SlideShare a Scribd company logo
1 of 4
Оқушы: Абдурашидов Азамат Айтөреұлы
Жетекші оқытушысы: Эшанкулов Абида Камалович
Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы
Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Витаминді шөп ұнын дайындау технологиясы
Жоспар:
1. Жемшөп даярлау тәсілдері
2. Витаминді шөп ұнын даярлауды механикаландыру
3. АВМ витаминді шөп ұнын дайындау агрегаттары
1. Жемшөп даярлау тәсілдері
Мал мен құсты азықтандыруға арналған жемшөп зоотехникалық талаптарға сәйкес
құнарлы әрі дәмді, жеңіл қорытылатын және сіңімді болуы тиіс, оның құрамында мал ағзасына
және одан алынатын өнімнің сапасына зиянды әсері бар заттар мен қоспалардың болуы рұқсат
етілмейді. Бұл талаптарға малды азықтандыруға табиғи түрінде берілетін жемшөптің шамалы
ғана бөлігі сәйкес келеді.
Малдың ағзасы жеген азығының 20...25 % - ын ғана алынатын өнімге жұмсайды, 30...35
% - ы малдың физиологиялық мұқтаждығына жұмсалып, ал қалған бөлігі пайдаға аспай, сыртқа
қалдық ретінде бөлініп шығады.
Малды нашар азықтандыру, қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етпеу оны
өнімділігін кемітіп қана қоймай, ауруға шалдығуына әкеп соғуы мүмкін. Ал жемшөпті
даярлаудың әртүрлі тәсілдері азықтың желінуін, қорытылуын жақсартумен бірге, олардың
құнарлылығын да арттыра алады. Олардың құрамына әртүрлі үстеме енгізу, қажетті қоректік
заттармен қамтамасыз ету – мал ағзасының қажетін толық өтей алатын құрама аралас азықтар
даярлауға мүмкіндік береді, сонымен бірге малдың көптеген ауруларға, оның ішінде жұқпалы
микроағзалар арқылы тарайтын ауруларға да щалдықпауына ең сенімді кепіл болып табылады.
Рацион малға керекті протеин, көмірсу, макро және микроэлементтермен
сәйкестендіріліп, толықтырылған жағдайда, әдетте жұмсалып жүрген мал азығының 20...25 %
үнемделетінін тәжірибе көрсетті. Физиологиялық жағынан дұрыс негізделген қоспа азықтың
желінуі де әдеттегіден 15...20 % жақсарады. Оның құрамына өте арзан қалдықтар, мысалы
егіншілік пен мал шаруашылығының қалдықтарын қосып, кәдеге жаратуға болады.
Малға жемшөпті механикалық, жылумен, химиялық және биологиялық жолмен өңдеу
тәсілдері арқылы даярлайды.
Жемшөпті механикалық тәсілмен даярлауға – тазарту, жуу, сілкілеу, елеу, суыру,
кесу, жармалау, жару, езгілеу, үгіту, жаныштау, престеу, түйіршіктеу, жентектеу, араластыру,
мөлшерлеу және т.б. жатады.
Жылумен өңдеу тәсіліне азықты булау, қайнату, кептіру, буын шығару, қуыру, пісіру,
пастерлеу және т.б. жатады.
Химиялық жолмен даярлау тәсіліне гидролиз, әктеу, консервілеу, каустикалық сода,
аммиак, сілті және қышқылдармен өңдеу жатады.Бұл тәсілді активті заттарды қолдану мен
сақтау қиын болғандықтан сирек қолданады.
Биологиялық жолмен даярлау тәсілі (сүрлеу, ашыту, бөктіру және т.б.) сүтқышқылды
бактериялардың, ашытқының және басқа да микроағазалар мен ферменттердің азыққа әсер
беруіне негізделген. Бұл тәсіл азықтың құнарлылығын, желінуін және сақталуын
жаасартатындықтан кеңінен қолданады. (1 кесте)
2. Витаминді шөп ұнын дайындауды механикаландыру
Жемшөп дайындаудың тиімді әдістерінің бірі - қолдан кептіріліген витаминді шөп ұнын
өндіру. Жоғары температуралы кептіргіш агрегаттарда шөпті қолдан кептіру – оның азықтық
қасиетін түгелдей дерлік сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жұмыстың негізгі
бөлігі тұрақты пункттерде атқарылатын болғандықтан, технологиялық процестерді
механикаландыру мен автоматтандыруға жағдай туады.
Қолдан кептірілген 1 кг шөп ұнында орта есеппен 0,6...0,9 азық бірлігі, 120 г-ға дейін
протеин, 150...300 мг каротин және 2000 мг С витамині болады. Ол Е, В, К сияқты және т.б.
микроэлементтердің маңызды көзі болып табылады.
Витаминді шөп ұнын өндіру – күрделі технологиялық процесс. Ол үшін мынадай
жұмыстарды атқару қажет: витаминге бай шикізат қорын жасау; көк балаусаны ору, оны турап
транспортқа тиеу; кептіргіш агрегаттар орнатылған пункттерге туралған көк балаусаны
тасымалдау; туралған балаусаны кептіргіш агрегаттарға беріп, қолдан кептірілген шөп ұнын
алу және оны түйіршіктеу; өндірілген ұн сапасын тексеру және бағалау; дайын ұнды қаптау,
оны тасымалдап, қоймаға алу немесе құрама жем зауытына жіберу.
Қолдан кептірілген шөп ұнын өндірудің бір ерекшелігі – барлық технологиялық
операциялардың бір бағытта үзіліссіз өтуі. Цехқа жеткізілген туралған көк балаусадан
тасқынды желіден дайын ұн алуға дейінгі жұмыстар үзіліссіз атқарылады.
Кептіргіш агрегаттар арнайы жобамен жасалған пункттерге орнатылады. Ұнға арналған
көк балауса ұсақталады: онда ұзындығы 30 мм бөлшектер 80 % - дан кем, ал ұзындығы 100 мм
бөлшектер онша көп болмауға тиіс. Кептіргіш агрегаттарға берілген көк балаусада кептірілген
массаға шаққанда минералдық қоспалар 0,8 %-дан көп болмауы тиіс. Сонымен қатар шикізат
құрамында металл сынықтары, ағаш жаңқалары және т.б. бөтен заттардың болмауын мұқият
қадағалау қажет.
Алынатын шөп ұнының сапалы болуы үшін, әсіресе, каротин шығынын азайту үшін
жасыл өсімдікті ору мен оны кептіру арасындағы уақыт 2 сағаттан артыққа созылмауы тиіс.
Шөп ұны ауа райы қолайсыз, ылғалы мол аудандарда негізінен осы жолмен өндіріледі.
Тым қуаңшылық аудандарда шөп ұнын екі фазалы әдіспен өндірген тиімді. Ол үшін
орған кезде шөптің ылғылдылығы 84-85% болуы керек. Орғаннан кейін оның сабақтартын
жаныштап, дестеге салады. Күн көзіне жатқызып, 3-4 сағат кептіргеннен кейін 65-66 %
массадан тек 2,6 тоннадай суды ұшыру қажет. Тек бір ескертетін жайт: дестеге салып дегтітудің
барысында 15-20%-ға жуық каротин жоғалады.
3. АВМ витаминді шөп ұнын дайындау агрегаттары
АВМ агрегаты витаминді шөп ұнын және сусымалы шөп турандысын дайындауға
арналған. Онымен дәнді дақылдар, қант қызылшасының жапырақтарын, жүзім, алманы
өңдеуден түскен қалдықтарды кептіріп, ұнға айналдыруға болады. (1 кесте)
1 кесте. АВМ агрегаттарының техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштері АВМ-0,65 АВМ-1,5 АВМ-3,0
Өнімділігі , т/сағ (10-12 % ылғалдылыққа
кептіргенде) егер шикізат ылғалдылығы, % 70..........
75..........
85..........
Отын шығыны:
сұйық отын, кг/сағ
газ, м3
/сағ
Суды буға айналдырғыш қабілеті, т/сағ
Электроқозғалтқыштар қуаты, кВТ
0,85
1,60
0,84
160
180
1,69
103,2
1,80
1,60
0,84
450
565
4,20
230
3,0
3,30
1,70
675
800
8,58
420
АВМ агрегатының жұмыс принципі: сұйық отын (жанармай) немесе табиғи газ
шілтерге беріліп, онда желдеткіш арқылы айдалған ауамен араласады.Қоспа тұтандырғыш
тетік арқылы оталады (жанады), оттық ішінде жалын желдеткішпен сорылып, берілген
ауамен араласады.Температурасы 400-1100 градус ыстық ауа кептіргіш барабанға беріледі.
Туралған көк балауса пунктке жеткізіліп, агрегат астауына тиеледі.Екі
гидроцилиндрдің көмегімен астаудың бос орналасқан бөлігін көтерген соң, масса өздігінен
жылжып, конвейерге түседі. Конвейермен белгілі жылдамдықпен жылжып келген массаның
артық қабатын битер алып қалады. Одан әрі масса келесі битердің көмегімен бұрамалы
тасымалдағышқа жетіп, тиейтін тасымалдағышқа беріледі. Онда көк балауса қабатының
қалыңдығы битермен қосымша тегістеліп, кептіргіш барабанға түседі.
Ыстық ауа ағынымен бірге араласып, масса кебеді. Онда салмағы жеңіл жапырақтар
тезірек кеуіп, барабаннан шығады, ал сабақтары толық кепкенше барабан ішінде қала береді.
Кепкен бөлшектер ыстық ауа ағынымен үлкен циклонға жетіп, онда ауадан ажырап, шлюз
қақпа және пневматикалық бөлгіш арқылы балғалы ұнтақтағышқа түседі. Пайдаланылған
ыстық ауа түтін шығатын қақпадан атмосфераға шығады немесе белгілі мөлшерде қайтадан
рециркуляция жүйесіне беріледі. Ауыр бөлшектер мен бөтен заттарды бөлу үшін арнайы
тетік орнатылған. Кептірілген, ұнтақталған масса желдеткіштің ауасымен циклондарға түседі.
Онда ауадан ажырап, шлюз қақпа арқылы өтеді де , шнекті тасымалдауышпен ОГМ-0,8
түйіршіктегіш жабдығына немесе қаптауға беріледі. Егер тек кептірілген шөп турандысын
даярлаған жағдайда масса үлкен циклонның шлюз қақпасы арқылы ғана өтеді.
Құрғақ шөп турандысының салмағы аз (100-120 кг/м3) болғандықтан, сақтайтын
қойманың сиымдылығының үлкен болуын қажет етеді. Сусымалы турандыны
тасымалдағанда транспорттың жүк көтергіштігін толық пайдалану қиын, ысырапқа да жол
берілуі мүмкін.Сондықтан турандының салмағын арттыру үшін оны түйіршіктеп,
жентектейді.
Бұршақ тұқымдас шөптер мен қоспа шөптер (мұнда дәнді дақылдар 30 % - дан
аспайды) турандыларынан неғұрлым сапалы түйіршіктер алынады. Егер туранды дәнді
дақылдардан дайындалса, онда сапалы түйіршіктер алу үшін процесс кезінде оған 3-5 % сірне
(меласса), пісте немесе мақта майы өндірістерінің қалдықтарын қосады. Дайын түйіршіктер
көлемі 16х16, 50х50, 22х32, 50х75 мм болады.
Шөп турандысынан жасалған түйіршіктерді қоймада қабатын 4-6 м. етіп бос үйінді
күйінде сақтайды. Сақтауға қойылған кезде түйіршіктердің ылғалдылығы 13% -дан аспауға
және айналадағы ауа температурасына дейін салқындатылуы тиіс. Соңғы шартты орындау
үшін желдеткіш арқылы түйіршіктерге табиғи ауа жіберуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ю.И. Воронов, Л.Н. Ковалев, А.Н. Устинов. Ауыл шаруашылық машиналары.
- Алматы: Мектеп, 1988 .
2. М.Алшынбаев, Б.Алиев. Ауыл шаруашылығы машиналары. – Алматы: Қайнар,
1979 .
3. Ш.Нұртаев , Е.Сапарбаев. Ауыл шаруашылығын механикаландыру және
электрлендіру. – Алматы: « Агроуниверситет» , 2006 .
4. Н.Әліпбеков. Ауыл шаруашылығы машиналары пәні бойынша лабораториялық-
тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік құрал. – Астана: Фолиант, 2003 .
5. Б.Момынбаев, Б. Алиев. Ауыл шаруашылығы техникалары. – Алматы: «НАЗ-9»
ЖШС, 2009 .

More Related Content

Viewers also liked

Viewers also liked (7)

Prislista e print-storbild
Prislista e print-storbildPrislista e print-storbild
Prislista e print-storbild
 
Social News: Facebook's Redesign
Social News: Facebook's RedesignSocial News: Facebook's Redesign
Social News: Facebook's Redesign
 
Research Part 1
Research Part 1Research Part 1
Research Part 1
 
Caso De Sucesso AdP Plataforma Ecards
Caso De Sucesso AdP Plataforma EcardsCaso De Sucesso AdP Plataforma Ecards
Caso De Sucesso AdP Plataforma Ecards
 
Leadership
LeadershipLeadership
Leadership
 
Vistiendo a los personajes
Vistiendo a los personajesVistiendo a los personajes
Vistiendo a los personajes
 
Tanzania
TanzaniaTanzania
Tanzania
 

More from Вспомогательный образовательный сайт

More from Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

студент шығармаабдурашидов азамат

  • 1. Оқушы: Абдурашидов Азамат Айтөреұлы Жетекші оқытушысы: Эшанкулов Абида Камалович Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Витаминді шөп ұнын дайындау технологиясы Жоспар: 1. Жемшөп даярлау тәсілдері 2. Витаминді шөп ұнын даярлауды механикаландыру 3. АВМ витаминді шөп ұнын дайындау агрегаттары 1. Жемшөп даярлау тәсілдері Мал мен құсты азықтандыруға арналған жемшөп зоотехникалық талаптарға сәйкес құнарлы әрі дәмді, жеңіл қорытылатын және сіңімді болуы тиіс, оның құрамында мал ағзасына және одан алынатын өнімнің сапасына зиянды әсері бар заттар мен қоспалардың болуы рұқсат етілмейді. Бұл талаптарға малды азықтандыруға табиғи түрінде берілетін жемшөптің шамалы ғана бөлігі сәйкес келеді. Малдың ағзасы жеген азығының 20...25 % - ын ғана алынатын өнімге жұмсайды, 30...35 % - ы малдың физиологиялық мұқтаждығына жұмсалып, ал қалған бөлігі пайдаға аспай, сыртқа қалдық ретінде бөлініп шығады. Малды нашар азықтандыру, қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етпеу оны өнімділігін кемітіп қана қоймай, ауруға шалдығуына әкеп соғуы мүмкін. Ал жемшөпті даярлаудың әртүрлі тәсілдері азықтың желінуін, қорытылуын жақсартумен бірге, олардың құнарлылығын да арттыра алады. Олардың құрамына әртүрлі үстеме енгізу, қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету – мал ағзасының қажетін толық өтей алатын құрама аралас азықтар даярлауға мүмкіндік береді, сонымен бірге малдың көптеген ауруларға, оның ішінде жұқпалы микроағзалар арқылы тарайтын ауруларға да щалдықпауына ең сенімді кепіл болып табылады. Рацион малға керекті протеин, көмірсу, макро және микроэлементтермен сәйкестендіріліп, толықтырылған жағдайда, әдетте жұмсалып жүрген мал азығының 20...25 % үнемделетінін тәжірибе көрсетті. Физиологиялық жағынан дұрыс негізделген қоспа азықтың желінуі де әдеттегіден 15...20 % жақсарады. Оның құрамына өте арзан қалдықтар, мысалы егіншілік пен мал шаруашылығының қалдықтарын қосып, кәдеге жаратуға болады. Малға жемшөпті механикалық, жылумен, химиялық және биологиялық жолмен өңдеу тәсілдері арқылы даярлайды. Жемшөпті механикалық тәсілмен даярлауға – тазарту, жуу, сілкілеу, елеу, суыру, кесу, жармалау, жару, езгілеу, үгіту, жаныштау, престеу, түйіршіктеу, жентектеу, араластыру, мөлшерлеу және т.б. жатады. Жылумен өңдеу тәсіліне азықты булау, қайнату, кептіру, буын шығару, қуыру, пісіру, пастерлеу және т.б. жатады. Химиялық жолмен даярлау тәсіліне гидролиз, әктеу, консервілеу, каустикалық сода, аммиак, сілті және қышқылдармен өңдеу жатады.Бұл тәсілді активті заттарды қолдану мен сақтау қиын болғандықтан сирек қолданады.
  • 2. Биологиялық жолмен даярлау тәсілі (сүрлеу, ашыту, бөктіру және т.б.) сүтқышқылды бактериялардың, ашытқының және басқа да микроағазалар мен ферменттердің азыққа әсер беруіне негізделген. Бұл тәсіл азықтың құнарлылығын, желінуін және сақталуын жаасартатындықтан кеңінен қолданады. (1 кесте) 2. Витаминді шөп ұнын дайындауды механикаландыру Жемшөп дайындаудың тиімді әдістерінің бірі - қолдан кептіріліген витаминді шөп ұнын өндіру. Жоғары температуралы кептіргіш агрегаттарда шөпті қолдан кептіру – оның азықтық қасиетін түгелдей дерлік сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жұмыстың негізгі бөлігі тұрақты пункттерде атқарылатын болғандықтан, технологиялық процестерді механикаландыру мен автоматтандыруға жағдай туады. Қолдан кептірілген 1 кг шөп ұнында орта есеппен 0,6...0,9 азық бірлігі, 120 г-ға дейін протеин, 150...300 мг каротин және 2000 мг С витамині болады. Ол Е, В, К сияқты және т.б. микроэлементтердің маңызды көзі болып табылады. Витаминді шөп ұнын өндіру – күрделі технологиялық процесс. Ол үшін мынадай жұмыстарды атқару қажет: витаминге бай шикізат қорын жасау; көк балаусаны ору, оны турап транспортқа тиеу; кептіргіш агрегаттар орнатылған пункттерге туралған көк балаусаны тасымалдау; туралған балаусаны кептіргіш агрегаттарға беріп, қолдан кептірілген шөп ұнын алу және оны түйіршіктеу; өндірілген ұн сапасын тексеру және бағалау; дайын ұнды қаптау, оны тасымалдап, қоймаға алу немесе құрама жем зауытына жіберу. Қолдан кептірілген шөп ұнын өндірудің бір ерекшелігі – барлық технологиялық операциялардың бір бағытта үзіліссіз өтуі. Цехқа жеткізілген туралған көк балаусадан тасқынды желіден дайын ұн алуға дейінгі жұмыстар үзіліссіз атқарылады. Кептіргіш агрегаттар арнайы жобамен жасалған пункттерге орнатылады. Ұнға арналған көк балауса ұсақталады: онда ұзындығы 30 мм бөлшектер 80 % - дан кем, ал ұзындығы 100 мм бөлшектер онша көп болмауға тиіс. Кептіргіш агрегаттарға берілген көк балаусада кептірілген массаға шаққанда минералдық қоспалар 0,8 %-дан көп болмауы тиіс. Сонымен қатар шикізат құрамында металл сынықтары, ағаш жаңқалары және т.б. бөтен заттардың болмауын мұқият қадағалау қажет. Алынатын шөп ұнының сапалы болуы үшін, әсіресе, каротин шығынын азайту үшін жасыл өсімдікті ору мен оны кептіру арасындағы уақыт 2 сағаттан артыққа созылмауы тиіс. Шөп ұны ауа райы қолайсыз, ылғалы мол аудандарда негізінен осы жолмен өндіріледі. Тым қуаңшылық аудандарда шөп ұнын екі фазалы әдіспен өндірген тиімді. Ол үшін орған кезде шөптің ылғылдылығы 84-85% болуы керек. Орғаннан кейін оның сабақтартын жаныштап, дестеге салады. Күн көзіне жатқызып, 3-4 сағат кептіргеннен кейін 65-66 % массадан тек 2,6 тоннадай суды ұшыру қажет. Тек бір ескертетін жайт: дестеге салып дегтітудің барысында 15-20%-ға жуық каротин жоғалады. 3. АВМ витаминді шөп ұнын дайындау агрегаттары АВМ агрегаты витаминді шөп ұнын және сусымалы шөп турандысын дайындауға арналған. Онымен дәнді дақылдар, қант қызылшасының жапырақтарын, жүзім, алманы өңдеуден түскен қалдықтарды кептіріп, ұнға айналдыруға болады. (1 кесте) 1 кесте. АВМ агрегаттарының техникалық сипаттамасы Көрсеткіштері АВМ-0,65 АВМ-1,5 АВМ-3,0
  • 3. Өнімділігі , т/сағ (10-12 % ылғалдылыққа кептіргенде) егер шикізат ылғалдылығы, % 70.......... 75.......... 85.......... Отын шығыны: сұйық отын, кг/сағ газ, м3 /сағ Суды буға айналдырғыш қабілеті, т/сағ Электроқозғалтқыштар қуаты, кВТ 0,85 1,60 0,84 160 180 1,69 103,2 1,80 1,60 0,84 450 565 4,20 230 3,0 3,30 1,70 675 800 8,58 420 АВМ агрегатының жұмыс принципі: сұйық отын (жанармай) немесе табиғи газ шілтерге беріліп, онда желдеткіш арқылы айдалған ауамен араласады.Қоспа тұтандырғыш тетік арқылы оталады (жанады), оттық ішінде жалын желдеткішпен сорылып, берілген ауамен араласады.Температурасы 400-1100 градус ыстық ауа кептіргіш барабанға беріледі. Туралған көк балауса пунктке жеткізіліп, агрегат астауына тиеледі.Екі гидроцилиндрдің көмегімен астаудың бос орналасқан бөлігін көтерген соң, масса өздігінен жылжып, конвейерге түседі. Конвейермен белгілі жылдамдықпен жылжып келген массаның артық қабатын битер алып қалады. Одан әрі масса келесі битердің көмегімен бұрамалы тасымалдағышқа жетіп, тиейтін тасымалдағышқа беріледі. Онда көк балауса қабатының қалыңдығы битермен қосымша тегістеліп, кептіргіш барабанға түседі. Ыстық ауа ағынымен бірге араласып, масса кебеді. Онда салмағы жеңіл жапырақтар тезірек кеуіп, барабаннан шығады, ал сабақтары толық кепкенше барабан ішінде қала береді. Кепкен бөлшектер ыстық ауа ағынымен үлкен циклонға жетіп, онда ауадан ажырап, шлюз қақпа және пневматикалық бөлгіш арқылы балғалы ұнтақтағышқа түседі. Пайдаланылған ыстық ауа түтін шығатын қақпадан атмосфераға шығады немесе белгілі мөлшерде қайтадан рециркуляция жүйесіне беріледі. Ауыр бөлшектер мен бөтен заттарды бөлу үшін арнайы тетік орнатылған. Кептірілген, ұнтақталған масса желдеткіштің ауасымен циклондарға түседі. Онда ауадан ажырап, шлюз қақпа арқылы өтеді де , шнекті тасымалдауышпен ОГМ-0,8 түйіршіктегіш жабдығына немесе қаптауға беріледі. Егер тек кептірілген шөп турандысын даярлаған жағдайда масса үлкен циклонның шлюз қақпасы арқылы ғана өтеді. Құрғақ шөп турандысының салмағы аз (100-120 кг/м3) болғандықтан, сақтайтын қойманың сиымдылығының үлкен болуын қажет етеді. Сусымалы турандыны
  • 4. тасымалдағанда транспорттың жүк көтергіштігін толық пайдалану қиын, ысырапқа да жол берілуі мүмкін.Сондықтан турандының салмағын арттыру үшін оны түйіршіктеп, жентектейді. Бұршақ тұқымдас шөптер мен қоспа шөптер (мұнда дәнді дақылдар 30 % - дан аспайды) турандыларынан неғұрлым сапалы түйіршіктер алынады. Егер туранды дәнді дақылдардан дайындалса, онда сапалы түйіршіктер алу үшін процесс кезінде оған 3-5 % сірне (меласса), пісте немесе мақта майы өндірістерінің қалдықтарын қосады. Дайын түйіршіктер көлемі 16х16, 50х50, 22х32, 50х75 мм болады. Шөп турандысынан жасалған түйіршіктерді қоймада қабатын 4-6 м. етіп бос үйінді күйінде сақтайды. Сақтауға қойылған кезде түйіршіктердің ылғалдылығы 13% -дан аспауға және айналадағы ауа температурасына дейін салқындатылуы тиіс. Соңғы шартты орындау үшін желдеткіш арқылы түйіршіктерге табиғи ауа жіберуге болады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Ю.И. Воронов, Л.Н. Ковалев, А.Н. Устинов. Ауыл шаруашылық машиналары. - Алматы: Мектеп, 1988 . 2. М.Алшынбаев, Б.Алиев. Ауыл шаруашылығы машиналары. – Алматы: Қайнар, 1979 . 3. Ш.Нұртаев , Е.Сапарбаев. Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру. – Алматы: « Агроуниверситет» , 2006 . 4. Н.Әліпбеков. Ауыл шаруашылығы машиналары пәні бойынша лабораториялық- тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік құрал. – Астана: Фолиант, 2003 . 5. Б.Момынбаев, Б. Алиев. Ауыл шаруашылығы техникалары. – Алматы: «НАЗ-9» ЖШС, 2009 .