SlideShare a Scribd company logo
1 of 6
«Оқу-заман» қосалқы білімді сайттың «ХХІ ғасырдың ұстазы» атты республикалық
қашықтық конкурсына
Оқушы: Жұмабек Диас Абайұлы
Жетекші оқытушысы: Жумадуллаев Бакытжан Ергешбаевич
Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы
Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Шөп түрлерін егу және жинау, шөп ұнын
дайындау технологиясы
Жоспары:
1. Шөптерді егуге қойылатын агротехникалық талаптар
2. Шөп түрлерін егу және оларды күту
3. Шөптерді жинау
4. Шөпті витаминді ұн дайындауға жинау
1. Шөптерді егуге қойылатын агротехникалық талаптар
Ерте пісетін дақылдарды себу топырақтың 10 – 12 см тереңдігіндегі температурасы 5
-60С болғанда басталады. Топырақтың ылғалын пайдаланып қалу үшін, тұқым себуден
кешігіп қалмау керек. Тұқымды отырғызу тереңдігі дақылға және топырақтың жағдайына
байланысты болады. Бір жылдық сераделла, итқонақ, үйбидайықтарды 2-3 см тереңдікке,
қонақтарыны, судан шөбін, пелюшканы 3-5 см, бедені 2-3 см, жоңышқаны 3-4 см
тереңдікке егеді.
Ауыр топырақтарда тұқымды отырғызу тереңдігін аздап азайтады. Себу нормасы
егуге, оның тәсіліне және егіннің қай мақсатқа егілетініне, тұқымның көктеуіне, сондай-ақ
тұқымның таза немесе қоспаланып егілуіне байланысты белгіленеді. Егу сапасы сонымен
бірге, дәнді-масақты дақылдарды еккенде бағаланады.
2. Шөп түрлерін егу және оларды күту
Тұқымды дайындау. Тұқымды себуге дайындау оларды сұрыптауды, арамшөп
қоспаларынан тазалауды, ауру туғызатындардан қорғауды, қажетіне қарай тез көктеп-өсуі
үшін жылы ауамен қыздыру жұмыстарын біріктіреді.
Тұқымды жылы ауамен қыздыру пассивті және активті тәсілмен жүргізіледі.
Пассивтік тәсілде тұқымды қозғамайды, ал құрғақ ашық күндері тұқым
қоймасының есігі мен терезесін ашып желдетеді, кейде тұқым үймесінің биіктігін
төмендетеді. Егерде шаруашылықта көктемде көпжылдық шөп тұқымының қажеттілігі
шамалы болса, онда ашық және жылы күндері таза асфальтты алаңдарға қалыңдығы 20-30
см етіп тұқымды төгіп, бірқалыпты қызып кебуі үшін күні бойы араластырып тұрады.
Активті тәсілде тұқымды тікелей желдеткіш қондырғымен кептіріп қыздырады.
Тұқымды себу технологиясы. Тұқымды себу үшін дән – тукті тіркемелі СЗТ-3,6
шөп сеялкасын пайдаланады. Оның мүмкін болатын жылдамдығы 12 км/сағ. Сеялкаға қуа
шүмекті (дән қуалай түсетін) орнатады. Шөп тұқымы жәшіктеріне өздігінен түспейтін
тұқымдар үшін аударыстырғыш және айдауыш қондырылады.
Тұқымды себу нормасы , агрегаттарды құрастыру, егістік жерді дайындау мен
загондегі жұмысты ұйымдастыру, астық дақылдарын себудегімен бірдей болып келеді.
17-сурет. СЗТ-3,6 сеялкасының технологиялық сұлбасы
СЗТ-3,6 сеялкасының техникалық сипаттамасы
Алым ені, м........................................................3,6
Қатар саны, дана 24 (48)
Қатараралық қашықтық, см .......................15 (7,5)
Себу нормасы, кг/га
- ұрық үшін .............................................5 – 400
- тыңайтқыш үшін .................................25 – 200
- шөп үшін ................................................5 – 90
Жұмыс жылдамдығы, км/сағ. .......................9 – 12
Өнімділігі, га/сағ. ...................................... 3,2 – 4,3
Шанақтың сыйымдылығы, дм3
- ұрық үшін ....................................................453
- тыңайтқыш үшін .........................................212
- шөп үшін ...................................................... 86
Массасы, кг ......................................................1690
Габариттік өлшемдері, мм
- ұзындығы .................................................4300
- ені ............................................................3700
- биіктігі ...................................................... 1650
Егістікті күту. Егер де топырақтың беткі қабатында ылғал жеткіліксіз болса, онда
тұқымның тез жаппай көктеп шығуы үшін егістікті таптаушпен таптайды. Ол сонымен
бірге танаптың бетін тегістеп, шөпті механикаландырылған жолмен орып алуды
жеңілдетеді.
Егер де арамшөптермен күресу қажет болған жағдайда гербицидтер мен улы
химикаттарды қолданады, ал тыңайтқышпен қоректендіру қажет болғанда машина-
тракторлы агрегатты пайдаланады.
Көпжылдық шөптерді өсіргенде бүркеуші дақылдардың және сабан мен топанды
уақытында тез тасып алудың үлкен маңызы бар. Сабан қалдықтарының қабаты астында
шөп сиреп құриды. Бүркеуіш дақылдарды 15-20 см биіктікте кесіп ору қажет. Бұның өзі
шөптің жақсы қыстап шығуына мүмкіндік береді.
1. Шөптерді жинау
Агротехникалық талаптар. Механикаландырылған құралдармен пішенге деген
шөпті жинау жұмыстарына мынадай агротехникалық талаптар қойылады:
-шөп қолайлы мерзімде және ысырапсыз жиналып алынуға тиіс; дәнді дақылдар
басым келетін шабындықтарды шабу, шөп жаппай бас тартақан кезде басталады да, әбден
гүлденіп пісе бастаған кезде аяқталады; бұршақ тұқымдас және аралас өскен шөпті
шабуды ол гүлдеп, бүрленген кезінде бастап, пісе бастағанда аяқтайды.
-жиналған пішеннің ылғалдылығы 15 – 17 %, түсі жап-жасыл болады;
-пішенді көп жинау және сонымен бірге келесі шабыстың түсімділігін төмендетпеу
үшін биіктігі 5 – 6 см-ге жеткенде шабады;
-шабылған шөпті онша тығыз емес дестелерге тырмалап салып, астыңғы қабаттарын
жақсы кептіру үшін аударып тастайды;
-ылғалдылығы 20 – 30 % құрғатылған пішеннен астыңғы ені немесе диаметрі 2,5 м
аспайтын шөмеле салады; шөмелелерді шабындыққа түп-түзу етіп, қатар-қатар салады,
пішен кеуіп, ылғалдылығы 15 – 17 % - ға түскенше сол жерде жатады да, содан кейін
маяланады;
-ылғалдылығы 30 %-дан аспайтын пішенді престейді;
-пішенді орынсыз бір жерден екінші жерге көшіріп, тасымалдай беру оның бағалы
заттарын – жапырақтары мен гүлдерін түсіріп, ысырапқа ұшыратады; сондықтан оны
сүйретіп тастауға болмайды.
Учаскелерді оруға дайындау. Пішендік жерді агрегаттардың жұмыс істеуіне әзірлеу
кедергілерді жою, айдам жерлерге бөлу және шөп арасынан шауып жол салу жұмыстарын
қамтиды.
Машиналардың қалыпты жұмыс істеуіне оралғы болатын кедергілерді жою дегеніміз
– тастарды жинау, мая қалдықтарын тасып шығару, шұңқырлар мен арықтарды бітеу,
терең бороздаларды тегістеу; жоюға болмайтын кедергілерді кермелермен белгілейді
немесе қоршап тастайды.
Ору алдында агрегаттардың жүру тәсіліне және қабылданған бағытын ескере
отырып, егістік пен шабындықты загондерге бөледі. Шабындықтарда техникалардың
қозғалыс бағытына бағыттас, ал баурайларда оған көлденең жүргізіледі.
Пішенді шауап-жинау. Жоғары сапалы пішен алу үшін бұршақ дақылдарын
бүршіктену кезеңінде – гүлдене бастағанда, ал дәнді дақылдарды масақтану кезеңінде
орып жинау керек. Егерде бүршіктену кезеңінде жиналған 100 кг беде пішенінде 59 кг
азық өлшемі және 13,5 кг қорытылатын протеин болса, ол дәндене бастаған кезінде
шабылған бедеде сәйкесті 36 және 5 кг болады.
Аймақтық ерекшеліктер мен шаруашылықтардың талабына сәйкесті шөпті пішенге
шауып-жинаудың төмендегідей негізгі тәсілдері қолданылады: желдеткішті көбірек
қолдану, шөмелеге салу, маялау, престеу, тюктеу, шапшаңдатылған әдсіпен шауып-
жинау.
Егер пішенді дайындайтын орын, оны жұмсайтын қорадан қашық болғанда, пішенді
дестеден жинап-престеуішпен жинап, тюктер жасауды барлық аймақтарға да ұсынылады.
Бұл технологияның кемшілігі сол, ол пішенді алдын-ала 22-24 пайызға дейін кептіруді
қажет етеді.
Тюктегі пішеннің ылғалдылығы 18 пайыздан аспауға тиісті. Бірақ престелген
пішеннің бос жатқандарға қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Оларды жабық
орындарда сақтауды ұйымдастырғанда 2-2,5 есе орынды аз алады, сонымен бірге тюктерді
тасымалдағанда транспорт құралдарының жүк көтергіштігін толық пайдалануға, тиеп-
түсіру жұмысы шығынын азайтуға мүмкіндік береді, престелген пішен малға белгіленген
норма бойынша беруге ыңғайлы болады.
Шөпті шапшаңдатылған технологиямен пішенге жинау, қарапайым технологиядан
өзгеше, мұнда шөпті шабу мен оны жинау бір мезгілде жүргізіледі. Кептіру мерзімі екі есе
қысқарады. Шөп жапырақтарының сақталуы құрғақ затқа айналдырғанда престелген
пішенде 20 пайыз болса, бос пішенде 8,3 пайыз ғана болады. Мұндайда бір тонна пішенді
дайындауға кететін еңбек шығыны екі есе аз және жұмыс сапасы өте жоғары болады.
Қарапайым тәсілмен дайындалған пішенге қарағанда мұнда пайдалы каторин 1,8 – 7,2 есе
көп болады. Пішенді дайындаудың жаңа технологиясы басқа да аймақтарда қолданудың
кең жолын таппақ, бірақ тюкті престеудің тығыздығы әртүрлі болуы мүмкін.
Көк шөпті азыққа және сүрлемге жинау. Шөпті пішендемеге салуға қажетті
ылғалдылыққа дейін кептіруге болмайтын, ауа райы жауын-шашынды болатын қолайсыз
жағдайында , шөпті сүрлемге салады.
Егер сабанды дестеден жинайтын болса, онда КУФ-1,8 жинап-ұсақтауышты
пайдаланады.
Көк шөп азығын алу үшін шөпті шабу, ұсақтау, тасу және дайын массаны малға
беретін жерге жеткізу бір уақытта жүргізіледі. Бірінші операцияны КУФ-1,8 шапқыш-
ұсақтағыш-тиегіш немесе КСК-100 шөп-азық жинағыш комбайнмен, ұсақталған массаны
жанамада келе жатқан басқа транспортқа тиейді. Кейбір жағдайларда азықты тасуға және
малға таратуға тракторға тіркелетін универсалды КТУ-10 азық таратқышты Беларусь
тракорына тіркеп пайдаланады.
18-сурет. Аспалы роторлы КРН-2,1 шөп орғышы
КРН-2,1 аспалы роторлы шөп орғышының техникалық сипаттамасы
Алым ені, м................................................................ 2,1
Өнімділігі, га/сағ....................................................... 2,5
Жұмыс жылдамдығы, км/сағ.................................... 15
Роторлар саны, шт..................................................... 4
Кесу биіктігі, мм......................................................... 40
Массасы, кг................................................................. 535
Тасымал жағдайындағы габариттік өлшемдері, мм
ұзындығы....................................................................
ені................................................................................
биіктігі.........................................................................
1620
3480
1330
Шөп жинау сапасын бақылау және бағалау. Шөпті шауып-жинаудың қабылданған
технологиялық сұлбасына байланысты, жұмыстың сапасы, шөпті кесу биіктігіне, биік
кесуден болатын шығынның көптігіне және кесілмей қалған шөп сабағының санына,
дестедегі шөп массасына, сабақтың жаншылуына, дестенің аударыстырылуына,
жиналатын шөп массасының толықтығына, жапырақ-сабақ массасының ұсақталу
дәрежесіне, оның ылғалдылығына, престеу тығыздығына, температырасына және
консервіленген массаның бітелуіне қарай бағаланады.
Шөп массасы шығынының 1,5 пайызыы, ал оны көлікке тиеудегі шығын 2 пайыздан
аспауына ұлықсат етіледі. Дестедегі массаның орташа шамасынан ауытқуы
белгіленгеннен 0,5 кг-нан аспауға тиісті. Жаншылған сабақтар 90 пайыздан кем болмауға
тиіс. Шөпті аударыстырғанда дестенің кепкендігі көзбен тексеріледі. Жинағандағы
қалдық 1,5 пайыздан аспауға тиіс. Ұсақталған шөптің ұзындығын сызғышпен өлшеп, оны
ұлықсат етілген ұзындықпен салыстырады.
Аспалы екі жақты дискілі косилка КДД-860 Жартылай аспалы дискілі косилка КДС-300
KDTC 260 шөп орғышы KDT 180 шөп орғышы
КСФ-2,1 шөп орғышы ПТ-165М прес-жинауышы
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мухин А.А. Машина-трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс жүргізу.
- Алматы: Қайнар, 1988.
2. Ахмет А. Механикаландырылған жұмыстар технологиясы. Оқу құралы. – Шымкент
.Аграрлық колледж. 2016 жыл.
3. Әліпбеков Н. Ауыл шаруашылық машиналары парктикумы. –Астана: Фолиант, 2002
4. Баймаханов К. Ауыл шаруашылығында машина пайдалану.-Шымкент, 2008.
5. Фортуна В.И. Технология механизированныхсельскохозяйственных работ.
-М: Агропромиздат ,1986.
6. Воронов Ю.И. Ауыл шаруашылық машиналары.-Алматы: Мектеп, 1988.
«Оқу-заман» қосалқы білімді сайттың «ХХІ ғасырдың ұстазы» атты республикалық
қашықтық конкурсына қатысу өтініші
Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Шөп түрлерін егу және жинау, шөп ұнын
дайындау технологиясы
Оқушы: Жұмабек Диас Абайұлы
Жетекші оқытушысы: Жумадуллаев Бакытжан Ергешбаевич
Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы
1 Аты-жөні Жұмабек Диас Абайұлы
2 Қызметі М9-151 тобының оқушысы
3 Жұмыс орны Шымкент аграрлық колледжі.
4 Жұмыстың тақырыбы
мен формасы
Шөп түрлерін егу және жинау, шөп
ұнын дайындау технологиясы
5 Бағыты Шығармашылық

More Related Content

Viewers also liked (14)

студент шығармаабдурашидов азамат
студент шығармаабдурашидов азаматстудент шығармаабдурашидов азамат
студент шығармаабдурашидов азамат
 
Jedis2006
Jedis2006Jedis2006
Jedis2006
 
Primeros Practica No. 3
Primeros Practica No. 3Primeros Practica No. 3
Primeros Practica No. 3
 
Start up innovative, in Italia 4.012, crescono del 27%
Start up innovative, in Italia 4.012, crescono del  27%Start up innovative, in Italia 4.012, crescono del  27%
Start up innovative, in Italia 4.012, crescono del 27%
 
Manual de convivencia
Manual de convivenciaManual de convivencia
Manual de convivencia
 
Space humanity
Space  humanitySpace  humanity
Space humanity
 
Aida decálogo
Aida decálogoAida decálogo
Aida decálogo
 
Navegantes en la Red
Navegantes en la RedNavegantes en la Red
Navegantes en la Red
 
Viaje 2012
Viaje 2012Viaje 2012
Viaje 2012
 
Centro de formacion etnocultura (cefa)
Centro de formacion etnocultura (cefa)Centro de formacion etnocultura (cefa)
Centro de formacion etnocultura (cefa)
 
L Os A Sesores I
L Os A Sesores IL Os A Sesores I
L Os A Sesores I
 
Laporan observasi rpp dan laboratorium
Laporan observasi rpp dan laboratoriumLaporan observasi rpp dan laboratorium
Laporan observasi rpp dan laboratorium
 
Viaje De Estudios
Viaje De EstudiosViaje De Estudios
Viaje De Estudios
 
Presentacion de los valles del oso
Presentacion de los valles del osoPresentacion de los valles del oso
Presentacion de los valles del oso
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

студент шығарма жұмабек диас

  • 1. «Оқу-заман» қосалқы білімді сайттың «ХХІ ғасырдың ұстазы» атты республикалық қашықтық конкурсына Оқушы: Жұмабек Диас Абайұлы Жетекші оқытушысы: Жумадуллаев Бакытжан Ергешбаевич Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Шөп түрлерін егу және жинау, шөп ұнын дайындау технологиясы Жоспары: 1. Шөптерді егуге қойылатын агротехникалық талаптар 2. Шөп түрлерін егу және оларды күту 3. Шөптерді жинау 4. Шөпті витаминді ұн дайындауға жинау 1. Шөптерді егуге қойылатын агротехникалық талаптар Ерте пісетін дақылдарды себу топырақтың 10 – 12 см тереңдігіндегі температурасы 5 -60С болғанда басталады. Топырақтың ылғалын пайдаланып қалу үшін, тұқым себуден кешігіп қалмау керек. Тұқымды отырғызу тереңдігі дақылға және топырақтың жағдайына байланысты болады. Бір жылдық сераделла, итқонақ, үйбидайықтарды 2-3 см тереңдікке, қонақтарыны, судан шөбін, пелюшканы 3-5 см, бедені 2-3 см, жоңышқаны 3-4 см тереңдікке егеді. Ауыр топырақтарда тұқымды отырғызу тереңдігін аздап азайтады. Себу нормасы егуге, оның тәсіліне және егіннің қай мақсатқа егілетініне, тұқымның көктеуіне, сондай-ақ тұқымның таза немесе қоспаланып егілуіне байланысты белгіленеді. Егу сапасы сонымен бірге, дәнді-масақты дақылдарды еккенде бағаланады. 2. Шөп түрлерін егу және оларды күту Тұқымды дайындау. Тұқымды себуге дайындау оларды сұрыптауды, арамшөп қоспаларынан тазалауды, ауру туғызатындардан қорғауды, қажетіне қарай тез көктеп-өсуі үшін жылы ауамен қыздыру жұмыстарын біріктіреді. Тұқымды жылы ауамен қыздыру пассивті және активті тәсілмен жүргізіледі. Пассивтік тәсілде тұқымды қозғамайды, ал құрғақ ашық күндері тұқым қоймасының есігі мен терезесін ашып желдетеді, кейде тұқым үймесінің биіктігін төмендетеді. Егерде шаруашылықта көктемде көпжылдық шөп тұқымының қажеттілігі шамалы болса, онда ашық және жылы күндері таза асфальтты алаңдарға қалыңдығы 20-30 см етіп тұқымды төгіп, бірқалыпты қызып кебуі үшін күні бойы араластырып тұрады. Активті тәсілде тұқымды тікелей желдеткіш қондырғымен кептіріп қыздырады. Тұқымды себу технологиясы. Тұқымды себу үшін дән – тукті тіркемелі СЗТ-3,6 шөп сеялкасын пайдаланады. Оның мүмкін болатын жылдамдығы 12 км/сағ. Сеялкаға қуа шүмекті (дән қуалай түсетін) орнатады. Шөп тұқымы жәшіктеріне өздігінен түспейтін тұқымдар үшін аударыстырғыш және айдауыш қондырылады. Тұқымды себу нормасы , агрегаттарды құрастыру, егістік жерді дайындау мен загондегі жұмысты ұйымдастыру, астық дақылдарын себудегімен бірдей болып келеді.
  • 2. 17-сурет. СЗТ-3,6 сеялкасының технологиялық сұлбасы СЗТ-3,6 сеялкасының техникалық сипаттамасы Алым ені, м........................................................3,6 Қатар саны, дана 24 (48) Қатараралық қашықтық, см .......................15 (7,5) Себу нормасы, кг/га - ұрық үшін .............................................5 – 400 - тыңайтқыш үшін .................................25 – 200 - шөп үшін ................................................5 – 90 Жұмыс жылдамдығы, км/сағ. .......................9 – 12 Өнімділігі, га/сағ. ...................................... 3,2 – 4,3 Шанақтың сыйымдылығы, дм3 - ұрық үшін ....................................................453 - тыңайтқыш үшін .........................................212 - шөп үшін ...................................................... 86 Массасы, кг ......................................................1690 Габариттік өлшемдері, мм - ұзындығы .................................................4300 - ені ............................................................3700 - биіктігі ...................................................... 1650 Егістікті күту. Егер де топырақтың беткі қабатында ылғал жеткіліксіз болса, онда тұқымның тез жаппай көктеп шығуы үшін егістікті таптаушпен таптайды. Ол сонымен бірге танаптың бетін тегістеп, шөпті механикаландырылған жолмен орып алуды жеңілдетеді. Егер де арамшөптермен күресу қажет болған жағдайда гербицидтер мен улы химикаттарды қолданады, ал тыңайтқышпен қоректендіру қажет болғанда машина- тракторлы агрегатты пайдаланады. Көпжылдық шөптерді өсіргенде бүркеуші дақылдардың және сабан мен топанды уақытында тез тасып алудың үлкен маңызы бар. Сабан қалдықтарының қабаты астында шөп сиреп құриды. Бүркеуіш дақылдарды 15-20 см биіктікте кесіп ору қажет. Бұның өзі шөптің жақсы қыстап шығуына мүмкіндік береді.
  • 3. 1. Шөптерді жинау Агротехникалық талаптар. Механикаландырылған құралдармен пішенге деген шөпті жинау жұмыстарына мынадай агротехникалық талаптар қойылады: -шөп қолайлы мерзімде және ысырапсыз жиналып алынуға тиіс; дәнді дақылдар басым келетін шабындықтарды шабу, шөп жаппай бас тартақан кезде басталады да, әбден гүлденіп пісе бастаған кезде аяқталады; бұршақ тұқымдас және аралас өскен шөпті шабуды ол гүлдеп, бүрленген кезінде бастап, пісе бастағанда аяқтайды. -жиналған пішеннің ылғалдылығы 15 – 17 %, түсі жап-жасыл болады; -пішенді көп жинау және сонымен бірге келесі шабыстың түсімділігін төмендетпеу үшін биіктігі 5 – 6 см-ге жеткенде шабады; -шабылған шөпті онша тығыз емес дестелерге тырмалап салып, астыңғы қабаттарын жақсы кептіру үшін аударып тастайды; -ылғалдылығы 20 – 30 % құрғатылған пішеннен астыңғы ені немесе диаметрі 2,5 м аспайтын шөмеле салады; шөмелелерді шабындыққа түп-түзу етіп, қатар-қатар салады, пішен кеуіп, ылғалдылығы 15 – 17 % - ға түскенше сол жерде жатады да, содан кейін маяланады; -ылғалдылығы 30 %-дан аспайтын пішенді престейді; -пішенді орынсыз бір жерден екінші жерге көшіріп, тасымалдай беру оның бағалы заттарын – жапырақтары мен гүлдерін түсіріп, ысырапқа ұшыратады; сондықтан оны сүйретіп тастауға болмайды. Учаскелерді оруға дайындау. Пішендік жерді агрегаттардың жұмыс істеуіне әзірлеу кедергілерді жою, айдам жерлерге бөлу және шөп арасынан шауып жол салу жұмыстарын қамтиды. Машиналардың қалыпты жұмыс істеуіне оралғы болатын кедергілерді жою дегеніміз – тастарды жинау, мая қалдықтарын тасып шығару, шұңқырлар мен арықтарды бітеу, терең бороздаларды тегістеу; жоюға болмайтын кедергілерді кермелермен белгілейді немесе қоршап тастайды. Ору алдында агрегаттардың жүру тәсіліне және қабылданған бағытын ескере отырып, егістік пен шабындықты загондерге бөледі. Шабындықтарда техникалардың қозғалыс бағытына бағыттас, ал баурайларда оған көлденең жүргізіледі. Пішенді шауап-жинау. Жоғары сапалы пішен алу үшін бұршақ дақылдарын бүршіктену кезеңінде – гүлдене бастағанда, ал дәнді дақылдарды масақтану кезеңінде орып жинау керек. Егерде бүршіктену кезеңінде жиналған 100 кг беде пішенінде 59 кг азық өлшемі және 13,5 кг қорытылатын протеин болса, ол дәндене бастаған кезінде шабылған бедеде сәйкесті 36 және 5 кг болады. Аймақтық ерекшеліктер мен шаруашылықтардың талабына сәйкесті шөпті пішенге шауып-жинаудың төмендегідей негізгі тәсілдері қолданылады: желдеткішті көбірек қолдану, шөмелеге салу, маялау, престеу, тюктеу, шапшаңдатылған әдсіпен шауып- жинау. Егер пішенді дайындайтын орын, оны жұмсайтын қорадан қашық болғанда, пішенді дестеден жинап-престеуішпен жинап, тюктер жасауды барлық аймақтарға да ұсынылады. Бұл технологияның кемшілігі сол, ол пішенді алдын-ала 22-24 пайызға дейін кептіруді қажет етеді. Тюктегі пішеннің ылғалдылығы 18 пайыздан аспауға тиісті. Бірақ престелген пішеннің бос жатқандарға қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Оларды жабық орындарда сақтауды ұйымдастырғанда 2-2,5 есе орынды аз алады, сонымен бірге тюктерді тасымалдағанда транспорт құралдарының жүк көтергіштігін толық пайдалануға, тиеп- түсіру жұмысы шығынын азайтуға мүмкіндік береді, престелген пішен малға белгіленген норма бойынша беруге ыңғайлы болады. Шөпті шапшаңдатылған технологиямен пішенге жинау, қарапайым технологиядан өзгеше, мұнда шөпті шабу мен оны жинау бір мезгілде жүргізіледі. Кептіру мерзімі екі есе
  • 4. қысқарады. Шөп жапырақтарының сақталуы құрғақ затқа айналдырғанда престелген пішенде 20 пайыз болса, бос пішенде 8,3 пайыз ғана болады. Мұндайда бір тонна пішенді дайындауға кететін еңбек шығыны екі есе аз және жұмыс сапасы өте жоғары болады. Қарапайым тәсілмен дайындалған пішенге қарағанда мұнда пайдалы каторин 1,8 – 7,2 есе көп болады. Пішенді дайындаудың жаңа технологиясы басқа да аймақтарда қолданудың кең жолын таппақ, бірақ тюкті престеудің тығыздығы әртүрлі болуы мүмкін. Көк шөпті азыққа және сүрлемге жинау. Шөпті пішендемеге салуға қажетті ылғалдылыққа дейін кептіруге болмайтын, ауа райы жауын-шашынды болатын қолайсыз жағдайында , шөпті сүрлемге салады. Егер сабанды дестеден жинайтын болса, онда КУФ-1,8 жинап-ұсақтауышты пайдаланады. Көк шөп азығын алу үшін шөпті шабу, ұсақтау, тасу және дайын массаны малға беретін жерге жеткізу бір уақытта жүргізіледі. Бірінші операцияны КУФ-1,8 шапқыш- ұсақтағыш-тиегіш немесе КСК-100 шөп-азық жинағыш комбайнмен, ұсақталған массаны жанамада келе жатқан басқа транспортқа тиейді. Кейбір жағдайларда азықты тасуға және малға таратуға тракторға тіркелетін универсалды КТУ-10 азық таратқышты Беларусь тракорына тіркеп пайдаланады. 18-сурет. Аспалы роторлы КРН-2,1 шөп орғышы КРН-2,1 аспалы роторлы шөп орғышының техникалық сипаттамасы Алым ені, м................................................................ 2,1 Өнімділігі, га/сағ....................................................... 2,5 Жұмыс жылдамдығы, км/сағ.................................... 15 Роторлар саны, шт..................................................... 4 Кесу биіктігі, мм......................................................... 40 Массасы, кг................................................................. 535 Тасымал жағдайындағы габариттік өлшемдері, мм ұзындығы.................................................................... ені................................................................................ биіктігі......................................................................... 1620 3480 1330 Шөп жинау сапасын бақылау және бағалау. Шөпті шауып-жинаудың қабылданған технологиялық сұлбасына байланысты, жұмыстың сапасы, шөпті кесу биіктігіне, биік кесуден болатын шығынның көптігіне және кесілмей қалған шөп сабағының санына,
  • 5. дестедегі шөп массасына, сабақтың жаншылуына, дестенің аударыстырылуына, жиналатын шөп массасының толықтығына, жапырақ-сабақ массасының ұсақталу дәрежесіне, оның ылғалдылығына, престеу тығыздығына, температырасына және консервіленген массаның бітелуіне қарай бағаланады. Шөп массасы шығынының 1,5 пайызыы, ал оны көлікке тиеудегі шығын 2 пайыздан аспауына ұлықсат етіледі. Дестедегі массаның орташа шамасынан ауытқуы белгіленгеннен 0,5 кг-нан аспауға тиісті. Жаншылған сабақтар 90 пайыздан кем болмауға тиіс. Шөпті аударыстырғанда дестенің кепкендігі көзбен тексеріледі. Жинағандағы қалдық 1,5 пайыздан аспауға тиіс. Ұсақталған шөптің ұзындығын сызғышпен өлшеп, оны ұлықсат етілген ұзындықпен салыстырады. Аспалы екі жақты дискілі косилка КДД-860 Жартылай аспалы дискілі косилка КДС-300 KDTC 260 шөп орғышы KDT 180 шөп орғышы
  • 6. КСФ-2,1 шөп орғышы ПТ-165М прес-жинауышы Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Мухин А.А. Машина-трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс жүргізу. - Алматы: Қайнар, 1988. 2. Ахмет А. Механикаландырылған жұмыстар технологиясы. Оқу құралы. – Шымкент .Аграрлық колледж. 2016 жыл. 3. Әліпбеков Н. Ауыл шаруашылық машиналары парктикумы. –Астана: Фолиант, 2002 4. Баймаханов К. Ауыл шаруашылығында машина пайдалану.-Шымкент, 2008. 5. Фортуна В.И. Технология механизированныхсельскохозяйственных работ. -М: Агропромиздат ,1986. 6. Воронов Ю.И. Ауыл шаруашылық машиналары.-Алматы: Мектеп, 1988. «Оқу-заман» қосалқы білімді сайттың «ХХІ ғасырдың ұстазы» атты республикалық қашықтық конкурсына қатысу өтініші Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Шөп түрлерін егу және жинау, шөп ұнын дайындау технологиясы Оқушы: Жұмабек Диас Абайұлы Жетекші оқытушысы: Жумадуллаев Бакытжан Ергешбаевич Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы 1 Аты-жөні Жұмабек Диас Абайұлы 2 Қызметі М9-151 тобының оқушысы 3 Жұмыс орны Шымкент аграрлық колледжі. 4 Жұмыстың тақырыбы мен формасы Шөп түрлерін егу және жинау, шөп ұнын дайындау технологиясы 5 Бағыты Шығармашылық