Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі                 АҚ «КазАгроИнновация»«Қазақ су шаруашылығы ғылыми зе...
Кіріспе     Күріш ең құнды азық болып табылады. Қазақстандағы күрішшаруашылығы өзін өзі 116-120% қамтамасыз ететін салалар...
Күріштің суғару жүйесіндегі магистралды жəне таратушы каналдар,коллекторлар, кəріз суын жинағыштар, сонымен қатар гидротех...
ғылыми ұйымдары мен озат өндірістерінің тəжірибесі, жоңышқалықтыкөктемде күріш себер алдында жыртқан жөн деп санайды. Көкт...
1 кесте – Тегістелу сапасына байланысты күріштің өнімділігі                                  Чек белгілерінің орташа ауытқ...
күзде əр жергілікті аумақта суықтың басталуына байланысты анықталады.Күріш өсірілетін оңтүстік аймақта (Қызылқұм аумағы), ...
Күріш қатарлары белгіленіп алғашқы жапырағы пайда болған соң, арамшөптердің екінші жапырағының пайда болуынан кеш қалмай, ...
3.2. Тұзданған топырақтағы күрішті суғару тəртібі    Күрішті тұзданған топырақтарда өсіргенде, алғашқы су бастыру кезеңінд...
m4 – технологиялық жəне өнімсіз қашыртқыларына шығындалатын су мөлшері, м3/га.      Алғашқы су бастыру кезеңінде күріш тан...
5400-4500    24100-25700Қазалы-Арал     2600-3200    6300-7100 9000-9900     3000-4000    20900-24200                     ...
кезде қолданылып жүрген күріштің суғармалау мөлшерлерін бір шама азайтуғаболады.     Гидромодуль. Күріштің суғармалау мөлш...
Күрішті сумен бастырған кезде суғару кезеңі мен фазалар аралық кезеңдербойынша, су көлемін анықтау өте маңызды. Қысқа мерз...
4. Күрішті суғару техникасы     Күріш танабында үйлесімді су режимінің жасалынуы мен үзілмейсақталуының күріштен жоғары өн...
чектердегі су деңгейін мұқият бақылап жүру керек, яғни судың жалдар арқылысыртқа ағып кетуін болдырмау керек. Себебі желде...
барлық жерде белгілі бір деңгейге дейін көтерілуін (1,3-1,5 м) əкеліп соғады,ыза суының осы деңгейі күріштің барлық вегета...
Республикамыздың күріш өсірілетін əр түрлі аудандарында жүргізілген,күріштің ауыспалы егісіндегі жоңышқа өсірілетін       ...
онда ілмелі жəне қозғалмалы сорғылар стансасын пайдаланған жөн немесеқұлақарықтан чекке су беретін қосамша құрылғыларды ор...
6. Көшеттеп отырғызылған күрішті өсіру технологиясы.     Дүние жүзілік күріш өсіру тəжірибесінде күрішті себу мен отырғызу...
тұқымы себіледі, оның салдарынан питомникте бір келкі тұқым қабаты пайдаболады. Жапонияда себу мөлшерін 3,3 м2 ауданға лит...
қабатын бір қалыпты ұстап тұрады. Содан соң өсімдік жақсы тамырлануы үшін,топырақты құрғатады. Кейін күріш өсімдігін өз би...
Upcoming SlideShare
Loading in …5
×

казниивх куриши

2,994 views

Published on

казниивх куриши

Published in: Business
0 Comments
2 Likes
Statistics
Notes
  • Be the first to comment

No Downloads
Views
Total views
2,994
On SlideShare
0
From Embeds
0
Number of Embeds
12
Actions
Shares
0
Downloads
0
Comments
0
Likes
2
Embeds 0
No embeds

No notes for slide

казниивх куриши

  1. 1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі АҚ «КазАгроИнновация»«Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтты» ЖШС КҮРІШ ПЕН КҮРІШТІ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІГІНДЕГІ ДАҚЫЛДАРДЫ СУҒАРУ (Ұсыныс) АСТАНА 2010
  2. 2. Кіріспе Күріш ең құнды азық болып табылады. Қазақстандағы күрішшаруашылығы өзін өзі 116-120% қамтамасыз ететін салалардың бірі, яғнитұтынушыларды күрішпен толық қамтамасыздандырады. Республика күрішті240-300 мың тонна көлемінде өндіре алады, яғни күрішті шет мемлекеттергіжəне жақын жердегі мемлекеттерге импортқа шығару мүмкіншілігі туады. Қазақстан Республикасының күріш өсіретін аумақтары Сырдария, Іле жəнеҚаратал өзендерінің төменгі ағысында орналасқан. Бұл жерлердегі күрішегісінің өсуі топырақтық-климаттық жағдайлардың қолайлы болуымен жəне суресурстарының жеткілікті болуымен байланысты. Күрішті өсіру - тұзданғанөнімділігі нашар жерлерді түбегейлі мелиорациялауды жүзеге асыратынқуатты фактор. Қазіргі кезде Қызылорда облысы күріш өсіретін негізгі аумақ болыптабылады, мұнда күріш егісінің 80% астамы ораналасқан. Облыста аймақтыңнақты табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген, өнімділігі үйлесімді жəнетұрақты күріштің аудандастырылған күріш сорттары өсіріледі. Ал екінші аумақАлматы облысының Ақдала мен Қаратал суғармалы аймақтарында орналасқан.Үшінші күріш өсіретін аумақ Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылкұмдаласында орналасқан. Су ресурстарының тапшылығы жағдайында, күріш жүйелерініңконструкция-сын жетілдіріп, суғармалау гектарының сапалық көрсеткіштерінарттыру арқылы, Қазақстанның күріш себетін аудандарының əрі қарай дамуынжүзеге асыру керек. Суғармалау гектарының сапасын арттыру үшін, күрішөсірудің алдыңғы қатарлы технологияларын кеңінен қолданып,республикамыздың күріш плантацияларында су, материалдық жəне еңбекресурстарын тиімді пайдалану қажет. Кітапшада күріш өсірудің негізгі ережелері келтірілген: топырақтыңтұздану дəрежесіне жəне арам шөптермен ластануына байланысты, күрішчектерін себуге жəне су бастыруға дайындалуы, күріш пен күріштің ауыспалыегістігіндегі дақылдардың (жоңышқа) суғару тəртібі мен техникасы. Құрал фермерлер-күрішшілерге, күріш шаруашылығының мамандарынаарналады. 1. Күріштің жүйесі Күріштің суғару жүйесі екі бөліктен тұрады: шаруашылық аралық жəнеішкі шаруашылық бөліктері. Шаруашылық аралық бөлігіне басты су алатынқұрылым, магистралды жəне таратушы каналдар, коллекторлар, барлықгидротехникалық құрылымдары болатын басты коллектор, байланыс,пайдаланылатын жəне шаруашылық арасындағы жолдар кіреді; ішкішаруашылық бөлігіне – суғармалы танаптар, таратушы каналдар, осыканалдардағы барлық құрылымдар мен танаптар арасындағы жолдар кіреді. 4
  3. 3. Күріштің суғару жүйесіндегі магистралды жəне таратушы каналдар,коллекторлар, кəріз суын жинағыштар, сонымен қатар гидротехникалыққұрылымдар, басқа дақылдардың суғару жүйесіне қарағанда аз болады. Алайдажүйенің суды алатын, тарататын жəне алып шығаратын кіші тізбектерініңбірсыпыра ерекшеліктері болады. Күріш картасының Алғашқы элементі – бұл тегістелген күріш чегі, осычектерден күріш картасы, кейін күріш жүйесі құралады. Жүйе құрылысынажəне күрішті өсіруге кететін шығындар көбінесе чектер аудандарынабайланысты. Чектердің ең тиімді пішіні – тік төртбұрышты пішін. Күріштіөсіруде механизация процесін көп қолдануды есепке алып салынған қазіргіинженерлік күріш жүйелерінде, күріш чегінің ауданы 2,0 га төмен болмауыкерек, ал чектің бір жағы 150-200 м кем болмауы керек. Осындай өлшемді чеккүріш жүйесінде өнімділігі жоғары болатын техниканың қолданылуынақолайлы жағдай туғызады. 2. Күрішті себуге чектерді дайындау Топырақтың негізгі өңделуі. Күрішті себуге топырақты дайындаудыңерекшеліктері алғы дақылдармен, танаптардың арам шөптермен ластанудəрежесімен, топырақтардың тұздануымен, себу əдістері мен мерзімдеріменжəне т.б. сипатталады. Алайда барлық жағдайда да дайындық жұмыстарытопырақтың өңделумен басталады, яғни топырақ сүдігер жыртылады (күрішдақылынан кейін). Сүдігер жыртуды күрішті жинап алған соң (қыркүйек-қазан) бастайды.Түйнекті қамыстармен ластанбаған жəне тұзданбаған топырақтарда сүдігерайдауда 22-25 см-лік топырақ қабатын айналдырып жыртады. Негізіненкүрмекпен ластанған, биік чектерді айдағанда, күрмектің тұқымдары төменгіқабатқа еніп, көктеп шықпайтындай етіп топырақ қабатын айналдырыпжыртады. Күріш жүйесіндегі тамырлары сабақ тəріздес арам шөптердің ішіндегі еңзиянды түрі – кəдімгі қамыс (түйнекті қамыс). Оған қарсы жүргізілетіншараларының ең тиімдісі келесі агротехникалық əдіс болып табылады: күздеөсімдік түйнектерінің негізгі массасы мен тамырлары орналасқан қабатытереңірек, яғни 14-16 см тереңдікке жырту керек. Жердің бетіне шыққанөсімдік түйнектері мен тамырлары аязға шыдамай үсіп қалады, ал көктемдеоларды тырмалап алып тастап, топырақты 22-25 см тереңдікке жырту керек. Сүдігерден кейін арам шөптермен ластанған топырақтарды, ерте көктемде1-2 рет 12-16 см тереңдікке жырту керек немесе өсімдіктің тамырлары кеуіпқалу үшін, арасы 10-12 күн болатын 2-3 рет чизелдеу керек, яғни топыраққопсытылады. Тұзданған топырақтың төменгі қабаттарына шайылатын тұздарды жербетіне шығармау үшін, қайырмай жыртуды 20-25 см тереңдікпен жүргізеді. Көп жылдық шөптер өскен топырақ қабатын өңдеу əдісі мен мерзімдерітопырақтың құнарлығын тиімді пайдалануға үлкен əсерін тигізеді, себебітопырақтың құнарлығы жоңышқаны өсіру нəтижесінде артады. Қазақстанның 5
  4. 4. ғылыми ұйымдары мен озат өндірістерінің тəжірибесі, жоңышқалықтыкөктемде күріш себер алдында жыртқан жөн деп санайды. Көктемдежыртылған топырақта, шөптердің 2 жыл ішінде жиналған органикалық заттарұзақ уақыт ыдырайды. Жоңышқалық топырақ қабатын мамырдың екінші жартысында, күріштісебу мерзімінің соңында жүргізуге тырысады, яғни жоңышқа бутандануфазасына келген сəтте жəне шөптің қалыңдығы жақсы қалыптасқан кезде. Тегістеу. Жақсы тегістелген чектерде күріштің өсіп дамуына, біркелкісумен бастырылуына жəне арам шөптермен күресуге қолайлы жағдайлартуады. Күріш чектерінің бетін эксплуатациялық тегістеу жұмыстары жылсайын, егін себер алдында жүргізілетін ауыл шаруашылық жұмыстарымен біргеөткізеді, яғни егін себер алдында өңдеуді грейдермен немесе тегістегіштерменжер бетін тегістеумен аяқтайды, əрі ауыр кедір-бұдыр қырлы катоктарментығыздап, чек беті белгілерінің айырмашылығы ±5 см жеткізіп, топырақтардымайда кесекті күйге айналдырады. Чекке байланысты тегістегіштердің жүрубағыты диоганальды-ерсілі-қарсылы, айдаулы немесе айналмалы болуымүмкін. Чектерді қалпына келтіру үшін, жүргізілетін тегістеу жұмыстары 2-4жылда бір рет орташа жазықтықтан ауытқығанда, яғни жер беті белгілерініңмəндері қажетті шектен асатын болса, жүргізіледі. Əдетте, əр жыл сайын жербеті тегістелсе де чектің жəне микрорельефтің орташа белгілерініңайырмашылығы бірнеше жыл көлемінде 10 см болады. Қалпына келтірудежүргізілетін тегістеу жұмыстары чектің жобалық жазықтығын қалпына келтіруүшін қажет жəне бұл тегістеуді жүйелі түрде жүргізу керек. Қалпынакелтірудегі тегістеуді парлы танапта жүргізген жақсы, себебі бұл танаптатегістеумен бірге суғару желісі мен құрылымдарына да жөндеу жұмыстарыжүргізіледі. Қалпына келтірудегі тегістеуді жүргізерде əр чектің бетіннивелирлейді. Егер чек бірталай кесілетін болса, онда чекті ылғалдап, грунтотырғаннан кейін чекті тегістейді. Тегістеу сапасын 20х20 м квадраттарбойынша бақылаулы нивелирлеу мен чектерді сумен толтыру арқылыанықтайды. Суғарғанда чектерде құрғақ жəне су қатты көлдеген учаскелерболмауы керек. Алайда қазіргі кезде шаруашылықтарда тегістеу жұмыстары көбінесе көзмөлшері бойынша жүргізіледі, нивелирлік бақылау жүргізілмейді. Нашартегістелген чектерде су режимдерін тиімді басқару, қысыл-таяң мерзімдечектерді сумен бастырып жəне суды сыртқа ағызып жіберу, арам шөптермен,аурулармен күресу жəне т.б. қиынға соғады. Яғни күріштің өнімділігі тегістелусапасына тікелей байланысты болады (1 кесте). 6
  5. 5. 1 кесте – Тегістелу сапасына байланысты күріштің өнімділігі Чек белгілерінің орташа ауытқуы, ±смКүріш өсірілетін аумақтар 3 4 5 6 7 10Қызылорда 62,6 57,1 42,7 36,3 31,4 28,5Қызылқұм 68,4 59,1 54,7 46,3 31,2 27,5 Аудандары 1,5 га-дан 4,0 га дейін болатын чектерде +5 см немесе +2-3 смболатын жер беті белгілерінің ауытқуын тек қана нивелирдің көмегімен неболмаса жер бетін тегістейтін техниканың арнайы лазерлік құралдарыменанықтауға болады. Күрішті себу. Күріш тұқымын сепкенде аудандастырылған жəне 1 мен 2класқа жеткізілген сорттарын қолданады. Тұқымда ауру жұқтырған жəнезиянкестер зақымданбаған, карантин салынған арам шөптер мен басқатұқымдар болмауы керек. Күріш тұқымының сапасын жақсартуда ауалы-жылулық қыздыру мен тұқымдарды дəрілеудің маңызы зор. Себуге 5-7 күнқалғанда, күріш тұқымын күрекпен аудара отырып, немесе дəн тазалағышмашинасы арқылы өткізіп, атмосфералық ауамен вентеляция арқылы желдетеді.Бұл тəсіл күріштің шығымдылығын 14-18% арттырады. Тұқымды бояулы гранозанмен дəрілеу жартылай ылғалдау тəсіліменорындайды, яғни 1,5-2 кг препаратты жəне 8-10 кг суды 1 тонна тұқымменараластырады. Өсімдіктің үйлесімді қалыңдығы – егін өнімділігін анықтайтын еңмаңызды шарт. 1 гектарға 6-7 млн. күріш тұқымы себілсе, жинар кезде күріштіңқалыңдығы 1 м 250-300 дана өсімдік болады, бұл 1 м2 ауданды 400 жəне оданда артық ұрықты сабақтармен қамтамасыз етеді, ал күріштің өнімділігігектарынан 60 центнерге дейін жетуі мүмкін. Əдетте күріш қарапайым əдіспен қатарлап немесе жіңішке қатарларбойымен себіледі. Еліміздің күріш себу тəжірибесінде ең кең тарағаны əдіс -тұқымдарды 1-1,5 см тереңдікке машинамен қатарлап сеуіп, себілген жерді тезарада сумен бастыру. Қатарлап себуді кəдімгі тракторлы дəн сепкіштермен,қатар аралықтарын 15 см етіп, жүргізеді, Дəн сепкішті, тұқымды топыраққаенгізу тереңдігіне шек қоятын, дискілі тістермен жабдықтайды. Шек қоятындискілі тістерді ені 20-30 мм болатын болат кесіндіден жасайды, яғни оныдискінің сыртқы бетіне болтпен немесе дəнекерлеп бекітеді. Күрішті қатарлапсебу əдісі тұқымдарды аудан бойынша біркелкі таралуын жəне топыраққажақсы отырғызылуын қамтамасыз етеді. Топырақ пен судың орташа тəулік температурасы тұрақты +12-140Сболғанда, күрішті сеуіп, сумен бастыруды бастайды. Осындай температураныңбасталу мерзімі күрішті сеуіп, сумен бастырудың уақыты болады, яғниҚызылқұм аумағында 20 сəуір, Шиеліде – 26 сəуір, Қызылордада – 30 сəуір,Қазалы, Ақдала жəне Қаратал аумақтарында – 5 мамыр. Себу жұмыстарыныңаяқталуы тұқым сорттарының вегетация кезеңінің ұзақтығына (ерте пісетіндер– 110 тəулік, орташа пісетіндер – 125 тəулік, кеш пісетіндер – 145 тəулік) жəне 7
  6. 6. күзде əр жергілікті аумақта суықтың басталуына байланысты анықталады.Күріш өсірілетін оңтүстік аймақта (Қызылқұм аумағы), күріштің кеш пісетінсорттары үшін, себу жұмыстары 10 мамырға, орташа пісетін сорттары үшін 20мамырға таман аяқталады, күріш өсірілетін орташа аймақта (Қызылорда, Шиеліаумақтары), күріштің орташа пісетін сорттары үшін, 10 мамырға, ал тез пісетінсорттары үшін 20 мамырға таман аяқталады, ал солтүстік аймақтарда (Қазалы,Ақдала, Қаратал аумақтары), тез пісетін сорттар үшін, 15 мамырға таманаяқталады. Күріштің себу мен суға батырылуының көрсетілген мерзімдері – жоғарыөнім алумен қатар, вегетация ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік туғызады. Бұлкезеңде ауа мен судың орташа тəулік температурасының ауытқу шегінің еңтөмен болуы, күріш тұқымдарының жақсы көктеп шығуына септігін тигізеді, алкүріштің дамып-жетілуінің барлық фазалары, жылумен қамтамасыздануыжетерліктей болатын, үйлесімді температурада өтеді. 3. Күрішті суғару тəртібі Күрішті суғару тəртібі деп топырақтық, гидрогеологиялық, климаттықжағдайларды жəне өсімдіктің агробиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,су қабатының жəне өсімдіктің даму кезеңдеріне сəйкес танапқа берілетін сумөлшерінің өзгеру динамикасын айтады. Күріштің суғармалау мөлшері –суғару кезеңінде 1 гектар танапқа берілетін судың мөлшері. Бұл мөлшертопырақтың ылғалмен қанығуына, өсімдіктің транспирациясына, су беті ментопырақ бетінен булануға, топырақ грунтының сүзілуіне, қажеттітехнологиялық қашыртқыларына қажет. Күріш жүйелерінің көптеген жерлеріндегі топырақтар тұзданған болыпкеледі. Күріштің суғару тəртібін топырақтардың тұздану дəрежесінебайланысты іске асыру қажет. 3.1. Тұзданбаған жəне əлсіз тұзданған топырақтардағы күріштің суғару тəртібі Барлық жағдайда да, күрішті сеуіп болған соң суға бастырады, себебікүріш себілгеннен кейін көктемейді, суға бастырғаннан кейін көктеп шығады.Күріштің себілуі мен су бастырылуының арасы ең көп дегенде 1-3 күнненартық болмауы керек. Чектерді суға толтырғанда суғару ағыншасы топырақтышайып кетпейтіндей болуы керек; алғашқы сумен бастыру кезінде судыңқабаты 10-12 см жеткен соң, суды чектерге беруді тоқтатады. Алғашқы сумен бастыру кезеңінің ұзақтығы тұқымдардың көктеуіменанықталады. Егер су тұқым көктегенге дейін сіңіп, буланып кетсе, ондақосымша ылғалдандыру үшін суғару керек. Егер тұқым көктей бастағандачектегі су толық сіңбесе, онда қалған суды сыртқа ағызып жібереді. Ал егерчектен суды сыртқа ағызып жібермесе, онда көктеп шыға бастаған тұқымдароттегімен қамтамасыздандырылмай қалады жəне өніп шыққан күріш сирекболады. 8
  7. 7. Күріш қатарлары белгіленіп алғашқы жапырағы пайда болған соң, арамшөптердің екінші жапырағының пайда болуынан кеш қалмай, оларға қарсыкүресу үшін, чектерді қайтадан тереңдігі 12-15 см етіп суға толтырады. Күрмекөскен сайын, су қабаты да күрмек өсімдігінен 5-7 см артық болады. Осы кездекүріш пен күрмек өсімдігінің жағдайын күн сайын бақылау керек. Қалайкүрмектің қүреңденіп, құрып кетуі байқалса, су қабатын, күріштің жапырағы субетіне шығатындай етіп, азайтады. Күріш түптенер алдында су қабаты 5 смдейін азайтылып, судың берілуі тоқтатылады. Бұл кезең тыңайтқышпенқоректендірудің ең жақсы уақыты болып саналады. Күріш жақсылапшоқтанғаннан кейін (6-7 жапырағы пайда болған соң), су қабатын 10-12 смжоғарлатады. Дəн толық сүттеніп піскен кезде, суды чектерге беруді тоқтатады,яғни күріш дəні толық балауызданып піскенше, су толық топыраққа сіңіп кетеді(1 сурет). А Ағыссыз 20 10Күріш танабындағы судың қабаты, см 0 Ағыссыз Б 30 20 10 0 В Суды ауыстырып 20 10 0 Жапырақ. Сабақ- Бас пісуі себу көктеу пайда түптеу жинау тану тарту болуы сүттен. балауыз. толық «а» - тұзданбаған топырақтарда; «б» - күрмекпен ластанған жерлерде; «в» - орташа жəне күшті тұзданған топырақтарда. 1 сурет – Күрішті сумен бастырудың ұсынылып отырған тəртіптері 9
  8. 8. 3.2. Тұзданған топырақтағы күрішті суғару тəртібі Күрішті тұзданған топырақтарда өсіргенде, алғашқы су бастыру кезеңінде,чектердегі судың минералдылығы тез арада өседі. Сондықтан күрішті сеуіпболған соң, алғашқы сумен бастыруды 10-12 см тереңдікте, топырақтыңжоғарғы қабатының тиімді тұщыландырылу мақсатында жүргізеді. Күріштұқымдарының көктеп, 2-3 жапырағы пайда болғанға дейінгі кезеңде күріштопырақтың тұздануына сезімталдылығы өте жоғары болады. Сондықтанчектегі судың минералдылығы 2,5 г/л-ден жоғарласа, чектегі суды толықауыстырады, яғни күріш түптене бастағанға дейін, топырақтың тұзданудəрежесіне байланысты суды 2-4 рет ауыстырады. Тұзданған топырақта, күрішкөктеп шыға бастаған кезеңде, күріш танабын сусыз қалдыруға болмайды,танаптың құрғақтығы топырақ бетіне тұздардың жиналуына əкеп соғады.Күріш көктеп шыға бастағанда топырақ жақсы ылғалдануы керек, ал 2-3жапырағы пайда болған фазасында чектегі су қабаты 10-15 см болғаны жөн.Күріш түптенген кезде чектегі судың қабаты 5 см дейін азайтылады. Егер осыкезде чек суының минералдылығының жоғарлауы байқалса, яғни күріштің өсуітежелсе немесе өсімдік сарғайса, онда суды тез арада тұщы сумен ауыстыруқажет. Топырақтың жəне судың шектен тыс тұздануына күріштің сезімталдылығыдамып-жетілу фазалары бойынша өзгереді. Мысалы, көктеп жапырақтарыпайда болған фазаларында, судың минералдылығы 2,5 г/л жоғары болса, ондаол күрішке кері əсерін тигізеді. Қалған кезеңдерде, судың минералдылығы 3 г/лдейін болса да, күріштің өнімділігіне айтарлықтай кері əсерін тигізбейді.Түптені-масақтану кезеңінде, судың тереңдігі бойынша, чектен қашыртқасуының 50% шығарып тастау керек, ал суғару кезеңі бойынша, топырақтыңтұздануына жəне чектегі судың минералдылығына байланысты, чектенқашыртқа суын сол көлемде (50%) 4 рет шығарып тастау керек. Өзек тартып,балауызданып пісе бастаған кезеңдерінде, топырақтың жоғарғы қабатыныңтұщыландырылуы жетерліктей болуы үшін жəне чектегі судың минералдылығыкажетті шектен аспаған жағдайда, чектегі судың қабаты 15 см болып тұрады (1сурет). 3.3. Күріштің суғармалау мөлшері Күріштің суғармалау мөлшері деп 1 га ауданды күріш танабына вегетациякезеңінде берілетін судың көлемін айтады. Суғармалау мөлшерлері м3/га-менөлшенеді. Басқа ауыл шаруашылық дақылдарына қарағанда күрішті суғарғандасу көп жұмсалады. Күріштің суғармалау мөлшері (Мр) келесі көрсеткіштердіңқосындысынан құралады: Mр= m1+ m2+ m3+ m4; мұндағы m1 – жер бетінен су өтпейтін қабатқа дейінгі топырақ қабатынсумен толық қанықтыруға шығындалатын су мөлшері, м3/га; m2 – транспирацияға, топырақ пен су бетінен булануға шығындалатын сумөлшері, м3/га; m3 – топырақ грунтының сүзілуіне шығындалатын су мөлшері, м3/га; 10
  9. 9. m4 – технологиялық жəне өнімсіз қашыртқыларына шығындалатын су мөлшері, м3/га. Алғашқы су бастыру кезеңінде күріш танабының топырақ грунттары ылғалмен қанығады. Қанығуына қажетті су көлемі m1 топырақ грунттарының су-физикалық қаситеттеріне (тығыздығы, ылғалдылығы жəне т.б.) жəне суға бастыру алдындағы ыза суы деңгейінің орналасуына байланысты. Қазақстанның күріш өсіретін аумақтарында топырақ грунттарының ылғалмен қанығуы үшін шығындалатын нақты су көлемдері 1850 м3/га-дан 6400 м3/га-ға дейінгі мəндер аралығында болады. Топырақ пен су бетінен булану олардың температурасына, ауаның ылғалдылығына жəне желдің жылдамдығына байланысты. Транспирация күріш көктеп шыға бастағаннан бастап, өсімдіктің вегетативті массасы əрі қарай өскен сайын артады. Республикамыздың күріш өсіретін аудандарында күріштің суды тұтыну жиынтығына (m2) шығындалатын (булану+транспирация) су мөлшері 7410 м3/га-дан 12600 м3/га-ға дейінгі аралықта өзгереді. Қазақстанның күріш жүйелерінде сүзілуге шығындалатын су мөлшері 3500 м /га-дан 8700 м3/га-ға дейін өзгереді. Күріш чектерінде технологиялық жəне 3 өнімсіз қашыртқы суларының шығындары күріштің суғару тəртібімен жəне күрішті өсірудің қабылданған агротехникасымен анықталады. Мысалы, тұзданған жерлерде өсіріліп жатқан күрішті қоректендіргенде немесе танапты гербицидтермен өңдегенде, қашыртқы суларының толық немесе жарым- жартылай шығарылып тасталынуы, сонымен қатар күріш чектерін күзде құрғатар алдында қашытрқы суларының сыртқа шығарып тасталынуы. Бұған чек құрылымдары, суғару каналдары арқылы жəне кездейсоқ қашыртқыға кететін су шығындары да жатады. Қазір республикамыздың күріш өсірілетін аумақтарында суғармалау мөлшерінің (нетто) мəні 17,4 мың м3/га-дан 26,6 мың м3/га-ға дейін болады. Қазақстанның күріш өсіретін негізгі аудандарында суғармалау мөлшерін құрайтын элементтердің мəліметтері 2 кестеде көрсетілген 2 кесте – Күріштің суғармалау мөлшерін құрайтын элементтер (нетто), м3/га Топырақ Булану мен Технологиял Суғармалау Суғармалау грунттары- Сүзілу транспираци ық қашыртқы мөлшері аумағы ның қанығуы я сулар (нетто) 1 2 3 4 5 6 Оңтүстік Қазақстан облысыҚызықұм 2100-2700 7800-8800 11100-12600 1200-2000 22200-26100 3500-2500 24500-26600 Қызылорда облысыЖаңақорған- 2400-3000 7000-7900 10400-11800 2000-2800 21800-25000Шиелі 4500-3500 24300-26200Қызылорда 2500-3100 6500-7300 9700-10800 2600-3000 21300-24200 11
  10. 10. 5400-4500 24100-25700Қазалы-Арал 2600-3200 6300-7100 9000-9900 3000-4000 20900-24200 7200-5400 25100-25600 Алматы облысыАқдала 1700-2100 6500-7000 8100-9200 2700-3100 19000-21400 6000-5000 22300-25300Қаратал 1800-2200 5700-6400 7900-8900 2000-3000 17400-20500 5500-4500 20900-22000 Ескерту: бөлшектің алымында тұзданған жəне əлсіз тұзданған жерлердегі суғармалау мөлшері; бөлімінде тұзданған жерлердегі суғармалау мөлшері. Кестеде келтірілген күріштің суғармалау мөлшерлерінің (нетто) мəндері күріш танабындағы нақты шығындалатын судың мөлшері, яғни суды жеткізетін желідегі шығындар есепке алынбаған. Күріштің брутто суғармалау мөлшерінің мəніне жүйенің сапасы мен техникалық жетілгендігі, жүйені пайдалану дəрежесі мен суды тұтынушылардың судың шығындалуына қатысы əсер етеді. 3 кестеде күріш өсіретін аумақтардың тұзданбаған жəне тұзданған жерлеріндегі күріштің брутто суғармалы мөлшерлерінің мəндері келтірілген. 3 кесте – Күріш өсірілетін аумақтар бойынша күріштің суғармалау мөлшерлерінің мəндері, м3/га Күріштің суғармалау мөлшері нетто брутто Күріш өсірілетін Тұзданбаған жəне Тұзданған Тұзданбаған жəне Тұзданған аумақтар нашар тұзданған топырақ- нашар тұзданған топырақ- топырақтарда тарда топырақтарда тарда Қызылқұм 22300 26600 27300 35000 Жаңақорған-Шиелі 21800 26200 29500 34500 Қызылорда 21300 25700 30000 36200 Қазалы-Арал 20900 25600 29900 36600 Ақдала 21000 25300 26700 33700 Қаратал 17900 22000 22700 27900 Зерттеулер нəтижелерінің көрсетуінше, күрішті сумен бастырудың тиімді режимдері ендірілсе, судың пайдаланылуы реттестірілсе, тұзданбаған жерлердегі кəріздік-қашыртқы желілерінде тіреуіштер орналастырылса, суғару желісіндегі каналдарда судың сүзулуіне қарсы шаралар жүргізілсе, онда қазіргі 12
  11. 11. кезде қолданылып жүрген күріштің суғармалау мөлшерлерін бір шама азайтуғаболады. Гидромодуль. Күріштің суғармалау мөлшері вегетация кезеңінде күріштанабындағы судың қажеттігін көрсетеді. Гидромодуль – бұл бір гектарсуармалау ауданына уақыт бірлігінде берілетін су шығыны, л/с га-на өлшембірлігімен көрсетіледі. Гидромодуль графигі оның уақыт бойынша бөліптаралуын анықтайды. Сондықтан гидромодуль графигі суғаруға бөлінбейді,керісінше үздіксіз болады. Күрішті өсіруде судың ең көп шығындалатын кезеңі– чектерде алғашқы су бастыру кезеңі. Бұл кезеңде гидромодуль ординатасы еңүлкен мəнге ие болады, ал кейін оның мəні күріш чектеріндегі су қабатынасəйкес болады. Суғару каналдарындағы су горизонтының суғармалы танаптыңүстінен басшылық жасау шарттары анықталады. Алғашқы су бастыру менкүріш чектеріндегі су қабатын бір қалыпты ұстап тұру кезеңдерініңгидромодуль графиктері суғару тəртібіне жəне күріштің өсіру агротехникасынабайланысты. Қазақстанның күріш өсіретін аумақтарындағы, осы аталғанкезеңдер үшін, гидромодуль ординатасының мəндері 4 кестеде келтірілген. 4 кестенің көрсетуінше, күріш чектерінің алғашқы сумен бастырукезеңінде гидромодульдің ең үлкен мəні Қызылорда суғармалау аумағында –16,8-16,9 л/с га-на ал ең кіші мəні Ақдала суғармалау аумағында байқалады –9,7-9,73 л/с га-на. Ал чектерде су қабатын бір қалыпты ұстаған кезеңдегидромодульдің ең үлкен мəні Ақдала аумағында – 4,0 л/с га-на, ал ең кіші мəніҚызылкұм аумағында – 1,8-2,0 л/с га-на болады екен.4 кесте – Күріш чектері мен жүйелеріндегі судың берілуінің гидромодулі, л/сга-на Алғашқы сумен Су қабатын бірСуғармалау бастыру қалыпты ұстау Сумен бастыру режимдеріаумақтары чек-те күріш чек-те күріш жүйесінде жүйесінде Қысқа мерзімге сумен 16,8 4,1 1,9 1,9Қызылорда бастыру Сумен тұрақты бастыру 16,9 4,8 2,0 2,1 Қысқа мерзімге сумен 11,6 2,5 1,8 1,8Қызылқұм бастыру Сумен тұрақты бастыру 11,9 4,2 2,0 2,0 Қысқа мерзімге сумен 9,7 2,5 4,0 4,0Ақдала бастыру Сумен тұрақты бастыру 9,72 4,2 4,0 4,0 13
  12. 12. Күрішті сумен бастырған кезде суғару кезеңі мен фазалар аралық кезеңдербойынша, су көлемін анықтау өте маңызды. Қысқа мерзімге сумен бастырукезінде суғару кезеңі чектердің алғашқы сумен бастыруынан дəнніңбалауызданып піскеніне дейін созылады. 5 кестеде мысал ретінде Қызылқұмсуғармалау аумағы үшін, күріш чегі мен жүйесіндегі өсімдіктің даму фазаларыбойынша, гидромодуль ординатасының жəне суғару мөлшерлерінің мəндерікелтірілген.5 кесте – Күріштің даму фазалары бойынша күріш чектеріне берілетінгидромодуль мəндері Гидромодуль, Ұзақты- Тұтынатын Күріштің даму л/с га-на Күріштің суғарылу кезеңдері ғы, су көлемі, фазалары күріш тəулік м3/га чекте жүйесінде 1 2 3 4 5 6Өнуі Алғашқы сумен бастыру 2 2560 14,8 3,9 Су қабатын тұрақты ұстау 2 1,160 6,7 Судың берілуін тоқтату 4 - - Су қабатын тұрақты ұстау 6 1000 1,93Көктеуі Гербицидтермен өңдегеннен 2 1580 9,10 2,8 кейін сумен бастыру Су қабатын тұрақты ұстау 7 1070 1,805 кестенің жалғасы 1 2 3 4 5 6Көктеуі Су қабатын азайту 9 1700 2,20Түптенуі Су қабатын тұрақты ұстау 29 5250 2,0 2,2Сабақтануы Су қабатын көбейту 5 1520 3,5 2,2 Су қабатын тұрақты ұстау 23 4060 2,0Бас алуы мен Су қабатын тұрақты ұстау 10 2000 2,3 2,2гүлденуіСүттеніп пісуі Су қабатын тұрақты ұстау 14 2620 2,2 2,2Балауызданып Су қабатын азайту 7 - - -жəне толық пісуі Чектерді құрғату 16 - - - Күріштің даму фазаларының гидромодульдерінің, күріш ауыспалыегістігіндегі ауыл шаруашылық дақылдары құрылымының негізінде, күрішкарталарына судың берілуінің графиктері анықталады жəне жалпы жүйекөлемінде суды жоспарлы түрде пайдаланылуы іске асырылады. 14
  13. 13. 4. Күрішті суғару техникасы Күріш танабында үйлесімді су режимінің жасалынуы мен үзілмейсақталуының күріштен жоғары өнім алуда маңызы зор. Бұл режим чектердіңсумен бастырылуының дайындығына, суғару желісіне,сонымен қатар суменбастыру техникасы мен күрісшілер жұмысының ұйымдастырылуынабайланысты. Күрішші өз учаскесін жақсы білуі керек. Танапты сумен бастырудайындығын күрішші күріш жиналған соң бастауы керек. Себу алдында суғаружелісін толық жөндеп, арам шөптерден жəне шөгінділерден тазарту керек.Машиналармен топырақты өңдеу кезінде бұзылып кеткен тұрақты жалдардыуақытылы тұрғызу керек. Сумен бастыруға дейін барлық су беруқұрылымдарының күйін тексеріп, суды чектен қашыртқыға беретінқұрылымындарын жауып тастау керек. Сонымен қатар күріш ауыспалыегістігіндегі дақылдар танаптарын қоршайтын кəріздік-қашыртқыканалдарынан басқа, қашыртқы каналдарының құрылымдарындағықалқандарды (егер топырақтар тұзданбаған болса) жауып тастау керек.Əр чеккесу өлшейтін бағандар (рейкалар) дайындап қою керек. Күрішті сеуіп суменбастыру арасындағы уақыт ұзақ болмау керек, себебі ылғалдылығы өзгермеліжағдайға, сонан кейін топырақтың тез құрғап кетуіне тап болған тұқымдарөнуін жоғалтып, көктеп шыққын күріш сирек, арам шөптермен əсіресекүрмекпен ластанады. Əр чекте судың деңгейін бақылап тұру үшін, біліктің жанында су өлшейтінбағандар орнатылады. Бағандарды алғашқы сумен бастыру кезеңінде, яғни чексумен жартылай толтырылған кезде, орнатады. Су өлшейтін бағананы ашықтүске бояйды, оны су берілетін құрылымның жанына, көрінетін жергеорнатады. Чектің сумен бастырылған бөлігіндегі су деңгейі бағанадағы нөлкөрсеткішіне сəйкестендіреді. Күрішші күн сайын үнемі чектегі су қабатыныңдеңгейін бақылап отыру керек. Сумен бастыру тəртібінің сақталуы көбінесе суқабатының дұрыс есепке алынуына байланысты, алынатын күріш өнімі де осысу қабаты деңгейін бақылауда алынған мəліметтерге байланысты. Алғашқы сумен бастыру. Сумен бастыруға бір тəулік қалғанда күрішшісу алуға мəлімдеме жасайды. Бұл уақытта күрішші суды қабылдауға жəне оныкарталық қарықтан чектерге жылдам таратуға дайын болуы керек. Судықарықтан су алатын барлық чектерге бере беруге болмайды, себебі бұл кезде сушығыны мен арыны азайып, су чектерге əрең беріледі. Алғашқы суменбастыруды картаның төменгі жағында орналасқан чектерден бастау керек. Бұлчектерге су тұқымның шайылып кетуін болдырмай тездетіп беріледі (60-80 л/с).Суғарудан кейін жəне төменгі чектерде қажетті су қабаты пайда болған соң,биік чектерді суға толтырады. Алғашқы сумен бастыру кезеңінде күрішші 15
  14. 14. чектердегі су деңгейін мұқият бақылап жүру керек, яғни судың жалдар арқылысыртқа ағып кетуін болдырмау керек. Себебі желден пайда болған толқындаркөктеп шығып келе жатқан күрішті жұлып, күріш егісін сиретуі мүмкін.Сонымен қатар күшті толқын соққысы біліктерді бұзады, ал оларды суғарукезеңінде қалпына келтіру өте қиын. 5. Күріш ауыспалы егістігіндегі ілеспелі дақылдардың суғару тəртібі мен техникасы. Күріштің ең жақсы алғы дақылдарының бірі – жоңышқа. Сонымен қатаржоңышқа азықтық дақылдардың ішінде ауыл шаруашылық малдарыныңбарлық түрлері үшін ең құндысы болып саналады. Жоңышқа топыраққажағымды əсерін тигізеді, оның су-физикалық қаситеттерін жақсартады,құнарлығын арттырады жəне күріш дақылының өнімділігінің өсуіне қолайлыжағдайлар туғызады. Ғылыми мекемелердің жəне өндірістік тəжірибелердіңмəліметтерінің көрсетуінше, Қазақстанның күріш жүйелерінде жоңышқа өнімінгектарына 100 центнер жəне одан да көп алу мүмкіндігі бар. Жақсы дамығанжоңышқа өсімдігі тамырлардың үлкен масасы мен бидай сабақтарыныңқалдықтарын топырақтың бойына жинайды. Бұршақты шөптер қалдықтарыныңыдырауы топырақтың жыртылатын қабатын азотпен жəне өсімдіктің басқа дақоректік элементтерімен байытады. Екі жыл ішінде жоңышқаның өсірілуітопырақтың бойындағы азот мөлшерін гектарына 250-300 кг дейін жеткізеді. Жоңышқа тамырларындағы қоректік заттар қорының ең аз мөлшердеболуы өсімдік өскенде байқалады, яғни тармақтарының вегетациялық дамуынақоректік заттар қарқынды жұмсалады. Гүлдегенде жасыл массасының өсуітоқталады да, өсімдіктің жер беті бөлігіндегі пластикалық заттар тамырынақарай өте бастайды. Бұршақтар пайда болған кезеңде бұл заттардың тамырдағықоры қайтадан азаяды, ал тұқымдары пісерде қайтадан шұғыл түрде көбееді.Осыған байланысты гүлдеу алдында орылған жоңышқаның тамырындапластикалық заттардың үлкен қоры жиналады, яғни жаңадан бас көтеретін,келесі орым өсімдік тармақтарының тез өсіп шығуына ықпалын тигізеді. Бұлжоңышқаның гүлдеу алдындағы фазасында орылатыны орынды екенінкөрсетеді. Сондықтан топырақтың бойында пластикалық заттардың мол қорыжиналуы үшін, күріш жүйелеріндегі бірінші жылғы жоңышқанының 2 толықорымын өткізген дұрыс, ал екінші жылғы жоңышқаны кемінде 4 рет орған жөн. Суғару тəртібі. Күріш жүйелеріндегі жоңышқа өсімдігін суменқамтамасыздандыруда ыза суы үлкен ықпалын тигізеді, себебі олардың режимітөңіректе өсірілетін күріштің суғарылуымен тығыз байланысты. Күріш танабынсумен бастыруға дейін, ыза суы жер бетінен 2,0-2,5 м тереңдікте орналасады.Күріш чектеріне мамыр айынан бастап тамызға дейін судың берілуі ыза суының 16
  15. 15. барлық жерде белгілі бір деңгейге дейін көтерілуін (1,3-1,5 м) əкеліп соғады,ыза суының осы деңгейі күріштің барлық вегетациялық кезеңінде бір қалыптыболады. Күріш чектерінен су сыртқа шығарылып тасталынған соң, ыза суыныңдеңгейі біртіндеп түсе бастайды. Бұл сулардың деңгейінің төмен түсуікөтерілуіне қарағанда баяу жүреді. Жоңышқаның вегетациялық кезеңінің басында, ерте көктемде, ыза суы азмөлшерде қолданылады. Сондықтан бұл кезде судың тапшылығын суғаруменөтеу керек. Вегетация кезеңінің басынан бастап, ыза суының деңгейіқалыптасқанға дейін, жоңышқаның су тапшылығы орташа есеппен 50-70 ммқұрайды. Ал жоңышқаның келесі даму кезеңдерінде, ыза суы өсімдікті суменқамтамасыздандыруда үлкен ықпалын тигізеді. Республикамыздың күріш өсірілетін аудандарында ыза суы деңгейініңтереңдігіне жəне өсімдіктің жасына байланысты 1 реттен бастап 5 рет суғаружүргізу керек. 6 кестеде ыза суы деңгейінің тереңдігіне байланысты,республиканың негізгі күріш өсірілетін аудандары үшін, бірінші жəне екіншіжылғы жоңышқаның суғару тəртібі ұсынылуда.6 кесте – Күріш ауыспалы егістігіндегі жоңышқаны суғару тəртібі Əкімшілік Күріш чектерін Суғару- Суғару Суғарма Алғашқы облыстар сумен бастырған-нан лар мөлше- лау суғарудың кейінгі ЫСД саны рі, мөлшері, болжамды 3 тереңдігі, м м /га м3/га қ мерзімі 1 2 3 4 5 6 Бірінші жылғы жоңышқа үшінАлматы 1,5 1 1000 1000 10.05-Қызылорда 15.05 2,0 2 1000 2000 6 кестенің жалғасы 1 2 3 4 5 6Оңтүстік 1,5 2 1000 2000 5.05-10.05Қазақстан 2,0 3 1000 3000 Екінші жəне келесі жылдардағы жоңышқа үшінАлматы 1,5 1 1000 1000Қызылорда 2,0 2 1000 2000 15.05- 20.05 2,5 4 1200 4800Оңтүстік 1,5 2 1000 2000Қазақстан 2,0 3 1200 3600 5.05-10.05 2,5 5 1200 6000 17
  16. 16. Республикамыздың күріш өсірілетін əр түрлі аудандарында жүргізілген,күріштің ауыспалы егісіндегі жоңышқа өсірілетін танаптағы топырақылғалдылығының динамикасын бақылауда, бірінші суғаруды сəуірдіңортасында немесе аяғында жүргізу керек екендігі байқалады. Алайда, күрішауыспалы егістігіндегі дақылдарды суғару технологиясының ерекшеліктерінескере отырып, жоңышқаның бірінші суғаруын күріштің алғашқы суменбастыру кезеңінің алдында немесе одан кейін жүргізу керек, яғни чектердегі суқабатын бір қалыпты ұстап тұрған кезеңінде жүргізген жөн. Бұл кездекүрішшілердің жұмысы азаяды жəне қарықтардың су өткізу қабілеті сақталады. Жоңышқаның бірінші суғарылуының белгіленген мерзімі орташа есеппенОңтүстік Қазақстан облысының күріш өсірілетін аумақтарында сəуірдіңбасында (күрішті сумен бастырар алдында) жəне мамырдың ортасында (күріштісумен бастырып болған соң), ал Алматы мен Қызылорда облыстарындамамырдың басында жəне ортасында болады. Келесі суғарудың мерзімінорымдар уақытына туралайды. Суғаруды орып болған соң 5-8 күні жүргізгендұрыс. Орымға бір суғарудан келеді. Бірінші жылғы жоңышқа егісінде суғаруды ыза суының тереңдігінетəуелсіз, өсімдікті суғару ағыншасымен жуылып кетуінен сақтау үшін,бұтақтану фазасына туралап, яғни өсімдіктің биіктігі 7-10 см жеткендежүргізеді. Ал екінші рет бірінші орымнан кейін суғарады. Сонымен, біріншіжылғы жоңышқаның бірінші орымының қалыптасуына, екі вегетациялықсуғару жүргізу қажет. Суғару техникасы. Жоңышқа суды жақсы көреді, алайда ұзақ уақытсумен бастыруда, əсіресе ауаның температурасы жоғары болған жағдайдаөсімдік құрып кетеді. Республикамыздың күріш өсіретін аумақтары үшін,жоңышқаның сумен бастыруының аумалы ұзақтығы, яғни біраз өсімдіктіңқұрып кететін кезі, бірінші жылғы жоңышқада бұтақтану фазасында 22-25сағат, бутондануы фазасында 30-35 сағат жəне екінші жылғы жоңышқадаорғаннан кейін қайтадан тармақталуында 2 тəулікке дейін болады. Күріш жүйелерінде құлақарықтан чекке су беретін құрылғылар арнайыдиаметрі болатын түтіктер түрінде орналастырылады. Мысалы, диаметрі 189мм болатын су беретін құрылғылар, құлақарықтағы су мен чектегі сугоризонттарының айырмашылығы 15-20 см болса, 30-35 л/с су өткізеді, яғнитəулігіне 2600 м3 көлемінде су береді. Орташа суғару мөлшері 1000-1200 м3/габолса, ауданы 3 га болатын чектің сумен толтырылуы 30 сағатқа, ал 4 га болса 2тəулікке дейін созылады. Бұл өсімдіктердің құрып кетуіне əкеп соқтырады.Сондықтан мұндай жағдайды болдырмау үшін, суғаруды жинақталғанағыншалармен жүргізу керек. Чекке суды тез жіберу үшін, суғару ағыншасының мөлшері 1 гектарға 40-50 л/с кем болмау керек. Яғни, 3 гектарлы чекке қажетті су шығыны 120-150 л/сқұрайды. Бұл кезде чектің суға толытрылуы 8-10 сағатқа созылады. Чектердіңтегістігі нашар болған жағдайда өзіндік суғару ағыншасының мөлшерінкөбейтіп 1 га 60-70 л/с дейін жеткізуге болады. Егер чектердегі су беруқұрылғылары гектарына 40-50 л/с өзіндік шығынын беруді қамтамасыз етпесе, 18
  17. 17. онда ілмелі жəне қозғалмалы сорғылар стансасын пайдаланған жөн немесеқұлақарықтан чекке су беретін қосамша құрылғыларды орнатқан жөн. Күріш ауыспалы егістігінде, кəдімгі сумен бастырудан өзгеше болатын,жоңышқаны суғарудың ең қарапайым жəне өнімді əдісі - чектер бойы судыағызу болып табылады. Бұл əдісте чек бойымен сумен бастырудағыдай суқабаты жасалынбайды, себебі ауыр топырақтар жағдайында Қазақстанныңкүріш жүйелерінде бұл бүкіл жоңышқаның судан былжырап кетуін туғызады.Чек ауданының 2/3-3/4 бөлігі суарылғаннан кейін чектергі судың берілуінтоқтатады. Чектің қалған бөлігінің ылғалдануы судың əрі қарай ағуыныңнəтижесінде іске асырылады. Чек ауданы бойынша судың тез, əрі біркелкітаралуы үшін жəне сіңбей қалған суды чектен шығарып тастау үшін чектіңпериметрі бойынша бір ернеулі жүйек кесіледі. Суғару процесінде осы бірернеулі жүйекке есептелінген су шығыны беріледі. Жүйектен су асып түскенсоң, əрі қарай біркелкі, периметр бойынша таралады. Чектің бетінде су қабатынжасауға болмайтынын ескеру қажет. Күрішші чектің «суға батырылып»кетпеуін жəне жоңышқаның құрып кетпеуін қадағалау керек. Егер чекауданының 2/3 немесе 3/4 бөлігін су қаптаса, құлақарықтардағы су беретінқұрылғыларды мұқият жауып, судың берілуін тоқтату керек, себебі суғарылғанчектер келесі чектерді суғарғанда қайтадан суға батып қалуы мүмкін. Чек суға толық батырылған соң, чектердегі су жіберетін құрылғылардыашып, сіңбеген суды қашыртқыға жіберу керек. Судың сыртқа жіберілуі 6-7сағатқа созылады. Бұл судың көлемі микрорельефтің тегістелген жағдайында,жалпы берілген судың 15-20% құрайды. Чектің суғарылу уақыты, яғни судыңберіле бастағанынын, қашыртқыға жіберілуінің аяғына дейінгі аралық 15-17сағаттан аспау керек, ал толық қанығуына 25-30 сағат қажет. Су жақсы таралуы үшін, сонымен қатар топырақ біркелкі ылғалданып,ауданы 2 га асатын чектердегі суды төмендету үшін, себілетін жыралар менжүйектер арқылы суғарған жөн. Жоңышқа өсетін чектерді күзде немесекөктемде дайындайды. Себер алдында чектердің бетін тегістеп болған соң,чектер периметрі бойынша тереңдігі 25-30 см болатын бір ернеулі жүйеккесіледі. Сонымен қатар чектің ішінде грейдерлермен құлақарықтан қашыртқыканалына дейін бағытталған, аралары бір-бірінен 30 м, тереңдігі 10-12 см,құламалары 1:20 болатын жайпақ жыралар кесіледі. Содан кейін жоңышқажыраларға да себіледі. Чек ауданы 20 га кем болатын жағдайда тек бір ернеуліжүйек қана кесілсе болады. Барлық жағдайларда чектің беті мұқият тегістелуікерек. Жоңышқаны сеуіп, артынша аралығы 20-25 м болатын құлақарықтанқашыртқы каналдарына қарай бағытталған, суды алып шығатын жүйектеркесіледі. Жоңышқаны суғарарда жыралар болмаса, осы жүйектер арқылысуғарса да болады. Бұл жүйектердің ені 16-18 см, тереңдігі 20-30 см болады.Жүйектер БКН катокты жүйек жасағыштармен кесіледі. Жыралар арқылысуғарғанда, есептелінген су шығыны жыраларға жəне бір ернеулі жүйектергебірден беріледі. Жыралар суға толтырылған соң, су сыртқа қарай екі жағынанбіркелкі ағады. Чектерге судың берілуі тоқтатылған соң, сіңірілмей қалған сумикро төмендіктен жыраға (жүйекке) ағып, чектің сыртына шығарылады. 19
  18. 18. 6. Көшеттеп отырғызылған күрішті өсіру технологиясы. Дүние жүзілік күріш өсіру тəжірибесінде күрішті себу мен отырғызудыңекі технологиясы бар: «құрғақ» жəне «сулық». «Құрғақ» технология құрғақтопыраққа тұқымды механизация көмегімен сеуіп, артынша себілген чектердісумен бастыруға негізделген. «Сулық» технологияда арнайы питомниктеөсірілген күріш көшеттерін сумен бастырылған чектерге отырғызады. Дүние жүзіндегі күріш егісінің 90% астам аудандарында көшеттепотырғызылған күріш өсіріледі. Бұл технологияның артықшылығы: - суғарғанда су 30% дейін үнемделеді; - күріштің өнімділігі 15-20% артады; - арам шөптермен күресу шаралары ойдағыдай өтеді; - аудандары ауқымды болатын чектердің сумен бастырылу кезеңі қысқарады. Бұл технологияның негізгі кемістігі – оның «қымбатшылығы», яғникүрішті көшеттеп отырғызудың механикаландырылмаған əдісі көп еңбексіңіруді қажет етеді. Көшеттеп отырғызу əдісінде 1 т күріш дəніне жұмсалатынеңбек шығыны 70-120 адам-күн болса, күріш өсірудің «құрғақ»технологиясында (механикаландырылған) еңбек шығыны 20-30 адам-күнқұрайды, немесе «сулық» технологияға қарағанда 3-4 есе кем болады. Қазақстанда көшеттеп отырғызылған күрішті өсіру технологиясыныңауқымды өндірістік тəжірибесі жоқ, сондықтан бұл технологияны басқаелдердің тəжірибесіне жүгініп сипаттауға болады. Көптеген елдерде күрішкөшетін өсіру үшін, питомник ретінде бір чек немесе ені 1-2 м, ал ұзындығы əртүрлі болатын, чектің бір бөлігі ғана қолданылады. Бөлек-бөлек болатынжолақтардың арасында немесе жолақтар шекарасымен тереңдігі 25-30 смболатын жүйектер салынады. Бұл жүйектер су режимін реттестіріп тұрады.Кавказ күнгейінде күрішті отырғызу үшін 1 гектарда ауданы 30-40 м2 болатынарнайы алаң орналастырылады. Жапонияда көшет отырғызуға арналғанучаскені ені 1-2 м болатын жолақтарға бөледі. Жолақтардың беті күріштанаптарының бетінен 5-7,5 см биік болады. Жолақтарды суғару арықтарыменқоршайды. 0,1 га күріш танабына көшет өсірілетін питомниктің ауданы 33-49м2 құрайды. Сонымен 1 га күріш плантациясына ауданы 400 м2 болатынпитомник қажет. Ал питомниктің конструкциясы жəне оның қолданылу тəртібібұрыннан күріш өсірумен айналысатын барлық елдерде бірдей. Питомниктегі топырақты өңдеуде мұқият тегістеу, терең жырту, тырмалау,қопсыту, жəне тыңайту жұмыстары кіреді. Питомниктегі топырақ өңдеудіңмақсаты – біркелкі көктеп шығуына жəне əрі қарай өсімдіктің дамуына еңқолайлы жағдайлар туғызу, яғни мықты, əрі сау көшеттердің алынуынқамтамасыз ету. Күрішті себу мөлшері əр түрлі болады жəне көптеген факторларғабайланысты анықталады. Мысалы, Кавказ күнгейінде 30-40 м2 алаңға 100-120кг тұқым себіледі. Алаңша 1 га күріш плантациясына қажетті болатын күрішкөшеттерімен қамтамасыз етеді. Кейде мұнда өте үлкен мөлшерде күріш 20
  19. 19. тұқымы себіледі, оның салдарынан питомникте бір келкі тұқым қабаты пайдаболады. Жапонияда себу мөлшерін 3,3 м2 ауданға литрмен өлшенеді.Суғарылатын питомниктерде себу мөлшері 0,37-0,54 л құрайды, яғни бұл 1 га54-72 л сəйкес. Су жетіспейтін аудандарда себу мөлшері аз болады – 3,3 м2ауданына 0,18-0,36 л тұқым. Осы мəліметтердің көрсетуінше күріш көшеттеріөсірілетін питомниктердегі себу мөлшері мəндерінің диапазоны кең: біркелкітұқым қабатынан бастап ең аз мөлшерге дейінгі (3,3 м2 ауданына 0,18 л)аралықта болады. Себу мөлшері топырақтың құнарлығымен, себілетінматериалдың сапасымен жəне еңбек ресурстарымен қамтамасыз болуыменанықталады. Ява аралығында ылғалданған күріш тұқымдарын себеді. Ол үшінсапалы себілетін тұқымдарды кəрзеңкеге салады да, осы кəрзеңкені 2-3 күнгеағып жатқан суға малады. Мұнда тұқымдар жақсылап ісініп, көктей бастайды.Себер алдында бір-біріне жабысып қалмас үшін жəне зяинкестерден қорғауүшін ,тұқымдарды күлмен араластырады. Ауданы 14 м2 болатын алаңға 1 кгтұқым шығындалады. Питомниктің суғару тəртібі де бірдей емес. Көбінесе жақсы нəтижелер біррет ылғалданған топырақтарда алынады. Кейбір елдерде питомниктердетұқымды сеуіп болған соң, біртіндеп су қабатын құрайды, көктеп шығабастаған соң суды чектен шығарып тастайды. Көктеп шыққан күрішті суқабатынсыз бірнеше сағатқа қалдырады, себебі көктеп шыққан күрішқұрғатылған топырақта ұзақ уақыт болуы керек. Құрғатылған питомниктіқайтадан сумен 1 см етіп толтырады. Бұл топырақ бетінде су болмаған кездетопыраққа оттегінің енуіне қолайлы жағдай болатынымен түсіндіріледі. Басқаелдерде (Италия, Испания) күрішті сеуіп болған соң, арам шөптермен күресуүшін жəне температура режимін реттестіру үшін, сумен терең бастырады. Азия елдерінде сапалы көшет алу тəжірибесінің көрсетуінше, суменбастырылған топырақтағы күріштің көктеп шығу жылдамдығы, ылғалданғантопыраққа қарағанда, төмен болады екен. Топырақтың ылғалдылығы ең төменгіылғал сыйымдылығынан 80-90% болған кезде күріш тұқымының көктеуібаяулайды. Ылғалдылығы шамадан тыс көп болған кезде түбінің орнынабүршігі, калеоптиль дами бастайды. Сонымен, күріш көктегенде топырақылғалды болған жөн, яғни сумен бастырудың қажеті жоқ. Көктеп шығуфазасының аяғында жағдай өзгереді: мұнда өсімдікке ең қолайлысы су қабатыболып табылады. Судың жіңішке қабаты (1 см), судың қалың қабатына (20 см)қарағанда, құрғақ заттар қорының жиналу қарқындылығына сəйкес болады. Сонымен, питомниктерді суғарудың ең қолайлы тəртібі – жолақ периметрібойынша орналасқан, сумен толтырылған арықтардан (жүйектерден)жіберілетін су топырақ бетін бастырмайтындай болуы керек. Суды арықтар(жүйектер) арқылы, яғни арықтағы судың деңгейін біртіндеп көтеріп, береді. Сутопырақтың бетіне берілгенше жүйектерде болады. Тұқымдар көктеп шыққансоң, тамырларын оттегімен байыту үшін, су деңгейін азайтады. Өсімдік жақсытамырланған соң, питомникті сумен ұзақ уақытқа бастырады. Суғарғанда судыбірнеше рет ауыстырып тұрады. Топырағы тұзданған аудандарда (Кавказ күнгейі) күрішті суға отырғызады.Суды жиі ауыстырып тұрады жəне бүршіктеніп шыға бастағанға дейін 3-5 см су 21
  20. 20. қабатын бір қалыпты ұстап тұрады. Содан соң өсімдік жақсы тамырлануы үшін,топырақты құрғатады. Кейін күріш өсімдігін өз биіктігінің жартысына дейінсумен бастырылатындай етіп, су қабатын құрайды. Күріш көшеттерідайындауда операциялардың барлығына 20-25 күн кетеді. Күріш өсімдігін оттегімен жəне ылғалмен ең көп мөлшердеқамтамасыздандырылған кезде, ең жақсы көшет алынады жəне питомниктердіңөлшемдерінің мəні ең кіші болады. Сонымен, күріш көшетін өсірерде сурежимі ауыспалы болуы керек: бүршіктенгенде топырақты ылғалдандырукерек жəне көктеп шыға бастағанда судың қабаты жіңішке болуы керек. Күріш көшетінің ең маңызды кезеңі - өсімдікті отырғызу. 5-7 жапырағыпайда болған жас өсімдіктерді отырғызатын күні немесе оның қарсаңындатопырақтан жұлып алады. Жұлынып алынған өсімдіктерді бауға түйеді де,танапқа əкеліп, белгілі бір сұлба бойынша отырғызады. Күріш өнімділігінарттыру үшін əр түрлі əдістерді қолданады: көшеттің жапырақтарының бірбөлігін қырқу, тыңайту үшін арнайы қоспаға тамырларын салу. жəне т.б. Көшеттерді қатарлап отырғызады. Əр шұңқырға 2-ден 4-ке дейін немесеодан да көп өсімдіктен отырғызады. Шұңқырлар арасы 20-30 см болады. Ертепісетін сорттарды қалың етіп отырғызады, кеш пісетін сорттарды сирек (ертепісетіндер – 12-15 см, орташа пісетіндер – 15-20 см, кеш пісетін қаттыбұтақтанатын сорттар – 20-25 см жəне одан да көп) отырғызады. Шұңқырларарасындағы қажетті ара қашықтықты сақтау үшін, көшеттер отырғызғандажіпті қолданады немесе чек біліктерінде белгілер орнатады. Егер көшеттерді қатты ылғалданған топыраққа отырғызса, онда бірнешекүннен соң чекті сумен толтырып, су қабатын құрайды. Испанияда судывегетация кезеңі бойынша бір рет немесе 2-3 рет ауыстырып тұрады. Жапонияда күріш өсіру үшін жылу ресурстары жетіспейтін аудандарында,күріштің ерте пісетін сорттарын өсіреді. Ауаның салқын массаларынан қорғауүшін питомниктерде пленка, майланған қағаз жəне т.б. қорғауға арналғанзаттар қолданылады. Осының арқасында кəдімгі (ашық) питомникте өсірілетінкөшеттерге қарағанда, мұнда күріш көшетін 35-45 күнге ерте алуға болады. Су тапшылығы жағдайында Қазақстанда күріш өсіруді əрі қарай дамытудакөшеттеп отырғызылатын күріштің өсіру технологиясын қолдануға болады. Бұлсуды үнемдеуге, күріш өнімін арттыруға жəне ауыл тұрғындарының еңбекпенқамтамасыз етуіне жағдай туғызады. 22

×