SlideShare a Scribd company logo
1 of 55
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектебі
(Панорамалық сабақ)
Орындаған: I санатты
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің
мұғалімі Р.А.Утешева
Орыс сыныптарындағы жаратылыстану-математика бағытының
10- сынып оқулығы бойынша жасалған «Туған өлке» модульдік-
тақырыптар жоспары
Модуль
саны
Тақырып-модуль Грамматика Сабақтың әдісі
1 Іле өзені Көмекші есімдер Модульдік технология
2 Іле өлкесі Көмекші етістік Алгоритм
3 Киіз үй Нақ осы шақ Проблемалық тұрғыдан
оқыту
4 Киіз үйді тігу Өткен шақ Деңгейлік тапсырмалар
5 Ішкі жасау Келер шақ Дамыта оқыту
6 Жұлдыздар Сөйлемнің бірыңғай
мүшелері
Сын тұрғысынан ойлауды
дамыту
7 Шоқан Уалиханов Бірыңғай мүшенің
тыныс белгісі
Іздену
8 Нәтиже сабақ
 Бүгінгі панорамалық сабақ №4-ші модуль бойынша өткізіледі.Соның
ішінде 3 тақырып алынды.1 Киіз үй.2Киіз үйді тігу.3.Ішкі жасау.
 Сабақтың негізгі мақсатын жүзеге асыру үшін жүргізілетін тиімді
әдістер:
 1.Проблемалық тұрғыдан оқыту
 2.Деңгейлік тапсырмалар
 3.Дамыта оқыту
 4.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
 5.Іздену, зерттеу
 6.Модульдік технология
 7.Даралап оқыту
Мақсаты:
 1.Білімділік:Қазақ халқының киіз үйі,оның тігілуі,оның жасауы
туралы толық түсінік бере отырып ,оқулықта берілген
мәтіндердің мазмұнын, берілген тапсырмаларды игерту арқылы
сөздік қорды кеңейту, сөйлеу тілдерін қалыптастыру , етістіктің
шақтарын қайталау.
Дамытушылық:Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру,
дүниетанымдарын кеңейту, топпен жұмыс, жеке жұмыс түрлеріне
дағдыландыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін, қол - өнерін
дәріптей отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Эстетикалық талғам
қалыптастыру.
 Қазақтардың көшпелі тұрмысына бейімделген киіз үйі
құрылысын, олардың атауларын,ішкі жасауынан мәлімет беру;
 Ш.Уәлихановтың «Ұлы жүз» туралы атты шығармасынан
алынған «Киіз үй» мәтіні бойынша тапсырмаларды орындату;
 Мәтінді пайдалана отырып, етістіктің шақтарын еске түсіру,
пысықтау;
 Этнограф –ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың «Жолайрықта» атты
кітабынан алынған «Ішкі жасау» әңгімесі бойынша киіз үйдің
ішкі жасауын суреттейтін мәтіннің мазмұнын түсіндіру;
 Киіз үйдің жабдықтарына байланысты айтылған мақалдар мен
қанатты сөздер,тұрақты сөз тіркестерін таныту;
 Қазақ халқының салт -дәстүрін ,қол өнерін дәріптеу,оқушыларды
қазақ халқының киелі киіз үйін қастерлеуге тәрбиелеу;
Міндеттері:
 Әдісі: мұғалімнің сөзі, топпен жұмыс мәтінді
талдау, мәтінмен жұмыс
 Көрнекілігі: Киіз үй жабдығы (слайд),
интерактивті тақтамен жұмыс, суретпен жұмыс
 Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих,
этнография
 Ұстанымы: Ғылымилық, көрнекілік,
қарапайымдылықтан күрделілікке.
Сабақ 5 дидактикалық кезеңнен тұрады.
 1.Дидактикалық кезең -сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін
хабарлау.
Міндеті: Оқушыларды сабаққа дайындау және оқушылардың
қызығушылығын туғызу.
 2.Дидактикалық кезең – білімді актуалдандыру.
Міндеті: Бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру.
 3.Дидактикалық кезең- мәтінмен жұмыс.
Міндеті: Мәтінмен жұмыс істеу, дағдыларын жетілдіру.
 4.Дидактикалық кезең- рефлексия. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Міндеті: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып,сөздік қорларын
молайту. Жазбаша тілдерін жетілдіру.
 5. Дидактикалық кезең- Үй тапсырмасын түсіндіру.
Міндеті: «Мұражайда» деген тақырыпқа құрылған сөйлесуді жалғастыру.
І сабақ. Киіз үй.
Сабақтың барысы:
1.Сыныпты ұйымдастыру.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін
түсіндіру).
3.Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары
Нақ осы шақ Өткен шақ Келер шақ
отырмын
(жай түрі)
отырған жоқпын
жазып отырмын
(күрделі түрі)
жазып отырған
жоқпын
отыр-ды-м
көр-ді-м
отыр-ма-ды-м
көр-ме-ді-м
отыр-ар-мын
көр-ер-мін
отыр-мас-пын
көр-мес-пін
4.Мәтінмен жұмыс.
 «Киіз үй» мәтінін мұғалім оқиды.
 Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіндіру,
оқушылардың мәтін бойынша білімдерін
қалыптастыру.
Қазақтардың киіз үйі көшпелі тұрмысқа бейімделген. Киіз үйдің орташасы
бір түйенің жүгінен артылмайды.
Киіз үй:тор көз керегелерден және уық пен шаңырақ, киізден тұрады.
Керегелер үйдің бүкіл қабырғасын-іргесін қамтиды. Ал киіз үйдің ағаш
қаңқаларының үстінен жабылады. Киіз бүкіл үйді жауын-шашыннан,
қар, бораннан қымтайды.
Киіз үйдің ағаш қаңқасы 3 бөліктен құралады. Олар:Кереге, уық,
шаңырақ. Үйдің төменгі жағы тор көз кереге болады. Кереге
ағаштары бір-бірімен қайыс баулармен байланыстырылады. Олар тез
жиналады, тез жазылады.
Уық немесе иілген ұзын ағаштар үйдің күмбезін құрайды. Олардың
төменгі жағы керегеге бекітіліп байланады. Уықтың жоғарғы
ұшталған жіңішке ұшы күмбездің төбесі – шаңырақтың бүйіріндегі
тесіктерге кигізіледі.
Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады. Шаңырақ ошақта жағылған
оттың түтіні шығуына және күндіз үйдің ішіне жарық түсіруге
арналған. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен
жабылады,ашылады.
Киіз үй керегесі
Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең
ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын
«балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды.
Қатардың ұштары кереге.
Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9
сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда
болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай
«желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.
Қазақ үйіне жабылатын киіздер көлемі
жағынан да, атауы жағынан да әртүрлі
болып келеді. Керегелерді жабатын
төменгі жақтың киізін туырлық дейді.
Жоғары жақты –уықты жабатын киізді
үзік дейді. Шаңыраққа жабылатын
төртбұрыш киізді түндік деп атайды.
.
Туырлық пен керегенің арасына әртүрлі әдемі жіппен тоқылған ши
ұстайды. Шидің қасиеті-үйді көріктендіріп тұрады әрі бақа-шаян
сияқты ұсақ жәндіктердің үйге кіріп кетуіне бөгет болады.
5.Мәтін бойынша тапсырмалар.
Мақсаты: Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау
арқылы мәтінді меңгерту, тілдік тапсырмаларды орындату:
А) Мәтіннің әр бөлігіне тақырып қою.
1.Үйдің құрылымы
2.Ағаш қаңқасы
3.Уық
4.Шаңырақ
5.Киіз түрлері
6.Ши
Ә) Интерактивті тақтамен жұмыс.
Кестені толтырыңдар.
Киіз үйдің
құрылымы
Не үшін
қолданады?
Киіз үйдің ерекшелігі
Кереге,уық,
шаңырақ
Баспана ретінде
қолданады
Көшпелі тұрмысқа
ыңғайлы,тез
жиналып,тез құрылады
 Б) Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құраңдар.
 Киіз үй бейімделген тұрмысқа көшпелі.
 Қазақ халық көшпелі халқы.
 Үйдің керегесі уықтары болады шаңырағы киіз.
 Дөңгелек ағашты атайды шаңырақ деп.
 Тез жиналды киіз жазылады тез үй.
 В) Мәтін бойынша осы шақ тұлғасында тұрған баяндауыштарды
тауып көшіріңдер.
Тұрады, жабылады, ашылады........
Г) Оқулықпен жұмыс. Мәтіннің мазмұны бойынша
құрылған сөйлесуді оқып, ауызша баяндаңдар.
 -Ш.Уәлихановтың бұл әңгімесі қашан жазылған?
 -Ш.Уәлихановтың бұл әңгімесі 1860 жылдың шамасында жазылған.
 -Қазақтың үйі қандай өмірге бейімделген?
 Қазақтың үйі көшпелі өмірге бейімделген. Орташа киіз үй бір түйенің жүгінен артылмайды.
 -Киіз үйдің құрылысы қандай?
 - киіз үй: керегелерден, уық, шаңырақ, киізден құрастырылады.
 -Киіз үйдің ағаш қаңқасы неше бөліктен тұрады?
 -Киіз үйдің ағаш қаңқасы үш бөліктен тұрады. Олар: кереге, уық, шаңырақ.
 - Үй қалай құрылады?
 -Үйдің төменгі жағы тор көз кереге болады. Кереге ағаштары бір-бірімен қайыс баулармен
байланыстырылады.
 -Ал уық деген не?
 - Уық (иілген ұзын ағаштар) үйдің күмбезін құрайды. Уықтың төменгі жағы керегеге байланады.
Уықтың жоғарғы (жіңішке ұшы) жағы күмбездің төбесіндегі шаңырақтың бүйіріндегі тесіктерге
кигізіледі.
 -Шаңырақ деген не?
 -Шаңырақ деп дөңгелек ағашты атайды. Ол үйдің ең жоғарғы жағында болады. Шаңырақ күндіз
үйдің ішіне жарық түсіру үшін әрі ошақта жағылған оттың түтіні шығу үшін қажет. Шаңырақ
қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады.
 -Киіз үйіне жабылатын киіздер қалай аталады?
 -Керегелерді жабатын киізді туырлық дейді.
 -Үзік деген не?
 - Үйдің жоғарғы жағын (уықты) жабатын киізді үзік дейді.
 -Шаңыраққа жабатын киізді қалай атайды?
 -Шаңыраққа жабатын киізді (төртбұрышты) түндік дейді.
 -Қазақ үйіне ши не үшін қажет?
 -Әдемі жіппен тоқылған шиді кереге мен туырлықтың арасына ұстайды. Шиді әдемілік үшін
және үйге ұсақ жәндіктер кіріп кетпес үшін ұстайды.
 II.Сурет бойынша әңгіме құрастыру
 Бекіту бөлімі: Мәтін бойынша
сұрақтарға жауап беру.
1. ?Қазақтардыңкиіз үйі қандайтұрмысқабейімделген
2. ?Ағаш қаңқаларыныңүстіненнежабылады
3. ?Киіз үй неденқорғайды
4. .Ағаш қаңқаларынешебөліктентұрады
5. ?Керегеағаштарынеменбайланыстырылады
6. ?Үйдің күмбезіннелерқұрайды
7. ? ?Шаңырақдегенне Олнеүшін қажет
8. ?Үйге жабылатынкиіздерқандайболады
9. ?Туырлықтыңқызметіне
10. ?Үздіктің қызметіне
11. ?Түндік дегенімізне
12. ? ?Шиді қай жергеұстайды Неүшін
Үйге тапсырма:
”Қазақтың киелі шаңырағы – киіз үй” деген
тақырыпқа реферат дайындау
Бағалау
ІІ сабақ. Киіз үйді тігу.
Нақ осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Отырмын (жай түрі)
отырған жоқпын
жазып отырмын
(күрделі түрі)
жазып отырған жоқпын
отыр-ды-м
көр-ді-м
отыр-ма-ды-м
көр-ме-ді-м
отыр-ар-мын
көр-ер-мін
отыр-мас-пын
көр-мес-пін
Сабақтың барысы:
Сыныпты ұйымдастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру).
Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары.
Мәтінмен жұмыс. Оқушы мәтінді оқиды.
Слайд жасау
Мұғалім мәтінге шолу жасайды.
 Қазақтарда киіз үйді тігу - әйелдердің ісі. Киіз үйді тігу тіптен
оңай. Алдымен керегелерді бір-бірімен байланыстырады. Сонан
соң шаңырақты көтереді. Оған уықтарды шаншиды. Олардың
үстінен үйді шеңберлей буады. Керегелердің дөңгеленіп кеп
қосылған жеріне есік босағаларын бекітеді. Үй тігудің бар
жұмысы осы.
 Киіз үйдің ең сәулетті әсемін ақ боз түсті киізбен жабады. Бұл
түсті қазақтар басқа түстерден артық бағалайды.
 Кереге, уық, шаңырақ ағаштары сары қызыл қошқыл түсті жуса
деп аталатын минерал бояумен сырланады. Шаңырақты ұзын
сырықпен тіреп, көтеріп қояды. Сырық - бақан деп аталады.
 Үйдегі ең қастерлі орын – төр. Қазақтардың негізгі тұрағынан
басқа тағы бір үйі болады. Оны қос дейді. Қос жылқышылар үшін
немесе көшкенде пайдаланылады. Ол бір аттың үстіне сыйып
кетеді.

Ш.Уәлиханов
 Тілдік тапсырмалар: І деңгей:
 Мәтінді түсініп, мазмұнын айту;
 Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар;
 Мәтіннің жоспарын құрыңдар;
 ІІ деңгейлі тапсырмалар:
 Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып
сөйлем құраңдар.
Әйелдердің ісі, керегелерді, шаңырақты, көтереді,
шаншиды,уықтарды,жабады,үй,туырлық,киіздері,
арқанмен,шеңберлей, керегелердің,босағаларын,бекітеді,
тігудің.
 Берілген сөздерді сөз тұлғасына ажырату;
Әйелдердің, байланыстырады, уықтарды, киіздерді,
керегелердің, сырықпен, жылқышылар, сырланады,
ағаштары, жеріне.
 Синоним сөздерді аударыңдар
Жұмысы,ісі- алдымен,әуелі-
Оңай,жеңіл- сонан соң,содан кеін-
Буады,байлайды- шаншиды,кіргізеді-
Ақ боз,ақшыл- үй тігу,үй құру-
Түсті,түрлі- сәулетті,көрікті-
Қастерлі,қасиетті- әсем,әдемі-
Тұрағы,мекені- артық,басым-
Тіптен, сондай- сырланады,боялады-
 ІІІ деңгей тапсырмалары:
 Мәтін бойынша киіз үй жабдықтарының атауларын жазу;
 Киіз үй жабдықтарына байланысты мақалдар мен қанатты сөздер,
тұрақты сөз тіркесін айту;
Қазақ түндік арқылы көп жайды аңғартады. «Түндігің түтінді
болсын» деген ақ батада ырыс, береке деген мағына бар. Жас әйел
түндігін ерте ашса, оның шаруқор, пысық екендігі , басқа үлкен
үйдің түндігін ашса, әдептілігі көрінеді. Салақ, жалқау әйелдерді
«түндігі кеш ашылатын келін»деп теңейді. Ал «Түндігі ашылмай
қалды» деген сөз сол үйдің адамдарының барлығының қайтыс
болып кеткендігін білдіреді.
 Киіз үй туралы өз ойың;
Бекіту бөлімі:
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
1.Киіз үйді кімдер тігеді?
2.Алдымен нелерді байланыстырады?
3.Сонан соң нені көтереді?
4.Уықтарды қайда шаншиды?
5.Туырлық пен үзік үстінен немен шеңберлей буады?
6.Есік босағаларын қайда бекітеді?
7.Ең сәулетті әсем киіз үйдің түсі қандай болады?
8.Киіз үй ағаштарын қандай бояумен бояйды?
9.Шаңырақты немен тіреп көтеріп қояды?
10.Сырықты не деп атайды?
11.Үйдегі ең қастерлі орынды қалай атайды?
12.Қазақтарда тағы қандай үй болады?
13.Ол қай кезде пайдаланылады?
Үйге тапсырма:
«Мұражайда» деген тақырыпқа
құрылған сөйлесуді жалғастыру.
Бағалау.
ІІІ сабақ. Ішкі жасау.
Сабақтың барысы:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін
түсіндіру).
2.Сыныпты ұйымдастыру.
3.Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары.
Нақ осы шақ Өткен шақ Келер шақ
отырмын
(жай түрі)
отырған жоқпын
жазып отырмын
(күрделі түрі)
жазып отырған
жоқпын
отыр-ды-м
көр-ді-м
отыр-ма-ды-м
көр-ме-ді-м
отыр-ар-мын
көр-ер-мін
отыр-мас-пын
көр-мес-пін
1.Мәтінмен жұмыс:
Слайд арқылы мәтінді түсіндіру.
Киіз үйдің ішкі жасауын орналастыру тәртібі ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасады.Қалыптасқан тәртіп бойынша,киіз үйге кіре берістегі
сол жақ босағада ер-тұрман,құсбегілікке қажет саймандар
ілінеді.Одан әрігірек киім ілетін адалбақан мен шымылдық
ұсталған төсекағаш қойылады.Төрде жүкаяқтарға,кебежелерге
қойылатын әбдірелердің үстіне екі-үш қатар етіп көрпе-төсек
жиналады.
Үйдің оң жақ қанаты салт бойынша бос қалдырылады.Онда
қарттар жайғасады.
Киіз үйдің ортасында үш аяқты темір ошаққа қазан асылып,от
жағылады.Төрге төселген текеметтің,кілемнің үстіне айнала
көрпеше салынып ,ортаға дастархан жайылады.Жаз айларында
үйдің ортасына жайылған алаша,кілем,текеметтердің үстіне жозы
(дөңгелек үстел) қойылып,айналасына жержастықтар тасталады.
Ө.Жәнібеков
2.Интерактивті тақтамен жұмыс:
Кесте толтыру.
Ішкі жасау Қызметі,ерекшеліктері
Әбдіре
Адалбақан
Жозы
Көрпе жинайтын жиһаз
Киім ілетін ілгіш
Дөңгелек үстел
3.Сөйлемдерді көшіріп жазып, баяндауыштың қай шақта
тұрғанын көрсетіңдер.
Қазақта бұрын киіз үйлерді бір-біріне тіркестіре тігетін дәстүр де болған.
Жетісу жеріндегі қазақ байлары таудағы жайылымдарда төрт киіз үйді
тіркестіре тіккен.Бұл үйлерді монша жасаған. “Киімшең”деп аталған
бірінші үйде шешінеді. “Қауыз”деген екінші үйде шомылады. “Тас бұлау”
деген үшінші үйде қыздырынады.Төртінші үй- “бүйрек”моншадан кейін
тынығып,демалатын орын болған.
Ө.Жәнібеков
 4.Сөйлемдерді көшіріп , қарсылықты білдіретін
сөздердің астын сызыңдар.
Қожанасырдың көршісі арқан сұрапты.
-Арқаным жоқ,-депті Қожанасыр.
Көршісі:
-Арқаның кеше бар еді ғой,-дейді.
Қожанасыр:
-Қазір арқан жоқ,-дейді.
Көршісі:
-Қожеке,арқанды қайда жібердің?-дейді.
Қожанасыр:
-Арқанға ұн түйіп қойып едім,арқан қазір жоқ,-дейді.
Көршісі:
-Қалайша,арқанға ұн түйе ме екен?-дейді.
Қожанасыр:
-Бергің келмесе,не десең де болады,-дейді.
 5.Тіл ұстарту. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
беріңдер.
1.Ұрпақтан-ұрпаққа не жалғасады?
2.Киіз үйдің сол жақ босағасында не тұрады?
3.Төсекағаш қайда тұрады?
4.Төрге не қойылады?
5.Көрпе-төсек қайда жиналады?
6.Үйдің оң жақ қанатында не болады?
7.Киіз үйдің ортасында не болады?
8.Көрпешелер қайда салынады?
9. Төрге не төселеді?
10.Жаз айларында үйдің ортасына не қойылады?
 6.Мақалдарды түсініп оқып, есте сақтаңдар.
Мақтаншақ бар ақылын мақтанумен
тауысады.
Туа білмейді, жүре біледі.
 Бекіту бөлімі: Өзіңді-өзің тексер.
Тест тапсырмаларын орындау.
1.Ағаш қаңқаларының үстінен не жабылады? А) мата Ә) киіз Б) дастархан
2.Ағаш қаңқалары неше бөліктен тұрады? А) 3 Ә) 5 Б) 1
3.Керегелерді жабатын төменгі жақтың киізін қалай атайды?
А) туырлық Ә) алаша Б) арқан
4.Киіз үйді кімдер тігеді? А) қариялар Ә) әйелдер Б) балалар
5.Үйдегі ең қастерлі орынды қалай атайды? А) босаға Ә) төр Б) табалдырық
6. Қазақтарда тағы қандай үй болады? А) ағаш үй Ә) қос үй Б) Тас үй
7. Киіз үйдің ортасында не болады? А) үш аяқты темір ошақ ә) сандық Б)
әбдіре
8. Киіз үйдің сүйегін неден жасайды?
А) кепкен талдан,жіңішке қайыңнан,теректен Ә) тастан,қыштан Б)
матадан,қағаздан
9.Жиһаздарды қоса есептегенде киіз үйдің салмағы қанша?
А) 300-400 кг Ә) 100-50 кг Б)500-600 кг
10.Киіз үйді әдетте қанша адам,қай уақытта құра алады?
А)10-12 адам 5 сағ Ә) 2- 3 адам 1 сағ Б) 6-8 адам 3 сағ
Тест жауаптары.Өзіңді -өзің тексер.
 1. Ә
 2. А
 3. А
 4. Ә
 5. Ә
 6. Ә
 7. А
 8. А
 9. А
 10. Ә
Үйге тапсырма:
«Біздің ауылда өткен - Наурыз тойы» атты тақырыпта
шағын әңгіме жазу.
Бағалау.

More Related Content

What's hot

ғылыми жоба компьютелік ойындар
ғылыми жоба компьютелік ойындарғылыми жоба компьютелік ойындар
ғылыми жоба компьютелік ойындарAsem Sarsembayeva
 
Ең үздік сынып жетекші
Ең үздік сынып жетекшіЕң үздік сынып жетекші
Ең үздік сынып жетекшіBilim All
 
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"Айбек Қуандықұлы
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовGotov .kz
 
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.pptssuser7a793e
 

What's hot (10)

Бұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасымБұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасым
 
ғылыми жоба компьютелік ойындар
ғылыми жоба компьютелік ойындарғылыми жоба компьютелік ойындар
ғылыми жоба компьютелік ойындар
 
Ең үздік сынып жетекші
Ең үздік сынып жетекшіЕң үздік сынып жетекші
Ең үздік сынып жетекші
 
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
Ыбырай Алтынсарин "Баланың айласы"
 
слайд мұқағали
слайд мұқағалислайд мұқағали
слайд мұқағали
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезов
 
Сынып жетекші портфолиосы
Сынып жетекші портфолиосыСынып жетекші портфолиосы
Сынып жетекші портфолиосы
 
М. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолыМ. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолы
 
Көнерген сөздер
Көнерген сөздерКөнерген сөздер
Көнерген сөздер
 
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
 

Viewers also liked

презентация к уроку "Портрет"
презентация к уроку "Портрет"презентация к уроку "Портрет"
презентация к уроку "Портрет"Ella53
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Erjan Beisenhojaev
 
ашық сабақ панорамалық (2)
ашық сабақ панорамалық (2)ашық сабақ панорамалық (2)
ашық сабақ панорамалық (2)Nurlan Abilhanov
 
Абай - дана, Абай - дара
Абай - дана,  Абай - дараАбай - дана,  Абай - дара
Абай - дана, Абай - дараBilim All
 
Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда «Сөз тіркесінің байлан...
    Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда  «Сөз тіркесінің байлан...    Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда  «Сөз тіркесінің байлан...
Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда «Сөз тіркесінің байлан...Айбек Қуандықұлы
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақfNurlan Abilhanov
 
Қазақтың ұлттық тағамдары және салт-дәстүрлері
Қазақтың ұлттық тағамдары және салт-дәстүрлеріҚазақтың ұлттық тағамдары және салт-дәстүрлері
Қазақтың ұлттық тағамдары және салт-дәстүрлеріBilim All
 
домбыра
домбырадомбыра
домбыраDan41k
 
Makataev
MakataevMakataev
MakataevDNT_
 
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...akkemir
 
Ден тәрбиесі сабағындағы қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау
Ден тәрбиесі сабағындағы  қазақтың ұлттық ойындарын  насихаттауДен тәрбиесі сабағындағы  қазақтың ұлттық ойындарын  насихаттау
Ден тәрбиесі сабағындағы қазақтың ұлттық ойындарын насихаттауАйбек Қуандықұлы
 
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясы
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясыЖыл мұғаліне қатысушы презентациясы
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясыАйбек Қуандықұлы
 

Viewers also liked (18)

презентация к уроку "Портрет"
презентация к уроку "Портрет"презентация к уроку "Портрет"
презентация к уроку "Портрет"
 
Таныстыру индира
Таныстыру индираТаныстыру индира
Таныстыру индира
 
Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып Әдебиеттік оқу 2- сынып
Әдебиеттік оқу 2- сынып
 
Cынып жетекшілер байқауы
Cынып жетекшілер  байқауыCынып жетекшілер  байқауы
Cынып жетекшілер байқауы
 
ашық сабақ панорамалық (2)
ашық сабақ панорамалық (2)ашық сабақ панорамалық (2)
ашық сабақ панорамалық (2)
 
Абай - дана, Абай - дара
Абай - дана,  Абай - дараАбай - дана,  Абай - дара
Абай - дана, Абай - дара
 
Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда «Сөз тіркесінің байлан...
    Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда  «Сөз тіркесінің байлан...    Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда  «Сөз тіркесінің байлан...
Оқушыларды ҰБТ – ға қазақ тілі пәнінен дайындауда «Сөз тіркесінің байлан...
 
қазақ PR
қазақ PRқазақ PR
қазақ PR
 
асанова чынара сабақf
асанова чынара  сабақfасанова чынара  сабақf
асанова чынара сабақf
 
Наурыз
НаурызНаурыз
Наурыз
 
Қазақтың ұлттық тағамдары және салт-дәстүрлері
Қазақтың ұлттық тағамдары және салт-дәстүрлеріҚазақтың ұлттық тағамдары және салт-дәстүрлері
Қазақтың ұлттық тағамдары және салт-дәстүрлері
 
домбыра
домбырадомбыра
домбыра
 
Makataev
MakataevMakataev
Makataev
 
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...
2016-2017 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйым...
 
Ден тәрбиесі сабағындағы қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау
Ден тәрбиесі сабағындағы  қазақтың ұлттық ойындарын  насихаттауДен тәрбиесі сабағындағы  қазақтың ұлттық ойындарын  насихаттау
Ден тәрбиесі сабағындағы қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау
 
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясы
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясыЖыл мұғаліне қатысушы презентациясы
Жыл мұғаліне қатысушы презентациясы
 
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдарыҚазақтың ұлттық тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдары
 
таныстыру
таныстырутаныстыру
таныстыру
 

Similar to Киіз үй

сабақ жоспары. қазақ тілі,
сабақ жоспары. қазақ тілі,сабақ жоспары. қазақ тілі,
сабақ жоспары. қазақ тілі,oquzaman
 
9 сынып пример 400
9 сынып  пример 4009 сынып  пример 400
9 сынып пример 400nurlan93kz
 
урок уразова и.а
урок уразова и.аурок уразова и.а
урок уразова и.аAsem Sarsembayeva
 
phpvseN0A_kiz-j.ppt
phpvseN0A_kiz-j.pptphpvseN0A_kiz-j.ppt
phpvseN0A_kiz-j.pptAselKalieva1
 
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...Айбек Қуандықұлы
 
11 сынып пример400
11 сынып пример40011 сынып пример400
11 сынып пример400nurlan93kz
 
щшг чпавпвп вапакпкп
щшг чпавпвп вапакпкпщшг чпавпвп вапакпкп
щшг чпавпвп вапакпкпNurlan Abilhanov
 
2 сынып ал кітап үлгі
2 сынып ал кітап үлгі2 сынып ал кітап үлгі
2 сынып ал кітап үлгіSerjan Kasen
 
2 сынып ал кітап үлгі
2 сынып ал кітап үлгі2 сынып ал кітап үлгі
2 сынып ал кітап үлгіSerjan Kasen
 
абай қ қмж
абай қ қмжабай қ қмж
абай қ қмжoquzaman
 

Similar to Киіз үй (20)

сабақ жоспары. қазақ тілі,
сабақ жоспары. қазақ тілі,сабақ жоспары. қазақ тілі,
сабақ жоспары. қазақ тілі,
 
ашық сабақ 4кл уразова и.а
ашық сабақ 4кл уразова и.аашық сабақ 4кл уразова и.а
ашық сабақ 4кл уразова и.а
 
9 сынып пример 400
9 сынып  пример 4009 сынып  пример 400
9 сынып пример 400
 
урок уразова и.а
урок уразова и.аурок уразова и.а
урок уразова и.а
 
отан отбасынан басталады
отан отбасынан басталадыотан отбасынан басталады
отан отбасынан басталады
 
phpvseN0A_kiz-j.ppt
phpvseN0A_kiz-j.pptphpvseN0A_kiz-j.ppt
phpvseN0A_kiz-j.ppt
 
вы
вывы
вы
 
Df(2)fd
Df(2)fdDf(2)fd
Df(2)fd
 
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып,орта буын   оқушыларын күрделі  мәтіндер...
Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,орта буын оқушыларын күрделі мәтіндер...
 
открытый урок
открытый урокоткрытый урок
открытый урок
 
11 сынып пример400
11 сынып пример40011 сынып пример400
11 сынып пример400
 
Табиғат –екінші үйің
Табиғат –екінші үйіңТабиғат –екінші үйің
Табиғат –екінші үйің
 
Кітапханада
КітапханадаКітапханада
Кітапханада
 
щшг чпавпвп вапакпкп
щшг чпавпвп вапакпкпщшг чпавпвп вапакпкп
щшг чпавпвп вапакпкп
 
шылаув
шылаувшылаув
шылаув
 
2 сынып ал кітап үлгі
2 сынып ал кітап үлгі2 сынып ал кітап үлгі
2 сынып ал кітап үлгі
 
2 сынып ал кітап үлгі
2 сынып ал кітап үлгі2 сынып ал кітап үлгі
2 сынып ал кітап үлгі
 
ывв
ыввывв
ывв
 
ывв
ыввывв
ывв
 
абай қ қмж
абай қ қмжабай қ қмж
абай қ қмж
 

More from Айбек Қуандықұлы

Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...Айбек Қуандықұлы
 
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстарүшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстарАйбек Қуандықұлы
 
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіЖүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіАйбек Қуандықұлы
 
Электроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаЭлектроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаАйбек Қуандықұлы
 
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийіАйбек Қуандықұлы
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаАйбек Қуандықұлы
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзАйбек Қуандықұлы
 
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Екі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлуЕкі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлуАйбек Қуандықұлы
 

More from Айбек Қуандықұлы (20)

Корей халық аспаптары
Корей халық аспаптарыКорей халық аспаптары
Корей халық аспаптары
 
Англия мен Франция
Англия мен ФранцияАнглия мен Франция
Англия мен Франция
 
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
Ауыр металл иондарының соя өсімдігінің морфо-анатомиялық құрылыс ерекшеліктер...
 
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстарүшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
үшбұрыштың элементтерінің арасындағы байланыстар
 
Италия мен Испания
Италия мен ИспанияИталия мен Испания
Италия мен Испания
 
Зейін
ЗейінЗейін
Зейін
 
табиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасытабиғат тіршілік анасы
табиғат тіршілік анасы
 
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметіЖүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі
 
Ғажайыптар әлемі
Ғажайыптар әлеміҒажайыптар әлемі
Ғажайыптар әлемі
 
Open lesson everything is good in its season
Open lesson everything is good in its seasonOpen lesson everything is good in its season
Open lesson everything is good in its season
 
Weather “Seasons”.
Weather “Seasons”.Weather “Seasons”.
Weather “Seasons”.
 
Ғылыми жоба
Ғылыми жобаҒылыми жоба
Ғылыми жоба
 
Мың бұралған бишілер
Мың бұралған бишілерМың бұралған бишілер
Мың бұралған бишілер
 
Электроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техникаЭлектроника және импульсті техника
Электроника және импульсті техника
 
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі"Мың бұралған бишілер»  би байқауының сценарийі
"Мың бұралған бишілер» би байқауының сценарийі
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты бала
 
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
 
Тұмар түйіндер
 Тұмар түйіндер Тұмар түйіндер
Тұмар түйіндер
 
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
Екі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлуЕкі  таңбалы  санды  бір  таңбалы  санға  ауызша  бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша бөлу
 
Шоқан Уәлихан
Шоқан УәлиханШоқан Уәлихан
Шоқан Уәлихан
 

Киіз үй

  • 1. Ы.Алтынсарин атындағы ЖББО мектебі (Панорамалық сабақ) Орындаған: I санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.А.Утешева
  • 2. Орыс сыныптарындағы жаратылыстану-математика бағытының 10- сынып оқулығы бойынша жасалған «Туған өлке» модульдік- тақырыптар жоспары Модуль саны Тақырып-модуль Грамматика Сабақтың әдісі 1 Іле өзені Көмекші есімдер Модульдік технология 2 Іле өлкесі Көмекші етістік Алгоритм 3 Киіз үй Нақ осы шақ Проблемалық тұрғыдан оқыту 4 Киіз үйді тігу Өткен шақ Деңгейлік тапсырмалар 5 Ішкі жасау Келер шақ Дамыта оқыту 6 Жұлдыздар Сөйлемнің бірыңғай мүшелері Сын тұрғысынан ойлауды дамыту 7 Шоқан Уалиханов Бірыңғай мүшенің тыныс белгісі Іздену 8 Нәтиже сабақ
  • 3.  Бүгінгі панорамалық сабақ №4-ші модуль бойынша өткізіледі.Соның ішінде 3 тақырып алынды.1 Киіз үй.2Киіз үйді тігу.3.Ішкі жасау.  Сабақтың негізгі мақсатын жүзеге асыру үшін жүргізілетін тиімді әдістер:  1.Проблемалық тұрғыдан оқыту  2.Деңгейлік тапсырмалар  3.Дамыта оқыту  4.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту  5.Іздену, зерттеу  6.Модульдік технология  7.Даралап оқыту
  • 4. Мақсаты:  1.Білімділік:Қазақ халқының киіз үйі,оның тігілуі,оның жасауы туралы толық түсінік бере отырып ,оқулықта берілген мәтіндердің мазмұнын, берілген тапсырмаларды игерту арқылы сөздік қорды кеңейту, сөйлеу тілдерін қалыптастыру , етістіктің шақтарын қайталау. Дамытушылық:Ауызекі сөйлеу тілдерін жетілдіру, дүниетанымдарын кеңейту, топпен жұмыс, жеке жұмыс түрлеріне дағдыландыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру. 3.Тәрбиелік: Қазақ халқының салт – дәстүрлерін, қол - өнерін дәріптей отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Эстетикалық талғам қалыптастыру.
  • 5.  Қазақтардың көшпелі тұрмысына бейімделген киіз үйі құрылысын, олардың атауларын,ішкі жасауынан мәлімет беру;  Ш.Уәлихановтың «Ұлы жүз» туралы атты шығармасынан алынған «Киіз үй» мәтіні бойынша тапсырмаларды орындату;  Мәтінді пайдалана отырып, етістіктің шақтарын еске түсіру, пысықтау;  Этнограф –ғалым Өзбекәлі Жәнібековтың «Жолайрықта» атты кітабынан алынған «Ішкі жасау» әңгімесі бойынша киіз үйдің ішкі жасауын суреттейтін мәтіннің мазмұнын түсіндіру;  Киіз үйдің жабдықтарына байланысты айтылған мақалдар мен қанатты сөздер,тұрақты сөз тіркестерін таныту;  Қазақ халқының салт -дәстүрін ,қол өнерін дәріптеу,оқушыларды қазақ халқының киелі киіз үйін қастерлеуге тәрбиелеу; Міндеттері:
  • 6.  Әдісі: мұғалімнің сөзі, топпен жұмыс мәтінді талдау, мәтінмен жұмыс  Көрнекілігі: Киіз үй жабдығы (слайд), интерактивті тақтамен жұмыс, суретпен жұмыс  Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, этнография  Ұстанымы: Ғылымилық, көрнекілік, қарапайымдылықтан күрделілікке.
  • 7. Сабақ 5 дидактикалық кезеңнен тұрады.  1.Дидактикалық кезең -сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін хабарлау. Міндеті: Оқушыларды сабаққа дайындау және оқушылардың қызығушылығын туғызу.  2.Дидактикалық кезең – білімді актуалдандыру. Міндеті: Бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру.  3.Дидактикалық кезең- мәтінмен жұмыс. Міндеті: Мәтінмен жұмыс істеу, дағдыларын жетілдіру.  4.Дидактикалық кезең- рефлексия. Сурет бойынша әңгіме құрау. Міндеті: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып,сөздік қорларын молайту. Жазбаша тілдерін жетілдіру.  5. Дидактикалық кезең- Үй тапсырмасын түсіндіру. Міндеті: «Мұражайда» деген тақырыпқа құрылған сөйлесуді жалғастыру.
  • 8. І сабақ. Киіз үй. Сабақтың барысы: 1.Сыныпты ұйымдастыру. 2.Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру). 3.Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары Нақ осы шақ Өткен шақ Келер шақ отырмын (жай түрі) отырған жоқпын жазып отырмын (күрделі түрі) жазып отырған жоқпын отыр-ды-м көр-ді-м отыр-ма-ды-м көр-ме-ді-м отыр-ар-мын көр-ер-мін отыр-мас-пын көр-мес-пін
  • 9. 4.Мәтінмен жұмыс.  «Киіз үй» мәтінін мұғалім оқиды.  Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, оқушылардың мәтін бойынша білімдерін қалыптастыру.
  • 10. Қазақтардың киіз үйі көшпелі тұрмысқа бейімделген. Киіз үйдің орташасы бір түйенің жүгінен артылмайды. Киіз үй:тор көз керегелерден және уық пен шаңырақ, киізден тұрады. Керегелер үйдің бүкіл қабырғасын-іргесін қамтиды. Ал киіз үйдің ағаш қаңқаларының үстінен жабылады. Киіз бүкіл үйді жауын-шашыннан, қар, бораннан қымтайды.
  • 11. Киіз үйдің ағаш қаңқасы 3 бөліктен құралады. Олар:Кереге, уық, шаңырақ. Үйдің төменгі жағы тор көз кереге болады. Кереге ағаштары бір-бірімен қайыс баулармен байланыстырылады. Олар тез жиналады, тез жазылады.
  • 12. Уық немесе иілген ұзын ағаштар үйдің күмбезін құрайды. Олардың төменгі жағы керегеге бекітіліп байланады. Уықтың жоғарғы ұшталған жіңішке ұшы күмбездің төбесі – шаңырақтың бүйіріндегі тесіктерге кигізіледі.
  • 13. Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады. Шаңырақ ошақта жағылған оттың түтіні шығуына және күндіз үйдің ішіне жарық түсіруге арналған. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады,ашылады.
  • 14. Киіз үй керегесі Керегені құрайтын әрбір ағашты «желі» дейді. Желінің ең ұзынын керегенің «ерісі» (3) деп, одан қысқалауын «балашық» (2), ең кішісін «сағанақ» (1) деп атайды. Қатардың ұштары кереге. Сонда бір қанат кереге 14 ерістен, 9 балашықтан, 9 сағанақтан құралады. Желілердің қиылысқанынан пайда болған торды «көз» деп атайды. Ал оны көлеміне қарай «желкөз», «торкөз» деп екі түрге бөледі.
  • 15. Қазақ үйіне жабылатын киіздер көлемі жағынан да, атауы жағынан да әртүрлі болып келеді. Керегелерді жабатын төменгі жақтың киізін туырлық дейді. Жоғары жақты –уықты жабатын киізді үзік дейді. Шаңыраққа жабылатын төртбұрыш киізді түндік деп атайды.
  • 16.
  • 17. . Туырлық пен керегенің арасына әртүрлі әдемі жіппен тоқылған ши ұстайды. Шидің қасиеті-үйді көріктендіріп тұрады әрі бақа-шаян сияқты ұсақ жәндіктердің үйге кіріп кетуіне бөгет болады.
  • 18. 5.Мәтін бойынша тапсырмалар. Мақсаты: Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау арқылы мәтінді меңгерту, тілдік тапсырмаларды орындату: А) Мәтіннің әр бөлігіне тақырып қою. 1.Үйдің құрылымы 2.Ағаш қаңқасы 3.Уық 4.Шаңырақ 5.Киіз түрлері 6.Ши
  • 19. Ә) Интерактивті тақтамен жұмыс. Кестені толтырыңдар. Киіз үйдің құрылымы Не үшін қолданады? Киіз үйдің ерекшелігі Кереге,уық, шаңырақ Баспана ретінде қолданады Көшпелі тұрмысқа ыңғайлы,тез жиналып,тез құрылады
  • 20.  Б) Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құраңдар.  Киіз үй бейімделген тұрмысқа көшпелі.  Қазақ халық көшпелі халқы.  Үйдің керегесі уықтары болады шаңырағы киіз.  Дөңгелек ағашты атайды шаңырақ деп.  Тез жиналды киіз жазылады тез үй.
  • 21.  В) Мәтін бойынша осы шақ тұлғасында тұрған баяндауыштарды тауып көшіріңдер. Тұрады, жабылады, ашылады........
  • 22. Г) Оқулықпен жұмыс. Мәтіннің мазмұны бойынша құрылған сөйлесуді оқып, ауызша баяндаңдар.  -Ш.Уәлихановтың бұл әңгімесі қашан жазылған?  -Ш.Уәлихановтың бұл әңгімесі 1860 жылдың шамасында жазылған.  -Қазақтың үйі қандай өмірге бейімделген?  Қазақтың үйі көшпелі өмірге бейімделген. Орташа киіз үй бір түйенің жүгінен артылмайды.  -Киіз үйдің құрылысы қандай?  - киіз үй: керегелерден, уық, шаңырақ, киізден құрастырылады.  -Киіз үйдің ағаш қаңқасы неше бөліктен тұрады?  -Киіз үйдің ағаш қаңқасы үш бөліктен тұрады. Олар: кереге, уық, шаңырақ.  - Үй қалай құрылады?  -Үйдің төменгі жағы тор көз кереге болады. Кереге ағаштары бір-бірімен қайыс баулармен байланыстырылады.  -Ал уық деген не?  - Уық (иілген ұзын ағаштар) үйдің күмбезін құрайды. Уықтың төменгі жағы керегеге байланады. Уықтың жоғарғы (жіңішке ұшы) жағы күмбездің төбесіндегі шаңырақтың бүйіріндегі тесіктерге кигізіледі.  -Шаңырақ деген не?  -Шаңырақ деп дөңгелек ағашты атайды. Ол үйдің ең жоғарғы жағында болады. Шаңырақ күндіз үйдің ішіне жарық түсіру үшін әрі ошақта жағылған оттың түтіні шығу үшін қажет. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады.  -Киіз үйіне жабылатын киіздер қалай аталады?  -Керегелерді жабатын киізді туырлық дейді.  -Үзік деген не?  - Үйдің жоғарғы жағын (уықты) жабатын киізді үзік дейді.  -Шаңыраққа жабатын киізді қалай атайды?  -Шаңыраққа жабатын киізді (төртбұрышты) түндік дейді.  -Қазақ үйіне ши не үшін қажет?  -Әдемі жіппен тоқылған шиді кереге мен туырлықтың арасына ұстайды. Шиді әдемілік үшін және үйге ұсақ жәндіктер кіріп кетпес үшін ұстайды.
  • 23.  II.Сурет бойынша әңгіме құрастыру
  • 24.  Бекіту бөлімі: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. 1. ?Қазақтардыңкиіз үйі қандайтұрмысқабейімделген 2. ?Ағаш қаңқаларыныңүстіненнежабылады 3. ?Киіз үй неденқорғайды 4. .Ағаш қаңқаларынешебөліктентұрады 5. ?Керегеағаштарынеменбайланыстырылады 6. ?Үйдің күмбезіннелерқұрайды 7. ? ?Шаңырақдегенне Олнеүшін қажет 8. ?Үйге жабылатынкиіздерқандайболады 9. ?Туырлықтыңқызметіне 10. ?Үздіктің қызметіне 11. ?Түндік дегенімізне 12. ? ?Шиді қай жергеұстайды Неүшін
  • 25. Үйге тапсырма: ”Қазақтың киелі шаңырағы – киіз үй” деген тақырыпқа реферат дайындау Бағалау
  • 26. ІІ сабақ. Киіз үйді тігу. Нақ осы шақ Өткен шақ Келер шақ Отырмын (жай түрі) отырған жоқпын жазып отырмын (күрделі түрі) жазып отырған жоқпын отыр-ды-м көр-ді-м отыр-ма-ды-м көр-ме-ді-м отыр-ар-мын көр-ер-мін отыр-мас-пын көр-мес-пін Сабақтың барысы: Сыныпты ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру). Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары.
  • 27. Мәтінмен жұмыс. Оқушы мәтінді оқиды. Слайд жасау Мұғалім мәтінге шолу жасайды.  Қазақтарда киіз үйді тігу - әйелдердің ісі. Киіз үйді тігу тіптен оңай. Алдымен керегелерді бір-бірімен байланыстырады. Сонан соң шаңырақты көтереді. Оған уықтарды шаншиды. Олардың үстінен үйді шеңберлей буады. Керегелердің дөңгеленіп кеп қосылған жеріне есік босағаларын бекітеді. Үй тігудің бар жұмысы осы.  Киіз үйдің ең сәулетті әсемін ақ боз түсті киізбен жабады. Бұл түсті қазақтар басқа түстерден артық бағалайды.  Кереге, уық, шаңырақ ағаштары сары қызыл қошқыл түсті жуса деп аталатын минерал бояумен сырланады. Шаңырақты ұзын сырықпен тіреп, көтеріп қояды. Сырық - бақан деп аталады.  Үйдегі ең қастерлі орын – төр. Қазақтардың негізгі тұрағынан басқа тағы бір үйі болады. Оны қос дейді. Қос жылқышылар үшін немесе көшкенде пайдаланылады. Ол бір аттың үстіне сыйып кетеді.  Ш.Уәлиханов
  • 28.
  • 29.
  • 30.
  • 31.
  • 32.  Тілдік тапсырмалар: І деңгей:  Мәтінді түсініп, мазмұнын айту;  Мәтіннің негізгі ойын анықтаңдар;  Мәтіннің жоспарын құрыңдар;
  • 33.  ІІ деңгейлі тапсырмалар:  Сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар. Әйелдердің ісі, керегелерді, шаңырақты, көтереді, шаншиды,уықтарды,жабады,үй,туырлық,киіздері, арқанмен,шеңберлей, керегелердің,босағаларын,бекітеді, тігудің.
  • 34.  Берілген сөздерді сөз тұлғасына ажырату; Әйелдердің, байланыстырады, уықтарды, киіздерді, керегелердің, сырықпен, жылқышылар, сырланады, ағаштары, жеріне.
  • 35.  Синоним сөздерді аударыңдар Жұмысы,ісі- алдымен,әуелі- Оңай,жеңіл- сонан соң,содан кеін- Буады,байлайды- шаншиды,кіргізеді- Ақ боз,ақшыл- үй тігу,үй құру- Түсті,түрлі- сәулетті,көрікті- Қастерлі,қасиетті- әсем,әдемі- Тұрағы,мекені- артық,басым- Тіптен, сондай- сырланады,боялады-
  • 36.  ІІІ деңгей тапсырмалары:  Мәтін бойынша киіз үй жабдықтарының атауларын жазу;  Киіз үй жабдықтарына байланысты мақалдар мен қанатты сөздер, тұрақты сөз тіркесін айту; Қазақ түндік арқылы көп жайды аңғартады. «Түндігің түтінді болсын» деген ақ батада ырыс, береке деген мағына бар. Жас әйел түндігін ерте ашса, оның шаруқор, пысық екендігі , басқа үлкен үйдің түндігін ашса, әдептілігі көрінеді. Салақ, жалқау әйелдерді «түндігі кеш ашылатын келін»деп теңейді. Ал «Түндігі ашылмай қалды» деген сөз сол үйдің адамдарының барлығының қайтыс болып кеткендігін білдіреді.  Киіз үй туралы өз ойың;
  • 37. Бекіту бөлімі: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. 1.Киіз үйді кімдер тігеді? 2.Алдымен нелерді байланыстырады? 3.Сонан соң нені көтереді? 4.Уықтарды қайда шаншиды? 5.Туырлық пен үзік үстінен немен шеңберлей буады? 6.Есік босағаларын қайда бекітеді? 7.Ең сәулетті әсем киіз үйдің түсі қандай болады? 8.Киіз үй ағаштарын қандай бояумен бояйды? 9.Шаңырақты немен тіреп көтеріп қояды? 10.Сырықты не деп атайды? 11.Үйдегі ең қастерлі орынды қалай атайды? 12.Қазақтарда тағы қандай үй болады? 13.Ол қай кезде пайдаланылады?
  • 38. Үйге тапсырма: «Мұражайда» деген тақырыпқа құрылған сөйлесуді жалғастыру. Бағалау.
  • 39. ІІІ сабақ. Ішкі жасау. Сабақтың барысы: 1.Мұғалімнің кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру). 2.Сыныпты ұйымдастыру. 3.Ережені еске түсіру. Етістіктің шақтары. Нақ осы шақ Өткен шақ Келер шақ отырмын (жай түрі) отырған жоқпын жазып отырмын (күрделі түрі) жазып отырған жоқпын отыр-ды-м көр-ді-м отыр-ма-ды-м көр-ме-ді-м отыр-ар-мын көр-ер-мін отыр-мас-пын көр-мес-пін
  • 40.
  • 41.
  • 42.
  • 43.
  • 44.
  • 45.
  • 46.
  • 47. 1.Мәтінмен жұмыс: Слайд арқылы мәтінді түсіндіру. Киіз үйдің ішкі жасауын орналастыру тәртібі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.Қалыптасқан тәртіп бойынша,киіз үйге кіре берістегі сол жақ босағада ер-тұрман,құсбегілікке қажет саймандар ілінеді.Одан әрігірек киім ілетін адалбақан мен шымылдық ұсталған төсекағаш қойылады.Төрде жүкаяқтарға,кебежелерге қойылатын әбдірелердің үстіне екі-үш қатар етіп көрпе-төсек жиналады. Үйдің оң жақ қанаты салт бойынша бос қалдырылады.Онда қарттар жайғасады. Киіз үйдің ортасында үш аяқты темір ошаққа қазан асылып,от жағылады.Төрге төселген текеметтің,кілемнің үстіне айнала көрпеше салынып ,ортаға дастархан жайылады.Жаз айларында үйдің ортасына жайылған алаша,кілем,текеметтердің үстіне жозы (дөңгелек үстел) қойылып,айналасына жержастықтар тасталады. Ө.Жәнібеков
  • 48. 2.Интерактивті тақтамен жұмыс: Кесте толтыру. Ішкі жасау Қызметі,ерекшеліктері Әбдіре Адалбақан Жозы Көрпе жинайтын жиһаз Киім ілетін ілгіш Дөңгелек үстел
  • 49. 3.Сөйлемдерді көшіріп жазып, баяндауыштың қай шақта тұрғанын көрсетіңдер. Қазақта бұрын киіз үйлерді бір-біріне тіркестіре тігетін дәстүр де болған. Жетісу жеріндегі қазақ байлары таудағы жайылымдарда төрт киіз үйді тіркестіре тіккен.Бұл үйлерді монша жасаған. “Киімшең”деп аталған бірінші үйде шешінеді. “Қауыз”деген екінші үйде шомылады. “Тас бұлау” деген үшінші үйде қыздырынады.Төртінші үй- “бүйрек”моншадан кейін тынығып,демалатын орын болған. Ө.Жәнібеков
  • 50.  4.Сөйлемдерді көшіріп , қарсылықты білдіретін сөздердің астын сызыңдар. Қожанасырдың көршісі арқан сұрапты. -Арқаным жоқ,-депті Қожанасыр. Көршісі: -Арқаның кеше бар еді ғой,-дейді. Қожанасыр: -Қазір арқан жоқ,-дейді. Көршісі: -Қожеке,арқанды қайда жібердің?-дейді. Қожанасыр: -Арқанға ұн түйіп қойып едім,арқан қазір жоқ,-дейді. Көршісі: -Қалайша,арқанға ұн түйе ме екен?-дейді. Қожанасыр: -Бергің келмесе,не десең де болады,-дейді.
  • 51.  5.Тіл ұстарту. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. 1.Ұрпақтан-ұрпаққа не жалғасады? 2.Киіз үйдің сол жақ босағасында не тұрады? 3.Төсекағаш қайда тұрады? 4.Төрге не қойылады? 5.Көрпе-төсек қайда жиналады? 6.Үйдің оң жақ қанатында не болады? 7.Киіз үйдің ортасында не болады? 8.Көрпешелер қайда салынады? 9. Төрге не төселеді? 10.Жаз айларында үйдің ортасына не қойылады?
  • 52.  6.Мақалдарды түсініп оқып, есте сақтаңдар. Мақтаншақ бар ақылын мақтанумен тауысады. Туа білмейді, жүре біледі.
  • 53.  Бекіту бөлімі: Өзіңді-өзің тексер. Тест тапсырмаларын орындау. 1.Ағаш қаңқаларының үстінен не жабылады? А) мата Ә) киіз Б) дастархан 2.Ағаш қаңқалары неше бөліктен тұрады? А) 3 Ә) 5 Б) 1 3.Керегелерді жабатын төменгі жақтың киізін қалай атайды? А) туырлық Ә) алаша Б) арқан 4.Киіз үйді кімдер тігеді? А) қариялар Ә) әйелдер Б) балалар 5.Үйдегі ең қастерлі орынды қалай атайды? А) босаға Ә) төр Б) табалдырық 6. Қазақтарда тағы қандай үй болады? А) ағаш үй Ә) қос үй Б) Тас үй 7. Киіз үйдің ортасында не болады? А) үш аяқты темір ошақ ә) сандық Б) әбдіре 8. Киіз үйдің сүйегін неден жасайды? А) кепкен талдан,жіңішке қайыңнан,теректен Ә) тастан,қыштан Б) матадан,қағаздан 9.Жиһаздарды қоса есептегенде киіз үйдің салмағы қанша? А) 300-400 кг Ә) 100-50 кг Б)500-600 кг 10.Киіз үйді әдетте қанша адам,қай уақытта құра алады? А)10-12 адам 5 сағ Ә) 2- 3 адам 1 сағ Б) 6-8 адам 3 сағ
  • 54. Тест жауаптары.Өзіңді -өзің тексер.  1. Ә  2. А  3. А  4. Ә  5. Ә  6. Ә  7. А  8. А  9. А  10. Ә
  • 55. Үйге тапсырма: «Біздің ауылда өткен - Наурыз тойы» атты тақырыпта шағын әңгіме жазу. Бағалау.