Оқушы: Ақжол ОразәліНұрбекұлы
Жетекші оқытушысы: Жумадуллаев Бакытжан Ергешбаевич
Шымкент аграрлық колледжі, Шымкент қаласы
Шығармашылық жұмыстың тақырыбы: Дәнді дақылдарды себу технологиясы
Жоспар:
1.Агротехникалық талаптар.
2.Тұқымды себуге дайындау.
3.Себу тәсілдері және олардың тиімділігі.
4.Егістік агрегаттарын құрастыру және оларды жұмысқа дайындау.
5.Агрегат жүрісінің тәсілдері мен егістікті жұмысқа әзірлеу
6.Агрегаттар жұмысы
Егін егу – аса маңызды өндірістік процесс, өнімнің мол болуы едәуір дәрежеде оның
уақтылы әрі дұрыс орындалуына байланысты. Егудің басты мақсаты – дән қаулап өніп
шығуына неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында тұқымды егістік жерге бірдей
мөлшерде бөліп сеуіп, оны белгіленген тереңдікке жабу.
1.Агротехникалық талаптар. Егіс егуді ең қолайлы агротехникалық мерзімде,
жоғары сапалы тұқыммен және жергілікті климат жағдайларына сәйкес өткізу керек. Дән
себу нормасы, оларды жабудың тереңдігі және қатар аралықтың түсу мөлшері жол
берілетін ауытқулардан аспауы тиіс. Тұқым себу мөлшерін бірілген нормадан сепкіштің
барлық себу аппараттары бірдей мөлшерде тұқым себуі тиіс. Егістіктің жүйесі түп-түзу
болғаны жөн, шүйелердің болуына жол берілмейді. Топырақ бетіне жабылмай қалған
тұқымдық дән болмауы керек. Сепкіштің қатар аралықтар енінің ауытқуы 12 см, ал
көршілес түсетін қатараралықтың ауытқуы 15 см аспауы тиіс. Тұқым себу сапасына
түпкілікті баға дәннің өніп шығуына қарай беріледі.
2.Тұқымды себуге дайындау. Тұқымды егіс алдында дайындаудың негізгі мақсаты –
оны жоғары егістік кондицияға жеткізу, сорттау жолымен біртекті, біркелкі фракцияларды
бөліп алу, дәннің өніп, жер бетіне шығуын жеделдету үшін ауруларды қоздырушылармен
зиянкестерді құрту, сондай-ақ өсімдіктер бойының алғашқы өсуін күшейту. Тұқымды
дұрыс дайындаудың практикалық мәні зор. Ауыл шаруашылық академиясының егіншілік
тәжірибе станциясының деректері бойынша, күздік бидайды біркелкі тұқыммен сепкенде,
әркелкі тұқымға қарағанда өнім 2,5 ц артық алынған. Шығымдылық тұқымның жиналған
жылына да байланысты. Мәселен, күздік бидайды сол жылғы тұқыммен сепкенде өнім
өткен жылғы тұқыммен себілгеннен гөрі 9,2 пайызға кем болған.
Егер егіс сол жылғы тұқым пайдаланылса, онда шығымдылықты арттыру үшін оны
себер алдында күнге 3-5 күн немесе дән кептіргіште 45-48 градус температурада 2-3 сағат
бойы қыздыру қажет.
3.Себу тәсілдері және олардың тиімділігі. Тұқым себуді кәдімгі қатараралық,
тар қатарлық және тоғыспалы тәсілдермен жүргізуге болады. Себудің тәсілдерін
егістікке тұқымның бірдей шашылуын және аз шығын жұмсай отырып, жоғары өнім
алуды есте ұстай отырып, шаруашылықтағы техникаға, егіннің көлемі мен мерзіміне,
топырақ жағдайларына қарай таңдайды. Тар қатарлық және тоғыспалы тәсілдермен
себу тұқымның егістік жерге неғұрлым теңдей сіңуін қамтамасыз етеді, өсімдіктер
топырақтың ылғалын, қоректік заттарын неғұрлым толығырақ бойына сіңіреді, осының
нәтижесінде өнім әр гектарына 2 – 3 центнер артады. Тоғыспалы себуді өзара тік
бағытта, кәдімгі қатараралық сеялкалармен жүргізеді, әрбір жүріп өткенде белгіленген
норманың жартысын себеді, сондықтан егіс жұмыстары мен шығындардың көлемі
артады. Техника саны жеткіліксіз жағдайда себу жұмысының мерзімі ұзарады. Бұл
тәсілді көлемін екі-үш күннен асырмай себуге болатын егістіктерде қолдану керек.
4.Егістік агрегаттарын құрастыру және оларды жұмысқа дайындау.
2.
Жұмыс жағдайларына байланыстытұқым себу үшін тіркеуіштері бар бір
машиналық және көп машиналық агрегаттарды қолданады. Төмендегі таблицада
қолданылып жүрген сеялкалар туралы кейбір мәліметтер келтірілген және олар
агрегатталатын тракторлар көрсетілген. Сеялкалардың конструкцияларына байланысты
тіркемелі немесе жанамалық агрегаттар құрастырылады.
Көрсеткіштері СЗ-3,6 СЗУ-
3,6
СЗТ-3,6 СЗА-3,6 СЗП-3,6
Алым ені, м.
Жұмыс
жылдамдығы,
км/сағ
Қатар аралығының
ені,см
Тұқым жабу
тереңдігі, см
Жәшіктің
сыйымдылығы, дм3
-тұқым үшін
-тыңайтқыштар
үшін
Массасы, кг
Агрегатталатын
трактор
класы,кН(тс):
14 (1,4)
30 (3)
50 (5)
3,6
12-ге
дейін
15
4-8
453
212
1400
1-2
3-4
4-6
3,6
12-ге
дейін
7,5
4-8
453
212
1480
1-2
3-4
4-6
3,6
12-ге
дейін
15
2-8
453
212
1720
1
2-3
4-5
3,6
12-ге
дейін
15
4-8
453
212
1280
1-2
3-4
4-6
3,6
12-ге
дейін
12
4-8
453
212
1870
1
2-3
4-5
Дәнді масақты дақылдар егістігінде тарту класы 14 , 30 және 50 кН тракторлары
негізгі агрегат болып табылады. Тракторларды себу жұмысы басталмас бұрын дайындап
қояды. МТЗ-80 тракторларының артқы және алдыңғы доңғалақтарын 1500 мм із еніне
қояды. Алдыңғы доңғалақтарының шиналарындағы ауа қысымын 0,7 МПа-ға (1,7 кгс/см2)
, артқы доңғалақтардың шиналарында 0,1 МПа-ға (1 кгс/см2) жеткізеді.
Сеялкаларды жұмысқа әзірлеу процесінде олардың техникалық жайын,
комплектілігін тексеріп, агротехникалық және пайдалану талаптарына сәйкес реттеу
қажет.
Себу нормасын белгілеу кезінде сеялканың доңғалағы тұқым себу кезіндігідей
минутына nк жиілікпен айналым жасауға тиіс, яғни
nк =Vр Пк / 0,06L : Мұнда Vр – егістік агрегаттың жұмыс жылдамдығы, км/сағат; Пк
- доңғалақтың сырғанауын есептейтін коэффициент, ол – 0,92 -0,95-ке тең; L – сеялка
доңғалағы құрсауының ұзындығы, метр.
Себілген тұқымды жинап алып, өлшейді. Егер оның массасы нормаға сәйкес келсе,
онда сеялканың дұрыс реттелегені.
5.Агрегат жүрісінің тәсілдері мен егістікті жұмысқа әзірлеу
Дәнді қатарлап сепкен жағдайда агрегаттар жүрісінің ұршықты, аша жырту,
көмкермелі, бір ізді диагнональды тәсілдерін, ал тоғыспалы сепкен жағдайда ұршықты,
бойылық-көлденең және диагональды-тоғыспалы тәсілдерін қолданады. Жүріс тәсілін
учаскенің формасы мен мөлшеріне, сондай-ақ агрегат құрамы мен дән себу тәсіліне
байланысты таңдайды.
Ұршықты жүріс тәсілі қолайлы, өйткені ол егістікті алдын ала күрделі әзірлеуді
талап етпейді және егу сапасы едәуір жоғары болып шығады. Алайда егер егістіктен тыс
жерде бұрылу мүмкін болмаса, ені қысқа егістікте (150-200 м), немесе тар учаскелерде
(60-80 мтерге дейін) қолдану орынсыз. Мұндай жағдайларда тұзақсыз көркермелі жүріс
тәсілі ұсынылады, оған азғана бұрылыс алаңы талап етіледі. Аумақты жерде жұмыс істеу
3.
үшін бес жәнежеті сеялкалық агрегаттар құрастырылып, жаба және аша жүретін загондық
тәсілі пайдаланылады.
Тоғыспалы және диагональды-тоғыспалы жүріс тәсілдерін 2-3 күнде сеуіп болатын,
формасы шаршы немесе тік бұрышты егістіктерде пайдаланылады. Бұндайда дән біркелкі
қаулап шығады. Егістік агрегат егіс алдындағы культивация жүргізілген бағытқа көлденең
немесе бұрыш жасап қозғалуға тиіс.
Егістікті тұқым себуге агрегат жүрісінің қабылданған тәсілі мен бағытын ескере
отырып әзірлейді.
6.Агрегаттар жұмысы
Себу сапасын, агрегат алғашқы рет жүріп өтісімен және ауысым уақыты ішінде
ұдайы тексеріп отырады, қажет болған жағдайда тиісінше техникаларды қажетті жайға
келтіреді. Негізгі учаскені сеуіп болғаннан кейін бұрылыс алаңдарына себеді.
Үлкен алаңдарда егістік агрегаттардың топтық жұмысын қолдану орынды.
Егістік агрегаттардың жоғары өнімді жұмыс істеуі, тіпті техникалық жайы жақсы
болған күннің өзінде де, едәуір мөлшерде тұқымдық материалды толассыз тасып
жеткізу мен сепкіштерге тұқым құюды дұрыс ұйымдастыруға байланысты.
9-сурет. Аспалы сеялканың технологиялық сұлбасы:
1 — тұқымдық шанақ; 2 — себу аппараты; 3 — тұқым түтігі; 4 — жетек доңғалағы;
5 — дискілі тұқымсіңіргіш; 6 — сіңіргіш шлейфтер; 7 — тұқымсіңіргішті тереңдету
серіппесі; 8 — тұқымсіңіргіш білеуі; 9 — қаңқаның бас білеуі; 10 — аспа механизмі.
Тұқым себу ұзақтығымен салыстырғанда, тиеуші сапары ұзақтығы тең немесе
қысқа болған жағдайда, бір тиеуші топтық тәсілмен жұмыс істейтін бірнеше агрегатқа
қызмет көрсете алады.Мұндай ретте бір тиеуші қызмет көрсететін егістік
агрегаттардың санын
nа =1000Vy/ (Wч Htр ) формуласы бойынша белгілеуге болады; мұнда nа – агрегаттар
саны (алынған мәнді, кішірейту жағына қарай бүтін санға келтіреді); 1000 – бір
тоннадағы килограмм саны; Vy – тиеуші бункердің сыйымдылығы, м3 ; y- тұқымның
көлемдік массасы, т/м3 ; Wч – ауысым уақытының 1 сағат ішіндегі егістік агрегаттың
өнімділігі, га; H – себу нормасы, кг/га; tр – тиеушінің бір рейсі (айналымның) ұзақтығы,
сағат;
4.
Solitair Lemken дәнегу сеялкасы Bozkurt (Түркия) дән егу сеялкасы
Алым ені, м .........................................5,0 Алым ені, м ....................................3,6
Тасымал ені, м ....................................3,0 Сошниктер саны, дана ...................24
Сошниктер саны, дана........................ 40 Өнімділік, га/сағ ....................3,7 - 4,4
Сошниктер ара қашықтығы,см........12,5 Шанақ сиымдылығы,л:
Тұқымдық шанақ тұқымдық ......................................644
сиымдылығы, л.......................2300 тыңайтқыштық ............................406
Сеялка түрі..........................аспалы Массасы, кг.................................1320
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мухин А.А. Машина-трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс жүргізу.
- Алматы: Қайнар, 1988.
2. Ахмет А. Механикаландырылған жұмыстар технологиясы. Оқу құралы. – Шымкент
.Аграрлық колледж. 2016 жыл.
3. Әліпбеков Н. Ауыл шаруашылық машиналары парктикумы. –Астана: Фолиант, 2002
4. Баймаханов К. Ауыл шаруашылығында машина пайдалану.-Шымкент, 2008.
5. Фортуна В.И. Технология механизированныхсельскохозяйственных работ.
-М: Агропромиздат ,1986.
6. Воронов Ю.И. Ауыл шаруашылық машиналары.-Алматы: Мектеп, 1988.