SlideShare a Scribd company logo
1 of 16
Бағыты: Этномәдениет
Ғылыми жобаның тақырыбы
«Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерінің маңыздылығы»
Мазмұны:
Аңдатпа
Кіріспе
1.1 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихы
1.2 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің түрлері
Зерттеу бөлімі
2. Ұлттық ою-өрнектерді қазіргі заман талабына сай қолдану және оларды дамыту
2.1 Ұлттық ою – өрнектердің түрлі салаларда қолданылуы
2.2 Қазақ ою - өрнектерін қазіргі заманға сай қолданысқа енгізу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
№35 мектеп – гимназиясының
2 «В» сынып оқушысы
Нағым Меруеттің «Қазақ халқының
ұлттық ою-өрнектерінің
маңыздылығы» атты ғылыми
зерттеу жұмысына
Пікір
Ғылыми зерттеу жұмысын бастамас бұрын Мерует 1 сыныпта
еңбекке баулу пәнінен өтілген сабақтарымдағы ою – өрнектер қиып алудан бастап
қызығушылық танытып, сол күннен бастап сол қазақтың ұлттық оюларын
зерттеумен шұғылдануды жөн көрді. Ол осы жұмысын жазғы демалысында
тереңірек зерттеп жандандыра түсті. Мерует қазақ ұлттық ою – өрнектерінің даму
тарихын, түрлерін зерттеп және оны қазіргі заман жастарына қолдануды
насихаттау мәселесін алға қоюды мақсат етті.
Ғылыми зеттеу жұмысының бірінші бөлімінде «Қазақ ұлттық ою-
өрнектерінің тарихын және қазақ ұлттық ою-өрнектерінің түрлері» деп алып,
тереңірек түсінік беріп өткен. Ал екінші бөлімінде қазақтың ұлттық ою –
өрнектерін қазіргі заман талабына сай қолданысқа енгізілуіне зерттеу
жұмыстарын жүргізген.
Нағым Мерует бұл зерттеу жұмысын еңбекке баулу сабақтарында және
оқушылар бос уақыттарында қосымша материал ретінде ортаға салып отырды.
Ғылыми зерттеу жұмысын оқып, талдап оқушының алға қойған мақсатына
жеткізе білді.
Ғылыми жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнұр
№35 мектеп – гимназиясының
2 «В» сыныпоқушысы
Нағым Меруеттің «Қазақхалқының
ұлттық ою-өрнектерінің
маңыздылығы» атты ғылыми
зерттеу жұмысына
Пікір
Ғылыми зерттеу жұмысында №35 мектеп – гимназиясының 2 «В» сынып
оқушысы Нағым Мерует қазақ ұлттық ою-өрнектерінің мән-мағынасын біліп, оны
мектеп жасындағы оқушыларға жеткізе білген.
Қазақ ұлттық ою – өрнектері арқылы салт – дәстүріміздің жоғалмауына,
болашақтың тірегі жас ұрпаққа дәріптеуді мақсат еткен. Ғылыми зеттеу
жұмысының бірінші бөлімінде «Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихын және
қазақ ұлттық ою-өрнектерінің түрлері» деп алып, тереңірек түсінік беріп өткен.
Ал екінші бөлімінде қазақтың ұлттық ою – өрнектерін қазіргі заман талабына сай
қолданысқа енгізілуіне зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Нағым Мерует бұл зерттеу жұмысын еңбекке баулу сабақтарында көрнекі
материал ретінде қолдануға болады.
Ғылыми зерттеу жұмысын оқи отырып, оқушының алға қойған мақсатына
жеткенін байқауға болады.
Тарих пән мұғалімі: ЕлесіноваГүлсім Қайратқызы
Аңдатпа
Зерттеу жұмысым кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен
қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі,
мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз
көрсетілді. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: «Ұлттық ою – өрнектердің түрлі
салаларда қолданылуы» деп аталатын бірінші тарау және «Қазақ ою - өрнектерін
қазіргі заманға сай қолданысқа енгізу» деп аталатын екінші тараудан тұрады.
Бірінші тарауда ұлттық ою – өрнектерді түрлі салаларда қолдану ерекшеліктерін
атап көрсеттім, екінші тарауда осы ою – өрнектерді қазіргі заман талабына сай
қолданысқаенгізу мәселесі зерттелді. Қорыытындыбөлімде осы жасалған зерттеу
жұмыстарыма нәтиже жасалды. Жұмыс барысында негізгі және қосымша
әдебиеттер толық қарастырылып, барлық мәліметтер жинақталды. Сондай-ақ
интернет жүйесінде бірсыпыра жұмыс жасалды. Зерттеу жұмысына күнделік
жазылып, арнайы слайдтар, альбомдар жасақталды.
Аннотоция
Моя исследовательская работасостоит из начала, основнойчасть, которая состоит
из двух частей и итоговой части. Начало моей работы заключает в раскрытии
исследования его необходимости наблюдения, его цели. Основная часть состоит
из 2 разделов. І раздел называется: «Использование казахских национальных
орнаментов в разных отраслях казахского быта». ІІ раздел называется:
«Применение в современныхусловияхказакских национальных орнаментов». В 1
разделе рассказала о разновидности казахских узоров и их применение в разных
отраслях народного быта. Во 2 разделе провела исследовательскую работу по
внедрению и распространению казахских узоров в повседневной жизни. В
заключении по итогам исследовательской работы я пришла к определенным
выводам. Во время работы были использованы художественная, научная
литература, где были собраны основные заключения моей работы. Также была
проведена работа с интернетом. В исследовании я провела дневник наблюдения,
слайды и создала альбом.
Annation
Introduetion and basic research work consists of two chapfers and a conclusion fhat fhe
problem. The relevance of the topic to stuoly tne situation in the preamble,the purpose
and tasks in orderto achieve this qoal. The main part consists of two parts: «formulas
bsed in various fields of national ornament is tne so-called chapters of the first and
second chapters.» The first chapter national ornaments nany poinfed oul tne feftures of
tne application areas, seconol chapter fhis ornaments studied the issue of introduction of
a modern; The final section of this was the result of research work. Durinq tne primary
andqecondary literature fully considered all of the; nformation collected. Fs well fs the
Interntt relt ased a number of albums recorded in the diary of presentafions.
Кіріспе
Қазақ ұлттық ою - өрнектерінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар.
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып
келе жатқан өнер түрі. Ұлттық ою - өрнектер халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасқан эститикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи
және кәсіби дамуынан мағлұматтар береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ ұлттық ою-өрнектері туралы тарихи
зерттеулер жүргізе отырып, күнделікті өмірде жаңа заман ағымына сай
пайдалануды талқылау.
Болжам: Ұлттық ою-өрнектүрлетін күнделікті өмір көрінісі ретінде
қалыптастыруға баса мән бере отырып,ою-өрнектіңтүрлері мен дайынлалу
жолдарынөз бетімен үйрену және қолдану мәселелерін алға қойсақ, ұлттық
болмысымызайқынәрі мықты болады.
Зерттеу жұмысының міндеті: Ұлттық ою-өрнек бедерімізді көне мұра ретінде
таныту арқылы түрлері және жасалу әдіс-тәсілдерінен танымдылықтарын
арттырып, болашақтағы дамуы мен тәрбиелік мәнін ашу,
Тақырыптың өзектілігі: Ұлттық ою-өрнектерді зерттей отырып, халқымыздың
ою-өрнегінің өшуге, жоғалуға жатпайтынын жас ұрпаққа дәріптеу
Зерттеу әдісі: Сауалнама, сұхбат, бақылау жүргізу; ою-өрнектерге байланысты
материал жинақтап, оны іріктеу,талдау, жүйелеу әдістері
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:Қазақ ою - өрнектерін қазіргі заманға сай
қолданысқаенгізу.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: аңдатпа, кіріспе, негізгі зерттеу бөлімі,
қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
«Оюы көптің өрнегі көп,
өрнегі көптің ермегі көп»
Халық мақалы
Қазақ ұлттық ою - өрнектерінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар.
Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып
келе жатқан өнер түрі. Ұлттық ою - өрнектер халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасқан эститикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи
және кәсіби дамуынан мағлұматтар береді. Қазақ халқы өзінің ұзақ даму
тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым - қатынаста
болғандығы мәлім. Сондай - ақ бүгінге дейін орыс халқымен ұдайы мәдени
байланыста. Сондықтан қазақ халқының негізін құрайтын ою - өрнектерді
көршілес елдердің қолөнерінен де кездестіруге болады. Қазақ ою - өрнегін
зерттеген Еуропа, орыс ғалымдары қате пікірлер айтып, осы өнердің дамуына
кедергі туғызды.
Қазақ қолөнерін зерттей келе ою-өрнек өнерін жоғары деңгейде дамып қана
қоймай, көршілес елдердің қолөнеріне үлкен әсер еткізгеніне көз жеткіздік. Қазақ
ою - өрнегін алғаш зерттеген қазақ ғалымы - Төлеу Бәсенов.
Ол қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі болып табылатын ою-өрнекті
түбегейлі зерттеп, көптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб,
иран оюларынан басты айырмашылығы ою өрнектің әрбір элементі дара тұрады.
Төлеу Бәсенов негізінен ел арасынан жиналған қолөнер туындыларын альбом
етіп шығарып, әсемдік тектес ою - өрнектердің даму тарихын және оншақты ою
нұсқасын қалдырды. Бүгінгі әшекейлеудің басты құралы ретінде, біз қолданып
жүрген ою - өрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі. Туымыздан орын
алған ою - өрнек те осының айғағы. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау
құндылық бүгінде азаматтығымыздың нышаны - көк байрағымызды да
көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те
қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып
білеміз, өйткені ою -өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден
келе жатқан мәдениеті. Кеңес үкіметі кезінде ертеден жеткен қолөнер
туындылары мұражайда ғана сақталды. Көбінесе бұл өнер туындыларына ескінің
сарқыншағы ретінде қарады. Қазір егемен елдің қолөнер туындылары басқа
қырынан жаңаша көрініс тапты, ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды.
Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне
мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай
жаңғыртып,байытушы. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан-
жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін
де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму
жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Менің пайымдауымша,
бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің
бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі
талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Ою-өрнектерді түрлендіру
арқылы мазмұнды оюөрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. Өнер өлмейді,
өнер көнермейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп, жемістене береді.
Ою-өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Осы
ою-өрнекті өз өмірлерінің мәні мен сәніне айналдырғаны сонша ою-өрнек туралы
бірнеше аңыздар мен ертегілер де бар.
Қазақ ою-өрнегіәлі түбегейлі зерттеліп болған жоқ,дегенмен, бұл өнер саласын
белгілі бір жүйеге келтіруге архитектор - ғалым Төлеу Бәсеновтың ою туралы
біраз деректер қалдырғанын білеміз.Сол ою-өрнек саласын зертеп жүрген
ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп,мынадай топтарға бөлген.
1.Өсімдік типтес ою-өрнектер («жапырақ», «үшжапырақ», «шиыршық», «ағаш»);
2.Зооморфтық-ою-өрнек (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері)
«қошқармүйіз»,және оның түрлі нұсқалары «қосмүйіз», «сынықмүйіз»,
«қырықмүйіз», сондай-ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты»;
3.Космогониялық өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз»)
Қазақ ою-өрнегінің арқауы болған «мүйіз» оюы заманымызға сай түрленіп,
жаңа ұғымда жаңа мазмұнда қолдануда. Қазақ дәстүрлі мәдениетінде жастарға
өзінің тұрмыс жағдайын, ақыл-парасаттың, әдептілік, адамгершілік, мейірімділік,
тәлім-тәрбие ұғымдарын кілемшедегі ою-өрнек нақыштардың мағыналық
ерекшеліктерімен жеткізіп отырған. Жоғарыда аталған негізгі ою-өрнек түрінен
бөлек қазақ шеберлері көп қолданылатын ою-өрнек элементтерінің мынандай
атаулары бар:
а) Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз,
айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпір-қосақ, т.б.
ә) заттардыңатауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, балдақ, күмбез,
табақ, қармақ, т.б.
б) эпиграфиялық өрнектер – яғни, жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір
заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу.
в) ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ен-таңбаларға
байланысты ою-өрнекэлементтері: тұмар, айшық, босаға, абақ, тарақ, көз, шөміш,
шылбыр, көсеу, ашамай, т.б.
Қазақ ою-өрнегі бейнелеу өнерінің сәндік үлгісі ғана емес, ол философиялық
ойға, терең мағынаға негізделген.
Ою-өрнектегі әшекей белгілер халықтың қоршаған орта, өмірі туралы ұғым-
түсінігін, ойлау жүйесінің, көркемдік ой–қиялының көрінісі.
Мұндағы түр мен түстің символикасы, магиялық нышан белгілері біртұтас
образ ретінде белгілі бір мағыналық қызмет атқарады. Көгілдір түс, әдетте
аспанды, қызыл түс – от пен тіршілік негізін бейнелесе, жасыл түс – көктем мен
гүлденудің, ақ түс – адам өміріндегі жоғарғы құндылықтардың, сары түс –
даналық пен ақыл–ойдың, ілім – білімнің нышаны саналған.
Ою деген сөзбен өрнек сөзінің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені
ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір
нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.Ал өрнек дегеніміз әр
түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген
көркемдік түрлердің әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою
өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан
іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен
аңшылықты, екіншіден, жер су,көшіп қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті
өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске
беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою үлгілерін жатқа
жасап,оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай
адамдарды «Оюшы»деп атады. Әрбір елде,әрбір руда атағы шыққан оюшылар
болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге
таратып отырды. Халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір
түрлеріне тоқталсақ,
Тұмарша көне дәуірден тіл көзден кесір-
кесапаттан сақтайтын киелі ұғым болып
қалыптасқан бұйым. Тұмарша ою-өрнегіүшбұрыш
үлгілес болып келеді. Кілем бұйымдарының
жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын
көмкеруде кездеседі.
Қос дөңгелек. Қазақ ою-өрнегінде геометриялық
үлгінің жекеленген түрлері өте көне заманнан бері
сақталған. Ол негізінен аспан әлемінде Күн мен
Ай сынды ғаламшарлардың тылсымынан туған
болуы керек.
Балта – халқымыз тұтынған көне құралдардың
бірі. Әрі қорғаны, әрі күнкөріс құралы. Сол
себептен бұл ою көбіне төсеніш, сырмақ, алаша
сынды бұйымдарға салынады. Қызыл қоңыр, көк,
қара түстерге боялады.
Қарға табан. Қарға түскен небір айшықты
іздердің негізінде пайда болған. Түскиіздер мен
алашаларда жиі кездесетін бұл өрнек
геометриялық және зооморфтық үлгідегі ою
бедерлерін біріктіру негізінде қолданылады.
Негізінен көк, сары, қызылы, қоңы түстерге
боялады.
Ит құйрық. Ит құйрық табиғат түрлерін
шығармашылықпен бейнелеу үлгісінен туған.
Мұндай оюлар төрт түлік малға, мал күту рәсіміне
байналысты бұйымдарда, шығармаларда
қолданылып жатады.
Гүл ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл
өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш
жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-
өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім-
кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне
салады.
Ирек, су. "Бұлақ көрсең – көзін аш" деп өсиет
қалдырған ата-бабамыз суды өмір нәрі, тіршілік
көзі деп түсінген. Бұл өрнек те сол қадір-қасиеттің
айғағы. Ирек, су өрнегі көбіне көгілдір, көк сия
түстерге боялады.
Ботакөз. Ботаның көзі іспеттес келетін бұл өрнек
көбіне оюлы бұйымдардың жиектері көмкеруде
қолданылады. Әсем өрнек композицияның
орталық бөлігінде де кездесе береді, ою бірнеше
рет қайталанғанда жиектеме түзейді.
Бес таңба. Оюдың бұл түрі дүниенің төрт
бұрышын шартты түрде бейнелеу ұғымын
білдіреді. Сондықтан да, дүние жүзі
халықтарының шығармалары және ТМД
халықтарының еңбектеріне қойылып жатады.
Зерттеу бөлімі
Омыртқа – жалпы дене бітіміндегі ең негізгі
мүше. Қиымл, іс-әрекеттің барлығы дерлік осы
арқылы жасалады. Осы анатомиялық қасиеттер
өрнекте сақталып қалған. Яғни, ою
композицияның орталығында да, жиегінде де
кездесе береді.
Ұлттық ою-өрнектердің қазіргі заман талабына сай қолдану мен оларды күннен
- күнге одан әрі дамытып, ерекшеленіп, әртүрлі салаларда қолдану тәсілдерімен
олардың тарихын зерттеу. Бұған арқау болған, бірінші сыныпта еңбек сабағынан
қазақтың ұлттық ою - өрнектері тақырыбында сабағымыз өтіп жатқан. Айнұр
Асхатқызы ою-өрнектің бірнеше түріне ғана тоқталып өтті және бұдан басқа да
200-ге жуық түрінің бар екенін айтып өтті. Осы сабақтан кейін қазақ халқының
ою-өрнектеріне деген қызығушылығым артты. Соданалдыма мақсат етіп қойдым.
Өз елімнің ою- өрнектерін жан- жақты іздестіріп, әр оюдың мән- мағынасын
сыныптас оқушыларыма неге айтпасқа деп ойландым. Ең бірінші сынып
оқушыларына, яғни өз сыныбыма сауалнама жүргізуден бастадым.
Сауалнама сұрақтары:
1. Ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер?
а) киіз үй ә) қошқармүйіз б) аспан
2. Оюды неде пайдаланады?
а) кілемде ә)қалада б)партада
3. Оюлар неше бұрышты болады?
а) ұзын ә) қысқа б)төртбұрышты
4.Ою-өрнек неде бейнеленген?
а) Әнұран ә) Елтаңба б) Ту
5.Өсімдік оюларына қандай оюлар жатады?
а) Балдақ ә) Ағаш б)Ирек
6. Геометриялық оюларды ата:
а) жапырақ ә) мүйіз б) шеңбер
7.Жануарлар оюларына жататын оюларды ата:
а) Ирек ә) түйетабан б)Қармақ
Нәтижесінде диаграммаға түсіру арқылы анықтадым. Осыдан келіп, менде
ою өрнектің қыры мен сырын білуге деген қызығушылық оянды. Мен ата-
анаммен бірге Сланов атындағы, Авангард мөлтек ауданында орналасқан .....
кітапханаға барып ою- өрнектер туралы мәліметтер жинадым. Мен олардың
барлығын кітапша және альбом түрінде жасақтап отырдым. Сонымен бірге әр
алған әсерім туралы күнделікке жазып отырдым. Ою өрнекті оқушыларға
таныстырмас бұрыноны зерттеген архитектор ғалым Төлеу Бәсенов туралы ақпар
бердім. Оқушылар қызығушылық таныта бастады. Олар сан қырынан сұраған
сайын менің де ізденушілік қабілетім артты десем де болады. Каникул күндерінде
анамның кітапханасына бардым. ОндаОю хан мен Жою хан ертегісін тауып алып,
оқыдым. Ондаоюдың тарихы, мағынасы толығымен ашылған. Тіпті оюды салып,
қалай қию керектігіне дейін көрсетілген. Сол ою түрлерінің бір екеуін үйреніп
алдым да, сыныптастарыма да үйретіп отырдым. Әр оюдың мағынасын міндетті
түрде айтып кетемін. Бірде әжемнің үйіне барсам, бесікке көрпеше жасап отыр
екен. Мен де қасына отырдым. Бір мезгілде бесіктің белдемшесіне қошқармүйіз
бен геометриялық пішінді үшбұрыш оюын салып жатты. Неліктен осы оюды
салып жатқанын сұрағанымда оны ойып салу жеңіл екендігін айтты. Менің
қызығушылығым оданбетер артты. Енді мен қазақ ою - өрнектерін қазіргі заманға
сай қолданыста жүрген түрлі бағыттағы мысалы, киім - кешекке, тұрмыстық
бұйымдарға қолданылатындығын айтуға болады.
Осы мақсатта мен «Өнерпаз» үйіне барып,сұхбат жүргізген болатынмын.
.....апай осы ою өрнектермен жұмыс жасауды қайдан үйреніп алдыңыз?
Менің әжем ою өрнек шебері болған.Әжемнің қасынан бала кезімнен
қызығушылық танытып,осы өнерді баулимын деп ынталанып жүргем.
Апай қандай ою өрнекттерді көптеп қолданасыз?
Көбіне «қошқармүйіз» оюы түгеліне жатық, сондықтан соны қолдану ыңғайлы.
Ал сіз осы оюларды қандай қолөнерде қолданасыз?
Мен оюларды қолөнердің көп түрлеріне қолданамын, әсіресе, үлкен
мекемелер салтанатты киім үлгілері мен қазақ ұлттық киімдер үлгілерін ұсынады.
Сол кезде олардың дизайндарында көптеген қазақ ұлттық ою өрнектер
қолданыста болады. Сонымен қатар жарнамаларда, жарнамалық ілінімдерде,
марапаттауларда, ұлттық рәміздерде және кітап журналдарда қолданылады. Осы
сұхбаттан кейін маған ой келді жарнамалық агенттікке барып, қаламыма ою -
өрнек жапсыртып алмасқа деген. Сөйтіп мен ою өрнекпен өрнектелген қалам
ұстап жүрмін. Оқушылардың барлығының назары түсті. Алдағы уақытта сынып
ішіндегі оқушыларға да күнделік мұқабасына барлығымыз бірдей етіп, ою -
өрнекпен көмкерілген мұқаба ұстауға ұсыныс жасадым. Сыныбымдағыоқушылар
келісті. Бұл жобамды алдағы уақытта мектепке де айтқым келеді. Осылай қазақ
ою – өрнектері күнделікті оқушылар көз алдарында жүргенде, біздің ұлттық салт
– дәстүріміз ұмытылмай, ұрпақтан – ұрпаққа мұра ретінде қалатынына сенімім
мол.
Қорытынды:
Ою-өрнек өнері халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен біте
қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекше, құнды
болғандықтан, ұлт мәдениетін айқындайтын өте маңызды, және аса қажетті сала.
Міне, осы ою-өрнектің тарихын, ерекшеліктері мен дамуын зерттеуші ғалымдар,
бұл саланың да өзіндік үлгіде дамытып, жаңғыртып отыратын шеберлері
болатынын, олардың шығармашылық еңбектері өзге өнер түрлеріндегі
адамдардыкі сияқты көзге түсіп, бағалана бермейтіні және олардың
шығармашылығы жөнінде өз бағасын беріп, саралау кезеңі туғаны жөнінде
сауалды мәселелерді қозғап, көңіл бөлер жайттары алға тарта бастауда. Қазақ
халқының өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттық тәлім- тәрбиесінің
асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Оның ұрпақ
тәрбиесінің негізіне алынуы еліміздің мүддесі, халқымыздың талабы.
Ұлттық ою-өрнектердің бүгінгі заманға пайдасы зор. Ендігі міндет
ұлттық дүниетанымын ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман
талабына сай жетілдіріп, көркем, рухани қазына ретінде пайдалана білу.
Қазақ қолөнерінің күрделі саласы ою-өрнекті әлі де ғылыми тұрғыдан
тереңірек зерттей түсу қажет.
Қорыта айтқанда ою-өрнек дегеніміз-дәлдік, есеп, теңдік,
үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық,
ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық
ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды,
тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген құштарлық
жиын-тығы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ою-өрнекой айтар... Авторы:З.Ақайқызы Алматы «Рауан» 1986ж.
2. Сен білесің бе? «Ұлттық ою-өрнектер»
3. Қазақ халқының дәстүрліөнері Авторы:М.Өмірбекова «Алматыкітап»
ААҚ, 2003ж.
4. Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері Алматыкітап 2003ж.
5. Қосымшалар:
1. Ою-өрнектер бейнеленген бұйымдар.

More Related Content

What's hot (13)

Lgi predshkol
Lgi predshkolLgi predshkol
Lgi predshkol
 
біздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыкабіздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыка
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмыс
 
жақсылық к.авторлық бағдарлама
жақсылық к.авторлық бағдарламажақсылық к.авторлық бағдарлама
жақсылық к.авторлық бағдарлама
 
Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
 
ТІЛ ДАМЫТУ
ТІЛ ДАМЫТУТІЛ ДАМЫТУ
ТІЛ ДАМЫТУ
 
963укцкуцкуц
963укцкуцкуц963укцкуцкуц
963укцкуцкуц
 
қадыр мырза әлі
қадыр  мырза әлі қадыр  мырза әлі
қадыр мырза әлі
 
жумашева салкен култаевна
жумашева салкен култаевнажумашева салкен култаевна
жумашева салкен култаевна
 
112укцукукыы
112укцукукыы112укцукукыы
112укцукукыы
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
счч
сччсчч
счч
 
таңдау курсы бағдарламасы шәкәрімтану
таңдау курсы бағдарламасы шәкәрімтанутаңдау курсы бағдарламасы шәкәрімтану
таңдау курсы бағдарламасы шәкәрімтану
 

Similar to мерует копия

қазақстан мұражайлары сабақ жоспары
қазақстан мұражайлары сабақ жоспарықазақстан мұражайлары сабақ жоспары
қазақстан мұражайлары сабақ жоспарыAsem Sarsembayeva
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыBilim All
 
Мәдениеттің дамуы
Мәдениеттің дамуыМәдениеттің дамуы
Мәдениеттің дамуыBilim All
 
силлабус по философия каз ++
силлабус по философия каз ++силлабус по философия каз ++
силлабус по философия каз ++Asem Sarsembayeva
 
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...Айбек Қуандықұлы
 
гүлмира шығаруп
гүлмира шығарупгүлмира шығаруп
гүлмира шығарупNurlan Abilhanov
 
808апапаааааааааааа
808апапаааааааааааа808апапаааааааааааа
808апапааааааааааааnurlan93kz
 
Дүниетану СОӨЖ 3.pptx
Дүниетану СОӨЖ 3.pptxДүниетану СОӨЖ 3.pptx
Дүниетану СОӨЖ 3.pptxkorkemnurlybayeva
 
Мақал-мәтел.pptx
Мақал-мәтел.pptxМақал-мәтел.pptx
Мақал-мәтел.pptxssuser93d5e7
 
болшы гүлжан қонысбекқызы
болшы гүлжан қонысбекқызыболшы гүлжан қонысбекқызы
болшы гүлжан қонысбекқызыAsem Sarsembayeva
 
школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)botatileubay
 
35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарихsanvia
 
алмаш 20143ж ақтау
алмаш 20143ж ақтауалмаш 20143ж ақтау
алмаш 20143ж ақтауNurlan Abilhanov
 

Similar to мерует копия (20)

қазақстан мұражайлары сабақ жоспары
қазақстан мұражайлары сабақ жоспарықазақстан мұражайлары сабақ жоспары
қазақстан мұражайлары сабақ жоспары
 
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуыҒылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
 
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Ою ойғанның ойы ұшқырОю ойғанның ойы ұшқыр
Ою ойғанның ойы ұшқыр
 
циркте ашық сабақ (1)
циркте ашық сабақ (1)циркте ашық сабақ (1)
циркте ашық сабақ (1)
 
Мәдениеттің дамуы
Мәдениеттің дамуыМәдениеттің дамуы
Мәдениеттің дамуы
 
силлабус по философия каз ++
силлабус по философия каз ++силлабус по философия каз ++
силлабус по философия каз ++
 
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...
 
гүлмира шығаруп
гүлмира шығарупгүлмира шығаруп
гүлмира шығаруп
 
808апапаааааааааааа
808апапаааааааааааа808апапаааааааааааа
808апапаааааааааааа
 
Дүниетану СОӨЖ 3.pptx
Дүниетану СОӨЖ 3.pptxДүниетану СОӨЖ 3.pptx
Дүниетану СОӨЖ 3.pptx
 
Мақал-мәтел.pptx
Мақал-мәтел.pptxМақал-мәтел.pptx
Мақал-мәтел.pptx
 
болшы гүлжан қонысбекқызы
болшы гүлжан қонысбекқызыболшы гүлжан қонысбекқызы
болшы гүлжан қонысбекқызы
 
айбекова ғылыми 15 сш docx
айбекова ғылыми 15 сш docxайбекова ғылыми 15 сш docx
айбекова ғылыми 15 сш docx
 
школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)школьный музей выступление (1)
школьный музей выступление (1)
 
35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих35 жыл ундескен тарих
35 жыл ундескен тарих
 
Киіз үй
Киіз үйКиіз үй
Киіз үй
 
Hjg
HjgHjg
Hjg
 
Baian.re
Baian.reBaian.re
Baian.re
 
8 дәріс
8 дәріс8 дәріс
8 дәріс
 
алмаш 20143ж ақтау
алмаш 20143ж ақтауалмаш 20143ж ақтау
алмаш 20143ж ақтау
 

мерует копия

  • 1. Бағыты: Этномәдениет Ғылыми жобаның тақырыбы «Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерінің маңыздылығы» Мазмұны: Аңдатпа Кіріспе 1.1 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихы 1.2 Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің түрлері Зерттеу бөлімі 2. Ұлттық ою-өрнектерді қазіргі заман талабына сай қолдану және оларды дамыту 2.1 Ұлттық ою – өрнектердің түрлі салаларда қолданылуы 2.2 Қазақ ою - өрнектерін қазіргі заманға сай қолданысқа енгізу Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
  • 2. №35 мектеп – гимназиясының 2 «В» сынып оқушысы Нағым Меруеттің «Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерінің маңыздылығы» атты ғылыми зерттеу жұмысына Пікір Ғылыми зерттеу жұмысын бастамас бұрын Мерует 1 сыныпта еңбекке баулу пәнінен өтілген сабақтарымдағы ою – өрнектер қиып алудан бастап қызығушылық танытып, сол күннен бастап сол қазақтың ұлттық оюларын зерттеумен шұғылдануды жөн көрді. Ол осы жұмысын жазғы демалысында тереңірек зерттеп жандандыра түсті. Мерует қазақ ұлттық ою – өрнектерінің даму тарихын, түрлерін зерттеп және оны қазіргі заман жастарына қолдануды насихаттау мәселесін алға қоюды мақсат етті. Ғылыми зеттеу жұмысының бірінші бөлімінде «Қазақ ұлттық ою- өрнектерінің тарихын және қазақ ұлттық ою-өрнектерінің түрлері» деп алып, тереңірек түсінік беріп өткен. Ал екінші бөлімінде қазақтың ұлттық ою – өрнектерін қазіргі заман талабына сай қолданысқа енгізілуіне зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нағым Мерует бұл зерттеу жұмысын еңбекке баулу сабақтарында және оқушылар бос уақыттарында қосымша материал ретінде ортаға салып отырды. Ғылыми зерттеу жұмысын оқып, талдап оқушының алға қойған мақсатына жеткізе білді. Ғылыми жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Мусина Айнұр
  • 3. №35 мектеп – гимназиясының 2 «В» сыныпоқушысы Нағым Меруеттің «Қазақхалқының ұлттық ою-өрнектерінің маңыздылығы» атты ғылыми зерттеу жұмысына Пікір Ғылыми зерттеу жұмысында №35 мектеп – гимназиясының 2 «В» сынып оқушысы Нағым Мерует қазақ ұлттық ою-өрнектерінің мән-мағынасын біліп, оны мектеп жасындағы оқушыларға жеткізе білген. Қазақ ұлттық ою – өрнектері арқылы салт – дәстүріміздің жоғалмауына, болашақтың тірегі жас ұрпаққа дәріптеуді мақсат еткен. Ғылыми зеттеу жұмысының бірінші бөлімінде «Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихын және қазақ ұлттық ою-өрнектерінің түрлері» деп алып, тереңірек түсінік беріп өткен. Ал екінші бөлімінде қазақтың ұлттық ою – өрнектерін қазіргі заман талабына сай қолданысқа енгізілуіне зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нағым Мерует бұл зерттеу жұмысын еңбекке баулу сабақтарында көрнекі материал ретінде қолдануға болады. Ғылыми зерттеу жұмысын оқи отырып, оқушының алға қойған мақсатына жеткенін байқауға болады. Тарих пән мұғалімі: ЕлесіноваГүлсім Қайратқызы
  • 4. Аңдатпа Зерттеу жұмысым кіріспе және негізгі мәселені қамтитын екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеуге түсіп отырған тақырыптың өзектілігі, мақсаты және ол мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді орындау керектігіміз көрсетілді. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: «Ұлттық ою – өрнектердің түрлі салаларда қолданылуы» деп аталатын бірінші тарау және «Қазақ ою - өрнектерін қазіргі заманға сай қолданысқа енгізу» деп аталатын екінші тараудан тұрады. Бірінші тарауда ұлттық ою – өрнектерді түрлі салаларда қолдану ерекшеліктерін атап көрсеттім, екінші тарауда осы ою – өрнектерді қазіргі заман талабына сай қолданысқаенгізу мәселесі зерттелді. Қорыытындыбөлімде осы жасалған зерттеу жұмыстарыма нәтиже жасалды. Жұмыс барысында негізгі және қосымша әдебиеттер толық қарастырылып, барлық мәліметтер жинақталды. Сондай-ақ интернет жүйесінде бірсыпыра жұмыс жасалды. Зерттеу жұмысына күнделік жазылып, арнайы слайдтар, альбомдар жасақталды. Аннотоция Моя исследовательская работасостоит из начала, основнойчасть, которая состоит из двух частей и итоговой части. Начало моей работы заключает в раскрытии исследования его необходимости наблюдения, его цели. Основная часть состоит из 2 разделов. І раздел называется: «Использование казахских национальных орнаментов в разных отраслях казахского быта». ІІ раздел называется: «Применение в современныхусловияхказакских национальных орнаментов». В 1 разделе рассказала о разновидности казахских узоров и их применение в разных отраслях народного быта. Во 2 разделе провела исследовательскую работу по внедрению и распространению казахских узоров в повседневной жизни. В заключении по итогам исследовательской работы я пришла к определенным выводам. Во время работы были использованы художественная, научная литература, где были собраны основные заключения моей работы. Также была проведена работа с интернетом. В исследовании я провела дневник наблюдения, слайды и создала альбом.
  • 5. Annation Introduetion and basic research work consists of two chapfers and a conclusion fhat fhe problem. The relevance of the topic to stuoly tne situation in the preamble,the purpose and tasks in orderto achieve this qoal. The main part consists of two parts: «formulas bsed in various fields of national ornament is tne so-called chapters of the first and second chapters.» The first chapter national ornaments nany poinfed oul tne feftures of tne application areas, seconol chapter fhis ornaments studied the issue of introduction of a modern; The final section of this was the result of research work. Durinq tne primary andqecondary literature fully considered all of the; nformation collected. Fs well fs the Interntt relt ased a number of albums recorded in the diary of presentafions.
  • 6. Кіріспе Қазақ ұлттық ою - өрнектерінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Ұлттық ою - өрнектер халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эститикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар береді. Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ ұлттық ою-өрнектері туралы тарихи зерттеулер жүргізе отырып, күнделікті өмірде жаңа заман ағымына сай пайдалануды талқылау. Болжам: Ұлттық ою-өрнектүрлетін күнделікті өмір көрінісі ретінде қалыптастыруға баса мән бере отырып,ою-өрнектіңтүрлері мен дайынлалу жолдарынөз бетімен үйрену және қолдану мәселелерін алға қойсақ, ұлттық болмысымызайқынәрі мықты болады. Зерттеу жұмысының міндеті: Ұлттық ою-өрнек бедерімізді көне мұра ретінде таныту арқылы түрлері және жасалу әдіс-тәсілдерінен танымдылықтарын арттырып, болашақтағы дамуы мен тәрбиелік мәнін ашу, Тақырыптың өзектілігі: Ұлттық ою-өрнектерді зерттей отырып, халқымыздың ою-өрнегінің өшуге, жоғалуға жатпайтынын жас ұрпаққа дәріптеу Зерттеу әдісі: Сауалнама, сұхбат, бақылау жүргізу; ою-өрнектерге байланысты материал жинақтап, оны іріктеу,талдау, жүйелеу әдістері Зерттеудің ғылыми жаңалығы:Қазақ ою - өрнектерін қазіргі заманға сай қолданысқаенгізу. Зерттеу жұмысымның құрылымы: аңдатпа, кіріспе, негізгі зерттеу бөлімі, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
  • 7. «Оюы көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп» Халық мақалы Қазақ ұлттық ою - өрнектерінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Ұлттық ою - өрнектер халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эститикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар береді. Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым - қатынаста болғандығы мәлім. Сондай - ақ бүгінге дейін орыс халқымен ұдайы мәдени байланыста. Сондықтан қазақ халқының негізін құрайтын ою - өрнектерді көршілес елдердің қолөнерінен де кездестіруге болады. Қазақ ою - өрнегін зерттеген Еуропа, орыс ғалымдары қате пікірлер айтып, осы өнердің дамуына кедергі туғызды. Қазақ қолөнерін зерттей келе ою-өрнек өнерін жоғары деңгейде дамып қана қоймай, көршілес елдердің қолөнеріне үлкен әсер еткізгеніне көз жеткіздік. Қазақ ою - өрнегін алғаш зерттеген қазақ ғалымы - Төлеу Бәсенов. Ол қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі болып табылатын ою-өрнекті түбегейлі зерттеп, көптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб, иран оюларынан басты айырмашылығы ою өрнектің әрбір элементі дара тұрады. Төлеу Бәсенов негізінен ел арасынан жиналған қолөнер туындыларын альбом етіп шығарып, әсемдік тектес ою - өрнектердің даму тарихын және оншақты ою нұсқасын қалдырды. Бүгінгі әшекейлеудің басты құралы ретінде, біз қолданып жүрген ою - өрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі. Туымыздан орын алған ою - өрнек те осының айғағы. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде азаматтығымыздың нышаны - көк байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз, өйткені ою -өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті. Кеңес үкіметі кезінде ертеден жеткен қолөнер туындылары мұражайда ғана сақталды. Көбінесе бұл өнер туындыларына ескінің
  • 8. сарқыншағы ретінде қарады. Қазір егемен елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңаша көрініс тапты, ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып,байытушы. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан- жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Менің пайымдауымша, бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Ою-өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды оюөрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. Өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Ою-өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Осы ою-өрнекті өз өмірлерінің мәні мен сәніне айналдырғаны сонша ою-өрнек туралы бірнеше аңыздар мен ертегілер де бар. Қазақ ою-өрнегіәлі түбегейлі зерттеліп болған жоқ,дегенмен, бұл өнер саласын белгілі бір жүйеге келтіруге архитектор - ғалым Төлеу Бәсеновтың ою туралы біраз деректер қалдырғанын білеміз.Сол ою-өрнек саласын зертеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп,мынадай топтарға бөлген. 1.Өсімдік типтес ою-өрнектер («жапырақ», «үшжапырақ», «шиыршық», «ағаш»); 2.Зооморфтық-ою-өрнек (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері) «қошқармүйіз»,және оның түрлі нұсқалары «қосмүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», сондай-ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты»; 3.Космогониялық өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз») Қазақ ою-өрнегінің арқауы болған «мүйіз» оюы заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда жаңа мазмұнда қолдануда. Қазақ дәстүрлі мәдениетінде жастарға өзінің тұрмыс жағдайын, ақыл-парасаттың, әдептілік, адамгершілік, мейірімділік, тәлім-тәрбие ұғымдарын кілемшедегі ою-өрнек нақыштардың мағыналық ерекшеліктерімен жеткізіп отырған. Жоғарыда аталған негізгі ою-өрнек түрінен
  • 9. бөлек қазақ шеберлері көп қолданылатын ою-өрнек элементтерінің мынандай атаулары бар: а) Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: ай, күн, жұлдыз, айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпір-қосақ, т.б. ә) заттардыңатауына байланысты өрнектер: балға, балта, тарақ, балдақ, күмбез, табақ, қармақ, т.б. б) эпиграфиялық өрнектер – яғни, жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу. в) ру таңбалары мен ел таңбалары және малға салынатын ен-таңбаларға байланысты ою-өрнекэлементтері: тұмар, айшық, босаға, абақ, тарақ, көз, шөміш, шылбыр, көсеу, ашамай, т.б. Қазақ ою-өрнегі бейнелеу өнерінің сәндік үлгісі ғана емес, ол философиялық ойға, терең мағынаға негізделген. Ою-өрнектегі әшекей белгілер халықтың қоршаған орта, өмірі туралы ұғым- түсінігін, ойлау жүйесінің, көркемдік ой–қиялының көрінісі. Мұндағы түр мен түстің символикасы, магиялық нышан белгілері біртұтас образ ретінде белгілі бір мағыналық қызмет атқарады. Көгілдір түс, әдетте аспанды, қызыл түс – от пен тіршілік негізін бейнелесе, жасыл түс – көктем мен гүлденудің, ақ түс – адам өміріндегі жоғарғы құндылықтардың, сары түс – даналық пен ақыл–ойдың, ілім – білімнің нышаны саналған. Ою деген сөзбен өрнек сөзінің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады.Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер су,көшіп қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою үлгілерін жатқа жасап,оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай
  • 10. адамдарды «Оюшы»деп атады. Әрбір елде,әрбір руда атағы шыққан оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне тоқталсақ, Тұмарша көне дәуірден тіл көзден кесір- кесапаттан сақтайтын киелі ұғым болып қалыптасқан бұйым. Тұмарша ою-өрнегіүшбұрыш үлгілес болып келеді. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі. Қос дөңгелек. Қазақ ою-өрнегінде геометриялық үлгінің жекеленген түрлері өте көне заманнан бері сақталған. Ол негізінен аспан әлемінде Күн мен Ай сынды ғаламшарлардың тылсымынан туған болуы керек. Балта – халқымыз тұтынған көне құралдардың бірі. Әрі қорғаны, әрі күнкөріс құралы. Сол себептен бұл ою көбіне төсеніш, сырмақ, алаша сынды бұйымдарға салынады. Қызыл қоңыр, көк, қара түстерге боялады.
  • 11. Қарға табан. Қарға түскен небір айшықты іздердің негізінде пайда болған. Түскиіздер мен алашаларда жиі кездесетін бұл өрнек геометриялық және зооморфтық үлгідегі ою бедерлерін біріктіру негізінде қолданылады. Негізінен көк, сары, қызылы, қоңы түстерге боялады. Ит құйрық. Ит құйрық табиғат түрлерін шығармашылықпен бейнелеу үлгісінен туған. Мұндай оюлар төрт түлік малға, мал күту рәсіміне байналысты бұйымдарда, шығармаларда қолданылып жатады. Гүл ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою- өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім- кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады. Ирек, су. "Бұлақ көрсең – көзін аш" деп өсиет қалдырған ата-бабамыз суды өмір нәрі, тіршілік көзі деп түсінген. Бұл өрнек те сол қадір-қасиеттің айғағы. Ирек, су өрнегі көбіне көгілдір, көк сия түстерге боялады.
  • 12. Ботакөз. Ботаның көзі іспеттес келетін бұл өрнек көбіне оюлы бұйымдардың жиектері көмкеруде қолданылады. Әсем өрнек композицияның орталық бөлігінде де кездесе береді, ою бірнеше рет қайталанғанда жиектеме түзейді. Бес таңба. Оюдың бұл түрі дүниенің төрт бұрышын шартты түрде бейнелеу ұғымын білдіреді. Сондықтан да, дүние жүзі халықтарының шығармалары және ТМД халықтарының еңбектеріне қойылып жатады. Зерттеу бөлімі Омыртқа – жалпы дене бітіміндегі ең негізгі мүше. Қиымл, іс-әрекеттің барлығы дерлік осы арқылы жасалады. Осы анатомиялық қасиеттер өрнекте сақталып қалған. Яғни, ою композицияның орталығында да, жиегінде де кездесе береді. Ұлттық ою-өрнектердің қазіргі заман талабына сай қолдану мен оларды күннен - күнге одан әрі дамытып, ерекшеленіп, әртүрлі салаларда қолдану тәсілдерімен олардың тарихын зерттеу. Бұған арқау болған, бірінші сыныпта еңбек сабағынан қазақтың ұлттық ою - өрнектері тақырыбында сабағымыз өтіп жатқан. Айнұр Асхатқызы ою-өрнектің бірнеше түріне ғана тоқталып өтті және бұдан басқа да 200-ге жуық түрінің бар екенін айтып өтті. Осы сабақтан кейін қазақ халқының
  • 13. ою-өрнектеріне деген қызығушылығым артты. Соданалдыма мақсат етіп қойдым. Өз елімнің ою- өрнектерін жан- жақты іздестіріп, әр оюдың мән- мағынасын сыныптас оқушыларыма неге айтпасқа деп ойландым. Ең бірінші сынып оқушыларына, яғни өз сыныбыма сауалнама жүргізуден бастадым. Сауалнама сұрақтары: 1. Ою-өрнектердің қандай түрлерін білесіңдер? а) киіз үй ә) қошқармүйіз б) аспан 2. Оюды неде пайдаланады? а) кілемде ә)қалада б)партада 3. Оюлар неше бұрышты болады? а) ұзын ә) қысқа б)төртбұрышты 4.Ою-өрнек неде бейнеленген? а) Әнұран ә) Елтаңба б) Ту 5.Өсімдік оюларына қандай оюлар жатады? а) Балдақ ә) Ағаш б)Ирек 6. Геометриялық оюларды ата: а) жапырақ ә) мүйіз б) шеңбер 7.Жануарлар оюларына жататын оюларды ата: а) Ирек ә) түйетабан б)Қармақ Нәтижесінде диаграммаға түсіру арқылы анықтадым. Осыдан келіп, менде ою өрнектің қыры мен сырын білуге деген қызығушылық оянды. Мен ата- анаммен бірге Сланов атындағы, Авангард мөлтек ауданында орналасқан ..... кітапханаға барып ою- өрнектер туралы мәліметтер жинадым. Мен олардың барлығын кітапша және альбом түрінде жасақтап отырдым. Сонымен бірге әр алған әсерім туралы күнделікке жазып отырдым. Ою өрнекті оқушыларға таныстырмас бұрыноны зерттеген архитектор ғалым Төлеу Бәсенов туралы ақпар бердім. Оқушылар қызығушылық таныта бастады. Олар сан қырынан сұраған сайын менің де ізденушілік қабілетім артты десем де болады. Каникул күндерінде анамның кітапханасына бардым. ОндаОю хан мен Жою хан ертегісін тауып алып, оқыдым. Ондаоюдың тарихы, мағынасы толығымен ашылған. Тіпті оюды салып, қалай қию керектігіне дейін көрсетілген. Сол ою түрлерінің бір екеуін үйреніп
  • 14. алдым да, сыныптастарыма да үйретіп отырдым. Әр оюдың мағынасын міндетті түрде айтып кетемін. Бірде әжемнің үйіне барсам, бесікке көрпеше жасап отыр екен. Мен де қасына отырдым. Бір мезгілде бесіктің белдемшесіне қошқармүйіз бен геометриялық пішінді үшбұрыш оюын салып жатты. Неліктен осы оюды салып жатқанын сұрағанымда оны ойып салу жеңіл екендігін айтты. Менің қызығушылығым оданбетер артты. Енді мен қазақ ою - өрнектерін қазіргі заманға сай қолданыста жүрген түрлі бағыттағы мысалы, киім - кешекке, тұрмыстық бұйымдарға қолданылатындығын айтуға болады. Осы мақсатта мен «Өнерпаз» үйіне барып,сұхбат жүргізген болатынмын. .....апай осы ою өрнектермен жұмыс жасауды қайдан үйреніп алдыңыз? Менің әжем ою өрнек шебері болған.Әжемнің қасынан бала кезімнен қызығушылық танытып,осы өнерді баулимын деп ынталанып жүргем. Апай қандай ою өрнекттерді көптеп қолданасыз? Көбіне «қошқармүйіз» оюы түгеліне жатық, сондықтан соны қолдану ыңғайлы. Ал сіз осы оюларды қандай қолөнерде қолданасыз? Мен оюларды қолөнердің көп түрлеріне қолданамын, әсіресе, үлкен мекемелер салтанатты киім үлгілері мен қазақ ұлттық киімдер үлгілерін ұсынады. Сол кезде олардың дизайндарында көптеген қазақ ұлттық ою өрнектер қолданыста болады. Сонымен қатар жарнамаларда, жарнамалық ілінімдерде, марапаттауларда, ұлттық рәміздерде және кітап журналдарда қолданылады. Осы сұхбаттан кейін маған ой келді жарнамалық агенттікке барып, қаламыма ою - өрнек жапсыртып алмасқа деген. Сөйтіп мен ою өрнекпен өрнектелген қалам ұстап жүрмін. Оқушылардың барлығының назары түсті. Алдағы уақытта сынып ішіндегі оқушыларға да күнделік мұқабасына барлығымыз бірдей етіп, ою - өрнекпен көмкерілген мұқаба ұстауға ұсыныс жасадым. Сыныбымдағыоқушылар келісті. Бұл жобамды алдағы уақытта мектепке де айтқым келеді. Осылай қазақ ою – өрнектері күнделікті оқушылар көз алдарында жүргенде, біздің ұлттық салт – дәстүріміз ұмытылмай, ұрпақтан – ұрпаққа мұра ретінде қалатынына сенімім мол.
  • 15. Қорытынды: Ою-өрнек өнері халықтың шынайы рухани-эстетикалық танымымен біте қайнасып кеткен этнографиялық мәнге ие көрінісімен ерекше, құнды болғандықтан, ұлт мәдениетін айқындайтын өте маңызды, және аса қажетті сала. Міне, осы ою-өрнектің тарихын, ерекшеліктері мен дамуын зерттеуші ғалымдар, бұл саланың да өзіндік үлгіде дамытып, жаңғыртып отыратын шеберлері болатынын, олардың шығармашылық еңбектері өзге өнер түрлеріндегі адамдардыкі сияқты көзге түсіп, бағалана бермейтіні және олардың шығармашылығы жөнінде өз бағасын беріп, саралау кезеңі туғаны жөнінде сауалды мәселелерді қозғап, көңіл бөлер жайттары алға тарта бастауда. Қазақ халқының өзіне тән ерте заманнан қалыптасқан ұлттық тәлім- тәрбиесінің асыл қазынасы, мол тәжірибесі бар. Оның ұрпақ тәрбиесінің негізіне алынуы еліміздің мүддесі, халқымыздың талабы. Ұлттық ою-өрнектердің бүгінгі заманға пайдасы зор. Ендігі міндет ұлттық дүниетанымын ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп, көркем, рухани қазына ретінде пайдалана білу. Қазақ қолөнерінің күрделі саласы ою-өрнекті әлі де ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттей түсу қажет. Қорыта айтқанда ою-өрнек дегеніміз-дәлдік, есеп, теңдік, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді. Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген құштарлық жиын-тығы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.
  • 16. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Ою-өрнекой айтар... Авторы:З.Ақайқызы Алматы «Рауан» 1986ж. 2. Сен білесің бе? «Ұлттық ою-өрнектер» 3. Қазақ халқының дәстүрліөнері Авторы:М.Өмірбекова «Алматыкітап» ААҚ, 2003ж. 4. Энциклопедия Қазақтың ою-өрнектері Алматыкітап 2003ж. 5. Қосымшалар: 1. Ою-өрнектер бейнеленген бұйымдар.