емен, Саясында көгереді көсегең. Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз. Жасай бермек, жасайды сол қос – егіз!